Оқушыларды зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясының әдістемелік ерекшеліктеріне бейімдеу
Мазмұны
Кіріспе.……………………………………………………………………………………………………..3
І — тарау. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке теориялық негіздері
1.1. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізі ……………………..10
1.2. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі……16
1.3. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың мүмкіндіктері …………………………………………………………………………………………..20
ІІ — тарау. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері
2.1. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай оқытудың мазмұны ………..23
2.2. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына даярлаудың тиімді әдістері мен формалары ……………………………………………………………………………………………….27
ІІІ — тарау. Зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы.
3.1. Зергерлік бұйымдарға қажетті құралдар мен өңдеу тәсілдерін таңдау…………………………………………………………………………………………………….. 3.2. Әшекей бұйымды өңдеу тәртібі. Алқаның жасалутәсілі….…………….
3.3. Әшекей бұйымдарды дайындаудағы технологиялық реттіліктерді өңдеу………………………………………………………………………………………………………
Қорытынды ……………………………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………………………
Қосымша…………………………………………………………………………………………………
Кіріспе
Жұмыстың көкейкестілігі: Әрбір мемлекеттің мәдени — экономикалық дамуы қайсы бір тарихи кезеңде болмасын ондағы кәсіптік білім беру жүйесімен байласынты. Қазіргі өнім өндіру қызметі жаңа технологияға негізделген экономикалық жүйеге ұмтылуда. Кәсіптік білім алудың әлемдік, көкейкесті мәселері Қазақстан Республикасына оа ортақ. Үшінші мыңжылдық табалдырығына адамзат қоғамы ақпараттық техникамен қаруланып, өзінің еңбек дәстүрлеріне үлкен өзгкерістер енгізуде. Техника арқылы адам ақпаратты, құнды тауарға айналдыра бастады. Соған байланысты кәсіптің жаңа түрлері пайда бола бастады. Сондықтан жа жалпы білім беретін бағдарламаға кәсіпті игеруге қатысты басқа да білім аясымен байласыну қажет. Жеке бас пен табиғатқа қатысты барлық проблемаларды қамту керек.
Нарықтық экономика жағдайында жалпы білім беретін мектептерде оқушыны еңбекке даярлау, еңбек салтын үйрену және әр кезде ұрпақтарға берілуінің көп ғасырлық тарихын, мәдениетін технология пәнін оқыту барысында жүзеге асыруға болады.
Солай бола тұрса да, соңғы кезде еңбекке және кәсіпке даярлау мәселесін базалық кәсіпорындармен тығыз байланыстырып шешуде кәсіпорындар экономикалық тәуелсіздік алдық деген ұранмен еңбек тәрбиесінде оқу — өндірістік комбинаттардың жағдайы соңғы жылдары қайтадан қалыпқа келіп жатқандығын байқауға болады.
Қазіргі кезде нарықтық оқу — материалдық жағдайында жастарды мамандық алуға даярлаудың негізгі бағыттары алдымен жалпы білім беретін мектептерде, кейін оны оқу — өндірістік комбинаттарда, кәсіптік мектептерде жалғастырғанын есепке алып анықтаудың үлкен пратикалық маңызы бар. Осындай мақсаттарды жүзеге асыруды оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау мәселесін біршама зерттеп, жаңа әлеуметтік — экономикалық кезеңде, нарықтық экономика жағдайында технология пәнін дұрыс оқытып, бұл мәселені ойдағыдай іске асыруға байланысты экономиканы түпкілікті өзгертуге орай жаңаша ойлай білетін, шығармашылық қабілтеі жоғары, өзіне жауапкершілікпен қарайтын жастарды дайындау қажеттігін айта отырып, қазіргі кезде оқушылардың келешекте қандай жұмыстар істеу керектігі жөнінде әдістемелік жағынан нұсқаулар беріліп отырылуы қажет.
Елімізде жаңа экономикалық арнаға көшу мәселесі қолға алынып, көптеген өзгерістер болып жатқанда, мектеп өмірінде көп бастама, жаңа түр, жаңа мазмұн, жаңаша еңбекті ұйымдастырудың, әсіресе, нарық жағдайында оқушыны еңбекке даярлаудың әдіс — тәсілдерін анықтау мүмкіншілктерін пайдалану керек.
Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау процесі заңымен үйлестіре отырылып, күрделі өзгерістер негізінде яғни, концептуальдық деңгейде жүргізілуі тиіс. Концепцияны жасауда тек өзінің жетістігімен шектеліп қан қоймай, өзге елдің теориялық біліммен мол қаруланып, олардың практикалық іс — әрекет барысында кемшіліктерден сақтануға көмектеседі.
Оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай даярлау, баспасөз құралдары, жүздесулер, пікір таласулар, қазіргі ақпараттар мен көне мұраларды зерттеу арқылы байытылып отырылады. Сондай — ақ, нормативті заңдар, теориялар мен концепциялар, білім беру мекемелері мен қоғам құныдылықтары. Салыстырмалы түрде жүргізілетін педагогикалық зерттеулер мәдениетті байытудың ең тиімді әдісі болып саналады. Олар материалдарды іріктеу мен сұрыптау, ұғындыру мен ойға түю және алынған нәтижелерді бір -бірімен салыстыру және даярлау жүйесі болып бөлінеді. Аталмыш үлгі оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау процесіндегі оң және теріс тенденцияларды анықтау, олардың шығу себептерін білу арқылы жүзеге асырылады.
Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау жүйесінде талдау жасау, жаңа жүйенің қайта жаңғырту, қалыптасу кезеңдері де болады. Ал, еңбекке және кәсіпке даярлау процесі қазіргі заман мәдениетіне сай болып келуі үшін алдымен оған жан — жақты талдау жасауы оның дамуын айқындап, жаңа үлгілер мен жобаларды жасауға негіз қалайды. Сұраныс пен материалдық жағдай, сондай — ақ оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың міндеттері, мазмұны, тәсілдері мен ұйымдастыру түрлернің әр кезеңге тән өзіндік ерекшіліктері болады. Бұл орайда ғылыми — техникалық революция және осыдан туындайтын барлық әлеуметтік — экономикалық өзгерістер алдыңғы орынға шығады. Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың ерекшеліктері мен табиғаты сол елдің жағрапиялық жағдайы мен саяси құрылымына, ғылымы мен дініне және ұлттық дәстүрлеріне байланысты болып келеді де, заң артілерімен бекітіледі. Ал, оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың алға қойған мақсаты оқушының қабілет — қарымы, дағдысы, бейімділігі және маман болып қалыптасуға деген құлшынысымен өлшенеді. Жалпы оқушыларды кәсіпке даярлау құрылымы кісіпке даярлық, кәсіптік бағдар, үйірмелерге қатысу т.б. болып жалғаса береді.
«Технология» интегративті білім саласы ғылыми — жаратылыс, гуманитарлық — технологиялық, жалпы адамдық және мәдениеттік мәселелерді қарастыруға қолайлы келеді. Себебі, жалпы мектептерде оқытылатын интегративті пәндерде оқушыларды өмір сүру рамкасында белсенділігін арттыруға даярлау дың мүмкіндігін тудырады. Бізідңше қазіргі заман мәдениетін екі жақта қарастыруға болады. Біріншісі — материалдық, екіншісі — рухани. Бірақ талап бойынша «Технология» интегративті білім саласында адам өміріне қажетті болашақтық технология жайында ақыл — ой, сезімдік әркеттері жүйесін қалыптастыру; жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті таныстыру; қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету әдістерімен таныстыру; оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуін дамыту; нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг салаларына қатысты негізіг ұғымдарды меңгеру және оларды өз өнімдерін іске асыру мен қызмет көрсетуде қолдануға мүмкіндік беру; бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және сәндік қолданбалы өнер негіздерін кәсіпке оқыту мазмұнын ескеру қажет болып саналады. Себебі мұнда кәсіптік оқытуға байланысты «Киім тарихы», «Киім композициясы», «Ақпаратты технологиялық тігін машиналары», «Тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі емес әдістері», «Тігін бұйымдарын сәндеу технологиясы», «Адам тұлғасын тану», «Түстану», т.б. тарауларына аз көңіл бөлінген. Осы мәселелерді оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда жүзеге асыру мақсатында біз диплом жұмысымыздың тақырыбын «Қазіргі мәдениет талабына сай оқушыларды кәсіпке даярлау мүмкіндіктері» деп таңдап алуға мұрындық болды.
Мәдениет — халықтың шығармашылығы. Мәдениет дегеніміз — адамның өзін, қоғамды, әлеуметтік қатынастарды жасау процесі. Адамдық әрекет шеңберіне қамтылған қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға айналып біздің тіршіліміздің тіректері болады. Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда педагогикалық әдебиеттерді зерделеу арқылы оқушыларды ыждаһатты, жігерлі және жан — жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу және оқыту үрдісі барысында оқушылар даярлығының қолданбалы экономикалық жағын күшейту мәселелері ескеріледі. Қазіргі уақытта әлеуметтік және қоғамдық өмірде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты бұл тақырып әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді. Соның бірі, жастарды тіршілік иесі ретінде сыртқы сұлулықа тәнті болып қана қоймай, оның ішкі мазмұнына ерекше мән адам тұрғысының барлық жағына қатысы бар мәселелер және біз, зерттеу жұмысымызда ҚР елбасы Н.Назарбаевтың 5 — сәуірде Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей «Жастарды өз халқының тарихи мұраларын сақтау және оларды оқу — тәрбие үрдісінде септігін тигізетін білім мазмұныда ескеріп отыру қажет» /39/ — жолдауы да ескерілді. Себебі, ертеден — ақ данагөй қариялар жас ұрпаққа ата — баба дәстүрін қасиетті танымдары мен сенідерін баян етті. Соынмен қатар өру, тоқу, тігу, иіру, өрнектеу тәсілдеріне баулыды. Қорыта келгенде, халық тәжірибесіндегі бала тәрбиесі бір — бірімен тығыз байланысып отыратын екі мақсатқа бағыттадық.
- Баланы еңбекке үйрету барысында оның қабілет — икемін, дағдысын дамыту.
- еңбек үстінде бала бойына халықтық ізгі қасиеттерді сіңіріп, дарыту. Бұл екі бағыт бір -бірімен жалғаса отырып, тәрбиенің барлық түрлерін қамтиды.
