АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Ақмола облысы туристік рекреациялық ресурстарының потенциалын анықтау

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

  1. АҚМОЛА ОБЛЫСЫННЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
    • Облыстың туристтік кластерін қалыптастырудың негіздері және

қиындықтары

  • Табиғи ресурстары
  • Тарихи-мәдени ресурстары
  • Ерекше қорғалатын жерлер

 

  1. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ТУРИЗМНІҢ

ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ

2.1. Курорттар

2.2. Санаторийлер

2.3. Пансионаттар

 

  1. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КУРОРТТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ

ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ

3.1. Солтүстік Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы

3.2. Ақмола облысындағы туризмді дамыту проблемалары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Ақмола облысы экономикалық ауданында демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі сферасына айналуда. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға таңдалмалығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды.

Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшеюіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы – «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді  білдіреді.

Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау. Соған орай Ақмола облысындағы экономикалық ауданында емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. «Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады». Оның құрамында – денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу;

Әлеуметтік-мәдени қызметке — әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты;

Экономикалық аспектіге – адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсартуды жатқызуға болады.

Ақмола облысы санаториялық курорттық потенциалы Ақмола облысы туристік ресурстар жиынтығынан құралған. Сонымен қатар жалпы емдік туризмнің қалыптасу және даму тарихына тоқталмай объективті тұрғыда бағалау мүмкін емес. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне орай емдік туризмді классификациялай отырып, олардың орналасу принциптерін ашу, көрсету қажеттілігі туып отыр.

Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа курорттар, санаториялар, демалыс үйлері, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты халықтың рекреациялық қажеттіліктерін, рекреациялық (емдік сауықтыру, табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы қанағаттандыру. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе емдік сауықтыру туризмі проблемасы көкейтестілігі анықталды.

Ақмола облысындағы туризмнің жағдайы жалпы тұрғызылу деңгейінде. Облыстың территориясында орналасқан үш бірдей табиғи-қорықтық зоналардың, территориялардың және көптеген ғажайып жерлердің болуына қарамастан жергілікті бюджетке туризмнің қосатын үлесі бар-жоғы 3 % құрайды. Географиялық жағдайына байланысты Ақмола облысы көлік шығыны бойынша қымбат саяхат болып есептеледі. Мысалы, көптеген еуропа елдерінен келген туристтері сұралуы бойынша туристтің Солтүстік Қазақстанға сапары шығынының шамамен 60–70 % үлесін көлік шығыны құрайды. Отандық туристтердің негізгі пайызы қызмет көрсетуші мекемелердің ұсынатын қызметі мен сервисіне көңілі толмайды, әсіресе негізгі қиындық баға мен сапа арасындағы күрт диспропорционалдығы.

2005жылы Қазақстан Республикасының Президенті Ақмола обдысының туристтік кластерін стратегиялық дамыту бойынша жобасы ұсынылды.  Сонымен қатар соңғы жылдары туристтік климаттың айтарлықтай жақсаруымен жүргізілген анализдің нәтижесінде туризмнің жоғары кірісті экономика саласы ретінде дамуына кедергі жасайтын көптеген шешілмеген қиындықтар анықталды. Келесідей туризм салаларын дамытуға алғышарттар жасалмаған, мысалы, емдік, демалыс, этникалық. 

Жалпы алғанда, қонақүйлер және туристтік мекемелер арасында бірегейлі ақпараттық жүйе, мемлекеттік құрылымдық бөлімдер арасындағы туристтік сфераның координациясы,  облыстың ірі қалаларында жүргізілетін іскерлік, мәдени, спорттық, ғылыми, білім берушілік және басқа да іс-шаралар арасында байланыс жоқ.  Көлік құралдарының, зерттеу, құрылыс-архитектуралық институттардың, қонақ үйлер мен ойын-сауық, демалыс, сауда  орталықтарының  айтарлықтай жетіспеушілігі байқалады. Осыған байланысты туристтік кластердің қалыптасуы үшін біртұтас негіз жоқ.

Ақмола облысының туристтік индустриясы өзінің дамуында бірқатар қиындықтарды басынан кешіруде.  Жалпы кірістің аз үлес салмағының негізгі себебі туристтік инфрақұрылымның әлсіз дамуы, оның дамуына қаражаттың аз болуы, аймақтың негізгі нарық орталығынан алыс орналасуы, және осылардың салдарынан туристтік өнімді жасаудағы көлік шығынының жоғары болуы, деңгейі қазіргі кездегі туризм нарығына сай келмейтін орта класс обьектілерін және мәдени сауықтыру орындарын орналастыруға санының жетіспеушілігі.

Жұмыстың мақсаты: Ақмола облысы туристік рекреациялық ресурстарының потенциалын анықтау. 

Жұмыстың міндеті: Ақмола облысының туристік потенциалы мен мүмкіндіктерін талдау:

-Ақмола облысы курорт-санаторийлерін жіктеу:

-Әрбір курорт, санаторийлердің туризмдегі орнын сипаттап ұсыныстар беру.

 Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, картографиялық, статистикалық, ақпарат құралдары материалдарын өңдеу.

 Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспе, 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТТІК РЕСУРСТАРЫ

 

1.1. Облыстың туристтік кластерін қалыптастырудың негіздері және қиындықтары

 

Ақмола облысының туристтік индустриясы өзінің дамуында бірқатар қиындықтарды басынан кешіруде.  Жалпы кірістің аз үлес салмағының негізгі себебі туристтік инфрақұрылымның әлсіз дамуы, оның дамуына қаражаттың аз болуы, аймақтың негізгі нарық орталығынан алыс орналасуы, және осылардың салдарынан туристтік өнімді жасаудағы көлік шығынының жоғары болуы, деңгейі қазіргі кездегі туризм нарығына сай келмейтін орта класс обьектілерін және мәдени сауықтыру орындарын орналастыруға санының жетіспеушілігі.

Қолдағы бар өте төмен деңгейдегі туристтік маршруттың дамуы қажет деңгейде облыстың табиғи ескерткіштері мен обьектілерін қолдануға мүмкіндік бермейді. Туристтік сектордың дамымағандығы негізгі қажет нарық сигменттері бойынша инфрақұрылымның, туризмді дамытудың кешенді бағдарламасының болмауымен, құқықтық қамтамасыздандырудың төмен деңгейімен, салық жүйесінің күрделілігімен және инвестициялар тартуға байланыссты жеңілдіктердің болмауымен анықталады. Туризм саласы өзінің қызметінің ғылыми негізделгендігін, басқарылуын, келісімділігін, барлық туристтік потенциалдың және инвестиция тарту бойынша жеңілдіктерін мүмкіндігінше толық және ақылмен пайдаланылуын талап етеді.

Ақмола облысындағы туризмнің жағдайы жалпы тұрғызылу деңгейінде. Облыстың территориясында орналасқан үш бірдей табиғи-қорықтық зоналардың, территориялардың және көптеген ғажайып жерлердің болуына қарамастан жергілікті бюджетке туризмнің қосатын үлесі бар-жоғы 3 % құрайды. Географиялық жағдайына байланысты Ақмола облысы көлік шығыны бойынша қымбат саяхат болып есептеледі. Мысалы, көптеген еуропа елдерінен келген туристтері сұралуы бойынша туристтің Солтүстік Қазақстанға сапары шығынының шамамен 60–70 % үлесін көлік шығыны құрайды. Отандық туристтердің негізгі пайызы қызмет көрсетуші мекемелердің ұсынатын қызметі мен сервисіне көңілі толмайды, әсіресе негізгі қиындық баға мен сапа арасындағы күрт диспропорционалдығы.

2005жылы Қазақстан Республикасының ПрезидентіАқмола обдысының туристтік кластерін стратегиялық дамыту бойынша жобасы ұсынылды.  Сонымен қатар соңғы жылдары туристтік климаттың айтаврлықтай жақсаруымен жүргізілген анализдің нәтижесінде туризмнің жоғары кірісті экономика саласы ретінде дамуына кедергі жасайтын көптеген шешілмеген қиындықтар анықталды. Келесідей туризм салаларын дамытуға алғышарттар жасалмаған, мысалы, емдік, демалыс, этникалық.  Жалпы алғанда, қонақүйлер және туристтік мекемелер арасында бірегейлі ақпараттық жүйе, мемлекеттік құрылымдық бөлімдер арасындағы туристтік сфераның координациясы,  облыстың ірі қалаларында жүргізілетін іскерлік, мәдени, спорттық, ғылыми, білім берушілік және басқа да іс-шаралар арасында байланыс жоқ.  Көлік құралдарының, зерттеу, құрылыс-архитектуралық институттардың, қонақ үйлер мен ойын-сауық, демалыс, сауда  орталықтарының  айтарлықтай жетіспеушілігі байқалады. Осыған байланысты туристтік кластердің қалыптасуы үшін біртұтас негіз жоқ.

Облыс туризміне жүргізілген зерттеулер сандық көрсеткіштерді есептеуді және талдауды талап етеді, олардың негізінде статистикалық мәлісеттер жатыр. Туризм саласында зерттеу жүргізу сандық көрсеткіштерді есептеуді дәне анализдеуді талап етеді, оның негізінде статистикалық мәліметтер жатыр. Қазіргі кездегі Ақмола облысының статистика басқармасымен берілген облыстың туристік қызметінің статистикасы туристік саланың барлық спектірін қамтымайды және бұл облыстағы туристік саланың дамуын болжауда қиындық тудырады. Сондықтан да статистикалық есеп проблемасы туризмді зерттеудегі орталық мәселе болып табылады. Олардың ең алғашқысы  – мәліметтер базасының сәйкес келуі. Ол туризмнің даму тенденциясын, заңдылықтарын; ондағы болатын кеңістіктегі жне уақыттағы өзгерісін анықтау; әр түрлі елдерге қатысты бірдей көрсеткіш шамаларының қатынастарын бағалау және т.б. мақсатында ақпараттарды салыстыруға мүмкіндік береді. Статистикалық мәліметтер оларды есептеу әдісі және өлшем бірлігіне байланысты салыстыруға келмейтін жағдайлар болады [1]. Туризм статистикасының басқа бір қиындығы – толық және нақтылы статистикалық ақпараттың жоқтығы. Қазіргі таңда ешбір мемлекет толық көлемде туризмге жүйелі бақылау жүргізбейді. Туристік ағымдардың статистикасында экскурсиялық және іскерлік қысқа мерзімді саяхаттар фрагменттік сипатқа ие; сондай-ақ туристтік шығындардың статистикасы да нақты емес. Маңызды қиындық ақпараттың дер кезінде келіп түсуі болып қалуда, себебі нарықтың қатысушылары келісім компаниясын жүргізеді және сатуды ағымдағы нарықтың коньюктурасы жайлы статистикалық мәлімет келіп түсуінен бұрын бастайды. Туризм саласының ең айтарлықтай кемшілігі – туризмнің экономикалық әсеріне қатысты тұрақты, түсінікті және халықаралық масштабта унифицирленген ақпарат базасының жоқтығы. Ақпарат базасының тарлығы, әдістемелік бірліктің және басқа салалардың көрсеткіштерімен салыстырудың жоқтығы туризмнің экономикалық рөлінің дұрыс бағаланбауына алып келді. Туристтік саланың экономика саласындағы маңызы айқын болуына қарамастан ол статистикада қажетті орнын таба алмады [2].

Облыстың қонақ үй шаруашылығының жағдайын анализдей келе бұрынғы уақытта да адамдардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелеріне жете көңіл аударылмағанын айта кету керек. Туристтік индустрияны функциялауда негізгі күш қоғамдық маңыздылық талаптарға сәйкес емдеу-сауықтыру құраушысына қажет арнайы орналастыру құралдарын тамытуға бағытталған. Мұндай жағдайда қонақ үй шаруашылығы бір жағынан санаторий-курорттық қызметтің бөлігі ретінде, екінші жағынан көбінесе еңбек миграция ағымын тұрғын-үй қызметімен қамтамасыз етудің көзі  ретінде қарастырылған. Нәтижесінде Щучинск-Бурабай және Зеренді демалыс зоналарындағы орналасу құралдары нарығының қазіргі кездегі жағдайы арнайы орналасу құралдары үлесіне барлық қуатының 54 %, оның ішінде жартысынан көбісін (57 %) санаторий-курорттық ұйымдар құрайды. Барлық орналасу құралдары нарығының 46 % қонақ үй мекемелерінің үлесіне тиесілі [2]. Бұрынғы жүйе туристтерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталмаған, екіншіден мемлекеттен бөлінген қаражат тек қана қонақ үй шаруашылығын емес, сонымен қатар бар мекемелердің жұмысшы қалпын сақтау үшін де жеткіліксіз болды. Нәтижесінде бұл сектордың қонақ үй объектілерінің материалды-техникалық базасы айтарлықтай тозған. Оларға бүгінгі таңдағы тән қасиет – бұл жанбайтын шамдар, бұзылған су құбырлары, бұрыннан жөндеуден өтпеген ғимараттар, қазіргі кездегі батыстың стандарттарына сай келмейтин электр көздері. Қазіргі кезде берілген саладағы стратегиялық бағыттардың бірі осы қонақ үйлерді шет елдік инвесторлардың меншігіне беру болып аталған.

 

1.2 Ақмола облысының табиғи жағдайы

 

Туризм дамуының негізгі алғышарттары табиғи, әлеуметтік-экономикалық ресурстар және туристік инфрақұрылым болып табылады. Олар туризмнің дамуына, туристік обьектілер мен туристік аудандардың құрылуына әсерін тигізеді. Біз осы тарауда туризм дамуының маңызды алғышарттарына, табиғи жағдайына көңіл бөлгіміз келіп отыр. Табиғи жағдай туралы айтудың алдында, туристік-рекреациялық ресурстар не деген сұрағына жауап берейік.

«Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз – туристік экскурсиялық қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын, табиғаттың және адамдардың күшімен салынған обьектілер мен қоршаған орта құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстар (мәдени, тарихи). Ал енді тікелей осы тараудың мазмұнына, табиғи-рекреациялық ресурстарға көшуге болады» [3].

Табиғи жагдайлар мен ресурстар алдыңғы орынды алып, рекреацияның негiзгi алғышарттарының бiрi болып саналады. Рекреацияның табиғи алғышарттары ретiнде әртүрлi рангтағы табиғи-территориялық комплекстер, олардың компоненттерi. Олардың компоненттерi мен жеке касиеттерi көрсетiледi: аттрактивтiлiк, ландшафттың контрасттылығы мен ритмi, бөгеттердi өту мүмкшiншiлiгi, географиялык ерекшелiк, экзотикалығы, уникалдығы немесе керiсiнше карапайымдылығы, табиғи объектiлердiң формалары мен көлемi.

Табиғи географиялық жүйелердi рекреация мақсатында зерттей отырып, баска сөзбен айтқанда, демалыс пен туризмнiң  түрлерiн өткiзудiң ыңғайлылығы, колайлығының деңгейiн бағалау кезiнде, бiз тек рекреация үшiн қолайлы жағдайлары бар  географиялық жүйелердi ерекше етiп көрсетемiз. Олар табиғи рекреациялық ресурстарды кұрайды [4].

Табиғи-рекреациялық ресурстар бұл – рекреациялық іс-әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі-бір уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық географиялық жүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары.

Табиғи-рекреациялық ресурстар демалушылардың демалу және саяхаттау ауданын таңдауда үлкен роль атқарады. Туристтер ландшафт, климат, жануарлар және өсімдіктер әлемінің байлығы мен әртүрлілігін, спортпен, аңшылықпен, балық аулаумен шұғылдануы табиғи қажеттіліктерін ескеріп отырады. Территорияда қандай табиғи ресурстар болуымен рекреациялық іс-әрекеттің түрлері мен формаларының ұйымдастырылуы тәуелді болады.

Елдің немесе ауданның географиялық жағдайы, басқаша айтқанда теңізге, таулы және орманды массивтерге, демалушылардың негізгі ағымдарына және маңызды көлік жолдарына жақындығы, ірі туристік комплекстер мен жеке туристік обьектінің құрылуында маңызды орын алады. Туристік маршруттар мен туристік мекемелер негізінен тікелей ресурстары бар аймақтарда орналасады. Осы ресурстарды көру үшін туристер осы аймаққа келеді.

Рельефтің әртүрлілігі де ландшафтың маңызды құндылығы болып табылады. Олардың туристер мен спортсмендер үшін өзіндік тартымдылығы бар, сондықтан ол рекреациялық мүмкіншіліктер туғызады.

Табиғи ортаның таулы климаттық және ландшафттық факторлары психофизикалық регенерацияда маңызды терапевтикалық фактор ретiнде болады. Сонымен қатар олар, активті және пассивті демалыс турлерi үшін өте қолайлы.

Табиғи ортаның келесі маңызды элементі болып – климат табылады. Климаттың адамға тікелей және қосалқы әсері бар. Адамның организміне тікелей әсерін тигізетін климаттық факторларға: температура мен ауа ылғалдылығы, жел, атмосфералық қысым, күн радиациясы, метеорологиялық құбылыстар жатады. Метеорологиялық өлшемдердің маңыздылығының бірлігі ауа-райы жағдайлары әртүрлілігін анықтайды, олар әртүрлі физиологиялық эффектілердің пайда болуы мен жүруіне әсерін тигізеді. Адам биоклиматологияның маңызды міндеті болып, адамның организмі мен метеорологиялық факторлардың арасындағы байланыстарды зерттеу. Гигиенисттердің зерттеулері бойынша ең оптималды ылғалдылық 30-60% денгейінде болады.

«Адамның организімінің табысты жұмыс істеуіне айналадағы ортаның температура режимі әсерін тигізеді. Жазғы орта тәулік температуралардың комфорттық зоналары +17,2+21,2 деңгейінде болады. (Н.В Виноградов, В.Г Надеждин бойынша)» [5]. Осы көрсеткіштер емделуде қажеттілігі бар адамдар үшін есептелінген. Денсаулығы жақсы адамдар үшін біршама жоғары немесе біршама төмен температуралар ыңғайлы.

Сондықтан туризм үшін жылы мезгілдің ұзындығын анықтау кезінде Е.А. Котляров +10+12  диапозонын ұсынды, ал Ю.А. Веденин, Н.Н. Мирошниченко демалыс пен туризм үшін оптималды температуралар +15+25  деп анықтады. 

Негізгі құндылықтарға ауаның таза болуын, инсоляцияның қолайлы жағдайы, ауа ылғалдылығы мен температураның аз тербелісі, тұмандардың аз болуы т.б. жаткызуға болады.

 

1.3 Табиғи ресурстары

 

Ақмола облысы табиғи рекреациялық ресурстарға  өте бай.  Мұндағы әртүрлі формадағы таулар тап – таза ауасы, әдемі көлдері, сыңсыған ормандар облыс өлкесіне көрік беріп тұр. Сонымен қатар бұл жердің климаты да табиғат аясында демалыс орнын ашуға, курорттық сфераны дамытуға  өте қолайлы болып табылады. 

 «Бурабай – Көкшетау облысының Шучье ауданындағы тұйық көл. Теңіз денгейінен 301 метр биіктікте орналасқан.  Көлдің аумағы  10,5 м2, ұзындығы – 4,5 км, ені – 2,5 км.  Орташа тереңдігі – 4,5 м. Тиктоникалық ойыстағы көлді әсем қия жартасты  тау жоталары қоршап жатыр. Суы тұщы және  мөлдір, ең тереңдегі жәндіктер мен балықтар айқын көрінеді.  Саңсыған қарағай, әйгілі “Жұмбақтас”,  Көкшенің шоқылары көлді ерекше  көрікті етіп тұрады. Сол себепті жұрт  оны   “Қазақстан Швецариясы”  деп  атайды.  Көлде шабақ, алабұға,  табанбалық, сазан,  шортан бар.  Бурабай көлінің айналасында курорт,  санаторий, демалыс үйлері мен лагерлері орналасқан» [6].

