АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Биология пәнін жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқыту жолдары

М А З М Ұ Н Ы

 

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………

3

 

І.

 

Әдебиеттерге шолу……………………………………………………………………………

 

6

1.1

Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып

оқытудың теориялық негіздері ………………………………………………………….

 

6

1.2

Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып

 оқытудың    практикалық маңызы ……………………………………………………

 

8

1.3

«Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін

оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны

пайдаланудың маңызы ……………………………………………………………………..

 

2

ІІ

2.1

 

ІІІ

ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ …………………………………

Зерттеу әдістері ………………………………………………………………………………..

 

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУ…………………………………….

1818

 

20

3.1

«Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін

оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны

пайдаланудың жолдары ……………………………………………………………………

 

 

20

3.2

«Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнінен

өтілетін тақырыптарды оқытуда жеке тұлғаға бағытталған

технологияны пайдаланудың мүмкіндіктері ……………………………………..

 

 

22

3.3

«Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін

оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып

оқыту әдістемесі мен нәтижелері……………………………………………………….

 

 

26

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….

 

37

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………..

39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қай елді, халықты болсын, прогреске бастайтын жол-білім жолы. Егемендік алған Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамып өркендеуіне байланысты дарынды жастарды тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болуда. Сондықтан да жастарды білімге құштарлыққа, ізденуге, талпынуға тәрбиелеу арқылы баланың қабілет-қасиеттерін ашып көмектесу керек.

Өйткені, осындай жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды ете алады; қазақ елінің ертеңіне қызмет ете алады.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саясатының негізгі міндеттерінің бірі «Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету» екендігі, оны іске асырудағы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағыттау қажеттілігі атап көрсетілген [1].

Бұл міндетті іске асыру үшін аталған құжатта: «Оқу процесі:

— өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға;

— оқушыны жеке тұлға және қызмет субъектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға;

— ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастаулардан нәр алуын бойында қалыптастыруға;

— нарықтық экономика мен сапаның негізгі түсініктерін және оларды практикада қолдана білуді қалыптастыруға;

— жалпы негізгі білім беру сатысында бейіналды даярлықты және жалпы орта білім беру сатысында бейінді оқытуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады», — делінген.

Мұның өзі бағдарламада атап көрсетілгендей, «оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының білім-білікті, дағдыны енжар «алушы» рөлін танымдық процестің белсенді субъектісіне өзгертуді» міндеттейді.

Көрнекті ғалым-психологтар мен педагогтар В.В.Давыдов, П.Я. Гальперин, Н.Ф.Талызина және басқалар өздерінің ғылыми зерттеулерінде жастардың білімге деген ынта-жігерін қалыптастырудың мол мүмкіндіктерін ашып береді. Білім берудің негізгі бөлігі оқушының өз бетінше жұмыс жүргізе алуында болып отыр. Мұның өзі оқу процесінің ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен сабақтас болады [2,3].

Қазіргі кездегі білім беру ісі дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуге бағытталып отырғандықтан, бұл реттегі жұмыстарға педагогика ғылымының теориясы мен практикасында елеулі өзгерістер енгізілуі тиіс. Осы ретте Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [4], Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында (Негізгі қағидалар) [5], Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында [6], Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы [7] мен тағы басқа соңғы кезде қабылданған ресми құжаттарда білім беру ісін ізгілендіру мен демократияландыру бағытындағы ережелер енгізілген. Осы және т.б. құжаттарда жалпы білім берудің ұлттық мақсаты мен оған қол жеткізуге жетелеуге тиіс міндеттер мемлекеттік білім беру саясатының негізгі принциптеріне сәйкес, қазақ халқының ұлттық-тарихи және этникалық дәстүрлері мен оқушылардың жалпығаламшарлық ауқымда ойлай алуына бағытталған жалпыадамзаттық құндылықтарды ескере отырып анықталған.

Соңғы кездегі экономикасы мен саясатындағы, мәдени өміріндегі өзгерістер болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде шығармашыл, өз көзқарасы бар, дүниежүзілік мәдениетті танып білетін, кәсіби жоғары білікті адамдар дайындау қажеттігін қоюда.

Мектептерде соңғы кезде бұл бағытта біршама жұмыстар жүргізілгенмен, әлі де болса, жеке тұлғаны ізгілік бағытында және нақты өмірге бейімді тәрбиелеу бағытына тек жаттап оқитын оқушылар мен белсенділікке талпындыратын әдістерді пайдалану және нақты өмір жағдайын ескермей оқыту ісі жалғасуда. Бұл қазіргі қоғам сұранысын қанағаттандырмайды.

Кез келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық-әдістемелік білімді, үлкен шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Қазіргі кездегі әдістемелік, педагогикалық және ғылыми еңбектерде «педагогикалық технология» ұғымына анықтама берілген, оның түрлері топтастырылған, пайдалану мүмкіндіктері жайлы жарық көрген көптеген еңбектер бар [8-10].

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технологиялар, атап айтқанда, В.В.Давыдов пен Д.Б. Элькониннің дамыта оқыту технологиясы [12], Ж.У.Кобдикова, Н.Н.Нұрахметов [13], т.б. технологиялары мектеп практикасына енгізілуде.

Шын мәнінде, педагогикалық технологиялар тарихын, олардың пайда болуы, мақсат-міндеттері, қолдану тәжірибесін зерделеп-талдау, ой елегінен өткізу оқытушыларға құнды педагогикалық біліммен қарулануға мүмкіндік береді.

Оқыту барасында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін жақсартады. Бұл проблеманы зерттей келе, педагогикалық технологияны пайдалану қажеттігі мен оны пайдалануда қол жеткізіліп жақтан тиімділігі арасында алшақтық байқалады. Педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін білмей, оның тиімділігіне көз жеткізбей, кездейсоқ, оқтын-оқтын пайдалану дұрыс нәтижеге әкелмейтіндігін практиканың өзі көрсетіп отыр.

Біздің республикамызда мектептегі биология курсының пәндерін, соның ішінде «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқыту технологияларының мектептердің білім беру процесінде пайдаланылуына талдау жасау негізінде және жүргізген сауалнамаларға сүйене отырып, қазіргі кездегі бұл процестің өте баяу жүруі, кейде шалағай пайдалану бұл бағыттағы істі жетілдіруді, оның маңызы мен мәнін дұрыс ұғынып, пайдалануды қажет етеді деген ойға келдік.

Сондықтан да біз бітіру жұмысымыздың тақырыбын: «Биология пәнін жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқыту жолдары» деп таңдадық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

 

1.1. Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып оқытудың

теориялық негіздері

 

Оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысының маңызы туралы алғашқы мәліметтер көне Грекияның бірқатар ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Білім алу процесіндегі жеке адамның өз ізденісіне ұлы грек философы Аристотель (б.з.б. 384-322 жж.) ас үлкен мән берген. Ол «Риторика» атты еңбегінде балаға зорлап ешнәрсе түсіндірудің мүмкін емес екендігін толық негізбен тұжырымдаған.

Аристотельдің ойынша, білімді жетістікпен игеру баланы оқу процесінде қанағат пен қуанышқа бөлесе ғана мүмкін болады [14].

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің маңызы туралы мағлұматтар Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) де еңбектерінде айтылған. Ол білім алуда балалардың өздерінің еңбектенуі пайдалы да қажет екенін уағыздады. Өзінің «Ұлы дидактика» [15] деп аталатын іргелі еңбегінде оқытушы аз оқытып, оқушы өзі көп оқитындай жағдайды зерттеу қажеттігін айтады. Я.А. Коменский балалардың қабілеттілігін барынша дамытып, ойлана білуге үйретіп, ең бастысы баланың білім мен оқуға деген ынтасын дамытуды барынша жақтады.

Я.А. Коменский оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруға, олардың білімге деген белсенділігін дамытуға толық мүмкіндіктер беру жолдарына баса назар аударған. Осылайша Я.А. Коменский оқу процесінде оқушыларды белсенділікке, дербестікке дайындаудың психологиялық, педагогикалық мәселелерін шынайы талдаудың алғашқы қадамын жасауға тырысты.

Оқушының өз бетімен істейтін жұмысына педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама беріледі: «Оқушылардың өзі істейтін жұмысы олардың сыныпта не сыныптан тыс, мұғалімнің тікелей көмегінсіз орындалатын жеке және ұжымдық оқу әрекетінің жиынтық түрлері».

Мұндай тапсырмаларды орындау оқушылардан белсенді ой қызметін, әртүрлі танымдық мәселелерді өздігінен шешуді, бұрын меңгерілген білім-білікті қолдануды талап етеді. Өзіндік жұмыстардың әр түрін орындау нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділігі және ізденімпаздығы арта түседі.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде бұл ұғымға әртүрлі анықтамалар береді.

Кейбір ғалымдар оқушының өз бетімен істейтін жұмысын оқытудың әдісі деп қарастырады, профессор Т.Сабыровтың пікірінше, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды, себебі, өздік жұмыстардың өзі әртүрлі әдістер арқылы іске асады [16].

Біздің көзқарасымыз бойынша, В.П. Беспалько анықтағандай, өз бетімен орындайтын жұмыс адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен ешкімнің көмегінсіз орындауы болып табылады. Оқушының өзіндік жұмысы күрделі әрекет болғандықтан бір ғана белгімен сипаттауға келмейді [17].

Бұл мәселелерге XVIII ғасырдың ойшылы Жан-Жак Руссо да көңіл бөлді. «Өзінің қателіктеріне (баланың өз тәжірибесін артық бағалауына, жүйелі білім алуды жете бағаламауына) қарамастан, оқытудың балалар дербестігін, дамытуға ықпал жасауына, олардың айналадағы көрінген заттар мен оқиғаларды «зерттеу» қабілеттілігі туралы ой салады».

Ғалым балаларды оқытудың негізгі міндеттерінің бірі олардың өз бетімен білім алуға тырысуы, ойлау қабілетінің дамуы, дұрыс та анық идеяның қалыптасуы деп таныды. «Мәселе ғылымды оқытуда емес, оны дәніктіруге, ол ғылымдарды сүйетін болсын, одан кейін оған оқып, білім алудың әдісін үйрету керек».

Ж.Ж. Руссоның ойынша, білім берудің басты міндеттері оқушылардың дербестігін дамыту, байқап-ұғына білуге үйрету. Алайда бұл міндетті жүзеге асыру тиісті жағдайлар жасуды қажет етеді. Бұл жағдайлар балаларға дербестікке тырысуға, таным белсенділігіне табиғи талаптануын дамытуға мүмкіндігін бере алатындай болуы керек.

Баланың ой және адамгершілік күшін тәрбиелеу міндетін және белсенділігін дамыту үрдісінде орындау XVIII ғасырдағы француз ойшылдары дербес ойлана білуді, білімге деген белсенділікті дамытуды оқыту үрдісінде қалыптастыруды жақтады [15].