Жалпы оқушыларды еңбекке баулу барысында имандылық, адамгершілік тәрбиелерде бірқатар педагог — ғалымдардың еңбектерін зерделеуде байқауға болады. Атап айтқанда: М.Қоянбаев /17/, С.Әбдіғаппарова /4/, К.Қожахметова /20/, Ғаббасов С /21/. Себебі, халық дәстүрлері жастар тәрбиесінде негізгі орын алады. Оқытудың жаңа технологиялары бойынша Қ.Қабдықайырұлы /16/, кәсіпке оқыту Д.Қоңыратбай /19/.
Қазіргі заман мәдениеті талабына сай бұйым әзірлеу технологиясын жүзеге асыруда келесі арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды: киімге қолданылатын маталар бойынша А.Байбатшаева /9/, киімді көркемдеп сәндеу С.Жолдасбекова /13/ толығымен өңдеудің жалпы кезеңдерін қамтитын және оларға қолданылатын тігін машиналарының түрлері туралы мағлұматтарға Зюзин А.И., Исаев И.К., Осипова /15/, Бернина Артиста 180 /12/, балалар және әйелдер киімдерін сәндеу Бағжаева А./6/, сырт киімдерді әзірлеуде Литвина В /25/. Киімді конструкциялау және модельдеу бойынша Махмутова К /22/. Ал, стильдерді қазіргі заман талабына сай таңдауға Гофман А.Б. «Мода и люди» /10/, киімдерді жобалау Коробцева К /14/ т.б. «Тігін бұйымдарының техникасы мен технологиясы» Ұзақова А /31/.
Қазіргі заман мәдениеті стиліндегі киім үлгілерін пайдалануға, «Технология» интегративті білім саласы /34/, «Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу» /35/, «Қолөнер және дизайн» /36/, «Тұрмыста қызмет көрсету еңбегі» /38/ бағдарламаларына талдау жасалынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушыларды еңбекке баулу арқылы, технология сабағында оларды қазіргі заман талабына сай кәсіпке бейім болып өсуін, кемелденуін және нарық жағдайында оңтайлы жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ете отырып оқушыға ұлттық киімде ою-өрнектердің орналасу тәсілдерін үйрету жолдары..
Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп оқушыларын қазіргі талабына сай кәіспке оқыту үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні: оқушыларға қазіргі мәдениет талабына сай кәсіби білім беру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлауға болады: егерде:
- оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлауда, оларды жаңа ағын көздері және ақпаратты технологиялармен жұмыс жасау мүмкіндігі ескерілсе.
Оқушыларды кәсіпке даярлау міндеттері әдетте еңбекке даярлау мақсаттарын туындайды. Сондықтан да жоғары сыныптарда аталмыш мақсаттарды инвариантты топтарға бөліп қарастыруды жөн көрдік. Даярлау — оқыту үрдісінің дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да:
- Оқушыларды кәсіпке бейімділігін, қабілетін, дағдысын шыңдауға және дамытуға бағытталған педагогикалық міндеттер:
- педагогикалық әдебиеттерді зерделеу арқылы оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне қатысты ұғымдарды зерделеу;
- еңбекке және кәсіпке даярлау процесі барысында оқушылар бойында танымдық мәдениетті қалыптастыру;
- оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына байланысты мәдени — эстетикалық құндылықтармен қаруландыру.
- Еңбекке және кәсіпке оқыту бағдарламасындағы қазіргі заман мәдениеті талабына сай мағлұматтарды зерделеуге және оқытуға қойылатын міндеттер:
- «Технология» интегративті білім саласының мазмұнындағы қазіргі мәдениет талабына сай мағлұматтарды зерделеу;
- оқушылар зердесінде қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай оқытудың тиімді әдістері мен формаларын қалыптастыру;
- оқушыларды кәсіпке даярлау бағдарламасының қазіргі заман талабына сай тарауларында талдау жасау;
- Техника, технологиялық даярлығына байланысты міндеттер:
- еңбек объектісіне қажетті материалдарды таңдау;
- бұйымды конструкциялау және модельдеу;
- бұйымды өңдеу технологиясы;
- бұйымның құнын есептеу;
Зерттеу жұмысының ғылыми — әдістемелік жаңалығы:
- қазіргі заман мәдениеті талабына сай оқушыларды кәсіпке даярлауда жаңа ақпараттық технологиялық тігін машиналары мен оларда әзірленетін сәндік элементтерін киім үлгілерінде қолдану ескерілді;
- ақпараттық технологиялық тігін машиналарына мәлімет берілді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
Мектепте оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау барысында қазіргі заман мәдениетіне тән ұсыныстар, олардың танымдық ой — өрісі мен іс — әрекетінің өсуіне мүмкіндік береді.
І — ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗІРГІ МӘДЕНИЕТ ТАЛАБЫНА САЙ КӘСІПКЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Оқушыларды кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізі
Жалпы білім беретін мектептерде соңғы екі жыл көлемінде «Еңбекке баулу» пәнінің «Технология» болып өзгертілуі, оқушыларға оқу материалын жоғарғы дәрежеде меңгертуде оқыту әдістемесінің жеткілікті болуын талап етуде. Қазіргі жаңа технология интегративті білім саласы негізінде жазылған оқулықтардың құрылымы мен мазмұнын оқытудың тиімділігін арттырудағы ең басты тірек. Қандай пәнді оқытқанмен, ең алдымен оның оқулықтағы мазмұнына байланысты болады. Осылардың ішінде білім беруді нақыштап, мазмұны мен көлемін анықтауда оқулық негізгі орын алады. Өйткені оқулық мазмұны берілетін білімнің неден басталып, қалай жалғасатынын, немен аяқталатынын анықтайды. Басқа қолданылатын қосымша құралдар осы мазмұнға тәуелді түрде пайдаланылады.
Оқулық қай заманда да сол тұстағы ғылым жетістіктерін, мәдениет деңгейі мен халықтың салт — дәстүрін оқушыларға жеткізетін, білім беретін негізгі құрал болып табылады. Білім негіздері ұрпақтан — ұрпаққа оқулықтар арқылы беріліп келеді. Білім беруді жүзеге асыруда қолданылатын оқу құралдарының мазмұны оқулық мазмұнына байланысты өзгереді. Әр пәннің көздейтін мақсатына қарай оқулық мазмұны құрылады.
Оқулыққа нақтыланған, айқындалған, қоғам талабына сай зерттеу талқысынан өтіп, ғылымға айналған шындықтар ғана енеді. Оқулыққа ендірілетін материалдар ғылыми шындық болғандықтан, мұны меңгеру үстінде оқушылардың зерттеушілік әркеттеріне жағдай тууы қажет. Себебі, оқулық мазмұны тікелей сол пәнді оқытуға қойылатын талаптан туындайды.
Оқулық мазмұны оқытудың тиімділігін арттырудағы басты тірек. Қандай пәнді оқытсақ ең алдымен оның оқулықтағы мазмұнына байланысты оқытудың әдістемесі анықталады. Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің айналып келген, әлде де пайдаланатын оқулықтар баршылық. Олардың қатарына — оқулық және қосымша оқу құралдары (сыныптан тыс уақыттарға арналған, көркем шығармалар, сөздіктер т.б.) жатады. Осылардың ішінде білім беруді бағыттап, оның мазмұны мен көлемін айқындауда оқулық негізгі орын алады. Қазіргі заман мәдениетіне байланысты мағлұматтарды, оқушының ой — өрісіне лайықты мағлұматтарды бере отырып, олардың дамуына жағдай жасайтындай. Соның ішінде қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай келетін оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуге әлеуметтік — гуманитарлық (тарих, қоғамтану, жағрапия, қазақ әдебиеті (орыс тілі) т.б.), жаратылыстану (математика, физика, химия, информатика т.б.) пәндерді оқытуда ескеруге болады. Мұнда оқушылардың туған елге, жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып дүниеге қызығушылығын күшейту үшін оларға алғашқы мәліметтер береді. Қоршаған ортамен таныстыру — адам, табиғат, өсімдік, жануарлар болғандықтан білім көзін
осылардан бастау керек. Экологиялық проблемалармен байланысты денсаулық сақтау. Оқулықтардың әдістемелік нұсқаулары, ғылымилығы, тәрбиелік мәні, өмірмен байланыстылығы ескеріліп, оқушылардың қазіргі заман талаптарындағы өмірге деген икемділігін байқауға болады.
Сабақ барысында мұғалім оқушыларға қазіргі заман мәдениетіне тән әлеуметтік — гуманитарлық пәндерде мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет:
- оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыптар мазмұнын ашатын материалдар көлемінің шағын, ықшам болуы;
- мәтін көлемі шағындығымен қатар, тақырып мазмұнының ғылымилығы, әсерлілігі, бейнелілігі;
- берілген тапсырма оқушылардың ойын, тілін дамытуға, олардың сабақ барысында өздігінен жұмыс орындауына, іс — әркетіне түрткі туғызуға сай келуі;
- берілетін білімнің оқушылардың өмір тәжірбиесімен және қоршаған ортамен байланыстылығын қамтамасыз етуге қолайлылығы.
Оқушылар жанұя, табиғат, қоғам мен ортамен арасындағы қатынас. Мәдениетті танып білуі үшін, өзі табиғаттың бір бөлігі бола тұра, оқып білген, тәжірибеден үйренген білім арқылы адам қоршаған ортамен қатысты басқаларға да үйретеді. Біртіндеп өмір жағдайына баға беру деңгейіне көтеріледі.
Оқушыларға білім беруге арналған құралдардың ең негізгісі оқулық болып саналғанымен, оның мазмұны мемлекеттік құжат — бағдарлама талабынан алшақ кете алмайды. Жеке пәндерді оқытуда оқушыларға ғылыми ұғым беру қажет, ол ұғымдардың саналы меңгеруді жүзеге асырып, ептілікті қалыптастырудың негізгі мүддесі. Нақты заттар мен құбылыстар негізінде бақылау ұйымдастыру біртіндеп ұғымға ұласпақ. Ұғым — өте күрделі психологиялық процесс. Қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы техникалар, түрлі машиналар, компьютерлер дәуірі қоғамның өрлеуіне, әлеуметтік деңгейдің көтерілуіне әсерін тигізіп отыруда. Бұлардың барлығы адамның өсіп — өнуіне әсер ететін негізгі фактор. Сондықтанда ол қазіргі жастар өмірінде жаңаша мәдениетті талап етеді. Оны алдымен оқушыларды еңбекке даярлау қолданылатын бағдарламаларды зерделеу барысында қарастыру қажеттілігі туындайды.
Осы тұста Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа ұсынған «Технология» жалпы білім беретін мектепке арналған интегративті білім саласы негізінде жарыққа шыққан оқулықтарға тоқталамыз.
