АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Аштық пен суықтан әбден қажыған»: Жамбыл облысында жоғалған әйел бес күннен соң айдаладан табылды[:]

[:kz]

 

Жамбыл облысы Саудакент ауылының тұрғыны 37 жастағы қарындасының жоғалып кеткені туралы шағым түсірді. Кейін полицейлер жоғалған әйелді өте ауыр жағдайда тауып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел адам үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, жақындарымен байланысқа шықпаған.

Ол 2011 жылдан бастап психикалық диспансер орталығында есепте тұрады. Хабарламадан соң Сарысу аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы шұғыл түрде дабыл бойынша көтеріліп, жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына волонтерлер мен жергілікті тұрғындар, аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері де қосылды. Іздестіру шаралары Сарысу ауданының елдімекендерінде ғана емес, шекара маңындағы ауылдардың аумағында да жүргізілді. Көшелер, үйлер, аулалар, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелер, жолдың бойлары да тексерілді. Жоғалған әйел 5 күннен кейін жазық далада ауыр жағдайда табылды.

Есін білгенмен, суық пен аштықтан әбден қажып, әлі құрыған. Сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді. «Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, волонтерлерге және тұрғындарға іздеу шараларына белсенді түрде қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді. Сарысу АПБ бастығы Асхат Алметов бастаған полиция қызметкерлері күн-түн демей іздеу жұмыстарын жүргізді. Енді таба алмағанымызда менің әпкем қайтыс болар еді. Тіпті елестетудің өзі қорқынышты», — деді әйелдің ағасы.

 

kaz.nur.kz

 

[:]