АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Гипокинезия- салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі

Кіріспе

 

 Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.

 Адамның денсаулығын сақтаудағы ең бірінші мәселе-таза су мен кенеулі асты пайдалануды,тазарту жүйелерінің болуын,қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды,басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды қолға алу,және жүзеге асыру.

 Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға,есіркі,темекі мен алкогольді тұтынуды қойып,тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған.

 Соңғы жылдарда,әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі,сондай-ақ ,Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты,және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес-адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.

 Денсаулық-адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние.Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.Адам бақыты-денсаулығының мықтылығында.Дені сау адам көңілді жүреді.

 Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері,денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Медицицна ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз,медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын-алуға,ауруларды емдеу әдістерін тауып,оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады.Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады.

 Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе,оның денсаулығы.Денсаулықты сақтап,үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған пассивті түрде емес активті түрде қарау керек.Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік,әлеуметтік,экономикалық,жә-не медициналық,биологиялық,физиологиялық мәселе.Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру,аурулардың алдын алу.

 Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу,халыққа тегін,жалпыға бірдей,жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қам-тамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі.Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп атаудың өзі осыны аңғартады.

 Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан  республикамыздың конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп,Қазақстан республиксынның «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген.

 Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқару қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады.

 Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады.Облыстарда,аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп отырады.Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашар-лап кеткен.Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық басқа мемлекеттермен салыстырғанда,өте қиын жағдай.Қазақстан Респуб-ликасында емдеу практикалық мекемелер арқылы барлық медици-налық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі.Мемлекеттік бюжеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады.

 Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесінде,әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесінде енгізген жөн.Орташ өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру,ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету АҚТЖ\ЖКТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керектігі басты назарда екендігі айтылады.

 Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Шымкент қаласындағы басты денсаулық сақтау орталықтармен бірлесе жұмыс істеп «Гипокинезия- салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі» деген тақырыпты зерттеп,бұл аурудың қазіргі таңда қаншалықты күрделі мәселеге айналып отырғандығын және ағзаның вегетативті жүйесі,жүрек қан тамыр, тыныс жолдарына тигізетін зардабы,сонымен бірге гипокинезияға қарсы амалдар аурудың алдын алу жолдарын қарастыру,осыған байланысты халықтың да салауатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселері жөніндегі білімін арттырып,халық арасынды спорт пен дене шынықтыруды насихаттау болып табылады.

 Жұмыстың өзектілігі.Қазіргі жақандану кезінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесіндегі қоғам факторы және оны жандандыру,ел өмірінің барлық әлеуметтік жақтарын жаңарту жайында әлеуметтік мәселелер күрделеніп отыр.Ал нарықтық қатнасқа көшу мен экономикалық реформалау жаңа технологияның қарыштап дамуы елімізде өз әлеуметтік мәселені алып келді.Прогрестік жетістіктер, (компюьтер,автокөлік,ұялы сымтетік т.б)адамдарды артық қозғалыс пен ауыр жұмыстан көбірек босатқан сайын соғырлым қозғалыс белсенділігінің орнын толтыру тәуелдігі артып отыр.Мұндай жағдайда дене тәрбиесімен жалпы айналысудың маңызы зор.Дене тәрбиесімен айналысу әйелдер үшін маңыздылығы басым,себебі саналы және сапалы ұрпақтың болуы аналар денсаулығына байланыстыСоңғы кезде демографиялық келеңсіз құбылыстармен(бала туылудың кемуі,өмір сүрудің қысқаруы)бірге физиологиялық пісіп жетілмеу көп көрініс беріп тұр.Физиологиялық пісіп жетілмеу бұл дене сапалары мендағдылардың қалыпты дамымауы,семіздік, жақыннан көргіштік, омыртқа жотасының қисаюы жалпақ табандылық т.б.Бұл құбылыстар адам өмірінің соңына дейін теріс із қалдыруы мүмкін.Олар жасөспірімдік кезеңде жыныстық дамуды тежеп дене және ақыл-ой жұмыс қабілетін төмендетіп,ерте қартаюға әкеп соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.1 Денсаулық пен ауру туралы түсінік.

 Денсаулық дегеніміз-ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі,дамуы және қалыптасуын айтамыз.Қазір-гі кезде денсаулықты бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.

1.Физикалық денсаулық-ағза жүйесі мен мүшелердің өсу деңгейі.Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды.Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.

2.Соматикалық денсаулық-Ол адам ағзасы мен мүшелердің арасындағы биологиялық жағдайы.Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.

3.Психикалық денсаулық-ол адамның психикалық сферасының жағдайы.Ауруды болдырмау,адам өмірінің мақсатын болжау,мұн-ың бәрі биологиялық және әлеуметтік қажетттілтерден туындайды.

4.Рухани денсаулық-ол адамдардың информацияны қабылдауға де-ген қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың сипаттамасын көрсетеді.Оның негізгі баға-лық жүйелері индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнғуы.Ол адамның көңіл күйін анықтайды.Өйткені рухани денсаулық  адамдардың жомарттылығын,сүйіспеншілігін,жан дүн-иесінінің сұлулығын көрсетеді.

 Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін болсақ,денсаулықты шартсыз түрде 100% етіп алсақ,оның 20% тектік факторларға,20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына,экологиялық факторлардың әсеріне,10%-денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр.Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса,және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса,онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз.Түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады.Өйткені сдам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы.Денсаулықтың 50%-ның жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғалымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншектер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр.

 Дені сау деп-организмнің органдары мен жүйелерінің қызмет істеу қабілеті сыртқы ортаның жағдайымен толық сәйкес келуін және қандай да бір аурудың белгілері жоқ болуын айтады.Дені саулықтың негізгі белгісі,оның сыртқы ортаның жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіштік қасиеті.Дені сау организм адамның ауыр психикалық және физикалық қажуын жеңе алады және сыртқы ортаның өзгерістеріне тез бейімделеді.Сондықтан оны қалыпты жағдайдан шығару оңайға түспейді.Денесі жаттықан адамдардың өзін-өзі қорғау,бейімделгіштік қасиеті өте жоғары дамыған.Бірақта организмнің өзін-өзі қалыпқа келтіру қасиеті шексіз емес.Ерте ме кеш пе ол қажиды,денені ауру жайлайды.Дені сау организмнің сыртқы ортаның жағдайларының өзгеруіне өте жоғары дәрежедегі бейімделгіштігінің басты себебі,оның органдар ментканьдардағы тіршілік қызметін жедел реттеп отыруында.Тірі организм өте күрделі өзін-өзі басқаратын жүйе.Ол сыртқы ортаның тоқтаусыз өзгерістеріне сай өзін-өзі пайдалы тәртіпке түсіріп отырады.Сонымен қатар,денсаулықтың белгісі организмнің ішкі ортасының үнемі қалыпты жағдайда болуы.Оны гемеостазис деп атайды.Қалыпты жағдайда организм өзінің қызуын,қанның химиялық құрамын,қанның құрамындағы оттегінің көлемін т.б бір қалыпты ұстайды.Сыртқы ортанның қоздырғыштарының күшті әсерінен ішкі ортанның қалыпты жағдайы өзгеруі мүмкін.Сол кезде денеде ауру пайда болады.Денсаулық және қалыпты жағдай деген ұғымдардың арасында ешқандай да шек жоқ.Кейде дені сау деп ойлаған организмде аурудың ошағы болуы мүмкін мысалы (жұқпалы аурулардың жасырын басталатын кезеңі).Аурудың жасырын бастаған жағдайында адам организмі бірте-бірте өзгеріске ұшырайды.Бұл спортшыларға тән қасиет.Олардың организміндегі өзін-өзі қалыпқа келтіретін механизм өте жоғары дәрежеде дамыған.Сондықтан ауру ұзақ уақыт жасырын жағдайда даиды және көңіл күйіне аса әсер ете қоймайды.Денсаулық пен аурудың арасында әртүрлі өтпелі жағдайлар бар.Денеде аурудың пайда болғандығы немесе жоқтығы туралы ұйғарымға келу үшін организмнің жекелеген қасиеттеріне жүгіну, жақсы шынығу дәрежесі және оны қоршаған ортаның жағдайын есепке алу керек.Организмге түсетін шамадан тыс күшті қоздырғыштардың әсерінен немесе жәй қоздырғыштарға бағытталған бейімделгіштік қасиетінің төмендеуінен адамда ауру пайда болады.Адам организміне тән морфологиялық және қызметтік қасиеттер өзгеріске ұшырайды да кесел басталады.

  Аурудың басталуына байланысты өзін-өзі реттеу қызметі өзгеріп,қоршаған ортамен жаңа ара қатынас орнайды,бейімделгіштік қасиет төмендейді.Аурудың тууы-деп қандай да бір қоздырғыштың зақымдануынан организмдегі тіршіліктің нашарлауын айтады.Ол организмнің сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу және жұмыс атқару қасиетінің нашарлауымен анықталады.Ауру туған жағдайда денеде физиологиялық қызмет жалғаса береді де ол жаңа жолмен жүреді.Бастапқы кезеңде ауруды туғызатын себептерге қарсы қимылдар іске қосылады.Содан кейін барып организмнің физиологиялық қызметін түзейтін орнын толтыру және қалыптастыру өзгерістері басталады.И.П.Павловтың тұжырымы бойынша организмдегі кейбір өзгерістер аурудан емес,физиологиялық өзін-өзі қорғау әрекеттерінің көрінісі болып табылады.

 

1.1 Дене қимылының кемдігінен (гипокинезия) пайда болатын аурулар.

  Гипокинезия адам денсаулығына,әсіресе жүрек-қан айналу жүйесіне зиянды әсер етеді.Қазіргі заманда өндірістің ауыл шаруашылығының техникаландыруына, өзін-өзі басқаратын жүйелердің қолданылуына байланысты,адамдардың көбісі аз қозғалатын тұрмыс кешуде.Дәл қазіргі таңдағы цивилизациялы қоғам дене еңбегін азайтуда орасан зор табыстарға ие болуда.Мұның өзі транспорттың дамуына,өндіріс процестері-нің автоматтандырылуына байланысты.Біздің елімізде сан мыңдаған миллиондаған адамдар жыл сайын лифтілері,кір-қоқыстарын сыртқа өзі тартып шығаратын құбырларды пайдалануда.Барлық тұрмыстық-коммуналдық жағдайлары жеткілікті өмір сүруде. Соңғы кездегі адамдардың жүрек пен қан айналу жүйелеріндегі аурулардың көбейіп кетуінің бірден-бір себебі осы гипокинезияға байланысты.Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез келген органында ауру қозады.Мысалға,қатерлі өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр жұмыс істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу,ал жаттықпаған күші жоқ қояндарда жылдам дамиды.Дене қозғалысының көлемі азайғанда ішкі органдардың,жүйелердің қызметі де баяулап,қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды,ауру туады.

  Адамдардың дене белсенділігінің деңгейі,олардың тек жұмыс қабілетіне ғана емес,денсаулық жағдайына да әсер етеді.Көптеген зерттеуші ғалымдар, гипокинезия жүрек-тамыр ауруларының этиологиясында семіздік пен тірек-қимыл аппаратының бұзылуында едәуір орын алатынын дәлелдеген.Жүректің ишемиялық ауруларында миокард қан айналымының бұзылуы себебінен қажетті мөлшерде оттегі және қоректік заттардың жеткізілуі кемиді.Миокард инфаркті-өте қауіпті кең таралған жүрек ауруы.Ел ішіндегі екі өлімнің негізгі себебі миокард инфаркты және мидағы қан айналымының бұзылуы болып табылады.

  Дене белсенділігі жоғары адамдарда бұл аурулар жоққа тән.Осы бағытта көптеген зертеулер жүргізілген және де жүргізілуде.Авторлардың басым көпшілігі жүрек-тамыр жүйесі ауруларынан қайтыс болатындардың саны,дене белсенділігінің төмен адамдарда 2 немесе 3 есе жиі кездесетіндігіне тоқталған.Белсенді қозғалыс режімдерін ұстанған адамдар бірінші инфарктен кейін өмір сүре алады.Бұл жерде өмір сүру кезеңдеріндегі әр уақытта дене қозғалысының белсенділігі өте қажет екенін атап айтқан жөн және де балалық жасөспірімдік кезеңдеріндегі жүрек-тамыр жүйесіндегі ауытқулар жойылып кетеді.

  Екінші қауіпті фактор липидтер алмасуының бұзылуына байланысты-дене салмағының артуы.Толық адамдар қанындағы сары суда холестерол мен триглицеридтер мөлшерінің жоғарлауын болдырмауға бірден-бір себеп.Салмақ артуының басты себебі бұлшық ет жұмысы кезіндегі шығындалған энергия мен тағамана келіп түскен энергия пропорциясының әртүрлігі.Қазіргі кездегі постуталаттанған липопротеидтің жоғары тығыздығының (ЛПЖТ) антиатерогендік функциясын есепке ала отырып,жоғарыда келтірілген фактілер,қан сарысуындағы липидтер тасмалдануының нашарлауы және атерсклероздың пайда болуы,тамақтану режімінің бұзылуы мен гипокинезияның бірлесуінен деп қорытындылайды.

  Сонымен бірге гипокинезия холестеролдың,этирифицирленген полиенді май қышқылдары құрамының артуына,перекисті тотыққан осы қышқылдар өнімдерінің қан плазмасындағы липидтерде жинақталуына жағдай туғызады.Балалармен жасөспір-імдерде гипокинезия қалыпты кездегі жүрек соғуының жоғарлауына,тері асты майының қалыңдауына,дем шығару қарқынының артуына,қандағы холестерол құрамының көбеюіне әкеледі

  Қозғалыс аппаратындағы өзгерістер-бұлшық ет атрофиясы,шемір-шек,сүйек,буындар мен байламдарда кездесетін дегенеративтік процестер негізінен пайда болады.Қозғалыс белсенділігі тірек-қимыл аппаратының пассивті құрамдарына әсер ете,оның жағдайын да анықтайды.Мұндай статикаляқ мәліметтер түрлі арқа ауруларының басты себептерінің бірі,арқа бұлшық еттерінің жағдайы болып табылады.Статикалық жұмыс қалпындағы ширығу,бұлшық еттердің босаңсу уақыт өте келе, бұлшық ет ұлпаларында спазм және дегенеративтік өзгерістерге әкеледі.Арқа аурулармен ауыратын 5000-дай адамды тексергенде,олардың тек 20%-ті ғана зақымдану немесе органикалық патология табылған.Ал отырып жұмыс істейтіндерде кездесетін арқа және сүйек аурулары,қимылдың аздығынан.Арқа еттеріндегі әлсіздік 6-16 жас аралығындағы балалар жасөспірімдерде де байқалған.

  Гипокинезия буын жағдайына да көп әсер етеді.Ұзақ уақыттық статикалық жүктемелер әсерінен буын шеміршегі жалпақтанады,ондағы зат алмасудың бұзылуынан,дегенеративтік өзгерістер пайда болады да буындағы қозғалыс амплитудасы шектеліп,серпімділігі азаяды.

 Қимыл-қозғалыс кемшілігінің жоғарыда көрсеткендей,денеге әсер етпейтін жері жоқ..Аз қозғалыстың салдарынан жоғарғы реттеуші орталық,ішкі ағзалар,шеткері орналасқан қан тамырлары,сүйек буындары көптеген өзгеріске ұшырайды.Адамның жұмысқа деген қабілеті төмендеп,өзін қоршаған ортаға бейімделу қасиеті кеміп, «тіршілік жүйесі»әлеуметтік және биологиялық құбылыстарға төт-еп бере алмай қалады.

  Гиподинамия (қимылдың кемдігі) ең алдымен ми қыртысын зақымдайды.Оның себебі,әрбір қимыл-қозғалыстан бастап,өте күр-делі гимнастикалық жаттығуларға дейін,барлығы тек жоғары реттеуші орталықтың бақылаумен ғана орындалады.Сондықтан ми және бұлшық еттер,буындардың қимыл-қозғалысы бір-бірімен тығыз байланыста.

 Орталық нерв жүйесінен түскен бұйрық арқылы қатты екпінді қозғауға,не ақырын қимылдауға болады.Ал қозғалысқа түскен бұлшық ет керісінше миға қарай нерв талшықтары арқылы орындалған жұмыстың қорытындысын жібергендей хабар береді.

  Сонымен жоғары нерв жүйесі бір жағынан бұлшық ет,буындары-ның,ішкі ағзалардың қызметін қадағаласа (қан айналым,өкпе,жүр-ек,бауыр,ішкі секреция бездерінің жұмыстарын)екінші жағынан,өзі осы мүшелердің толық ықпалында болады.

