АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Адам жасына қатысты сын есімдерге семантикалық талдау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                  

 

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 Д И П Л О М  Ж Ұ М Ы С Ы

 

 

Адам жасына қатысты сын есімдерге семантикалық талдау

 

 

Алматы, 2010

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1 АДАМ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН СЫН ЕСІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдердің зерттелу тарихы

1.2 Жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын сын есімдердің жасалу жолдары

 

2 Адам жасына қатысты сын есімдерге семантикалық талдау

2.1 Жас, ересек, қарт сөздерімен келген адам жасын білдіретін сын есімдер

2.2 Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімді диалектизмдер

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ

 

  

Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулері ғана жарыққа шағыратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім.

Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көп зерттеген. Дегенмен, сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап күні бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да тіл білімінде әлі де талдану, анықталуы қажетті мәселелер орасан көп. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек грек тіл білімі өкілдері арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алысуға себепші болып жүргені анық.

Сөз мағынасы өте күрделі құбылыс. Ол бірнеше элементтерден тұрады, оның құрамында грамматикалық мағыналармен қатар сыртқы ортамен байланысып жатқан мағыналық элементтер де бар. Айналамыздағы қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың атаулары адамның санасында белгілі бір тәртіппен, жүйелі түрде орналасқан. Ендеше лексиканы жүйелі құбылыс деп тану қажет.

Тіл – бірнеше элементтердің жиынтығынан тұратын жүйелі құбылыс. Оның жүйелілігі оның құрамына енетін элементтердің бір-бірімен байланысып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, біртұтастықты құрайтындығынан көрінеді. Тілдің жүйелілік сипаты тілдің ішкі заңдылықтарын, мүмкіндіктерін ашып сипаттауды тіл ғылымында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұл тілдің кіші жүйелерінің өз алдына алынып қарастырылуымен де байланысты. Сондай кіші жүйелердің біріне тілдің лексикалық қабаты жатады.

Лексика – бірліктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын сөздердің бірнеше топтарынан тұратын, өзіндік құрылымы бар, элементтері белгілі бір тәртіппен байланысқан жүйе. Кез келген тілдің лексикасындағы сан мыңдаған сөздердің мән-мағынасын анықтап, олардың өзара байланысын тану үшін, екінші басқа тілден өзіндік белгілері мен айырмашылықтарын, ұқсас тұстарын айқындау үшін сөздік құрамның өзін бірнеше кіші жүйелерге бөліп, зерттеу тиімді.

Тіл негізінен қарым-қатынас құралы. Оны сан қырынан қарастыру лингвистиканың еншісінде. Қазіргі тіл білімінде тілдің қолдану аясын, сонымен қатар жан-жақты қырларын ашып көрсетіп, зерттеу кең түрде қолға алынып келеді. Дегенмен де тілді зерттеудің кейбір салалары мен қырлары кенже дамып та келеді. Жеткілікті зерттелмегенімен лингвистер тарапынан көзден таса қалып жатыр деуге болмайды. Солардың бірі тілдегі жиі пайдаланылатын сөздерді семантикалық тұрғыдан талдау болып табылады.

Қазақ – ат қойғыш халық. Өзі  тіршілік ететін кең даласына, оның аңдары мен өсімдіктеріне, күнделікті бағып жүрген төрт түлік малына байланысты қойылған сан мың атауларды былай қойғанда адамның өзіне қатысты атаулардың саны қаншама көп.

Адамның өзіне қатысты атаулардың өзі өте мол. Оған адамның нәсілінен, есімінен бастап дене мүшелері, ағзалары, киімі, тамағы, ұйқысы, денсаулығы, түрлі қажеттіліктері т.б. атауларының бәрі жатады. Бұларды бір адамның түгел қамтуы мүмкін емес.

Сондықтан біз өзімізге тағы да шектеу қойып, тек адамның жас ерекшелігіне қатысты сын есімді атауларды ғана сөз етуді алдымызға міндет етіп қойдық.

Адамның жасына байланысты атаулар мен сол арқылы жасалған тұрақты тіркестер – тіліміздің ең байырғы бірліктері ретінде лексикалық қорымызды байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге, олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани өмірін, дүние танымын, философиясын, психологиясын өз бойына жинақтап жүрген құнды да құнарлы лексикалық бірліктер. Оларды жан-жақты зерттеу – сол байлықты оны халқымыздың игілігіне жарату деген сөз болып шығады.

Қазақ тіліндегі сын есімдер жеткілікті зерттелген десек, қателескеніміз емес. Адамның жасына байланысты сын есімдер тіліміздің сөздік қорының қомақты бір саласы. Ал осы сөз таптарын (адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер) семантика тұрғысынан зерттеу енді қолға алынып келе жатыр. Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер әрбір халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін лексика-семантикалық топ. Дәл осындай сын есімдер күнделікті тұрмыста жиі қолданылатыны белгілі.

Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазіргі тіл білімінде адам жасына қатысты сын есімдер азды-көпті еңбектерде кездеспесе ғана, арнайы зерттеу нысаны болып, ғылыми тұрғыдан нақытырақ қарастырылмаған. Осыған байланысты қажетті теориялық еңбектердің болмауы зерттеу жұмысын жазуға кедергі жасайтыны аян. Қай халықта болмасын олардың тілдік қолданысында адамның жасына байланысты қолданылатын сын есімдердің болатыны мәлім. Түрлі халықтардың қарым-қатынасындағы адам жасына қатысты сын есімдерді зерттеген ғалымдар да баршылық. Зерттеулерде нысан ретінде белгілі бір тіл алынып, олар салыстырмалы және салғастырмалы түрде қарастырылады. Л.Т. Костина орыс және ағылшын тілдеріндегі адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдерді салғастырмалы түрде қарастырады. Ал А.Д. Кирьян адам сипатын білдіретін сапалық сын есімдерді тек орыс тілі тұрғысынан, К.А. Власова «молодой – старый» сын есімдерін сөзжасамдық тұрғыдан, ал қазақ тіл білімінде С. Қасиманов адам жасын білдіретін сөздерді зат есім тарапынан, Қ.Ә. Жаңатаев адамның жас ерекшелігіне және жынысына қатысты атауларды, С.С. Сағатова адам жасына байланысты атауларды қазақ және орыс тілдерімен салғастырмалы тұрғыдан зерттеп, зерделеген.                  Л.О. Жолдасбек қазақ сөйленістеріндегі туыстық атауларын лексика-семкнтикалық тұрғыдан саралаған. Бітіру жұмысында қарым-қатынастағы адам жасына қатысты қолданылатын сын есімдерді теориялық, семантикалық, морфологиялық тұрғыдан қарастырылуы зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.

Бітіру жұмысының нысаны. Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдерге семантикалық талдау жасау арқылы топтастырып, олардың қолдану аясын көрсету.

Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдердің қазақ тілінде берілу жолдары, семантикалық тұрғыдан талдануы зерттеу пәні болып табылады.

Бітіру жұмысының мақсаты. Тілдегі қолданылатын адам жасына байланысты сын емісдердің мән-мағынасын ашып, қолданылу аясын анықтау. Осыған байланысты мынадай міндеттерді шешу көзделді:

– семантикалық зерттеулердің түрлі тілдердегі жетістіктеріне сүйене отырып, еңбекте басшылыққа алынатын теориялық ұстанымдарды негіздеу;

– қарым-қатынастағы адам жасына қатысты сын есімдерді топтастыру және жинақтау;

– адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдерді морфологиялық тұрыдан талдау (сын есім жасау қабілетіне қатысты);

– адам жасына байланысты туындаған сын есімдерді семантикалық тұрғыдан жүйелеп, талдау;

– жас ерекшелігіне байланысты туындаған сын есімдерді диалетология тұрғысынан айқындау.

Бітіру жұмысының әдіс-тәсілдері. Жұмыста тілдік факторларды белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, бақылау, материалдарды жаппай іріктеп жинақтау, топтастыру тәсілдері қолданылды.

Бітіру жұмысының нәтижелері: Лексикографиялық еңбектердегі тілдік материалдары негізінде «адам жасына байланысты қолданылатын» атаулардың жүйесі, құрылымы, олардың тілдегі көрінісі, сараланады. «Адам жасына байланысты сын есімдерді» теориялық әрі практикалық тұрғыдан қарастыру арқылы оларды тілдік тұрғыдан талданылуы зерттеу тақырыбының жаңалығы болып табылады.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар, қорытындылар адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдермен, олардың семантикасымен, өзіндік ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға, жалпы тіл білімі және лексика саласының теориялық тұрғыдан толыға түсуіне үлесін қосады.

Бітіру жұмысының материалдары ретінде қазақ тіліндегі сөздіктерден жинақталған мәліметтер пайдаланылды. Жұмысты жазу барысында біршама тілдік бірлік жинақталды.

Бітіру жұмысында Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі, тіл білімі сөздігі т.б. лексикографиялық еңбектер, көркем шығармалар дереккөздер ретінде алынды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1 АДАМ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН СЫН ЕСІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

1.1 Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдердің зерттелу тарихы

 

Тіл ғылымы бұл сияқты тілдік материалды бұған дейін таза тілдік тұрғыдан ғана зерттеп келді [1, 91 б.]. Мұндай зерттеулер, әрине, тіл білімін талай жетістіктерге қолын жеткізді. Тіл білімінің қазіргі даму деңгейі тұрғысынан қарасақ адамның жас ерекшелігіне қатысты сын есімді атауларды ғана сөз етуді міндетке алынды [2; 3, 120 б.].

Тілге тән негізгі заңдылық – жүйелілік. Сол себепті тілді зерттеуді, оның ішкі түріне мән беріп зерттеуді алдына мақсат етіп қойған жұмыстарға байланысты маңызды мәселелердің бірі жүйелілік. Жүйелілік мәселесіне соңғы кезде қатты көңіл аударылып жүр. Жүйе – тілдің элементтерімен тұрақты инвариантты қатынастарының іштей ұйымдасқан жиынтығы. Жүйе объекті бөлшектердің өзара байланысқан күрделі бірлігі ретінде сипаттаса, ал құрылым сол құраммен бөлшектердің бүтінге қатынасын сипаттайды. Бұл салада А.А.Уфимцева, Г.П.Мельников қалам тартып, лексикалық жүйені зерттеп, зерделеген.

Адамның жасына байланысты сын есімдер де тіліміздің сөздік қорының қомақты бір саласы. Бұлар – әрбір халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін лексика-семантикалық топ. Мұндай сын есімдер өмірде жиі қолданылатыны белгілі.

Қазақ тіл білімінде заттың әртүрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңарларын құрайтын сын есім сөз табы зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да сөз таптарының бай бір бөлігі – сын есімдер. Осы уақытқа дейін қазақ тілінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, сапалық сын есімнің шырай категориясы, сын есімдердің семантикалық топтары, субстантивтенуі, синаксистік қызметі мен тіркесімділік қасиеті бірнеше зерттеу жұмыстарына арқау болғаны белгілі. Бұл орайда қазақ тіл білімінде Ғ. Мұсабаев, Ә. Қайдар, М. Томанов,                         А. Ысқақов, Р. Сыздықова, Т. Сайрамбаев, Ф. Оразбаева, У. Серікбаева т.б. зерттеулерін атап өтуге болады. Сын есімдерге қатысты әлі де жүйелі зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – сын есімдердің семантикасы екендігі айтылады.

Сын есімдердің ішіндегі лексика-семантикалық тобы адамның жасын білдіретін сын есімдер.

Адамның жасына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін сөз еткенде оларға тән тілдік деректермен бірге сол сөздер мен тіркестерге байланысты экстралингвистикалық факторларға да ерекше назар аударылады.

Адамның жас мөлшері және жынысы да АДАМ деген сөздің төңірегінде өрбиді. Негізгі бағытқа көшпес бұрын «Адам» сөзінің анықтамасын бере кеткенді жөн санадық. 1) Адам – тірі жан иесі; 2) жан және ақыл-ес; 3) Адам – қоғамдық жан ұясы; 4) Әлеуметтік ұйымдар мен әлеуметтік институттар [4, 215 б.].