Қазақстан тарихында алғаш шыққан «Технология» оқулығында бұрынғы кезде еңбекке баулу сабағында өтілетін технология элементтері қамтылған. «Технология» ежелгі гректің «tecno» — өнер, шебер, білгір және «logos» ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология — шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылым. Адам баласының іс — әрекетіне қажет технологияның да сан алуан түрі кездеседі. Дегенмен әрбір адамға үнемі қажет технологиялар да жоқ емес. Олар: тамақ әзірлеу, үй мүлкін күту, ақпараттандыру т.б. технологиялары. Сонымен бірге оқулықтарда бағдарлама тарауларына байланысты шығармашылық жұмыстары, жоба берілген. Бағдарлама тарауларына сәйкес қолөнер бұйымдарын әзірлеуге қолөнерге, тамақ әзірлеу технологиясына, үй мәдениеті және тұрмыстағы техника, кәсіпкершілік және жанұя экономикасының элементтері тарауларына оқытуда қазақ халқының көне атауларына, оны қалай үйреткендігіне салыстырмалы талдаулар жасалынбаған.
Мысалы, қазақша мата атаулары, қазақтың ұлттық киімдерінің аттары, ыдыс атаулары, қазақша өлшем аттары, қазақ халқының бояу жасау дәстүрі, сабын жасау түрлері, бесіктің түрлері, киіз үй жиһаздары, киіз үй түрлері.
Ал, бағдарламаның мақсаты: оқушыларды ұлттық тәрбие негізінде өздігінен еңбек етуге, бұқаралық кәсіпті бейімділіктерін айқындау үшін тәжірибе элементтерін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында және жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасында қазақ халқының мәдениеті мен салт — дәстүрлерін оқып — үйрену үшін жағдайлар жасау, оқушылардың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай — ақ тілін, салт — дәстүрін меңгерту бұл мектеп алдындағы негізгі міндет болып саналады. Бұл сала бойынша ғылыми — зерттеу жұмыстары қолға алынып келгенімен, оны әлі де болса тереңдей білімді қажет етеді. Қазақ халқында бұрын «Технология» деп атамаса да, май шайқап, құрт жасау, киімді әр түрлі тәсілмен тігу, сәндеу, тері өңдеу, кесте және кілем тоқу, киіз басу, арқан есу, ши тоқу, бала бағу, т.б. секілді жұмыстарды атқарған.
Міне, осы жоғарыда аталған технологиялар жайлы «Технология» оқулығында мәліметтер толығымен қарастырылмаған. Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктеріне аса көңіл бөлінбеген. Атап айтатын болсақ: 7-ші сыныптарда иықтық киімдерді әзірлеу технологиясына түнгі көйлек және камзол берілген. «Камзол» дегенде оқушы бірнеше киім түрлерін түсінуі мүмкін. Ал, егер камзол жеңімен болатын болса онда оқушылар жеңнің сызбаларымен бейтаныс болады. Егер камзол жеңсіз болса, онда киім атауларына көбірек көңіл бөлу қажет болады.
Тарихи деректемелерде қарағанда «камзол»,»жилет» терминімен сәйкес келеді. Мұндай жағдайда мұғалім камзол, бешпент әзірлеуді жоба тарауында ескеруі тиіс. Оқу — тәрбие процесі мұғалім мен оқушының қарым — қатынасынан тұратыны педагогика ғылымында дәлелденген, яғни мұғалім белгілі бір белгілі тақырып бойынша жинақтаған білім жүйесін оқушыға меңгерту үшін оны оқып — үйреніп, өз тәжірбиесінде қолдана бліуі тиіс. Сондықтанда болашақ маман иесі бағдарламамен етене таныс болып қоймай оны оқушылардың тәлім — тәрбиесінде тиімді пайдалану үшін, ондағы тақырыптар бойынша ғылыми — теориялық, практикалық, кәсіби білімдермен жеткілікті дәрежеде қаруланған болу қажет. «Фитодизайн» жайлы оқулықта мәліметтер қарастырылмаған.
Оыс секілді, 8-ші сыныпта «батик» технологиясы берілген. Батиктің суық және ыстық түрлері болады. Ал, мектеп жағдайында батикті жасау қазіргі экономикалық жағдайларда күрделі келеді. Сондықтанда жоғарыда келтірілген бояу жасау дәстүрін мұғалімнің сабақ барысында пайдалануды ескергені жөн. Себебі бояуларды рауғаштың тамырынан, талдың қабығынан, жосадан (қызыл топырақтан), қынадан, анар жемісінен алуға болады.
9-ші сыныпта мынадай сөйлем берілген: «Моншақтан бас киім, камзол, жейде тігу». Моншақтан киім жасау технологиясы берілмеген. Мүмкін, моншақпен бас киімдерді сәндеу деп қарастыру қажет секілді. Сонымен қатар «камзол» әзірлеу процесс 7-ші сыныпта қарастырылатындықтан ол қайталанып келген. Бұл жайлы мәліметтер теориялық және графикалық түрде берілгені жөн. Сол сияқты, моншақпен «камзол» әзірлеу емес, сәндеу келтірген дұрыс болар.
Кілем түрлері және тоқылу технологиялары жайлы мәліметтер оқулықтарда өте аз берілген. Мұндай мәліметтерді мектеп оқулықтарында қарастыру аса қажетті мәселе болып саналады. Себебі, оқушылардың бойында қазақи тәрбие мен қазақи «технологияларды» қалыптастырудың бірден — бір жолы, ұлттық қолөнер болып саналады.
Сол секілді, мектеп оқушыларын алаша, терме алаша, «жұлқыш», бау- басқұр, жалпы айтқанда киіз үй жабыдқтары жайлы мәліметтермен мейлінше толығырақ қаруландыру қажет.
Қазіргі таңда дамыған елдердің ақпараттары мен технологияларын кеңінен қолдауына байланысты қойылып жатқан жаңа талаптар жастардың тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай білу, шешім қабылдау, шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі қажеттігін байқатады. Соның біріне тігін машинасында кестелеу жұмыстарын орындау болып табылады.
Кестелеу жұмыстары бүгінгі таңдағы тәрбиенің негізі болып саналатын қолөнер туындыларының тарихы ретінде санап, оны естен шығармау қажет. Осындай жұмыстарды орындау арқылы қазақ жастарына өздерінің дінін, тілін, салт — дәстүрін естеріне түсіріп отыруға мүмкіндік береді. Еңбек пәнінің бағдарламасына сай оқулықтарының мақсаттары, қарастырылатын ептіліктерінің айқын тізбегіне, берілген нұсқауларға зейін аудар келе, бағдарламаның мазмұны төмендегідей кемшіліктерге ие деп есептейміз:
- Бағдарламада тақырып бойынша пәнаралық байланыстар берілмеген.
- Қолөнер түрлері толық қамтылған.
- Бағдарламаның түсінік хатында оқушыларды қалыптастырылуға тиіс еңбектік және кәсіби ептіліктер тізбегі келтірілмеген.
- Бағдарламада кейбір сөйлемдері үйлеспеген.
1.2.Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі
Оқушыларды кәсіпке даярлау жүйесі, оларды еңбекке даярлау жүйесінің үш бірдей компоненттерінің бірлігі арқасында жүзеге асырылады. Ол компоненттер: оқушылар, мақсат пен міндет, еңбекке даярлау мазмұны, оқытушылар және еңбекке даярлау құралдары,тәрбие, оқу, еңбек прцестері, ұйымдастыру түрлері және басқару. Осы құрылым шеңберінде оқушылар мен үйірме, сынып жетекшілерінің бірлескен іс-қимылы жүзеге асырылады.
Ғылыми еңбектер, оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау жүйесінің өзге де анықтамалары кездеседі. Айталық, интегралдық процестердің мынадай бағыттары болады. Олар: политехникалық сипат арқылы оқыту, оқушылардың жалпы білімге қоса еңбек дағдыларын алуын қамтамассыз ету. Сабақтан тыс немесе демалыс кезеңдерінде қоғамдық белсенді еңбекке жұмылдыру, кәсіптік бағдар беру.
Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау екі ерекшеліктен тұрады. Біріншісі-интегралды процес болса, екіншісі-жұмыстың бағыт бағдары. Бұл екеуі де басқару нәтижесінде жүзеге асырыл ады.
- Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізін зерттеуде алдымен оларды басқару аналитикалық, индуктивті, дедуктивті, сандық, сапалық, құрылымдық, тарихи аспектілер декөмекке келеді.
- Оқушыларды кәсіпке даярлаудың негізгі диактикалық және политехникалық методологисымен бір қатарда тұруы; даярлау кезеңдері: мақсатты белгілеу, педагогикалық талдау, жобалау, ұйымдасытыру, бақылау, бағалау, үйлестіру және түзету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтаммасыз ету; оқушылардың физиология-гигеналық талаптарға сай келуі ескеріледі.
- Оқушыларды кәсіпке даярлау жүйесі құрылымдық-функциональдық жағынан үнемі дамып отырады. Оның түпкі мақсаты-оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Оған қоса ішкі және сыртқы (компонеттер) қоршаған орта, қоғамдық жағдайларға да тығыз байланысты.
- Жүйелік тәсіл кешенді тәсілді жоққа шығамайды. Кешенді тәсілге іс-әрекет нәтижесін талдау, өзара байланысты анықтау, еңбекке даярлау жағдайлары мен проблемалары, басқару технологиялары кіреді. Негізгі белгілеріне: оның тұтастығы, құрылымы қабілеті сияқты ұғымдар кіреді. Осы процестердің құрамдас компанеттерін оқушылар мен мұғалімдер, мақсат пен міндеттер, мазмұн мен тәрбиеісі, оқу мен кәсіби еңбек құрайды.
Орындалатын тапсырмалардың ерекшелігіне қарамастан өндіріске баулу мен еңбек сабағының практикасы бір-біріне ұқсас келеді. Оқытудың бұл екі түрі де оқытудың мазмұнына, топтарға жіктелу қағидалармен топтастыру реттілігі оқытудың жүйесін қолдану негізінде анықталаады. Олардың көбінесе еңбекке баулудың жүйесімен атап, еңбекке практикалықептілігі мен дағдысын қалыптастырудың дидактикалық жолдарын түсінеміз.
Еңбекке баулудың негізгі 6 жүйесі белгілі:
- Заттық жүйе (предметная) — оқушы өзі меңгеретін мамандығының сипатына байланысты, типтік бұйымдар жиынтығы (набор) әзірленеді. Мұндай барысы дидактикалық жоспары бойынша жеке операцияларға жіктеледі. Оқушының жеке еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен арнайы таныстырмады. Олар тек қана шебердің қозғалысы мен басқа да еңбек қимылдарын көшіруге ұмтылды. Мұндай оқыту жаңа бұйым әзірлеу барысында оқушылар өздерінің ептілігі мен дағдысын қолдана алмады. Сол себептен де олар қайтадан оқытуды қажет етті. Бұл жүйенің негізгі кемшілігі де осы болды.