 Денсаулықтың кепілі,адамның еңбекке деген қабілеті,қандай жаста болса да,дамылсыз соғып тұрған жүрекке байланысты.Барлық қимыл-қозғалыс денеде өтіп жатқан мыңдаған құбылыстар тек сау жүректің арқасы.Жүрек бұлшық еті ретпен жиырылып-жазылып,қанды қолқа тамырға итеріп шығарады,ол ары қарай тарамдалып,кішкене тамыршалар арқалы бүкіл денені жуып шығады.

 Сол арқылы денедегі әрбір жасуша,ең шеткері орналасқан жүйелер,оттегі,су,тұз қажетті заттармен қамтамасыз етіледі.Содан соң бұлшық ет босаңсыған шақта,керісінше көк тамыр арқылы көмірқышқылына және тағы басқа заттарға толы қан қайтадан жүрекке келеді.

 Қимылдың тапшылығы жүректің осылай өз ретімен жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.Жүрек бұлшық етттерінің жиырылу күші кеміп,денеге тарайтын қанның мөлшері төмендеп,қажетті қоректік заттарға тапшы болып қалады.Қимыл-қозғалысты аз мөлшерде қысқартқанның өзінде денеде айтарлықтай өзгерістер туады.Мәсе-лен,бұлшық еттің солуы,жүрек жиырылу күшінің кемуі,ішкі ағзалар қызметінің нашарлауы сияқты құбылыстар байқалады.

 Қимылдың тапшылығынан басқа да толып жатқан сырқаттарды аңғаруға болады.Олар қазіргі кезде жиі кездесіп жүрген ғасыр ауруы деп аталатын остеохондроз.Ол омыртқа аралық шеміршектің мүжіліп тозуы,жұқаруы.Омыртқа аралық шеміршектің тозуына не себеп?Әлеуметтік тұрғыдан қарағанда,қазіргі адамдардың тұрмыс-тіршілігінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.Оларды шаршата-тын ерте ғасырлардағы сияқты қимыл-қозғалысты артырып,күшпен атқарылытын дене еңбегі емес,ой еңбегі.Соның нәтижесінде денедегі ең көп ауырлық арқа және желке бұлшық еттерне түседі.

 Үнемі қозғалмай бірқалыпты сіресіп отырғаннан аталған бұлшық еттер әлсіреп,зорланады.Бірте-бірте олар өзінің серпінділігінен айырылады.Сөйтіп,қысып ұстап тұрған омыртқалар негізгі күштен айырылып,бар салмақты өзіне алады.Одан әрі адам еш әрекет жасамай,сол отырған қалпын өзгертпесе,ауырлық омыртқалар аралық шеміршекке түседі.Сөйтіп,олар біртіндеп ыдырай бастайды да жыртылады.Сол кезде омыртқалар бір-біріне тиіп қажылып,со-ның салдарынан омыртқаның қалыпты қимылы өзгеріске ұшырайды.

 Кейде сол омыртқа  аралық шеміршек сыртқа теуіп шығып кетеді.Мұның өзі жұлыннан шыққан нерв талшықтарын мыжып,қан тамырларын зақымдап,адам зардап шегеді.Ал омыртқалардың өз орнынан ауысып кетуі кейде жұлынға тікелей әсер етеді.Жұлынан шыққан нерв талшықтарының түбі жаншылған соң,айналасы бірден ісініп-қабынып кетеді.Қан айналымы тоқтап,жүйке-тамырлар жарақаттана бастайды.Ал осы бүлінген жерде омыртқалар өзінің серпінділік немесе амортизациялық қасиетін сақтау үшін,олардың тіреу міндетіне күш түседі.Соның салдарынан омыртқалардың жан-жағынан үшкір сүйектер өсіп шығады.Оның өзін омыртқалардың қиындыққа көндігуінен туған жағымды компенсаторлық (орын толтыру)қасиет деп түсінуге болады.

 Дегенмен ол үшкір сүйек (остеофиттер)омыртқалардың тұрақтылығын біршама қалыптастырғанмен,сыртқы тепкен шеміршек сияқты нерв талшықтары мен қан тамырларын ығыстырып тастайды.Содан барып аурудың әр түрлі белгілері байқалады.Омыртқа жотасының ішінде ең үлкен салмақ мойын және бел омыртқаларға түседі.

 Сонымен остеохондроз басқа белгісіз себептермен бірге омыртқа жотасын қысып ұстап тұрған бұлшық еттің әлсіреуінен пайда болады.Оған жұмысты біріңғай отырып істеу,соның салдарынан бұлшық еттің жетілмеуі,яғни қимыл-қозғалыстың тапшылығы тікелей ықпал жасайды.Ал омыртқа аралық шеміршектің,буындар мен сіңір тарамыстардың өзгеруі тек осы бұлшық еттер әлсіреп,зақымданған соң біліне бастайды.

 Ең жиі кездесетін кемтарлық-омыртқа жотасының қисаюы.Әдетте ол табиғи төрт физиолгиялық иіндерден тұрады.Оның екеуі-мойын мен бел тұстарының алға қарай ойысуы (лордоз)қалған екеуі-кеуде мен құйымшақ жотасының сыртқа тебуі (кифроз).Омыртқа жотасы 7 мойын,12 арқа,5 бел,5сегікөз,5құйымшақ омыртқаларынан тұрады.Осылардың ішінде қозғалмай бір-бірімен тығыз байланысып қалған сегізкөз бен құйымшақ,ал басқалары үнемі қозғалыс үстінде.

 Жоғарыда айтылған ойыс пен дөңестің және омыртқа аралық шеміршектің нәтижесінде,омыртқа жотасының тепе-теңдік және серпінділік қасиеті сақталады.Омыртқа жотасы адамның тірегі,ол қорғаныс,қимыл-қозғалыс үщін жартылған.Анығырақ айтқанда адамның иіліп бүгілуіне қажетті негізгі өзегі.Дененің жоғарғы бөлігі бас,иық,қол, кеуде мен іш құрылысының салмағын төменгі бөлікке өткізіп тұрады.Сондықтан ол дененің әр бөлігінде әр түрлі қалыпта болады.Ал оның қорғаныс қызметі-өзегінің ішіндегі жұлынды сыртқы ортадан сақтауында.Өзінің майысқақ икемділік қасиеті арқылы омыртқа,өмір үшін соқтығу мен қақтығысудан сақтайды.

 Омыртқа жотасының ретті қызмет етуіне оны қоршаған бұлшық ет үлкен әсер етеді.Оқыста қимыл біріңғай болып бір жағынан көп күш түссе,онда сол жақтағы бұлшық еттер қажып босаңсиды.Соның әсерінен жоғарыда көрсетілген кифоз және лордоз иірімдері өзгеріп кетеді.Омыртқа жотасын екі жаққа тартып тұрған бұлшық еттердің күші бірдей болмаған соң,бір жағына қисайып кетеді.Міне баланың кемтар болуы осыдан.Ата-ана оның алғашқы өзгерісін аңғармайды.Сөйтіп,баланың тұлғасындағы кінәратты есейе келе бір-ақ байқайды.

 Табан бұлшық етінің жетілмеуінен балаларда қазтабан ауруы да жиі кездеседі.Оның да адамға тигізер зияны айтарлықтай.

 Сонымен гиподинамия салдарынан көп ауруларға шалдығатыны-мыз белгілі болды.Әрине оған ықпал жасайтын да адамның өзі.Көбіне бірқалыпты отырып қызмет ету,әсіресе,толық адамдар-дың буындарға еш қимыл түсірмей,қозғалыссыз отыруы жүрекке айтарлықтай күш түсіреді.Ал қимыл-қозғалыс тапшы болса,орган-измде тұрып қалған зиянды заттар да сыртқа шықпай,жасушаларды жалпы адамды тез қартайтады.  

 

1.2 Семіздіктің этиология мен патогенезі және жіктелуі клиникалық көріністері.              

 Семіздік дегеніміз-тері асты шеліне және басқа да организмдегі тіндерде майдың жиналуының нәтижесінде ден салмағының 20%-ке,немесе одан да көп артуын айтамыз.Экономикасы жақсы дамыған елдерде халықтың 20-30%-ы семіздікпен ауырады,сондық-тан бұл тек медициналық  қана емес,әлеуметтік маңызы бар ауру түрі.

 Ғалымдар адамның іс жүзінде салмағы оның қалыпты салмағының 15%-дан асып кеткендегі жағдайын семіру деп есептеген.

 Этиология мен патогенезі.Адам қолданатын тағамның калория мөлшері организмнің энергетикалық жұмсауларынан артылған шақта,семіздік дамиды.Оның жиі кездесетін себептердің бірі-дұрыс тамақтанбау (шамадан тыс тамақ қабылдау,негізгі тағам көлемін кешкі сағаттарда қабылдау) және физикалық жүктеменің азаюы.Тұқым қуалай отырып,семіздікке бейімділік беріледі.Зерт-теулер жүргізі отырып,анықталған себептер:егер ата-анасы арықтау болса,баласында 14%жағдайда;ал анасы мен әкесі де артық салмақты болғанда-80%жағдайда осы ауру дамиды.

 Семіздіктің барлық түрінде май алмасуын реттейтін орталық механизмдер бұзылады.Гипоталамуста қанығу орталығы (вентромедиалды ядро)және тәбет орталығы орналасқан,олар тамақ қабылдауды өздігінен реттеп тұрады.Гипоталамустың қабынулық немесе жарақаттанулық зақымдануы осы орталықтарды қоздырады,

тәбетті ұлғайтады,ол гипоталамустық семіздікке әкеліп соқтырады.

Жіктелуі Семіздікті біріншілік деп бөлеміз,оған алиментарлық-конституционалдық семіздік жатады,бұл көбіне отбасылық көрініс.Семіздіктің екіншілік түріне гипоталамустық және эндокриндік семіздік жатады.Дене массасының артық мөлшеріне байлаысты семіздіктің 4 сатысын ажыратады.I сатысында-артық салмақ қалыптағыдан 20-29% артық ,II сатысында-30-49%,III сатысында-50-99%,IV сатысында-100% және одан да көп.Дененің дұрыс салмағын білу үшін арнайы кестелер қолданады немесе дене салмағының әріпсанын есептейді,ол үшін дененің салмағын(кг)бой-дың ұзындығына(м) бөліп,квадратын шығарады,қалыпты жағдайда ол 20,0-24,9 тең.

Клиникалық көріністер.Семіздіктің түріне байланысты,алинмен-тарлық дене бітімдік семіздіктің I-II сатысы кезінде науқастың шағымдары болмауы мүмкін.Ал III-IV сатысында физикалық күш түскенде ентігу,тез шаршау,жүрек соғу,жүрек тұсының ауыруымен

Аяқтардың ісінуі т.б шағымдар пайда болады.

 Семіздіктің екіншілік түрлерінде негізгі аурулардың шағымдары-ның басым болуы мүмкін.Гипоталамустық семіздік-гипоталамус аймағының зақымдануынан пайда болады.Семіздіктің бұл түрінің сипаттамасына дене салмағынның тез артуы асқа тәбеттің қатты артуы,бас миының зақымдануын көрсететін неврологиялық симтомдардың пайда болуы жатады,оған кейде ұйқышылдық және жыныс бездерінің қызметтінің бұзылуы қосылады.Семіздіктің бұл түріне адипозо-гениталды семіздік,Морганьи синдромы жатады.

  Эндокриндік семіздік басқа эндокриндік ауруларға серіктес болып келеді (гипотиреоз,климакс,бүйрек үсті бездерінің аурулары).Нау-қастарды қарап тексергенде,құрсақ пен санның ішкі жағындағы терісінде күңгірт қызыл түсті сызықшаларды байқауға болады.Семіз адамның іш пердесі жоғары орналасқандықтан,брон-хиттер мен пневмониялармен жиі ауырады.Өкпенің гиповентиля-циясы,бас миының гипоксиясы дамып,ол тыныс ырғағының ретсізденуімен және патологиялық ұйқышылдықпен көрінуі мүмкін (Пиквик синдромы).Семіз науқастардың артериялық қан қысымы жоғарлауға бейім.Қыжылдау,іштің кебуі сияқты шағымдары болады.Дене салмағы артық адамдарда шап және кіндік тұсында жарықтар жиі кездеседі.Әйел адамдардың етек кірі бұзылады,ер адамдардың жыныстық жігерлігі төмендеп,сүт бездері ұлғаяды.Семіз адамдарда қан қысымының көтерілуі 3-4 рет,жүрек ишемия ауруы 1,5-2 рет,веналардың варкиозы 2-3 рет,өт тас ауруы-6 рет жиілікпен кездеседі.20-25% науқастарда қантты диабет дамиды.

  Дененің майлылығын қалыпты,арық ,семіз деп үшке бөлеміз.Дене-нің семіздігін кіндіктің және жауырынның төменгі жағындағы тері асты май қабаттарының қалыңдығын өлшеу арқылы анықтайды.Қолдың үлкен және сұқ саусақтармен терінің және тері асты майының 5 см көлемі жиырылады.Арық адамның терісі мен тері асты майының аздығынан саусақтардың ұштары бірін-бірі оңай сезеді,саусақтың астында бұлшық еттің және сүйектердің қырлары анық байқалады.Адамның толықтығы қалыпты болғанда теріні саусақтарға жинау қиынға түспейді,саусақтар бірін-бірі сезінеді.Бұлшық еттер мен сүйектердің қырлары анық көрінбейді.Семіз адамның терісін саусақтардың арасына жинау қивнға соғады.Сүйектер мен бұлшық еттердің қырларын ұстау өте қиын.Тірек-қимыл аппаратын зерттеу барысында сұрастыру арқылы буындардағы зақымды,қозғалыстың нашарлығын немесе керісінше қозғалмалығын,оның шықпалы болып қалғандығы сияқты белгілерін анықтайды.Осыдан кейін әрбір буынның қозғалу көлемін тексереді.Оны арнайы циркульмен-гониометрмен өлшейді.

Сырттай бағалау арқылы дененің нормостениялық гипо және гиперстениялық түрлерін белгілейді.

  Сонымен біз артық салмақ өзімізге көрік бермейтін аса қатерлі жүрек ауруларының,гипертонияның,қант диабетінің,қатерлі ісік ауруларының қуатты қоздырушысы екенін білеміз.Дүние жүзінде қезіргі кезде сауығу қозғалысы кең етек алды,соның ішінде адамдар бұл күндерді артық салмақ пен семіруге қарсы күрес жүргізуде.Шетелдік сақтық компанияларының статистикалық мәліметтеріне қарағанда,салмақ нормадан 20% артып кетсе,инфаркт пен миға қан құйылудан өлу қаупі 15-20%,диабеттен мерт болу қаупі 2-2,5 есе артады екен.Салмақтары нормадан 40% асып,семіріп кеткен адамдар арасында жүрек-қан тамыры аурулармен қайтыс болу 40-60%,рактан 5-15% көбейетін болып шықты.Бір сөзбен айтқанда,қарнымызға көз салатын мезгіл жетті,қарнымыз нормадан асып қанша жуандаса,өмір-жасымыздың сонша қысқарғандығы.Семірудің негізінде дәмдірек бір нәрсе жеуге құштарлық ,қанағат дегенді ұмыту,мешкейлік жатыр.Сол мешкейлік салдарынан біздің көпшілігіміз тамақты қажетті мөлшерден әлденеше есе көп ішеміз,жуан адамдардың арық ашаң адамдардан 10-12 жыл бұрын өлетіні ойымызға да келмейді.Тамақ ішуге өзімізге еркіндік берген кезде бір жапырақ нанның бізге 5-6 километр жерге жаяу жүріп баруға жететін энергия беретінін есімізде ұстаған жөн.

  Тарихты да еске түсірген жөн болар.Мысалы ертедегі Спарта елінде жас жігіттер толып,семіре бастаса қаладан қуылатын болған.Осындай жазадан қорыққан спарталық еркектер тамақты аз ішуге,толмауға,стандарттан аспауға мәжбүр болған.Ежелгі Рим мен Афинада да арық,күшті атлеттерді жоғары бағалаған.

 Біздің заманның тағы бір қауіпті көрінісі-ол жастар арасында семірушілердің көбейіп бара жатқандығы.Қазіргі кезде семіздіктен зардап шегетін еркектердің орта жасы 42,3-ке әйелдің орта жасы 38,5-ке тең.Еркектердің семіретін қатерлі кезеңдері 35-50 жастың арасы болса,әйелдердің семіретін кездері бұданда ерте болып отыр.Семірген кезде ғана емес,салмақ нормадан аздап асқан кезде дабыл қаққан,денсаулық үшін алаңдай бастаған абзал.

  Қалай болса да,мейлі,терминологияны түсініп алайықшы.Егер салмағыңыз нормадағы салмақтан 9% асса,онда әңгіме семіздік жайында емес,артық салмақ жөнінде.Ал салмағыңыз мөлшерден 10% асса,онда семіргеніңіз.Семіздіктің өзін ауырлығы бойынша бірнеше дәрежеге бөледі.Семіздіктің бірінші дәрежесінде салмақ нормадан 10-20%,екіншісі 30-40%,үшіншісінде 50-99%,төртінші-сінде 100%,тіпті оданда ары асып кетуі мүмкін.

