АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Мақпал Жүнісова көпшіліктен кешірім сұрады[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде тараған шулы видеодан кейін Мақпал Жүнісова көрінбей кетті. Бұған дейін желіге түрлі суреттерін салып, оқырманмен байланыста отыратын өнер жұлдызын көпшілік жоғалтып алған еді.

Ұзақ үнсіздіктен соң әнші Instagram-дағы парақшасына видео салды, деп хабарлайды Экспресс К.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Халық артисі парақшасына «Адамдар кешіріңдер» деген әнін жүктеген. Ұзақ үзілістен кейін әлеуметтік желіге шыққан әншіні жұртшылық қуана қабылдады.

Әннің астына оқырмандар Мақпалды қолдап, жүрек-жарды пікірлерін жазған. Бірі «Жаным апатайым», «Жан-дүниеңізді түсінбей жатсақ, кешіріңізші», «Алтын апатайым» десе, енді бірі түрлі смайликтермен өнер жұлдызын қолдайтынын білдірген.

Бұған дейін Экспресс К әншінің Мерейдің биологиялық ата-анасы басқа екенін айтқанын жазған еді.

[:]