Баян – Көкшетау облысының Арқыбалық ауданындағы тұйық көл Есіл алабында, теңіз денгейінен 154 м биіктікте орналасқан.  Көл жағасы жайпақ. Қоңыржай   құрғақ дала белдеуінде  орналасқан.  Онда  сұлыбас, боз, селеу, т.б. астық тұқымдас өсімдіктер  өседі.  Су  қарашаның  ортасында  қатып,   сәуір  айында  ери  бастайды.  Табиғи ресурс ретінде Есіл өзенін   айтып кетуге болады.  Өзен  Қазақстанның  ұсақ шоққысының солтүстік – шығыс  бөлігінен басталады.  Есіл  Көкшетау маңында  бірнеше салаларды  қосып алып,  едәуір суы мол өзенге айналады. 

Өзен кіші – гірім кемелердің  жүзуіне  қолайлы.  Шағын  катерлер  өзен  боймен Петропавлдан  270 км-ге  жоғары  көтеріле  алады.  Дегенмен, жазда судың  таяздығынан кемелер үнемі жүре  бермейді.  Есіл  өзені Астана қаласы арқылы да  өтеді.  Сол  себепті мұны жаға – жайлық  демалыс   зонасын ашқан.  Онда  халық суға  түсіп катамаранмен жүріп демалады.

Ақмола облысы табиғи рекреациялық ресурстарға  бай.  Бұл  айтылғаннан басқа  көптеген,  өзен,  тау және  тағы  басқа  байлықтары   көп.    Соңғы жылдары  облыстың  табиғи  ресурстары  қолға  алынып,  туризм  белсенді түрде  дамуда. Әсіресе,  көптеп қызықтыратындары  табиғатпен   танысу,  емделу  болып  табылады.  Бұл Қазақстандық және шетел  туристерін  көптеп  тартуда [7].

Солтүстік  Қазақстан  экономикалық облысы  Қазақстан   Республикасының  солтүстік   бөлігінде  орналасқан.  Оның  құрамына  4 облыс  кіреді:  Қостанай,  Ақмола,    Павлодар  және  Солтүстік  Қазақстан  облыстары  кіреді.  Бұл  территория  бойынша  екінші және  халықтың  қонысы  бойынша да  екінші  орынды  алады.  Республика  территориясының 20,8%   алып жатыр  және  халықтың 26,6 %  осында  тұрады.  Халық тығыздығы  бойынша  Оңтүстік  Қазақстаннан кейінгі  екінші  орынды  алады.

Ауданның  үлкен  территориясы  батыста  Оңтүстік  Орал   биіктігінен,  шығыста  Ертіс    маңына және  солтүстігінде  Батыс  сібір  даласынан  Оңтүстік  ұсақ  құмды  оқысына  дейін   созылып жатыр.

Солтүстік  Қазақстанда  биік  таулар,  орманды  ақ шоғырланған  Бірақ  өзінің  ландшафтысында   көрікті  желлер  көп.  Олар  жайылымды, түрлі шөптер алып жатқан    далалы, ақ діңді қайыңдар және қарағай боры, жан- жағын таулар, ормандар қоршаған  әдемі көлдер.

Солтүстік Қазақстан облысының түризмі де жақсы дамыған, әсіресе әртүрлі әдіспен жазатын емдеу туризмі. Мұнда көптеген курорт, санаторийлер, бальнеогиялық орындар туристерді ел ішінен                        ғана емес, срнымен қатар, шетел азаматтары да көптеп келеді. Мысалыға айтар болсақ, Көкшетау облысындағы “Бурабай”, “Оқжетпес”, Павлодардағы “Баянауыл” және тағы басқа емдеу орындарына бай. Бұған себеп табиғи ресурстардың көп болуы.

Жер бедері. Солтүстік Қазақстан облыстық аумағы негізінен жазық дала, солтүстіктен оңтүстікке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км) әртүрлі физикалық- географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал маңы үстіртін (200-400 м), солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының (150-200 м) оңтүстік бөлігін оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін (250-300 м), қиыр оңтүстік шығысында Сарыарқаның  батыс бөлігін (450-500 м) қамтиды. Олал маңы үстірті негізінен шығысқа қарай еңістене келіп солтүстігінде Алтын шоқы тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі.

Солтүстікте және шығыста Солтүстік Қазақстанға кең және жалпақ Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі кіреді. Оның ең биік жері 120 метрді құрайды. Оңтүстік және оңтүстік- шығысқа қарай бұл жазық ақырындап 300-400 метрге көтеріледі және қазақтың ұсақ шоқысымен ауысады. Ауданның кішігірім оңтүстік батыс бөлігін  Торғай жайпақ тауы алып жатыр. Оның максимальды биіктігі 300 метрді құрайды [8].

Тауларды, онда да биік емес тауларды Ақмола облысы оңтүстік шығыста және  орталықтарда кездестіруге болады. Олардың ішінде ең әдемілері Көкшетау және Баянауыл жоталары  және көлдері, қарағайлы ормандары, әртүрлі ерекше формадағы тастардан тұратын Ерментау  таулы массиві болып саналады. Облыс аумағының бір ерекшелігі – оның қиыр оңтүстік батысынан солтүстігіне қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өзеніне жететін ұзындығы 700 км  Торғай қолаты жатыр. Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген.

Солтүстік Қазақстан пайдалы қазбаларға бай. Мұнда темір рудасының, тас және қоңыр көмірдің, бокситтің, түсті және сирек кездесетін металдың, асбасттің, құрылыс материалдарының ірі кен  орындары бар. Қоры және өндіру көлемі бойынша елдің Екібастұз, Убаган және Майкүбі көмір және Қостанай темір бассейндері алдыңғы орынды алды. Соңғысы Орталық Қазақстанның, Батыс Сібірдің металлургия заводтарының маңызды шикізат базасы болып есептеледі. Солтүстік Қазақстан бокситтердің  (Арқалық), алтынның (Стекняк, Майқайың), асбестің (Жетіқара), ас тұзының, цемент шикізаты мен әйнек құмының үлкен қорларына ие.

Климаты. Ақмола облысы климаты тым континенттік. Материктің ортасында орналасуына байланысты қысы суық, ызғарлы және жазы  шұғыл континенттігімен ерекшеленеді. «Қаңтардың  орташа температурасы солтүстігінде —18-190С, оңтүстігінде -16-170С. Кейбір қатаң жылдары -400С-тан төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін созылады. Жазы біршама ыстық, айдың орташа температурасы 19-200С. Кей жылдары 35-390С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын — шашынның орташа мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 мм-ден  180 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% айдың жылы мезгілінде жауады» [9]. Қысы қарлы болғандықтан, бірнеше күнге созылатын борандар болып тұрады. Қатты желдер тегіс участоктардағы қарларды ұшырып, төбешіктерге  айналдырады. Бұл темір, автомобиль жолдарын жауып, қала жағдайына кері әсерін тигізеді. Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3-4 рет қайталанған.

Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстікте 4-4,5м/сек, оңтүстікте 5-6 м/секундқа жетеді. Солтүстігінде оңтүстік батыс және оңтүстік желдері, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік-шығыс желдері басым болады.

Топырақ жамылғысы. Өсімдіктер және жануарлар әлемі. Солтүстік Қазақстан жерінде топырақ түрлері көп. Облыс аумағы үш ірі топырақ белдеуінде орналасқан. Қара топырақ орталық бөлігінде, солтүстік бөлігінде қоңыр-қызғылт, ал оңтүстігінде  сұр топырақ белдемі алып жатыр. Қара және қызғылт топырақтар облыстың солтүстік және оңтүстігінде егін және мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Оңтүстігіндегі сұр топырақты бөлігінің құнарлылығының төмен болуына байланысты негізінен мал шаруашылығына қолайлы. Қалыптасқан топырақ  және өсімдік жамылғысы жөнінен облыс жері орманды дала және дала зонасы құрамына кіреді. Мұнда бидай, күнбағыс, түрлі жемістер өсіруге мүмкіндік береді. Жауын-шашынның басым бөлігі жазда түсетіндіктен,  мұнда көп өнім  алуға мүмкіндік береді. Бұл ауданда өсімдік шаруашылығының дамуына Ақмола облысы басым бөлігіндегі құнарлы топырақ та септігін тигізеді.

Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған. Оның солтүстік жіңіщке бөлігін орманды дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен әртүрлі бұталар өскен терек аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайыңды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әртүрлі шөбі басым илеумен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде негізінен әртүрлі шөптер араласқан бетегелі-селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдемдерінің құмдық топырақты жерлерінде қайың мен қарағайлы басым Арақарағай, Аманқарағай және Науырызым қарағай  мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған. Орманды дала өңірінің оң жағы облыстың қайың, терек, тал тағы басқа ағаш, түрлі шүйгін шөп өседі. Бұрын бітік шөп өскен далалық өңір негізінен жыртылған. Өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас өсімдіктер өсіріледі.

Ақмола облысында жануарлардың біраз түрі бар. Бұлан, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ; кеміргіштер- ақ қоян, ор қоян, борсық, суыр, сусар, сасық күзең, аламан, сарытышқан, аққұлақ, кірпішешен, ондатра және құстың көптеген түрлерінен құр, ұзақ, қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, бүркіт және қараторғай, қаз, үйрек, аққу, және тағы басқалары кездеседі. Есіл өзенінде шортан, алабұға, аққайран, қарабалық, табынбалық және тағы басқалары кездеседі.

Ішкі сулары. Ақмола облысында ірі өзендер аз. Олардың ірілері Ертіс, Тобыл және Есіл. Кішігірім өзендер өте көп, бірақ олардың сулы кезеңі көктемде, яғни қар ерігенде, ал жазда бұл өзендердің суы азайып, құрғап қалады. Халықшаруашылығына суды пайдалану үшін көктемгі сулармен қоймаларды толтырады.

«Ертіс — Солтүстік мұзды мұхит бөлшегінің батыс өзені.  Оның ұзындығы 4284 км, тек 1700  км-ге  жуығы ғана Қазақстан  жерінде.  Ол Қытайдан  басталады, Қазақстан территориясында Қара Ертіс деп  аталып, зайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ертіс деп аталады да, от өзеніне барып құйғанша осы  сақталады.  Ертіс алғашқыда белесті төбелі жазықпен ағады.Одан әрі   Алтайдың Нарын, Қалба жоталары және тағы басқа тау сілемдерінің  аралығындағы тар шатқалдармен қаласына  дейін  ағып келеді,  оған  Зайсан көлімен  көптеген  салалар келіп  құяды.  Бұның  үлкен бір саласы – Бұқтырма  өзені» [10]. 

Ертіс суды аралас жинайтын өзендер қатарына жатады.  Салаларының біразы Алтайдың биік таулы зонасынан басталады  да,  мәңгі қар мен мұздықтардың еріген суларынан толығады. Басқа  салалары суды  жер асты сулары мен  жауын – шашыннан алады.  Ертіс өзенінің деңгейі бүкіл жыл бойында едәуір жоғары болып тұрады. Оның суының мол кезі сәуір, мамыр айлары және  маусымның  бас кезі.   

Ертістің барлық жері кеме жүргізуге қолайлы. Жолаушылар таситын және жүк тартатын пороходтар, теплоходтар, катерлер жоғары қарай Қытаймен шекараға  дейін көтеріледі.

Ертіс балыққа бай және оның балық аулауда кәсіпшілік маңызы бар, онда шоқырбалық, сылан, бекре, шортан, алабұға, қарабалық  ауланады.   Жақында сазан, табан  балық,  көшірме  және  байкал  түрлесі  өсіріле  бастады. 

Ертістің  республика  өміріндегі  маңызы  зор.  Бірақ  ол халық шаруашылығында  толық пайдаланылмай келеді.  Ертістің  суының көбі  пайдасыз  Обьқа  кетіп жатыр.  Сондықтан  Ертістің  суын халық  игілігіне  толық пайдалану  мақсатында  оның  суының  бір  бөлігі  Орталық  Қазақстанға  жіберіледі. 

Ертістің  сол жақ салалары – Есіл  мен  Тобыл  өзендері – Қазақстанның  солтүстік аймақтарын  басып  өтіп,  Ертіске республика  жерінен тысқары  барып  құяды. 

«Есіл  өзені  қазақтың ұсақ  шоққысының солтүстік – шығыс  бөлігінен басталады.  Оның жоғарғы  жағында бірнеше салалары бар,  бұлар  жазда құрғап қалады. Есіл Астана қаласына дейін кішігірім өзен, жазда бұл  өте тайыздап, тіпті кей жерінде ағысы  тоқтап,  үзіліп қалады» [11]. Есіл өзені Көкшетау маңында  бірнеше салаларды қосып алып, едәуір суы мол  өзенге айналады. Батыс Сібір  жазығына барғаннан кейін, Петропавл қаласы  маңында  кең арналы жазықтағы өзенге айналады. Есілге қар суы қосылып  отырады.  Еріген қар суы өзенмен қысқа көктем  кезінде ағып өтеді де,  содан  кейін  судың  суы тез  төмендейді. Су деңгейінің  ең төмен кезі қыс айларында  болады. Өзен кішігірім кемелердің  жүзуіне  қолайлы. Шағын катерлер  өзен бойымен  Петропавлдан 270 км-ге  жоғары  көтеріле алады. Дегенмен, жазда судың  таяздығынан  кемелер  үнемі жүре бермейді. Есілде кемелер  жүзуге  қолайлы  болуы  үшін  және  сол аймақты  суландыру үшін  Сергеевка,  Вязьма  су  бөгендері салынды.  Онда  кемедегі  еріген су  жиналады.  Бұл Есіл өзенінің  ағынын  бір  қалыпқа салады. 

Қазақстан жерінде  Тобыл  өзенінің  тек  бас жағы  ғана  ағады.  Ол Оңтүстік  Оралдың  шығыс  беткейінен  басталады да,   жолында  Торғайдың төрткүл өлкесінен  сала  қосып алады.  Тобыл өзені  қоректену жағынан  Есілге  ұқсас.    Тобылда  судың  молаятын кезі,  Есілдегі сияқты  —  көктем,  судың  аз  кезі – қыс.  Тобылдың  суы халықтың  тұрмыс  қажетіне  және  өнеркәсіп мақсатын  қамтамасыз ету  үшін  өзен  ағыны  — жоғарғы  Тобыл,  Қызылжар,  Амангелді  және  басқа  су  бөгендерімен  ретке келтіріледі.

Нұра  өзені   Сарыарқадан  басталып,  Қорғалжын  көліне  құяды.   Салалардың  барлығына  жуығы  оған жоғары  және орта  ағысына  келіп  қосылады.  Өзеннің  аңғары  кең  және  жоғары  жағында  ол 100-200 метрге  тең,  ол  жазыққа  шыққаннан кейін  бірнеше  километрге  созылады. Нұраның  төменгі  ағысындағы  ирелеңдеген арнасы жақсы  шабындық  шөптер өлкең жайылыммен  көтерілген. Нұра өзені тек қана еріген қар суымен  қоректенгендіктен, көктемде  ғана  оның  суы  мол болады.  Жаз  мезгілдерінің  қалған  уақытында  оның  суы  аз және  ағысы  жай иірім тізбектермен жалғанған  болып көрінеді.

Солтүстік  Қазақстанда  мыңдаған  көлдер  бар.  Олардың   ірілері Сілеті,  Қорғалжын,  Бурабай.  Сондай – ақ Жолаушы,  Қызылқақ,  Үлкен Атболат,  Маралды,  Сарықопа,  Күйік,  Ақсуат,  Сарымойын,  Құсмұрын,  Алакөл  және  тағы  басқа кішігірім  көлдер бар.

Сілеті  көлінің  солтүстік  бөлігінің  суы  тұщы,  оңтүстігінің  суы  ащы.  Көлден  балық  ауланады  және  тұз  өндіріледі.  Кейбір  көлдер  емдеуге  пайдаланылатын  шипалық  балшықтар.

«Бурабай көлі – Көкшетау  облысының  Шучье ауданындағы тұйық   көл.  Теңіз  дейгейімен  301 метр  биіктікте.  Көлдің  аумағы  — 10,5 км2,    ұзындығы – 4,5 км, ені – 2,5 км. Орташа  тереңдігі 4,5 м,  ең терең  жері 7 м.  Тектоникалық  ойыстағы  көлді  әсем  қия  жартасты  тау  жоталары  қоршап  тұр» [12].

Табиғи  су  бассейіні  жоқ  көптеген  аудандарда  бөгеттер  мен  су  қоймалары  жасалған.  Көлдер  мен бөгеттер  халықты  сумен  қамтамасыз етуге,  ішінара  егін  суғаруға  пайдаланылады.  Бұларды  көп  мөлшерде су  құстарын – үйрек  пен қаздарды өсіруге  пайдаланылады.   

 

1.4. Тарихи-мәдени ресурстары

 

Ақмола облысы табиғи ескерткіштермен қатар тарихи – мәдени ресурстарға  да  бай  болып  келеді.  Мұнда әдемі,  көп тарихы  бар қалалар,  үйлер,  қамалдар,  ескерткіштер,  әскери  бекіністер бар.  Сонымен қатар қазіргі  заманға сай биік  зәулім үйлер  болды.  Көптеген  оқу орындары  және  мәдени орталықтар,  театр, музей, сарайлар  орналасқан.

Ескерткіш – кең мағынасында – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлы, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ,  ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни, азаматтың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық — рухани үлгі — нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды Ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіштері, жазба ескерткіштер, өнер ескерткіштері, археологиялық ескерткіштер, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіштері, діни ескерткіштер, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақ кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері — ең алғашқы ескерткіштер түрлері қатарына жатады.

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелкең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;  тар мағынасында — ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіштер әдетте,  дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштердің кең тараған түрі де осы – көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады

«Көкшетау  қаласы  —  ХІХ  ғасырдан  бастап  Қопа  көлінің  жағалауында  әскери  орталық  шетінде  құрылған,  тек 1824 жылы бастап қала  атанды.  Көкшетау  қаласы  революцияға  дейін  тыныш  қала  болды.  Ол  кезде  тек күз кезінде  ғана,  яғни  жәрмеңке  маусымында ғана  қызықты  болады.  Қазір қалада  екі  ірі  зауыт  жұмыс істейді.  Олар  салмақ   өлшейтін  және   кислородты  —  демалу  аппаратуралары.  Бұлар  өнімдерін  Қазақстан Республикасының   аудандарына ұсынады  және  экспорттайды» [13]. 

Көкшетау  түрлі  мәдениетпен  өмір  сүреді  мұнда техникум  және  училищелер,  сонымен қатар атақты  саяхатшы, қазақтың бірінші  ғалымы Көкшетау облысының  тұрғыны  болған  Шоқан  Уалиханов  атындағы  педагогикалық институт  орналасқан.  Қалада  сонымен  қатар, елдегі  жалғыз  “Ерлік  және  батырлық”  деп аталатын  медициналық музей бар. 

Павлодар  — Солтүстік  Қазақстанның  ескі  қаласы 1720 жылы  Ертісте  Коряковский  форност атымен  құрылған,  1861  жылы  Павлодар  болып  аты  өзгерлтілді.  Қазақстанның  бұл  қаласы  өзгертіліп  жаңа   қалалардың  біріне айналды.  Павлодар  индустриясы  соңғы  жылдары жақсы дамуды:  қалада  және  оның  маңында,  елдегі  күшті  болып саналатын  үлкен  Павлодар,   Екібастұздың  территориясы — өнеркәсіпті  комплексі  жақсы  дамуда.  Қалада  қазіргі  жалғыз трактор және  аллюминий зауыты, сонымен  қатар мұнай   өндіруші  зайуыт  жұмыс  істейді.

