[:kz]
Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы мөлшері жаңарды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мәлімдеді.
«2022 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285 433 теңге болды. 2021 жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда өсім – 23,7 пайыз, нақты мәнде 12,7 пайыз», – делінген хабарламада. Еске салайық, 2021 жылдың ақпанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 223 213 теңге болған еді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қ.Тоқаев соңғы Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру керектігін айтқан болатын
[:]