АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Оқушыларды «Авто ісі» пәнінің «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда инновациялық оқыту әдістерін қолдану

Мазмұны

 

 

Кіріспе

3

І

Тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің теориялық негіздері

 

6

1.1.

Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің дидактикалық қағидаларының сипаты

6

1.2.

Білім берудегі инновациялық технологияларға шолу

15

1.3.

Кейстік оқыту технологиясының теориялық негіздері

29

ІІ

Тарау. Жоғары сынып оқушыларын «Авто ісі» пәніне оқытудың әдістемелік негіздері

 

35

2.1.

«Авто ісі» пәнін оқытудың мазмұны

а) 10 сыныпқа арналған тақырыптық жоспар

ә) сабақтың үлгі жоспары

35

37

38

2.2.

Авто ісі пәнінің «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда кейс әдістін қолдану жолдары

47

ІІІ

Тарау. Автомобильдің қоректендіру жүйесі

64

3.1.

Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері

64

3.2.

Қоректендіру жүйесінің приборлары

68

3.3.

Қоректендіру жүйесінің ақаулары

 

72

 

Қорытынды

75

 

Әдебиеттер

76

 

Қосымша

78

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

          Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қашанда әлеуметтік қайта өрлеудің  қайнар көзі болып келді және оны дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», — деп көрсетуінің өзі бүгінгі таңда жастарға  ғылым мен прогресс деңгейіне  сәйкес білім мен тәрбие беру мүмкіндігін жетілдіру сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен бейімділігін, ептілігін арттыру әділетті қоғамның басты міндеті болып отырғанын көрсетеді. Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Оқушылардың шығармашылығын әдетте мектептерде сабақтарда, шеберханаларда, от басында шынығады. Оқушыларға кәсіптік білім түрлерін тереңірек зерделей отырып  оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті және мүмкіндік талаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

          Мектеп оқушыларының жеке ерекшелігін ескере отырып ішкі мүмкіндіктерін ояту, білімге құштарлығын арттыру, ең алдымен, олардың көңіл күйлерін жағымды арнаға түсіріп, қолайлы жағдай туғызуды талап етеді. Оның ғылыми негіздерін зерттеуде ұлы ғұламалар мен психолог-педагог ғалымдардың (Әл-Фараби, Я.Коменский, Ж.Баласағүн, К.Ушинский, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Л.Толстой, А.Макаренко, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, И.Песталоцци, Д.Лихачев, Л.Фридман, т.б.) тәрбиелей отырып оқыту теорияларын басшылыққа алуға болады.

          ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде білім беру, прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Сондықтанда білім беру ісінде оңды нәтижелерге жетелейтін жаңа педагогикалық оқыту технологиялары туралы соңғы кездері ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде және баспа материалдарында кеңінен айтылуда. Сабақ барысында оқыту әдістерінің тиімді түрлерін қолдану жақтарын көптеген педагогтар Т.И.Щукина, Н.Бабанский, В.Ф.Шаталов, Т.А.Ильина т.б.  өз еңбектерінде көрсеткен.

Жас кезден игерілген ойдың орамдылығы, ауылдық икемділігі дүниенің қыр-сырын шексіз меңгеруге болатынына мүмкіндік беретін психологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеген Я.А.Пономарев, Л.С.Выготский, Н.А.Лук сияқты ғалымдардың еңбектерінен белгілі.

          Кәсіпке баулуда жоғары сыныпта өтілетін «Ауылшаруашылық техникасы» пәнінің келешегі зор. Оқушыларды оқытуда заман талабына сай озық технологияларды және оқытудың жаңа әдістерін қолдану өте тиімді екендігі даусыз. Соңғы жылдары жаңа білім бағыттары туралы көптеп жазылып жүр. Ол Кейс әдісі         интенсивті оқыту технологиясы ретінде оқушының өз бетінше ойлау және инициативашылдығын мен мұғалімнің творчестволықпен педагогикалық жетекшілік етуінің үйлесімділігіне ерекше мүмкіндіктер береді. Кейстер шешімдерді ұжымдық және жеке ізденісті қажет ететін практикалық проблемалар көрсетілген оқу материалы.

          Кейс  әдісі — оқушының мәселені нақты іс-әрекетте алынған теориялық білімін қолданып, талдау қабілеті, бейімдік дағдылар мен шеберлікті дамытуға және өз ұстанымын қорғауды үйренуге мүмкіндік береді. Қарастырған зерттеу жұмыстары авто ісіне үйретуде  оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мәселелерін  қарастырмаған,  сондықтан да біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Оқушыларды «Авто ісі» пәнінің «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда инновациялық оқыту әдістерін қолдану» деп алдық.

Зерттеудің нысанасы: 10 сынып Авто ісі пәні.

Зерттеудің пәні: оқушыларды ииновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып кәсіпке баулу үрдісі.

          Зерттеудің мақсаты: жоғарғы сынып оқушыларын «Авто ісіне» үйретуде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Зерттеудің міндеттері:

  • білім беру процесінде дидактикалық принциптердің маңызы мен мәнін зерделеу;
  • инновациялық оқыту технологияларын пайдалану мүмкіндіктерін негіздеу;
  • кейс әдісінің теориялық негізін аныш қарастыру;
  • оқушыларды «Авто ісіне» үйретудің мазмұнын анықтау;
  • пәнді оқыту барысында кейс әдісін қолдану жолдарын ашып көрсету;
  • Зерттелетін пән мазмұнын ашып қарастыру.

          Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: жоғары  сынып оқушыларын Авто ісі сабағында «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда кейс әдісінің қолданылу жолдары мен  материалдық  техникалық базасының ерекшеліктері  ашып  көрсетіледі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім  берудің  теориялық негіздері

 

1.1. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудегі  дидактикалық қағидалардың сипаты

 

          Дидактикалық принциптері негіздерінің алғашқы әрекеттері Я.А.Коменскийдің, Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің еңбектерінде жасалған. Олар принциптердің бірін жетекші ретінде ұстауды да, соның негізінде дидактикалық қағидаларының бүкіл жүйесін құрды.

          Дидактикалық қағидаларының жүйесі оқыту процесінің заңдылықтарын білдіреді және тәрбие мақсаттарымен белгіленеді.

          Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық қағидалар білім мазмұнының негізіне алынады. Олар төмендегідей:

  • оқыту процесін гуманитарландыру қағидасы;
  • оқытудың ғылымилығы, жүйелілігі қағидасы;
  • теория мен практиканың байланыстылығы қағидасы;
  • оқытудың көрнекілігі қағидасы;
  • оқытудың саналылығы мен белсенділігі қағидасы;
  • білім беру мен тәрбиенің және жеке тұлғаның дамуының байланыстылығы қағидасы;
  • білімнің шамаға лайықтылығы мен оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу қағидасы;
  • білімді берік және тиянақты меңгеру қағидасы;
  • оқыту процесінде пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық қағидасы.

          Гуманитарлық білім беру төмендегідей басты міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:

          — барлық пәндерді оқыту білім берудің гуманистік бағытын, шығармашылық потенциалының қалыптасуын, болашақ маманды даярлауды жалпы адамзаттың рухани құндылықтарының басымдығын қамтамасыз ету;

          — гуманитарлық білім беруді Қазақстан Республикасының ұлттық тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен байланысты болып, әрі жалпы өркениеттік міндеттер аясында әлемдік және ұлттық мәдениетпен бірлікте жүргізу;

          — гуманитарлық пәндерді оқу-үйрену ынтымақтастық педагогикасының студенттер мен оқушылардың ұсынылған арнаулы оқу курстарын еркін таңдауына негіздеу;

          — гуманитарлық білім беру алынған мамандықтың қажеттіліктерін, кәсіби қызметте адамның шығармашылық әлеуметінің ашылуына жәрдемдесіп, өздігінен білім алуға ынтасын туғызу, әрі іскер қарым-қатынас дағдысын, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

          — жеке адамды оқыту /әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыру/ кезеңдерінің өн бойында гуманитарлық даярлықтың үздіксіз сипатта жүргізілуі тек танымдық мақсатта ғана емес, сонымен қатар дара қарым-қатынас, икемділік, шыдамдылық, батылдық, ынталылық жеке бастың тәртіптілігі жауапкершілік қатынастарын игеруін және сыртқы ортада дұрыс бағыт-бағдар ұстай білу қабілетін қалыптастыруды көздейді.

          Кәсіпке баулу сабақтарында мұғалім оқыту процестерінің гуманитарландыру қағидасын жүзеге асыруы қажет.

          Дидактикалық қағидаларының кәсіпке баулу сабақтарында қолданылуы қажеттілік болып табылады.

          Оқытудың ғылымилық принципі. Кәсіпке баулу сабағының мазмұны өндірістің негізгі компоненттері бойынша анықталатындығы белгілі. Кәсіпке баулу сабағының техника, технологиялық процестердің және экономикалық көрсеткіштерді оқыту барысында олардың негізгі анықтамаларын, заңдылықтарын ғылыми негізде түсіндіру қажет.

          Техника мен технологиялық ғылыми негізі жаратылыстану негізінде түсіндіріледі, экономикалық көрсеткіштер сандық-саналылықпен анықталынады. Сонымен бірге мұғалім пайдаланған ғылыми ұғымдар мен терминдерді түсіндіріп, дұрыс қолдана білуге үйретеді.

          Кәсіпке баулу сабағында оқушыларға бұйым жасауда материалды таңдау үшін олардың қасиеттерін, технологиялық өңдеу барысында болатын құбылыстарды ашып ғылыми тұрғыда түсіндіру, оқушының ойлау қабілетін дамытады.

          Оқытудың жүйелілік және бірізділік принципі. Білімнің жақсы меңгерілуі үшін жаңа білім бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуге тиіс.  Таным қызметінің бұл жағы жүйелілік және бірізділік принципі деп аталады. Мұғалім оқу материалына, мазмұнына байланысты әрбір сабақтың оқу материалын, мазмұнын дидактикалық талаптарға сай логикалық байланыста, оқуға жүйелі қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпке баулу сабақтарының барлығында әрбір оқушы жүйелі түрде политехникалық және арнайы еңбек дағдыларын және сол сияқты өндірістің ғылыми негізін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Міне, сондықтан оқушыларды сыныптан сыныпқа көшкенде еңбек операциялары, технологиялық процестерін, техника негіздерін және еңбек құралдарымен жұмыс істеуді біртіндеп қарапайымнан күрделіге өтіп меңгерілуі тиіс. Кәсіпке баулу сабақтарында бірізділік, жүйелілік принципті жүзеге асыру бағдарлама мазмұнында көрсетілген. Егер бұйымдарды мұғалім енгізуді қажет деп санасы онда, бұл қағиданы естен шығармауы тиіс. Бағдарлама мазмұнында алдымен өңделетін материалдың қасиетін оқып үйрету қарастырылса, содан соң оларды өңдеу технологиясы меңгеріледі. Сабақ барысында бірізділік, жүйелілік принциптерін іске асыруда мұғалімнің қызметі мына бағытта жүзеге асырылуы тиіс: кәсіпке баулу сабақтарының барлық кезеңдерінде оқушылардың жалпыеңбектік, жалпыөндірістік дағдыларын қалыптастыру көздеуі; өндірістің ғылыми негізін, бір тұтас жүйелі білімді қалыптастыруды қарастыруы; оқушылардың әрбір сабақта меңгерген оқу материалы бұрынғы өтілген сабақтардың негізінде жүргізуі; әрбір сабақты жоспарлауда ол сабақтардың өткен сабақтармен байланысты болуын қарастыруы; сабақта өткен техника-технологиялық мағлұматтар бағдарламалы тиянақты белгілеуді.

          Оқытудың түсініктілігі мен ауқымдылық принципі. Білімнің жақсы меңгерілуі үшін олар түсінікті келтірілген болуы керек. Оқытудың түсініктілігі мен шамаға лайықтылығы берілген сыныпқа, оқушылардың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай болуы тиіс.

          Шамаға лайықтылық — алған білімнің оқушының санасына байланыстылығын көрсетеді. Егер ондай байланыс болмаса, онда білім шамаға лайықты емес. Шамаға лайықтылық /түсініктілік пен ауқымдылық/ ол баланың саналы білімі оқыту процесінен, жанұялық тәрбиеден, табиғаттан тікелей алған және қоғамдық құбылыстардан, үлкендермен қарым-қатынаста, кітап оқуда, кинофильмдерден алғаны. Білімнің түсініктілікпен ауқымдылық жүйесі көлемі мен ауқымдылығы жағынан оқушының білім деңгейін көтеруі қажет.

          Кәсіпке баулу сабағында білімнің шамаға лайықтылығын былай қарастыруға болады. Жасалатын бұйымның оқушылардың жас ерекшелігіне, физиологиялық ой ерекшелігіне сай келуі. Сонымен бірге істелетін жұмыс қарапайым да, күрделі де емес, оқушының қабілетіне сай болуы.

          Оқытудың көрнекілік принципі. Оқушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдауынан басталады. Көрнекілік принципі нақтылық пен абстрактіліктің бірлігі негізінде алынып қарастырылады. Бұл принцип оқушылар білімдерді игергенде оқылып зерттеліп отырған заттармен құбылыстарды немесе олардың кескінін жанды қабылдаудан жинақтауға, қорытындылауға немесе керісінше, жалпыдан жалқыға, нақтыға қарай оқытуды осылай етіп қою талаптарын білдіреді. Я.А.Коменскийді көрнекі оқытудың еңбек сіңірген жасампазы деп санаймыз.

          К.Д.Ушинский оқушыларда байқағыштықты таным, білім белсенділікті дамыту үшін көрнекі оқытудың маңызын жақсы түсінген. Мұғалімнің сөзінің көрнекілікпен дұрыс ұштасуының үлкен маңызы бар. Дидактикада сөз бен көрнекілікті ұштастырудың екі жолы белгілі. Бірінші жолы — көрнекі құралдарды көрсету мұғалім сөзінің алдынан келеді. Бұл жағдайда мұғалім оқушының байқауына басшылық етеді, ал, байқаулардың барысында олар қажетті білімдерді алады. Екінші жолы — сөзбен түсіндіру құралдарды көрсетудің алдынан келеді. Біріншісі тиімді саналады. Өйткені бұл білімдердің хабарлауын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ оқушылардың байқағыштығын дамытуға жол ашады. Екіншісі уақытты аз керек етеді және материалдық сипаты мен оқыту жағдайларына қарай пайдалануға болады. Кәсіпке баулу сабағында еңбек процесінің орындалу ретін оқушыларға тиянақты жеткізу мақсатында мұғалім әр түрлі көрнекі құралдарды пайдаланады. Олар техникалық суреттер, сызбалар, плакаттар, модельдер, макеттер. Практикалық жұмыс барысында дайын бұйымдардың үлгілері қолданылады. Көрнекілікпен оқыту танымға барлық сезім органын қатыстыру. Көрнекі құралдарды тек мұғалім ғана емес, сондай-ақ білімдерін бекітіп, тексергенде оқушылар да пайдаланады.

          Сабақта көрнекі материалмен бастырмалауға болмайды. Көрнекі құралдар тым көп болып кеткенде туатын әсерлердің молдығы оймен толғап қорытуы қиындатады және оқушылардың білім сапасына нұсқан келтіреді.

          Оқытудың саналылық және белсенділік принципі. Саналылық пен белсенділік оқушылардың таным-білім және практикалық іс-әрекетіне жасалатын педагогикалық басшылықтың дәрежесіне байланысты. Саналылық пен белсенділік дәрежесі көп жағынан оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасына байланысты болады. Белсенділік пен саналылық oқытудың бүкіл барысында қалыптасады.

          Оқу материалын саналы игеру мұғалім оңайлатып жібермей баяндаған жағдайда мүмкін болады. Мұғалім пайымдауының, айқындығының, нанымдылығының және дәлелдігінің үлкен маңызы бар. Материалды саналы игеру балалар жаңа бейтаныс сөздердің түсінігін дербес табуға ұмтылған жағдайда мүмкін болмақ.

          Оқытудың өмірмен байланыс — білімдерді саналы игерудің маңызды алғы шарты. Саналылық — оқу ісіндегі формализмді жеңудің маңызды жолы. Оқу ісіндегі формализм — оны жеткілікті түсінбей және практикада қолдана білмей оқу материалын жайдан-жай жаттап алу.