- Заттық жүйе — өндірісте ұялы (кустарный) тәсілді айқындады, сондықтанда ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қолданылды.
Мануфактуралардың өркендеуіне байланысты еңбектің бөлінуі технологиялық процесстерді бөлшектенуге әкеп соқты. Мұндай еңбек дайындығының мазмұнын қайта қаралуына байланысты операциялық жүйе пайда болды.
- Операциялық жүйе бойынша оқушылар мамандық мазмұнын өздері меңгеретін, еңбек операцияларын орындайды. Осыған байланысты оқушылар әртүрлі бұйымдарды әзірлеуді үйретеді. Тек қана жүйелілік негізінде жұмыс жасау, мамандық рамкасында шектеледі.
Операциялық жүйе — кешенді оқу жүйесінде 2-3 операцияларды үйреніп, содан кейін осы операциялардан құралатын жұмыстарға көшеді. Кейін кешенді жұмыстарға сәйкес келетін жаңа операцияларды үйрене бастайды. Операцияларды үйренуде жеке жұмыс қозғалыстары мен амалдарды орындау бойынша жаттығулар жасаудан басталады.
- Операциялық — заттық жүйе алғашқыларда қарағнада нәтижелі болды. Бұл жүйеде оқытудың екі кезеңі қарастырылады. Бірінші кезеңде еңбектік операциялардың бірлескен түрлері зерделенеді. Бұл операциялар бұйым әзірлеу барысында жүзеге асады. Екінші кезеңде оқушылар алдын — ала өтілген операциялардың технологиялары негізінде, бұйым әзірлеуде кешенді жұмыстарды орындайды.
Операциялық — заттық жүйе бұйымның жеке бөлшектерін өңдеу барысында емес, керісінше нақты бір бұйымды өңдеу процесінде қолданылады. Еңбек объектісі, мектеп бағдарламасына сай қарастырылатын еңбек операцияларымен толық таныса алатындай дәрежеде қамтылатын болуы тиіс. Күрделі еңбек операцияларымен танысу, жалпы операциялар мен еңбектік тәсілдерді орындау жаттығуларында басталады.
- Моторлық — жаттығулар жүйесі 20-шы жылдары оқытуда кең тарады. Ол еңбектің орталық институтында (ЕИО) дайындалды. Дегенмен де бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Мұнда, ептілік пен дағды, оқулықтар арқылы саналы түрде меңгерілмеді. Ептілік пен дағдына қалыптастыру, еңбек процесінің нақты түрін, боямалаушы арнай аппараттар мен жаттығуларды қолдану негізінде жүргізілді. Көптеп қайталау арқылы сананың қозғалысының қатынасынсыз, тек қана денені «оқытумен» шектелді. Оқыту процесіне мұндай ықпал жасау қолдау таппағандықтан, жуық арада өз құнын жойды.
ЕОИ жүйесінің өзіне тән жетістіктері де болды. Бірінші рет, еңбектік ептілік пен дағдыны қалыптастырудың психофизиологиялық заңдылықтар жүйеліліге сәйкес келетін дидактикалық негіз қолданылды: еңбек тәсілдері- еңбек операциялары- еңбек процесі. Бұл жүйе бойынша ЕОИ еңбек қозғалысы мен еңбек тәсілдерінің дұрыс құрастырылуы үшін қайтадан тереңірек талдау жұмыстары жүргізілді. Сондықтан да бұл жүйе қазіргі күнге дейін өз құнын жоймай келеді.
- Операциялық — кешенді жүйе қазіргі уақытта кәсіби техникалық оқу орындарында негізгі болып саналады. Бұл жүйемен оқытуда, оқушылар алдымен, 2-3 операциялардың орындалу тәсілдерін меңгереді, содан кейін осы операциялармен бірге кешенді жұмыстарды орындауға көшеді. Одан әрі кешенді жұмыстарға сәйкес келетін жаңа операцияларды меңгереді. Операцияларды оқып — үйрену, жеке жұмыстық қозғалыстар мен тәсілдерді қайта өңдеу барысында жаттықтырушы жаттығулардан басталады.
Еңбектік операцияларды меңгеру және оларды кешенді жұмыстарды орындауда пайдлану- оқытудың бірінші кезеңінің негізгі міндеті болып саналады. Ал, екінші кезеңде оқушылар өнімді еңбекті міндетті түрде өндірісте өткізеді. Бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Кешенді жұмыстарын оқушылардың өндіріс орындарында жалғастыруы қиындық туғызды. Олардың жұмысшы қызметін атқаруға бағытталды.
ЕОИ жүйесі техниканың дамуы мен технология жабдықтарының жетілуіне байланысты маңызды орын алатын уақыт өлшемін жеке есептеу қызметін айқындады. ЕОИ жүйесіне, өз міндеттерін шығармашылық түрде орындай алатын жұмысшылар дайындау міндеті қойылды.
Автоматизация және механизация процесінің жетілуіне байланысты жаңа жүйелерді басқаратын мамандар даярлау қажет болды.
1.3. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың мүмкіндіктері
Даярлау — оқыту үрдісінің дамуын қамтамасыз ететіндіктен оның ұйымдастырылуы мынадай кәсіби талаптарды қанағаттандыруы қажет:
- Бұйымның практикалық сипатын
- Практикалық тапсырмаларды орындау мен алған білімді қалыптастыруда еңбектің шығармашылық бағыттылығын.
- Еңбек іс — әрекетінің жалпы тәсілдерін
- Дәстүрлі оқытуымен қатар ауыл мектептерінде белгіленген варианттар мен жеке дара оқытуды жүзеге асыру.
Себебі оқыту процесі нәтижесінде технология жетістігі оқушы игілігіне айналады. Қазіргі заман мәдениетін бағдарлама негізінде жүзеге асыру үшін алдымен оны тереңінен зерделеу қажет. Технологияны білім құрылымының дербес элементі ретінде қарап, оған сипаттама беру қажет. Бұл жерде В.В.Краевскийдің пікрін негізге алуға болады. Автор білім мазмұнын әлеумеуттік тапсырыстың педагогикалық моделі деп санайды. Білім мазмұны өзінің әлеуметтік маңызына орай педагогикалық мән — мағынаға ие. Осыған орай оқу заңдылықтарына тәуелді келеді. Қазіргі кезде оқу пәндерінің циклі жекеленген оқу пәндерінен тұрады, яғни ол технология, техникалық сызу және материалдарды жүргізу сияқты пәндерді қамтиды. Мұның бәрі, сайып келгенде, адамның кісілік келбетін жоғарылата түседі. Сондықтан да, мектеп қабырғасында оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай кәсіпке даярлауда білім мазмұнының мынадай блоктарын бөліп алып, бұларды шартты түрде былайша топтастыруға болар еді:
- әлеуметтік — гумантарлық даярлық;
- ғылыми даярлық;
- эстетикалық даярлық;
- физикалық даярлық;
- арнайы даярлық;
- оқушының өз таңдауы бойынша оқытылатын пәндер. Мұнда үшін алдымен Республикалық деңгейдегі өзгерістер мынадай факторлармен өлшенеді.
Оқушыларды кәсіпке даярлаудың шартты түрдегі топтасуы.
Педагогика ғылымдарының жамып отыруына байланысты мұғалімдерге қойылатын талап анықталғаннан кейін, бүгінгі таңдағы оқушының қазіргі заман талабына сай кәсіпке даярлығын кесте 1 арқылы түсіндірдік. Бұл мәселенің теориялық негіздерін жасау оқушылардың «кәсіптік даярлығы» ұғымының мәнін анықтауды қажет етеді. Бүгінгі күнге дейінгі психологиялық — педагогикалық әдебиеттерде «даярлық» ұғымы:
- белгілі бір психологиялық жағдай (Селиванов В.И.);
- жеке тұлғаның тұрақты сипаты (кандыбович Л.А. т.б.);
- мотивациялық және процессуалдық компоненттерінің ажырамас бірлігі.
«Оқушылардың әртүрлі іс — әрекеттерінде белгілі бір материалды пайдалану арқылы оқушылардың даярлығы» ұғымы: озық дәстүрлерде қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастырудың жалпы гумандық мұраттарына сай іске асыруға мүмкіндік беретін біріктірілген (интеграциялы) қасиеті (Мағауова А.С.);
«Қазіргі уақыттың мәнділігін түсінуін, өнертану мен кәсіптік білім және іскерліктің практикада қолдана алатын тәжірибесінің қалыптасуының өзегі көркем мәдениет болып табылатын күрделі біртұтас білім» (Громакова С.В.) деп түсіндірілетін ұғымды біздің проблемамызға байланысты ұстанамыз. Себебі, мұндағы түсінікте педагогика ғылымындағы даярлықтың дәстүрлі мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық компоненттері қамтылған. Біздің зерттеуімізде оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай кәсіпке даярлау процесін жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мен оны негіздеу барысында жоғарыда көрсетілген даярлықтың компоненттері негізге алынады.
Даярлықтың мотивациялық компонеті оқушылардың қазіргі заман мәдениетіне дұрыс қатынасының болуымен сипатталады.
Мазмұндық компонент қазіргі мәдениет туралы теориялық білімдерінің болуын білдіреді.
Процессуалдық компонент қазіргі заман мәдениетінің оқыту процесінде пайдалануындағы ептіліктері мен дағдыларын білдіреді.
Сонымен біздіңше: «мәдениет — адамдардың рухани, қоғамдық және өндірістік қатынастары жетістіктерінің жиынтығыарқылы кәсіби мәнде тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын қазіргі технологияларға негізделген күрделі біртұтас білім» — деп санаймыз.
Анықтаманың мазмұны бізге «оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлаудың» үлгісін жасауға мүкіндік берді. (кесте 1). Үлгінің негізінде оқушылардың кәсіптік даярлығының үш деңгейі анықталды: төмен, орта, жоғары.
Төмен: қазіргі заман мәдениетіне деген қызығушылығы, қатынасы бар, оның бүгінгі заман оқушылардың кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін жете түсіне бермейді. Мазмұндық, процессуалдық компоненттерінің бірін де меңгермеген.
