АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Азанмен әтірленіп, кофелендім»: Мұхамеджан Тазабек референдумға жыр арнады[:]

[:kz]

 

Референдум күні Грузияда жүрген айтыскер Мұхамеджан Тазабек Тбилиси қаласындағы Қазақстан елшілігіне келіп, өз таңдауын жасады деп жазды turkystan.kz.

Бұл жөнінде ол әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Сондай-ақ тарихи оқиға жайлы жыр жолдарымен бөлісті.

«Азанмен әтірленіп, кофелендім,

Елімде боп жатқасын референдум.

Шет жатқан үш жүз шақырым Боржомиден,

Тифлиске такси жалдап, жеке келдім.

Елшілігің болғаны қандай жақсы,

Қасқайып қаласында бөтен елдің!

Көк Ту мен Елтаңбаның ортасында,

Таңдау жасап, ісіне көкелердің.

Тарихи бұл жиынға біз бармасақ,

Тағдырын ертеңгі елдің көтерер кім?!

Референдум шешімі хайырлы боп,

Бағы ашылсын, болашақ бөпелердің.

Береке тапсын барлық бастамасы,

Тоқаевтай байламы бекем ердің!» деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

[:]