          Саналылық, белсенділік, өзіндік принципі еңбек әрекетінде айқын байқалады. Сондықтан оқушыларды еңбек әрекетін, қабілетін саналы түрде, белсенді түрде, белсенді өзіндік жұмыс атқару арқылы қалыптастыру әрбір мұғалімнің міндеті. Кәсіпке баулу сабақтарында оқушылардың еңбегі өз бетінше орындалатын жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар арқылы оқу өндірістік тапсырмалар арқылы техникалық құжаттарды талдауы, техникалық, технологиялық есептерді, экономикалық есептерді шешу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қарастырып отырған принцип оқу материалын меңгеру деп проблемалық оқыту тұрғысынан шешу арқылы қарастырылады. Себебі оқушы тапсырма алу арқылы өз бетінше сол тапсырманы орындайды. Практикалық жұмыс барысында еңбек құралдарын анықтайды, схема, сызба, есептеу жолдарын қарастырады. Бірақ ол әрекеттердің барлығын оқушы бір мезгілде шеше алмауы мүмкін. Сондықтан мұндай әрекетке мұғалім біртіндеп оқытуды үйретеді.

          Білімді игеру беріктігінің принципі. Білімді игерудің беріктілік принципі оқушының оқыған оқу материалын ұзақ уақыт есте сақтауды көздейді.

          Жалпы білім беретін мектептер мынадай міндет қояды: оқушыларға берілетін білімдер олардың өмір бойы есінде сақтайтындай ету. Ол үшін мұғалім оқыту процесінде оқушының білімді саналы игеруін, белсенділігін туғызуы керек. Сонда білімдер берік игеріліп, оқушының дамуына ықпал ете алады. Кәсіпке баулу сабағында оқушыларға икемділік пен дағдыны дұрыс қалыптастырсақ және теориялық білімді саналы игертіп белсенділігін тудыра алсақ, онда оқушылар практикада орындаған еңбек операциялардың өмір бойы ұмытпайтын болады. Мәселен, пайдаланатын құрал-жабдықтардың, технологиялық процестердің ғылыми негізі жөнінде де білімі берік қалыптасуын қамтамасыз ету қажет. Мұның бәрі теориялық мағлұматтарды мұғалімнің оқушыларға қалай және қайтып жеткізуінде болмақ.

          Теорияның практикамен байланыстылық принципі. Оқушылардың ғылым негіздері болып саналатын сабақтардан алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуді айқындайды.

          Кәсіпке баулу сабағындағы негізгі құраушы принциптердің бірі — политехникалық білім беру принципі. Политехникалық білім беру дегеніміз өндірістің негізгі элементтері туралы экономикалық байланыстары туралы білім беріп, өндірісте көп кездесетін еңбек құралдарымен жұмыс істеумен дағдыландыру. Соның нәтижесінде барлық өндірістер туралы мағлұматтарды қалыптастыру.

          Политехникалық білімді былай көрсетуге болады:

  1. Жалпы өндірістің теория және практика жүзінде ғылыми негізі туралы жүйелі білім.
  2. Жалпыеңбектік, жалпыөндірістік біліктілік пен дағды.
  3. Жеке бастың еңбекке қабілеттілігін қалыптастыру. Кәсіпке баулу сабақтарында оқушыларға өндірістің негізі туралы мағлұмат беріледі. Өндірістің негіздерін төмендегідей көрсетуге болады:
  4. Материалдық.
  5. Техника негіздері.
  6. Технология негіздері.
  7. Басқару жүйесі.
  8. Адам және оның еңбегі.

          Өндірісті оқыту екі аспектіде оқытылуы ықтимал:

1.Өндірістің материалдық игілігі;

  1. Өндірістің дидактикалық аспектісі.

          Өндірістің дидактикалық аспектісіне өндірісте кездесетін техникалық жұмыс істеу принципі технологиялық процестердің заңдылықтары, өндірістің құрылымы, өндірісті басқарудың экономикалық принципі, өндірістің жоспарларының тәсілдері жатады. Өндірістегі жұмысшының өндірістік процеске байланысты еңбек функциясын, еңбек әрекеттерін қарастыру дидактикалық мәселелерді қамтиды. Политехникалық білім беруде оқушыларға жан-жақты білім беру қарастырылады.

          Оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру принципі. Кәсіпке баулу сабағы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады және оның 75%ға жуық уақыты практикалық сабақтың үлесіне тиеді. Осы практикалық жұмысқа бөлінген уақытта оқушыларға міндетті түрде сабақтың барысында пайдалы өнімді өндірумен шұғылдануы тиіс. Мұндағы ескеретін нәрсе оқушының еңбегі үйретілетін, шеберлігін қалыптастыратын алғашқы оқу еңбегі, маман жұмысшының еңбегіндей емес. Мектепте кәсіпке баулу сабақтарына байланысты оқуды, өнімді еңбекпен байланыстыруда мына міндеттерді шешу қажет: 1)оқушылардың жасайтын өнімдерінің жоспарын орындау; 2)оқушылардың жасаған бұйымына байланысты еңбегін материалдық және моральдық ынталандыру;3)оқушылардың жасайтын бұйымына байланысты есеп жүргізу және ол бұйымдарды қажетке жарату; 4) базалық кәсіпорын жағдайларында оқушыларды жұмыс істеуге бейімдеу. Практикалық еңбек процестерінде кездесетін құбылыстар мен заңдылықтарын, ғылыми тұжырымдамаларын анықтайды. Еңбек процесіндегі кездесетін құбылыстардың, заңдылықтардың еңбек ету процесінде де жүзеге асырылатынын оқушыға көрсету қажет етіледі.

          Мұғалім қызметінде оқыту принциптерін әрқайсысын жеке емес, бірімен бірі тығыз байланысты жүзеге асыруы қажет.

          Кәсіпке баулу процесінде дұрыс іріктелген оқу материалы мен практикалық іс-әрекеттерге сәйкес біздер оқушыларға дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие элементтерін беруге жұмыс жасаймыз. Бұйымдағы түстердің үйлесіп, қоршаған дүние, табиғат жөніндегі ойды оқуға, бейнелеуге үйретеміз. Бейнелеу сауаттылығын қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

 

1.2.   Білім берудегі инновациялық технологияларға шолу

Егер жалпы білім беретін және жоғары мектептер өскелең ұрпаққа жинақталған тәжірибе беру бойынша міндеттерді нәтижелі шешетін болса үздіксіз білім беру идеясы қазіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін. Өскелең ұрпаққа тәжірибе беруге ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы — әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға «оқыту» мен «үйрену» процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін.

          Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа мектеп құруда мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық  инновация дамып келеді.

          Инновация  дегеніміз — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз — тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды,  жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал жаңаша деп  жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз делінген.

          Энциклопедиялық сөздіктерді инновация — әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым   жаңаша білім беру деп түсіндіріледі.

       Ал,  А.И.Кочетов   инновация  ұғымына төмендегідей анықтама береді. Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекетін бір тұтас бағдарламасы. Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, егер баратын деңгей алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация делінген.

          Тәжірибелер көрсетіп жүргендей кез келген инновация — мөлшерлі іс әрекеттің шегіне ұмтылу және одан шығуы.   Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Жаңару дегенімізді былай деп түсіндіреді: жаңару –белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданылған уақытымен анықталатын жаңа идея /Масырова, Линчевская. Инновационные школы в Казахстане. РВК, Алматы/.

          Осы тақырып төңірегінде жүргізілген зерттеулерді талдасақ, бұл терминнің шығу тегі жөнінен бір пікір қалыптаспағандығын көреміз. Көптеген зерттеулердің айтуынша, бұл термин қоғамдық ғылымға пайдаланылады. Педагогикалық категория ретінде инновация салыстырмалы түрде жасалынады. Сондықтан бұл ұғымға анықтама беруге әр түрлі пікір таластың болғанымен керемет бір кереғар пікір немесе түсініспеушілік жоқ. Демек инновация терминін анықтауда барлық авторлардың пікірлерін салыстырсақ, аса алшақтық жоқ десе болғандай. Олардың ойынша инновация – педагогикалық категорияға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

          Инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: 1)Жеке түрі (жеке дара, бір-бірімен байланыспаған); 2) модульдік түрі (жеке дара кешені, бір-бірімен байланысқан); 3) жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

          Ал кейбір ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.

          Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың метематикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

          Комбинаторлық инновация – бұдан бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған тіл мен әдебиетті оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

          Радикалдық инновацияға — білімге мемлекеттік стандарттарды еңгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

 Жеке –бағдарлы оқыту технологиясын конструкциялау жеке тұлғаның өзіндік дамуын және әрі қарай дамуын қамтамасыздандыратын жеке бағдарлы білім беруге ауыса алады және ауысуы керек.

Жеке-бағдарлы оқыту білім беру процесіндегі әрбір оқушыда қызуғышылықты, субъективті тәжірибені, танымдық мүмкіндігін, қабілеттігін тудырады. Ізденісті оқуға баулу.

Жоғарыда айтылып өткендей инновациялар-өзгертулер білім беруге ізденісті оқуға баулуды жүзеге асырады.

М.Клариннің пікірінше әлемдік педагогикада оқыту барысында дамытудың бағыттарын көздеп отыр дейді. Мұнда дидактикалық ізденістер тенденциясын анықтайды.

Оның ойынша, ізденісті оқуға баулудағы дидактикалық ізденістер:

— білім берудің потенциалын екпінді дамыту.

— ізденісті іс-әрекеттің өздігімен жан-жақты бағаланады.

— жоғары танымдық деқгейде дидактикалық мақсаттар қояды.

— педагогты оқуды зерттеу бойынша сыңар етіп тағайындайды.

-педагогтың оқушыларымен өзара жұмысында жеке кәсіптік дайындығын байқатады.

Ізденісті оқуға баулудың базалық моделі болып шығармашылық ізденіс ретіндегі оқыту моделі табылады: проблеманы шығару, туғызу, ғылыми болжам жасау, оны тексеру, танымдық процесс пен нәтижеге танымдық рефлекс туындайды.

Мұндай оқыту дискуссия мен ойынды модельдеу, негізінде құрылады. Оқушы оқу процесін белсенді қатысушы – яғни зерттеуге қатысушы ролін ойнау арқылы өткізуі. Отандық және ресейлік  мектептердің қазіргі даму  барысында инновациялық ізденіс төмендегідей бағыттарда жүріп жатыр білім берудің  мазмұнын қалптастыру  жеке тұлғаны дамытуға  арналған жаңа әдіс жүйе педагогикалық  технология  құру және оны  жүзеге асырып үйрену  жаңа үлгілердегі оқу мекемелерін жасау  оларға енетіндер – гимназия, лицей, колледж кез келген инновациялық үрдістің  нысаны  — оқушы.

В.Кларин инновациялық  білім беруді екі негізгі типін бөліп көрсетеді. Инновациялар — жаңалықтар, оқу процесін  жаңартады.        Олар кепілдік берілген  нақты нәтижелерге  жетуге  бағытталған. Олардың негізінде  білім беруге  технологиялық тұрғыда кірісуді қажет етеді.

        Инновациялар — өзгертулер оқу процесін  айналдыратын  бұл типтер, зертеу жұмыстарын қамтамасыздандыруға негізделген.  Осыларға сәйкес жоспарланған  жобалар   техникалық ортаны  жасауға  және оқыту барысында  технологияны қолдануға  бағытталған.                                                                            

          Технология-грек тілінен аударғанда techne (өнер, қолөнер, ғылым) және logos (ұғым, ілім) дегенді білдіреді. Шетел сөздіктерінде: «технология» — өндірістік процестерді жүргізу құралдары мен әдістері туралы білімдердің жиынтығы. Технологиялардың көмегімен ақыл-ой ақпараты практикалық шешімдердің тіліне аударылады. Технология — бұл білім беру әдістері сонымен қатар жеке түрінде білім беруге қатысады. Кез-келген білім беру не технология, болмаса өнер болуы мүмкін. Өнер интуицияға негізделген, ал технология ғылымға. Бүкіл процесс қайтадан басталуы үшін өнерден басталады, технологиямен аяқталады.

          Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық  білім берумен тікелей байланысты.     «Білім беру технологиялары” термині »оқыту технологияларына” қарағанда көлемді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.

          ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы техникалық және адамдық ресурстар білімін игеру және оқытудың барлық процесін анықтау, қолдану және құрудың жүйелі әдісі ретінде қарастырылады. Бұл технология анықтамасы үздіксіз жаңа (экологиялық, ғарыштық, ақпараттық) технологиялар пайда болса да толық және дәл мәліметті бере алмайды.

          Технология — жалпы түрінде бұл мақсат қалай және қандай өнімнің нақты түріне енеді немесе оның бөлімін құрайды деген сияқты ойдан шығарылған жүйе. Мысалы: ғылыми және әдістемелік әдебиеттерден технологиялар анықтамасының  бірнеше варианттарын айтып өтелік:

          -практикалық мақсаттарға жетудің техникалық әдістері;

          -адамның өмір сүруі үшін қажетті заттарды алу үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы;

          -адамның білім беруін ұйымдастыру әдістері мен процедураларының жиынтығы;

          -адамның тәртібін модельдеу үшін қолданылатын құралдар;

Білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиіс:

— дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;

-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;

-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының қисықтық принципі;

-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;

-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі;

Сонымен технология көмегімен білімдерді, дағдыларды, біліктілікті игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Гуманитарлық технология — адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздерін жүзеге асыруы технологиясы.

      Технологияның классификациясы. Техникалық және экономикалық технологиялардың тиімділігі: Мысалы: Гуманитарлық технологияларды қолдануда бизнесмендер мен менеджерлердің қаншалықты жетілдірілгенімен анықталады. Кейбір социологиялық зерттеулер бойынша шаруашылық жетекшілері өздерінің білімдері мен қабілеттіліктерін 30 пайызға, ең жоғарғысы 70 пайызға жетілдіреді. Неғұрлым олардың басқару — гуманитарлық дайындығы төмен болса, соғұрлым олардың жеке тұлғалық іскерлік потенциалдары төмен болады. Бұл дайындықты жақсарту өндірістік кәсіпорындарда еңбек өнімділігін 25-30 пайызға, ал жеке жағдайларда 40-60 пайызға жоғарылатуды қамтамасыз етеді.

Технологиялық және экономикалық техникалармен қатар, біздің өмірімізде әлеуметтік техникалар пайда болды. Олар шет елдерде бұдан бұрын белгілі болған. Бұған қызығушылық ХХ ғ. 70-80 жылдары Болгарияда 2 ірі жұмыстардың пайда болуына байланысты пайда болды. Бұл Н.Стефановтың ”Қоғамдық ғылымдар және әлеуметтік технология” және М.М.Марковтың «Әлеуметтік басқарудың нәтижелілігі”. ХХ ғ. 60 жылдары пайда болған әлеуметтік психология және социология көмегімен әлеуметтік процестерді басқару бойынша зерттеулер мүмкін бола бастады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік, инженерияны, содан кейін әлеуметтік технологияларды қажет ете бастады. Бірақ бұл аталған ғылыми-қолданбалы аймаққа кеш қосылу, оның түсінігінде әр түрлі көзқарастарға әкелді, көбінесе әлеуметтік технологиялар, адам жүргізетін технологиялармен бірге жүреді. Әлеуметтік технологиялар адам өмірінің маңызды мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Оларда негізінен әлеуметтік құбылысқа назар аударылады. Адам мұнда обьект ретінде де, мақсат ретінде де болмайды. Оларда өзінің обьекті және соған сәйкес өзінің мақсаттары болады. Сондықтан бұл аталған технологиялар түрінің мамандануы пайда болады.

          Гуманитарлық технологияларға: футурологиялық, ситуациялық және күнделікті технологиялар жатады.

          Футурологиялық гуманитарлық технологиялар болашақта мүмкін болатын нұсқаулардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, моральді-психологиялық және демографиялық “болжам” жасайтын синоптикалық картаны қайта өндіреді. Бұл технологиялар көмегімен еңбек ұжымдарының аймақтың қоғам жағдайының нақты моделі болжамдалады. Бұл өзінің жұмысында жаңа мәселелерді шешуге дайын болуға қызығатын жетекшілер үшін өте маңызды.

Ситуациялық гуманитарлық технологиялар — қандай да бір жағдайлардың себебі бойынша қолданылады және өңделеді. Мысалы: төтенше жағдайларда адамдардың тәртібін басқару. Бұл технологиялар бойынша арнайы тренингтер жұмысшылардың кәсіби оқуы жүргізіледі. Көбінесе ол ”ситуация-жанжал” немесе іскерлік ойын түрінде жүргізіледі.

