[:kz]
Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин мен өзге де спорт саласындағы шенеуніктер жемқорлық үшін істі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«27 мамырда Қызылорда облысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты сот шешімі шықты. Оған 5 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар облыстық мамандандырылған 5 мектептің директорларына 10 және 20 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды. Олар: Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикибаев», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Жоғарыда аталған тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.
[:]