Қазір Павлодар ең әдемі қалалардың бірі  болып саналады.  Көп қабатты үйлердің ансамблі, магазиндер, театрлар, кинотеатрлар  көптеп  орналасқан..  Мемлекет мекемелері – бұлар қазіргі  заманғы   архитектура  үлгілері.  Мәдени  өмірде  Павлодар  қаласында  индустриалды  және  педагогикалық  институт  маңызды  рөл  атқарады.

«Астана  қаласы  1824  жылы Ақмола  атын  әскери  бекініс  құрылысынан  алған  (Белая  могила).  Революцияға  дейін,  яғни  1868 жылы Ақмола   уездінің  орталығы,  ол  кезде  ірі  жәрмеңкелік  сауданың   орталығы   болған.  1961 жылға   дейін  қала  Ақмола  деп  атады.  1961 жылдан  кейін Қазақстанның  тың  жерлерін игеруден ескерткіш  ретінде  —  Целиноград  деп аты  өзгертілді» [14].

1997 жылы Қазақстан Республикасының  астанасы  Ақмолға  ауысып, 1998 жылы  Ақмоланың  аты  Астана  болып  өзгертілді.    Маңызды  өнеркәсіптік  орталық,  ірі  темір жол,  автожол узелі және   жері тың  облыстың бірі.  Мұнда  тұрғын  үйлер,  қонақ үйлер,  мектеп, өнеркәсіптер соғылғын.  Қалада ірі  тамақ,  жеңіл, құрылыс  марериалдары, машина жасау сияқты өнеркәсіптер де бар.  Олардың ішінде ет комбинаты, ұн  өндіру  және  сүт комбинаты, кірпіш шығаратын зауыт, темір – бетон және тағы басқалар  да  жұмыс істейді.

Астана  ірі  мәдени орталық.  Мұнда  400-ге  жуық  жоғары  оқу орны  және  техникумдар, педагогтарды,  құрылысшыларды, дәрігерлерді, ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын училищелер орналасқан.

Мұнда тағы да көптеген зәулім биік  үйлер бар.   Мемлекет  мекемелері қазіргі  өмір  талабына  сай  стильде  салынған,  олар жаңа  Резиденция,  СІМ,  Парламент  үйі  және  тағы  басқалар.  Халықаралық  конкурста  жаңа  астананы  салуда   ең   күшті  жоба  конкурсы  бойынша  әлемнің 27  елінен лидер  атағын  япондық  архитектор  Кисе  Куракова  алды.

Астанада  сондай – ақ, Астананың  символы  болатын,  визиттік  картасы  болып  Бәйтерек саналады.  Оның  жалпы  биіктігі  105 метр,  оның  көру  алаңына  дейін  97 метр.  Ол  1997 жылы  Алматыдан  Астанаға  ауысуына арналып  тұрғызылған.  Сонымен қатар мұнда  көңіл  көтеру  орындары бар.  Ол Конгресс хол,  Есіл  өзені, акеанариум және де  тағы  басқалар.

Жасыбай-Баянауыл  тауларындағы табиғаты аса көркем жерлердің бірі. Адам тұрмысына ерте дәуірлерден-ақ қолайлы болғанына ескілікті жәдігерлер куәлік етеді. “Арғымақтағы” көне дәуірден сақталған ізтаңбаларда елдікті сипаттайтын тасқа түсірілген таудың, ерліктің белгісі болып табылатын найзалы жауынгердің суреттері салынған. Сол сияқты бұл жерде ғұндар кие тұтқан бұғының, бақсы-абыздар көлік ретінде мінген түйенің суреттері бейнеленген.

Жасыбай жерін қазақтың арғы бабалары тас, қола, темір дәуірлерінде де, ғұн, түрік заманында да қоныс қылған. Қазақтың әйгілі батырлары Олжабай, Жасыбай, Жалаңтөс осы жерлерді мекендеген. Жасыбай көлінің жағасында Жаяу Мұса, Ермұхан Бекмаханұлы дүниеге келіп, балалық шағын өткізген.

Мәтек абыздың екі қонысы Далба тауының бауырындағы Қарағайлы бұлақ, мұрынтал жерінде. Өз дәуірінде ерекше қасиеттерімен танылған Мәстек абыздың өмірі, қарияның айтуынша, осы жерлерде өткен.  Мәстек абыздың зираты Мұрынтал аулының ортасында орналасқан көне қорым ішінде.

Түрік кезеңінің әйел мүсін тасы, Баянауыл өңірінен табылған. Әйел адамның басында қазақы сәукеле бейнеленген. Ер адамның қолында тостаған болуы — бақсы-абыз белгісі. Қанжар суреті салынуы — батырлықты білдіреді. Көп жағдайда ер адамның мүсініндегі бейнесі малдас құрып отырған күйінде салынған.

«Бұл тарихи  туристік — экскурсиялық   сапарлардағы орны  ерекше.  Архиологиялық ескерткіштердің  кез келген нысандары туристік экскурсия  жұмыстарында маңызды орын алады. Тарихи-мәдени ескерткіштердің  қазірге  дейін  жеткен  нысандарының ішінде  қорғандар  мен мазарлардың  маңызы  зор» [15]. 

Қола  дәуірі ескерткіштеріне  жартастағы петроглифтерді атауға  болады.  Оларға  әйгілі бірегей ғибадатханалар:  Ешкіөлмес ғибадатханасы,  сондай – ақ, Шолақ, Кіндіктас,  Баян жүрек  тауларындағы  тастағы суреттер  жатады.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған  сақ қорғандары,  Бесшатыр қорымындағы   жерлеу  камерасы  және  сақ  әскері киімін киген “Алтын адам”,  2001 – 2002  жылдары  Шығыс  Қазақстан облысындағы Катынқарағай ауданының  Бердіел (Берікел)  қорғанында табылған “Сақ патшайымы” архиологиялық туристік нысандарға  жатады.

Қазақ халқының  азаттық  күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға  деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді.  Бұларға   Солтүстік  Қазақстандағы  Ағынтай  мен  Қарасай ескерткіштері,  Астанадағы  Қара Керей Қабанбай ескерткіштері  жатады.  Астанадағы  үш ескерткіштері  қастерлі орындар санатында  туристік  нысандарға  қосылады.  Қазақ тарихындағы құнды  мәдени ескерткіштер қатарына  Қозы Көрпеш – Баян сұлу,  Еңлік – Кебек кесенелері,  Шохан  Уалиханов,  Қажымұқан Мұңайтпасұлы  мемориалдары,  Сұлтан Бейбарыс,  Құрманғазы  және  Дина  Нұрпейісова,  Абай Құнанбаев,  Абылай хан,  Әлия  мен Мәншүк,  Амангелді  Иманов, Ілияс  Жансүгіров,  Сакен Сейфуллин,  Мұхтар Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады. 

«Елбасының  2008 жылғы Қазақстан халқына  дәстүрлі   Жолдауына  сәйкес,  Астана қаласын  туризмнің  ірі  орталығына  айналдыру  үшін  археологиялық  қазба  жұмыстары  жүргізілген  шығыс  моншасы, бай саудагердің  үйі,  мұсылман  мешіті,  будда храмы сияқты  маңызды — әлеуметтік  — тұрмыстық нысандарды орта ғасырдағы бастапқы қалпына келтіріп, реставрациялау жұмыстарына мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуі қажет» [16].

 

1.5 Ерекше қорғалатын жерлер

 

Дүние  жүзінің қорықтар  территориясында  қорғау  тәртібі, атқаратын қызметі,  негізігі бағыты  әр елде  әр түрлі.  Сондықтан  қорғайтын  территориясының  маңызына қарай  оларды қорықтар, заказниктер,  резерваттар,  ұлттық парктер, табиғат  ескерткіштері  деп  бөлген.

 «Табиғи ландшафтты  қорғау үшін,  біздің  планетамыздағы   генофондыны сақтауда,  әр  түрлі  экономикалық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуде  табиғи лабораториясына  айналған  қорықтар  территориясының  маңызы  өте  зор.  Сол  сияқы  туризм  жақсы  дамымаған  біздің  елде,  дүниежүзіне  көз тартатын жердің бірі  де  сол  қорықтар.  1983  жылғы  1 қаңтардағы есеп  бойынша  жүниежүзінің  124  елінде 4 млн км2  жер көлемін  алып жатқан  2600 – ден  артық ірі  қорықтар территориясы  бар.  Дүние  жүзінде  ең  үлкен  қорық – Гренланд  ұлттық  паркі.  Оның  жер көлемі  7 млн гектар» [17].

Табиғат  эталоны деп,  табиғи,  адам  қызметімен  бұзылмаған, белгілі  бір  географиялық  аймақтың  қасиеті  бар  жерлерді  айтады.  Қорықтар  өз міндеттерін  дұрыс  атқару  үшін,  сол жерге  тән табиғи жағдайлары  болуы керек.

Қорықтарды  ұйымдастыру  кезінде,  адам  қызметінің  әрекеті  әлі  тие  қоймаған  жердің  аумағын  алады.  Бірінші қызметке  құрып  кету  қаупі төніп тұрған ландшафт  эталоны,  жануарлар мен  өсімдіктер  дүниесі  қорғауға  алынады.   Қорықтардың  табиғат  эталонын қорғауда  олардың  негізгі  маңызды  қасиеті,  қорық  территориясындағы   өзгерістер  адам  қызметінің  қатынасынсыз  өзімен  өзі  жүреді.  Сондықтан көптеген қорықтар егер антропогендік ландшафтардың  ортасында  орналасса,  өнеркәсіп  пен құрылыс, ауыл шаруашылық жұмыстарының  әсері  тимеуі  үшін  қорық  өзінше 2 километрлік қорғаныс зонасын жасайды.

Қорық —  ерекше  қорғауды қажет ететін құрып бара жатқан  өсімдіктің, жануарлардың түрлеріне және өлі табиғаттың бөлшектерін жеке объектілері мен  құбылыстарын  сақтауға  өте   қолайлы.

Қорықтардың тағы  бір ерекшелігі  өсімдіктер мен жануарлардың генофондысын  сақтайды.  Соның нәтижесінде биогеоценоздың  қаситі  мен құрылысы  жайында хабар беріп  отырады.  Қорық территориясындағы  өсімдіктер  мен жануарлар  түрлерінің қорық  маңындағы  жерлерге  тарап  отыруы да өте маңызды іс.

 «Қазір  Қазақстан территориясында көлемі  784,1 мың   гектар жерді  алып  жатқан  тоғыз  қорық  бар.  Олар:  Алматы,  Ақсу – Жабағылы,  Наурызым,  Барсакелмес,  Қорғалжын  Марқакөл және  Үстірт және т.б.  Көлемі 5,6 миллион  гектар  жері  бар 50 –дей аңшылық заказниктері,  көлемі 5,6  миллион  гектар  жердей 42  зоологиялық және 18 (217 мың га)  ботаникалық  объектілер қорғалатын  заказниктер,  3 табиғат ескерткіші  бар» [18].  Бұл  қорықтарда,  бұрын  даламызда  мекендеген,  соңғы кезде саны азайып  кеткен жабайы  хайуанаттар мен сирек  өсімдік  түрлері  қорғалады.  Сондай – ақ   қорықтар өзінің  сұлу табиғи көрінісі,  онда  өсетін  ағаш  түрінің  ерекшеліктерімен де  бағалы.  Қорықтардың  кейбіреуі табиғат  қорғаудың  халықаралық одағы жанындағы ЮНЕСКО  ұйымының  құрамына енген. 

Қорғалжын   қорығы.   Қорық  территориясы Ақмола облысы Қорғалжын ауданының жеріне  енеді.  Ол  1958 жылы тың  игерген өлкеде табиғаттың  қызықты да  бағалы  жерін сақтау мақсатымен ұйымдастырылды.  Қорғалжын  қорығын әдетте “Құс базары”  деп  те атайды.  Оның  себебі  осы  аймақта түрлі  құстардың  тіршілігі үшін  аса  қолайлы  жер.  Мұнда  жер жүзінде тым  сирек кездесетін  қызыл қаз,  аққұтан, қызыл жемсаулы қасқалдақ  және  басқа  құстар бар.  Әсіресе  бұл қорықтың  дүниежүзінде саны сиреп бара жатқан  қоқиқазы   қорғаудағы  ролі зор.

Дүниежүзінде  өте  сирек кездесетін  құс —  қызыл қаз немесе  қоқиқаз елімізде  тек қана  Қазақстан жерінде,  Қорғалжын қорығындағы  теңіз  көлінде  жұмыртқалайды.  Көбінесе осы  көлдің адам бара алмайтын аралдарында қоқиқаздар ұялайды. Олар құмға  балдырларды араластырып ұя жасайды. 

«Оған теңіз — Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді. Жер аумағы 258,9 мың гектар. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы 41-420С суық болса, шілдеде температура 38-390С градусқа жетеді. 125-130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 млн шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, жалпы айтқанда жусан, көкбек, бозселеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп т.б. өседі. Әсіресе суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді» [19].

Қорық жануарлар дүниесіне де бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 794, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10 астам түрі тіршілік етеді. Қорғалжын көлінде 32 мыңдай қасқалдақ, 10-12 мыңдай үйрек, аққу, қаз т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықта ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе  көп болғандықтан қорықты “Құс базары” деп атайды. Қорықта дүниежүзінде сирек кездесетін қызғылт қоқиқаз бар. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 — 60 мыңдай болса, 2000 жылы 10-15 мыңдай қалды.

Атбасар қорықшасы — шаруашылыққа пайдалануға болатын белгілі бір географиялық аймақта орналасқан жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір  түрлерін геологиялық объектілерді, табиғаттың көрікті жерлерін уақытша қорғайтын табиғи аумақ. Қорықша  1976 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданында құрылған.  Ауданы 75 мың  гектар.  Қорықта онда  мекендеген аңшылық кәсіптік  жануарларға,  ұя салатын  құстарға түлеу,  қыстау  кезінде,  балықтардың  уылдырық  шашуына қамқорлық  жасалған.  Негізгі  жер  бедері  — жусан  мен  бетеге  аралас  бөз дала,  қыран  бөктерінің тау – тасты  бөлігі, суарма  және  сай – сала  шалғындары.

Дубров   қорығы —   Солтүстік  Қазақстан  территориясында  орналасқан.  Жер көлемі  40 мың  гектар.   Солтүстік  Қазақстан   орманды дала  зонасында  шоғырланған.   Гранитпен  құрылғын  ұсақшоқы, тік  беткейлі  жазық  ұсақшоқы  жайылымымен  және  қайыңды  орманды ландшафтысына  тән.

Мемлекеттік  Ерментау  қорығы —   Ақмола   облысында  орналасқан.  Қорық  Ерментау  массивінің тау етегін  және  биік  емес беткейлерді  алып жатыр.  Мұнда  үлкен қызығушылықты  таулы – далалық өсімдіктер  және  төмен  беткейлердегі  жануарлар әлемі  әктас тудырады.  Құрғақ  дала  әртүрлі  шөпті даласымен  ауысады  және жайылымдармен жазық маңында  бөлшектелген  тау  қайыңды  ормандар  және  бұтақ  тәріздес  өсімдіктер  кездеседі.  Ландшафт  жағдайы  тұяқты  жануарларға  өте қолайлы.

Мемлекеттік Смирнов  қорығы — Солтүстік  Қазақстан   облысында орналасқан  және  240 мың  гектар  жерді  алып жатыр.  Батыс сібір  жазығының  жағалаулық,  көл котлавинаға  қараған  массивтік  және қайыңды  орманды ландшафты  қамтиды.  Көл  суда  жүзетін  құстарға ұялауға  қызмет  етеді.

Безымян қорығы  —   Ақмола облысында  орналасқан.  7,9 мың  гектарды  құрайды.   Ландшафтысы – ұсақ  шоқылар,  беткейлер, қайыңды  орманды  жерге тән.

Лебяжий  қорығы – Павлодар  облысында  орналасқан.  Территориясы  0,4 мың  гектарды  құрайды.  Ландшафты – қарағайлы  орманды, Ертіс  маңы  даласына  тән.  Қорықта  құстар  мен  өсімдіктердің  кейбір  түрлері  ерекше  қорғалады.

«Табиғи байлығын тиімді, дұрыс пайдалану  дегеніміз – мүмкіндігінше  оны  рәсуа  етпей,  ыждағаттылықпен  халық  игілігіне  қайтадан  көбейтілуіне  жол  ашу» [20].    Яғни,  табиғат  ресурстарын тиімді  пайдалану,  оны қорғау  өте  күрделі жұмыс.  Ол  үшін  ең алдымен  адам  мен табиғат  арасындағы  өзара  қатынасты  дұрыс  шешу,  табиғат  байлығын  “талай”  бермей,  керісінше  оны арттыру  ісіне  атсалысып,  күтіп – баптау шараларының  дұрыс жолға  қойылуы  қажет.    Еліміздегі  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану —  табиғатты  қорғау ісімен  тығыз байланысты.

Табиғатты  қорғау – табиғаттың өзіндік жағдайын  сақтау  және  бұрынғы сипатын қайтадан  қалпына  келтіру  арқылы  табиғи  ресурстарды ысырапсыз  пайдалану   үшін құрылған  мемлекеттік жүйедегі  қоғамдық шара.  Оның  басты  міндеті  халық шаруашылығын шикізат,  энергиямен  қамтамасыз ету және  еңбекшілердің  дамуын  табиғат заңдарымен  ұштастыру.

Ерекше  қорғалатын  территорияларды атап өтелік.

Ұлттық саябақтар.  Ұлттық саябақтардың мемлекеттік  қорықтардан елеулі айырмашылықтары бар. Айталық қорықтарда табиғат байлықтары, сол  аймақтың ландшафты географиялық  белдеуінің үлгісі ретінде  қорғалады.  Мұндағы  жерлер  шаруашылық айналымынан  босатылады да, барлық экологиялық процестер өз бетінше жаратылыстың  заңына сәйкес дамиды.  Адам оны тек  бақылап  зерттеушісі, тыныштығын сақтайтын қорғаушысы  ролін атқарады.  Ұлттық саябақтарға жүктелетін міндет бұған қарағанда  әлдеқайда күрделірек. Оларда  табиғат кешендері адамдардың тынығып демалуымен ұштастыра отырып, қорғаудың ғылыми негізгі әдістері іздестіріліп,  жүзеге асырылады.

Көпшілік дүниежүзінің елдерінде табиғаттың қорғалатын учаскелерінің негізгі сферасы  ұлттық саябақтар. Қазақстанда  ұлттық саябақтар ұйымдастыруға қолайлы  жерлер бар және ондай  шаралар жүргізіліп те  жатыр.

Көкшетау ұлттық табиғи саябағы – Көкшетау қаласынан оңтүстік батысқа қарай 60  шақырым жерде орналасқан қорықтық аймақ. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары кіреді. Жерінің аумағы 586,8 мың гектар, оның 97,7 мың  гектары орманды алқап, 166 мың гектар жайылым, 7 гектары шабындық, 289 мың гектары жыртылған, 25 мың гектарын сулы — батпақты жерлер алып жатыр.

Климаты — тым континенттік, қысы суық қарлы, жазы қоңыржай, жер бедері қыратты – төбелі, жазық жерлер гранит — тасты шоқылармен  және ауырлы қырқалармен үйлесіи тапқан. Олардың  баурайларында қалың қарағайлы орман өскен. Орман арасындағы көгалдар мен өзен алқаптарын астық тұқымдас өсімдіктер басқан.

Саябақта 200 жуық археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар мен көне заманғы елді мекен орындары бар. Сырымбет тауының  маңында ХІХ ғасырда тұрғызылған ағаш үй сақталған. Сырымбет даласы ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмірімен байланысты тарихи жерлердің бірі.