Күнделікті гуманитарлы технологиялар әмбебап болып табылады. Мысалы: кәсіби оқыту технологиялары, дарынды адамдардың іздену технологиялары.

Кез-келген гуманитарлық білім технологиялы емес екені белгілі. Біріншіден гуманитарлық білімдер танымдық бағытпен сипатталады. Екіншіден оларға абстрактылық өздігінен түсіндіру мүмкіндігі сәйкес келеді. Үшіншіден оған көркемік тілдің байлығы, символдардың әр түрлі болуы, тақырыпшалар тән.

Гуманитарлық ақпараттарға белгілермен белгі қою аз нәтижелі. Алынған нәтижелер шартты түрде. Мұның бәрі  гуманитарлық ақпараттың техникалық өңдеу үшін мазмұны жағынан да формасы жағынан да қиын екендігін көрсетеді. Гуманитарлық технологиялардың мазмұнын айта отырып келесіні тұжырымдауға болады: гуманитарлық технологиялар –бұл ғылыми-гуманитарлық  білімдердің жүйесі, оларды қолдану нақты шарттардың, құралдардың және тәсілдердің көмегімен нақты адам жүргізетін жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік береді.

Технологияда обьект мен ой төмендегілерді анықтайды: ғылыми-гуманитарлық білімдер, шарттар, құрылымдар және әдістер. Гуманитарлық технологияда обьект ретінде өмір, жеке тұлғалардың өмір сүруі әр түрлі әлеуметтік қоғамдар адам мен табиғаттың бір-бірімен әрекеті қарастырылады. Бұлар ғылыми көлемді технологиялар. Әрбір технологияларды жасау  үлкен көлемді ақпараттарды олардың арнайы іріктелуін, жаңа ғылыми зерттеулер нәтижелерін қолдануды қажет етеді.

Теориялық деңгейдегі қателерді адамдар жеке басының қадір-қасиетіне немесе денсаулығына зиян келтірмес үшін азайту қажет. Бұл үшін оларды жасау кезінде ”концепция-болжам-версия-нұсқа” схемасы бойынша көп рет логикалық ойлану қажет.

Гуманитарлық технологияларда ойға жету үшін кепілдіктің төменгі коэффициенті бар. Гуманитарлық технологиялардың ”соңғы” нәтижелерінің кепілді болмауы олардың обьектісінің бір-біріне қарсы болмауы олардың обьектісінің бір-біріне қарсы болуымен сипатталады.

Гуманитарлық технологиялар кәсіби жұмыстың негізгі түрі. Оларды игеруге тұлғалық және іскерлік сапалары бар адамдардың ғана қолы жетеді. Гуманитарлық педагогиканың технологиялық ерекшеліктері.

Педагогикалық жүйе дегеніміз тұлғаға мақсатты түрде бағытталған бір-бірімен тығыз байланысты тәсілдер, әдістер мен процестер.

Педагогикалық технология деген бұл іс жүзінде жүзеге асырылатын педагогикалық жүйенің нақты жобасы. Демек, кез-келген педагогикалық технологияның негізінде жүйелік қатынастар жатыр. Жүйе – мүшелік тұтастық (сынып, мектеп, жоғары оқу орны, топ т.б.). Мысалы, компьютер – жүйе, онымен жұмыс істеген оқушыда. Бірақ бірге олар қосылған жаңа жүйені құрастырмайды, олар тек қана өзара іс-қимылы бар кешенді жүйе. Кешен — өзара іс-қимылы бар, бірақ та жеке тіршілік ететін жүйе. Педагогикалық  технология нақты технологиялық  процестерде жүзеге асырылады. Технологиялық процесс оқыту ой тұжырымдамасында мысалға, нақты тақырыпты оқыту тәсілдері мен формалараның жүйелелігі жатады, және де әр түрлі есептер шығару кезінде дағдыларды шығару мақсатындағы сарамандық міндет бірдей оқыту технологияның көмегімен шешіледі.

Оқыту (тәрбиелеу) технологияның тұтастығы оның үш құрамдас бөлігімен қамтамасыз етіледі:

  • ұйымдастыру формасымен;
  • дидактикалық процеспен;
  • мұғалімнің (немесе оқыту техникалық құралдары) мамандығы.

Педагогикалық технологияның тақырыбы болып мұғаліммен оқушының әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдары, олар оның құрастырылған, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарға сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы ұйымдастырылады.

Педагогикалық технологияның міндеттері:

  • әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдалуы, білімнің тереңділігін, беріктілігін арттырылуы.
  • Мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттермен формаларды нығайту және арттыру.
  • Технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету.
  • Технологиялық ойлау дағдыларын дамыту.
  • Оқу міндеттерімен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.

Дидактикалық процесте (процес дегеніміз объективті тіршілік ететін қозғалыс) тәрбие процессі және оқу процесі түрлеріне бөлінеді. Тәрбие процесінде ұйымдастыру үшін нақты мақсат қою жұмысын жүзеге асыру қажет. А.С.Макаренко айтқандай, педагогикалық ғылымның шын мәнінде дамуы оның «тұлғаны жобалау» қабілеттілігімен байланысты, яғни тәрбие процесіндегі тұлғаның бойындағы қасиеттерді болжап қалыптастыру. Мақсаттардың анықтығы оқу-тәрбие процесіндегі қатал технологияға көшуін рұқсат етеді, ал бұл дегеніміз педагогикалық (тәрбиелік) процесстік сапасын едәуір көтерілуімен байланысты.

Жалпы, педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы неде?

Біріншіден, педагогикалық технология  тәжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалық экспериментті жоққа шығарады да, оны алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл «дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.

Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология оқушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесіндегі жоба ұсынады, яғни бұл оқу танымдық жұмыс жобалануы кез-келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады деген сөз.

Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті – мақсат білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:

  1. Мақсат білімділіктің болжамы және оқушылардың оқу бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау.
  2. Жалпы тұлғаның дамуы.

Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жүйе жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі – бүкіл оқу тәрбие процесінің тұтастық қағидасы. (құрылымдық және мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігі.

Тұтастық қағидасы болашақ кез-келген педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімді. Өзара іс қимылына қол жеткізу қажеттілігін көрсетеді. Көлденең (бір оқу кезең шеңберінде тоқсанда, семестрде немесе оқу жылында; тігінен бүкіл оқу кезеңіне. Бұл жерде педагогикалық жүйенің (ПЖ) бұл элементіне өзгеріс енгізу үшін, басқа да элементтерді қайта құруға тура келеді. Мысалы, оқу мақсаттарын өзгерте отырып, бірақ оның мазмұнын және оқу процесін сол қалпында қалдырсақ, біз өзгерген формасын өзгерткен деформацияланған педагогикалық жүйеге тап боламыз. Тәжірибе көрсеткендей, олар өміршең емес. Бірақ әлемде жалпы педагогикалық технология деген не және жеке оқу «технологиясы» туралы түсініктемелер қалыптасып келеді.  

  «Педагогикалық технология» көптеген анықтама, түсінігі жайында мамандардың көпшілігі оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді.

  • Оқытудың жоспарын құру, нақты анықтамалардың негізінде оқушылардың іс-әрекетін бақылау.
  • «Бағдарламалау» оқу процесінің бәрінде қатаң түрде оқытушының іс-әрекеттері (алғыс немесе жаза түрінде), оқытуға талап ету.
  • Оқушылардың алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін кезеңдік тест жүйесі арқылы салыстыру.

Білім беру процесінің рационалдық стратегиясы оның құрылымын оқытумен жобалайды.

  Бірінші кезең – оқытудың жоспарын құру, нақты анықтамалардың негізінде оқушылардың іс-әрекетін бақылау.

  Екінші кезең – диагностикалық – білім деңгейінің тексерілуі. Оқушылардың қандай білім алғанын тексеру, жобамен емес әрқайсысын жеке – жеке тексеру.

  Үшінші кезең – рецептуралық: оның маңында бағдарламалық оқытудың нәтижесін немесе іс-әрекеттіңн дамуын жинақтау.

  Төртінші кезең – бақыланған жоспардың реализациясы оқытудың ұйымдастырылған шарттарымен қамтамасыз ету, қарастырылған технологияның тәртіптік тренинге енуі.

  Бесінші кезең – алғашқы бақыланған енгізілген қорытынды эталонмен этаптық тест жүйесі арқылы бағалаудың нәтижесін және оқытудың тиімділік бағыты.

  Экономикалық – оқу барысының резервін, мұғалімнің оптималды еңбегін және аз мерзімде жоспарланған жұмыстарының нәтижесін қамтамасыз етеді.

  Корректорлық-оперативтік қайтарма байланыстарының мүмкіндігі дұрыс нақты мақсаттарға бағыт беру. 

          М.Чошанов «Оқытудың технологиясы» және «әдістемелік жүйе» түсінігін бере отырып, әрбір ерекшеліктері әрбір белгінің көрсетілуінен тұрады. Егер педагогикалық технологияда бұл белгілер неғұрлым көрнекті түрде көрініс берсе, онда олар педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік жүйелерге көрнекті көрсетілмеуі де, не мүлдем көрсетілмеуі де мүмкін. Тағы да бір ерекшелік педагогикалық технологияда педагогикалық және дидактикалық, әдістемелік жүйелерде қатысатын мазмұнды компоненттер оларда көрсетілмеген. Педагогикалық технология немесе оқытудың технологиясы дидактикалық және әдістемелік жүйенің негізгі (процесуалды) бөлігі б.т. Мысалы, методикалық жүйе мынадай міндеттерді шешуге бағытталған болса:

  1. Нені оқыту керек?
  2. Не үшін оқыту керек?
  3. Қалай оқыту керек?

— ол кезде оқыту технологиясы ең алдымен үшінші сұраққа бір ғана толықтырумен жауап береді.

  1. Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?

          Отандық педагогикадағы «Педагогикалық технология» түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, сол уақытта да ол түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді.

          Технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық қызметтің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажет. әлеуметтік жоспарда бұл белгі, технологияның басқа белгілері – оның бұқаралық сипатымен байланысты.

          Отандық педагогикадағы педагогикалық технология түсінігі педагогикалық технологияның әлемдік көрінісіне жақын болып келеді және білім беру процесінің қойылған диагностикаландырылған нәтижелерінің құрылуымен көрініс табады. (В.П.Беспалько – педагогикалық технологияның таныстырылуылары – М.; 1989 ж.).

  Педагогикалық технология — қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс – амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы.

 

 

 

1.3. Кейстік оқыту технологиясының теориялық негіздері

 

          Кейс әдісі   интенсивті оқыту технологиясы ретінде оқушының өз бетінше ойлау және инициативашылдығын мен мұғалімнің творчестволықпен педагогикалық жетекшілік етуінің үйлесімділігіне ерекше мүмкіндіктер береді. Кейстер шешімдерді ұжымдық және жеке ізденісті қажет ететін практикалық проблемалар көрсетілген оқу материалы. Кейс сөзі ағылшын тілінен тәржімалағанда уақиға, іс деген мағынаны білдіреді.

          Кейс әдісі немесе нақты ситуациялар әдісі шет елдерде экономикаға және бизнеске оқытуда кеңінен қолданылады. Бұл әдіс ХХ ғасырда АҚШ-тағы Гарвард университетінің Бизнес мектебінде, сол кездегі заңгерлерді даярлау технологиясынан алынып қолданыла бастады. Мұнда ерекше көңіл бөлінетін нәрсе студенттердің  практикалық материалды өз беттерінше зерделу жұмысына берілді. 1910 жылы профессор Копленд бизнес өмірінен алынған ситуацияларды зерделуде пікірталасты қолданды. Ал 1921 жылы нақты ситуацияларды алғашқы жинағы жарыққа шығарылды.міне сол кезден бастап Гарвард бизнес мектебі нақты ситуациялар әдісінің негізіг насихаттаушысы б.т.

          Кейс  әдісі- оқушының мәселені нақты іс-әрекетте алынған теориялық білімін қолданып, талдау қабілеті, бейімдік дағдылар мен шеберлікті дамытуға және өз ұстанымын қорғауды үйренуге мүмкіндік береді.

          Кейс — оқу-нақтылық ситуация.

          Кейс — (оқу-нақтылық ситуация) — белгілі бір проблеманың шешімінің сипаттамасы.

          Кейс — проблеманы түсінуге жағдай жасайтын белгілі ақпарат көлемін құрайтын, ситуацияның болжамы мен нәтижесін жобалайтын практикалык оқу құралы.

          Соның ішінде оку-нақтылық ситуация нені білдіреді, жақсы ойластырылған оқу-нақтылык ситуация кейстегі қарастырылатын шешімдерді мұғалімдер мен оқушылар үшін тиімді білім беру тәжірибесіне айналдыруға көмектеседі.

  • Қызықты оқиғаны айта отырып, басты кейіпкердің рөліне ену, цитаталарды ендіру.
  • Оқырман үшін мәнді оқиғалар.
  • Педагогикалық құндылықтарының болуы.
  • Шиеленіс тудырып, оның шешімін табуға талпындыру.
  • Әр түрлі аудиторияларды оқу мақсаттарына қолдану икемділігі.
  • Оқытуға бағытталған қалыпты дамудың мәселелерін көрсетеді.
  • Проблемаларды шешуге көмектеседі.
  • Жан-жақты қолданылады.
  • Әлеуметтік жауапкершілік сезімін ынталандырады.
  • Қоғамдағы маңызды өзгертулерді жүргізуге жағдай жасайды.
  • Көнерген проблемаларды шешу барысында басқарудың жаңа шешімдерін жасауға ынталандырады.
  • Оқытудың жалпы және пәнаралык функциясын орындайды.

          Оқу-нақтылық ситуацияны алуда мұғалім «белсенді» немесе «енжарлық» рөлдерді атқаруы мүмкін. Кейде ол «талдауға» басшылық жасаса, кейде пікір-сайысты қорытындылаумен шектеледі. Мұғалім дәлелдеулердің қызықты желісін көргенде, оны қолдап немесе пікір-талас алаңынан өзгелерді алып шығып, басымдылық болғанын талап етеді. Сұрақты өзі қояды. Оқушылардың дұрыс жауаптарына демеушілік жасау арқылы өзінің басымдылығын нақтылай түседі және болып жатқан пікір-таласты қорытындылай отырып оқушылардың барлығын өзі алаңнан алып шыға алады. Бұл барысында «миға шабул» әдісі жүзеге асады деп есептеуге болады. Себебі, сұрақтарға жауап беру уақыты шектеуленеді.

          Бұдан шығаратын қорытынды кейс әдісін бойынша проблемалық ситуацияны шешу үшін қандай бір жұмыс әдісін таңдау қажет. Әрине ол оқу бағдарламасы бойынша бір тарауға немесе бір тақырып көлемінде ұйымдастырылуы мүмкін.

          Мұнда және бір ескеретін нәрсе кейс әдісі бойынша мұғалімнің педагогикалық қызметі қандай болуы керек. Мұғалім іс-әрекетінің стратегиялары болады:

  1. Мұғалімнің жағдайды шешудегі қосымша сұрақтар немесе ақпараттар түрінде сілтеме — негіздері.
  2. Оқушы проблема бойынша   жұмыс   істеп   шешімін  тапса,   мұғалім араласпайды.
  3. Нақты жағдайларға мұғалімнің өз жауабы.

          Мұғалім бірге-бір деп аталатын нағыз «қызығушылықпен сұрақ» тудыруы мүмкін. Оқушының айтар ойы, ұстанымы мен ұсынысы көптеген сұрақтардың арқасында тексерілуі мүмкін және ол бекіткен логика тыңғылықты талдауға алынады.    Бұл тұста кейс әдісі бойынша білім алушының өз ұстанымы ескеріледі.

 

Кейс технологиясы бойынша жеке оқыту қағидалары

 

Кейс ережелері

Мазмұны

1. Қызығушылық және силау, шыншылдық

Кеңесші немесе тәлімгер оқушыны силайды, бірақ міндетті түрде жағымды қарым-қатынас жасау шарт емес.

Ол шынай, бірақ проблеманың шешімі бойынша өз пікірін  айтпайды. Болып жатқан оқиғаны түйіндейді. Ол жақсы тыңдаушы.

2.Өзара түсіністікке негізделген байланысты күшейту.

Бұл үшін өзара визуалды байланыс, яғни жаны ашу, шынайылық, силау, жеке сырын айту, әзіл. Оқушының  кеңес алуда, жалпы тәлімгерден нені күтетінін айқындау. Бұған белгілі бір уақыт бөлу.