 Семірудің негізінде не жатыр? Сөз жоқ, энергетикалық дисбаланс.

Тепе-теңдіктің бұзылуына екі түрлі себеп бар.Ол-тамақсаулық және аз қимылдау,жалқаулық.Темекі тарту,арақ ішу,тұқым қуалаушылық

есірткіге әуестілік,инфекцилық аурулар семіздікке ұрындырады.

  Екіқабат әйел немесе емшекте баласы бар ана мешкейлікке салынса семіріп кетеді де,ол бұл ауруынан айыға алмайтын болады.Сөйтіп денсаулығын бұзады.Бұл есте ұстайтын жай.

  Май басу немесе семіздік азғын,орташа және семіз деп үшке бөлінеді.Азғын немесе қағылез адамның жауырыны,білезік бөлігі,балтыр сүйектері мен табан сүйектерінің бедері тері астынан айқын білініп тұрады.Орташа май басқанда сүйектердің бедері онша білінбейді.Семіз немесе май басқан адамда денесі жұмырланып,мықын бөлігіндегі,санның жоғарғы бөлігіндегі және балтыр бөлігіндегі май қабаты қалың болады.Дене шынықтырумен шұғылданатындарға қарағанда шұғылданбайтындардың терісінің астында май көп болады.

 Қазіргі медицинаның дәлелдеуі бойынша,семіздік денсаулықты құртады,адам өмірін қысқартады.Статистикалық мәліметтерге жүгінсек,адамдардың орташа жасын 7-10 жылға кемітеді екен.салмағы өте жоғары адамдар,салмағы қалыпты адамдармен салыстырғанда 2 есе көп өлітіні белгілі.Әсіресе,семіздік қан қысымының жоғарлауына үлкен ықпал жасайды.

 Семіздік тек қимыл-қозғалыстың кемдігінен пайда болады деу қате пікір.Оған әсер ететін жайттар өте көп.Ол адамның тамақтану мәдениетін білмеуі,яғни біріңғай тамақтың түрлерін қолданудан да болады.Мәселен,өте майлы тағамдарды,сұйық заттарды көп қол-дану,сол сияқты витаминдердің жетіспеуі,зат алмасуының бұзылуы,денеде тұздың көбейіп кетуі айтарлықтай физиологиялық өзгерістер туғызады.

 Осыған қоса ішкі секреция бездері қызметі кенет төмендеуі де үлкен әсер етеді.Негізінде семіздлікті сыртқы және ішкі  себептерге байланысты екі түрге бөледі.Сыртқы себептерге мешкейлік,аз қимылдау,бала кезде тәттіге әуестену,ал ішкі себептерге ішкі секреция бездерінің бұзылуы,зат алмасуының нашарлауы жатады.

 Семіздік қандай себептен пайда болса да ол денсаулыққа өте зиян.Өйткені артық салмақ жүрек,өкпе,қан-тамырлары,асқазан,ішек

қарын,буындарға үлкен күш түсіреді.Сондықтан семіздікке шалдыққан адамдарда сан алуан белгілер байқалады.Оладың ауырмайтын жері жоқ.,соған орай емделмейтін әдістері де болмайды.Әйтсе де оның бәрі ретімен берілген жаттығуға жетпейді.

 Қимыл-қозғалыстың тапшылығы тек ересек адамдар арасында кездеспей,жасөспірім,балалар арасында да байқалуда.Өскелең организмге сыртқы күштің әр түрлі жағымсыз әсерінен омыртқа жотасы,аяқ,табан құрылысы,пішіні өзгеріп кетеді.Олар іштен туа және жүре пайда болған деп екіге бөлінеді.Аурудың жүре пайда болуы, улануға,жаралануға,зат алмасудың бұзылуына,денеге инфекция енуіне,сол сияқты тұлға,қаңқа сүйектің қисаюы гипокинезияға тікелей байланысты.

 Адам қалай семіреді?Адам энергиялық құндылығы өте жоғары болғанда,өзі жұмсай алатын деңгейден көп мөлшерде тамақ ішкен кезде,басы артық қоректік заттардың бір бөлігінен (ең алдымен майлар мен көмірсулар) адам организмі қор жинауға мәжбүр болады.Бұл артық шамадан калориялығы өте жоғары  майға айналады.Осының салдарынан келіп тері астына көп мөлшерде май жиналады.

 Семіріп кету зат алмасудың тұқым қуалау-дене бітімі ерекшелік-терінің,жыныс және жас өзгешеліктерінің,май алмасуды реттейтін нейро-гормондық орталықтардың зақымдануының салдарынан болуы мүмкін.Семіріп кетуге сондай-ақ орталық нерв жүйесінің, эндокриндік органдардың,ең алдымен гипофиздің,бүйрек үсті,қал-қан және ұйқы бездерінің бұзылуы да себепші болады.Кейде жүйкенің қатты шайқалуының немесе дененің бір жері зақымдануының өзінен-ақ май алмасуының бұзылуы,дұрыс тамақтанса да,оргнаизмде май қорының тым көп жинала бастауы мүмкін.Семірудің мұндай түрін патологиялық семіру деп атайды.

 Семірудің зардаптары қандай?Медициналық статистика семірудің медицина көмектесе алатын алғашқы сатысында салмағым артып барады деп дәрігерге ешкімнің келе қоймайтынын көрсетеді.Ал семірудің екінші қатардағы зардаптары,соның ішінде жалпы ауру-сырқау,жүрек тұсының шаншуы,бас ауруы,демікпе,дәреттің бұзыл-уы,аяқтың ісінуі,мазалаған кезде жұрт дәрігерге көрінеді.Кейде уақытын өткізіп алған адамдар,медицинаның бұл қауіпті ауруды емдеуге шамасы келмейтін,тек кейбір зардаптарын жеңілдетуге ғана болатын кезде бір-ақ көрінеді.Адам қай жаста болса да (әсіресе жас кезде) семіру-өте қауіпті және күрделі ауру екенін түсіну керек.

 Семірген кезде организмнің көптеген мүшелері мен жүйелері зақымданады,бірақ бәрінен жиі және бәрінен бұрын зақымданатын-жүрек-қан тамыр жүйесі.Медициналық зерттеулер семіздіктен ауырғандардың 80%-ын жүрек-қан тамыр жүйесінің теріс өзгеріс-тері болғаны,ең алдымен артериялық қысымы артқанын анықтаған.Мұның бір себебі-организмде май жиналған кезде қан ағысының қиындауы.Семірген кезде жүректі май басып,оның механикалық жұмысын нашарлатады.Семіру атеросклероздың асқынуына себепші болады.Өйткені май мөлшерінің артуы жүрек пен қан тамырларына көп күш түсіреді.Семіру дәрежесі артқан сайын атеросклерозбен ауыру жиілігі арта береді.

 Семіздік өкпе жағдайына да теріс әсер етеді.Майдың өзі-ақ тыныс алуға механикалық кедергі жасайды,бұған қоса өкпемен байланысты қан тамырларын май қысып тастайды да,бұдан өкпенің ауа өтіп,тазартылып тұруы нашарлайды.Осының бәрі семіздіктен ауыратын адамдардың пневмониямен бірнеше есе жиі ауыруына әкеліп соғады.

 Семіздік екінің бірінде созылмалы гастритке,созылмалы холецис-титке,диабетке,бүйрек ауруына ұласады.Семіздік адамның нерв жүйесіне де зардабын тигізеді,мұның өзі ұйқы бұзылуынан,тәбеттің артуынан,шөлдей беруден,вегетациялық зақымданудан басталады.

 Ер адамдарда потенцияның бұзылуы өте жиі болады,әйелдерде менструациялық циклдің бұзылуы байқалады.Семірген кезде эндо-криндік жүйе (гипофиз,бүйрек үсті безі,қалқан және жыныс бездері) су-тұз алмасуы жиі бұзылады.

 Мұның бәрі семіздікпен бірге келетін аурулардың қысқаша тізбегі ғана.Әдетте ауру жалғыз келмейді,алуан түрлі ауру араласып,бір-нешеуі бірге келеді.Тіпті семіруге байланысты емес аурулармен (жұқпалы аурулармен) ауырған жағдайда да олар семіз адамдарда анағұрлым ауыр болып,асқынып кетеді.

 Семіздікке  қарсы қалай күресуге болады?Семірудің бүкіл орган-измнің ауруы екенін,ондайда көптеген мүшелер мен жүйелер зақымданатын,мұның өзі емделуден гөрі алдын ала сақтану анағұрлым оңай болатын ауру екені белгілі.

 Бұл үшін өз салмағыңды үнемі қадағалап отыру керек.Егер салмақ 3-4 кг асып түссе, тиісінше шаралар қолдану керек.Ол үшін тиімді тамақтанған жағдайда тамақтың энергиялық құндылығы мен жұмсалатын энергия шамамен бірдей болуға тиіс.Салмақ артқан жағдайда тамқтың калориялылығын азайтып,энергия жұмсауды арттыру қажет.

 Тамақтың калориялылығын майлар мен көмірсулар есебінен кеміткен жөн.Белоктар-тамақтың алмастыруға болмайтын компо-ненті,сондықтан оларды азайтуға болмайды.Ең дұрысы-күнделікті тамақта тәттінің және майдың мөлшерін шектеу,нанды,ботқа,кар-топ,тұзды тағамдарды көп пайдаланбау керек.Әсіресе тұз организм-де судың жинақталуына себепші ьолады.

 Семіруге бейім адамдардың әдетте тәбеті күшті болады.Бұл тәбетті тежеу керек.Оның ең қарапайым әдісі-тамақты бөліп-бөліп ішу.Таң

ертеңгі астан немесе түстіктен кейін 2-3 сағат өткен соң бір алма жеген немесе бір стакан сүт,айран,қантсыз шай ішкен абзал.

 Тамақтанудың сипатын және режимін өзгертумен қатар бұлшық ет энергиясының жұмсалуын да арттыру керек.Күнде таңертең радио мен телевизия арқылы берілітін дене шынықтыру серігуге жақсы және оның психологиялық сипаты мол.Онда күшке түсетіндей ештеңе жоқ,бұл әбден түсінікті де,өйткені ол іс жүзінде денсаулық жағдайына қармастан жұрттың бәріне (жастарға да,қарттарға да)арналған жаттығулар болып есептеледі.

 Салмақты азайту үшін емдік дене шынықтыру керек.Дәрігермен ақылдасқаннан кейін жаттығулардың көбін күш түсіріп жасаған жөн,яғни секіретін болсаң гантельмен секіру,қолды құлаштай жазатын болсаң,эспандермен,иіліп-бүгілетін болсаң гирмен қимыл жасау  қажет-ақ.

 

                               1,3Гипокинезияның тыныс алу жүйесіне әсері.

  Гипокинезия аз ғана нервтік ширығумен бірлесе,дене  жүктеме-лерін атқару кезінде аэробты және анаэробті алмасу процесін нашарлатып,өкпе желдеткішінің үнемділігін және жоғары қуатты дене жұмысының қабілетін төмендетеді.Гиподинамиялы және нервтік-эмоциональдік еңбек адамдарына,дене жүктемелерін атқарғанда өкпенің гипержелденуі,ширығудың гипертониялығы PWC 170 төмендігі,ауа қапшығындағы(альвеола) желдену тиімділігі және салыстырмалы гипоксемияның кемуі тән,және осы көрсеткіштер патологиялық жағдайдың басталуы болып саналады.Дене еңбегімен жақсы шұғылданып жұмысшылар үшін,жұмысты орындау кезіндегі жоғарғы тыныс үнемділігі мен қан айналымы байқалатын жағдай сипаты,PWC 170 жақсы маңыздылығы тән болып келеді.

  Тыныс алу жүйесінің жұмысын зерттеудің спорттық медицинада үлкен маңызы зор.Адамның жұмыс істеу қабілетін оттегіні қанға сіңіріп ткандар мен органдарға жеткізілетін көлемін анықтау арқылы біледі.Олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірінің жеткізіксіздігін екіншісі толықтырып отырады.Мысалы жүректің жеткіліксіздігіне байланысты демікпе пайда болады,ауаның құрамында оттегінің аздығына байланысты эритоциттердің мөлшері ұлғаяды.,өкпенің ауруына байланысты жүректің соғысы жылдамдайды.Тыныс жүйесіне өкпелер,жоғарғы тыныс жолдары мен бронхылар,кеуде қуысы мен тыныс бұлшық еттері жатады.Тыныс жүйесінің жұмысының нашарлауына байланысты кеуде бұлшық еттінің жұмысы күшейеді.Тыныс жүйесінің қызметін екі кезеңге бөлуге болады.

  Бірінші кезеңде сыртқы ауа мен альвеолдар арасындағы ауаның алмасуы.Бұл кезең ауаның қозғалу арқылы іске асады.Тыныс алғанда оттегімен бай ауа өкпеге еніп,дем шығарған кезде көмірте-гіге бай ауа сыртқа шығарылады.

  Екінші кезеңде альвеолдар мен капиллярлар арасындағы газ алмасу жұмысы жүреді.Бұл кезең диффузия арқылы іске асады.Диффузияняң жүруі қан мен альвеолдағы оттегі мен көміртегінің қысымына тікелей байланысты.Тыныс жүйесінің жұмысын жалпы клиникаық және медициналық аспаптардың көмегімен тексеру арқылы бағаланады.Өкпесі таза адамды ғана терең зерттеуге және спортпен айналысуға даярлығын анықтауға болады.Тыныс жүйесін тексергенде өкпенің жұмысына және оның желдену көлеміне,тыныс алуды қамтамсыз ететін бұлшық еттердің жұмысына көңіл бөледі.Жүйелі түрде спортпен айналысқан кезде кеуденің дем алыс қозғалыстарын қамтамасыз ететін бұлшық еттердің күші ұлғаяды.Соған байланысты кеуденің тыныс алу қозғалыстары жылдамдайды да өкпенің желденуі күшейеді.Тыныс бұлшық еттерінің қуатын пневмотонометрия мен пневмотахомет-рия мен өлшенеді.Пневмотонометрия өкпедегі тыныс алғаннан кейінгі қысымды немесе өте терең дем алған кездегі қысымды өлшейді.Пневмотахометрмен тыныс жолымен жүретін ауаның көлемі мен жылдамдығын анықтайды.Ол л/минут деген өлшеммен есептелінеді.

  Пневмотахометрияның көрсеткіштермен дем алу мен дем шығару күшін анықтайды.Денсаулығы таза бірақ шынықпаған адамның дем алу дем шығару күшінің ара салмағы бірге өте жақын.ауру адамдардың осы көрсеткіші бірден төмен.Ал спортшыларда дем алу дем шығару күші анағұрлым жоғары ,сондықтан екі көрсеткіштің ара салмағы 1,2-1,4 деген дәрежені көрсетеді.Дем алудың салыстырмалы көрсеткішінің өсуінің маңызы үлкен.Себебі дем алудың тереңдігі тыныс алудың қосымша көлемі арқылы жүреді.Осындай жағдайда,әсіресе жүзу спортында айқын көруге болады.Жүзуші спортшыларда дем алыс өте қысқа да,дем шығару су астында және ұзағырақ жүреді.Өкпенің өмірлік көлемі-өкпенің жалпы көлемінің бір бөлігіне тең.

 Тыныс жолдары мен өкпе аурулары балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.Ал туберкулез сияқты қауіпті ауру үлкен адамдарға да тән.Кездесетін індеттер:өңештің қабынуы,бронхит,өк-пенің қабынуы,плевроның қабынуы,демікпе,туберкулез.

 Осы аурудың пайда болуына әсер ететін жайлар көп-ақ,соның ішінде сырттан түсетін микробтар,түтін,шаң-тозаң,улы газдар,құн-арсыз тамақ,өндірістегі зиянды қалдықтар,суыққа шалдығу,орган-измнің әлсіреуі үлкен зиян келтіреді.

 Аталған ауруларға тән белгілер бар.Ол:жөтел,ентігу,қақырық түсу,ыстығы көтерілу,әлсіздік пайда болу сияқты белгілер.Уақыт-ында емделмей асқындырып алса,аурудың қандай түрі болсын дем жетіспейтін жағдайға ұшырайды.Ал оның өзі денеде оттегінің тапшылығына,көмірқышқыл газының көбеюіне әкеп соғады.Тек газ айналымы емес,зат алмасуы да бұзылып,кеуденің қозғалыссыз кеміп,өкпе серпімділігінен айырылып,үлкен зиян шегеді.

 Пневмония-өкпенің қабынуы.Денеге микроб,вирус түскенде болады.Індет жедел созылмалы түрде өтеді.Олардың әрқайсысы өзінше әсер етеді.Бұлардың барлығында білінетін белгілер жоғарғыда айтқандай жөтел,ентікпе,ыстық көтеріліп,жүрек-тамыр қызметі нашарлайды.

