АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………….6-9

 

I ТАРАУ ЕРЛІК ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН:………………………10-23

 

II ТАРАУ ОТАНШЫЛДЫҚ – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ:…….24-34

1.1 Қоғамды улаған рухани дерт:…………………………………………………..35-38

1.2 Ұлттық арнаның баспасөздегі сипаты:……………………………………39-42

1.3 Кітап мыңғасырлық тағылым….және патриоттық тәрбиедегі орны……………………………………………………………………………………………….43-47

 

III ТАРАУ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕР МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН…………………………………………………………………………………………..48-53

 

ҚОРЫТЫНДЫ:……………………………………………………………………………..54-55

СІЛТІМЕЛЕР ТІЗІМІ:…………………………………………………………………………56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:……………………………………..57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

        Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Бүгінгі БАҚ-да әсіресе, мерзімді баспасөзде патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше.  Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аса маңызды мемлекеттік істердің ең бастысы — халықтың өз             Отанына деген патриоттық сезімін оятатын тетіктерді іске қосу болса, біздің міндетіміз қазақстандық патриотизмді орнықтыруға, әрі қарай дамыта түсуге, яғни жастардың осындай сезімін күшейтіп, сол арқылы кез-келген азамат пен азаматшаны өз ұлтын, тілін, ділін, дінін сүюге бағыттау. Оларға патриоттық тәрбиені насихаттап, сол жолмен жүруге итермелеу. Бұл азаттыққа қол жеткізгеннен кейін елдің ел болуының, дербес мемлекеттің мемлекет болуының ең негізгі қозғаушы күші болуға тиісті мәселе. Яғни, қазақстандық патриотизмді орнықтыруды мемлекет тарапынан қапысыз қадағалау, түптеп келгенде, дербестікті нығайта түсудің және кемел қоғамдық қатынастар қалыптастырудың бірден-бір кепілі болып табылады. Мұның ақиқат шындық екеніне ешкім шәк келтірмеуге тиіс. 

          Сондай-ақ, оларды тәрбиелеудегі маңызды рөл атқаратын нәрсе — ол өз еліміздегі патриоттық, яғни қазақстандық патриотизмнің өркендеу, даму тұсы. «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газеті де өз кезегінде жастарды отансүйгіштікке тәрбилеу, тарихи тұлғалар арқылы үлгі-өнеге насихат жүргізу бағытындағы шығармашылық ізденістері көңілге қонымды. Расын айту керек, «Атырау» газетінің көтеретін жүгі салмақты, тақырыптары сан алуан. Әсіресе, «Заң және заман», «Атамекен», «Талбесік», «Ғибрат», «Бірінші байлық», «Ақжаулық», «Сымбат», «Күміс қоңырау», «Сыр қайнар», «Сұраңыз, жауап береміз» сияқты арнаулы беттер оқырмандарын бей- жай қалдырмайды. Әр оқырман ең алдымен өзіне, қызметіне қатысты мақалаларды іздейтіні даусыз.   Осы ретте газетте оқырман сұраныстарының барлығы да қамтылады десек артық айтпаған болармыз.

          Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Иә, қазіргі таңдағы қоғамдық, саяси-экономикалық ахуалдың адам факторынан, рухани дамуымыздан ауадай қажетсініп отырған өзекті проблемаларының бірі- патриотизм болып табылады. Экономикалық қиыншылықтардан туындаған кедергілер мен әлеуметтік проблемалардың жиынтықталуы жағдайында қоғам мүшелерінің ертеңгі күнге деген сенімін ояту оңай емес. Мәселе осылай екен деп шарасыздық танытуға тағы болмайды.  Ішкі саяси тұрақтылықты қалыптастыру-  мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Оның көп факторлары бар.

           Белгілі бір аймақта әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар адамның рухани сұранысын қанағаттандыру кезек күттірмес маңызды шаралардың бірі екендігі анық.                                            Елді рухани көтеру, ұлттың мақтаныш сезімін оята білу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, елжандылық қасиет қалыптастыру- тәуелсіз мемлекетіміздің өтпелі кезеңі үшін айрықша мәселе болып отыр.

         Осы тұрғыда патриоттық тәрбие  тақырыбын жан-жақты талдап, ол туралы баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларды өзара сараптап, салыстырып кешегісі мен бүгінгісінің жағдайын ашық көрсетуге жұмыстандық. 

          Негізгі нысаны: Бүгінгі өскелең талап тұрғысынан келер болсақ, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үрдісінде әрбір адамның мүдделілік сезімі факторына ерекше назар аударған жөн. Ол үшін әрбір адамда, бүтіндей қоғамдық ортада мүдделілік сезімді ояту қажет, патриоттық қасиетті қалыптастыру деген сонда ғана шындыққа айналады.

         Халқымыздың батыр перзенті Б.Момышұлының ғұмыр жолы ұрпаққа өнеге болса, ал ол айтты деген қанатты сөздің тағылым түйерлік мәні зор. «Барлық кезде патриотизмді дерексіз, ұзақ-сонар сөзбен ұғындырудың, көбінесе мемлекетке берілген адамның мақсат-мүддесімен байланыссыз түсіндіруден қашу қажет»,- деп түсіндіріп жазды ол.

          Осы ретте патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм жөнінде айтып өту қажет. Бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті- өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке адам өз халқымен қан жағынан да, шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық, этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты».

         Сонымен қатар, әркім патриот болуы үшін өзінің ана тілінің қадір-қасиетін жете сезіне білуі керек. Осы өлшемді жүрегінен өткізе алмаған кісіден патриоттық қасиет талап ету бекершілік болар еді.

         Жұмыстың  мақсаты мен міндеттері: Мақсатымыз және негізгі көздегеніміз бүгінгі ұрпақ бойына  рухани өсуді, өркендеуді қалыптастыру. Ана тіліне деген сүйіспеншілікті дамыту. Осы мақсаттар негізінде диплом жұмысын жазу барысында алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:

  • әрбір жастың бойынан қазақи менталитетті табу;
  • олардың шетел әндері мен киноларын бойларына сіңіруіне жол

      бермеу;

  • керісінше, жоғарыдағыларды болдырмау үшін рухани азық алатын

      әдебиеттерді көп оқу;

  • қазақстандық патриотизмнің дамуына өзіндік үлестерін қосуына

                ықпал ету.

         Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:

Жалпы диплом жұмысын жүйелі түрде жазып шығуға Қазақстан республикасының заңнамаларын және газет жарияланымдарын пайдаландық.

 

         Диплом жұмысының құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

          Бүгінгі таңда патриотизм, әсіресе қазақстандық патриотизм айрықша маңызға ие болып отыр. Өйткені, тәуелсіз еліміздің ғаламдық өркениет ортасынан өзінің лайықты орнын алуы үшін де бұл ерекше өлшемнің бірі екені даусыз.

          Сондықтан болуы керек, біздің көзқарасымызша, соңғы жылдары патриотизм мәселелерінің ғылыми тұрғыдан сарапталуына, оның теориялық және практикалық тұрғыдан зерттелуі керектігіне назар аударыла бастады. Бұл саланы зерттеген жазушы Жұмабек Кенжалин өзінің «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз» деген кітабында саясаттану ғылымында проблеманың әлі зерттеле қоймаған өзекті тұсына былайша тоқталады:

  • «Саясаттану ғылымында патриотизм тақырыбы ерекше орын алады. Ал зерделеп қарасақ, саясаттану ғылымының елеулі нысанына айналып отырған патриотизмнің қазақстандық ұғымдары кеше-бүгін пайда бола қалған жоқ. Сондықтан оның қалыптасуының себеп-салдарын, мән-мәртебесін жете байыптау және зерттеу керек екендігі байқалады».(1,)

          Шыныменде, патриотизм, ұлтжандылық, елжандылық проблемасын тек қана соңғы он жыл көлеміндегі оқиғалармен, өзгерістермен орайластырып шектеп қалу жеткіліксіз. Бұл мәселе қоғамдық дамудың ілгерідегі кезеңдеріне де тән болған. Оны өрістетуде әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси институттар белгілі бір роль атқарған. Бірақ кеңестік идеологиядағы ұраншылдық, науқаншылдық салдары патриотизм ұғымын жадағайландырып, оны әсіре-белсенділіктің құралына айналдырғаны жасырын емес. Сондықтан өткеннен сабақ ала отырып, бұл проблеманың саяси мәніне оның жаңа қоғамдағы алар орнын мұқият саралап қарастыру қажеттігі туындады. Себебі- өткеннің бәрі сабақ екендігі даусыз.

           Жалпы, патриотизмнің мән-мағынасы, шыққан тегі, оның қандай да бір маңызға ие екенін жоққа шығара алмаймыз. Өз сөзінде зерттеуші мамандар  оған төмендегідей сипат береді:

         «Patriotes (грекше)- отандас деген ұғымды береді. Patris Отан, туған жер деген сөз. Патриотизм ұғымының мазмұнын түсіндіруде саяси сөздіктерде әртүрлі өлшемдер қабылданған. Оның себебі, патриотизмнің әлеуметтік-тарихи, саяси құбылыс болғандығында және заманына орай әртүрлі әлеуметтік мәнге ие болуына байланыстылығында»,-деп мамандар түпкі ойларын білдіріп, әрі қарай былайша жалғастырады:

  • «Тіпті, сонау  кеңестік патриотизм Отанына, халқына сүйіспеншілікпен қатар интернационализмді, КСРО халықтары мен бүкіл дүние жүзі ұлттарына достықты қамтыған. Тоталитарлық режим құлап, саяси құндылықтар өзгерген тұста патриотизм ұғымын жаңаша ұғындыруға ғылыми талпыныс жасалған. Сондай ұмтылыс қазақстандық сөздіктерден де байқалады. Онда патриотизмге адамгершілік, саяси принцип, әлеуметтік сезім, Отанның өткені мен бүгінгісін мақтан тұту, өзіндік және топтық мүддені елдің ортақ мүддесіне бағындыру, Отанға қызмет ету және оны қорғау өлшем бірліктерінің негізінде анықтама берілген»,-делінген. /2,/

         Алайда, патриотизм өлшемдері бұнымен бітпейтіні анық. Біздің көзқарасымыз бойынша,  патриотизм Отан-анаға деген сүйіспеншілік, адам бойындағы қабілет қарым мен күш-қуаты, білім мен білікті, ақыл парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ.

         Расымен де, патриоттық қасиет қоғамдық ой-сана керуенінің ерекше бір бөлігі. Сондықтан ол қоғамдық ортаның даму үрдісіне сай әртүрлі мазмұнда көрініс береді. Олай болса, патриотизмнің табиғи тамырларына, оның тарихи

кезеңдеріне тереңірек назар аударғанымыз жөн.

        Осы мәселе турасында алыс және жақын шетел ғалымдары, қазақстандық әріптестеріміз өз көзқарастарын білдіріп, оның қоғамдық үрдістерде алар орнын айқындау бағытында ой-тұжырымдарын ұсынып келе жатқаны белгілі.  Айталық, ресейлік ғалым В.В.Макаров:

  • «Патриотизм кез келген саяси, әлеуметтік, этникалық топтың ғасырлар бойғы тұтастығын қамтитын құбылыс» деп жазса, /3,/ Н.И.Губанов былай деп ой түйеді:
  • «Шын мәніндегі патриотизм кім-кімнің болсада өз Отанына шексіз берілгендігі, сонымен бірге өзге халық мақтанышына құрметпен қарау болмақ. Ал мұндай қасиет іс әрекет пен идеяның, ықыластың бірлігінің айғағы іспетті»,-дейді. Және де осы пікірді И.Е.Кравцов та қайталайды. /4,/

          Бұл тұрғыда мәселені басқаша түйіндеген ғылыми зерттеулерге зер сала қарағанда патриотизмнің қоғамдағы атқарған функциясын жете бағаламаған әртүрлі пікірлердің орын алып келгенін анық аңғаруға болады. Ю.И.Дерюгин:  «… патриотизм бұл жай ғана абстрактілі ұғым ғой десе», /4,/  П.М.Рогачев пен М.А.Свердлин:   «патриотизм феномені ертеден келе жатқан түсінік екені рас, бірақ бұл ғылыми зерттеулердің арналарына жатпайтын үгіт-насихаттық жұмыстың ғана нысаны болуы керек»,- деп мәселеге біржақтылау сипат береді.