Батыстың озат, прогресшіл педагогикасы теориясының басты ерекшілігі- оқушының дербестігі идеясын қорғауында «Білім дайын күйінде берілмей, оқушылардың өздері зерттеп және текесеретін материал ретінде берілсе, баларды дамыту, шын мәнінде, қамтамасыз етілетін болады» деген нық сенім.

Ал оқытудың ең жоғарғы принципі мынандай: «тәрбиеленушіңді шындықты өз бетімен зерттеуге талпындыр» немесе «тәрбиеленушіні шындықты іздеу үстінде дамыту үшін танымға баулы». Педагогтар тұжырымдап берген бұл қағида оқушының оқу материалын зерттеу процесінде дербестік теориясын одан әрі дамытуға сөзсіз ықпал жасады.

К.Д.Ушинскийдің (1824-1871) ойынша, оқытушының мақсаты оқушыларға керекті білім беруде ғана емес, оларда жаңа білімді өздігінен алсам деген құштарлықты дамытып, дербестік қабілетін қалыптастыру, пайдалы білімді кітаптардан іздеп, тауып қана қоймай, қоршаған дүниеден, өмір құбылыстарынан да таба білу құралдарымен қаруландыру.

Ғалым оқушылардың өз бетімен ойлана білуге дамытудың қажеттігін ерекше атап көрсеткенін мына сөзінен байқаймыз: «… балалар мүмкігдігінше өз бетімен еңбектенсін, ал мұғалім олардың дербес еңбегіне басшылық жасап, оған материал беріп отырсын». Оқушылардың дербестігін дамыту үшін К.Д. Ушинский мынадай әдістерді ұсынады: оқулықпен жұмыс, жаттығулар орындау, өз істерін өздерінше байқау. Ол: «баланы кітап бойынша әңгімелесе білуге дағдыландыру, соған құмарландыру, мектептің ең басты міндеттерінің бірі»,-деді [18].

Оқушылардың дербестігі мен белсенділігінің принціпін К.Д. Ушинский оқу процесінің психологиялық негіздері мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне терең ғылыми талдау жасай отырып дәлелдеп берді.

Оқу процесінің құрылысы, К.Д. Ушинскийдің ойынша, оқушылардың материалды белсенді де дербес оқып, білуге талпынуын дамыту үшін қажетті жағдайларды алдын ала жасауда болуы тиіс.

Шынында да, адамның мұндай жарасымды дамуы алғашында өте баяу жүреді, алайда уақыт өте тездей түседі, оқушы білімнің іріленген білім-білік, дағдыларды игерген сайын, оның жан дүниесін идеялар билеген сайын, осы «іргетасқа» үлкен да мықты «үй» тұрғызуға болады деген ұлы педагогтың ойы бұрынғыдан өзекті болып көрінеді.

Өйткені, қазіргі кезде мұғалімдер көбіне оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысына көп уақыт бөлмейді, тиісінше назар аудармайды.

Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуі, қоғамның ақпараттандыру саясатына байланысты. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» №217 Заңына сәйкес «ақпараттандыру» бұл «ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс» болып табылады [19].

Ал, ақпараттық технологияларға ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процестер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы жатады. Демек, оқыту технологияларының ақпараттандыруда әдістердің бірі ретінде маңызы бар.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқу-тәрбие процесінде сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл өз ретінде педагогикалық процесті тұтастай өзгертуді қажет етеді.

 

1.2. Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып оқытудың

практикалық маңызы

 

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер тек педагогикалық технология теориясына ғана емес, практикасына да түзету енгізеді. Теория практикасыз ешнәрсені өзгерте алмайды. Теорияның практикалық күшімен энергиясы болады, алайда ол практика жүзінде пайдалана алатын адамдардың санасымен қабылданғанда ғана материалдық көрініс береді. Сонда ғана теория адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, практиканың бағыттаушысы мен реттеушісі рөліне ие бола алады.

Ал теория практикаға технологиялық процесстер арқылы ғана ене алады. Технологиялық процестер нәтижесінде ғылыми теория мақсатты  түрде практикалық жүйеге ене алады. Міне, сондықтан дәстүрлі жүйедегі теория мен практика алшақты нақты теория мен технологияның қолданбалы маңызға ие болмауынан орын алады. Осы алшақтықты жою мақсатында қазіргі кезде педагогикада технологияландыру процесінде қызығушылық туындап отыр. Жаңа мазмұн, жаңа әдіс, жаңа қарым-қатынас негізінде білім беру ісі жаңа мәнге ие болады. Осылайша өмірге білім берудің жаңа парадигмасы лайықты ауқымда және деңгейде іске асырылатын болады.

Осылайша елімізде педагогика ғылымның теориясы мен практикасында оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі жаппай біркелкі біртіндеп өзгеріп әртүрлі нысандардағы мектептермен авторлық жобалар пайда бола бастады солардың ішінде жаңа педагогикалық технологиялар қазіргі заман талабын қанағаттандырылатын бағытқа қарай өзгереді.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер ондағы әдістермен тәсілдерді өзгертуге алып келсе олар өз ретінде оқу мазмұнын өзгертуді талап етті. Осы ретте мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім берудің жаңа стандарты жасалынды. Онда вариативті оқу жоспарлары жасалды. Білім беру мазмұны өзгертудегі негізгі мақсат-оқытудың жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ұйымдастырылуы. педагогикалық технология негізінде оқыту жаңа заманғы өмір талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық технология арқылы оқытуды оқушы белсене субъект ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология оқушыға өзінің еркіндігін сақтай отырып, өз мүмкіндігін, қабілетін іске асыруға тырысатын жеке тұлға ретінде қарайды. Оқыту технологияларын пайдалану арқылы білім беру тек белгілі бір пән бойынша білік пен тағды қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді.

Қазіргі қоғам өз мүшелеріне тек тапсырманы орындаушы ғана емес, олардан бәсекеге қабілетті белсенді өмір өзгерістеріне тез бейімделе алатын, дұрыс шешім қабылдай алатын маман болуды талап етеді. Ол үшін бүгінгі мектеп оқушысын осындай өмір өзгерістеріне дайындап, әртүрлі жоба жасай алатын, әртүрлі жағдайды, қиында болса, дұрыс шешім қабылдай алатындай етіп дайындау керек. Соңғы кезде практикаға жаңа идеялармен жаңа технологиялар, әртүрлі педагогикалық жүйелер жасалынып-енгізілуде. Білім беру жүйесінде балама бағдарламалар жасалынуда. Педагогикалық технологияның толығымен жан-жақты игерген мұғалім ғана алдына қойған мақсатқа жете алады. Соңғы кездегі оқыту процесін технологияландыру бағытында көптеген ғалымдар еңбек етуде. Ал біздің ойымызша, оқыту процесіне жаңа педагогикалық технологияны енгізу оқытудың тиімділігін арттыруға оқытуды ғылыми негізге қоюға, бұл қызметті ізгілік бағытында ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі әдістемелік, педагогикалық және ғылыми еңбектерде «педагогикалық технология» ұғымына анықтама берілген, оның түрлері топтастырылған, пайдалану мүмкіндіктері жайлы жарық көптеген еңбектер бар [8,9,17,10].

Қазіргі заманғы педагогикалық технология мектеп практикасында да енгізілуде [12,13]. Дегенмен, оқыту технологияларын таңдау мен дұрыс пайдалануды, әдетте, қиындықтар туындайтындығы-шындық.

Сондықтан да оқыту технлогиясын педагогикалық процеске тиімді енгізу үшін қазіргі кездегі барлық педагогикалық технологияларды зерттеп, оларды жүйелеп, ғылыми негіздерін анық білу қажет. Әр мұғалім қазіргі кездегі оқыту технологияларын пайдалану арқылы өткізілетін сабақтың оқушының білім алуына тиімді екендігін түсіну тиіс. Бүкіл материалды толық білгізіп шығарудың мүмкін еместігін түсініп, оны игерудің жолдарын көрсетудің қажеттілігіне көңіл аудару-аса маңызды.

Оқыту мазмұнының, әдістері мен тәсілдерінің оқышының білімге деген қатынасының өзгеруіне алып келіп отыр. Білім берудегі жаңа білім беру парадигмасына байланысып педагогика ғылымымен мектеп практикасында негізгі орынды жеке тұлға бағытталған бағыт маңызға ие болуда, оның негізгі идеясы оқушының өзін-өзі дамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуына бағытталады.

Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды көптеген педагогтар мен психологтар оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл-ойының дамытуы деп қарастырады. Баланың білімді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп түсінеді. Міне, мұндай жағдайда оқушы алға қойған жалпы мақсатқа жетуде белсенділік танытатын, топпен ынтымақтастықта қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласатын, онда бір-бірін тексеру, талдау арқылы білім-білікті игеруге деген ішкі қажеттілік сезімі-түрткі пайда болады.

Оқыту технологияларының пайда болуыныңда себебі де, оның артықшылығы да, бұрынғы өзінің белсенді араласуынсыз өткізілетін дәстүрлі оқыту әдісінен де айырмашылығы-осында. Дәстүрлі оқыту кезінде өз бетінше шешім қабылданбайды, проблеманың шешу жолдары іздестірілмейді. Онда білім дайын түрде беріледі. Бұл қазіргі кездегі нарықтық жағдайдағы қажеттілікті қанағаттандырмайды. Сондықтанда педагогикалық технологиялар түрлерінің көп болуы, оларға қойылатын талаптардың да сан түрлі болуы өмір сұранысынан туындаған заңдылық болып отыр.

Оқыту технологияларының оқу процесіне енуін тарихында келесі кезеңдерді бөледі:

  1. 1960- жылдары «оқыту технологиялары» деген ұғым пайда болады. Ол бағдарламалап оқыту әдістемесінің енгізілуіне байланысты болады.
  2. 1970- жылдары «оқытудың ақпараттық технологиясы» пайда болды.
  3. 1980- жылдары «термин педагогикалық технологиялар» деп тұжырымдалады.
  4. 1990-жылдары педагогикалық технологиялар оқу процесінде ұйымдастыруы мен басқаруы үшін пайдаланылатын әдістер, тәсілдер мен құралдар жүйесі ретінде оқыту процесіне енді. Педагогикалық технологиялар түрлері қалыптаса бастады.
  5. Қазіргі кезең-оқытудағы технологиялық бағыт дәстүрлі әдістерден тиімді екендігін көрсетті. Оқытуды педагогикалық технологияның пайдалану қажеттілік екені дәлелденді.

Сонымен, оқыту технологияларын оқыту процесінде пайдалану салыстырмалы түрде жаңа бағыт болып саналады. Әртүрлі ғалымдар бұл ұғымға әртүрлі анықтама береді. Олардың кейбіреулерін қарастырайық.

Педагогикалық технологияның әдістемелік негізін қалыптастырған В.П. Беспалько болып саналды. Ол педагогикалық жүйені екі жүйеден тұрады деп есептейді: 1) дидактикалық мақсат және 2)мақсатты шешуге арналған технология [17].

