АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметі

МАЗМҰНЫ

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР                                             

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………………..3

 

І ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ҚОҒАМ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 О.Жандосовтың өскен ортасы мен саяси көзқарасының қалыптасуы…………………………………………………………………………………………………

1.2 О.Жандосов 1917 жылдардағы қос революция кезеңінде………………………..                                                                  

1.3 Ораз Жандосовтың мемлекет қайраткері ретінде

қалыптасуы…………………………………………………………………………………………………

 

ІІ ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ЖЕТІСУДЫҢ САЯСИ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОТАРШЫЛДЫҚТЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ

2.1 О.Жандосовтың Жетісу өңіріндегі жер – су реформасын дайындау мен жүзеге асырудағы қызметі…………………………………………………………………………….

2.2 О.Жандосовтың Қазақстандағы халық ағарту ісі мен мәдениетін өркендетудегі қызметі…………………………………………………………………………………..

 

ІІІ ОРАЗ ЖАНДОСОВ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 О.Жандосов және 1924 жылдардағы ұлттық-территориялық межелеудің нәтижелері……………………………………………………………………………………………………

3.2 О.Жандосов – саяси қуғын сүргіннің құрбаны…………………………….

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің өмірін түбегейлі өзгертіп, Қазақстан Тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың 90-шы жылдарының тарихта орнығуына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі жағынан бұл ерекше жылдар болды [1]. Осы аз уақыт ішінде тарих ғылымы бұрынғы кеңестік идеологиялық қыспақтан арылып, Отандық тарихнамада шынайы зерттелмей қалған тарихи тұстарын жаңа көзқарас тұрғысынан қайта зерттеуді қолға алып отыр.  

Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігі  қазақ халқының ғасырлар бойғы ұлт – азаттық күресінің жемісі. Егер кез — келген халықтың, ұлттың тағдыры мен болашағы, белгілі дәрежеде, оның отаншыл, биік өрелі перзенттерінің саны мен сапасына тәуелді десек, онда ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ елінің жұлдызы шынымен де оңынан туған еді. Бұл қысқа тарихи мезгілде халқымыздың тағдырына орай ондаған, жүздеген талантты азаматтары өмірге келіп, қоғамдық тіршіліктің барлық саласына белсене араласып, өз елінің өмірін қайта жаңғыртуға даяр екендігін айқын таныта білді. Бірақ, өкінішке орай, осы жұмбақ ұрпақты өмірге әкелген шындық болса да, орта оларға тағдырдың өзі артқан қасиетті тарихи міндетті толық, аяғына шейін орындап кетуге мүмкіндік бермеді.

Қазақ зиялылар қауымының тарихын зерттеу, олардың қоғамдағы атқарған қызметтері мен қазақ халқының даму тарихына қосқан үлесін зерделеу, кейінгі ұрпақ үшін маңызды міндет. Кеңес үкіметі кезінде қазақ зиялыларының қоғамдағы алған орны жасанды түрде төмендетіліп, қазақ мемлекет қайраткерлері репрессияға ұшырап, олардың есімдері көпке дейін белгісіз болып келді. Бұл ұлт ой-санасының жетілуі мен дәстүр сабақтастығына орасан зор зиянын тигізді.  Алайда осы кезеңде қазақ зиялыларының есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, олардың өз халқына деген жанашыр қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін есімізден өшіре алған жоқ. Өйткені олар бөлшектелінген қазақ жерін біріктіріп, еліміздің экономикасын түзеп, мәдени дамуына жағдай жасады.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму жоспарында «Біздер келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалаймыз» деп жазылған [1]. Осыған орай, Отан тарихында халқымыздың бір туар азаматы, мемлекеттік қайраткері Ораз Жандосовтың Жетісу өңіріндегі мәдени құрылысты дамытудағы қоғамдық-саяси қызметін ғылыми тұрғыда зерттеу тарих ғылымының алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі. Мәселен, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға және оны нығайтуға белсене қатысқан О.Жандосов 1918 жылы Жетісудың ұлт істері жөніндегі облыстық бөлімін басқарды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу кезеңінде 1921 жылы Жетісуда жүргізілген жер реформасының нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер беріліп, ауылдарда кедей шаруаларының «Қосшы» одағы құрылған болатын. О.Жандосов осы кезеңде Жетісу облыстық революциялық әскери комитеті және облыстық «Қосшы» одағын, ауыл экономикасын зерттеу жөніндегі экспедицияны басқарады. Сонымен қатар, осы кезеңдегі экономикалық жағдайға байланысты жер мәселесі туралы өзінің мақалаларын көпшілік назарына баспасөз арқылы ұсынып отырған. Оның мақалалары «Көмек», «Кедей еркі», «Советская степь»  газеттерінде жарияланып тұрған.

О.Жандосов 1928-1937 жылдардағы ауыл шаруашылығы артелін, мал шаруашылығы аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) құруға көп еңбек сіңірген. И.Сталиннің «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» — деген сөзі кеңес қызметінің шектелуіне негіз болды. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа басыла берді. Балама пікірлі адам халық жауы қатарына жатқызылды. Сол «халық жауы» болып ұсталған жанның бірі – көрнекті мемлекет қайраткері О.Жандосов. Оның қоғамдық қызметі, азаматтық болмысы, ұстанған жолы, үміт – тілек, арман – мақсаты қазақ  ұлтының үмітімен жалғасты. Халықтың қалың ортасынан таланттарын танып, іскерлерін өсіріп, талайлардың қолтығынан демеген, рақымы тиген. Сондықтан О.Жандосов бейнесі  Жетісу облысындағы мәдени, қоғамдық – саяси қызметте ерекше дараланып тұрады.

КСРО-ның саяси жүйесінің күйреуі, Қазан төңкерісіне қатысқан еліміздің қайраткерлерінің өмірбаянына көлеңке түсіргенімен, олардың жүріп өткен жолдарын зерттеуде ғылыми танымдық қызығушылықты жоғалтпайды. Тарихты қайта жасау емес, одан тағылым алу қажет. Кеңестік дәуірдің тарихын зерттеу арқылы «социализм құрылысы» кезеңіндегі Ә.Жангелдин, О.Жандосов, С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов және тағы басқа жекелеген тұлғалардың жаңа тарихи-өмірбаяндық келбетін қалыптастыруға негіз болады.

Осы кезеңдегі отаршылдық-жазалау мен ұлттық езгінің қалдығын жою және саяси-әлеуметтік, ұлттық теңдік, ұлттық мемлекеттік саясат мәселесін дамытуды көздеген азаматтардың бірі — Ораз Қиқымұлы Жандосов.

Бұл қарастырылып отырған «Ораз Жандосов және Жетісудың қоғамдық – саяси, әлеуметтік – экономикалық және мәдени өмірі (1917-1937жж.)» атты Дипломдық жұмыстың маңыздылығы – Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің тарихына қоғамдық шығармашылықтың, қызығушылықтың өсуімен түсіндіріледі. Кеңес үкіметі кезеңінің орнауы жылдарында Қазақ елінің ұлттық негізін салғандардың ғылыми қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан объективті баға беру, халқымыздың даму жолын тереңінен қарастырып қазіргі тәуелсіз еліміздің әлемдегі лайықты орнын анықтауға мүмкіндік туғызады. Қазақ халқының ұлттық тарихы мен мәдениетін, ұлттық өнерін дамыту мәселесі бүгінгі таңда да өзінің өзектілігін жойған жоқ. Осыған орай Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1999 жылды «Ұрпақтар сабақтастығы және бірлік жылы», ал 2000 жылды «Мәдениетті қолдау жылы» [2], — деп жариялаған болатын. Осы бағытта біздің халқымыздың тарихи – мәдени құндылықтарын дамыту мен сақтау жөнінде шаралар әзірлеуге үлкен қадамдар жасалуда.

Бұл қарастырылып отырған зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының дамуы жолындағы мемлекет қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай, зерттелмей келген тарихи ақтаңдақтар бетін ашуға септігін тигізеді. Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметін зерттеу –  Қазақстанның және Жетісу өңірінің 1917-1937 жылдар аралығындағы саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму үрдістерін жеке тұлға негізінде ғылыми тұрғыдан зерттеу болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырып өз бастауын  кеңестік дәуірдегі зерттеушілердің еңбектерінен алады. О.Жандосовтың әсіресе, 1916 жылы Жетісудағы аса ірі көтерілісті патшаның жазалаушылары басып тастаған кезде

Ғылыми жұмыстың деректік негізін ғылыми айналымға енбеген мұрағат құжаттары құрап отыр. Зерттеу жұмысы тікелей О.Жандосовтың өзі болғандықтан, біріншіден, оның сол кезеңде жарық көрген газет-журналдардағы мақалалары мен қолжазбалары және мемлекеттік қызметін талдап көрсетудегі мұрағат қорларының өзіндік орны бар. Сондай-ақ, мәліметтік жинақтар мен естеліктерді және баспасөз материалдарындағы О.Жандосовтың суретші-каррикатура, журналистика, әдебиет саласындағы қызметі туралы зерттеулер құрайды. Ретімен келтірер болсақ, О.Жандосовтың 1916-1920 жылдардағы Жетісу өлкесінде Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрескер саяси қызметін саралаудағы Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының (БК(б)П 141 және 139 қорларының) рөлі айрықша болды. Бұл қорларда О.Жандосовтың мәдени ұйымдастырушылық істеріне қатысты және қоғамдық қызметі туралы деректер топтастырылған. Сондай-ақ, О.Жандосовтың қазақ съездерінде сөйлеген сөздері, осы кездері атқарған қызметі, әрі халық шаруашылығының қайшылықты мәселелеріне жауап беретін деректер молынан кездеседі. Сонымен қатар, (725, 2, 666)

         Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты қорларынан алынған мұрағаттық деректер Жетісу облысында 1921-1922 жылдардағы іске асырылған жер-су реформасы кезіндегі О.Жандосовтың көзқарасы мен ұстанымдарын талдап шешудегі қызметі және оның нәтижелері туралы көптеген мағұлматтар береді. Ондағы Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің (30 қоры), Тәркілеу комиссиясының (135 қоры), Жер ісі Халық Комиссариатының (74 қоры), Ағарту Халық Комиссариатының (86 қоры), ҚазПИ-дің (1142 қор) және тағы басқа құжаттар қоры негізге алынды.

         Алматы Облыстық Мемлекеттік Мұрағатының 489, 488 және 370      қорларынан алынған мұрағаттық деректерінде О.Жандосовтың Кеген ауылпарткомы хатшысының қызметін атқарғандығын және оның ауыл шаруашылығын дамытуды қолға алуды ұсынуда жүргізген іс-шаралары туралы деректер көптеп кездеседі. Сонымен қатар, оның Жетісу өлкесінде «Ақындарды іске жұмылдыру туралы» ұсынысы облыстық ұлттар ісі бөлімі коллегиясында қаралғандығы және қайраткердің қоғамдық-саяси қызметінің мазмұнын ашуға септігін тигізді.   

Сонымен қатар, О.Жандосовтың баспасөз саласындағы атқарған қызметі мен қоғам қайраткерлігіне дәлел ретінде, осы кезеңдегі оның «Көмек», «Кедей еркі» «Қызыл Қазақстан», «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттерінде жарық көрген мақалалары кеңінен пайдаланылып, зерттелді.

Зерттеу жұмысында Кеңес үкіметі кезінде жарық көрген еңбектер мен қазіргі заман тұрғысында жазылған зерттеулер салыстырмалы тұрғыда жүйеленіп, сараланып берілді.

Нысанаға алып отырған зерттеу жұмысымыз аталған кезеңдегі жалпы Жетісу өлкесіндегі  саяси-әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық жағдайы қалай дамыды, қандай заңдылықтар мен ерекшеліктері болды, оны өзгертіп дамытуда О.Жандосовтың алатын орны мен қызметі, оларды қазіргі тарихи сана тұрғысынан қалай бағалауға болады, осы тақырып төңірегінде қандай зерттеулер мен еңбектер жарық көрді, оған біздің көзқарасымыз бен ойымыз қандай болуы керек деген сауалдарға жауап береді деп сенеміз.  

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмысының негізгі мақсаты О.Жандосовтың өмірінің барлық кезеңдерін қамти отырып, оның Жетісу өңіріндегі қоғамдық-саяси, мәдени, ағарту саласын дамытудағы қызметінің маңыздылығы мен ерекшеліктерін қазіргі көзқарас тұрғысынан зерделеп, жан-жақты зерттеу болып табылады. О.Жандосовтың Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында дамып-өркендеуіне зор үлесін қосумен қатар, ұлтына жанашыр ұлтжанды қайраткер болғандығын дәлелдеу. Сондықтан қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін біздер алдымызға мынандай міндеттер қойдық:

-О.Жандосовтың өмір жолын зерттей отырып, оның қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы мен мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін өсуіне түрткі болған жәйттерді саралау;

-төңкерістер барысындағы саяси бағытының айқындалуына шешуші рөл атқарған негіздерге тоқталып, оның саяси қызметке араласуының алғашқы кезеңдерін бейнелеу, мемлекеттік лауазымының күрт өрлеуінің себептерін зерттеу;

-1921-1922 жылдарда Жетісу өлкесінде жүргізілген жер-су реформасының жергілікті халық арасында ел мүддесіне тиімді шешілуіне қатысы және «Қосшы» одағындағы қазақ кедейлерін жермен қамтамасыз етудегі қызметіне қазіргі көзқарас тұрғысынан баға беру;

-Жетісу облысындағы халық шаруашылығын дамытумен сауатсыздықты жою өзара тығыз байланыста қарастырылып, өзіндік ұстанымы мен ой-толғамы бар, балама даму жолын ұсына алған О.Жандосовтың жеке тұлға ретінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін, отандық тарихнамада тиісті орын алатын қайраткер болғандығын дәлелдеу;

-1928 жылы Халық Ағарту Комитетінің төрағасы болған О.Жандосовтың бүгінгі таңда өз маңыздылығын жоймаған жоғары оқу орындарын ашудағы мақсаты мен зиялы қауымның сол кезең талабынан туындағанын айқындау;

-О.Жандосовтың Жетісу облысындағы қоғамдық қызметінің мазмұнын ашып, одақтық дәрежедегі қайраткер болғандығын дәлелдеу барысында елеусіз, ескерілмей келген деректер мен мұрағаттық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу.

Ғылыми жұмыстың зерттеу нысаны  Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы кезеңіндегі зиялы қауымның қазақ елінің келешек өмір сүру жолдарын нұсқауының саяси-әкімшілік, қоғамдық-мәдени, әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытудағы барысы болып табылады. Ондағы негізгі қарастырылатын мәселе Кеңестік одақтар құрамында болған Қазақстан мен Қазақ елінің өз алдына дербес мемлекет болу жолында күрескен О.Жандосовтың қоғамда атқарған қызметі мен алтын орны.

            Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы. О.Жандосовтың қоғамда атқарған қызметі жылдары, яғни  1917 жылдан 1937 жылға дейінгі аралықты қамтиды.

         Зерттеу жұмысының методологиялық негізі ғылыми принциптерге негізделген. Нақтылы фактілік материалдарды және мұрағатттық құжаттарды зерделеуде объективтілік, тарихилық, бір ізділік сияқты сапалық, жүйелілік және салыстырмалы талдау, қорытындылау сияқты жалпыға бірдей белгілі әдістер негізінде жазылды. Бұған дейін О.Жандосов жайлы жарияланған мақалаларда оның мемлекеттік қоғамдық-саяси қызметі тұрғысынан ғана талданып, шешіліп келген болатын. Сондықтан бұл зерттеудің үлгісіне О.Жандосов туралы соңғы жылдардағы жарық көрген мәдени даму саласы тұрғысындағы зерттеу еңбектері негізге алынып, қоғам қайраткерінің атқарған қызметі мен алатын орнын зерттеу тарихи қажеттілік ретінде алынып, тарихи үрдістің шынайы тұрғысынан қарастырылды.

         Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу барысында алдыңғы қатарға мына мәселелер шығарылды:

— О.Жандосовтың 1917 жылғы Жетісу өңірінде Кеңес үкіметін орнатудағы

Зерттеу жұмысының   қолданбалы   маңызы.   Зерттеу   жұмысының

нәтижесін жеке тұлғалардың ара қатынасын анықтап баға беруде зерттеушілердің пайдалануына, сондай-ақ, Қазақстан тарихына арналған оқулықтарды жазуда, әрі жоғарғы оқу орындарында жеке тұлғалардың қызметіне қатысты дәрістерді жүргізуде зерттеу жұмысының нәтижелерін кеңінен қолдануға болады.

         Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.

         Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация жұмысы кіріспеден, негізгі мәселені қарастыратын үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізбегінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ҚОҒАМ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

1.1 О.Жандосовтың өскен ортасы мен саяси көзқарасының қалыптасуы

 

Ораз Қиқымұлы Жандосов өмір сүрген тарихи кезең өзінің күрделі сипатымен қазақ халқы мен оның зиялыларының жүріп өткен жолында ерекше орын алады. Бұл арада қайраткердің өмірде ұстанған саяси және азаматтық позициясын тура және терең түсіну үшін алдымен өзгеріске ұшырап отырған саяси билік пен қазақтың рухани жетекші және билеуші топтарының арақатынасын мүмкін болғанша дәлірек түсінген жөн. Оларды белсенді саяси қызметпен айналасуға мәжбүр еткен мәселелер жер мәселесі, ұлттық мүддені қорғай алатын мемлекеттік жүйеге кіру болатын. Сол арқылы ұлттық құндылықтарды сақтап қалуға мүмкіндік туғызатын жағдай қалыптастыру және басқа көптеген түрлі қоғамдық мәселелер өз шешімін таппаған еді. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы жылдары Республикамыздың тарихында ерекше орын алады. Уақыт өткен сайын еліміздегі европалық және мұсылман коммунистерінің ара қатынасы шиеленісе түсті. Ондағы негізгі қайшылық ұлт мәселесі төңірегінде қалыптасты. Бүгінгі таңдағы ұлттық санадағы терең өзгерістер, әкімшіл-әміршіл жүйе жылдарындағы орныққан кейбір қатаң танымдарға сын көзбен қарауды қалыптастыруға бағыт ұстанғандығын байқатады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі мемлекетіміздегі жаңарулармен тың серпіндер тарихымыздағы ақтаңдақ беттердің орнын толтыруды, оқиғалар мен құбылыстарды жаңаша көзқарас тұрғысынан бағалауды қажет етеді. Кеңестік дәуірдегі зерттеулерде қазақ зиялы қауым өкілдерінің халықтың саяси-қоғамдық жағдайында алатын орны мен атқарған қызметтерін қарастыру өте маңызды.

Қоғамның әр түрлі саяси бағыттағы және әр текті күштерінің патша үкіметіне қарсы топтасуына бірінші дүниежүзілік соғыс айтарлықтай рөл атқарды. Қарулы күштердің майдандарда жеңіліске ұшырауы орыс халқына ауыр тиді. Ал патшаның «бұратаналарды» майданның қара жұмыстарына шақыру туралы жарлығы ел тылында патша өкіметіне және ол бейнелейтін ұлттық езгіге қарсы 1916 жылғы қарулы көтеріліске әкеп соқты. Қазақстанда көтеріліс 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстары жерлерін қоныстанушыларға жаппай тартып алу тоқтатылмады. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 десятина жақсы жайылымдық және егістік алқаптар тартып алынып, қазақтар мал шаруашылығымен айналысуға қолайсыз таулы, сусыз жерлерге ығыстырылды. Салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан, Орталық Азиядан 400 мың адам, соның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Егер өлкедегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан асатынын ескеретін болсақ, әрбір үшінші шаруашылық қызметкерінен айырылады екен. Ал сонымен бірге мұндай мөлшерде жұмысшы қолын әкету ұлттық ауқымдағы сұмдық апатқа айналатын еді.

Осындай қазақ халқы үшін ауыр тиген кезеңдердің біріндегі ұлт бостандығын көксеген он жеті жастағы Ораз Жандосов Қазақстанда 1916 жылы болған ұлт азаттық қозғалысқа белсене қатысады. Жетісуда ұлт азаттық қозғалысын басқаруда қолына бостандық туын ұстаған халық батырларының бірі Бекболат Әшекеұлы еді. Көптеген көтерілісшілер осы Бекболат батырдың тобына қосылғаны белгілі [2]. О.Жандосов сол кездің өзінде-ақ халқымыздың аяусыз езгіде, тепкіде отырғанын түсінген еді.

Верный ерлер гимназиясында оқып жүрген жас О.Жандосов Жұбаныш Бәрібаев және Тоқаш Бокинмен бірге патша үкіметіне қарсы астыртын ұйымға мүше болған. Көп ұлтты Верный қаласын ақ казактардан қорғауға белсене қатысқан О.Жандосовқа большевиктер идеялары түсінікті еді. Алайда туған ұлтына қызмет ету О.Жандосовтың басты мақсаты болғанын, оның бүкіл кейінгі қызметі дәлелдейді. Тарихи деректер оның осы жылдары Күрті және Ботбай болыстарындағы наразылыққа қатысушылар арасындағы әйгілі Б.Әшекеевті тұтқыннан босатуға әрекеттенгендігін және Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Қырбай Бозымбетовты біраз жігіттермен бірге тұтқыннан босатқанын айтады.

1916 жылғы көтеріліс туралы О.Жандосов былай дейді: «…Көтерілістің басты себебі – жер мәселесі, отарлау саясатымен, әрі жергілікті тұрғындар мен қоныс аударушылар қарым-қатынасымен де тығыз байланысты. 1916 жылғы көтеріліс саяси құбылыс. Көтеріліс мақсаты – патша қанауынан азат ету. Ал оның сипаты ұлттық сипатта» [3]. Ол жергілікті халық пен сырттан осында қоныс аударып келгендер арасындағы қақтығыстарда әрқашанда алғашқылар жағында болды. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс қазақтың әйгілі «Ақтабан шұбырындысынан» кейінгі руға, жүзге бөлінбей, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, жұмылып тізе қосуы болды. Осы жылы шыққан патшаның жарлығы қазақ халқының шыдамдылығының шегі болды. Қазақтардың шұрайлы жерін тартып алып еркін қоныстанған орыстар, халықтың күнкөрісін бұрынғысынан да нашарлатты.

1926-21 жылдары Күрті болыстығының ревком төрағасы Ыбырай Мүсірепов Ораз Жандосовтың 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісіне қатысуы туралы жазған еді. Онда: «1916 жылдың тамыз айының бас кезінде Күрті болыстығына О.Жандосов келді. Өзі жап-жас жігіт екен. Ол Сібірге айдалып он үш жыл жүріп келген Нұрқожа Ыбырайұлының үйіне түсті. Н.Ыбырайұлы бұл кезде дүние салған еді, бірақ жас жігіт бұрыннан онымен таныс болса керек. Ол көп адамды шақыртты. Жас жігіт патшаның қазақтарға істеп жатқан зорлық зомбылығын айтып бізді көтеріліске аттануды, сөйтіп Бекболат Әшекеевке қосылуды тілейтінін білдірді. Ол патша үкіметі құлайды, ол боркеміктеніп бос тұр – деп айтқанда, үлкендер жағасын ұстаған. Бірақ жердің шұрайлысынан айырылған халық өзі де ашылып отырғандықтан, көпшілігінің келіскендігі түсінікті еді. Әсіресе бұл сөзді қоштаушы біз кедейлер – мен, О.Жандосовтың туыс ағайыны Бейсебай Қаратаев, Қашабай Жарқынбаев және тағы басқалары. Тіпті осы болыстықтың биі Қожанбет Қилыбай ұлы да мақұлдады. О.Жандосовты қоштаған жүз шақты адам кетпен, шалғы, айыр, ашамен қаруланып, оның соңынан ерді.

О.Жандосов оларға Ленин туралы айтып, қазақтардың өздерін өздері билеуге жол аша алатындығын түсіндірді. Содан біздің арамыздан мен және Б.Қаратаев екеумізді әскер басшысы етті. Біз жолға шығып, жоғарғы Ақсеңгірдегі Ботабайларға барып қосылдық. Оларды да ұйымдастырған Ораз Жандосов екен. Олардың басшысы Бейсенбай Қарынбаевты сайлапты. Біз олармен қосылып телеграф сымдарын үзіп, Бекболат Әшекеевке қосылдық. Патшаның жазалаушы отрядына қарсы шықтық. Қазақтарда мылтық аз болғандықтан бұл күресте қазақтар көп жараланды, ал өлгендерді қай ауылдікі екенін білдірмеу үшін алып кетіп отырдық. Ақырында отаршылардың біреуі ту ұстаушы Иісбайды жаралап, туды құлатты. Осы шайқаста патша әскері жеңіп, ауылға тап берді. Осы ұрыста Бекболат Әшекеев, Кембай Ниязбеков, Бейсебай Қаратаев және тағы басқалары қолға түсті. Оларды Алматыға қарай жаяу әкетті. Олар Қаскелеңнен (Алматы облысы) өткенде О.Жандосов бастаған бір топ жазалаушы отрядқа қайта шабуыл жасадық. Біз Бейсебай Қаратаевты, Қырбай Бозымбековты босатып алдық. Көтеріліс басылған соң жазалаушы отряд елге шығып жазалауға кірісті. Біздің еліміз құмға қашып көшті. Көтеріліс басшылары – мен, Бейсебай Қаратаев қашып кеттік. Ораз Жандосовтың да аман құтылғанын білдік.

