АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресей өз аумағындағы саны аз ұлт өкілдерін соғысқа аттандыруда[:]

[:kz]

 

Ресейде Украинамен соғыс үшін мобилизацияланған алғашқы жасақтар пайда болды. Оларды Ресейдің ішкі аудандарынан емес, автономды аймақтардан жинап жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Мобилизация әскери шенділерді жинау үшін қолға алынса да, ұрыс үшін студенттерді, көп баласы бар әкені, бір үйдің тірегі болып отырған азаматтарды, зейнет жасына шығуға шақ қалғандарды жаппай  тиеп жатыр. Бұл көріністің барлығы Ресейдің ішкі аудандарына емес, автономды республикалар мен шалғайдағы округтерге тән.

Мобилизацияға жегілгендердің көбі Ресей Федерациясындағы саны аз ұлт өкілдерінен. Яғни, Буратия, Тува, Дағыстан, Ингушетия, Саха, Қалмыкия, Кабардино-Балкария азаматтары. Мәскеу, Петербург, Қазан секілді славяндар көп шоғырланған қалаларда мұндай үрдіс байқалмайды.

Мобилизацияға қарсы көтеріліп жатқандар қазірде аз. Сарапшылар бұл бастамаға қарсы шыққандарды тұншықтырып, басып-жаншып отыр деп санайды. Әзірге мобилизацияға қарсы шыққан кавказ республикаларындағы қақтығыстар әлеуметтік желіде тарап жатыр.

 

[:]