В.П. Беспалконың ойы бойынша, әр мақсатқа белгілі бір технология арқылы жетуге болады. Мұның негізінде бір-бірімен байланысқан біртұтас компоненттен тұратын жүйе түзіледі: ұйымдастыруы нысаны, дидактикалық процесс және мұғалімнің шеберлігі.

Мұндағы негізгі идея оқу-тәрбие процесін белгілі бір мақсатқа бағыттаған жұмыстардың жүйесіне айландыру қажет. Педагогикалық процес алдымен жобаланып, содан соң жоба бойынша сыныпта жүргізілуі қажет. Педагогикалық технология негізінде жан-жақты білімді жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жұмыс жүйелі, мақсатты жүзеге асырылуға тиіс.

Міне, осындай жұмыс нәтижесінде мектептегі оқыту процесін өзгертуге, оның жаңартуға болады.

ЮНЕСКО берген анықтама: педагогикалық оқыту технологияға барлық оқыту процесі мен білімді игеру процесінде адам мүмкінділіктерін үйлесімді пайдалануы мен анықтаудың жүйелі әдісін қалыптастыру [9].

В.М. Монахов: педагогикалық оқыту технология бірлескен іс-әрекеттің барлық жағынан ойластырылған мұғалімге де, оқушыға да ыңғайлы жобасы [9].

В.М. Монаховтың ойынша, педагогикалық оқыту технологиясын пайдаланудың негізгі идеясы-оқушының іс-әрекетке бағыттайтын жұмысын қарастыруы. Ғалым педагогикалық технологияны оқу мазмұнын игеруге бағытталған белгілі тәсіл, әдістердің жинақтығы деп санайды. Бұл әдістемелік технология жүйелік, тиімділік, оқу сапасын жоғарылату мен оқу мазмұнын толық игеруге бағытталған талаптарға сай құрастырылады.

Ал, енді бір ғалымдар тобы, педагогикалық технологияны ғылымның жаңа бір бағыты ретінде қарастырады:

— педагогикалық технология-оқыту процесінің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым;

— педагогикалық технология оқыту жүйелерімен оқыту процесін құрастырумен айналысатын педагогикалық ғылымның жаңа (50-жылдан бастап) бағытты;

— педагогикалық технология оқу процесі кезінде қойылған мақсаттарды шешумен оқу процесінің тиімділігін іске асыруға бағыттаған педагогика ғылымының қолданбалы бағыты.

Міне, осы сияқты педагогикалық технологияларды әртүрлі мазмұнды, әралуан тұрғыда түсіну педагогикалық технология мазмұнының күрделі, әлі де болса, қалыптасып келе жатқан жаңа бағыт деп тұжырымдауға мүмкінділік береді.

Жаңа білім беру парадигмасында мұғалім-тек бағалаушы ғана емес ол оқушы іс-әрекеті кезінде кездесетін қиындықтарды уақтылы анықтауға, оларды жеңуге көмектесетін кеңесші маман. Бұл мұғалім мен біліктілік пен қатар кәсіби шеберлілікті де қажет етеді.

Жаңа тұлға бағытталған оқыту кезінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жеке оқушыға, оның ойлау қабілетіне, жеке пән бойынша дайындағанына байланысты қарастырылады. Бұл қазіргі заманның талабы. Осындай талап барлық дамыған елдерде қатаң қойылады. Осыншама «оқушы», не «студент» оқу процесінің орталығына шығарылады. Оқушының талап білуге арналған іс-әрекеті бүкіл білім беру ісін ұйымдастыратын адамдардың бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешендерінің, зерттеушілердің ең шешуші мәніне ие болуы керек.

Бұл кезде жеке тұлғаға бағытталған оқыту оқушының жан-жақты тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік туғызуды ұмытпауымыз қажет. Адамның ақыл-ойының дамуымен қатар оның дене, эмоционалдық, әлеуметтік, эстетикалық, шығармашылық, ақыл-ой, рухани, кәсіби шеберлігіне бағытталған дағдыларын да дамыту керек. Міне осындай жан-жақты өмір сүруге бейім адам, өз бетінше шешім абылдай алады, белсенді іс-әрекет жасайды, өмірдің өзгеруіне бейімделе алады.

Осы мақсаттарды шешу жолдары қарастырылып, әртүрлі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл мақсаттарға негізінде жеке тұлға бағытталған  арқылы қол жеткізудің бірнеше мүмкінділіктері бар, атап айтқанда:

-өзінің алған білімін практикада қайда, қалай,  қандай мақсатта пайдалануға әр оқушының білуі үшін белсенді іс-әрекетке қатынасу;

— әртүрлі проблемаларды шешуге, қарым-қатынаста адамдармен жұмыс істей алу дағдыларының қалыптасуы;

— өз сыныбының, мектебінің және баса адамдармен кеңінен қарым-қатынас жасау;

— қажетті ақпаратты алу, өзінің ойын қорытындылау, оны жан-жақты зерттеу;

— әртүрлі нақты жағдайдың туындауына байланысты әралуан ролдерде, кейде топпен бірге шешу де өзінің үнемі ақыл-ой қабілетін, дене және адамгершілік дамуының жағдайын тексеру мүмкіндігі.

 

1.3. «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланудың маңызы

 

Оқушының танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда оқыту прроцесін оқушылардың өз бетінше бағдарлау әрекеті мен оқуға деген ынтасын оятуға бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалану жеткіліксіз.

Бұл мәселе И.Я. Лернер, А.М. Матюшкин, М.И. Махмутов, В.Оконь және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Сонымен бірге Ш.А. Амонашвили, В.Ф. Шаталов сияқты зерттеуші пелагогтардың жұмыстарында да мәселелер практика жүзінде іске асырылған [9, 21-23,].

Оқушының өзіндік танымдық іс-әрекеті танымдық қызығушылықтан туындайды. Олай болса, Г.И. Щукинаның танымдық қызығушылық оқудың ең негізгі түрткілерінің бірі бола отырып, оның белгілі бір жағдайларға байланысты «жеке тұлғаның іс-әрекеті мен жекеленген әрекеттерінің дамуына қуатты түрткі күшіне айналады» деген пікірімен келіспкуге болмайды.

Сонымен, бұл жағдайлардан оқушы өздігінен жорамалдауға, бақылауға, ізденуге, өзідігінен танымдық іс-әрекет жасауға мүмкіндік алады.

Т.И. Шаманованың пайымдауынша, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың құралына мыналар жатады: оқу мазмұны, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру нысандары.

Сонымен бірге танымдық белсенділікті арттыру құралдарының жүйесі төмендегідей талаптарға жауап беруі тиісті:

— оқытуды ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде оқушылардың ішкі оқу ынтасын ояту мен дамыту;

— оқушылардың алдына қойған іс-әрекетінің мақсатын қою мен жоспарлауды қамтамасыз етуге бағдарлауын көтермелеу;

— оқушылардың оқу ақпараттарын өңдеуде интеллектуалдық іскерлігін қалыптастыру;

— оқушылардың өзін-өзі бақылауы мен түзетуі негізінде оқытуда өз бетімен істейтін іс-әрекетін қамтамасыз ету.

Жоғарыда аталған ғалымдардың жұмыстарына талдау жасай отырып, оқушылардың оқыту кезіндегі дербес белсенділігінің тиімді деңгейі оның танымдық іс-әрекетінің арттыруымен, дәлірек айтқанда:

— оқушыны нақтылы іске байланысты қажеттілікті қалыптастыру мен орнықты орындау қызығушылыққа тәрбиелеумен;

— оқушыны ақпаратты қайта өңдеуге байланысты интеллектуалдық және өздігінен жоспарлау, ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастырумен;

— материалды оқыту процесін оқушылардың әрқайсысын оқытуға белсенді түрде қатыстырумен қамтамасыз етіледі.

Ғалымдардың айтқан пікірлеріне сүйене отырып, оқушылардың өз бетімен танымдық іс-әрекеті деп олардың жұмыс істеу барысында өздігінен жоспарлау, бағдарлау, тексеру және қорытынды жасау сияқты шығармашылық ойлау қабілетін талап ететін әрекеттер тізбегі екенін түсінеміз.

Осы айтқан тұжырымға сай оқушының орындайтын іс-әрекетін арттыруда мұғалімнің жасайтын жұмысының мақсаты оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты жүргізілген практикалық жұмыстар нәтижесінде, яғни төмендегі мәселелер негізінде анықталған:

— өтілген материал мен өтілетін материалдардың арасындағы байланысты әртүрлі мысалдар беру арқылы оқушының білімін толықтыру;

— оқушының өзі орындайтын жұмысын ұйымдастыру мақсатында олардың оқу-тәрбие процесіндегі белсенділігін арттыру;

— оқушыларға теориялық білімді күнделікті өмірмен байланыстыру арқылы өз бетімен білім алып, білім деңгейін кеңейту дағдыларын қалыптастыру.

Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлының пікірі бала білімді тәжірибе арылы өздігінен алуы керек дегенге саяды. Мұғалімнің қызметі-оның білімі мен шеберлігі осы ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан керек білімді кешіктірмей кезінде беріп отыру үшін балаға жұмысты мүмкіндігіне қарай шығандап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек [23].

Оқушылардың орындайтын жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.

Бұл жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

— мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

— жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;

— мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігін өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен және қолдарымен істеуі, оған әсер ететін түрткілер туғызуы т.с.с.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқушыны және тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушыны өз іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде және оқытуда оның дамуы қажет. Осы бағытта оқушыларға берілетін жеке тапсырмалардың үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей болады.

Түрлі әдістеме мен тәсілдерді пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру-кез келген мұғалімнің негізгі міндеті.

Бұл ретте психолог-ғалым Л.С. Выготскийдің «Әрбір баланың өз деңгейі болады, әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап берілуі қажет. Баланы оның жеке таяудағы даму аймағында жетілдіру керек» деген ойын ескерген маңызды [24].

Негізгі мақсат-баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, оның жеке қабілеттерін қалыптастыру және ой-өрісін дамыту негізінде олардың шығармашылық қабілетін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын таныту.

Қазіргі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесін жаңартуды міндеттейді. Сондықтан да оқыту процесін оқушылар алған білімін ұзақ уақыт есте сақтайтындай, оларды одан әрі өрістететіндей және іскерліктерін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет.

Қазіргі мектептегі іс-әрекет оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыратындай, оның сұранысына сай, оған керекті, болашақ өмірге баулитындай болуы қажет. Осындай болған кезде ғана мектеп өмірі оқушының қызығып қатынасатын қажетті орнына айналады.

Қазіргі кездегі мұғалімнің рөлі:

— оқушының белсенділігін арттыруы;

— баға критериін дұрыс анықтауы;

— белсенді оқыту әдістерінің енгізілуі;

— оқушыны болашақ өмірге дайындауы.