Жазалаушы отряд біздің болысымыз Қожбанбет Қилыбайұлын, Асқар Ыбырайұлын, Қыздарбек Қожбанбетұлын және тағы басқаларды қамауға алып, Алматыға алып кетті. Олардың барлығы Патшаға солдат беруге қарсы болды. Енді жазалаушы отрядтың іздегені біз болған соң, біз Алматыға қаштық. Ал ботбай көтерілісшілерінің басшысы болған Бейсебай Қарынбаевты, Шәрапиді ұстап алды дегенді естідік.

Кейіннен Жетісу көтерілісінің ардагерлері болған Бекболат батыр мен Байбосынды дарға асты. Артынан Қалығұлды ұстап, атып тастады. Ал көтеріліске басшылық еткен, саяси, жағынан шыңдап дем беруші Ораз Жандосов пен Тоқаш Бокин екеуі аман құтылды. Соңында жазалаушы отряд Тоқаш Бокинді де ұстап қамады. Жұртшылық Ораз Жандосовты құтқарып, оны айлалап Алматыға жеткізді» – деп жазылған [5].

Сол түні О.Жандосов түнделетіп Алматыға кетер алдында Жайылмыс ауылында қалған бір кітабы табылмай қатты қиналған.

– Өзің аман құтыл, шырағым, кітап құрысын, – деседі қан көрген дос-жарандары.

– Ол кітап табылмаса мен рас аман болмаймын, – деп жауап берген Ораз. Ақыры ол кітап табылған. Ол неміс тілінде шыққан «Vorbote» деген журнал екен. О.Жандосов онда басылған В.И.Лениннің «Социалистік революция және ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы» деген тезистерін Бекболатқа аударып берген [6].  

Ораз Жандосовтың осы 1916 жылға тән белсенді әрекеті өз ұлтының патша солдаты болуына қарсылық көрсетуі негізге алынып, қазіргі уақытта Жетісудағы қазақ қайраткерлерінің ішіндегі біріншілердің бірі болып аталады. Сондай-ақ, Ораз Жандосовтың Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістегі ерлігі туралы Қалкөз Шалдыбаевта айтады. «…Менің туған жерім Күрті болыстығы еді. 1914 жылы Шахворостовтың Қарғалыдағы шұға фабрикасына жұмысқа орналастым. 1916 жылдың жазында Бекболат Әшекеев Үшқоңырға ту тігіп, патша үкіметіне қарсы көтеріліске дайындық жүргізді. О.Жандосов төменгі Ботбай еліне (Ақсеңгірді жайлайтын бір мың үй жатақты осылай дейтін), Күрті елін бастап Бекболатқа қосылуы тиісті екен. Олар осы көтерілісте жеңіліп, көпшілігі патша әскерінің қолына түсті. Мен осы күні түнде Ораз Жандосовты түнделетіп Алматыға әкетпек болдым. Оның аман құтылуын бүкіл ел тілеп отырды» – дейді [7].

Жетісу аймағын тегіске жуық дүрліктірген осы саяси жағынан шыңдаушының бірі Ораз Жандосов бұл кезде гимназия оқушысы болса да, ел алдында қоғам қайраткеріне тән іс танытты. Осы 1916 жылға дейін гимназия қабырғасында өткен оның сегіз жылы саяси сауатын тіптен ілгерлетіп жіберіп еді. Көтерілісті дайындаушы ретінде жұртқа да, патша чиновниктеріне де мәлім болған Тоқаш Бокин О.Жандосовпен ақылдаспай мәселені шешпейтін. Нақ осы кезде О.Жандосовтың «Жетісуға да таң атады» —  деген сөзі жұрттың аузынан жиі естуге болар еді. Қаскелең тауында утас өртейтін әкесіне бара жатқанда, жұмысшылармен болған әңгімеде айтқан нақ осы сөзі қанатты сөзге айналып тарап кетті. Көтеріліс алдында ғана сенімсіз деп танылған Жайылмыс болысы Әбділда Бекболатовтың (көтеріліс қолбасшысы Бекболат Әшекеевтің баласы) орнына төтенше өкілдікпен Бейсенбай Шалбаржапов сайланды. Анық көзі жете қоймағанымен патша өкіметінің жендеттеріне жіберген жақсылық хаттарында Б.Шалбаржаповтың Тоқаш Бокинге Ораз Жандосовты алғаш тіркей жазуы да сол жұрт арасына тараған сөзден болды. Кейін бұл сөз шындыққа айналды. Дегенмен атаман А.Малышевтан қаймыққандықтан Б.Шалбаржапов О.Жандосовтың атын сирек атауға тырысты. Көтеріліске әзірлік жүріп жатқанын тыңшылар арқылы хабар алып отырған Б.Шалбаржапов Б.Әшекеевтің жанында Т.Бокинмен бірге О.Жандосовтың бар екенін естіді. Тіпті О.Жандосовтың Б.Әшекеевке бірдемелерді оқып беріп отырғанын көзімен көргендер де болып шықты. О.Жандосовтың әкесі Қиқым Жандосовтың А.Малышевтар жанұясына адал жалшы болып кездесті, сондықтан да А.Малышев О.Жандосовтың жағдайын үнемі сұрап тұрған [ Қыдырбекұлы Б. Ораз Жандосов. А.:Жазушы. 1967 -12-16 бб.].

Ораз Жандосов ұйымдастырған Алматы ер балалар гимназиясындағы ағарту үйірмесінің кезекті мәжілісінде О.Жандосов, Г.Федоров, М.Ставровский бастаған большевиктік қанаты бөлініп шықты. Жастар арасында буржуазияға, байларға қарсы үгіт-насихат жүргізіп, олар революциялық жастардың ұйымдастырушысы болып, кейін олардан Жетісудің бірінші комсомол ұйымы құрылды. Олар көп кешікпей полиция тізіміне түседі.

 Алматы уезі болыстығының орынбасары Базиловскийге Жайылмыстың төтенше құқылы болысы, полиция тыңшысы Б.Шалбаржаповтың О.Жандосовтың үстінен жазған арызы тігіліп, оның «Садақ» журналында жарық көрген мақалалары қарала бастады. Осының артынша патша жендеттерінің қолында алты ай бойы абақтыда отырған Тоқаш Бокинді абақтыдан босату туралы, оны ақтаған алты жүз адам қол қойған үкім келіп түседі. Бұл үкім ұйымдасқан зор күшті көрсетті. Тергеуші Поротиков үкімді алып келген Молдахмет Ыстыбаев болғанымен мұндай зор іс шала сауатты адамның қолынан келмейтінін анық түсінді. Ол бұл үкімге О.Жандосов сияқты оқыған қазақтың үлесі бар деп қарады [ Қыдырбекұлы Б. //Лениншіл жас. 1964, 20 ақпан, 3б.].

1916 жылы Жетісудағы аса ірі көтерілісті патша үкіметінің жазалаушылары басып тастаған кезде іргелес Қытайға өтіп кеткен қазақтар мен қырғыздардың туған жерлеріне қайтып оралуына қатысуы туралы деректер сенімді құжаттармен дәлелденеді. Бұл туралы Түркістан АССР-інің Жетісу облысындағы азық-түлік комиссариатының уәкілі болып істеген А.М.Конторщиков былай деп жазады: «Ораз Жандосовтың ұлттық мәселедегі көзқарасы барлық уақытта ештеңемен келіспейтіндей, берік те, жігерлі болатын. Ол кезде уақыт осылай болуды талап етті. 1916 жылдан бастап патша самодержавиесі қуғынға алып, Қытайдың Құлжа провинциясына қоныс аударғандар, қайта орала бастаған ұлт өкілдерін орналастыру мәселесі тұрды. Олар отандарына жеке бастарын жеткізудегі армандарын орындап, қайта еліне оралды. Осы аса күрделі мәселені шешуге қазақтың маңдайына біткен жігерлі азаматтары белсене араласты. Соның бірі – Ораз Жандосов. Оның арқасында Жетісудағы оған қатысты аймақтардағы осы мәселе оңды шешіліп, босқындар туған жерлеріне ойдағыдай жайғасты…» [4].

         1917 жылдың қазан айы ішінде алғаш қар түсті. Сол күні аяғыма бір етік сатып алайын деп Ысқақбай дүкендеріне (кәзіргі Ұлы жібек жолы көшесіндегі дүкендер) барып едім. Оның оқыған баласы Құддыс Ғабдуалиев жас қазақ жігітін татарша ащы тілмен тілдеп жатыр екен. Ал анау дүниеде ештеме болмағандай сап-салқын, жай ғана тұр.

         – Байларды жамандағанда саған патша орнын бере ме, ел басқаратын мына сен болмақпысың…– деп төптеп жатыр. Жас жігітке жұрт қарай қалды. Мен қасымда тұрған ұйғыр жігіті Емелевтен бұл бала кім деп сұрап едім, ол гимназияда оқиды. Осы жылдың басында гимназияда патшаға қарсы ағарту үйірмесін ұйымдастырған деседі – деп беймәлім ғана жауап берді. Әлгі жігіт осы дүкен алдынан ұзап кетпеді. Содан бір кезде оның жанына Березовский келді (оның Березовский екенін де кейін білдім). Екеуі осы дүкен алдында ұзақ сөйлесті. Содан есімде әлденеге қобалжи қалдым да сәлден соң басылдым. Сәлемдескеннен кейін Өтепов: Маған қалай сенсеңдер, бұл кісіге де солай сенуге болады – деп екі жігіттің бетіне қарады. Мені білесіз бе? – деді Тоқаш Бокин маған қарап. Ал мына жігіт Ораз Жандосов.

Нақ осы жерде есіме бәрі де түсе кетті. Алматыдағы сауда капиталы Ғабдуалиевтің қазан айында мұны неге тілдегені енді маған түсінікті болды. Мен бұл жігітті тіпті жақсы білетін болып шықтым. Өйткені осында шыққан «Садақ» журналында жергілікті буржуазияға қарсы талай жазған мақаласын оқып едім. Ғабдуалиевтерді шымшып шыдатпай тұрған да сол «жұртты жеген, тонаған» деген сөздер екен [4]. 4 ҚР ПМ қор 811, тізбе 4, іс 265, парақ 16-20

О.Жандосов Жетісу өңіріне қатысты саяси, шаруашылық, мәдени мәселесіндегі өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын ел алдына осы баспасөз арқылы таратып отырды. 1917 жылдың күзінде Верныйда «Объединенный союз мусульманских рабочих», Қарқаралыда «Степной союз», Жаркентте «Рабочий союз» ұйымдары жұмыс істеді.

Қазіргі «Жетісу» газетінің арғы тегі саналатын «Көмек» газетінде жарық көрген «Жетісу уәлаяты ұлт істері бөлімінің 2-төтенше съезінде» деген хабарда сол жиынға қатысқан әркімнің сөздерінен үзінділер келтірілген. Олар қазақ халқының кеңес өкіметін құшақ жая қарсы алғандығын жарыса айтып жатқанда мінбеге Ораз Жандосов шығып: «Қазақ-қырғыз халқы кеңестер өкіметін шын ықылас беріп мақұлдады деген сөз артығырақ көрінеді», – деген сөзі өз халқына бас болған дара тұлға екендігін көрсетеді [5]. 5 Етекбаев М. Ораз Жандосов.// Білім және еңбек. 1967. № 11.–7.

«Садақ» журналын Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастары 1913-1918 жылдары шығару арқылы мәдениетімізге үлкен олжа сыйлағанын айрықша атау қажет. Өйткені бұл журнал қазақ жастарының халықпен тікелей сұхбаттасуына ықпал етті.

О.Жандосовтың «Садақ» журналындағы орны туралы кейін А.Розыбакиев «Өткеннен бірер бет» атты естелігінде: «Әсіресе барлық қалаларда, тіпті қыстақтарда алдырып оқитын оқушылары болған біздің сатиралық журналымыз «Садақ» үлкен табыспен пайдаланылды» деп жазды. 1916 жылдары халық арасында өзіндік қызығушылық тудырған журнал баспасында О.Жандосов сурет жинаушы қызметін атқарып, өзінің алғашқы мақалаларын осы журналда жарыққа шығарған еді. Кейін ол өзінің журналистік қызметін «Мухбир», «Көмек», «Ұшқын», «Кедей еркі» газеттерінде жалғастырды [3]. 3.Кожакеев Т. Болашақты барлаушы.// Қазақ әдебиеті.–1999. 5 мамыр.44-45 беттер.    

         Міне көріп отырсыздар ел басына төнген күйзелісті жеңу жолындағы О.Жандосовтың жанайқайы осындай. Өйткені әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс салдарынан болды. Халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды. Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті. Қазақстанның, Орталық Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды.

         

1.2 Ораз Жандосов 1917 жылдардағы қос революция кезеңінде.

 

         Кеңес үкіметі байлардың жерін, дүние-мүлкін қарапайым халыққа күшпен алып беріп, байлар мен кедейлердің жағдайын теңестіргісі келді. Жергілікті әкімшілік халықтың әлеуметтік жағдайын көре тұра, кедейлерді және олардың әйелдерін халықты басқару ісіне араласуға шақырды. Бұл іспен тек материалдық жағдайы бар, малы бар, қарны тоқ адамдар ғана айналыса алады. Бұл кезде қазақ халқы саяси-мәдени жағынан артта қалған еді. Қазақтардың кәсібі әлі де жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Өлкедегі саяси-қоғамдық және мәдени жағдайды жақсарту ісінде қарапайым халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескерілмеді [1].

1918 жылдың жазында Үшқоңырға Ораз Жандосов келіп жиналыс өткізіп, большевиктердің бағдарламасымен таныстырды. Халық большевиктерді жақтап шықты. Кеңес өкіметі орнамай тұрып-ақ, жергілікті «Садақ» журналына мақала жазып тұратын О.Жандосов бұл кезде бүкіл Жетісу қазақтары отаршылардан жерімізді қайтарып берді – деп көсем көруші еді. 1919 жылдың мамыр айында обком секретары О.Жандосов Күрті болыстығына тағы келді. Ол бұл жолы партия ұйымын құрды. Оның алғашқы мүшелері болып Әлімқұл Төленғұтов, Жарас Әжібеков және тағы басқалары өтті [8]. Оған дәлел – О.Жандосов Лепсі уезінің қазақ кедейлеріне арнаған үндеуінде:«Облыстық революция комитеті осы үндеуді сіздерге арнай отырып, сіздерді жазға дейін шыдай тұруға топтасып бірігуге, қатарға қосылуға шақырады. Қазір Кеңес үкіметі 200 мың пұт астықты жеткізуді шешті. Оны тасуға көлік жетіспей жатыр. Сіздерге бұл астықты жеткізу үшін Қапал және басқа уездердің елі арбалары мен аттарын бөлуге тиіс. Біз оны міндетті түрде жүзеге асырамыз. Сіздерді астықпен қамтамасыз ету мақсатында Семей облысымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз» [ АОММ қор 488, тізбе 1, іс 29, парақ 9]. О.Жандосов елдің осындай ауыр жағдайына қабырғасы қайысқандығы соншалықты, «көктемнің әр күні жылға азық» деп есептеп, өзі басқарған бөлімдегі екі атты көктемгі егіске жерді жырту үшін қосқа қосуға қаулы етіп бекітіп берген.

         О.Жандосов Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатуға белсенді қатысты. 1918 жылдың сәуірінде тұңғыш рет қызыл әскердің полкына өз еркімен кіріп, қоршаудағы Верный қаласын қорғасты. Мамыр айынан қыркүйек айына дейін Верный депутаттар кеңесінің нұсқаушысы болды. Нақ сол күндерде Верный комсомолдар ұйымын құруға белсене қатысқан О.Жандосов ауылдарда Кеңес үкіметінің орнауына, жер-су реформасын іске асыру комитеттерін құру жолында көп жұмыстар атқарды.

         1918 жылы қазан айында Верный уезіндегі Шамалған болыстығының еңбекшілері Ораз Жандосовты Кеңестік Жетісу облыстық 1-съезіне делегат етіп сайлады. Ол делегаттардың көпшілігін өз төңірегіне топтастырған съездің большевиктік фракциясының жұмысына қатысты. Съезге қатысушылар Оразды облыстық атқару комитетінің мүшесі етіп сайлады. Сөйтіп ол ұлт істері жөніндегі бөлімді басқарды. Жастайынан елдің жағдайын жақсартудағы жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен атқарған О.Жандосов үшін осы ұлт істері жөніндегі бөлімді басқару оның келешекте қоғам қайраткері болуына себеп болды.

1918 жылдың қараша айында О.Жандосов партия қатарына өтеді. Партия комитетінің тапсыруы бойынша О.Жандосов жергілікті жерлерде Кеңес үкіметін орнатып, одан әрі нығайту жөнінде бірқатар шаралар жүргізді. Оның белсене қатысуымен «Көмек», содан соң «Ұшқын» газеттері шығарыла бастады. Ол ұлт кадрларын даярлауға, сауатсыздықты жою жолындағы күресте мектептер ашуға, қазақ тілінде оқулықтар басып шығаруға көп көңіл бөліп, оның жолында көптеген жұмыстар жасады. Көшпенді қазақ халқына отырықшы өмірдің артықшылықтарын түсіндірді. 1919 жылы 25 наурызда Жетісу облысы Кеңесінің төтенше ІІ съезінде Ораз Жандосов басқаратын бөлімнің жұмысына жоғары баға берілді. Съездің ұлт істері жөніндегі секциясы былай деп қаулы етті: «О.Жандосов жолдасқа да, сондай-ақ ұлт істері жөніндегі облыстық бөлімнің барлық қызметшілеріне де жемісті жұмысы үшін алғыс жариялансын» [9]. Мұнан соң революционер– журналист «кирработник» деген атау-ұғымға партиялық мазмұн беруді ұсынды. Революцияның алғашқы жылдарында – деді ол, – адал, ниеті таза, нағыз езілген тап кадрларының жетімсіздігінен партия, совет жұмыстарына барлық хат танитын адамдар талғаусыз тартылды. Ұлт интеллигенциясының патша өкіметі тұсында халықтың мүддесіне ешбір іш тартпайтын тобы да «кирработник» болып шыға келді – дейді [10].

1917 жылы билікке келген большевиктер партиясы қазақ саяси элитасын қоғамдық қызметтегі тәжірибесіне қарай екі буынға және жүздік-территориялық құрылымына қарай бірнеше топқа бөліп, оларды ортақ ұлттық мүдде үшін бірігуге мүмкіндік бермей «күштер тепе-теңдігін» сақтау саясатын жүргізді. Сондай-ақ большевиктердің ұлттық басқарушы топ қатынасында кеңестік биліктің нығая түсуімен қатар өзгеріске ұшырап отырды. Қазақстан ұлттық интеллигенциясы 1917 жылы қазан төңкерісінің алдында қалыптаса басатады. Оның саны мен құрылымы, білім және даярлық дәрежесі қоғамдық құрылыс пен тұрмыс жағдайына байланысты болды. Оқиғалардың бұлай дамуымен «Алаш                                                        

          Жетісу өңірінде кеңес үкіметі орнағаннан кейін советтік қызмет атқарған Қанағат Ходжаев өзінің Ораз Жандосовпен алғаш кездескені туралы мынандай бір естелік қалдырған. Онда: 1918 жылдың ақпан айының бас кезі еді. Үйімде кешке жақын етік жамап отыр едім, үйге үш кісі кіріп келді. Біреуін сыртынан анық танитынмын. Бұл ол кезде қызмет істеп жүретін Тоқаш Бокин еді де, екіншісі өзіме таныс, өзімдей етікші Тәшен Өтепов. Ал үшіншісі әйтеуір Алматыдан көріп жүретін балғын жігіт. Тек бұрынғыдай гимназия киімі жоқ, қазақша киінген. Оны қайда көргенімді біле алмай, біраз ойланып тұрдым. Ақыры есіме түсірдім.

Осы кезеңде қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді халыққа насихаттауда баспасөз шығармашылығы маңызды рөл атқарды. Біздің кейбіреулеріміз баспадан шыққан кітапты мұра деп есептейді де, қолжазбаға немқұрайды қарайды. Әлем әдебиеті әуелі қолжазбадан өсіп-өнген. Мәдениетті елдерде қолжазба институттары ашылып, айрықша құрметтеледі. ХХ ғасырдың басындағы төңкерістер тұсында оқу жүйесінің қожырай бастағанын көрген Ораз Жандосов ұстаздыққа үйренетін мұғалімдік курстарды ұйымдастыруды ұсынып, Қазақ елін ағартудың жедел шараларын іздестірді.

Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1918 жылдары «Заря свободы», «Трудовое знамя», «Голос Алтая» деген газеттер шығарылды. Бұл газеттердің бір бұрышында қазақша аударылымдары жүрді. Осы кезде «Қазақ» және «Сары арқа» газеттері мазмұнында «Тіршілік» газеті өз шығармашылығын бастаған болатын [1]. 1. Нурпейсов К. Становление советов в Казахстане. А.:АНКазССР, 1987.–С.23,78,216-217

Бұл газеттердің барлығы халыққа кеңес үкіметінің келешектегі жоспарларының идеологиясын насихаттады. О.Жандосов 1917 жылы Верный гимназиясында оқып жүрген кезінде-ақ, жастардың ағарту үйірмелерін ұйымдастырушылың бірі болды. Ол жергілікті мұсылман ұйымдарына оппозицияда болған сатиралық «Садақ» журналының қызметіне араласып тұрған.

         Осы кездері О.Жандосов қазақ мектептерін ашуға басшылық етіп, өзінің аса жігерлі қайраткер екендігін танытты. Сонымен бірге «Еңбекші әйелдерінің алғашқы одағын» құруға да ат салысты. О.Жандосов теңдік алған кеңес әйелдерінің құқығы жайлы халық арасында бірнеше рет қызық әңгімелер өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Теңдікке, бақытқа қолы жеткен қазақ әйелдерінің мемлекеттік істерге араласуына көмектеседі.

Бұл жылдары О.Жандосов ауылдарды отырықшылық өмірге шақырып, ауыл мәдениетін көтеруді «бірінші мақсатым» деп санады. Ауылдарды аралап, қоғамдық-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытты [2]. 2  ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 491, парақ 7,8,10

 

1.3 Ораз Жандосовтың саяси-қайраткер ретінде қалыптасуы.

 

О.Жандосов өзінің шығармашылығында өз халқының мүддесін қорғауға, оның ішінде кедейлерді жермен қамтамасыз ету үшін күресті. Оны әрқашанда мал шаруашылығымен айналысуға жерінен айырылып, қайыршылыққа ұшыраған кедей жанұяларынның ауыр жағдайы алаңдатты. Әсіресе, 1919 жылдары ол өзінің мақалаларында қазақ ауылдарында жаппай тәркілеу жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде, қазақтардың ежелден келе жатқан мал шаруашылығының азайып қалуы, яғни көп жұрттың кедейленуі қатты қынжылтатындығын көп айтты.

Тіпті іс-қағаздарының тек орыс тілінде жүретіндігін, егер жергілікті халық өкілі орыс қоныс аударушыларынан әлдене ұрлай қалса, не басқа бір зиян келтірсе сол жазықты қазақтың бүкіл ауылы, руы жауапқа тартылатындығы туралы заңның әділетсіздігін нақтылы дәлелдермен ортаға салады. Жиналысқа қатысқандар Ораз Жандосовтың сөзін мақұлдап, 7 тармақтан тұратын қаулы қабылдайды. Кейін осы қаулыға сәйкес 1919 жылы 29 мамырда 4766-нөмірлі өкімет бұйрығы шығып, онда ұры-қары, бұзақы қылмыскер үшін бүкіл бір ауыл немесе ру кінәлі емес, жауапқа тек жазықты қылмыскердің өзі ғана тартылатындығы туралы айтылады [—].   Көмек газеті, 1919.–№40. 2 маусым.