 Ауру адамның ыстығы түсіп,жағдайы дұрысталған соң 2 күннен кейін емдік жаттығу басталады.Гигеналық және емдік жаттығу өкпенің дем алуын жеңілдетіп,өкпеге дәнекер ұлпа (тыртық) жабысып қалмас үшін қолданады.Науқас төсекте жатқанда тыныс алуды қадағалайтын жаттығулар беріледі.Содан соң ауырған өкпе жағына аунатып тыныс алғызады.

 Өкпе бронха қабынған кезде,спортпен тек 2-4 аптадан соң айналысқан жөн.Тыныс жолдарын,өкпені шынықтыру үшін таза ауада көп болу керек.

 Плеврит-Көкіректің ішкі бетін,өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі қабықтың қабынуы.Бұл пневмония сияқты аурудың асқынған кезінде кездеседі.Сырқаттанған адамның көкірегіне шаншу қадалып,ентігіп,жөтеліп,әлсірейді.Плеврит құрғақ және экссудатты болып (жиылған сұйық зат)екіге бөлінеді.Қандай түрі болса да екі қабықтың арасы жабысып бітіп қалмас үшін емдік жаттығу беріледі.Жұқа плевра қабығы қабынған соң бергіш болып бітіп қалады,соны тарату үшін етпеттеп,шалқадан жатып,отырып,түргеп тұрып жан-жаққа иіліп,бұрылып әр түрлі жаттығулар жасайды.

 Жаттығулар қан-лимфа айналысын жақсартып,дәнекерлі ұлпа қалыптасып қалмауын,дұрыс дем алуын қамтамасыз етеді.

 Демікпе-инфекциялы аллергиялық ауру.Оны қоздырушы микроб болса,аурудың өрбуіне ықпал жасайтын басқа көптеген факторлар.

 Адамды тұншықтырып,дем жеткізбей қысады.Ол бронхы еттерінің кенет тарылуынан болады.Оған себеп болатын өзімізді қоршаған сан алуан заттар.Қазіргі кезде адамның жүйке тамыры тозғыш,өте сезімтал болып кетті.Сондықтан түрлі ,дәрілер,жеміс-жидектер,шаң тозаң,темекі,қуырған майдың иісі толып жатқан заттар аллергендер болып кездеседі.Осындай заттарға қарсы дененің білдіретін тітіркенгіш әсерін-аллергия дейді.

 

                          1,4 Гипокинезияның жүрек- қан тамырына әсері.

 Жалпы жүрек –қан тамыр ауруларының арта түсуіне өмірде мейлінше кеңінен тараған зиянды әдеттің бірі-қозғалыстың аздығы.Сонымен қозғалыстың аздығынан жүректің ишемиялық ауруларына душар ететін себептердің экзогендік,эндогендік,функ-циялық тұрғыдан алып қарағандағы қалыптасқан факторларының жиынтығы.Ең маңызды деп есептелінетін факторлары мыналар.

 1.Әлеуметтік-тұрмыстық факторлар.Бұлардың қатарына өмір сүрудің кейбір сылбыр әрекетін,күнделікті тіршіліктің түрлі жағдайларын,холестеринге темекі тарту,алкоголизмге салыну сияқты зиянды әдеттерді қосуға болады.

 2.Ішкі факторлар.Адам организмінен байқалатын биохимиялық көрсеткіштер мен физиологиялық реттеуші механизмдердің жұмысындағы өзгерістерді қамтиды.Мұндай өзгерістердің пайда болуына бір жағынан экзогендік әсері(өмір сүру ерекшеліктері,дие-талық тағамдар),ал екінші жағынан генетикалық ерекшеліктер,яғни тұқым қуалаушылықтың бейім тұруы сияқты ерекшеліктер ықпал етеді.

  Ішкі факторларға сонымен қатар гиперхолестеринемия,гипертри-глицеринемия,гиперлипопротеинемия түрлері,көміртегілерге қарсы төзімділіктің бұзылуы,шамадан тыс семіріп кету,артериялық гипер-тония,адамның белгілі психологиялық ерекшелігі сияқты басқа да толып жатқан факторларды қосуға болады.Жоғарғы калориялы тағамдар ішу,олардың құрамында майының мол болуы,дене еңбегімен аз айналысу,көңіл күйдің жиі-жиі бұзылуы сияқты жағдайлар гиперхолестеринемия сырқатының меңдей түсуіне соқтырады.

  Жүректің ишемиялық ауруларының пайда болуына липопротеит-тердің(белок аралас майлы заттар комплексі)өзара алмасуының бұзылуы да күшті әсер етеді.Соңғы кездегі ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда,липидтер фракцияларының ұштаса өзгеріске ұшырауы да жүректің ишемиялық ауруларына алып барады.Организмдегі майлы заттардың алмасуын қамтамасыз етуде вегетациялық орталықтар(орталық нерв жүйесі)мен ішкі секреция бездері(қалқанша безі,жыныс безі,бүйрек безі,гифофиз(ми безі)және басқалары)маңызды рол атқарады.

  Миокард инфаркты,жоғарыда атап көрсеткеніміздей,әдетте көп жағдайда күтпеген жерден жедел кездескен психикалық соққыдан соң,ұзаққа созылған психикалық күйзелістен соң,сондай-ақ дене еңбегімен шамадан тыс қатты зорланғанда пайда болады.

  Көңіл күйдің жиі-жиі бұзылуынан организм өзінің белгілі бір жағдайларға бейімделу қабілетінен айырлады да мұның өзі тиісті патологиялық өзгерістерге әкеп соғады.Жүректің ишемиялық аурулары ой еңбегімен шұғылданатын адамдарда,басшы қызметтегі адамдарда дене еңбегімен айналысатын адамдарға қарағанда едәуір жиі кездесетіні дәлелденген.Өйткені,олар ой еңбегімен айналысу кезінде,басшылық жасаудың терең толғанатын сәттерінде психика-лық сезім әсеріне көп беріледі.Алайда осыған байланысты көңіл күйдің күрт өзгеруі барлық жағдайда бірдей патологиялық салдарға ұшырауға жол бермейді.Бұл жерде әркімнің өзіндік дара ерекшеліктері де,сондай-ақ белгілі бір жағдайға бейімделіп кету қабілетіде үлкен роль атқаратынын айта кетудің артықтығы жоқ.

  Клиникалық морфологиялық және эксперименттік зерттеулерге қарағанда,артериялық гипертензия жүректің ишемиялық аурулары-ның даму қатерін 3-6 есе арттыратыны белгілі болып отыр.Әсіресе жас адамдардың артериялық гипертензиясы ерекше күшті қатер туғызады,өйткені жүректің ишемиялық ауруларының асқынуына қатты ықпал етеді.

  Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар комитеті қан қысымының мынадай мөлшерін белгілеп берді.1\қалыпты артериялық қан қысымы-сынап бағанасының 140\90 миллиметрлік деңгейіне дейін,2\қауіпті аймақтағы артериялық қан қысымы-сынап бағанасының 140\90мм деңгейінен 159\94мм деңгейге дейін,жоғарғы артериялық қан қысымының-сынап бағанасының 160\95мм және оданда жоғары деңгейде екені анықталған.

  Жүректің ишемиялық ауруының асқынуына негізгі себеп болатын нәрсе-жүректің артериялық қан тамырларының қабынып ісуі салдарынан өте сирек те болса кездеседі.Мына бір нәрсені айта кету керек.Жүректің ишемиялық ауруы науқас адамның артериялық гипертониясымен диабет және шамадан тыс семіріп кету дерттері өзара ұштасқан жағдайда өте жиі қайталай береді.Ал,мұның өзі адам өміріне өте қауіпті болып келеді.

  Ишемиялық инсульт кезінде мидың негізгі төрт күретамырының бірінде немесе олардың ұсақтау тармақтарында қанның келуін тоқтататын тромб пайда болады.Тамырдың бітелуі жасушаларды оттегінен айырады да олар өледі.Бұл организмнің кез келген қызметіне әсер етуі мүмкін.

  Көп жағдайда миына қан  құйылған адам бұған өзі кінәлі болады,себебі ол сырқаттың алғашқы белгілерін сезе тұра қатерлі құбылыстың алдын алу үшін ешқандай әрекет жасамайды.Әйтеуір бір амалы табылар деп жүре береді.

 Көбіне организмге төніп келе жатқан қауіп туралы бізге алдын ала ескертеді.Жанартау жарылар кезде жеңіл жер сілкіністері болатыны секілді,ауыр инсульт алдында,әдетте,микроинсультар болады.Тр-омб немесе эмболия қанның келуін аз уақытқа тоқтатады да артынша жойылып кетеді.Кейде микроинсульт белгілері аздаған минутқа созылса,кейде бірнеше секунд қана болады.Әдетте бәрі жылдам өтеді,сондықтан науқас не болғанын сезбей де қалады.Бұған мүлде мән бермейді де.Өте өкінішті жайт,өйткені микроинсульт алған әрбір оныншы адам сол жылы-ақ,ал тағы үшеуі жақын үш-бес жыл ішінде инсульт алады.Сондықтан шұғыл шара қабылдау қажет.

  Инсульт жөнінен қауіп тобына қан қысымы жоғары науқастар,темекі тартатындар,қантты диабеті барлар,құрамында эстрогені көп ұрықтануға қарсы түймедақ қабылдайтын әйелдер,жүрек соғысы бұзылған жүрек ауруы бар науқастар жатады.Сондай-ақ артық салмағы бар,қанында холестерин көп,аз қозғалатын адамдардың осы қауіпті дерттен сақтанғаны жөн.Тағы бір айта кететін жайт инсульт әйелдерге қарағанда ерлерде көп байқалады.Ол кез келген жаста,тіпті жасөспірімдерде де кездеседі.

  Бүгінде инсультке қарсы күресте дәрігерлер біршама «қаруға» ие,дәрі дәрмектер де бітелген тамырды оталап тазартуға да болады.Сіз қауіп тобындағы адамдардың қатарындасызба?Қан қысымыңызды бақылыңыз,емдәм сақтаңыз,дене жаттығуларын жасаңыз,қанды сұйылтатын дәрілер қабылдаңыз.Және де сақ болғайсыз-дабыл белгілерін өзіңіз байқамасаңыз өзгелер оны сезеді деп ойламаңыз.

 Ұю және жансыздану.Алдымен,мысалы білезік немесе табан,одан соң қол аяқ,бет, тіпті дененің жартысы жансызданады.Бұл кейде саусақтарды тек әлсіз тоқ соққандай болуы мүмкін.Кейде аяқ қол көп отырғанда не жатқанда ұйып қалады.Алайда ұю ешқандай себепсіз,аяқ астынан пайда болса және екі-үш минуттан артық уақытқа созылса,әсіресе беттің жартысының бұлшық етінің босаңсуы және сөйлеудің түсініксіз болуы секілді белгілер байқалса тез арада дәрігерге көрініңіз.

 Саусақтардың бағынбауы.Микроинсультттің бірінші белгісі қан-дай да бір затты қолда ұстай алмауы болуы мүмкін.Егер сіз кенеттен қаламды қолға үстай алмай,тусіп қалған кілтті көтере алмай қалсаңыз жансыздану одан әрі тарап бара жатса шүғыл шара қабылдау қажет.

  Сөйлеудің бұзылуы.Кейде науқастар түсінікті сөйлеудің орнына мыңғырлай бастайды,сөйлеу қабілетінен айырылады немесе өзгелердің не деп жатқанын түсінбейді.Мұның барлығы төніп келе жатқан қауіптің белгілері,оларға жеңіл қарауға болмайды.

  Көздің кіреукеленуі.Көбіне миға қан құйылудың басталуы көздің кіреукеленуімен білінеді.Қоршаған нәрселердің бәрі түссіз,сұр түсті секілді болады.Көбіне бұл бір көзде байқалады,екінші көз бұрынғысынша жақсы көреді.Кейде(тромбының қайда орналасқан-на қарай)бейне қосарланып көрінеді:адам бір заттың орнына екі затты көреді,олар қатарласып немесе бірінің үстіне бірі тұрады.Көрудің жартылай жоғалуы сол жақтағы беттің жансызданумен қатар жүреді.Егер көру тез қалпына келсе,бұл болған жайтты ұмытуға болады деген сөз емес.Кеш болмай тұрғанда алдын алыңыз.

 Бұл белгілер әдетте,ми діндеріндегі тепе-теңдік орталықтарының жұмысын бұзатын тромбының бар екендігін білдіреді.Жүрістің бұзылуымен бірге әдетте бас айналады.Бұл қан құйылуға тән белгі.Бас солқлдып емес,тұрақты ауырады және белгілі бір жерге емес,бүкіл басқа тарайды.Бұл бас сүйегі мен ми арасындағы кеңістікке қан құйылған кезде бас сүйегі ішіндегі қысымнан туындайды.

 Адам тіршілігінде жүрек-қан тамырлардың атқаратын ролі ерекше.Бүкіл организм тек сол жүрек соғуының арқасында қажетті қоректік заттармен,оттегімен қамтамасыз етіліп,өндірілген,денеге керексіз заттар шығарылып отырады.Жүрек кенеттен ауруға шалдықса,бүкіл денеде айтарлықтай өзгеріс байқалады.Адамның бойында әлсіздік,көңілсіздік,құлықсыздық,керенаулық  пайда болады.Жүрек ауруы тез қартайтады,тіпті жүрек ауруының кейбір түрі ажалға душар етеді.

 Қазіргі уақытта жүрек және қан тамырлары ауруы өте жиі кездесуде.

 Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша,әрбір төртінші ер адам жүрек инфарктынан,әрбір жетіншісі-миға қан құйылуынан қайтыс болады.Сондықтан да бұл аурулар ХХ ғасыр сырқаты деген атақ алып отыр.

 Осы сырқаттардың негізгі себептері,одан сақтану шаралары туралы арнайы газет журналдар,радио-теледидар арқылы хабарлар беріліп тұрғанмен,халықтың көбі әлі де бұл дерттің алдын алу шараларына мән бермей келеді.Басы ауырып балтыры сыздағанша,ауру асқынып денені меңдеп алғанша өз денсаулығына көңіл бөлмейтіндер әлі де аз емес.Өкінішке орай,бұл кезде асқынған сырқатқа ем қону да қиынға түседі.

 Қазіргі уақытта қан тамырлары ауруларының ең жиі кездесетіндері оның жолдарының тартылуынан немесе біржола бітелуінен болатын инфаркт ауруы.Халыққа тарап кеткен ұғымдай,инфаркт тек жүректе ғана емес,бүйректе,көк бауырда,мида,бұлшық еттерде,қан тамыры жүйесінің кез келген жерінде болуы мүмкін.Бірақ солардың ішінде ең жиі кездесетіні және өмірге қауіптісі жүрек инфарты.

 Аурудың пайда болып,бойды жайлауынан көп жағдайлар әсер етеді.Ол ішкі және сыртқы ортадағы факторлар,мешкейлік,арақ-шарапқа құмарлық,шылым шегіп никотинмен улану,қимыл-қозғалыстың тапшылығы,физикалық құбылыстар,қоршаған орта-ның ластануы,ашу- реніш,қайғы-қасірет,жұқпалы ауруларға жиі шалдығу,тұқым қуалаушылық. жатады.

 Жүрек-тамыр ауруларының түрлері өте көп.Олардың ішінде халық арасында жиі кездесіп жүрген гипертония ауруы,жүрек ишемиясы,жүрек инфаркті,стенокардия,коронаросклероз,жүрек қақпақшалар ауруы,көк тамырлардың кеңеюі.

 Жүрек ауруларының қандай түрі болмасын адам денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді.Өйткені оның қызметі нашарлайды,басқа мүшелерге қанның мөлшері жетіспейді.Осы кезде әр адам жүрек ауруына тән жиі кездесетін белгілерін ажыратуға болады.Негізінде жүрек тұсында шаншу,сыздап ауру,соғысы жиілеу,ентігу,әлсіздік байқалады.Кейінен аяқ- қол сыздап,мұрынның ұшы,саусақтар көгерінкіреп кетеді.Мұндай белгілер денедегі қанның,оттегінің тапшылығынан болады.Бұл көбінесе жүректің нашарлауынан,қан тамырларының өзгеруінен болады.

 Жүрек-тамыр ауруларының көпшілігі қан айналымының тапшылығына,жетіспеуіне әкеп соғады.Қан айналымы үш кезеңнен тұрады,әрқайсысын дәрігерлер белгілеріне қарай айырып,қажетті ем қолданады.

