[:kz]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Мәскеуге келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің телеграмм-арнасы №1 Борт хабарлады.
Тоқаев мұнда Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін.
Ұйымның іс-шарасы бүгін, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.
Айта кетейік, ҰҚШҰ құрамына қазіргі уақытта алты мемлекет: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.
[:]