 

 

         «Көмек» газеті Жетісу уәлаяты мұсылман ұлт істері бөлімінің аптасына екі рет шығарылатын қоғамдық-саяси және мұсылмандық түрік бұқарасының газеті болды. Ол 1918 жылдың 12 желтоқсанынан шығарыла бастады. Жауапты редакторы – Сабыржан Шәкіржан. Бұл кезде Ораз Жандосов Жетісу уәлаяты ұлт істері бөлімін басқарады. Демек, «Көмек» газетін ұйымдастырып, шығаруда оның еңбегі елеулі екені сөзсіз. Осы газеттің алғашқы 2-нөмірінен бастап-ақ Ораз Жандосовтың аты кездесе бастайды. Мәселен: «Жергілікті хабар» деген шағын тақырыпты оқып көрейік. «Алматы мұсылман большевиктер партиясының 20 желтоқсанындағы мәжілісінде аштарға жәрдем беру мәселесі қаралды. Жарна жию комиссиясына төмендегі аттары әйгілі жолдастар сайланды: Шәкір Мансұр, Әлиев, Несіпалдин, Серікбаев, Закирев, Барипбаев, Жандос, Боранбай, Көкішов, Тоқсанбай. Осы мәжілісте 205 сом жиналып, тиісті орынға тапсыру үшін» партия басшысы Ғабдолла Розыбақыға берілді [7].   Көмек газеті, 1919. 5 маусым. Бір ескере кететін жәйт, осы жылдардағы көп құжаттарға жоғарыда жазылғанындай Ораз Жандос деп қол қойылыпты. Біз енді ғана заңдастырған, кейбіреуіміз тегіміздегі тал қармағындай әлі жабысып айырылмай жүрген «овтан» олар мәжбүрлеген сол кездің өзінде қашқақтаған екен.

 

Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуды іске асыруда алдыңғы қатарда болып халықтың мұңын жырлап, оларды бірлікке шақырған азаматтарымыз А.Жангельдин, А.Майкутов. С.Сейфуллин, Т.Рыскулов, А.Иманов, Т.Бокин, Н.Нұрмақов, А.Айтиев, О.Жандосов, А.Розыбакиев және тағы басқалары болды. Олар қазақ халқына елдегі саяси-әкімшілік жағдайды түсіндіре келіп, Уақытша үкіметке қарсы күреске шақырды. Ондағы мақсат билікті осы кезде құрылған Алаш партиясына, яғни ұлттық мүдде үлесіне шешу еді. Олар қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, аграрлық шиеленістің ұлтшылдықпен ұштастырылуына қарсы болды. Осы кезде Ораз Жандосов та қазақтарды тапқа бөлуде, мал шаруашылығын ұжымдастыруда басқаша көзқарас болған. Оны 1919 жылы Үлкенсазда өткен төрт күнге созылған құрылтай құжаттарынан анық көруге болады.

1919 жылы 5 шілдеде Үлкенсазда Жетісу уәлаяты ұлт істері бөлімінің ұйымдастыруымен алқалы топ, салиқалы жиын ашылады. Оған 24 болыстықтан 300 өкіл, сырттан келгендермен қосқанда 400 адам қатысады. Төрт күннің ішінде ел мүддесіне, ұлт болашағына қатысты қыруар түйіндер талқыланып, шешімін тапқандай болады. Жиналыс қорытындысында ірі-ірі 8 түрлі тармақты қаулы алынады. Соның бірі қазаққа ең қатысты мал шаруашылығы. «Қазақтың ежелден келе жатқан мал шаруашылығының азайып қалуы яғни, көп жұрттың кедейленуі қатты қынжылтады. Халықтың шаруашылығын тез арада тегіс қалпына келтіру үшін әсіресе, Жетісудағы халыққа төмендегі міндеттемелерді іске асыру қажет: 1. Табан ақы, маңдай тері, күшінен басқалардың мөлшерден тыс пайдалануынан еңбекші халық құтқарылсын. 2. Қазақтың ескі мал шаруашылық жолы қаралып, ол егін шаруашылығынан даралансын. Шаруашылыққа ғылым көмекке келіп, мал тұқымы асылдандырылсын. Сонымен бірге егінші және жалпы жұртты көшпенділіктен отырықшылыққа айналдырып, өкіметтің жер-су турасындағы заңы бойынша оны пайдалану жолымен таныстырылсын. 3. Қазақ-қырғыз жұртының күнелтуін жеңілдету үшін жалпыға бірдей еңбек заңы бойынша… еңбекке жұмылдыру іске асырылсын. 4. Қазақ-қырғыз, тараншы арасында қолөнері: тоқу, тігу, иіру, ою, сыру, өру, басу, түту, соғу, пішу, есу, сызу және басқа күнкөріске көмекші кәсіптерді дамыту үшін өкімет тарапынан құрал-жабдық, көмек берілсін. 5. Қазақ халқының өзіне керекті жер-суы, жайылымы, пішендігі христиандар тарапынан зұлымдықпен заңсыз тартып алуы тиылсын.

Бастан аяқ төрт күнгі жиналыстың төрағасы Ораз Жандосов болды. Жиында Бекбау Бекежанов, Қалыбай Ғабдуллин, Тайсерке Тоқсанбаев, Садыр Нұриев, Ыдырыс Бидайықов, Жәнібек қажы Майлыбаев, Ғани Ордабаев, Ғабдығали Құрманғалиев, Шалтабай Құдайбергенов, Ғабдолла Розыбақиев, Еркімбай Базаров, Рахыметолла Ысқақов, Меңдеке Дәнияровтар сөз сөйлеген [11].

 Осы 1920 жылдың басында О.Жандосов ақтардың ту сыртына шығып, олардың қол астындағы халықты кеңес үкіметі жағына көшіріп, ақ гвардияшылардың соңғы қамалдарын талқандауға тікелей қатысады. Осы жылғы Верныйдағы ақ гвардияшылар бүліншілігінің зардаптары тез арада бүкіл Жетісу өлкесіне тарай бастады. Сондықтан оған шұғыл шара қолдануға тура келді. О.Жандосов Жетісудағы көтеріліске қарсыларды талқандауға басшылық еткен Д.А.Фурмановтың сенімді серігі болды. Жетісудің жас совет өкіметіне қатер төнгізген Алматы бүлігі кезінде Д.А.Фурманов пен И.П.Белов О.Жандосовқа Лепсі, Қапал, Жаркент уездеріндегі әскерді басқаруды тапсырады. О.Жандосов ақ гвардияшылардың тылына өтіп, жасырын жұмыстар істеуге кірісті. Жау тылында партиялық бюро құрды. Қазан төңкерісінің маңызын түсіндіретін талай қызық әңгімелер өткізді.

  – Бұл жеңіс біздің қолымызға өздігінен келген жоқ. Қанымызды төгіп отырып, жеңіске жеттік. Енді осы қымбат жеңісті қорғап қалуымыз керек. Оны қорғайтын сені мен мен! – деп көпшілік алдында жалынды сөз сөйлейді [3,7б.]. Төңкерістің маңызын түсіне бастаған халық ағылып кеңес үкіметінің жағына шығып жатты. О.Жандосов жаудан тазарған жерлерде бірнеше революциялық комитеттер құрды. Кейін Д.А.Фурманов өзінің осы «бүліншілікті» суреттеген кітабында О.Жандосовтың есімін атап, оның адамгершілігін жоғары бағалағаны белгілі болса, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатындағы «Фурманов қорының» материалдарынан оның О.Жандосов жөнінде басқа да айтқандары табылады. В.В.Куйбышев «Жетісу облысы мен облыстық партия комитетінің құрамына кімдерді ұсынар едіңіз?» – деп кеңескенде, ол: «…Мұндағылардан Белов, Позднышев, Кравчук, Шаһабуддинов, Жандосов… лайық. Соңғылары жергілікті халықтан шыққан жақсы қызметкерлер екені есіңізде болсын» деп жауап қайтарған [12]. Одан кейін О.Жандосов облыстық революциялық комитетінің төрағасының орынбасары болып сайланды. Жетісу өлкесінде Кеңес өкіметін орнату оңай болмады. Іштен жаулары аяқтан шалса, Жетісудің Талдықорған жағын Анненков бандалары басып жатты. Осындай азамат соғысының қиян-кескі кезінде 1920 жылдың ақпан, наурыз айларында М.В.Фрунзе басқарған майдан штабының тапсырмасымен бір топ коммунистер мен комсомолдарды бастап, жау тылына өтті. Ал Анненков бандаларының қаупі төніп тұрған жерлерде еңбекшілер арасында саяси жұмыс жүргізді.    

1923 жылдың қазан айынан 1924 жылға дейін К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында оқыған. Кеңес үкіметінің ауылдардағы жұмысты жандандыру жөніндегі шешіміне байланысты, О.Жандосов Қазақстанға қайтып оралып, бұл жұмысқа құлшына кіріседі [9, 3 б.].

         О.Жандосовтың үлкен ұйымдастырушы қоғам, мемлекет қайраткері ретіндегі адамдық қасиеттерін ашып көрсететін мұрағат деректері жетерлік. Сырт қарағанда ресми таза қаулы-қарар тілмен жазылған мұрағат деректеріне терең үңіліп, қадала зерттеген сайын, оның тасасынан ел тарихы, адамдар тағдыры тайға таңба басқандай сайрап жатыр.

1926 жылы 3 ақпандағы Қазақ өлкелік комитетінің РКП(б) (Казкрайком) мәжілісінің  № 9 хаттамасында Казкрайкомның уақытша бөлімшелік ережесін О.Жандосовқа түпкілікті редакциялау және оны бюроның мәжілісіне енгізу тапсырылды. Осы мәжілісте жасалған О.Жандосовтың мәлімдемесі бойынша, 3 айлық ерікті партия жұмысшылары курсын дайындау ұсынылып, бекітіледі.

Кезекті Казкрайкомның 26 сәуіріндегі мәжілісінде қазақ шаруаларының  бас көтеруіне он жылдығын атап өтуде жоспар құру үшін комиссия құрылады. Ол комиссия ішінде О.Жандосов та болды [13]. Осы 1926 жылы Қарқара көтерілісінің 10 жылдығы аталып өтіледі. Оған сол кездегі елордасы Қызылорда қаласынан Әміре Қашаубаев, Серке Қожамқұлов, Иса Байзақов бастаған өнер адамдарының ұжымы арнайы келіп, халық алдында өнерлерін көрсетеді. Салтанат соңында мемлекет қайраткері Ораз Жандосов пен Ы.Көшкінов жиналған халықты ұйымдастырып көтеріліс ошағы болған жерге тас үйгізеді. Оған «Ереуіл төбе» деп ат беріп, кейінірек ескерткіш орнатуды болашақ ұрпаққа аманат етеді. Осы Қарқара көтерілісіне қатысушылар патша әміріне көнбеуге уәждесу үшін алғаш жиын өткізген жер – Ереуілтөбеге тас үйіп, ескерткіш белгі қалдырған О.Жандосов сол бір басқосу кезінде өзі арнайы шақырған М.Әуезовты оқиғаның егжей-тегжейімен таныстырып, «Қилы заман» сынды әлемдік әдебиеттің інжу-маржаны саналатын санаткер шығарма жазылуына себепкерлік қызметі де ұзын-ырға тарихпен жалғасып жатыр. Жазушының ол сапарынан қандай шығарма туғаны белгілі. Ал О.Жандосов пен Ықылас Кішібековтің бастауымен орнатылған ескерткіш «Ереуілтөбені» ел оншалықты біле бермейді. Халқы үшін қанын төккен азаматтарды, әрине, халқы ұмытпайды, кейінгі ұрпақ та қадір тұтады. Әйткенмен, ондай ардагерлердің өз қолы тиген әрбір дүние, табаны басқан әрбір топырақ өз қасиетіне орай ардақталуы тиіс. Ерлік, адамгершілік мұра ұқыптылықпен сақталғанда ғана кейінгі ұрпаққа тәрбиелік мәні арта бермек қой. Сол қасиетті де киелі, бостан тірлігімізге киелі Ереуілтөбеге О.Жандосовтың мұраты мәңгі өлмес мұнарлы  күмбез бен мұражай тұрғызу арманын орындауды мақсат еткен аудан тұрғындары 1996 жылы көтерілістің 80 жылдығына орай «Ереуіл төбеге» үлкен ескерткіш орнатады.

Осы кезеңде О.Жандосов өзінің жасына қарамастан іскер басшы, шебер ұйымдастырушы екенін Жетісу газетінде жарық көрген И.Тастамбековтың мақаласы дәлел бола алады. 1919 жылы О.Жандосовтың: «Біз Жетісуда қалайда ауылдағы кедей шаруалардың басын құрап,  ұйымдастыруымыз керек, мұны қалайда тездетуіміз керек» – деген сөзі әлі есімде. Ол кезде ақтар елді тонап, бүліншілік әрекеттер жасауда еді. Мен, Шамалған болыстығынан 200-дей кедей шаруаларды бастап, Жетісуда Пролетарский көшесіндегі алаңда болатын жиынға келдім.

«…Түс ауа басталған жиналған ұзаққа созылды. Жиында Ораз Жандосов сөз сөйледі:

– Өкімет кедейлердікі, бұдан былайғы жерде өздеріңе өздерің қожасыңдар, олай болса жерде сіздердікі, бірігіп егін салыңдар, бұл үшін әскер тәртібіндей берік тәртіп қажет» – деді. Сонымен қатар ауылдағы кейбір байлардың қол астынан әлі де болса шыға алмай жүргендерді қалайда ішке тарту керектігін айтты.

Ораз бас қосудың негізгі міндетіне тоқталып, халықтың өзіне салмақ тастай сөйледі. Кенет топ ішінен еңселі қара торы жігіт алға ұмтыла түсіп:

– Менің айтар бірер сөзім бар еді, – деп қалды. Дауысында сәл де болса діріл бар. Жұрт бір сәт күбір-күбір етіп барып, су сепкендей тына қалды.

– Жолдас Ораз, мұның бәрі жөн екен, бірақ егін салу үшін соқа-көлікті қайдан аламыз?

– Иә, соқа-көлік жетіспейтіндігі рас, сондықтан біз әзірше «мойын серікпен» астық айдауымыз керек, яғни бірімізден соқа табылса, екіншіміз көлік тауып, осылайша бірлесіп еңбек етуіміз керек, – деді Ораз Жандосов.

Осыдан кейін бірсыпыра қызметкерлерді сол ұйымдастыру жұмысына ел ішіне жіберіп, кедей батырақтардың тізімін алуға кірістік – деп жазылған [1]. (Тастамбеков И. Жетісу газеті, 1969 жыл, 28 ақпан, 2 бет) О.Жандосовтың осы кезеңде елді бірлікке шақырудың ертеңгі күнгі нәтижесі зор болатындығына еш күмәні болмаған сияқты.

Қазіргі күнге дейін Ораз Жандосовтың көбіне саяси қайраткерлігі айтылып, жазылып жүр. Ал оның суретші-каррикатура, әдебиет зерттеудегі еңбектері де аз емес.

         1919 жылдың 4 қаңтарында Ораз Жандосов облыстық ұлттар іс бөлімінің коллегиясында «Ақындарды іске жұмылдыру туралы» деген мәселені талқылаған. Өзі баяндама жасаған. Онда: «Күні бүгінге дейінгі халық поэзиясының мол байлығын жүргізіп, жинап келген ақындар күн санап жоғалып барады, тіпті таяу арада жоғалуы да мүмкін. Сонда халықтың мол байлығы – поэзиядан бізде ешқандай ескерткіш те қалмайды. Сондықтан тездетіп оларды шақырып, іске қосуымыз керек… Бір Жаркент уезінде ғана бірінші топтағы 13 ақын есептеледі. Бұларды осы жылдың 20 қаңтарында Верный қаласына шақыруды қажет деп табамын және олардың сөзін жазып отыру үшін Хұсайын Тайтеміров, Меңдеке Данияров, Бисебай Үмбетбаевтарды алдыру керек» – деп қаулы шығарған. Сонымен қатар қаулыда Жетісу өңіріндегі барлық белгілі ақындарды олардың сөзін жазатын арнаулы хатшыларымен жіберуді, оларды күту, жол шығындарын төлеуді қатаң тапсырған [2]. 2.АОММ қор 489, тізбе 1, іс 15, парақ 6. Қор 489, тізбе 1, іс 228, парақ 15

Міне осы бекітілген қаулының негізінде 1919 жылы Алматыда Ораз Жандосовтың өзі төраға болған ақындар айтысы ұйымдастырылды. «…Оң жақтағы екі үлкен терезе аралығында ұзынша үстел, оның үстіне қызыл мата жабылыпты. Төрт хатшы төрт жақтан айтысып отырған ақындардың сөзін қағып алып-ақ қағазға арапша сүйкеп жатыр. Одан жоғары таман Жетісу өлкесінің басшылары Ораз Жандосов, Жұбаныш Бәрібаев, тағы бірқатары отыр. Бұл – Жетісу ақындарының 1919 жылы мамыр айында өткен тұңғыш айтыс-слетінің көрініс-сипаты. Осы слетке қатысқан Кенен Әзірбаевпен сұхбаттасып отырмыз. Ол кісінің айтуы бойынша айтыс бір айға созылыпты. Айтыс арасында әр ақын өз өлеңдерін хатшыға жаздырып жүр. Онда Үмбетәлі мен Бармақ, Саяділ мен Өтеп, Қожантай мен Есдәулет айтысты. Жамбылмен айтысуға ешкім тең келмепті. Ол айтысты өлеңдетіп ашып, термелеп «Көроғылыны» айтайын ба, «Өтегенді» айтайын ба – дегенде жұртшылық әуелі Құланаян Құлмамбетпен айтысын қалады. Олардың айтысын тыңдағанның бәрі «Ой, пәлі-ай», – десіп оған ынтыға қарапты.

         Келесі кезек Үмбетәлі мен Бармаққа берілді. Ол екеуінің шайқасы бір күн, бір түнге созылыпты. Үмбетәлі төгіп айтатын, қайыстай қатып қалғат пәлекет қой. Ақыры жеңіп шықты. Мен Арғынбаймен айтыстым.

         Айтысты Ораз Жандосов қорытты: Айтыс ойдағыдай өтті – деді ол – көп өлең, жыр жазып алынды. Оның басын біріктіріп жинақ етеміз. Ол үгітшілерге, өздеріңіз сияқты ауыл ақындарына үгіт құралы болмақ. Енді сіздер кеңес өкіметінің үгітші ақынысыздар. Бұл сіздердің қолдарыңыздан келеді. Жетісу өлкелік комитеті сіздерге үлкен сенім артады» – деген ризашылдығын білдірген екен [3]. 3.Төреқұлов Н. Алатау асқарынан жыр асырған. А.:Ғылым. 1996.–138-140 беттер.

 

         Қиын-қыстау заманның өзінде өткен тарихты келер ұрпаққа жеткізуді, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруды шынайы көзделген. Осы тұста бабасы Қазыбек бек жазбаларын көшіртіп баспаға дайындаған. Басқа да қолжазбаларды жинастырып, топтап, мемлекеттік мұрағат ісін ұйымдастыруды бастаған.

         Ақын-әнші қауым Ораз Жандосовқа арқа сүйер болған. Ол үшін ақындардың бойындағы дарыны, қазақ мәдениетіне қосатын үлесі, олардың дүниетанымға деген көзқарасы басым еді. Соның бір жарқын дәлелі деп О.Жандосовтың Пышан Жәлмендеұлына деген қамқорлығын айтуға болады. Жалайырдың Бәйшегір руынан шыққан атақты Пышан ойлары кеңес дәуірімен сәйкес келмеген. Оның өткен заманды аңсап, жаңа өкіметпен тіл табыса алмағандығы, өзі жазған өлең жолдарынан да ашық көрінеді. Ал, О.Жандосов болса Қараталдың Балқашқа құяр жеріндегі Пышан қонысына әдейі барып, атақты ақынға сәлем берген [4]. 4.Қыдырбек Қ. Бабасына ұқсап батыр туған. //Алматы ақшамы. 1999. 13 қазан.

 

Қазан төңкерісінің қайнап тұрған шағында Жетісу ұлт істері жөніндегі комитетке Пышан Жәлмендеұлы жөнінде арыз көп түсе бастайды. Мұны комитеттің төрағасы О.Жандосов өзі тексерді. Бұл 1919 жылдың маусым айының басы еді. П.Жәлмендеұлының ауылы Шиліқарын деген жерде екен. О.Жандосов Пышанмен жолығуға үйіне барған кезде, үйдің ішінен домбыраның шерте тартқан дыбысы, оған қосылып айтылған баяу қоңыр дауыс естіледі. Есіктен кірген О.Жандосов әннің аяқталуын күтіп тікесінен тік тұрып қалған екен. О.Жандосов сол күні, сол оңаша үйге Пышанмен бірге қонып, түнімен әнмен құлағының құрышын қандырған екен. Осы кезде Пышан Жәлмендеұлының аузынан естіген «Дүние шіркін, өтеді бір күн» әні О.Жандосов аузынан естіліп, Жетісу өңіріне тараған [5]. 5.Қыдырбекұлы Б. Қым-қиғаш жылдар. А.:Санат, 1998.– 211 б.

О.Жандосовтың аты Пышанды қорғай жүрді. 1922 жылы Ораз Түркістан Республикасының басшы қызметіне Ташкент қаласына жіберілгеннен кейін, Пышан Жәлмендеұлы дереу тұтқындалып, ату жазасына кесілген.

         Бейсебай ақынның айрықша тоқтауға тұрарлық соңғы әні – 1922 жылы шығарған «Қайран Ораз» әні. Бұл әннің шығуына себеп болған 1921 жылы Жетісуда жүргізілген жер-су реформасы кезінде Жетісу әскери-комитетінің төрағасы Ораз Жандосов губернияның бірнеше қыстақ-кенеттерін отаршылардан босатып, қазақтарға жерін қайтарып берген кездер еді. Бұрын патша өкіметі құмға, шөлге айдап тастаған, жерінен айырылып қаңғып қалған, тентіреп кеткен қазақ халқы қайтадан Шұбар, Шамалған, Шилікемер, Мұқыры және т.б. қыстауларға қайта орналасқан. Бұған шыдай алмай билеп-төстеп үйреніп қалған орыс кулактары Мәскеуге арызданады. Осыдан кейін Ташкенттегі басқарушы топтар «қазақтарды жерге бірінші кезекте орналастырғаны үшін» Ораз Жандосовты орнынан босатқан еді. Халық өтінішімен Мәскеуден қайта комиссия келіп, Жетісудағы жер-су реформасының жүргізілуін тексеріп, мәселе РК(б)П Орталық Комитетінің ұйымдастыру бюросында қаралған. Онда Ораз Жандосовтың атқарған қызметі құпталсын делінген. Осыдан кейін Ораз Жандосов Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің насихат бөлімін басқаруға жіберілген. Республика астанасы Ташкент қаласы болғандықтан ол сол жаққа көшкен [5,156 б.]. Жетісулықтарға отаршылардан өшін, жерін алып берген Ораз Жандосовты шын көңілімен жақсы көрген. Ташкентке көшкен кезде екі жүз атты адам Қордай асуына қосын қошықтап шығарып салған. Осы тұста талай өлең-ән шығарылғаны да – оған деген ел құрметінің сипаты. Олардың бірі – Кенен Әзірбаевтың «Оразжан» әні. Ал, екіншісін шығарған өзінің туысқаны Бейсебай Қаратаев. «Қайран Ораз» әнінде ақынның ойының, әншілік-шығармашылық деңгейін естір, ұғар құлаққа бұрын құлдықта-күңдікте жүріп, жерінен айырылып, енді қатарға қосылдық па деп, отаршылар малайлығынан құтылғандардың зар-мұңы осы әннен айқын аңғарылады. Бейсебайдың «Қайран Ораз» әні тыңдаушының ойын тереңнен бойлайды.

Ораз Жандосовтың ұлттық тіл мәртебесін шын мәнінде мемлекеттік деңгей-дәрежеге көтеруде, қазақ мектептерін ашу мен оқулықтар, маман мұғалім кадрлар әзірлеу, жоғары білім ордалары отау тігуіне мұрындық болу іспетті сан тарау қам-қаракеттер саласында тындырып үлгергендері өз алдына бір төбе.                                                                                         

 

 

 

 

 

ІІ ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ЖЕТІСУДЫҢ САЯСИ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОТАРШЫЛДЫҚТЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ

 

2.1 О.Жандосовтың Жетісу өңіріндегі жер – су реформасын дайындау мен жүзеге асырудағы қызметі.

 

О.Жандосовтың өзекті мәселелерді шешуде ұлттық мүдде тұрғысынан қарамай, таптық мүдде тұрғысынан келуі оның социализм идеяларына сенуінен деп ойлаймыз.

Қазақ даласын басқаруды қолға алу үшін 1919 жылдың 10 шілдесінде Халық комиссариатының декретімен Өлкелік Әскери – Революциялық Комитет құрылып, ол өзінің жалпы қазақ съезін жариялайды. Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарқанд және Алтай губерниялары халық арасынан өз өкілдерін сайлайды. Көшпенді халық сайлау кезінде қай уездің жерінде болса, сол уездің орталығына барып дауыс беретін болды. Осы съезге сайланған депутаттардың съезге баратын жолақысы мемлекет тарпынан төленетін болған.