ІІ — ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗІРГІ МӘДЕНИЕТ ТАЛАБЫНА САЙ ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлығының мазмұны
Кесте
№ |
Компоненттері |
Критерийлері |
Көрсеткіштері |
1 |
Мотивациялық |
Оқушылардың қазіргі заман мәдениетке дұрыс қатынасының болуымен сипатталады. |
— қазіргі заман мәдениетін эмоционал- дық тұрғыда қабылдауы; — қызығушылық болуы; — мәдениет оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалын түсінуі; — әлеуметтік құбылыс ретіндегі түйсігі; — іс-әркеттерде пайдалануы |
2 |
Мазмұндық |
Қазіргі мәдениет туралы теориялық білімдерінің болуын білдіреді |
— мәдениеттің шығу тарихынан білімі; — мәдениеттің мазмұндық жағынан ерекшеліктерінен білімі; — қазіргі мәдениет талаптарын іріктей білуі; — оларды оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалын білуі; |
3 |
Процессуалдық |
Қазіргі мәдениет талаптарын оқыту процесінде пайдалануындағы ептіліктері мен дағдыларын білдіреді |
— қазіргі мәдениетке қатысты мәліметтерді анықтаудағы ептілігі; — оқушылардың оларды әртүрлі іс — әрекеттерді ұйымдастыруға ептілігі; — шығармашылық жұмыстарда қолдану ептілігі |
Орта: қазіргі заман мәдениетін эмоционалдық тұрғыда қабылдай алады, оған деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы бар, оның оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін түсінеді. Әлеуметтік құбылыс ретінде түсінбейді. Тек қана іс — әркеттерде пайдаландаы. Процессуалдық компоненттің кейбір элементтерін ғана меңгерген. Қазіргі заман мәдениет жайлы өз бетімен білуге талпынбайды.
Жоғары: қазіргі заман мәдениетін эмоционалдық тұрғыда қабылдай алады, оған деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы жоғары, оның оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінеді.
Оқушылардың кәсіптік даярлығының бастапқы күйін анықтау мақсатында констатациялау (белгілеу) эксперименті жүргізілді. Экспериментке ауылдық мектептердің оқушылраы мен технология пәні мұғалімдері қамтылды.
Сауалнама, әңгімелесу, тест, бақылау әдістерін қолдану негізінде оқушылардың қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіптік даярлығының (практикалық іс — әркетте қазіргі заман мәдениетін пайдалануға дұрыс қатынасының болуы, мәдениет түрлерінен білімі, оларды пайдалану ептілігін меңгеруі) бастапқы күйі анықталды.
Оқушылардың мәдениет ұғымының мәні жөніндегі білімін анықтау үшін жүргізген сауалнамадағы: «Қазіргі мәдениет дегенде нені түсінесіз?»сұрағына берілген жауаптарында мәдениеттің әлеуметтік құбылыс ретінде мүмкіндіктерінің бар екенін білмейтіндігін көрсетті.
Ал, мектеп мұғалімдерінен сабақ барысында «Қазіргі мәдниетке санауға болатын ақпараттық технологияларды пайдаланбауыңыыздың себебі неде?» деп сұрағанымызда, бірқатар мұғалімдер «оны мектептің оқу — материалдық базасы көтермейді», екіншілері, «технология сағаттарының кемуінен» деп айтса, енді біреулері «ауылдық мектептерде оларды практикалық тұрғыда қолдану мүмкін емес» дегенді айтады. Осындай жауаптарын кейін қазіргі шығып жатқан сәндік элементтер ретінде біз, ақпарттық технологияларда дайындалған «аппликация», «кесте», «сәндік материалдар», «гафре» т.б. шикізаттарды практикалық іс — әрекеттерде қолдану барысында қолөнер және тігін бұйымдарында қолдану барысында жүргізілген ІІ — ші бақылаудың нәтижесінде мектеп оқушылардың деңгейінің өскендігін бақыланды. Ол кестеде берілген.
Даярлық деңгейінің анықтаудағы І «бақылау» нәтижелері
Даярлық деңгейі |
Бастапқы |
І «бақылау» |
|
«бақылау» 105 |
105 |
1. Төменгі 2. Орта 3. Жоғары |
58,3 % (63) 41,7% (45) — |
26,9% (29) 52,8 % (57) 20,3 %(22) |
Технология пәні мұғалімдердің дайын материалдарды қолданудан кейінгі нәтижелер, яғни мұғалімдермен жүргізген семинар сабақтарының ықпалы болуы мүмкін деп білеміз. Деңгейдің 20,3 %(22) болып артуы осының айғағы. Мәдениетті қамтамасыз ететін оқу материалдарды, оқытудың әдістер мен тәсілдерін көрсете білуі.
- Экономика талаптары. Өйткені, экономикалық іс — әрекеттен туындап жатқан қайта құру процесі жаңа ұмтылыстар мен дағдылармен толы.
- Білім беру ісін жаңа мазмұнмен байтып, ұлттық дәстүрмен, жаңа мен ескі жүйесінің қайсысы тиімді екенін анықтау, ондағы өзгерістерді өрістету.
- Әлеуметтік ықпал. Ата — аналардың оқушыларды еңбекке даярлау мазмұнына жаңалық енгізуге ынталы.
- Мәдени факторлар. Оқушыларды еңбекке даярлауға байланысты әлеуметтік және экономикалық өзгерістер жайлы хабардар етіп отыратын бұқаралық ақпарат құралдары.
- Технологиялық факторлар. Технологиядағы прогесті қолдану аясын кеңейту. Кесте
Аталмыш факторлар оқушыларды кәсіпке қазіргі заман талабына сай даярлауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қоршаған ортаның күрделілініп, оның өзгерістері өсе түсуі. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың ескі құрылымдары жаңа талаптар үдесінен шыға алмайды. Осыған орай барлық жағдайға оңтайлы құрылымдар қажет болады. Факторлар оқушының кәсіптік және мәдени даярлығын арттыруға бағытталған. Нарық жағдайында компютерлік сауаттылыққа сұраныстың арта түсуіне орай оқушылардың кәсіпкерлік біліммен де жан — жақты қарулануына кең жол ашылады.
2.2.Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына даярлаудың тиімді әдістері мен формалары
- Қайсы қоғамда болмасын қоғамның дамуындағы еңбектің шешуші рөлін, оның әлеуметтік — экономикалық мәнін адам ғана атқаратындықтан, оқыту арқылы оқушылардың еңбекке деген қабілетін дамыту.
- Еңбек адамдарының қандай қоғамда болсын алатын орнын оның қоғамды қозғалтудағы өндірістің негізгі қожасы, өндіруші еңбектің иесі екендігін үйрете отырып, оқушыларды Отаншылдыққа, іскерлікке, адамгершілікке, шеберлікке баулу.
- Жеке адамның дамып жетілуінде еңбектің негізгі құрал екенін, еңбек ету арқылы өз қабілеттерін дамытуда, ата — бабасының ұлттық дәстүрлері мен қолөнерін одан ары дамыту.
Осындай адамның міндеттері орындаудағы іс — тәжірбиелерді насихаттау, озат мұғалімдердің іс — тәжірбиесін таратуда ғылым мен техника жаңалықтарын оқып үйренуде арнайы ғылыми — педагогикалық журнал аса қажет еді. Бұрын Совет Одағы кезінде еңбекке баулу жөнінде Ресейден шытатын “Школа и производство” деген орыс тілінде шығатын ғылыми — әдәстемелік журнал бар еді. Соңғы жылдары ол журналдың бізде таралуы азайды. Енді міне, біз күткен “Мектептегі технология. Технология в школе” журналы дүниеге келді.
Бұрын еңбекке баулу сабағы оқушыларға екі бағытта ұлдарға техниканы, ал қыздарға үй шаруасынан ғана білім беретін. Ал бігінгі технология пәні орта білім стандарттарының талабына сай, сегіз бағытта білім береді. Оқушылардың қабілеттеріне қарай кәсіпкерлікке баулиды.
Қазіргі таңда дамыған елдерде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның кеңінен қолданылуына байланысты жаңа технологиялық революция басталды.
Сондықтан, адамдардың алдына жаңа функционалдық талаптар қойыла басталды. Жұмыскер тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай оған қосымша жобалай білуі, шешім қабылдауы және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек.
Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа технологиялармен енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, өмірде екі — үш мамандықты меңгеру қажеттігі туындайды. Технология білім саласы жалпы білімнің базалық негізіне кіреді. Мұнда технология білім саласының тұрақты бөлігі базалық мазмұнды игеруге жеткілікті.
“Технология” атты жаңа интегративті білім саласының базалық бөлімдерін оқып үйренуге лайықты оқу материалының базасына сай арнайы дайындықтан өткен мұғалім ұстаздардың жетекшілігі мен оқушылардың шығармашылық дамуы қарастырылатын жоба жүйесінде кең тараған және болашақ технология мен әдістемені іскерліктерін оқушылардың жалпы еңбек, жеке арнайы білім мен қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, олардың ителлектуалдык, тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын және қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді. Егер еңбектің политехникалық экономикалық және экологиялық аспектілер, ақпараттық және жоғары технологиялармен танусуға жеткілікті көңіл аударылса, ондағы жұмыстардың сан алуын орындалуы мен өзіндік білім алу жағын қалыптастыруды дайындауға халықтық, аймақтық, жанұя дәстүрлерін, жалпы адамзаттың құндылықтарды қайта жаңғыртатын және сақтауға бағытталса аталған мақсаттарға жетуге болады.
Технология білім саласының басты мақсаты оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындауға, бұқаралық кәсіпті игеруге көмек ету. Соған опай мына болжамдар қарастырылады:
1.Экономикалық, экологиялық және кәсіпкерлік білімдерді қабылдау барысында затты, энергияны және ақпараттық материалдарды түрлендірудін қазіргі және болашақ технологиялармен жастардың танысуы олардын политехникалық дамуы.
2.Оқушылардың шығармашылық және эстетикалық дамуы оқушылардың өзін — өзі тану мүмкіндігін, кәсіпкер әлемін оқып үйренуін өзіндегі кәсіптік бейімділіктерін айқындау үшін сарамандық тәжірибе элементтерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Технология саласын оқыту барысында мынандай міндеттер іске асырылуы қажет:
- Кең тараған және болашақтық технология жайында политехникалық білімді ақыл — ой, сезімдік әрекеттерінің жүйесін қалыптастыру.
- Жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыру. Қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету негіздерімен таныстыру.
- Оқушылардың өз бетімен және қабілеті арқасында жобалау мен шығармашылық есептерді шешуін дамыту.
