АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Сымбатты жігітті көрсек түрікке, кәріске ұқсатамыз. Тек қазаққа емес[:]

[:kz]

 

Осы «ұлттық рух» деп жатамыз. Соны көбіміз түсіне бермейміз. Рух деген самооценка.

Бұрын қазақтың самооценкасы жоғары болған. «Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай үшеуі әңгімелесіп отырғанда жоңғар қонтайшысы Қалдан-Серен келіп:

-» Біз 2 миллионбыз, сендерді түгел қырамыз» депті.

Сонда Қабанбай батыр:

— Жігіттер, бұл жоңғардың бәрін қайда жерлейміз?- депті» деген бар ғой.

Өздеріне сенген. Өзге ұлтты, рас, оңайшылықта менсіне бермеген.

Қазір бізде самооценка нөл ғой нөл. Сұлу қыз көрсек китаянка сияқты екен, кореянкаға ұқсайды екен дейміз. Сымбатты жігітті көрсек түрікке де, кәріске де ұқсатамыз. Тек қазаққа емес.

Өзімізді бағалауымыз нөл болғасын, өзгенің тілін артық көріп, сол тілде шүлдірлеп жүрміз.

Ахметтей қазақтар орыстарды жақтыртпаған. Өзіне тең көрмеген. Сол сенімді қайтару керек бізге.

Биыл көшеден көп қыздардың ұлттық бас киім кигенін көріп тіл-көзім тасқа деп жүрмін. Ақырын-ақырын түзелеміз, бұйырса.

Димаштай 10 ұл шықса әр салада қазақ тілі мировой брендке айналар еді.

Рух, ең алдымен, тілде.

Арайлым Ботанқызы

Фейсбуктегі парақшасынан

 

alashainasy.kz

 

 

 

[:]