3. Эмоцияны көрсетуге мүмкіндік беріңіз.

Оқушыға өзін нені толғандырып жүргені туралы сұраңыз. Біріншіден – не болып жатыр?, Екіншіден — Өзін қалай сезінеді?, Үшіншіден – Одан ары қарай не болды? Әңгімеден соң осы әр деңгейде ол өзін қалай нені сезінгені туралы айтып беруін сұраныңыз.

4. Сенімділікке негізделген қарым -қатынас.

Оқушылар өздерінің қобалжуларымен бөліскенне соң өздерін жеңіл сезінуі тиіс, әсіресе бұл проблема олардың алдында бірінші рет болса.

5. Жағымды үміт пен нәтиже.

Егер оқушы өзін жақсы сезінсін десеңіз, олардың бойында болшақта жағымды өзгерістер болатындығына сендіріңіз.

6. Шындыққа жақын себептер мен оларды шешу жолдарын ұсыныңыз.

Себептерді түсіндіру сенімді болуы қажет. Проблема шешімі саналы түрде сезінетін проблемаға негізделуі қажет. Естеріңізге сақтаңыздар – жиі кеңес алатын болса, солғұрлым тез қабылданады. Бұл оқытудың тиімділігіне қойылатын негізгі талап мүмкін шешімдер ұсыну болып табылады.

7. Жеңіске жетуге мүмкіндік жасаңыз.

Сіз қол астыңыздағы адамдарға өзіңізбен сенімді жағымды қарым-қатынас жасай алатындығын көрсетіңіз.Осы ситуация шешімін табуға тағы да бір адамға көмектесе алғаныңыз сіздің жеңіске жетуіңізге көмектеседі. Сіздің көмегіңізбен ол біртіндеп өз ойында проблеманы айқындай бастайды. Бұл әлдеқайда жеңіске жетудің жемісті жолы екендігіне көз жеткізеді.

8. Дұрыс шешімді таңдау барысын мадақтаңыз.

Оқушының сын-пікір айтуына жағдай жасаңыз, бұл оның өзін-өзі бақылай білуіне көмектеседі. Оған өзінің таңдаған шешімі үшін жауапкершілікті мойнына алуға көмектесіңіз. Бұл үшін проблеманың шешілуі мүмкін екендігіне оны сендіру қажет.

          Кейс-стадия — нақты оқу жағдаяттарын қолдана отырып оқыту әдісінің мазмұны:

1 этап. Оқушы ситуацияның жазбаша мазмұнымен таныса отырып өз беттерінше проблеманың мәнін түсінуге тырысады, бағалау барысында өз пікірін білдіре отырып дұрыс шешімін табуға тырысады.

2 этап. Аз топтарда жұмыс жасау. Оқушылар аз топпен (4-6 адам) кейс негізін құрайтын проблема шеңберінде пікір алмасады, және консенсус ізденісі бойынша және диалог тәсілі көмегімен ортақ шешімге келеді. Бұл этапта «брейсторминг», диалог, полилог, пікірталас, талас қолданылуы мүмкін.

3 этап. Жалпы топтық пікірталас (обсуждение) мұғалімнің басқаруымен өткізіледі. Әр топ проблема шеңберінде өз көзқарасын ситуациялар негізінде білдіреді. Пікірталас ерекшелігі, мұғалім жауаптарға сапалы баға бермейді, кез-келген жауап дұрыс деп қабылданады (мүмкін).

Оқушының  меңгеретін біліктіліктері: ақпаратты зерделей және жүйелей білу біліктілігі; сөйлей білу, пікірталастыра білу, өз көзқарасын дәлелдей білу біліктілігі.

Кейс технологиясы бойынша оқушының  білімін бағалау критерийлері: І вариант. Кейсті бағалаудың бес критерйін белгілеу:

А – материалды білуі және түсінуі;

В – ақпараттарды зерделеу;

С – ақпараттық кеңістікті қолдану;

Д – ой-толғау логикасын тұрғызу;

Е – кейсті презентациялау.

Әр критерий максимум 3 баллмен бағалау ұсынылады, ғни оқытушы максимум 9 балл қоя алады.

ІІ вариант. Оқушылардың шығармашылық жұмысы ретінде кейсті бағалаудың 3 критерий тобы ұсынылады: А – оқу материалын білуі және түсінуі; В – ақпараттарды зерделеу және бағалау; С –ой-толғау логикасын тұрғызу.

Критерийлерге сәйкес оқушылардың  жетістіктерін бағалау

Критерий

Бағалау (3балл)

А. Теориялық материалды білу және түсіну.

Сәйкес мысалдар келтіре отырып студенттер қарастырылатын ұғымдарды нақты және толық анықтайды.

В. Ақпаратарды зерделеу және бағалау.

Оқушы салыстыру және жалпылау тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып талдау категориясын қолданады, проблема бойынша өзінің жеке бағасын береді.

С. Ой пікірін айту.

Ой тұжырымын жасау барысында берілген жауаптар анық және бірреттілікпен беріледі. Берілген тезистер аргументті мысалдармен беріледі. Әр түрлі көзқарас айтылады және өздерінің жеке бағасы беріледі.

          А критерий.  Оқушы білуі тиіс:

 — кейс тақырыбын анықтау;

— сұраққа жауап беруге қажетті базалық ұғымдар мен теориялар көлемін  белгілеу;

-әртүрлі терминдер мен ұғымдарды түсіне білу және орынды қолдану;

— ұғымдарды сәйкес мысалдармен толықтыру.

          В критерий.  Оқушы білуі тиіс:

— негізгі талдау категорияларын қолдану;

— себепті-салдарлы байланысты анықтау;

— салыстырмалы сыпатты аппаратты қолдану;

— берілген проблема бойынша жеке субьективті баға беру.

          С критерий.  Оқушы білуі тиіс:

— зерттеу сұрақтарын анықтау;

— мағынасы бойынша кейсті бөліктерге бөлу;

— бір бөліктен екіншісіне өтуде ой-тұжырым логикасын сақтау;

— кейстің негізгі ережелеріне аргумент келтіру;

— аралық және қорытынды шешімдер келтіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Жоғары сынып оқушыларын «Авто ісі» пәніне оқытудың әдістемелік негіздері

 

2.1.  «Авто ісі» пәнін оқытудың мазмұны

 

Білімнің  мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми көзқарасы, мінезі қалыптасады.

“ Білім  беруді  жетілдірудің  негізгі  талаптарының  бірі – оқу  пәндері  бойынша  сабақ  беру  деңгейін  арттыру,  оқу  пәндерінің  негізгі  ұғымдары  мен  жетекші  идеялары  барынша  айқын  баяндалатын  болсын,  оларда  ғылым  мен   практиканың  жаңа  жетістіктерінің  қажетті  түрде  көрініс  табуын  қамтамасыз  етілсін” – деп  мектеп  реформасында  жазылған.

Оқыту  процесінің  табысты  болуы:  біріншіден,  мұғалімнің  өз  пәнінен  теориялық  және  практикалық  дайындығына,  оқу  процесін  ұйымдастыра  және  басқара  білуіне;  екіншіден,  білім  дарзығына,  жоғары  мәдениеттілігіне,  ғылым  мен  техника  жетістіктерін  пайдалана  білуіне;  үшіншіден,  мұғалім  мен  оқушының  арасындағы  адамгершілік  өзара  қатынас  және  бірлікке  байланысты.

Білім  беру  саласында  оқыту  процесінің  мәні  өте зор,  өйткені  осы  кездегі  қоғамдық — өндірістік  қатынастардың  дамуы  оқытудың  ғылыми – практикалық  деңгейіне  байланысты.  Оқыту  процесін  ұйымдастыру  барысында  оқушы  және  оқушылар  ұжымы  біржағынан  оқыту  обьектісі,  екінші  жағынан  оқыту  субьектісі  болады.  Осыған  орай,  оқыту  процесінде  мұғалімдер  мен  балалар  ынтымақтастығы,  олардың  шығармашылық  еңбек  етулеріне зор  сүйеніш  болады.

Кәсіптік білім берудің екі сатысы бар: орта мамандар даярлайтын арнайы оқу орындарын (Кәсіптік мектеп, лицей), жоғары мамандар даярлайтын оқу орындары (институт, университет, академиялар).

Арнайы орта және ЖОО кәсіптік білім беру мазмұны бір-бірімен өзара байланысты үш бағытта құрастырылады:

  • мамандыққа байланысты теориялық білім беретін арнайы пәндар;
  • практикалық білім беретін – кәсіптік шеберлікті меңгеру;
  • жаратылыс-математикалық және гуманитарлық ғылымдардың негіздерін меңгеру.

Кәсіптік білімнің негізі – жалпы және политехникалық білім. Осы білімнің негізінде арнайы орта және ЖОО бітіретін мамандардың жалпы ғылыми даярлығы кеңиді, сауаттылығы артады, өз мамандығын терең меңгереді.

Біз  өзіміздің  ұсынып  отырған  «Авто ісі» пәні бойынша жоғары  сыныптар  орта мектепте немесе МОӨБ білім алады. «Авто ісі» пәні бойынша жоғары сынып оқушылары алдымен әлемдік және өз елімізде шығарылатын автомобиль түрлерімен және олардың негізгі механизмдерімен танысады, жұмыс істеу принциптерін зерделейді. Қарапайым техникалық күтім жасау және жөндеу жұмыстарының түрлерімен танысады.

Олар 10-11 сыныптарда пәнге жалпы бөлінген сабақтарды оқу барысында арнайы жабдықталған кабинеттермен жөндеу шеберханаларында білім алады. Теориялық білімдерін практика барысында іске асырады. Сонымен қатар оқушылар автомобильдердің  қарапайым макеттерін жасайды.

 

 

«Авто ісі» пәні бойынша 10-сыныпқға арналған

тақырыптық жоспар

 

Р/с

Тараулар мен тақырып атаулары

Жалпы сағат

теория

прак

1.

Кіріспе.

Жұмыс орнын ұйымдастырудың қауіпсіздік техникасы

1

 

 

2.

Автомобильдің жалпы құрылысы

4

1

3.

Қозғалтқыштың жалпы құрылысы

3

5

4.

Жол жүріс ережесі

4

6

5.

Қозғалтқыш кривошипті шатунды және газ бөлу механизмдері

4

6

6.

Суыту және майлау жүйесі

4

4

7.

Карбюратор қозғалтқышының қоректену жүйесі

4

6

8

Дизель қозғалтқышының қоректену жүйесі

2

4

9

Карбюратор қозғалтқышының тұтандыру жүйесі

6

6

 

Барлығы:

32

38

 

Сабақтың үлгі жоспары

Сабақтың тақырыбы: Карбюраторлық қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі туралы мәлімет. Қарапайым карбюратор

Сабақтың мақсаттары:

а) білім беру:  оқушыларға теориялық мәлмет беру, карбюратордың құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіру.

ә)тәрбиелік: оқушыларды шынайылыққа және құыптылыққа тәрбиелеу.

б)дамытушылық: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және бейімдеу.

Сабақтың түрі: теориялық.

Оқыту әдісі: проблемалық-түсіндіру.

Пайдаланылған әдебиеттер:   В.С.Калинский. Автомобиль.      

                                                       В.И. Плеханов. Автомобиль.

Көрнекіліктер: плакат.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: (2-5минут)

а) сәлемдесу.

ә) оқушыларды түгендеу.

б) кезекшілерді тағайындау.

в) оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

          2.Өткен сабақты қайталау (20-25 минут).

1.Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесіне нелер жатады?

  1. Отын багінің қажеттілігі неде?
  2. Карбюратордың атқаратын қызметі не?
  3. Қоректендіру жүйесінің атқаратын қызметі немесе оның жабдықтарының қызметін атаңыз?

 

Жаңа сабақты түсіндіру (55-60 минут)

Қоректендіру жүйесі туралы мәлімет.

  1. Карбюраторлы автокөлік қозғалтқыштарына арналған жанармай.
  2. Жанар қоспаның құрамына сипаттама.
  3. Қарапайым карбюраторға сипаттама.

Карбюраторлы автокөлік қозғалтқыштарына арналған жанар май, 40-205оС температура аралығында қайнайтын, мұнайдың неғұрлым жеңіл фракцияларының қоспасы б.т. бензинді автокөліктің карбюраторлы қозғалтқыштарында қолданылады. Автокөлік бензині – тез тұтнағыш, мөлдір сұйықтық. Бензиннің тығыздығы 0,70-0,77г/см3 .

          Карбюраторлы автомобиль двигателі тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май-бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады. Бензинді мұнай өнімдерінен тікелей ажырату немесе жоғары температура мен қысымда қайта өңдеу жолымен тазартудан — крекинг-бензин алынады. Автомобиль двигательдері үшін негізінен крекинг-бензин колданылады. Бензиннің сапасы оның тығыздығымен, жылу шығарғыштық қабілеті және детонациялық қасиеттерімен сииатталады.

          Бензиннің тығыздығы 200С температурада 0,700—0,760 г/см3 аралығында болады (Бір текше сантиметр заттың граммен өлшенген массасын оның тығыздығы деп атайды).

          Бензиннің жылу шығарғыштық қасиеті 10 500—11000 ккал шамасында  болады  (жылу шығарғыштық қасиеті деп — I кг отын түгел жанғанда шыға-ратын жылудың шамасын айтады. Ол калориямен өлшенеді).

          Бензиннің сапасын анықтаудағы бірден-бір көрсеткіштердің бірі оның буланғыштығы. Сондықтан неғұрлым бензиннің булануы жақсы болса (қайнау температурасы төмен), соғұрлым двигательді іске қосу жеңіл және ол үнемді жұмыс істейді.

          Автокөлік бензиніне қойылатын талаптар:

қозғалтқыштың барлық жағдайда тез оталуын, тез қызуын, орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

детонацияға қарсы жеткілікті беріктігі болуы;

қозғалтқыштың бөлшектерінде смола күйенің пайда болуына қарсы тұра алуға;

жоғары антикоррозиялық қасиеттерге – қозғалтқыш бөлшектерін, сүзгілерді, жанар май түтіктерін, бактарды сақтау және пайдалану кезінде тот баспауын қамтамасыз ету.

Автокөлік бензиндері әр түрлі маркада шығарылады: А-66, А-76, А-80, А-85, АИ-92, АИ-93, АИ-95, АИ-98. а әрпі бензиннің автокөліктерге арналғандығын білдіреді. Цифрлар октан санының ең төменгі мәнін көрсетіп, бензиннің детонацияға беріктілігімен сипатталады.

          Отынның детонациялық қасиеті. Цилиндрде сығылған жұмыстық қоспа қалыпты жағдайларда 20-30 м/сек. жылдамдықпен жанып, цилиндрдің ішіндегі қысым бірқалыпты өсіп отырады. Кейбір жағдайларға байланысты (бензиннің сапасының нашарлығынан двигательдің шамадан тыс қызып кетуінен, ерте от алу бұрышының артуы т.б.) қоспаның бір бөлегі өте жоғары 200 м/сек. жылдамдықта соққы толқынымен жануымен және қысымның тез өсуімен қабаттаса жүреді. Жұмыстық қоспаның осылайша жануын детонация дейді. Отынның детонациялық жануы двигательдің жұмысына үлкен зиян келтіреді. Детонацияның белгілеріне двигательден дүрсілдің шығуы, қуатының кемуі, өшіргіштен қою қара түтін шығуы және двигательдің тез қызуы жатады. Сондықтан детонация кезінде двигательдің бөлшектері тез тозады.

          Кейде жұмыстық қоспаның өздігінен ерте от алуын детонациямен шатастырады. Өздігінен ерте от алу дегеніміз — жоғары температурада жұмыс істейтін» қоспаға ашық жалынның әсері тимей-ақ өздігінен от алу қасиетін айтады. Өздігінен от алу двигатель шамадан тыс қызған уакытта сығу тактісінің соңында сығылған жұмыстық қоспаның температурасы өте жоғарылағанда қоспаның тұтануы электр ұшқыны пайда болғанға шейін болады. Өздігінен от алу кейде жоғары температурадағы қоспа свечаның қызған электродына немесе күйе бөлшектеріне қызудан от алу типінен де пайда болады. Өздігінен от алуда от алу жүйесі ажыратылғанда да, двигатель біраз уақыт өздігінен жұмыс істейді, ал бұл жағдай детонация кезінде кездеспейтін жай.

