[:kz]
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда бір айға төтенше жағдай енгізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
ТЖ режимі 2022 жылдың 3 шілдесі сағат 00.01-ден 2022 жылғы 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін енгізіледі.
«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында Қарақалпақстан Республикасының аумағында 2022 жылғы 3 шілдедегі 00.01 — ден 2022 жылғы 2 тамыздағы 00.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай енгізілсін», — делінген Мирзиеевтің Жарлығында.
Сондай-ақ, ол Қарақалпақстан аумағында ТЖ режимі кезінде 21.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізуді бұйырды.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]