АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстан мен Ресейдегі көші-қон мәселесінің БАҚ тағы көрінісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Журналистика факультеті

 

 

Телевизия және радиожурналистика кафедрасы

 

 

Диплом  жұмысы

 

 

Қазақстан мен Ресейдегі көші-қон мәселесінің БАҚ тағы көрінісі

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2010

 МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                               5 -7   

 

 І ТАРАУ    Қазақстан мен Ресей арасындағы көші-қон   мәселелері          8- 28  

 

 

І.1     Қазақстандағы көші- қон мәселесінің туындау салдары                      8- 17  

 

І.2 Қазақстан мен Ресей: тарихы терең тамырластыққа жаңа көзқарас     18-  28  

 

 

  І І   ТАРАУ       БАҚ- тағы көші- қон мәселесі                                           29- 52

 

2.1  Қазақстандық БАҚ-тағы көші- қон мәселесінің көрініс табуы           29-44         

 

  1. 2 Ресейлік БАҚ-тағы ақиқат пен аңыздың арасы 45- 52

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                53- 54  

 

Сілтемелер тізімі                                                                                              55  

 

Пайдаланылған әдебиеттер                                                                              56  

 

Электрондық басылымдардағы материалдар                                                 57  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

   Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Ғылыми еңбекте бүкіл әлемдегі халықаралық көші-қонға шолу жасалына отырып, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ғасырларға жалғасқан достықтың, саяси әріптестіктің астарына үңіліп, тарихи кезеңдер жеке- жеке бөлініп талданды.

    Байырғы тарихшы Санжар Аспендияров, Ермұқан Бекмаханов, қазіргі замандағы Серік Әбдіакимов секілді зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, Қазақстан мемлекетінің көші — қон тарихы маңызды бес кезеңге бөлініп талданды.

    Қазіргі таңда Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан Қазақстан мемлекетінің де халықаралық көші-қонға белсене араласып,мемлекетаралық, халықаралық көші-қонның белсенді мүшесіне айналып отырғанына жете назар аударылып, саяси сараптама жасалынды. Сондай- ақ екі достастық мемлекеттің көші- қон туралы Заң баптарындағы ерекшеліктерге тоқталып өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы плюрализм тудыру дәрежесін анықтап, тұжырымдалды.

   Ғылыми еңбекте зерттеу жүргізілген экономикалық, әлеуметтік  зерттеулерді  екі елдің саяси тыныс- тамырын дөп басу үшін әлемдік деңгейдегі демограф- ғалымдар Дэвид Коулмэн, ресейлік ғалымдар М. Демурин, М. Юсуповский, Е. Садовскаяның және А.Сейдімбеков, М. Тәтімов, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Халықаралық көші- қон басқармасы, облыстық, республикалық, статистика басқармаларының материалдары пайдаланылды.   

    Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда халықтар көші- қонының күн санап өзектілігі артып келеді. Қазақстанның саяси, әлеуметтік,экономика- лық жағдайы көші- қонға да өз әсерін тигізіп отыр. Керісінше көші – қонда өз кезегінде Қазақстанда бірнеше мәселелердің пайда болуына жол ашты. Қалыптасып отырған көші- қондағы жағдай еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларына айтарлық тай әсерін тигізіп отыр. Сондықтан да көші– қон жеке бір құбылыс ретінде емес, мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатындағы ауқымды, маңызды салаға айналып отыр.

   Өз кезегінде ғылыми еңбектің нысанына айналып отырған көші-қон мәселесінің ресейлік және қазақстандық БАҚ-тағы көрінісіне объективті талдау жасауды талап етеді. А. Байтұрсыновша айт сақ «елдің көзі, құлағы һәм тілі» болып отырған БАҚ өз міндетін, көші қон мәселесін талдауда, зерттеу деңгейін анықтауды қажет етеді.

    Зерттеу жұмысының нысаны: Ресейлік және қазақстандық көші- қонның қазіргі таңдағы жағдай ын сараптап, екі елдің бұқаралық ақпарат құралдарындағы  мақалаларға шолу жасап, салыстыра отырып  ғылыми тұжырым дама жасау еңбектің  нысанына айналып отыр.

    Зерттеу жұмысының мақсаты: Ғылыми еңбектің мақсаты еліміздің және Ресей Федерациясының арасындағы тарихи тамырластыққа жаңа көзқарас білдіріп, объективті ой тұрғысынан сараптама жасай білу. Дербес екі мемлекет арасындағы көші- қон саясатының әскери стратегиялық, саяси экономикалық, әлеуметтік мақсаттарға тигізетін әсері туралы толғамды пікірлерге жүгініп, отандық және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының талдау және зерттеудегі ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау.

   Әлемдік деңгейдегі демографтардың, ғалымдар, көші- қон мәселе сін зерттеуші экономист мамандардың ой болжамдары, пікірлері не сүйене отырып  біздің қоғамда және көршілес орыс елінде жүргізіліп отырған сыңаржақты саясатты әшкерелеу.

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

     

        Адамзат баласының өмір сүру дағдыларының өзгеруіне байланысты көші- қон  мәселесі өз кезегінде өте маңызды қырлы рөл атқарады.

  Тұрғындар дың көші –қон мәселесі қай кезде, қай дәуірде болмасын өзектілі- гі өте жоғары. Әлемдік деңгейде немесе бір мемлекеттің аймағында болсын көші- қон мәселесі, сол елдің  гео-саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайы ның көрсеткіші тәрізді бет- бедерін жасап беретін маңызды құбылыс.  

Бұл еңбектегі басты мақсаттар -бүкіл дүние жүзіндегі, Орта Азиядағы көші- қонның қазіргі таңдағы хал- ахуалын, даму және құлдырау себептеріне шолу жасай отырып, негізгі тақырыбымыз Ресей мен Қазақстандағы көші- қонның  тарихи кезеңдерінен жалпы мағлұматтар беріп, БАҚ жүзіндегі көрініс іне мән береміз.

Ежелгі екі алып ел, көршілес Ресей мен Қазақстан мемлекеті арасындағы гео-саяси, әскери-стратегиялық, байланыстардың тарихы терең.

Тарихы өзектес ғасырлар бойы жалғасқан көршілес Ресей мен Қазақстан- ның әлемдік деңгейде мәні зор. Сондықтанда осы екі елдің мемлекетаралық қарым-қатынасы да көші- қон мәселесі де ең өзекті тақырыпқа айналуы заңды.

Бүкіл әлемдік деңгейде шет елдердегі қандастарын өз тарихи отанына шақырып жатқан екі мемлекет Израиль мен Қазақстан болса, соңғы жылдары  Ресей де осы мәселеге жіті назар аударып келеді.

Қазіргі таңда  Абай Құнанбаев атамыздың сөзіменен айтсақ «орыс теріс айтпайды» дейтін орыс халқымен де дипломатиялық қатынастардың заманалардың саяси өзгерістеріне сәйкес бұрмаланып отырғаны белгілі бола- ды [1].

Өз заманында Қазақстан тарихын зерттеген ұлт жанашырлары  алғашқы  Қазақстан тарихы туралы жазған ғалым Санжар Аспендияров және  Кеңес дәуіріндегі Ермұқан Бекмаханов осы заманғы т.б тарихшылардың жазбаларына сүйенсек, Ресей мен Қазақстан арасындағы көші-қон мәселесінің  туындауы сонау «отарлау саясатынан» басталғанын аңғару қиын емес. «Отарлау саясатының»  негізгі астары бүкіл бір халықтың «санасын отарлау» болып табылды.

 XVІІІ- XXI ғасыр аралығында екі ел арасында ірілі- ұсақты тарихи маңызы зор талай уақиға өтті.

ТМД елдері арасында әлеуметтік әлеуеті, хал- ахуалы анағұрлым дамып келе жатқан зайырлы Қазақстан мемлекетінің гео-саяси саясатында көші- қон мәселесі өзекті  тақырыпқа айналып отыр. Бұл орайда, Ресей мен Қазақстан арасындағы көші- қон мәселесіндегі  бірнеше факторлар ғасырлар бойы жал- ғасқан екі елдің шешілуі қиын түйінге айналғаны шындық.

Екі ел арасындағы  саяси байланыстарды XVІІІ ғасырдан бастап осы замандағы уақытты бес кезеңге бөліп қарауға болады.

Бірінші кезең XVІІІ ғасырдан 1950 жылдар аралығы болса, екінші кезең 1950 жылдан  1980 жылдар аралығы, үшінші кезең 1980 жылдан 1991 жылдар аралығы,  төртінші кезең  1991 жылдан 2001 жыл аралығы, бесінші кезең 2001 жылдан 2009 жыл аралығы.

Тек қана ТМД елдері арасындағы емес Орта Азия «барысына»  айнал- ғалы отырған әні- міне дегенше азуын айға білеген  азулы мемлекеттермен  терезе теңестіргелі отырған  Қазақстанның  саяси имиджі үшін де көші- қон мәселесінің ретке келтіріліп, бақылауда болуы өте маңызды.

Жалпы Ресей Федерациясына қоныс аударып жатқан славян этносының жаппай үдере көшу көрсеткіштері 1990-2001 жылдар  аралығында жоғары болды. Бұл мәселе еліміздегі қалыптасқан әлеуметтік- экономикалық, саяси реформаларға байланысты туындады. Бұл жөнінде Е. Ю.Садовская «Внешняя миграция в республике Казахстан в 1990 годы: причины, последствия, прогноз» атты еңбегінде былайша ой түйіндейді: «ТМД елдерінде соның ішінде Қазақстанға тән болғандай көші- қон мәселесінің 1990 жылдары тез арада өзектілігі арта түсті. Соныменен қатар, Кеңестер Одағының бұрынғы құрамындағы елдерге қарағанда Қазақстаннан қоныс аударушы эмигранттар саны анағұрлым жоғары болды [2].

   1987 жылы Қазақстаннан  7,1 мың адам, 1988 жылы- 23,6  мың (108,2мың), 1989 жылы 53 мың адам (235 мың сәйкес) қоныс аударды.

   1990 жылдары көшіп –қонушылардың ағымы жедел өсе түсті 6 жыл ішінде (1991- 1996ж) республикамыздан 2 млн адам қоныс аударды.  Нәтижесінде Қазақстан 1991 жылы- 22,2 % ал 1992 жылы -89,3 % халық табиғи өсімін жоғалтты. 1993- 1994 жылдары көші –қондағы шығын табиғи өсімді жаныштап қана қоймай, оны 1,4 және 2,8 есеге асрып жіберді.

  1994 жылы көші –қон «шыңына» жетті яғни республикамызға 480 мың адам көшіп келді. 1995 жылы тұрғындардың қоныс аударуы көшіп келгендерден 4,4 есе асып кеткендігін жазады автор.

  Ал, А. И. Қаржаубаева  «Фронтерьские миграции» [3] атты еңбегінде 1991 -2001 жылдары аралығында  Батыс Қазақстан мен Ресейдің облыстары ара сында көші –қон алмасуында 327, 9  мың адам қатынасты оның ішінде  227 мың адам қоныс аударса,  187,7  мың біржолаға кетті. Бұл дегеніңіз тұрғындар дың 8 %-ін  құрайды.

   1991- 2001 жылдары аралығында  Батыс Қазақстан облыстарының  ішіндегі Ресеймен көші –қон алмасуын, атап айтқанда Ақтөбе облысында 20 821 адам көшіп келсе, Ресейге 86 963 адам қоныс аударды. Көші қон өсімі- 66 142 мың теріс сальдо болды деп түйіндейді зерттеуін.

  1990 жылдары еліміздегі ауқымды  саяси реформалардың  бұл мәселені асқындырып жібергені рас. Себебі, Кеңестік Одақтан ыдыраған мемлекеттер-  де дербестік пайда болғанының  оң және теріс әсері білініп қалды.

  Елді жайлаған жаппай жұмыссыздық, инфляция, саяси стратегиялық бағыттардың барлығы Қазақстанда өмір сүріп жатқан этностардың үдере       көшуіне мол себептер туғызды.

   Қазақстанды мекен еткен әр түрлі ұлт өкілдерінің  кейбір жылдары үдере көшуін БАҚ сан- саққа жүгіртіп, қоғамда қарама – қайшы пікір тудыр- ды. Бұл мәселеде БАҚ- тың өзі екі топқа бөлінді. Бірінші топ – мемлекеттік БАҚ, олар елдегі тыныштықты көздеп, көші- қон мәселесінің тек оң жақтарын жазып, шешілуі қиын мәселелерді «жабулы қазан жабулы» күйінде қалдырса, оппозияциялық бағыттағы БАҚ  бұл жүйенің тиімсіздігін, демографиялық көрсеткіштердің төмендегенін, ұлт араздық тудырумен болды.

Бірақ, халық үшін бұл мәселенің ақ қарасының анық болғаны маңызды.   Мемлекеттік  деңгейде шешілетін гео- саяси, стратегиялық мәні зор қадамға жататын шет елдегі қазақтардың тарихи отанына оралуының өзі бірнеше кері- тартпа  факторларға жол ашты.

БАҚ  қандай бағыт, ұстанымына қарамастан халыққа көші- қон мәселесі туралы объективті түрде ақпарат беруге тиіс. Шындық пен ақиқаттың арқа- сында қазіргі таңдағы көші- қон мәселесінде туындап отырған мәселелерді шешуге мүмкін болады. Керісінше бұрмаланған ақпарат елді адастырып, саяси сыртқы күштердің  идеологиялық ықпалын арттырып жібереді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     І. ТАРАУ   Қазақста н  мен  Ресей  арасындағы  көші- қон мәселелері          

          

  1. 1 Қазақстандағы көші- қон мәселесінің туындау салдары

       Қазақстандағы көші-қон мәселесі туралы сөз қозғамас бұрын жалпы «миграция»  яғни «көші- қон» мәселесіне түсінік бере кетейік.

      Тұрғындардың көші- қоны яғни миграциясы (латын сөзі «migratio» яғни қоныс аудару), мағынасы ерікті немес еріксіз түрде адамдардың «мигрант-тар» белгілі бір жер аумағының шекарасынан тұрақты түрде немесе  уақытша тұру үшін екінші бір келесі жер аумағына қоныс аударуы. «Тұрғындардың көші-қоны» деген термин  «тұрғындардың механикалық қозғалысы» деген ұғымға жақын.

    Еріксіз түрдегі эмиграция негізінен экономикалық- қаржы (қаржы дағдарыс т.б); саяси (саяси қудалау); діни; экологиялық  және басқа да жеке себептердің пайда болуымен туындайды. Жалпы, аумақтық миграция, сыртқы көші- қон (эмиграция және иммиграция) мемлекет шекарасынан тыс. Ал, ішкі көші- қон дегеніміз- бір мемлекет ішіндегі көші- қон. Эмиграция мен иммиграция жалпы қайтарымсыз болуы да мүмкін.

      Эмиграция мен иммиграцияның айырмашылығы қандай?

    Иммиграция (лат. сөзі «immigro», «қоныстанамын» деген сөзінен шыққан) дегеніміз- өзге мемлекеттердің азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың белгілі бір мемлекетке тұрақты қоныстануы үшін, жаңа азаматтық алып қоныс аударуы[4].

    Эмиграция (лат. сөзі «қоныс аударамын» дегеніміз- бір мемлекеттің азаматтарының өзге мемлекетке уақытша немесе тұрақты қоныстану үшін азаматтығын өзгертіп немесе өзгертпей қоныс аударып кетуі.

Иммгирация дегеніміз- шет ел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың белгілі бір мемлекетке уақытша әлде тұрақты тұру үшін қоныс аударуы [5].

    Көші-қон мәселесі қоғамның әлеуметтік, жекелеген аймақтарды өн- діріс орындарының орналасуына да тығыз байланысты.

   Тұрғындар көші- қонынының ең маңызды  әлеуметтік- экономикалық қызметі ол –халықтың аумақтық қайта бөлінісіне қарай өндіріс ошақтарына шоғырлануына байланысты еңбек күшін және өндірістің дамуына үлес қосады. Алайда көші-қон мәселесінің  нәтижесі бірнеше қарама- қайшылықтар да тудырады.

  Тұрғындардың көші- қоны еңбек нарығында тепе- теңділікке алып келіп, халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайын өзгертуі де заңды. Әрине, бұл орайда тұрғындарды оқу- ағарту, кәсіби дайындықты және көші- қонға қаты-

сушы адамдардың қажеттілігін кеңейте түседі. Бір жағынан мигранттардың үдере көшіп келуі, жұмыссыздық деңгейін асырып жібереді. Соныменен қа- тар, әлеуметтік инфрақұрылымдарға айтарлықтай салмақ түсіреді (тұрғын үй, денсаулық сақтау т.б).

  Көші қон жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Тұрғындардың көшіп- қонуы аймақтардың бірінде халық саны азайып, келесі бірінде көбейіп кетуіне ықпал етеді. Жоғарыда айтылып өткен жайттардың бәрі мемлекеттік көші-қон саясатының құзырындағы іс болып табылады.

   Тұрғындардың көшіп-қонуы елдің демографиялық құрылымна зор әсер етеді.

   Халық құрамының жыныстық және жас ерекшеліктеріне қарай мигрант- тардың кетіп немесе қоныс аударған аймақтарындағы тұрғындардың өсу     қарқындылығының көлемінің әртүрлі болып, әсер етуші күшінің деңгейіне байланысты, «жедел» және «ұзақ уақытқа созылатын әсер» деп ажыратуға болады.

    Ұзақ уақытқа созылатын әсер етуші күші- тұрғындардың өсу үрдісін- дегі рөліне байланысты.

     Халықтың көші- қонының бір бөлігі аумақтық көші- қонға жатады.

     Көші- қонның бірыңғай негізгі талаптары-  өзге ел шекарасынан өту немесе аудан, облысқа қоныс аудару болып табылады. Бұл орайда, ішкі және сыртқы көші- қон деп екіге бөлінеді.

 Сыртқы көші-қон (халықаралық) мемлекеттік шекрадан өту болып табылады. Ол құрылықаралық және құрылықішілік болып екіге бөлінеді.

  Ішкі көші- қонға белгілі бір мемлекет көлеміндегі әкімшілік- басқару, әлеуметтік- географиялық аудандар, елді мекендер жатады.

  Бір мекен, қаланың көлеміндегі тұрақты тұрғын жайды өзгерту, тұрғын- дар көші- қоны болып есептелмейді. Сонымен қатар, ауылдан қалаға, ауыл- дан ауылға, қаладан- қалаға (қаларалық көші- қон), қала тұрғындарының ауылға қоныс аударуы деп жіктеледі. Маңызды болып саналатыны «ауыл- қала» көші- қоны, урбанизация деңгейі өсуіне байланысты «қала- қала» болып дамып отыр.

  Жер аумағының көлемділігіне  байланысты облыс ішіндегі, облысара- лық, ауданішілік, ауданаралық болып саналады. 

   Көші қонның теориясы: тұрғындардың көшуін үш үрдіс деп алып қарайды. Бастапқы кезең- тұрғындардың аумақтық қозғалысы, негізгісі- жеке қозғалыс, соңғы кезең мигранттардың жаңа қонысқа жерсініп кетуі.

  Осы тұжырымдама негізінде көші- қон процессінің әр кезеңіне сәйкес туын дап отырған мәселелерге шешім табуға болады [6]. 

 Әлемдегі көші-қон мәселесі бүгінгі таңда өзекті тақырыпқа айналып отыр. Көші- қонға біреулер әлеуметтік жағдай деп қараса, біреулер гео- саяси жағдаймен байланастырады. Алайда көші- қон әлеуметтік, гео- саяси, эконом-икалық, стартегиялық маңызы бар күрделі механизмді құбылыс.

Көші- қонды популистік бағытта ұстанып, жалаң энтузиазммен саясат етіп жасауға құмар жеке тұлғалар да, елдер де табылады.

 Түптеп келгенде бұл мәселенің бүкіл бір мемлекеттің күре тамырына айналып отырған инфрақұрылымдарға айтарлықтай әсерін тигізіп отырғаны шындық.

     Оксфорд Университетінің  профессоры, ағылшын демографы Дэвид Коулмэн «Третий демографический переход» атты кітабында жалпы әлемдегі көші- қон туралы, кеңінен таратып жазады [7].

Д. Коулмэн  XXI  ғасырда көші- қонның  өсімі Еуропадағы халық саны ның өсіміне ықпалын тигізіп отырған бірден- бір тетікке айналғанын атап өтеді.

Германия және Италия елдеріндегідей халықтың туылуынан өлім саны артып тұрған мемлекеттерде тұрғындардың  азаюына байланысты көші-қон тосқауыл болуда.