          Отынның детонацияға қарсы тұрушылығы октандық санымен бағаланады. Отынның октандық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның детонацияға қарсы тұрушылығы арта түседі. Автомобильдерге қолданылатын бензиннің октандық саны 66-98 аралығында болады. Бірақ кейде октандық саны басқа да бензин қолданылуы мүмкін. Бензиннің детонацияға карсылығьгн оған антидетонатор (этиль сұйығы) қосу арқылы езгертіп отырады. Этиль сұйығын бензинге қосқанда бензиннің 1 литріне 1,0 см3 сұйық қосады.

          Этиль сұйығы қосылған бензинді этильденген деп атайды.

          Ескерте кететін жай, этиль сұйығы у болғандықтан бензинге азғантай ғана қосқанның өзінде бензин улы болады. Этильденген бензинді жай бензиннен ажырату үшін оған қызғылт-сары, не көк-жасыл бояу қосады. Этиль сұйығы өзінің ерігіштігі, ұшпалығы және адам терісіне тез сіңіп, өткіштігінің арқасында адам организміне өтіп оны қатты уландырады. Этильденген отын этиль сұиығындағыдай өте хауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде өте сақтықпен, ұқыпты болып, оның теріге тиіп, не ішкі организмге кіріп уландырмауына мұқият болу керек. Этильденген бензинмен деталь мен қолды жууға, кір жууға, шланг арқылы ауызбен соруға немесе бензин жүретін түтіктерді үрлеп тазартуға болмайды. Егер этильденген бензин теріге тиген болса оны әуелі керосинмен, кейін сабынды сумен жуу керек. Этильденген бензинмен жұмыс істеген двигательді бөлшектегенде детальдарын ұқыпты түрде керосинмен жақсылап жуу керек. Жоғарыдағы айтылғандай сақтықпен қолданылған этильденген бензиннің жұмыс істеушіге ешбір зияны жоқ.

          Жанғыш қоспаның құрамы. Карбюраторлы двигательдің әрбір жұмыс тактысы циклінің тактысы өте аз уакыт ішінде (0,02—0,01 сек.) өтетін болғандықтан, жұмыс жүрісінің бас кезінде-ақ қоспа жанып бітуі керек, олай болса қоспаның жану уақыты одан да аз (0,002-0,003 сек). Сондықтан қоспаның жоғарыдағыдай өте аз уақыт ішінде жанып үлгеруі үшін отынның өте ұсақ бөлшектеріне ауа қосылуы керек. Өте ұсақ бөлшектер отынның бүркуінен және булануынан пайда болады, ал толық жануы ауаның қажетті мөлшерімен осы булардың мұқият араласуынан болады.

          Қоспадағы бензиннің — толық жануы үшін әрбір килограмм отынға 15 кг ауа араласса, мұндай қоспаны қалыпты қоспа деп атайды. Әдетте қалыпты қоспадан басқа да құрамды қоспалар болуы мүмкін.

          Байытылғай   қоспада   1 кг бензин мен 13-тен 15  кг дейін ауа болады.  Мұндай қоспа үлкен  жылдамдықпен жанады да оның әсерінен цилиндрдегі газдардың да қысымы өте үлкен болады.

          Бай қоспаның құрамында 1 кг бензинге келетін ауа 13 кг кем болады. Бұл қоспа жай жанады, ал 1 кг бензинге 5 кг ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

          Кедейленген қоспаның құрамында 1 кг бензин, 15-16,5 кг ауа болады. Қоспаның құрамы мұндай болған жағдайда бензин толық жанады, бірақ жану жылдамдығы төмендеуі салдарынан двигательдің қуаты кемиді, әрІ отынның үнемділігі артады.

          Кедей    қоспаның   құрамында 1 кг  бензинге 17  кг   артығырақ  ауа   болады  және  өте  жай  жанады. Егер І кг бензинге 21 кг не одан да артық ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

          Түрлі жағдайларда жұмыс істейтін двигательге қолданылатын қоспаның құрамы әдеттегі қалыпты жағдайдан өзгеше болуы да мүмкін.

          Салқын қозғалтқышты іске қосқанда енгізу трубопроводтар мен цилиндрлердің салқын қабырғаларында бензин буларының конденсациялануы, сон-дай-ақ ауаның жылдамдығының нашарлауы және қоспаны жылытатын жағдайдың жоқтығынан қоспа нашар дайындалады. Осы жағдайларды еске ала отырып, двигательді іске қосқанда қоспаның сенімді түрде от алуы үшін онда бу тәрізді отынның жеткілікті мөлшерінің қалуы, отын бөлшектерінің конденсациялануына қарамастан қоспа біршама бай болуы тиіс.

          Зая жүрістің жай айналысында цилиндрдегі қоспаның шамасы аз болады. Себебі отынның түйіршіктері бір-бірінен алшақтағандықтан қалдық газбен араласуынан қоспа нашар жанып, двигатель нашар істейді. Зая жүрістің-жай айналысында двигатель тұрақты жұмыс істеуі үшін қоспаның жану жылдамдығын байытылган қоспаны пайдалана отырып арттыру қажет. Орташа күшпен жұмыс істеу үшін кедейленген қоспа қолдану арқылы отынның шығынын кемітеді. Қоспаның мұндай құрамын қолданғанда двигательдің қуаты кемиді. Толық күшпен жұмыс істегенде двигательдің қуатын барынша арттыру үшін толық күш беріп байытылған қоспаның жану жылдамдығын   арттырады. Зая жұмыс істеп тұрған двигатель бірден толық күш беру жағдайына көшірілгенде қоспаны байыту керек әйтпесе оның тоқтап қалуы мүмкін.

          Цилиндрде жанармай қалыпты жанған кезінде тұтандыру свечасымен жану камерасының бүкіл көлемі бойынша жалынның тарау жылдамдығы 30-40 м/сек болады. Бұл жағдайда цилиндрдегі қысым тез, бірақ бірқалыпты жоғарылайды.

          Қарапайым карбюратор. жанғыш қоспаны дайындау процесін карбюрация, осы процесті іске асыратын приборды карбюратор деп атайды. Карбюраторлардың жұмысы бүріккіш пульверизатор процесіне негізделеді.

          Карбюратор қалытқысы бар қалытқылы камерадан және инелі клапан мен араластырғыш камерадан тұрады. Араластырғыш камераның ішінде диффузор, жиклерлі бүріккіш және дрюссель орналасқан.

          Қалытқылы камера – карбюратордың ішіндегі отынның мөлшері мен қысымын бірқалыпты ұстау үшін керек. Отынның бетінде қалқып жүрген ішкі қуыс қалтқының рычагына инелі клапан тіреліп тұрады. Қалытқылы камераны белгілі бір деңгейіне дейін толтырғанда қалытқы инелі клапанды өзінің ершігіне қысып, отынның бұдан әрі келу жолын бітеп тастайды. Отынның деңгейі азайғанда қалытқы мен инелі клапан төмен түсіп, қалытқылы камераның отын енгізетін жолын қайта ашады. Қалтқылы камераның жоғарғы жағында атмосферамен жалғасып тұратын тесігі бар. 

          Араластырғыш камера – диффузордан дрюссельге дейінгі карбюратор, келте трубасының бір бөлігі. Араластырғыш камерада жанғыш қоспа пайда болады. Одан калибрленген тесікжиклер арқылы қалытқылы камерамен байланыстыратын түтік – бүріккіш шығарылған. Өзара қатынасушы ыдыстар заңына сәйкес бүріккіштегі отынның деңгейі қалтқылы камерадағымен біршамада болады. Бүріккіштің жоғарғы жағы араластырғыш камераның таралған бөлігі – диффузорында орналасады. Карбюратордың араластырғыш камерасы енгізу трубопроводына бекітіліп, клапан ашылған уақытта қозғалтқыштың цилиндрімен жалғасып отырады.

          Енгізу тактысында қозғалтқыштың цилиндрінде жанған газдың қысымы ыдырап азаяды, себебі бұл уақытта енгізу клапаны ашылады да, ауаның ағымы араластырғыш камерасына одан әрі цилиндрге тарайды. Ауа ағымының ең үлкен жылдамдығы оның араласу камерасының ең тар жерінде бүріккіш тесігінің түбінде болады.

          Қалытқылы (атмосфералық) және араластырғыш (газ қысымының сиреуі) камераларының ішіндегі қысым әр түрлі болғандықтан, отын бүріккіштің тесігінен өздігінен ағып шыққан жолында ауаның ағынымен араласып бұл тәрізді тұманданған белгілі бір қатынастағы жанғыш ұсақ қоспаға айналады. Цилиндрдегі кіретін жанғыш қоспаның шамасы жүргізуші кабинасынан басқарылатын дроссель тесігімен реттеліп отырады. Қарапайым карбюратор белгілі бір күшпен қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігінде қанағаттанарлық жұмыс істей алады. Қозғалтқыштың жұмыс режимі өзгеріп отырса, күші және ауаның ағымы мен карбюратор диффузорындағы қысы да өзгеріп отырады.

          Ауа ағымының бағытына және жанғыш қоспаға қарай карбюраторлар жоғары көтерілуші, төмен құлаушы және көлденең ағынды болып үшке бөлінеді. Практикада кең орын алғаны төмен құлаушы ағынды түрі, себебі мұнда қоспаның араласуы мен цилиндрлердің жанғыш қоспамен толуы жақсарады.

          Қорыта келгенде карбюраторлы автокөлік қозғалтқышы тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май —  бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады.

          Жану процесі кезінде жанар майдың құрамындағы көміртегі мен сутегі ауадағы оттегімен қосылады. Қозғалтқыш цилиндріне келетін ауаның мөлшеріне байланысты жану толық және шала болуы мүмкін.      Карбюратор енгізу құбыры бойымен цилиндрлерге келетін жанар қоспасын дайындайды.

Пысықтау сұрақтары (10-15 минут)

  1. Бензиннің негізгі қасиеттерін атаңдар?
  2. Автокөлік бензиніне қойылатын негізгі талаптар қандай?
  3. Автокөлік бензинінің маркаларын атаңыз?
  4. Бензин маркасындағы әріптер мен сандар нені білдіреді?
  5. Жанғыш қоспаның құрамын атаңыз?

6.Қалыпты, байтылған, бай, кедейнген және кедей жанар қоспаларындағы жанар мен ауа мөлшерінің ара қатынасы қандай?

  1. Карбюратор деп аталу себебін түсіндіріңіз?
  2. Қарапайым құрылысын атаңыз?
  3. Қарапайым карбюратордың жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

10.Қарапайым карбюратор бөлшектерінің атқаратын қызметін түсіндіріңіз?

Сабақты қорытындылау (5-7).

Өткен сабақты қайталау.Үйге тапсырма

 

 

2.2. авто ісі пәнінің «қоректендіру жүйесі» тарауын   оқытуда кейс әдісін қолдану жолдары

 

          Кейбір авторлар кейсті біренше түрге бөледі:

Далалық (полевые) – нағыз өмірден алынған фактілерге негізделген;

Креслолық – авторлардың ойлап тапқан фактілеріне негізделген;

Американдық – ұзақ;

Батыс еуропалық – қысқа. 

Ұзақ — кейс көлемі – 20 немесе одан да көп беттен тұрады.

Орта – 8-10 парақ.

Қысқа – 5 бетке дейін немесе бірнеше қатар сөйлемнен тұрады.

Кейстер бірнеше формада, яғни бір беттегі бірнеше сөйлемнен көптеген бетке дейін. Бірақ, есте ұстайтын нәрсе көп беттен тұратын кейстерді оқушылардың шешуіне қиындықтар туғызады. Кейсте бір ұйымда болған бір жағдай берілуі мүмкін немесе біренеше кәсіпорныдарда болған бірнеше оқиғалардың даму тарихы берілуі мүмкін.

Бұл оқыту технологиясының әралуан белгіленулері бар. Шет елдік баспаларда бұл әдісті әр алуан атайды: ситуацияларды зерделеу; іскерлік  тарихы; кейс әдісі.

ТМД елдерінде: нақты ситуациялар әдісі;іскерлі ситуациялар; кейс әдісі.

Біздің пікірімізше «нақты ситуация», ал дәлірек айтқанда «нақты оқу ситуациясы» деген терминді қолданған жөн деп есептейміз. Бұл атау 1995 жылдан бері қолданылып келеді.

Кейс әдісі негізделген оқу үрдісі, бұл ұсынылып отырған ситуацияларды жан жақты зерделеуге негізделуге мақсаткерлікпен бағытталған үрдіс, кейс проблемаларын ашық пікірталас уақытында талқылау және шешімдер қабылдау дағдыларын меңгерту б.т. Кейс әдісінің ерекшелігі нақты өмірден алынған фактілер негізінде проблемалық ситуациялар туындату.

Кейс-әдісі құрамында кейс банкісінен басқа, кейсті қолдануға арналған әдістемелік құралдар, оқушыларға пікірталас үшін сұрақтар, оқушыларға  арналған тапсрымалар, мұғалімге арналған көмекші дидактикалық материалдар болуы қажет.

Кейс әдісі теориялық оқыту мен практикалық дағдылардың оңтайлы үйлесімін табуға көмектеседі. Мұғалімнің кабинеттегі пікірталасты ұйымдастыруы кезінде оқушының ой-өрісі дамиды. Пікірталасты жүргізу және сілтемелер беру, бағыттаушы сұрақтар беру, шешім қабылдауға бағыттау бұл ең негізгі мұғалімнің іс әрекеті б.т.

Кейс-әдісінің оқыту үрдісінде оқушылардың мынадай кілтті кәсіби сапаларының: коммуникабелділік, лидерлік, қысқа уақыттың ішінде реттелмеген көп көлемді ақпаратты зерледеу біліктілігі, стресс және жеткіліксіз ақпарат жағдайында шешім қабылдау және т.б. іс жүзінде дамуына әсері мол. Бұл жерде кейс әдісі сабақтың лекция формасында өтілетін түпріне қосымша түрінде қызмет етеді. Нақты ситуацияларды қолдану әдісі:

  • өмірден немесе бизнес пракитасынан алынып дайындалған жазбаша ситуация үлгісі;
  • оқушылардың ситуацияны өзбеттерінше зерделеуі және талқылауы;
  • кабинетте отырып ситуацияны төраға жетекшілігімен бірлесе отырып зерделеу;
  • «шешім шығарудан басқа талқылау» үрдісінің негізгі болуы принципін басшылыққа алу.

 

Кейстің артықшылығы:

  • нақты уақиғаларға байланысты академиялық теорияларды демонстрациялауға мүмкіндік береді,
  • басқа заттар мен құбылыстарға байланысты нақты затты зерделеуге оқушыларды қызықтыруға мүмкіндік беред;
  • ақпараттарды жинақтау, қайта өңдеу және зерделеу бойынша білім және дағдыларын белсенді түрде меңгеруге мүмкіндік жасайды.

            Кейс-әдісі әртүрлі практикалық дағдылардың дамуына қолдау жасайды:

  • зерделеу дағдылары – берілген мәліметтерді ақпараттардан ажырата білу, топтастыра білу, маңыздыны маңызды еместен ажырата білу, оны көз алдына елестете білу және таба білу, қарастырылмай қалған ақпарттарды табу және толықтыру, анық және логикалық ойлау;
  • практикалық дағдылар – кейсте берілген проблеманың өмірдегімен салыстырғанда деңгейінің күрделі емес болуы, теорияның, әдістің және қағидалардың іс жүзінде қолданылуы практикалық дағдылардың қалыптасуына мүмкіндік береді;
  • шығармашылық дағдылары – логикалық жолмен табу мүмкін емес балама шешімдердің маңыздылығы;
  • коммуникативтік дағдылар — пікірталасты жүргізу іскерлігі, айналадағыларды сендіре білу, көрнекі материалдарды және т.б. құралдарды пайдалану, өз көзқарасын дәлелдеу, қарсыластарды сендіре білу, қысқаша нақты есеп жасау;
  • әлеуметтік дағдылар – адамдардың тәртібін бағалай білу, тыңдай білу, пікірталас барысында қолдай білу және қарама-қайшы пікірлерді аргументтеу, өзін өзі бақылау;
  • өзіне өзі талдау жасай білу — пікірталас барысында келісімге келмеу өзінің және өзгенің пікіріне мойынсыну немесе зерделей білу.

 Кейс түрлері және құрылымы. Кейс – бірігей ақпараттық кешен, ол үш бөліктен тұрады:

  • кейсті зерделеуге қажетті қосымша ақпарат;
  • нақты ситуацияны сипаттау;
  • кейске берілетін тапсырма.

Кейстер әртүрлі формада берілуі мүмкін:

Бір беттегі бірнеше сөйлемнен, бірнеше беттегі материалдарға дейін.