 Қазіргі кезде өте жиі кездесетін аурудың бірі-жүрек инфаркті,дәлірек айтсақ миокард инфаркті дедік.Бұл жүрек қан тамырларының бір бөлігінің ұйыған қанмен бітелуі не кенет түйілуі салдарынан жүрек бұлшық етінің,не ұлпалардың бір бөлігінің өлуі.Жүрек қан тамырларының кенет тарылуы,не склероз болып өзгерген тамырдың тығындалуы,оны қоршаған кішкене тамырлардың шамасының келмеуі осындай қайғыға әкеп соғады.Оған итермелейтін күш көп.Мәселен,көптен елемей келген қанның қысымы,қан ұюының жоғарлауы,ашу-ыза,реніш,шамадан тыс ауыр жұмыс,алкоголь мен никотин улары.Инфаркт өзінің зақымданған шеңберіне,бүлінген тамырдың кеңдігіне арнасына қарай әр түрлі болады.Жансыз ошақ кең жайылып,үлкен болады немесе көлемі орташа,ал тағы бірде көзге әрең көрінетін микроинфаркт болады.

 Миокард-көптеген инфекциялардың,улы заттардың,аллергиялық әсерлердің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшықеттерінің қабынуы.

 Этиологиясы.Гранулематозды миокард туберкулез,саркоидоз,рев-матизм сырқаттары үшін тән болса,ал алып жасушалы миокард осы процесс нәтижесінде пайда болған ірі некроз ощақтарының айналасында дамиды.

 Идиопатиялық миокард-Абрамов-Фидлер миокардті,клиникалық көріністеріне қарап,қатерлі миокард деп атаған.Бұл сырқаттың этологиясы анық емес,оның шығуында әртүрлі инфекцияның,ор-ганизмде дамитын иммунологиялық және иммунопатиялық өзгерістердің маңызы бар.

 Патогенезі.Жоғарыда айтылған өзгерістер нәтижесінде жүрек бұлшық еттері зақымданып,организмде оларға қарсы антиденелер түзіледі.Антиденелер қандағы комплементпен қосылып иммунды жиынтық түзеді,оның миокардта,жүрек қан тамырларында шөгіп қалуына байланысты иммунды қабыну процесі басталады.Миокард ұлпаны бұзуда иммунды жүйеде түзілген,киллирлік әсер етуші,Т-лимфоциттердің маңызы зор.Демек осы аурудың организмде қатерлі түр алуы иммундық механизммен тікелей байланысты.

 Патологиялық анатомиясы.Миокард нәтижесінде жүрек қуыстары кеңіп,ұлпасы босап,кесіп қарағанда сарғыш қоңыр түсте көрінеді.Осы сырқат ұзаққа созылғанда кеңіген қуыстарда тромбтар түзіліп,жүрек салмағы 1 кг дейін жетеді.Микроскоппен тексергенде миокардта әртүрлі дистрофиялық және қабынуға тән өзгерістерді көреміз.Аурудың жіті түрінде қабыну сіңбелерінде лейкоциттер,эо-зинофилді лейкоциттер көп болса,оның ссозылмалы түрінде лимфоциттер,плазмалы жасушалар басым болады.Сонымен бірге миокард аралығында дәнекер ұлпаның көбейіп кеткендігі,ошақты немесе диффузды кардиосклероз дамығандығын көруге болады.Ауру өлімі жүрек қызметінің нашарлауына немесе тромбоэмболияға байланысты болады.Ауру басталғанда адамға білінетін белгілері ерекше жүрек тұсы қатты шаншу болып қадалады,сол жақ иық,қол әлсіреп жансызданғандай сезіледі,науқас адам абыржып, әлсізденіп қалады.Жүрек тұсы ауырғаннан бастап дәрігерге хабарлау керек.Оны өзі басылады деп тосқан дұрцыс емес,өйткені асқынып кетуі мүмкін.Әсіресе жасы 40-тан асқан адамдарға ондай шыдамдылық зиян.Бірден жедел жәрдем шақыртқан дұрыс.

 Ауруды ауруханада жатқызып,қажетті көмек көрсетіп,қиын-қыстау кезеңнен алып шыққан соң емдік гимнастика тағайындайды.

Егер микро-инфаркт болса 2-3 тәуліктен соң,орташа түрінде 4-5,ал кеңінен жайылған түрінде 6-7 тәуліктен соң дене шынықтыру басталады.

 Кейінгі жылдары ғалымдардың айтуынша неғұрлым емдік жаттығуды ерте бастаса,соғұрлым тезірек жазылуға мүмкіндік туады.Ол адамның көңіл-күйін көтеріп,шеткері қан тамырларын жақсартып,жүрек бұлшық етін әлдендіріп,күш береді.Мұның өзі науқастың төсек тартып ұзақ жатпай,тұрып кетуіне тікелей көмектеседі.

 Эндокардит.Жүректің ішкі қабығының қабынуы.

Этиологиясы.Эндокардиттер әртүрлі инфекциялар нәтижесінде дамиды,әсіресе оның пайда болуын гемолиз шақырушы β-стрептококтардың,жасыл стрептококтардың,стрепфилококтардың маңызы өте зор.Эндокардиттердің бұл түрлері ревматизм,сепсис ауруларының бір көрінісі есебінде қаралады.Тек фибропластикалық эозинофилиямен барушы эндокардитті эндокардиттің алғашқы сырқаты деп қарауға болады.

 Бұл сырқат үшін қарыншалар эндокардының едәуір қалыңдап кетуі және сол жерлерде тромб пайда болуы тән.Егер осы өзгерістер сорғыш бұлшықеттке немесе хорда жіптеріне өтсе клапандар жақсы жабылмай олардың жетіспеушілігіне әкеп соғады.

 Перикардит.Жүрек қабының және жүректің сыртқы қабығының қабынуы.Перикардит көбінесе басқа ауруларға немесе жүректің өз ауруларына байланысты дамитын сырқат.

 Этологиясы.Перикрадиттің дамуына вирусты,бактериялы инфек-циялар,туберкулез,аллергиялық және ревматизм аурулары себепші болады.Уремия нәтижесінде организмнен бөлініп шығатын азотты улы заттар да,миокард инфарктына байланысты некроз да перикардқа тікелей әсер етіп,оны қабындырады.

 Патогенезі.Перткардиттің дамуы жоғарғыда айтылған улы заттар-дың тікелей әсерінен немесе олардың қан,лимфа арқылы келуімен байланысты,кейде ол иммунды қабынудың бір түрі есебінде көрінеді.

 Патологиялық анатомиясы.Перикардитте көбінесе фибринді қабыну болып,эпикард және перикард бетінде фибрин жіпшелері пайда болады,осы көрніске «түкті жүрек» деген ат берілген.Егер осы фибринге бай экссудат дәнекер ұлпаларға айналса жүрек қабы бүтіндей бітіп немесе эпикард пен перикард арасында өте қатты фиброзды ұлпа пайда болады,жүректі темір құрсаудай қысып оның жұмысын қиындатады.

 Атеросклероз.(грекше-atere-ботқа,sklerosis-тығыздалу.)-бұл ірі артериялардың ішкі қабатында май және белок алмасуының бұзылыуы нәтижесінде пайда болатын арнайы морфологиялық өзгерістермен сипатталатын созылмалы ауру.Осы күрделі өзгерістер атеросклероздың макро және микроскопиялық негізін құрайды.Бұл процесс қолқада,жүрек ми,мықын,ішек,бүйрек артерияларында айқын көрінеді.Атеросклероз деген атауды Амери-ка ғаламы Маршан 1904 жылы ұсынған.

 Атеросклероз дамыған елдерде өт көп тараған аурулар қатарына жатып,миллиондаған адамдардың өліміне себепші болып отыр.Елімізде жүрек-қан тамырларының атеросклерозына байланысты болған жүректің ишемиялық ауруына жыл сайын ересек адамдардың 52%-ы өледі.Атеросклероз әртүрлі елдерде немесе бір елдің әртүрлі аймақтарында түрліше тараған.

 Атеросклероздың этиологиясы мен патогенезіне тоқталатын болсақ,Н.Н.Аничков пен С.С.Халатовтың жүргізген эксперимент-терінің маңызы өте зор.Олар үй қояндары холестеринмен тамақтандыру арқылы адам атеросклерозына ұқсас өзгерістер алған болатын.Осы экспериментттер нәтижесінде Н.Н.Аничков бұл ауру тамақ құрамындағы холестериннің қан тамырына сіңуі нәтижесінде келіп шығады деп түсіндірген.Осы бағытта жүргізілген зерттеулер атеросклерозбен ауырған адамдардың қанында да холестерин мөлшерінің көбейіп кететіндігін,ол аурулардың 70%-на ұшырайтынын анықтады.

 Дегенмен кейінгі уақытта атеросклероздың келіп шығуында белок-май қоспаларының,липопртеидтерінің маңызы аса зор екендігі белгілі болды.Олар біріншіден,организмдегі холестерин алмасуын-да тасушылар ретінде тікелей қатысады екен.Тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринді қан тамырына алып келсе,тығыздығы жоғары липопротеитер оларды қан тамырынан алып кетеді.Холес-териннің қан тамырына көбірек тұнып қалуы осы тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты деген тұжырым бар.Екіншіден,өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер организмде аутоантиген ролін атқаратындығы да белгілі.

 Ғылымда атеросклероздың макроскопиялық өзгерістерін 4 кезеңге бөліп қарауға болады.Оның бірінші кезеңі қан тамырларының ішкі қабатында май дақтарының және жолақтарының пайда болуымен сипатталады.Олардың түсі сары,интимадан шығып тұрмайды.

 Атеросклероздың фиброзды табақшалар кезеңінде қан тамырының интимасынан көтеріліп шығып тұратын ақшыл түстегі,жылтыр болып келеді.Атеросклероздың әрі қарай дамуы нәтижесінде фиброзды табақшаларға қан құйылады,оларда «жаралар»тромбтар пайда болады,бұл өзгерістерді атаеросклероздың асқынған түрлері деп атайды.

 Атеросклероз процесі барлық қан тамырларыда бір мезгілде,бір-келкі дамымайды,сондықтан клиникада жеке қан тамырларының бұзылуы түрінде көрінеді.Қазіргі уақытта «Атеросклероз» сырқаты бірнеше топқа бөлініп кетті тек қолқа және бүйрек артериясының атеросклерозы осы ұғым төңірегінде қаралады.

 Қолқа атеросклерозы-осы патологияның ең айқын көрінетін жері.Атероматоз,атерокальциноз процестері қолқаның құрсақ бөлігінде жақсы дамыған.Осы өзгерістер әсерінен қолқада аса қауіпті бірқатар асқынулар пайда болады.Оған атеросклероз табақшалары аумағында тромбтың түзілуі және қолқа аневризмасы кіреді.Тамыр қабырғасына жабысып тұрған тромб үзіліп түсіп немесе бөлшектеніп кетіп басқа қан тамырларын тығындап тастайды,немесе қолқаның өз айырығына тығылып қалып ондағы қан айналысын бұзады.Қолқа аневризмасы деп оның белгілі бір бөлігінің бұлтиып шығып тұруын айтамыз.Аневризманың қабырғасының түзілісіне қарап шын және жалған,ал шығу тегіне қарап туа біткен немесе жүре пайда болған,пішініне қарап цилиндр немесе қап тәрізді түрлерін ажыратады.Аневризманың жеке түріне қатпарлы аневризма жатады,оның пайда болуы қанның қолқа арасына кіріп кетуіне байланысты,кейде қан интиманың екі жағы арқылы да айнала береді.Аневризма жарылып кеткенде қан перикард немесе плевра қуысына,айналадағы жұмсақ ұлпаларға құйылып,науқас тез арада қансырап өледі.

 Ми артерияларының атеросклерозы.Қазір ми қан тамырларының ауруы деген топқа жатқызады.Атеросклероз салдарынан (тром-боз,эмболия,спазм)ми ұлпаларында ишемиялық инфаркт дамиды,егер өзгерген қан тамырлары жарылып кетсе миға,ми перделерінің астына қан құйылады.Егер ми күре тамырлары осы ауруға шалдықса адам ұмытшақ,көп сөйлегіш келеді,бастың айналуы,құлақтың шыңылдауы,ұйқының қашуы сияқты белгілер байқалады.

 Бүйрек қан тамырларының атеросклерозы,нәтижесінде дамыған өзгерістер атеросклерозға байланысты бүріскен бүйрек деп атала-ды.Бұл бүйректердің үсті ойдым-ойдым болып семіп қалады және қан қысымы қатты көтерілуі мүмкін.

 Ішек артерияларының атеросклерозы.Тамырдың қолқадан басталар жерінде және оның жоғарғы бөліктерінде пайда болады.Бұл патология қазіргі кезде ішек тамырларының жетіспеушілігі деген атпен жеке кесел ретінде қаралады.Тромбоз және эмболия процестері ең көп ұшырайтын жері жоғарғы шажырқай артериясы.Атеросклерозға байланысты тромбоз эмболия немесе қан тамыры саңлауының бітіп қалуы ішек инфарктына әкеледі,инфаркт көбіне бұл жерге коллатеральдар арқылы қан құйылып қалуына байланысты геморрагиялық (қызыл)түр алады.Некрозға ұшырыған ішек қабырғасына тез арада микробтар еніп,гангрена дамиды,ал гангренаға ұшыраған ішек тесіліп перитонитпен асқынады.

 Аяқ артерияларының атеросклерозы.Атеросклероз процесінің даму қарқыны бойынша бірінші орында мықын артериясы,екінші орында тақымасты,үшінші орында сан артериясы тұрады.Қазіргі уақытта атеросклерозға байланысты аяқта ұшырайтын барлық өзгерістерді аяқтың ишемиялық ауруы деген  атпен бірге дымқыл және құрғақ гангрена дамиды.Аяқ ішек гангреналары жедел операцияны талап ететін сырқаттар қатарына жатады.Аяқтың қан тамырлары зақымданса,балтырдың бұлшық еттер тартылып адам ұзақ жаяу жүре алмайды.Аяқ үнемі мұздап тұрады.

 Атеросклероз сонымен бірге созылмалы індет қан тамырларының тарылуынан,ішкі бетіне май қосындыларының жабысуынан,дәне-кер ұлпаларының өсуінен болады.Осының бәрі тамырдың арнасын тарылтып,созылғыштық,икемдік,майысқақ қасиетінен айырады.Әл-бетте,денеде қан ағаны тоқырап тоқтап қалады.Ұлпалар мен мүшелер қоректік затқа тапшы болып,әртүрлі өзгерістерге душар болады.Ең көп зақымданатын қолқа,жүректің ішкі тамырлары,ми бүйрек,аяқтың ірі тамырлары.Атеросклероз асқынған тамыр жарылып кетуі немесе тығындалып қалуы мүмкін.Мұндай жағдай ми тамырларында болса инфаркке ұшырауы ықтимал.

 Атеросклероздың пайда болуына ықпал ететін көп жағдай бар.Олар адамның шамадан тыс зорлануы,нерв жүйесінің шаршауы,қажуы,ой еңбегінің,дене еңбегінен бірнеше есе асып кетуі,қимыл-қозғалыстың тапшылығы,тамақтану мәдениетін білмеу,семіздік,мешкейлік,қант диабеті,тұқым қуалаушылық,.

 Атеросклероз дегенде май мен майлы заттар алмасуның бұзылуынан,атап айтқанда,холестериннің қан құрамында табиғи мөлшерден асып кетуінің әсерінен болады.Холестерин-қандағы ең маңызды заттардың бірі.Бірақ белгілі мөлшерден артып кетсе,зияны да соншалық көп.

 Егер қан құрамында холестерин өз мөлшерінен аз уақытқа болса да сирек көтерілсе (мысалы майлы тамақ ішкеннен кейін)онда организм өзі күресе алады.Ал,мұндай жағдай ұзақ уақыт әрі жиі болса атеросклероз ауруына ұшырайды.

 Холестериннің табиғи мөлшерден артығы көпшілікке түсінікті сөзбен айтқанда,күрделі көміртегі және кальций тұздарымен қосылып тамырдың ішкі қабырғасына шор болып байланады.Көбі-несе бұл процесс қолқа,күре тамырлардан басталып асқынғанда ұсақ тамырлаға да тарайды.Тамырдың ішкі бетіне біткен шор оны тарылтып,қан жүрісін қиындатады,кейде біржолата тоқтатып тастайды.

 Аурудың белгілері,қауіптілігі қай тамырдың қаншалықты ауыр зақымдануына байланысты.Мысалға,жүрек-қан тамырлары атеро-склерозға шалдықса,жүректің қыспа ауруы басталып,жүрек етінің біржола жарамсыздығына дейін жеткізеді.

 Көп уақытқа дейін ғылымда атеросклероз тек жасы 50-ге келген адамның,егде тартқан шағында кездесетін ауру,тіпті қан тамыр-ларының табиғи тозуының бір түрі деген ұғым орын алып келеді.

 Алайда,бүгінгі күнде атеросклерозбен жас адамдардың да сырқаттануы,тіпті сәбилік шақтан басталуы да мүмкін екендігі іс жүзінде дәлелденіп отыр.Холестериннің қан құрамында мөлшерден тыс,өте көп болатын түрлері,аса сирек болса да кей отбасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.