 Иммиграция  егер көші- қон ағымына үлкен отбасылар, туыстық қарым- қатынасы тығыз байланыстағы және бала туу көрсеткіштері жоғары тұрғын дар қатысса қабылдаушы  жергілікті тұрғындардың  этникалық құрамына айт арлықтай өзгерістер кіргізеді.

Осы ғасырдың орта тұсына қарай белең алып отырған жағдайларға бай ланысты Батыс Еуропа мен АҚШ-тың 20- 30% бірінші, екінші ұрпағы өзге мемлекеттердің азаматтары болған тұрғындардан құралатын болады.

Біз  қазіргі таңдағы тұрғындардың  көші- қонының  бойынан көші- қоны  ның  барша формаларын таба алмаймыз. Себебі, оның бірнеше жаңа түрлері пайда болды. Ал, адамдардың бөлек кетуіндегі себептерінің ескі, дөрекі  із қал дырғандары, жоғалып отырды.  

Егер де тұрғындар ұрпақтар ауысуын толық қамти алмаса, қорытынды туу коофициенті: бір әйелге 2.1- 2.2 – ге жетпей және сол кезде (халық саны нын бір деңгейде сақтап тұратын, керісінше сақтап тұра алмайтын) көші- қон ағымы жүріп жатса, мигранттар және олардың ұрпақтары, аралас некеден туғандар қазіргі кездегі тұрғындардың орнын басуы тиіс. Батыс Еуропа және қазіргі заманауи мемлекеттер де бұл бағытта қозғалыс басталып та кеткен болатын.

1960 жылмен 2004 жылдар аралығындағы салыстыруға келмейтін екі ағым: АҚШ-тағы мигранттар ағымы мен Еуро Одақтың (15 мемлекетіндегі)  ағым жылына 1 млн адамнан астам көрсеткіштер көрсетеді. Соныменен қатар, миграцияда туу және өлім үрдістерін қарапайым сараптауға болмайды.

Дейтұрғанмен де туу коофициенті жергілікті халық пен эмигранттар ара- сында әр түрлі. Батыс Еуропа елдерінде атап айтсақ, Франция, Голландия, Ирландия, Швеция, Англия, Уэльсте жергілікті халықтың өсу көрсеткіші, им мигранттардан 2. 2 — 3 деңгейге жетеді. Бірақ, бұл орайды Еуропа елдерінде өмір сүретін шетелдіктердің туу көрсеткіштері өте жоғары деп есептеуге бол майды. Еуропалық тектес тұрғындарда ғана төмен, ал африкалық, Сомали, Пәкістандықтардың туу көрсеткіштері  өте жоғары.

Көші- қонның жаңа толқыны туу көрсеткіші жоғары елдердің мигрант- тарын әкелуде. Бірақ қалыптасқан жағдайға туу көрсеткіштеріндегі айырма- шылықтар емес миграция әсер етеді.

1950 жылдары АҚШ-тың ақ нәсілді тұрғындары, ел тұрғындарының  87 % құрайтын еді. Қазіргі кезде оның үлесі 71- 72 %- ға азайып отыр. АҚШ-тың ценз Бюросының болжамынша ғасырдың ортасына қарай олар тұрғындардың 50 %-ын ғана құрайтын болады.

Қазіргі таңдағы жағдай өзгеше деп есептейтіндер бар. Бұған себеп бірін- шіден  қазіргі көші- қонның өте ауқымды болуы. Екіншіден көптеген мигрант- тар Оңтүстік Америкадан, соның ішінде көршілес Мексикадан келіп жатыр. Кейбір көршілес елдерге тән Мексика мен Американың арасындағы қарым- қатынас шиеленсіке толы. Сол үшін де көптеген америкалықтар, мигранттар ағымы АҚШ-тың  ұлттық сипаты мен егемендігіне қауіпті екенін айтады.

Ұлыбритания мен АҚШ-тың жергілікті тұрғындарының халық өсімі мигранттардың өсімінен бірнеше есе төмен болғандықтан ұрпақтар алмасу ына дәрменсіз. Мигранттардың тұрғындар өсіміне қосатын үлесі салмақты болғандықтан, халық санының өсуіне миграцияның рөлі өте маңызды.

 Швециядағы жағдай да мәз емес екені көрініп тұр, соңғы елу жыл ішіндегі  болжам бойынша тұрғындар саны 20% ға көші- қонның арқасында өсе    түспек.

Дэвид Коулмэнның тұжырымдамасы жергілікті халықпен мигранттардың туу көрсеткіштері мен өлім- жітімі арасындағы айырмашылық емес, атап     айтсақ тұрғындардың табиғи болмысына тек қана көші- қон әсер етуші фактор болады. Сондай ақ автор көші- қон мәселесіндегі шешуші фактордың рөлін атқаратын тұрғындар құрамындағы мигранттардың болашақтағы әрекеті деп атап өтеді. Олар қабылдаушы мемлекеттің тұрғындары ретінде кірігіп кете ме деп әлде шетелдік, аралас некеден туылған тұлғалар ретінде оқшау топты құрай ма?

Егер де олар сан жағынан асып түсе алмайтын жергілікті халықтан    өздерін айырықша санап сол мемлекеттің халықтық сипатына, әлеуметтік жағдайына әсер етуі мүмкін. Ел ішінде алуан түрлі бағыттағы топ пайда болып, әр түрлі тілдік, әр түрлі заңдық жүйені талап етуі де ықтимал.

Бірінші және екінші демографиялық кезеңдер мен салыстырғанда үшінші демографиялық кезеңдегі адамдардың еркі, көші –қон деңгейі үкімет тарапы- нан ресми түрде бақылауда болуы керек.

Жоғарыда айтылған  ой- болжамдар қабылдаушы мемлекеттің мигрант- тардың тіл, оқу- ағарту ісіндегі ассимилияцияға ұшырауына мүмкіндік беру. Бір сөзбен айтқанда көшіп келушілер қабылдаушы  мемлекеттің тілі мен мен оқу- ағарту жүйесін қабылдап, кірігіп кетуі керек. «Есіктен кіріп, төр менікі» дейтіндей күйге жеткізбеу қажет.

Д. Коулмэннің  тұжырымдамасының Қазақстанға байланысты жақтарын әлі талдай түсеміз. Әлемдік көші- қон мәселесінің  күрделі механизмі тек қана Қазақстанды ғана емес көптеген дамыған мемлекеттерді де тығырыққа тіреп отыр.  Жекелей алғанда Қазақстан әлемдік саясаттан, дағдарыстан тыс қала ал майды. Алайда, бұл мәселеде Қазақстанның гео-саяси, топонимикалық,      стратегиялық жағдайын басты назарда ұстау маңызды.  

 Қазақстан халқының жалпы сауатты болуы яғни елімізде орта білім              (11 сыныпты)  алу деңгейі жоғары. Соныменен қатар, ғылыми-зертеу, ғарыштық жүйесі саласының қалыптасуы, шикізат өндіру саласының дамып келе    жатқанын атап өтуге болады. Көптеген аймақтардың экологиялық жағдайының нашарлауы, шетелдік инвестицияларға қажеттілігі, жаңа технологиялар импортына қажеттілігі, инфрақұрылымдардың қауқарсыздығы. Бұныменен  қоса, құрылық ішінде орналасып, көлемі өте үлкен табиғи ресурстары мол, этникалық құрамы ала- құла мемлекет [8]. 

 Қазақстанның осы айтылған ерекшеліктерін қорыта келіп, дамушы мем- лекеттер қатарының «қатардағы жауынгері» рөлінен дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіреміз деген үмітімізді маздатып отырған факторлар әзірге саусақ пен санарлық.  

Қазіргі таңдағы Қазақстандағы көші- қон бірнеше себептермен        байланысты.  Бұл жөнінде Ю. Садовская «Внешняя миграция в Республике Казахстан 1990 годы: причины, последствия, прогноз» атты кітабында төмендегідей пікір білдіреді [9]:   

Сыртқы көші- қонда әлеуметтік- экономикалық, саяси үрдістер ішкі көші- қонда әлеуметтік, экологиялық факторлар маңызды рөл атқарып отыр. 

     Әлеуметтік- экономикалық жағдайлар яғни тұрғындардың өмір сүру    деңгейінің төмендеуі, Кеңестер Одағының құлдыраған соң өндіріс ошақтарының істен шығуы, жұмыссыздық, инфляцияның өршіп кетуі әлеуметтік хал- ахуалды одан әрі өршітіп жіберді. Мұның бәрі де елдегі сыртқы көші –қон мәселесін күрделендіре түсті.

   Қазақстан Республикасы – өндіруші және өңдеуші салалы индустриальды, аграрлық мемлекет.

     Ауыр өнеркәсіптің 75 пайызын  құрайтын  салалық құрылымда еңбек етуші   жұмысшылар механизациялану деңгейі төмен, ауыр, физикалық, денсаулыққа  зиянды  мекемелерде еңбек етеді.    

     Халық шаруашылығын да өнеркәсіпте қол еңбегі көп жұмсалады.   Сондықтан да солтүстік облыстар тұрғындарының көбі ауыр өнеркәсіп    саласын меңгергендіктен мигрант ретінде олардың Ресей еліне кәсіби білімділігі төмен мамандар ретінде қажеттілігі аз. Сондықтан да Қазақстанның солтүстік өңірлерінен кетуші эмигранттар қайтарымсыз біржолаға көшіп кетеді.  

   Сондай ақ, егер экономикалық хал- ахуал түзелсе қайтарымды, мерзімді көші- қонның Ресеймен шекаралас облыстарда көлемі ұлғаюуы мүмкін.

     Ресейдің еңбек нарығының көлемділігіне байланысты қайтарымды, еңбек көші- қоны өсе түседі.  

 Славян тектес ұлттардың шоғырланған жері Алматы қаласының астана- лық статусынан айрылып қалуы да олардың өз тарихи отанына  қоныс аудара бастауын үдетіп жіберді.

Көші – қонның көп айтыла бермейтін түрі ол- географиялық-экологиялық дп аталады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік- шығыс облыстарының сейсмологиялық, экологиялық ахуалынан қауіптенген тұрғындар саны арта бермек.

Алыс шетелдерге эмиграция қазіргі таңда да жалғасын таба береді. Атап айтқанда: Германия, Израиль, Греция, АҚШ.

Германия мен Израиль репатрианттар жөнінде арнайы саясат ұстануда.

Германия жылына Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңестер Одағынан     келген репатрианттарға 240 мың неміске квота бөлуде.

   Германия Федеративті Республикасының нарықтық экономикасының дамығандығы және тұрмысқа жайлы жағдайларына байланысты ел үкіметі немістердің қазіргі таңдағы тұрып жатқан жерінде тұруға қолдау көрсеткеніне қарамастан, Қазақстандағы этно-саяси бағыттағы себептерге байланысты эмиграция үрдісі жалғаса береді.

Немістердің тарихи отанына кетуге үлес қосып отырған тағы бір фактор ол қазақстандық немістер жөніндегі герман-қазақстандық, үкіметаралық Келісім, яғни осы құжаттың талаптары Қазақстан тарапынан жүзеге аспауда.

 Атап айтқанда, білім беру, мәдениет, қарым- қатынас, шағын және орта бизнес дамытуда шағын немістер тұратын аумақта шешілмеуі  0,3 млн     немістің тарихи отанына қоныс аударуына жол ашуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша 2015 жылы ортаазиялық аймақта 1,5 есе, 1994 жылдың 54 млннан 75 млн-ға дейін өседі.

  Аймақтың мұндай демографиялық өсімінің зардабынан алдағы 15-20 жылда экономикалық тұрғыдан (жұмыссыздық кең етек алып кетуі) жылда тек қана орыс тілді тұрғындар емес, жергілікті халық та мигрантқа айналуы ғажап емес [10]. 

Негізінен Қазақстандағы көші-қон оңтүстік еңбек күші мол облыстарда жайыла бермек. Қазақстан арқылы халық көп шоғырланған және еңбек күші мол ортаазиялық республикалардың  жергілікті тұрғындары көші-қоны өтетін болады. Еңбек көші-қонының бақылаудан тыс болуы әлеуметтік тығырыққа тірейтін құбылыс болуы ықтимал.

    Көші-қонның тұрақтануы үшін елдегі әлеуметтік- экономикалық,сая-си- құқықтық, қаржыны ұйымдастыру сияқты кешенді шаралар қолға алынуы қажет.  

 Елімізде жасыратыны жоқ көші-қон мәселесінде бірнеше жылдар  бойы жүйесіздікке жол берілді. Көші- қон және демография саласының министрлері тиімді жүйе ұсынып, айтарлықтай жақсарта түсер жоба ұсына алмады.

Елбасы Н. Назарбаевтың қазақтарды тарихи отанына оралдыру саясатын әрі қарай жетілдіріп  келелі істер атқарылуы қажет болды.

Баяғы КСРО құрамында болған бауырлас діні, ділі бір мемлекеттердегі көші- қонның да өзіндік тарихы бар. Бір құрлықта орналасқандықтан       Қазақстанның Орта Азия елдерінен тағдыры бөлек деп айту қиын.

 Орта Азия мен Қазақстанда соғыстан соңғы жылдары Кеңестік дәуірдегі денсаулық сақтау жүйесі мен өмір сүру деңгейінің жақсаруы демографиялық жарылыс тудырды. Ресейде 1959-1989 жылдары тұрғындар саны 1,3 есе        көбейіп отырса, Орта Азия елдерінде және Қазақстанда 2. 1 есе көбейді.

1951- 1982 жылдары осы уақыт арасында дүниеге келген тұрғындардың   1\4 қоныс аударды. КСРО-ның ыдырауымен қала тұрғындары азайып, ауылдың тұрғындары көбейе түсті.

Баяғы  1990 жылдардың өзін алып қарасақ елімізде жүріп жатқан      нарықтық экономикаға көшу бағыты жабайы капитализмді дүниеге алып келді. Сол жылдардағы экономиканың құлдырап, ауыл-аймақ, қалада жаппай тұрмыс деңгейінің төмендеп кетуі сыбайлас жемқорлыққа жол ашты.

Оған фактілерден мысалдар келтірер болсақ, 1993 жылы Орта Азия      мемлекеттерінен көшіп келген 13 отбасының аянышты халін тілге тиек етуге болады. Шілде айында Түркменстаннан келген оралмандар, Ақтөбе облысының алыс аудандарының бірі Бөгеткөл ауданына қоныс аударады. Ауыл әкімі арасында керекті мамандары бар адамдар келді деп құшақ жая қарсы алғанмен, оралмандарды жер аударылғандар тәрізді «жаңа үйлердің құрылысы аяқталған жоқ» деген сылтауменен ауыл сыртындағы алаңқайға     үш ай бойы күркеде ұстайды.

Шілденің аптап ыстығы, ақ жауынның астында бала-шағасымен       қысылып- қымтырылып өмір сүрген оралмандарға жаңа үйлердің құрылысы аяқталысымен де баспана берілмеді. Жаңа үйлерді жергілікті тұрғындар «біздер баяғыдан тұрып келеміз, олар неге жаңа үйде тұруы керек?!» деп қарсылық көрсетіп, жаңа үйлерге өздері күшпен көшіп алады. Ауыл әкімі ақыр аяғында оралмандарға уәде еткен жаңа үй, мал, дүние мүліктің мәселесін оңай шешті. Баспана ретінде ескі құлағалы тұрған жер үйлерді, әр үйге бір бас сиыр, бір қап ұн беріп құтылып кетеді.

Сол кездегі ауыл әкімі Қ. Аяпов көп ұзамай аудан орталығына басқа қыз- метке ауысады да орнына басқа әкім келеді. Бірінен соң бірі келген ауыл әкім- дері елді жұтатып тынды.

Сол кезеңдер тұсау салмаған асаудай сыбайлас жемқорлықтың құрыққа ілінбей тұрған кезі болатын.

  Еліміз тәуелсіздігін жария еткені күні кеше. Экономикалық хал ахуал екі жүзді қанжардың жүзіндей қауіпті болып тұрған болатын.

«Көші- қон туралы» заңның да кемшін тұстары көп еді.

Отанына оралғандарға көптеген жеңілдіктер, шекарадан өту, дүние-мүлкін жаңа мекенге көшіріп әкелу тегін жүргізіле бастады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту, кәсіби білімін жетілдіру, мемлекеттік тіл үйрену білім алу, медициналық көмек көрсету, зейнетақы, төлемақы, жер орын беру, тұрғын үй алу үшін ұзақ мерзімге несие берілу мәселесі қағаз жүзінде болмаса іс жүзінде экономикалық қиындықтармен көші-қон және демография Агенттігінің қызметкерлерінің бұрмалаушылықтарына байланысты жоғарыда айтылғандар дың көбісі жүргізілмеді.

Оралман ретінде Үкімет тарапынан бөлінген қаржыны оралмандарға үй жиһаздарын, теледидар бердік деп қағаз жүзінде қағаз толтырып бармақ басты көз қыстының тәсілімен ат төбеліндей топ өз ұпайын түгендеп кетті.            

Жемқорлықтың құрбаны болған оралмандар ғана емес бүкіл халық зардап шекті және әлі де шегумен келеді. Әрине, сол жабайы капитализімнің дәуірінен өтіп кетсек те қазіргі таңдағы жағдайымыз да көш ілгері дей алмаймыз.  

Бұл орайда айта кететін бір жайт сол  1990 жылдары Қазақстаннан біраз орыс ұлтының өкілдері тарихи отанына көшіп кетті. Өкінішке орай, 1990 жыл дардағы аудандық көші-қон басқармасының бөлімшесі толық бере алмауына байланысты, деректер көзі жоқтың қасы. Алайда мамандардың айтуы бойын- ша, жылына 10 шақты адамның Қазақстанға қайта оралу фактілері кездесіп тұрады дейді. Ресейлік Орынбор қаласымен Ақтөбе облысының саяси эконом- икалық байланыстары ғасырларға жалғасып жатқандықтан, екі елдің де тұрғындары қойы қоралас болмаса да етене аралсып тұратыны рас.

  Мәртөк ауданының аудандық көші-қон басқармасы ның бөлімшесінің берген мәліметтеріне сүйенсек 1992- 2009 аралығында 3640 адам Өзбекстаннан, 96 адам Моңғолиядан, 404 адам Түркменстаннан, 60 адам Ресей Федерациясынан қоныс аударса 200 адам өзге елдерден келіп орналасқан.

 Ресеймен шекаралас ауданы Мәртөктік тұрғындар туралы тағы да тілге тиек етсек Ирина Гордеевна Цыба  атты славян ұлтының азаматшасы да отбасыменен тарихи отанына қоныс аударған болатын. Сол кездегі Ресейдің әлеуметтік хал-ахуалының қиындығына төзбей, жаппай жұмыссыздық жайлаған елден қайта Мәртөк ауданына көшіп келді. Содан бірер жыл өтпей- ақ Қазақстанға келіп бұрынғы бақ- қуатты күйлі тұрмысына қайта оралды. Соныменен бірге қызметі жоғарылап, қазір аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүр. Бұндай жекелеген фактілер өте көп, себебі көші- қон ның қайтарымды немесе қайтарымсыз болуына қабылдаушы елдегі        экономикалық- әлеуметтік жағдай өте үлкен рөл атқарады. Егер де Ресейдегі халық тың тұрмыс деңгейі өсе түссе әрине Қазақстаннан эмигранттар саны артады. Оған дәлел ретінде Еуропаға қоныс аударып жатқан эмигранттарды айтуға болады.

 Осы күнгі Ресеймен Қазақстан арасындағы көші-қон біраз дамыл тауып, баяғы қарқынынан айырылып отыр. Себебі, біріншіден экономикадағы алға ілгерілеулер, саяси тұрақтылық, шетелдердегі Қазақстанның имиджінің арта түсуі. Сондықтан да дәл қазіргі таңда елімізде Ресеймен арадағы көші-қонда қайтарымды факторлар кездесе бастады.

Қазіргі таңда көші–қон мәселесі неге өзектілігі артып отырғандығын    жоғарыда айтып өткеніміздей бірнеше қоғамдық факторлармен тығыз байланысты. Себебі елдің берік іргесі болып саналатын халықтың ең бірінші бірлігі яғни рухы бір болуы, этникалық құрамының жергілікті халықтың  мейлі сан, сапа жағынан басымдылық көрсетіп отырғаны дұрыс.

Соңғы жылдары көші-қон саласындағы туындап отырған мәселелердің құқықтық- заңнамалық, елімізде үстемдік алып отырған қос тілділік мәселесі- не байланысты шиеленістер Моңғолия, Қытай, Еуропа елдерінен келген      қандастарымыздың қайта қоныс аударып кетуіне мол үлес қосуда. Мұның өзі көші- қондағы бейберкеттілікті тудырып қана қоймай, бүкіл елдің саяси    имиджіне сын болары сөзсіз. Тіл мәселесінің қозғалуы іс жүзінде қазақ тілінің қол даныс деңгейінің төмен болуы, орыстілділік мінез-құлықтың басымдылық көрсетіп отырғаны ресми мекемелерде айқын көрініс тауып отырғаны      жасырын емес.

Ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан аңыз бойынша хан ел саясатын түсін- дірмек болған ниетпен киіздің қақ ортасынан алманы қойып уәзірлеріне киіз- дің үстінен баспай сол алманы алып беріңдер деп жарлық қылған екен.     Ханның  осы жарлығын тереңнен ұққан Жиренше шешен, киізді бір шетінен шиыршықтап келіп ортасындағы алманы алып берген екен. Сонда хан тұрып халыққа «көрдіңдер ме мынау алма біздің еліміз, жау келсе қиялап шеттен келеді. Осы киізді шиыршықтаған тәрізді шетімізден бастап жаулап ала бастай ды. Ақыр аяғында бас ордамызға да жетіп талқандауы мүмкін. Сол үшінде ір геміз берік, ел астанасы мықты болуы керек дейді».

Осы көнеден келе жатқан аңыздың даналығына сүйенген Елбасымыздың астанамызды Алматыдан Астана қаласына көшіру саясаты да ел жүрегінің мемлекетіміздің орталығында болуын талап етті.

Тарихтың теперішін көрген қазақ халқының мызғымас бірлігі, жерінің, елінің  тұтастығы сақтап қалуды қадағалаған жанкештілігінен де болар. Бұл саяси яғни ұлттық мүдде тұрғысынан алғандағы жағдай. Енді келесі бір мәселе ол халықтың әлеуметтік, демографиялық жағдайы. Өз тұрғысынан бұл өте маңызды, мемлекеттік деңгейде аса мән беретін мәселе.

АҚШ пен Еуропадағыдай көші-қонның жергілікті халықтың табиғи   өсімін басып озып, мемлекеттің негізгі ұстанған бағытын өзгертуге үлес қосатындай жағдайға әлі жете қойған жоқ. Алайда жері аумақты Қазақстан сияқты мемлекет, көршілес елдерге байланысты гео-саяси хал-ахуалды     тепе-теңдікте ұстап тұру басты шарт. Алысқа бармай-ақ көршілес Ресей еліндегі көші- қон мәселесін алайық, ол ел экономикасына айтарлықтай тұсау салып отырған құбылыс. Орта Азиядағы бейберекет көші- қон Ресейде елдің экономикасы мен демографиясында белгілі дәрежеде тәртіпсіздік тудырды.

Ресей мен Қазақстан арасындағы көші- қон алмасуының өзі бірнеше     кезеңдерді басынан өткерді. БАҚ-та өз кезегінде әр түрлі пікірлер пайда болғаныменен терең зерттеуді біржақты емес жан-жақты зертеуді талап ететін жағдай.

Жалпылай алғанда әлемдік деңгейдегі көші қонда Еуропа мен АҚШ-тың саясаты мигранттарға жағдай жасап, халықтың жалпы құрамын арттыруға күш салады. Сондықтан да барша үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдарының бағдарламалары ұлттық мүддеге сәйкестендірілген. Ал, Қазақстандық жүйе-мүлде басқаша себебі мұнда халықтың ерекшеліктері де бар, мемлекет саясатындағы өзіндік бағыт бағдарларында да ұқсастық байқалмайды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей американдық демограф Дэвид Коулмэннің мигранттардың жергілікті халықтың ұлттық құрамында басымдық көрсетіп, әр түрлі бағыттағы топтар мен әр түрлі тілдік, заңдық жүйені талап етуі мүмкін деген болжамының, Қазақстандағы орыс шашыранының әсірежақтас- тарын мысал етуге болады. Олар қазіргі таңда Қазақстанда қостүлділік жүйені талап етіп, сонымен қатар елдің географиялық-ономастикалық саясатына баспасөз бетінде наразылықтарын білдіріп отырады.

 Қайсыбір мемлекет немесе ел жергілікті халықтың мүддесін, мигранттардың мүддесінен төмен қойған емес.

 Ел біртұтастығын қорғау мақсатында мигранттардың барынша жергілікті халықпен ұлттық, мәдени, тұрмыстық тұрғыдан ассимилияцияға ұшырауына жағдай жасайды.

  Қазақстандық көші қонның қазіргі жағдайы жалпы қоғамда екі түрлі пікір қалыптастырып отыр.

  Бірі ел болашағы үшін, жергілікті халықтың этникалық құрамын- көбейту мақсатында оралмандарды тарихи отанына оралдырған дұрыс деп қызу қолдау білдірсе, ендігі бір топ мүшелері өзге елден келгендер оралман дар (осы сөздің өзіне ерекше бір екпінмен аса бір наразылықпен айтады) оралуы еліміздің экономикасына зор  шығын әкеліп қылмыстық істердің көбейіп кетуіне үлес қосады деп есептейді.

Қазақстандағы көші-қон мәселесі Ресей еліндегі байбаламшыл, шовинистік пиғылдағы шағын топтың қолшоқпарына айналғаны қашан. Алайда, екі ел де өзара гео-саяси, тарихи байланыстардың мызғымастығына кесірін тигіз бейтіндей болуын мемлекетаралық қарым- қатынастарына жік түспеуін қадағалап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       І. ІІ  Қазақстан мен Ресей: тарихи тамырластыққа жаңа көзқарас

     Екі жүз жылдық тарихы бар, ТМД елдері арасындағы географиялық, топонимикалық, тарихи, саяси салмағы бар  дербес екі мемлекет Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстың  тарихы өте терең.

Сонау байырғы байланыстың бастауы ХVІІІ ғасырдан басталатынын тарихтың тарғыл беттері арқылы білгенімізбен байыбына бара алмағандықтан заманның ағымына қарай талай бұрмаланғаны шындық. Мұны өз кезегін де тарих шылардың жүрек жұтқандары ғана айтпаса көбісі «аш құлақтан тыныш құл ақ» қара бастың қамына көп алаңдады.

Қазақстан мен  Ресейдің  «сананы отарлау» саясатын тереңнен сараласақ, он сегізінші ғасырдан бастау алған бұл үрдіс қазіргі таңда сол кездегі дей басымдық көрсете алмағанмен өз кезегінде едәуір ықпал етіп отырғанын айтып өтуіміз керек. Бұл жөнінде тарих беттеріндегі фактілерге жүгінсек:   Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысты бес кезеңге бөліп қарауға болады.

     Қазақ елін, жерін, патшалық Ресей  XVІІІ ғасырдан бастап «Отарлау саясатына» енгізгенін жоғарыда атап өттік. Осы отарлау саясатының негізгі бағыттары болған Ресейдің Сібір облыстарынан «крепостной шаруа», «казак тарды» күшпен қазақ жеріне қоныстандыру үрдісі кең етек алды.

Тарихшы Санжар Аспендяровтың жазбаларында: «…..патша өкіметі қазақ жерін, орыстың дүбара помещик «Дворян- помещик» табының мүддесі үшін отарлады.» [11].   

  Ал, тарихшы Е. Бекмахановтың пікірінше орыстардың ағылшындармен шайқасының орыс елінің иелігінен тыс жатқан Хиуа- Бұхара- Қоқан- Иран-Ауғанстан- Үндістан бағыты бойынша  жүргізілетін соғыста Қазақстан таяу дағы тыл, мықты бекініс, плацдарм болды. Бұл мемлекеттерге жүретін сауда- саттық жолы Қазақстан арқылы өтіп әрі қарай Ауғанстан Үндістанда жалға сып жатты. Әсіресе, Қазақстандағы позициясын мызғымастай етіп алғаннан соң ғана ортаазиялық хандықтарға жорықтар жасауына мүмкіндік туатынын білген Ресей патшалығы Қытай, Хиуа хандықтары арасында жатқан Қазақ- станның стартегиялық маңызы арта түсті.

Қазақстандағы құзырын бекіту арқылы Орта Азиялық хандықтармен бүкіл Орта Азияда құдіретті жорықтар жасап, әмірлігін жүргізе алатын. Сонымен бірге, енді қанат жая бастаған орыс капитализмі үшін Қазақстанда бекіну әлеуметтік зор қызығушылық туғызды.

Себебі, Орта Азия тұтастай Патша өкіметінің  отарлау саясатының пайда күнемдігін арттырып, арзан шикізатты шексіз қолдануына мүмкіндік ашылды.

1 кезең:

ХVІІІ ғасырдан ХІХ -50 жылдар аралығындағы маңызды бағыттар

1сурет

 

 

 

 

 

Патшалық Ресейден  Кеңестер Одағына мирас болып келген қоныстандыру саясаты, социалистік құрылыстың дәурен құрған елу жыл ішінде жалғасын тапты. Өзге ұлттардың жер аударылғанын, депортацияға ұшырағандарын    Қазақстанға  еріксіз қоныстандыру үрдісі жүріп жатты. Ғасыр басынан бастал- ған столыпин реформасы батыс және орталық облыстардан миллионнан        астам орыс, украин шаруалары көшірілді.

1916  жылы Қытайдан дүнгендер қоныс аударды. 1941 жылы соғыстың уақытында Повольжеден, Украина, Солтүстік Кавказдан жарты миллион немістер келді. 1937 жылы Қиыр Шығыстан 95 мың корей, одан сәл кейінірек 102 мың поляк қоныс аударды. 1944 жылы Кавказадан жарты миллионнан     астам шешен, ингуш, қарашай, балкар, қалмақ көшіп келген болса сол жылы- 4,5 мың қырым татары, 1948 жылы оңтүстік  шекаралардан 27,7 түрік – месхет тер келді.

Голощекин 1925 жылы Қазақстанның аумақтық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне кіріскеннен зұлматты жылдар басталып кеткен еді.

Голощекиннің сыңаржақ саясаты қазақ халқына келген зор нәубет, тарих парақтарын қанды дақтарға толтырды. «Кіші Октябрь» орнатпақ болған     Голощекин қазақ даласындағы әлеуметтік- экономикалық жүйені бұзып қана қой май, байлар мен кедейлер арасындағы араздықты тудырып, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар  А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ә. Бөкейханов сынды азаматтарды опат қылды.

1930 жылдан 1931 жылдың ортасында Қазақстан аумағынан 281230 қожа лық иелері көшіп кетті. Олардың басым бөлігі Қытай, Иран, Ауғанстан жеріне бет алды. Қазақстандағы ашаршылық жылдары 1 млн 130 мың адам қоныс ау- дарса, оның ішіндегі 676 мыңы ғана қайта қоныс аударды.

30 жылдардағы халықтар санының азаюын мына таблицадан көруге болады.

(№1 кесте)

Қазақтар

2 млн 2 000

49  %

Қырғыздар

300 000

25  %

Мордва

400 000

12  %

Украин

100 000

11 %

Неміс

6 000

11 %

Белорус

300 000

10 %

Дүнген

1 000

10 %

Татар

9 000

10 %

Өзбек

20 000

8 %

Ұйғыр

10 000

8 %

Орыс

85 000

6 %

Қалғандары

9 000

10 %

  1929-31 жж ГПУ-дың кезенген қаруы 883 мың адамның өмірін қиды. Ал, атышулы үш әріптен қаза тапқандары қаншама, ашаршылық пен әртүрлі жұқ- палы аурулардан 49% қазақтар көз жұмды.

Соғыстан бұрын Қазақстанда 6, 2 млн адам өмір сүрген болса, соғыс жыл- дары 1,2 млн адам қазақстандық майданға аттанған екен.

                                              1937- 1938 жылдар

1937-1938 жылғы қызыл қырғыннан  басқа да Қазақстан үшін зор қасірет- ке айналған 1921-1922 жж, 1931-1933 ашаршылық жылдары 3 миллион адам- нан айрылып, ұлт ретінде жоғалып кету қаупі төнді. Иран, ирак, Ауғанстан, Түркия, Қытай, Моңғолияға 400 000 адам  еріксіз қоныс аударды. Қазақ халқының 30 мың азаматы атылды, жүз мыңдағаны ГУЛАГ- тер, концлагер лерге жабылды.  

Мұрағат құжаттарына сүйенсек Қазақстанның бірнеше облыстарында соғысқа дайындалған тұрғындар ішінде жергілікті халық                       (қазақтар авт) 50,60 пайызды құрады. Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысынан қайтпай қалған қазақтар демографтардың болжамы бойынша 350 мың адам.

Бүкіл халқымыздың тамырына балта шабуға арналған ғасырлардан ғасырларға жалғасқан жымысқы саясат неше дүркін қазақ халқының  жер бетінен ұлт ретінде жойылып кетуіне барын салғаны менен арам ойы іске аспады.

1916 жылдар тарихына көз жіберсек  сол кездегі қараңғы қазақ халқының зиялы тобы ат төбеліндей ғана еді. Байырғы пасық саясатын іске асырудан тайынбай келе жатқан Патшалық Ресей қазақ даласына орыстар мен казактарын, еріксіз қоныстандыруын жалғастырып жатты. Сол жылдардағы жылнама да Орыс патшасының әр жан басына салық салып, халықты аяусыз қанай баста ғаны және ел билеген қазақтың сұлтан, билерінің шен- шекпенге сатылып елі нің мүддесін қорғай алмауы қасіретке айналды. Ақ патшаның саясаты ел биле ген бай- манаптардың өз жағында болуын қадағалады. Соның нәтижесінде Патша жарлығына қарсы шыққандар қатаң жазаланылып отырды.

Бұл орайда атақты «Июнь жарлығы» Кенсарының қозғалысы, Амангелді Иманов, Сырым Датұлының елі мен жері үшін шайқасқан ерліктерін атап өт- сек артық емес.   

Сонау қалмақ- жоңғар шапқыншылығынан аман қалған қазақ халқының қалғаны  Х1Х ғасырдың зобалаңынан аман қалмады. Голощекиннің ашаршылығы, 37-38 жылдағы қызыл қырғын, 1940-45 жылдардағы соғыс қазақ халқының әлеуметтік, демографиялық хал- ахуалын ойсыратып кетті.

 

2 кезең:

   1950 жылдан — 1980 жылдардағы бағыттар

       2 сурет

 

 

 Қазақстанның халықтық құрамының әртүрлілігі сонау он сегізінші ғасырдан басталды деп айтып өттік, ал 1916 жылдары белсенділігі артты [10].

Сонау 1950 жылдардағы «Тың көтеру» үрдісіндегі бүкіл Кеңестер Одағынан ағылған комсомол жастар Қазақстанның Солтүстік, Орталық, Батыс өлкелеріне келіп қоныстанды.  

1950 жылы Тәжікстаннан мыңға жуық басмашылар жер аударылды. Жалғыз Карлагтың өзінде 2 млн  адам болды.

Бір идея, бір саясаттың аясында өмір сүрген халықтар достығы дәріптел- ген Кеңестік идеологияның құрбандары болған жандар бұл орайда тек қана қуыршақтың ролін емес, қоныстандыру саясатының субъектілері қызметін атқарды.  

     1950 жылдардағы «Тың көтеру» атты «биік, социалистік идеяның» іс  жүзінде іске асыруға келген  комсомол жастар еріксіз, уақытша көші-қон тобына жатады. Еріксіз мигранттар әлеуметтік-экономикалық жағдайға қалайда өз үлесін қоспай тұра алмайды.

Ең бастысы олар халық санының артып, этникалық құрманың ала-құла болуына ықпал етті.

50-60 жылдар Хрущев, Брежнев сынды т.б  ел басшыларының тұрақсыз- дығы ақылға симайтын «социалистік жарыстары», 70-80 жылдардағы аймақ-тағы экономикалық жағдайдың төмендей бастауы. Көші- қон үрдісіне де әсер етті. Ол ішкі көші- қонды арттырып отырған болса, яғни сол кездегі КСРО аумағындағы елдер арасындағы ал шет елдерге қоныс аудару саяси тұлғаларға болмаса қарапайым халыққа тіптен мүмкін болмады.

РФ-ның сараптама басқармасының мүшесі А. М. Юсуповскийдің «Миграцинные вызовы» атты еңбегінде қазіргі таңдағы әлемдегі көші- қон міселесіне байланысты халықаралық көші- қон комиссиясының 2005 жылы қазан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысының ұсынған баяндамасында төмендегі дей көзқарас айтылған [12]:

« Соңғы он жылдықта көші-қон мәселесінің рөлінің маңыздылығы жоғарылай түсті. Мигранттардың соңғы  25 жылдағы  үлесі екі еселеніп 200 миллион адамға пара- пар, яғни әлем халқының 3 пайызын құрап отыр.

  Мигранттардың келуін қайырымды іс көретін  елдер, партиялар, саясат- керлер бар. Бірақ, бұған қарама қарсы пікірлер де орын алып отыр, ол «көші- қон» бомбасы- азаматтыққа қарсы қауіпті.

  Халықаралық көші –қон дегенде жеке адамдардың жалақысы жоғары жұмыс орны бар, өмір сүру деңгейі жоғары, тұлға ретінде өсуіне ыңғайлы  жерге қоныс аударуы болса бір жөн. Бұл қазіргі әлемге өсу қарқынына үлес қосатын жекелеген елдер мен аймақтардың моторына айналары сөзсіз. Ал, жалпы көші-қонның өзі тұрмыс деңгейін жақсарту және мансапта жоғарылауға байланысты болады.

Гео-саяси  жағдайға байланысты туындаған көші- қонның астарында, адамдар бір кездері «бір шаңырақ астында»  өмір сүрген мемлекеттерден қо- ныс аударуы (басымдылық алып отырған, мәдени, ұлттық, дінаралық, тілге байланысты факторларға қарай) Кеңестер Одағы мен Югославиядағы жағдай сияқты күрделі.

    1970 жылы Кеңестер Одағында 3,8 % мигрант болса, 2000 жылы бұрын ғы Кеңестер Одағында 16, 8 % мигрант тіркелді.

  1970 жылдары Солтүстік Кавказдан ұлтаралық және әлеуметтік дағдарыстарға байланысты жергілікті халық жаппай өзге ұлттарды (соның ішінде әсіресе орыстарды  автор) «ығыстыра» бастады.

Орыстардың 340  мың  адам  71 % басқа халықтар- 129 мың (29 %), адамды құрады.

1970- 1980 жылдар баршаға мәлім болғанындай Қазақстандағы орыс немесе басқа ұлттар мамыражай күй кешті. Ол заманда ұлттық, нәсілдік кемсітушілік атыменен болған емес. Тіл мәселесінде орыс тілі үстемдік алып тұрды. Қазақ халқы алдыменен өз ұлтының тарихы, тілі, дінінен өте алшақ болды. Бұны сол кездегі кез- келген құжат арқылы дәлелдеуге болады.

     3 кезең. 1980- 1991 жылдар

                3 сурет

Бір айта кетер жайт, 1970- 1980 жылдар жарқылдаған әлемдік диско музыканың жарқыраған дәурені ғана емес, халық санасында толғағы жеткен  азулы Қызыл империяның саясатына қарсы қозғалыстың іштей дайындығы жүріп жатты.

1986 жылғы қазақ жастарының «Желтоқсан көтерілісі» ғасырлар бойы жалғасқан қазақ халқының «Сананы отарлау» саясатына қарсы алғашқы қадамы болды. 

Ұлтараздық қарым- қатынастың бірнеше белгілері болса да кеңестік      үкімет оны бүркемелеп, «жуып- шайған» болып, «нашақор жастардың бұзақы- лардың үкіметке, яғни «нан беріп, бағып отырған үкіметке қарсы шықты» деген желеумен халықымыздың бетіне шіркеу қылды. Сол кездегі фактілерге сүйенсек алаңда болған жастардың көбісінің жатақханасы болмай, қаңғырып жүргенін кім ашып айтты?!

Қай бір ел, қай бір халық болмасын, өзінің тілін, ділін, салт- дәстүрін табиғи болмысын сақтауға тырысады. Онсыз этнос ретінде басқа ұлттарға сіңісіп, жойылып кетуі де ықтимал. Сондықтан да орыстілді этностардың сол жылдары да Қазақстаннан қоныс аудару фактілері болды. Бірақ, бұл мәселе терең зерттелмегендіктен ғылыми тұрғыдан пікір айту қиын.

1990 жылы Коммунистік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауы ұлтараздықтың туындауы, этникалық, қарулы қақтығыстар, әлеуметтік, экономикалық дағдарыстың еңбек ресурстарының орналасу тәртібін, аумақтық маңыздылығын жоғалтуы босқындар мен репатрианттардың этникалық алауыздығы еріксіз көші- қонның пайда болуын үдетті. Осы ағымға қарама-қарсы Ресейдің саяси әлемдік еңбек нарығындағы ашық есік саясаты, нарықтық экономикасының құралуы еңбек көші- қонының белсенділігін арттыра түсті.