Білім беру негізінен:

— белсенді (интерактивті) оқу әдістерімен;

— әдістемелік және дидактикалық материалдарды көбірек пайдалана отырып;

— оқушыны үнемі іздену мен дамуға итермелей отырып;

— өзіне деген үлкен этикалық талап негізінде өткізілуге тиіс.

Белсенді (интерактивті) оқыту әдістерін оқыту процесінде пайдалану оқушылардың мынадай қабілеттіліктерін дамытады:

— өзінің жеке көзқарасын қалыптастырып оны жеткізе алу;

— басқа адамдардың көзқарасын силай білу;

— оқу материалының мазмұнын толық білу;

— оқу материалына шығармашылықпен қарау;

— үлкен аудитория алдында өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе алу;

— оқу процесі кезінде жинақталған ақпаратқа талдау жасау;

— жиналған ақпаратпен жеке жұмыс істей алу;

— өзінің жеке бағытын көрсете және дәлелдей алу;

— өзінің өмір тәжірибесін әртүрлі ситуацияларды болжау білу.

Оқыту технологияларын пайдаланып оқу процесін ұйымдастыру негізінде мектеп түлектерінде мынадай қабілеттіліктер қалыптасады:

— жеке анық көзқарастың болуы;

— өзіне-өзі сын тұрғысынан қарай білу;

— басқалармен бірлесіп жұмыс істей алу;

— өздігінен белсенді іс-әрекет жасай білу;

— өзі де жеке шығармашылдықта қызмет ете алуы.

Қазіргі жағдайда мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар мынадай:

— мектеп мұғалімдерінің бәсекеге қабілеттілігі;

— білім беру жүйесі сапалығының артуы;

— мұғалімнің кәсіби шебер болуы.

Сыныптағы оқушының психологиялық жағынан әртүрлі екендігін ескерсек, мұғалім бүкіл сыныптағы оқушыға-бір материал, бір талап, бір баға критериін қойып, бір түрлі сарынмен өткізу «әдітінің» мүлдем қате екендігін түсінеміз. Психологтар әр баланың ойлау типтері әртүрлі, берілген ақпаратты қабылдау жылдамдықтары әртүрлі деңгейде, есте сақтау қабілеті де түрлі болатындығын айтып, оған түрліше көңіл аудару қажеттілігін көпшілік назарын аударуда.

Міне, осы ретте, оқыту технологияларын пайдаланып оқушы іс-әрекетін ұйымдастырғанда, олармен белсенді өз бетімен жұмыстарын жағымды бағытта ұйымдастыру қажет. Білім беру мекемелерінің алдына тұрған мақсат-жан-жақты білімді жеке тұлға тәрбиелеу. Олай болса, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде оқушыға биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, т.б. тұрғыдан әсер етуіміз керек.

В.С. Леднев жеке тұлғаның құрылымдық анықтамасын зерттей келе, үш құрамдас бөліктерін ажыратқан, олар [25]:

1) психологиялық құрамдас бөлік-ақпаратты қабылдау, ойлау, сезім, ерік, өзін-өзі ұстай алуы, көңіл бөле алу мүмкіндігі;

2) оқушы өзінің жеке тәжірибесі-білім-білік, дағды; сипаттамаларды танып білу қабілетінің сапасы.

3) жеке тұлғаның қасиеті, мінезі, иемпераменті, қабілеті, жеке даму ерекшелігі.

Отандық зерттеуші- ғалымдар Н.Д. Хмель, М.М. Жанпейісова, Б.И. Мұханова, Т.К. Нұрғалиева және басқалар жеке тұлға дамуын әртүрлі критерилері (сапалары) бойынша қарастырады [12,13,26].

Мұғалім оқушыларының қасиеттеріне қалай көңіл аудару қажет екендігін мұғалім өзі анықтауы қажет, негізгісі педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы педагогикалық процесті ұйымдастырғанда оқушылардың психологиялық ерекшелігін, мінезін, даму деңгейін, сол пән бойынша білім деңгейін, тәжірибе деңгейі ескеріліп, әр оқушыға жеке қарым-қатынас орнатылады.

Мұғалімнің іс-әрекеті көпқырлы, ол оқыту, тәрбиелеу, дамыту, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруға бағытталады. Ал, педагогика мен психология ғылымы ерте заманнан бері жеке тұлға өз іс-әрекеті нәтижесінде ғана дамитындығын дәлелдеген.

Ал, іс-әрекеттік белсенділікке, жеке және қоғамдық дамуға белгілі бір нәтиже беретін мақсатқа бағытталған болуы қажет. Педагогикада іс-әрекет пен жеке тұлға ерекшелігі сияқты өзінің құрылымдық компоненті бар. Егер педагогикалық процесте осы құрылымдық компоненттің бірі түсіп қалатын болса, онда іс-әрекеттің толық болатындығы туралы айтуға болмайды.

Қазіргі кезде республикада білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім кеңістігіне ену бағытында елеулі істер атқарылуда, мысалы:

— білім парадигмасы өзгерді;

— білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалынды;

— білім берудің ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы қабылданады;

— жаңа мазмұн мен жаңа оқу-әдістемелік кешендері дайындалды;

Республикамыздағы оқу мекемелері Білім және ғылым министрлігі ұсынған көпнұсқалық бағдарламалар бойынша өз қалауларына қарай оқуға мүмкіндік алады. Мұнда әртүрлі нұсқадағы мазмұн, құрылым, жаңа идеялар мен жаңа технологиялар бар. Бұл жағдай мұғалімдерге әртүрлі мазмұнды таңдауға, оны оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай пайдалануға мүмкіндік бергені сөзсіз.

Жаңа заман маманы қазіргі кездегі озық идеяларды игерген, сауатты, шығармашыл, сонымен қатар адами қабілеттері дамыған болуы тиіс.

Оқыту технологияларын пайдалану мұғалімдерге мынадай мүмкіндіктерді ұйымдастыруға жол ашады:

— есте сақтауға негізделген білім алудан меңгерген білімді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

— білімнің статикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

— оқушыға орташа білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Педагогикалық процесті технологияландыру — бүгінгі күннің қажеттілігі. Педагогикалық технологияның түрлері де көп. Бірақ оларды пайдаланып, нәтижесін көрмеген мұғалімдерге оған көшу қиындық туғызып жүргендігін жасыруға болмайды.

Бұл ретте оқыту технологиясы:

— оқушылардың оқуға деген ынтасын тудыратын;

— оқудағы танымдық іс-әрекетті оңтайлы ұйымдастыруға көмектесетін;

— мұғалімнің шығармашылығына жол ашатын;

— мұғалім жұмысын нәтижелілігі мен жинақылығына көмектесетін;

— оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін оқыту процесінің негізгі компоненті екендігін әр маманның білгені абзал.

Оқыту технологияларын пайдалануда мына жағдайлар еске алынуы қажет:

— қазіргі кездегі қоғамның түлекке қойып отырған талабы;

— таңдалынып отырған технологияларды іске асыруға мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сәйкестігі;

— жүргізілетін жұмыстың жүйелілігі;

— бұл процестің технологиялық тиімділігі [27].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

 

2.1. Зерттеу жұмысының әдістері:

 зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие процесін бақылау; сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Жеке тұлғаға бағытталған технологияны оқыту процесінде пайдаланудың теориялық негізі.
  2. Жеке тұлғаға бағытталған технологияны «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқытуда пайдаланудың мүмкіндіктері мен тиімділігі.
  3. Оқушыда денсаулық мәдениетін қалыптастыруға бағыттайтын «Денсаулық төлқұжаты».

Зерттеу жұмысының мақсаты-мектептегі «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқыту процесінде жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық технологияны пайдаланып оқыту, оның теориялық негіздерін анықтау мен әдістемелік тиімділігін тексеру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Жеке тұлғаға бағытталған технологияны оқыту процесінде пайдаланудың теориялық негізін анықтау.
  2. «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқытуда

жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланудың мүмкіндіктерін нақтылау, оны пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының болжамы: егер «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәні жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқытылса, онда оқушыларда өзінің денсаулығына деген жауапкершілік сезімі қалыптасып, оны нығайтуға бағытталған дағдылар қалыптасады; олар салауатты өмір салтын жүйелі сақтап, денсаулық мәдениетін дамытуына негіз болады.

Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: мектеп оқушыларында денсаулық сақтау бағытында қалыптасатын білім-білік, дағдылар жүйесі.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі: философиялық, пеадагогикалық, психологиялық, әлеуметтанулық әдебиеттер, педагогикалық технология бағытындағы зерттеулер мен тұжырымдамалар.

Зерттеу жұмысының көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, оқулықтар, әдістемелік құралдар, мұғалімдер тәжірибелері.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Теориялық маңызы: жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып оқытудың теориялық негізі анықталып, оны пайдаланудың тиімділігі көрсетілді. Практикалық маңызы: жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқудың оқушы үшін маңызы, онда денсаулық мәдениетінің қалыптасуындағы рөлі көрсетілді.

Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласының  Ж.Жабаев атындағы №161 гимназия.

«Әдебиеттерге шолу» бөлімінде жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың теориялық негіздері, олардың оқу-тәрбие процесіне ену жағдайы мен маңыздылығы сипатталады.

«Эксперимент нәтижелері мен кепілдемелер» атты бөлімінде «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқытуда аталған технологияны пайдаланудың мүмкіндіктері анықталып, тиісті жолдары мен тиімділігін көрсететін эксперимент жұмыстарының мазмұны беріледі.

Бітіру жұмысының қорытынды бөлімінде зерттеу нәтижелері, тұжырымдар жасалынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУ

 

3.1. «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланудың жолдары

 

Соңғы он жылдықта оқыту процесінде «жеңіске жету жағдайын туғызу» деген сөз тіркесі пайда болды. Мұғалім оқу-тәрбие процесінде 1-2 рет оқушыға жеңіске жету жолын көрсету қажет, оның нәтижесінде оқушы жоғары нәтижеге жете алатындай болуға тиіс. Бұл таным белсенділігін қалыптастырады.

Бірақ, үнемі жеңіске жету, оқушының ерік сапасының қалыптасуына кері әсер етеді. Сондықтан да мұғалім оқушыға оқу процесі кезінде кездесетін қиындықтарды жеңуге, одан қорықпай шығуға үйрету қажет. Бұл сабақ кезінде әртүрлі ситуация туғызу арқылы іске асырылады.

Мұғалім оқушыға жеңіске жетудің жолын көрсетеді. Бұл ретте мұғалім оқушыда жағымды эмоциялық жағдай қалыптасуын қамтамасыз етеді, себебі, жеңіске жетуге ұмтылу адамда өз күшіне сенуді қамтамасыз етеді, жеңіске жету тағы да жеңіс қуанышы сияқты «тәтті бір сезімге тағы да бөленсем» деген бір түрткі туғызады. Жағымды эмоция ішкі келісім жағдайын туғызады, ол басқа адаммен қарым-қатынасынан білінеді.