 Атеросклероз ауруы тұқым қуаламаса да,организмнің кейбір бейімділігі,оның осы ауруға қарсы күресу мүмкіндігінің әлсіздігі-нен ұрпағына жалғасу мүмкін.Осы әлсіздікті бірнеше есе күшейте-тін,аурудың жас кезден басталып,тез асқынуына біздің күнделікті өмірімізде себепкер болатын,кейде біле тұра ескерілмейтін,көп жайлар бар.Соның ең бастысы-дұрыс тамақтана білмеу.

 Қоғамның әр отбасының әл-ауқаты артқан сайын тамаққа сары май,қант,тәтті,жұмсақ тағамдар,майлы ет,жұмыртқа,қаймақ,консер-віленген тағамдар қолдану етек алып барады.Ал бұл тағамдарда холестерин өте көп.Оның есесіне май мен майлы тамақтар ішіндегі холестеринді байлайтын,оның қан құрамындағы мөлшерін азайтатын өсімдік жасушаларына бай дәмдерді асқа жарату азайды.Әрине бұдан аталған тағамдарды біржола ішпеу керек деген ұғым тумау қажет.

 Екінші бір көңіл аударарлық жай-қимыл-қозғалысты көбейтіп,дене шынықтыру жаттығулармен айналысу,шылым шекпеу,ішімдік ішпеу.Бұл да ғылымда дәлелденген жайт.Аз қимылдау,асқазанда орын қалдырмай,тамақты тоя жеу,ерте жатып кеш тұру денедегі зат алмасуды нашарлатып семіздікке әкеп соғады.Мұндай тұрмыс айтып отырған атеросклероз ауруының пайда болуына,тез өршуіне әсер етеді.

 Атеросклероз ауруының тағы бір қауіптілігі-оның біртіндеп өршіп,асқынған уақытында ғана білінуі.

 

 Гипертония ауруы.Артерия қан қысымының ұзақ уақыт өте жоғары болуымен сипатталатын,жеке бір мүшелер патологиясымен байланыссыз дамитын сырқаттың бір түрі.Бұл ауруды эссенциаль-ды (себебі белгісіз) гипертензия деп атайды.Ауруды алғаш рет Г.Ф.Ланг жеке патология түрінде ашқан болатын.Гипертония ауруы орта жастағы адамдарда көбірек,ұшырап,60 жастан кейін әр төрт адамның біреуінде кездеседі.

 Этиологиясы.Г.Ф.Лангтың пікірі бойынша гипертония ауруы қан қысымын реттеуші орталық нерв жүйесі,гипоталамус аймағы қызметінің бұзылуына байланысты.А.Л.Мясников гипертония ауруын,өз әрекетін қан қысымын басқарушы орталықтарға бағыт-талған невроз деп көрсеткен.Сондықтан адам өмірін үрей,қорқын-ыш сезімдері билегенде,қайғы-қасірет басқанда бұл ауру жиі ұшырайды.Адам организмнің осы ауруға туа біткен бейімділігі,жұ-мыс жағдайының қолайсыздығы(мүмкіншілігінен тыс жұмыс істеу,тамақпен ас тұзын көбірек пайдалану ауруға әкеп соқтырады.

 Гипертония ауруын талдамастан бұрын белгілі бір мүше патологиясына байланысты дамитын симптомдық гипертензия жөнінде айта кету керек.Демек гипертония ауруына диагноз қою үшін симптомдық гипертензия жоқтығына көз жеткізу керек.Симп-томдық гипертонияның негізін бүйрек аурулары (нефриттер,нефро-патиялар,поликистоз) мен эндокрин жүйесінің сырқаттары (бүйрек үсті безі ісіктері-феохромоцитома,альдостерома,гипофиз ісігі-базо-филді аденома) құрайды.Осы аурулар табылғанда гипертония жеке сырқат есебінде қаралмайды.

 Патогенезі.Организмдегі артерия қан қысымы өте күрделі нервтік және гуморальдық факторлармен басқарылып тұрады.Қалыпты жағдайда қан қысымының көтерілуі оны басушы механизмдердің іске қосылуына байланысты тез арада өз деңгейіне қайтып түседі.Кейінгі уақытта депроссорлы жүйеге барорецепторлардан басқа кинин және простагландин жүйелерінің жататындығы анық-талған.Қан қысымы төмендеп кеткенде ренин-ангиотензин,симпа-тикалық нерв жүйелері жедел іске қосылады.Осы артерия қан қысымын реттеуші жүйелер ішінде бүйректердің алатын орны ерекше.Себебі бүйректер ренин ангиотензин бөліп шығарудан басқа,организмде натрий мен су алмасу механизмін реттей отырып та,қан қысымын басқаруға тікелей қатыса алады.Альдостерон (бүйрекүсті безінің гормоны) болса зәр құрамындағы натрийдің қайта сорылуын күшейтіп,судың организмде жиналып қалуын,ги-перволемияға алып келеді,осыған байланысты қан қысымы көтеріледі.Қандағы катехоламиндердің әсері шеттегі қан тамыр-ларының тарылуы нәтижесінде жүзеге асады.

 Патологиялық анатомиясы.Гипертония ауруындағы патолого-анатом көріп білетін өзгерістер осы аурулардың даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі болады.Қазіргі кезде эксперттердің ұйғарымы бойынша гипертония сырқатының үш кезеңін ажыратады.1)жүрек-тамыр жүйесінде әлі белгілі бір өзгеріс туғызбайтын гипертония,2)

Тек жүрек гипертрофиясын туғызатын гипертония,3)көп ағзаларда (жүрек,ми бүйрек)өзгерістер туғызатын гипертония.

 Гипертонияның бірінші кезеңінде қан қысымы анда-санда уақытша көтеріліп,морфологиялық өзгерістер өте мардымсыз болады.Бұл ау-руға тән негізгі өзгерістер осы сырқаттың екінші және үшінші кезеңде көрінеді.Морфологиялық тұрғыдан осы екі кезеңді бірге қарауға болады.Бұл аурудың морфологиялық негізінде сыртқы диаметрі 100 мкм және одан кіші артериялар мен артериолалардағы өзгерістер жатады.Осы өзгерістер ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуін әлсіретіп,қан қысымын күшейтетін жүйелердің іске қосылуына себепші болады.

 Гипертония ауруының алғашқы кезеңінде қан тамырының ішіндегі қысымның артуы нәтижесінде эндотелий өткізгіштігі күшейіп,қан плазмасы интимаға сіңеді.Эндотелидің зақымдануы ренин,ангио-тензин сияқты заттардың тікелей әсерінен де болады.Осы өзгеріс-тер нәтижесінде артерия біраз қалыңдап,олардың саңлауы тарылады,кейде бұл процесс мускул типті артерияның созылмалы типті артерияға айналуына әкеледі.Дегенмен,уақыт өткен сайын,осы жерде дәнекер ұлпа мөлшері көбейіп,тмаырда склероз процесі бой алады.

 Гипертония ауруына байланысты ірі қан тамырларында атеро-склероз процесі айтылған қан тамырларында болатын морфология-лық процестермен байланысты.Тек эндокрин бездеріндегі өзгерістердің негізінде басқа механизмдер жатады,себебі гипертония ауруында бүйрекүсті бездері өздерінен көптеп гормондар шығарады,осы процестердің айғағы ретінде бүйрекүсті бездерінің гиперплазиясын және аденомасын көреміз.Гипофизде АКТГ гормонын шығаратын базофилді жасушалар гиперплазиясы көрінеді.Гипертония ауруынан адамдар миға қан құйылудан,жүрек немесе бүйрек қызметінің нашарлауынан (анурия) өлуі мүмкін.

 Қан қысымының төмендеуі немесе гипотониялық ауру.Қан қысымының төмендеуі (мәселен жоғарғы көрсеткіш сынап бағанасы бойынша 100-ден кем болса)жоғары реттеуші орталықтың нерві және гуморалды аппараты қызметінің бұзылуына байланысты деп түсіндереді.Ол жеке дара пайда болатын сырқат емес,оның дем алуына денедегі әр түрлі жағдайлар,аурулар әсер етеді.Мысалы,ас-қазан гастриті,өт қабының қабынуы (холицистит) т.б созылмалы аурулар қан қысымының төмендеуіне әсерін тигізеді.Өйткені аталған ауруларда нерв жүйесі зақымданады.

 Сонымен қанның қысымын төмендетуге,қан тамырларының кеңуі не оның қабырғаларының босаңсып,болбырап қалуы әсер етеді деп айтса да қате емес.Қан тамырлары,әсіресе,артериялық тамырлар созылғыш,жұмсақ келеді.Олардың қабырғалары қан келген кезде керіледі,ал жүрек дамылдаған уақытта оларға түсетін қысым төмендейді,бірақ мүлде босамайды,өйткені оларды жан-жағынан қысып ұстап тұратын бұлшық ет талшықтары болады.

 Қан қысымы ішкі бездердің қызметіне тікелей байланысты.Қан қысымын төмендететін заттарға жыныс және ұйқы бездерінен бөлінетін гормондар,тамақпен бірге организмге енетін холин (ол бауырда да түзіледі)нерв талшықтары ұшында болатын ацетилхол-ин,зат алмасуынан болатын гистомин жатады.

 Бұлардың бәрі қан қысымын төмендетуге арналған бірінші топтағы заттар.Басқа әсер тек нерв жүйесіне байланысты.Сондай-ақ адам ұйықтағанда тоя тамақ жегенде,температура көтерілгенде,қан қысымы уақытша төмендейді.Қан қысымының шамадан тыс төмендеп кетуі (гипотония)денсаулыққа зиян.

 Мұндай жайға ұшырыған адам өз бойынан әлсіздікті,дәрменсіздік-ті,солғындықты сезінеді,жұмысқа қабілеті төмендейді,басы айна-лып,көзі қарауытып мең-зең күй кешеді.Қан қысымы төмендегенде әсіресе жүрек-қан тамырларында өзгерістер байқалады.

 Өйткені қан қысмы төмендегенде миға қан аз мөлшерде жетеді,қан айналысы нашарлап,соның салдарынан қоректік зат жетіспей,ми-дың,дәлірек айтқанда жоғарғы реттеуші орталықтың қызметі бұзылады.

 Демек,қан қысымы мөлшерден тыс қалай қарай ауытқыса да адам үшін қауіпті.Сондықтан қалайда қан қысымын қалыпты жағдайда ұстанған жөн.Ол үшін дұрыс тамақтану,күн тәртібін тыңғылықты орындау,уақытында дем алудың маңызы зор.

 Қан қысымының жоғарылауы немесе гипертониялық ауруы.Бұл аурудың негізгі қан тамырларының тарылуы,қан қысымының жоғарылауы.Мұндай жағдайда адамның басы ауырып (желке тартылып)құлақ шулайды,жүрек қағысы жиілеп,тамыр қатты соғады,ұйқы бұзылып,әлсіздік,мінездің өзгеруі сияқты белгілер байқалады.Бұл созылмалы ауру,сондықтан гипертония ауруының асқынған түрінде өмірге өте қажетті көз,бүйрек,ми сияқты мүшелерде өзгерістер байқалып,олардың қызметіне кедергі келтіреді.

 Ауруды осындай асқынуға жеткізбей,дер кезінде массаж қолдану пайдалы.Ондағы негізгі мақсат науқас адамды тыныштандыру,көң-лін аулау және қан қысымын төмендетуге көмек көрсету.

 Жүректің ишемиялық ауруы.ЖИА-деп жүректің тәждік артериясындағы қан айналуының бұзылуына байланысты дамитын жүректегі елеулі өзгерістерді айтамыз.ЖИА халық арасында өте көп тарағандықтан 1965 жылдан бастап жеке ауру ретінде қарала бастады,бұрын ол атеросклероз бен гипертония ауруларының жүректік түрі деп есептелетін.ЖИА негізінен 40-65 жастағы ер адамдар арасында кездеседі.

 Жүректің ишемиялық ауруына алып келуші себептерді екі топқа бөліп қарауға болады.Оның біріншілеріне атеросклероз процесінің дамуына мүмкіндік жасаушы және тездетуші қауіп-қатер факторлары кіреді.Оларға:1)Гиперхолестеринемия,2)артерия гипер-тониясы,3)семіздік,4)шылым шегу,5)жүйке жүйесінің шаршап шалдығуы,6)қимыл-әрекеттің аздығы,7)қант диабеті,8)гендік фак-торларды жатқызамыз.

 Жүректің ишемиялық ауруының пайда болуы үшін осы факторлар-дың бірнешеуінің қосылған әсерінің маңызы зор.Мысалы,бірінші үш факторлардың бірлескен әсерінен ЖИА осы факторлары жоқ адамдарға қарағанда 8 рет жиі кездеседі.Анестезиолог дәрігерлерде ЖИА дерматологтарға қарағанда 2,5-4 есе көп ұшырайды.Ал екінші топқа осы ауруды тікелей шақырушы себептер жатады.Оған:1)Жүр-ек артериясының тромбозы,2)Осы артериялардың ұзаққа созылған спазмасы,3)жүректің қанға талабы мен оның қамтамасыз етілуінің арасындағы сәйкессіздік,4)жүрек қан тамырларының басылып қалуы жатады.Клиникада ЖИА жіті және созылмалы түрде көрінеді.ЖИА-ның бірінші түріне стенокардия және жіті миокард инфаркты кіреді.Стенокардияның қауіптілігі сонда,ол көп жағдайларда күтпеген өлімге алып келеп,аурулардың 75%-ы ауруханаға жетпей өліп кетеді.

 Күтпеген өлімнің ЖИА-ға тікелей қатысы бар екендігіне осы ауруларды жарып көргенде көз жеткізуге болады.Олардың жүрек қан тамырларында атеросклероз процесінің дамығандығын,кей-біреулерінде тромб барлығын,ал өлген кісілердің 35-40%-да миокард инфаркты табылса,олардың 60-65% жүрек қызметінің күрт нашарлауынан өлген.

                    1,5 Гипокинезияның бұлшықет жүйесіне әсері.

Бұлшық ет жүйесі ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса,онда олар әлсіздене бастайды,балбырайды,көлемі кішірейеді.Дене жаттығулары,олардың көлемін ұлғайтады.Сондай-ақ,бұлшық еттер-дің өсуі,олардың талшықтар санының көбеюінен,ұзаруынан

емес,жуандауы әсерінен өзгереді.Бұлшық еттердің созылуы арта түседі.Тонус күшейеді.Қан айналымы және бұлшық еттердің микро және макро элементерімен қоректенуі күшейе түседі.Денсаулық күшейіп,өмір сүру артады.

Бұлшық ет жүйесін гипокинезиядан арашалаудың бірден бір жолы-олбұлшық ет жүйесінің жұмыс қабілетін арттыру.Дене шынықтырудың барлық түрінде адамның бұлшықет жүйесінің жұмыс қабілеті артатыны белгілі.Бұлшықетке күш салу арқылы оның жұмыс қабілеті мен көлемі артады.

                          1,6 Қант диабеті өте қауіпті дерт

 Қант және басқада тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі.Қант диабеті өте қауіпті дерт.Қант диабетімен ауыратын адамдардың қалтасында міндетті түрде инсулин дәрісімен шприц үнемі жүреді.Егер инсулин мен шприц жоқ болса,ол адам сөзсіз тіршілік өмірімен қоштаса береді.Сондықтанда ақпарат орындарында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады.

 Қант дегеніміз пайдасыз бос калория дегеннің ұясы.Өйткені қанттың құрамында көмірсутегінен басқа ешқандай пайдалы да қоректік те зат жоқ..Тек энергияны көп береді.Аспен бірге қантты көп жейтін болсақ немесе басқа да тәттілерді мол пайдалансақ,онда қандағы глюкозаның көлемі артып кетеді.Өйткені сахароза-асқазан ішек жолында глюкоза мен фруктоза молекулаларына өте тез ыдырайды.

 Қанда глюкоза деңгейі күрт артқандықтан өз кезегінде ұйқы безі инсуинді де көп бөліп шығарады.Ал инсулин болса,тканьдердің глюкозаны сіңіруіне көмектеседі,сөйтіп қандағы глюкозаның мөлшері азаяды.Бірақ ұйқы безіне қатты күш түседі,үнемі осылай бола берсе,адам тәттіге,қантқа әуес болуын қоймаса,ақырында қант диабетіне яғни ауруға шалдығады.

                               1,7 Гипокинезияға қарсы амалдар.

  Семіздікке қарсы жаттығулар.Семіздік-организмде зат алмасуды бұзып,артық салмақ жинаған кезде пайда болатын жайттардың бірі.Оған қарсы қолданатын емдік жаттығулардың негізгі мақсаттары,денеде тотығу-қышқылдану үрдістерін үдету,жүрек-өкпе жұмыстарын жақсарту,ішек-қарынның ас қорыту қызметін арттыру,қуаттың көп мөлшерде бөлініп шығуына ықпал жасау.Жалпы қимыл-қозғалысты көбейтіп,дене салмағын кеміту.