Қазіргі қазақ тіл білімінде адам жасын білдіретін сын есімдер туралы ғылыми зерттеу жұмыстары жоқтың қасы. Жалпы адам жасына байланысты қарастырылған зерттеу еңбектері баршылық. Осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген, арнайы кітаптар мен монографиялар жазған ғалымдар тек қана адам жасының балалықтан кәрілік кезге дейінгі аталуларына тоқталып, жіктеп көрсетеді. Тек қана бірлі-екілі еңбектерде ғана адам жасын білдіретін сын есімдер аталып өтеді. Және осы тақырып аясындағы еңбектерде адам жасына қатысты сын есімдерге бір ғана тарауша берілген десе де болады. Ал Ресей тіл білімінде осы тақырып бойынша арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар бар. Олар адам жасын білдіретін сын есімдерді бір тіл негізінде және екі тілді алып, салғастыра да қарастырады. Салғастыру барысында негізінен ағылшын тілін алады. Ал бір тіл негізінде жазылған еңбектерде адам жасын білдіретін сын есімдер мен атауларға лексика-семантикалық тұрғыдан талдау жасайды. Таладу жасай отырып оң нәтижелерге және де ғылыми тұжырымдарға қол жеткізеді.

Осы тақырып аясында қазақ тіл білімінде зерттеу жұмыстарының аздығына байланысты адам жасына қатысты атауларды қарастырған ғалымдардың еңбектеріне және де осы атауларға байланысты жасалған жалпы атауларға тоқтала өтпекпіз.

Қазақ халқы неге болса да ат қоюда адамның мінезіне, айналадағы әсер ететін жағдайлардың бәріне де мән беріп отырған. Атап айтар болсақ, нәресте, бала, жігіт, қыз, қарт, кәрі деген сөздердің түп төркінінде қандай да мағынаның жатқандығы белгілі. Соған байланысты әртүрлі атаулар да пайда болып отырған. Солардың біріне мүшел жасқа бөлу кезеңін де мысалға келтіруге болады.

Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын халық даналары да дәлелдеп өткен. Тілімізде осы атауды мүшел жас деп атайды.

Адамның балалық шақтан ересектік шаққа аяқ басатын кезеңін, яғни алғашқы мүшел жасы он үш жас болып белгіленген. Ол кезде ер балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. әрбір мүшел жастан өтер кезінде қауіп-қатердің болады дегеніне сенген қазақ халқы осы кезеңде мал сойып, шелпек пісіріп, дұға қылатын болған. Сонымен қатар «О, Құдірет, мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр!» – деп Аллаға жалбарынады. Қазіргі кезде де солай. Яғни кейбір адамдар өзінің жақсы көретін әшекей, бұйымдарын, жанына жақын заттарын сыйға беріп жатады, бұның мағынасы осы өткелден аман-есен өтсем деген сенімде жатыр. Бұдан кейінгі мүшел жас жиырма бес, сосын отыз жеті, қырық тоғыз, алпыс бір, жетпіс төрт, сексен жеті сияқты адамның жасын жеті мүшелге бөліп қарастырған. Адамның дене бітімі он үш жыл сайын өзгеріп отыратындықтан осы атау қалыптасқан. Яғни адамдардың жасына байланысты атаулар да осы мүшелге бөлуге қатысты туды десек, қателеспеген болар едік. Жоғарыда айтып өткеніміздей әрбір мүшел жасында адамдарда өзгеріс болып отыратындығын халақтың өзі ғана емес, соған қоса медицинаның өзі де дәлелдеген.

Бір сөзбен айтқанда, жас, ересек, кәрі, қарт, мосқал сөздерінің мүшелге бөлуге тікелей қатысы бар. Жас адамдар бір топта, ересек адамдар бір топта, кәрі адамдар бір топта қарастырылатыны белгілі. Яғни бұлардың бәрі үлкен бір топ болып саналады. Өз ішінде тағы да басқа атауларға, топтарға бөлінеді.

Қ. Жаңатаев «Адамның жас ерекшелігіне, жынысына қатысты атаулар» деген диссертациялық еңбегінде адамның жас ерекшелігі мен жынысына қатысты атауларды топтастыра, жинақтай келе, оларға лексика-семантикалық және этнолингвистикалық таладу жасайды. Сонымен бірге ғалым адамның жас ерекшеліктерін кезеңге де бөліп қарастырады. Мысалы, сәби 1 жастан 3 жасқа дейін, жастық шақ (18-25), кәрілік (75-97 жас) – деп бөлінген еңбектерге тоқтала келе, өзі де осы негізде мағыналық жағын ашып көрсетеді. Ғалым өз жұмысында адамның жасын білдіретін сын есім тұлғалы сөздерді мысалға келтіргенімен, оларды адам жасын білдіретін сын есімдер деп бөле-жара қарамайды. Тек бұларға шолу ғана жасап өтеді. Негізінен зат есімді адам жасын білдіретін атауларға тоқталады [5, 18-26 бб.].

Ал Л.О. Жолдасбек «Қазақ сөйленістеріндегі туыстық атаулар» дегентақырыпта 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғайды. Ғалым зерттеудің нысаны етіп қазақ сөйленістеріндегі туыстық атауларға байланысты лексиканы алады. Сонымен қатар бұл атауларды диалектология тұрғысынан да ашып, және де туыстық атауларды лексика-семантикалық жағынан топтастырады. Зерттеуші өз жұмысында бала, қыз, ұл, нашар бала, әпке т.б. сөздерге семантикалық талдау жүргізідеі. Қазақ сөйленістеріндегі «әпше» сөзінің жасалу жолына тоқтала келе, «апа» сөзімен салыстырады. Екеуін диалектология тарапынан қарастырады. Соңында «апа» сөзінің көне түркі тілдерінде «ара, аси, ара» жасы үлкен туыс атаулары аче-апа-ачі – «кексе әйел» дегенді білдіреді дейді [6].

Аталған ғалымдармен бірге М. Аяпұлы «Қазақ халқының мұрасынан» деп аталатын еңбегінде адамның мүшел жастарына тоқтала өтеді. Автор осы мүшел жас атауының қазақ халықының даналығымен, наным, сенімімен, таным, түсінігімен байланысты туындағанын атап көрсетеді. Және де ол осы атауларды халықтың салт-дәстүрімен де байланыстыра қарастырады              [7, 6 б.].

С. Қасиманов адамның өмірін жүз жылға шамалап, оны бір дәуір деп атағандығына тоқталып, осы жүзді төртке бөледі. Автор бірінші жиырма бесті жасын дәурен деп, екінші жиырма бесті ел ағасы, үшіншісін аталық жас, төртінші жиырма бесті қарттық жас немесе таусыншақ жас деп аталғандын мысалға келтіреді [8, 93-94 бб.]. Қазақ халқының адам жасын бұлай жіктеуінің мағынасын жас ерекшелігіне тікелей байланысты. Бірінші жиырма беске мысалы үшін жас адамдар кіреді. Бұл жіктеу жоғарыдағы айтылғандарға дәлел ретінде жұмсала алады. Тағы бір мысал келтіре кететін болсақ, ол төртінші жиырма бес қарттық кез. Бұл аталған жіктеліс егде тартқан адамның жас мөлшерін көрсетіп тұр.

Ал С.С. Сағатова адам жасына байланысты зерттелген атауларға тоқтала келе, өзіндік тұжырымдар мен нәтижелерге қол жеткізеді. Негізінен ғалым     С.С. Сағатова қазақ тіліндегі адамның жас атауларын орыс тілімен салғастыра қарастырады. Ол негізінен тілдік бірліктерді лексикографиялық еңбектерден жинақтап, солар бойынша семантикалық талдау жүргізеді. Сонымен қатар ассоциативтік талдау да назардан тыс қалмайды. Жұмыстың басында осы проблеманың зерттелу тарихына, негізгі мәселелеріне шолу жасап өтеді.

Автордың диссертациялық зерттеу жұмысы адамның жас ерекшелігіне қатысты атауларға салғастырмалы семантикалық талдау жасауға, семантикалық категория мен адам жасының категоризациясы мәселесіне, жас арақатынасы кезеңдерінің мәртебелік-рөлдік сипаттамасына және олардың орыс қазақ тілдеріндегі тілдік көрінісін салғастыруға арналған.

С.С. Сағатова жұмысының бірінші тарауында қазақ және орыс тілдерінде адам жасын білдіретін бірліктер жынысына қарай белгілерінің имплицитті/эксплициттілігі бойынша ерлер мен әйелдер, сонымен қатар ортақ атаулардың болатындығын да айтып өтеді. Және де зерттеуші адам жасын білдіретін жүйелер арасында мағыналық қатынастар, қарама-қайшылықтар, айырмашылықтар, ерекшеліктер, сәйкестіктер де бар дейді [9, 17 б.].

Қазақ тілінде орыс тілімен салыстырғанда көбіне адамның нақты жас мөлшері атауы осы жастық қоғамдағы әрқилы әлеуметтік маңызды қызметімен үйлеседі, көбіне тым нақты жас мөлшері кезеңдері мағынасын жойып, өзіндік әлеуметтік мәртебе алады, адамның қоғамдағы басқа адамдарға қатынасын білдіретіндігін айтады [10, 26 б.].

Ресей зерттеушісі Л.Т. Костина «Исследование группы прилагательных возраста в современном английском языке (в сопоставлении с русским)» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Ғалым ғылыми жұмысты жазу барысында он сегіз тілдік бірлікке талдау жүргізеді. Екі тілде кездесетін адам жасын білдіретін сын есімдерді бір-бірімен салғастыра қарайды. Сонымен қатар әрбір тілдердегі қолданылу аясы мен жасалу жолдарын да назардан тыс қалдырмаған. Зерттеуші адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдерді морфологиялық жақтан ғана емес, сонымен қоса синтаксистік жақтан тіркесуіне де көңіл аударып, нақты тұжырымдарға қол жеткізеді.

Л.Т. Костина негізінен нәресте, кішкентай, жас, егде, кәрі сынды сөздерге салғастырмалы талдау жасайды. Ғалымның айтуынша, кішкентай сөзі сөз таптарының ішінде зат есімдермен тікресіп келеді және ол сөздің мағынасы балаларға, жануарлардың мен құстардың балапандарына тіркестіріле қолданылады. Автор негізінен дереккөз ретінде көркем шығармалардан жинақталған мысалдарды алады. Соны талау барысында оң нәтижелерге, мазмұнды қорытындыға жетеді [11, 12 б.].

К.А. Власова Орыс тіліндегі жас және кәрі сөздерінің сөзжасадық ұяларын қарастырады.   Ол осы еңбекті жазу барысында тіл білімі саласында жарық көрген ғылыми еңбектерді, сонымен қатар монографияларды басшылыққа алады. Автор жас және кәрі сөздерінің сөзжасамдық ұясын деривациялық, морфологиялық, лексика-грамматикалық, семантикалық, лексикалық, сонымен қатар концептуальдық және салғастырмалық аспектілерде зерттейді. Сонымен бірге ғалым аталмыш сөздердің жаңа сөз тудырудағы қабілетін, тіркесімділігін де басшылыққа алады. Зерттеуші-ғалым жас, кәрі сөздері, негізінен, адам жасына байланысты, сонымен тікелей мағыналық қатынаста қолданылады дейді.

К.А. Власова зерттеу нысанына алып отырған жас және кәрі сөздерін ассоциативтік тұрғыдан да талдау жасайды. Автор осы сөздерді айтқан кезде адамдарда қандай ассоциация пайда болатындығына да көңіл бөледі                      [12, 7 б.].

 

1.2 Жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын сын есімдердің жасалу жолдары

 

Қазақ тілінде сын есімдер сөз таптарының ірі бір бөлігін құрайды. Осы сын есімдерге байланысты ғылыми зерттеу жұмыстары да баршылық. Алдыңғы тараушада сын есімдерді зерттеген зерттеуші-ғалымдардың атын атап өткен болатынбыз. Ал енді нақтырақ айтатын болсақ, А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде сын есімдерді және сын есім тудыратын қосымшаларды, олардың жасалу жолдарын қарастырып, ғылыми тұжырымға бай теориялық ұсыныстар бере білген. Ал Ш. Бектұров пен М. Серғалиев «Қазақ тілі» [13, 89 б.] атты оқу құралында сын есмідерді практикалық тұрғыдан талдап, жазып көрсетеді. Авторлар осы тақырып аясында зерттелген өзіне дейінгі еңбектерді басшылыққа алды дегсек, қателескен болмас едік. Сын есімдер туралы сөз қозғап отыруымыздың бірден-бір себебі адам жасына байланысты болып отыр. Адам жасын білдіретін сөздер тобы, негізінен, сын есімдер болып табылады. Ал осыған байланысты олар түрлі қосымшалардан жасала береді де.

Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдер көбінесе түбір қалпында кездеседі. Яғни адам жасына қатысты қолданылатын сын есімдер сапалық мағынада болады деген сөз. Олардың қатарына мына сөздерді жатқызуға болады: жасамыс, қарт, кәрі, егде, ересек, балаң, мосқал, кексе, жас, балғын, бабасал. Мысалға келтірілген сөздер ешбір қосымша жалғанбай-ақ сын есімнің қызметін атқарып тұр.