Жаңа көші-қондағы бұл бағыт заңсыз иммиграциямен оның криминал- дық жақтарын да дүниеге әкелді.

90-шы жылдары ТМД мен Балтық жағалауы елдерінен Ресейге 8 млн адам көшіп келді.

 ТМД елдері мен Балтық жағалауынан қоныс аударғандар. Кеңес Одағы ыдыраған соң, 1995 жылға дейінгі аралықта 1980 жылдардағы 850- 1150 мың адам көлемінде қалды.

Бұл елдерден келушілер саны 2000 жылдар 350 мың адамға қысқарды. 2001 жылы- 186, 2 мың адам, 2002 жылы 177, 3 мың адам болып саналды.

4 кезең. 1991 — 2001 жылдар

   4 сурет

 

       Ресей Федерациясының 1990 жылғы әлеуметтік- экономикалық, транс- формациясы көші- қондағы айтарлықтай өзгеріс әкелді.

  • жалпыресейлік көші-қон белсенділігінің төмендеуі
  • ТМД, Балтық жағалауы елдерінен иммиграция, Ресейдегі табиғи өсімінің азаюына тосқауыл болып, елдегі халық санының көбеюіне үлес қосатын факторға айналды.
  • тұрғындардың Сібір, Қиыр Шығыстан орталық және оңтүстік аймақтарға көшуі.
  • этникалық қақтығыстар, қарулы қақтығыстар жүріп жатқан аймақтардан еріксіз көші- қонның пайда болуы.

          Көші- қонның статистикасына сүйенсек Ресейдегі 1989- 2002 жылғы табиғи өсім 3,8 млн адам бұл көрсеткіш 1978-88 жылдардағы 1,8 промиллиге қарсы болды. Бұл тұрғыдан алғанда басқа елдермен 1,2 млн адамды жоғалтқан кезінде, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдеріндегі көші-қон өсімі 5 млн адамды құрайды.

Ресейдегі көші- қонның қоздырушы факторы этно- саяси араздық, этника- лық кикілжіңдер. Этникалық қақтығыстар жүріп жатқан жерлердегі  иммигра цияның  Ресейде өсе түскені байқалады. Мұнда қоныс аударушылардың ішін- де әртүрлі ұлттар бар, алайда негізгі құрамда кеңестік елдерден келген орыс- тар.

Ресей Федерациясының мемлекеттік статкомитетінің мәліметтеріне қарағанда 1992 жылы КСРО мемлекеттерінен  925, 7 мың адам қоныс аударса, соның ішінде 612 мыңы яғни  66 пайызы орыстар. 

Әлемдік көші- қонның қысқаруы 1998 жылы Ресейге қоныс аударушылар мен көшіп кеткендердің соңғы 30 жылда 1,2- 0,6 млнды құраған болса, бір жылға шаққанда 0,7- 0,2 миллион адам. Көші Қон Федерациясының берген мәліметтеріне қарағанда 1999 жылы 1.1 млн босқындар мен көшіп келушілер анықталған.

Оның ішінде Қазақстандық тұрғындар 27,9 пайыз  \ 319 мың\  адамды құрайды.

Бірте- бірте орыстілді  тұрғындардың Ресейге көші- қонының азайып кету ін тұрғындардың жаңа әлеуметтік–экономикалық  жағдайларға бейім деліп, Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастың тұрақтануына байланысты болып отыр. Бұл орайда Ресей Федерациясының иммиграцияны  уақытша тоқтату саясаты да өз үлесін қосуда.

Сондай- ақ, жылына 250 мың адам қоныс аударса, оның ішінде 100-125 мыңы жоғары білімді мамандар еді. Бұның кері әсері еңбек және кәсіби потен- циалдық деңгейге тигізді.

1990 жылдан бері РФ-да Орта Азия елдерінен мигранттар саны артып отыр. Жыл сайын келіп жатқан транзиттік эмигранттардан басқа гастарбайтер лер ағымы жаңа мәселелердің туындауына үлесін қосты. Атап айтқанда Ресей 1990 жылдан бастап өздерінің білікті, кәсіби мамандарынан айырылды. Әлеуметтік –экономикалық ілгерілеу басталғанда ретсіз жұмысшы мигрант- тардың еңбек нарығын толтыруы Ресейге қажетсіз болып қалды. Парадокс. Жұмысшылар өте көп қажетті мамандар жоқ.

1991 жылы Ресейде Қазақстаннан 3\4 эмигрант қоныс аударды. Соңғы жылдары «орыстілді» тұрғындардың Ресейге қоныс аударуы төмендеп отыр. Бұл орайда (орыстар)  Орта Азия халқының миграциялық ағымының              60 пайызы  славян ұлтынан еді.

       Орта Азия халқының  60 пайызын құраған 1990  жылдың басында басталған жаппай қоныс аудару Ресейдегі әлеуметтік жағдайға кесірін тигізбей қоймады. Әсіресе, жеке леген аймақтарда еңбек тұрғын үй нарығында қиындықтар туғызды. РФ- ның Мемстаткомитетінің мәліметтеріне қарағанда Ресейдің көші- қон өсімі 1992- 2000 жылдары 4,2 млн адамды құрады. Оның басым бөлігін Батыс Қазақстан облысынан қоныс аударған мигранттар иемденді.

Тақырыбымыздың өзегіне айналған Қазақстандағы көші- қон мәселесіне келсек, Қазақстанға қоныс аудару 1992 жылы «Иммиграция туралы» заңына байланысты қуғынға ұшырап, қудаланған, бостандығы мен құқығы         шектелген немесе өз еркімен тарихи отанына оралуға ниет білдірген азаматтарға  босқындар дәрежесі берілсін делінген.

 Ал, жаппай репрессия, қуғын- сүргін көрген әскерилер немесе олардың ұрпақтарына босқын- репатрианттар статусы берілсін делінген.

1997 жылы желтоқсан айында жаңа «Тұрғындардың көші- қоны туралы» заң қабылданды. Саяси репрессия, заңсыз реквизицияға, ұжымдастыруға, тарихи отанынан қудаланған және басқа да адамгершілікке қарама- қайшы іс- әрекеттің құрбандығына ұшыраған тұлғалар және олардың өз еркімен тұрақ- ты тұру үшін қоныс аударған ұрпақтары «оралман» саналады.

1991- 2000 жылдары Қазақстан Республикасы аумағына жалпы саны 183, 7 мың адамды құрайтын  42,2 мың оралман отбасылары тарихи отанына орал ды. Олардың ішінде 57 пайыз  көшіп келушілер Тәуелсіз Мемлекеттер Достас тығы  елдерінен , ал 43 пайызы алыс шетелдерден болатын.

  Азия мен Моңғолиядан едәуір оралмандар тарихи отанына оралса, Ресейден 8,5 мың адам қазақстандық атанды.

1995- 1996 жылдары Шешенстандағы соғыстың әсері Ресейге қоныс ау- дарушы эмигранттар ағымын бәсеңдетті. 1995 жылы 1994 жылға қарағанда  48,9 мың адамға немесе 2,2 есе қысқарды. Бұл жалпы эммиграцияны қысқар тып қана қоймай аймаққа иммигранттар ағымын 12 пайызға  арттырып жіберді.

1997- 1998 жылдары Қазақстандағы жаңа зейнеткерлікке шығу жасының ұзартылғанына байланысты жаңа эммиграциялық өсімді ғана емес тұрғындар- дың көші- қон белсенділігін арттырды. 

  Соңғы он жылдың ішінде орыс диаспорасы 2,5 млн қысқарды. Орыс көші- қонының екі «шыңы» 1994 және 2001 жылдар болды.

Соныменен қатар, Ресей Федерациясындағы көші- қон саясаты туралы белгілі экономист, Ю. Красин «Социальное неравенство в политическом измерений» атты еңбегінде қазіргі таңдағы Ресей Федерациясындағы көші- қонды үш түрге бөледі [12].

  • ішкі жеке көші- қон;
  • бұрынғы кеңестік елдермен көші- қон байланысы;
  • бұрынғы КСРО елдерінен тыс көші- қон;

     Ресейге еркін кіру және шығу туралы заң пайда болғалы, заңсыз көші- қон пайда болды. Ресейдің әлеуметтік дамыту министрлігінің  бағамдауынша 2, 5 — 3 млн адам деп есептелінген [13].

Заңсыз иммигранттар, Ауғанстан, Африка елдерінен босқындар, Қытай дан қоныс аударған жұмысшы- иммигранттар.

  Ресей Үкіметінің көші- қонға байланысты қабылдаған соңғы жылдар дағы қаулы, шешім, жобалар, заң баптары бір- бірне кереағар кейіпке еніп, шенеуніктердің өзін шарасыз күйге түсіріп отыр. Бұл жөнініде Ресей Федерац иясының Көші Қон  Қызметі Федерациясының директорының орынбасары   М. Л. Тюркин «Стратегия развития миграционной политики в России» атты кітабында2003 жылы қабылдаған Ресей Федерациясындағы көші-қон мәселе- сі туралы Тұжырымдаманың кемшіліктері дау туғыза бастады.- деп жазады [14].

Ресейдегі саяси тұрақсыздық яғни Шешенстан, Бесландағы оқиға сияқты ірілі- ұсақты қақтығыстар мемлекет ішіндегі және сыртқы көші-қонның санын арттырып жіберуде. Одан қалса, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың төмендеп кетуі де эмигранттар санын арттыратыны ақиқат.

Әлемдік саясат аренасында тарихи, гео-саяси, ерекшеліктеріне сай өзін дік даусы, беделі бар елдің көші- қон саясатының бір ретке келтірілмеуі        жағдайды ушықтыра түседі. Бұған бірнеше факторлар теріс әсерін тигізіп отыр. Атап айтқанда; әлеуметтік яғни ең бірінші аймақтардағы жұмыссыздық, инфра құрылымдардың тек мегаполистер мен әлеуметтік жағдайы жоғары елді мекендерде ғана дамығандығы. Елдегі ішкі жалпы өнімнің төмендеп кетуі, хал ықтың  денсаулық сақтау саласы тағы да басқа себептерге байланысты көші- қонда жүйесіздік пайда болды.

Ресей баспасөзі бұл мәселені сан- саққа жүгіртіп, әсіре қызыл ұлтшылда- ры Қазақстандағы орыстардың «мүшкіл» халін жазумен болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының субъективті пікірлері жалпы халықтың санасына іріткі кіргізетін бір ден- бір құралға айналды. Кейбір саясаткерелердің болжамаы бойынша Ресейде  Орыс елінің ауыр экономикалық жағдайы күннен күнге ушығып тұрған кезінде ұлтаралық қарым-қатынасқа жік түсуі саяси хал- ахуалды одан сайын күрделендіріп жіберуі мүмкін еді.

Қазақстан өз кезегінде саяси ғана емес экономикалық- әлеуметтік жағы- нан да демей алатын сенімді де тұрақты серіктес болатын.

        5 кезең. 2001 жылдан — 2009 жылдар

                       5 сурет

 

 

 Соңғы бұл кезеңде жалпы Қазақстанда инфляция деңгейінің төмендеуі, Үкімет тарапынан әлеуметтік, мәдени іс-шараларға көңіл бөліне бастауы.  Қазақстан әлемдік саяси аренада өзінің абыройы, саяси имджін қалыптастыру да маңызды қадамдар жасады.  

2000 жылдың басында Қазақстанда сыртқы көші- қонның белсенділігі төмендей бастады. Жаппай Қазақстанда эммиграция азайып, иммиграция арта түсті. 

Бір жүйеге бағынбай сусып алақаннан шығып кеткен сусыма құмдай көші- қонның, этникалық қазақтардың тарихи отанына оралдыру бағдарлама сының жалпы қорытындысында керағарлық пайда болды. 2000 жылы Қазақстан тұрғындарының 1,2% оралмандар болды, 1999 жылы санақ бойынша 2, 3 % жергілікті этнос, 7,1 %  1990 жылы қоныс аударған эмигранттар еді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 1991 жылдары жал- пы эмиграция 228 473 мың адам болса, иммиграция 170 887 мың болды, (сальдо- 57 686) . Ал, 1999 жылы эмиграция 165 457 мың, иммиграция 37 102 (сальдо — 128 355). 

Эмиграция 2003 жылы 49 661 мың 2004 жылы 47 117 мың адамға азая түскені байқалады [7].

      Ресей ел тәуелсіздігін алғаннан бері сыртқы саясатта либералды бағытты таңдап келеді. Себебі,  екі алып көршінің халқының этникалық құрамының көп ұлттық болуы, көп дінді және географиялық ерекшеліктеріне орай тағдырлас елдер.

Ғасырлық достар екі ел де өз мүдделері үшін жанкештілік таныта алады. Алайда  үлкен саясаттағы үлкен ойындар либералдық бағытта жүргізіл уде.

Күллі меморандум, келіссөздердің де мазмұны екі елдің әлеуметтік, экон- омикалық, амбицияларын қанағаттандыру үшін бір арнаға тоғысады.

Ресеймен шекаралас аудандардың  Қазақстан мен екі жақты келісімге    келуі көші- қон мәселесі жергілікті тұрмыс және әлеуметтік жағдайына байланысты әртүрлі. Бұл орайда географиялық, көлік қатынасы, тұрғындардың  тығыз орналасуы да өз рөлін атқарады. Ал, еңбек көші- қоны қабылдаушы мемлекет терде қоғамдық дертке айналуы да жасырын емес. Осыдан келіп шығатын кәсіби мамандардың, шет елдерде білім алған студенттердің шетелдерге кетуі мемлекетімізге зор экономикалық шығын, себебі елдің әлеуметтік жағдайының негізгі тетігінің бірі кәсіби мамандар.

 Елбасы Н. Назарбаевтың қазіргі таңдағы зайырлы Қазақстанның жастарынан талабы — да білікті, білімділік.

Орта Азиядан толастамай отырған еңбек көші- қоны көршілес Қазақстан мен Ресейге де белгілі дәрежеде өз әсерін тигізуде. Көршілес респбуликалар дың өзара әлеуметтік, саяси интеграциялық қатынасқа түсуі еңбек көші- қоны ның бейберекеттілігіне жол ашты. Күнкөріс қамы үшін Орта Азияның хал- ахуалы төмен аймақтарынан Қазақстан мен Ресейге мигранттар ағымы ағыла бастады. Заңсыз көші- қонның өрістеп кетуі қабылдаушы мемлекеттерге сал- мақ түсіреді.

Ресей мен Қазақстан ежелгі екі көршілес ел ретінде тарихы тамырлас, тағдыры ортақ болумен қатар ішкі және сыртқы саясатындағы мәселелердің өзектілігі де ұқсас. Сасяи- стратегиялық мақсаттағы шынайы ниеттерін ашық жариялаған емес. Соған қарағанда Еуропа кеңістігіндегі мысы басым, айбынды елдің имиджін қалыптастыру мақсатында тер төгіп еңбек етуде. Іштей бәсекелестік туындап, Ресей мен Қазақстан әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан дами береді. Алайда Ресейдің рухы басымғы мен Қазақстанның экономикалық дамуын үшінші бір астыртын саясаты бар елдер ұтымды пайдаланып қалуға жанталасып бағуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II   тарау.  БАҚ- тағы  көші- қон  мәселесі

  1. 1  Қазақстандық БАҚ- тағы көші- қон  мәселесінің  көрініс  табуы

     Көші-қон мәселесі қазақстандық БАҚ немесе ресейлік ақпарат құралдары ның өзекті мәселесі болып табылады. Бір-бірімен тығыз байланысты екі көрші нің қазіргі таңдағы  ақпарттық кеңстіктерінде нендей өзгерістер, ілгерілеу бар? Жалпы, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының дені орыс тілінде сөйлеп, орыс менталитетіне ыңғайланып алғаны ақиқат. Олай болса, бұл ортадан қаншалықты қазақы рухты, қазақтың қамын жеген тұлғаларды таба аламыз?! 

Өткен өткелдерімізді саралап, тарихи тамырымыздың нәр берер  бастау- лары ұлттық рухта үгіт- насихат жүргізетін  ат төбеліндей бірер шоғыр топ тың қауқары бүкіл мемлекетке жетер ме?   

  Көші- қон мәселесі туралы сөз бола қалса біз « шет және таяу шетелдер- дегі қазақтарды  отанымызға оралдыру керек» деп ой бауырымызды кескенім- ізбен, көші- қонның жоғарыда айтып өткен бесінші кезеңінде (2001- 2009 жылдар аралығы) басқаша жағдай орын алды.   

Бүкіл әлемдік саяси бағыттардың салқыны, кейбір елдердің берекетін қашырды. Нашақорлық пен қылмыс үдеп тұрған, соғыс өрті шарпыған     елдерден келген мигранттар жалпы Қазақстанға тағы да бірнеше мәселелерді алып келді.

Бүкіл әлемдік қылмыс пен нашақорлыққа қарсы ұйымдардың Қазақстан ды «транзиттік наша жолы» деп кінә артып, елімізде осының жолын кесетін шаралардың аздығын бетімізге басады. Әрине, мұнда көші- қонның жалпы ұлттық құрамына қарамастан теріс әсер беріп отырғаны рас.

 Осы және басқа да таяуда жатқан елдерден Қазақстанға көршілері     тарапынан туындайтын экономикалық қысымды қоя тұрып, қазақ халқының көші-қоннан ұтқан не ұтылған жерлері бар ма деген сұраққа жауап іздеуге тура келеді.  

Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен Ұлы Қазақ жерінің жалпы мигранттар ының ішінен қаракөз қандастарымызды бөліп алып қарасақ, олардың  өмір тарихына үңілген жөн болар еді.

         «Оралмандар»….  Олар кімдер?!

Заң жүйесіне жүгінсек Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  «Халықтардың көші-қон туралы» Заңындағы 1 бапта мынындай түсінік берілген: «оралмандар -Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар » делінген. Оралман мәртебесін алу Заң жүзінде төмендегідей тіртіпте өткізіледі:

Көші-қон туралы заңының 1 бап 11) тармақшасы бойынша, мына адам- дар  оралмандар болып саналады: шетелдіктер немесе ұлты қазақ, азаматтығы жоқ тұлғалар,  Қазақстан Республикасының егемендігін алған уақытта шет- елде тұрақты және Қазақстанға тұрақты тіркелу мақсатымен көшіп келген тұлғалар.Бұл ретте 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының егемендігін алған күні деп анықталынады.Көші-қон заңының 14-ші бабына сәйкес тұлғаның оралмандар танылу үшін құжаттарын отбасы құрамынан кәмелетке толғандардың біреуі немесе дипломатиялық өкілеттіке уәкілетті тұлға арқылы, шетелдегі Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне немесе уәкілетті органға тапсырады.Қазақстан Республикасының көші-қон үдерісін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы үкімет 2004 жылғы 29 қазандағы бастап № 1132 қаулысына сәйкес.
    Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, яғни Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеумет- тік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті болып табылады.Оралман деген атақ алу үшін және отбасыны иммиграциялық оралмандар квотасына жатқызу үшін құжаттарды қарастыру, сонымен қатар берілген сұрақтар бойынша шеш імдер жергілікті қызмет көрсететін уәкілетті органға тіркелген күнінен бастап екі ай ішінде қабылданады.Оралмандар иммиграцияның квотасы, яғни оралмандар отбасы саны  Қазақ стан Республикасының аумағына жыл сайын көшіп келеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттің ұсынуы бойынша Қазақ- стан Республикасының Президентіне Көші-қон туралы заңына сәйкес оралмандарға жәрдемақы және өтемақы бекітеді.Оралман деп танылған тұлға- ларға үлгімен бекітілген куәлік беріледі. Оралман куәлігі қатаң есептілік құжат және Көші-қон туралы заңына сәйкес жәрдемақы және өтемақы алуға негіз болып табылады.Тұлғаның оралман танылуына немесе миграциялық квотаға кіруге рұқсат бері лмеген жағдайда бір ай уақыт ішінде шешім қабыл- даған хаттама ескертпе көшірмесі беріледі.Оралман деп танылу үшін өтініш берген тұлғалардың Көші-қон туралы заңы ның 15 бабында құқықтарымен міндеттері көрсетілген.Қазақстан Республикасының аумағына көшіп келген, оралмандар деп танылу үшін құжаттарын тапсырған тұлғалар, шетелдіктер және азаматтығын жоқ тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасының заң-ымен бекітілген құқық тарды пайдалануы және міндеттерді орындау тиіс. Шетелдегі Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне немесе дипломатиялық өкілдігіне оралман деп тану жағдайында және Қазақстан Республикасының аумағына көшіп келу жағдайында осы тұлғаларға мыналар міндеттелінеді: алған бағыттама бойынша үш күн уақыт ішінде уақытша орналастыру орталығына көшу; Қазақстан Республикасының заңды құқық-тарына сәйкес ішкі істер органынан тіркеуден өтіп, жергілікті көші-қон қыз- метіне тұратын мекені бойынша хабар- дар ету; уақытша орналастыру орта- лығындағы тұлғалар қабылданған ереже- лерді сақтау;денсаулық сақтау органының талабы бойынша медициналық тексерістен өтіп, емделу, егілу, сонымен қатар денсаулық сақтау органының жазғандарын орындау құжат- тарды қарастыруға қажетті мәліметтермен көші-қон қызметін хабардар ету.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, яғни оралман деген атақты алған тұлғалар үшін жәрдемақы тізбесі қолданады.Сонымен қатар оралмандар үшін Қазақстан Республикасының заңдарының талаптары кең таралмаған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру заң бойынша бес жыл немесе Қазақстан Республикасының азаматымен үш жыл шамасында некеде болуы қажет (азаматтық заңының екінші азат жолы, 1) тармақша, бірінші бөлім, 16 бап).Көші-қон туралы заңы бойынша 24 бап, бірінші бөлім, 4) тармақшада оралмандардың шетелдіктермен және азаматтығы жоқ тұлғалар- дан айырмашылығы Қазақстан Республикасының тұрақты тұрғыны болу үшін Қазақстан Республикасына көшіп келген уақытындағы төлем қабілеттілігі жайлы мәлімет талап етілмейді.Оралмандарды Қазақстан Республикасына көшіп келу жөнінде міндеттеме- лерді заңдастыру тәртібі Қазақстан Республикасына квотадан тыс тұрақты тұруға ниет білдірген Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасы өкілдері Қазақстан Республика- сының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер  іне, консулдық мекемелеріне тұрақты тұру визасын беру туралы өтінішпен арызданады, сонымен қатар нотариуста расталған және ҚР мемлекеттік мекемелерінде келісілген кепілдік хатын тапсырады. Аталған кепілдік хатының (міндеттеменің) үлгісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы депаратаменті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті, Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ұлттық қауіп- сіздік комитеті- мен бірлесіп қабылданған.Облыстық (қалалық) әкімшілікте және көші-қон полициясының облыстық (қалалық) басқармасында келісілгеннен кейін нотариалды куәландырылған кепілдік хаты (міндеттеме) орнатылған тәртіпте ҚР СІМ КҚД-не консулдық мақсатында ұсынылады. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квота- сына енгізу нұсқау- лығын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 17 тамыз- дағы N 70 бұйрығы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республика- сының Заңына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебе- сін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығы бекітілсін. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекет- тік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.3. Қазақстан Республика- сының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасы міндетін атқарушының «Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы» 2003 жылғы 08 тамыздағы N 60-Б бұйрығының күші жойылды деп танылсын.4. Осы бұйрық-тың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Құртаев Әлімжан Сейітжанұлына жүктелсін.
Төраға А. Жағанова Қазақстан Республикасының  Көші-қон және демография
жөніндегі агенттігі төрағасының  «Оралман мәртебесін айқындау және
оларды оралмандардың көшіп келу  квотасына енгізу нұсқаулығын
бекіту туралы» 2004 жылғы 17 тамыздағы N 70-ө бұйрығымен Бекітілген
Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығы: 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы- ның Заңына (бұдан әрі — Заң) сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін айқындауды және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді көздейді.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) оралмандар- ұлты қазақ шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасы егемен- дік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген азаматтығы жоқ адамдар; 2) оралмандардың көшіп келу квотасы -Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударуға жыл сайын жол берілетін, Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтем берілетін орал- мандар отбасыларының саны; 3) аумақтық орган — Қазақстан Республикасы- ның Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің оралмандар отбасы- ларын іріктеуді және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді жүзеге асыратын аумақтық органы (бұдан әрі — аумақтық орган);
4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган — халықтың көші-қоны саласындағы саясатты іске асырушы және жұмысты үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі — уәкілетті орган). 3. Осы Нұсқаулықтың күші ұлты қазақ шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және мақсаты Қазақстан Республикасында тұрақты тұру болып табылатын азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Бұл кезең 1991 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні деп белгіленсін.2. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу үшін қажетті құжаттар.4. Оралман мәртебесін беру туралы өтініш беруші адамдар мына құжаттарды табыс етеді: 1) оралман мәртебесін беру туралы өтініш;
2) қысқаша өмірбаян; 3) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттарының, жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің, аттестаттарының, дипломдары- ның, әскери билет-  терінің көшірмесі). 5. Көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш беруші оралмандар әрбір күнтізбелік жылға мына құжаттарды табыс етеді: 1) көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш; 2) қысқаша өмірбаян;
3) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттарының, жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің, аттестаттарының, дипломдарының, әскери билетте- рінің көшірмесі); 4) Қазақстандағы тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама; 5) Үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.
3. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу шарттары.6. Оралман мәртебесін беру және өздерін оралман- дардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің бірі өз қолымен Қазақстан Республикасының шет- елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе тіке- лей уәкілетті органға тапсырады. 7. Оралмандардың отбасыларын көшіп келу квотасына енгізу тәртібі: 1) өтініш берушілердің құжаттарын мәліметтерінің дұрыстығын тексеру (бағалау) мақсатымен зерделеуді; 2) оралман мәртебесін беруді; 3) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді көздейді. 8. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркел- ген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды.
9. Оралман мәртебесін беру және көшіп келу квотасына енгізу туралы шешімді аумақтық органның басшысы құрған комиссия шешеді.
10. Адамның оралман мәртебесін беру туралы өтініші және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу уәкілетті органда тіркелген күннен бастап кезектілік тәртібімен қаралады. 11. Оралман деп танылған және жыл сайынғы оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі және оралмандардың есеп карточкасы толтырылады. 12. Адамды оралман деп танудан немесе көшіп келу квотасына енгізуден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзім ішінде өтініш берушіге шешімнің көшірмесі түрінде жазбаша хабарлама беріледі. 13. Аумақтық қызметтердің шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады. 14. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы аумақтық қызметтердің шешімдерін, сонымен қатар оралмандардың арыз шағымдарымен талап-тілектерін қарау үшін уәкілетті органның басшысымен комиссия құрылады.

    Ал қарапайым тілмен айтсақ….олар — тарихи отанына оралғандар, өзге елдің менталитеті, тілінде сөйле йтін заты бір болғанымен болмысы «басқа қазақтардың» тобы болып қалып тасып келеді….                                                                      

«Басқа қазақ» болатын себебі, олар келген елінің тіліне  ресми тіл болып табылатын орыс тілін кейбір алыс шет елдерден келген оралмандар кейде қазақ тілін де түсінбей, Қазақстандағы бюрократияның жиі құрбаны болатын шарасыз жандар десек артық айтқандық емес.

Қазақстандық БАҚ- тағы ала- құлалық байқалады…

Көші- қон мәселесінде де жалпылай  ақпарат таратуда қазақстандық БАҚ екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлайша екі топқа бөлінуі бұқаралық ақпарат    құралдарының саяси ұстанымдары мен бағыттарына байланысты.  

Мемлекеттік БАҚ еліміздегі көші- қондағы мәселелер туралы жалпы      ақпар береді де қояды. Көбіне ушығып тұрған мәселелерді сол күйінде қалдырып, немесе мемлекеттік саясатпен айналдырып әкеліп Қазақстанда өмір сүріп жатқандар «ең бақытты жандар», көшіп келгендер одан әрмен             «бақытты теориясын» дәлелдеумен әлек. Ал, оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдары байбаламшыл орыс шашыранын қитұрқы әдістерімен көбіне бұрмаланған ақпаратпен суғарып келеді. Онсыз да Ресей бұқаралық ақпарат құралдары 1990 жылы тарихи отанына оралған орыстардың санын айтып, қазақтардың «ұлтшылдығын» айтып ауыз жаппай келеді. Әрине бұл орайда қалам ұстағандардың ұстанымы мемлекеттің мүддесі мен ұштасып жатқаны дұрыс-ау, алайда толғағы жеткен сұрақтар шешілмей қаттала бергені әрі беріден соң қоғамда дүмпу тудырмай тұрмайды.

Жалпы қазақстандық БАҚ-қа шолуымызды  мелекеттік маңдайалды газетіміз «Егемен Қазақстан» (1 №121 2009 ж) С. Мәметтің «Отандастар отанына орнығуда» атты мақаласына шолу жасап көрсек…. .

Барлық мемлекеттік БАҚ-тағы басылымдардағы көші-қон мәселесін мақала жалпы ақпараттық бағытта берілген.

31 наурыз күні Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселе лер жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі туралы айтылады. Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін 12 мың адам, соның ішінде қандас- отандастарым ыз, ТМД елдерінен келген, алыс шетелдерден келген басқа этнос өкілдері Қазақстанның азаматтары атанды. Оралман деген әртүрлі пікір- талас тудырып жүрген сөз туралы өткен жылы оралман сөзін Қазақстан халқтар Ассамблеясының  жиыныныда осы сөзді Елбасы Н. Назарбаев отандастар деп өзгертуді ұсынған еді енді сол сөз өз орнын таба бастаған секілді.- деп сөзін сабақтаған мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев әрі қарай былай дейді:

«….. Сондай- ақ Қазақстанның азаматтығын иеленушілердің ата қонысы- на ағылып жатуы-бұл қазіргі таңдағы қиыншылыққа қарамастан, Отанымыз- дың болашағына деген сенімі мен үмітінің молдығын көрсетсе керек. Олар ұрпағының болашағы тек өзінің Отанында ғана берік, алаңсыз, сенімді болат- ынына үміт артуда»- дей келе «Ендігі жерде елім деп дүниенің төрт бұрышы- нан келіп жатқан сол отандастарымызды қабылдау және әлеуметтік жағынан  қамқорлық көрсетіп, орнығып кетуіне барлық мүмкіндікті  жасау жолында мемлекеттік органдар жүйелі жұмыс атқаруы тиіс»- жазады.

    «Түркістан» 2008 жылғы 23 қазандағы №43/746/ газетінің тілшісі Есенгүл Кәпқызының «Үкімет “Нұрлы көш” бағдарламасын қабылдады» атты мақаласында “Нұрлы көш” бағдарламасы туралы жазады.

 «Осыдан сәл бiраз уақыт бұрын Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бердiбек Сапарбаев көпшiлiк алдында “Нұрлы көш” бағдарламасы- ның жобасын ұсынған едi. Бағдарлама жобасы Алматы, Астана қалаларында және елiмiздiң бiрқатар облыстарында таныстырылып, талқылаудан өткен болатын.

   Бұл бағдарлама қоғамда бiрталай пiкiрталас туғызып, бұқаралық ақпарат құралдары оны талқылау барысына барынша атсалысқан болатын. “Нұрлы көш” бағдарламасының халықтың көшi-қонын реттеуге арналған бiрталай тұжырымды бағдарлама екендiгiн айта отырып, оның кемшiлiктерi мен жетiстiктерi де сараланған едi.

   Осы аптаның басында бұл бағдарлама жобасын Үкiмет отырысында ұсын- ған Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бердiбек Сапарбаев халықтың ұсыныс-пiкiрлерiн ескергендiгiн танытты. Онда негiзiнен жоба құнының және оның орындалу мерзiмiнiң анықталмағандығы және оралман дарға көрсетiлетiн нақты көмектер көрсетiлмегендiгi айтылған едi. Үкiмет алдына көпшiлiктiң талқысынан өткен, олардың ұсыныс-пiкiрлерi ескерiлген жаңа жобаны әкелген министр “Нұрлы көш” бағдарламасының жобалық сметасы мен оның орындалу барысын және оралмандарға көрсетiлетiн нақты көмектердi де көрсеткен екен.

Бiрiншiден, жоба 2009-2015 жылдарға арналған. Екiншiден, алғашқы кезең, яғни 2009-2011 жылдар аралығына бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы шығыны 170,6 млрд. теңгенi құрайды. Үшiншiден, оралмандарды арнайы қоныстандыру мәселесi. Бұрынғыдай оралмандар өздерi қалаған мекендердi таңдамайды. Қазақстан Үкiметiнiң нұсқауымен орналасады. Бұл ретте, әрине, ешкiмдi мәжбүрлемейдi. Тек мемлекеттiң көмегiне ие болуға ниеттi лер ғана Үкiмет нұсқауымен қоныстанады. Бұл ретте Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi арнайы мекендерге қоныстанушыларға белгi- лi бiр деңгейде коэфициент төлеудi де ескерiп отыр екен. Оралмандарды қоныстандыру елiмiздiң негiзгi үш аймағында – солтүстiк, орталық және оңтүстiк осiнде жүзеге асырылады. Мәселен, солтүстiк оське қоныстануға ниет еткендерге 2% коэфициент төлеу ескерiлген. Яғни, солтүстiкке қоныстанған 5 адамы бар бiр отбасына 1 миллион 100 мың теңге көлемiнде жәрдемақы төленбек. Орталық осьте – 440,0 мың теңгенi; Оңтүстiкте – 841,5 мың теңгенi құрайды.

   Сондай-ақ, бағдарлама оралмандарды мамандығына орай жұмыспен қамтамасыз етудi де көздеп отыр. Аймақтардың еңбек ресурстарына қажеттiлiгiн, жұмыс берушiлердiң нақты мамандық түрлерiне сұранысын ескере отырып, еңбек күшiне квота бөлу механизмiн қолдануды мақсат етуде. “Бұл механизмге сәйкес үш жылдың iшiнде 60 мыңнан астам мигрант отбасылары қабылданады. Олардың жартысынан астамын Солтүстiк оське қатысты өңiрлерге жiберу көзделедi, бұл елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн аса маңызды серпiндi жобаларды iске асыруға қажеттi еңбек ресурстарына деген елеулi сұраныспен байланысты. Жобаға қатысушылардың шамамен, үштен бiрi Оңтүстiк оське қатысты өңiрлерде және қалған бөлiгi Орталық осьтегi облыстарда қоныстандырылатын болады” делiнген бағдарламада. Бағдарламаны iске асыру барысында елiмiз бойынша жалпы 76,5 мың адамды, оның iшiнде 35,8 % – өнеркәсiпте, 37,8 % – ауыл шаруашылығында, 20 % – қызмет көрсету саласында, қалған бөлiгi – бюджеттiк салада жұмыспен қамтылады.

Бағдарламадағы ендiгi бiр басты мәселе – оралмандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесi. Бұл жерде, әрине, тегiн баспана берудiң заманы өткендiгiн ескеру керек. Бағдарлама баспанамен қамтамасыз етудi өсiм ақысы төмен несиелер беру негiзiнде жүзеге асыруды көздеуде. Тұрғын үймен қамтамасыз етудiң жалпы шығыны республика бойынша қайтарма несие есебiнен 130,6 млрд. теңге құрайды. Әр аймақтағы қоныс аударушылардың бiрыңғай тұруына арналған құрылыстарға ерекше мән берiледi. Кемiнде 1 мың отбасы тұратын барлығы 28 бiрыңғай қоныс салу жоспарланған. Бұл жерде, оралмандардың тiкелей қатысуымен типтiк мекендер салу тәжiрибесiн қолдану ұсынылған (Шымкент қ. “Асар”, Алматыдағы “Байбесiк” ықшам аудандары). Бағдарламаға қатысушы тұрғын үйiн кепiлге қою арқылы он жылдық мерзiммен 4,5% өсiмақысымен тұрғын үй несиесiн ала алады.

Сондай-ақ, бұл бағдарламаға оралмандармен қатар, дағдарысты аймақтардан дамыған аудандарға қоныс аударуға ниет етушiлер де қатыса алады. Бұған дейiн ескерiлмей келген iшкi көшi-қон мәселесiне де арнайы мемлекеттiк квота бөлу iсi де қарастырылады екен. Бұл бағдарламаға орай өз ойын бiлдiрген вице-премьер Өмiрзақ Шөкеев:

– Бiз жылына мемлекеттiк көшi-қон квотасы бойынша, 15 мың отбасын қабылдап, олардың әрқайсысына жәрдемақы ретiнде 800 мың теңге берiп, өз күнiңдi өзiң көр деп келдiк. 800 мың теңгеге баспана сатып ала алмайтыны түсiнiктi. Сондай-ақ, оларды аймақтарға бөлiп орналастыру да болмаған. Олардың барлығы өздерiне климаты жайлы келетiн Оңтүстiк пен Батыс өңiрлерге шоғырланып алған. Сөйтiп, проблема тудыруда, – дейдi.

Демек, бағдарламаның көшi-қон үрдісiн реттеуде бiршама ықпал ететiндiгi айқын.

     Мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасы аса салмақты серпінді жобалардың бірі. Алайда ол да егер елге оралмақша оралмандар саны белгіленген межелі саннан асып кетсе өзге отандастарымыз өз қаражатына өоныс аударуға мәжбүр болады. Сонымен қатар мәселенің екінші бір жағын ескеруіміз аса қажет ол үшін келесі материалға көз тігуімізге тура келеді.

     Сонымен қатар, 2008 жылдың жиырма екінші қаңтарында «Каз Информ» ақпарат агенттігінде Лилия Меньшинаның «Каково количество нелегальных в Казахстане» атты мақаласын кездестірдік

Америкалық «USAID» Агенттігінің қаржылай жәрдем көрсетуімен өткен бұл шара жұмысшы мигранттардың  статусын көтеру, мемлекеттік емес ұйымдардың Үкіметпен жұмысын осы саладағы мемлекет саясатын дамыту бағдарламасын ың басты мақсаты болмақ.

Орталық Азиядағы заңсыз мигранттардың еңбек етуіне және еңбек көші- қоннының заңдастыру мәселесін реттеу туралы, себебі жұмыс істеу үшін жұмыс беруші, рұқсат беруі керек. Бірақ, бұған мемлекет тарапынан көптеген кедергі келтіретін факторлар болғандықтан жұмыс берушілерге заңсыз жұмысшы жалдаған анағұрлым тиімді болмақ. Осыдан келіп заңсыз миграция дами береді.

 Сондай-ақ республикалық жалпыұлттық саяси қоғамдық               «Егемен Қазақстан»  газетінің 2007 жылғы 13 шілдедегі санындағы Н. Жәрімбетованың  Рудный қаласындағы оралман ағайындардың тарихи отанындағы өмірінен біраз мағлұмат «Әсте-әсте» деген мақаласы Өзбекстаннан келген қандастарымыздың Қазақстанда көрген қиыншылықтары туралы, әрине мұнда баспана мәселесінен бастап, азматтық алу, тіркеуге тұру, білім беру жүйесіндегі тіл үйрену жөніндегі қиындықтарды және көші-қон басқармасындағы қағазбастылық, босқа сабылушылықты тілге тиек етеді.

Мигранттар бұл мәселеде негізгі рольде емес екенін аңғару қажет. Қандай да мемлекет болмасын ішкі және сыртқы көші- қоны тәртіпке келіп, жүйеге келтірілмесе мемлекеттің біртұтастығына аса зор қауіп төнетінін әркім білуі тиіс.

Сонда жалпы Қазақстан аймақтық бөлінісі ретінде геосаяси жағынан өзге көршілес елдерден бөлектене алмайды. Орта Азияның бұл орайда өз позиция сы бар. Негізгі күн көріс қылып отырған заңсыз көші- қонға тұсау салуға асықпайтының сыры тереңде жатыр.

«Газета. kz» басылымы Д. Перцевтің «Утомленнные солнцем»[15] атты мақаласында Орта Азия елдеріндегі еңбек көші- қоннының жағдайы мәз емес екенін жазады.

«Жұмысшы мигранттарды қабылдаушы елдер де  криминалдық, қылмыстар саны, артып отырғандығына алаңдаушылық білдіреді. Өз кезегін- де бұл мәселені Астана мен Мәскеудің шеше алмай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанның бір мәмлеге келе алмауы  жағдайды одан әрі күрделендіре түсе- ді» -дейді автор. Сонымен қатар, бұл жөніндегі өзара келісімге келу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуро АЗЭҚ елдері деңгейінде сәтсіздікке ұшырады.

Біріншіден-осы аталған үш мемлекеттің қазіргі жағдайы оларға өте ыңғайлы, экономикалық дағдарыс кезінде елден кеткен жұмысшы- мигрант- тар өзге елде тапқан жалақысын отбасына жіберіп отырды. Ал, отбасы      мүшелері ол қаржыны тұрғылықты жерінде қажетіне жаратады. Қарап отырсақ, тұтынушылық қажеттілік, ұлттық экономиканың капиталын өсіреді.

