АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы әуежайындағы төбелес: Полиция ауыр қылмыстың алдын алу үшін оқ атқан (видео)[:]

[:kz]

 

 

Төбелеске қатысушылардың бірі сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгіріп, оны соққыға жықпақ болған.

Алматы әуежайында төбелескен үш ер адам ұсталды. Төбелес кезінде ауыр қылмыстың алдын алу үшін полиция қызметкері қызметтік қарудан аспанға оқ атқан, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sn.kz

Ведомствоның мәліметінше, түнгі сағат бір шамасында Алматы Халықаралық әуежайы аумағындағы туристік полиция бекетінің құрамында қызмет еткен полиция қызметкерлеріне ер адам келіп, көлік тұрағында төбелес болып жатқанын хабарлаған.

Оқиға орнына барған полицейлер үш ер адам төбелесіп жатқанын байқаған. Кейін анықталғандай, олар мас күйде болған. Ер адамдар полиция қызметкерлерінің талабына агрессиямен жауап берген.

Төбелеске қатысушылардың бірі, бұрын сотталған 1994 жылы туған У.есімді азамат сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгіріп, оны соққыға жықпақ болған. Ауыр қылмыстың алдын алу үшін тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан. Нәтижесінде төбелеске қатысушылар ұсталды. Олар — Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің екеуі — адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұрын сотты болған.

Құзырлы орган төбелеске қатысушылардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сараланғанын атап өтті. Күдіктілер қамауға алынды.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар қызметтік қаруды қолдану дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлаймыз», — дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

[:]