Тілде түбір күйінде қолданылатын, яғни ешбір жұрнақсз-ақ тұрып сын есімнің сұрағына жауап беретін сын есімдерді сапалық сын есіімдер деп атайды. Осы аталғандар соның дәлелі. Негізінен, біздің сөз еткелі отырған, яғни адам жасына қатысты қолданылатын сын есімдердің жасалу жолдары. Дәлірек айтсақ, қандай да бір қосымша немесе сөз тіркестері арқылы келіп адам жасын білдіре алатын сын есімдерге талдау жүргізу болып отыр. Енді осы айтып отырған мәселеге назар аударсақ, төмендегідей нәтижелерді көруге болады.

Тіліміздегі адам жасын білдіретін кейбір сын есімдер түбір күйінде қолданылып тұрған адам жасын білдіретін сын есімді сөздерге сын есім жасайтын жұрнақтар да жалғана береді. Сол арқылы туынды сын есім пайда болады. Мысалы солардың бірі ЕГДЕ сөзі.

Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады. Түбір сөзден және жұрнақтар арқылы жасалған туынды сын есімдерді дара сын есім дейміз де, қосарлану, тіркесу, бірігу арқылы жасалған сын есімді күрделі сын есім деп атаймыз.

Жұрнақтар арқылы жасалған (морфологиялық тәсілмен) туынды сын есімдер есім түбірлерге жұрнақтар жалғау арқылы және етістік түбірлерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сын есімдер деп екі топқа бөлінеді.

 – ЛІК – жұрнағы арқылы жасалған адам жасын білдіретін сын есімдер қазақ тілінде біршама. Негізінен – лік қосымшасы түбір сын есімге жалғана отырып, түбір сын есімнен туынды сын есім жасайды. Осы – лік жұрнағы арқылы жасалған адам жасын білдіретін сын есімдерге талдау жүргізіп өтелік. – ЛІК – жұрнағы негізінен есімерден сын есім тудыратын жұрнақтар қатарына жатады.

Егделік – бұл сөзге морфологиялық талдау жасайтын болсақ, түбірі ЕГДЕ. Түбір күйінде тұрып қандай? деген сұраққа жауап береді. Осы сөзге                — лік жұрнағы жалғанып сын есімнен сын есім тудырып тұр.

Келесі сөз Кәрілік сөзі. Кәрілік адам жасын білдіретін түбірі сын есімнен болған сөз. Түбірі  кәрі. Бұл сөз де – лік жұрнағы арқылы жасалынған. Сөздің түбірінің өзі де сын есім. Жеке тұрып та қандай? деген сұраққа жауап бере алады.

ТАЙ, ТЕЙ –– жұрнағының жалғануымен сын есімнен сын есім тудыратын сөз пайда болады. Нақтырақ айтсақ, біз сөз еткелі отырған – тай, – тей қосымшасы болып отыр.

– Жастай. – Тай жұрнағы бұл жерде сын есімді сөзге жалғанып тұр. Яғни сын есімнен сын есім тудырып тұдыратын қосымша деуге болады.

Ересектей. – Тей жұрнағы көбінесе есім сөздерден сын есім тудыратын қосымша ретінде қолданылады. Ал осы қосымша сын есімге жалғанған кезде теңеу мағынасында жұмсалады. Мысалы, Ересектей сөйлейді деген сөйлемдегі ересектей сөзінің түбірі ересек. Бұл сөз жеке-дара тұрып та қандай? деген сұраққа жауап бере алады. – Тей жұрағының қосылуы арқылы теңеу мағынасында жұмсалып тұр. Ал нақтырақ айтсақ, бұл жұрнақ сын есімнен сын есім тудыратын жұрнақ. Жоғарыда біз – тей жұрнағы есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ деп көрсеткен болатынбыз. Ал сол есімдердің қатарына сын есімдер де жатады.

Заттың сыны мен сапасы үнемі бір дәрежеде қолданыла бермейді, олар әртүрлі дәрежеде қолданыла береді. Бұған адам жасын білдіретін сын есімдерді де жатқызуға болады. Осы сияқты заттың сынының әркелкі дәрежеде болуы шырай категорияларымен байланысты. Яғни шырай категориялары бір түрлі түр мен түстің, сапа мен белгінің, иіс пен дәмнің әр қилы реңдерін білдіреді.

Біркелкі сынның немесе сапаның бір-бірінен артық не кем екенін көрсететін сын есімнің түріне адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдерді де жатқызуға болады.

– РЕК – жұрнағымен жасалған адам жасына қатысты қолданылатын сөздер көбінесе түбір сын есімге жалғанып, салыстырмалы мағынада жұмсалады. Негізінен, – рек жұрнағы сын есімнің ішіндегі салыстырмалы шыра   й жұрнағы болып табылады. Негізгі сын есімге жалғану арқылы салыстырмалы рең танытады. Мысалы, тілімізде қолданылып жүрген егдерек сөзін жатқызуға болады.

Егдерек – сөзінің жасалу жолының да Егделік сөзінен ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл сөздің де түбірі сын есім, оған жалғанған жұрнақ            – рек сын есім тудырушы жұрнақ болып табылады.

ЫРАҚ – бұл қосымша да жоғарыда сөз болған – рек жұрнағымен ұқсас. – Ырақ қосымшасы да салыстырмалы мағынада қолданылады, яғни салыстырмалы шырай категориясы. Бұл екі жұрнақтың арасында ешқандай өзгешелік жоқ. Бірі жуан әрі сөз соңы дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерге жалғанса, енді бірі жіңішке және сөздің соңы дауысты дыбысқа аяқталған сөздерге жалғанады.

Қазақ тілі типологиялық классификация жағынан агглютинативті тілдер қатарына жататындықтан қосымшаның үстіне қосымша жалғана береді. Яғни қазақ тілі жалғамалы тіл деген сөз. Біз жоғарыда адам жасын білдіретін сөздердің кбі негізгі сын есімдерден жасалады деген болатынбыз, ал сол негізгі сын есімдерге сын есімнің жұрнақтары да жалғана береді. Тек қана біреу ғана емес, бірінің үстіне бірі де қосылады. Мысалы, сөз – ырақ жұрнағының үстіне – тау жұрнағының жалғануы туралы болып отыр. Мысалы, жасырақтау. Бұл сөзге морфологиялық тұрғыдан талдау жүргізетін болсақ, сөздің негізгі түбірі жас оған –ырақ және – тау жұрнақтары жалғанған. Бұл сөз де, негізінен, тілімізде адам жасына байланысты қолданылады.

Сын есмінің табиғи қызметі – ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың әр алуан қызметін, сындық белгісін анықтау. Морфологиялық жағына сын есім – түрленбейтін сөз табы. Шырай тұлғалары (сонымен бірге категориясы да) жалпы сын есімге тән түрлену жүйесіне емес, сын есімнің бір ғана мағыналық тобына, сапалық сын есімге ғана тән, ал қатыстық сын есімдерге шырай тұлғалары жалғанбайды.

  • ЛЕУ – жұрнағы арқылы да адам жасын білдіретін туынды сын есімдер де жасалады. Сөздің негізгі түбірі сапалық сын есім. Ал – леу жұрнағы салыстырмалы шырай категориясының қосымшасы.

Егделеу – жасы келіп қалған, мосқалдау деген мағынаны білдіреді.

ЛАУ – жұрнағы – леу жұрнағының жуан варианты. Кәрілеу, қарттау сөзінің де синонимі болып саналады.

– ТАУ, – ТЕУ қосымшалары да жоғарыда саралап өткен мысалдармен ұқсас болып келеді. Бұл қосымша да салыстыру мағынасында қолданылған. Мысалы, Ересектеу. Ересек сөзінің де түбірі сын есімнен болған. Талданып отырған адам жасын білдіретін сын есімдер, жалпы алғанда, жасалу жолдары жағынан бір-біріне өте ұқсас. Барлығы да салыстырмалы немесе теңеу мағынасында қолданылады. Қартамыстау, жастау  сөздерінің негізгі түбірі қарт, жас болып табылады, ал қартамыс сөзіндегіа және мыс, тау жұрнақтар есебінде жалғанған.

– ТЫҚ – қосымшасы жеке тұрғанда зат есімнің қызметін атқарады. Ал егер де сөз тіркесімен берілсе, сын есімнің қызметінде жұмсалады. Мысалы, қарт адам. Бұл тіркес арқылы адам жасын білдіретін, белгілі бір жасқа келген адам туралы екендігін аңғарамыз. Ал біз сөз етіп отырған – тық жұрнағы бір сөз табынан екінші сөз табын жасайтын, яғни сын есім тудырушы жұрнақ болып саналады. Енді осы жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған адам жасына қатысты қолданылатын сөзге мысал келтіре кетелік.

Қарттық – сөзінің негізі тірегі қарт сөзі, ал – тық сын есім тудыратын жұрнақ. Бұл сөздің түбірі зат есімнің де сын есімнің де орнына жұмсала алады. Мысалы, Үйге бір қарт келді десек, мұндағы қарт сөзіне сұрақ қойғанда кім? келді болар еді. Ал Алыста бір қарт адам келе жатыр десек, қарт сөзіне адам сөзі тіркесе келе сын есім болар еді. Яғни қарт адам сөзіне қандай адам? деген сұрақ қояр едік.

Жоғарыда біз талдап өткен адам жасын білдіретін сын есімдер негізгі түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімдер туралы болып еді. Енді сөз тіркестері арқылы жасалып, адам жасына қатысты қолданылатын ын есімдерге талдау жасап көрелік. Талдауға көшпестен бұрын сөз тіркесі деген ұғымға нақтырақ тоқталып, ғылыми тұрғыдан анықтама бере кеткенді жөн санадық.

Сын есім – семантика, грамматикалық жағынан, яғни морфологиялық ерекшелігі мен сөзжасам, сөз түрлендіру амалы жағынан да, синтаксистік қызметі мен басқа сөздерімен тіркесіп қолданылуы жағынан да қазірі қазақ тіліндегі өзіне тән ерекшелігі бар сөз табының бірі.

Сөз тіркесі деген термин қолданыста 50 жылдардан кейін қолға алына бастады. Бірақ зерттеушілер сөздердің тізбегі туралы айтып отырған. Ол сөздердің тізбегі туралы әңгіме ерте кезден-ақ айтылған, бірақ олардың мән-мағыналары ашылмаған. Зерттеуші ғалымдар сөз тіркесінің синтаксисін анықтау үшін 1860 жылдардан басталатын зерттеу еңбектеріне қарайды. Осының даму тарихын (сөз тіркесінің) әріден ойластырады [14].

Ескі еңбектерден 1860 жылдардан басталатын Казембек және басқа да миссионерлер жазған «Алтай тілінің грамматикасы» болып табылады. Қазақ тілі туралы жазылған тұңғыш еңбек П.М. Мелиоранский «Краткая грамматика казахо-киргизского языка» деген еңбегіне соқпай өте алмаймыз. 1930 жылдарда жарық көрген еңбектерде сөз тіркесі деген термин жоқ. Оларда да сөздердің тізбегі деп беріледі. 1939-1940 жылдарда жарық көрген еңбектерде, яғни студенттерге арналған синтаксис кітабында сөз тіркесі түйдекті тіркестерден ажыратылмай беріледі. Ол еңбектерде лексика-грамматикалық мағыналар толық ашылмаған сөз тіркесін сөйлем мүшелерінің тіркесі деп қарастырады. Ал шынында да, сөз тіркесі олай емес, ол сөз таптарының байланысы.

Сөз тіркесі – толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің өзара әрі тұлғалық жағынан, әрі мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атайды.

Сөйлем ішіндегі сөздер бір-бірімен әр түрлі байланысып отырады. Соған қарай сөз тіркесінің түрлері де көп. Синтаксис саласында сөздердің байланысуынан туатын еркін сөз тіркесі қарастырылады. Мұндайда байланысқа түскен сөздер толық мағыналы болып келеді де, сол сөз тіркесі басыңқы және бағыныңқы деп аталатын екі сыңарға бөлінеді.

Мысалы, Бала кезінде әрбір ерекше мінезге еліктегіш келесің деген сөйлемде мынадай еркін сөз тіркестері бар: 1) Бала кезіңде еліктегіш келесің; 2) мінезге еліктегіш келесің; 3) ерекше мінезге; 4) әрбір мінезге. Неше сөзден тұрса да, еркін сөз тіркесі осылайша екі сыңарға бөлінеді. Бір сыңардың қызметін жеке сөз атқаруы да, бірнеше сөз атқаруы да мүмкін. Осыған байланысты сөз тіркестері құрамына қарай екі түрге – жай сөз тіркесі мен күрделі сөз тіркесіне бөлінетінін байқауға болады.

Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп атайды. Мысалы, ақылды жігіт, кең дала т.б.

Құрамы үш немесе одан көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы, он шақты кітап, тақтаға жақындай түсу т.б.

Ал адам жасына байланысты кездесетін сын есімдер көбінесе жай сөз тіркесі арқылы беріледі. Енді біз соларға нақтырақ тоқталып, мысалдар арқылы талдау жасау керек.

Жас бала сөзі екі есім негізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалынған. Қазақ тілінде адам жасына байланысты қолданылатынсөздердің, яғни тіркес сөздердің көпшілігі екі есім сөзді сөздердің тіркесуі арқылы жасалынады. Мысалы, қарт адам, жас бала, егде адам, қарт кісі, ересек адам, жас жігіт, жас қыз, жас әйел, кәрі әйел, кәрі шал, кәрі кемпір, жас ұлан, өндірдей жас,  т.б.

Сөз тіркестерін сөз ете отырып, адам жасына байланысты қолданылатын атаулар тіркесу арқылы да жасалады деген ойға келуге болады. Тіркесу арқылы жасалынған адам жасын білдіретін атаулардың көбісінің бірінші сыңары (компоненті) сын есімнен, екінші сыңары зат есімнен, сонымен қатар шырай категориясының қосымшасын жалғанған сөздер арқылы да беріледі. Мысалы, бірінші компоненті сын есімнен, ал екінші компоненті зат есімнен жасалған адам жасын білдіретін сын есімді атауларға мыналарды жатқызуға болады: қарт кісі, жас бала, егде адам, кәрі кемпір, жас ұлан, жас жігіт, жас бала т.б. Ал бірінші сыңары шырай категориясының қосымшасы арқылы, екінші сыңары сын есімнен жасалған адамның жас ерекшелігін білдіретін атауларға өрімдей жас, өндірдей жас деген сынды сөздерді жатқызуға болады.

Қазақ тілінде адам жасына байланысты туындайтын туынды сын есімдер тек қана әдеби тіл нормасында ғана жасала бермейді, сонымен қатар диалектілік мағынада да жұмсалып, түбірге қосымша жалғану арқылы диалектілік мағынада жұмсалатын сын есімдер де бар. Енді қазақ сөйленістерінде туыстық атауларды зерттеген Л.О. Жолдасбектің осы пікір туралы айтылған ой-тұжырымдарын талдап, мысалға келтіріп көрелік.

Зерттеуші ғалым Л.О. Жолдасбек қазақ сөйленістеріндегі туыстық атауларына лексика-семантикалық талдау жүргізе келе, олардың құрамындағы грамматикалық және фонетикалық ерекшеліктерін де айта кетеді. Автор грамматикалық ерекшеліктерге байланысты туыстық атаулардың екі түрлі жасалу жолдарын атап көрсетеді. Біріншісі синтетикалық тәсіл дейді [6, 56 б.].

Л.О. Жолдасбек — ба, — бе, — па, — пе, — ма, — ме жұрнақтарының зат есім тудыратын және осы қосымшалардың туынды диалектизмдер жасау процесіне жиі қатысатындығын айтады. Мысалы, ту+ма (туысқан), қос+па (өгей бала). Және де зерттеуші осы іспеттес біршама сөздерге талдау жасайды.

Қорыта айтқанда, адам жасын білдіретін сын есімді ұйытқы есім-компоненттердің лексика-морфологиялық құрамына байланысты да тіркесу шеңбері мен семантикалық мағынасы кеңейіп, тарылып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Адам жасына қатысты сын есімдерге семантикалық талдау

 

2.1 Жас, ересек, қарт сөздерімен келген адам жасын білдіретін сын есімдер

 

Семантика – (гректің semanticos – белгілеугі) деген сөзінен алынған, қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қолданылып жүр. Сөз мағынасы объективті өмір сүреді деген пікір бар [15]. Шындығында да, сөз мағынасының жеке адамға тәуелді болмайтыны анық. Бірақ бұл – сөз мағынасы қоғамына байланысы жоқ, айналамыздағы заттар (тау, тас, ағаш, өзен т.б.) сияқты адамдарға мүлде тәуелсіз болады деген сөз емес. Егер сөз мағынасы адамдарға мүлде тәуелсіз болады дейтін болсақ, онда оның адам ойы (психологиялық құбылыс ретінде) байланысын жоққа шығарған болар едік. Сондай-қа, сөз мағынасы тек субъективтік индивидуалдық сипатқа ие дейтін болсақ, онда сөз мағынасы жеке адамға тәуелді деген қағиданы қолданған боламыз. Шындығында да, сөз мағынасының құрамында әрі объективтік, әрі субъективтік сипатқа ие болатын мағыналық элементтер бар. Сондықтан да сөз мағынасын көп қатпарлы категория деп айтамыз. Сонымен бірге сөз мағынасында әрі жалпы универсалдық қасиеттермен бірге жеке адамдарға, индивидке байланысты болған мағыналық элементтердің де бар екенін мойындаған жөн. сөз мағынасын: 1) түрлі тілдерге тән универсалды, 2) жеке бір тілдің өкілдеріне тән, 3) жеке адамдарға тән мағына деп бөлуге болады.

Егер сөз мағынасын әлем тілдеріндегі мағыналармен байланыстыра қарайтын болсақ, онда мағынаның үш түрлі типі бар екеніне көз жеткізуге болады. Біріншісі, дүниедегі тілдердің бәріне де тән ортақ болып келетін мағыналар. Мысалы, нақты зат атаулары, кейбір сан есімдер, сын есімдер. Кей тілдерде бұл сөздердің де мағыналық шеңбері аз болуы, не тар мағынада болуы мүмкін, бірақ түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінуіне осы мағына негіз болады да, бір тілден екінші тілге аударылатыны да осы мағына болады. Бір түрлі құрылымдағы тілдер арасында ғана емес, туыстас тілдер арасында да байқалатын, сол тілде сөйлеуші адамдар ғана түсіне алатын мағына болып табылады. Сол үшін де ондай сөздерді басқа тілге аударғанда сөзбе-сөз беру мүмкіндігі болмайды, тек түсіндіру, суреттеу жолы арқылы ғана беруге мүмкіндік туады.

Семантика 1) тіл немес оның бірлігі (сөз, сөздің грамматикалық тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы берілетін мағына, хабар; 2) Осы мағына, хабарды зерттейтін тіл білімінң саласы; 3) семиотиканың негізгі тарауларының бірі. Бірінші мағынада семантика – мағыналы сөз (мысалы, зат есім, етістік, үстеу), ол “семантикалық үшбұрышты” құрайды: а) сыртқы элемент (дыбыстар немесе графикалық белгілер); ә) болмыс заты (зат, құбылыс, процесс, қасиет) денотат (референт); б) зат туралы ұғым не түсінік ұғым, сигнификат, интенсионал белгіленетін нәрсе [16]. Семантиканың бұдан басқа да маңызды бөлігі – сөйлем. Одан да денотат немесе (референт) және сигнификат (немесе ұғым) болады. Лингвистикалық талдаулардың арқасында сөз таптарының (морфемалар мен сөйлем мүшелері) семантикасын анықтауға болады. Толық мағыналы сөздердің морфемалары – түбір мен аффикстер мағыналарының екі түріне ие болады [17]. Түбірлер – заттық мағынаға ие болады. Ол сөздің мағынасы, мысалы, қазал, қызғылт, қыздыр, қыздыру, түбірі – қыз. Аффикстер грамматикалық мағынаны білдіреді. Бұл мағыналар екіге бөлінеді: категориялық (заттарды категорияға бөледі) және реляциялық не синтаксистік (сөйлем ішіндегі сөздерді байланыстырып отырады). Реляциялық грамматикалық мағыналар нақтылы тілдің морфологиясымен тығыз байланысты болады. Әдетте тілдің ұлттық және тарихи ерекшелігіне байланысты айқындалады. Реляциялық мағыналардың ерекшелігі тілдегі матасуға, меңгеруге, септік жүйесіне, шақтық тұлғалануға байланысты болады. Категориялық мағынаға жататындар: “субъект – предикат”, “субъект – объект”, “белсенді – белсенді емес” т.б. реляциялық мағыналарға қарағанда категориялық мағыналар жұптың қарама-қарсылықтар жүйесінен тұрады.

Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдер жас ерекшелігіне байланысты әр түрлі қолданылады. Жас адамдарға байланысты, ересек адамдарға және де қарт адамдарға қатысты қолданылатын сөздер тобы бар. Бұл атаулар жас шамасына байланысты қалыптасқан десе де болады. Мысалы, жас деген ұғымның өзін бірнеше сатыға бөліп, яғни жас шамасына қарай жіктеп көрсетуге әбден болады. Яғни адамның нәрсете шағынан бастап жас өспірім болған кезін, балаңдығын бейнелейтін сөз топтары кездеседі. Әрбірінің мағынасы адамның өсіп-жетілуіне қатысты туындаған.

БАЛАҢ = АДАМ– ЕР БАЛА – ҚЫЗ БАЛА – ЖАС АДАМ

БАЛАҢ – жас, балғын [18]. Хаким ол кезде кино дегенді естіп-білмеген алыс ауылдағы балаң жігіт болатын (Қазақ әдебиеті). Ұзын, еңселі Асқарбектің жанында Қамария теректің балаң талындай көрінеді                   (Ш. Құмарова, Қос шынар). Балаң сөзінің тілімізде екі мағынасы кездеседі. Алдыңғысы жас дегенді білдірсе, екіншісі есеймеген, пісіп жетілмеген, кемеліне келмеген деген мағынаны аңғартады. Мысалы, Менің балаң ойым әлі жетпейді, біз не жаздық, кімге жаздық? (Ғ. Мүсірепов, Кездеспей кеткен бір бейне).

БАЛАҢДАУ – балалау, жастау. Үйге кіргендердің ішінде балаңдау бір жігіт те бар еді (Ауызекі тіл) [18]. Балаң сөзінің тағы бір мағынасы ысылмаған, тәжірибесіздеу дегенді білдіреді. Яғни бұл сөздің алдыңғы сөзбен тікелей мағыналас болып табылады себебі балаң жас дегенді білдірсе, балаңдау тәжірибесіздеу дегенді білдіреді. Енді бұл жердегі ұқсастық жас шамасына байланысты болып отыр. Жас адамның өмірден көріп-білгені аздау болғандықтан осы сөз қоданылса керек. Бұл сөздің жас ерекшелігіне қатысы болғанымен, көбінесе, теңеу мағынасында қолданылады.

БҮЛДІРШІН – жас буын, жеткіншек (бүлдіршін бала, жас бүлдіршіндер т.б.).

БАЛИҒА – балиғат. Кемеліне жетпеген, жасыра деген мағынаны білдіреді [18]. Мысалы, Ғалияны он беске шыққанында, балиғаға толмаған кезінде қалың мал алып мұны өзінің теңі емес, Матайдың егделеніп қалған әлді біреуіне еріксіз ұзатқан (Ж. Жұмақанов, Үш бәйтерек).

БАЛДЫРҒАН – жасөспірім, жеткіншек [18]. Мысалы, балдырған, балғын балалар.

Адам жасына байланысты туындаған сын есімдерді аз деп айтуға болмайды. Олар тілімізде баршылық. Көбісі сапалық сын есімдер қатарына жатқызылса, енді біреулері қатыстық сын есімдер қатарына, яғни туынды сын есімдер тобында қарастырылады. Осы қатыстық сын есімдер арқылы да адам жасын білдіретін сын есімдер кездесіп отырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін осыған байланысты қарым-қатынас барысында қолданылатын адамның жас ерекшелігін білдіретін сын есімдерге мысал келтіре кетейік.

БАЛДЫРДАЙ – өрімдей жас. Мысалы:

«Ел қорғар ел болар» деп сенуші едім, (Балдырдай балғынымның),

Еркелеп сұрағанын беруші едім,

Балдырдай балғынымның қызығымен,

Балқыған қорғасындай еруші едім (Қ. Райбаев, Жаңа толғау).

БАЛДЫРҒАНДАЙ – балғын, жап-жас [18]. Мысалы:

Балауса балдырғандай қарындасым,

Ағаңның қайыстырма қабырғасын,

Бауырым, бойыңды жи, жасыңды тый,

Сұм тағдыр енді сені басынбасын (Қ. Аманжолов, Таңдамалы шығармалар).