           Бұл, әрине, патриотизм ұғымының мән-мазмұнын толық аша алмай тұр. Тарих қойнауына көз жіберсеңіз, патриотизм ұғымын нәсілшілдік көзқарас тұрғысынан түсіндіруге тырысқандар да болған. Мәселен, ғалым Н.И.Губановтың жазуынша, ағылшын лорды Х.Спурель «Патриотизм биологиялық көзқарас тұрғысынан» деген кітап жазған. Ол 1914 жылы орысшаға аударылып басылып шыққан. Спурель патриотизмнің түп-тамырын, тіпті, жануарлар әлемінің тіршілік түйсігінен іздеуге тырысады. Оның пікірінше олардың өз аталық сезімі патриоттық сезімнің баламасы бола алмақ.

          Әдебиеттерде патриотизм ұғымын өзінше түсіндіру, тар мағынада қарастыру осылайша белең алған. Патриотизм мәселесі маңызды проблема ретінде Платон, Аристотель, Цицерон, Гегель, Ф.Энгельс еңбектерінен елеулі орын алған.

          Қоғамдық дамуда техникалық прогрестің өріс алуы, цехтық шеберханалар мен мануфактураларды ығыстырып шығарып, капиталистік қатынастардың дүниеге келуіне ықпал етті. Сонымен қоса қоғамның болмысына сай патриоттық сана да жаңа деңгейге көтерілді. Бұған өндірістік күштер мен өндірістік қатынас ара салмағының өзгеруі себепші болады.  Сөйтіп, патриоттық сана жаңа мазмұнмен толықты.

          Кез келген мемлекеттегі үстемдік етуші саясат пен идеология патриотизмнің мазмұнынан, санасынан көрініс тауып отырған. Адамзатты өркениетке жетелейтін, ізгілікке үндейтін, елжандылыққа баурайтын патриоттық сана қашанда жоғары бағаланып отырған. Сонымен қоса патриотизмді өз мүддесіне орай, билікті барынша нығайтудың құралы ретінде шебер пайдаланған тоталитарлық жүйелердің мысалын да дүние жүзінен көп кездестіруге болады.

          Белгілі саясаттанушы ғалым Л.Ахметова  бұл мәселе жөнінде:

  • «ХІХ және ХХ ғасырда патриотизм көбінесе үстемдік құрушы билік иелеріне қызмет етіп, бірте-бірте ол мемлекеттің бұқара арасындағы тәрбие жұмысының құрамдас бір бөлшегі болып келген еді. Қазір патриоттық тәрбие беру барлық қоғамдық саяси құрылымда да бар. Ал билік иелері елдің сыртқы және ішкі саясатының маңызды мәселелерін шешуде осы патриотизмге сүйенеді» деп жазады. /5, /

           Біздіңше, автордың бұл пікірі кеңес қоғамындағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін зерттеуге арналған еңбегіне негізделгеніне қарамастан қазіргі қоғам үшін де құнды көзқарас.

         Шын мәнінде өткен тарихқа көз салсақ, патриотизм мен интернационализм ұғымдары бүтіндей кеңестік идеологияның іргетасы саналды да ол шектен асып ұраншылдық, науқаншылдық сипат алған еді. Ал, сол идеологиялық құралдың үлкен бір механизмі саналған бұқаралық ақпарат құралдары бүтіндей билік иелерінің құзырына еніп, даурықпашылдық, көз бояушылық сарынға бой алдырғаны анық. Қоғамның кемшілігін дәл басып ашып жазудан гөрі, нақты жағдайды бұрмалап, боямалай көрсету, әсірелеп жазу сол жылдар басылымдарына тән болды.

         Л.Ахметова патриотизмнің қазіргі тұрпатына сипаттама бергенде тәуелсіздік жылдарындағы оның науқаншылдық үрдістен ада табиғатын еске салып отыр. Патриотизм сырттан әкеліп таңатын жасандылықтан таза, әр қазақстандықтың шын мәніндегі тұлғалық қасиетін, сипатын бейнелейтін сезім болуға тиіс. Өйткені, оның бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты алғышарттары, негізі бар. Себебі бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдары саясаттанушы ғалым Д.Жамбыловтың тұжырымы бойынша:

—     «…азаматтардың саяси сауатын көтеруіне, өзінің адамгершілік сезінуіне, абыройын жоғары ұстауына, еркіндікке, әлеуметтік әділеттілікке ұмтылысына, саяси процеске салауатты, білікті қатынасуға мүмкіндік жасайды» /6,/.

         Біздің ойымызша, аталмыш мәселенің өзекжардылығы соншалық, бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, қазақ тілінде шығатын газеттер мен журналдардың қоғам мүшелерінің патриоттық санасын қалыптастырудағы роліне соңғы жылдары айрықша назар аударыла бастады.

           Қазақстандық патриотизм азаматтарды отаншылдыққа, елжандылыққа баулудың ұғымын берсе, ақпараттық қауіпсіздік әрбір қоғам мүшесінің санасын теріс ықпалды саяси ойындардың әсер етуінен қорғайды, адамдардың бұрмаланған, жалған деректерге бой алдырмауына септігін тигізеді. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне немқұрайды қараудың қаншалықты залал әкеліп жатқанын философ ғалым А.Айталының мына бір деректері айқын аңғартса керек:

  • «…әлеуметтік зерттеу нәтижесінде ресейлік РТР арнасы көрсеткен 100 фильмнің 10-ы, ОРТ арнасы көрсеткен 100 фильмнің 13-і, ал НТВ арнасының 100 фильмінің 30-ы зорлық-зомбылықты насихаттайтыны анықталған. НТВ арнасынан қазір ресейліктердің өздері шошып отыр.   Ендеше, неге біз оның жастарды зорлыққа тәрбиелейтін хабарларын өзімізде көрсетуіміз керек? Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау үшін оны этномәдени кеңістікке айналдыру керек»,- деп есептейді. /7, /

           Сондықтан да, өзекті мәселені бір жағына шығару үшін, 70 жыл бойы өзге есікке қарап телмірген ұлтымыздың адамзаттық болмысын қайта жандандыру қажет екені анық аңғарылады.  Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері- рухани және адами қасиеттер, құлықтылық (моральдық) тәлім-тәрбие үлгілері. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін ең мәнді тәрбие- ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұндай тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамнық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды.

           Ұлттық тәрбие- адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта,

солармен үндесіп жатады. Бұлар бірін-бірі байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам- рухани бай адам.

          Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдағы мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. Ұлттық менталитет- тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын-мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.

          Отаншылдық, елжандылық, ұлтжандылық ұғымына қатысты проблемаларды ортақ игілікке айналдырудың озық үлгілері қалың бұқара назарына ұсынылмаса, ол жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу құралы бола алмаса, онда патриотизм тақырыбының да жолы қысқа болғаны. Бұл ретте, әрине, қоғамдық пікір қалыптастырудың мықты көзі бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара байланыс туралы мәселені арнайы қарастыру қажеттігі туындайды.  

 

І ТАРАУ ЕРЛІК ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН.

 

           Кез келген халықтың шыққан тегі, тарихы және қалай қалыптасқандығы, ұстанған моральдық нормалары мен әдет-ғұрып, салт-саналарынан туындаған тәрбиесі ғалым-мамандарды ғана емес, барша көпшілікті қызықтырады. Түбі бір түркілердің бір тармағы көне қазақ халқының да ұрпағын еңбекке, кәсіпке, өнерге икемдеуінің, үйретуінің өзіндік жолдары мен жөндері болған.

          Сондай-ақ дала тұрғындарының өздері өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениеті мен тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің де басқа жұрттарда қайталанбайтын талап-тілектерін дүниеге әкелген. Өйткені, Дала тұрғындарына өте биік моральдық талаптар қойылды. Олар: көшпелі мал шаруашылығының тетіктерін жете игеру; еңбексүйгіштік пен төзімділік; ата тегін ардақтау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау, т.б.    

            Осындай талаптардың ең бастыларының бірі- ел намысын қорғаудағы жаужүректілік, Отанын, Ата-мекенін ардақтау. Біздің бүгінгі тілімізбен айтсақ, ПАТРИОТТЫҚ. Түркі көсемі Білге қаған, Күлтегін батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметіне қойылған құлпытастардағы жазба деректер де мұны айғақтайды. Бұл үрдіс кейін Қорқыт, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн және қазақ ақын-жырауларының шығармашылықтарын бойлай өтіп  бізге дейін жеткен.

         Дала перзенттеріне тән тағы бір ерекшелік- олар жастардың қалай, не үшін өмір сүруі керектігін, кімдермен қалайша күресіп, қайткенде мақсатына жетіп, адамгершілік парасатқа ие болатындығы туралы айтып қана қоймай, өздерінің жеке бастарының үлгісімен де тәлім-тәрбие бере білді.

          Көшпелі қазақ өркениетінде Атамекен ең қасиетті ұғымдардың бірі саналды. Жоғарыда айтқанымыздай, ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі мен патриоттық сезімдері Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және 20-ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары мен қайраткерлер Отаншылдықты сөзбен ғана айтып қоймай, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би:

  • «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі»,-деп халыққа қызмет етудің, патриоттықтың биік үлгісі бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында отаншылдық, патриоттық ұстаным байлықтан да жоғары бағаланды.

          «Атырау» газетінде 2007 жылдың 22 қыркүйегінде «Есімдері ел есінде» айдарында Хисмет Табылдиевтің Мерген Байболовпен «Ел есіндегі Ер Қосай» деген тақырыпта сұбат-материалы жарыққа шықты. Ер Қосай атаның өмірге келгеніне бес ғасыр болыпты. Кеңес заманында елге еленбей, көлеңке күйде қалған Ер Қосай өзіміз бөлек ел болғаннан кейін ғана шыға бастады. Бүгінде Қосай ата, Есет ата, Барақ ата, Бекет ата, Жаңғожа аттарының екінің бірі біледі. Материалда Ер Қосай атаның адамгершілігін, адалдығын, батырлығы мен батылдығын, жауына деген қас мінезін айқын суреттелген. Сонымен бірге тілші сауалының көбі Ер Қосай атаның мерей тойын тойлауға байланысты құрылған. Сұхбат тілі жеңіл әрі ұғынықты, әңгіме ретінде құрылған.Автордың шеберлігі сонда сұхбат арқылы оқырмандарға Ер Қосай атаның портретін шығарып берді.

          Шыныменде, патриоттық тәрбие, отаншылдық, отансүйгіштік, Атақонысқа, Атажұртқа, Атамекенге, ұлтының салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезім адам баласымен бірге жасасып келе жатқан ерекше сезім. Отаншылдықтың іргетасы- ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады.     Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен, биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес. Отаншылдық тәрбиеге қатысы бар барлық институттар мақсатты әрі нәтижелі жұмыс істегенде ғана санаға сіңеді.

Көптеген елдерде Отаншылдық халықтың өз ұлтының тілін, дінін берік сақтауымен және мақтан тұтуымен тікелей байланыстырылды. Ғасырлар бойы басқа халықтарды басып-жаншып, отарлық үстемдік, жүргізген алпауыт мемлекеттерде ұлы державалық патриотизм санасы мемлекеттік ұран ретінде насихатталған.