Жеңіске жетуге итермелейтін ситуация біртіндеп саналы түрде мына ретте қалыптасады:

— іс-әрекетке бағытталған дұрыс ұстанымның болуы;

— жоспарланған іс-әрекетті қамтамасыз ету;

— алынған нәтижені болжанған нәтижемен салыстыруға болатындығы.

Сабақта жеңіске жету алгоритмі үш кезеңнен тұрады:

 1) түрткі (мотивациялық) кезеңінен,

 2) ұйымдастыру кезеңінен

 3) қорытынды кезеңнен.

Алғашқы кезеңдегі мұғалімнің мақсаты тапсырманы орындауға бағытталған түрткі қалыптастыру болып табылады.

Екінші кезеңде-жеңіске жету жағдайын қамтамасыз ету, танымдық іс-әрекет ұйымдастыру.

Соңғы, үшінші кезең оқу іс-әрекеті нәтижесіне саналы әрекеті қалыптастыруға, жаңа танымдық іс-әрекетке бағытталады.

Бұл кезде оқушыға дұрыс эмоционалдық қолдау керек. Сонда ғана жағымды эмоция және іс-әрекетке негіз пайда болады. Егер оқушы өз қателерін ескеріп, түзету бағытында жұмыс істесе, нәтиже біртіндеп жоғарылайды.

Бұл ретте мұғалім мына жұмыс нысандарын пайдалануына болады:

— қызық тапсырмаларды өз бетінше шешу;

— өзінің іс-әрекетінің адамдарға пайдалы жағын көрсету;

— мұғаліммен жаңа қарым-қатынаста еңбек ету жағдайын қалыптастыру.

Бүгінгі күнгі оқыту процесіндегі ең маңызды жағдай рефлексия, яғни өзіне-өзі сын тұрғысынан қарауы. Бұл кезде оқушы мұғалім көмегімен болашаққа болжам жасайды. Бұл іс әрекет бірнеше циклден тұрады (1-кесте) [28].

Міне, осылайша оқушыда педагогикалық процесті технологияландыру арқылы өз бетінше білім алуға деген тұрақты қажеттілік пайда болады.

1-кесте

Жеңіске жету алгоритм кезеңдері

 

Мотивациялық кезең

Іс-әрекет кезеңі

Қорытынды

кезең

Оқушыдағы сапалық өзгерістер

Жеңіске жетуге бағытталған кезең

І кезең

Мұғалім нақты оқу жағдайында жеңіске жетуге түрткі жасайды.

Мұғалім оқушыға қажетті жағдайды қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде оқу-шыда жағымды эмоция пайда болады, тапсырма орындалады

Жағымды эмоция оқушының өз күшіне сенімін туғызады, ол жаңа тапсырманы орындауға итермелейді.

Оқушы тағы да жеңіске жетуге тырысады.

ІІ кезең

Оқушыда жеңіске жетуге деген түрткі пайда болады, ол үшін оқушы белгілі бір күш жұмсауға дайын тұрады.

Мұғалім тапсыр-ма береді, оны орындауға бір-шама оқушы күш-жігерін жұмсап, ойлау іс-әрекетін ұйым-дастыруы қажет болады.

Оқушы өзінің күшін бағалай отырып, өзін-өзі бағалайды, мұғ-алімнің бағасы-мен салыстыр-ады, сәйкес кел-мейтін жерін салыстырады.

Қиындықты жеңу жеңіс құнын тер-еңірек кезінуге, оны қайталауға, жеңіс нәтижесін бекітуге итер-мелейді.

ІІІ кезең

Одан әрі оқушыда жеңіске жетуге деген «ішкі түрт-кі» пайда болады, онда танымдық процеске деген қызығушылық пайда болады

Оқушыға берген тапсырма нұсқа-ларының ішінен оқушы өзіне көлемі мен қиын-дық дәрежесіне байланысты тап-сырманы таңдай-ды, оқушыда өзі-нің іс-әрекет сти-лі пайда болады.

Оқуға деген са-налы қатынас қа-лыптасады, нәти-жені объективті бағалай білу сезі-мі пайда болады.

Өзінің мүмкінді-гін, білім мен біл-ік деңгейін ажыр-ата алатын бола-ды, білімін жетіл-діруге қажет жағдайда түсінеді.

IV кезең

Оқушыда өз бетінше оқуға, білім алуға, білім-ін жетілдіруге деген қажеттілік пайда болады

Оқушы жеңіске жетуге бағытталған іс-әрекетті өзі қам-тамасыз етеді.

Оқушы өзінің іс-әрекетін болашақтағы дамуға бағыт-талған жұмыс-тың негізі деп бағалайды.

Оқушы өзін-өзі жетілдіре ала-ды, жеңіске бағ-ытталған тапсыр-маны таңдай ала-ды, өзіне де, өзге-ге де сондай талап қоя алатын бола-ды.

           

 

Бұл процесте мұғалім оқытуға емес, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың жолын табуға көмектеседі.

«Биология. Адам және оның денсаулығы» пәнін оқытуда қазіргі кезде жалпы денсаулықтың төмендеуі, аурулардың көбеюіне көбірек көңіл аудару қажет. Бұған оқытуда технологияландыру арқылы қол жеткізуге болады.

Біз болашақта бұл жағдайда өзгереді деген үміттеміз. Денсаулықтың, соның ішінде мектеп оқушыларының денсаулығының төмендеуі қауіпті көрсеткіштермен сипатталып отыр. 2009 жылғы тексеру қорытындысына сәйкес мектеп жасындағы балалардың 44,8%-ның денсаулығы нашар, оның ішінде 35%-ы түрлері ауру нысандары бойынша дәрігерлердің үнемі бақылауында болуды қажетсінеді [29].

«Биология. Адам және оның денсаулығы» пәнін оқытқанда бұл жағдайға аса көңіл аударылмайды. Осы себепті бұл пәннің маңызын толық ашу үшін мұғалім оқытуға қойылатын талаптар мен әдістерді өзгертуі қажет.

 

  • «Биология. Адам және оның денсаулығы» пәнінен өтілетін

тақырыптарды оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланудың мүмкіндіктері

 

Жоғарыда көрсетілген жеңіске жетуге бағыттайтын оқу жағдайын қамтамасыз ету жолын әр мұғалім біліп, пайдалана алса ғана нәтижеге жетуге болады. «Биология. Адам және оның денсаулығы» пәнінің мазмұны да ондағы істелінетін жұмыс түрлері де бұлардың барлығын қолдануға лайық. Оны 2-3 кестелерден көруге болады [30].

Ескеретін жағдай, биология мазмұны оқушының өзі үшін қажет білім мен білікті қалыптастыруға бағытталғандығы.

Оны оңтайлы бақылау үшін «Биология. Адам және оның денсаулығы» пәні бойынша қорытынды сабақта берілген мына көрнекілікті келтірген жөн [31].

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте

«Биология. Адам және оның денсаулығы» пәнінің мазмұны, ондағы істелінетін жұмыс түрлері

 

Тақырыптың атауы

Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдалану мүмкіндіктері

«Биология. Адам және оның денсаулығы» пәнінің мақсаттары мен міндеттері даму тарихы

Пәннің мазмұнын түсіну

Жеке бас гигенасы

Жеке бас гигиенасын сақтау

Күн тәртібі

Өзінің күн тәртібін жасау

Асқорыту жүйесі

Өзінің асқорыту жүйесіндегі өзгерістерді бақылауға дағдылану

Асқорыту жүйесінің аурулары, олардың алдын алу

Дұрыс тамақтануға дағдылану

Бауыр. Бауыр аурулары және олардың алдын алу

Дұрыс тамақтануға дағдылану

Денсаулық негізі- ұтымды дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтану ережесін жасау

Минералды заттар

Тамақтанған кезде минералды заттардың маңыздылығына көңіл аудару

Консервіленген тамақ

Тамақтану ережесін жасаған кезде ескеру

Организмнің өсуі мен дамуының көрсеткіштерін өлшеудің қарапайым әдістері

Антропометрлік көрсеткіштерді өлшеу, төлқұжатқа түсіру

Дене шынықтыру және қозғалыс белсенділігі

Денені үнемі шынықтыруға дағдылану

Организмді шынықтыру

Дағдыға айналдыру

Жарақаттану түрлері

Сақтану

Жарақаттанған адамды тасымалдау

Алғашқы көмектің қарапайым тәсілдерін меңгеру

Зиянды әдеттер

Зиянын түсіну, пайдаланбау (бас тарту) дағдысын қалыптастыру

Есірткі және нашақорлар

Зиянын түсіну, пайдаланбау дағдысын қалыптастыру

Жұқпалы ауру тудыратын микроорганизм түрлері. Вирустар және олардың алдын алу

Ауру тудыратын микроорганизм-дерді білу, олардан сақтану дағдысын қалыптастыру

Инфекцияның таралу жолдары

Ауру тудыратын микроорганизм-дерді білу, олардан сақтану дағдысын қалыптастыру

Дизентерия

Ауру тудыратын микроорганизмдерді білу, олардан сақтану дағдысын қалыптастыру

Жыныстық даму кезеңдері

Даму ерекшеліктерін білу, бұл кездегі тамақтану, дене күтімі ережелерін сақтану

Ұлдар гигиенасы. Қыздар гигиенасы

Даму ерекшеліктерін білу, бұл кездегі тамақтану, дене күтімі ережелерін сақтану

Психикалық денсаулық

Өзінің психикалық жағдайын сақтау, меңгеру

Эмоционалдық денсаулық

Өзінің эмоционалдық жағдайын сақтау, меңгеру

Кикілжің, оның түрлері

Кикілжің тудырмайтын жолдарды меңгеру, дағды қалыптастыру

Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі сыйлау

Өзін-өзі бағалауға және өзін-өзі сыйлауға дағдылану

Экология және денсаулық

Экологиялық таза тағамдармен тамақтануға дағдылану

Азық-түліктегі пестицидтер

Экологиялық таза тағамдармен тамақтануға дағдылану

ЖҚТБ (АҚТҚ) туралы түсінік

ЖҚТБ (АҚТҚ) сақтану жолдарын меңгеру

 

3-кесте

Білім мен білікті қалыптастыруға арналған сұрақтар

 

Тарау тақырыбы

Қандай білімді игердіңдер

Оның өмірде пайдасы қан-дай? Қандай дағды қалып-тастырды?

Сен нені өзгерттің

1

«Биология.Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәні-нің мақсаттары мен міндеттері, даму тарихы. СӨС ұғымын-ың анықтамасы

Пәннің мәнін игердім

Денсаулықты сақтауға деген дағдылар қал-ыптастырдым

Денсаулығымды сақтауға Деген

көзқарасты өзгерттім

2

Жеке бас гигиенасы. Күн тәртібі

Жеке бас гиги-енасының ере-желерін игер-дім

Жеке бас гиги-енасының ере-желерін сақтау-дың дағдысын қалыптастыр-дым

Жеке бас гигенасы-ның ережелеріне дег-ен көзқарасымды өз-герттім

3

Асқорыту Жү-йесі. Асқорыту жүйесінің аур-улары, олардың алдын алу.