БАЛҒЫН =  АДАМ– ЕР БАЛА – ҚЫЗ БАЛА – ЖАС АДАМ

БАЛҒЫН – толықсыған уылжыған жас. Сұңғақ бойлы, қыпша бел балғын қыздың қимылы өктем де шапшаң (Ә. Сәрсенбаев, Даңқ). Иә, ол шақта Ғаббас жиырма екі жасар балғын жігіт болатын (Қыз әдебі). Тек күріш емес, күріш сияқты балғын жастарды да өсірдім (Ы. Жақаев, Менің бақытым).

БАЛҒЫНДАУ – жастау. Бүгін Айсұлу Айназарға балғындау көрінді (С.Сейфуллин, Таңдамалы шығармалары).

БҮЛДІРШІНДЕЙ – кіп-кішкене сүйкімді, уыздай жас, әп-әдемі. Әйелдің оң жағында созылған қолының ұшына таяу екі жасар бүлдіршіндей аппақ бала жатыр (Т. Ахтанов, Қаһарлы күн).

ҚАРШАДАЙ – кішкентай, жап-жас. Бақыт деген асқақ арман қаршадайымыздан қанымызбен бірге қайнады (С. Байманов, Жастық). Тәш жастайынан, кішкентайынан, қаршадай басынан қой бағып, шаруамен айналысты (Лениншіл жас).

ЖЕТКІНШЕК = ЕР БАЛА – ҚЫЗ БАЛА – ЖАС АДАМ

ЖЕТКІНШЕК – жасөспірім, жас жігіт.

ЖЕТКІНШЕК – (13-15 жас аралығы) деген жалпы атау ЛТС-қа балғын, бүлдіршін, балдырған, жеткіншек деген төрт түбір сөзбен балғындай, балғындық, балғынырақ, балдырғандай, бүлдіршіндей, жеткіншек тәрізді оннан асатын туынды сөздер мен балғын жас, балғын шақ, жас жеткіншек сияқты бірлі-жарым тұрақты тіркестер де бар. Он томдық ҚТТС-та бұл сөздерге мынандай анықтамалар беріліпті:

ҚЫРТПЫШ = АДАМ – ЕР БАЛА – ЖАС АДАМ

ҚЫРТПЫШ – Есейген, тіс қаққан жас бала жайлы айтылады. Мысалы, Бірде әдейі келіп: «Кескінің құрысын, қыртпыш!» деді (Ү. Уайдин, Енді).

ҚЫРШЫНДАЙ = АДАМ – ЕР БАЛА – ҚЫЗ БАЛА – ЖАС АДАМ

ҚЫРШЫНДАЙ – өрімдей, жап-жас. Мысалы, Міне, мынау қалақты бір төбеде қыршындай он жігіт бар (С. Шаймерденов, Сабызғы).

ҚЫРШЫН ЖАС – өрімдей жас. Мысалы, Жеті жасар баланың мұғалім аузынан естіген сөзі, міне, жиырма бес жастағы қыршын жас жігіттің әлі есінде (З. Шашкин, Сенім).

БОЗБАЛА – жастардай, жастар сияқты. Мысалы, Менің анау қыз үшін түн қатқан бозбаладай шапқылауыма тура келеді, – деді Қайырбаев                     (Ә. Нұршайықов, Тың астығы).

ЖАС = АДАМ– БАЛА – ҚЫЗ – ЖАС АДАМ

ЖАС. Жасөспірім, жеткіншек, қыз-бозбала. Ақыл жастан, асыл тастан (Мақал). Мысалы, Енді, міне, еңбекшіл халықтың өз үкіметінің заманында бір қалада екі мың жас оқып жүр (С. Сейфуллин шығармалары). 2. Уылжыған, балғын, кіші деген мағыналарды да білдіреді. Мысалы, Сізді мұғалім дегенге адам сенетін емес, өте жас екенсіз (Н. Сералиев, Ыстық күлше).

БАЛҒЫН ЖАС – бүлдіршіндей жас, балдырған. Мысалы, Ол кезде мен өмірсіз жүрдім зарлап, жас болып көкірек мұңы көзден парлап. Балғын жас бала өмірім өте шықты.

ЖАС БАЛА = АДАМ – ЕР БАЛА – ЖАС АДАМ

ЖАС БАЛА – мектеп жасына дейінгі бала; кәмелетке толмаған жас өспірім. Мысалы, Үкімет пен партиямыз жас баласы бар аналарға көптеген жеңілдіктер мен қамқорлықтар жасап отыр (Социалистік Қазақстан).

ЖАС БУЫН (ЖАС ҰРПАҚ) –  жасөспірім, жеткіншек. Мысалы, Жас буынға тіл қадірін жастайынан таныту – бізге уәзипа (М. Әлімбаев, Өрнек).

ЖАСАҢ – жастау, жасырақ. Мысалы:

Әке де өз әкесін сағынады,

Егде де қарт әкеге шағынады,

Әкемнен жасаң кеткен жасым үлкен,

Еске алсам көзімнен жас ағылады  (Қ. Жармағамбетов, Сырлы тал).

«Жас сөзінің сөзжасамдық ұясы» мен «кәрі сөзінің сөзжасамдық ұясының» құрылымы өзара ұқсас болып келеді. Жас және кәрі СҰ көлемді әрі күрделі. Олар макроұя болып саналады. Осы аталған екі СҰ морфологиялық сөзжасам мен конверсияның барлық тәсілдері қолданылған. Ұяның сөзжасам жұбының, сөзжасамдық тізбек және парадигмасы қазақ тілінің сөзжасамдық мүмкіндігін, оның дамыған сөзжасамдық жүйесін көрсетеді.

ЖАС ҰЛАН – жеткіншек. Жас ұлан сөзі жеткіншек сөзінің синонимі болып саналады. Екеуінің ара-жігінде ешқандай семантикалық айырмашылық жоқ. Яғни бере мағынасы бір. Мысалы:

Тағзым ет, иіл, жас ұлан,

Есіңе ал батыр атаңды.

Осылайша жасыңнан,

Сүйе біл туған Отанды! (Қ. Ыдырысов, Аршында).

ӨНДІРДЕЙ ЖАС – жас өспірім, жеткіншек. Мысалы, Өндірдей жас балалар мектеп жолдамасымен ауылға барып шөп жинау науқанына қатысты (Қазақ әдебиеті).

ӨРІМДЕЙ ЖАС – «желкілдеген құрақтай, өте жас» деген мағыналарды білдіреді.

ЖАС ЖІГІТ = АДАМ – ЕР АДАМ – ЖАС АДАМ

ЖАС ЖІГІТ – бала жігіт пен жігіт ағасының аралығы. Мысалы, Ол балуан денелі қылшылдаған жас жігіт (Ғ. Сыланов, Шалқар).

Жас – кәрі ұяларының сыртында да, ішінде де олардың бірліктерінің лексикалық парадигматикалық (омонимдік, синономдік, антонимдік) қарым-қатынасы пайда болады. СҰ мүшелерінің ұядан тыс байланыстары оларды сонымен қатар фразеологиядан да туындатады. Қарастырылып отырған күрделі сөздердің құрамында аллигатура құрамындағы басқа да ұялармен байланыс болатындығына дәлел бола алады.

Берілген ұялардың шыңдары да полисемантикалық. Жас СҰ бес ЛСШ (лексика семантикалық шың), ал ескі СҰ – тоғыз ЛСШ, мағыналарының бірнеше өзіне тән реңкі бар, сонымен бірге олардың қай қайсысы да семалық құрамының орасандылығымен ерекшеленеді.

Тұтастай алғанда екі ұяда да «жас шамасы» гиперсемасы жүзеге асырылады.

Орыс халықтық говорындағы жас – кәрі СҰ әдеби тілмен салыстырғанда елеулі деңгейде көлемді, себебі олар екі фрагменттен, яғни жалпының әдеби ұямен байланысы және диалектілік фрагментінен тұрады. Говорларда кейбір ғылыми, философиялық, саяси сипаттағыларын есепке алмағанда, әдеби ұялардың басым бөлігі қолданылады. Мәселен, младогегельянец, младограмматик, младочех, старогегельянец, старочех, старофинн. Берілген ұялардың диалектілік фрагменті (жас – деривацияның үш сатысындағы 263 туынды және кәрі) 

Жас – кәрі ұялары – ерекше ұялар болып саналады. СҰ-ның жалпы заңдылықтарын нақты іске асыру – олардың басты ерекшелігі, осының нәтижесінде ұялардың көлемі мен тереңдігі, оларды құрап тұрған тізілімі, туынды және жоғарғы ұялардың семантикалық өзара байланысы орнайды. Бұл ұялардың келесі бір ерекшелігі – тілде қолданылатын иерархиялық, ассоциациялық-деривациялық, эпидигматикалық, парадигматикалық, деривациялық-синтагматикалық қарым-қатынастарды жүзеге асыру қызметі. Жоғарғы ұядағы сөздердің иерархиясын негізі бөлшектенбейтін, түп-тамыры жалпы славяндық, басқа да үндіеуропалық тілдермен өзара байланысы бар сөздер құрайды.

СҰ әдеби және диалектілік фрагменттер бірліктерінің тізіліміндегі айырмашылықтардың негізінде өзара байланыстағы лексемалар пайда болады. Олардың басты айырмашылықтары: екпін (молодёжь –мóлодежь, стáрый – старóй, молóдушка — молодýшка); фонемалардың құрамы (старъёвщик — старóвщик), құрылымы (молодожен — молодоженец), семантикасы, эпидигманың көлемі мен сипаты (мәселен, ұяның шыңдары). Ұялардың нағыз диалектілік фрагменттеріне (әсіресе жас ұясы үшін) жұрнақтарды арттыру тәсілі тән: молодунюшка, молодюханный, молодюстенький, молодюшенький, младенцевовый және т.б. Бұл құбылыс СҰ-ның диалектілік фрагменттерінің, ішінара, оның дискреттілігінің ұйымдасу ерекшеліктері арқылы түсіндіріледі. Жас ұясының диалектілік фрагментіндегі дериваттардың басым көпшілігі кәрі ұясының диалектілік фрагментімен салыстырғанда дамумен, алға жылжумен байланысты ұяның лексикасының анықтама арқылы айқындалады, осыған орай ол жаңалық, жетістік болып есептеледі. Кәрі ұясының лексикасы мүлдем басқа ұғымдарды білдіреді: белгілі бір тұрып қалған зат, жүдеулік және қаусаушылық, қартаюшылық, белгілі бір заттың өз тіршілігін тоқтатуы, адамның соңғы өмірінің кезеңі болып саналады. Міне, осыған байланысты, тілді ұстанушылардың жанын күйзелтетін аяушылық, өкініш, жек көру ассоциациялары пайда болады.

Жас – кәрі ұяларында адамның жас шамасы концептісі қалыптасады, яғни бұл жас (возраст) сөзінің өзімен беріледі. Жас (возраст) семемасы «уақыт өлшемі, туылған жасы, дүниеге келген күнінен басталатын өмір» ретінде орыс әлемдік тілдік көрінісінде ең алдымен лексикалық бірліктер арқылы, соның ішінде СҰ сәйкес толық көрініс тапқан жас – кәрі және олардың түбірінен туындайтын бірліктер арқылы жеткізіледі. Осыған байланысты, жас терминін әлеуметтік термин ретінде қабылдағанымыз дұрыс, оның үстіне бұл терминнің референтті (мысалы, адамға қатысты жас әйел – кәрі еркек)   сипаттаудағы маңыздылығы аса зор.

Орыс тілінің танымында жас концептісінің бірнеше ұғымдық-ассоциациялары бар, бұлардың қатарында сонымен бірге тек жастарға қатысты ұғымдармен де тығыз байланыста болады: бұл – жастық шақ – сұлулық – көктем – махаббат – жарық – көтеріңкі көңіл – өмір, ал екінші жағынан – денсаулық – күш – ептілік. Осы аталған ассоциаттардың жағымды коннатациясы бар. Дегенмен «жас» концептісі «тәжірибесіздік, қабілетінің жетіспеушілігі» деген сияқты семалармен «күрделенеді». «Жастың аз шамада болуы» адамдардың тек қана жасына ғана емес, сонымен қатар жаңалық концептісін іске асыра отырып, жасанды заттардың «жасына да» қатысты айтылады: жас ай, жас қала, т.б. Жаңа концептісі жаңа технологиялармен, жетістіктермен ассоциацияланады: жас – жаңа – алдыңғы, жаңалық – жетістік.