         Мәселен, «американдық» деген ұлт жоқ болғанмен, «Мен Америка Құрама штаттарының азаматымын!» деген мақтанышқа толы патриоттық сезімін жоққа шығара алмаймыз. Әсіресе 2001 жылғы 11 қыркүйектен кейінгі- халқының ынтымақтастығы, олардың:

  • «Біз нағыз демократиялық, құқықтық мемлекетпіз, басқалар бізден үйренуі керек»,- деген саясатқа шын сеніп, үкіметін қолдауы бүгінгі көп мәселені шешіп отырғанын баса айтуға болады. Осындай патриоттық сезімді бізде де:
  • «Мен Қазақстанның азаматымын, бұл менің елім, осы жерде менің бабаларым жатыр»,-деген азаматтық сезімді өзге ұлттар өкілдері өз бойларына сіңіре алса,  /8, / еліміздің саяси өміріне осы көзқараспен араласса, 15 млн.ғана халқы бар, табиғи байлығы ұшан-теңіз Қазақстанды жұмаққа айналдырып қоймас па едік.

           Еуропаның кейбір ғалымдары Отаншылдықты «ұлт», «азаматтық» деген ұғымдармен алмастырды. 1931ж. неміс социологы Р.Михельс Отаншылдықтың Отанға деген сүйіспеншілік қасиетін кеңейтіп, оған нәсіл мен тек, дін мен тілдің бірлігі, мәдениет пен тағдыр ортақтығы мен мақсаттар бірлігі секілді қасиеттері қосты.

          Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде «қазақстандық патриотизм» ұғымы қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтеруде, Отаншылдық ой-сананы қалыптастыруда шешілмеген мәселелер бар. Қазақстандық патриотизм-  ел азаматтарының республиканың бүгінгі тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті. Отаншылдық сана- халықты топтастырушы рухани күш бола тұра, халықтың күш-жігерін тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды. Сондықтан елдегі тәлім-тәрбие, идеология мен ақпарат жүйесі ел тұрғындарының бойында өзін республиканың төл азаматы ретінде сезіну көңіл-күйін қалыптастыруы керек. Отаншылдық, елжандылық туған отбасына, туып өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ.

          Көне түрік тәлім-тағылымының мирасқоры- Дала перзенттері зор адамгершілік қасиеттердің, ойдың, мұқалмас жігердің иесі болған. Олар адамгершілікті «сыйға сый», «тауларды аласартпай, даланы асқақтату» деп түсінген жандар. Арғы қазақтар сөздің қай уақытта да сатулы екенін түсінді. Өйткені, олар «жүйелі сөздің ғана жүйесін табатынын» білді. Айт дегеннің бәрін айтсаң – ар төгілетінін, ал айтпа дегенді айтсаң – бас кететінін де олар ұғынады. Соған қарамастан ұлттық намыс кететін жерде айта да, айқаса да алды, өзінен зорлардан «ақырып теңдік» те сұрады.

           Бүгінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үшін де сайын даладан бастау алатын ұлттық ұлы ұмтылыстарды оқу-тәрбие жұмыстарының өн бойында айта отырып, жастар жадына қалдыруды көздеу керек. Біле білген адамға ұлтымыздың бұрынғы тарихи ұмтылыстарын айтпағанның өзінде осыдан 20 жыл бұрын Желтоқсан көтерілісі де ұлттық ұлы ұмтылыстың ұлы көрінісі еді.

          Зейнеткер-ұстаз Рахметолла Ізтілеуұлының 2006 жылы 25 қарашада «Ойымды айтсам деп едім…» айдарында «Желтоқсандағы жазалаушыларға кешіріммен қарауға болмайды» деген мақаласында оқырман өз ойымен бөліседі. «Мен желтоқсан оқиғасын ұлт-азаттық көтерілісінің заңды жалғасы деп білемін. Себебі бейбіт демонстрацияға шыққан адамдарды қуып тарату кезінде, тәртіп сақтау органдары заңдылықты өрескел бұзып, жабайы жыртқыштардай қимылдап қарусыз, буыны қатпаған жас қыздар мен жігіттерге қарсы темір таяқтар мен күректерді жұмсап, иттерге талатты. Соққыға жығылған ереуілшілерді жүк машиналарына отындай лақтырып, келешекте ұрпақсыз қалсын деп қыздарды мұздай асфальтқа зорлап отырғызды.»  деген ащы шындық кім-кімді де бей-жай қалдырмас. Мақаланың көпшілікке ой тастары анық.  Өйткені желтоқсан оқиғасы сөзсіз тарихи ғаламат оқиға. Автор желтоқсанды зерттеуде жан-жақты терең ғылыми көзқарас қажет деп есептейді. Бұл ретте аталмыш айдардың берері көп. Баспасөз баршаға демекші онда оқырман хаттармен танысу, ой бөлісу елдің тамыр соғысын білу деген сөз.

          «Жеңістің қадірін білмейтін жастар бар» мақаласы 2007 жылдың 12 мамырында облыстық «Атырау» газетінде жарық көрді. Авторы Құралай Қуатова Жеңіс күнін қалай тойлап жүрміз деп бүгінгі күннің өзекті проблемаларының бірін көтереді. Мақала мазмұны шыныменде өзекті. Кейбір жастарымыз осы мерекенің мәнін түсінбей, өзі соғысқа қатысқан адам құсап тойлайды. Түнімен көшеге шығып, қыдырып жүреді. Осы орайда автор жастарға Жеңіс күнінің маңызын түсіндіруді және ерлігімен танылған аталарға құрмет көрсетуді негізгі нысанға алып отыр. Мақала соңын «Біз қырандай қалықтаған құс секілді бостандығымыз үшін аға ұрпаққа мәңгі қарыздарымыз» деген әдемі теңеумен түйіндейді.

          Ұлтқа, еліне қызмет етудің ерен үлгісін көрсеткен ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Мәселен, Мағжан Жұмабаев:

  • «Әр тәрбиешінің жолы- ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар, әрбір ұстаз тәрбиеші онымен таныс болуы тиіс»,-дейді. /9 /

          Қазақ-балажан халық. Ана баласын айналып-толғанғанда айтпайтын теңеуі жоқ. Өйткені бала ата мен ананың баға жетпес байлығы, қуанышы, бақыты. Ұл-әкенің көзі, мұрагері, оның істей алмай кеткен өнегелі істерін әрі қарай жалғастырушы. Ұл туғанға күн туады деп білген. Отанды қорғау-ұлдардың ең айбынды борышы, ел-жұрты соларға арқа сүйейді. «Батыр болған бабаңнан Ел қорғауды үйрен сен»-дейді дана халқымыз. Қыз ырыс әрі өріс. «Дәмсізді дәмді қылған-тұз әулие, алысты жақын қылған-қыз әулие»-деп аялаған ел-жұрты. Өткен тарихымызда аналық ру белгісі де сақталған. Мәселен, Найманның Қызай деген руы ананың атымен аталса, Қаракесек руы Болатқожаның шешесі Қарқабат ананың есімін ұран тұтқан.

          Бүгінгі отбасының бала тәрбиесі қиынға соғып отырғаны баршаға мәлім. Атам қазақ, «үйді билеген, түзді де билейді, үйде оңбаған түзде де оңбайды» деп тегін айтпаған. Үлгілі, өнегелі отбасынан шыққан қазақ балалары басына ауыртпалық түскенде барлық қиыншылықтан жол тауып, мүдірмей өте білгендігіне өткен тарихымыз куә. Олар қайда жүрсе де елінің қамын ойлаған, өз ұлтының намысын қорғаған, шетінен ұлтжанды, намысшыл сен түр мен атайын болған.

          Бүгінгі бала-ертеңгі қоғам мүшесі, ата-ана өмірінің жалғасы. Болашақтың иесі, сондықтан балғын кезінен өмірге баулу керек. Ұрпақ тәрбиесі жанұяның ғана шаруасы емес, мемлекеттің ең басты мәселесі болуға тиіс. Осыған орай ұлы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең-бесігіңді түзе» деген сөзінде зор мағына алуан сыр жатыр. Әр отбасының ертеңгі үміті бүлдіршін бөбектеріміздің мүддесін, тәрбиесін,бұғанасы бекіп, айдарлы да, айбарлы атпал азамат болып өсуін «бесіктен белі шықпаған» кезінен қамдауға күш салу, жас ата-аналар мен бала-бақшалардың міндеті. Бүлдіршін қамын бүгін ойламасақ, ертеңгі күні опық жеріміз анық. Осы орайда жастар тәрбиесіне «Атырау» газеті де көп көңіл бөледі.

           2007жылдың 8 наурызында жарық көрген мына бір мақалаға көз салсақ. Ислам Ризуанұлының  «Кіндігін көрсетіп жүрген қыз, кіммен үлгі алып жүр» атты оқырманға ой салар мақаласында халқымыздың ұмыт болған салт-дәстүрлерді жас жеткеншіктер бойында қалыптастыру жөнінде қалам тербейді. Жас ұрпақтың бойына халықтық тәрбиенің ең озық үлгілерін сіңіру мақсатын алға қояды. Авторды бүгінгі таңдағы қазақ қыздарының жүріс-тұрысы, киім-киісі қатты толғандырады. Қазір, жасыратыны жоқ, көшеде қазақ қыздары ашық-шашық киініп жүре беретін болды. Расын айтқанда, олармен бірге көлікке мінуге де, дастарханда қатар отыруға да ұялатын болдық. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, қыздардың бәрін кінәлаудан аулақпыз, бірақ араларында омырауын ашып, балтырын жарқыратып жүргендері де кездеседі. Жалпы, мұсылмандық қағидасында әйел адамға тыйым салатын тәрбиелік тағлымдар жеткілікті. Солардың ішінде ер адамға ұятты жерлерін көрсетпеу де бар. Ұят жоқ жерде иман да болмайды.

          Қорыта айтқанда, ұрпақ тәрбиесі ата-ананың қолында. Қыз баланың тәрбиесінде, әсіресе, оның шешесінің берері көп, өйткені бүлдіршін соған қарап бой түзейді. «Шеше көрген тон пішер» демекші, ибалы ананың қызы да инабатты болады. Ал 3 мамыр 2007 жылы Әлпеш Садықтың «Қайда кетіп барасың, Қаракөз қыз!» атты мақаласыда алдыңғысына ұқсас. Авторды осы тақырыпқа қалам алып жазуының себебі жап-жас қыздарымыздың 30-40 ты алқымдап қалған шетел азаматтарының жанында жабысып отыратындағына байланысты. Көрнекті қазақ жазушысы М.Мағауин: «Дүниежүзіндегі ең сұлу қыз-қазақ қызы» деген. Бұл қазақ қыздарының сыртқы бейне, тән сұлулығына ғана байланысты емес, жан сұлулығына, ақылдылығына, парасаттылығына берілген баға. Өйткені қазақ қыздары, қазақ әйелдері төзімділігімен, адалдығымен дараланған. Бізге дейін өмір сүрген әжелеріміз, ұлы аналарымыз жері үшін, ері үшін намысын биік қойып, ожданын таптатпаған. Міне, автор өз құрбыларына біз де неге осылардың жолын қумаймыз деп ой салады.

          Автор көтеріп отырған проблема өзекті, себебі ол өз тарихымыз, өз тұрмысымыз ғой. Мақала тақырыбының әлеуметтік тереңдігі мен тәрбиелік мәні зор.