Өлкелік Әскери – Революциялық Комитетте Қазақ өлкесіндегі жалпы қазақ съездерін өткізуге байланысты жұмыстарын жүргізу Өлкелік Комиссияға жүктелді.

Жалпы Қазақ съезін өткізуде барлық Қазақ өлкесіндегі және қазақ халқының арасында жүргізілетін саясаттың алды болуы керек. Өлкелік Әскери – Революциялық Комитетте осы уақытқа дейінгі қазақтар арасындағы қандай да бір нақты саясаттың жүргізілмегендігі туралы мәліметтердің болмауы партия идеологиясына қарама-қайшылық нәтиже берді. Кеңес үкіметін Патша үкіметінен бөліп алмайынша бұл жағымды болмайды. Сондықтан, қазақ халқының бұл кездегі жағдайы әлі де түсініксіз болып отыр. Өлкелік Әскери – Революциялық Комитет мұндай жұмыстарды іске асырудың алдында Облыстық бюролар бірінші мынандай мәселелерге назар аударды:

  1. Қазақтар арсында қазақ халқын ұлттық бірлікке шақыру бұл – бүкіл халықтық сипатта ма, әлде белгілі-бір топтардың қазақ интелигенциясына қарсы ұлттық – шовинистік тұрғыдағы бағыт па.
  2. Қазақ интеллигенциясының халықтың тарапынан үлкен қолдауы бар ма? Әлде бұл толқын буржуазиялық және қазақ байларына қарсылықпен шектеле ме, әлде негізі жоқ топ болып табыла ма, олар саясатта өздерінің тек ұйымдасушылығы саяси рөлі болып табыла ма?
  3. Қазақ қауымы арасында тапқа жіктелу белгілері бар ма?
  4. Қазақ еңбекшілері арасында революциялық күресті болдыру үшін қандай әдістер болуы мүмкін?
  5. Қоныс аударушылар революциялық әрекеттер туғыза ала ма, әлде олар Кеңес үкіметін қолдап, оның көмегімен ұсақ буржуазиялық және кулактық талпыныстарды жеңбекші ме?
  6. Кеңес үкіметі ең бастысы қазақ даласындағы кімдерге арқа сүйей отырып революциялық идеяларын бекіте алады? – деген көптеген сауалдар Өлкелік Әскери – Революциялық Комитет мүшелерінің алдында тұрды.

Өлкелік Әскери – Революциялық Комитет осы қорытындыларды анықтағаннан кейін барып өз саясатымызды съезде ұсына аламыз деп шешті. Қазақ – орыс халқының арасынан кеңес үкіметінің идеясына жақындары арасында Облыстық бюро съезде саяси курстар жүргізіп, олардың арасынан  Қазақ республикасының үкіметіне сайлауға ұсынуға болады – деген саясат ұстанды. Съезге баяндама дайындалып, жергілікті жерлерден әр депутат туралы мәлімет алынуы керек. Біздің Қазақ Өлкесінде жүргізетін саясатымызға қатысты мәселелерді шешу үшін 1919 жылдың 28 қыркүйегінде әр губерниялық комитеттен және уездік комитеттерден бір депутаттан съезде сөйлеуге дайындалсын. Олардың жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем болмауы керек болды [—]. ( ҚРПМ қор 140, тізбе 1, іс 8, парақ 1,3)

І – Бүкіл қазақ съезінде қаралған басты мәселе — жер жағдайы болды. Онда РСФСР – дің құрамдас бөлігі болып отырған Қырғыз Республикасының жері ұлттық мәселеде қазақ халқының пайдасы үшін, ел мүддесіне шешілмек.     

Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекараларында экономикалық, өнеркәсіптік және мәдени орталықтары жоқ екендігі ескерілген жөн. Ал мұндай орталықтарсыз әрі қарай дами алмайды. Ал Кеңес үкіметі тез арада оларға мұндай мекемелер салып бере алмайды. Осы Қырғыз Республикасының жерін межелеуде өнеркәсіптік және мәдени орталықтары бар Орал, Орынбор, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Семей, Верный, Әулиеата, Шымкент, Қазалы қалалары Қырғыз республикасының шекарасынан тыс қала алмайды. Бұл қалалардың барлығы тарихи жағынан далалық жазықпен тығыз байланысты. Қырғыз халқының әлі қалалық өмірдің және қалалық орталығы нақты белгіленбеген. ( ҚРПМ қор 140, тізбе 1, іс 8, парақ 4)

1920 жылы Верный бүліншілігі кезінде Д.Фурманов О.Жандосовты Солтүстік майданға – Лепсі, Қапал, Жаркент жағына жіберді. Ол жерлерде кеңес өкіметін нығайтып, тәртіп орнатуда Ораз табанды большевик екенін танынтты.

         1921 жылы Түркістан Орталық партия комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Жетісу облыстық «Қосшы» одағы ұйымдасуының бір жылдығына орай 8 маусымда Бішкекте оның съезі шақырылды. Съезд көтерген мәселелер жөнінде О.Жандосов Тәшкентке қайтып келісімен «Жетісу облысы», «Қосшы одағының съезінен» деген мақала жариялады. Сөйтіп Тәшкентте оның журналистік қызметінің екінші кезеңі басталады. Бұл мақаласында алдымен сол тұстағы жалпы жағдайға талдау жасалып, жер реформасының нәтижелерін жою туралы кулактардың өтірік лақабына соққы беріледі. Жетісуға көшіп келген орыс шаруаларының Ресейге қайта көшу себептері анықтап көрсетті. Осы мақала жергілікті ұлт батырақтары күн көрсетпей, кетуге мәжбүр етуде – деген жаланы әшкерледі. «Туркестанская правда» газетінде Ораз бұдан да басқа «Қосшы одағы», «Жетісуда жерге орналастыру жұмыстары жөнінде», «Көшпелі және жартылай көшпелі ел арасындағы совет құрылысы мәселесіне» деген сияқты біраз мақалалар жариялаған. Ауылдық, уездік, облыстық советтердің алдында қандай міндеттер тұрғанын, оларды нығайтып жұмыс істеу әдістерін жетілдіру жолдарын әңгімеледі. Осы кезде О.Жандосов «Еңбекші қазақ», «Степная правда» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Бұл оның журналистік қызметінің үшінші кезеңі еді. Мұнда келісімен О.Жандосов өнер – білім, оқу тәрбие мәселелерімен тереңірек айналысты. Жұртты халық ағарту үйін салуға үндеді. Оның «Еңбекші қазақ» газетіндегі  «Қазақстанда жер саясаты тұралы», «Жерді тең бөлу», «Ауылда партия құрылысы туралы мәселе» — деген сияқты мақалалары да осы тұста жарық көрді [3,44б.].

1921 жылы Алматының болыстықтарында шаруашылық салығын тексеру жұмыстары жүргізілген кезде, Жетісу аудандарындағы ауылдардың жағдайы өте нашар еді. Елде жұмыс күші жетіспеді, транспорт мүлдем болмады, небары жөндеуде «2» арба болды. Дені сау жылқы да қалмаған, өңкей ауру жылқының 40-шақтысы бар. Оның 20-сы Тәшкенге бір топ малды айдап апаруға жіберілген. Мұндай жағдайда ауылдың өзін-өзі асырауына жағдайы болмады [—]. (ҚРПМ қор 1, тізбе 1, іс 158, парақ 5 ) Бұл кезде Жетісу ауылдары жылқыларын тегін пайдалануға беруге қарсылық білдірген болатын. Өйткені елде Кеңес үкіметі енді ғана толығымен орнатылып, Кастек, Талғар, Шелек, Ұзын-Қарғалы және Алматы жерлерінде байлармен билікке талас та болып жатты  [—]. (ҚРПМ қор 1, тізбе 1, іс 671, парақ 26 )

1921 жылдың 2-каңтарында Жетісу облыстық әскери-революциялық комитетінің төрағасы қызметіне кіріскен О.Жандосов, алғашқы шаралардың бірі ретінде, отаршылдық саясат тұсында Верный атанған кала атауын Алматымен ауыстырды. Осы қызметтегі өзінің №10 бұйрығында Жетісудағы европалық елді-мекендердің 1916-1920 жылдар аралығындағы қазақтардан зорлықпен тонаған мал-мүліктерін қазақтарға қайта қайтаруларын талап етті. Бұл бұйрықты орындамаушылар оның тікелей бұйрығымен революциялық трибуналға жазаға тартылды.(Т.Омарбеков. Конференция)

Облыстық партия комитетіндегі О.Жандосовтың Коммунистік партияның Түркістандағы 6-шы съезі жөніндегі баяндамасы. 1921 жылғы 9 қыркүйектегі Коммунистік партияның Түркістандағы 6-шы съезіндегі қарастырылған мәселелер жағдайы өте күрделі және әртекті болды. Бұл бір жағынан Повлжье аймағындағы аштық және Франциядағы сауда жағдайының төмендеуінен болса, екінші жағынан, Повлжье аймағынан ашыққан босқындардың Түркістан аймағына келуі. Сонымен қатар, Ферғана фрактісіндегі шиеленіскен жағдай елдегі қалыптасқан ауыр жағдайды сипаттайды. Ферғана басмақтарының іс-қимылдары ұсақ буржуазиялық, анархиялық қозғалыс сипатында болды. Бұлда елдегі жағдайды одан әрі шиеленістірді. Осы негізде Түркістан өлкесінде жаңа экономикалық саяси курстың қағидаларының енгізілуін қажет етті. Осының барлығы жаңа міндеттер мен мақсаттарды іске асыра отырып, Түркістанда Кеңестік құрлысты нығайтуды қамтамасыз етуді негізге алды. Енді осыдан шығатын қорытынды, Коммунистік партияның Түркістандағы 6-шы съезіндегі бірінші қойылған мәселе, экономикалық мәселе болды. Егер 6-шы съезіндің шешімдерінің маңызына қарасақ, 5-шы съезд сияқты маңызды болып табылады. Өйткені оны елдегі қалыптасқан күрделі жағдайдың туындағаны дәлелдей алады. Сонымен қатар, бұның маңыздылығын Түркістан өлкесінде жаңа экономикалық саясатты енгізу жөніндегі жауапты қызметкерлер мен жоғарғы партия ұйымдарының мүшелері арасындағы пікірталас дәлелдей түседі. Қорыта айтқанда революциялық белсенділікті көрсете отырып, съездің алдына қойған мақсаттарды жаңа экономикалық саясатты енгізу барысында қол жетерлік екендігі атап көрсетілді. Бұл мәселелер бойынша жаңа экономикалық саяси курстың негізделуіне көңіл бөліп, Түркістан революциясының жетістігінің бағалану мәселесін съезге қатысқан мүшелерінің көпшілігі бағалай алмады. Съезде делегаттардың пікіріне әсер ететін мәселелерде көтерілді. Мысалға, Коммунистік партияның Орталық Комитеттің есебінде былай делінді: біздің революциялық Орталық Коммунистік партия Жетісу өңірімен жұмыс істеп, соған көңіл бөліп, Ферғана және тағы басқа оңтүстіктегі облыстарға жеткілікті көңіл бөлінбейді делінді. Осы съезде орын алған бір топ съезд мүшелері Т.Рысқұловтың кездейсоқ ұлттық мүддедегі Түркістан тұрғындарының мүддесінде сөз сөйлейді. Олар жалпы съезд мүшелері алдында күдік танытты. Коммунистік партияның мүшелері бұл мәселені отаршылдық бағытындағы буржуазиялық шовинистік бағыт деп түсінді. Съезд мүшелері бұларды ұлтшылдыққа бағыттау деп түсінді. Онымен қоса, Коммунистік партияның Түркістандағы 6-шы съезінде Т.Рысқұлов бастаған топтар жергілікті ұлт өкілдерінің съезге қатысу пайызының төмендігін атап көрсетті. Буржуазиялық ұлтшылдар бағытындағы өкілдер Жетісулық кулактар жағына шығуға дейін барды. Олардың баяндауы бойынша,  Жетісудағы жер реформасы әділетті жүргізілмегендігі айтылды. Орта жағдайдағы жергілікті қазақ тұрғындарының бұл мәселелер алаңдататындығын атады. Жетісудағы жергілікті орта шаруалардың мүддесін жер реформасы қолдамады. Осы негізде жергілікті қазақтар мен орыстар арасында шиеленістердің болып жатқандығын ұлтшылдар баса айтты. 6 съездің қорытындысы бойынша жалпы мынандай баға беруге болады: съезд Түркістандағы Кеңестік партиялық құрлыстың қорытындысын жасады және Жетісуда жүргізілген жер реформасын қанағаттанарлық деп таныды. Жер реформасының кең жүзеге асуына аймақтық қадағалау қажеттігін атап көрсетті. Сонымен қатар, съезд Кеңестік идеологиясының және жер-су реформасының тереңдей енуіне қарсы тұратын бай-қанаушы топтардың қарсы әрекеттеріне қадағалау жасап, шаралар қолдануды тапсырды. Барлық халықтардың бір ту астына бірігуінің қажеттілігі атап көрсетілді. Съездің шешімімен Сырдария және Жетісу болыстарында мемлекетте ірі мал шаруашылығын дамыту аталып көрсетілді.

Съезде Жетісудағы революциялық жұмыстар мен жер реформасының жүргізілу жұмыстарының дұрыстығы бекітілді. Жетісудағы интернационалдық қазақ және орыс кедейлерінің одағы кеңес өкіметін нығайтатындығы айтылды [ҚРПМ қор 666, тізбе 1, іс 190, парақ 32-33]. ҚОРЫТ.

1921 жылы 28 шілдеде Жер шаруашылығының меңгерушісіне берілген М.Гончаруктың баяндамасында: 12 шілде күні жермен айналысатын Алматы облысының Шамалған, Татьяновка, Пригорное, Кастек ауылдарында тексеру жұмыстары жүргізілді. Онда барлығы 897 шаруашылық және 255 мың адам бар. Сонымен қатар, отырықшылыққа көшкен жергілікті қазақтардың жерді пайдалануымен қоса, су жолдарын пайдалану да тексерілді. 12 шілдеден 25 шілдеге дейін Бейсеров, Чупров, Ташев, Сейфуллиндермен Кастек және Жантөс ауылдарында тексеру жұмыстары жүргізілді. Кастек ауылында 2005 шаруашылық, 821 адам. Жантөсте 2287 шаруашылық, 10076 адам, екі ауылдағы жалпы қазақтар саны 18077 адам. Бұл жерлердегі бұрын тіркеуге алынған орыс қоныстарында 5109 шаруашылық, 23032 адам. Осы санақпен айналысқан Бейсеров, Чупров, Ташев, Сейфуллиндарды М.Гончарук бұлар жазумен айналысқандар, олар жер мәселесімен айналысуда ештеңе білмейді деп жақтырмай, жолатпай ендігі усадьбалық жерлерді бөлуді өз қолыма аламын – деп құлшынған. Осындай өзаралық даулар кезінде халықтың арасына еніп алғандарды әкімшілік басқарма олардың жағдайын шешуге бірден араласпады [—]. (ҚРПМ қор 1, тізбе 1, іс 158, парақ 45 )

Тамтамбековтың мәлімдемесіне қарасақ, осы жылдың 18 тамызында партияның угоркомы болып Узық-Қарғалы және Жантөс болыстықтарына бардым деп жазылған. Ондағы жергілікті қазақ халқының жағдайы өте ауыр, елді жартылай аштық жайлаған. Мен, Ұзық-Қарғалының батрақтары мен кедейлерін жинап бірнеше жиналыс ашып, оларға жәрдем беру мақсатымды іске асырдым дейді [—]. (ҚРПМ қор 1, тізбе 1, іс 158, парақ 52 ) Қазақ халқының осындай ауыр жағдайы М.Гончаруктың баяндамасында айтылмай, тек олардың шаруашылықтары мен адам санағы көрсетіледі. Осы Жетісу өлкесінде қайта тізімге алу жұмыстары 1921 жылдың 7 ақпанында басталып 3 наурызда аяқталған. Бұл жұмыстар 4 карточка толтыру арқылы іске асырылуы керек болды. Оның 1-уі орысша 3-уі қазақша, бірақ бұл карточкалар бірыңғай орысша немесе қазақша толтырылған. Сондықтан жұмыстың аяқталуына кедергі жасалды [—]. (ҚРПМ қор 1, тізбе 1, іс 158, парақ 54 ) О.Жандосов 1921-1922 жылдары Жетісуда жүргізілген аграрлық реформаны іске асырушылардың бірі болды. Бұл істе ол «Қазақстан қазақтар үшін» деген идеяны басшылыққа алып, ұлттық мемлекет құру идеясымен жігерленген, яғни ұлттық мүддені алғашқы орынға қойып, әлеуметтік мәселелерді екінші қатарға ысырған демократиялық интеллигенцияның өкілі С.Қожановты қолдады. Жетісудағы шұрайлы жерлерді бұрын европалықтар жаппай басып алғандықтан, жергілікті халықтың отырықшылдануына жер қалмаған еді. С.Қожанов пен О.Жандосов және оларды қолдаушылар осы әділетсіздікті жойды. 1922 жылдың бірінші қарашасына дейін  Жетісу облыстық жерге қоныстандыру қорына барлығы 532.928 десятина жер қайтарылды. Оның 137.394 десятинасы орыс кулактары мен орыс казактарынан тартып алынды. Жергілікті халықтан шыққан кедейлер осы реформа нәтижесінде 151.471 десятина жер алды.

Алайда реформаның толық аяқталуына жоғарыдағылар мүмкіндік бермеді. 1922 жылы 18 шілдеде РК(б)П Орталық комитетінің Орта Азия бюросы реформаны тоқтатып тастады. (Конференция)

Осы кездегі Қазақ өлкесінде енгізілген жер-су реформасының негізінде үкімет билігіндегі Алаш партиясын жақтаушыларды мүлдем билік басынан алыстатудағы негізгі астарлы мақсат болғаны еш күмәнсіз. Өйткені партия қатарындағы ортаға кері әсері болған адамдарды партия қатарынан шығару үшін, 1922 жылдың 1 наурызынан 1923 жылдың 1 наурызына дейін «Всекиргизской областной контрольной комиссии РК(б)П» ұйымы құрылған болатын. Бұл ұйым өлкедегі Кеңес ұйымдарындағы партия қызметкерлерінің үстінен тексеру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, Қытай және Моңғолия елдерімен шекаралас қазақ жерлеріндегі билік басындағы белгілі бір әлеуметтік топтардың көпшілігі партия қатарына өтіп, жергілікті халықтың өмір сүруіне және Кеңес үкіметінің идеологиясын насихаттауға кедергі келтіруі мүмкін деген күдікпен қарады [—]. (ҚРПМ қор 718, тізбе 1, іс 114, парақ 1,3 )

Орталық партия комитетімен сөйлесу 1922 жыл 27 ақпан.

Телефон аппаратында Еветафеев, Жандосов, Сыдықов, Хохлов. Кеңестік Халық Комитетінің шешімімен Ардабаев жолдасты көшіру және тағы басқа Халық Комитетінің т.б. Облыстық Комитетің Президиумының қаулыларын шектеу жөніндегі және жалпы Турцик бойынша Халық Комитетінің бұйрықтарына сай жұмыс атқармауы және тағы басқалары жекелеген қаулыдан тыс бұйрықтар және де Жетісу облыстық Атқару Комитетінің шешімдерінен тыс жеке тұлғалардың жеткізуі бойынша провакациялық іс-әрекеттердің нәтижесінде Облыстық Комитеттері мен Облыстық Атқару Комитеттеріне сенімсіздік танытып, Ташкент жағында жұмыс істеуге жағдай бермейтін жәйттер туындады. Сонымен қатар, ұсақ буржуазиялық қанау және қауіп күшейе түсті. Сіздердің тараптарыңыздан айқын нұсқаулар терілсе деп сұраймыз. Мысалға, мынандай құқық бұзушыларға жол берілді. Мысалға, О.Жандосов Аймақтық Комитеттің конференциясына шақырылуы жөнінде қаулы қабылданған еді. Қаулының жүзеге аспауын қадағалай отырып, О.Жандосовтың және Естафеев, Сыздықовтар қаулыны бұза отырып, егіс салу компанияларында жұмыс жүргізу үшін қалтырылды. (Сыдыковтың сөзі сияқты) Олардың қалтырылуы үшін мынандай себептер алға қойылды: олардың қатарында партияның басқарушы жұмысшылары қалтырылуы керектігі айтылды. Енді Жандосов сөйлейді. «Иә, Төреқұловтың көзімен мен әлі баламын. Бірақ бұл жағдай Төреқұловқа мені мазақ қылуға құқық бермейді. Мен қаламын. Бірақ аймақтық конференцияға Сыздықов, Хохлов, Құдайқұлов, Құдайбергенов, Абдрахмановтар баруы керек. Уез бойынша 36-дан астам жауапты қызметкерлер тобы бар. Бұл жұмысшылар еңбек озаттары. Егер басқа жағдай қалыптасып, конференцияға кедергі жасалса, сол жерде бұл мәселе көтеріледі. Жетісу облысынан таңдалып алынған 36 делегаттан басқа Төреқұлов, Қожанов, Маснчи, Амировтар да таңдалып алынды, Жетісу делегаттарна арқа сүйей отырып сіздер астық себу науқанына жеңіске жете аласыздар. Елде осы кезеңде төтенше — күрделі жағдай  қалыптасты. Бұл жағдай негізінен егін себу компанияларының жұмыстарынан дұрыс жолға қоймағандығынан туындай бастады. Егін себу жұмыстарында бай кедей ауылдарының ерекшеліктері ескерілмеді. Сондай –ақ бай ауылдар мен кедей ауылдарының егін салу алқабының көлемі бірдей болды. Бұл халықтың төменгі деңгейінің алаңдатушылығын туындатты. Жетісі өңіріндегі кедейлер егіс алқаптарын өңдеуде қаржылық қиыншылықтарға келіп тіреліп отырды. Бұл мәселер уақыт талабына сай шешімдерді қажет етеді. Осындай мәселелерді көтере отырып, кедей топтарды яғни «Қосшы» одағының құрамын тазарта отырып  халықты теңестіуге қол жеткізу қажет деп табылды. Бұл мәселе де өз шешімін тапқандай. Жетісу өңірінен  аймақтық  конференцияға алғашқы топ  қатысуға жіберілді. Соғылары ертең барады. Бұл мұшелерді  жеке вагонмен қамтамасыз етсе дұрыс болар еді. Аймақтық конференцияның дұрыс мақсатқа сай жұзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін қандай шараларды жұзеге асырасыздар. 

Съездің шешімімен Сырдария және Жетсісу облыстарында мемлекеттік ірі мал шаруашылықтарын дамыту, ауыр өнеркәсіп саласына көңіл бөлуге байланысты Жетісудағы Революциялық жұмыстардың бастамасы қанағаттанарлық деп танылды.

Егін салу компанияларының жоспарлы жұмысын ойдағыдай  жүзеге асыру үшін о жұмысты жұргізудің инвентарлық ақысын немесе оның ақысыз екендігін  анықтау керек. С.Сұлтанбеков, Сембай, Т.Қосыба, К.Жарсынба болмаса мандатты бақылау мүмкін емес еді. Аймақтық конференцияны 2-3 күн уақытынан  кешіктіріліп өткізуге мұмкіндік болмаса, Жетісу өңірінің делегаттары  бұл конференцияға  үлгере алмайды.

Жалпы Ресейлік съезден Бабышов және Арабаевтар әлі үлгеріп келмеді. Соколовқа қатысты құжаттар әлі алынған жоқ.

О.Жандосов  Сұлтанбектен мәлімдеме сұрады. Сұлтанбек  мен  «Қосшы»  одағының бағытында жұмыс істей беретін бірақ бірқатар  сенімсіздіктермен Одақ жұмысының барысында кездескені рас. Өйткені 1920 жылы съездің құрамына аймақтық жұмысшылардың көпшілігі енгізілмей қалдық деп реніштерін білдірген.

Бұлар сіздің  алдыңызда Төреқұловқа арыз – шағым айтты. Сіз осы кезеңде кінәні маған арттыңыз. Бұл бағытта мен сіздің және Сафаровтың бұйрығы бойынша Жетісу мүшелері құрамының қарым- қатынасын айқындаумен айналысып едім.Төреқұловқа азаматтық ескерту жасауыңызды сұраймын.