Алдағы уақытта республика жерінде Қарқаралы, Алматы  ұлттық саябақтарын ұйымдастыру қажеттігі жайлы жұмыстар істелуде.  Ұлттық саябақтардың жер көлемі 1000 гектардан аспауы керек,  бағалы табиғи объектілер, шамамен табиғаттың сақталуы, табиғат ресурстарының пайдаланбауы,  белгілі бір жағдайда  халықтардың (адамдардың)  келу мүмкіндіктері  Орталық мемлекеттік органдарға  бағынбауы негізінен  1969 жылы қабылданған МСПО – тың халықаралық өлшеміне немесе  шектелуіне сәйкес келуі қажет.

Бурабай ұлттық табиғи саябағы. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар табиғи  және мәдени-тарихи кешендер мен объектiлердi сақтауға, қалпына келтiруге және көп профильдi пайдалануға арналған ерекше қорғанысқа алынған табиғи аумақ.

Жалпы алғанда ұлттық парктер рекреациялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруға бағытталған. Ұлтты парк бұл-ерекше рекреациялық ресурс. Жалпы сауықтыру функциясымен катар парктер, осындағы демалыстың ерекшелiгiне сай, кем дегенде үш талапқа жауап беру керек: табиғатпен қарым-қатынас кезiнде зор қанағат алу, демалыстың танымдық қаныққандығы, бөгеттердi өту мен физикалық күштегi адамдардың кажеттiлiктерiн қанағаттандыру.

Еш күмәнсiз, ұлттық парктiң негiзгi арналуы — туризм. Ұлттық парктерде туризмнiң әртүрлерiн ұйымдастыруға болады. Парктегi туризмнiң негiзгi  бағытын рекреациялық ресурстар анықтайтынына  қарамастан, ұлттық парктердiң сферасына туризммен игерiлмеген аймақтар, бiрақ  жоғары танымдық функциясы бар аймақтар енгiзiлуi мумкiн.

 «Бурабай» ұлттық табиғи паркi  дала зонасындағы граниттi массивтерде орналасқан азональдi  қайың-қарағайлы ормандарды сақтау үшiн құрылған. Парк Қазақстан Республикасының үкіметінін қаулысымен 2000 жылдын 12 тамызында құрылды.  Осы ұлттық парк өзiнiң ерекше көрiктiлiгiмен көзге түседi. Оның негiзгi мiндетi болып:

— ландшафттын бiрқалыптылығын, флора мен фаунаны, тарих, табиғат және мәдени ескерткiштердi сактау.

-ғылыми–танымдық  мақсатта организмдердiн генофондысын сақтау.

— бұзылған табиғи бiрлестiктердiң эталондығын сақтау.

— денсаулықты күшейту, рухани және эмоциялық дамуды қамтамасыз ететiн халықтың демалыс пен емдеудiн ұйымдастырушылық түрлерi мен туризм үшiн қолайлы жағдайлар жасау болып табылады» [21].              

 «Бурабай»   ұлттық  табиғи  паркi   107 жыл өмiр сүрiп жатыр. Оның орнында орман шаруашылығы, кондукторлардын мектебi, мемлекеттiк корык, орман аң аулау шаруашылығы, Бурабай орман шаруашылығы, «Бурабай» сауыктыру комплексi де болды. 1989 жылы Көкшетаулық облисполком «Бурабай» ұлттық паркiн құрудын инициаторы ретiнде болды. Ұлттык парк Зерендi, Имантау, Шалқар көлдерiнiн зоналарында «Кокшетау» мемлекеттiк ұлттық парк деген атпен ұйымдастырылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының өкiметiнiн қаулысы бойынша, Бурабайда Президенттiн шаруашылык баскармасы «Бурабай» табиғи- сауыктыру орман шаруашылық комплексi құрылды. 2000 жылы Бурабай мен Щучинск курорты зонасынын территориясында «Бурабай» ұлттық табиги парк құрылды. 1962 жылы құрылған Бурабай аң аулау шаруашылығы жабайы жануарлардың акклиматизациясымен  және реакклиматизациясымен, Бурабайдың фаунасының байлығын қалпына келтiрумен айналысты. Бiрақ негiзгi мiндетi болып, осы география зонасына тән өсiмдiгi, геологиялық құрылымдар мен тарихи ескерткiштерi бар табиғат участкiлерiн табиғи күйiнде сақтау табылады.

«Бурабай» ұлттык паркiнiн мақтанышы табиғат мұражайы болып табылады. Ол халықтың арасында табиғатты корғауды насихатауымен айналысады. 

Табиғат ескерткіштері.  Бұл сирек,  құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетіне бұзылып бара жатқан және  сонымен бірге ғылыми эстетикалық кейде тарихи немесе мәдени  жағынан құнды табиғат объектілері.  «Табиғат ескерткіштерін қорғау – табиғатқа  тән бір затты қорғау.  Бұл сөздің мағынасына  жете мән берсек, құрып бітіп бара жатқан жануарлардың жеке  бір түрлерін қорғау,  мысалы, құланды, мензбир суырын, арқарды, т.б» [22]. Табиғат ескерткіштерінің қатарына табиғаттың қорғауға алынған жекелеген объектілері сирек кездесетін қойтастар, геологиялық ашылып қалған қабаттар, үгілуден пайда  болған тау жыныстарының ерекше  формалары,  рельефтің бірегей  формалары, сирек кездесетін ағаштар  мен өсімдіктер, бұлақтар, сарқырамалар  және  басқалар жатады. Қазақстан жерінде Республика дәрежесінде 24 табиғат ескерткіші  бар.   Оның  ішінде  аса маңызы  бар үшеуі Қазақстан Министрлер  Кеңесінің арнаулы  шешімімен  қорғауға алынған.

Табиғат ескерткіштерінің бірі – Павлодар қаласының  орталығындағы   “Жыл құстары”  (“Гусиный  перелет”).  Бұл табиғат  ескерткіші  дүниежүзілік палеотология  әдістерінде  “Гиппарион хайуанаттары”  деген  атпен аталып жүр. Ертеде  кең – байтақ Қазақстан жерінде үйір – үйірімен жосып жүрген, бірақ  кейіннен  жойылып кеткен жануарлар  сүйектерінің  өте көп шоғырланған бұл жері Ертіс өзенінің   жарқабақты оң жақ жағалауынан 2 гектардай жерді алып жатыр.

 «Табиғат ескерткіштерінің қай жағына болса да маңызы зор, оларға кішкентай үңгілер  (урочище, роша)  көлдер, аңғарлар таудың бөліктері  және  жеке  объектілер (сирек геологиялық  ашылған жерлер,  пайдалы қазбалы орындардың эталоны, құрама сулар, үңгірлер, сирек немесе  тарихи құнды  ағаштың  жеке түрлері т . б.)  сол сияқты  жасанды табиғат объектілері (ескі көшелер мен парктер, көне  қалалар, карьерлер, тоғандар, т.б.)  жатады» [23]. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН РЕСУРСТАРЫ

 

2.1. Емдік туристік ресурстар

 

Емдік туризм деп — адамдардың өздері тұратын жерлерінен басқа жаққа табиғат жағдайлары мен факторларын емдік мақсатта пайдалануын айтамыз. Емдік туризм негізі курорттар мен санаторий жүйесі және басқа сауықтыру орталықтары болып табылады. Онда адамдар күнделікті тіршілік ортасынан оқшаулана отырып жаңа ортада табиғат аясында оның емдік ресурстарын денсаулығын түзету мақсатында пайдалануы. Емдік сауықтыру орталығында емдік ресурстар (су, ауа, батпақ т.б.) кеңінен қолданады. Курорттық немесе санаторий жағдайында ем алу сауығу адамдарды табиғат ортасында емдеу, шынықтыру болып табылады [24]. Жұмыс істеу барысындағы шаршаған организмді қалпына келтіру тек емдік туризм жағдайында іске аса алады. Бұл жағдайда адам организмі жаңа ортада емдік сипатқа ие болады. Оның негізі режим сақтауға байланысты.

Психикалық және емдік прцедуралар адам организмінің қалпына келтіруге, аурудың алдын алуға алғышарттар жасайды. Табиғи емдік факторлар әсері осындайда байқалады.

Емдік туризмнің түсініктері. Емдік туристік ресурстар  —  туристік көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық,   нысандары, сондай-ақ туристтердің рухани қажеттілігін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жарайтын, салауатты өмір сүруге жәрдемдесетін өзге де нысандар болып табылады. Туристік қызығушылыққа табиғат, тарихи-мәдени ескерткіштер: ландшафтылық-климаттық белдеулер, геологиялық, гидрологиялық  нысандар (тау бедері, бархандар, үнгірлер, сарқырамалар, мұздықтар т.б), мұражайлар мен басқа да құбылыстар жатады.

Ақмола облысы республикасы курорттық ресурстарға өте  бай.  Елдің солтүстік  бөлігінде олардың  көбісі  шоғырланған.  Оған себеп жердің климатының  қолайлылығы, түрлі минералды сулардың, бапақпен емдеу  ресурстарыны өте көп.  Мұнда  көптеген санаторийлер  орналасқан.  Олар Бурабай,  Оқжетпес, Шучинск, және т.б. Суға шомылу мерзімінің қысқалығы тау беткейлері мен тауларда орналасқан  көлдерге байланысты. Су ресурстарының қоректену көздеріне байланысты оларды туристтік–демалысқа пайдалану жолдары әлі күнге дейін қолға алынбаған.

Емдік туризм қазіргі туризм классификациясында елеулі орын алады. Қоғамдық қатынасы мен технологиясына орай үш формаға бөлінеді: емдік, сауықтыру-спорттық, және танымдық. Осылардың негізінде туризмнің класы, типтері, түрлері анықталады. Туристік саяхаттың алдына қойған мақсаттарына қарай олар төмендегідей жіктеледі:

а) рекреациалық  туризм,

б) экскурсиялық туризм және 

в) мамандандырылған туризм.

Рекреациалық туризм  емделу және дамалу мақсатын көздейді. Оның өзі курортта емделу деп бөліне отырып, климатпен емделу, бальнео емделу, кымызбен емделу  және батпақпен емделу деп те бөлінеді (Сурет 1). Климатпен емдеу өз алдында  талассотерапияға (теңіздік климатпен байланысты, суға түсумен, күн энергиясын қабылдаумен), гелиотерапияға (күн сәулесін қабылдау),   аэротерапия (ауның мүмкімшіліктерун пайдалана отырып) сауықтыру және емдеу, аурудың алдын-алу шараларын қамтиды. Қазақстан халқының материалдық және мәдени өмірінің деңгейінің өсуі, өнеркәсіптің дамуы, Маңғышлақ түбегінің мұнай мен газ байлықтарының меңгерілуі, тың жерлерді игеріп, жаңа шаруашылықтардың құрылуы, сонымен қатар ауыл шаруашылықтың басқа салаларының дамуы, қайта құру кезеңіне дейін Қазақстан халқының санының ұдайы өсуіне әкеп соқты. Бірақ ол тек табиғи өсіммен ғана шектелмеді, Қазақстандағы басқа жерлерден халық қоныс аударды. Осының нәтижесінде курорттық-санаторийлік емдеудің қажеттілігі өсті. Бірақ, егер біз емдеуге қажетті ғимараттардың салыуының және халықтың тұрмыс жағдайы қажет ететін ғимараттарды салудың нәтижесін салыстырсақ емдеу ғимараттардың, яғни санаторий мен курорттардың саны халықтың қажеттілігін қанағаттандырмайды.

Курорттар өте ерте кезден бастап қалыптасуына монша мен минералды су көздерінің адамдардың пайдалануымен байланысты (б.з. П ғ.). Табиғаттың емдік қасиетін климаттық факторларына қарай пайдалану олардың таралу аймағының жылы теңіз жағалауы мен жер асты ыстық бұлақ көздеріне байланыстылығын  байқатады. Ертедегі египет тұрғындары емдеумен айналысқан. Денені шынықтыруда суды, күнді, ауаны пайдаланған. Қазіргі туризм элементі серуен дұрыс пайдаланылған. Алғаш термальді суларды швейцария курортында  Санкт – Мориц. маңайында пайдаланған деген деректерге сүйенсек орта ғасырлардан бастау алады [25].

  Пломбьер — ле-Бен және Ахен – император Ұлы Карл демалатын мекені. Кейінірек Спа және Котре, Абано – Терме минеральді су көздері монастрлерге берілген. Сол заманның курорттары ішінен Карлсбад (Карловы — Вары),  14 ғасыр, Баден – Баден курорттарының негізі қаланғандығын анықтаймыз.  Курорттардың дамуы 18 ғасырға тән құбылыс. Англия жағалауында емдік сауықтыру орындары пайда бола бастады. 

1792    ағылшын дәрігері Р.Рассел   теңіз жағалауына балалар емдік курортын ашқан ( Маргите)   Италиямен Францияда  19-20 ғғ.  Қазіргі Европалық курорттардын ірге тасы қаланды. Алғашқы кезде бұл жерлер негізінен емдеу жұмыстарымен айналысса, қазір көбінесе сауықтыру, демалумен айналысуда. Чехия санаторий мен курорттық емдеуден Европада бірінші орында тұр. Ең үлкені Карловы-Вары.   Соңғы жылдары 50 мың адам 70 елден келіп демалады. 2 млн. экскурсанттар болған деген деректер бар. Қазіргі курорттар спортпен айналысуға мүмкімдіктер жасауда.

Казино, түнгі клубтар, гольф алаңы т.б.  Европада Чехиядан кейінгі орында Венгрия тұр. Ол ыстық бұлақтарымен әйгілі. 19 ғасырда Европада сумен емдеу орталығы қалыптасты.

Қазір 22 қалада 66 елді мекенде емдік ресурс көздрі бар .Әлемге танымал курорттар: Баден-Баден, Висбаден (Германияда), Виши (Францияда), Бат  (Великобританияда),  Спа  (Бельгияда) орналасқан. Минералды сулар негізінде Америкада — Маммот-Спрингс, Хибер-Спрингс, Хот-Спрингс (штат  Арканзас), Теңіз жағалау курорттары ашылған.

 Таяу шығыста емдік туризм Өлі теңіз маңына шоғырланған. Израйл курорттарынан    Эйн-Букек, Эйн-Геди, Неве-Зохар  атап өткен жөн. Азиялық емдеу туризмі өзіндік сипатқа ие. ТМД елдерінің емдік туризмі  1 Петрдің   1717 жылғы указына байланысты дамыған «О приискании в России минеральных вод», которыми можно пользоваться «от разных болезней».  

«1719 жылы   1  Петр    указымен  алғашқы Марциаль Кончезерск сулары негізіндеП етрозаводск маңында емдік курорт ашылған.

Курорт ісі Октябрь революциясынан бастап 1990 жылдарға дейін қарқынды дами отырып емдік, алдын алу жұмыстарын жүргізді. Оның дамуына С.П. Боткин,  Ф. Снегирев, Г.А. Захарьин, А.А. Остроумов т.б. ат салысты» [26].

Қазақстан аймағындағы емдік ресурстар 19 ғасырдан белгілі. 1834-1880 жылдары Рахманов ыстық бұлағы, Арасан-Капаль бұлағы,  Бурабай, Жусалы, Барлық-Арасан мен батпақты жерлер туралы мәліметтер пайда бола бастады.

 Қазақстандық зерттеушілерден Н.Н. Славянов, П.И. Зарницын, В.И. Иванов-Незнамов, М.Г. Курлов, В.А. Климовицкий  көп еңбек етті.

   «Аяқ-Қалкан», «Жаңа-Қорған»  курорттарының ашылуына профессор А.Н. Сызганов еңбегі мол. С.И. Замятин республикадағы барлық батпақты көлдер мен минералды су көздерін зерттеді.

«Туризмдегі табиғат-рекреация ресурстар тобы деп — географиялық ортадағы ресурстардың жиынтығын айтамыз. Оларға Литосфера, Гидросфера, Атмосфера және Биосфера қабатындағы кездесетін ресурстар кіреді. Бұл топтың өзін үшке бөле отырып қарстырған орынды» [27].

Солардың бірі – Ландшафт. Ландшафт  адамдардың  туризмге деген сұранысының негізгі көрсеткіші. Таулы рельеф оның құрамдас  бөліктері Қазақстан жерінде Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы (Жоңғар) Алатауы,  Солтүстік, Батыс  Тянь-Шань  тау  сілемдері, Қаратау, Мұғалжар, Сарыарқа өңірінің  таулары құрайды. Өзендер мен көлдері өзіндік сипатқа ие. Балқаш, Алакөл, Каспий  теңізі болашақ сауықтыру  демалыс, емделу зонасына айналуы тиісті.

 

 

 

 

 
   

 

 

                          ТУРИЗМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cурет 1. Емдік туризмнің туристік классификациясындағы орны

 

Бұлардан өзге Сарыарқа өңіріндегі  көлдер, таудағы көлдер туристік нысан ішінде өзіндік орнын әлі таппай отыр. Қазақстан жері табиғат ландшафтысының барлық  түрлерін  қамти отырып шөл, шөлейт  зонасынан  бастап таулардағы  мәңгі мұз, мұздықтар әлемімен туристерді таныстыруына мүмкімдігі бар бірден-бір ел.

Туризмдегі ландшафт тобын құрайтын туристік ресурстар туризмнің танымдық, экологиялық, аңшылық, балық аулау, емдік, шытырман оқиғалы, спорттық туризмді дамытудың алғышартын құрайды [28].   

Қазақстан   тәуелсіздік алған  1992-2009 жылдар аралығында көптеген санаторий, курорттар жекеменшік иелігіне көшті. Тек 2004 жылдардан бастап санаторий курорт ісі қайта жандана бастады. 

 

2.2. Курорттар

 

Бурабай курорты —  Көкшетау облысының Щучинск ауданында  орналасқан.  Көкшетау тау жотасында 350 м биіктікте орналасқан.  Курорт өзінің әдемілілігімен, көрікі көлдерімен, көптеген  өсімдіктері және  жануарлар  әлемімен атақты болып, “Қазақстан  маржаны”  деген жақсы атаққа ие  болған.

 Көкшетау жотасының орталық бөлігін  Көкшетау тауы алып жатыр.  Таудың  теңіз  деңгейінен биіктігі 947 м.  Ол жан–жағынан  дала ауданы, кристалды  тұқымдарынан қарағайлы – қайыңды ормандарымен жабылған таулы ландшафт.  Күн сәулесінен, судан, желден,  жер қыртысынан тау түрлі  жұмбақты формалар құраған. Ол формалар  аңдарға, қамалдарға ұқсас [29].

Бурабай  бұл көптеген  көлдердің өлкесі.  Ең  үлкен және  ең таза  көл болып  “Үлкен  Чебичье”  болып табылады,  мұнда  тек таза суда ғана мекендейтін балық, жәндіктер  жүреді.  Курорт зонасындағы сазан,  судак, карт, караль, репу балықтары алып келінген.  Бұл балықтар  Бурабай  көліне  жақсы бейімделген.

Бурабай – Көкшетау  облысының Шучье ауданындағы  тұйық  көл.  Теңіз деңгейінен 301 м  биіктікте орналасқан.  Көлдің  аумағы  — 10,5 м2,  ұзындығы – 4,5 км, ені – 2,5 км.  Орташа  тереңдігі – 4,5 м,  ең терең жері – 7 м.  Тектоникалық ойыстағы көлді әсем қия жартасты  тау  жоталары  қоршап  тұрады.  Суы  тұщы  және  мөлдір,  ең тереңдегі жәндіктер  мен балықтар айқын көрінеді.  Сыңсыған  қарағай,  тұйық орман, әйгілі   “Жұмбақтас”, Көкшенің шоқылары  көлді ерекше  көрікті етіп тұрады.  Сол себепті  жұрт оны  “Қазақстан Швецариясы”  деп  атайды [30]. 

Көлде шабақ, алабұға, табан балық, сазан,  шортан бар.  Бурабай көлінің айналасында курорт, санаторий, демалыс үйлері мен  лагерлер орналасқан.  Көлде қайықпен, катамарандармен   жүзуге  ыңғайлы, туристердің сүйікті демалыс орны.  Көл  өзінің әсемдігімен  ерекшеленеді.  Оның  шығыс  жағалауы суға түсіп, шомылуға, демалуға  өте ыңғайлы.