Кейстің ұсынылуы: баспалы, мультимедия, видео.

Кейстің стандартты түрдегі формасы болмайды. әдетте кейс баспа түрінде беріледі, бірақ мәтінде фотосуреттер, диаграммалар, таблицалар және т.б. берілетін болса оқушылар үшін мазмұны көрнекі болып шығады. Соңғы кезеңде мультимедиа түрінде презентациялау жаппай қолданылуда.

Кейс дайындалу әдісі бойынша типтендірілген болуы мүмкін, мысалы, кітапханалық, көпшілік, классикалық және кабинеттік.  

Нақты ситуациялар дайындалу әдісі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, кейстің қай жерде жазылуына байланысты обьектіде немесе  мұғалімнің жұмысшы столында, ал кейстегі қолданылған ақпараттар формальды (көпшілік) немесе формальды емес (нақты жерден алынған) сыпатта болса, онда осы аталғандардан төрт кейс түрі: кітапханалық, көпшілік, классикалық және кабинеттік түрлері жасалынады.

Кейстер оқыту мақсатына байланысты: зерделеуге және бағалауға үйрететін кейстер, проблеманы шешуге және шешімдер қабылдауға үйретеін кейстер болып бөлінеді.

Мазмұны бойынша кейстер типі:

  • зерлеуге және бағалауға үйрететін кейстер;
  • проблеманы шешуге және шешімдер қабылдауға үйрететін кейстер;
  • проблеманы, шешімді немесе тлығымен концепцияны иллюстрциялайтын кейстер.

Нақты ситуацияларды зерделеу — оқушылардың белсендi танымдық қызметiн ұйымдастырудың тиiмдi және кеңiнен тараған әдiстерi. Наты жағдайларды зерделеу әдiсi өмiрлiк және өндiрiстiк мiндеттердi зерделеу қабiлеттерiн дамытады. Нақты ситуацияларда тыңдаушы,  мұнда проблема бар ма, ол неден туады және өзiнiң ситуацияға қарым — қатынасын анықтауы қажет.

Нақты ситуацияны зерделеу жұмысының әдiстемесiн екi бағытта жүргізуге болады.

  1. Нақты ситуацияларды рольдерде ойнау. Бұл кезде қатынасушылар ситуацияны алдын ала зерттеп бiледi және сабақ талдаудан рольдiк ойынға ауысады.
  2. Бiр ситуация шешiмiнiң варианттарын бiрлесiп талқылау оқушылардың тәжірибесiн тереңдетедi; олардың әрқайсысының варианттар шешiмімен танысуға, толықтыруға, өзгертуге мүмкiндiктері бар.

Практика көрсеткеніндей, нақты ситуацияны зерделеу әдiстемесі қойылған сұрақтардың жауабын алу үшiн оқушыларды терең бiлiм алуға ұмтылдырады. Бұл әдiстiң негiзгi мақсаты – оқушылардың аналитикалық қабiлетiн дамыту, өздерiндегi ақпаратты дұрыс пайдалануға мүмкiндiк туғызады.

          Проблемалық ситуациялардың пайда болу шарттары және олардың типтері. Проблемалық ситуациялардың «пайда болуы» және «жасауы» деген екі ұғым кездеседі. Олардың қайсысы шындықты дұрысырақ білдіреді? Бұл жерде бір мәнді жауап қайтаруға болмайды. Біріншіден, оқушы үшін проблемалық ситуация әрқашан пайда болып отырады, мұғалім үшін проблемалық оқу ситуациялар деген жоқ, тек қана педагогикалық (методикалық) қиындықтар болуы мүмкін. Екіншіден, поблемалық ситуация, оқу пәнінің логикасын немесе оқу процесінің логикасынан туады. Оқу пәнінің логикасы бойынша олар, әдетте, мұғалімнің тілегіне байланыссыз, яғни объективті түрде пайда болады. Сондай-ақ мұғалім мен оқушылар қимылының дидактика  ережелерімен белгіленген дәйектілігіне байланысты оқу процесінің логикасы бойынша да пайда болуы мүмкін. Әдетте, мұндай ситуациялар – мұғалімнің проблемалы болып шыққан сұрақтар немесе міндеттер қоюының салдары. Бұл жағдайда мұғалім ол құбылыстың  психологиялық мәнісін тіпті аңғармауы да мүмкін. Сұрақтар мен міндеттер мүлде басқа мақсатпен (оқушының зейінін аудару, оның материалды меңгерген – меңгермегенін білу және т.б. үшін). Қойылса да, проблемалық ситуация тудыруы мүмкін. Оның пайда болуы мұғалімнің мақсатты әрекеттеріне байланысты емес, бұл – оқу процесінің әбден табиғи әрі заңды құбылысы. Бұл секілді ситуациялар, күмән жоқ, оқушылардың ойлау әрекетін күшейтеді (активтендіреді), ол оқу процесінде әрқашан болып отырған. Ал проблемалық ситуациялар тұрақты пайда болып отыру үшін қалай істеу керек? Егер мұғалім проблемалық оқытуды ұйымдастыру ережелерін білсе, ол проблемалық ситуацияларды әдейі жасауы мүмкін.

          Мұғалімнің өзінің тілегінен тыс (объективті түрде) пайда болған проблемалық ситуацияларды  және ол әдейі жасаған ситуацияларды мақсатты түрінде көрінеді, оны шеберлікпен қолдану проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі де болып табылады.

          Проблемалық ситуациялар жасаудың дидактикалық және методикалық жағынан дәлелденген тәсілдері мұғалімге олардың пайда болуының жалпы заңдылықтары белгілі болған жағдайда ғана табылуы мүмкін. Кеңес педагогикасында проблемалық ситуациялардың кең және, біздің пікірімізше, педагогикалық шындықты дәл көрсететін типологиясын Т.В.Кудрявцев ұсынды. Практикада көрсетіп отырғандай, оқу материалында болатын қайшылықтардың барша алуан түрлілігі педагогикалық психологияның  неғұрлым жинақталған ұғымы ретінде проблемалық оқу ситуацияларының  бар болғаны бірнеше типімен ғана айтылуы мүмкін.

          Проблемалық ситуация жасау. Оқу процесінің негізгі кезеңдері: бұрын меңгерілген материалды қайталау, жаңа материалды қабылдау мен меңгеру және оны жаттығулар орындау жолымен бекіту – дидактикаға бұрыннан мәлім. Алайда оқушының осы кезеңдердің әрқайсысындағы жұмыс әдістері мен методтары әртүрлі болуы және әр түрлі нәтижелерге жеткізуі мүмкін.

          Проблемалық ситуацияның оқудың бірінші және екінші кезеңдерінің негізгі элементіне – оқушылардың ойлау қызметін күшейтудің  басты құралына айналуында.

          Оқытуда проблемалық ситуация қалай көрінеді? Ол өзінен-өзі пайда бола ма немесе мұғалім тарапынан жасала ма?

          Сабақ өтуде проблемалық ситуациялар жүйесін жасау жөніндегі, оқу материалын түсіндіріп, баяндау (толық немесе ішінара) жөніндегі және жаңа білімдерді меңгеруге — дәстүрлі жолмен де, өздігінен оқу проблемаларын қойып, оларды шешу жолымен де — бағытталған оқушылардың іс-әрекетін басқару жөніндегі мұғалімнің қызметі ретінде анықтаймыз.

          Проблемалық ситуация жағдайларында мұғалімнің түсіндіргендерін қабылдау, проблемалық ситуацияларды өздігінен (немесе мұғалімнің көмегімен) талдау, проблемаларды тұжырымдап, оларды ұсыныс, гипотезалар жасау арқылы (логикалык және интуитивті) шешу, гипотезалар мен ұсыныстарды негіздеу және дәлелдеу жолымен, сондай-ақ шешімнің дұрыс-бұрысын тексеру жолымен білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін меңгеру жөніндегі оқушылардың оқу-танымдық қызметі.

          Зерттеулер көрсеткендей, проблемалық ситуациялардың педагогикалық практика үшін неғұрлым тән, барлық пәндер үшін неғұрлым тән, барлық пәндер  үшін ортақ типтерін ажыратуға болады .

          Бірінші типті неғұрлым жалпы және көп тараған тип деп санаған жөн: проблемалық ситуация  оқушылар қойылған міндетті шешудің тәсілін білмеген, проблемалық сұраққа – жауап, оқу немесе өмірлік ситуациялардағы жаңа фактіге – түсінік бере алмаған жағдайдаға,  яғни оқушылар бұрынғы білімдерінің жаңа фактіні  түсіндіруге жеткіліксіздігін сезген жағдайда пайда болады.

          Екінші тип – проблемалық ситуациялар оқушылар бұрын меңгерген білімдерін жаңа практикалық жағдайларда пайдалану қажеттілігіне тап болған кезде пайда болады. Әдетте мұғалімдер бұл жағдайларды оқушылар өздерінің білімдерін практикада  қолдана алуы үшін ғана емес, сонымен қатар олрдың жеткіліксіздік фактісіне тап болуы үшін де ұйымдастырады. Оқушылардың бұл фактіні сезінуі танымдық ынта тудырып, жаңа білімдер іздеуге түркі болады.

          Үшінші тип – міндетті шешудің теориялық тұрғыдан мүмкін болатын жолы мен таңдап алған тәсілдің практикада жүзеге аспайтындығы арасында қайшылық болғанда оңай пайда болады.

          Төртінші тип  — проблемалық ситуация оқу тапсырмасын орындаудың практикалық жақтан қол жеткен нәтижесі мен оқушыларда оны теориялық негіздеуге керекті білімдердің жоқтығы арасында қайшылық болған кезде пайда болады.

          Оқу процесінде проблемалық ситуация жасау қандай дидактикалық мақсаттар көздейді? Мына дидактикалық мақсаттарды көрсетуге болады:

          А) оқушының назарын сұраққа, міндетке, оқу материалына аудару, онда танымдық қызығушылық пн қызметтің басқа да мотивтерін ояту.

          ә) оны шамасы келетін мынадай танымдық қиыншылыққа кездестіру қажет: бұл қиыншылықты жеңу ойлау қызметін күшейтетін болсын.

          Б) оқушы алдында өзінде пайда болған танымдық қажеттілік пен сло қажеттілікті білімнің, шеберліктің, дағдының қолда бар қоры арқылы қанағаттандырудың мүмкін еместігі арасындағы қайшылықты ашу.

          В) оқушыға танымдық міндеттегі, сұрақтағы, тапсырмадағы негізгі проблеманы анықтауға және пайда болған қиыншылықтан шығу жолдарын іздестіру жоспарын белгілеуге көмектесу, оны белсенді ізденіс әрекетіне ынталандыру.

          Г) оған бұрын меңгерілген актуалдандырылатын білімдердің шекараларын анықтауға көмектесіп, қиыншылық ситуациясынан шығудың неғұрлым ұтымды жолын іздеу бағытын көрсету.

          Пікірталастың тиімділігі мынада:

—     оқушылардың дайыдығы (хабарлау және білу);

—    тақырыптық ұқсастық (терминдер мен ұғымдар, шартты белгілер);

—     мәдениеттілікті сақтау;

—     мұғалімнің пікірталасты дұрыс ұйымдастыра білуі.

          Дұрыс ұйымдастырылған пікірталас 3 (стадия) кезеңнен тұрады:

  1. Бағдарлау.
  2. Бағалау.
  3. Консолидация.

 

 

 

 

          Бірінші сатыда оқушылар проблеманы меңгереді және бір-біріне үйренеді. Сонымен қатар қойылған проблеманың шешімдерін ізденуге деген ынтасы қалыптасады. Мұнда мұғалімнің алдына міндеттер қойылады.

  1. Пікірталас проблемасын және  мақсатын   айқындау.   Ол  үшін  ненің талқыланатынын және оның нәтижесі не екендігі түсіндіріледі.
  2. Қатысушыларды (егер   топ   алғаш   рет   кездесіп   отырса)   бір-бірімен таныстыру. Оқушылардың өздерін    таныстыруын    сұрану    немесе    «интервью» әдісін қолдану, онда оқушылар   жұптарға   бірігіп,   қысқаша   әңгімелесуден   соң бір-бірін   таныстырады минуттан көп емес).
  3. Оқушылардың бойында қажетті    мотивация    қалыптастыру,    яғни, проблеманы айту, оның маңыздылығын ашып көрсету, ондағы қарама-қайшы, шешімін таппаған сұрақтарды айқындау, алынатын нәтижені (шешімді) анықтау.
  4. Пікірталастың шектеу     уақытын     белгілеу,     нақтырақ     айтқанда сөйлеушілер уақытын белгілеу.
  5. Пікірталастың жүргізілу    ережесін    белгілеу,    ең    негізгі    —    барлық қатысушылар өз пікірлерін айтуы тиіс. Сонымен қатар, әр пікір білдірушінің ойын, сөзін  бөлмей  тыңдау,   позициясын   нақты  дәлелдер   келтіре   отырып  ұстануы, қайталамау, соңына дейін тыңдау және сонан кейін баға беру.
  6. Пікірталас барысында жағымды қарым-қатынас жағдайын қалыптастыру.Мұнда мұғалім оқушылармен жағымды түрде күлімсіреп, әр түрлі  қимыл-қозғалыстар арқылы әңгімелер жургізуі тиіс. Кез-келген оқыту дебат әдістерінің негізі дау-жанжалсыз оқыту болып табылады.
  7. Терминдер мен ұғымдардың және т.б. семантикалық (мәнін) түсінігін қалыптастыру. Ол үшін сұрақтар мен жауаптар арқылы зерттелетін тақырып бойынша ұғымдық аппаратын, яғни жұмысшы анықтамасын нақтылап алу қажет. Ұғымдық аппаратын жүйелі түрде анықтауды мақсат ету оқушылар бойында, олар өздеріне жақсы таныс және түсінікті ұғымдармен жұмыс істеуге үйрету. Өздеріне түсініксіз сөздер қолданудан шектеу және анықтамалық әдебиеттерді жүйелі түрде пайдалануға әдеттендіреді.

          Екінші сатысы — бағалау сатысы — мұнда салыстырушылық ситуациялар идеяларға келіспеуішілік туындауы мүмкін, дұрыс жетекшілік жүргізілмесе жеке бас арасындағы дау-жанжалға ұласуы мүмкін.

          Бұл жерде пікірталас жүргізушінің алдына мынадай міндеттер қойылады:

  1. Қатысушылардың өзара  пікір  алмасуын   бастауы.   Мұғалім   сөзді  өзі бірінші бастамауы тиіс.
  2. Ой, пікірлер, ұсыныстардың көптеп жинақталуы. Бұл үшін әр оқушыны белсенді қатысуға жұмылдыру қажет. Оқушылар алдымен өз ой-пікірін білдіруі, сонан сон барып ұсыныс беруі мүмкін, немесе бірденнен өз ойы мен ұсынысын бірге білдіреді.

3.Тақырыптан  алшақтамау, яғни ұйымдастырушының беделділігі оқушылардың мәселеден ауытқымауын қадағалап, оны кажетті «арнаға» салу.

  1. Барлық қатысушылардың жоғары белсенділігін  қолдау. Барлық оқушыларды пікірталасқа тарту, сөйлеу уақытын шектеу.

5.Пікірталастың келесі кезеңіне өтпестен бұрын айтылған ой, пікірлерді ұсыныстарды оперативті талдау.

  1. Пікірталас сұрақтары қарапайым болуы керек.

          Жоғарыдағыдай проблемаларды болдырмау үшін келешекте өтілетін сабақтарды қалай ұйымдастыруға болады?

          Соның нәтижесінде оқушыларда ақыл-ой операциялары мен әрекет дағдылары, білімдерді тасымалдау дағдылары қалыптасады. Зейін, ерік, шығармашылық қиял ойлап табушылық дамиды, жаңа білімдерді алу мен гипотезалар ұсыну және оларды негіздеп дәлелдеу   жолымен   әрекеттің жаңа тәсілдерін  табу қабілеттері қалыптасады.

          Проблемалық жағдай — адам пайда болған құбылысты, фактіні шындық процесін қалай түсіндіруді білмеген, мақсатқа өзіне мәлім әрекет-тәсілімен жете алмайтын жағдайда туған оның интеллектуалдық қиналуы. Бұл түсіндірудің жаңа тәсілін немесе әрекет — тәсілін іздестіруге түрткі болады. Проблемалық жағдай деп продуктивтік, шығармашылык, танымдық     қызметтің заңдылығын айтамыз.