          Тәрбие мәселесіне байланысты тағы бір материалды талдап көрелік. Құралай Қуатованың  «ҚЫДЫРУДАН ҚОЛЫ БОСАМАЙТЫН ҚАЗАҚ бала тәрбиесіне немқұрайды қарауды әдетке айналдырып барады» деген проблемалық мақаласы «Атырау» газетінің 2006 жылдың 29 шілдесінде жарық көрді. Тақырып атауы тым ұзақ болса да қоғамда қалыптасқан жат қылықтарды негізге ала отырып,  бала тәрбиелеудегі келеңсіз жағдайларды сөз етеді. Мақалада шарананың дүние есігін ашқан сәтінен бастап ер жеткен шағына дейін баяндалады. Сәбиге қарау-оның әкесі мен шешесінің ортақ міндеті. Солай бола тұрса да түн ұйқысын төрт бөлу-ананың мойына жазылған міндеттей көрінеді. Ер-азаматтың бұл «процестен» тыс қалуы ұят емес. Керісінше, баласының жаялығын ұстап, құндақтап көтеріп жүрген әкесіне үлкен апаларыдың «Қатынжандысын қарашы. Біздің үйдегі балаға қарамайтын еді» деп ернін сылп еткізуі мүмкін. Бала тәрбиесіне отағасының ерте бастан араласып, бойын үйреткен жөн емес пе? Осыдан кейін бала-шағасынан безген кей еркек жайлы «тасбауыр» екен деп көр! Қазір баланы тәрбилеуде бағыты да өзгеше. Балаға қарағанның жөні осы екен деп байқаулардан орын сатып әпергендерді, оқуға ақшамен түсіргенді, сессиясына арнап қаражат бергендерді көріп жүрміз. Сөйткен бала ерке емес, есір болып шығады. Автор баланы үнемі қамқорлыққа алып, жан-жақты тәрбиелеп отыру керектігін сөз етеді. Сонда ғана бүгінгідей бас жарып, көз шығарған бұзақылық, ата-анасын немесе перзентін тастап кеткен безбүйректік болмайтынын қалың көпшілікке ескертеді.

          Жоғарыда келтірілген үш автордың айтпақ ойы, көтерген мәселесі, тақырыптардың мағынасы бір. Ол — отбасы ұлттық рухымыздың айнасы, ұрпақтың алтын ұясы дей келе, жас ұрпақтың бойына халықтық тәрбиенің озық үлгілерін сіңіру. Осындай тәрбиелік мәні зор материалдар газеттің беделін арттырары сөзсіз.

          Елдің елдігін сақтап, көсегесін көгертетін ұлтжанды, жігерлі, білімді ұрпақты қалай тәрбиелеп, өсірудің жолдарын үйрету туралы жазбаған бірде бір Алаш зиялысы болған жоқ десек, артық айтқандық болмайды. Міржақып Дулатовтың төмендегі отансүйгіштік өлеңі оған толық дәлел бола алады. Халқын жанындай жақсы көретін отаншыл Міржақыптың аузына жас ұрпақты тәрбиелеу жайлы сз бола қалса ең алдымен ілінетіні-әр адамның өз отанын сүйіп, адал қызмет етуі, яғни шын мағынасында патриоттық тәрбие беру мәселесі болды.

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен- сенікі:

Пайдалан, шаруаңа жараса алаш.-

Деп өзінің бүкіл өмірін халқына адал қызмет етуге арнаған М.Дулатов әрбір азаматтың отан, халық алдында дәл өзіндей адал болып өтуін олардың басты борышы деп есептеді.  

         «Ұлтшылдық» Кеңес заманында орысша «национализм» деп аударылып және оның ауқымы мен өрісін тарылтып, саяси да, парасат жағынан да шектеулі адамдарға тән етіп көрсетті. Осыдан келіп «националист» болу кемшілік қана емес, маркстік-лениндік идеологияға жат қылық, адам пиғылы іс болып санамыздан орын алды.

          «Ұлтшылдық» ұғымын жаңаша түсінуге, жағымсыз мағынасынан арылтуға біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін көріне бастады. Біздің ойымызша, дұрыс мағынасында ұлтшыл, ұлтжанды болу еш айып емес.    Әрбір азаматтың ұлтжандылығы экономикалық саяси әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, т.б. өмір саласында ұлтының мүддесін қорғап, қамқорлық көрсетсе, бұл жаманшылықтың емес, керісінше, имандылықтың нышаны болып табылады.           

          Ал дүниежүзілік ұлттануда ұлтшылдық- қоғам өміріндегі объективтік этникалық процестерді білдіретін бейтарап ұғым. Ол табиғаты күрделі, қайшылыққа толы құбылыс болғандықтан да, оны әртүрлі түсінушілік орын алуда. Біздің түсінуімізше, ұлтжандылық пен отансүйгіштік егіз ұғым. Ал бұл екеуінсіз жоғары патриоттық сананың қалыптасуы туралы айтудың өзі бекер.

          Сондай-ақ, өткен жылы «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президенттің ЖАРЛЫҒЫ шықты. Онда:

  • «Ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышын орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты»,-деп көрсетілген. Сонымен қатар, «бүгінгі күні балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы өз Отанына деген адалдық пен берілгендік сезімін қалыптастыру, азаматтық борыш пен негізгі конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындық талаптарына сай келе бермейтінін, атқарылып отырған жұмыс еліміздің азаматтарының бойында патриоттық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай кешенді шешуді қамтамасыз ете алмайтыны ашық айтылған». /10, /

          Жарлықта қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен оған кедергі болатын жайлар туралы айтылған. Солардың бірі, діни саладағы пайда болатын өзекті проблемаларды реттеудің нақты тетігін әзірлеу. Өйткені, қазіргі уақытта діни конфессиялар анталап бөрідей шулаған заман туды. 1,5 млрд. Қытайда төрт-ақ конфессия болса, 15 млн-дай халқы бар Қазақстанда 47 діни конфессия бар. Енді сөзіміз дәлелді болу үшін газетте жарияланған материалдарға талдау жасап көрейік.

          2009-жылдың 24-ақпанындағы нөмірінде Әлпеш Садықтың «Жастар және қоғам» айдарында  «Жастарды теріс ағым төңіректеп жүр» деген проблемалық мақаласы жарық көрді. Мақаланың аты айтып тұрғандай әңгіме арқауы — дін, жастар тәрбиесі. Мұнда автор 2009 жылды ТМД елдері бойынша жастар жылы етіп бекітілуіне байланысты жастарымызға мемлекеттік ұлттық саясатын түсіндіру және Жастар жылын насихаттауды мақсатыңа алып отыр.  Өткен жылдың 19 желтоқсанында Көкшетау қаласында өткен Достастық елдері жетекшілерінің саммитінде ТМД елдері бойынша биылғы жыл Жастар жылы болып тағайындалды. «Тәрбие балабақшадан басталады, сол себепті бала тәрбиесін қатаң қадағалауымыз керек. Жастарды олардың  дұрыс қалыптасуына кері әсерін  тигізетін жағдайлардан, діни экстремизм мен теріс жолды секталардың әрекетінен қорғауымыз қажет. Ол үшін Ұлттық Қауіпсіздік комитетімен бірлесе жұмыс жасаған жөн. Сонда ғана біз жасөспірімдердің пікірін естіп, санаса аламыз»-дейді автор. Өзекті мәселені көтеріп отырған автор жастар арасындағы Батысқа еліктеушіліктің төл тәрбиеге тигізіп жатқан кері әсерлерін ашып айтады. Ұрпағымыздың ішінде қоғамдық өмірге мүлде қызықпайтын жастар да бар. Оларды қоғамға бейімдеуіміз үшін жаңа бағыттармен сауаттандыруымыз қажет. Оқу орындарында дінтану сабақтарын жүргізу- бүгінгі күннің талабы дей келе, діни секталармен, теріс ағымдармен бүкіл қоғам болып бірлесе күресу керек деп үн қатады.

          Мақала әлеуметтік проблеманы көтерумен қоса ғылыми тілде жазылған. Оған автордың өзіндік ұсыныс пікірлері дәлел бола алады. Газет бетінен осындай өзіндік ерекшелігі бар көңілге қонымды материалдар жиі бой көтерсе әрине нұр үстіне нұр болар еді.

          Аталмыш тақырыпқа үндес газетіміздің осы санында жарияланған жоғарғы оқу орнының студенті Мөлдір Смағұлованың «Діни кітаптар көбейіп барады» атты шағын мақаласына назар салсақ. «Айтпаса сөздің атасы өледі» демекші бүгінгі жатардың дінге бет бұрғандығы құптарлық жағдай. Десек те, осал тұстарымыз да аз емес. Себебі дініміз тамырын жайған сайын оның дұшпандары да ушығып тұр.

          Автор Ислам дінінің атын жамылып жүрген жалған әртүрлі ұғымдар, секталар қаптап бара жатқандығы туралы сөз қозғайды. Қанаты енді ғана қатая бастаған балалар бұрын соңды естімеген дініміздің дұрыс екенін өзге діннен қалай ажыратып алады? Бөбектердің аңғалдығын білетін секталар оларды өздеріне тез үйіріп әкетеді. Сондықтан діндегі олқылықтарға сақтықпен қараған жөн деп ой салады.

          Елімізде мешіттер жыл сайын салынып, қатары көбеюде. Сонымен бірге Астанада діни «Нұр мүбәрак» университеті, Шымкентте медресе ашылған болатын. Енді сауатты ұстаздар да көбейген шығар. Бұл діни маман иелерін әр облыстағы мектептерге жіберіп, дінтану сабағын жүргізіп, оқушылардың білімін жетілдіріп, әдептілік пен тәрбиені қоса айтса нұр жақсы болар еді деген ұсыныс айтады. Автордың бұл сөзі ең алдымен басқа тіл, басқа дін, өзге дәстүр, өгей салттардың ықпалына түсіп жүрген жастарды ойландырары анық.

          «Діни экстремизм сырттан келіп, іштен ірітеді» деген Меңдібай Елемесұлының  көлемді мақаласы 2009 жылдың наурыз айының 26 жұлдызында  жарияланған еді. Енді осы материалды талдап көрсек. Мақалада бүгінгі күннің өзекті мәселесі туралы сөз етіледі. Айтар ой нақты деректремен беріліп, мазмұны шебер ашылған және тақырыбы да өте сәтті, ұтымды қойылған. Бүгін таңда облыста қалыптасқан діни ахуал, оның ішінде, діни экстремизм мәселесін жан — жақты талқыланған. Тақырып атауының өзі бүкіл мақаланың бет-бейнесін көрсетіп тұр. Айта кетерлік тағы бір жайт, көптеген авторлар діни экстремизмнің өзін тақырып ретінде алудан  қашқақтайды. Олар көбіне жалпылыма атауларды арқау етеді.  Бұл жерде автордың шеберлігі десе де болады тақырыпты дәл табуы және айтар ойдың дөп басуы.

          Дәстүрлі емес діннің еліміздің қауіпсіздігіне тигізер теріс әсері зор. Мәселен, «Иегово куәгерлері» әскер қатарында азаматтық борышын өтеуге қарсы үгіттейді. Сонымен бірге Атырауға түрлі «халық емшілерінің» келуі де жиіледі. Олар адамдарға сан әдіспен психологиялық әсер етеді. Сырқатынан айығуға келген адамдардың өздеріне деген сенімін пайдаланып, религиялық ағымдарға тартады. Оған көп адамдар, әсіресе өмірлік тәжірибесі толыспаған жастар, қарсы тұра алмайды. Қазір арамызда ата-анасынан, туысқандарынан, ұлттық ортасынан аласталған жандар бар екені жасырын емес. Олар тек қана діни жетекшілеріне бағынып, өзгелерден бойын аулақ ұстайды.

          Әрине, қандай дінді ұстану әркімнің өз қалауы. Дегенмен, адамды психологиялық тұрғыдан аздырып, тағдырын бұзуға, олардың мемлекеттік саясатқа қарсы үгіттеуіне жол берілмеуі керек. Ең бастысы, ұлт қауіпсіздігі, ел тыныштығы мен ұлтаралық достық деген ұғым бәрінен биік тұруы қажет.

          Осы орайда теріс ағыммен күресу үшін білім беру, мәдениет, құқық қорғау, бұқаралық ақпарат құралдары күшін біріктіруді жөнінде ұсыныс айтылады.. Қазір олардың әрқайсысы өз бетінше әрекет жасауда. Демек, бұл істі облыстық религиялық бірлестіктермен байланыс кеңесі арқылы жүйелеуге болады.