Көкшетау тауының орманды  беткейінде “Оқжетпес”  жотасы  көрінеді.  Оның шыңы  жерде  жатқан пілдің  формасына ұқсайды.  Оның жанында, яғни көк шығаның суынан 18 метрде  “Жұмбақсат” көрінеді.

Қазіргі кезде Щучинск-Бурабай демалыс зонасында бұқаралық нысандағы 47 объектінің құрылысы жүріп жатыр. Жақын уақытта Щучинск қаласында қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында спорттық комплекс ашылады. Халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі кездегі талапта шаңғы базасының құрылысы басталды. Гольфклубтың алдыңғы қатары ашылуға дайын тұр. Бурабай елді мекенінде қазіргі заан талаптарына ай жылдам тамақ әзірлеу объектілерін тұрғызу жоспарлануда. Демалу және сауықтыру туризму үшін жағдайдың барлығы жасалған фешенебелді қонақ үйлердің, котедждердің, кемпингтердің саны артуда.  2006 жылы инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, олар табиғатта демалу шарттарын орындау, ең жоғарғы халықаралық деңгейдегі толық қызмет кешенін құру үшін жасалған. Сондықтан кәсіпкерлерге ГНПП «Бурабай» аса жоғары деңгейде қорғалатын территориядағы жерлерді ұзақ мерзімге жалға беру туралы шешім қабылданды. Оның мақсаты көлдердің жағажайлы зоналарын танымайтындай өзгерту. Болашақта олар жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға жауап беруі керек, ол үшін бастапқы сатыда ерекше конструкциядағы заманға сай пирстар, мини-аквапарктер, жеңіл павилиондар салу керек, ескірген жабдықтарды жаңаға ауыстыру керек.

Демалыс зоналарын құру бойынша екінші дәрежелі мәселелерді де, жағажайлы зоналарды жылдам жүретін су скутерлері және түнгі уақытта электр шамдарымен жамылған су асты ресторандарымен байланысты мәселелерін шешу керек. Ол қызығушылық танытқан және икемі бар іскерлерге Бурабай, Шыбышы, Щучье, ән салушы аралға6 Тынық бухтаға, «ән салушы қайыңдарға» қараған Қотыркөл, көлдерінің маңайында орналасқан жағажай аудандары беріледі, қызығушылық танытқан адамдарға Қазақстан туризмінің «маржанын» бірнеше рет тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беріледі. Бурабай территориясында рекреациялық жүктемені алу үшін курортты бизнестің объектілерінің бір бөлігін аудандағы басқа өзендердің маңайында салу қарастырылуда. Алғашқы сатыдағы игерудің стратегиялық территориясы Кіші Шыбышы көлі маңайы болады, оның территориясында приоритетті жағажайлық туризмді дамытудың зонасын, приоритетті қонақ үй және тау бизнесін дамыту зонасын құру жоспарлануда. (Сурет 2).

 

Сурет 2. Щучинск-Бурабай курорттық зонасының территориясын рекреациялық игеру стратегиясы аймақтары: Кіші Шыбыш өзені ауданы

 

Бұл жер тау, қылқан жапырақты орман  және  көлдері  қайталанбас  әдемі ландшафтысымен ғана  емес,  сонымен  қатар ірі емдеу  орындарымен,  түрлерімен ерекшеленеді.

Климаты тым континенталды.  Қысы  қоңыржай сауық, қаңтар айының орташа  температурасы —  +160С,  қар жамылған қараша  айынан бастап сәуір айының басына  дейін созылады.  Жазы жылы,  шілде  айының орташа  температурасы — +190С.  Жылдық жауын – шашын мөлшері 400 мм-ге жуық.  Ол  көбінесе жылы  айларда  түседі.  Жылдық  орташа ылғалдылығы —  71 жетеді.

Бурабайда санаторийлер, демалыс үйлері, спорттық —  сауықтыру лагерлер өлкесі  орналасқан.  Мұнда  Қазақстанның түкпір — түкпірінен   және ТМД  елдерінен он мыңдаған адамдар өзінің  денсаулығын жақсарту  үшін, табиғи байлықтармен танысу үшін және   көңіл көтеріп дем алу  үшін  көптеп келеді.  Бурабай  емдеу орталығында  көптеген ауруларды емдейді.

Бурабайдағы  — ең  бірінші емдеу түрі, бұл – қымызбен емдеу.   Мұны  1910 жылы П.Н. Емельянов ашты.  Мұның  даму  кезеңі 1920 жылдан  кейін басталады.  Бурабай  көлінің солтүстігінде  “Бурабай”  санаториі  орналасқан (800 орын).  Онда өкпе туберкулез ауруын  емдейді.  Ал, шығыс  бөлігінде жасөспірімдер туберкулез ауруын емдейтін санаториі (2000 орын) бар.

Әдемі таза  көлдердің, үлкен таулы  орман массивтерінің болуы,  ауаның тазалығы,  климатотерапия жүргізуге  қолайлы.  Бұның  емдеуінің  негізгі  факторы қымызбен емдеу  болып табылады.  Қымыз бұл қышқыл сүтті сусын.  Бұл сусын жылқы  сүтінен алынады.  Қымыз ерте заманнан көшпенді  халыққа белгілі.  Қымызбен емдеу тәсілін  орыс емдеушісі Н.В. Плотников ойлап тапқан.  1858 жылы бірінші рет    “Самара жанында қымызбен емдеу орталығы” ашылды.

Мұнда қымызбен емдеуден басқа да емдеу  түрлері  бар. Олар сульфитті батпақпен емдеу және балпасшор көліндегі хлоритті натрий — магний  рапасымен емдеу және  Бурабайдың солтүстік – батысында 8 км  қашықтықта  орналасқан Маймалық көліндегі хлоритті натрий – магнитік суымен емдеу түрлері бар. 

«Батпақпен емдеу қоры 400 мың  тонна.  Бурабай курортында  негізгі  емдеу түрі   өкпе  туберкулезі. Сонымен қатар, асқазанды, жүректі, демалу мүшелерін және  тағы басқа көптеген ауруларды емдейді.  Бурабай  өзінің батпақты  емдеумен және менералды суымен ерекшеленеді» [31]. 

Мұнда көл  суына түсіп, жағажайда жатып қыдыруға болады.  Мұнда  суға  түсу уақыты маусым айынан басталады. Бурабай санаториі Қазақстан аумағында өте әйгілі. Мұнда көптеген Қазақстандық  демалушылар, емделушілер келіп демалып,  емделеді.  Сонымен қатар, шет мемлекет халықтары Көктаудың Көкше  даласын  көріп, қызықты,   “Жұмбақтас”,  “Оқжетпес”  сияқты  тарихи  мол оқиғаларды  тыңдауға, көлге  түсіп серуендеуге  көптеп келуде.

Бурабай курорттық ауданы өзінің табиғатымен, тауларымен, көлдерімен, жануарлар мен құстар дүниесінің әртүрлілігімен, шипалы климатымен, таза ауасымен, қымызымен, шипалы суларымен, батпақтарымен, аңыз-әңгімелерімен ерекшеленеді. Осының барлығын көру, сауықтырылу және демалу үшін туристтер көп келеді. Бурабай өңірінің демалушылары тек қана Қазақстандықтар емес, сонымен қатар Ресейден де көп демалушылар келеді.     Бірақ Бурабайдың табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстары өздерінше туристтердің келуін қамтамасыз етпейді. Осындай қарсы алудың мүмкіншілігі қажетті туристік инфрақұрылымының болуымен анықталады. Туристік инфрақұрылымының дамуы Бурабайдың туристік өнімін өндірудегі қатысуы мен оның халықаралық нарықта бәсекелестік күресте қатысуына мүмкіншілік береді. Туристік шаруашылық туристік ұсыныстың элементі болып табылатындықтан, территориялық құрылымға үлкен әсерін тигізеді. Осындағы алдыңғы орын түнеу базаларына, транспортқа және тамақтану базаларына тиеді. Осы құрылымдар болмаса демалыс пен көпшілік туризмнің дамуы, жердің туристік көріктілігіне қарамастан мүмкін болмай отыр.

«Бурабай» курорттық ауданы Ақмола облысының территориясында орналасқан. Астана мен Көкшетау қалаларына жақын орналасқан жұмақ. Бурабай курорттық ауданына Астана қаласынан темір жолмен және автомобиль жолдарымен жетуге болады. Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының арасында да керемет автожолдар салынған. Көкшетаудан Бурабайға бір сағатта жетуше болады. Сонымен қатар Бурабайға келушілер үшін үлкен «Бурабай- курорты» темір жол станциясы жасалған. Осы темір жол станциясынан әр санаторий, демалыс орнына жүретін автобустар ұсынылады. Бурабайдың курорттық аудан ретінде дамуы тек Совет кезеңінде ғана орын алды.

Осы уақытта Бурабай курорттық зонасында тоғыз ірі санаторий, 1700 орынға арналған демалыс орындары, 300 орынға арналған 10 маусымдық демалыс базалары және 150 орынға арналған коттедж типті үйлер бар. 500 орынға арналған балалар лагерлері орналасқан. Жалпыға арналған демалыс мекемелер саны — 33, қонақ үйлер мекемелері — 16, оның ішінде 3 ведомстволық, 24 жеке мекемелер, 14 балалар сауықтыру орталықтары бар. Олардың ішінен 6 мемлекеттік мекемелер болып табылады. Сонымен қатар Бурабайда 39 сауда нүктелері, 2 мейрамхана, 5 кафе, 5 қонақ үй, 3 отель, 6 бильярд орталықтары бар.

«Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелер ішінен: 4 фотошеберхана, 2 сұлулық салоны, тұрмыстық салон, 4 ақша айырбастау пунктері, 4 жанармай құятын станциялары, 3 қайық станциясы, 1 құтқару станциясы қызмет етеді.

Демалушылардың бос уақытын өткізу үшін: 5 би алаңы, мотоциклдерді жалға алу пунктері, 2 зоопарк,  аква орталық ұйымдастырылған. Жазғы мерзімде 63 ұлттық сувенирлерді, сурет, видеофильмдерді сататын сауда нүктелері жұмыс істейді» [32].

Салық комитетінің 2005-2008 жылдардың көрсеткіштері бойынша санаторий-курорттық және шаруашылық субьектілерінен мемлекеттік бюджетке 268,8 млн теңге түсті. Сонымен қатар Бурабайда тұратын жергілікті халық өздерінің үйлерін демалушыларды орналыстыруға ұсынады.

 Бурабай ауданы курорттық аудан болғандықтан әртүрлі ауруларды емдейтін санаторийлер, профелакторийлер, демалыс үйлері, балаларға арналған сауықтыру орталықтары көп. Осыларға қысқаша тоқталып кетейік.

Бурабай курорттық ауданының ірі санаторийларына: «Светлый», «Оқжетпес», туберкулезді «Бурабай», жасөспірімдерге арналған «Бурабай», «Щучинский», «Жеке-Батыр», әскери «Бурабай», «Зеленый бор» санаторий-профилакторий, «Астана» санаторий-профилакторий, «Майбалық», «Приозерный» санаторийлері жатады. Негізгі санаторийлер, демалыс үйлер, профилакторийлер, қонақ үйлер туралы мәлімет 2 кестеде көрсетілген.

 

2.3 Санаторийлер

 

Қазіргі кезде көптеген ғылыми зерттеулерде Қазақстан халқы көп ауыратын ауруларының түрлері анықталып, халқының жалпы денсаулығының деңгейі зерттелінді, сонымен бірге курорттық-санаториялық емдеудің қажеттілігі жағынан есеп жүргізілді. Осы зерттеулер кейіннен  физиотерапия және курортология Орталық Институты қолдады. Нәтижесінде кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Оларға: Қазақстан халқы үшін санаториялық орындармен қамтамасыз ету; динамикалық жағынан 2000 жылға курорттық жәрдемі жағынан қажеттіліктің өсуіне болжамдық-жоспар жүргізілді.

Минералды суларды емдеу балшықтардың аппликацияларын сырттай қолдануда терінің рефлексі байқалады; ал іштей қолдану механизмнің гуморальдық компоненттері бүкіл асқазан тракты бойынша рефлекторларымен бірге тығыз байланыста болады; организмнің гуморалды және рефлекторлы компоненттерде эндокриннің әсері өте үлкен. Олар организмнің физикалық факторлық әсерлеріне жауап қайтарады.

Балшықпен емдеу кезінде бірқатар ферменттердің (каталаздар, оксидаздар, хоминастераздар және т.б.) активтілігі жоғарылайды.

Сонымен курорттық-санаторияларда емделудің тиімділігі ең алдымен ол адамның ағзасына қалайша әсер ететіндігіне байланысты.

Қазақстан көптеген курорттық орындарға бай. Курорттық жүйені ұйымдастыруға ғалымдар 200-ге жуық курорттың бар екенін есепке алды.

«Оқжетпес» санаториі. Бүгінде Елбасының басшылығымен қайта жөнделіп, барлық талаптар мен демалушылардың сұраныстарына сай келетін және жыл бойы жұмыс істейтін «Оқжетпес» шипажайының кеңінен танымал болуы орынды сияқты. «Оқжетпес» өте бай емдік  факторларға ие: ол климат, жағымды ауа және фитоцидтерге қаныққан Майбалық көлінің арасан суы, Балпашсор көлінің тұнбалы емдік балшығы. Шипажай тек қана ауырған, қалпына келтіру курстарын қажет ететін азаматтарды ғана емес, сонымен қатар денсаулықтары мықты, жақсы демалып, жыл бойына күш жинағысы келетіндерді де қызықтырады. Қоғамдық пікірді статистика да растайды: шипажайлық-курорттық мекемедегі сауықтыру курсы үлкендерде де, балаларда да қабыну санын 2-6 есе азайтуға мүмкіндік береді, ал шипажайлық  нәрлендіруден өткен аурулар көбіне еңбекке қайтадан оралады, олардың уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтары 2-3 есе төмендейді.

«Толыққанды өмірге, еңбекке қайта оралу «Оқжетпес» жоғары білікті мамандар тағайындайтын дұрыс таңдалған нәрлендіру курсынан басталады. Мұнда 2 медицина ғылымының кандидаты, 55 жоғары және бірінші біліктілік санатындағы мамандар жұмыс істейді. Бұл ретте әрбір емдеушіге дербес әдіс қолданылады» [33].

Шипажайдың негізгі бағыты – тыныс алу, ас қорыту, қан айналу мүшелері, жүрек пен буын-сүйек ауруларына емдік-нәрлендірушілік көмек көрсетеді. Қазіргі заманға сай қондырғылармен жабдықталған емдік-диагностикалық корпусы бар санаторий сауықтыру процесін ұйымдастыру деңгейі бойынша шетелдік курорттардан кем түспейді. Оның емдік базасында физиотерапевтік бөлімдер, функционалдық және ультрадыбыстық диагностикалық кабинеттері, климаттық-биологиялық зертханасы, сумен емдеу жүйесі, деммен қабылдау арқылы емдеу, озокеритпен емдеу, балшықпен емдеу бар. Мұнда мәліметтерді компьютерлік өңдеу арқылы экгзерттеулері, кардиологиялық тестілер өткізіледі.

Демалушыларға климаттық-диагностикалық зертхана жарықпен және тоқпен, лазермен және магнитпен, инемен емдеу және жүйкені емдеуге, арналған физиотерапевтік бөлім қызмет көрсетеді. Шипажай қазіргі заманғы әдістемелер бойынша адам ағзасына тазалау жүргізіледі. Қалпына келтіру бойынша емдеу бағдарламасында массаждың әр түрі кеңінен қолданылады.

Шипажайдың ең үлкен мақтанышы сумен емдеу жүйесі. Ол “Benisov” фирмасының жеті ваннасымен жабдықталған. Су массажы, арасан, радон, иісті ванналар, балшықпен емдеу, айналымдарды және жоғарғы өрлеуші душтар – бөлімде жүргізілетін іс-шаралар тізбегінің тек бір бөлігі ғана. Ал “NIAGARA” душтық кафедралары емдеушілердің шын ықыласына бөленген, оның ем-шараларының жоғары тиімділігі сөзсіз. Мамандар қолданатын құрамы бромға бай хлоридті-сульфатты-гидрокарбонатты-натрийлі арасан судың емдік қасиеттерін және сапрометтер турпатты тұнбалы балшыққа жататын органикалық балшықтың емдік қасиеттері ерекше аталады.

«Емдеу мен сауықтыруда жоғары тиімділікке жетуге емдеудің, демалыс пен тамақтанудың теңгерілімдігі мүмкіндік береді. Дистотерапия, шұбатпен және қымызбен емдеу жалпы сауықтырудың ең маңызды құрамдастарының бірі болып табылады» [34].

Жетекші Еуропалық фирмалардың спорттық қондырғыларымен жабдықталған спортық кешен мен бассейн демалушылардың белсенділігін арттырады. Жаттығу залы шаңғы базасы, қайықтары бар жағажай, сауналар кешені бар бассейннен тұратын шипажайдың спорттық базасы кез келген басқа, тіпті астаналық спортық базалардың қызғанышын тудырады. Мұнда демалушылар теннистік кордтардан бастап волейболдық немесе футболдық матчка, шаңғы тебу немесе атпен серуенге дейін өз көңілдерінен шығатын іспен айналыса алады. Егер «Оқжетпеске» дейін спорттық жетістіктер былайша айтқанда мардымсыз да, тәжірибелі және шыдамды нұсқаушылармен жаттықтырушылар бәрін ең басынан бастап үйренуге көмектеседі.

Демалушыларға қызмет етуге арналған, терезесі көл мен тауларға қараған бір орындық және екі орындық бөлмелер итальян жиһаздарымен жабдықталған. Шипажайдың ресторан, кафе, концерттік зал, кітапхана, фитнес-орталық, тіпті нағыз қалалықтар өздерін «өркениеттен алыс» сезінбейтін сауықхана жұмыс істейді.

Шипажайлық-курорттық қызметтердің қолжетімділігін ескере отырып, медициналық орталық пен шипажай әкімшілігі үлкен маркетингтік жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасының Президентінің іс басқармасымен келісім бойынша маусымға бөлмелердің жайлылығына және шипажайға келу мерзіміне қарай икемді жеңілдіктер жүйесі белгіленді.

Үстіміздегі жылғы 15 қыркүйектен бастап жолдамаларға қосымша күздік-қысқы жеңілдіктер 15%. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің барлық санаттары үшін 25%, отбасымен демалушыларға жеңілдіктер қарастырылуда. Осыған ұқсас жеңілдіктер Қазақстан Республикасының Президенті іс басқармасы медициналық орталығына қарасты басқа да шипажайларда (Есентуки қаласындағы Ресей Федерациясы) «Қазақстан» шипажайы, Ыстық көлдегі (Қырғыз Республикасы) «Қазақстан» шипажайы, «Алматы» шипажайы) ұсынылады. Оларда емделушілердің толық емделіп, жақсы демалуларына қажет-мүмкіндіктер тегіс қамтылған.

Бір сөзбен айтқанда, шипажайдағы демалыс пен емделу барлық талаптарға сай болу үшін керекті жағдайлардың бәрі жасалуда.

