[:kz]
Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген еді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді.
Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеліп, Төреғали Төреәлі қамауға алынған болатын.
“Алайда бүгін оның 10 миллион теңге кепілге беріп, бостандыққа шыққаны белгілі болды”, – деп жазды Sputnik Қазақстан телеграм арнасында.
Уақытша ұстау изоляторында отырғанда Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтқан болатын.
Оның сөзінше, жанжал жаңа клиптің түсірілімі барысында шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Өзара ерегіс соңы әншінің жұдырық жұмсауымен аяқталған.
Көлсай көлдері» ұлттық саябағының аумағында гидті дұрыс көзқараспен қарамағаны үшін соққыға жыққан белгілі әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

[:]