[:kz]
Мақпал Жүнісованың басы тағы дауға ілікті. Халық әртісі желіде өзіне тіл тигізген оқырманымен ұрысып қалды. Әбден ашынған Жүнісова тыңдарманын «сорлы» деп атады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жүнісова Instagram парақшасына тойда бейтаныс әйелмен бірге түскен суретін жариялады. Желіге жүктегені сол еді, оқырмандардың бірі Халық әртісіне тіл тигізді.
«Осы қатын да көрінгенмен жабысып, Мақпал деген сайын… Зейнеп апа «алб…» деп дұрыс айтып еді», – деп пікір қалдырған оқырман. Ашуға булыққан әнші үнсіз қалмай, жауап берді.
«Кім болсаңыз да оттай беріңіз, кім көрінгенмен түспеймін, аузыңа ие бол6 сорлы», – деді Жүнісова.
[:]