[:kz]
Нұр-Сұлтандағы жаңадан ашылған мешітте секіріп билеп, ән айтқан қыздың әрекеті желіде қызу талқылғанған болатын. Аталған жағдайға қатысты ҚМДБ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айта кетелік, мешіт тәртібін сақтамаған бойжеткен жайлы әлеуметтік желідегі парақшалар жарыса жазды. Көпшілік мешітте билеген бойжеткеннің қылығын сынға алды.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының мәліметінше, оқиға 21 тамызда болған. «21 тамызда сағат 18:48-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке келген қыз құлшылық үйінің ішкі тәртібі мен әдебін өрескел бұзып, имам жұмысына, намаз оқушылардың құлшылығына кедергі келтірді
. Дін қызметкерлері оған мешіт әдебі туралы түсіндірді. Алайда имам кеңесіне бағынбаған ол «мен Мәһдимін, оны осы жәрде дәлелдеуім керек» деп қарсылық танытқан.
Мешіт қызметкерлері ер азаматтар намаз оқитын орынға әйелдердің келуіне болмайтынын жеткізіп, оны сыртқа шығаруға мәжбүр болады. Ол мешіт ауласында ерсі әрекеттер жасап, күзетшілердің ескертуіне құлақ аспаған. Күзетшілер оны мешіт ауласынан шығаруға мәжбүр болды. Мешітте әдеп сақтамаған қыздың жеке тұлғасына қатысты мәлімет жоқ. Осы ретте мешітке келуші азаматтарды құлшылық үйінде қарапайым адамгершілік әдептерді сақтауға шақырамыз», — делінген ҚМДБ баспасөз хабарламасында.
[:]