АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Қазақстан атом электр станциясы қай жерде орналасатынын шешті – Тоқаев[:]

[:kz]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атом электр станциясы салынатын жерді таңдағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан қазіргі таңда атом электр станциясының қай жерде орналасатынын шешті. Қазір әлеуетті жеткізушілердің технологияларын зерделеп жатырмыз», — деді Тоқаев астанада өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысында.

Президент болашақ АЭС орналасатын аймақты атаған жоқ.

Ол Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін бірқатар бәсекелес басымдықтарға ие екенін атап өтті. Республика табиғи уранды өндіру бойынша әлемде бірінші орын алады.

Өзінің ядролық отын өндірісі және уранды байытуға арналған мүмкіндіктері бар.

Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы Балқаш көлі маңында салынуы мүмкін екенін айтқан еді.

[:]