[:kz]
Қазақ қызының биязы тұлғасы хиджабпен астаспайды. Қазір кейбіреулер маған тас ататын шығар, бірақ бұл мәселе мені талайдан толғандырып жүр. Иә, бұл кәдімгі мәселе және бұған бей-жай қарауға болмайды!
Қазақтың қыздары хиджаб кимеген. Шыны осы ғой. Қай күні екі кішкентай қыз (7-8 жаста) аналарымен бірге хиджаб киіп, серуендеп жүргендерін көріп біртүрлі болдым. Көңілім түсіп кетті.
Ең бірінші себеп: кішкентай қыздар ештеңе түсінбей, оранып, көзін ғана ашық қалдыруы…
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар ғана емес, жалпы әлеуметтік желіде танымал блогерлер де хиджаб киюді үлгі етіп жүр…
Намаз оқитын кейбір қыздар бастарына орамал тағатыны рас. Олар тек шаштарын жауып жүруге тырысады. Оны жөн көремін.
Бірақ неге хиджабқа құмармыз? Ұлтты ұлықтап, дінді дәстүрлеймін десе қазақтың ұлттық киімі бар ғой. Әдемі тақиясы, бешпеті… Сіздің ойыңыз қандай? Мені мазалайтын сұрақ…
[:]