АЛТЫНОРДА
Блог Керимсала ЖубаткановаНовости Казахстана

[:kz]Керімсал Жұбатқанов. «Біздің балаларымызға бұл тіл алдағы 20-30 жылда керек болмайтыны сөзсіз», — Житомир қаласының мэрі Сергей Сухомлин[:]

[:kz]

Житомир қаласының мэрі Сергей Сухомлин 11 сәуірде Facebook желісінде жариялаған видеоүндеуінде қала тұрғындарына мектептерде орыс тілін оқудан бас тартуды ұсынды.

«Мен 1 қыркүйекте бұдан былай орыс тілін үйренуге арналған сыныптар алынбағанын қалаймын. Біздің балаларымызға алдағы 20-30 жылда бұл тіл міндетті түрде қажет болмайтынын көріп отырмыз. Бұл менің пікірім, оны біздің білім департаментімен де бірге талқылаймыз», — деді Сухомлин.

Сонымен қатар, ол Житомир тұрғындарынан орыс ақыны Александр Пушкиннің ескерткішін бұзу туралы ұсыныстар болғанын айтты.

«Пушкин ескерткішіне қатысты көптеген пікірталастар болды. Соғыстан кейін осы мәселеге қайта оралайық, бұл ғана емес — бізде әртүрлі атаулармен аталатын саябақтар да бар. Бұл мәселелердің барлығын бірге шешеміз», — деді Сухомлин.

Айтпақшы, былтыр әлеуметтік сауалнаманың арқасында мынадай мәселе анықталды —  украиндықтардың 78,3 %-ы украин тілін ана тілі деп санайды. Бұған 8 қарашада жарияланған «Илько Кучерив» демократиялық бастамалар қоры Разумков орталығымен бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижелері дәлел.

Респонденттердің 18 пайызы ана тілі орыс тілі екенін айтты. Респонденттердің 1,1 %-ы басқа тілді ана тілім деп санайды. Украиндықтардың тағы 2,6 пайызы жауап беруге қиналған. Әлеуметтанушылардың айтуынша, респонденттердің 41,1 %-ы жағдайға байланысты басқа таныс тілге ауыса алады.

Бұл ретте респонденттердің 40,6 %-ы қарым-қатынас тілін ешқашан өзгертпейтіндерін алға тартады. Украиндықтардың 13,9 %-ы сұхбаттасушы олармен сөйлесетін тілге үнемі ауысатынын айтты.

Сауалнама 29 шілде мен 4 тамыз аралығында Украинаның оккупацияланған Донецк және Луганск облыстары, сондай-ақ Қырым аумақтарынан басқа барлық аймақтарында 18 жастан асқан азаматтар арасында жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 2019 респондент қатысты.

1991 жылға дейін, немесе кеңес дәуірде, қазақтар және олардың ата-бабалары тек көшіп-қонып, мал бағып өмір сүрген ел мен халық болатын деп кеңес идеология мен билік қазақтардың миына әр секунд, минут, сағат, күн, жылдар бойы қүйіп отырды. Тек Ленин мен кеңес билігі және орыс халқының көмегі арқасында, бұрын барлық жағынан артта қалған ел мен халық – қазақ өз жазу-сызуына, әдебиет, ғылымға қол жеткізді! Сонда егер орыс жазуы немесе кириллица болмаса, онда барлық жағынан арта қалған қазақ халқы баяғы көшпелі өмір сүріп, айдалада қанғып жүретін еді.

 Бірақ, сол заманда тек сирек адамдар білетін еді – қазіргі Қазақстан жерінде, түрк дәуірде – 6-10 ғғ. көне түрік жазуы болған және оны көшпелі көне түріктер өздері ойлап тапты, ешкім оларға басқа елден, жерден православиелік әулиелер Кирилл мен Мефодий Грекиядан сияқты ежелгі Русьге ұсынған жоқ. Біздің көне ата-бабалары өздері өз мұқтажына мен өмір сүруге тиімді үшін ойлап тапқан еді.

10 ғ. әлемде ислам дінің тарауы мен арабизация процесі өте қатты қарқынмен болды және сол ғасырдан бастап Орталық Азия мен қазіргі Қазақстан жерінде ислам дінінің қабылдауы мен оның ең басты кітабын – Құран-Кәрімді білу үшін араб тілін мен жазуына көшу басталды мен аяқталды. Содан бастап, яғни 10 ғ. бастап 1929 жылға дейін қазақ халқы араб жазуын қолданған. Барлық құнды рухани, әдеби, тарихи туындылар араб жазуында болған еді.

