Күні кеше Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков 57 жасқа толды. Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова тойда ән салған әншіге бриллиант сырға-жүзік тақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы сыйлық алған әнші Instagram парақшасында жариялады.
«Кешеден бері дүбірлетіп той жасап жатқан Нұртас Айдарбеков ағамыздың шаңырағынан осылай қуанып қайтып бара жатырмыз. Мені «ел алдында алтындай жарқылдап жүрсін» дегені шығар Гүлзира Айдарбекова жеңгеміз өзінің осындай үлкендігін көрсетіп, маған бриллиант комплекті сыйға тартты. Баладай көңілімді даладай қылып елге қайтарған көңілдеріңізге Алла разы болсын! Үбірлі-шүбірлі, түбірлі болыңыздар», — деп жазды Наркенже Серікбаева. Сондай-ақ өнер иесі өзіне сыйланған сырға мен жүзіктің бағасы қанша екенін де көпшілікке көрсеткен. Наркенже Серікбаева. Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva Фотодағы мәліметке сүйенсек, бриллиант жиынтықтың сырғасы — 750 мың теңге, ал жүзігі — 500 мың теңге тұрады. «Гүлзира Айдарбекова, сізге Алла разы болсын! «Зергерлік бұйым ба?» деп сұрағандарға қайта салдым», — деді әнші Серікбаева.
Айта кетейік, кеше Қайрат Нұртастың әкесі 57 жасқа толған болатын.