АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Жарақат алып қалған қырғыз балуанын арқасына салып алған қазақ қызына жұрт сүйсінді (видео)[:]

[:kz]

 

Қазақстандық балуан Гүлмарал Еркебаева жарақат алып қалған танымал қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбековаға қонақ үйге жетуге жәрдемдесті. Қазақ қызының бұл әрекетіне желі қолданушылары сүйсінген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Моңғолияда күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатының финалында қырғызстандық балуан аяғынан жарақат алып қалып, марапаттау іс-шарасына қатыса алмаған.

Ал Гүлмарал Еркебаева оны арқалап, қонақ үйдегі бөлмесіне жетуге көмектескен. Осы сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Видеоны көргені желі қолданушылары түрлі пікірлерін жазуда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SPORT KAZAKHSTAN🏆 🇰🇿 (@wrestling_qazaqstan)

Олар спорт адамдардың достығын нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақты арттыра түсетінін сөз еткен. «Қырғыз қазақтын сыңары ғой.

Егіз қозыдай, керемет көрініс», Қазақ-қырғыз бір туған», «Спорт — достықтың белгісі», Спорт — достықтың символы. Екі елдің ынтымағы берік болсын», «Бірлігіміз үзілмесін», — деп жазуда пікір қалдырушылар. Айта кетейік, Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өткен Азия чемпионатында Гүлмарал Еркебаева 76 келі салмақта ел намысын қорғады. Ол жұбаныш финалында жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Ал қырғызстандық Айсұлу Тыныбекова 62 келі салмақта Азия біріншілігінің күмісін қанағат тұтты. Ол финалда Нонока Озакиден 1:9 есебімен ұтылды. Сонымен қатар ақтық мәреде оң аяғынан жарақат алып қалды.

kaz.nur.kz

 

[:]