- Кәсіптіліктің өзіндік айқындалу мақсатында ҚР жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіптік кеңестігін білуді, кәсіптік бағдарын сынап анықтай алуды, оқушылардың өзін — өзі танып білуін қамтамасыз ету. Еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты, шыншылдықты,жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру.
- Нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг туралы негізгі түсініктер арқылы қызмет көрсету мен өз өнімдерін іске асыруға мүмкіндік жасау.
- Тұтыну бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және оларды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай әсемдей білуге үйрету. Мектеп жергілікті, ұлттық, аймақтық еркшеліктері мен сол жердің материалдық қорын ескере отырып, әр түрлі кәсіпкердің бір түрі ьойынша кәсіби оқыту жағдайын қарастыруға болады.
Жастарды еңбекке тәрбиелеу бағытындағы педагогикалық білім беру құрылымының негізгі мәселесі — технология пәнінен сабақ беретін мұғалімдердін әдістемелік шеберлігі мен кәсібтік дайындығын жақсарту. Қазіргі кезде әр түрлі мамандықты меңгерген алдыңғы қатарлы мүғалімдерді дайындау мақсатында жан — жақты зерттеу жұмыстары зерттелуде. Педагогтар дайындайтын жоғары оқу орындарында да осындай мақсатта жұмыс жоспарын құру қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық зеттеулерде “модель” терминін нақты арнайы саладағы маманға берілетін кәсіптік баға ретінде қабылдаған жөн. Маман моделін талдау барысының бірнеше тұжырымдамасы бар. Түрлі мәселелерді зеттеу тұжырымдамасының өзіндік ерекшеліктері ескеріледі, кейде маман моделінің кейбір аспектілері бөлек қаралады. Біз Е.Смирнованың тұжырымдамасын жемісті деп есептейміз, себебі, ол тұжырымдамада маман моделін жасаудың кеңейтілген жиынтығы қарастырылған. Жоғары оқу орындары білімді мамандарды осы тұжырымдамаға сәйкес даярлауы керек.
Осы үлгі қазіргі талапқа ғана сай емес, болашақта да жетістікке, білім дағдымен қоса кәсіптік сапа, бағдар бүкіл адамзаттық мәдениет, дуниеге, қоршаған ортаға көзқарасты қамтиды. Осындай әдіспен құрылған маман моделінің практикалық қажеттілікті өтейтін жауапты маман даярлаудағы мүмкіндігі мол. Бұл модель ірі үш бөлімнен тұрады.
- Арнайы кәсіби ортада оқытылатын мамандардың қызметі.
- Маман қызметіне психологиялық мінездеме.
Мұғалімнің кәсіпқой маман ретінде құрылымын зерттей келе, тұжырымдамада көрсетілген талапқа сәйкес технология пәні мұғалімінің моделдік қызметін анықтауда біршама жұмыстар жүргізілді. Сондықтан технология пәні мұғалімінің қызметін сипаттайтын жалпы үш бөлімінің әрқайсысына жекелеп тоқталайық.
Модельдің бірінші бөлімі арнайы кәсіби ортадағы маман қызметі жұмыс сапасына өз пәніне сүйіспеншілігіне одан алатын әсеріне байланысты.
Модельдің екінші бөлімі негізінен мына аспектілерді — кәсіптік тәлім — тәрбиелік, саяси қоғамдық қызметін қарауды ұсынады. Бұл аспектілер маман мұғалімдер даярлауда негізгі рөл атқарады. Саяси қоғамдық аспектісі иұғалімнің мектептегі қоғамдық қызметін қамтиды.
Менің пайымдауымша, жалпы мұғалімнің қызметі, оның ішінде технология пәнінің мұғалімі туралы әңгіме болғанда, тәрбиелік кәсіби аспектілер шешуші рөл атқару керек. Сондықтан негізгі қызметтің бес түрлі аспектісін қарастыруымыз қажет.
- Технология пәні мұғалімінің шешетін мәселелері.
- Олардың орындайтын міндеті.
- Жұмыста кездесетін қызмет түрлері.
- Мамандығына сәйкес білімі.
- Кәсіптік шеберліктегі дағдысы мен біліктігі.
Маман моделін қалыптастыруда көрсетілген сипаттама зерттеушілердің еңбектерінде жиі қолданылады. Аспектілер бірімен бірі тығыз байланысты. Оларды меңгеру арнайы маман қызметіне терең де толық талдау жасау үшін қажет.
Технология пәні мұғалімінің модельдік қызметін жасау үшін Ю.Васильевтің ғылыми — жаратылыстану қоғамдық экономикалық пәндер және еңбекке баулу циклін анықтайтын жобасына сүйенген дұрыс.
Маман моделінін қызметін зерттеушілер мен талдаушылардың еңбектерін саралай келе. Стандартқа сәйкес модельдеудің сипаттамасын қарастырып келдік. Стандарт тізбелері қызмет сипатының негізгі құрылымын көрсетеді. Ары қарай зерттеу барысында, бұл бірнеше деңгейде қайта қаралып, жұмыстын негізігі моделін болжап,қызметін атқарады және тиянақтайды.
Үшінші бөлімде маман қызметінің психологиялық сипаты қарастырылады. Бұған технология пәнінің мұғалімінің жеке сапасын және кәсіби деңгейін жатқызуға болады. Бұл модель бойынша мұғалімдерге қойылатын талаптар деңгейін зерттеуіміз қажет. Сол арқылы қазіргі жағдайда орта мектептің технология пәнінің мұғалімінің қызметі жөнінде айтуымызға болады. Сондай — ақ, қазіргі заман талабына сәйкес мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру, кәсіптік педагогикалық шеберлігі мен дүниетанымын кеңейту қаралады. Осындай модель технология пәні мұғалімдерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау және болашақта кәсіптікдеңгейі жоғары, салалы маман даярлау үшін қажет.
Жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылармен бірлесе отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында еңбектеніп келемін.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсықтандыру қажеттігі баса айтылған. Демек, осы педагогикалық технологияларды оқушыларды дамытуға бағытталған оқу- тәрбие жұмысының бір — бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда оны тәрбие жұмысының таптырмайтын құралы ретінде қарағанымыз жөн.
- ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ ӨҢДЕЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
3.1. Зергерлік бұйымдарға қажетті құралдар мен
өңдеу тәсілдерін таңдау.
Әйел әшекейі — әйел затының тиымдылығын одан әрі тартымды ете түсіп, той болатын ортаны сұлулықпен сүйкімділікпен толықтыра түседі. Осыншалықты сәнді киім кешекпен бұымдарының ішінде кеудеге тағатын әшекей, алқалар айрықша ерекшеленеді. Сондықтан да алқаларды қыздар салтанатты жиындарға, үлкен тойларға ғана тағатын болған. Әйел алқасы әйел адамның және қыз баланың сән үшін тағатын бұйымы.
Әйел — әшекейі жасалу жолдары бірінші әйел алқасының жобасын ақ параққа жақсылап сызамыз. Жоба бойынша мельхиор сым жуаны жіңішкесі болу керек. Содан кейін тастар әр түрлі тастар мысалы; Асат, береза, малахит және т.б. болуы қажет. Тастар сопақша дөңгелек болады. Жоба бойынша қырқып алынған мельхиорға домалақ тастарды қойып көреміз. Тастарға жұқа мельхиордан тастың шетін қаст қырқып аламыз. Мельхиор листан биіктігі 5 мм, ал ұзындығы тастың көлемімен бірдей етіп қырқып алып газ балонға жалғанған гарелкамен қыздырып дәнекерледім. Сөйтіп, мельхиор сымдарды, электр бұрғысымен ширатып аламыз, сымды қыздырып болған соң кастың жиектеріне, бір ширатылған екінші түзу сымды дәнекерледім. Каст ол тастың шетіне қойылатын мельхиор болуы керек. Ал қаға кастар дәнекерленген соң орталарына ширатылған мельхиор сымнан ою жасап алқаның үстіне дәнекерленеді. Ою сымдардың қайырылған басына жанындағы бұрышына зерін қойылады. Зерін жасалу жолы; Мельхиор сымнан ұзындығы 4 мм етіп қырқып алып, оны кепкен қатты ағаштың үстіне қойып гарелкамен қатты қыздырамыз. Мельхиор сым қызған кезде домалақ болып қалады. Осы домалақты зерін дейміз. Үлкен және кіші етіп, әр түрлі етіп дайындап аламыз. Алқаға зерін дәнекерленіп болған соң, қышқыл құйылған ыдысқа темір қысқышпен саламыз. Ерімей қалған бураларды тазалап аппақ қылады. Қышқыл салынған ыдыстан алып тіс щеткасымен жақсылап шайып жуылады. Сөйтіп, электр моторына киіз шарықты салып, пастагой жағып тазалаймыз. Тазаланып болған соң алқа жылтырап тазаланғаннан кейін тасын саламыз. Тасты салар кезде кілей жағып астына содан кейін кастаға отырғызамыз. Кастың жиегін қатты ағашпен қысып шығамыз айналдыра. Тас өзі бекем болып қалады. Енді алқаның мойынға тағатын шынжырын тоқимыз диаметрі 6 мм етіп пружина сияқты қатты қысып ораймыз сөйтіп, темір қайшымен қырқып, домалақ сымды біртіндеп дәнекерледім. Оларды бір – біріне кигізіп тоқып шықтым. Ұзындығы басқа сиятындай етіп тоқылған соң, қышқылға салып тазалап, киізге пастагой жағып тазалаймыз. Тазалаған соң, тоқылған сымды алқаның екі басына іліп қысып қоямыз. Алқаға шынжыр тағылған соң әдемі бір рең беріп тұрады. Енді алқаның білезігін жүзігін істеу керек. Білезіктің істелу жолдары мельхиор шестан 17 см, енінен 3 см етіп қырқып аламыз, темір қайшымен қырқып алған соң, бұрыштарын егеумен егуледім, кейін қолға кигенде жырмас үшін. Білезіктің дәл ортасына домалақ тастың қасына қойып жұқа мельхиордан биіктігі 5 мм етіп қырқып алып дәнекерленеді. Білезік алқа сәйкес болады сондықтан кастың жанындағы ою сымдар ұқсас етіп жасалады. Ою сымдар дәнекерленіп болған соң оны диаметрі 6 см қалыңдығы 2 см домалақ темірге желім балғамен жайлап ұрып қайырамыз. Қайырып иіп болған соң киізге пастагой жағып тазалаймыз жылтырап тазарған соң тастарын отырғызамыз. Сөйтіп, алқаны білезікті істеп болған соң жүзігін істейміз. Жүзік те алқаға сәйкес етіп жобасы істелінеді.