Екіншіден- жұмысшы мигранттарды қамтамасыз етіп отырған елдерге көші- қонның заңды түрде болғаны тиімсіз. Мемлекетаралық, екі жақты немесе көпжақты келісімге қол қойса, сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіле ді. Қазіргі таңда жұмысшы мигранттар кеден, шекара қызметкерлеріне пара беріп өтеді. Шекарадан өткен заңсыз жұмысшы- мигранттарға заң қызметкер лері көз жұмып қарайды. Әрине, өздері күнкөріс қамы қылып отырған «май шелпектен» айрылығысы келмейтіндіктері өз өзінен түсінікті. Сырт көзге олар заңсыз көші-қонның мәселесін шешу жолдары туралы кездесулер өткізіп талқылау жүргізеді.

Үшіншіден- жұмысшы мигрантпен қамтамсыз етіп отырған донор мемле- кеттердің мемлекеттік аппарат жетекшілері шынымен де көші-қон ағымын реттеуге тырысады деп сенуге болмайды. Мысалы Өзбекстан тек Оңтүстік Кореямен екі жақты келісім жасасты. Өзбек билік орындар елінен кеткен азматтардың санын ашық айтпайды. Себебі, бұл елінің саяси имиджіне әсер етіп, әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашар екендігін әшкерелеп береді. Сондықтан да Өзбекстан тарапынан статистикалық мәліметтер алу мүмкіндігі жоқ. Алайда бұл мәселеде Оңтүстік Корея Үкіметінен ақпар алуға болады.

Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан мен Ресейге көші-қон мәселелерін бақылауға алуға мүмкіндік бермеуде. Бұны ТМД елдерінің барлығына ортақ жан-жақты келісімге қол қоя алмай отыруымен түсіндіруге болады.

Ресей бизнес қоғамдарында гастарбайтерлерге квотаны қысқарту жұрт шылық тараыпнан әртүрлі қабылдануда.

2007 жылы Ресейге 7 млн 300 мың адам тіркеуге алынды. Соның ішінде, 2, 3 млн адам рұқсат алды. Бұл тіркеуге алныған мигранттардың 3\ 1 бөлігі ғана.

Көші Қон Федерациясының гастарбайтерлерге көп сомада төлемақы төлетіп немесе де портация жасады ұсынып отырып, рұқсат беру жүйесін хабарлама берумен шектелетін жүйеге алмастыруы түсініксіз.

Қазақстан да Ресей мен бірге  шетелдік жұмысшыларға квота санын  көбейтті.

 Орта Азия елдеріндегі экономикалық дағдарыс Ресей мен Қазақстанда жұмысшы мигранттар көші- қонының ретсіздігін тудырып отыр. Сонымен қатар, ТМД елдері саммитінде 2007 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаев  мемлекетаралық жұмысшы күшінің мәліметтін сақтайтын банк құруды ұсын- ды. Бұл әдіс еңбек көші- қонының тәртіпке келуіне, мигранттар доноры елдеріне де тиімді болмақ.

Жұмысшы мигранттарға квота бөлінуді көбейту Қазақстандағы жұмыс- шы күшіне тапшылық бар екенін көрсетеді. Ішкі Жалпы Өнімнің  өсе түсуі, Қазақстан Үкіметінің өте жоғары талаптары Астана осы мәселені шеше алмаса кері әсерін тигізеді.

Қазақстанда қазіргі таңда Астана, Алматы қалалары мұнай астанасы Атырау қаласы дамып келе жатыр. Барлық облыстарда құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр. Ауылшаруашылық, өндірістік инфрақұрылымдар дамыту жолға қойылуда.

Қазақстанның еңбек министрлігінің болжамы бойынша республикаға жылына 60 мың адамдық жұмыс күші қажет екен.

 Өзбекстан мен  Қазақстандағы аграрлық салалары, халық менталитетінің ұқсастығы сонымен қатар соңғысындағы еңбек күшіне зәрулігі арзан жұмыс күшіне қажеттілікті өсіріп жібереді.

«Заграница» сайты  16.06.2008 жылы И. Гальимов «Правда о России или только о ее экономическом чуде» атты мақаласы.

Осы мақалада Ресей экономикасының мәселелері, этникалық құрамның ала-құла болуы, иммигранттардың көбеюі, халықтың жалпы денсаулығының төмендеп кетуі сөз болды. Сонымен қатар, 2008 жылдың 15 наурызында ресейдің «CMT» сайтында «В Бишкеке обсудили вопрос о трудовой миграции» деп аталатын мақала да еңбек көші қонын реттеу қажеттілігі өзекті мәселелер қатарында болды.

 Сондай-ақ Орта Азия елдеріндегі заңсыз еңбек көші-қонының мәселелерін шешу үшін парламентаралық, үкіметаралық, кездесу өткізілді.

Кездесу мақсаты- Орта Азиялық аймақтың бірегей көші- қон заңнамасын қабылдау туралы болды. Екі  жақты келісімге келе отырып, жұмыс күшін қамтамсыз етіп отырған елдерде гастарбайтерлердің сауаттылығын көтеріп, әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу қарастырылмақшы. Ал, жұмыс күшіне қажеттілік туып отырған қабылдаушы елдер жұмыс берушілердің заңсыз жұмысқа алуына тыйым салынып, кәсіби мамандарға сұраныс беруді қолға алуы қажет.

Қазақстан Республикасы тұрғындарды еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Жазбек Абдиев «жұмысшы мигранттардың жартысынан көбінің ешқандай арнаулы білімі жоқ. Біздерге қазіргі таңда ТМД елдерінен білімді, кәсіби білікті мамандар қажет»- деді.

«Литер» газетінде Қазақстан астанасындағы VІ Халықаралық ТМД елдері іздестіру бөлімінің жеткшілері қатысқан кездесу туралы материал жарық көрді..

Республикамыздың Ішкі Істер Бөлімінің  пікірінше, ішкі істер бөлімінің Кеңесі Достастық елдердің аса маңызды құрылымы боп саналады.

«ТМД елдерінің тәртіп сақтау қызметінің тамыры, қалмыстық әлемнің тамырындай өзектес». Ал, ТМД елдерінің саясаткерлері достастықтың болаш- ғы туралы бір ымыраға келмей отырғанда, Достастық елдерінің тәртіп сақтау ведомостолары керісінше аузыбірлік танытуда. Олар өз еліндегі ұйымдасқан қылмыстық топты оңай қолға түсірудің амал-тәсілдерін іздестіру жөнінде маңызды күрделі мәселелерді шешуде жиі кездесіп тұрады.

Бір кездері болған Кеңестер Одағының бір шекпенінің астындағы    әріптестердің қарым- қатынасы жақын бола бастады.

Олар бір-бірімен жан қиыспайтындай дәрежеде, себебі олардың мақсаты- қоғам тыныштығын сақтау.

«Комосмольская правда» газетінің 2007 жылғы 5 ақпанындағы санында былай жазады:

«Өзбек гастарбайтерлерін жұмысқа алу жөнінде белгілі жүйе пайда болды.

2007 жылы визасыз келуге Ресейге 6 млн адамға ТМД елдерінен келуге рұқсат берілді. Жаңа көші- қон Заңы бойынша шетелдік азаматтар базарларда, сауда жүйесінде қызмет етуіне тыйым салынады. Бірақ, соған қарамастан жұмысшы қажет ететін өзге де салалар жеткілікті.»

Қазақстанда да заңды көші- қон пайда болғалы осы даулы сұрақтар көбейіп, келелі істердің азайып кетекені де шындық. Ел болудың іргелі мақсаттарына немкеттілік пен Үкімет орындары қарап отырса қарапайым қолында билігі жоқ халық не әрекет жасай алады?

Заманның қазіргі таңдағы қырық құбылған ағымы үлкен саясатта әрбір қадамыңды аңдап басуға баулиды.  Отарлық санадан арыла бастағанымыз кеше деегінмізбен, өзгеге қарап жалтақтық танытқан, жалпақ шешейлік Қазақстанға абырой әпере ме?  

Ұлт рухы, мемлекеттік мүдде деген қазіргі таңда сәннен қалған, популис- тердің қолшоқпарына айналған пафостық сөздер шынымен де өз мағынасын осылай жойғаны ма?!

Ұлт қамын ойлаған билік басқарып, елді сара жолға бастаған серкелеріміз бен ұлт жанашырлары не дер екен деп олардың да бір сәт ойларына көз жібердік…

«Астана» ақпараттық танымдық журналының 2007 жылғы  13 маусымдағы № (37) санында ұлттық сана мен рух мәселесіне қатысты мемлекет қайраткері Ә.Кекілбаевтың толғамды пікірі жарық көрген болатын.

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ә.Кекілбаевтың «Әлеуметтік бірлік пен ұлттық намыс керек» деген мақаласы- нда толғауы тоқсан ұлттық мәселелер туралы былай дейді:«Елдігімізді сақтап қалу үшін тек үлкен жауапкершілік керек. Ол екі эволюциялық сйкестікке лайық болуға міндеттейді.

Біріншісі- біздің аса қомақты аумақтық масштабымыздан туындайтын демографиялық сәйкестілік. Жоғарыда келтірілген көңілсіз сценаришілер де, негізінен, қазіргі бар демографиялық сәйкессіздікті тілге тиек етеді. Біріншіден санамыздың аздығын бетімізге басады. Екіншіден, өркениеттік балаңдығымызға меңзейді. Болашақты болжауда да ретроградттыққа ұрынады Өткендегі мысалдарды көлденең тартып, бар әңгімені  қайтадан «жер жинау дың» төңірегіне құрып, барар жерімізді «Қорқыттың көрі» қылып көрсетіп, империяшылдықты қайта ояту парадигмасын ұсынады. Ал, әлемдік даму,   керісінше, отаршылдықтан ықпалдастыққа, империялар құрудан жаңа әлемдік тәртіп түзеуге көшуді қолайлайды. Өйткені үдерістер бағыты адамдардың   бостан, халықтардың азат, технологиялардың жаңара, өркениеттердің дами түскендерін бірінші болып ескеру жолымен жүзеге асыруды көздейді. Бұдан ал дымызда тұрған екінші эволюциялық сәйкестіліктің-өркениеттік сәйкестілік тің қаншалықты маңызды екендігін ұғына беруге болады.»- дейді.

                «Президент және халық» газеті 2008 жылдың 7 қарашасындағы санында  Абылай Қалназаровтың «Қазақтың  «мені» ресейліктен ажырамаған ба? атты материалы да тереңнен толғантуға жетелейді.  

« Күнделікті тамашалайтын теледидарымыздан бастап радиомызға дейін оқитын газетіміз бәрі-бәрі байқағанға Қазақстан жаңалықтарынан гөрі Ресейдегі оқиғаларға суғарылған. Тіптен экс-депутат Аманелді Айталы       ағамыздың ізімен біздің ақпарттық- мәдени кеңістігіміз түгелдей Ресейдің идеологиялық саясатына жұмыс істеп, орыстардың демагогиясына құнарлы платформа болып тұр деп батыл айтуға аузымыз барады. Мысалы, Алматы қаласы ндағы кез келген жас Тоқтар Серіковтен гөрі  Филипп Киркоровтың өмір баянынан молынан хабардар болуы мүмкін. Яки зайырлы ортада орыс тілінің империялық престижінің түспегендігі себепті біздің ойлау өрісіміз де  орысша форматтың шеңберінде қалып отыр. Керек десеңіз қазақша ақпарат көздерінің өзі басым жағдайда орысша қайнарлардан алынатындықтан бұқаралық ақпараттар құралдарындағы хабарлардың  дені орыс мүддесіне негізделіп, орыс ойлау жүйесіне, орыстың талғам- түсінігіне, көзқарас- танымына лайықталып құрылған. Бұл тұрғыда қазақцентризмнен ада журналистер орыс идеологиясына өздері сезбей қызмет етуде. Өткен ғасырдың басында-ақ (1931 жыл) осылай боларын көрегендікпен болжай білген Мұстафа Шоқай: «мемлекет аппараттарын ұлттандыру жүзеге аса қойғанның өзінде біздің тіліміз өз жерінде екінші орынға ығысады. Бұл ретте біздің ана тіліміз ұлы орыстың рухани мәдениетін таратушы техникалық құралдың ғана рөлін атқаратын болады.»- деп кеткен екен. Бүгіні таңда осы нау көріпкелдік сөздерге көз жүгірте отырып, айтқанының айна-қатесіз кел- гендігіне таң қаласың.

Ғалмадық деңгейде ой түйіндейтін тұлғалар ұлт болашағына алаңдаулы.                                                                                                                                                                                                                                                                          

Ал, оңы мен солын ажырата алмайтын иіс алмас біреулер  яғни «қолдан жасалған маргиналдар», немесе космополитизмді уағыздаушыларға ұлт    тағдыры не керек?! 

Ұлт болашағының бет бейнесі қазіргі жастардың табиғи болмысы, тұрмыс тірлігінен көрінеді. Алайда ел басындағы дүйім елдің ішкі,сыртқы саясатын жасап отырған ана тілін білмейтін саясаткерлеріміздің, білуге құлық танытпайтын безбүйректігі жанға батады.

Сол баяғы кеңестік қасаң ойдың әлі де болса ойлауға жіберм-                тізгіндеп келе жатқаны өкінішті ақ!

«31 телеарнада»  2007 жылы 25 наурызда «Қоғам» айдарында  

«Оралмандар орыс тілін үйренуге міндетті емес» деген жаңалықтар блог- ында эфирде хабар таратылды. Мұнда сол баяғы тіл мәселесі сөз болды біздер жалпы оралмандарға қатысты жағын қарастырдық.  

«Билік басындағы қазақтардың басым бөлігі Президенттің тіл саясатына іштей үлкен қарсылық білдіруде.» Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осындай үндеу жасаған депутат Амангелді Айталы: «Парламентте тағы да мемлекеттік тілге қарсылық көрсетушілер бой көрсетті» — деп дабыл қақты. Оның айтуынша, Мәжілістің 27 депутаты «шет мемлекеттерден көшіп келген оралмандарға орыс тілін де үйретуге тиіспіз» деп, «Қазақстанда тек қазақ тілі оқытылуы тиіс» деген бапқа қарсы дауыс берген. Толығырақ Нұрбол Қапешов баяндайды.
      Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнаған үндеуін «Парламент әсіре ұлтшылдық дендеп барады, ұлт тұрғысынан Мәжіліс араның ұясындай уілдегенімен, кейбір депутаттар бал бермейтін аралар сияқты» деп бастаған. Амангелді Айталы былайша дабыл қағуына «Көші-қон туралы» заң жобасын қараған тұста кейбір депутаттардың мемлекеттік тілге қарсы дауыс бергендері себеп болғанын айтады. Амангелді Айталы, Мәжіліс депутаты: «Шет елден келген оралмандар үшін орыс тілі бөтен мемлекеттің мемлекеттік тілі. Осы психологиялық ерекшелік терді ескере алмай отырмыз. Әдеттегідей қалыс қалған Вера Николаевна Сухорукованы айтпағанда, орыс әріптестеріміз, ішінде Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары Дьяченко да бар, түгел қарсы болды. Жас отандықтар Бердіоңғаровтан бастап, ардагерлер қазақтарды қосып, ұсынысты қолдамады.» Еліміздің жарқын болашағы айбынды сақ даласының мұрагерлеріміз деп төске ұрудан бір жалықпаймыз….

Өзге ұлттық психологиямен тәрбиелеген жас ұрпақ санасында осынау дарқан даланың берекеті мен құтын асырып, халықтың санын өсіріп, рухы биік іргелі ел бола алады деп сену ұшқарылық емес пе?! Шетелден келген отандастарымыздан орыс тілінде сөйлегенімізбен қоймай олардан орыс тілін талап ету тіптен де ұятты мәселе! Тіпті Еуропада өмір сүретін қазақтардың жастары онсыз да ағылшын, түрік, француз тілдерінде сөйлейді….

Осылайша іштен іри бастаймыз, содан келіп әлдебір пасық саясатының әсерінен  салиқалы ұлт бейнемізден айыра бастаймыз…. Арғы жағы болжауға қорқынышты!

Төріңе тайраңдап кірмесе де күлімсірей сыналай кіріп ала дорбасын арқалап жүріп-ақ ұпайын түгендеп кететін нәпақа табу мақсатымен әлдебір жымысқы саясатпен жүрген кһлденең келген көк аттылар алдындағы рухымыз пәсейіп, құтымызды қашырсақ болашақ ұрпақ алдында намысқа қалмаймыз ба?

Қазір марқұм болып кеткен орыс шовинистерінің бірі Солжиницын Қазақстанның шұрайлы жерлерін даулаумен-ақ көз жұмды  өз кезегінде оған ел басқарып тұрған кезде В. Путин абыройлы орденді өз қолымен табыстады.

   Осыдан ақ орыс ағайындарымыздың да Қазақстанға деген саясатының астарын түсінгендей боласың. Әрине Ресей елінің мәдени әдеби т.б экспанциясына шекаралас елдердің ықтиярлы болатыны тағы бар.

   Осы орайда алдыңғы тарауларда біздер аз-кем Ресей мен Қазақстан арасындағы көші-қонның тарихына көз жүгіртіп ой түйіндеп кеткен болатынбыз. Енді Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақтарын соның ішінде Батыс Қазақстан облысының  қаншалықты маңыздылығы туралы   айтып өтсек.  

Батыс Қазақстанның географиялық орналасу жағдайы, құрылықтың  еуро палық және азиялық бөлігін жалғаушы көпір іспетті.   

Бұл аймақ  Ресей мен көші-қоны арасындағы маңызды роль атқарады. Себебі, ол Ресей Федерациясының бес облысымен шектесіп жатыр: Орынбор, Волгоград, Астрахань, Самара.    

Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық көші- қонда белсенді- лігі деңгейінен республикамызда жетекші орынды иеленіп отыр.

Тарихта Ресей мен Батыс Қазақстан арасындағы көші-қон байланыстары өте маңызды роль атқарды.Байырғы екі ел арасындағы қарым-қатынасқа шолу жасасақ, ресейдің Қазақстанмен шектесіп жатқан орталық, шекаралас аймақ- тары мен арадағы көші-қон Батыс Қазақстанның көпұлтты қалыптасуына үлес қосты. Қазіргі таңдағы Батыс Қазақстанның этно-демографиялық жағдайы Ресеймен сыртқы көші- қон байланыстарының нәтижесі болып саналады.

Отарлау саясатының бастауы, Ресейдің славяндардың Қазақстанға       кірігуі, алғашқы казачество осы жерден яғни қазақтардың этникалық мекенінен басталды.

Батыс Қазақстанның экономикасын қайта құру және дамыту үшін, өндір іс орталықтарын құру үшін Ресейдің орталық облыстарынан келген, аймақтан тыс көші-қон ағымы арқылы жолға қойылды. Ресей мен арадағы көші-       қонның маңызды кезеңдері 40-50 жылдар болып есептелінеді. Саяси репрессия және оған байланысты болған жер аудару, жаппай эвакуация ұлттық құрылымда жаңа этникалық топтардың пайда болуына әкеп соқтырды.

 Осы және басқа да көптеген мәселелерге байланысты Батыс Қазақстан облысы мемлекет аралық қатынастарда ерекше орны бар аймақ.

Екі ел арасындағы БАҚ-тың барлығы да елдің тыныш, жұрттың амандығын ойлайды. Алайда, шынымен де солай ма?…. Қазақстан тарапынан басылымдарда көбіне Ресеймен арадағы «мәңгілік достықты» ту етіп жалаң ұраншылдыққа ұрынатындары көп.

Орынбор  және Ақтөбелік басылымдардың көбі көші- қон туралы сылап- сипаған мақалалар жазудан әрі аса алмайды.  

2007 жылғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Айқын» газетіне берген сұқбаты да баяғы әніне» салған….

Үкімет пәленбай мың қаражат бөлді, оралмандарға жағдай жасалды дегеннің ар жақ бер жағы…. Сонда неге бізде оралмандар босып жүр, Қазақстанның ішкі көші- қонының өзі бақылаусыз…. Заңсыз миграция, сыбай- лас жемқорлық мәселесі…. Алысқа бармай- ақ Ақтөбелік «Диопазон» газеті жуырда 2009 12 наурызындағы санында Ақтөбе облысының Көші-қон басқармасының бастығының неге шетелдік су жаңа көліктің соңғы маркасын мініп жүргенініне зерттеу жүргізді….

Одан қалса қоғамдағы «басқа қазақтар» яғни «оралмандар» мен жергілік- ті қазақтар мен орыстардан құралған топтар  арасындағы ушығып отырған араздықтар……

Сөзіміз дәлелді болу үшін  Мәртөк аудандық көші қон басқармасының бергне мәліметтеріне сүйенсек өткен 2007 Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында оралмандардың арасында 3 тәртіп бұзушылық пен бір қасақана кісі өлтіру фактісі орын алған. Бұл әлде де ресми түрде тіркелген қылмыстар,ал жабулы қазан жабулы күйінде қалғандары қаншама. Бұл орайда оралмандарың жалқы өздерін кінәлаған орынсыз болар еді. Себебі мигрантофобия мәселесі яғни өзге елден келген отандастарымызға деген өшпенділіктің салқынын, кейбір жергілікті халық арасынан шыққан адамдардан әсіресе жасөспірімдер арасынан байқауға болады.

