АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Сіздерді «қазақ» деп айтуға ұяламын. Дым көрмеген, қараңғы» — Африкалық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы Заида Жаңабаева[:]

[:kz]

Африкалық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы Заида Жаңабаева өзіне сыни пікір айтатын хейтерлерден әбден шаршаған. Алғашқы перзентіне аяғы ауыр ол өзін сынап-мінейтіндерді сауатсыз әрі түк көрмегендер ретінде бағалап отыр.

«Aузына келгенді жазатындар, «қазақ, қазақ» дейтіндер сол қазақ тілін дұрыс меңгермеген. Жазулары қате-қате, білімі жоқ, қараңғы, надан пенде-сымақтар. Тіпті қарапайым «күйеу», «ру», «бөпе» деген сөзді жаза білмейтін, мәңгүрт секілді бірдеңелер. Сіздерді «қазақ» деп айтуға ұяламын. Дым көрмеген, ел көрмеген, жер көрмеген, қараңғы» — деп жазды ол.

Заидаға «Қара нәсілді күйеуіңнен жиіркенбейсің бе?» дейтіндер де бар екен.

«Сіздер сияқтылардан жиіркенемін. Сіздерді көтеріп жүрген қайран жер. «Қан бұзылады» дейтіндер, сіздердің қандарыңыз тап-таза. Оған қам жемеңіздер. Бұзылатын нигериялық қан»—деп сөзін түйді ол.

shymda инстаграм парақшасынан алынды 
 

[:]