Адамның жасын (кеңірек мағынада айтқанда – тірі организмдердің) мынадай лексикалық қатармен көрсетуге негіз бар: нәресте – кішкентай – жасы кіші – кіші – кішігірім – балғын – жас – үлкен – жетілген – есейген – кәрі – кәрілеу – жасы тақаған – қартайған – қаусаған – ежелгі – көне.

Берілген осы қатар жас шамасының (возраст) семантикалық шеңберінің фрагментін білдіреді.

Тұтастай алғанда қарастырылған ұяларға қатысты материалдар әлемнің орыс тілдік көрінісіндегі жас (возраст) концептісі уақыт жалпы концептісін құрайтын концептілер қатарымен өзара байланыста болады.

       Зерттеуге таңдап алынған топтар адам, басқа да тіршілік иелерінің және тірі табиғаттың заттарын «жас» ұғымы тұрғысынан сипаттауға қатысты лексикалық құралдар ретінде қызмет етеді;

     Жас шамасына қатысты сын есімдердің құрамында осы берілген топтың мүшелері кездесетін жүйелік байланыстарды айқындауға және нақты бақылауға мүмкіндік беретін сөздіктің жекелеген микрожүйесін құрайды;

Бұл жұмыста лексика-семантикалық варианттың мазмұнының жоспары дискретті белгілерден – семантикалық белгілерден тұратын кешенді көлем ретінде қарастырылады. Мысалы, құрылымында жас шамасын анықтайтын лексика-семантикалық варианттармен қиылысатын, young және «молодой» («жас») сын есімдеріне сәйкес келетін мынадай семантикалық белгілер болатындығы анықталды: «нәресте, өмірге жаңа келген», «кішкентай» (балалық жасы туралы), «жас», «жетілуге жақындаған», «кіші». Салғастыру барысында, осы белгілер орыс және ағылшын тілдеріндегі сын есімдердің қалыптасуында әр алуан болып жасалатындығы байқалды. Уoung сын есімі зат есімдермен – балалар аттарымен сәйкесе отырып «жаңадан туылған нәресте» белгісін көрсете алуы мүмкін.

Жас концептісінің барлық сын есімінің өзіндік мағыналық құрылымында жекелеген диапазонның жас шамасын анықтайтын лексика-семантикалық варианттары болады, олар тұлғаның туылғаннан сәттеп бастап қартайған шаққа дейінгі жасын білдіретін семантикалық кеңістікті өзара бөліседі және таратады, міне, сы мәселе орыс және ағылшын тілдеріндегі new-born – нәресте, adolescent juvenile, teen-aged, youthful – балғын;  young – жас; elderly- егде; old – кәрі; aghed – қартайған,  ancient antiquated – көнерген деген сияқты өзара байланысты сын есімдерді айқындауға мүмкіндік берді.

Жасқа қатысты сын есімдер өзара байланыс нормасындағы жалпылықты анықтайды. Оларға нақты және абстрактілік семантикадағы зат есімдер тән, бұған қоса нақты семантиканың зат есімдерімен өзара байланыс орнатудың басымдылығы айрықша, олардың басым бөлігін адамның атына байланысты зат есімдер құрайды.

 

Ересек сөзімен келген сын есімдер

Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан негізгі және туынды түрі болып бөлінеді.

Негізгі сын есімдерге әрі қарай бөлшектеуге келмейтін бір түбір морфемадан тұратын сөздер кіреді.

Негізгі сын есімдердің көпшілігі таихи-этимологиялық тұрғыдан туынды түбір болуы мүмкін. Негізгі түбірі өлі түбірге айналып кеткен де, қосымшалармен арасы ажырамастай кірігіп қалған сөздер де бар. Ал адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдердің ішінде мұндай өзгерістер мен өлі түбірлер кездеспейді десе де болады. Себебі адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдердің өзі, негізінен, түбір сөздерден тұрады.

 

БАБАСАЛ = АДАМ– ЕР АДАМ – ӘЙЕЛ АДАМ – ЕРЕСЕК

БАБАСАЛ – ақыл тоқтатқан, байсалды деген мағынаны білдіреді. Бабасал негізінен жас шамасы үлкенірек адамдарға қарата қолданылады. Мысалы, Алдарында жайылған үлкен қызыл ала дастарқан. Он жақ шетте қызымыз сапырып отырған бабасал Ажар бәйбіше (А. Лекеров, Түз гүлі).

ЖІГІТ = АДАМ– ЕР АДАМ – ЕРЕСЕК

ЖІГІТ – ер жеткен, кәмелетке толған ер азамат. Жігіт болу үшін ер жету, кәмелетке толу аз, сонымен бірге ол есейген, бойы да, ойы да өсіп, күш-қуаты артқан, сөйтіп, әбден жетілген, қалыптасқан ер адам болуы керек. Бұл, әрине, жігіттің физиологиялық жағынан толысуы. Қазақ тілінде жігіт сөзіне байланысты туындаған туынды сөздер мен сөз тіркестері жетерлік. Мысалы, жас жігіт, ер жігіт, нар жігіт, сақа жігіт, алпамсадай жігіт. т.б. Қазақ халқы «жігіт» сөзін жеке қолданумен бірге «жас жігіт», «ер жігіт» түрінде жиірек қолданады. Мұндағы «ер жігіт» «батыр жігіт» ұғымында емес «ер адам», «еркек кіндік» ұғымында жұмсалады.

«Жігіт ағасы» дегенге – «бозбала шақтан өткен, есейген кез» жатады. Осы атауға ересектік тән.

ЕРЕСЕК-ҚАРТ кіші тобына мына сияқты топтарды жатқызуға болады. Жігіт ағасы (25-35 жас арасы) деген топқа әйел, ересек деген лексемалар жатады. Әрине, «жігіт» пен «жігіт ағасы» дегендер бір емес. Егер жігітке (19-25 жас) есейгендік тән болса, жігіт ағасына ересектік тән. ҚТТС-та бұл сөзге – «бозбала шақтан өткен, есейген кез» деген анықтама беріліпті.

ЕРЕСЕК = АДАМ – ЕР АДАМ – ӘЙЕЛ АДАМ – ЕСЕЙГЕН АДАМ

ЕРЕСЕК – есейген, ер жеткен, жас жағынан үлкенірек адам. Бұл сөзден бірнеше туынды сөздер жасалып, ересек тартты, ересек тұтты деген тұрақты тіркестер де қалыптасқан. Мысалы, Тек ден сау болсын, балаларым, – дейтін сол үйдегі әйелдердің ересегі Қаным (Ж. Арыстанов, Жалын).

ЕРЕСЕК ТАРТТЫ – өсті, үлкейді, ер жетіңкіреді. Мысалы, Есі кіріп, ересек тартып қалған бала Қайрақбай әкесіне әжептәуір қолғанат еді                  (М. Дүйсенов, Мейман).

ЕСЕЙГЕН – ер жеткен, естияр адам. Оған ақыл тоқтатқандық, саналылық тән. «Есейген» сөзінен есейгендік деген туынды сөз жасалған.

КЕКСЕ – (40-50 жас аралығы).

ЕГДЕ – (40-50 жас арасы) – жасы келген, ұлғайған кісі. Мысалы, Сәтмағамбет елуден асып кеткен егде кісі. Ол кезде жылқышы да жетіп, құрыққа ол да жармаса кетті (Н. Ғабдуллин, Қызыл дәурен).

ЕГДЕ ТАРТТЫ – жасы ұлғайды; орта жасқа келді. Мысалы, Бір кезде тұйық мінезді жас жігіт бұл кезде самай шашы бурылданып, бетінде әжімі көбейіп, егде атртқан кісілер (З. Ақышев, Біздің шамшырақ).

ЕГДЕЛЕУ – жасы келіп қалға, мосқалдау. Мысалы, Оқуға кешігіңкіреп түскен болу керек, басқа жігіттерге қарағанда ол егделеу сияқты көрінеді                (М. Дүйсенов, Меймандар).

МОСҚАЛ – жасы келген жасамыс, қартамыс адам. Осы аталған барлық сөздерге ортақ нәрсе – адам жасының ұлғаюы, толуы, жасамыс тартуы, басқаша айтсақ, орта жасқа келуі немесе одан аса бастауы. Мұны сол сөздерден жасалған анықтамалардан көруге болады. Бәрінде осы жасы келгендік, ұлғайғандық, егде тартқандық айтылған.

ТОҚТАСҚАН – жасы жетіп, мосқал тартқан. Мысалы, Досымбек екеуіміз оқытып жүрген жүзден аса ересектердің ішінде Зейнеп дейтін тоқтасқан бір әйел болатын (С. Омаров, Өмір).

ЖАСАМЫС – орта жастан асқан егде, мосқал тартқан адам. Мысалы, Жазушылық өнерден сенімді үміті бар жасымыз да, «Абайдан» үйрене отырамыз, сүйене де отырамыз (Ғ. Мүсірепов, Суреткер).

ҚАҚСА – мосқал, кәрі. Мысалы, қалғандардың саны болғанымен, сапасы жоқ, өңкей кәрі-құртаң жұмысшылар мен қақса қатындар (Ә. Әбішев, Жас түлек). Қақса сөзі біздің ойымызша, кексе сөзінің екінші бір варианты болуы мүмкін. Мосқал мен кексе 40-50-лердегі адамдарға байланысты қолданылатын сөз. ҚАҚСА мен КЕКСЕНІҢ айырмашылығы дыбыстық ерекшеліктерге байланысты деп айтуға болады.

 

Қарт сөзімен келген сын есімдер

ҚАРТ – бұл топқа 70-100 жас аралығындағы қарттар, дәлірек айтсақ, шал мен кемпірлер жатады [18]. Кәрі (кәрі кісі) сөзі де осы топтағы лексемалардың қатарын толықтырады.

КӘРІ – жасы жеткен қарт, қартайған адам.

Адам жасына байланысты тілімізде көптеген мақал-мәтелдер пайда болған. Олар ғасырдан ғасырға келе жатқан қазынамыз іспеттес. Мысалы, солардың бірі кәрілік сөзіне байланысты. Кәрі – қалтаң (әлсіз), жас – жалтаң; Алтыға дейін бала ерке, Алпыстан кейін шал ерке; Ат қартайса есекпен достасады, Адам қартайса төсекпен достасады т.б.

ҚАРТ – жасы ұлғайған, қартайған адам. Қарт, кәрі сөздеріне байланысты туындаған туынды сөздерге ерекше тоқтала кетпесек болмайды. Өйткені бұл сөздердің берер мағыналары, атқарар қызметтері көп.

КӘРІЛІК – жасы асқандық, қарттық.

ҚАРТТЫҚ – жасы жетіп қартайғандық, егде тартқандық.

ҚАРТАҢ – қартайған, жасы келген деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің мағынасы қарт, кәрі сынды сөздермен ұқсас. Қолдарындағы бір-бір сауын сиырларымен тоқты-торпағын өріске шығарып, қартаң қариялар мен кәрі әжелер де жылы төсегін тастап далаға шықты (С. Сейфуллин, Қадиша). Қартаң тартты, қартайды, жасы келді деген сөз тіркестері мен сөздер де жоғарыда біз саралап отырған қарт сөзіне байланысты туындаған. Мысалы, Алдымызда президент тұр, қасында ұзын бойлы, қылау шашты қартаң тартқан кісі (Б. Шәріпов, Алыс).

ҚАРТТАУ – аздап қартаң тартқан, егделеу деген ұғымды береді. Бұл жоғарыдағы қарт сөзінің негізгінен жасалынған. Тек бұл жерде – тау жұрнағы жалғанып, аз да болса басқаша мағына үстеп тұр. Салынып жатқан барақтың алдынан бір қарттау адам өтіп барады (С. Ерубаев, Менің құрдастарым).

ҚАРТАМЫС – мосқал тартқан, кәрі. Мысалы, Кешегі қан майдан мені тағы да он-жиырма жасқа есейтті, қазір қартамыс болып қалған сияқтымыз (М. Дүйсенов).

САРГІДІР – жасы келіп қалған, егде тартқан, жасамыс. Мысалы, Қонақтарды ер жетіп қалған екі ересек бала мен орта жастағы саргідір әйел құрметтей қарсы алды (С. Бегалин, Замана).

САРГІДІР ТАРТТЫ – біраз жасқа келді, егде тартты. Мысалы, Ол әдемі қара көзді, қоңырқай жүзді саргідір тартқан дембелше әйелге бұрылды (Алғы шепте).

ҚАРИЯЛАУ – кәрілеу, қарттау. Мысалы, Іште, Ресейде жүрген көп қазақтың бірі деәін десем, қариялау әйел асты-үстіне жаулық салыныпты                                      (Ж. Молдағалиев).

