[:kz]
Мақпал Жүнісованың қызы Мерей жайлы жариялаған бейнеүндеуінен кейін желідегі жұрттың дәл осы тақырыпты талқылауы тоқтамай тұр.
Журналист Гүлмира Нәлібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында дәл қазір екеуінің бірге екенін айтты.
«Ән еркесі Мақпал Жүнісоваға қатысты видеоны таратуды доғарыңыздаршы. Мақпал апайымызды түсініп, жан дүниесіне үңіліп, мүмкіндігінше қолдауға тырысайық. Мерей қасында, ешқайда кетпеді. Ол анасымен бірге. Тоқтатыңыздар!», — деп жазды Гүлмира Нәлібай.
Журналистің осы жағымды жазбасын желідегілер қуанышты екендерін білдіріп, жарыса пікір қалдырған.
«Ақиқат шығар. Бірақ Мерейді әлпештеп өсірді. Екеуі де бақытты болсыншы», «Туған ба, тумаған ба ол маңызды емес. Осы күнге дейін тәрбиелеп, әлпештеп жеткізген еңбегі бар. Мерей соны бағалайды деп үміттенемін», «Бала тапқандікі емес, баланы баққандікі. Мақпал да шаруаларың болмасын. Әркім өз жөнін жөндеп алсын. Мерейді өз басым Мақпалдай анасының тәрбиесін алған ақылды қыз деп ойлаймын», — деп жазған журналистің оқырмандары.
>Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
[:]