          «Атырау» газетінің 2007-жылдың 8-наурызында Меңдібай Елемесұлының «Білімді жас басқа ағымға ермейді немесе бүлініп жүргендердің бәрі сауатсыздардан шығады» деген атаумен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Қазбек қажы Ахметовпен сұхбаты жарияланды. Алдымен тақырып қою ерекшелігіне келсек, тақырып тым шұбалаңқы, ұзақ. Тақырып ретінде бірінші ойды арқау етуге болар еді. Өйткені соның өзі мазмұнды ашып тұр. Бірақ автордың мұндай кемшілігі газет беделіне нұқсан келтірмес деген ойдамын. Сұхбат-мақалада соңғы кезде халық арасында дінге деген теріс түсінік қалыптасып келе жатқаны, одан қалай арылуға болатыны жөнінде «Иманғали» мешітінің бас имамы Қазбек қажы толықтай жауап береді.

          «Өзге ағым арамызға қалай сіңіп кетіп жүр?»-деген тілші сауалына имам былай дейді: «Қазір білім қуған жастарға алыс жақын шет елдерде оқуға жағдай жасалған. Мемлекет қамқорлығымен бе, әлде ата-анасының қаражатына ма-әйтеуір сыртқа шығып білімін жетілдіруге мүмкіндік бар. Міне, солар болған елдеріндегі бізге ұқсмайтын діни жолды уағыздап жүр. Әр елдің дұрыс деген шариғат тадабының өзі өзара ұқсас болмауы мүмкін. Ал біздің дәстүрлі діни көзқарасымызбен қабыспайтындары жеткілікті.»

          Тілші сауалына имам қысқа әрі өткір етіп жатық тілмен жауап берді. Автор сұхбатты шебер жүргізеген. Оқырмандардың көкейінде жүрген мәселелер қамтылып, тіпті «Мешіт қайда қарап отыр?» деген сынды да айтып қалды. Адасқан жанды дұрыс жолға салу-баршамызға ортақ парыз дей келе «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші қоғамдағы бұл кесапатпен сіз бен біз болып күресуге шақырады.

          Сондықтан, әр ұлт әр тарапқа тартып, бытырап кетпей тұрғанда, мемлекетіміздің тарихын жас ұрпақтың санасына құятын кезең келді. Өйткені, өз ұлтының шын тарихын білмеген ұрпақ- отансүйгіш, патриот бола алмайды. Әркімнің айтқанына ілеседі, жетегінде кетеді. Тарихымыздың барлық тұстарында да жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлгі етерліктей өнегелі тұстар жеткілікті, айтулы тұлғалар да мол. Дегенмен ешкімге мойынсұнбай, кеуде бастырмай, еңсесін көтере ұстаған ержүрек қағанат-төрткүл дүниенің кіндігіне іргелі ел орнатамыз деумен-етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен қилы заманды бастан кешіріп, соған төтеп берген бабаларымыздың үлгі-өнегесі бір бөлек. Олар аспандағы рухын біздерге жоғалтпай жеткізді, аманаттады:

  • «Ей, түріктің бектері, халқы! Сендер алауызсыңдар, таққа кіріптарсыңдар. Ағалы-інілінің дауласқандығынан, бекті халқының жауласқандығынан дұшпанның сөзіне алданғандығынан, Түркі халқы, қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен, билігіңнен айырылдың. Жер-жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, барған жерде не пайда таптың?! Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрік халқы, өкін!» /11, /

         Баба тарихтан қалған жәдігер осылай дейді. Енді мына біздер өкінбеудің қамын ойластыруымыз қажет.

         Бұл қазіргі жаһандану тұсында оңай шаруа да емес. Болашақта өкіндірмейтін істер жасау тек намысты, ұлттық рухы сөнбеген, отаншыл, жеке бас мүддесінен ұлт мүддесін жоғары қоятын адамдардың ғана қолынан келеді. Бүгінгі күні арамызда ондай адамдар көп көрінбей тұр. Сондықтан да бұрын орыс ағайындар есіктен кіріп, «төр менікі» десе, бүгін дәл осы жағдайды шетелдіктер қайталауда. Еліміздегі қаптаған қытайлар мен толған түріктердің ойына келгенін жасап жатқандықтары туралы Республикамыздың бұқаралық ақпарат құралдарында талай айтылды. Намыссыздықтан, жігерсіздіктен, жоғарыда отырғандардың сатқын саясатынан сөзде патриот, істе пайдакүнем, ақшаға арын да сатып жіберуден тайынбайтындардың әрекетінен әзірге осыған көнудеміз.

          2007-жылдың 13-қыркүйегінде «Атырау» газетінде Меңдібай Елемесұлының «Ариадна» заңды да, аяушылықты да білмейді» деген тақырыпта мақаласы жарияланды. Тақырыптың аты айтып тұрғандай мақалада шетелдік компанияда орын алған олқылық өзінің өрескелдігімен ерекшеленеді. Аталмыш кәсіпорында еңбек шартының мазмұнына  жұмыстың орындалу орны мен сақтандыру жайлары енгізілмеген. Еліміздегі қолданыстағы «Еңбек туралы» Заңының талаптарына орай вахталық жұмыс уақыты 30 күннен аспауы тиіс екендігін ескерсек, жұмысшылар алпыс күн бойына еңбек еткен. Бұдан «Еңбек туралы» кодекстің заңдылықтары бұзылғандығы көрініп  тұр. Автор мақаласында қазақ жұмысшылармен шетелдік жұмысшылар арасындағы теңсіздікті де қозғайды. Біріншілері екіншілеріне қарағанда 5-6 есе аз жалақы алады. Және шетелдік жұмысшылардың жағдайы жақсы жасалғандығының өзі қоғам арасында біраз келеңсіздіктерді туғызып жатқаны рас. Кейбір шетелдік компаниялардың іс-әрекеттерінен қазақ жұмысшыларының Ата Заңмен бекітілген құқықтары аяқ асты етілуде. Сөзімізге дәлел ретінде газеттің дәл осы санында Елена Таңбаеваның «код-400» атты мақаласына назар аударсақ. Компания техника қауіпсіздігін бұзған және жұмыс немесе жұмыстан тыс мезгілде арақтың иісі шығып тұратын болса, оларды арнайы «Код-400» деп аталатын тізімге тіркейді. Бұл жердегі мақсат жұмыстан босатыыған қызметкерлер алдағы уақытта не «Теңізшевройл» ЖШС-не, не оның субмердігер мекемелеріне жұмысқа алынбауын көздейді. Яғни «Код-400» тізіміне ілінген қазақ азаматы Теңіз аумағында жұмысқа орналаса алмайды. Бұл дегенініз жұмысшылардың соның ішінде  қазақ жұмысшыларының құқығын шектеу деген сөз емес пе? Автор өз сөзінде «Код -400-ді» қолдану құйыртқы саясат, тікелей жұмысшының болашағына балта шабуға әрекет жасау деп түсініп, «жапсырмасы» бар қазақстандықтың еңбекке орналасуы қиындық туғызады, ал өлкеде өркен жайған жұмыс көзі ТШО обьектілерінде өзінің мамандығы бойынша жұмысқа алынбайтынын тілге тиек етеді. Әрине, бұл мақалалар проблемалық тұрғыда жазылған. Екеунің де қозғап отырған нысаны бір ол қазақстандық азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы.

         «Көргеннен көз ақы алады» деп немесе «Сырттағы жаудың шапқанынан іштегі жыланның шаққаны жаман», «жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартардың» керін келтіріп жатқан Алматы облысының «Шелек», «Маловодное» елді мекендеріндегі ұйғырлар мен шешендердің масайрауы да сол намыссыздығымыздың нәтижесі. Осыларға батыл тойтарыс берудің орнына біздің билік пен құқық қорғау органдары бұлардың бәрін жеке адамдар арасындағы түсініспеушілік, тұрмыстық кикілжің деп дәлелдеумен әуре. Болмаса халықты ынтымақтастыққа, азаматтық келісімге, төзімділікке шақырудан жалығар емес. Осындай кері әсерлер ұрпақ тәрбиелеуде қиындық тудырары сөзсіз емес пе?

          Отаншылдық дегеніміз, ең алдымен, әркім өз Отанының тарихи қалыптасу, сабақтаса даму жолдарын түбегейлі зерделеп, сол жолдағы саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани үдерістерді байыппен парықтап, одан әрі өз Отанының ғұмыр шежіресін өз өмірбаяны сияқты терең сезіне алғанда ғана мән-мағынаға ие болатыны күрделі категория. Бұл ретте, адам бойына отаншылдық сана-сезімді дарыту, ең алдымен, білім мен тәрбие жұмыстарының сапасына, пәрменділігіне тікелей байланысты.

           Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында білім жүйесінде ұлттық білім мен тәрбиеге ерекше көңіл бөліне бастады. Алайда кейін министрлік тарапынан үздіксіз жүргізілген қажетті, қажетсіз реформалардың нәтижесінде бұл бастама тоқтап қалды. Біздіңше, этномәдени құндылықтар бүкіл білім беру мен тәрбие жұмыстарының алтын арқауына айналып, оның мазмұны мен идеясында отаншылдық тұғыр болуға тиіс еді. Сол кездері газеттерде халықтық педагогика деген сияқты айдарлар ашылып еді. Қазір жоқ.

          Бұл ретте, әрине, елдің елдігін дәріптейтін, ұлттың ұлылығын ұлағаттайтын жүйелі білім мазмұны, әсіресе, қоғамдық-әлеуметтік пәндер арқылы жүргізілгені абзал. Сонда, отаншылдық деген киелі ұғым жай ғана жақсы ниет деңгейінде қалып қоймай, әрбір субъектіні шынайы патриоттық сезімдерге бөлеп, одан әрі асқақ әрекеттерге бастайтын сапаға ие болады. Орыстың әйгілі педагогы К.Д.Ушинский ХІХ ғасырдың өзінде-ақ былай деп жазыпты:

  • «Барша Еуропа халықтарының педагогикалық үлгілеріндегі өзара ұқсастықтарға қарамастан, олардың әрқайсысына тән ұлттық тәлім-тәрбие жүйесі, әрқайсысының дара мақсаты мен сол мақсатқа жету жолында ұстанатын ерекше әдіс тәсілдері бар. Халықтың тарихы, оның болмыс-бітімі, тәлім-тәрбиесінің тегеурінімен айқындалады. Демек, оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты бағыт-бағдарды мән-мазмұнды, үлгі-өнегені айқындауда көзсіз еліктеумен келеңсіз көшіру оң нәтиже бермейді. Әрбір тәлім-тәрбие жүйесінің ең өзекті идеясына халықтық қасиеттер тұғыр болуға тиіс». Сонда ғана жастар өз ұлтының уызына жарып, ұлттық рухпен рухтанады, нағыз патриоттық сезім қалыптасады.

           Осымен үндес ой-пікірді М.Шоқай 1931 жылы «Яш Түркістан» журналына былай деп жазыпты:

  • «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды… «Түрі ұлттық, мазмұны пролетарлық болсын» деген формула халықтық рухқа сай келмейді.

            Халықтың рухани дүниесі (мәдениет) біртұтас құбылыс. Оны «мазмұнға» және «түрге» бөлуге болмайды. Кез келген рухани мәдениет өзінің формасымен де, мазмұнымен де айқындалады».

            Қазақстан сияқты  ұлыстар мен ұлттардың өкілдері шоғырланған мемлекеттің алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, жас ұрпақты қазақстандық мәдени-рухани қайнарлардан сусындату тарихи қажеттілік болып отыр.

          Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстандағы орта, арнаулы орта және жоғары мектептердің мәденикіріктіруші және мәденитүлетуші қызметін танытатын әлеуметтік мұраттарды айқындап алуымыз керек.

          Олар: біріншіден, оқушының ұлттық дүниетанымын әлемдік мәдени құндылықтар мен диалектикалық тұтастыққа жетілдіріп отыру қажеттілігі; екіншіден, ұлттық құндылықтар жүйесін сақтай білуге және оны белсенді түрде басшылыққа алуға оқушыларды баулу мәселесі; үшіншіден, жас ұрпаққа білім беру барысында, бір жағынан, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруына, екінші жағынан, өз елінің этномәдени, тарихи, әлеуметтік экономикалық ахуалын терең тануына айрықша көңіл бөлу.