КПТ — дан Жандосовқа жауап  келгенде. Сіздің жеделхатыңыз бойынша: Жеделхат.Түрік бюросының мәжілісінде қаралып, съездің уақытынан кешігіп басталуы жөніндегі ұсынықа жол бермейтіндігі жөнінде шешім қабылданды. Сол хаттаманың шешімі бойынша Жандосовты съезге шақырылған делегаттардың басшысы ретінде келуі бұйырылды және  Ташкентте барлық  мәселелерді көзбе – көз  шешу керектігі айтылған. Осы жөніндегі  Жандосовтың пікіріне білу қажет. КПТ – ның  бастығы  айтып отыр:  Менің  өзімнің жеке пікірім бойынша, көктемгі егін салу кезеңінде Жандосов Жетісудан алшақ кетпеуі керекғ бірақ жіберілген жеделхаттың мазмұны Жандосовтың келуін талап етіп отыр.Жандосовтың 20 күнге Ташкентке барған іс – сапарында уақытша оның орнына қызмет істей алатын адамды отырғызу қажет. Бұл жеделхат мені қатты алаңдаты. Турцик барлық халық комиттеріне бұйрықтар жасайды, бірақ осының барлығында жеделхат арқылы Жетісудағыдай  жағдай баяндалып көрген емес. Ташкент тарапынан Жетісудың ішіндегі жағдай ерекше  қарастырылатын  болады. Ол Жетісудағы  барлық жағдайды  білмейді. Жетісудың жағдайы мәселесімен  Мәскеуге бардым. Жандосов  бұған  келісіп қалуы мүмкін деп ұсындым. Өйткені бұл жерде Жетісуға  пайдалы жағдайды көзімен  көреді деп ойладым.

 Жетісудың ішкі жағдайы ерекше  қарастырылатын болды. Жандосов бұған келісіп қалуы мүмкін деп ойладым. Өйткені  бұл жерде Жетісуға қолайлы  жағдайды көзімен көреді деп тұжырымдадым.  Жандосовтың орнына қоятын тиімді адам болмаса қайтадан ол  қалуға келіссе, қалдырылсын. Бірақ  басқа жауапты  жұмысшылар съезге  баруы керек. Негізгі  қағидаға сүйене отырып Жетісу өңірімен дипломатиялық мәмлеге келмей жекелеген  халкоматтағы құқық  бұзушылықтар мен  кұш көрсетулерге байланысты анықтамалар берілуі керек.Бұларға жекелеген  мұдделер бойынша  тұжырым жасауға жол  бермеу керек. Бір орталықтан шешілген шешім міндетті орындалу керек. Делегаттарды уақытында жіберіп, баяндамалара жасалынуы тиіс. Сіздің жеделхатыңыз бұл мәселенің  орындалуына күмән туғызады. Негізігі нұсқауға сай іс атқарылуы керек. Менің ойымша Тореқұлов бұл мәселемен таныс емес. Сіз оның сенімін ақтай алмадыңыз. Жетісу өңірі бойынша қазіргі уақытқа дейін  жаңа экономикалық саясаттың тиімді көріністері жоқ.  Жер комитеті қазіргі уақытқа дейін тұқым және қажетті заттармен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан Жетісу өзіне — өзіне нұсқаушы болғаны ма? Сіз бұл кемшіліктермен келісіңіз және жаңа экономикалық саясаттың жұзеге асырылуын қадағалай отырып, оның төменгі кедейлердің бірінші кезектегі пайдасына шешілуін ойлаңыз. Бірақ менің білуімше ештеңе  де шешілмеуде.

Ташкент нұсқауы бойынша Жетісуда жаңа экономикалық саясат жүргізілуі керек. Ал конференцияның барысында Жетісу делегаттарының қатысуы өте қажет болып табылды [ҚРПМ қор 666, тізбе 1, іс 488, парақ 9].

Хаттама № 27 Жетінші шақырудағы Қазақ Орталық атқару комитетінің  президиумының  отырысы. Тыңдалды: «Қосшы» одағын қайта ұйымдастыру туралы мәселелер қаралды. Аталған кезеңде қазақ ауылдары  аралық ішкі даму барысында ауыл шаруашылығы қайта құру жолына түсті. Жаппай отырықшыландыру негізінде және ұжымдастырудың нәтижесінде осы саяси ағымдардың жүзеге асырылуы барысындағы қайшылықтар мен таптық күрестің өрлеуі «Қосшы» одағының қайта құрылуын талап етті. «Қосшы» одағының  ішкі құрамына барлық бұратаналарды, кедейлерді, жатақтарды біріктіретін одаққа айналдыру  мәселесі негізгі мақсатқа айналып, талап етілді.  Осы негізде байларға қарсы күресті жеделдету, оны тап ретінде жою негізге алына отырып, ауылдардағы кеңестендіру саясатын аяқтау мақсаттары көзделді. Бұл мақсаттардың негізінде орталық комитет «Қосшы» одағын «Кедей» одағымен алмастырылды [ҚРПМ қор 2, тізбе 1, іс 293, парақ 61].

1923 жылдың 21 маусымындағы Жетісу Облыстық және Қалалық Комитетінің жабық отырысы болып өтті. Оның №1010 хаттамасының көшірмесінде: Талдықорған және Лепсі уездеріндегі бай-шонжарлардың (кулактар) провакация таратып жатқандығы туралы айтылған. Осы провакация негізінде шаруалар (крестьяне) біздің жерлерімізді тартып алып жергілікті батрақтардан, сондай-ақ, осы жер-су реформасын жүзеге асырған жұмысшылар өз жұмыстарын дұрыс атқармады деп — өтірік жала жауып, оны сот органдары жетік тексермей жоюға кіріспекші деп – орыс шаруалары арыз-шағымдарын сот органдарына жазған. Бұл жерлерде іске асырылған жер-су реформасы мен оны іске асырған жұмысшылардың жұмысын жоюға (что Калинин едет делать ревизию проведенной земреформы и проведеннная земреформа будет ликвидирована) мәселесін жетік тексеруге ВЦИК төрағасы Калинин мырза жіберілмек. Алғашқыда бұл уездердегі жер-су реформасын іске асыру жұмыстарын О.Жандосов бастаған болатын, енді оны тексеруге Калинин жіберілген [—]. (ҚРПМ қор 295, тізбе 1, іс 29, парақ 2 )

Өйткені осы 1923 жылы О.Жандосовқа партия талабын бұзып, оған қарсы топ құрды деген жала жабылып іс қозғалған. 1923 жылдың 3 қазанында Жетісу облыстық қадағалау комиссиясы №16 хаттама негізінде О.Жандосов туралы №134 қылмыстық іс ашады. Онда, О.Жандосов 19 жасында партия мүшесі, 1920 жылы КПТ кандидаты. Әкесінің 1917 жылға дейін етікші болып, кейіннен известь шығаратын зауытта жалдамалы жұмыскер болғандығы жазылып, О.Жандосовқа сөгіс жарияланған болатын. Оның бар болған кінәсі 1923 жылы 12 қыркүйекте болатын съезде О.Жандосовтың аты алынып тастағаны үшін, ол жеті адамның бір бағытта бір жаққа бет алғаны үшін ұйымдастырып отыр деген күдік тудырған.

Осы айыптың негізінде О.Жандосов қамауға алынып абақтыда түсіндірме жазады. Түсіндірме хатта: «12 қыркүйек күні таңартең сағат 9-да облыстық съездің фракциясының отырысында болдым. Содан соң біраз уақыттан кейін делегаттардың жатақханасына бардым (декхандар үйі). Онда Пішпек делегаттары тұратын бөлмеге бардым, сонда партияға мүше емес бірнеше адамдарды жолықтырдым. Олар отырып бір мәселені талқылап отырды. Олардың бірі маған жақын келіп, біз партия қатарында емеспіз деп съездің бір тізімін берді. Ол басқа фракцияның түріндегі тізім, ол тізімнің ішінде менің де аты-жөнім жазылып тұр екен, бірақ бұл сәтте мен өзімнің аты-жөнімнің съезд мүшелері тізімінен алынып тастағанын білмедім. Сондықтан өзіміздің фракция берген тізімнің жанында бұл партия қатарында жоқтардың тізімі өтпей қалатынына сенімді едім.

Мен оларға, сіздердің бұл тізімді ұсынуға құқыларыңыз бар, бұдан сіздер еш пайда таппайсыздар да, еш нәрселеріңізді жоғалтпайсыздар да деп, үйіме кетіп қалдым. Содан кейін маған қызметтес достарым келіп, олармен кешке дейін отырып қалдым. Съездің ашылуының алдында біз съезд болатын мекемеге келдік. Съезд болатын күні болған бар жағдай осы деп» – О.Жандосов өз қолымен жазып соңына қол қойған. Бұл түсіндірме хат 14 қыркүйекте жазылған [ ҚР ПМ қор 298, тізбе 1, іс 119, парақ 1-5 ]. Бұл іс 25 қыркүйекте ашылып 2 қазанда жабылған.  

1926 жылғы 8 шілдедегі Қазақ Өлкелік Комитетінің отырысында Жетісу өлкесіндегі жер шаруашылығы мен жерге талас-тартыстың себептерін анықтаудағы мәселелер қаралған болатын. Осы кезеңде мал шаруашылығымен айналысқан кедей шаруалары жайылымдық жерлердің жетіспеушілігінен жаппай отырықшылыққа көше бастады. Елдегі бай-кулактардың көптеп жер иеленуі мен  кедей шаруалардың шаруашылық жерлерге сұранысы күннен-күнге арта түсті. Егістік және шабындық жерлерді еркін иеленудің кең етек алуы мен елдегі ұлттар арасындағы шиеленіс, жер шаруашылығы мен мал шаруашылығы жерлерінде тауар-капитал қатынасының дамуымен ұштасты. Жетісу және Семей облыстарындағы ұлттар арасындағы шиеленіс тікелей жерге таласушылдық негізінде болды. Жерге таласушылдық ұлттық және бай-кулактардың талас-тартысынан «қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау» мақсатында жасалынып отырған іс деп түсіндірілді. Қазақ халқының бұл көзқарастағы топтары патшалық саясатты жақтай отырып, оны сақтап қалуды көздейді. Сондықтан да, Кеңес үкіметі Жер саясатына байланысты Қазақ үкіметінің шабындық және егістік жерлерді басқару декрет қабылдайды. Онда қазақ жеріндегі мал шаруашылығын дамыту үшін, ерікті түрде жерлерді иемдену және жерге таласушылдықты шұғыл тоқтату керек болды [ ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 178, парақ 46 ]. Осы кезеңдегі Қазақстандағы Жер саясатын жүргізу жұмыстарына Әлібеков, Жандосов, Каширин, Нұрмақов, Мырзағалиевтер мүше болып, осы іске жалпы О.Жандосов жауапты болды [ ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 147, парақ 3 ].

О.Жандосов халық шаруашылығын индустрияландыру қандай мемлекет болса да, оның артта қалушылдығын жоюдағы бірден-бір дұрыс жол екенін жақсы түсінген қоғам қайраткерлерінің бірі. Ол мемлекеттік және партиялық қызметтерде жергілікті ұлт өкілдерін көбейту-жергіліктендіру мәселесіне назар аударды. Әкімшілік басқарманың жоғары деңгейінде отырғандарды қазақ тілінде сөйлеуге мәжбүр ететіндей етіп ұйымдастыруды ұсынды.

1999 жылы Ораз Қиқымұлы Жандосовтың туғанына 100 жылдық мерейтойына арналып әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Университет ректоры, профессор К.Н.Нәрібаев осы ғылыми конференцияда жасаған баяндамасында О.Жандосовтың өмір сүрген  тарихи кезең оның жеке тұлғасы үшін ғана емес, бүкіл қазақ елі, қазақстандықтар үшін де күрделі оқиғаларға, шұғыл бетбұрыстарға, шиеленіскен күрес пен арпалысқа толы кезең екендігіне тоқталған. Онда О.Жандосовтың 1921-1922 жылдары Жетісуда іске асырылған жер-су реформалары тұсында кедей шаруалардың тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға үлкен септігін тигізген «Қосшы» одағын құру, қазақ ауылын жаңа заман талабына сай бейімдеу, жаңа жас буынын өсіру сияқты кең ауқымды мәселелерді шешуде анық көрінгендігін ерекше атап көрсеткен еді. Сондықтан да біз, кейінгі ұрпақ, оның құрметті есімінің алдында әрқашанда басымызды иіп, шексіз ризашылдығымызды білдіреміз және оның есімін мақтан тұтамыз – деп сөзін аяқтаған болатын [2]. (Қазақстанның халық комиссарлары. 1920-1946жж. Өмірбаяндық анықтамалық. А., 2004.–196 б.)

О.Жандосов 1921-1922 жылдары Жетісуда жүргізілген аграрлық реформаны іске асырушылардың бірі болды. Бұл істе ол «Қазақстан қазақтар үшін» деген идеяны басшылыққа алып, ұлттық мемлекет құру идеясымен жігерленген, яғни ұлттық мүддені алғашқы орынға қойып, әлеуметтік мәселелерді екінші қатарға ысырған демократиялық интеллигенцияның өкілі, әйгілі Сұлтанбек Қожановты қызу қолдады. Жетісуда шұрайлы жерлерді бұрын европалықтар жаппай басып алғандықтан, жергілікті халықтың отырықшылануына жер қалмаған еді. С.Қожанов пен О.Жандосов және оларды колдаушылар осы әділетсіздікті жойды. 1922 ж. 1-қарашаға дейін Жетісу облыстық жерге қоныстандыру қорына барлығы 532.928 десятина жер қайтарылды. Оның 137.394 десятинасы орыс кулактары мен орыс казактарынан тартып алынды. Жергілікті халықтан шыққан кедейлер осы реформа нәтижесінде 151.471 десятина жер алды. Алайда реформаның толық аяқталуына жоғарыдағылар мүмкіндік бермеді. 1922 жылы 18-шілдеде РК(б)П Орталық комитетінің Орта Азия бюросы реформаны тоқтатып тастады.(Т.Омарбеков. Конференция)

Әрине қазақ халқы үшін 1921-1922 жылдардағы «Қосшы» одағының кедей шаруалардың жағдайын жақсарту жолындағы атқарған қызметі өте зор. Өйткені  «Қосшы» одағы 1920 жылы Түркістан Республикасында құрылады. Ол өз еңбегімен жерді өңдейтін шаруаларды біріктірген одақ болды. Одақ құрамына қабылдану үшін оның өзінің белгілі бір шарттары болды. Сондай-ақ одаққа кіру үшін одақтың екі мүшесінің кепілдігі талап етілді. Жергілікті әкімшілік орындары қазақ халқын жермен қамтамасыз етуді үш кезекке бөлді. Ондағы бірінші кезекте, жер шаруашылығымен айналысатын жергілікті қазақтар тұрды. Олармен бірге қазақ даласына 1918 жылға дейінгі келген орыс, украин, өзбек, тараншылар және тағы басқалары. Екінші кезекте, қазақ  даласына 1922 жылдың 31 тамызына дейін келгендер тұрды. Үшінші кезекте, Қазақстанға 1922 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 7 тамызына дейінгі аралықта өз еркімен қоныстанғандар жермен қамтамасыз етілетін болды. Жермен айналысатындар Қазақстаннның басты үш экономикалық территориясына орналастырылды. Олар: шығыс, батыс және оңтүстік облыстары.

1921 жылы құрылған «Қосшы» кедейлердің біріккен одағы болды. «Қосшы» одағының басты міндеті көшпенді халық арасындағы кедейлердің азаматтық құқығын қорғады. Сондай-ақ, бұл одақтың шаруашылықтағы міндеті де зор еді. Ол кедейлер арасында ұсақ мал шаруашылықтарын құрып, оған жем-шөп дайындауда негізгі капиталы үшін несие алуларына көмектесуі керек болды. Кедей көшпенділерінің отырықшы өмірге көшуінде оларға жер алып беруге көмектесті. Осының нәтижесінде «Қосшы» одағы көшпенділер арасындағы өнеркәсіптік сұранысын өтеу, кедейлердің шаруашылығын кооперативке араластыру (ақша айналымына тарту) сияқты жұмыстар іске асырыла бастады. Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту немесе оны қалпына келтіру бүкіл Кеңестік Одақтас республикаларына өте қажет болды. Мал шаруашылығының өніміне күнделікті өнеркәсіптегі сұранысы, тұрмыстық өмірдегі сұранысы арта түсті. Енді мал шаруашылығын дамыту және оны қалпына келтіру сапасынт жоғарлату қажет болды. Оның ішінде әсіресе, жергілікті халық пен жылқы малын өсіру керек болды. Түркістанның барлық облыстарында Кеңес үкіметін орнату жолында ондағы кедейлер мен бұратаналардан жаппай шашыраңқы ұйымдар құрыла бастады. Мысалы, Жетісуда «Союз кирбедноты и батраков», Сырдарияда «Союз безземельных и малоземельных декхон и черикеров». Кейбір жерлерде «Союз беднейших декхей» және тағы басқалары. Осы ұсақ одақтардың әртүрлі атта құрылғанымен жалпы мақсаттары бір болды. Бірақ, олар бір орталықтан қадағалауға алынбады.

1921 жылдың соңында «Союз киргизской бедноты и батраков» деген ереже қабылданып, ол Жетісу обкомының секретары А.Лепа және Облревкомның төрағасы О.Жандосовтардың қолымен расталған. Бұл ережеге байланысты жері жоқ декхан, батырақтар «Қосшы» одағының саяси және кәсіпкерлік біріккен ұйымына қаратылған.

Сонымен қатар, бұл одақ ауылдардағы бай-кулактарға қарсы шығып, олармен күрес жүргізді. 1923 жылы сәуірде Турцик және Совнарком қаулы қабылдады. Онда «Қосшы» одағын барлық Кеңес үкіметі орындарында басшылық етуге шақырады. Бұл қаулы ережеде анықталып қарастырылған мәселелерді жоққа шығармайды тек оған жалпы қоғамдық сипат алуына жол сілтейді. 1923 жылдың  18 желтоқсанда Турцик пен Совнарком «Қосшы» одағындағы көмек секцикциясына қаратады. Осымен Совнарком және Турцик «Қосшы» одағын өз алдына жеке одақ қылып шығарады. 1921 жылы жаңа экономикалық саясатқа өту кезеңінде Орта Азияда «Қосшы», Қазақстанда «Жарлы», Якутияда «Хамначиттер» кедейлер одағы болды [3]. (ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 127, парақ 4, 9,30, 34.)

Бұл одақтарға партия тарапынан қолдау көрсетіліп, әсіресе, ондағы әр ауыл, болыстық, аудандардағы кедей-шаруаларының бірігуі нәтижесінде, олардың ұйымдасып әлеуметтік жағдайларын жақсарту керек болды. Олар мәдени жағынан өсу үшін мемлекет және партия тарапынан материалдық көмек көрсетілуін қажет етті. Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту немесе қалпына келтіру бүкіл Кеңес одағының елдеріне өте қажет болды. Мал шаруашылығының өніміне әсіресе өнеркәсіптегі және тұрмыстық өмірдегі сұранысы арта түсті. Қазақстанның мал шаруашылығын дамыту және оны қалпына келтіру сапалық жағынан ғана емес, сандық жағынан да өсіру керек болды. Оның ішінде әсіресе жергілікті халық пен өнеркәсіпте қой мен жылқы малына сұраныс жоғары болды.

1925-1926 жылдары губернияларда жүргізілген жұмыстарда қазақтар арасында кедейлердің «Жарлы» атты одағының болғандығын мұрағат құжаттарынан көруге болады.

1925 жылғы 26 қаңтарда Жетісу губерниясының Талдықорған уезінде қазақ әйелдерінің жиналысы болып, оны әйелдер бөлімінің меңгерушісі В.Тишкевич ашты. Осы жиналыста «Қосшы» одағының мүшесі Жанғұлов баяндама жасады. Ол баяндамада қазақ әйелдерінің материалдық жағдайының өте ауыр екендігін атап өтті. Сонымен қатар, бұл жағдай ВК(Б)П-ны қатты ойландырып отырған мәселелердің бірі, осы қазақ әйелдерін ескі әдет-ғұрыптан алшақтатып, оларды Кеңес үкіметін құру жұмыстарына арластыру керектігіне тоқталды. Бұл істі Жетісу өңірінің түпкір-түкпірінде өзінің одақтастары бар «Қосшы» одағына тапсырылуы керектігін айтты [ ҚР ПМ қор 295, тізбе 1, іс 118, парақ 78 ].

Осы кезде «Қазақ ауыл әйелдерінің арасында» деген ұжым жұмыс істеген болатын. Ол ең алғаш 1926 жылы 1 қаңтарда құрылғанында оның құрамында 32 қазақ әйелі болды. Ал 1926 жылдың сәуір айында олардың саны 43-ке жетті және оның барлығы партия мүшесі болды. Ауылдарда жатақтар арасындағы мұндай жұмыстар жыл бойы қоғамдық жұмысын жалғастырды. Олар көшпенді мал шаруашылығымен айналысатын ауылдарды қыстақ және жайлауға арналған жайылымдық жерлерін тұрақты баспаналармен қамтамасыз ету жолында да жұмыс жасады. Бұндай ұжымдар ауылдағы экономикалық жағдайды дамытуды көздеген мал шаруашылық «Жалшы аял» қоғамы жұмыс істеді. Оның мақсаты кедей-шаруалардың әлеуметтік жағдайын көтеру болды. Байлармен күрес жүргізген кеңес үкіметіне көмектесе отырып, қазақ ауыл әйелдерінің өмірін бірқалыпты жағдайға келтіру. Жергілікті жерлерде «Жалшы аял» қоғамын ұйымдастырудағы мақсат қазақ ауыл әйел кедейлерін «Жарлы» одағына жақындастыру. Өйткені «Жалшы аял» қоғамының экономикалық жағдайы өте нашар болды. Олардың тапқан бір айлық табысы батрақтардан да төмен еді [4]. (ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 241, парақ 365, 375, 392, 560, 574.) Мұндай жұмыстар Жетісу губерниясы әйелдері арасында да болған. Батрақ әйелдермен жұмыс жасау олардың қолдары босаған кезге белгіленді, яғни күздің соңы мен қыс уақыттарында жүргізілді.

1927 жылы 20 қаңтарда Алматы укомының хатшысы Жангулов өз баяндамасында былай деді: Қазіргі уақытта Қосшы одағында қайта сайлау жүріп жатыр. Оны басқаруды шынымен кедейлерге жанашыр бола алатын адамдардың қолына беруіміз керек. Олар өз жұмыстарын кедейлердің шаруашылығын дамытып, оны бекітуге арнауы керек. Өйткені «Қосшы» одағында болған тексеру жұмыстары ойдағыдай нәтиже бермеді. Өйткені Қосшы одағына кедей болып жазылып жүрген байлар да бар екен [—]. (ҚРПМ қор 1, тізбе 1, іс 651, парақ 1)

Қосшы одағының саяси-қоғамдық қызметін бекітіп ұлғайту үшін, одағының қауымдастығы мен мүшелеріне  экономикалық және құқықтық жеңілдіктер берілуі керек. Мемлекет бюджетінің тарапынан бөлінетін қаржыдан Қосшы одағына 300 мың рубль бөлінуін Мәскеуде өтетін жиында айту керектігі Казкрайком отырысының 1926 жылдың 26 қыркүйегіндегі №40 хаттамасында арнайы тіркелген [—]. (ҚРПМ қор 141, тізбе 1, іс 178, парақ 272)

Ораз Жандосовтың нағыз реформаторлық, жасампаздық бағытта болғандығы, әсіресе 1921-1922 жылдары Жетісуда іске асырылған жер-су реформалары тұсында, кедей шаруалардың тұрмыс-тіршілігін түзеуге үлкен септігін тигізген «Қосшы» одағында қызмет атқаруы, қазақ ауылын жаңа заман талабына сай бейімделуіне септігін тигізді. Жетісуда ұлттық аграрлық қатынастарды қайта құрудың әскери-коммунистік әдістеріне байланысты кедергілерге қарамастан, кезінде «жергілікті революция» ретінде әділ бағасын алған реформа қайыршыланған және батырақтанған ұлттық шаруалар қауымы арасында бұрын болып көрмеген саяси өрлеу туғызды.

 

2.2 О.Жандосовтың Қазақстандағы халық ағарту ісі мен мәдениетін өркендетудегі қызметі.