Ақтөбе облысының ресми қоғамдық саяси газеттері аудандық газеттер де жұмған да аузын ашпай отырғаны ақиқат.

      Өкінішке орай біздің  БАҚ біріншіден көші-қон мәселесінің әлеуметтік, саяси стратегиялық, психологиялық еркешеліктерінің байыбына бара бермейді.

Екіншіден ақпарат беруде көбіне жадағай баяндау түрімен беріледі. Егер көлемді проблемалық мақалалар тек әлеуметтік тақырыптан әрі аса алмай қалады.

Үшіншіден аймақтық, ресми басылымдардың көші-қон туралы айтары жоқ деуге болады, оның қоғамдағы орын алып отырған күллі проблемалар    не айтылмай сол күйі қалады, не болмаса да оптимистік көзқараспен бәрін «жуып-шайып» жібереді.

Төртіншіден аймақтық ресми басылымдағы тілші қауымның көші-қон мәселесіне деген енжарлығынан журналистік зерттеу мақалалары жоқтың қасы деуге болады.

Ресми бүкіл облыстық немесе аудандық дәрежеде болсын бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік маңызы бар мәселелерге ден қойып көлеңкелі тұстарын ашып айтуға мүдделі емес пе?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 2 тарау

               Ресейлік БАҚ- тағы ақиқат пен аңыздың арасы

 Ресейлік БАҚ- қазақстандық БАҚ тан көші- қон мәселесінде қаншалық- ты озық келеді? Әлде екі елдің де ақпарат құралдары деңгейлес пе? 

Осы еңбекте пайдаланылған жүзден аса мақаладан ұққанымыз ресейлік басылымдардың көбі ксенофобиялық бағытты өрбітуде, ал мемлекеттік    басылымдардың өзінің астарында әсіре ұлтшылдықтың ызғары жасырынған.

Қазіргідей бүкіл әлемдік қаржы дағдарысы тағы да басқа мемлекет тағдырына қауіп төндіретін факторлар табылып тұрғанда  Ресей мен Қазақ- станның араздасуы кімге «қол болатынын» болжап жату артық болар…

  Бүкіл бір мемлекеттің идеологиясын алға сүйреп халыққа ақты ақ, қара- ны қара деп айырып беретін бұқаралық ақпарттар құралдарының ың рөлі зор. Бірақ сол қоғамдағы рөлін асыра пайдаланып саясат жасап отырғандарға не шара қылармыз деп ойланамыз…

   Электрондық БАҚ-тан бастасақ 2008 жылғы мамыр айының                    25 жұлдызындағы «Почему Россия не защищает своих в Казахстане» атты маөаласын таладп көрелік.

          Дмитрий Медведьевтің Қазақстан, Қытай мемлекеттеріне президент тағына отырғанынан кейін жасаған іс сапары туралы баяндалады.

ТМД елдері Иниституының көші- қон және диаспора секторының    меңгерушісі А. Докучаева: «бұл кездесуде  Қазақстандағы орыс тілді тұрғындардың қазіргі таңдағы хал-ахуалына көңіл бөлінген»- жоқ дей келіп В.Путиннің  2001 жылы Қазақстанға барып отандастарымыздың  басшылық қызметте жүрген азаматтарымен кездесіп, олардың мұң- мұқтажына жіті назар аударды. Сол кездесу барысында оларды Путин Ресейге қоныс аударуға шақырған болатын. 2006 жылы 22 маусымда өз еркімен Ресей Федерациясына қоныс аудару бағдарламасы бойынша бұл іс жүзеге асқан еді. Содан бес жыл өткенде Ресей өз отандастарына «біздер сендерді қабылдаймыз бірақ, депресситві аудандарға ғана» деп күмілжіді»- деді.

Қазақстандағы отандастарымыздың білім алу деңгейі төмендеп кеткені, орыс тіліндегі оқу орындары жабылуда, электрондық БАҚ- та орыстілді ақпарат шектеулі. Сот жүйесінде дискриминация орын алған. Қазақстанның ел билігін Президент Н. Назарбаев басқарып тұрған кезде Ресейге қауіп жоқ шығар, алайда қазақтарға басқа билік келсе украиндықтар тәрізді бізді қазақтар да халқымыздың құқын таптадыңдар деп кінәлмайтынына кім кепіл?! – деп қара аспанды төндіріп қояды Александра ханым.

Алайда мұндай әсіреұлтшылдық көзқарастағы материалдар мен бірге Ресейлік білікті мамандар, саясаткерлердің де көші қон туралы ақылға қонатын, кісіби пікірлерін де кездестіруге болатыныныа көзіміз жетті. Мысал ретінде 2007жылғы 16 желтоқсанда «UA. REGNUM» интернет газеты «РИА- НОВОСТИ» хабаралуы бойынша деп «Россия и Казахстан: инвестиции в человеческий фактор как условие» бір  материал жария етті.

Мұнда «Россия и Казахстан: инвестиции в человеческий фактор как условие» атты дөңгелек- үстелінде ТМД елдері Институының директорының орынбасары И. Жарихин, Ресей көші- қоны зерттеу орталығының  директоры Ж. Зайончковская, ТМД елдері бойынша стартегиялық зерттеу институының  жетекші сарапшысы А. Куртов т.б қатынасқанын хабарлайды.

О. Резникова Ресей Ғылым Академиясының Әлемдік экономикалық халықаралық қатынастары Институының аға жеткешісі өз кезегінде «Ресей мен Қазақстан Канадалық көші-қон тәртібін үлгі ретінде қолдануға болатындығын айтып өтті. 

« Канадада  мемлекетке қанша кәсіби мамандар, қай салаға қажет екен дігін реттеп, есепке алып сол бойынша мигрантарды қабылдап отыратын    қызметтік орган бар. Сондай- ақ, онда өзге мемлекеттердің де өкілдері жұмыс істейді.  Кәсіби мамандарды елге тартып, олардың экономикалық- әлеуметтік жағдайына, ортаға бейімделіп кетуі мақсатында оларға ағылшын тілін үйрену ге көмектесіп отырады. Осы әдіспен канадалықтар еңбек көші-қонын          бақылауға алып отырады. Өкінішке орай бұндай қызмет Ресей мен Қазақстан- да жоқ» — деп аяқтады сөзін сарапшы Жанна Зайончковская.

 Сондай ақ қазақстандағы көші қонға жіті назар аударып өзіндік пікір білдіріп жүрген «ВЕСТИ» басылымының тілшісі Шломо Громанның да тұрақты зерттеу тақырыбына айналғанына куә боламыз.

«ВЕСТИ» басылымындағы 2002 жылдағы 23 қаңтарда «Университет для казахов-репатриантов» атты мақаласының мазмұны төмендегідей:

        Алматы қаласындағы құрылыс және архетиктура Академиясының жаны- нан оралман студенттерге арналған Университет ашылмақшы. Бұл жөнін де Бүкіләлемдік оралмандар Ассоцациясының бірініш  орынбасары Қ. Найман баев мәлімдеді.

       «Время новостей» басылымының 2002 жыл 25 наурызындағы санында

«Количество мигрантов в Казахстане превышает количество в чем  Россиской Федерации» деп жария еткен материалы Ресейдің этномәдени бет бейнесін жасап беретін Ресей Федерациясының депопуляцияға ұшырауы сияқты келелі тақырыптың БАҚ-жүзінде жиі көтерілетін тақырыпқа айналды. Осы депопуляцияға байлан ысты кейбір либерал- сарпашылар С. Караганов жедел түрде  заңды мигрант тарға квота бөлуді көбейтуді және РФ-саясатында жұмыс күшінің импортын негізгі бағыт етуді ұсынды.

РҒА- ның Халықшаруашылығы Институының көші- қонды болжау және сараптау лабаротриясының меңгерушісі Ж.Зайончковская жылына Ресейге 700 мыңнан 1, 4 млн мигрант әкелу керек деп есептейді.  

Ресей сайттарындағы көші- қон туралы ақпараттарға да бір сәт көз жіберсек

РФ-да таяу шетелдерден келген орыс тілді мигранттар жаппай репатрациясына жергілікті халық наразылық көрсетуде  дейді                       «UA. REGNUM» сайтындағы хабарлама.

2006 жылы жазда Ресей өз еркімен оралатын отандастарына арналған Президенттік бағдарлама  жария етілді. Алайда бұл бағдарлама популистік- үгіт насихаттық шара деңгейінде қалып қойды. 50 мың адамға жоспарланған жобада 400 адам ғана отанына оралды.

Ресей еңбек нарығында кәсіби білімі аз мамандардың көрсеткіші жоғары лап барады. Бұл ағым ТМД елдеріндегі демографиялық өсімнің өсе түсуіне байланысты болса, екіншісі Ресеймен арадағы экономикалық даму айырмашылықтың да өз ролін атқаруы заңды. Ресейдің еңбек нарығында нақты ақпарат тың жоқтығы кездейсоқтық емес. Ол кәсіби білімі жоқ қара  жұмысшыларды заңсыз пайдалануға жол ашып отырған жекелеген компаниялар мен кәсіпкер лердің, арнаулы топтардың ықпалымен бүркемеленіп отырғаны дауасыз құб ылыс. Бұндай істермен саясаткерлер де, мемлекеттік шенеуніктер де айналыс ып отыр. Мемлекеттік мүдде еңбек нарығында жан-жақты терең зерттеуді қажет етсе, әр түрлі деңгейдегі зерттеулерге бас пайдасын ойлаған жекелеген мемлекеттік шенеуніктер мен кәсіпкер топтар қарсылық көрсетуде.

«Казахстан тоже испытывает миграционный прессинг» атты мақалада

статистикалық мәліметтер, заңсыз мигранттар, депортацияға ұшыраған шетелдіктер туралы сөз болады. Орта Азиялық сарапшы А. Куртовтың мәлімдемесі және Ресей мен Қазақстанға үрей кіргізіп отырған қытайлық     заңсыз мигранттардың басымдылық көрсетіп келе жатқаны. Қытайлықтар Қазақ станда жүздеген мыңға жетсе, Ресейде бірнеше миллионға жеткеніне дабыл қағарлық құбылыс деп санайды автор.

Ресейдегі қытай диаспорасының тығыз қоныстана бастауы Қиыр Шығыс қа уақыт өте келе бұл ауқымды аймақты Ресей Федерациясынан бөліп алып кету қауіпі төніп тұр.

Қытайлық эмигранттардың Қазақстан мемлекетіндегі барлық аумақтарда кездесуін ел егемендігіне әсер етуі мүмкін. Бұл орайда Қытай Халық Республикасы өз еліндегі көші-қонның бақылауға алуға ынта білдірмеуін, өзінің ішкі демографиялық тығырыққа тірелуіннің шешудегі бір жолы ретінде, сыртқы саясаттағы маңызды бағыты деп қана қарайды. Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымыныңда заңсыз көші-қонға қытай елінің саясатын жүзеге асырып отырған бірден-бір механизм ретінде қабылдайды.

 

«За нелегалов должна отвечать страна миграционной донар» мақаласы да әлемдік саясаттан алыс кете алмапты.[16]

Н. Назарбаевтың ТМД елдері саммитіндегі мемлекетаралық көші-қонды реттеу туралы Декларациясын қабылданды. Оның ішінде (Грузия, Әзірбайжан, Түркменстан) қатысуға қарсылық білдірді. Қазақстандық саясаткерлер Ресей Федерациясының Көші Қон Федерациясы сияқты бір орган құру идеясын қолдап отыр.

 

О. Красиннің «Деловой завтрак»  с  Назарбаевым атты RP. MONITOR. RU сайтының 2008 жылы 23 ақпандағы жарияланымы Елбасымыздың көкейкесті мәселелрді шешудегі толымды, салиқалы ой- пікірлері жария етілген.

      Жалпы бұл мақалада Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық- саяси байланыстар жөнінде әңгіме қозғалған. Елбасы Н.Назарбаев пен ресейлік журналистің көші-қон мәселесі туралы сұқбатынан үзінді келтіре кетуді жөн санадық.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевқа екі елдің кеден, шекара мәселесіне қатысты көші- қон карточкалары туралы сондай ақ, бұл мәселе ЕураАЗЭҚ қалай шешімін табуда деген сұрағына Нұрсұлтан Әбішұлы өз кезегінде Ресей мен Қазақстанның өзінің шекараларын бақылауға алып, ел тыныштығын қам- тамасыз етуі орынды.

Бұл барша мемлекетке тән қасиет. Еуро АЗЭҚ- да біздер кедендік одақ құру туралы сөз қозғап келеміз. Егер осы ой жүзеге асса, сыртқы шекарамыз бір болуға тиіс. Егер кім де кім бұған қарсылық көрсетсе оның ойыншы екенін аңғару қиын емес. Көбіне біздің ұйымдарымыз, бүгіні күннің қажеттілігін қанағаттандыру үшін күш жұмсайды. Бүгін арзан газ алу қажет болса, ертеңгі күні Ресей арқылы арзан көлік жолын пайдалану сияқты бүгін бар ертең жоқ деген дей жобалар. Сол үшінде өз ұлтымызға сай шешім қабылдауымыз қажет. Содан кейін оны заңға айналдырып, ешбір жаңадан келген басшы оны өзгерте алмайтындай етіп ратификациялау керек.

Миграциялық карта бойынша Владимир Владимировичпен бірге    «Десять простых шагов навстречу простым людям» атты Еура АЗЭҚ да қабылданған ұсынысты қолға алдық. Бұл жобаның мәні адамдардың өзара қарым-қатынасына, туыс-жұрағатымен араласуына кедергі келтірмеу болып табылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара деген не? 7,5 мың километр жер. Шекаралық тексеру орындарының  арасы 200 км. Оның арасында қазақстандық әлде ресейлік ауылдар орналасқан. Бір адам шекарадан өтуі керек болса, жүздеген километр басып өтуі керек. Бұның барлығын оңтайландыру керек.

Сонымен қатар, Н. Ә. Назарбаев журналистің соңғы он жылдықта бір миллионнан астам адам Қазақстаннан қоныс аударыпты деген сұрағына Елбасы- 1 млн 800 мың деп қосты.

— Бұның әрқилы себебі бар, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени. Славян ұлтындағы адамдарды мемлекеттік қызметтерде жоғары лауазымды қызметтерде неге пайдаланбайды? Бұл үрдісті қалай түсіндіресіз? Қазақстан мемлекеті тарапынан орыс тілін қолдау жөнінде қандай шаралар атқарылуда?

Елбасы Н. Назарбаев:

— Ең алдымен жан- жақты сараптама жасап қарасақ, Кеңес Одағы кезінде республикалардың барлығында орыстар өздерін еркін сезінді. Қай жерде бол- масын, еңбек етті. Ресейден Қазақстанға келгендері тек табыс табу үшін ғана келгені рас.

Сіз неге 800 мың еврейдің Израильге кетекенін айтпайсыз? Мәскеудің Батыс елшілігінде ұзын- сонар кезектегі Батыс елдеріне қоныс аудармақшы орыс адамдарын неге сөз етпейсіз?  Менің есебімше олардың саны  2, 5  млн адам. Ресеймен салыстырғанда Қазақстаннан қоныс аударғандар көп емес. Гректер- Грецияға,  еврейлер-Израильге, 650 мың неміс Германияға кетті. Мен сізге 95% қоныс аударған адамдарың оларға қысым көрсетілгендіктен емес тарихи отанына қоныс аударуды қалағандықтан кеткеніне кепілдік бере аламын. Қандай да бір саяси, тұрмыстық себептерге байланысты бірен- саран адам болуы мүмкін. Ешкім де ешкімді қуып жатқан жоқ. Осы орайда айтып өтсем экономикалық тұрғыдан шығын көргеніміз рас, кеткен адамдар қаржы, дүние- мүліктерін ала кетті. Ешкім де қарсылық білдірген жоқ. Қазақстанда мемлекет тарапынан бөлінген қаржыға білім алған кәсіби білімі жоғары мамандар кетті. Әрине бұл біз үшін таза шығын еді.

Сол кезде мен оларға: «Қазақстанның экономикалық дамуына байланыс- ты 8-9% жұмыс күші қажет болады, шетелден 100 мың адам шақыруға мәжбүр боламыз кетпеңіздер»- деп айтқан болатынмын.  Соңғы екі жылдықта Қазақстанға 70 мың адам қайта оралды.

Гастарбайтерлер

Қазақстан Үкіметі көші-қон саясатын қатаң тәртіпке енізу туралы шешім қабылдап отыр. Қазіргі таңдағы көші- қон туралы заң, заңгерлердің пікірінше өте жұмсақ.

Парламенттің жоғары Палатасы Сенат көші- қон мәселесінің ретке келтірілуі жөнінде заңға түзетулер енгізді.              

Өткен жыла полицейлер еліміздегі 10 мың заңсыз тұлғалардан жыл басын да 3 мыңын отанына күштеп аттандырды деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Соның  ішінде көбісі  Қазақстанға табыс табу үшін таяу және алыс шет- елдерден келгендер. Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің мыңдаған тұр ғындары бізге күн көріс қамымен келеді екен.

Елімізге турист ретінде келіп, Қазақстан мемлекеті заңына қарама-қай шылық көрсетіп қана қоймай, еңбек нарығында сұранысы өте жоғары.

Гастарбайтерлер- тиімді жұмыс күші. Себебі, олар қазақстандықтарға қарағанда төмен жалақыға жалданады.

ТМД елдерінің бірлескен «МИР» телерадио компаниясы 2008 жылғы 11 наурыздағы орыс тіліндегі хабары «В Бишкеке обсудили вопросы трудовой миграции» деп аталады.

 2007 жылы Ресеймен Қазақстанда еңбек еткен қырғыз мигранттары еліне 1 миллиард доллардан астам қаржы өткізген.

Бұл жөнінде Еңбек миграциясына арналған  мемлекетаралық, үкіметаралық кездесуде мәлім болды дейді телеарна тілшісі.

Ежелгі көрші Ресей елі туралы қандай түйіндеме жасауға болады. Қырық рулы ел, қырық түрлі ұлттың басын қосқан Ресей мемлекеті қазір қазақ елі тәрізді күрделі кезеңдерді бас ынан өткеруде.   

Ел билігіндегі зиялы қауымның бағыты және жалпы елдің тыныс- тірлігіне бір сәт көз жіберсек тереңнен тулаған ойларға еріксіз тізгін бересің.

Ресейдің экономикалық және әлеуметтік мәдени кеңістігінде емес, саясат- ында бөлінудің шекаралары көрініп қалуда. Бірінде биліктің зиялы қауымы өзінің айтарлықтай жеке виртулды кеңістігінде қияли тұрақтылыққа алданып өмір сүруде. Оларға Ресей саясаты мызғымастай көрінеді. Тұрғындар тәуекел ге барған, шала-жансар сараптамаларға қарсы бас көтермесе болды, сол бағытта кете беруге болады.

Ресейдің екінші яғни саяси экономикалық, әлеумметтік кедейлікті өз иығымен көтеріп келе жатқан бөлігі үнсіз жатыр. Бірақ, оның тұңғиығында қарсылықтың қауіпті отының тұтану процессі жүріп жатыр. Ашық саяси     қарсылыққа шықпағанымен тұрғындардың басым бөлігінде әлеуметтік       девианттық мінез-құлық көрсетуінен байқалып отыр. Саясаттан қылмыс әлеміне кету, нашақорлық, маскүнемдікке, мистика, діни фанатизмге бой алдыру сияқты құбылыстарды қарсылықтың түрі деп қабылдау керек. Қарсылық көрсету дің бұл түрі- әлдебір ақынның «Мағынасыз, қатыгез айқас» дегенінен де қауіпті болмақ. Қоғамның ұзаққа созылған құлдырауы (деградация) уақыт өте келе оның шығармашылық потенциалын Л. Гумилевтың пікірінше «ұлтты субъектке айналдыратын» «пассионарлықты» орнату жолындағы үмітін жояды.     

Ресейдегі әлеуметтік теңсіздік экономиканың дамуын тежеп, инновация лық кезеңге өтуіне бөгет болады. Мұның саяси нәтижелері популистік автор- итарлық әлеуметтік ыңғайы ұлттық ксенофобияның өршуіне жол ашады.

Өңкей «әкейлер шеруі» (Брежнев, Хрущев, Андропов т.б) «Ұлы халық» болуын қадағалап кеткен Ресей қазір екіұдай күйді бастан кешіруде.