        Мұндай мақсаттардың орындалуы көп жағдайда білім мазмұнына тікелей байланысты. Әсіресе Білім мазмұнының гуманитарлық компаненті негізгі рөл атқаратынын айрықша атап өткен жөн. Яғни, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті Қазақстандағы мектептердің ең бір басым ынтамен көңіл бөлетін, қызғыштай қорғайтын оқу пәндері болуға тиіс. Мұның өзі, түптеп келгенде, отаншылдықты өмір шындығына айналдырудың, сол арқылы патриоттық сезім қалыптастырудың ең бір пәрменді тетігі екеніне мән беретін мезгіл жетті.

         Оқушының азаматық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері тек қана

біліммен тәрбие барысында қалыптасады. Бұл ретте, Отан, ел-жұрт, төлтума мәдениет, салт-дәстүр, моральдық-этникалық нормалар туралы білім мен біліктің қайнар көзі қоғамдық ғылым пәндерінде екені, әсіресе, сол пәндердің қазақ тілді мәтіндерінде  екені басы ашық ақиқат. Өкінішке қарай, пәндерді саралау мен білім мазмұнын айқындауда осы мәселелерге ойдағыдай мән берілмей келеді.

  • «Мәселен, бүгіндері мектептерде білім беру мәселесі төменгі сатыда дамып келеді. Оқушылардың ойында оқу оқып, білім аламыздан гөрі, мектеп бітіріп, қашан тезірек студент болам, сол кезде көше кезудің рахатын көрем деу?! Бұл жерде көпке топырақ шашқандық емес, көптің көкейіндегі мәселені қозғау. /12/.

          Рас, отаншылдықты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру сияқты асыл қасиетті ұрпақ бойына дарыту тек қана білім жүйесінің мойнындағы міндет емес. Отаншылдық, патриоттық сезім кез келген ұлттық-мемлекеттік жаралымның азаматтарының өмір салтына, өмір сүру нормасына айналуға тиіс. Яғни, жас ұрпақты отаншыл, патриот етіп тәрбиелеу мемлекеттік маңызды да жауапты істердің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, қоғамдық сананы қалыптастыруда, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші орынға шығып отырғаны өмір шындығы.           

          Солай бола тұра, бүгінгі таңда Қазақстанның БАҚ жүйесіндегі еркіндік бассыздыққа ұласып бара жатқаны айрықша алаңдатады. Ресми деректерге қарағанда, Қазақстан аумағына таратылатын қазақстандық БАҚ-тан шетелдік БАҚ біраз көлемде артық екен.

          Турасын айтқанда, мұндай жалпақшешейліктің сөз бостандығымен де, демократиялық ұстаныммен де үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сияқты. Мұның шын атауы- халықтың мәдени-рухани тағдырына деген енмкеттілік деген сөз.

          Себебі, басқасын былай қойғанда, шетелдік  БАҚ-тардың идеялық және мазмұндық ұстанымы қазақстандықтардың мүддесіне сай келе бермейтінін ескерсек, көрермен-тыңдармен-оқырман жұртшылықтың ақпарат тасқынынан оңы мен солын айыра алмай қалай мәңгіріп отырғанын пайымдау қиын емес. Яғни, қазақстандықтардың БАҚ-қа қатысты құқықтық мүддесі мемлекеттік деңгейде қорғалмай, аяқасты болып отырғанын жасыра алмаймыз.

        Біздің пайымдауымызда, БАҚ-тың ең киелі міндеті ақпараттық-ағартушылық ұстаным болуға тиіс. Бұл ретте БАҚ-тардың рөлі бүгінгі таңда бірінші

орында тұрғанын социологтар бірауыздан мойындайды.

         Ұлағатты ұстаз Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев өзінің берген бір сұхбатында былай депті:

  • «Мына бір қызықты қараңыз. Жуырда біздің факультетті бітірген бір студентім келіпті. Оқу бітіргеніне бірер жыл болса да Оңтүстік Қазақстанның бір ауданында журналистика факультетін ашыпты. Бұған не деуге болады? Мұндайда не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің?». /13, /

         Шыныменде, бұл мысалдан еріккен адам, яғни қалталы адам қазір немен айналысам десе де, оған жол ашық екені байқалып отыр.

          Демек, Қазақстан БАҚ-тарында ұрпақты аздыратын, ұлтты тоздыратын кейбір бейбасбақтықты ауыздықтау проблемасы әбден шегіне жеткенін терең сезінуіміз керек. Қазақстандағы ұрпақ тәрбиесін мектеп пен ата-ана қолынан БАҚ тартып алып, мейлінше жаман жолға бастап бара жатқанын көз көріп, көңіл тіксініп отыр.

           Әрине, бұл мәселе көрермен-тыңдарман-оқырман жұртшылықтың қыжылымен де, қарсылығымен де шешіле қоятын мәселе емес. Бұл- ұлттық мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті атқару, құқық қорғау және заң шығару орындарының тікелей араласуымен ғана оң шешімін табатын мәселе екені көзделіп отыр. Бұл тығырықтан жол табу үшін әлі де болса ұлттық менталитет пен ұлттық болмыс қалыптастыра беру керек екені аңғарылады.

           Біз бұдан не ұқтық? Тәуелсіздікке, егемендікке қол жеткіздік. Нені пайымдадық? Бұрынғы тарихымыздың патриоттық тәрбиеге әсерінің молдығын, сол жәдігерлердің қалдырып кеткен мұрасын бүгінгінің еншісіне тең бөліп беріп, сондай ұрпақ тәрбиелеп шығару керек екендігі аңғарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ  ОТАНШЫЛДЫҚОТАННАН БАСТАЛАДЫ.

 

         Бүгінгі күні ұлттың жан-дүние ерекшеліктерін әлеуметтік психологияның маңызды саласын этнопсихология зерттейді. Бұл құбылыстар мен экономикалық, әлеуметтік, саяси құбылыстардың арақатынасы, ұлттық психология дамуындағы жалпы заңдылықтар, ортақ қасиеттер мен өзіндік өзгешеліктер, этностың ішкі дүниесінің қалыптасуындағы сана мен іс-әрекет бірлігі, ұлттық психология және жеке адам, басқа да мәселелер- осы ғылымның объектісі. Ортақ шаруашылық, табиғи, әлеуметтік-саяси кеңістік, тіл, тарих, салт, тағдыр негізінде белгілі бір ұлтқа тән тұрақты психологиялық мінез-құлық, жан-дүние қалыптасады. Оларды жалпы адамзаттық қасиеттердің ұлттық түрі деп қараған шындыққа жақын. Барша адамзатқа тән құндылықтар ұлттық болмысқа сәйкес алуан түрленеді.

        Ұлтты біріктіретін де, ұлтты ұлттан айыратын да белгі-ұлттық сана-сезім.  «Біз өзімізді өзіміз басқалар арқылы таныдық»,-деп О.Сүлейменов жазғандай, бізді олардан айырып,  бізді оларға қарсы қою, салыстыру арқылы ұлттық сана қалыптасады.

          Әрине, ұлттық сана-сезім, ұлттық дүниетаным халыққа туа біткен, сондықтан  қазақ халқының рухани дүниесі, бай ауыз әдебиеті, қалыптасқан тәрбие жүйесі қазақ елінің жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келді. Рухани қазынамыз, әсіресе өшпейтін мұра- ауыз әдебиеті қоғамдық ой-зерденің негізі болды.

         Тіпті, қазақ халқына дүниежүзілік өркениет деңгейіндегі тәлімгерлік, парасаттылықпен қатар жалқаулық, күншілдік, мақтанғойлық, жалақорлық сияқты қылықтар да тән.

Қазіргі таңдағы қазақтың ұлттық қаупіне Мұхтар Жанұзақұлы былайша тоқталады:

  • «Бүгінгі қазақта бірлік жоқ, әсіресе туған тілі мен мәдениетіне қатысты мәселеде қазақ арасында бірауыздылық болмай отыр. Мұның зардабы ұлтаралық қарым-қатынаста да, билік пен қазақ ұлтының қарым-қатынасынан да көрінеді.

       Сексенінші жылдардың аяғында қазақ тілі кемеліне келіп, лайықты орнын иеленеді деген үлкен үміт пайда болды. Бүгінде сол үміт пен мемлекеттік тілдің шынайы дәрежесі арасындағы айырмашылық орасан. Қазақ тілін үйрену қажеттігін түсінетіндер артып келе жатқанымен, туған тілін білмейтін қазақтар әлі де көп». /14, /.

          «Атырау» газетінің 5 тамыз 2006 жылы «Тілге құрмет-елге құрмет» деген айдармен Қ.Мұқашевтің «Қазақша жазудан қашқан қазақтан қорық, себебі олар тілін қорлауға намыстанатын емес» деген көлемді проблемалық мақаласы жарияланған. Автор мақалада Тіл заңдылықтарының орындалуы жөнінде сөз қозғайды. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда көптеген мекемелердің атауы орысша не шетелше жазылған. Мысалы: «POWER» фитнес орталығы, «FIESTA» кафе-бары, «SEIL cinema» кинотеатры, «CONS jeans», «ORANGE», «CO ON», «MOTOR sins»,  «TITO», «SHOES»,  «ZARINA» киім дүкендерінің сыртқы атаулары ағылшын тілінде жазылған. Автор осылай шетелше жазуға не зәрулік бар, кім мұқтаж соған? Деген сауалдарды алға тартады. Көрініс мемлекеттік тілге деген құрмет белгісін білдірмейді. Мақала әрбір ұлтым, елім, тілім деген азаматтың намысын оятары хақ. Ана тілінде жөндеп сөйлей алмай жүріп, ағылшынша атауға неге әуес болатындарын автор мына мысалдан көрсетеді. Қазақтың «KURALAI» сауда бутигінде қазақ халқының ұлттық орнаменттерімен безендірілген киімдер саудаланады, бірақ салонның аты латын әріптерімен жарнамаланған. «AIT»ерлер аяқ-киімі дүкені де солай. Екеуінің да иесі қазақ азамататыры, бірақ шет тілінде жазуға құмартып тұрғанын автор ашына жазады. Мақала соңында өз тілімізге өзімізден басқаешкімнің жаны ашымайтынын ұмытпайық деп аяқтайды.

          Қ.Мұқашевтің 2007жылдың  8 қыркүйегінде «Тіл жөнінде ел бізді үлгі тұтады тек қана осыған лайықты болумыз қажет» деген корреспонденция мақаласы жарық көрді. Мақала толықтай делік статистикалық мәліметтерге сүйеніп жазылған. Автор тілде қозғалыс бар екенін айтады. Республиканың біздің облысқа осындай сенім артуы үлкен қуаныш және ауыртпалығы зор міндет екенін басты назарда ұстайды.

          Ал Қилыбай Қуанышбайұлының «Ұлттық тіл-ортақ игілік» деген әдемі атаумен газеттің 2007 жылдың 11 тамызында жарық көрді. Мақаланың тақырыбы өзектілігімен қатар мазмұнды. Атаудың өзі айтып тұрғандай   мемлекеттік тіл Қазақстанда мекендейтін барлық ұлт өкілдерінің ортақ тілі болу керек. Алайда іс жүзінде бәрі керісінше екенін автор өз мақаласында толықтай дәлелейді. Мақала тілі сай-сүйегімізді сырқыратар күйінде жазылған.

        Ұлттық идея- адамзат тарихына көптен танымал феномен. «Ол ізгіліктің жолы ма, әлде қауіптің көзі ме?» деген сұрақтар қашан да қойылып келеді.

        Ұлттық идеяның ауқымы да кеңрулық, тайпалық идеялардан бастап, ұлттық бюрократиялық идеяларға дейінгі аралықтағы алуан түрлі көзқарастарды қамтиды. Ал Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет бірнеше ұлттық идеялардың, платформалардың өзара әрекеттесу, күресу, қақтығысу аясына айналып отыр.