          Проблемалық жағдайды: талдау оқушы үшін қиын болуы керек және онда осы проблеманы шешуге   қызығушылық пайда болуы керек.

          Қарапайымнан күрделіге қарай жүру, материалдың оқушы түсіне алатындай болуы, оқытудың өмірмен байланысы және т.б. тек оқушының нәтижелі іс-дрекеттерінің шарттары ғана. Қиындық келтірген сұрақ, стандартты емес міндет барлық уақытта   проблемалық жағдайлар туғызып отырған.

          Мұғалімнің мектеп оқушысының оқу процесін танымдық қызмет кезеңдерін ескере отырып құруға талпынуы бұл процестің логикасын өзгертеді, оқу процесін ұйымдастырудың жаңа схемасы, жаңа принциі пайда болады. Ойлау адамның проблемаға тап болуынан басталатын болғандықтан, проблемалық оқытудың негізі мұғалім жүйелі түрде жасайтын проблемалық жағдайлар болып табылады.

          Ақыл-ой операциялары толық циклының проблемалық жағдайдың пайда болуынан бастап проблеманың шешуіне дейін бірнеше кезеңі болады:

1)   проблемалық жағдайдың пайда болуы;

2)   қиындық мәнін ұғыну мен проблема қою;

3)   ойлап   табу   немесе   жорамалдар   жасау   мен   гипотезаны   негіздеу   жолымен шешу тәсілін табу;

4)   гипотезаның  дәлелдемссі;

5)   проблема шешімінің дұрыстығын тексеру.

          Проблеманы дұрыс қою үшін сұрактың құрылымына назар аудару керек. Проблема алынған білім мен белгісіз дүниелер арасында логикалық байланыс орнатылу керек. Мысалы, «Не себептен май жанады?» деген сұрақ тек информациялық болады. Себебі ол тек тиісті заңдылықты білдіруді қажет етеді.

          Енді біз диплом жұмысының практикалық бөлігінде таңдап алынған негізгі тару «Карбюратор қозғалтқышының қоректену жүйесі» тарауына келетін болсақ, тарауды оқытуға 10 сағат берілген. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушыларды карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесінің құрылысымен, қызметімен және әрекет ету принциптерімен таныстыру.

          Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар мен оқыту құралдары. Плакаттар: «Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесінің приборлары», кинофильмдер: «Карбюраторлы двигательдің қоректендіру жүйесі», модельдер мен макеттер: «Отын насосының моделі», «Реттеуіш моделі», «Көп режимді реттеуіш моделі», натуралды объектілер: карбюраторлар, отын насосының таратқыш секциясы, форсунка, бензин насосы т. б. детальдар, тексеру құралдары, кинопроектор.

 Сабақ   барысы. Сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік  нұсқаулар.

  1. Жаңа материалдарды баяндау ерекшеліктер. Мұғалім алғашқы сабақта карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйелерінің конструкциялық ерекшеліктерімен таныстырып, олардың негізгі бөлшектерін атап өтеді. Ол плакаттар мсн схемаларды пайдалана отырып, қоректендіру жүйесінің әрбір механизмі мен деталының қызметін түсіндіреді. Плакаттан автокөліктердің қоректендіру жүйесінің белшектерін көрсетіп, оқушылардың назарын жүйе ерекшеліктеріне аударады.

          Екінші сабақта мұғалім карбюраторлы двигательдердің отындары туралы түсінік беріп, детонациялық беріктілік, беизиннің антидетонациялық қасиеттеріне тоқтайды. Бензинмен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақталуын ескертіп, әсіресе этилденген спиртпен жұмыс істеген кезде өте сақ болу керектігін айта кеткен жөн. Этилденген бензинмен қолды, детальдарды, киімді жууға, шлангыдан ауызбен сорып пайдалануға тиым салынатынын да ескерту қажет.

          Двигательдің қоректендіру жүйесінің қызметін түсіндіру барысында оның отынының толық жануы мен экономикалық көрсеткіштері ең жақсы болу үшін поршень жоғары өлі нүктеге келгенге дейін отынды цилиндрге бүрку керектігін айтқан дұрыс. Отын багы мен сүзгісінің құрылысын плакаттан көрсетіп, мұғалім оқушылардың назарын ондағы отын ағынын реттеуіш, тор көзді сүзгіш элемент, тыныштандырғыш, резеңкелі нығыздағыш, тұндырғыш стакан және тағы баска элементтердің жұмысына, әрекет ету принциптеріне аударады.

          Оқушыларға турбокомпрессордың қызметін түсіндіру үшін «Двигатель қуатын қалай арттыруға болады?» (№1) деген проблемалы сұрақ беруден бастауға болады. Олардың жауабын толықтыра келе мұғалім цилиндрге (үрлеп толтырылған) сығылған ауа беру арқылы двигатель қуатын арттыруға болатынын айтады.

          Прболемалық ситуация №1.

          Қоректендіру жүйесі негізінен екі түрге бөлінеді.

          1) дизельді; 2) карбюраторлы.

          Сұрақ: екеуінің айырмашылығы неде?

          Жауабы: 1) карбюраторлық – ұшқыштық әсерінен, яғни жанар қоспа карбюраторда дайындалып ұшқыш әсерінен ұштанады.

          2) дизельдік – сығым арқылы форсункадан бүріккіш ауа поршеннің жану камерасының әсерімен ұштанады.

          «Авто көліктің қоректендіру жүйесі» тақырыбы бойынша проблемалық ситуация №2.

           Авто көлік қозғалтқышы кенеттен өшіп қалды.

  1. Жанар май багінде май тола.
  2. Аккумулятор қуатты, яғни қозғалтқышты оталдыруға күші жетеді.
  3. Авто көлікті оталдыру үшін барлық жағдай бар.

Бірақ карбюраторда жанар май өздігінен төгіліп жатыр. Себебі не?

Жауабы: карбюратор қозғалтқыштың инесі тиекті жауып тұр, міне сол себептен жанар май сыртқа төгіліп жатыр.

№3. «Авто көлікке қызмет көрсету» тақырыбы бойынша.

Авто көліктің жанар май багі тесіліп қалды. Мұны жинаудың біренеше тәсілі бар. Оқушыларды осы тәсілдерді атап өтеді.

Мысалы: дәнекерлеу, тойтармалау (заклепкалау) және т.б.

Сұрақ: тойтарма шегені қолдану тиімсіз. Дәнекерлеу барысында бак жарылып кетуі мүмкін.

Бак жарылмас үшін қалай дәнекерлеу қажет?

Жауабы: бак ішіне су толтырылып дәнекерленеді.

          №4 проблемалық ситуация.

          Қозғалтқыш сұйық қоспамен жұмыс істеген джағдайда өшіргіштен қара түтін және мылтық атылғандай дауыс естіледі. Қою қоспамен ұзақ уақыт жұмыс жасаған кезде қозғалтқыштың қуаты жойылады, қызып кетеді, жанар майды белгіленген мөлшерден артық жұмсайды, жану камерасы қабырғаларында қара күйе пайда болады.

          Сұрақ: Осы ақаулар себебі неде?    

          Жауабы: 1) қозғалтқыштың инесі тығыз жабылмады, қалтқылы камерада жанармай деңгейінің жоғарылап кету.

          2) сапасыз жанар майды қолдану. Яғни бір маркадағы жанар майдың келесі маркалы жанар маймен ауысып кетуі.

          Педагогикалық іс тәжірибеде барысында бірнеше жағдайларды кездестіруге болады. Оқу процесінде үлгермеуші оқушылар компьютермен жаттығу жұмыстарында жақсы нәтиже көрсетуі, үлгерімі де арта түсуі мүмкін. «Авто ісі» пәні бойынша сабақтарды ұйымдастырудың айырмашылығы сол оқуда оқушының таңдауына байланысты автомобиль механизмдері мен сырт келбетін жобалауға мүмкіндігі болады. Негізінде қазіргі заман талабына сай әртүрлі басқа да бұйымдар әзірлей алуға мүмкіндігі болады. Тереңірек зерделей алады. Оқыту үрдісінде мұғалім білім беру процесінің сапасын арттырады. Осы аталған әдістемені қолдану сабақ беру үрдісін белсендіре түседі және оқушылардың білімге деген қызығушылығын артыра түседі. Біріншіден, мұғалімнің жаңа сабақта  кейсті қолдануы дайындығы әртүрлі деңгейдегі оқушылардың білімді бірдей деңгейде меңгеруіне мүмкіндік береді. Екіншіден, мұғалімнің кәсіби дайындығына жоғары талаптар қойылады, себебі мұғалім сабақ беру әдістерінің қазіргі кезең талаптарына сай дәрежеде болуын үнемі қадағалап отыруы және өзінің біліктілігін қазіргі кезең техника және технология жетістіктері негізінде арттырып отыруы қажет болады.

 

 

 

 

ІІІ тарау. Автомобильдің қоректендіру жүйесі

3.1. Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері

 

          Карбюраторлы автомобиль двигателі тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май-бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады. Бензинді мұнай өнімдерінен тікелей ажырату немесе жоғары температура мен қысымда қайта өңдеу жолымен тазартудан — крекинг-бензин алынады. Автомобиль двигательдері үшін негізінен крекинг-бензин колданылады. Бензиннің сапасы оның тығыздығымен, жылу шығарғыштық қабілеті және детонациялық қасиеттерімен сииатталады.

          Бензиннің тығыздығы 200С температурада 0,700—0,760 г/см3 аралығында болады (Бір текше сантиметр заттың граммен өлшенген массасын оның тығыздығы деп атайды).

          Бензиннің жылу шығарғыштық қасиеті 10 500—11000 ккал шамасында  болады  (Жылу шығарғыштық қасиеті деп — I кг отын түгел жанғанда шыға-ратын жылудың шамасын айтады. Ол калориямен өлшенеді).

          Бензиннің сапасын анықтаудағы бірден-бір көрсеткіштердің бірі оның буланғыштығы. Сондықтан неғұрлым бензиннің булануы жақсы болса (қайнау температурасы төмен), соғұрлым двигательді іске қосу жеңіл және ол үнемді жұмыс істейді.

          Отынның детонациялық қасиеті. Цилиндрде сығылған жұмыстық қоспа қалыпты жағдайларда 20-30 м/сек. жылдамдықпен жанып, цилиндрдің ішіндегі қысым бірқалыпты өсіп отырады. Кейбір жағдайларға байланысты (бензиннің сапасының нашарлығынан двигательдің шамадан тыс қызып кетуінен, ерте от алу бұрышының артуы т.б.) қоспаның бір бөлегі өте жоғары 200 м/сек. жылдамдықта соққы толқынымен жануымен және қысымның тез өсуімен қабаттаса жүреді. Жұмыстық қоспаның осылайша жануын детонация дейді. Отынның детонациялық жануы двигательдің жұмысына үлкен зиян келтіреді. Детонацияның белгілеріне двигательден дүрсілдің шығуы, қуатының кемуі, өшіргіштен қою қара түтін шығуы және двигательдің тез қызуы жатады. Сондықтан детонация кезінде двигательдің бөлшектері тез тозады.

          Кейде жұмыстық қоспаның өздігінен ерте от алуын детонациямен шатастырады. Өздігінен ерте от алу дегеніміз — жоғары температурада жұмыс істейтін» қоспаға ашық жалынның әсері тимей-ақ өздігінен от алу қасиетін айтады. Өздігінен от алу двигатель шамадан тыс қызған уакытта сығу тактісінің соңында сығылған жұмыстық қоспаның температурасы өте жоғарылағанда қоспаның тұтануы электр ұшқыны пайда болғанға шейін болады. Өздігінен от алу кейде жоғары температурадағы қоспа свечаның қызған электродына немесе күйе бөлшектеріне қызудан от алу типінен де пайда болады. Өздігінен от алуда от алу жүйесі ажыратылғанда да, двигатель біраз уақыт өздігінен жұмыс істейді, ал бұл жағдай детонация кезінде кездеспейтін жай.

          Отынның детонацияға қарсы тұрушылығы октандық санымен бағаланады. Отынның октандық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның детонацияға қарсы тұрушылығы арта түседі. Автомобильдерге қолданылатын бензиннің октандық саны 66-98 аралығында болады. Бірақ кейде октандық саны басқа да бензин қолданылуы мүмкін. Бензиннің детонацияға карсылығьгн оған антидетонатор (этиль сұйығы) қосу арқылы езгертіп отырады. Этиль сұйығын бензинге қосқанда бензиннің 1 литріне 1,0 см3 сұйық қосады.

          Этиль сұйығы қосылған бензинді этильденген деп атайды.

          Ескерте кететін жай, этиль сұйығы у болғандықтан бензинге азғантай ғана қосқанның өзінде бензин улы болады. Этильденген бензинді жай бензиннен ажырату үшін оған қызғылт-сары, не көк-жасыл бояу қосады. Этиль сұйығы өзінің ерігіштігі, ұшпалығы және адам терісіне тез сіңіп, өткіштігінің арқасында адам организміне өтіп оны қатты уландырады. Этильденген отын этиль сұиығындағыдай өте хауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде өте сақтықпен, ұқыпты болып, оның теріге тиіп, не ішкі организмге кіріп уландырмауына мұқият болу керек. Этильденген бензинмен деталь мен қолды жууға, кір жууға, шланг арқылы ауызбен соруға немесе бензин жүретін түтіктерді үрлеп тазартуға болмайды. Егер этильденген бензин теріге тиген болса оны әуелі керосинмен, кейін сабынды сумен жуу керек. Этильденген бензинмен жұмыс істеген двигательді бөлшектегенде детальдарын ұқыпты түрде керосинмен жақсылап жуу керек. Жоғарыдағы айтылғандай сақтықпен қолданылған этильденген бензиннің жұмыс істеушіге ешбір зияны жоқ.

          Әр түрлі двигательдер үшін бензиннің бірнеше маркалары — ВАЗ 2106 автомобилі үшін АИ-98 бензиндері колданылады.

          Жанғыш қоспаның құрамы. Карбюраторлы двигательдің әрбір жұмыс тактысы циклінің тактысы өте аз уакыт ішінде (0,02—0,01 сек.) өтетін болғандықтан, жұмыс жүрісінің бас кезінде-ақ қоспа жанып бітуі керек, олай болса қоспаның жану уақыты одан да аз (0,002-0,003 сек). Сондықтан қоспаның жоғарыдағыдай өте аз уақыт ішінде жанып үлгеруі үшін отынның өте ұсақ бөлшектеріне ауа қосылуы керек. Өте ұсақ бөлшектер отынның бүркуінен және булануынан пайда болады, ал толық жануы ауаның қажетті мөлшерімен осы булардың мұқият араласуынан болады.

          Қоспадағы бензиннің — толық жануы үшін әрбір килограмм отынға 15 кг ауа араласса, мұндай қоспаны қалыпты қоспа деп атайды. Әдетте қалыпты қоспадан басқа да құрамды қоспалар болуы мүмкін.

          Байытылғай   қоспада   1 кг бензин мен 13-тен 15  кг дейін ауа болады.  Мұндай қоспа үлкен  жылдамдықпен жанады да оның әсерінен цилиндрдегі газдардың да қысымы өте үлкен болады.

          Бай қоспаның құрамында 1 кг бензинге келетін ауа 13 кг кем болады. Бүл коспа жай жанады, ал 1 кг бензинге 5 кг ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

          Кедейленген қоспаның құрамында 1 кг бензин, 15-16,5 кг ауа болады. Қоспаның қүрамы мұндай болған жағдайда бензин толық жанады, бірақ жану жылдамдығы төмендеуі салдарынан двигательдің қуаты кемиді, әрІ отынның үнемділігі артады.

          Кедей    қоспаның   құрамында 1 кг  бензинге 16  кг   артығырақ  ауа   болады  және  өте  жай  жанады. Егер І кг бензинге 21 кг не одан да артық ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

          Түрлі жағдайларда жұмыс істейтін двигательге қолданылатын қоспаның құрамы әдеттегі қалыпты жағдайдан өзгеше болуы да мүмкін.

          Салқын двигательді іске қосқанда енгізу трубопроводтар мен цилиндрлердің салқын қабырғаларында бензин буларының конденсациялануы, сон-дай-ақ ауаның жылдамдығының нашарлауы және қоспаны жылытатын жағдайдың жоқтығынан қоспа нашар дайындалады. Осы жағдайларды еске ала отырып, двигательді іске қосқанда қоспаның сенімді түрде от алуы үшін онда бу тәрізді отынның жеткілікті мөлшерінің қалуы, отын бөлшектерінің конденсациялануына қарамастан қоспа біршама бай болуы тиіс.