ҚАҚСАЛ – КЕКСЕ тартқан, қартая бастаған адамдарға қаратыла айтылатын сөз. Мысалы, біздің қақсал құдашалардың көңілі көкте, көздері мал мен атақта болады (С. Бегалин, Замана).

ӨЛМЕЛІ – жасы жетіп, өлуге тақалған, әбден қаусаған деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Өлмелі шал мен кемпірдің қолынан не келеді (З. Ақышев, Ақбел).

МОЖА – мыж-мыж болған, қартайған. Мысалы, Балатай қарттың барлық атын қабылдамаймын. Ол – жалтақ, можа шал (С. Талжанов, Ұлдай).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет – «Қарт» сөзіне байланысты қолданылатын атаулар

 

Кәрі ұясындағы жас шамасы жағымды коннатациялармен «толыға түседі»:

кәрі – тәжірибелі – ақылды. Кәрі концептісі ержеткендік (дене және ақыл), өмір барысында жинақталған тәжірибе және тұрмыстық даналық туралы білдіреді: «кәрі – үлкен және күшті, маңызды, пісіп-жетілген, бекем әрі қатаң». Дегенмен біздің әрқайсымыз өзіміздің кәрілік шағымыз туралы мазасыздана ойлаймыз, бұл жастағы адамдар аурушаң келетіндігін, жалғыздықтан бас тарта алмайтындығымызды, туған-туыстарымыз бен достарымыздан айрылудың қандай қиын екендігін ұғынамыз. Сонымен бірге өткен күндермен ескі уақыт та аяқталады, аға буын да кетеді: «Бір жағынан, кәрілік ержеткендікпен, денсаулықпен, күшпен шектеледі; екінші жағынан – ол қамқорлық, қайғы, ауру мағыналарына ауысады…». Адамға еріксіз қиялдаудың нәтижесінде көз алдына қайғылы сурет елестейді, сонымен бірге кәрілік – күз – ауру – ажал – қараңғылық – мәңгілік ассоциациялық қатары түзіледі. Коннатация тұрғысынан келгенде осы ассоциаттар адамның бойында жағымсыз эмоциялардың туындауына ықпалын тигізеді. Кәрі жас және басқа да аспектіге қатысты бинарлы позицияда болады: ол артта қалу, регресспен байланысты. Салыстырайық: кәрі – мешеу – кертартпа.

 

2.2 Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімді диалектизмдер

 

Диалектілік ерекшеліктер түрлі тілдерде бірінде аз, бірінде көп мөлшерде сақталған. Қазіргі диалектілер алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тайпаның сөйлеу тілі болған. Демек, диалект дегеніміз жалпыхалықтық тілдің бір тарауы, одан тыс құбылыс емес.

Ал халық, ұлт тілдерінің құрамындағы дилаектілерге келсек, олар басқаша қоғамдық құрылыс жағдайында қалыптасқан. Енді адамдар бірте-бірте бұрынғыдай ру тайпасына қарай емес, тұрғын жерлеріне, қоныстанған территориясына қарап жіктелетін болған. Сол себептен де диалектілер жергілікті сипат ала бастаған. Халық, ұлт тілдерінің, жергілікті диалектілердің пайда болуынан тайпалық тіл белгілері тіпті де із-түзсіз жоғалып кетпейді [19, 65 б.].

Қазақ тіліндегі туысқандық атаулардың көрінісін, аймақтарда қолданылу ерекшеліктерін диалектілік тұрғыдан сөз еткен Л.О. Жолдасбек: «Қазақ тіліндегі туыстық атаулар, сөйленістер былай тұрсын, әдеби тіл тұрғысынан зерттеулмей келе жатқан тың тақырып. Мұндай дәстүрлі лексиканы зерттеу тарихи лексикология, тіл тарихы, этимология, т.б. салалардағы проблемаларды шешуге пайдасы зор» – дейді [20, 68-69 бб.].

Л.О. Жолдасбек қазақ сөйленістеріндегі туыстық атауларды тек қана әдеби тіл нормасы жағынан емес, сонымен қатар диалектілік ерекшеліктері тұрғысынан да қарастырады. Әрбір аймақтардан жиналған туыстық атаулар мен адам жасын білдіретін атауларды жинастырып, бір негізгі келтіреді.

Жергілікті диалектілердің қалыптасуы, дамуы белгілі тарихи жағдайларға, қоғамдық-экономикалық формациялардың жергілікті диалектілердің дамуына, тілдегі диалектілік ерекшеліктердің молаюына қолайлы болды. Кей тарихи жағдайлар, керісінше, диалектілердің дамуына бөгет жасады, олардың бірте-бірте жойылуына әкеп соқты.

Халық немесе ұлт тілдерінде кездесетін ерекшеліктер еш уақытта бірыңғай сипатта болған емес. Олар пайда болуы жағынан да, халық тілінде қолданылуы жағынан да әр түрлі болып келеді. Бұлар тіл білімінде жергілікті және әлеуметтік диалектілер немесе говорлар болып екіге бөлініп жүр. Жергілікті диалектілер дегеніміз – белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің бөлігі, тармағы. Ал әлеуметтік диалект деп белгілі бір қоғамдық топтағы адамдардың я арнаулы кәсіппен шұғылданушылардың тіліндегі ерекшеліктерді айтамыз. Біздің сөз еткелі отырған мәселе жергілікті тіл ерекшеліктері болып табылады. Соның ішінде адам жасына байланысты сын есімді диалектілер.

Қазіргі қазақ тілі бүкіл қазақ халқына ортақ, біртұтас қарым-қатынас құралы болып табылады. Бұл ортақтық, біртұтастық сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың негізі жалпыхалықтық, барлық қазақ тілінде сөйлеушілер үшін ортақ екендігіне байланысты. Бірақ тілдің біртұтастығы деген ұғым қашанда оның барлық элементтері сол тілде сөйлейтін жердің бәрінде бірдей деген ұғымды бермейді. Тілдегі заңдылықтардың бәрі бірдей емес, олардың ішінде тілдің бірлігі үшін маңыздылары, негізгілері бар да, сондай-ақ маңызды еместері де бар. Аса маңыздылары бүкіл тілді қамтиды, олардан тілдің біртұтастығы көрінеді. Ал онша маңызды еместері тілдің белгілі бір тармағын, аз ғана бөлігін қамтиды [21].

Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің қолданылу өрісі, таралу шегі бірдей емес. Бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы бір-екі аудан немесе бір облыс көлеміндей шағын территорияны қамтыса, енді бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы – изоглостық шектері – одан әлдеқайда кең.

Диалектілік ерекшеліктердің бәрі бірдей бір дәрежеде қолданылмайды. Біреулері жиі қолданылса, енді біреулері өте сирек қолданылады. Бірқатар ерекшеліктерді тұрғын халық жаппай қолданса, енді бірқатары көп тарамай, тек қарт, егде адамдардың тілінде ескінің сарқыншағы ретінде ғана сақталып қалған. Мұндай құбылыстар жастардың тілінде кездеспеуі мүмкін. Қазақ тілінде жалпыхалықтық сипат алмаған, әдеби тіл нормасынан аулақ жатқан немесе белгілі бір аймақ көлемінде ғана қолданылып, әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмай жүрген жергілікті ерекшеліктер кездеседі.

Қазақ диалектологиясында жергілікті тіл ерекшеліктерін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне қарай топтастыра қарайды.

Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімді диалектизмдер аталған топтардың ішінен лексикалық ерекшеліктеріне байланысты қаралады. Олай деп отырғанымыз адам жасына байланысты кездескен, топтастырылған сын есімді диалектизмдерде фонетикалық, грамматикалық ерекшелік кездеспеді. Көбі лексикалық ерекшелік арқылы жасалынған.

ЖОРТПАШАҚ. Бұл сөз жүгіріп жүрген 3-4 жас шамасындағы баланы атау үшін жұмсалады. Мысалы, Қасиманның жортпашақ баласы бар. Негізінен Шымкент облысының Қызылқұм ауданында қолданылады. Жортпашақ сөзі жорыт (жорытып жүру) деген сөзге зат есім тудыратын – па жұрнағының қосылып, оған кішірейту мағынасын тудыратын – шақ жұрнағының жалғануы арқылы жасалған атау.

Қазақ тілінің диалектілері мен говорларындағы ерекшеліктер құрамы, сипаты жағынан біркелкі емес. Олардың ішінде көне замандардан қалған тілдік белгілер де, жергілікті тіл дамуынан туған құбылыстар да, басқа тілдердің әсерімен пайда болған ерекшеліктер де кездеседі. Бұл жағдай осы күнгі әдеби тіл тұрғысынан қарағанда жергілікті ерекшелік болып көрінетін сөздер мен тұлғалардың, дыбыстық құбылыстардың қазіргі дәуірге дейін өте күрделі процестерді басынан өткізіп, бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын аңғартады. Жалпы алғанда, қазақ говорлары төмендегідей қарым-қатынасқа түскені байқалады: говорлардың туыс тілдермен (өзбек, татар, қырғыз т.б.) қарым-қатынасы; говорлардың туыс емес, жүйесі бөлек тілдермен (орыс, араб, парсы т.б.) қарым-қатынасы; говорлардың әдеби тілмен қарым-қатынасы; говорлардың өзара қарым-қатынасы. Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдердің көпшілігі қазақ говорларының туыс тілдермен және говорлардың туыс емес тілдерімен қарым-қатынас нәтижесінде пайда болғандығын байқауға болады.

Қазақ тілі түркі тілдері семьясының қыпшақ тобына жататыны белгілі. Оның шығу тегі өте ерте замандардан басталады. Арғы кезі – батыс гунн, көне түркі дәуірлерімен, бергі кезі – оғуз, қыпшақ, ноғай бірлестіктерімен ұштасып жатыр. Қазақ жеріндегі көне замандардағы рулардан тайпалар, тайпалардан тайпалық одақтар (жүздер), олардан халық құралған. Сөйтіп ру тілдерінен тайпа тілі, тайпа тілдерінен тайпалық одақтар тілі, тайпалық одақтар тілдерінен халық тілі қалыптасқан. Бұл процесс біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ – ІІ ғасырларда басталып, тек ХҮІ ғасырда толық қалыптасқан. Тілдің даму сатысы біркелкі болмаған. Сол себептен де қазақ тілінің құрылымын зерттеу жұмысы өз алдына үлкен проблемалық мәселелердің бірі болып отыр.

Тіл жағынан алғанда қазақ жеріндегі тайпалардың негізі бар еді, бәрі де түркі негіздес диалектілерде сөйлеген. Онымен бірге бұл кез тайпалық одақтар тілінің қалыптасып, көне түркі тілінен бөлінуге бет алған кезі болды.

КӨДЕК. Жасөспірім бала деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз Жамбыл облысының Жамбыл ауданында тұратын тұрғындардан жазылып алынған. Маңғыстау өлкесінде «көдек» сөзі «ебедейсіз, икемсіз адам» деген мағынаны білдіреді. Ж. Досқараевтың көрсетуінше, «көдек» атауы парсы тілінде де жас баланы атау үшін жұмсалады. «Көдек» сөзі түркі тілдерінің көне жазба ескерткіштерінде де кездеседі.

 

2-сурет – «Жас» сөзіне байланысты туындаған диалектизмдер

 

САҒЫР. Сағыр сөзінің мағынасы жетім деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар сағыр атауы «жетім» деген мағынадан басқа Шымкент облысының, Мақтарал ауданында, Маңғыстау облысында «жас бала» мағынасында қолданылады. Мысалы, Балдарының бәрі сағыр [22].

 Қырғыз тіліндегі «сағыр» да осы мағынада жұмсалады. Қарақалпақ тілінде сағыйра түрінде қолданылады [23, 186 б.].

«Сағыр» атауының көршілес түркі тілдерінде кездесуі бұл сөздің ертеректе кең қолданыста болғанын аңғартады.

ДОНДЫҚША – 15-16 жас шамасындағы бала. Орал облысының Жәнібек ауданында жұмсалады. Мысалы, Біз ол кезде дондықша жігіт едік [21, 45-55 бб.].

БОЗБАЛДАҚ – бұл атау Маңғыстау облысында «боздақ», «жас жігіт» мағынасында жұмсалады [24]. Мысалы:

Талай кетті бозбалдақ,

Талай сұлу қызғалдақ,

Алладан өмір болған күн,

Өлімнен бар ма құр қалмақ (Қашаған ақын).