  Семіздік тек дене сұлулығын кемітіп қоймай,әрі түрлі ауруларға душар етеді.Соныңішінде жиі кездесетін-қан қысымы жоғарлайтын ауруға шалдығу.Бұл екі аурудың арасында өте тығыз байланыс бар.Ол-денеде көп мөлшерде тұз бен майдың байлануы.

  Сондықтан қан қысымы ауруынан сақтану үшін де артық салмақтан құтылған жөн.Арықтаудың екі жолы бар.Біріншісі-дене шынықтырумен айналысу,екіншісі –тамақтану мәдениеті,яғни емдәм сақтау.Семіздікке емдік жаттығу екі кезеңде қолданады.Біріншісі науқас адам дене тәрбиесіне өзін үйретеді.Онда ертемен жаттығу жасап таза ауада жүріп өзіне өзі массаж жасайды.

  Осындай дене тәрбиесіне үйренген соң ақырындап екінші кезеңге өтеді.Мұнда бұрынғы жаттығуларға қоса он километр жазықтықта жүреді,баяу жүгіреді,суда жүзіп,шаңғы теуіп,әр түрлі ойындарға қатысады.Семіздік тек мешкейліктен болса,онда жаттығулар ширақ,жылдам,дененің ірі бұлшық еттеріне,қарынға тиімді етіп жасалады.

 Шамамен жүз,екі жүз метр жайлап жүгіру,арасында аяңдап қойып,30-60 минутқа созу керек.Семіздіктің қандай турі болса да мына жаттығуларды жасаған пайдалы.Дене жаттығуларын алғашқы күндері жәй жылдамдықпен,кейін орташа жылдамдықпен өткізген жөн.

1.Шалқадан жатып,бір-екі дегенде екі қолды жоғары көтеріп,созы-лып демді ішке алу,3-4 дегенде қолды төмен түсіріп,демді сыртқа шығару.Бұл жаттығу орташа ырғақта,5-6 рет қайталанады.

2.Жатқан қалыпта терең тыныс алу,тізені бүгіп ішке тигізгенде демді сыртқа шығару.Бұл екі аяқпен кезек орындалады.6-7 рет қайталанады.

3.Жатқан қалыпта қолды шынтақтан бүгу,жұдырықты қатты түйіп,аяқтың басын иіп,терең дем алу.Бастапқы қалпына келгенде демді толық шығару,жылдам қарқынмен 6-7 рет жасалады.

4.Жатқан қалыпта қолды екі қапталда ұстайды.Құшақ жайып терең дем алу тізені бүгіп,кеудеге жинап демді шығару.Екі аяқпен бірдей,баяу ырғақпен орындалады.5-6 рет қайталаған жөн.

5.Екі қолды қапталда ұстаған бойда отыруға тырысу.1-2 дегенде отыру,3-4 дегенде алғашқы қалыпқа келу.Асықпай бірқалыпты ырғақпен 4-5 рет жасау керек.

6.Отырған қалыпта,қолды шынтақпен бүгіп,иық буындарын алға және артқа қарай айналдырып қозғайды.Екі қолмен бірдей орташа жылдамдықпен жасалады.

7.Түргеліп тұрып орындықтың арқасынан ұстап жүреден отырып-тұру.Асықпай бірқалыпты ырғақпен орындалған жөн.

8.Оң жамбасты орындыққа немесе қабырғаға сүйеп тұрып,сол аяқты алға артқа сермеу.Екі аяқпен мейлінше жоғары сермеу керек.

9.Түргеліп тұрып қолды жоғары көтеріп,басты алға тастап,қолды төмен түсіріп,еденге жеткізеді.Баяу қарқынмен дұрыс дем алуды қадағалайды.

10.Тізені жоғары көтеріп бөлме ішінде жәй жүру.Сабырлы ырғақпен 30 секунд жасалады.

11.Қолдарды алма -кезек көтеріп,қалыпты қадаммен асықпай және шапшаң жүру.Мұнда дем алуды қадағалау керек.30 секундтай.

12.Қолдарды жоғары көтеріп,терең дем алып жүру,қолды түсірген кезде демді сыртқа шығару.Асықпай ырғақты түрде жасалады.25-30 секунд.

13.Түргеліп тұрып,қолды мықынға тіреу,алма- кезек оңға солға қисаю,баяу қарқынмен 4-5 рет жасалады.

14.Сәл еңкейіп тұрып,қолды қабырғаға сағаттың маятнигіндей  тербелту.Денені бос ұстау керек.

15.Бөлме ішінде асықпай жүру.Еркін дем алу қажет.

   Жаттығу жасамас бұрын дәрігерге барып,жүрек-қан тамыр жұмысын айқындап алу керек.Ол ЭКГ немесе велоэргометр арқылы біледі.Мұның өзі дене шынықтырудың қандай түрімен,жаттығулар жинаған қалай орындау керектігін анықтап береді.Егер ондай тексерулерден өтуге мүмкіндік болмаса,онда тамыр соғу жиілігін анықтау арқылы өз мүмкіндігін білуге болады.

  Мысалы он секундтағы тамыр соғу жиілігін жаттығулардан кейін бірден анықтайды.Бұл жүрек соғуының ең жоғарғы көрсеткіші.Мұ-ны есептеу үшін әркім 180-нен өз жасын алып тастайды.Жаңадан ауырған адамдар үшін жүрек соғуы ең жоғарғы көрсеткішінің 60-65-тен аспағаны абзал.Мысалы 40 жаста 140 болады(180-40=140).Ал жатттығулар жасалып болған соң он минуттың ішінде тамыр бастапқы қалпына келуі керек.Олай болмаған жағдайда бер-ілген жаттығуларды азайтып немесе қарқынды баяулату керек.

  Өз бетінше гимнастикамен айналысқан адамдар арнайы күнделік жасап,өзінің жай-күйін,салмағын,тамыр соғуының жиілігін жазып отырғаны дұрыс.Жаттығулар нәтижесі тек  оның қарқынында емес,ұзақтығы мен реттілігі,мөлшеріне тікелей байланысты.Бастап-қы төрт аптада күнара жаттығу керек.

  Бірінші аптада-10минут,екінші аптада-15-20 минут,үшінші аптада-20-40минут,ал ешбір қиындық болмаса төртінші аптада-40-60 минутқа дейін ұзартуға болады.Әрбір жаттығу алдында бойды жазып,5 минуттай белгілі оңай жаттығуларды жасайды.

 Дене тәрбиесін орындағанда адамның төзімділігі мен жұмысқа қабілетін арттыру қажет,ол үшін организмге барынша көп мөлшерде оттегін енгізу керек.Бұл-жаттығулардың ең үлкен мақсаты.Бұл көрсеткіш өсу үшін адам үнемі спорттың бір түрімен айналысуға тиіс.Мәселен жүгіру,шаңғы тебу,суда жүзу,велоспорт-тық,жылдам жүгіру.Осылардың біреуін сайлап алып,үзбей айналысса нұр үстіне нұр болады.

  Жаттығулардың спорттың қандай түрінен болса да адам ләззат алып,өзін сергек сезінуі керек.Тек сонда ғана бойдағы артық салмақтан құтылып,гипертония қант диабеті,подагра сияқты зиянды аурулардың алдын алуға болады.

  Толық адамдарға жазда күн астында көп жатып қыздырынуға болмайды.Ол қан айналымын өзгертіп,миға,жүрекке зақым келтіреді.Қандай ауру болса да дене тәрбиесінің зияны жоқ,тек ретімен дұрыс пайдаланса болғаны.

 Дене шынықтырудың басты ерекшелігі.Дене шынықтыру дегеніміз-кез келген физикалық жаттығу.Оның белгілі заңдылықтары мен принциптері болады.Осы принциптер мен заңдылықты сақтай отырып,адам айналаны қоршаған,сыртқы орта факторларының зиянды әрекетіне қарсы тұруы.  Дене тәрбиесімен Ресей халықтары көне заманнан бері айналысқан.Орыс деревняларында ыстық моншаға түсіп,оның буына қаныққан адамдар далаға шығып қарға аунап,қайтадан ыстық суға шомылып өз денсаулығын сақтаған.Қазақтарда күндіз-түні далада мал бағып,денесін үнемі шынықтырып жүрген.Әдетте шынықтыруды ағзаның суыққа деген төзімділік тұрақтылығының деңгейі деп кейбір ғалым-физиологтар мен медиктер түсіндіреді.Өйткені ең алдымен тыныс жолдары қабынып,мұрыннан үздіксіз су ағады.Ағзаның температурасы кенеттен жоғарлайды.Алайда шынығуды тек дерттің алдын алудың тәсілі деп түсінудің қажетті жоқ,сондай-ақ,ағзаның қорғаныс қасиетін жоғарлататын және сан алуан климаттық жағдайларда қызмет етуге қабілеттіліктің төмендеуі деп түсіну керек.

  Белсенді түрде қимыл жасаған адамдардың денсаулығы артып,өмірі ұзара түсетіні ғылыми тұрғыдан да практика жүзінде де дәлелденген.Дене жаттығуларының әсерінен бұлшықеттерде едәуір өзгерістер болады.Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қозғалыссыз күйде болған жағдайда,бұлшық ет әлсізденіп,балбырап,көлемі кішірейіп,немесе ісінеді.Дене жаттығулары,олардың көлемін ұлғайтып,немесе қалыпқа келтіріп ыңғайлайды.Денсаулық күшейіп,өмір сүру артады.Мұның бәрі өмір тәжірбиелерінен алынған қағида.

  Дене жаттығуларымен айналысқан шақта,көптеген қан жүретін түтікшелер кеңейіп,қан жақсы айналым жасайды.Каппиллярдың саны мен сапасы артады.Өйткені жаңажан каппиллярлар түзіледі.Әсіресе мидың қан жүретін капиллярі кеңейіп,қан айналымы күшейеді.Адамның миы өте қарқынды түрде ой қызметін атқарады.Бас ауырмайды.Ұлы физиолог И.М.Сеченов ми дамуы үрдісінде бұлшық ет қозғалысының маңызды екенін талай рет көрсеткен.

  Жаттығу кезінде оттек тұтыну деңгейі кенет көтеріледі.Өйткені бұлшық ет жүйесі қаншалықты жұмыс істесе,соншалықты жүректе әлеуметті түрде функциялар атқарылады.Дене шынықтырумен,сп-ортпен айналыспайтын адамдардың бұлшық еттері әр бір жиырылған сайын,қоқа тамырға 60мл мөлшерінде ғана қан жүректің сол жақ бөлімінен лықсып шығаратын болса,белсенді қимыл жасап жаттыққант адамдарда жүрек минутына 70-80 рет жиырылады да 100-150мл қанды ығыстырып денеге таратып тұрады.

  Дене жаттығулармен айналысқан адамдардың жүректері минутына 70 рет жиырылады,ал спортшыларда +30-40-тан аспайды.Жаттықан адамдардың жүрегі үнемді және ұтымды жұмыс жасайды.

  Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын арттырады.Қабырға араларындағы еттер қарқынды жетіліп тыныс алуды күшейтеді.Денедегі шеміршектердің икемділігін арттырады.Дем алудың минуттық көлемі қалыпты жағдайда 8-10л мөлшерінде ал тәулігінде адам өкпесі 12-15мың л оттекті қабылдайды.Марафон жүгірісімен шұғылданатын спортшы минутына 160л ауа жұтады.

  Дене шынықтырумен айналысу зат алмасудың барлық үрдісін жақсартатыны сөзсіз.Зәр шығару үрдісі көбейе түседі.Қан айналымы,ми айналымы күшейеді.Қандайда болмасын,дене жүктемесі-склероздық өзгерістерді болдырмайды.Дене жаттығу-лары адамдардың психикасына да үлкен әсерін тигізеді.Адамның психикасы жақсарғаннан кейін,оның жүйке жүйесіінің күш-жігері артады.Ішкі сілкініс бездерінің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады.Адам ағзасына жағымды эмоциялық құбылыстардың болуына әсер етеді.Дене шынықтырумен айналысуды бастайтындар үшін,көптеген әр түрлі дене шынықтыру жатттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары:сау-ықтыру жүріс,аэробика,шейпинг,туризм,ерік гимнастика,тыныс алу жаттығулары.

  Дене шынықтыру жаттығулармен айналысу тек қуаныш-бақыт сыйлау керек.Жаттығу ұзақтығы немесе жасамау адамдардың көңіл-күйіне қоршаған сыртқы орта факторларына байланысты болады.Дене шынықтыруды дағдыға айналдырған жөн.Тұрақты түрде дене жаттығулармен балалардың ағзасына ол дағды түрде қалыптастырып әрі қарай дами түседі.

  Дене шынықтыру адамның күш-жігерін қабілетін дамытып,денсаулығын жақсартады.Денені шынықтыруға дене тәрбиесі,арнаулы ғылыми білім,спорттағы табыстар жүйесі енеді.Денені шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигенасы,демалыс және еңбектің дұрыс режімін,сонымен бірге денсаулықты нығайтып,шынықтыру үшін күн мен ауаны және суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды.

  Денені шынықтырудағы мазмұны мен қолдану әдістері қоғамдық қатнастардың өзгеруіне тікелей байланысты.Республикамызда көптеген дене шынықтыру орындары бар.Экономикалық жағдайымыз жақсара түсуіне байланысты дене шынықтыру орындары жылдан- жылға көбейе түсуде.Өйткені спортқа деген құмарлық өте көп.Осыған орай Қазақстан Республикасының әрбір дене шынықтырумен айналысқан азаматы міндетті түрде мемлекет тарапынан қолдау табады.

  Қазақстан Республикасында дене шынықтыру кадрларын дайын-дайтын университет бар.Бірнеше техникумдар мен арнайы факультеттер жұмыс жасайды.Мемлекетіміз дене шынықтыру ұйымдары халықтар,федерациялармен,олипиядалық ұйымдармен тығыз байланыс жасап отырады.Елімізде қандай да болмасын қиыншылық болғанымен,дене шынықтыру жұмысын күн тәртібінен бірде-бір уақыт тыс қалдырған емес.

                                  1,8 Тиімді тамақтану тәсілі.   

   Тамақтану-өмірді,өсіп-өнуді,денсаулық пен адамның қызметіне деген ұтымды тәсіл.Ағза тамақ және сыртқы орта бірімен-бірі тығыз байланысқан.Тамақтану арқылы әрбір адам өзінің денсаулығын сақтап өмірін ұзарта алады.Жүйелі түрде тамақтанудың принциптерін толық білу керек.Өзінің қалыпты салмағыңды біліп,оны бір қалыпты тұрғылықты сақтау қажет.

  Ұтымды тамақтану-ол жасушалар құрамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат,қимыл және тағы басқа қажеттілігін өтейтін,заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану.Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей:

1.Тәуліктік қоректік заттардың ара қатнасының үйлесімді баланс-ын сақтау.

2.Дұрыс тамақ ішудің тәртібі,рациональды тамақтану-ол тамақтың қуатты мен сапалық химиялық құрамын қоректік заттардың деңгейлік ара қатынастарының тұрақтылығын,қорытылуын және гигеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді.

 Академик А.А.Покровскийдің жасаған классификациясы бойынша теңестірілген тамақ -энергетикалық жағынан бағалы,тағамдағы энергия адам ағзасының жұмсаған энергиясына сайма-сай келуі.

  Тәуліктік тағам құрамында қоректік заттар теңестірілген түрде болуы керек.Тағам құрамындағы белоктардың,майлардың және көмірсулардың арақатынасы(1:1:4)болуы қажет.Айырбасталмайтын амин қышқылдарының витаминдердің арақатынасы теңестірілген жөн.Тағам ішіндегі компонентердің ағзаларға сіңірілуі тамақ ішу режиміне байланысты.Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына және салмағына сай келуі керек.Егер біз дұрыс тамақтанатын болсақ,онда еске сақтау қабілетіміз артып,денеміз сауығып,көңіл-күйіміз көтеріле түсетіні белгілі.Қандайда аура болмасын,біз олардың алдын алар едік.Дұрыс тамақтанған адамзат баласы 100-120 жыл жасар еді деп жазады Дж Гласс өзінің әйгілі еңбектерінің бірінде баяндайды.

 Органикалық және минералды заттардың физиологиялық мөлшер және тағамдағы қоректік заттардың маңызы.Тағамдардың негізгі құрылысын жасайтын химиялық қосылыстарға:майлар,көмірсулар,

Витаминдер,белоктар,амин қышқылдары,минералды элементердің тұздары мен суды жатқызамыз.Тағам денсаулық кепілі.Белоктың физиологиялық мөлшері ер адамдар үшін күніне 82-118 г,әйелдер үшін 72-87 гфизикалық ауыр жұмыс істейтін адамдарға 6-8 г белок артық беріледі.Ал, балаларға қажетті белоктардың мөлшері 6-кесте бойынша түсіндіріледі.