Бауыр. Бауыр аурулары және олардың алдын алу. Денсаулық негізі-ұтымды дұрыс тамақта-ну. Минералды заттар. Консер-віленген (бұқт-ырылған) тамақ

Дұрыс тамақ-тану ереже-лерін меңгер-дім

Дұрыс тамақ-тану ережеле-рін сақтау дағ-дысын қалып-тастырдым

Тамақтануға деген көзқарасымды өз-герттім

4

Организмнің өсуі мен даму-ының көрсетк-іштерін өлшеу-дің қарапайым әдістері. Дене шынықтыру және қозғалыс белсенділігі. Организмді шынықтыру

Организмнің даму көрсетк-іштерінің заң-дылықтарын игердім

Организмнің өсу мен даму көрсеткіштерін жоғарлатуға ба-ғытталған жұ-мыс дағдысын қалыптастыр-дым

Организмнің өсу мен даму көрсеткіштерін жоғарлатуға бола-тындығын түсіндім

5

Жарақаттану түрлері. Жара-қаттанған адам-ды тасымалдау

Әртүрлі жарақаттар туралы білімді меңгердім

Кездейсоқ жар-ақаттан сақтану дағдысын қал-ыптастырдым

Сақтық ережелерін орындау қажеттілігін түсіндім

6

Зиянды әдет-тер. Есірткі жә-не нашақорлар

Зиянды заттар-дың әсері тура-лы білімді ме-ңгердім

Зиянды заттар-дан аулақ болу дағдысын қал-ыптастырдым

Зиянды әдеттерге қа-тысты қарсы көзқа-расты қалыптастыр-дым

7

Жұқпалы ауру тудыратын ми-кроорганизм түрлері. Вирус-тар және олар-дың алдын алу. Инфекцияның таралу жолда-ры. Дизентерия

Жұқпалы аур-улар таралу жо-лдарын, түрле-рін меңгердім

Жұқпалы ауру-лардан сақтану дағдысын қа-лыптастырдым

Организмнің қарсы тұру қабілетін жоға-рлату қажеттігін түсіндім

8

Жыныстық да-му кезеңдері. Ұлдар гигиена-сы. Қыздар гие-насы

Даму ерекше-ліктерін мең-гердім

Даму кезіндегі ережелерді сақ-тау дағдысын қалыптастыр-дым

Жетілу кезінде ор-ганизмді шынықтыру қажеттілігін түсіндім

9

Психикалық денсаулық

Психикалық денсаулық тур-алы білімді ме-ңгердім

Психикалық денсаулықты сақтау дағды-сын қалыптас-тырдым

Психикалық ден-саулықты сақтау қа-жеттілігін түсіндім

10

Эмоционалдық денсаулық

Эмоционалдық денсаулық ту-ралы білімді меңгердім

Эмоционалдық денсаулықты сақтау дағды-сын қалыптас-тырдым

Эмоционалдық ден-саулықты сақтау қа-жеттілігін түсіндім

11

Кикілжің, оның түрлері. Өзін-өзі бағалау жә-не өзін-өзі сый-лау

Кикілжіңді туғызбауға өзін бағалауға қа-жетті білімді меңгердім

Кикілжіңді ту-ғызбау, өзін ба-ғалау дағдысын қалыптастыр-дым

Кикілжіңді туғызбау, өзін бағалау қажет-тілігін түсіндім

12

Экология және денсаулық. Азық-түліктегі пистицидтер

Экология мен денсаулықтың байланысын меңгердім

Экологияны сақтау дағды-сын қалыптас-тырдым

Экологияға деген көзқарасымды өз-герттім

13

ЖҚТБ (АҚТҚ)

ЖҚТБ (АҚТҚ) туралы білімді меңгердім

ЖҚТБ (АҚТҚ)-дан сақтану да-ғдысын қалып-тастыру

ЖҚТБ (АҚТҚ)-ның қауіптілігін түсініп, одан оның алдын алуға байланысты шараларда сақтау қа-жеттігін түсіндім

 

 

  • «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін

оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып оқыту әдістемесі мен нәтижелері

 

 Жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқытудың мүмкіндігінің жоғары екендігін ескере отырып, бұл сынып оқушыларымен денсаулық төлқұжатын жасау әдістемесін енгізуге талаптандық [30].

Алғашқы оқушылар толтырған төлқұжатпен танысу нәтижесі кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысының аздығы байқалады. Бірақ оқушылар қызығушылығы жоғары, олар ізденуге, тапсырманы орындауға тырысады (4-кесте).

Бірақ, мұндай жұмыс мұғалімнің уақытын көп алатындығы байқалды.

Екінші байқалған жағдай — төлқұжат ішінде көрсетілген тармақтар бір қарағанда, қарапайым болғанымен, орындауға келгенде көп ізденуді, оқушыларға көп көмек көрсетуді қажет ететіндігін аңғартты.

Сондықтан төлқұжатпен жұмыс істеу өзіндік жеке жұмыс ретінде беріліп, оны тек мұғалімнің қадағалауымен ғанаа істелінді.

4-кесте

Денсаулық төлқұжаты мазмұнының үлгісі

 

 

1.                      Тегі, аты_________________________________________________

2.                      Әкесінің аты____________________________________________

3.                      Туылған күні, айы, жылы_________________________________

4.                      Мектебі_________________________________________________

5.                      Сыныбы_________________________________________________

Өзіңнің антропометрлік мәліметтеріңді көрсет:

Денеңнің салмағы_______________________________________________

Бойыңның ұзындығы____________________________________________

Кеуде және бас шеңберлері_______________________________________

Өкпеңнің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС, спирометрия)_______________

Қолыңның күші (динамометрия)__________________________________

Кейбір денсаулық көрсеткіштерін ата:

Көру қабілеті___________________________________________________

Қан қысымының деңгейі_________________________________________

Тамыр соғуының жиілігі_________________________________________

Жүрек-тамыр жүйесінің шыныққандық деңгейі______________________

Қан тобы______________________________________________________

Аллергиялық реакция тудыратын тағам өнімдері_____________________

Денсаулық мәдениетінің аспектілерін сақтау:

Спорттың қандай түрімен айналысасың және қашаннан бері?__________

______________________________________________________________

Оның денсаулыққа жағымды әсері қандай?_________________________

Қандай шынығу емшараларын орындайсың? Қашаннан бері?__________

Шынығудың нәтижесі қандай?____________________________________

Бір жылда қанша рет тыныс жолдары ауруымен, тұмаумен және басқа аурулармен ауырдың?____________________________________________

Қандай да бір аурумен диспансерлік санақта тұрасың ба?_____________

«Биология. Адам және оның денсаулығы» пәнінен алған білімің денсаулықты сақтау мен нығайтуға көмектесе ме?_____________________

Сенің мінезің қандай-көпшілсің бе, өте тұйықсың ба?________________

Адамдармен жиі ұрсысасың ба?___________________________________

 

 

Сонымен, оқушы төлқұжатына антропометрлік көрсеткіштер (бойы, дене салмағы, кеуде көлемі, ӨТС, қолдың күші).

Оны салыстыру үшін қалыпты даму көрсетілген кестесі қосып беріледі (5-кесте) [32].

Мұнда мына бір жайтты ескерген жөн. Салмақ қосу қыс мезгілінде көбірек болады, ал бойдың өсуі жаз мезгілінде байқалады. Себебі, қыс мезгілінде бала жазға қарағанда азырақ қимылдайды, тәбеті ыстық күндерге қарағанда жоғарырақ болады. Ал, жазда барлық витаминдер көп; күн көзіне шығу, суда шомылу, көп қозғалу, т.с.с. жағдайлардың барлығы бала бойының өсуіне септігін тигізеді.

5-кесте

Қалыпты даму кезіндегі баланың бойы мен салмағының орташа

көрсеткіштері

 

Жасы

Салмағы, кг

Бойы, см

 

Ер бала

Қаз бала

Ер бала

Қыз бала

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

10,00-11,5

12,4-13,7

13,7-16,1

15,5-18,9

17,4-22,1

19,7-24,1

21,6-27,9

24,1-31,3

26,1-34,9

30,0-33,4

32,1-40,9

39,3-53,0

45,4-56,8

50,4-62,7

9,1-10,8

11,7-14,1

13,1-16,7

14,4-17,9

16,5-20,4

19,0-23,6

21,5-27,5

24,2-30,8

26,6-35,6

30,2-38,7

31,7-42,5

43,3-54,4

46,5-55,5

50,3-58,5

73-79

85-92

92-99

98-107

105-116

111-121

118-128

125-135

128-141

135-147

138-149

149-165

155-170

159-175

72-77

82-90

91-99

95-106

104-114

111-120

118-129

124-134

128-140

134-147

138-152

151-163

154-167

156-157

 

Балаға семіздік-зиян. Алайда ата-аналар балаларының салмағы жасынан артық болса, бұған көбіне назар аудармайды. Сәби ай сайын 1-1,5 кг-нан салмақ қосса, онда дәрігермен кеңесіп, кейбір тағам түрлерін азайтып, оның орнына көкөністі көбірек беру арқылы дер кезінде семіздіктің алдын алуға болады.

Семіздік гипертония, атеросклероз, бүйрек, бауыр, бауыр, өт жолдары ауруларына шалдықтырады.

Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, қазіргі кезде адамдардың тең жартысының артық салмағы бар. Артық салмақтың организмге зиянды екендігін біліп, оның алдын алған жөн.

Семіздіктің басты себебі-организмнен шыққан энергиядан кірген энергияның артық болуы. Яғни, семіздік қозғалыс аз болғанда орын алады.

Семіздік- ауру. Адам семіздікке мына үш жағдайда ұшырауы мүмкін:

1) тамақты көп жегенде;

2) аз қимылдағанда;

3) май алмасу процесі бұзылғанда.

Міне, осы үш көрсеткіш бірдей дамып жетілген бала төзімді, дені сау, сыртқы орта жағдайына бейімделгіш, ой-өрісі, ұғымы мен түсінігі дұрыс қалыптасқан болып жетіледі.

Бұл даму заңдылықтарын ата-аналардың білуі, оны уақтылы қадағалап, қажет болғанда кеңес алып отырғаны пайдалы.

ХІХ ғасырдың жартысында көп елдерде балалар мен жеткіншектердің жыныстық жетілуі тезірек жүре бастағанын, оларда жалпы бой мен салмақтың көбейгенін, сондай-ақ бұл көрсеткіштердің біртіндеп жылдамырақ артатыны байқала бастады.