1929 ж. Кеңес билігі  КСРО-да тұратын барлық түріктілдес халықтарды латиница негізділген алфавитіне көшеру процесін жүргізді. Латын алфавитіне көшу – кеңес билігі мен идеологиясы – артта қалған халықтарға керемет пайда береді және олар тез арада дамыған, еуропалық халықтардың қатарына қосуына жол ашады екен.

1929 ж. латын алфавитіне көшкенде, барлық жағдайлар дұрыс шешім кеңес билігі таппаған немесе іздеуге тырыспаған. Мәселен, кім сол кезде мектеп пен жоо-да оқыған, оларды латын алфавитінде жазу мен оқуына жағдай жасалған. Ал, басқаларға сондай жағдай болған жоқ – соған байланысты үлкен буын адамдары латын алфавитін білмей, араб алфавитінде қалып, барлық ақпарат мен білім көздерінен айырылған еді. Латын алфавитіне өткен қазақ жастары бірде-бірде араб жазуындаға құнды және ұлттық туындыларын оқымай қалып, тез арада кеңес идеологияның жеміне айналып, өз ұлттық тамырларын айырылу процесіне ең біріншілер кірген еді.

Бұл процесс, әсіресе, 1940 жылдан бастап қатты нығаяды және сол жылы Сталин бұйрығымен барлық түріктілдес халықтар, оның  ішінде қазақ халқы, кириллица немесе орыс алфавитіне көшеді. Содан бастап қазіргі заманға дейін біздер осы алфавитін барлық жағынан пайдаланып жатырмыз. Сонда 1940 жылдан бастап 1991 жылға дейін біздің өз ұлттық тамырларынан мен ұлттық қасиеттерінен айырылу процесі жүрді және өз тілінен мен рухынан айырылу басталды. Тек 1991 жылдың аяғында тәуелсіздікке қол жеткізу осы процесті тоқтатты, бірақ оны толық тоқтатты деп айтуға болмайды екен.

Неге деп сұрайсыз? Сонда қазіргі дейін барлық жағынан қазақ халқы Ресейдің ақпарат кеңістігінде мен идеологиясында жүзіп жатыр. Ал, 2014 жылдан бастап Ресейдің саясатында ұлыдержавалық пиғыл пайда болып, нығайып жатыр. Әріғарай бұңы айту, меңімше, керек емес.

Сонымен, латын алфавитіне көшуі – қазақ халқының өз саяси мен рухани тәуелсіздігін сақтау мен дамыту деп ойлаймын. Екіншіден, өз мемлекетінің мен оның бүкіл территориясында өз идеологиялық, ақпараттық, рухани және т.б. кеңістігін құру мен дамыту деп ойлаймын. Үшіншіден, одан сайын түріктілдес халықтармен барлық жағынан қарым-қатынастарды дамытатын төте жолын деп білемін. Төртіншіден, дүниедегі ең дамыған және латын алфавитін қолданатын елдермен мен халықтармен одан сайын халықаралық, мемлекетаралық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық қатынастарын дамытатын даңғыл жолы деп ойлаймын. Осы жоғарыда айтылған 4 фактор Мәңғілік Ел мен халқы болуына қол жеткізуге әкеледі.

Міне, бізді ұлттық тамырымыздан айырған тарихи кезеңнің ауыртпалығы. Бүгін біз біртіндеп осы «аурудан» арылап жатырмыз. Қазақстан егеменді ел, ал мемлекеттік тіл — қазақ тілі болғандықтан, оны білу — елдің әрбір азаматының міндетті борышы.

Атақты көне заман ғалымы Махмад Қашқари: «Тәрбие ана тілінен басталуы керек» деген еді. Әрбір тәрбие отбасынан басталады, отбасында патриоттық сезім қалыптасады. Қазақ халқы нәресте кезінен бастап «Отан» ұғымын ел, туған жер, туған тіл ұғымдарымен байланыстыра отырып тәрбиелеуге тырысты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейтуді мектептен бастау керек. Тәрбие тілді меңгеруден басталады.

Елімізде мемлекеттік тілге көшу қарқыны күн сайын жақсарып келеді. Барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекеттік тілді насихаттау үшін әр түрлі іс — шаралар жүргізеді. Сонымен қатар, газеттер мен журналдар, теледидарда түрлі бағдарламаларда мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы айтылады.

Мұндай үгіт — насихат жұмыстары мемлекеттік тілдің дамуына оң әсер етеді. Бүгінде бүкіл әлемде тәуелсіз ел ретінде танылған Қазақстанға деген қызығушылық артып келеді. Барлығы біздің елдің материалдық және рухани құндылықтарын ғана емес, білгісі келеді. Ұлттық санада қазақ тіліне деген құрметті арттыру керек. Қазақ тілі — біздің ата-бабаларымыздың тілі, олардың болашақ ұрпаққа берген ең құнды өсиеті.

Altyn-Orda.kz

[:]