         Әр ұлттық идеология ортақ мүдделермен бірге, елдің экономикалық саяси, ұлттық, мәдени дамуына байланысты өз түсініктерін алға тартады. Саяси идеологиялық плюрализм сияқты этникалық плюрализмнің болуы- заңды құбылыс. «Әкелері жүзім жеп, балаларының тістері тұтылған» дегендей, егемендік алған жас мемлекеттер тоталитаризм заманынан қалған көптеген қайшылықтармен кездесіп отыр. Сан түрлі мәселелердің астарларында тамыры терең ұлттық мүдделердің барлығы ақиқат.       

         Ұлттық идея- талай ұрпақтың  еңбегімен, қуаныш, қайғысымен сараланған дүние ғой. Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы. А.Сейдімбек айтқандай, «әрбір ұлт- өз болмысының авторы» ұлттың мұрат пен мүддесі, кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі, қайғы-қасіреті мен абырой-мақтанышы ұлттық идеяда көрініс алады. Сондықтан оның мәні қайшылықты, өрісі кең, ол күтпеген өзгерістерге толы.

          Ұлттық идея- рухани құндылықтарды жаңартуға үлкен дем береді. Отаншылдық тоталитарлық үстемдікті басынан өткізген жалаң интернационализмнің зардабын шеккен этностар үшін ол отарлаушы құлдықтан, ұлтсызданудан арылудың рухани тірегі. Сол себепті де бүгін

өткен тарихқа, дәстүрлікке, әлеуметтік тәжірибеге деген ынта өсіп, төлтума ұлттық ерекшеліктерге көз жеткізуге, нығайтуға күш салынуда. Бұл дәйекті түрде ұлттық сана қалыптастырып, біржақты еліктеушіліктен, басқа ұлтқа сіңісіп кетуден сақтандырады.

          Әр ұлт өз тағдырына тән мәселелерді өзіндік жолмен шешеді. Ұлттық топыраққа басқа өркениетті көшіру, тарихи тәжірибе көрсеткендей, күйзеліске әкеледі. Өзбектерді шведтендіруге, қазақтарды француздандыруға, орыстарды америкаландыруға болмайды.

         Ұлттық идея ойдан шығарылған қиял емес, ұлттық болмыстың, тарихтың көрінісі. Ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани мұра, ұлт рухы қоғамның дамуына бейімделіп, оған ықпал жасап отырады. Бұл өзара әрекеттестік ұлт мінезін шыңдап, байытады.           

         Қазіргі уақытта өзіміз қолданып жүрген ғылыми пайымдарға қарағанда әлемде 2300-ден астам ұлттар мен ұлыстар, этнографиялық топтар, сонымен бірге төрт мыңнан аса ұлттық тілдер, түрлі диалекттер өмір сүруде. Осының барлығы тарих пен табиғат тауқыметінің нәтижесі Әрбір тарихи кезең өз өрнегімен сипатталып, халық тағдырына тиісті ықпал етеді. Сондықтан әрбір ұлттың өмірінде, мәдениеті мен рухани-психологиялық келбетінде өткен жолдың іздері анық байқалып, ұлттық қадір-қасиет, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отырғаны мәлім.

         Ұлттық психология оның құрамдас бөліктері, ұлттық дағды, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тарихи жағынан алғанда саяхатшылар, саяси күдікті ретінде елде болғандар және т.б.  жазбаларында кездеседі.

        Дегенмен, қазақ халқының ұлттық психологиясы мен менталитетінің табиғаты жайлы кейінгі кезде ғана Н.Жанділдин, М.Сужиков, Сәбетқазы Ақатай, Н.Сәрсенбаев және т.б. еңбектерінен тиісті пікірлер тарады.

           1960-1970 жылдары тіптен ұлтық психологияның зерттелуіне қарсы ғалымдар да болған. Сондықтан ұлт мәселесіне, оның ішінде ұлттық психологияның ерекшеліктері мен ұлттық менталитетке жеткілікті көңіл аудармау, ұлттық көңіл-күйді, тарихи қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың әлеуметтік-психологиялық табиғатын бағаламау өкінішті жағдайларға әкеліп соғады. Оны тіптен социализм практикасының өзінен байқалып отырған келеңсіз құбылыстар көрсетіп отыр. Сондықтан, аталған мәселелердің зерттеліп, ғылыми тұрғыдан бағаланып, ұлтаралық қарым-қатынасты, ұлттық тәрбиені жетілдіруге жұмсалуы ешкімді де күмән туғызбаса керек.

        Ұлттық психология ерекшеліктерін түсіндірудің методологиялық негіздерінің бірі- оның табиғатын, жалпы адамзаттық, таптық-әлеуметтік және ұлттық арақатынасын ажырата білуде. Халықтардың психологиясы

ұлттың рухани бейнесінің маңызды жағының бірі. Ұлттардың рухани бейнесінің екі жағы бар: идеологиялық және психологиялық. Оның идеологиялық жағына әдебиет, өнер, ғылым, философия, дін, т.б. жатқызамыз. Әрине, рухани бейненің бұл жақтары өзара шартты байланыста болады.

          Ұлттардың психологиялық ерекшеліктері адам санасында халықтардың табиғи-материалдық жағдайының нақты көріністерімен қалыптасады. Ол өзінің түп тамырымен халықтар тарихының терең түкпірінен орын алып, оның пайда болған мезгілінен бастап дамуда.

          Ұлттық психология мен ұлттық менталитет адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдық, мәдени

жағдайының шарттарына лайық қалыптасады. Соның әсерінен ұлттың бойында мінез-құлықтың, сезімнің, талғам ерекшеліктерінің бірдей элементтері, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптары пайда болды.

          Біздің пікірімізше, ұлттық психологияның ерекшеліктері дегеніміз- халықтардың тарихи дамуының өзгешелігі мен әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірінің алғышарттарына байланысты қалыптасатын және мәдениет пен тұрмыстан, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан байқалатын ұлттық сезім-әрекеттің көрінісі, ой-пікірлері мен ықпал-қимылдың орнықты бейнесі әрі машықтанған дағдысы.

          Ұлттардың психологиясын туа біткен өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды. Қоғамдық дамуға, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты дамып, белгілі қасиеттерде жаңаланып отырады. Ал, ұлттық психологияның құрылымы жайлы әдебиеттер, пікір таласы жеткілікті.

         Осы бағытта жазылған тұжырымдарды саралап жан-жақты талдауға сүйене отырып, авторлардың пікірінше, ұлттық психологияның құрылымдық элементтерін ұлттық мінез-құлық, ұлттық сезім, ұлттық сана-сезім, ұлттық мүдде және әдет ғұрыптар мен дәстүрлердің психологиялық негіздері құрайды. Біз ұлттық психологиялық элементтердің басты-басты жетекші, жинақтаушы қасиеттерін ғана атадық. Оның ұлттық талғам, ұлттық үміт,

ұлттық көзқарас, ұлттық пікірлер, ұлттық өмір салты, ұлттық ой, ұлттық намыс, т.б. тарамдары өте күрделі құбылыстар. Оларды тарихшылар, фольклоршылар әдебиетшілер, психологтар мен педагогтардың кешенді түрде зерттеуі пайдалы нәрсе.

         Ал ұлттық психологияның элементтері мен ұлттық менталитеттің дәстүрлі талғамына зиянды нәрсе- жауапсыздық. Бұрын оған біржақты саясат пен идеология демеуші болды. Ұлттық тіліміздің шұбарлануы талғамның жаңа үлгісі емес, қысымға түскен ана тіліміздің тағдыры, оған қолдау болған жауапсыздық пен қырсыздығымыздың салдары.

          Ескімен күресіп жүріп жаңаның тәрбиелік мәнін, имандылық қасиетінің деңгейін естен шығарыппыз. Халқымыз құрметтеп, ғасырлар бойы сақтаған игіліктерді жаңаның тегеурінімен тұншықтырып, салт пен санамызда дәстүрлі адамгершілік азайып кеткенін енді ғана сезе бастағанға ұқсаймыз.

          Мәдениет пен өнеріміздегі жаңа талғам да тарихи бірізділікті жалғастыруда деп айту қиын. Жақсыда жаттық жоқ демекші, жаңаның лебі сезілгенмен рухани әсері шамалы, талғамдық деңгейі төмен әндер көбейіп кетті. Өлең мазмұны жауапсыз құралған, музыкалық әуені біркелкі ырғақты немесе даңғазалық айқай-шуы мол «шығармалар» ұлттық талғамнан аулақ жатыр. Ұлттық ән өнерінің де болашақ ұрпақ бойына патриотизм нәрін себуде де өзіндік орны ерекше. Қазақ мәдениетін Европа деңгейінде таратуда елімізге танымал «Ұлытау» тобының үлесі де зор. Сонымен бірге ұлттық өнеріміздің бір түрі  айтыс пен мүшәйра сайыстары туралы материалдар жариялауда облыстық «Атырау» газеті кенде қалған емес.

          2007 жылдың 13 қазанында Нұрзейнет Аухатованың «Махамбеттің жырлары елдікке, ерлікке тәрбиелейді» атты мақаласы «Жыр-семсер» айдарында жарық көрді. Мақала республикалық байқауға арналып, ақпараттық сарында жазылған. Мүшәйраға қанша адам қатысқаны, кімдер төрағалық еткені, Махамбеттің қай өлеңдері көбінесе оқылғандығы туралы мағлұматтар береді. Дегенмен мазмұны жағынан аталмыш мақала зор тәрбилік мәнге ие. Өйткені байқаудың діттеген мақсаты-өнерпаз жыршы, күйші, ақын жастарды анықтау, Махамбет шығармашылығын кеңінен насихаттау. Нәтижесінде Махамбеттің 60 өлеңін жатқа айтқан жас талант иесі табылды. Жандос Қабатов батыр бабамыздың 60 өлеңін жатқа айтып, байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Автор аталмыш мақалада байқауды жазумен қатар Махамбет пен Мұрат ақын жатқан Дендер топырағын әрбір жас жеткеншек жүрегінің бір бұрышында ұстап жүру керектігі жөнінде ой тастайды. Махамбеттің ерлікке үндеген рухы бүгінгі ұрпақтың жан сезіміне терең бойлауы тиіс деп есептейді.

          «Атырауда ақын жоқ деп кім айтты?»деген Адайбек Сәдірұлының жүрекжарды мақаласы 2007 жылдың 24 ақпанда облыстық газетімізде жарық көрді. Авторды «Ақыны азайған Атырау» атанып жүргеніміз қатты мазалағаны аталмыш мақаладан ап анық көрініп тұр. Кезінде талай-талай тарлан таланттарын айдай әлемге танытқан Атырау аймағы неліктен осындай пұшайман халге душар болып қалды деген ойды да тілге тиек етіпті. Бірақ, соңғы болып өткен айтыстарда жерлестеріміз жылыойлық Салауат Исақаев пен исатайлық Саадат Нұрманов ақындарымыздың жарқ етіп, бірден республика жұртшылығының сүйіспеншілігін жаулап алуы осы кезге дейінгі көңілімізді тұмшалап келген қорғасын бұлтты кейін қарай мүлдем серпіп тастағандай болып, жерлестерін үлкен қуанышқа бөлегені үлкен жаңалық болды. Бұдан автор қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақты үлгі-өнеге болсын деп мәдениет саласын өркендетуде өзіндік үлес қосқан тұлғаларды білуге шақырады. Мақала тақырыбы әрине өзекті. Өйткені жастарымыздың ұлттық рухани құндылықтармызды, қоғам қайраткерлерін білмей жататын кездері де аз емес. Сол себептен автор өнер майталмандарын жалпақ жұртқа паш ету мақсатында қолына қалам қалаған.