Бұл құбылыс акселерация (латынша acceleratio-жеделдету) деп аталады. Акселерация- біздің елімізде де тіркеліп, байқалып отырған құбылыс. Организмде жүйелердің дамуы өзара тығыз байланысты, бір-біріне себебін тигізетін екі процесс бар, олар-өсу мен даму процестері. Өсу деп дененің көлемі мен салмағының сан жағынан артуын, ал даму деп олардың сапа жағынан не тұтас бүкіл организмнің дамуын айтады. Соңғы кезде балалардың бойы мен салмағының жылдам өсуін мектеп ғимараттарын салғанда, оған қажетті жиһаздар (әсіресе парталар), бұйымдар алғанда және оқу бағдарламасы мен тәрбие жұмыстарын жасаған кезде ескеру қажет. Кейбір балаларда осы даму мен өсу процестері бірдей өтпеуі мүмкін. Сондықтан да ата-ана мен мұғалім әр баланың дұрыс дамып жетілуіне көмектескені дұрыс (6 — кесте).

6-кесте

Күн тәртібін сақтау дағдысының үлгісі

 

Күн тәртібін сақтайтындар

Күн тәртібін сақтамайтындар

1)Уақыты жоспарланған. Оның салдарынан:

-уақтылы ұйықтайды;

-уақтылы тамақтанады;

-уақтылы не істейтіндігі жоспар-лы.

Сондықтан нені, қанша уақытта, қалай істейтіндігі туралы жақсы біледі.

Қорытынды: уақытты үнемді пайдаланамын, күні бойы не іс-тейтіндігім, оған қанша уақыт ке-тетіндігін білемін.

1)Уақыты жоспарланбаған

-уақтылы ұйықтамайды;

-уақтылы тамақтанбайды;

-уақтылы не істейтіндігі жоспар-ланбайды. Сондықтан да нені қанша уақытта, қалай істейтіндігі туралы білмейді.

Қорытынды: қанша ұйықтағым келсе, сонша ұйықтаймын, тамақты да қанша жегім келсе жеймін, не істегім келсе соны істеймін.

 

Мысалы, денсаулық төлқұжатындағы «Кейбір денсаулық көрсеткіштерін ата» деген тармақты балалар ата-аналарының көмегімен өздерінің денсаулық картасынан толтырады, сондай-ақ «Денсаулық мәдениетінің аспектілерін сақтау» атты келесі тармақта көрсетілген сұраққа жауап беруге көмектеседі.

Өзінің іс-әрекетіне сын тұрғысынан қарау негізінде оқушылар:

  • «Биология. Адам және оның денсаулығы» пәнінен алған білім саған қалай көмектесті?»
  • «Сенің мінезің қандай? Ол қалай өзгерді?»
  • «Ата-анамен, достарыңмен қарым-қатынасың қандай?» Деген сұрақтарға жауап беруге үйренеді.

Күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсінгеннен кейін оларда оны сақтау дағдысын қалыптастыру үшін оларға тиісті үлгі ұсынылады (7-кесте).

7-кесте

Бірінші ауысымда оқитын оқушылар үшін күн тәртібінің үлгісі

 

Күн тәртібінің кезеңдері

11-12жас

13-14жас

15-16жас

1.Ұйқыдан ояну

7.00

7.00

7.00

2.Ереңгі жаттығулар, төсек орын жинау, жуыну

7.00-7.30

7.00-7.30

7.00-7.30

3.Ереңгі ас

7.30-.7.50

7.30-.7.50

7.30-.7.50

4.Мектеп алдындағы серуен және мектепке дейінгі жүретін жол

7.50-8.20

7.50-8.20

7.50-8.20

5.Мектептегі оқу сабақтары (сабақ, үлкен үзілісте ертең-гілік ас ішу), сыныптан тыс оқу сабақтары, қоғамдық жұмыстар

8.20-14.00

8.20-14.00

8.20-14.30

6.Мектептен үйге дейін жүретін жол

14.00-14.30

14.00-14.30

14.00-15.00

7.Түскі ас

14.30-15.00

14.30-15.00

15.00-15.30

8.Түскі астан кейінгі дема-лыс (7-8 жастағы балалар үшін ұйықтау)

 

 

 

9.Таза ауада жүру ойын ойнау

15.00-17.00

15.00-17.00

15.30-17.00

10.Сабақ оқу

17.00-19.30

17.00-19.30

17.00-20.00

11.Таза ауада жүру

 

 

 

12.Кешкілік ас және еркін айналысатын істер

19.30-21.00

19.30-21.00

20.00-21.30

13.Ұйқыға дайындық (бөл-мені желдету, киімді таза-лау, жатар киімді кию)

21.00-21.30

21.00-21.30

21.30-22.00

14.Ұйқы

21.30-7.00

21.30-7.00

22.00-7.00

 

Оған өздерінің толықтырулары мен өзгертулерін енгізуге болады. Дегенмен онда көрсетілген тармақтардың орындалуы мен уақытының шамамен солай сақталғаны дұрыс. Күн тәртібін дұрыс сақтаған оқушылармен сақтамаған арасында ерекшеліктерін болатындығын төмендегі кестеде көрсетеміз. Осылайша оқушыда күн тәртібін сақтауда қажетті дағды қалыптасады.Дұрыс күн тәртібін жүйелі орындау баланы тіршілікке үйретіп, олардың тәбетін, ұйқысын, жұмыс қабілетін жақсартады, дене бөлімінің дұрыс жетілуіне және денсаулығының нығаюына көмектеседі. Күн тәртібін сақтау- талас тудырмайтын қажеттілік. Бірақ, әркім өзінің қызметіне, жас шамасына қарай өзіне ыңғайлы күн тәртібін қарастырғаны жөн. Оны жүйелі, бірқалыпты орындау қажет.

Күн тәртібін толтырған кезде мына жағдайларға көңіл бөлу қажет:

1.Сағат нешеде тұрасың?

2.Ертеңгілік жаттығулар жасайсыңба?

3.Мектепте сабақ нешеде басталады?

4.Үйден мектепке қанша уақытың кетеді?

5.Түскі асты нешеде ішесің?

6.Мектепте сабақ нешеде аяқталады?

7.Таза ауада қанша уақытыңды өткізесің?

8.Үй тапсырмасын орындауға қанша уақытың кетеді?

9.Қосымша үйірмелерге қатысасың ба?

10.Үй шаруасымен айналысасыңба?

11.Телевизор және компьютердің алдында қанша уақытыңды өткізесің?

12.Ұйқыға нешеде жатасың?

Тамақтану тәртібін құрастырған кезде мына жағдайларды ескеру қажет:

8-кесте

Қоректік заттарды тәуліктік пайдаланудың үлгісі

Тамақтану кезеңдері

Тәулік бойы атқарылатын жұмыстар

Ертеңгілік ас:

1.

2.

3.

Ертеңгілік жаттығу, жаяу жүру

Түскі ас:

1.

2.

3.

Мектепте оқу сабағы, дене шынықтыру

Сәскелік ас:

1.

2.

3.

Секцияларда жаттығу, спорт ойындары, серуендеу

Кешкілік ас:

1.

2.

3.

Үй шаруасы, үй жинау, кір жуу.

1.Организм өз қызметін дұрыс атқару үшін, оған қоректік заттар түсіп отыруы қажет. Қоректік заттарға белоктар, майлар, көмірсулар, минералды тұздар, витаминдер және су жатады. Бұл заттарды организм азық-түлік тағамдарының (ет, сүт, нан, дәндер, жемістер және т.б.) құрамынан қабылдайды. Ішетін астың жиынтығы организмнің жұмсайтын энергиясына, яғни организмнің жұмысты орындауына сәйкес болуы тиіс. Жұмыс ауырлаған сайын организм энергияны көбірек жұмсайды. Сондықтан жұмсалатын энергияға сәйкес ас ішу керек.

  1. Балалардың организмі ұдайы өседі, сондықтан олардың қоректік заттарды тәулік бойы қабылдауы, шығатын энергиядан жоғары болуы керек. Дұрыс тамақтанбау бойдың өсуін баяулатады, организмді әлсіретеді, оның түрлі ауруларға қарсы тұруын төмендетеді.
  2. Негізгі азық-түлік тағамдары:

— ет, құс еті, балық;

— сүт, сүт тағамдары.

Оқушыларда қалыптасқан дағдылар төмендегі кестелерді толтыру арқылы тексеріледі (9-15-кестелер).

           9-кесте

 

Организмнің қорғаныш күштерін денені ауамен, сумен және күн

 сәулелерімен шынықтыру арқылы жоғарлату

 

Табиғаттың жаратылыс күштері

Табиғаттың күштерімен сен қалай шынығып жүрсің, сенің ойыңша шынығудың қандай принциптеріне көңіл аудару қажет? Қандай ере-желер саған ыңғайлы?

Ауа

 

Су

 

Күн сәулелері

 

 

 

 

10-кесте

 

Белсенді қозғалудың қалыптасқан дағдылары

 

Қозғалыс белсенділігінің түрлері

Қозғалыстың осы түрлеріне сен, әдетте, қай уа-қытта, қанша уақыт бөлесің? Бұларды еңбекпен (оқумен, жұмыспен) қалай үйлестіресің, мұны

не үшін істейсің?

Жаяу жүру

 

Дене шынықтыру, спорт

 

Белсенді демалу

 

 

         11-кесте

 

Ұтымды тамақтану дағдылары

 

Ұтымды тамақтануға қажетті жағдайлар

Сен ұтымды тамақтану үшін өз мүмкіндіктері-ңе, жеке жағдайыңа сәйкес не істейсің? Қандай ережелерді есте сақтаған жөн деп ойлайсың?

Тамақтану режімі

 

Тағамның табиғилығы

 

Тағамның құрамы

 

Тағамның мөлшерлігі

 

 

 

12-кесте

 

Жұқпалы аурулар туралы білімнің негізінде олардан сақтана алу

 

Жұқпалы аурулар

Бұл аурулардың жұғу жолдары қандай, олар-дан қалай сақтанса болады? Емделу жолдары қандай?

Тұмау

 

Дизентерия

 

 

 

13-кесте

 

Жеке бас гигиенасын сақтау дағдылары

 

Жеке бас гигиенасының бөлімдері

Өзің осы гигиена бөлімдерінің талаптарын қалай сақ-тайсың, қандай ережелерге аса назар аударасың? Мұ-ның себебі не? Өзің тиімді деп санайтын және жол-дастарыңмен бөліскің келетін ережелерің бар ма?

Ауыз қуысының гигиенасы

 

Тері гигиенасы

 

Киім мен аяқ киім гигиенасы

 

Күн тәртібі

 

 

 

 

 

 

 

14-кесте

 

Ой еңбегінің ережелерін сақтау дағдылары

 

 

Ой еңбегінің маңызды мәселелері

Ой еңбегіне көңіл бөлесің бе, жұмыс кезінде шаршауды қалай жеңесің? Өзің-нің  омыртқаңа, денеңнің еңсесіне (то-нусына),көздің көргіштігіне қалай көңіл бөлесің?