Бүгінде Елбасының басшылығымен қайта жөнделіп, барлық талаптар мен демалушылардың сұраныстарына сай келетін және жыл бойы жұмыс істейтін «Оқжетпес» шипажайының кеңінен танымал болуы орынды сияқты. «Оқжетпес» өте бай емдік  факторларға ие: ол климат, жағымды ауа және фитоцидтерге қаныққан Майбалық көлінің арасан суы, Балпашсор көлінің тұнбалы емдік балшығы. Шипажай тек қана ауырған, қалпына келтіру курстарын қажет ететін азаматтарды ғана емес, сонымен қатар денсаулықтары мықты, жақсы демалып, жыл бойына күш жинағысы келетіндерді де қызықтырады. Қоғамдық пікірді статистика дарастайды: шипажайлық-курорттық мекемедегі сауықтыру курсы үлкендерде де, балаларда да қабыну санын 2-6 есе азайтуға мүмкіндік береді, ал шипажайлық  нәрлендіруден өткен аурулар көбіне еңбекке қайтадан оралады, олардың уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтары 2-3 есе төмендейді.

«Толыққанды өмірге, еңбекке қайта оралу «Оқжетпес» жоғары білікті мамандар тағайындайтын дұрыс таңдалған нәрлендіру курсынан басталады. Мұнда 2 медицина ғылымының кандидаты, 55 жоғары және бірінші біліктілік санатындағы мамандар жұмыс істейді. Бұл ретте әрбір емдеушіге дербес әдіс қолданылады» [35].

Шипажайдың негізгі бағыты – тыныс алу, ас қорыту, қан айналу мүшелері, жүрек пен буын-сүйек ауруларына емдік-нәрлендірушілік көмек көрсетеді. Қазіргі заманға сай қондырғылармен жабдықталған емдік-диагностикалық корпусы бар санаторий сауықтыру процесін ұйымдастыру деңгейі бойынша шетелдік курорттардан кем түспейді. Оның емдік базасында физиотерапевтік бөлімдер, функионалдық және ультрадыбыстық диагностикалық кабинеттері, климаттық-биологиялық зертханасы, сумен емдеу жүйесі, деммен қабылдау арқылы емдеу, озокеритпен емдеу, балшықпен емдеу бар. Мұнда мәліметтерді компьютерлік өңдеу арқылы экгзерттеулері, кардиологиялық тестілер өткізіледі.

Демалушыларға климаттық-диагностикалық зертхана жарықпен және тоқпен, лазермен және магнитпен, инемен емдеу және жүйкені емдеуге, арналған физиотерапевтік бөлім қызмет көрсетеді. Шипажай жайында қазіргі заманғы әдістемелер бойынша адам ағзасына тазалау жүргізіледі. Қалпына келтіру бойынша емдеу бағдарламасында массаждың әр түрі кеңінен қолданылады.

Шипажайдың ең үлкен мақтанышы сумен емдеу жүйесі. Ол “Benisov” фирмасының жеті ваннасымен жабдықталған. Су массажы, арасан, радон, иісті ванналар , балшықпен емдеу, айналымдарды және жоғарғы өрлеуші душтар – бөлімде жүргізілетін іс-шаралар тізбегінің тек бір бөлігі ғана. Ал “NIAGARA” душтық кафедралары емдеушілердің шын ықыласына бөленген, ол ем-шараларының жоғары тиімділігі сөзсіз. Мамандар қолданатын құрамы бромға бай хлоридті-сульфатты-гидрокарбонатты-натрийлі арасан судың емдік қасиеттерін және сапрометтер турпатты тұнбалы балшыққа жататын органикалық балшықтың емдік қасиеттері ерекше атайды.

«Емдеу мен сауықтыруда жоғары тиімділікке жетуге емдеудің, демалыс пен тамақтанудың теңгерілімдігі мүмкіндік береді. Дистотерапия, шұбатпен және қымызбен емдеу жалпы сауықтырудың ең маңызды құрамдастарының бірі болып табылады» [36].

Жетекші Еуропалық фирмалардың спорттық қондырғыларымен жабдықталған спортық кешен мен бассейн демалушылардың белсенділігін арттырады. Жаттығу залы шаңғы базасы, қайықтары бар жағажай, сауналар кешені бар бассейннен тұратын шипажайдың спорттық базасы кез келген басқа, тіпті астаналық спортық базалардың қызғанышын тудырады. Мұнда демалушылар теннистік кордтардан бастап волейболдық немесе футболдық матчка, шаңғы тебу немесе атпен серуенге дейін өз көңілдерінен шығатын іспен айналыса алады. Егер «Оқжетпеске» дейін спорттық жетістіктер былайша айтқанда мардымсыз да, тәжірибелі және шыдамды нұсқаушылармен жаттықтырушылар бәрін ең басынан бастап үйренуге көмектеседі.

Демалушыларға қызмет етуге арналған, терезесі көл мен тауларға қараған бір орындық және екі орынды бөлмелер итальян жиһаздарымен жабдықталған. Шипажайдың ресторан, кафе, концерттік зал, кітапхана, фитнес-орталық, тіпті нағыз қалалықтар өздерін «өркениеттен алыс» сезінбетйін сауықхана жұмыс істейді.

Шипажайлық-курорттық қызметтердің қолжетімділігін ескере отырып, медициналық орталық пен шипажай әкімшілігі үлкен маркетингтік жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасының Президентінің іс басқармасымен келісім бойынша маусымға бөлмелердің жайлылығына және шипажайға келу мерзіміне қарай икемді жеңілдіктер жүйесі белгіленді.

«Үстіміздегі жылғы 15 қыркүйектен бастап жолдамаларға қосымша күздік-қысқы жеңілдіктер 15%. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің барлық санаттары үшін 25%, отбасымен демалушыларға жеңілдіктер қарастырылуда. Осыған ұқсас жеңілдіктер Қазақстан Республикасының Президенті іс басқармасы медициналық орталығына қарасты басқа да шипажайларда (Есентуки қаласындағы Ресей Федерациясы) «Қазақстан» шипажайы, Ыстық көлдегі (Қырғыз Республикасы) «Қазақстан» шипажайы, «Алматы» шипажайы) ұсынылады. Оларда емделушілердің толық емделіп, жақсы демалуларына қажет-мүмкіндіктер тегіс қамтылған» [37].

Бір сөзбен айтқанда, шипажайдағы демалыс пен емделу барлық талаптарға сай болу үшін керекті жағдайлардың бәрі жасалуда.

Щучинск санаториі. Қазақстанның басқа да санаторийлері сияқты Щучинкс те дамып, кеңейіп, үлкен жетістіктерге жетуде. 1973 жылы жеті қабатты корпусынан кейін оның көлемі кеңейтілді.

Щучинкс жазық далалық бальнео-батпақтық санаторий болып табылады.

 Ауданның климаты континенталды. Қыста суық келеді, ал жазы жылы, максималды температурасы +400С дейін жетеді. Ең жылы айлары шілді, оның орташа айлық температурасы +21,70С ал, ең суық- ақпан айы, оның орташа температурасы 17,10С.

Жауын- шашын мөлшері санаторий ауданында жылына 360 мм-ге жуық, көбінесе жаз айларында түседі. Жазда күн күркіреуі жиі болып тұрады. Қар жамылған қараша айынан бастап сәуірдің ортасына дейін созылады. Жылдың орташа ылғалдылығы 710С. Қарашада 810С-қа көбейеді. Ал мамыр айында 600С-қа төмендейді.

Жел көбінесе оңтүстік батыстан тұрады. Желтоқсан айында максималды желдің күші- 3,7 м/сек, ал шілдеде 25 м/сек тұрады. Күн сәулесінің түсу ұзақтылығы жылына 1968 сағатқа тең.

Қысы қараша айында байқала бастайды. Ең суық күндер ақпан және қаңтар айларында.

Жазы ыстық және қоңыржай ылғалды. Ылғалды ауа райымен ерекшеленеді. Жаздағы шілде айының температурасы +200С. Күздің бас жағында ауа райы ауысады.

Дәрігерлер емделушілердің айтуы бойынша, ауа райының ауысуы кезінде емдеуге кері әсерін тигізеді.

Щуче көлі санаторидің солтүстік шығысында орналасқан. Көлдің ұзындығы 7,1 км, ені 4 км-ге дейін.

Санаторийдің негізгі емдеу факторлары болып- Балпаш-Сор тұзды көлінің батпақпен емдеу түрі, климат, физиотерапевтік емдеу тәсілі, балнеологиялық, физикалық емдеу түрлері, диеталық және рационалдық тамақтану, медикаменттік емдеу болып  табылады.

Санаторийде қазіргі заманғы аппараттар жұмыс істейді. Мұнда физиотерапевтік, рентгендік, тіс протезі кабинеті, ингаляторлар, функционалдық диагностика кабинеті, денешынықтырумен емдеу, массаж, клиника және биохимиялық лабораториялар бар.

Батпақпен емдеу базасы — Балпаш-Сор тұзды көлі. Бұл минералды сулар асқазан ауруына, бауырды емдеуге белсенді түрде қолданылады. Сонымен қатар, шөлді қандыратын, адам денсаулығына пайдалы сусындар шығарылады.

Санаторийде ауруларды емдегенде көлде шомылу, жасанды қылқан, тұзды қылқан, теңіз ванналары кең түрде қолданылады және түрлі душтар бар. Олар жаңбырлы, циркулярды және, т.б. Санаторийде емдеу шынықтыру мақсатында таңғы гигиеналық гимнастика, арнайы маманданған жаттығулар және қимыл режимі жүргізіледі. Сабақтар жеке және топпен жүргізіледі. Сонымен қатар спорт ойындары, қайықпен серуен кең түрде қолданылады.

Санаторийде тыныс алу органдары, қозғалыс, қан айналымы, жүйке  жүйесі, гинекология, жүрек — қан тамырлары ауруларын емделуге келеді. 

Санаторий 321 орынға  есептелген.  Барлығы  екі кісілік орындар.   Барлығында график бойынша  ыстық және  суық сулар, санузел  келіп тұрады» [38]. 

Онда дискотека, бильярд, стол теннисі, сауна, асхана, бассейн, автотұрақ, шаштараз, косметикалық және тіс кабинеттері және сонымен қатар Бурабай курортты  зонасына экскурсиялық маршруттар жүріп отырады.  Семинар, конференциялар үшін үлкен акт залы бар.  Егер балалармен келетін болса, онда балаларды тәрбиеші  өз қарамағына алады.

Қосымша  дәстүрлі емес емдеу:

  • фитотерапия;
  • инемен емдеу;
  • мануальная терапия;
  • компьютерлік диагностика;
  • Су-Джок терапия;

Бор санаториі – Шучинск тауынан 9 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 380 м биіктікте орналасқан санаторий. 5 қабатты ұйықтау корпусы, нөмірлері  2-3 орынды жер үйлер бар. Мұнда жүйке жүйесін, демалу органы, функционалды жүрек ауруларын емдейді. Сонымен қатар жыл бойы сумен емдеу, батпақты емдеу, массаж ингаляциялары, физиопроцедуралардың барлық түрі, душтар, ванналар сияқты емдік орындар жақсы дамыған.

Демалушылар қызметіне шомылу бассейні, сауна, фин, орыс, түрік моншалары, кино зал, кітапхана, банкет залы, мейрамхана, кафе, бар, косметолог және шаштараз қызметі, дискотека бар. Ақша айырбастау, телефон автоматтары, автотұрақтар, спортсүйгіштерге спорт және шынығу залдары, теннис, бильярд, құм үстіндегі воллейбол сияқты ойындар бар.

Балалар ойын бөлмелері, компьютерлер бар. Туристік экскурсиялық қызметтер – жаяу экскурсиясы, тауға шығу, атпен қыдыру, Астана қаласына экскурсия, ондағы океанариум, стероекинотеатр сияқты көрікті орындармен танысуға болады.

Бұл жерде жағажайда демалу жақсы дамыған. Табиғи құмы, қайық станциясы, онда катамаранмен, қайықпен жүзу, құм үстіндегі воллейбол, футбол ойындарын ойнай аласыз.

 

Кесте 1

Солтүстік Қазақстан курорттық ауданының санаторийлері, профилакторийлері, демалыс үйлері және пансионаттары []

 

 

Емдік жердің аты

 

Қызмет көрсету түрі

 

Орналасу және қызмет көрсету бағасы

 

Орындар саны

 

Ведомстволық жатуы

«Светлый» Шипажайы

Эндоэкологиялык реабилитация,
гирудотерапия,
батпакпен емдеу,
бальнеотерапия,
су-джок-терапия,
физио емдеу,
спорт зал
(спорт ойындары, тренажерлық зал),
терренкурлер,
шанғымен серуендеу, 
мануалды терапия,
косметологиялык кабинет,
үш реттік тамақтану

10 күндік емделу 25000 — 47000 тенге

180

ЖШС «Елжас»

«Оқ-Жетпес»     шипажайы

Барлық ауру түрлерін емдеу.  Спорт. зал, монша, шаштараз жұмыс істейді.

36000-20 күнге. 1 адамға
 48000-  20 күнге (люкс)

160

ҚР Президентінің істерін басқару құрамындағы мед. орталық

 «Бурабай» туберкулезді шипажайы

 

850 тәуілігіне.
 медицина мекемесінің жіберуі бойынша тегін

310

ҚР денсаулық сақтау министрлігі

«Бурабай» жас өспірімдер шипажайы

 

150

«Щучинский» шипажайы

Батпақпен емдеу, сумен емдеу, физио емдеу, массаж, диагностика,  мануальді  терапия, протез жасау мен тіс емдеу, лазерлі терапия, «Шарко»душы, медицина мамандарының кеңестері. Жалға алу пункті, телефон, сауна, бассейн, монша, спорт. залы, шаштараз, космет. кабинет.

28000-32000    20 күнге 1  адамға (емдеу)
1100 тәуілігіне  1 адамға (емдеу)
22000 (емдеусіз)

390

ҚР Кәсіпорындар федерациясы

«Жеке-батыр» шипажайы

Батпақпен емдеу, сумен емдеу, физио емдеу, массаж, диагностика, ингалятория. Жалға алу  пункті  шаштараз, спорт залы, бассейні бар монша, әр нөмірде душ жумыс істейді.

1500 куніне — 2, 3, 4-орынды. Жартылай люкс-1665, Люкс- 1795, 20-күніне-35500.

100

ҚР  ІІМ

«Зеленый бор» шипажай-профилак-ториі

Батпақпен емдеу, физио емдеу, сумен емдеу, массаж, ингалятория, диагностика, косметикалык. кабинет, радондық ванналар. Шаштараз, монша, 2 бассейн, 3 сауна, әр нөмірде душ, жалға алу пункті .

35000 тенге

280

АҚ    «Казакстан жолдары»

«Бурабай» әскери шипажайы

 

 

150

ҚР Қорғау министрлігі

«Алтын орман» турбазасы

 

800 тенге тәулігіне
 жазғы коттедждер-де 900 теңге тәулігіне
 Жартылай люкстерде 2100 теңге тәулігіне

400

«Омаргалиев и К»

«Кокшетау» демалыс үйі

 

600-800 теңге тәулігіне

250

АҚ   «Колумб Казахстана»

«Астана» шипажай-профилак-ториі

Батпақпен емдеу, сумен емдеу, физио емдеу, массаж, ингалятория. Жалға алу  пункті  шаштараз, спорт залы, бассейні бар монша, әр нөмірде душ жумыс істейді

24000 теңге, 17004 теңге. (әлеуметтік сактандыру бойынша)

300

РМК «Қазақстан темір жолы»

 «Ботакөз» демалыс үйі

Батпақпен емдеу, сумен емдеу, физио емдеу, мануалды терапия, диагностика

 

800-900 теңге тәулігіне

150

ҚР Қорғау министрлігі

«Алмаз» отелі

 

900-1000 тенге тәуілігіне

170

Мемлекеттік холдингтік компания «Желдерме»

 «Майбалык» шипажайы

Батпақпен емдеу, сумен емдеу, физио емдеу, мануалды терапия, диагностика

 

1200 тенге тәулігіне

60

«БАТТ» корпорациясы

ЖШС  «Ажаров»

 

1200 тенге тәулігіне

20

 

«Карасье» демалыс үйі

Батпакпен емдеу, сумен емдеу, физио емдеу, мануальді терапия, диагностика

 

 

 

ҚР Президентінің істерін басқару

«Сатурн» пансиона-ты

Бильярд, теннис, сауна, 4 катамаран, серуендеу қайығы.

 

$ 30 тәулігіне
$ 60 тәулігіне (люкс)

24

ҚР Президентінің істер баскармасы, «Караөткел» фирмасы

Голубой Залив (Бурабай көлі) Дача №8

 

 

 

Жеке

Сакен Сейфуллин атындағы шипажай-профилакторий

Батпақпен емдеу, сумен емдеу, физио емдеу, мануалды терапия, диагностика

 

9000-12000 теңге 20 күнге

100

Көкшетаулық темір жол басқармасы

ЖШС «Приозер-ный» шипажа-йы

Батпақпен емдеу, сумен емдеу, физио емдеу, мануалды терапия, диагностика

 

1400 теңге тәулігіне
2400 теңге тәулігіне (люкс)

60

АҚ «Астана-финанс» 99% акциялар,  ЖШС «Клен»

ЖШС  отель «Брикас»

3 реттік тамақтану, орналасу

 

 

100

ЖШС «Брикас»

 

Емдік жердін аты

 

Қызмет көрсету түрі

 

Орналасу және қызмет көрсету бағасы

 

Орындар саны

 

Ведомстволық жатуы

«Лесная сказка» балалар сауыктыру лагері

3 реттік тамақтану, орналасу, сауна, монша, ыстық су,   4 орынды нөмірлерде душ

 

 

320

Казахсельмаш Астана қ.

 «Оқжет-пес»» балалар сауық-тыру лагері

 

1200 теңге тәулігіне

360

Мәдениет,ақ-парат және қоғамдық  келісім министрлігі

               

 

 

2.4. Пансионаттар

 

Балдәурен – бұл сауықтыру  орталығына орталағына 10 мен 16 жас аралығындағы балалар емделіп демалу үшін келеді. Ол Шучьинск Бурабай курортының қасында орналасқан Жалпы территориясы – 8,62 га. 2002 жылы желтоқсанда эксплуатацияға берілді. Бұл Қазақстанның бірінші ханшайымы Сара Назарбаеваның басшылығымен салынды.

«Мұнда 288 адамдық орын бар. Ал номірлері алты кісілік болып келген. Күніне бес рет кешенді тамақтануға болатын 360 орынды керемет асханасы бар» [39].

Территория орталығында: спорт кешені (волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіру), жаздық эстрада, балалар кафесі – балмұздақ және дүкендер бар. Жағажайда: концерт залы, қысқы бақ, душтық кабинкалары бар тренажор залдары,  волейбол және баскетбол, футбол ойнауға арналған залдар, үйірмелік жұмыстар үшін бөлмелер бар. Видеосалон, «Сони», «Сега» ойын автоматтары бар, «Караоке» музыкалық аппаратурасы бар.

Онда массаж, емдік ванналар, сауна, коктейлдер арқылы емделуге болады.

Май балық – Теке көл және Үлкен Чебачье көлдері арасында орналасқан. Таза ауасы, әдемі ландшафты және үлкен автожолдардан алшақтығы сізге керемет демалуға мүмкіндік береді. Екі қабатты, екі кісілік люкс номерлері бар. Холл кең, аудио – және телеаппаратуралармен жабдықталған. Мұнда небары 30 кісілік орын болса да, демалушыларға өте жақсы жағдайлар жасалынған. Күніне үш рет кешенді тамақтануға болады  және   тағамдарға жеке тапсырыстар беруге  болады.

Көлдің жағасында кішкентай қолайлы үйшіктер бар. Ол екі адамға арналған. Онда  барлық жағдай жасалған. Территорияның орталығында ашық  би алаңдары, кәуәп пісіру үшін орындар, әңгімелесу орындары орналасқан.

Жағажайда  қайық станциясы, катамарандар бар. Май балық жастар орталығында таңғы жаттығу, аэробика, су процедуралар іс – шаралары өткізіліп тұрады. Мәдени қызметтер «Достардың арасында», «Маскашоу», «Шам астында», «Ертегі күні, «Нептун мейрамы» өткізіліп тұрады.