 

   Қазақ жерінде жалпы сауаттандыруды бастағандардың бірі Ораз Жандосов еді. Мамандығы ауыл шаруашылығы болса да, ол білім мен мәдениетке көп көңіл бөлген. Қазіргі «Ұлттық кітапхана», Қазақ драма театры, қазақ музыкалық театрларының ұйымдасып, тұрақтануы Ораз Жандосовтың қолдауымен басталған ізгі шаралар. О.Жандосов өнерге жақын адам еді. Ол сурет салып, ән айтқан. Ол айтып берген ән Е.Брусиловский жазған «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операларына енді. А.Затаевич құрастырған «1000 песен казахского народа» жинағында Ораз бен оның зайыбы Фатима айтқан әуендер жарияланған. О.Жандосов осы бір қиын-қыстау заманның өзінде өткен тарихты келер ұрпаққа жеткізуді, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруды шынайы көздеген. Осы тұста бабасы Қазыбек бек жазбаларын көшіртіп, баспаға дайындаған. Басқа да қолжазбаларды жинастырып, топтап, мемлекеттік мұрағат ісін ұйымдастыруды бастаған. Ораз Жандосов – ХҮІІІ ғасырда ғұмыр кешкен Шапырашты Қазыбек бектің алтыншы ұрпағы. Қазыбектің ортаншы ұлы Қозыбайдан Жандос, одан Қиқым, одан Ораз болып тарайды. Ақын Жамбыл Жабаевтың О.Жандосовқа арнап шығарған өлеңінде, осы арғы тегі жайлы айтылған [1]. 1.Қыдырбек Қ. Бабасына ұқсап батыр туған. //Алматы Ақшамы. 1999. 13 қазан

Қазақ ғылымы мен мәдениетін дамытуға және ұлттық руханият бағдарламасын жасауға О.Жандосов тікелей атсалысты. Ораз Қиқымұлы үгіт-насихат бөлімін басқарып тұрған кезде Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Әуезовтің, Х.Досмұхамедовтың, Т.Шонановтың, Е.Омаровтың, М.Тынышпаевтың кітаптары жаппай жарияланды. Алаш ардагерлерін дерліктей оқытушылық іске тартты. М.Тынышпаев тергеушіге берген жауабында: «ҚазМУ-дің ректоры С.Асфендияров пен оның орынбасары О.Жандосов бізбен жақсы араласып тұрды және бізге сенді. Сондықтан да олар біздің ұлтшылдық пиғылымызды аңғарған жоқ», – деп жауап беруінің өзі де талай нәрсені байқатады [9].  Т.Жұртбай. Алаш идеясы және О.Жандосов. //Саясат. 1999.–қазан. 87б.

М.Әуезов түрмеден шыққаннан кейін оны қызметке алған да Ораз Жандосов. Мұндағы автордың ой-түйіндері: Қазақстандағы жер мәселесіндегі ауыл шаруашылығы өндірісімен ғана байланысты қаралмау керек, ол ұлт мәселесімен де, партияның жалпы саясатымен сабақтас екендігін естеу шығармауды ұсынды.

Осы кезде Орталық Комитеттің ақпараттық бөліміне жергілікті партиялық ұйымдардан келіп түсіп жатқан ұсыныстар ақпараттық бөлімінің жұмыстарында ғана емес, Орталық Комитеттің басқа да қоғамдық ұйымдарының шығармашылығында қолданылды. Ондағы мақсат, Орталық Комитеттің партия жұмыстарын күнделікті өмір тәжірибесінде әрі қарай дамыту болды. Орталық Комитет өз шығармашылық жұмыстарын баспасөз орындары және жергілікті партиялық ұйымдар арқылы халыққа насихаттады. Сондай-ақ, партиялық басқару орындары мен басқару ісіндегі жауапкершілікті нығайтуда ұйымдастырушы бөлімдердің хабар бөлімдерінің жұмыстарын қадағалап отыруды қолға алды [10]. 10. ҚРПМ 141-қор, 1-тізбе, 126-іс, 76,77,92-парақ    

         Жоғарыда аталған ВЛКСМ мүшелері болған жастарға арналған «Советская степь» газеті 1925 жылдың желтоқсан айынан бастап 6-форматты параққа, аптасына үш рет шығарылды. Сонымен қатар «Еңбекші қазақ» газеті де 6 форматта көлемі 30х20 кв. аптасына төрт рет шығарылатын болған. Осы кезде «Жас қайрат» газеті де өз шығармашылығын бастаған еді. Бұл кездері елімізде газет тапшы болды. Жалпы осы бағыттағы газеттердің соңында кітапханалық тізім көрсеткіштерімен (оның ішінде балаларға, көркем-суретке, ауыл шаруашылығына арналған тақырыптар және т.б.) және әдеби шығармалар, әзіл-ысқақ журналдар қазақ тілінде ай сайын шығарылып тұрған. Осы 1925 жылдың желтоқсан айында баспасөздегі орыс тіліндегі журналдар қазақ тілінде де басылсын – деген нұсқау қабылданған.

1925 жылдың 2 қарашасындағы кезекті Казкрайкомның отырысында О.Жандосов Тәшкендегі «Түрікпечати» акционерлік қоғамымен Қазақстанның жұмыс жасауы өзара сауда байланысы үшін де қажет екендігін айтты. Сондай-ақ, О.Жандосов Орынбордағы кеңестік партия мектебінің қазақтардың екінші астанасы болған Қызыл-Орда қаласына көшірілуіне себепкер болды [11]. ҚРПМ 141-қор, 1-тізбе, 491-іс, 8 парақ 

Осы кезде еліміздегі сауатсыздықты жою мақсатында бірнеше мектептер оқулықтармен жабдықталды.

         Орталық комитеттің келешектегі идеологиялық жұмыстарын халыққа насихаттау мен дамытуда оның тәжірибесін, қабылдаған шешімдерін, партияның жұмыстарын күнделікті баспасөз беттерінде жариялау қолға алынып, ол жергілікті комитеттермен қадағаланды. Мұрағат құжаттарына талдау жасағанда Ораз Жандосов берілген тапсырманың орындаушыға тез жетуіне ерекше көңіл аударған. Ол көбіне қатынас, жеделхат жазып, уақыт алдырудан гөрі жалпы бұқараға түсінікті, қарапайым тілмен тапсырмаларын, қаулылары мен шешімдерін «плакат» арқылы көпшілікке жеткізуді кең қолданған. Бұл ұйымдастыру жұмысының төте әрі тиімді жолы екендігін өмір тәжірибесінен айқын білген. Сол кезде мұндай тәсіл көптеген басшылар тарапынан жүзеге аспаған тың іс болды.

Егер кез келген халықтың, ұлттың тағдыры мен болашағы, белгілі дәрежеде, оның отаншыл, биік өрелі перзенттерінің саны мен сапасына тәуелді десек, онда ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ елінің жұлдызы шынымен де оңынан туған еді. Бұл қысқа тарихи мезгілде халқымыздың бақытты тағдырына орай ондаған, жүздеген талантты азаматтары өмірге келіп, қоғамдық тіршіліктің барлық саласына белсене араласып, өз елінің өмірін қайта жаңғыртуға даяр екендігін айқын таныта білді. Бірақ, өкінішке орай, осы жұмбақ ұрпақты өмірге әкелген шындық. Дегенменде орта оларға тағдырдың өзі артқан қасиетті тарихи міндетті толық, аяғына шейін орындап кетуге мүмкіндік бермеді.

         Ораз Жандосовтың қазақ шәкірттеріне өнегелік сипаты бар іс-әрекеттерінің көптігі елдің бұл күндері емін-еркін дамып отырған мәдениеті үшін пайдалы болғаны айдан-анық. О.Жандосовтың Казкрайкомда (Қазақ өлкелік комитетінде) атқарған қызметі мен алған орны жеткілікті зерттеу елегінен өткізіліп, жоғары деңгейде өз бағасын алмаған. О.Жандосов партия қатарына өткенінде Жетісудағы саяси жағдай қиын да, күрделі болатын.

         Осындай қажырлы еңбегімен көзге түскен О.Жандосов 1922 жылдың 3 қыркүйегінде Түркістан компартиясы Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Алайда білімге деген құштарлық оны Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясына алып келді. 1923 жылдың қыркүйегінен 1924 жылдың қазан айына дейін ол осында студент болды. Туған өлкесі оны тағы да аса маңызды жұмыстарға басшылық етуге кері шақыртып алды. О.Жандосов 1925 жылдың 18 сәуірінде Қазақ өлкелік партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. (Конференция)

         Сол кезеңдегі аса даулы жер мәселесі төңірегіндегі шиеленістегі ұлтаралық қатынасты шешуде О.Жандосов «жерге орналастыру саласында ең алдымен байырғы халықты, әсіресе олардың отырықшыланып жатқандарын қамтамасыз ету жөнінде міндет қойылатын болсын» — деп Қазақ өлкелік партия комитетінің 1925 жылы қыркүйек айында өткен бюро мәжілісінде өте дұрыс мәселе көтерді [ Ақиқат. А.: 1994.№6 – 41 – 45бб. ].   

         1926 жылы 23 маусымда Қазақ өлкелік комитетінің мүшесі болған О.Жандосовтың қатысуымен өткізілген кезекті отырысы болды. Онда денсаулық сақтау комитетінің 1926-1927 жылдарға арналған жоспары қаралды. Ауруханаларды қалпына келтіруге, жөндеуге, оларды жабдықтауға, дәрі-дәрмек алуға, дәрігерлердің жалақысын көтеру, ауылды жерлерде көлікпен қамтамасыз ету қиындық тудыратындығы басты мәселелер болды. Сонымен қатар дәрігер мамандарын дайындау үшін жергілікті халық арасында акушерлік техникумдарды, арнайы курстар ашып орта білімді дәрігер қызметкерлерін дайындау алға мақсат етіп қойылды [6]. 6. ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 178, парақ 333, 220

Қазақ жастарын мамандандыруда жоғары оқу орындарын ашу көзделді. Елдегі ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайды шешудің бірден-бір жолы білім арқылы келетіндігі сөзсіз. 1926 жылдың 18 қазанында О.Жандосов Қазақ өлкелік комитеті ВКП(б) атынан «Общества Изучении Казахстана» қоғамына жедел хат жолдайды. Ол қоғамнан АПО кітапханасының қажеттігіне сіздердің Қазақстанды меңгеру туралы еңбектеріңіздің толық кітап жинақтарын жіберулеріңізді сұрайды – деп жазды [7]. 7.  ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 127, парақ 34 Сонымен қатар қазақ жастары мен мектеп оқушыларын қоғамдық жұмысқа араластыруда, оларға тәрбиелік маңызы бар бағыт-бағдар беру үшін, коммунистік жоғары оқу орнын бітірген оқытушыларды жіберу туралы өтініш жасағандардың бірі Ораз Жандосов еді. Осыған байланысты Зиновьевский жоғары оқу орнын бітірген Ярмухамедов, Нұрмұхамедов, Смотряева, Плоткина және Тетерятниковтар Қызыл-Орда қаласына алғашқылар болып келген еді [7,44 б.].

         Осы 1925-1927 жылдары Ораз Жандосов Халық Ағарту Комиссариатын басқарған жылдары халыққа білім беру ісін өрге бастырып, республикада сауатсыздықты жою, мектептер мен интернаттар жүйесін ұлғайту науқанын бастады. Ол сонымен бірге қазақ  мектептерінің қаулап өсуіне, жоғары оқу орындарының көптеп құрылуына ұйтқы болды. Мемлекеттік көпшілік кітапханасының басшысы да Ораз Жандосов болғанын бүгінде екінің бірі біле бермес. Елдегі сауатсыздықты жою мәселесі ескеріле отырып, Қазақ өлкелік комитетінің отырысында қала, ауыл жастары мен қазақ коммунистері арасынан партия мектептерін ұйымдастыру керектігі қаралды.

         Ораз Жандосов көшпенді мал шаруашылығымен айналысатын ауылдарда тұратын қазақтар арасында съездік курстар өткізуді ұсынды. Көшпенді ауылдық жерлердегі қазақтар арасында бұл съезд қыс уақыттарында өткізілетін болды [8]. 8.  ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 234, парақ 15-16,48 Бұндай сауатсыздықты жою жолындағы күрестің ең тиімді жолдарының бірі болып табылды. Бұл күрес жолында О.Жандосов Өлкелік комитеттердің барлығына 1925-1927 жылдардағы өткізіліп жатқан курстар бойынша жұмысшыларды дайындауды хабарлап, олардан дайындықтың есебін сұратты [8,48 б.]. Ондағы мақсат оларды тізімге алу емес, қаншалықты осы шараның нәтижелі екендігін анықтау еді.

         Осы кезеңде рабфакқа оқуға келгендердің бірі – К.Ахметжановтың естелігінде: «… 1927 жыл. Турксиб темір жолының Семей қаласынан басталып, түстікке қарай созылған бөлегі салынып жатқан кез. Сол уақыттағы Аякөз аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы У.Тегінбаев аудан жастарының арасынан тілек білдірген он – он бес комсомол мүшесіне жолдама беріп, теміржол құрылысын салуға жіберді. Бұлардың ішінде мен де бармын. Осы теміржол құрылысын көруге Мәскеуден арнайы комиссия жіберіліпті. Комиссияның бастығы Т.Рысқұлов екен. «Ол бізден оқығыларың келе ме?» – деп сұрады. Біз өзіміздің арабша аздап жазып, оқи алатынымызды айттық. Түсетін мектеп болса, сауатымызды ашатын адам болса оқитынымызды білдірдік. Бұл сөзімізді естісімен Т.Рысқұлов мына комсомол жұмысшылардың есеп қисаптарын үш күн ішінде жасап бітіріңдер, – деді ол құрылыс басшыларына. Тиісті ақшаларын, мінездемелерін қолдарына беріп, бұларды Алматыға оқуға жіберу керек.

         Т.Рысқұлов соны айтып, арнайы тапсырма берді де, бізді вагон ішіне кіруге шақырып, өзі үлкен былғары сары портфелінен қағаз алып, аты-жөнімізді жаза бастады. Сөйтіп Алматыға Наркомпрос басшыларының атына жазылған жолдама қағазды қолымызға ұстатты.

          – Ал, жас жұмысшылар, Алматыға барыңдар, сауат ашыңдар! Жақсы оқып білім алып, азамат болып шығыңдар, – қош айтысып, вагоннан шығарып салды.

         Көп кешікпей біздер, үш-төрт жұмысшы жастар Алматыға келдік. Наркомпрос кеңсесін тауып, ондағы бір кабинеттің маңдайшасына жазылған «Ораз Жандосов» деген жазуды оқып, іздеп келген адамымызды бірден тауып алғанымызға қатты қуандық. Кабинетке кіріп Ораз Жандосов ағайға сәлем беріп, Т.Рысқұловтан алған жолдама қағазымызды көрсеттік.

         Ораз Жандосов біздің жолдама қағазымызды асықпай, байыппен оқып шықты да, оған бұрыштама жазып өзімізге қайтып берді. Мына мекенжаймен мен көрсеткен рабфакты табасыздар, – деп біз баратын оқу орнын, көшенің атын айтып жөнелтті.

         Сыртқа шыққан соң жолдама қағазымыздың бұрышына жазылған «Жұмысшылар үшін ашылған рабфактың даярлық бөліміне алынсын» – деген сөздерді оқыдық. Оның соңынан қол қойылып, айы, күні көрсетілген. Бұл құжат біз сияқты жетімдік пен жоқшылық тақсіретін меңзеген киелі қағаз екенін көп жылдар өткеннен кейін мархабатпен еске алып, ардақты ағалар рухына бас игенімізді айтқанды ләзім көреміз. Осы адамдардың қамқорлық жасауының арқасында біздің бәріміз де рабфакты бітіріп, орта дәрежелі білім алып шықтық, болашақ жарқын өмірімізге сеніммен қадам бастық» – деп жазылған [9]. 9. Ахметжанов К. //Мәдениет және тұрмыс.1985. № 7–  Бұдан Ораз Жандосовтың ағарту саласындағы қызметін кеңірек зерттеу, қазақ халқының ғылым жолының дамуының тарихи тәжірибелерін қорытудағы сіңірген еңбегінің зор екендігін көреміз.    

         Ораз Жандосовтың педагогикалық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі де айрықша. Ол Қазақ мемлекеттік университетін құру жөніндегі бюросын басқарды. Қазақ Ауыл шаруашылық институтының негізін салушылардың бірі және оның тұңғыш директоры болған.

Осы 1928 жылдың күзінде Оқу – ағарту Халық Комиссары Ораз Жандосовтың шақыруымен Қазақ Мемлекеттік университетінің ашылу салтанатына халқымыздың тағы бір ұлы азаматы Ахмет Байтұрсынов қатысып арнайы сөз сөйледі. Осы сөзінде ол: «Біздің заманымызда жоғары мәдениет аса терең өмірлік қажеттілік болып отыр. Жоғары мәдениетке сүйенбеген өмір күтпеген кездейсоқтықтарға ұшырап отырады… Ал, Қазақстанның мәдениеті мен экономикасы үшін Университеттің ашылуының қаншалықты зор маңызы бар екендігін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас» – деп көрсеткен еді [10]. 10. Белғара Б. О.Жандосов есімі ортамызға оралсын. //Түркістан. 1999. 7 шілде. 2 бет

1928 жылы Қазақстандағы жоғары оқу орындарының алғаш ашылуы кезінде О.Жандосов республикалық газет редакторының бірі болды. Журналистік қызметінің төртінші кезеңін бастан өткерді. О.Жандосов «Еңбекші қазақ» газетінде «Ауылдағы таптар туралы», «Жұмысшы, қара шаруа әліпбиі», «Қазақ атты дивизионы», «Бірнеше ұсыныс», «Аймағыңды таны», «Қазақстанның зерттеу қоғамы» деген мақалаларын жариялады [3, 45б]. Қажырлы қайраткер бұдан кейін де кеңес партиясының қызметттерін жауапкершілікпен атқарды. Қайда жүрсе де ел игілігі үшін еңбек етуден жалықпады.

 

Халық ағарту комитетінің төрағасы О.Жандосовтың 1928 жылы КазГУ-тін ашуды ұйымдастыру жұмыстары туралы берген баяндамасында Аймақтық ВК(б)П комитеті қаулысымен 1928 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін ашудағы ұйымдастыру жұмыстарының барысы және оның құрамындағы «рабфактың» жағдайы жөніндегі мыналарды атап өтті.

  1. Қазақ Мемлекеттік Университетінің ректоры С.Асфендияров Ташкентке жіберілген телеграмма негізінде Алматыға С.Асфендияров 1 қазанда шығатындығы жөнінде баяндайды. С.Асфендияровтың айтуы бойынша, Мәскеуден Алматыға 12 ғылыми қызметкерлер келеді. Бұл ғылыми қызметкерлер қыркүйек айының соңында келеді деп жоспарланды. Алайда бұл ғылыми қызметкерлер уақытында келмеді. Оқу орнында Досмұхамедов, Ермеков, рабфактың меңгерушісі Шейнесон. А.Байтұрсынов Қызылордадан Алматыға қарай қыркүйек айының басында келмекші болған еді. Өйткені ол да оқытушылардың құрамында болған.
  2. Осы жылы  КазГУ – ге   студент  ретінде қабылдану үшін емтихан тапсыруға 100 адамға рұқсат бергендігін  баяндай келе О.Жандосов олардың ішінде 39 қазақ оқуға қабылданып, 70 адам сынақ тапсыруға келгендігін  атап өтті. Оның ішінде  Ташкент педагогикалық жоғарғы оқу орнынан  8 адам келген. Сынаққа қабылдау мерзімі 29 қыркүйектен 3 қазан аралығында өткізілді. 1928 жылы Рабфакқа мандаттық комиссия арқылы 60 адам құжат өткізсе, оның 31-і қазақ болды. Қабылдау сынағынан 40 адам өткізілу керек болатын. Рабфак барлық жағынан жабдықталынды. Қазақ Мемлекеттік Университетіндегі қазақ азаматтарының қабылдануына шаралар қолдану керек болды. Мысалға, қазақ ұлтынан студенттерді қосымша қабылдау сияқты.
  3. Қазақ Мемлекеттік Университетінің аппараттық ұйымдастыру комиссиясы бөлімі екі мүшеден тұрды. Олар: Мен және Досмұхамедов. Сонымен қатар, іс жүргізуші завхоз, хатшы, еден жуушы сияқты жұмыскерлер бар.

         Қазақ Мемлекеттік Университетінің 1928-1929 жылдардағы штаттық және сметалық жоспары әлі күнге дейін анықталған жоқ. Рабфак бойынша рабфактың меңгерушісі және оның әкімшілік шаруашылық бөлімінің төрағасы Қазақ Мемлекеттік Университетінің жалпы кеңсесін құрады. Қазақ Мемлекеттік Университетінің ұйымдастыру жұмыстарының іске асырылуына 2500 сом, рабфак бойынша 1000 сом шығын белгіленді. Осыдан қалған қор Қазақ Мемлекеттік Университеті бойынша 1350 сом, рабфак бойынша 3000 сом. Рабфак бойынша негізгі қаржы студенттердің жатақханасын жабдықтауға жұмсалды.

         Рабфак қаражатының бір бөлігін тығырықтан шығу үшін студенттерге жатақханадан бөлек жерлерде тұрақтану үшін берілген мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  1. Университеттің бас ғимаратындағы жөндеу жұмыстары аяқталғанымен, ғимарат университет пайдалануына берілген жоқ.
  2. Қазақ Мемлекеттік Университеті жиһаздармен және кабинеттерді керекті құралдармен жабдықтау үшін Ташкенттен 3000 сом көлеміндегі қаражыға аталған заттар жіберілуі тиіс еді.

         Фрунзеден университеттің жабдықталуына алты вагон жүк жіберілді. Оның ішінде 198 орындық және тағы басқа оқу орнына қажетті құрал-жабдықтар болды. Аталған 198 орындықтың 74-і ғана қоймаға тапсырылған, ал қалған бөлігі 30 қыркүйекте Ташкент арқылы жіберіледі деп хабарланды. Ал шетелдерден келетін 6000 сомдық жабдық жөнінде хабар жоқ. Қазақ Мемлекеттік Университетінің кітапханасын жабдықтау үшін 10000 сом бөлінуі тиіс еді. Сонымен қатар, бұл оқу орнының лабараторияларын жабдықтау Мәскеу мен Ленинград  қалаларының басшылығына тапсырылған еді. Мәскеу мен Ленинград арқылы лабараторияларды жабдықтау Слонин мырзаға тапсырылды. Бұл мәселенің орындалуы жөнінде Слониннің мәліметі әлі тапсырылған жоқ.

  1. Осындай келеңсіздіктерді алға қоя отырып, біріншіден, 1928-1929 жылдардың жоспарында университетті жабдықтауға қаржы бөлуді, оны толықтыруға баса назар аударылса деген ұсыныс білдіре отырып, осы жабдықтарды Ташкенттен жоспарға сай жеткізілсе дұрыс болар еді – деген ұсыныс орынды болды.
  2. Қазақ Мемлекеттік Университетінің ғылыми қызметкерлеріне арналып босатылуы тиіс, 17 пәтер белгіленген еді. Пәтерлерді босату жұмыстары Алматы колхозына жоспарланған еді. Оның екі үйі ғана босатылған. Ауыл Халық Комитетінің (СНК) бастамасымен Қазақ Мемлекеттік Университетінің ғылыми қызметкерлеріне Жетісу қонақ үйінен пәтер дайын болғанға дейін орналастыру ұсынылды. Алайда «КоммуналТрест» бұл мәселеге қарсы тұрды. Халық Комитетінің басшылығының табандылығының арқасында бес айға бөлме алуға қол жеткізілді. Бұл іске асырылса, қызметкерлердің материалдық жағдайы шешілер еді. Осы мәселелерді шешкеннен кейін, университеттің қоғамдық жұмыстардың ұйымдастыру мәселесімен айналысуға жол ашылар еді. Соңында ҚазССР-нің Халық ағарту комитетінің және Қазақ Мемлекеттік Университетінің ұйымдастыру комиссиясының төрағасы О.Жандосов деп қол қойылған [ҚРПМ қор 2, тізбе 1, іс 73, парақ 1,9].