          Зая жүрістің жай айналысында цилиндрдегі қоспаның шамасы аз болады. Себебі отынның түйіршіктері бір-бірінен алшақтағандықтан қалдық газбен араласуынан қоспа нашар жанып, двигатель нашар істейді. Зая жүрістің-жай айналысында двигатель тұрақты жұмыс істеуі үшін қоспаның жану жылдамдығын байытылган қоспаны пайдалана отырып арттыру қажет.

Орташа күшпен жұмыс істеу үшін кедейленген қоспа қолдану арқылы отынның шығынын кемітеді. Қоспаның мұндай құрамын қолданғанда двигательдің қуаты кемиді.

          Толық күшпен жұмыс істегенде двигательдің қуатын барынша арттыру үшін толық күш беріп байытылған қоспаның жану жылдамдығын   арттырады.

          Зая жұмыс істеп тұрған двигатель бірден толық күш беру жағдайына көшірілгенде қоспаны байыту керек әйтпесе оның тоқтап қалуы мүмкін.

 

3.2. Қоректендіру жүйесінің приборлары

          Қоректендіру жүйесі сақтауға қолданылатын прибордан, отынды тазарту және оны беретін, ауа тазартатын және отын булары мен ауадан жанатын қоспа дайындауға арналған прибордан тұрады. Мұндай приборларға (1-сурет): жанармай багы, сүзгі-тұндырғыш және насос, карбюратор, ауа сүзгісі, отын өтетін түтік, енгізу және шығару трубопроводтары, өшіргіштер кіреді. Бұл приборлардың әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар.

1 сурет.  ВАЗ 2106   автомобилінің  жанармай багі

          Жанармай багі — автомобильдің май   құймай белгілі бір   қашықтыққа  жүруі  үшін   керекті   бензин   құятын ыдыс. Жанармай багі екі дәнекерленген болат металдан тұрады. Автомобильге керекті отын сақталады. Оны жүк автомобильдерінің кузовының астына, жеңіл автомобильдердің артқы жүк салғыштың астына резина төсем арқылы екі тартпамен рамаға бекітеді. Бактың аузы бумен ауа өткізбейтіндей клапанды тығынмен жабылады.

          Отын сүзгі-тұндырғышы — отынды механикалық қоспалар мен су қалдықтарынан тазарту үшін керек. Оны жүк автомобильдерінің бензин багінің жанына рамаға бекітеді.

          Жанармай насосы — отынды бактан карбюраторға жеткізіп беру үшін керек. Оны ВАЗ-2106 автомобилі двигателінің бөлгіш білігі жағнан картерге бөлгіш шестернясының қақпағының бүйіріне бекітеді.

          Жанармай насосы – диафрагмалы типтьі, механикалық жетекті; цилиндр блогының сол жағында орналасқан, теплоизоляциялық проставкамен және реттеуші төсемде екі шпилькамен  бекітілген. Жанармайды қолмен айдау рычагымен жабдықталған.

2-сурет. Жанармай насосы.

          Карбюратор — бензин мен ауадан жанғыш қоспаны дайындау үшін керек. Ол двигательдің енгізу трубопроводына орналастырылған.

          Қаралып отырған ВАЗ-2106 ауа сүзгісі – штампталған болат металдан тұрады. Ауа сүзгіші корпусы карбюратордың үстіңгі жағына 4 гайкалы болтпен бекітіледі. Карбюратор мен ауа сүзгішінің арасына резина төсем салынады. Ауа сүзгісінің қақпағы 3 гайкалы болтпен бекітіледі. Ауа сүзгішінің элементінің элементі арнайы қатырма қағаздан дайындалады.

3-сурет. Ауа сүзгісі.

          Карбюратор. Жанғыш қоспаны дайыпдау процесін карбюрация, осы процесті іске асыратын приборды карбюратор деп атайды. Карбюраторлардың жұмысы бүріккіш пульверизатор процесіне негізделген. Карбюратор қалтқысы бар қалтқылы камерадағы және инелі клапан мен араластырғыш камерадан тұрады. Араластырғыш камераның ішінде диффузор, жиклерлі бүріккіш және дроссель орналасқан (4-сурет). Қалтқылы камера – карбюратордың ішіндегі отынның мөлшері мен қысымын бірқалыпта ұстау үшін керек. Отынның бетінде қалқып жүрген іші қуыс қалтқының рычагына инелі клапан тіреліп тұрады. Қалтқылы камераны белгілі бір деңгейге дейін толтырғанда қалтқы инелі клапанды өзінің ершігіне қысып, отынның бұдан әрі келу жолын бекітіп тастайды. Отынның   деңгейі       азайғанда

4 с у р е т. Карбюратор.

қалтқы мен инелі клапан төмен түсіп, қалтқылы камераның отын енгізетін жолын қайта ашады. Қалтқылы камераның жоғарғы жағында атмосферамен жалғасып тұратын тесігі бар.

          Араластырғыш камера — диффузордан дроссельге дейінгі карбюратор, келте трубасының бір бөлегі. Араластырғыш камерада жанғыш қоспа пайда болады. Одан калибрленген тесік-жиклер арқылы қалтқылы камерамен байланыстыратын түтік-бүріккші шығарылған. Өзара қатынасушы ыдыстар заңына сәйксс бүрік-кіштегі отынпың деңгейІ қалтқылы камерадағымен біршамада болады. Бүріккіштің жоғарғы жағы араластырғыш камераның   тартылған бөлігі — диффузорында орналасады. Карбюратордың араластырғыш камерасы енгізу трубопроводына бекітіліп, клапан ашылған уақытта двигательдің цилиндрімен жалғасып отырады.

          Енгізу тактісінде двигательдің цилиндрінде жанған газдың қысымы ыдырап азаяды, себебі бұл уақытта енгізу клапаны ашылады да, ауаның ағымы араластырғыш камерасына одан әрі цилиндрге тарайды. Ауа ағымының ең үлкен жылдамдығы онын, араласу камерасынын, ең тар жерінде (днффузор) бүріккіш тесігінің түбінде болады.

          Қалтқылы (атмосфералық) және араластыргыш (газ қысымының сиреуі) камераларының ішіндегі қысым әр түрлі болғандықтан, отын бүріккіштің тесігінен ездігінен ағып шыққан жолында ауаның ағынымен араласып, бұлт тәрізді тұманданған белгілі бір қатынастағы жанғыш ұсақ қоспаға айналады. Цилиндрлерге кіретін жанғыш қоспаның шамасы жүргізуші кабинасынан басқарылатын дроссель жетегімен реттеліп отырады.

 

3.3. Қоректендіру жүйесінің ақаулары

          Коректендіру жүйесі дұрыс жұмыс істемеген жағдайда қоспа сұйык немесе қою болып, осыған сай отын белгіленген нормадан артық жұмсалады. Сұйық қоспа карбюратордың немесе май жіберетін приборлардың ақауы болған жағдайда жасалынады. Двигатель сұйық қоспамен жұмыс істегенде карбюратор салдырлап соғады. Двигатель қызып кетеді, оның қуаты төмендейді. Мұның мәні мынада: сұйық қоспа баяу жанады, ол енгізу кақпақшасы ашылып болғанға дейін жанып үлгірмейді, осының салдарынан қоспа енгізу түтігінде және карбюраторда тұтанады. Сұйық қоспамен жұмыс істегенде двигатель қызып кетеді, қуатынан айрылады, сондықтан автомобильді жоғары жылдамдықпен жүргізуге мумкіндік болмайды, жанар май артық жұмсалады.Сұйық қоспа жасалуының себептері мыналар: ауа қақпакшасының май багы мойыншасының тығынында қисайып кетуі, май жүргізетін түтікшелер мен сүзгіш-тұндырғыштардың ластанып-бітелуі; май насосының ақаулы болуы, осы жағдайда майдың беріліп тұруы нашарлайды немесе ол мүлде тоқтап қалады. Бұл көбіне диафрагма дискілерінің зақымдануы, қақпақшалардың жымдаса жабылмауы, жетек рычагы ұшының желінуі, қалтқылы камерада май деңгейінің төмен болуы; жиклерлердің ластануы; карбюратор бөлшектері қосылмаларында, карбюратор фланецінің енгізу түтігімеп, енгізу түтігінің цилнндр ұршықтарымен жалғасатын орындарында ауаны сорылуы себепті орын алады.

          Қою қоспа. Двигатель қою қоспамен жұмыс істеген жағдайда өшіргіштен қара бурыл түтін және мылтық атылғандағыдай дауыс естіледі. Қою қоспамен ұзақ мерзім жұмыс істегенде двигательдің қуаты жойылады, қызып кетеді, жанар майды белгіленген мөлшерден артық жұмсайды, жану камерасы кабырғаларында және свеча электродтарында қара күйе пайда болады. Қою қоспа жзсалуының себептері мыналар: инелі қакпақшаның тығыз жымдасып жабылмауы себепті калтқылы камерада жанар май  деңгейінің  жоғарылап  кетуі;   инелі  клапан   белдеуінің  бітеліп қалуы және жанар майдың салмағы неғұрлым жеңіл түрлерінің (сорттарының) пайдаланылуы; жиклер тесіктерінің желінуі; экономайзер клапан тығыз жабылмауы; ауа жапкышының ашылмауы. Жанар майдың жіберілуі пневматикалык жолмен тежеліп отыратын карбюраторларда ауа жиклердің ластануы салдарына қоспаның қоюланып кетуі кездеседі бұл жағдайда жиклерді үрлеп жіберу керек. Ластанылған түтіктер қойылтылған ауамен үрлеп тазартылады, ал сүзгіш-тұндырғыштар бөлшектеніп, таза жанар маймен шайып, жуылады. Қалтқылы камерадағы жанар майдың деңгейі өзгерсе, оны қалпына келтіру қажет, тесіктері желініп қалған жиклерлер алмастырылады, ал тесігі ластанып-бітелген жиклерлер қойылтылған ауамен үрлеп тазартылады. Егер ауа жапқышы толық ашылмаса, онда жетек тартқышының узындығын өзгертедіжәне тығыз жалғастырылмаудың салдарынан ауа сорылатын жағдайда бекіткіштің гайкаларын қатайта бұрау қажет, ал бүлінген төсемді алмастырады. Май насосындағы желінген диафрагма дискілерінің орнына жаңасы қойылады. Осындай ақау жол үстінде кездессе (уақытша шара ретінде) зақымы тұспа-тұс келмейтіндей етіліп дискілер орнынан қозғалтылады. Насостың тығыз жымдаспай тұрған клапандарын жуу, белдемені тазарту керек, бұдан пайда болмаса, клапандар ауыстырылады. Жетек рычагының сыртқы жақ ұшы желінсе, оны қалпына келтіру немесе алмастыру керек. Осындай ақау сапарға шыққанда кездессе, насос корпусы астындағы төсемнің орнына анағұрлым жұқа қағаз төсем салуға болады. Май багы мен май жүргізетін түтікшелердің зақымдануы, жалғастырғыштар мен карбюратор тығынының тығыз тартылмауы, сондай-ақ төсемдердің ақаулы болуы ссбепті жанар майдың ағып тұруы да қоректендіру жүйесінің кемістігі болып табылады. Бұл ақауларды жою жағын қарастыру керек, өйтпеген жағдайда отынның ысырап болуымсн қатар өрт шығу хаупі де туады. Осы ақаулар бак пен май түтікшелерінің тесілген жерін дәнекерлеу, жалғастырылатын жерлерді тартып, төсемдерді алмастыру арқылы жойылады. Май багы орнынан алынып, ішіне су толтырылғаннан кейін дәнекерленеді, өйткені бак жарылып кетуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдаланылып тәжірибеге еніп нәтижелер беруде. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, оқыту мен тәрбие үрдісінде өзгерістер енгізіп, олардың сапасын арттыруға бағытталады.            Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың  озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек, қазіргі таңда оқытылатын пәндердің  оқушылардың таңдайтын мамандығына қарай тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Сабақта кейстік оқыту технологиясын жиі пайдаланудың тиімді жағы оқушының ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Білімді меңгеру осы жүйенің әр сатысында дами түседі. Қазіргі заман талабына сай жастарды автомобильдің жалпы құрылысымен және қызметімен таныстыру; пәннің жекелеген тарауларын оқытудың тиімді әдістерін  қарастыру; пән бойынша оқушылардың техника-технологиялық білім деңгейін  көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан да «Авто ісі» сабағында автомобильдердің қоректендіру жүйесі мен оған қажетті құрал-жабдықтар түрлеріне терең талдау  жасауға және негізге алуға, икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға оқушыларды баулу мәселесі бүгінгі таңда басты назарға алынуда, сонымен қатар оқушылардың өз бетінеше инициативашылдықпен туындап отырған проблемалық ситуацияларды зерделу және шешім жасай білу практикалық іс әрекет дағдылары артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңы”// Қазақстан, 1999ж.
  2. Назарбаев Н.Ә. Президенттің Қазақстан халқна Жолдауы: Бәсекеге қабілетті Қазақстан үін, бәсекеге қабілетті экономика үшн, бәсекеге қабілетті халық үшін //Егемен Қазақстан. Астана, №65-68, 2004 ж.
  3. Білім тұырымдамасы Үкіметтен қолдау тапты //Егемен Қазақстан, №42-45, 2004 ж.
  4. Әбиев Ж. Педагогика:Оқу құралы. –Алматы:Дарын, 2004.
  5. Бабанский Н. Выбор методов обучения в средней школе. -М.:Политиздат, 1982. -182 с.
  6. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика. -1989.
  7. Ескендиров Ш.З., Усенкулов Ж.А., Бакибаева Г.Б., Шертаев Е.Т.
  8. Методические рекомендации по составлению кейсов. –Шымкент, ЮКГУ, 2005. -25с.
  9. Лихачев В.М Педагогика. Курс лекции.-М.:Прометей,Юрайт,1998. -464с.
  10. Материалы Международной научно – теоретической конференции. Нурахметова А.Р. – Алматы- 2000. – С.84-86.
  11. Махмутов И.М. Организация проблемного обучения в школе. –М.,1980. -248с.
  12. Методика трудового обучения и общетехнических дисциплин. Учеб.пособие для студентов пед.институтов/ под ред. Д.А.Тхоржевского- М.: Просвещение, 1982.-286с.
  13. Методическое пособие по преподаванию конкретных ситуации /Под ред. А.И.Наумова, -М.:Ассоциация развития управления, 1997.
  14. Момынбаев Б.,Өстеміров К. Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы: Кәсіптік-техникалық училищелердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы. –Алматы: «Рауан», 1990. -144б.
  15. Нағымжанова Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп. 1999 №3. 9–11 бб.
  16. Нұрахметов Н.Н. Қазақстандық мектептер дамуының жаңа бағыттары //Қазақстан мектебі – 1996. №2. -11-15 бб., 1996. №3. – 39-44 бб.
  17. Калинский В.С. Автомобиль. –Алматы, 1976.
  18. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игр, дискуссий. Рига: НПЦ «Эксперимент». -1995.
  19. Краевский В.В. Проблема научного обучения: методический анализ.-М.:Просвещение, 1977. -342 с.
  20. Қабдықайырұлы Қ. және басқалар. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. –Алматы, 1999ж.-149 б.
  21. Қоянбаев М, Қоянбаев С. Педагогика. ЖОО студенттерге арналған оқу құралы. Гумелев атындағы ЕАУ Астана, 1999-321
  22. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003.
  23. Педагогические технологии: Учеб.пособие для студентов пед. специальностей /под ред. В.С.Кукушина. – Ростов н/Д: «Март», 2002. -320с.
  24. Платонов К.К., Адаскин В.И. Об изучении и формировании личности учащегося.-М.:Просвещение, 1987.-224 с.
  25. Плеханов И.П. Автомобиль. –М.:Просвещение,1987.
  26. Подласый И.П. Педагогика. В 2кн. – М.:Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999.
  27. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Общая педагогика / Под ред. В.А.Сластенина: В 2ч. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2002.
  28. Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. 1999. №3. 5-9 бб.
  29. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. – Алматы, Научно-издательский центр «Ғылым», 2001.

30.0рлов В.И. Активность и самостоятельность учащихся//           Педагогика.-№3.-1998.-С.44-48.

  1. 0сипов И. Формирование учебной мотивации школьников //Школа и произ­водство.-№2.-2004.-С, 4-6.
  2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998.- 256с.
  3. Строкова Т.А. Педагогическая поддержка и помощь современной образовательной практики / Педагогика. -№4.-2002.-С. 20 –27.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша