АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Құралайдың курсына қатысқандар комаға түсіп, көз жұмғандар да бар — АЙГҮЛ ЕЛШІБАЕВА[:]

[:kz]

 

Айгүл Елшібаева Құралай ханымға тағы да шүйлікті. Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Құралай ханым өз оқырмандарына дұғаның орнына дуа жаттатып, тура жолдан тайдырып жүргендігін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасаған altyn-orda.kz

Айгүл Елшібаева Құралай ханымның сабағынан өткендер буддизм мен индуизм жоралғыларын орындап, комаға түскен, тіпті көз жұмғандары да бар дейді.

«Дұға деп дуа жаттатып жүргендермен қазір араласпаймын. Құралай ханыммен 2-3 жыл қырылдым. Карантин уақыты сонымен өтті. Оның сабағына қатысып жүрген қыздарға о баста:

«Жаттамаңдар, жынданып кетесіңдер», деп ескерттім. 6 айдан кейін біреуі жынданып, біреуі комаға түсіп, өліп қалды, маған шешелері жазды. Өлген кезде бастарынан Құралайдың дүниелері шықты, деді.

Ойнамаңдар, дуа мен дұғаны ажыратып алыңдар, дедім. «Біреудің үйінен тас алып келіп оқысаң байисың», дейді. Қазір экономикалық дағдарыста отырмыз. Жағдайы нашар адамдар тез байып кету үшін, біреу несиеден құтылу үшін солардың өтірігіне сеніп отыра берген.

«Аңқау елге арамза молда» деген. Не діннен хабары, не психологиядан хабары жоқ. Дұға деп дуа жаттатып жатсаңдар, ол адам өіп жатса, сендер мыстансыңдар, дедім.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Дуаға жоламаңдар», — деген. Мен мұсылман болғандықтан, пайғамбардың жолын айтуға міндеттімін.

Қазақтың қыздарына буддизмнің «мантрасын» жаттатқызған. Жақында «Сюцай» деп шықты. Ол индуизмнен шыққан, буддизмге барып тіреледі. Енді жұрттың бәрінің миын қатырып жүр.

Өліп қалғандардың шешелері маған шықты. Бірақ мен оны көтерген жоқпын. Өздерің барып шешіңдер, дедім. Өйткені ол (Құралай ханым) алты баланың анасы. Оны түрмеге қаматып, алты баласын жылатып қоятын жайым жоқ. Ал негізінде «жек көрген адамыңа 40 инені лимонға шаншып қой» деп өзі айтады екен. Өлген қыздардың басынан сол шыққан. Мен оның не екенін білмеймін, қарасам, орыстың мыстандарының дуасы екен. Сондай нәрсені үйретіп отырған адамға қалай мен «дұрыс» деп қол шапалақтаймын?», — деп мәлімдеді Елшібаева.

“Адырна” ұлттық порталы

[:]