1928 жылы қаңтарда Ораз Қиқымұлының Халық ағарту комиссары қызметіне бекуінің орасан зор ұйымдастырушы күш-жігерінің Қазақстанның рухани өмірін байыта түсу ісіне қызмет етуіне жол ашты. Ол республикада тұңғыш рет жеті жылдық білім беру жүйесіне көшуге мұрындық болып, осы бағытта жемісті еңбек етті. Араб харпінен латын жазуына көшу тәрізді күрделі реформаның жүргізілуі де оның есімімен тығыз байланысты. О.Жандосов осы жұмысты жүргізетін мемлекеттік комитетті басқарды. Оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға байланысты үлкен қамқорлықта Оразға тән болды. Ол А.Байтұрсыновтың оқулықтарын, І.Жансүгіровтың «Малта», Ж.Аймауытовтың «Кемпір мен шал», «Көк өгіз» кітаптарын Қазақ мемлекеттік баспасынан басып шығару ісін өзі тікелей қадағалағаны белгілі. Оның М.Тынышпаевтың «Қазақ тарихы» кітабын редакциялауға ықпал жасауға әрекеттенгені, қуғындалып жүрген М.Әуезовтың «Қазақ әдебиетінің тарихы», Т. Шонановтың 1916 жылғы естеліктер жинағын жарыққа шығаруға күш салғаны мәлім [11]. Жаңа мазмұндағы оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру, сол негізде қазақ зиялыларының жаңа жас буынын өсіру сияқты кең ауқымды мәселелерді шешуде анық көрінді. (Омарбеков Т. Сборник документов научной конференции посвященной 100-летию О.К.Жандосова. А., 1999.– С.15-16)

Бүгін міне, ХХ ғасырдың соңында өз тәуелсіздігін қолына алып, беделді мемлекеттермен бірге бой көтеріп келе жатқан Қазақстанның мемлекеттілігінің ірге тасын қалауда Ораз Жандосовтың еңбегі зор деп айта аламыз. Есік қаласының екінші Көктөбесіндегі О.Жандосовтың атындағы мектепте Ораз Жандосовтың 100 жылдығына арналған облыстық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.Салтанатты жиынды мектеп директоры Бағила Әбікенқызы Есіркепова ашты. Мектеп директорының сөзінен аңғарылғанындай 1960 жылы жер жағдайына байланысты сегіз жылдық мектептен бөлініп, бастауыш мектеп ретінде өз алдына отау тіккен күннен бастап Ораз Жандосов атын меншіктеген екен. Мектепте Ораз Жандосовтың мұражайы, этнографиялық және ардагерлер мұражайлары, экологиялық бұрыш, Абай бөлмелері жұмыс істейді екен.

Бұл мектеп өткен «қуғын-сүргін құрбандарын еске түсіру жылында да» О.Жандосов ұрпақтарымен кездесу өткізсе, міне, енді 1999 жылы «Халық бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы» жылында да бірінші болып Ораз Жандосовтың 100 жылдығына арнап облыстық ғылыми-теориялық конференция өткізіп, оған О.Жандосов ұрпақтарымен қоса облыстағы О.Жандосов атындағы мектептердің өкілдерін түгел шақырды [12].  (Оразақын А. Халқын сүйген азамат. //Қазақстан мұғалімі. 1999.–13 қазан, 3 бет.)

Егер кез келген халықтың, ұлттың тағдыры мен болашағы, белгілі дәрежеде, оның отаншыл, биік өрелі перзенттерінің саны мен сапасына тәуелді десек, онда ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ елінің жұлдызы шынымен де оңынан туған еді. Бұл қысқа тарихи мезгілде халқымыздың бақытты тағдырына орай ондаған, жүздеген талантты азаматтары өмірге келіп, қоғамдық тіршіліктің барлық саласына белсене араласып, өз елінің өмірін қайта жаңғыртуға даяр екендігін айқын таныта білді. Бірақ, өкінішке орай, осы жұмбақ ұрпақты өмірге әкелген шындық. Дегенменде орта оларға тағдырдың өзі артқан қасиетті тарихи міндетті толық, аяғына шейін орындап кетуге мүмкіндік бермеді. Соның ішінде О.Жандосов отаршылдық-жазалау мен ұлттық езгінің қалдығын жою және саяси-әлеуметтік, ұлттық теңдік, ұлттық мемлекеттік саясат мәселесін көздеді десек артық болмас. Ол 1928 жылы Қазақ Республикасының Халық ағарту наркомы қызметіне ауыстырылады. Бұл салада оның жинақтаған іс-тәжірибесі аз емес-ті. О.Жандосов Кеңес өкіметінің сонау алғашқы жылдарында-ақ Жетісу өңірінде тұңғыш ауыл мектептерін ашқан қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы, Санжар Аспандиярұлы және т.б. алаш зиялыларына оқулықтар жазуға кезінде көп көмек көрсетіп, ұлы істерге ұйтқы болған еңбегін қазақ баласы қай заманда болмасын ұмытпайды деп ойлаймыз.

 

 

 

 

ІІІ ОРАЗ ЖАНДОСОВ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

3.1 О. Жандосов және 1924 жылдардағы ұлттық-территориялық межелеудің нәтижелері.

 

1924-1926 жылдары Орта Азия халықтарының этникалық-аймақтық шекараларын межелеу оңай шешіле қалған жоқ. Бұл, әсіресе, Орта Азияны ежелден жаз жайлауы, қыс қыстауы еткен қазақтарға қиындау тиді. Соған байланысты, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараларын белгілеу жұмыстарын жүргізу қиынға соқты. Қазақстан мен Қырғызстан арасында бұл көбіне жайлауларға қатысты болды.

Этникалық-аймақтық межелеу нәтижесінде қазіргі Қырғызстан алғашқыда Қырғыз автономиялы облысы болып құрылады. Шекараны белгілеу комиссиясының төрағасы Н.И.Зеленскийдің басшылығымен екі жақ та шекараны нақтылап, бекітеді. Сырдария, Жетісу облыстарынан сарапшы ретінде Қазақстан өкіметі тарапынан С.Меңдешов, С.Қожанов, А.Серғазиев, Т.Жүргенов қатысады. Екі жақтың өкілдерімен келісіліп, шекара бекітілсе де, жайлауларға қатысты қазақтар тарапынан шекараны қайта қарау жөнінде ұсыныстар түседі. Өйткені қазіргі Әулиеата уезіне қараған Сусамыр шатқалы, 1924 жылғы О.Жандосовтың экспедициясының мәліметіне қарағанда, Сусамыр шатқалы Қырғыз автономиялы облысына қараған [ //Қазақ тарихы. 2003.-№3 – 45 б.].

Ораз Жандосов ұлт істерін басқарып жүрген кезінде ұлттар арасындағы алдымен теңсіздікті жоюда жоғарыда келтіргеніміздей әділетсіздіктердің бетін ашып, арнайы заң шығартқаны сияқты отарлаушы озбырлардың шектен тыс өктемдігіне қарсы ымырасыз күрес жүргізген. Сөйтіп өкіметті бұл мәселе жөнінде арнайы қаулы қабылдауға мәжбүр еткен. Қазіргі Талдықорғандағы қазақ ауылының ежелгі шұрайлы бір қонысын келімсектер заңсыз иемденіп, оған «Грозный» деп қазақтарға сес көрсете ат қойып, емін-еркін орналасып алған. Жерсіз, сусыз тентіреген байырғы тұрғындардың арыздануы бойынша, жергілікті ревком қаулы алып, «грозныйлық» зорлықшыларға Сарқант төңірегінен бос жер беріп көшіреді. Ауылға «Ерік» деп жаңа ат қойып, ежелгі иелеріне ұсынылған [8]. ( Көмек газеті, 1918. 23 желтоқсан. 2,3 б. Кедей еркі газеті (Қапал уезінен), 1921, 1 маусым. №6) Мұндай игі істер күні бүгінге дейін ұмытылмай, ел аузында айтылып жүр.

1923 жылдың 15 қаңтарында «Қосшы» одағының президиумының отрысында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында «Қосшы» одағының комитеттерімен экономикалық-кооперативтік бөлімшелер ашу туралы қаулы қабылданады. 1923 жылдың 23 ақпанында осы қаулыны іске асыруда «Қосшы» одағының орталық басқармасының экономикалық-кооперативтік бөлімі туралы ережемен таныстыру болып өтті.

Осы жылдың 13 ақпанында Сырдария облысындағы ондағы Ташкент және оның уездеріндегі барлық халықтық жер комитеттерінің басқармасы мен бөлімшелеріндегі азаматтарды қайта тізімге алу жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті жерлерде жерге орналастыру жұмыстары кеңестік партиялар мен жерге орналастыру басқармаларының бұрығымен іске асырылды.

Жер шаруашылығы басқармасы барлық басқару орындарына 1922 жылдың 31 желтоқсанынан бастап «Туркглавэвак» жойылып, 1923 жылдың 1 қаңтарынан «По передвижению переселенцев Наркомзема РСФСР в Средней Азий» комитеті құрылып, алғашқы кездері уақытша «Туркглавэвактың» ережелерімен жұмыс атқарды [ ҚРОММ қор 74, тізбе 4, іс 76, парақ 15,33,32].    

1925 жылы өткізілген Бүкіл қазақ 5-конференциясының 5-ші резолюциясында Орта Азиялық елдердің шекаралық межеленуін анықтауда Партия Кеңесі атқарған бұл халықтардың өміріндегі тарихи кезеңдердің бірі болды деп қарастырылды. Осының негізінде бұл халықтар ұлттық мемлекеттік территориясын белгілеп, өз халқына тән ерекшеліктерін сақтай отырып әрі қарай дамуына мүмкіншілік алып отыр. Кеңес Одағының құрамына біріккен қазақ елі Орта Азиядағы қазақ облыстары бұрынғы Түркістан Республикасы (Жетісу және Сырдария) және Қарақалпақ автономиялық облысы құрылды. Бұл бірінші қазақ халқының астанасын ауыстыруды қажет етті. Қазақ халқын біріктіру жұмыстары аяқталып, қазақ елі ҚазССР біртұтас ұлттық мемлекет болды. Ендігі жерде ҚазССР құрамына енгізілген жерлердің шекаралық аудандарының территориясын біржолата нақты белгілеп анықтау жұмыстарын аяқтау Қазақ Өлкелік Комитетке жүктелді. Осы 5-ші съезде Партия үкіметінің саясаты негізінде Қазақ халқын Кеңес Одағы Республикаларының құрамына енгізу жұмыстары толығымен аяқталғандығы айтылды [ ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 147, парақ 89 ].  

 1925 жылдағы 5-ші Бүкіл қазақ конференциясында Кеңестік Партияның 12 съезінде бекітілген 7 пунктінде қазақ даласындағы ескі орыс шовинистік идея мен ұлтшылдармен күрес жүргізу керектігі туралы айтылған. Енді осы көтерілген мәселелерді іске асыра отырып, қазақ халқының экономикалық және мәдени жағдайын дамытуды қолға алу қарастырылды. Ондағы ұлттар арасындағы қарым-қатынас бауырмалдық қатынаста болуы керек. Әсіресе, олардың арасындағы аз ұлттарға қолдау көрсетуге Өлкелік Комитет көп көңіл бөлуі қажет [ ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 127, парақ 2 ].

К.Нұрпейіс «Алаш һәм Алашорда» атты кітабында: «Қазақ съездерінде талқыланған мәселелер мен оларда қабылданған шешімдер оған қатынасқан делегаттардың басым көпшілігінің өздерін ең алдымен қазақпыз деп, екіншіден мұсылманбыз деп, үшіншіден, Ресейдің азаматымыз деп түсінгендіктерін анық көрсетті» – деп жазды. Бір-бірімен тығыз байланыста болған осы үш мәселе Ақпан төңкерісінен кейін қазақ қауымында қалыптасқан қоғамдық-саяси қозғалысқа ғана тән болып қойған жоқ, сонымен қатар Ресей империясын мекендеген халықтардың барлығын да ойландырып, толғандырған мәселе. Өз тәуелсіздігін қолына алып, дербес мемлекеттермен бірге бой түзеп келе жатқан Қазақстанның ірге тасын қалаушылардың қатарында Ораз Қиқымұлы Жандосов та бар деп зор сеніммен айта аламыз.

 

 

 

1926 жылы 2 қазанда Крайком мәжілісінде Қазақстандағы жер саясаты мәселелерін шешудегі құрылған комиссия құрамында Әлібеков, Жандосов, Каширин, Нұрмақов, Мырзағалиевтер болды [14]. Оның ішіндегі О.Жандосовтың ұлт араздығын тудырушыларға, оны тудыру себептеріне батыл да, аяусыз, күрескендігі жөнінде жазған деректері әлі де зерттелуде. Оның бірден бір айғағы барлық қалалық, аудандық, ауылдық жерлердегі халықтарға мына бір хаты: «Күйзеліс күн сайын өсуде, қайыршылық етек алуда, жерге деген үміт үзілуде, мал шаруашылығы қирады, өнеркәсіп аяғынан тік басып тұра алмауда. Міндет зор, күрес ауыр! Жерді бөлу керек, одан самодержавия салған бұғауды алу керек. Орысқа да, қазаққа да бір-біріне кеселдік келтірмей тыныштық пен жерде еркін еңбек етуіне мүмкіндік беру керек» [15].

1929 жылдың қаңтар айында Алматы аймақтық бюросы сауатсыздықпен күресуде «Рабфак на дому», «Заочные школы 1 и 2 ступени», «Сам себе агроном» атты ұйымдар халық арасында шығармашылық жұмыстарын бастады [ҚРПМ қор 2, тізбе 1, іс 240, парақ 37]. Негізінен қазақ халқының арасында мұндай жұмыстарды жүргізу 1-ші Бүкіл қазақ съезінде көтерілген мәселе болатын. Егер қазақ халқы Кеңес үкіметінің идеясын қолдаған болса, олар үшін бұл бірінші орында болуы керек. Қазақ халқын кеңірек ағартушылыққа тарту үшін жергілікті жерлерде Халық Ағарту Кеңестері құрылып, жұмыс осы бағытта атқарылуы тиіс болды [ҚРПМ қор 140, тізбе 1, іс 8, парақ 10].

Голощекиннің 1929 жылдың 4 наурызындағы Орталық Комитеттің ауылдарды ауыл шаруашылығы көліктерімен қамтамасыз ету қаулысы бойынша аймақтық комитеттерге, колхоз, совхоздарда ауыл шаруашылығы көліктерімен қамтамасыз етуді қолға алуды бұйырды. Осы негізде СНК-ға жедел техникалармен қамтамасыз етудегі әдіс-тәсіл жолдарын жоспарлап, жүзеге асыруды талап етті [ҚРПМ қор 2, тізбе 1, іс 297, парақ 14].

1929 жылы елдегі коммуна мәселесіне байланысты Жетісу аймағы да осы бағытқа көше бастаған еді [ҚРПМ қор 2, тізбе 1, іс 309, парақ 29].

Голощокиндік саясат принциптерінің бастыларының бірі – бай немесе кулак болсаң бітті. Қоғамға жат, жау элемент болып табыласың және сені жою керек дегенге келіп тіреледі.

        1928 жылдың 27 тамызында жарық көрген байлардың қожалықтарын кәмпескелеу туралы КАССР ХКК және ОАҚ- ның қаулысын жүзеге асыруға байланысты нұсқаудағы мынадай деректер еріксіз назар аудартады: «Жер аударылуға тиістілер: а) көшпелі аудандарға-400 бастан астам, жартылай көшпелі аудандарда – 300 бастан астам, ал отырықты жерлерде- 150 бастан астам ірі қара малы бар байлар. Олар өзінің рубасылық юеделдерін пайдаланып, ауылды кеңестендіруге аса қауіпті кедергі болып табылады. Жер аударылуға тиістілер жаңа мекендеген жерлерінде сайлауға дауыс беру құқығынан айырылғандардың тізіміне еңгізіледі ».

         Шындығында да байларды адам ретінде қарамай, оларды дауыс беру құқығынан айыру бұл дүниеде өмір сүру құқығынан айырумен бірдей еді. Оның үстіне бұл жағдай голощекиндік қатыгез саясаттың адам жаны түршігерлік салдарларының бірі. Осы қуғын-сүргінге қарсы наразылық білдіріп, қазақ халқы ыдырап, түп – тамырымен жойылып кетпесін деп ұлтына жандары ашыған қазақ елінің қайраткерлері, азаматтары болды. 1928 жылдың 8 қыркүйегінде Жандосовтың Нагатовичке жазған хаты осының бір айғағы. Онда мынадай жолдар бар: « Қырғыз облыстық комитетінде мен манаптарды көшіру жөніндегі материалдарды жылдам қарап шықтым. Мені таңырқатқан жағдай мынау болды. Қырғыз республикасы бойынша кәмпескеленген және көшірілінген барлығы 22 манап болды. Құжаттардың арасынан кәмпескеленген дүние-мүліктің саны, оларды қалдыру және тарату мөлшері жөнінде үкімдерді таба алмадым.

200 қой және 35 бастан астам ірі қара малы бар қожалықтарды манаптардың-байлардың қожалықтары деп есептеген. Манаптарды кәмпескелеу және жер аудару туралы үкімдерді жиналыстарда шығарып, манаптарды тұтқындап, оны сол жерде орындауға келіскен ».Мұнан ары О. Жандосов бұл процестің Қазақстанда қатал жүргізіліп жатқанын еске салды.

Голощекиннің және оның төңрегіндегі қолшоқпарларының бай- феодалдардың сыбайластарын партия ішінен айыптап, іздегені белгілі. 1929 жылдың 14 желтоқсанында ІІІ Пленумның ішкі мәжілісінде ол былай деген еді: «Қазіргі уақытқа тән нәрсе партия құрылысының нығайуы емес, керісінше, топшылдардың партия ішінде еңінен таратып жүрген ходжановщина, рыскулывщина мен сатвакасовщина идеологиясының және алаш орданың идеологиясының өрістеуі болып табылады. Мен күмәнсіз айта аламын, дегенмен қазіргі уақытта қандайда да бір болмасын топшылдарға қосылмайтын қазақ коммунисті табу өте қиын ».

Ресми басшылық жүргізіп отырған Сталин саясатының басты түбірі оында еді. Біріншіден, кедей-батрактарды « Байды жою керек » ұраны арқылы байларға қарсы қою мақсаты көзделді. Егерде бай-феодалдарға көмек көрсетіп, қолдасаң халық жауы болып табыласың. Осы кеңінен тараған голощекиннің саясатының мәнін әлде қашан түсініп  ұққан қазақ халқының ұлдары, ұлттық интелегенция өкілдері қудалауға ұшырағаны рас.  

«Кейбір аудандарда селолық кеңестерде және жалпы жиналыстарда кулактар мынадай мәлімдеді: барлық дүние-мүлкімді ала беріңдер, социализмге еңбекшінің жолымен өткім келеді» деген сөздерді 1930 жылдың 12 қантарында шыққан «Советская степь» газетінің бетінде кездестіруге болады. Бай-кулактар арасында амалсыздан, кейде тіптен шын ниетіен «жаңа өкіметке» адал еңбек етугі бет бұрып жүргендер аз болмады. Бірақ Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты Қазақстанды колхоздандыру жолында негізінде бай-кулак тобын жою шараларын іске асыру арқылы жүргізілді. Осылайша, кедейді байдың денгейіне жеткізудін орнына, байды кедейдің жағдайына түсіру саясаты орын алып кетті. «Советская степь» газеттінін 1930 жылдын 21 қаңтарындағы санында: «Жауыздықпен малдын басын азайтып жүрген кулакпен, ең қатыгез жау ретінде күресуге заң нұсқау береді. Бай –кулактарды жерді пайдалану құқығынан айыруды, ауыл – шаруашылық құралдар мен малын кәмнескелеуді, қылмысты іс ашып сотқа беруді сілтейді…» [Ақиқат үйдегі ]

Колхоздарға судай сіңіп алған, қастандық жұмыстарын жалғастырып жүрген бай мен кулактарды жылдам колхоздардан алатаяқпен қуып шығу керек. Бай және кулактар сасқалақтап, не колхозға  кірерін білмей, не басқа жерге барарын білмей, амалсыз шешімсіз халде қалғаны белгілі. Елге зобалаң әкелген ұрдажық ұранының сиқы мынадай болды». Оңшыл оппортунистердің үстінен аяусыз соққы беру қажет, кулактарды тап ретінде жою жұмыстарын тоқтатып отырған сол жылдардын үстінен қайта-қайта соққы беріп отыру керек». Қысқасы кеңестік идеологиясы үшін бай-кулак элементтерінен ауылды тазарту жұмыстары ең бастапқы мәселеге айналды. Сондықтан, колхоздандыру шараларының тоқтап қалуы, ауыл шаруашылық өнімдерінің азайып кетуі кеңес өкіметіне қас тап өкілдерінің кері әсерінің салдары деп түсінілді. «Советская степь» газеті 1931 жылдың 21 шілдесінде тағы да былай деп мәлімдеді: «Партия басшыларын ауыстыру мерзімі қарсаңында ұйымдар ішінде байларды тәркілеу жұмыстарын әлсіретуінде, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау мерзімінде оппортунистік әдістер өте анық байқалды». Сталиндік-голощекиндік культтің даму кезеңінде «жала жабу», «әшкерелеу», «айыптау» әдістері кеңінен тарады [Ақиқат үйдегі]. Соның салдарынан пария мүшелерінің өз ішінде бір – біріне күдікпен қарау, бір-бірін «халық жауы» ретінде ұстап беру секілді тенденция өрши түсті. VII – Бүкілқазақтық партия конференсиясында Голощекин мынадай сөз айтты: «… Тек жеке шаруашылықты біріктіріп, кедейді, орташаны тегісінен колхозға ұйымдастырып, капиталдық шаруаның тамырын құртып, бай — кулактарды колхоздан қуғанда ғана бай-кулактар табын жоя аламыз» [Ақиқат үйдегі ].

Кеңес үкіметінің екінші бесжылдығынан бастап қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығында отырықшылыққа көшіру қолға алынған болатын. Елдегі индустрияландыру жұмыстарының қарқынды дамуынан кейін, ұжымдастыру саясатының енгізілуі қазақ халқының шаруашылығын колхоздарға біріктіру жұмыстарының бірден өсуіне әкеле отырып, барлық ауыл шаруашылық қоғамын кеңестік негізде құру жоспарланды.

Қазақстанның жағдайында бұл кеңестік ауыл шаруашылықты қайта құрудағы отырықшылыққа көшу, көшпенді шаруашылықты жою, шаруашылықтардың шұғыл экстенсивті түрде енгізілуі қазақ халқы үшін қатыгездік болды. Кеңестік және экономикалық өмірдегі көшпенді артта қалған ұлттық республикалық өмірді мүлдем алып тастады. Бұны қазақ шаруашылығынан алып тастамайынша кеңестік өндірісті дамыту қалпына көшуге мүмкін емес болды. Өйткені тек отырықшылыққа көшу арқылы ғана Қарағанды,Қоңырат, Риддер, Қарсақпай және т.б. ауыр өнеркәсіптерін дамытуды, сондай-ақ, оған қажетті жұмыс күшіне қол жеткізеді.

Әрине отырықшылыққа көшу жұмыстары бірден, тыныш, таптар күресінсіз көшірілген жоқ. Егер екі жыл бұрын ауыл шаруашылығына қастандық жасаушылар, ауыл шаруашылық капиталистік даму жолында дамытуды жақтаушылар да аз болған жоқ. Олар көшпенді мал шаруашылығын Қазақстанның табиғатына сай құрылғандығын айта келіп, отырықшылыққа көшудің қажеті жоқ және іске аспайтын құбылыс деп білді. Егер бұл қоғамға зиян келтірушілер жұмысшылар алдында өз беделдерін түсіріп алса, оларды кулак немесе бай деп жатудың қажеті жоқ. Елдегі  кулактар мен байларға қатты соққы берілді, бірақ кейбір ауылдарда олар әлі де экономикалық салада күштерін жойған жоқ. Олар Кеңес үкіметінің билігін мойындағылары келмей, отырықшылықпен ұжымдастыруға қарсы болу себептері олар үшін отырықшылыққа көшу «жойылу» болып табылады.

Жетісу өлкесінде 1930-шы жыл мен 1931 жылдардың бірінші жарты жылдығында қазақ халқын отырықшылыққа көшіруде көшпелі шаруашылықтардың отырықшылыққа көшу жұмыстары көптеп іске асырылды. 1931 жылдың 20 шілдесінде 153.103 шаруашылық немесе 85,1 пайыз шаруашылықтар отырықшылыққа көшірілген. 1926-1930 жылдары 387,7 мың гектар жерге тұқым себілсе, 1931 жылы 738.675 гектар жерге  ауыл шаруашылықтарымен тұқым себілген [ ҚРОММ қор 74, тізбе11, іс 26, парақ 4,5,6].     

1920-30 жылдардағы қазақ интеллигенциясы өмір сүрген қоғам – қайшылығы мол, аса күрделі қоғам болды. Оның белді өкілдердің бірі болып табылатын О.Жандосовтың қазақ халқының болашағы үшін, жанкешті күресінен бүгінгі ұрпақ үлгі алғаны жөн. О.Жандосов және оның замандастары саяси қызметке араласқан шақта қазақ елінің негізгі мүдделері- жер, мемлекеттік билік және басқа жалпы ұлттық мәселелер өз шешімін табудан әлі алыс болатын.

 

         3.2 О.Жандосов – саяси қуғын сүргіннің құрбаны.

 

Кеңес үкіметінің идеологиялық саясаты 70 жыл бойы өзіміздің «қазақ халқы» екенімізді ұмыттырды. Осы саясаттың салдарынан халықтың зиялы қауымы «халық жауы» атанып жазықсыз жазаланып, олардың ұрпақтарына дейін қудаланып бүкіл елді үрей билеп, мәңгүрттенген еді. Заманның енді бір кезеңінде ол азаматтар ақталып, тарихи шындық салтанат құрған кезеңде келіп жетті. Еліміз дербестікке жетіп, тәуелсіз мемлекет құрған қазіргі елеулі кезеңде енді сол зиялыларымыз кезінде халыққа емес, коммунистік өктемдікке еңбек сіңіргендер ретінде бір жақты қаралу қалпы байқалады.

