АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды ірі есеппен жеңді [:]

[:kz]

 

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күні көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ойында 8:1 есебі тіркелді.

Құрманбек Тұрғанбек қатарынан үш салым салса, Абылайхан Нышанбеков, Арман Жамалбеков, Ынтымақ Әліпбаев, Ислам Рәт, Айнабек Бердіқұл бір-бір салымға ие болды. Айта кетейік, көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстанның атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен өнер көрсетпек. Олар: көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көкбөрі. Жарыстың алғашқы күні дәстүрлі садақ атудан Қасымхан Қанат, Али Сессигузель, Азамат Нұртаев жартылай финалға жолдама алды. Сонымен қатар әйелдер арасында Айым Тілепберген мен Аяулым Аппазова үздік 16 мергеннің қатарынан көрінді.

kaz.nur.kz

 

[:]