Сымбат, оның бұзылуын болдырмау жолдары

 

Көз гигиенасы. Көз және компьютер

 

Ой еңбегімен айналысқан кезде жасауға болатын жаттығулар

 

 

 

15-кесте

 

Зиянды әдеттердің зиянын білу негізінде оларға қалыптастырылған көзқарас

 

Зиянды әдеттер

Зиянды әдеттерге байланысты өзіңнің өмірлік тәжірибең, бұқаралық ақпарат құралдары берген мәліметтер, ақпарат негізінде сенде қалыптасқан көзқарасың қандай? Бұл көзқарасыңды қысқа тұжырымдар түрінде түсіндір. Бұл ретте жолдастарыңа, туған-туысқандарыңа берер кеңесің бар ма?

Темекі шегу

 

Ішімдік ішу

 

Есірткі пайдалану

 

Уытқұмарлық

 

 

Жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқыту нәтижесінде оқушы тұлғасында қалыптасатын сапалық өзгерістер 5-11 сыныпқа дейінгі аралықта күрделеніп қалыптасса, қоғамның болашақ дені де, жаны да сау мүшелері болып өсетіні, сөзсіз (1-сурет).

Бұл технологиялық тұрғыда ұйымдастырылған жұмыстар жүйесін мектептерде барлық пәндерде пайдалануға болады, дайындалған жұмыстар мектеп бағдарламасының талаптарын толық қанағаттандырады.

Әрі оқушыда педагогикалық процесті технологияландыру арқылы өз бетінше білім алуға деген тұрақты қажеттілік пайда болады.

Оқушы тұлғасының қалыптасуы негізгі сапалық оң өзгерістерге әкеледі, әрі оқуға деген шығармашылық деңгейін жоғарылатады. Балалардың өз бетінше білім-білік алу дағдылары қалыптасты.

 

 

 

 

1-сурет. Жеке тұлғаға бағытталған технологиямен оқыту нәтижесінде оқушы тұлғасында қалыптасатын сапалық өзгерістер

 

Біз тәжірибе жұмыстарымызды білім деңгейі бірдей екі сыныпта жүргіздік. Біріншісі-бақылау сыныбы, онда сабақ дәстүрлі түрде жүргізілді (16-кесте).

Екінші- тәжірибе сыныбында өзіміз құрастырған әдістеме негізінде жүргіздік.

 

16-кесте

 

Тәжірибелік жұмыстың соңында мынадай сауалнама алдық:

 

1.СӨС сақтауға ынталысың ба, ынтасыз ба? (астын сыз)

2.Күн тәртібін жүйелі орындайсың ба, әлде орындамайсың ба? (астын сыз)

3.Денеңді жүйелі шынықтырасың ба, әлде жүйелі  шынықтырмайсың ба?

4.Тамақтану ережелерін сақтауға ынталысыңба, әлде ынталы емессің бе? (астын сыз)

5.Зиянды әдеттерге қарсы көзқарасың қалыптасқан ба, қалыптаспаған ба? (астын сыз)

6.Кикілжің туының себебін іздейсің бе, әлде іздемейсің бе? (астын сыз)

 

Сауалнама нәтижесі екі сыныпта екі түрлі болады. Бақылау сыныбындағы оқушыларға өз бетімен орындалатын жұмыстарға мақсатты түрде мән берілмегендіктен жауаптардың көбі оларда денсаулық сақтауға бағытталған дағдының қалыптаспағандығын көрсетті.

Ал, қарсы эксперимент сынып оқушыларында, керісінше денсаулық сақтауға бағытталған дағдылар біршама қалыптасқан. Олар бұл жұмыстардың одан әрі жалғасып жатқандығын, оны жүйелі орындаудың қажеттілігін түсінеді, орындайды. Өзерінің төлқұжаттарын үнемі тексеріп, қажетті түзетулер енгізіп отырады.

Бұдан біздің байқағанымыз, оқушылардың өзі үшін маңызын түсінген білімнің қабылдау деңгейінің жоғарғы болатындығы, оны жетілдіруге деген ынтаның артатындығы. Біз осылайша өзіміз тәжірибелік жұмыстың басында жасаған болжамымыздың дұрыстығына көз жеткіздік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оқушылардың белсенділігі мен дербсетігін дамыту мәселесіне педагог-ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдер әрқашан барынша көңіл бөліп келеді. Бұл мәселелердің қазіргі кезде де мектептің оқу-тәрбие жұмысы тәжірибесінде ерекше маңызы бар.

Міне, сондықтан да зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында біз әрқилы жылдар ішіндегі авторлардың еңбегінде оқушылардың логикалық тұрғыда дамуын бақылап шығуға әрекеттендік.

Жасалған жұмыстар бізге оқушылардың танымын арттыруға, логикалық ойлауға бағыт ұстауға толық негіз болды.

Сондықтан да біз өзіміздің зерттеу жұмысында оқушалар бойындағы оларды өз бетінше жұмысқа белсендіретін, жұмыстың табысты шешілуіне белгілі бір дәрежеде көмектесетін қасиет-сапаларды дамытатын әдістерге талдау жасадық.

Бітіру жұмысындағы зерттеу міндеттеріне байланысты оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстың тиімділігін арттыру мәселесіне қатысты келесі сұрақтар шешімін тапты.

1.Оқушыларға сапалы білім беруде өздігінен білім алу үшін олардың өз бетімен орындайтын жұмыстарды анықтау, атап айтқанда:

— оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттыру жұмыстары;

— олардың өз бетімен орындайтын жұмыстар жүйесі ұйымдастыру жолдары;

— оны тиімді ұйымдастыру үшін дидактикалық материалдар жүйесінің өажеттілігін негіздеу.

2.Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті дидактикалық материалдар жүйесін дайындау және оны жасау барысында сүйенген негізгі бағдарлар талданып, соның нәтижесінде:

— білімді меңгеру және өз бетінше білім алуға;

— алған білімдерін тереңдетіп оны нақтылы пайдалануға;

— тәжірибелік іскерлік пен шеберліктерін қалыптастыруға;

— оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға қажетті дидактикалық материалдар жинақталып, іріктеніп, олардың танымдық іс-әрекет кезеңдеріне байланысты бір жүйеге түсірілді.

  1. Нәтижесінде бұл жүйені «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқыту процесінде пайдаланғанда оқытудың тиімділігі артатыны дәлелденді.

Бұл технологиялық тұрғыда ұйымдастырылған жұмыстар жүйесін мектептерде барлық пәндерде пайдалануға болады, дайындалған жұмыстар мектеп бағдарламасының талаптарын толық қанағаттандырады.

Оқыту жұмысының бұл нысандарында оқушыларға тапсырма беруде, мұғалім білім беруші ғана емес, оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастырушы ретінде де өзін көрсете алады.

Эксперименттің қорытындысы зерттеу болжамының дұрыстығын дәлелдеді, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын технологиялық тұрғыда ұйымдастыру жүйесін пайдалану оқыту сапасы мен тиімділігін арттырды. Оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерді дамытты. Балалардың өз бетінше білім-білік алу дағдылары қалыптасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығы. Астана.
  2. Философско-психологические проблемы развития образования/под ред. В.В. Давыдова.-М., 1981.
  3. Гальперин П.Я., Талызина Н.Ф. Современная теория поэтапного формирования умственных действий.-М.: Педагогика, 1979.-С.125.
  4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319-ІІІ Заңы.
  5. ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 23 қазанындағы №551 бұйрығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартының (Негізгі қағидалар).
  6. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы// Егеменді Қазақстан-Алматы, 1994 ж. 25 тамыз.
  7. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //«12 жылдық білім. 12-летнее образование» республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журналы//-Астана, №1. 2004.-Б.22.
  8. Кларин В.М. Педагогические технологии.-М.: Знание, 1998.-С.101.
  9. Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. (Серия «Школа развивающего обучения»).-Ростов н/Д: издательство «Феникс», 2003.
  10. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.-М.: Народное образование, 1998.
  11. Гусарова Е.Н. Современные педагогические технологии. Учебно-методическое пособие для студентов и преподавателей вузов культуры и искусств.-М.: АПК и ПРО, 2004.
  12. М.М. Жанпейісова. Модульді оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде (аударған Д.А. Қайшыбекова)-Алматы, 2002.-Б.148.
  13. Технологии обучения казахстанских авторов./Н.Н. Нурахметов, Г.Д. Аульбекова, М.Р. Ковжасарова-Алматы: Издательство «Мектеп», 2005.-С.135.
  14. Михальская А.К. Педагогическая риторика: история и теория.-М., 1998.,-С.145.
  15. Коменский Я.А., Локк Д., Руссо Ж.Ж., Песталоцин И.Г. Педагогическое наследие/ Сост.В.М. Кларин, А.Н. Джуринский.-М., 1987.-С.220.
  16. Кузьмина Н.В. Способности, одаренность, талант учителя.-Л., 1995.-С.154.
  17. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.-М.: Педагогика, 1989.-С.89.
  18. Ушинский К.Д. Собрание сочинений: В 11т.-М., 1958.-Т.2.,-С.148.
  19. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы»№217 Заңы.
  20. Лернер И.Я. Качества знаний учащихся. Какими они должны быть?-М.: Знания, 1978.-С.127.
  21. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучения.-М.:Мир, 1972, -С.235.
  22. Махмутов М.И. Современный урок.-М., 1985.-С.188.
  23. А. Байтурсынов. В здоровом теле-здоровый дух// В кн. Антология педагогической мысли Казахстана. Сост. К.Б. Жарикбаев, С.К. Калиев.-Алматы, 1995,
  24. Выготский Л.С. Собрание сочинений: в 6т.-М., 1984. –С.318.
  25. Леднев В.С. Содержание образования: сущность, структура, перспективы.-М., 1991.-С.108
  26. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного падегогического процесса: учебное пособие в помощь преподавателям, аспирантам, магистрантам, студентам. /-2-е изд; перераб. и доп.-Алматы: КазНПУ им. Абая, 2008.-С.254.
  27. Қисымова Ә.Қ., Нұрланов Е.Б. Оқыту технологиялары. І бөлім. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы, 2007.-Б.152.
  28. Қисымова Ә.Қ., Увалиева Т.Ж. Оқыту технологиялары. ІІ бөлім. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы, 2007. -Б.188.
  29. 12 жылдық оқыту мәселелері «Қазақстан Республикасында жалаы орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары» (ҚР Білім және ғылым министрімен диалог). Құрастырушы-авторлар Ү.Б.Жексенбаева, Ж.Б.Самуратова, Б.Қ.Игенбаева. -Алматы: «Мастер-Принт» полиграфиялық орталығы, 2006, -Б.127.
  30. Биология. 8 сынып. Адам: Жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулық /Н.И. Сонин, М.Р. Сапин, Ә. Қисымқызы.-Алматы: Дрофа-Кітап, 2004.-Б. 216.
  31. Биология. Адам және оның денсаулығы. 8-сынып: Хрестоматия/ А.Қ. Қисымова.-Алматы: «Таймас» баспа үйі ЖШС, 2008.-170 бет: суретті.
  32. Сонин Н.И., Қисымова Ә.Қ., Елизекова Н.А. «Биология. Адам. 8-сынып» мұғалімінің жұмыс дәптері.-Алматы: Дрофа-Кітап, 2006.-Б.160.