О.Жандосов 1938 жылы небары 39 жасына қараған шағында жазықсыздан-жазықсыз атылып кетті. Бұл оның нағыз кемеліне келіп, еліміздің көш бастар азаматы деп танылған шағы еді. Амал не, КСРО-ның керең саясаты О.Жандосовты Кеңес өкіметіне қарсы шықты, буржуазияшыл-ұлтшыл, контрреволюцияшыл, террорлық және диверсиялық-қаскүнемдік ұйым мүшесі болды, Жапонияның басшылығымен Қазақстанда буржуазиялық мемлекет құруға ұмтылды деген тәрізді тағы басқа да желеумен РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-7, 58-11 баптарымен қылмыстық жауапқа тартып, ату жазасына кесілді.

1957 жылы 5 шілдеде КСРО Жоғарғы Сотының әскери алқасының ұйғарымымен 1938 жылғы 2 наурыздағы КСРО Жоғарғы Сотының әскери алқасының үкімі теріске шығарылып, О.Жандосовтың әрекетінде қылмыстық іс болмауына байланысты іс қысқартылды. 1997 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы істі қайта қарағаннан кейінгі қорытындысымен О.Жандосовтың толығымен ақталды. Іспен танысу барысында О.Жандосовтың қылмысын дәлелдейтін айғақтар жоқ екендігіне О.Жандосовтың берген жауаптары дәлел бола алмайтындығын, тексеру материалдарының нақты еместігі, әрі біріне-бірі қарама-қайшы келетіндігін Бас Прокуратураның жазаларды орындаудың және азаматтарды ақтаудың заңдылығын қадағалау бөлімі өз қорытындысында нақты дәлелдеп берді [Нұрпейісов Т. //Егемен Қазақстан.1998].

Бұл уақыт қоғамдық өмірдің заңсыз әкімшіл-әміршіл биліктің еркіне бағындырылған өктемдік режимнің қалыптасу кезеңі еді. Осы кезеңде О.Жандосов сияқты аз ғана қоғам қайраткерлері мемлекет тізгінін қолына ұстап, қалыптастырылған әкімшіл-әміршіл жүйенің басында тұрып, қоғамның дамуын өзі белгілеген жолмен жүргізді.  

Қазақстан бойынша Компартия комитетінің басшылығы Москотов жолдасқа жіберілген О.Жандосовтың апеляциялық ісі жөніндегі өтінішінің Шкриятов жолдасқа берілген іс бойынша орталық комитеттің  бюросындағы партия комитеттің арыз көшірмесі. «Казақ Республикасындағы Талдықорғандық ВК(б)П бөлімшесі менің тарапыма тағылған ауыр айыптаманы айқындамай (зиян келтіруші, Троцкиймен байланыс жасаушы, революцияға қарсы әрекет жасаушы, ұлтшыл) партия қатарынан мені шығарды. Қолымдағы партия билетімді тапсыруыма тура келді. Осы партия қатарында он бір жыл қызмет атқардым. Өкініштісі Жоғарғы Кеңестік партия комитетінің төрт мүшесі және Алмалы аймақтық партия комитетінің төрағасы Жигулев менімен сұхбат жасамады. Менің тарапымнан жинақталған құжаттармен таныспады.  Бір сөзбен айтқанда, Қазіргі уақытта маған жалған айып тағылып отыр. Молотовтың мақаласындағы большевиктік сараптамаға бас иемін. Онда  Молотов былай деген: «… где что нибудь плохо будудт говорить, вредидтель виноват. Некоторым работникам из числы безпомощных это покажется очень удобным.  Найдутся бюрократы которые таким  при этом попытаются отвести удар от себя. Но с этим никак нельзя  мирится. Таким попыткам надо противопоставить  серезную проверку фактов, уменье безусловно отделить ошибки  от вредительства… ».

Біздің тарапымыздан да  осындай жағдай қалыптасты. Мен Алмалы  аймақтық комитетіне жағдайды баяндап өтініш жаздым. Мен Талдықорғандағы ВК(б)П- ның Текелідегі партия ұйымының жабық партия мәжілісінің барлық құжаттарын алдыруды өтіндім (21-24 сәуірдегі 62 парақтық құжатты сұраттым). Сіздерден сұрайтыным осы құжаттарды тиянақты қарастыра отырып дұрыс большевиктік  тұжырым жасауды сұраймын. Менің жағдайыма ене отырып, бұл мәселені қайта қарауларыңызды сұраймын. Жеке ісімді қарап, мәселені мән жайын ашуды жеделдетуді сұраймын» (1937 ж. 16 мамыр) деп қоғам қайраткері өтініш жасайды. Сол кезеңде Текелі кен өндіру басқармасы  директоры қызметін атқарған  О.Жандосовтың қозғалған  өз ісіне байланысты ақтау сұраған өтіншінің соңында сол кезеңдегі әкімшіл — әміршіл жүйенің басшылығы  қабылдаған шешім мұрағат құжатында былай деп сипатталып жазылған: Бұл істі қайта қарау жөніндегі өтініштің соңында мынандай нұсқау берілген «Алматыдағы НКВД-ның басшысы Шабанбековтың телефондық анықтамасына сәйкес, О. Жандосов қамауға алынған және ұлтшыл деген айып тағылды. Ісін апеляцияға беріп, жеке құжаттар ісін Жоғарғы прокуратураның мұрағатына тапсыру бұйырылды.  Реттеуге сай «Д» әріпіндегі іс құжаттар тізбесіне өткізілсін»- деп 1937 жылы  25 мамырда бұйырылған.[ҚРПМ қор 725, тізбе 1, іс 15 – парақ 18] 

Уақыт сынына төтеп берген қағаз-тарих мен не көрмедім дегендей үнсіз сөйлейді. Оның бетіне түскен сан құбылған сөздер аққа жағылған күйе болып аяулы азаматтың түбіне жетті. Шырылдаған шындық айтылмай, қара күш дегенін істетеді. Айтылмағанды айтылды деді, істемегенді істелді деді. Мұрағат құжаттарында О.Жандосовтың өмірбаяны, жан күйзелісі, оған жабылған жала, оның қалай жауап бергені, қалай атылғаны, бәрі жазылған.

О.Жандосовты айыптау жөніндегі қылмыстық істің бірінші бетінде «Ораз Жандосовты қамауға алуға анықтама» құжаты тігілген. Шекесінде «1937 жыл 14 шілде Алматы облысы НКВД басқармасының бастығы, мемлекеттік қауіпсіздік капитаны Шабанбеков «Бекітемін» деген сөздер жазылған. Төменде Ораз Жандосовтың 1899 жылы Алматы облысындағы Іле ауданында туғаны, 1918 жылдан ВКП(б) мүшесі екендігі, жоғары білімі барлығы, сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданындағы Қаракемер жұмысшы факультетінің (рабфак) директоры қызметін атқарғандығы көрсетілген. Ал анықтаманың мәтіні мынандай:

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік Қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, О.Жандосов контрреволюциялық, ұлтшыл ұйымның орталық басшылығына қатысушы әрі Кеңес өкіметіне қарсы аталған ұйымның Алматы филиалының жетекшісі болып табылады.

О.Жандосов контрреволюциялық ұлтшыл ұйымның филиал жетекшісі ретінде контрреволюциялық, ұлтшылдық қастандық жұмыстарды жүргізген.

Қылмыстық кодекстің 58-10-11 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. О.Жандосовты қамауға алуға санкция беруді сұраймын.

Мемлекеттік қауіпсіздігі басқармасы 4 бөлімшесінің бастығы, лейтенант Жвигуль». Қамауға алу жөнінде №94 ордер тек 1937 жылғы 31 шілдеде беріліпті [Нұрпейісов Т. //Егемен Қазақстан.1998]. Бірақ та іске тігілген материалдарға қарағанда оның бірден қамауға алынбағанына көзіміз жетіп отыр. Оған мына жеделхат куә.

«Справка из Москвы тов. Гендин НР 11676 от 30 июля 1937 года в Алма-Ата НКВД тов. Залину сообщил: 11170 О.Джандосова арестуйте, арест санкционирован зам. Прокурора Рогинским» Верно: секретарь Алма-Атинского облуправления НКВД Левин (подпись)».

Тергеуші ордерді қолына алған күні О.Жандосовты тұтқындап, үйіне тінту жүргізеді. Ордердегі мекен-жайына қарағанда О.Жандосов сол сәтте Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген селосында тұрған екен. Ал Алматыдағы тұрақты мекенін тінту 5 тамызда жүргізілген. Түргендегі үйінен пистолет, карабин, орыс винтовкасы, екі неміс тіліндегі кітап, қойын дәптер табылса, Алматыдағы үйінен құжаттары алынған.

О.Жандосовтың өзі қол қойған өмірбаянды анкетадағы деректерде «қамауға алу жөніндегі анықтамадағыдан» сәл өзгешелеу болғандықтан оны толық келтіре кетейік. Бұл қолхат бойынша ол 1899 жылы Алматы облысындағы Қаскелең ауданы «Орақ колхозында туған. Тұрақты мекен-жайы Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 122 үй. Қызмет орны – Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы, Түрген жұмысшы факультетінің директоры болған. Патша әскерінде қызмет етпеген, әлеуметтік тегі – кедей шаруа. Саяси көзқарасы қожановшыл, ұлты қазақ, 1918 жылдан ВКП(б) мүшесі, партбилет нөмірі 1572014, 1918 жылы Верный гимназиясын бітірген. Бұрын сотталмаған. Әйелі Фатима – қызметкер, ұлдары – Едіге – 15, Санжар – 8, Анри – 2 жаста. Бауырлары жөнінде мәлімет: Оразалы қамалған, Оразғали Қаскелең ауданының «Еңбекші» колхозында тұрады. Мүсірәлі «Политотделец» колхозының төрағасы болып жұмыс істеген [Нұрпейісов Т. //Егемен Қазақстан.1998].

Қазіргі көзқарастағы зерттеуші тарихшы М.Қойгелдиевтің айтуынша: «О.Жандосовқа таңылған басты айып – ол оның 1921-1922 жылдары Жетісуда өткізілген жер-су реформасына белсенді түрде араласып, сол уақытқа дейін қазақ елінің аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғауға ат салысқандығы еді.

Жалпы бұл айып С.Қожанов, С.Асфендияров сияқты қайраткерлерге де таңылған, сондай-ақ қандай тұрғыдан болса да негізсіз айыптайтын. Өйткені, Жетісудағы жер-су реформасын мұндағы құнарлы жерлерді игеруде қоныс аударушылармен жергілікті халық арасында әділдік орнату мақсатында бастап берген большевиктік биліктің өзі болатын. Бұл істі үлкен белсенділікпен қолға ала отырып, жерге орналастырып қалған қоныс аударушы орыс шаруалардың қарсылығына кезіккен кеңес өкіметі реформалық шараларды аяғына жеткізбей тоқтатып тастады. О.Жандосов пен оның серіктестері бұл істе тек орындаушылар ғана болатын. Ал бүгінгі еркін көзқарас тұрғысынан алғанда Жетісудағы аталған жер-су реформасы империялық билік пен жергілікті халықтың арасындағы жер үшін күрестің кезекті бір көрінісі ретінде бағалануы тиіс.

О.Жандосовқа таңылған келесі айып, оның 1925 жылы желтоқсан айында болып өткен 5-ші өлкелік партия конференциясында жасаған баяндамасындағы Қазақстандағы жер мәселесін шешуге байланысты ұсыныстары еді. Бұл баяндамасында О.Жандосов қазақ елін бірінші кезекте жерге орналастыру, сонан соң барып артылған бос жерлерге орыс шаруаларын орналастыруды ұсынған болатын. О.Жандосовтың бұл ұсынысы іс жүзінде жер мәселесіне байланысты Алаш партиясының бағдарламасында қойылған талапты қайталау болатын [Конференция Қойгелдиев].

Себебі, «Алашорда» кеңесі мен «Алашорда» үкіметі 1917 жылы желтоқсанда (кеңес өкіметінің ырқы Петроградтан аспаған кезде) құрылды. 1919 жылы желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады. 1919 жылы көкек айында «Алашорда» үкіметінің көсемі А.Байтұрсынов пен кеңес өкіметінің көсемі В.И.Ленин өзара одақтастық бітім жасасты. А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітіліп, билік басында қалды. Ол кезде мұндай билікті ұстанған қазақ большевигі жоқ болатын. Жер бөлісін, территория мәселесі шешілмегеннен кейін, 1920 жылы қазанда А.Байтұрсынов өкілдік еткен Алаш автономиясы – Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Осы кезде ғана барып қазақ еліне большевиктік билік жаппай орнады. Қазақ мемлекеттігінің негізін большевиктер емес, «Алашорда» үкіметі қалады. Бұл туралы О.Жандосовтың 1919 жылғы «Көмектегі» мақаласы мен іс-әрекеті толық дәлел. №Онда№

Алаш үкіметі өзінің негізгі үш тарихи міндетін орындады: 1. Қазақ мемлекетін құрды. 2. Жер – қазақ мемлекетінің жері деген статусы алды және Түркістан, Сібір, Орынбор әкімшілігіне бөлшектенген қазақ жерін бір мемлекеттің құрамына енгізді. 3. Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесі ретінде (1921ж., ақпан, төрағасы А.Байтұрсынов) жариялап, рухани тәуелсіздіктің басты негізін қалады. 1921-1922 жылдардағы саяси тазалау мен жазалаудан кейін барып, Алаш көсемдері ресми түрде мемлекет басынан кетті. Сол Алаш идеясын нысана еткен С.Сәдуақасов, С.Қожанов, О.Жандосов, Ж.Мыңбаев, К.Тоқтабаев сияқты қайраткерлер бұл істі одан әрі жалғастырды. Соның ішінде ұлттық нысана мен мемлекеттік мүддені көздеген О.Жандосов 1922-1937 жылдар аралығындағы қазақтың ұлт зиялыларының ар-намысы, ожданы және жеке басы талқыға түскенде «Адал азамат» деген атқа лайық тұлғаның бірі болып қалды [Жұртпай Т. //Саясат. 1999ж. Қазан 85-87 бб.].

«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы санында «Алаш партиясы бағдарламасының жобасында» атты мақалада Алаштың басты мақсат – міндеттері жарияланады. Әрі қысқа, әрі нұсқа, небары он баптан тұратын осы құжатта ең алдымен ХХ ғасырдың басындағы саяси жағдайда қазақтың ұлттық мемлекетін қалпына келтірудің теориялық мәселелері бірінші мәселе етіп қойылған болатын. Оны өмір шындығына айналдырудың әдістері мен жолдары, саяси, экономикалық және рухани отарсызданудың нақтылы ұстанымдары анықталды. Осы құжат баптарындағы тақырыптардың өзі көп нәрсені аңғартады. Бірінші бап «Мемлекет қалпы», екінші бап «Жергілікті бостандық» деп аталады. Ал қалған баптар «Негізгі құқық», «Дін ісі», «Билік һәм сот», «Салық», «Ғылым-білім үйрену», «Жұмысшылар» және «Жер мәселелері» деп тақырыпталған.

О.Жандосов Алаш идеясының ісіне адал болды және белгіленген міндеттің бәрінің де жүзеге асуына ат салысты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Белгілі қоғам қайраткері О.Қ.Жандосовтың саяси мемлекеттік қызметі кеңестік жүйеде қалыптасып тар жол, тайғақ кешуден өткен сан-мыңдаған қайраткерлердің қилы тағдырынан алшақ кеткен жоқ. ХХ ғасырдың басындағы Қазақ даласында орын алған қоғамдық-саяси құбылыстар мен әлеуметтік негіздердің барлығы жас Ораз Жандосовтың көзқарасын айқындауға себепші болды. Алдыңғы аға буынның мұрасын игеріп, тәлім-тәрбие алды. Верный ерлер гимназиясында оқыған жылдарында (1917) өзімен тең тілеулес Жұбаныш Бәрібаев және Тоқаш Бокинмен біріге патша үкіметінің саясатына қарсы жасырын ұйымдарға қатысты. Алаш қозғалысы орталықтарынан шалғай, Верный тәрізді әр түрлі ұлттар мекендеген қалада оқыған және Азамат соғысы жылдарында осы қаланы ақ казактардан қорғауға белсене қатысқан О.Жандосовқа большевиктер идеялары түсінікті болды. Езілген халқын білімге үндеп, оқу-мәдениеттің сәулесін еліне шашуды мұрат етті. Ораз Жандосов осы биік мұратқа бар өмірін, таланты мен жігерін арнаған зиялылар шоғыры қатарында болды. Ол өзінің қысқа да мазмұнды ғұмырында халқына адал да беріле қызмет жасаудың биік үлгісін көрсетті. 1916 жылдың маусым жарлығынан туған әділетсіздіктер Ораз Жандосовтың ақиқат жолында білжол бел шешіп күресуге, шындықты күш қолдану арқылы баянды етуге болатындығына халқының көзін жеткізгендігі аян.

Жеке бөліну әрекеттерінің аяусыз жанышталғанын ескерсек, Қазақ елін кеңестік биліктің шеңберінде ғана қалпына келтіріп, көркейтуге мүмкіндіктер бар еді. Осыны түсінген О.Жандосов 1918 жылы РК(б)П-ға мүше болып, большевиктер жолына біржола түсті. Біздің ойымызша бұл таңдаудың дұрыстығын тарих өзі дәлелдеп берді. Іле-шала іргетасы іріп-шіріген патша билігі құлағанда, Жетісу өңірін ақтардан азат етуге жармасты. Осы кезеңдерде дайындығы жоқ, саяси тірегі нашар О.Жандосовқа  саяси ұстанымын айқындау оңайға түскен жоқ.

Бұл жылдары О.Жандосов Қазақстанның мәдени өмірін жандандыруға үлкен үлес қосты. Жетісу облыстық ұлт істері бөлімі 1919 жылдың қаңтарында Верныйда 19 халық ақыны қатынасқан айтыс ұйымдастырылып, оның төрағасы О.Жандосов болды. Одан қазақ халқының мәдениетінде халық ақындарының слеттері мен айтыстары сияқты жаңа мазмұнды дәстүр қалыптасты.

1919 жылдың соңына қарай ол жұмысшылар мен кедей шаруалардың мүддесіне сүйенген орталығы Түркістанда шоғырланған «Қосшы» одағына басшылық етті. Бұл, О.Жандосовты большевиктер жағына біржолата шығарған негіздер біріншіден, әлеуметтік шығу тегі болса, екіншіден Жетісу облысы өңіріндегі күрделі саяси оқиғалар нәтижесі болды.

Ол жергілікті халық пен сырттан қоныс аударып келген қоныстанушылар арасындағы қақтығыстар кезінде О.Жандосов Жетісудағы Мұсылмандар бюросының негізі қаланды. 1921-1922 жылдарда Жетісу өлкесінде жүргізілген жер-су реформасының жергілікті халық арасында ел мүддесіне тиімді шешілуі де Ораз Жандосовтың аянбай тер төгуінің арқасында сәтті шешілген болатын. Ол қазақтарды бірінші кезекте жерге орналастыруды жақтады. 

Ораз Жандосовтың және ол сияқты тұлғалардың өмір жолы мен тағдырын дәріптеу – бүгінгі ұрпаққа да, келер ұрпаққа да қажет іс. Өйткені өткеннен тағылым алмай, ұлылардан үйренбей бірде бір халықтың көсегесі көгерген емес. Ораз Жандосов – қазақты сыйлай, бағалай білген адам. Оның қолдауын талай зиялы қауымның өкілдері көрген болатын.

1928 жылы Қазақ Республикасының Халық ағарту Комитетінің төрағалық қызметіне ауыстырылған О.Жандосов Кеңес өкіметінің сонау алғашқы жылдарында-ақ, Жетісу өңіріндегі ауылдарда тұңғыш қазақ мектептерін ашқан қоғам қайраткері. Осы қызметін атқарған кезде, ол 1928 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін ашуға атсалысса, 1929 жылы Ауыл Шаруашылық Институтының ашылуына және 1930 жылы Мал-дәрігерлік институтының ашылу кезеңінде көптеген жұмыстарды атқарып, қазақ халқының білім алуына жағдайлар жасады. О.Жандосовты орыс мектептерінің өзінде қазақ тілін оқыту мәселесін көтергендердің алғашқы қатарына жатқызуға болады. Кеңестік идеология билеген кезеңде күрмеленген ана тіліміз тұрмыстық тілге айналып, еліміз егемендігін алғаннан бері қайта өз маңыздылығына ие болды. Әр мемлекет өз алдына дербес, тәуелсіз мемлекет болуы үшін ең бірінші тіл мәселесін шешеді. Олай болса О.Жандосовтың 20-шы жылдары қазақ тілінің мәселесін шешуді ұсынуы қазақ елінің азаттығы үшін күрестің айғағы.

 Әсіресе, оның 1919-1929 жылдар аралығындағы мемлекеттік қызметін жеке тұлға негізінде ғылыми тұрғыдан терең қарастыру — Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы және Жетісу өңіріндегі саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму үрдістерін зерттеу болып табылады.

Негізінен бұл кезеңдегі зиялы қауымның мақсаты бір еді. Олар қазақтың тәуелсіздігі, қазақтың жеке мемлекет болуы мақсатына жету жолын олардың әрқайсысы жақсы түсінді. Зиялы қауымға тілектес болғандар барлығы 1937 жылы жаппай «алашордашысың» деген айыппен жазаға тартылды. 1937-1938 жылдардағы жаппай репрессиялау саясатының құрбаны болған Ораз Жандосов пен оның өзінен үлкен немесе өзімен қатар замандастарының кеңестік билік алдында ешқандай да кінәсі жоқ-тын. Олар социалистік идеяға, оның феодалдық, ортағасырлық мешеулік пен отарлық езгі құрсауындағы бақытсыз халқына азаттық, теңдік, бақыт әкелетіндігіне имандай сенді, сондықтан да большевиктер партиясының соңынан ергені рас. Сонымен бірге олар тек жетекшіл, ұқыпты шәкірт дәрежесінде қалып қоймай, өздері де елінің талап-мүддесіне лайық тыңнан жол іздеуге, құлшына еңбек етуге ықыласты екендіктерін айқын таныта білді.

Ораз Қиқымұлы өмір сүрген тарихи кезең оның жеке тұлғасы үшін ғана емес, бүкіл қазақ елі, қазақстандықтар үшін де күрделі оқиғаларға, шұғыл бетбұрыстарға, шиеленіскен күрес пен арпалысқа толы кезең болды.   

 

 

 

                              ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

1 2030

1 Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ халқына жолдауы. А., 2005.-3 б.

2 Собрание актов Президента Правительства РК. Астана, 1998.-С.61(115с)

І БӨЛІМ

  1. ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 612, парақ 6-7
  2. Омарбеков Т. Ораз Жандосов-азамат, білім мен мәдениет жаршысы, көрнекті мемлекет қайраткері. Сборник документов. А., 1999.– С.12-13
  3. Етекбаев М. Ораз Жандосов. //Білім және еңбек. 1967. №11.–6-7 п.
  4. Нұрпейіс К. //Егемен Қазақстан. 1999. 24 қыркүйек.–3 бет.
  5. ҚР ПМ қор 811, тізбе 4, іс 265, парақ 22-24

6.Қыдырбекұлы Б. О.Жандосов. А.:Жазушы, 1967.– 16бет

  1. ҚР ПМ қор 811, тізбе 4, іс 276, парақ 4-9
  2. ҚР ПМ қор 811, тізбе 4, іс 265, парақ 24-25.
  3. Ысқақова Д., Калита Н. Жалынды революционер. //Коммунизм таңы. 1979, 28 ақпан.–3

10 Асқар О. Жүрек сырының жаңғырығы. //Егемен Қазақстан. 1999. 4 ақпан. 2 бет.

11 Қожакеев Т. Болашақты барлаушы. //Қазақ әдебиеті. 1999. 5 мамыр.– 45бет.

  1. Арыстанов Ж. Естен кетпес есімдер. А.:Қазақстан, 1972.– 43-44 бб.

13 ҚР ПМ қор 300, тізбе 1, іс 612, парақ 7,8,10

14 ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 126, парақ 72

15 Тұрмағанбетқызы Т. //Егемен Қазақстан, 1999. 24 қыркүйек.–3 б. Тұрмағанбетқызы Т. //Егемен Қазақстан, 1999. 24 қыркүйек.–3 б.

 

1бөлімнің 2тармақшасының сноскасы 17-ші бетке дейінгі

ІІ БӨЛІМ

2.3 тармақшасы