Қазақ зергерлері көбіне жеке дара жұмыс істеп, өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Олар алдын — ала арнайы дайындықпен өтетін белгілі бір құрал – саймандарды ғана қолданатын. Зергердің соғатын заттарының түрлері өте көп. Оған әйелдердің әшекейлері киім – кешекке тағатын түрлі сәндік бұйымдар ас су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндей ою өрнек жиһаздық заттар, ағаш ыдыс – аяқ, тері торсық, музыкалық асапаптар, қару – жарақтар, ат тұрман әбзелдері және т.б. жатады.
Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе күмісті молырақ қолданған. Зергер металдың өзін ашу шеберлігін жете білген. Соғу арқылы белгілі бір қалыпта түсірілгенде күмістің өңі күңгірттеніп келетіндіктен оның үстіңгі бетін қатадан билазбен тазалау арқылы жалтыратып, майда нақыштармен шекім алу тәсілімен өрнектеп барып тартымды құлпырмадан түске келтіретін болған. Сақтар жасаған неше түрлі әсем металл бұйымдары жайлы мәліметтер Геродот Стратон, Ктесия сияқты ежелгі грек авторларының жазба ескерткіштерінде кездеседі. Зергерлер мен темір ұсталары көркем бұйымдарын металдан негізінен алғанда күміс пен мыс темірден жасалған әсемдік затарды негізінде қазақ арасында дәулетті адамдар тұтынған, оны жасаушы халық арасынан шыққан шеберлер болған. Күмістер ер тұрманның кейбір бөліктері, қыз келіншектердің тағатын бұйымдары жасалып, ерлердің белдіктері мен күнделікті тұрмысқа қажетті пышақ, сандық, киім ілгіштер, жүзік, сырға, шашбау, тұмарша және тағы басқа неше түрлі зергерлік әшекей бұйымдарын жасап отырған. Сол замандағы жұрттың көбі діни ұғым бойынша тілден, көзден сақтауды, мысалы әр түрлі кездейсоқ пәле – жаладан қорғап жүреді деп бой тұмар болатын. Зергерлік бұйымдардың ұзақ уақыт осындай қасиеті болған. Халыққа бұйымның материалы түрлі – түсті өрнек оюдың діни сенімдер мен аңыздарға сай алынатын. Ертеден халық шеберлерінің жұмыстарының қолайлы жағдайы болмаған.
Көбіне зергерлер жұмысты өзінің жанұясының алдына киіз үйдің бір шетінде өз шәкіртін ертіп алып, (ел қайда болса, біз сондамыз) деп жайлауда жүріп үй иесінің халықтың тапсырмасын өз үйінде жасайтын болған. Кейіннен олардың кейбіреулері өздеріне жұмыс істейтін орын шеберхана салып алды. Темір ұсташылығы мен зергерлік өнері мен әйелдерде көбінесе айналысқан. Егер зергер дүниеден қайтып, оның жолын қуар ешкімі болмаса, кейбір кезде оның зергерлік қызметін әйелдері атқарған. Қайта шебер қолынан түрлі асыл бұйымдарды музейлерде көріп тамашалаумен қатар, күнделікті жұмыста пайдалансақ болатын еді. Олар үшін халық қол өнерінің бай мұраларына жанашыр түр – сипат беріп, оларды жасап, техникасын жетілдіру қажет. Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ тарихын байқасақ, олар жасаған өнер туындылары табиғат құбылысы күнделікті затты ұрпақтан – ұрпаққа уақыт озса да бүгінгі күнге дейін жетті. Өткен заманда қазақтың халық қол өнерінің жете дамыған түрлерінің бір зергерлік өнер ұлттық мәдениетіміздің тарихында өзгеше орын алады. Бұл өнердің түп тамыры сонау әріде жатыр. Бір замандардың өзінде Қазақстан жерінде алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын тағы қалыпқа салу арқылы еңбек құралдарын әшекей заттар мен әртүрлі бұйымдар жасалған.
Археологиялық заттар зерттеу нәтижелері осыны дәлелдеді. Қазақстан жерінде жүргізілген азба жұмыстардың нәтижесінде ертедегі көшпенділер кеңінен тараған және басқа да түсті металдардан жасаған көптеген әшекей бұйымдары табылды. Сол табылған заттардың көпшілігін жас шебердің қолынан шыққан нағыз өнер туындыларының қатарына жатқызуға болады. Мысалы: Қарғалы көмбесінен табылған бүкіл әлемді таңдандырған аяқ алтыны кез келген тарихи қазыналардың мақтанышы бола алады. Зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастардан, лағыл, сафир, зүбір, жат гауһар, азат, эрозолит, інжу маржан, жауқуаттан, көз қондыру арқылы да әсемдей түскен түрлі – түсті шынылардың және тағы басқа әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған.
Күміс жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңдейтін металл және жарқыраған ашық түсімен көз тартады. Металды көркемдеп өңдеудің әртүрлі техникалық әдістері, созу, құю, басу, қалыптау зерлеу, темірге күміс қақтау, алтын жалату қолданылады. Заттарды әшекейлеу технологиясын зергерлер бұйымның сыртқы бейнесі мен сыртқы формасын үйлестіреді. Күмістен шебер алуан түрлі бұйымдар жасайды.
3.2. Әшекей бұйымды өңдеу тәртібі.
Алқаның жасалу тәсілі.
Алқаны жасау тәсілі мұнда да тұтас мельхиордан алып, оған алқаның суретін салып, содан кейін темір қайшымен кесіп алып шет – шетінен егеулеп тегістеп алып, кейін ширатылған сыммен ою — өрнектің ұшын біріктіріп алып алқаның астыңғы жағынан салпыншақтарын дайындап алдым. Ал үстіңгі шынжырды кейін домалақ сымдарға орап алып оны темір қайшымен қырқып алып, оларды біртіндеп ұштарын біріктіріп жонамыз. Бір – біріне тигізіп отырып тоқимыз да, шынжырмен салпыншақты алқаға ілетіндей етіп шеңбер тәрізді асты, үстімен ширатып аламыз. Алқаның үстіне жоба бойынша ою — өрнектерді әшекейлеп жүргіземіз… Алқаны қышқыл суға салып тазалап киізге пастагон үйкелеп тазартып аламыз.
Білезіктің жасалу тәсілі.
Мұнда да жүзік тәрізді жұмсақ мельхиордан білезіктің жағасы бойынша суретін түсіріп, қайшымен ойып шет – шеттерін асумен тегістеп егеп алдым. Сосын білезікке тас орналастыратын қалыпты жасаймыз. Шиырланған сымдар мен тастың көлеміндей етіп алып, бір – біріне ұштастырып дәнекерледік. Қалыпты білезіктің үстіне отырғызып, өрнектеп оның айналасына ширатылған сымдардан иіп дәнекерледім. Білезікті толық дәнекерледім, болған соң қышқылға салып, шамалы уақыттан соң нығыздалған киізге пастагойды үйкеп білезікті тазаладым.
Жүзіктің жасалу тәсілі.
Тұтас мельхиорды алып бетін жоба бойынша темір қайшымен қиып аламыз. Оны кескенде шет – шетін асумен асулап тегістейміз. Кейін арнайы жүзік шетін құралмен иіп екі шетін бір – біріне ұштастырып отқа қыздырып, асықпай жабыстырамыз. Өлшеп дайындап, ол қалыпты жұқа тұтас мельхиордан Гурьев, Орал, Қарағанды облыстарында жиірек ұшырасатын Семей және Солтүстік Қазақстан облыстарында ішінара ұшырасатын қара алалап өрнектелу мен күміс әшекейлер де тартымды әрі әсерлі болып келеді. Балық, қошқар, мүйіз ұшқан құс, гүл жапырағы, шығыс қиярлы, күн, жұлдызды ай тұрпатында болып келетін тапсырмалар да көп түрлілігімен ерекшеленеді. Бұлардың формалық мәнділігі өрнектелу ырғағының салдарлылығы, көркемдегіш желелерінің тазалығы және композициялық құрылысының үйлесімді әрі тиянақтылығы арқылы ашылады. Бұл әшекейлердің өрнек желісіне мүйіз пішіндегі ырғақтар, түрлі көкөністердің тартымды өркендері, әсем гүлдер, геометриялық және астральды оралымдар алынған.
Сырға жасау тәсілі.
Тұтас мельхиорға сырғаның кескінін түсіріп аламыз. Шет – шетіне кескін бойынша суретке қарап оюмен егеулеп тегістейміз, болған соң тас отырғызатынын меңгердім, ширатылған сымды шеңберді екі ұшын ұштастырып ширатылған ою — өрнектер түсіріп дәнекерледім. Кейін сырғаның салынатын шашақтарын ілетін құраққа кигізілетін ілмек дәнекерледім. Барлығын жасап дайындап болған соң қышқылға салып шамалы уақыт ұстап тұрамыз, сосын щеткамен жақсылап тазалап болған соң ең соңында тасты сырғаға отырғызып жапсырамыз тазалап қоямыз.
3.3. Әшекей бұйымдарды дайындаудағы
технологиялық реттіліктерді өңдеу.
Алқаны жасау тәсілі мұнда да тұтас мельхиордан алып, оған алқаның суретін салып, содан кейін темір қайшымен кесіп алып шет-шетінен егеулеп тегістеп алып, кейін ширатылған сыммен ою-өрнектің ұшын біріктіріп алып алқаның астыңғы жағынан салпыншақтарын дайындап алдым. Ал үстіңгі шынжырды кейін домалақ сымдарға орап алып оны темір қайшымен қырқып алып, оларды біртіндеп ұштарын біріктіріп жонамыз. Бір – біріне тигізіп отырып тоқимыз да, шынжырмен салпыншақты алқаға ілетіндей етіп шеңбер тәрізді асты – үстімен ширатып аламыз. Алқаның үстіне жоба бойынша ою — өрнектерді әшекейлеп жүргізіледі. Алқаны қышқыл суға салып, тазалап киізге пастагон үйкелеп тазартып аламыз.
Мұнда да жүзік тәрізді жұмсақ мельхиордан білезіктің жағасы бойынша суретін түсіріп, қайшымен ойып шет – шеттерін асумен тегістеп етеп алдым. Сосын білезікке тас орналастыратын қалыпты жасаймыз. Шиырланған сымдар мен тастың көлеміндей етіп алып, бір – біріне ұштастырып дәнекерледік. Қалыпты білезіктің үстіне отырғызып, өрнектеп оның айналасын ширатылған сымдардан иіп дәнекрледім. Білезікті толық дәнекрледім, болған соң қышқылға салып, шамалы уақыттан соң нығыздалған киізге пастагойды үйкеп білезікті тазаладым.