Әр күні интелектуалды және конкурстық ойындар, дискотека және караокешоу, спорттық ойындармен жарыстар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар мұнда бар, сауда, бильярд, автотұрақтар бар.

Таң – пансионаты Шучинск қаласынан 2 км Чучье көлінен 200 м арақашықтықта орналасқан. Мұнда екі кісілік орындар бар. Үш рет кешенді тамақтануға болады.

«Территория орталығында: спорт кешені (волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіру), жаздық эстрада, балалар кафесі – балмұздақ және дүкендер бар. Жағажайда: концерт залы, қысқы бақ, душтық кабинкалары бар тренажор залдары,  волейбол және баскетбол, футбол ойнауға арналған залдар, үйірмелік жұмыстар үшін бөлмелер бар. Видеосалон, «Сони», «Сега» ойын автоматтары бар, «Караоке» музыкалық аппаратурасы бар» [40]. Эндоэкологиялық реабиритация, денсаулық, әдемілік, ұзақөмір сүру үшін экология қазірде барлық адамның проблемасы. Сонымен қатар организмде керек емес заттардың жиналған қорытындысы. Денсаулықты сақтау және таза экологиялық аймақта өмір сүру үшін организміміздегі керек емес заттарды түсіруіміз керек. Бұл керемет тазалау технологиясы бар эндоэкологиялық орталық понсионаты «Таңда» бар. Тазалау процесі  күрделі және оны бірнеше сатылар бойынша  жүргізеді.

Әдістемеге сонымен қатар ікші органдарды тазалауға болады. Емдейтін аурулары:

  • гипертоникалық ауру;
  • жүрек аурулары;
  • пиелонефрит, аднескид, эндометрит;
  • остехондроз;
  • пневмания, бронхит;
  • холецистит, гастрит;

 

3 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНЫҢ  КУРОРТТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ

 

3.1 Ақмола облысы туризмінің қазіргі жағдайы

 

Қазіргі кезде туризм миллиондаған адамдардың күнделікті өміріне кірді.  Туристік бизнесті ұйымдастырудың, нарықтық экономикамен тығыз байланысы бар, себебі қазіргі заманғы туристік индустрия табысты көп мөлшерде әкелетін салаларға жатады. Әлемдік Туристік Ұйымның көрсеткіштері бойынша соңғы он жылдың ішінде туризмнен түскен табыс әр жылда 7,9 пайызға дейін өсіп жатыр. Жеке елдерде осы көрсеткіштер жүз пайызға дейін жетеді. Туризм әлемдік ішкі ұлттық өнімнің 1/9 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайыздан көп мөлшерін, әлемдік өндірісте әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамассыз етеді.

Қазақстан өзіндік ерекшеліктерімен бәсекелес туристік индустрия құруға зор мүмкіншілігі бар. Оған әсер ететін бірнеше факторлар бар:

  • аймақтың ыңғайлы географиялық-саяси орны;
  • саяси тұрақтылық, демократиялық өзгертулер, экономикалық реформаларды өткізу;
  • табиғи ландшафттардың, флора мен фаунаның әртүрлілігі;
  • мәдени-тарихи рекреациялық ресурстардың әртүрлілігі;
  • бос еңбек ресурстардың болуы.

«Қазақстан Республикасында қазір туризм кең қанат жайып жатыр. Оның қызмет көрсету формалары ауысып, географиясы кеңеюде. Саяхаттарға халықтың әртүрлі топтарының қатысуы байқалады. Қазақстан тұрғындары демалу, сауықтыру, танымдық, мәдениет деңгейін көтеру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жақсы мүмкіндік алды. Олар саяси тұрақтылықтың, халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына әсер ететін халықаралық іскерлік келісімдерге қатысады. Туризмге қатысты осындай жағдай көптеген елдерде қалыптасқан» [41].

Қазақстандағы туризмнің пайда болуы ХХ ғасырдың басына жатады. Туризмнің қазіргі замандағы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздері 1992 жылы қабылданған Қазақстан республикасының «туризм туралы» заңымен реттеледі.

Қазақстанның қазіргі туризм индустриясының құрылуындағы маңызды қадам болып, 1993 жылы Қазақстанның Әлемдік Туристік Ұйымына (ӘТҰ) кіруі табылады. Қазақстан Әлемдік Туристік Ұйымға мүше болып кіруінен бастап, туризмді дамытудағы жаңа перспективалары ашылды және туристік айналымның мүмкіншіліктерін кеңейтті.

Соңғы кезде Республикада жарнама ақпараттық қызмет белсенді түрде жүруде, туризм туралы ақпараттық мәліметтер, мақалалар жиі шыға бастады. Қазақстанның туристік мүмкіншіліктерін көрсететін кең жарнама компаниясы Германияның Берлин қаласында өткен ITB-97 көрменің жұмыс істеу барысында өтті. Оған біздің республикамыздан келген делегация алғаш рет қатысты. Біздің ел кейбір мемлекеттердің ірі туроператорларының қызығушылығын туғызды. Қазақстанның туристік нарығының көптеген потенциалды мүмкіншіліктері баршылық. Оларды дұрыс, тиімді, табысты пайдалану елдің ұлттық табысының өсуіне әкеледі. Жалпыға белгілі жағдай, Сингапур, Гонконг, Тайланд сияқты елдердің экономикалық өсуі туризмнен басталған еді. Германия, Италия, Франция, Испания, Швейцария сияқты елдердің бюджеті туризмнен түскен пайдамен, табыспен толықтырылады. Сонымен қатар туризмнен және оған қызмет ететін бизнеспен өмір сүріп жатқан елдер де бар.

Қазақстан Республикасы өкіметінің 2002 жылы 29 желтоқсанда қабылданған туристік саланы дамыту бағдарламасының негізгі мақсаты — Қазақстандық және шетелдік азаматтардың туристік қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекеге қабілетті туристік комплекс құру және  Қазақстанның имиджін туристер үшін қызықты етіп жасау болып табылады.

Ақмола облысында туризмді дамытуға зор мүмкіншіліктері мен ыңғайлы жағдайлары бар. Туризм саласын дамыту бағдарламасын орындау шеңберінде республиканың сегіз приоритетті облыстарында тарихы, халықтың мәдениеті бай жерлер, ескерткіштер, «табиғат маржандары» жерлері анықталды [42]. Осы жағдайлар этно-мәдени, танымдық, спорттық, экологиялық туризм түрлерін дамытуға мүмкіншілік береді. Осындай «табиғат маржандарының» бірі Ақмола облысы территориясында орналасқан Бурабай курорттық ауданы болып табылады. Ақмола облысы «Бурабай», «Зеренда», «Қорғалжын» сияқты ерекше табиғи потенциалы бар болуы салдарынан халықаралық туризм жүйесінде өз орнын табудың зор мүмкіншілігі бар. Бурабай курорттық ауданының табиғи комплекстері тек қана Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелден саяхаттаушыларды көп қызықтырады. Бурабай курорттық ауданының жайлы табиғи-климаттық жағдайлары бар курорттық жерлермен, емдеу-рекреациялық ресурстармен тарихи-мәдени фондының байлығымен, ыңғайлы географиялық орналасуымен, мемлекет аралық авиациялық, темір жол және автокөлік магистральдардың болуымен ерекшеленеді.  Бурабайдың курортологиялық ерекшеліктері ХІХ ғасырдан бері белгілі болған.  Осы жерге Омбыдан демалушылар көп келген. Ең алғашқы қымызбен емдеу шипажайы Бурабай көлінің жағалауында 1910 жылы ашылды, 1925 жылы мемлекеттік курорт Боровое, 1927 жылы ең алғашқы емдеу жерлер Шортанды көлінің жағалауында – «Бармашино» ашылды. Емдеу жерлері қазір демалушыларға физиотерапевтикалық, сумен, балшықпен емдеудің барлық түрлерін, сонымен қатар вибромассаж, косметикалық биомассаж сияқты қызмет көрсетулерді ұсынады. Сонымен қатар демалушылар үшін сауналар, бассейндер, бильярд, видеосалондар, барлар, ал жазғы мезгілде — жағажай, қайықтар, катамарандар мен қызықты әрі танымды туристік маршруттар ұсынылады.

 Көпшілік демалудың дәстүрлі орталықтары — Ресей, Украина, Грузия мен балтық елдерінің ірі рекреациялық зоналары, қазақстандықтардың көпшілік жағына, курорттық қызмет көрсетулер мен көлікке бағаның жоғары болуына байланысты  қол жетпейтін жағдайға дейін жетті. Сондықтан осы мәселені шешудің белгілі шешімі болып, өзіміздің жұмыс істеп жатқан курорттық ауданның  базасында ірі курорттық комплексті құру болып табылады» [43]. Территориясында ірі комплексті орналастырудың мүмкіншілігі позициясына қарағанда Қазақстанның түрлі аймақтары бойынша салыстырмалы анализ бойынша Ақмола облысындағы Бурабай курорттық ауданының барлық мүмкіншіліктері бар. Осы курорттық ауданның, мәселені табысты шешу үшін бірнеше ыңғайлы факторлары бар. Осы жерде ерекше табиғи-климаттық жағдайлар құрылған. Климаттың шипалылығы, жартасты таулар, қайың-қарағайлы ормандар мен көрікті табиғи жағажайлары бар көлдер маржандары мен ландшафт көріктілігі бойынша Бурабай курорттық ауданы ТМД-ң әйгілі курорттық жерлерімен бәсекелесе алады. Қырым мен Кавказдың курорттарының негізгі табиғи-курорттық көрсеткіштері: жыл бойы шуақты күндердің мөлшері, суға түсу мезгілінің ұзақтығы, ауаның жылдық орташа температурасы мен судың жазғы температурасы бойынша Ресейдің және Балтық елдерінің көптеген курорттарынан алда келе жатыр. Қысқы демалысты ұйымдастыру мүмкіншіліктері бойынша Бурабай курорттық ауданы ыңғайлы жағдайда болып отыр.

Қазіргі кезде ауданның курорттық мүмкіншілігі 10-15 пайызға ғана пайдаланылады, яғни осында «өркениетпен» әлі қамтылмаған территорияларда үлкен рещерв бар. Бурабайдың географиялық орналасуы өте ыңғайлы, себебі оның қасында халқы көп қоныстанған индустриалды аймақтар, сонымен қатар Ресейлік аймақтар, мемелекет аралық әуе, темір жол, автокөлік магистральдары орналасқан. Сонымен қатар Бурабай Астана қаласына жақын орналасқандықтан мемелекеттік және комерциялық құрылымдардың қызығушылық сферасына кіреді. Осы аудан жоғары дәрежелі ресми және коммерциялық шараларды ұйымдастыру үшін ең қолайлы, ыңғайлы орын.

Бурабай курорттық ауданының туристік бизнесінің негізін курорттық бизнес алады. Бурабай курортты аймақ ретінде белгілі болғандықтан, осында адамдар демалу және өздерінің денсаулықтарын, рухани күш-қуатын қалпына келтіру үшін келеді. «Осы уақытта Бурабай курорттық ауданында тоғыз ірі шипажай, 1700 орынға арналған демалыс орындары, 300 орынға арналған 10 маусымдық демалыс базалары және 150 орынға арналған коттедж типті үйлер бар.  500 орынға арналған балалар лагерлері орналасқан. Жалпыға арналған демалыс мекемелер саны 33, қонақ үйлер мекемелері 16,  оның ішінде ведомстволық, 24 жеке мекемелер, 14 балалар сауықтыру орталықтары бар. Олардың ішінен 6 мемлекеттік мекемелер болып табылады. Сонымен қатар Бурабайда 39 сауда нүктелері, 2 мейрамхана, 5 кафе, 5 қонақ үй, 3 отель, 6  бильярд орталықтары бар» [44].

Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері ішінен: 4 фотошеберхана, 2 сұлулық салоны, тұрмыстық салон, 4 ақша айырбастау пунктері, 4 жанармай құятын станциялары, 3 қайық станциялары, 1 құтқару станциясы қызмет етеді. Демалушылардың бос уақытын өткізу үшін: 5 би алаңы, мотоциклдерді жалға алу пункттері, 2 зоопарк, акваорталық ұйымдастырылған. Жазғы мерзімде 63 ұлттық сувенирлерді, сурет, видеофильмдерді сататын сауда пунктері жұмыс істейді.

 

3.2 Ақмола облысындағы туризмді дамыту проблемалары

 

Жалпы алғанда Солтүстік Қазақстан туристік қызмет көрсету нарығында 18 туристік фирма жұмыс істейді. Бурабай курортты аймағында туроператорлық қызметепен 4 туристік фирма айналысады: «Лидер», Ж.Ш.С. «Глобус», Ж.Ш.С. «Турист» және «Золотой бор» туристік фирмасы. Оларда туристік қызмет көрсетуге құқығын растайтын лицензиясы бар. Олар облыстық туристік мекемелері мен Қазақстан Республикасының фирмаларымен, алыс және жақын шет елдерден туристік фирмалармен, туристік топтарды қабылдау мен жөнелту туралы келісім шарттардың жасалуын қадағалайды. Осы шартты орындау барысында Алматыда өткен туристік Жәрмеңкеде 2003 жылы-300, 2004 жылы 460-қа жуық келісім шарттар жасалған болатын. Осы туристік фирмалармен оқушылар үшін тематикалық автобустық, жаяу экскурсияларды қамтитын экскурсиялық декадалар ұйымдастырылады. Осыған орай 30-ға жуық экскурсиялар дайындалған. «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркімен 18 экологиялық туристік маршрут жасалған.

Соңғы кезде курорттық шаруашылықты нығайту мақсатымен көп қаржы бөлінуде. Бөлінген қаржы Сәкен Сейфулин атындағы шипажайын, «Оқжетпес» шипажайын, «Балдаурен» балалар сауықтыру лагері, «Бурабай», «Приозерный» шипажайларын қайта қалпына келтіруге жұмсалды.

«Бурабай ауданындағы туристік бизнес әлі де мезгілдік болуда. Қыста демалушылар саны күрт азаяды. Бірақ жыл бойы жұмыс істейтін курорттық мекемелер саны күннен күнге өсуде. Мысалға туристтерге қызмет көрсету сферасында жыл бойы өзінің қызметін кіші кәсіпкерліктің 611 обьектісі мен субьектісі жасайды. Кафе, мейрамханалар, шаштараздар, қонақ үйлер, шипажайлар және демалыс үйлері» [45].

Соңғы кезде Бурабай курорттық ауданын Астана қаласының туризмді дамыту бағдарламасына енгізумен байланысты көңіл аударылып, оның проблемаларын шешу үшін әрекеттер жасалуда. Мысалы: бурабай курорттық ауданның экологиялық мәселесін шешу мақсатында оған республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық фонды мәртебесін беріп, оны экологиялық туризмнің обьектісіне айналдыру керек еді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының өкіметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи қорық фондының обьектілерінің тізімі туралы ережені қабылдау туралы бұйрықты шығарды. Бурабай курорттық ауданы осы тізімге кіреді. Осындай шешім мемлекет басшысының 2004 жылы маусымдағы «Қазақстан Республикасы территориясында ерекше және сирек кездесетін ландшафттарды сақтау шаралары туралы» № 474 бұйрығын орындау мақсатымен қабылданған.    

Негізінен, адамдардың қызметімен аз өзгерген және өзінің ерекшелігімен ерекшелінетін территорияларда экологиялық тұрақтандыру зонасы режимі қойылады. Оның негізгі функциясы- қорғалатын парктің табиғи комплекстерінің толық әртүрлілігін сақтау мен қайта қалпына келтіру. Осы зонаның шеңберінде бақылау эталондық табиғи бірлестіктерді сақтау үшін арнайы учаскілер бөлінеді

«Ақмола облысында туристік бизнесті дамыту үшін, халықтың бос уақытын ұйымдастыру үшін, емдеу-сауықтыру комплекстерін жаңа, сапалы деңгейде дамытудың барлық алғышарттары бар» [46].

Соңғы кезде бизнес адамдары осы өңірдегі туристік индустрияны әлемдік деңгейге дейін көтеру үшін қадамдар жасап жатыр. Олар өзінің, ерекше жолын табу мақсатымен әрекеттер жасап жатыр, бірақ қазіргі заманға сай курорт бизнесіндегі тәжірибенің аз болуы процесті тежеп отыр. Сондықтан біздің іскер адамдарымызға кәсіпқой методикалық көмек және істердің дұрыс жүргізілгеніне сыни көзқарас қажет. Осындай көзқарасты Европалық курорттар ассоциациясының жобалар бойынша менеджері береді. Ол Бурабай курортты ауданында 3 күн қонақта болды. Ол осы 3 күн барысында барлық туристтік обьектілермен танысып, бірнеше рекомендациялар берді. Рейнхард Петридің ең орынды ұсынысы болып — сауықтыру орындарының мүддесін Отанда және шетелде қорғай алатын бүкіл қазақстандық курорттар жиынын құру болды.

Осының бәрін қорытындылай келіп, келесі қорытындылар шығаруға болады. Солтүстік Қазақстан облысы курорттық ауданының материалды-техникалық базасы туристік және курорттық бизнесті дамыту үшін зор мүмкіншілігі бар. Сондықтан осы өңірде туристтік бизнесті іске асыру үшін инвесторларға ыңғайлы инвестициялық климат жасау керек, әлемдік деңгейге шығару үшін оны кең түрде жарнамалау қажет. Сонда ғана осы өңірге келушілер көбейіп, қызмет көрсетудің сапасы артып осы өңірдің туристтік бизнесі пайда әкеледі.

Көптеген елдер үшiн халықаралық туризмнiң ролi өте зор. Америка мен Европа елдерiндегi туризм, туризм саласындағы iрi монополиялары құрылған, өзiнiң елдерiнiң туристiк-рекреациялық ресурстардың қарқынды түрде пайдаланылатын экономика саласына айналды.

Халықаралық туризм бұл — өте күрделi және сирек кездесетiн құбылыс. Барлығымызға белгiлi, мемлекеттiң сыртқы экономикалық байланысы әртүрлi алмасулар аркылы болады: аманат кассасындағы ақша, шетелдiк салымдар, халықтың көшiп-қонуы, мәдениет төңiрегiндегi алмасулар, сауда және кызмет көрсету,т.б. Қандай бiр ел болмасын, онын ең күрделi iс-әрекетi сырткы экономикалык алмасу, жеке алганда сыртқы сауда, онын нәтижесiнде валютадан түсетiн ақшалар.

Көптеген дамушы елдер үшiн шетел туризмi шаруашылықтың жана саласы ретiнде саналады. Олардын ресурстарын әлi толық бағалап, және оларды шаруашылық айналымға енгiзу тек қазiрден ғана бастап басталуда. Осы дамушы елдер үшiн шетел туризмi-валюта кiруiнiң маңызды көзi болып саналады.

Ақмола облысындағы  туризм сферасынын дамуы және оның эффективтiлiгi елдiн жалпы экономикалық дамуының деңгейiнен жэне туристiк-рекреациялық кызмет көрсетулердiң сапалы деңгейiне байланысты [47].

1991 жылға дейiн бурынғы КСРО да iшкi және халықаралық туризмнiң кажеттiлiктерiн қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн өзiндiк инфрақұрылымы бар бiрегей туристiк кенiстiк өмiр сүрдi.

Тәуелсiз мемлекеттердiң кұрылуы, халықтық қатынастар, заң шығару жүйесi бiрыңғай жүйенiң децентрализациясына әкелдi. Осы кезендегi туристiк қызмет көрсетулерге сұраныстың күрт төмендеуi, азаматтардың төлем кабiлетiнiн  томендеуi, колiк және т.б қызмет көрсетулерге тарифтердiң жоғарылауы, шекара төлемдерiн енгiзу және басқа да факторларға байланысты.

Қазақстан Республикасындағы терең саяси және әлеуметтiк-экономикалык  өзгерiстер, оның экономикасындағы ең маңызды және болашағы бар саланың бiрiне- туризмге, тiкелей әсер еттi.