  Майлар.Тағам құрамындағы майлар энергияның қайнар көзі.1г май ыдырағанда немесе тотыққанда 9,3ккал энергия бөлініп шығады.Адам ағзасында май көп жиналады.Әсіресе нерв жүйелерін ұлпаларында май өте көп мөлшерде болады.Өйткені нерв жүйелеріне жүктеме көп түседі.Ағзада майлар жетіспейтін болса,онда ағзадағы иммунитет жойылады.Нерв жүйелерінің қызметі нашарлап,адам ауруға шалдығады.Ішкі органдардың қызметі бұзылады.Ал мал майлары ағзаға көп келетін болса,онда жақсы нәтиже бермейді.Зат алмасу үрдісі бұзылып,адам ағзасында бірнеше қатерлі склероз дерті пайда болады.Өсімдік майларын мөлшерден көп пайдаланғанда,жасушаның биологиялық мембрана-лары бұзылып,адам тез қартайып,бетте әжімдер пайда болады.Май-ды тәулігіне 80-100г,оның ішінде 25-30г өсімдік майы,30-35 сары май,қалғаны тоң май болуы қажет.

 Көмірсу.Адам өмірінде айырықша тіршілік рөлін атқарады.Көмір-сусыз жер бетінде тіршілік иелері пайда болмайды да және дамы-майды.Тағамдардың ең негізгі бөлігін құрайды.Адам ағзасының физиологиялық мөлшері болады.Ол үшін адам 247-602 көмірсулар-ды пайдалану қажет.Дене шынықтырумен айналысқан немесе өте ауыр физикалық жұмыс істеген адамдар,көмірсуларды көп мөлшерде пайдаланады.Ағзаға ауыр жүктеме түскенде,көмірсулар биологиялық жолмен жанып кетеді.Өйткені ағзаға энергия қажет.Әйел адамдар ерлерге қарағанда көмірсуды аз мөлшерде пайдаланады.

  Көмірсу тәулігіне 400-500 г болу керек,оның ішінде крахмал-70%,қант-20%пектин заттар-3%,ішіп жейтін тамақтардың калория-лық қуатын анықтап отыру керек.Ағзаға көмірсулар өсімдіктерден өндірілетін азық-түлік арқылы келіп түседі.Олардың ең маңыздысы крахмалдар.Олар астық дәндерінде және картопта көп болады.Қанттардан адам ағзасында гликоген түзіледі.Гликоген орталық нерв жүйесін реттеп тұратын органикалық қосылыс.Ол ағзаға-бауырда жиналады.Мөлшері үнемі өзгеріске ұшырап отырады.Кейбір кездерде гликогеннің мөлшері көбейіп,кейде азаяды.Қантты мүлде жемей қоюға да болмайды,азғантай мөлшерде жеп отырған жөн.Көп жеген жағдайда адам толып,өмір жасы қысқарады,ағзаға май жиналып атреосклерозға ұшырайды.Жас кезде күніне 100 г қант жеуге болады,40-тан асқанда күніне 50-60 г қант пайдаланған дұрыс.

  Витаминдер.Химиялық табиғаттың әртүрлі органикалық заттар-дың жиынтығы.Витамин латынша vitamin-тіршілік амині деген мағынаны білдіреді.Олар тағамдық заттармен организмге түсіп,зат алмасуға,организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді.Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті зор.Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса,яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса,онда организм әлсіреп,ол әр түрлі ауруларға шаодығады,оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды.Ви-таминдер сол сияқты,жоғарғы дәрежелі өсімдіктер мен микроорган-измдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар.Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың,майлардың,көмірсу-лардың,минералды тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де осы витаминдер.

  Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:

1.Алифатикалық витаминдер (аскарбин қышқылы)

2.Алициклді витаминдер.

3.Ароматикалық витаминдер.

4.Гетероциклді витаминдер.

 Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдердің түрлері ашылды.Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді.,сөйтіп,олар ферменттердің активтілігін жоғарлатады.Бірақ витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі.Тамақ азықтарында,дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін  витаминдердің түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.Әдетте дене жаттығулары организмнің витаминдерге деген қажеттілігін арттыра түседі.

  Минералдық тұздар.Тұзды аз пайдалану мен сұйықты ішуді шектеу-салмақты азайтудың аса тиімді тәсілі болып табылады.Өйт-кені осылай шек қоюдың нәтижесінде де 8-10 кг салмақ жоғалтуға болады.Семіз адамдар тамаққа тұз салғанда шектеп,оның мөлшерін тәулігіне 5 г асырмау тиіс.тамақты тұзсыз әзірлеңіз,тек ас алдыңызға келгенде ғана аздап тұз салыңыз.Тұзды тамақ адамды шөлдетеді,оның үстіне организмде сұйықтың жинақталуына ықпал етеді,сөйтіп салмағын одан әрі арттырып жібереді.Салмақ алғашқы 3-4 аптада ғана осылай күрт азаяды,одан кейінгі кезеңдерде тәжірбие көрсеткендей,адамның арықтауы қиындайды,салмақтың азаю процесі өте баяу жүреді.Содан барып кейбіреулер арықтаудың қиын екендіктеріне көздері жетіп,түңіледі,соның салдарынан диета сақтауды тоқтатады.

 Тамақты мөлшерден артық ішу ағзалардың май қорын көбейтіп жіберіп,денсаулыққа зиянын тигізеді.Ағзаның салмағы жоғарлай-ды-ағзада артық май қоры жиналады.Денсаулық үшін бұл құбылыс пайдалы деп айта алмаймыз.

  Артық ағза салмағы-гипертония,қант диабеті,жүрек-қан тамыр аурулары,қоректен семіру-тағы да басқа көптеген аурулардың пайда болуына себепкер болады.Өмірге қатерлі факторлардың қатарына талапсыз кіре алады.

  Артық ағза салмағы-адам мөлшерінен көп алған кезде,яғни ағза салмағы тиіс салмағынан асып кеткен де байқалады.Сондықтан да қалыпты ағза салмағын сақтау-денсаулықтың негізгі қайнар көзі.Ол 7 принциппен анықталады.

1.Тағамның түр-түрін пайдалану.

2.Салмақты тұрақты бір қалыпты сақтаудың қажеттілігі

3.Тағамның құрамында холестерин мен майы көп заттар болмау керек.

4.Қантты аз пайдалану.

5.Ас тұзын және тұзы көп тағамдарды көп ішіп-жемеу.

6.Жеміске,көкөніске бай және дәмді өсімдіктерден дайындалған өнімдерден тұратын тағамдарды көбірек пайдалану.

7.Егер арақ-шарап,сыраға көңіліңіз ауса шамалап қана ішуге болады және қалыпты массаны сақтап тұру қажет.

 Адам тәулігіне қанша тамақ ішу керек? Бұл сауалға дұрыс жауап беру үшін ең алдымен лайықты тамақтану теориясына тоқталайық..Организмнің өсуі мен жасушалардың үнемі тұрақты түрде жаңарып тұруына қажетті тамақ,яғни қуаты мен құрылыс материалдарына деген қажеттілік адамның жасына,жынысына,бай-ланысты.Сонымен адам 1тәулікте ішкен тамағынан бойына қаншалықты қуат алса,соншалықты қуат шығындауы да қажет.Олай етпеген жағдайда артық іщкен тамақтың зардабы көп ұзамай-ақ біліне бастайды.

 Біз толық тыныштық сақтаған күннің өзінде тәулігіне 1200-1800 килокалория жоғалтамыз.Мұншалықты энергия жүректің соғысы-на,өкпе мен ішектің қозғалысына,организмнің басқа да функция-ларын орындауға жұмсалады.

 Егер сіздің еңбегіңіз көп қозғалуды талап етпесе,отырып еңбек ететін болсаңыз,онда да тәулігіне 2500-2800 кк энергия жұмсайсыз.Ал дене еңбегімен айналысатын адам бұдан әлдеқайда көп энергия жұмсайтындығы белгілі.

 Ана сәбиін қалай қоректендіретінін есімізге түсірейік.Әдетте ана нәрестесін кез келген уақытта емес,сағат пен тамақтандырады.Сөй-тіп Нәрестесін режимге үйретеді.Соның нәтижесінде баланың бойында уақытқа деген шартты рефлекс пайда болады,яғни өзін емізетін белгілі сағаттарда қарын сөлдерін бөліп шығара бастайды.Нәресте дәл осы сөл бөлінген кезде емсе,емген сүтін жақсы қортады.Бала есейе келе анасы оны мезгілінде тамақтан-дыруды ұмыта  бастайды,режимді бұзады,жұмыста жүреді,бала өзі мен өзі қалады.Тамақты кейде ішеді, кейде ішпейді.Балаға қауіп осы арада туады.Күні бойы шала қоректенген сәби анасы келген кезде қомағайланып,артық тамақтанады.Көшеде,автобуста,дүкенде нан жеп,тәтті сорып жүрген балаларда аз емес.Осылай беймезгіл,режимді бұзып,көрінген жерде тамақтану салдарынан домаланып семіріп кеткен балаларды да жиі кездестіреміз.

  Семіз балалардың организмдерінде зат алмасу бұзылады,ауруға қарсы тұратын қабілеті кемиді,мұндай балалар жиі-жиі сырқаттанады.Кейбіреулердің түсінігіндегі баланың толықтылығы-оның денсаулығының мықтылығы деген түсінік мүлдем қате.

 Тәбетпен өз мезгілінде ішпеген және жүре жүріп ішіп жеген құрғақ тамақ ас болмайды.Тамақты қарныңыз ашқан кезде ішкеніңіз жөн.Өкінішке орай,тойып,тамақ кеңірдегіне келгенше іше беретін адамдарда бар.Мұндай жағдайда қарын сөлі қажетінен артық,3-4 есе көп бөлінеді,Артық ішкен астың қарынға тусіретін қысымы молаяды.Соның салдарынан мешкей адамның мазасы кетіп,іші ауырады,қарны сыздап әлек болады.

 Таңғы,түскі,кешкі тамақ аралықтарындағы уақытттардың маңызы бар ма?

  Ғалымдар мынадай ғылыми тәжірбие жасаған.Тұлғалары,жастары бірдей екі ер жігітке бір уақытта бірдей мөлшерде тамақ берген.Тек біреуі өзіне тиісті тағамды бірден ішіп қойған да,екіншісі оны 3-4 рет ішетін болған.Сондағы нәтиже өзіне тиісті тамақты отырған жерінде түгелдей ішіп қоятын жігіт тез семіріп,оның үстіне тамақты бірден көп ішкендіктен,денсаулығы нашарлаған.

  Ішкен астың қорытылып,бойға сіңуі мен қоректік заттардың тотығуы тәуліктік биологиялық ырғақтарға сәйкес келетінін де есте ұстаған жөн.Сол себептен де түнге қарай,ұйқы алдында ішкен ас нашар қорытылады,майлар зат алмасу процесі арқылы толық пайдаланылмай,денеге жинала береді.

  Тамақ ішкен уақытта бәрін,әсіресе көңілге қаяу түсіретін жайларды ойламаған,әңгімелемеуге тырысқан жөн.Ас ішіп отырып газет,журнал,кітап оқуға болмайды.біріншіден,бұл жай тамақ ішуге кедергі келтірсе,екіншіден дастарқанда өзіңізбен бірге отырған адамдарға ұнамауы мүмкін.Тамақты асықпай,мұқият шайнап жұтқан дұрыс.Жақсы шайналған ас бойға да жақсы сіңеді,асқазанға да күш түсірмейді.

  Тамақты көп ішкен адамның бәрі семіріп кетеме?Өз салмағыңызға бақылау қоймасаңыз да аса  толып кетпейтіндігіңізге көзіңіз жетеме?Әрине жетпейді,өйткені семіз адамдардың 70% бұл ауруға тамақты көп ішкендіктен тап болған.Егер күніне өзіңізге қажетті килокалорияны 200 ккалға арттырып отыратын болсаңыз,жылына 8 кг салмақ қосады екенсіз.Мұны да ескерген жөн.

  Тамақты көп ішу мен аз қозғалу заманымыздың қасіретіне айналып отырғаны рас.Тамақтан алатын энергияның көптілігі де аздығы да ағзаға зиян.Дені сау адамдар калориясы төмен тамақты ұзақ уақыт ішсе,әлсірейді,шаршай береді,басы айналады,ауруға шалдығады.

 Ұзақ уақыт ашығу пайдалы деген сөз барынша қате,физиологияға қарсы ұғым деп білу керек.ашыққан адамның көңіл күйі күрт өзгереді.Ересек дені сау адамдар екі апта ашықса,организмнің адаптациялық реакциялары төмендейді,аз қозғалуға тырысады,ой-ын ешнәрсеге тұжырымдай алмайды,қабілеті нашарлайды.Соған қарамастан ашығу жалғаса берсе денедегі жасушалардың өлуі артады.Соның салдарынан организмде қайтып қалпына келмейтін өзгерістер кезеңі туады.

  Ашықан кезде оргнаизм жасушалары тазарады,организм қалдық-тардан арылады деген жансақ пікір бар.Дені сау адамдарда зат алмасуынан қалған улы заттар болады,ондай зиянды элементтерді бауыр қаннан «сүзіп»алып,жойып отырады.Ал ашыққан кезде зат алмасуы едәуір бұзылады,сөйтіп біз ашығу арқылы денемізді тазартамыз деп ластап аламыз.

  Тағы да бір шектен шығып жүрген жағдай бар.Ол-рационға тағамның тек белгілі бір түрлерін ғана енгізіп,басқаларын толық шығарып тастау.Бұл бағытты ұстанушылар Жапонияда микробио-тиктер(ұзақ жасаушылар) ілімін қалыптастырады.Олар тамаққа дәнді дақылдарды ғана пайдалану арқылы ұзақ жасауға бел байлаған.макробиотиктер сүт пен ет өнімдерін тамақ деп мойындамайды,содан барып организдеріне көптеген қажеттізаттар жетіспеуде.Бұл әдісті пайдаланушылардың арасында қырқұлақ пен рахит(мешел) аурулары көбейуде.Себебі бұлардың тамақтарында «С»және «Д» витаминдері жетіспейді.Дегенмен,семіздіктен құтыламыз деп ауыздарына ботқадан басқаны алмайтын адамдар да табылады.

  Семіздік бала кезден басталады.Сол себептен балаңызды дастар-қаннан уағында тұрып кетуге үйретіңіз,бір жапырақ нан мен бір тал тәттіні артық жеуге үйретпеңіз.Семіздік қандай себептен пайда болса да,оған қарсы күресу үшін тамақтың калориясын азайту керек.Соның нәтижесінде организмде энергия тапшылығы пайда болады да денеге жиналған артық май жана бастайды.Осыдан бастап адам арықтайды.Қарынның қатты ашуы адамды қуанышты көңіл күйге бөлей қоймайды,сол себептен тамақты аз-аздан аштықты басу үшін ғана күніне бірнеше рет ішкен жөн.Тамақты бөліп-бөліп жиі ішкен адамның қарны ашпайды,оның үстіне аз-аздап ішкен жағдайда ас қорыту органдарының қызметіне де қосымша энергия жұмсалады,бұл қосымша жұмыстан да адамның салмағы азаяды.

  Айына 1-1,5 кг салмақ жоғалтсаңыз,әбден дұрыс болады.Көздеген мақсатқа жеткен жақсы,бірақ асықпаңыз.Қозғалыс қимыл аз қазіргі кезде мүмкін болған жерде қимылдай беріңіз.Бұлшық етттеріңізге күш түсірудің басқа да ондаған жолдарын іздестіріп табуға тырысыңыз.Пәтеріңізден шыға салып лифтіге мінбеңіз,көп жүруге тырысыңыз.

  Бала кезде негізгі қаланған тамақтану әдеті өмір бойы сақталатынын ескере отырып,семіздіктің профилактикасын,сақтық жұмыстарын,тиімді тамақтану тәсілін сәбилік шақтан,мектеп қабырғасында үйрету қажет.Сонымен бірге денсаулықтың тамақ ішудегі қанағатшылдық пен белсенді қимылдың арасында да үзілмейтін үйлесім мен байланыс барын есте ұстанған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мен жас өспірімдерге қажетті белоктардың,майлардың,

көмірсулардың физиологиялық мөлшері(күніне грамм есебімен)

6-кесте бойынша.

 

Жасы, жылмен есептегенде

       Белоктар

  Майлар

 

Көмір-сулар.

Барлығы

Олардың ішінде малдардың белоктары.

Барлығы

Олардың ішінде өсімдік майлары.

7-10

80

48

80

25

324

11-13

96

58

96

18

382

14-17

 

 

 

 

 

Жас өспірім ер балалар.

 

106

 

64

 

106

 

20

 

422

Жас өспірім қыз балалар.

 

93

 

56

 

93

 

20

 

376