Тұтас мельхиорды алып бетін жоба бойынша темір қайшымен қиып аламыз. Оны кескенде шет – шетін асумен асулап тегістейміз. Кейін арнайы жүзік шетін құралмен иіп екі шетін бір – біріне ұштастырып отқа қыздырып, асықпай жабыстырамыз. Өлшеп дайындап, ол қалыпты жұқа тұтас мельхиордан Гурбев, Орал, Қарағанды облыстарында жиірек ұшырасатын Семей және Солтүстік Қазақстан облыстарында ішінара ұшырасатын қара аралас өрнектелу мен күміс әшекейлер де тартымды әрі әсерлі болып келеді. Бұлардың формалық мәнділігі өрнектелу ырғағының салдарлығы, көркемдегіш желілерінің тазалығы және композициялық құрылымының үйлесімді әрі тиянақтылығы арқылы ашылады. Бұл әшекейлердің өрнек желісіне мүйіз пішіндегі ырғақтар, түрлі көкөністердің тартымды өркендері, әсем гүлдер, геометриялық және астальды оралымдар алынған.
Тұтас мельхиорға сырғаның кескінін түсіріп аламыз, шет – шетіне кескін бойынша суретке қарап оюмен егеулеп тегістейміз, болған соң тас отырғызатынын меңгердім, ширатылған сымды шеңберді екі ұшын ұштастырып ширатылған ою — өрнектер түсіріп дәнекерледім. Кейін сырғаның салынатын шашақтарын ілетін құлаққа кигізілетін ілмек дәнекерледім. Барлығын жасап дайындап болған соң қышқылға салып шамалы уақыт ұстап тұрамыз, сосын шеткамен жақсылап тазалап болған соң ең соңында тасты сырғаға отырғызып жапсырамыз, тазалап қоямыз.
ҚОРЫТЫНДЫ.
- Еліміз егемендік алып, келешекке үлкен үмітпен бұрыс жасап жатыр. Қандай мемлекеттің болса да,бет бейнесі мен келешегі жастарға байланысты. Жастар болғанда да, талапты өнерлі жастарды айтамыз.
Олай дейтін себебіміз, ұлттық тәрбие алмаған жастың ұлттық рухы болмайды. Алға қойылған орасан зор міндеттерді жүзеге асыратындар да- жастар. Сондықтанда біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қауым құрамыз десек, жастарды өнегелі рухта, т.б.көптеген салт-дәстүрлеріміз тұрғысынан тәрбиелеуіміз қажет.Осы талап,міндеттерді орындаған ең бір пәрменді құрал-оқу, тәлім-тәрбие жұмыстарында халықтық педагогиканың алтын мұрасын, қанша уақыт өтсе де-тот баспайтындай адалдығы айнадай ұлттық қазынаны пайдалану.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері “Қазақ халқы рухани мұрасы” пәні республиканың барлық оқу орындарында оқытылуға тиіс болатын. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты — қолөнерге үйретуде жастардың бойына жаратылысқа деген, жанды – жансыз әлемге деген, ұлтына деген көз қарастарын мәдени тұрғыда қалыптастыру.
Қоғам жаңашаланып, өткеннің мәдени – тарихи мұралары ортамызға қайта оралып, оның рухани құндылықтары, дәстүрлері, өнерлері адамның адамзат болып қалыптасуына, тұтас алғанда жеке адамды әлеуметтендіру ісінде маңызды роль атқаратындығын көрсетіп отыр. Сондықтан адамзат тарихындағы ең асыл мұраларын қолдан шығарып алмай, білім саласындағы осы “Ақтаңдақтардың” бетін ашып, көне мәдениетімізге тереңірек үңіліп өткен уақыттың рухани мұрасын саралау, талдау қажеттігі туып отыр.
Осы орайда, қазіргі кезде қоғам алға қойып отырған мәселе осы төңіректе. Көптеген білім беру жүйесіндегі жаңашаландыру бағыты, ең алдымен, тәрбие мәселесіне әкеліп соқтырады. Оқу-тәрбие процесін бір тұтас алып жүретін халықтық педагогика аталған білім мен тәрбиелеу мазмұнын жаңартуға жәрдемдесе алады.
“Халықтық педогогика” дәстүрлерін оқу – тәрбие процесінде пайдаланған әрбір пән, нәтижелі ауқымды көрініс табады. Ал енді халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде халықтың тәрбие құралдары ( салт дәстүр, қолөнер ) арқылы іске асырылып жатыр.
Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен білім деп түсінген халқымыз “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегенді насихаттап келген. Демек халықтың ой түлегі жас ұрпақты қолөнерге уағыздай отырып тәрбиелеу деген ұғымды білдіріп отыр. Осындай халықтық ұрпақ тәрбиелеуде озық тәжірибелері мен ой түйіндері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қозғаушы күш болары анық. Ендігі мәселе осы тәрбие көздерін пайдалануда қолөнер негіздерін, білім беру жүйесін жетілдіруде, жаңа технология үрдісінде тереңдетіп оқыту жолдарын қарастырып, қажетті оқу құралдарымен әдістемелік, бағдаорламалармен қамтамасыз ету.
Осы мақсатта мектеп мұғалімдеріне тәлім-тәрбиелік мәні бар, қыз балаларға арналған “Қолөнер негіздері ” – бойынша бағдарлама ұсынылып отыр. Бұл жұмыстың мазмұнының ерекшелігі – қазақ қол өнерінің тек тамырымен ерекшелігін игеру тәсілдері бүгінгі күнгі талаптармен байланыстыра жазылған.
Атадан-балаға жалғасып келе жатқан ұлттық киімдерімізді; қолөнерлерімізді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді; дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ киім үлгілері мен қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине, бұл халықтық педагогика оқу-тәрбие процесінің құралы болып, бүгінгі таңда кейбір мұғалімдеріміз үшін септігін тигізіп, осы тұрғыда ізденіп жүрген ұстаздарды көптеп айтуға болды.
Осы ұлттық педагогиканы насихаттап, қазақтың ұлттық киіміне, қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау етіп, игілікті істерімізді жалғастырып жүрген мектебіміздің технология пәнінің мұғалімдері қаншама.
Қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәләмнің сыры мен ерекшелігін оқушыларға үйреткен киім түрлері, қол өнері түрлерімен ерекшеленіп отыр.
Менің оқушыларға жалпы білім мен еңбек дағдысын игеруде, жаңа технологиялық талаптарды орындау жолында тынымсыз еңбек ету. Мақсатым- қазақтың ұлттық киімдерін,оның ішінде қазақ ұлттық қалыңдық киімін, қолөнердің барлық салаларын бағдарламаға енгізіп, ұлттық педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен өнегелі тәрбие берудің тиімділігін көрсету.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- «Азбука домоводства»
- Әбдуәлиева Ш «Қазақтың қолөнері» — әдістемелік құрал
- Әбдуәлиева Ш «Халық қолөнері» Алматы. Рауан. 1992
- Байжігітов Б «Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері» Ақтөбе. «А-полиграфия» ЖШС 2003 ж
- Болатбаев Қ, Ибрагимов Ұ «Бейнелеу өнері» Алматы «Ата-мұра» 2001 ж
- Бапанов И.В. Бисер «Народное творчество» 2001
- Бағдарлама «Қолөнер» (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін) Шымкент 2002
- Валя — Валентина Издательский дом «ОВА-Пресс» 2003
- Вышитые картины ЗАО «Эдипресс конлига» 2004
- Газарян «Прекрасная своими руками» Москва 1986
- Джанибеков У «Культура Казахского ремесла» Өнер 1982
- «Еңбекке баулу» Алматы «Атамұра» 2000
- Егорова Р.И. Монастырная В.П. «Іс тіге біл» «Рауан» Алматы 1993
- Жанибеков О. «Эхо» Өнер Алматы 1990
- Исламгулова С.К. Дидактические условия проектирования учебгого процесса на основе технологического подхода. Творческая педагогика №2, 2001
- Касиманов С. «Қазақ халқының қолөнері» Алматы 1995
- Құтпанбаев Ә «Ұстаз ұлағаты» Ғылым 2002
- Караев Ж.А. Момынбаев В.К. Устимиров К. Государственные стандарты начального профессионального образования РК-Алматы, Республиканский издательский кабинет, 1999
- «Лена — рукоделие» ЗАО «Эдипресс-конлига» 2004
- Литвинец Э.Н. «Низание Бисером и ручное вашивание» Хэлтон Харвест Астана 2001
- Лученкова Е. «Как сделать нужные и полезные вещи» Минск Хор-вест 1999
- Маргарита Максимова. Марина Кузмина «Вышываем крестом» Москва «Эксмо» 2004
- Мектептегі технология Алматы 2004
- Морков Л. Большая школа Энциклопедия, Москва 2000
- Өмірбекова М.Ш. «Қазақ халқының дәстүрлі өнері» «Алматы кітап» 2004
- Поеная энциклопедия женских рукоделий «перевод французского» 1992
- Программа технологии 2000 года
- Педагогика педагогические теории системы, технологии «Академия» 1999
- Русакова М. «Аппликация» Москва «Посвещение» 1987
- 8 жылдық мектеп программалары (еңбекке баулу 1-3, 4-8 сыныптар) Алматы «Мектеп» 1982
- «Технология» Алматы «Атамұра» 2003
- Тәжімұратов Ә «Шебердің қолы ортақ» Алматы 1977
- «Шаңырақ» үй тұрмысы энциклопедия, Алматы 1989
- «Энциклопедия рукоделие» Москва 2000 Борисовский Г: Красота и стандарт. М. 1968.
- . Сенешаль М. Дж.Флекс. Узоры симметрии. 1980.
- . Схнамеровская Т.П. Направление, творческий метод и стиль в искусстве. Лениздат.
- Ақайқызы З. Ою-өрнек ой айтар. (Монғолия қазақтарының ою-өрнектері мен қолөнері). Алматы. 1996.
- Әбдіғаппарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Алматы.1999.
- Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. 1-том. Алматы. 1986.
- Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. Алматы. 1979.
- Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана. М. 1970.
- Тоқтабаева Ш.Ж. Қазақтың зергерлік әшекейлері. Алматы.1985.
- Жәнібеков Ө. Жолайырықта. Алматы. Рауан. 1995.
- Шаңырақ. Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.
- Маргулан А. Казахская юрта и ее убранство. М. 1964.
- Қалиев С. Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы. Рауан. 1994.
- Әбдалаева Ш. Халық қолөнері. Алматы. Рауан. 1992.