Говорларда кездесетін сын есімдерді мағынасына қарай сапалық және қатыстық сын есімдер деп, екі үлкен топқа бөлуге болады. Говорларда сапалық сын есімдерге қарағанда қатыстық сын есімдер мол кездеседі. Заттың түсін, сапасын білдіретін (қызыл, көк, сары, қара, ақ, қоңыр, жасыл, қызғылт) негізгі сын есімдердің бәрі де әдеби тілдегідей. Олардың құрамында диалектілік ерекшеліктер байқалмайды. Ал адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер әдеби тілден айырмашылығы бар, қарым-қатынас кезінде диалект екендігі байқалып тұратындығын анық сеузге болады.

КЕЛЕҢ – көп уақытқа дейін үйленбеген жігітті сөйленісте осылай айтады. Бұл сөз Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарында айтылады. Мысалы, Біздің колхозда кейбір келеңдер бар, солармен әңгімелесіңдер [25].

КҮРБЕЛДЕУ. Жастау. Жасырақ деген мағынаны білдіреді. Тек есін білмейтін күрбелдеу бала күндегі әдетімен «апалап» жүгіріп кеп, Ақбаланың етегіне жармасты (Ә. Нұрпейісов, Сергелдең).

ҚҰРАМЫН. Жас шамасы, мөлшері тең туыстас, қатар. Жасы қай құрамын? – қырықтың ар жақ, бер жағында. Былтыр көргенде менің шашалауымша солай еді (Б. Әшімов, Қаражан).

ҚҰРАЛПАС сөзі ҚҰРАМЫН сөзімен ұқсас. Жүнісбайдан кейінгі Қожақан менімен құралпас (Б. Соқпақбаев, Балалық шаққа саяхат). Бұл ауылда мен құрампас ересек бала болмай шықты (А. Жақсыбаев, Бозарал).

КӘРКЕСТІ (КӘРІ-НӘРКЕС) ҚАРКЕСТІ – бұл атау «егде кісі», «қары кісі» деген мағынаны білдіреді. Негізінен, Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарындағы қазақтардың тілінде ұшырайды [26, 5-6 бб.].

Ж. Досқараевтың көрсетуі бойынша, қаркесті сөзі үш элементтен құралған. Біріншісі қазақша қары (қар), екінші элементі – парсы тіліндегі кісі, үшінші элементі – қазақ тілінің қосымшасы.

«Кес (кәс)» сөзі өзінің бұрынғы мағынасын өзгертіп, қар сөзімен бірігіп, сын есім мағынасында жұмсалады. Мысалы, қаркесті кісі – егде тартқан кісі т.б. Колхозда қаркесті, тәжірибелі адамдар бар.

Семей облысының Көкпекті, Ақсуат аудандарында кәркесті//кәрі-кәркес атауы «кәрі-құртаң» деген мағынаны беру үшін қолданылады [27, 71 б.]. Мысалы, Бұлар туралы кәрі-кәркесті, шал-шауқандар біледі ғой.

ҚАРЫ. Кәрі, қары адам деген мағынада Маңғыстау облысы қазақтарының тілінде ұшырайды. Мысалы:

Қары құлан шөп жемей ме,

Қары бүркіт жем жемей ме.

Түркі тілдерінің ішінде «кәрі» сөзі түрікменше ғарры, қырғызша қары, қарақалпақша қарры.

Қарақалпақ қазақтарының тілінде кәрі-құртаң кісілерге байланысты ғары-ғұры сөзі қолданылады [28]. Осы өлкеде қария кісілерге байланысты «ғұрып» сөзі де кездеседі. Бұл сөзге байланысты «Сегіз жасар баланың тісі түсер, сексен жасар ғұрыптың (кәрі, қария) ісі түсер» деген мақал да кездеседі. Еділ бойындағы қазақтардың тілінде кәрілік сөзі жуан болып «қарлық» түрінде болып жуан қолданылады.

КӘТҚҰДА. Бұл атау Қарақалпақ қазақтарының тілінде «жасы үлкен, бегілі» мағынасында жұмсалады [29]. Некеге байланысты туған бұл атау екі түбірден құралған. Екінші сыңары белгілі болғанымен, бірінші сөз: әдеби тілде кездеспейтін, тілімізде жоқ сөз. Бұл өзбек тіліндегі «кәтта – үлкен, дәу» сөзінің қарақалпақ қазақтарының тіліне өтуі арқылы пайда болған.

САРТҰРА. Қостанай өңірінде «егде тартқан, орта жастағы сарыгідір әйелді» сартұра деп те атайды. Мысалы, Ол бір сартұра әйелге үйленді. Жасымыз қырыққа келді, енді сартұра болдық қой. Кейбір түркі тілдерінде (қазақ, хакас) сартұра сөзінің бірінші компоненті (сар тұлғасы) ауыспалы мағынада қолданылған. Ж. Досқараевтың пікірінше, сөздің екінші компоненті – тұра, тілімізде – тұра, – тұры түрінде де айтылады. Бұл сөздің шығу төркіні тұр, тұру, сарыгідір болып тұрып қалу сөзімен байланысты. Өйткені қазақ тілінде әл-ауқаты келіп, қартайып отырған адамды – тұра боп қалды деп те атайды [30].

Тілімізде адам жасына байланысты қолданылатын сын есімді атаулар әдеби және диалектілік мағыналары болады. Әрбір аймақтарда қолданылатын осы атауларға белгілі зерттеуші-ғалымдар зерттеу жүргізген. Диалектология мәселелері қазақ тіл білімінде зерттелмей қалған сала емес. Дегенмен де оның ішінде кейбір заттарға байланысты, сонымен қоса іс-қимылға қатысты сөздердің де зерттеуді қажет ететін тұстары бар. Ал біз қарастырып отырған тақырып аясы қазіргі қазақ тілі және тіл теориясы тарапынан да әлі де болса тереңірек зерттеуді керек етеді. Бұл мәселе кейінгі ғылыми жұмыстардың еншісінде деп сенеміз.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сөз – тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінң бірі болып саналады. Бірақ тіл білімінң әр саласы сөздің бір қырын өз объектісі етіп алад да, өз заңдылықтары негізінде сөз етеді. Сөз мағынасын байланысты айтылатын қағидалар тек тіл теориясының ғана дамуына ғана қатысты емес, оның тәжірибесі үшін де мәнісі зор. Сөз семантикасы тек тілшілердің пікір таласына ғана арқау болып қоймастан, ол философияныңда, психологияның да семиотиканың да ойларына азық болып жүр. Жалпы сөз семантикасы философияның кей категорияларымен байланысты екендігін ғалымдар ерте кезден-ақ айтқан болатын.

Тілдің сөзік құрамының әлеуметтік себепкері қоғамның түрлі кезеңінде қалыптасу ерекшелігі, сол тілде сөйлейтін халықтың өмірі мен тұрымыс-тіршілігінің тілдік сөздік көрінісі, басқа тілде сөйлейтін халықтың қарым-қатынас процесіндегі сөздік құрамның лексикалық жүйесіне әсері және тағы да басқа аспектілері.

Тілдік жүйе табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы.

Тілдік жүйенің бірліктері арасынан сөздің орнын анықтай отырып, тілдік құрылымның жүйесі мен сөздік құрамының арасындағы байланысты дәл анықтай аламыз.

Адам жасының семантикалық өрісі оның күрделі семантикалық категориямен қатынасына байланысты. Адам жасының категориясы прототипті типті категорияға жатады. Бір категорияның мүшесі ретіде өзіндік белгілер жиынтығы бойынша толық сәйкеспейтін бірліктер болып табылады да соның салдарынан бірліктер өзінің категориясын кейде «жақсы», кейде «жаман» сипаттайды.

Әрбір жас мөлшері категориясының прототипінің сыртында әлеуметтік ассоциациялардан жинақталған стереотипті бейне жатыр.

Біз жұмысымызда адам жасын білдіретін сын есімдердің қолданылу аясын, олардың семантикпалық мағыналарын талдап өттік. Бірінші тарауда адам жасын бідіретін сын есімдердің зерттелу тарихы, олардың құрылымы, адам жасын білдіретін сын есімдердің жасалу жолдары, оларды жасаудағы негізгі компоненттердің рөлі, сонымен қатар қосымшалардың жалғануы сынды мәселелер сөз боды. Негізінен, адам жасын білдіретін сын есімдер түбір есімнен, яғни сын есімнен жасалынған болып табылады. Ал негізгі түбірге қосымшалардың жалғануы арқылы да жасалады.

Екінші тарауда лексикографиялық еңбектерден жинақталған тілдік материалдарды, яғни тілдік бірліктерді семантикалық тұрғыдан талдауға тырыстық. Осы тарауда адам жасына қатысты қолданылатын сын есімдер жіктелді. Сонымен қоса аталмыш тарауда тілде қолданылатын адам жасына қатысты қолданылатын сын есімді диалектизмдерді де саралап өттік. Осы адам жасын білдіретін сын есімді диалектизмдерге талдау жасау барысында, олардың да негзгі түбірі сын есімнен жасалатындығы анықталды. Алдыңғы тарауда да адам жасына қатысты сын есімдердің негізгі түбірден жасалатындығы сөз болған еді. Айтылған пікірлердің арасындағы бір ғана айырмашылық әдеби тіл мен диалектизм болуында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ

 

1 Аханов К. Қазақ тілі лексикасының мәселелері. – Алматы: Наука, 1955. – 91 б.

2 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика.                     – Алматы: Мектеп, 1962. – 312 б.

3 Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 146 б.

4 Принципы описания языков мира. – М.: Наука, 1976. – С. 313-340.

5 Жаңатаев Қ.Ә. Адамның жас ерекшелігіне, жынысына қатысты атаулар: (лексика-семантикалық және этнолингвистикалық зерттеу): филол. ғыл. канд. дис… – Алматы, 1998. – 18-26 бб.

6 Жолдасбек Л.О. Қазақ сөйленістеріндегі туыстық атаулар. – Алматы, 1998. – 158 б.

7 Аяпұлы М. Қазақ халқының мұрасынан (жыл айлары, мүшел және болжамдар). – Алматы, 1993. – 17 б.

8 Қасиманов С. Адам жасын мөлшермен атау / Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы, 1994. – 222 б.

9 Сагатова С.С. Разноименность возрастных и ролевых номинаций в системе «человек – адам»: Автореф. дис… канд. филол. наук. – Алматы, 2005. – 23 с.

10 Сагатова С.С. Разноименность возрастных и ролевых номинаций в системе «человек – адам»: Дис… канд. филол. наук. – Алматы, 2005. – 130 с.

11 Костина Л.Т. Исследование группы прилагательных возраста в современном английском языке (в сопоставлении с русским): Автореф. канд. филол. наук. – М., 1978. – 16 с.

12 Власова К.А. Словообразовательные гнезда молодой-старый в русском языке: Автореф. канд. филол. наук. – Нижний-Новгород, 2002. – 13 с.

13 Бектұров Ш. Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994. – 224 б.

       14 Сайрамбаев Т. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 1997. – 236 б.

       15 Болғанбаев Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 206 б.

       16 Тіл білімі сөздігі / Жалпы ред. басқарған проф. Сүлейменова Э.Д.                 – Алматы: Ғылым, 1998. – 544 б.

       17 Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: Рауан, 1991. – 216 б.

       18 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы ред. басқарған Ысқақов А.Ы.  – Алматы: Ғылым, 1974-1980.

19 Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 198 б.

20 Жолдасбек Л.О. Қазақ сөйленістеріндегі кейбір туыстық атаулардың көрінісі // ҚазМУ Хабаршысы. – Филология сериясы. – 1997. – №12.                     – 66-70 бб.

21 Сарыбаев Ш., Нақысбеков О. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы.                   – Алматы, 1989.

22 Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. – Алматы, 1969.

23 Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (Маңғыстау говорының материалы). – Алматы, 1965. – 204 б.

24 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка.                  – Алматы, 1959.

25 Досқараев Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. – Алматы, 1951.

26 Досқараев Ж. Байғанин ауданында тұратын қазақтардың тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер // ҚТТ мен ДМ. – 1960. – 2 шығарма. – 5-б.

27 Болатов Ж. Семей облысы, Көкпекті, Ақсуат аудандарында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір диалектілік ерекшеліктер туралы // ҚТТ мен ДМ. – 1960. – 3-шығ. 72-б.

28 Жүнісов Н. Халық тілінің жергілікті ерекшелігі / Қарақалпақстандағы қазақ говоры материалы негізінде. – Алматы, 1981.

29 Бекетов Б. Қарақалпақ қазақтарының тілі. – Алматы, 1992. – 92-б.

30 Досқараев Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. – Алматы, 1951.