АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Біз Z ті қолдаймыз» деп беттері бүлк етпеген Алматы тұрғындары елді ашуландырды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Алматыда терезесіне Георгиевка лентасы мен «Z» белгісін жапсырып алған көлік иелерінің әрекеті жұртты ашуландырды. Бұл туралы қоғам белсендісі Бурахан Дақанов та өз пікірін білдіріп, елімізді осындай іштен шыққан жаулардан қорғауға шақырды, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

«Балақтағы бит басқа тышты демекші мына екеуі «біз Z ті қолдаймыз» деп шімірікпей, беті бүлк етпестен айтып тұрғанын қараңдаршы. Жауапқа тартылмайтындарына 100 пайыз сенімді өздері. Байы Қазақ секілді тіпті. Мүләйімсіп видиодан кешірім сұрай салатын заман өтті. Жазалауды талап етеміз! Жазалансын әкің! Әгәрәкім, көшеден «Z» белгісі бар көлікті көрсеңіз, немесе киіміне «Z» белгісін арнайы жапсырып алған адам көрсеңіз бірден 102 ге хабарласыңыз! Ұрмаңыз, соқпаңыз. Бірден Полицияға хабарласыңыздар. Солар шешсін! Видеоны барынша таратып жіберіңіз. Мынадай іштен шыққан жаулардан елімізді бірге қорғайық!»,- деп жазды Бурахан Дақанов өзінің фейсбук парақшасында. 

 

«Адырна» ұлттық порталы 

[:]