Жылдан жылға төмендеп отырған демографиялық даму көрсеткіштері адам аярлық күйде, туу көрсеткіші төмен, өлім саны көбейген одан қалса хал- ықтың ауылдық аймақтарда тұратын тұрғындары 80 пайыз маскүнемдікке бой алдырған.    

1959 жыл мен 1999 жыл арлығындағы демографиялық көрсеткішке зер салып өтсек.

1959 жылы Ресейдің барлық тұрғындарының демографиялық жас ерекше- ліктері, жыныстық бөлінісіне қарай жіктеп қарасақ барлық тұрғындары әйел- дер мен ерлерді қоса есептегенде жалпы саны-117 534 306 адам болды. Оның ішінде ерлер мен әйелдер \20-24 жас аралығы\ -115 519 16 адам, \35 пен 39 жас аралығы\- 6 176 714, \65 пен 69 жас аралығы\- 2 664 028 мың адам.

Ал, 1999 жылы барлық тұрғындары -146 327 605 мың адам,\20- 24 жас\- 10 651 357, \35-39 жас\- 124 89 834. \65- 69 жас\- 6 609 919 мың адам.

Бұл көрсеткіштерден соңғы елу жылда Ресей тұрғындарының жас тұрғындары 1 мллионға азайып, керісінше зейнеткерлікке жеткен кәрі кісілердің 3 есеге көбейгені байқалады.  

1961 жылы Ресей тұрғындарының туу көрсеткіштері 2, 417  болса, 1998 жылы 1, 242 промилле болды. Бұдан шығатын қорытынды еңбек етуге жарам- ды жастардың азайып, кәрі тұрғындардың көбеюі мемлекеттің «қартайып»    кетуіне әкеліп соқтырады.  

Ресей сыртқы жауларымен алысып жүріп «ішкі жауларын» байқамаған ма?! Әлде байқаса да шарасыздықтан мән беруге де мұршалары жоқ па?

Ресей БАҚ құралдарының көбі көші-қон мәселесі дегенде заңсыз мигранттар, гастарбайтерлер мәселесіне жіті көңіл бөледі. Әсіресе, үйреншікті тақырыбы «Қазақстандағы орыстардың «мүшкіл халі» мәселесі әсіре ұлтшы- лдардың жатса тұрса ойынан кетер емес. Ел Президенттері  баяғы Путин бол- сын, қазіргі Медведьев Қазақстанға келсе құлақтарына алтын сырға қылудан жалығар емес. Жалаң ұлтшылдық болса бір сәрі, шовинвистік тұрғыдағы арам ойлы адамдардың Ресей еліндегі мемлекеттік орындарды басқарып отырғаны өкінішті.  

Ұлттық ксенофобияны өршіткенше, қазақ жеріне алакөздік танытқанша өз елінің қаптаған мәселелерін шешіп алмай ма?-деген сұрақ туындайды.

Көші- қон туралы айтсақ, орыстар көшті, ұлттық қысым көрсетілді деп байбалам салушылар  1948 жылы қабылданған Халықаралық Адам құқықтары жөніндегі Жалпы Декларацияның 13-бабында «әрбір азмат өз қалауы бойын- ша мекен жайын өзгертіп, қоныс аудару құқы берілген. Сондай ақ, әрбір азамат өз қалауы бойынша өзі тұрған мемлкетке немесе басқа мемлекетке   қоныс аударып, қайта оралуына құқы бар» деп жазылғанын білмей ме?!

«Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» демекші Қазақстанға қатысты нәрсе- лердің барлығына қатысып ретті ретсіз үн осып отыратын «ұлтжандылары» ұлтараздыққа май құйғаннан басқа түк бітірмейді.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін «DUMAEM.RU» сайтындағы                         «А стоит ли уезжать из Казахстана?», «Проблемы нехватки квалифицированных кадров рабочей силы и демографии в Казахстане острее чем в России: Интервью эксперта ИНЭС-ЦА» мақалаларын оқысаңыз көптеген сіз «білмейтін» мысқылшыл  шовинистік ойды жазбай танисыз. Ал, орыстардың «мүшкіл» халі туралы, «UA. REGNUM» сайтының бетіндегі ақпараттарды оқып қарасаңыз жетіп жатыр. Сонымен қатар, 2003 жылдардағы басылымдардағы 16 қыркүйектегі «Казахский выбор: «зов крови»» мақаласын оқысаңыз тіптен қазақтардан асқан надан халық жоқ екеніне көзіңіз жететін болады. Әрине мұндай мақала мейлі ресейлік не қазақстандық болсын саясаттың қолшоқпарларының арзан байбаламы екені ақиқат.Саяси қуыршақтар қоғамда өз рөлдерін атқарады, олардың бар міндеті де сонымен шектеледі. Ал, қарапайым халық үшін әрқашанда ақиқат қана қымбат.

Сонымен қатар әрдайым Қазақстанның, Ресейдің геосаяси мәселесін     қозғап, «халықшыл» атағын жамылып жүрген радикалды-ұлтшыл топтар да Қазақстан Үкіметіндегі сыртқы саясатқа да ішкі саясатқа да араласып дау тудыруға құмар. Қазақстандағы орыс тілінің кемсітушілікке ұшырағаны, мемлекеттік лауазымды қызметке орыстар алынбайтыны туралы керағар пікір тудырып елді адастыруда.

Мұның бір мысалы ретінде,  «Лад Информның» «Экспертное мнение: о причинах миграции из Казахстана и «карте русского» атты мақала қазақ елі нің жеке ел болып қалыптасып, туған тілін, тарихын үйреніп, өзге ұлттарды оны құрметтеуді талап еткені барып тұрған қылмыс екен деп қалатыныңыз рас.

Одан қалса, Қазақстанды нашақорлыққа «жол салып беріп отырған»      бірден бір транзиттік жолы бар мемлекет деп тіксіне қабылдайды.

Ресми Кремльді осы мәселеге шұқшия мән беруді шақырады. Ресейге Қазақстаннан басқа Орта Азия елдерінен есірткі келмей жатқандай әсер аласыз.

Алайда Ресейдің кейбір көзі ашық азматтары РФ-ның  сараптама басқар- масы Кеңесі Федерациясының мүшесі А. М. Юсуповский          «Миграционные вызовы» атты еңбегінде Ресейдегі көші- қонның БАҚ-тағы көрінісі туралы былай дейді [17]:    

« На эту тему пишут преимущественно с взаимоисключающих позиций. Пишут хлестко, с надрывом, задевая эмоции и прибегая к высокопарной риторике. Однако есть проблемы, суть которых не проясняется не эмоциональными причитаниями, ни гуманистическим пафосом высокого накала,не говоря уже о клукушестве, идеологической зашоренности или приклеивании ярлыков к оппоненту. С одной стороны, конечно можно говорить об этом и иначе– языком сухих цифр и политкорректных формулировок. Но с другой стороны, большая доза политкорректности уже чревата лицемерием и затушевыванием реального положения дел».

Көші-қон дедік, басқа дедік ұзын сөздің қысқасы мынау:                      Алтай мен Атырауды мекендеген Сақ ұлының ұрпағы бүгінгі күні көрінгеннің көз шұқи тын, тұқыртатын боскеуделер елі емес. Зайырлы мемлекет, кеудесінде намыс оты қайнаған аузыбірлігі мол ел болып тұтасып кетуі керек. Бұл тұрғыдан дұшпандар көзге түртер жағымыз көп, мысалы, жүз-жүзге бөлінетінміз,  баяғы Сәкен, Ахмет, Мағжандардың түбіне жеткен қаныпезер көреалмаушыл ық одан қалса жоғары мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық, қылмыстық әрекеттердің белең ала бастауы. «Балық басынан шіриді» деп бұған өзге ұлттардың санын соғып мәз болғаны айдан анық.

Заңсыз мигранттарды  заң орындары маңдайынан сипап төрінде тайраң- датса еліміздің ертеңі не болмақ? Анау Ресей қалың қытай қаптады деп қара аспанды төндіріп жатыр, қырық рулы елді біріктіріп отырған азулы аю ел айдаһар елден ес жия бастағаны ма?!

Жоғарыда Елбасы Н. Назарбаевтың сұқбатындағы анық айтылған ойлар көптеген жеңіл ауыздарға құм құйса керек. Шынымен де статистикаға жүгін- сек 1989- 1993 жыл  Ресей Федерациясындағы  122 мың еврей, 168 мың немістің Ресейден көшкенін неге айтпайды?!

Бұлар мен бірге өзіміздің журналистер оппозиционер-саясаткерлер де     еліміздегі саяси ахуалды күрделендіруге құмар, «орыстардың» Қазақстандағы «ұлттық кемсітушілікті» тағы сол сияқты ұлтараздық тудыратын ойды қозғай келе елдегі әлеуметтік жағдайды назардан тыс қалдырады әйтпесе басшылық қа ала отырған болып саясатқа елбасындағы зиялы қауымға деген бітіспес өш- пенділігін бір білдіріп алады. Мысалы,Н. Масановтың                       «Эмиграция из Казахстана» және Б.Бектұрғанованың «Навигатор» сайтындағы 2008 жылдың 4 ақпанындағы санындағы «На краю» атты мақаласына зер салып қараңыз.  

 Орта Азиядағы заңсыз көші-қон әрине сол баяғы жартас күйінде тұра бермек біздің Елбасымыз Н. Назарбаевтың өз кезегінде одақ құру ұсыныстары қабылданды. Болашақта осы мекемелердің жұмыстарына баға беретін болармыз. Алайда Ресейдегі сияқты Көші Қон Федерациясы сияқты құзырлы орын ашсақ ұйымдастырғанмен сыбайлас жемқорлыққа тағы бір мекеме ашып бермейміз бе деген сұрақ көкейден кетпей қойды…

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

 

 

 

 

 

                                                ҚОРЫТЫНДЫ

Журналистер арасында тура аударатын болсақ, құшағың жетпегенді құшақтай алмайсың деген сөз бар…. Әрине, бір еңбектің  аясында бүкіл халықтық проблеманы шешіп тастау қиын. Сондықтан да біздің назарымыз- дан қалып қойған мәселелер де баршылық.

Елдігіміз бен егемендігіміздің тағдырына айтарлықтай әсер ететін көші- қон мәселесін көп зерттеп, шешуі қиын түйіндерді көріп түңілдік..

Сонда барып Қазақстандағы бұқаралық ақапарат құралдарының көбі енжар қарайтын оралмандар тақырыбы баяғыда «сәннен» қалғанына еріксіз куә боласыз.

Ресейлік БАҚ анау ақапарттық кеңістікте әсіреұлтшылдықпен отқа май құйып, «қай күні азуы ма түсер екенсің?» деген жымысқы ойын айдай әлемге әшкерелеп отыр….

Дәйек ретінде орыстардың  шовинстерінің шоқпарына айналған «Лад» қоғамының ашып қойған жеке сайты мен электрондық баслымын жарты жыл ішінде 145 мың адам пайдаланады екен….

Шет елдерден келген қандастарымыз қазақ елінің топырағынан          жаралған қазақ ұлтының аласапыран жылдары адасқан бір қауым жұрты емес пе?!

Қорыта келгенде оралмандардың заңдық құқықтары және өзге де әлеуметтік, экономикалық қолдау көрсету жағы Қазақстан Республикасының 1997 жылы 13 қаңтарда 2001 жылы  30 қаңтардағы түзету енгізілген  «Халықтардың көші қоны туралы» Заңының 1 тармақшасы және 15 бабында қарастырылған десек те мемлекеттік құзіретті орындар оларға квота бөліп, азаматтық алып және тұрғын үй жағдаймен қамтамсыз етуге қол ұшын берумен шектеледі. Осы орайда бірнеше мәселердің түйәндері шешілмей қалатыны сондықтан. Бүгінгі таңда көші қонға байланысты мәселелер өте көп.

Толғағы жеткен күрделі проблемалардың шешілмейтіндей түйінге айналуы көші қондағы жүйесіздікке әкеліп соқтырып отырған мемлекет тарапынан жіберілген ағаттықтардан деп санаймыз.

Қазақстан Республикасындағы заңнамалық актілердің дер кезінде құзырлы орындарда немкеттілік, енжарлықпен орындалуы бірінішіден осы жүйедегі сыбайлас жемқорлыққа айқара жол ашып отыр.

Қазақстандық БАҚ-тың біріншіден кемшіліктері өз тарапынан терең де толғамды зерттеу жүргізбей үстірт яки жалпылама ақпарат берумен шектелуі. Екіншіден біздің бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының әлем таныған зайырлы, тәуелсіз ел екендігін. Барша дербес мемлекеттерге тән өзіндік саяси ерекшеліктері бар мемлекет сондықтан да елдің ішкі, сыртқы саясатындағы, ұлттық мәселелерді өзгелердің көмегінсіз ақ шеше алатындығын насихаттау жағы әлсіз осыдан келіп ресейлік БАҚ-тың алаөкпе ұлтшылдығы Ресей мен Қазақстанда қоғамдық пікірдің екіге бөлінуінде.

Ресейлік БАҚ-тың ерекшеліктеріне тоқталып өтсек біріншіден әсіреұлтшыл- дықтың жетегінде кетіп тәуелсіз елдердің ішкі және сыртқы саясатына жөнді-жөнсіз араласып отыруы.

    Екіншіден БАҚ өкілдерінің көші-онға қатысты субъективті пікірлері ерікті және еріксіз түрде халық санасында ұлттық ксенофобияны асқындыра түсуіне ықпал етеді.

Ресейлік БАҚ-тың үлгі алар тұстары Қазақстандағы жалпы ТМД елдері көлеміндегі отандастарының ұлттық мәселелері, тілі, дінінің салауаттылығын на көңіл бөліп жанашырлық танытып отырады. Орыс халқының рухы мен намысы асқақ болуын көздейді. Өзге елдегі орыс халқы үшін арнайы электрондық ақпараттық жүйелер қызмететеді. Пікіралысу үшін көптеген чаттар, электрондық ақпарат көздері бар.

Қазақстандық БАҚ тың үлгі  етер тұсы мемлекеттік біріншіден құзырлы органдардағы лауазымды мамандармен сұқбат жүргізіп тұрады. Заңнамалық актілерге байланысты, екіншіден қажетті мамандар кеңесін жариялап тұрады.     Үшіншіден статистикалық деректер көптеп беріліп, еңбек көші қоны ұдайы көтеріліп отырады.

   Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

      Біріншіден мемлекет тарапынан      көші- қон мәселесін қозғап түбегейлі зерттеп, шынайы ақпарат тарататын, өз кезегінде бұрмаланаған әсіре ұлтшыл қандай ұлттың ақпарат құралдары болса да тойтарыс беріп отыратын БАҚ- қа қолдау көрсетілуі керек. 

     Екіншіден көші-қон басқармасының жұмысындағы қаржы мәселесін тікелей қадағалап отыратын Үкіметтік заң орнын ашу керек.

    Үшіншіден оралмандар орталықтарын көбейтіп, көшіп келген, шетелден келген заңды, заңсыз тұлғаларды тіркеп сараптамалық анықтама жүргізетін бақылаушы орган ашу керек. Сонда еліміздегі заңсыз миграцияны бір ретке келтіріп, мониторинг жүргізіп және шаралар қолдануға мүмкіндік ашылады.

   Төртіншіден елге оралғысы келетін отандастарымызды селективті әдіс пен таңдау және шет елдердегі отандастарымыздың ешбір қиындықсыз өмір сүруі үшін алдыменен Қазақстанның  барлық аймақтардың әл-ауқатын, экономикасын дамыту қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

 

                                        

                                      

 

 

 

                                     СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ:

[1] Адамбаев Ж. Абай, — Алматы: «Жазушы» баспасы, 2005 жыл  (34 б )

[2] Садовская Е. Ю. Внешняя миграция в республике Казахстан в 1990- е годы: причины, последствия, прогноз,- Москва: «Светоч», 2004 ж  (34- 37б)

[3] Қаржаубаева А.И.Фронтерьские миграции,- Оренбург: «ИП-Z», 2005 (22-35)

[4] Юсуповский А.М. Миграционные вызовы,- «Восток»,Санкт- Петербург: (57-73 б )

[5]Юсуповский А.М. Миграционные вызовы,- «Восток», Санкт- Петербург: (45- 60 б)

[6] Коулмен Д. Третьий демографический переход,- Москва: «Принт», 2002 (27-34 б)

[7] Коулмен Д. Третьий демографический переход,- Москва: «Принт», (84-89 б)

[8] Әбдікаимов Ә. История Казахстана,-  Алматы: «Мектеп», (118- 185 бет)

[9] Садовская Е. Ю. Внешняя миграция в республике Казахстан в 1990- е годы: причины, последствия, прогноз,- Москва: «Светоч», 2004 ж  (34-58 б)

[10] Садовская Е. Ю. Внешняя миграция в республике Казахстан в 

         1990- е годы: причины, последствия, прогноз,- Москва: «Светоч»,2004 ж  (45-76 б)

[11]Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері,- Алматы. Санат. 1994 ж

   (68)

[12]Красин Ю. Социальное неравненство в политическом измерениии, Москва: «Принта». 2004 ж (66-78)

[13]Юсуповский А.М.Миграционные вызовы,- «Восток», Санкт- Петербург:   (85-94 б)

[14]Демурин М.Россия и страны СНГ: цивилизационный вызовы,-«Дайк-Пресс», Санкт- Петербург: (45-  56 б)

[15] Сайт «Stat. kz»

[16] Мәмет С. «Отандастар отанына орнығуда» Егемен Қазақстан,- (1 №121 2009 ж)

[17]  Коулмен Д. Третьий демографический переход,- Москва: «Принт»,(75-83 б)

[18]Demoskop weekli. ru

[19]Юсуповский А. М.«Миграционные вызовы»,- «Восток»,Санкт- Петербург:  (51-69 б)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері,- Алматы: «Санат»,1994 ж

2.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі,- Алматы: «Қазақстан»,1995ж

3.Бекмаханов Е.Казахстан 20- 40 годы XІX,- Алматы: Қазақ Университеті, 1992

4.Әбдікаимов Ә.История Казахстана,- Алматы: Қаз ҰТУ,1994 ж. 

5.Әбдірайымов, И. Бухонова, Е. Грибанова. Қазақ қалай аштыққа ұшырады?,- Алматы: Қазақ Университеті, 1991 ж

6.Сейдімбеков А. Мир казахов,- Алматы: «Жазушы»,1994 ж

7.Бутаков Я. Великая антимиграционная стена,- Санкт-Петербург «Восток», 2003 ж

8.Садовская Е. Ю. Внешняя миграция в республике Казахстан в республике Казахстан в  1990- е годы: причины, последствия, прогноз,- Москва: «Светоч», 2004 ж

9.Демурин М. Россия и страны СНГ: цивилизационный вызов,-Санкт- Петербург: «Дайк-Пресс», 1998 ж.

10.Зубаревич Н. Социальное пространство России,-Санкт-Петербург: «Светоч», 2000 ж.

11.Красин Ю. Социальное неравненство в политическом измерении,- Москва: «Принта», 2004 ж 

12.Тюркин М.Стратегия развития миграционной политики в России,- Москва:

«Элит», 2006 ж

13.Самарин А. Социальная эмпатия: у истоков солидарного сознания,-Москва:

«Элит», 2007 ж

14.Каменский А. Утечка умов и национальная безопасность России,-Оренбург: «Заря», 2001 ж

15.Пикаев А.Военное сотрудничество между постсоветскими государствами,-Москва: «Zetta», 1999 ж 

16.Жәнібеков Қ. Отандастар орнығуда-,«Астана» ғылыми- қоғамдық саяси журнал-, 6 наурыз 2009 ж

  1. Хромченко И. Степные зори-,Ақбұлақ ауданы қоғамдық –саяси газеті

3 мамыр 2007ж

18.Президент және халық қоғамдық-саяси газеті,- Астана: 2009 ж 

19.Егемен Қазақстанқоғамдық- саяси күнделігі,- 2008- 2009 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАТЕРИАЛДАР:

     

      1.www. akorda. kz

  1. сайт Каз Информ
  2. сайт Қазақстан- Бүгін
  3. сайт Қазақстан- todai
  4. www. inosmi. ru
  5. www. pr monitor
  6. www. ua recnum. ru

      8.www. cazeta. kz

      9.www. mk. ru

  1. www. cnews. ru

      11.www. lenta. ru

      12.www. arba. ru

      13.www. Demoskop weekli. ru

      14.www. zakon. kz

      15.сайт Халықаралық Көші- Қон Ұйымы

  1. сайт Интерфакс Қазақстан
  2. сайт Международные связи Оренбуржья
  3. сайт Политический класс
  4. сайт Малая Ассамблея народов Казахстана
  5. сайт телрадиокомпания Мир
  6. сайт Перспективы
  7. сайт ИСПИ РАН   
  8. сайт Управления статистики Актюбинской  области
  9. сайт Избранное в Рунете