Ақмола облысы Республика және халықаралық туристiк айналымда әлi қарапайым орынды алады, бiрақ өткен ғасырдың соңы оң тенденциялардың өсуiмен сипатталады. Олар iшкi және халықаралық туризмге де қатысты.

Туризм саласындағы  халықаралық байланыстардың дамуының бiр кадамы болып, 1993 жылы Қазақстаннын ДТҰ (Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымға) кiруi мен туризм саласында ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдерге отыру болды. «Қазақстан 2030» стратегиясы бағдарламасында  туризм экономиканың приоритеттi бағыты ретiнде аталған. Осы саланы дамыту Қазақстан үшiн өте өзектi мәселе болып отыр.

Көптеген елдердегi қазiргi туризм жағдайының анализi негiзiнде, туризмнiң дамуы iшкi, ұлттық туризм бағдарламасын қолдау негiзiнде бiрге жасалу қажет. Қазiргi денi сау  тұрмыс қалпына тенденциялар қазiргi туристердi ұлттық парктерге, қорықтарға, сафари мен шаңғы курорттарына тартады.

Қазақстан бiрқатар елдерден туристiк индустрия саласында артта қалып отыр. Көп жылдар бойы Қазақстанның туристiк қызмет көрсетуiн, туристiк мекемелердi зерттейтiн ғылыми- координациялық орталығы бар өзiндiк сала деңгейiне көтеру қажеттiлiгi қарастырылып жатыр.

Қазақстанның кiру туризiмiнiң өсуiне әсер ететiн факторларға: саяси тұрақтылық, ұлтаралық келiсiм, туристiк потенциалдың болуы жатады. Шетел туристерiнiң елге кiруiнiң саны және ел бойынша кiру туризмінен түскен табыс онша үлкен емес. Елге барып келудiң төмен болуы туристiк сектордың дамуының төмен деңгейiнiң және қажеттi дұрыс жарнаманың жоқ болуының себебiнен болады. Жалпы мемлекет бойынша алғанда шетелдiк туристтерге қызмет корсетудiң әлеуметтiк-экономикалык жағдайлары халықаралық стандарттар талабына сай.

Қазақстаннан шығу туризмiнiң өсуiне  әсер ететiн факторларға шығу тәртiбiн карапайымдау, iскерлiк қатынастардың кеңеюi, валюталық кұралдары бар адамдардың және кәсiпорындар санының өсуi жатады.

  Туристiк қызметке тұтынушы сұраныстың тенденцияларының анализi, жергiлiктi халық үшiн қысқа мерзiмдi демалыс, демалыс пен емдеудi бiрiктiру, сонымен қатар демалыс күнгi туризмi айрықша  тартымды екенiн көрсетедi.

 «Қазiргi уақытта Ақмола облысындағы iшкi туризмдi дамыту үшiн туристiк-рекреациялық мүмкiншiлiгi өте зор. Табиғи ландшафттардың, флора мен фаунанын көптүрлiлiгi, мәдени-тарихи  рекреациялық ресурстардың әртүрлiлiгi бәсекелес туристiк индустрияны құруга мүмкiншiлiк бередi» [48].

Қазақстан Республикасының  «туризм туралы»  заңы — ұлттық туризм жүйесiнiң қызмет етуінiң негiзгi заң актiсi болып табылады, ал осы жүйенi, сол немесе басқа аймақтардың, мемлекеттердiң, олардың мәдениетi мен дәстүрлерiмен танысу мақсатында адамдардың демалысты өткiзуi ретiнде анықтайды.

Әртүрлi елдердiң, мемлекеттердiң тәжiрибесi, туризм индустриясының әрбiр экономиканың ажырамас бөлiгi екендiгiн көрсетiп отыр.

Солтүстік Қазақстандықтардың көбін демалуға туристік фирма арқылы жіберіп отырады дейді “Казинформ”. Ірі туристік фирмалар облыс территориясында ондаған. Көбіне туристерді әдемі табиғатты курортты зона Бурабайға жіберіп отырады. Ал шетелдегі танымал қаратеңіз жағалауындағы Кавказ, Туркия, Египет, Біріккен Араб Әмірліктерінің демалу базалары да өз құндылығын жоғалтпауда.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бірін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Қазіргі туризм — бұл әлемдік экономиканың құлдырауды  білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.

Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары біздің  дүниемізге дейінгі үшінші мыңжылдықта  қалыптаса бастаған  Ұлы Жібек Жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді.

Қазақстанда туризм өндірісінің  дамымай қалуының бір себебі экономика саласы  ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу және халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

 «Туризм саласындағы халықаралақ қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі — Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ-ға толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер  жасауы болды. Бірқатар келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуеті мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек» [49].

Солтүстік Қазақстан туризмінің дамуына 1997 жылы еліміздің астанасын Ақмола облысына көшірілуі де үлкен ықпал етті десек те болады. Ондағы Бурабай, ТАН, Шучинск санаторияларын қайтадан қалпына келтіру мақсатымен құрылыстар жүргізілді.

Халықшаруашылығының саласы ретінде туризм сұраныс мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған  халықаралық рынок  Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.

Халықаралық туристтік рынок  бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікке орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән  ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді (бұдан әрі — турөнім) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болды.

ДТҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қазіргі тәжірибенің негізінде қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігінің Солтүстік Қазақстан аймағындағы объектілер – “Баянауыл” МҰТС, Щучье- Бурабай  курортты аймағы базасындағы  “Бурабай” және  “Көкшетау” МҰТС,  “Шучинск” мемлекеттік табиғи қорығы ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумағының игерілуі туризмді ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғарғы деңгейімен сипатталады.

 «Ақмола облысы бизнес — туризм сегментінде белгілі бір болашағы бар. Геосаяси жағдай және табиғи шикізат ресурстары Солтүстік Қазақстанға бизнес және халықаралық конвенцияларға қатысу мәселелері бойынша келушілер бизнес туристер санын көбейтеді деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген орталықтардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға сай келеді. Астана қаласы осындай стратегиялық аймақ болып келеді» [50]. Біздің мемлекетіміздің жас ордасы ретінде өзіндік келбеті мен инфрақұрылымы бар қалаға деген қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық және ішкі туризмді жылдам дамытуға қызмет ететін болды.

Туризм дамуы үшiн материалдык- техникалык факторлардың үлкен манызы бар. Олардын негiзгiлерi: орналасу, көлiк, қоғамдық тамақтану, сауда мекемелерiнiң дамуымен байланысты. Туристтердi орналастыру үшiн пайдаланылатын материалдык база туристтiк инфрақұрылымнын құрылуында алдыңғы орынды алады. Орналастыру орындарына қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристтiк ауылдар, жеке пәтерлер т.б.  жатады.

Туристiк саяхат кезiнде манызды ролдi, сонымен қатар туристтердiң тамақтануын ұйымдастыру алады. Туристтiк ағымды кеңейтудiң негiзi көлiк болып табылады. Соңғы кезде техникалық прогресс қарқынынын тездетуiнiң нәтижесiнде көлiк қауiпсiз, тез және комфортабелдi болып жатыр.

 Бурабай курорттық ауданы өзінің табиғатымен, тауларымен, көлдерімен, жануарлар мен құстар дүниесінің әртүрлілігімен, шипалы климатымен, таза ауасымен, қымызымен, шипалы сулары мен батпақтарымен, аңыз-әңгімелерімен ерекшеленеді. Осының барлығын көру, сауықтырылу және демалу үшін туристер көп келеді. Бурабай өңірінің демалушылары тек қана Қазақстандықтар емес, сонымен қатар Ресейден де көп демалушылар келеді.     Бірақ Бурабайдың табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстары өздерінше туристердің келуін қамтамасыз етпейді. Осындай қарсы алудың мүмкіншілігі қажетті туристтік инфрақұрылымның болуымен анықталады.    

 Туристтік инфрақұрылымның дамуы Бурабайдың туристік өнімін өндірудегі қатысуы мен оның халықаралық нарықта бәсекелестік күресте қатысуына мүмкіншілік береді. Туристік шаруашылық туристік ұсыныстың элементі болып табылатындықтан, территориялық құрылымға үлкен әсерін тигізеді [51]. Осындағы алдыңғы орын түнеу базаларына, транспортқа және тамақтану базаларына тиеді. Осы құрылымдар болмаса демалыс пен көпшілік туризмнің дамуы, жердің туристік көріктілігіне қарамастан мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жазылған жұмысты қорытындылайтын болса, Солтүстік Қазақстан облысында курорт, санаторийлер көптеп кездеседі. Осы курорттық аудан Қазақстан Республикасының  туризмiн дамытуда маңызды орынды алады. Себебi осы аудан өзiнiң ерекше табиғи-климаттық жағдайларымен Қазақстанның iшкi туризмiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Ең алдымен, осы курорттық ауданның табиғи рекреациялық ресурстық мүмкiншiлiгi өте зор. Осы потенциал демалушылардың әртүрлi кажеттiлiктерiн қанағаттандырады. Осы ауданда қарқынды дамып жатқан емдiк туризммен  және сауықтыру демалыстарымен қатар, шетел туристтерiн тарту үшiн жаңа туризм түрлерiн дамытуға болады. Көкшетау таулары, осы ауданда шоғырланған  Бурабай, Шортанды, Үлкен және Кiшi Шабақты, Қотыркөл сияқты көлдер өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң әртүрлi және бай болуы  жаяу, атты демалысты, ғылыми, спорттық және экологиялық туризмдi дамыту үшiн жағдайлар жасайды.

 Ақмола облысының экономикалык рекреациялық ресурстар мүмкiншiлiгiнiң зор болуы  да осы аудандағы жана туризм түрлерiн дамытуға болатынын анықтайды. Мәдени-тарихи ескерткiштер осы курорттык ауданға  емделу мен сауыктыруға келген адамдардың танымдық қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға, осылайша танымдық туризмдi дамытуға мүмкiндiк туғызады.

Туризм географиясынын негiзгi ұғымдарының бiрi, объектiнiң немесе өңiрдiң «туристтiк аттрактивтiлiгi» болып табылады. Сол немесе басқа ауданның тартымдылығы тек  колайлы жағдайлармен немесе тарихи ескерткiштермен ғана емес, сонымен катар дамыған туристтiк шаруашылықтың болуымен анықталады. Ондағы Бурабай курорттық  ауданы ХIХ ғасырдан берi  өмiр сүрiп жатыр. Ал оның инфракұрылымы тек  Кеңес Одағы кезiнде ғана кұрылды. Осында кұрылған туристтiк инфрақұрылым туристердiң орналасу, тамақтану, емделу мен сауықтыруға, көңiл  көтеру, мәдени  қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға мүмкiншiлiк жасайды. Негiзгi туристiк инфракұрылым Бурабай, Шортанды, Қотыркол, Баянауылда орналаскан. Бiрақ олардың iшiндегi ең туристiк инфракұрылым ең көп  шоғырланған көл бұл — Шортанды көлi болып табылады. Осы курорттык ауданның туризмiн дамыту үшiн бөлiнген жердi толығымен игеру керек. Мысалы,  Бурабай көлiнiң оңтүстiк батыс бөлiгiнде жаңа туристiк инфракұрылымды салу керек. Сонымен катар,  көп уакыттан берi пайдаланылып жатқан,  материалдық- техникалық базасы ескiрiп қалған туристiк инфрақұрылымды реконструкциялап, кызмет көрсету сапасын жаксарту керек. Осы жағдайларды ескерiп, осы ауданның  материалды-техникалық базасын нығайту мақсатымен осы ауданның туристтiк имиджiн құрастырып, инвесторларды тарту керек.

Ақмола облысы туристік және курорттық  ауданына  жыл сайын   стационарлық демалысқа және қысқа мерзiмдiк демалысқа бірнеше  мыңдаған отандық және шетелдік азаматтар келедi. Осының салдарынан осы көрiктi жердiң табиғаты нашарлап, экологиялық жағдайы қиындап бара жатыр.  Осы өңiрдiң  көптеген обьектiлерi мемлекеттiк қорық фондына жатқандықтан, сонымен қатар осы ауданның қиын экологиялық жағдайларын ескерiп, өңiрде экологиялық туризмдi  дамытқан жөн. Себебi  экологиялык туризм Оқжетпес, қорығы сияқты ерекше табиғаты бар территориялардың экологиялық тепе–теңдiгiн сақтау мақсатында жасалады.

Осы ерекше ландшафты территорияларды сақтау негiзiнде бiз Қазакстанның туристiк мүмкiншiлiгiн ары карай дамытып, Қазакстанның әлемдiк туристiк нарықта бәсекелестiкке қабiлеттi етiп шығаруға көмектесемiз.

Жинақталған қолда бар деректерді талдай отырып, халықты еңбекпен қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда маңызды орын алатын туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Олар:

-Отандық және шетелдік туристтерді көптеп тартуға мүмкіндік беретін табиғи және тарихи — мәдени ескерткіштердің халықаралық маңызы бар тас жолдары мен темір жолдарға жақын  орналасуы;

-облыс әкімшілігінің туризм бөлімінің ғылыми-танымдық, спорттық туризмді дамытуға назарын аударуы.

Ақмола облысын рекреациялық ресурстарының ірі орталығына айналдыру мәселелерін шешуді тежейтін бірнеше факторлар бар. Олар:

  • тарихи — мәдени ескерткіштерге баратын жол қатынасының нашар болуы;
  • тарихи – мәдени ескерткіштерге  қатынас жолдарына  жақын  орналасқанымен  олардың қазіргі жағдайы отандық және шетелдік туристтердің талғамына  сәйкес келмеуі;
  • арнайы туристік бағыттар мен соқпақтардың болмауы;
  • тарихи – мәдени мұралар сақталған орындар жөнінде  ақпараттық деректердің аздығы;

Бітіру жұмысын аяқтай келіп Ақмола облысындағы рекреацилық ресурстарды дұрыс пайдалану арқылы адамның дем алып, денсаулығын емдеп қайта  жұмысқа кірісуі ол біздің мемлекетіміздің  яғни халқымыздың материалдық және мәдени өмірінің деңгейінің өсуіне, жеңіл және ауыр өнеркәсіптің дамуына, мұнай мен газ сияқты т.б. байлықтарының меңгерілуіне,  жаңа шаруашылықтардың құрылыуына, сонымен қатар ауыл шаруашылықтың басқа салаларының дамуына, экономикалық өсуіне зор ықпал етеді деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Батырханов Ш.Б. Руководство по развитию туристского кластера в Акмолинской области. – Кокшетау: Департамент предпринимательства и промышленности Акмолинской области, 2005. – 113 с.
  2. Карпова Г.А. Экономика современного туризма. – М. – СПб.: Издательский Торговый Дом «Герда», 1998. – 412 с.
  3. Алиева Ж.Н. Экологический туризм. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. –19б.
  4. Носов Д.С. Жемчужины Казахстана. – Алматы: Кайнар, 2007. -С. 58.
  5. Байтонаев О. Чудеса природы Казахстана. Алматы: Мектеп. 2008г. –С. 18.
  6. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика – А.: «Атамура», 2006.-36с.
  7. Забелина Н.М . Национальный парк.- М: Мысль, 2007
  8. Котляров В. А . География отдыха и туризма. Астана. 2005 – С. 12
  9. Туристская карта национального природного парка «Бурабай». Алматы: ККП «Картография »2007 С. 34
  10. Брякин М.И. Справочник по курортам Казахстана.- Алма- Ата: Казгосиздат,1990
  11. Курорты энциклопедический словарь. – М.: Энциклопедия,2005
  12. Достопримечательные места Казахстана . Сборник.- Алма-Ата: Казгосиздат,1990
  13. Омаров В. Т . Қазақстан көлдері. Алматы : Қазақстан, 2007
  14. Казахстан для целей развития отдыха и туризма.Алматы, 2007
  15. Қазбеков А. Бурабай накануне ХХІ века. – Астана, 2000
  16. Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдауы . 2008 сәуір. – 24 б.
  17. Терещук В.А. Маршрутами Көкшетау. – Алматы: Кайнар, 2005
  18. Абдразакова А. Боровое- жемчужина Казахстана.// Казахстан – 2002.-№1
  19. Кузенный А Боровое: цены обгоняют сервис.// Казахстанская правда-2008-27 августа
  20. Шабельникова С.В. Оценка рекреационных ресурсов Республики Казахстан для целей развития отдыха и туризма.Алматы, 2007 — С. 23
  21. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма.- М.: МГУ, 200
  22. Носов Д.С. Жемчужины Казахстана. – Алматы: Кайнар, 2007 С. 45
  23. Калиев Т. Боровое: Трудные будни Казахстанской жемчужины.// Новое поколение. –2007- 15 марта
  24. Мусин Қ.Н. Международный туризм: Современные тенденции развития в мире и в Казахстане Алматы 2007
  25. Прохоров И. Вступая в век туризма.// Казахстанская правда-2003-29 июля
  26. Соколова М.В. История туризма – М.: Мастерство, 2007.- 350с.
  27. Большая вода для Борового.// Казахстанская правда –2007. 17 декабря
  28. Кузенный А Боровое –это крик души.// Казахстанская правда. –2006 –27,28 апреля
  29. Серикбаев Б Боровое. О курорте// Жизнь –2005-№24
  30. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы. 2008
  31. Никитин С. И. Боровое. – Алматы, Казахстан,2002
  32. Замятин С.И. Курорты, санатории и лечебные местности Казахстана .- Алматы: 2006 С.23
  33. Хамнюк В.Ф. Природные лечебные богатства Казахстана, перспективы их использования.- Алматы ,2007 –С. 52
  34. Веденин Ю. А. Динамика территориальных рекреационных систем. М.: Наука, 2007
  35. Хамнюк В.Ф. Природные лечебные богатства Казахстана, перспективы их использования.- Алматы ,2007
  36. Криницин Н. Я . Курорт Боровое . Научно-популярный очерк типа справочника. Под редакцией и предисловием проф. П. И Зарницина.2000
  37. Ыбыраев С. «Оқжетпестің емдік қасиеті». Қазақстан шипажайлары.   «Егемен Қазақстан», 2008-11 қыркүйек 4 б.
  38. Замятин С. И . Курорты Казахстана. – Алматы , 2006
  39. Серикбаев Б Боровое. О курорте// Жизнь –2005-№24 – 7 б.
  40. Беклемишев Н. Д . Курорт Боровое.- Алма- Ата, АН Каз ССР, 1990
  41. Михайлов В. Боровое .- Алматы: Кайнар, 2004 ж.
  42. Веденин Ю. А .Динамика территориальных рекреационных систем. М.: Наука, 2007 – С. 70
  43. Тришечкин А. Боровое.  Астана : ТОО «Дизаин», 2008
  44. Бурабай национальный парк // Эко курьер- 2008-23 сентября.
  45. Inskeep E. National and Regional Tourism Planning: Methodologies and Case Studies. – New York: Routledge, 1994. – 249 p.
  46. Батырханов Ш.Б. Руководство по развитию туристского кластера в Акмолинской области. – Кокшетау: Департамент предпринимательства и промышленности Акмолинской области, 2005. – 113 с.
  47. Веденин Ю. А. Оценка природных условий для организации отдыха. – М.: Меркурий, 1969. – 198 с.
  48. Штюрмер Ю.А. Охрана природы и туризм. – М.: Физкультура и спорт, 1974. – 103 с.
  49. Гвозденко А.А. Финансово-экономические методы страхования в туризме: Учебник для вузов. – М.: РМАТ, 1997. – 196 с.
  50. Веденин Ю. А .Динамика территориальных рекреационных систем. М.: Наука, 2007 – С. 79
  51. Шабельникова С.В. Оценка рекреационных ресурсов Республики Казахстан для целей развития отдыха и туризма.Алматы, 2007 — С. 96