АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Мен де адаммын»: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасары «ақша талап еткен» видеосынан соң жұмыстан шеттетілді[:]

[:kz]

 

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті (ҚДҰ) басшысының орынбасары Лаура Мырзағали сыбайлас жемқорлық дауына байланысты қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта қызметтік тексеру басталды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали оқиғаның мән-жайы толық анықталғанша жұмыстан уақытша шеттетілді», – деп хабарлады сенбі күні Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін желіде Мырзағалиға ұқсайтын әйелдің қарамағындағы қызметкерінен сыйақы алып жатқаны туралы видео пайда болған еді.

Лаура Мырзағалидің қатысуымен түсірілді делінген видеода әйелдің біреумен ақша жинау туралы сөйлескені естіледі.

«Мен де адам баласымын, түсінесің бе? Бір жыл жұмыс істедім, премия алмаймын өйткені осы денсаулық парағы үшін маған қатаң сөгіс жарияланды. Біздің балалар құжаттарды дұрыс жаппағандықтан Әнуар Қанатұлына да қатаң сөгіс берілді. Сондықтан бізге екі-үш рет премия беріледі, болды. Сендер алтау аласыңдар, біз екеу аламыз. Сол үшін жинаймын. Түріңді үйтіп жаман қылма, Қарлығаш. Сендерге екі рет түседі, түстен кейін тағы түседі. Сендерге жеті окладтан деп жазғанбыз», – дейді видеода Мырзағалиға ұқсайтын келіншек.

“Оны қайтарып алатын болсаңыздар, неге бізге түсіресіздер” деген әйел сұрағына ол былай дейді:

“Заң жүзінде мен Әнуарға ешкімге бере алмаймын, өйткені үш айдан кейін алынады. Менің де бала-шағам бар. Бір жыл жұмыс істедім. Артық ақша алған емеспін”, – дейді ол.

Видеоны желіде танымал балалар дәрігері Қайырғали Көнеев жариялаған.

«Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 90-жылдардағыдай тығырыққа тірелді, рэкет әлі гүлденуде. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура  Мырзағали қарамағындағы қызметкерінен заңды түрде алған сыйақысын, оның үстіне барлық соманы аударуды талап етеді. 

Бейнежазбадан Лаура Мырзағалиға денсаулыққа жарамсыздық парағын жалған пайдаланғаны үшін сөгіс жарияланғаны және осыған байланысты оның сыйақысын ала алмағаны аңғарылады. Алайда ол жыл бойы жақсы жұмыс істегенін айтып, сондықтан біреудің заңды сыйақысын қылмыстық жолмен бопсалау арқылы – қарапайым халықта рэкет арқылы ақша алуға құқылы сезінеді», – деп түсіндірді қазақстандық дәрігер Қайырғали Көнеев.

Ол Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мен Әдеп жөніндегі кеңес өкілдерінің жағдайына назар аударды.

«Сіздерден осы өрескел факті бойынша қызметтік тексеру жүргізуіңізді сұраймын! – деді Көнеев.

[:]