          Осы айтыс өнеріне байланысты тағы бір материалды талдап көрсек. 2007жылдың  24 шілдесінде Қ.Ораздың «Құлыным деп қолдайтын халықты көрдік». Мақала шағын корреспонденция түрінде жазылған. Онда айтыс өнерінің шығу тарихы және атыраулық ақын Салауат Исақаевтың соңғы ақтық сайысқа дейін жетіп, қанжығасына екінші орынды байлауы мақтанарлық жағдай екендігі туралы сөз қозғалды. «Қазақстан» ұйымдастырған айтыс Атырауда саңлақ айтыскерлерін барын, сөз шеберін айыратын, шешенін құрметейтін қалың ел барын автор мақтанышпен айтады.                                                                                                                                                                                                                                              

        Осыдан келе мұнайлы астанамыз өзі ақындар айтысын ұйымдастыруды қолға алды. 2007 жылы 28 сәуірде «Жыр айтылды тыңдайтын құлақ болса» атты Рахмет Иманғалиевтің мақаласы сөзімізге дәлел.                                                           

         Үш автордың мақаласының көтеріп отырған тақырыбы бір ол тек қазақ халқының маңдайына біткендей көрінетін ежелгі өнер додасының шымылдығын қайта ашу еді. Мақала тақырыптары да мазмұны да өзекті. Жатық тілде баяндау сарынмен жазылған. Сөз мәнері, ойды ашу тәсілі дәл. Елді ойлантар құнды пікірлер айтылған. 

         Мүмкін олардың көпшілігі демократия мен пікір бостандығына еркінсіп жүрген болар. Әйткенмен, халқына деген сезімі бар жанашыр азамат сапасыз өлең мен әнді ресми өткізгенде алдымен оның көпшілікке, әсіресе, жастарға тигізер пайдасы мен зиянын жете ұғынса шынайы имандылық бұл мәселеге дер кезінде төрелік жасап отырса өнердегі ұлттық талғамның өрбуіне үлес болып шығар еді.

         Ұлттық психологияның құрылымдық элементтерінің күрделі ірі- ұлттық сана-сезім болып табылады. Ұлттық сана-сезім дегеніміз өзінің ұлттық өкілдігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, халық мұраларын, мақтанышын бағалай білу, ұлттық мүдде мен оның қажет болғандығы азаттық қозғалысы үшін қимастық борыш сезім.

        Ұлттық сана-сезім ұлттық психология ұғымынан гөрі шағын ұғымды білдіреді. Ол ұлттарды бір-бірінен ажыратып тұратын айрықша белгі емес, тек әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ұлттық психологиядан тыс өмір сүрмейді. Ұлттық сана-сезім өз ұлтының әлеуметтік-этникалық мәнін түсіну.     Ұлтаралық қатынастарда қандай жағдайда ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлгісі барын ұғыну, әрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүруін, т.б. жағдайларды жете түсіну болып табылады.

         Халықтардың сана-сезіміндегі терең айырмашылықтар олардың өмір сүру жағдайларының түрліше деңгейінде, әр қилы басқыштарында болуы

салдарынан. Өткен тарихымыздағы отарлау кіріптарлығы, кеңес дәуірінің партиялық-таптық әкімшілік жүйесі қазақ халқының рухани өмірі мен менталитетіне зиянды таңбаларды қалдырды. Қиындығы мол, қарама-қайшылығы ширыққан саяси дәуір тынысын тоқтатты.

         Тағдырдың әлеуметтік тізгіні ұлттың өз қолына берілді. Тарих пен қоғамның белесі ұлттық қарым-қатынастар құбылысы үшін тағы бір жаңа кезең ашты.

         Ол- егемендік алып, тәуелсіздік туын тіккен Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық қатынастардың дүбірлі көшіне ілесуі еді. Жаңа әлеуметтік жағдай жаңаша ойлау мен тарихи бағалау, демократия мен жариялылық талаптарына дөп келді. Пікір бостандығы орнады. Бұндай күрт өзгерістер де рухани-психологиялық, саяси пікірлердің дамуына қарама-қайшылықтар әкелді.

         Себебі, бұл ұлы көшке біз алдын ала дайындықсыз кірістік, соның салдарынан саяси мәдениетіміз осындай рух бостандығына тиісті дағдыларды, элементтерді сіңіріп үлгерген жоқ. Тіптен өзіміз заңды жалғасы болып отырған кешегі социализмнің көрсеткіштерін, рухани бірлігін түбірімен жоққа шығару да кездесіп жүр. Өткен тарихсыз болашақ басталмайды, сондықтан біздің пікірімізде, тағдырымызда жинақталған әжірибе, өнеге-игіліктер бүгінгі таңдағы жаңа жағдайда ескерілуі тиіс. Тарихи мұраны талғампаздықпен пайдалана білген абзал.

         Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Соған орай ұлттар мен ұлыстар ортақ мақсат, ортақ мүдде үшін күресіп, олардың экономикалық-әлеуметтік, саяси-құқықтық және рухани қадамдарында өзара ынтымақ пен түсіністік үйлесуі қажет. Әлеуметтік-саяси тәрбиеде жалпы-қазақстандық патриотизм сарыны жоғары тұруы керек. Бұл заңдылықтардың жүзеге асуы ұлтаралық кикілжіңге жол бермеудің кепілі. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы деп төбемізді көтереміз. Олар қашан өз Отаным, жерім, мемлекетім деп еміренетін кезкелді емес пе? Неге олар үндемейді. Қазақстан мемлекеті тек қазаққа ғана керек пе? Көп ұлтты деп мақтанамыз.

            Еліміздің өтпелі дәуірдегі саяси-әлеуметтік негізі мен болашағы «Қазақстан-2030» стратегиясында нақтылы бағдарланған. Ол республикадағы ұлттардың өзіндік сұраныстарын зерттеуге, олардың дамуына қатысты Қазақстан Республикасы  Конституциясының қағидаларын жүзеге асыру жолдарын айқындаған құжат. Бұл орайда мемлекеттік органдардың қызметі әуел бастан халықтар арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға, олардың рухани бірігуіне және татулығына бағытталғаны маңызды.

          Ортақ отанымыздың мүддесі үшін барлық ұлт өкілдері қазақстандық патриотизмді жоғары ұстау дәрежесінде ұмтылуы керек. Оның басты күші, қамқоршысы әрі тірегі- қазақ ұлты. Қазақ азаматтарының ынтымағы, бірлігі, бастамашылдығы, ортақ мүддесі- жаңа әлеуметтің қадамына деген жауапкершілік пен парызды көтерулері керек. Қазақ патриотизмінің белсене атқаратын міндеті осы тұста нақтылы байқалмақшы.

          Экономикасы аяғына жем түскен аттай кібіртіктеген әне бір жылдары Қазақстан да бала сатуды «біссіміллә» деп бастап кеп жіберген. «Бала сатсақ, байимыз» деген кейбіреулердің ұсынысы ма, кім білсін?!

Осы жөнінде сөз қозғаған «Атырау» облыстық газетінің тілшісі Елена Таңбаева- «Жетімнің құны- 20 000 доллар!»-деген тақырыпта 2006 жылдың 5 тамызында  қақшитып тұрып мақала жазыпты: Соған қысқаша тоқталсам:

       Өз қотырымызды өзіміз қаси беріп қайтейік, қолымызға қалам алғандағы басты мақсатымыз- оқырманды шетелдегі жетімдер үйі мен олардың баланы көбіне қай елдерден, қалай, қаншаға сатып алатындығынан хабардар ету ғана. Сонымен сіз де біле жүріңіз… Әуелі шетелдегі жетімдер туралы.

  •  «Өркениетті Еуропа елдерінде жетімдер үйі деген атымен жоқ. Әсіресе Америка мен Еуропада бала, отбасы мәселесі мемлекеттік саясат шеңберінде талқыланады. Көрдіңіз бе, шетелдіктердің болашағына қалай мән беретінін? Дегенмен оларды сүттен ақ, судан таза дей алмайсыз: баладан бас тарту оқиғалары анда-санда болса да кездесіп қалады. Ондай жағдайда тиісті мемлекеттік органдар ата-ананың «ойланып-толғануына» мұрсат береді. Ойынан айнитын болар деген дәме ғой. Оның үстіне Еуропада «өгей отбасы» деген жүйе тағы бар. Оның мәні мынада: тиісті орындар ата-анасы бас тартқан сәбиді балаға зәру отбасына береді. Егер әлгі отбасы балаға ұнамаса, ол өз ойын ашық айтуы тиіс. Сосын осы іспен айналысатын әлеуметтік орындар баланың көңіліне жағатын отбасын тапқаннан кейін ғана құжаттарды рәсімдеуге кіріседі. Осы себепті де шет мемлекеттерден жетімдер үйін таппайсыз».

           Ал шетелден бала сатып алмаққа ниеттенген алпауыт елдің азаматтары сіз бен біз ойлағандай жетімдер үйін кезіп, табандарынан таусылып әлекке түспейді. Отандарында отырып-ақ арнайы агенттіктердің көмегін пайдаланып, баланың суретімен және медициналық картасымен танысады.        Ұнап қалса, қалтасын қамдай бастайды. Шетелдіктер бала асырап алу үшін 30-40 000 АҚШ долларының басына су құятын көрінеді. Қараңыз. Бауырына бала басқысы келген шетелдіктің қолына арнайы агенттіктер көрсетілетін қызметтің құны жазылған бір жапырақ қағаз ұстатады. Ал қалғаны жаңқалтаңның қалыңдығына байланысты өз шешімін табады.

Бұл жөніндегі Әділет вице-министрі Серік Нұғмановтың пікірі де бір-бірін толықтырғандай болды:

  • «Бәрін заң жүйесінде реттеу қажет. Әрбір жетім қалған баланың отбасында тәрбиеленуге құқығы бар. Сондықтан өзімізден болсын, шетелдіктерден болсын, бала асырап аламын деушілер табылса, баланы отбасында тәрбиелеу құқығынан айырмау қажет. Мысалы, бала науқас болып, ондай балаға өз елімізде дәрігерлік көмек көрсету мүмкіндіктері болмаса, шетелден келіп: «Мен ауру баланы алып емдетейін, құқығын бұзбаймын» десе, неге біз бұған тыйым салуымыз керек? Сол сияқты балаларымызды асырауға алған шетелдік отбасын бақылайтын құзыретіміз болуы тиіс».

          Міне, бұл жерде біздің олардан үлгі алар тұсымыз өте көп. Себебі жетімдер үйінің атымен жоқ болуы- олар үшін үлкен мәртебе. Ендеше біз де сол үлгі-өнегесін өз елімізге қолдануымыз шарт.    

          Қазіргі кезеңде ұлттық тәрбиенің де маңызы жоғары. Осы бағытта жалпы азаматтық және ұлттық қасиеттердің айқындалуы, оның табиғатының анықталуы да адамгершілік белгілерін ашып, анықтай түседі. Ғалымдар

тарапынан тәрбиенің мұсылмандық моделі деген қағида шығып жүр. Жалпы мұның да анық-қанығын, негізгі принципті мәселелерін тәлімдік процеске қолдануға болады.      

          Қазақ халқының ғасырлар бойғы шаруашылығы, әдет-ғұрпы, тілі, дүниетанымы, мәдени рухтық өрісі ерекше. Соған орай ұлттық психология мен ұлттық менталитеттің арақатынасы, ортақ мазмұны мен табиғаты, құрылымы мен пішіндері жеке зерттеліп, ұлттық тәрбие құралының элементіне айналғаны жөн.

          Ұлттық қасиеттің ең жоғарғы белгісі тіл болса, келесі бір үлкен белгісі- мәдениет. Әрбір халықтың жеке мәдени әлемі- тұнып тұрған рухани қазына, қайталанбас өрнек, таусылмас жан азығы. Тіл мен мәдениет әрбір ұлттың- негізгі белгілері, негізгі қасиеті.

         Адам біткеннің сыртқы бейнесі мен ішкі мінезі бірінен-бірі айнымайтын ұқсас болып келсе, адамдар біріне-бірі оншама тартымды болмас еді. Сол сияқты әрқилы ұлттар, әртүрлі ұлттық өрнек пен нақыш болмаса, адамзаттың өмірі де мүлдем қызықсыз әрі жұтаң болғандай еді. Адамзат аясында әртүрлі халықтар мен ұлттардың болуы әрбір ұлтқа тән жеке ойлау қабілетін, жеке ой-сана әлемін қалыптастырды. Әрбір халық- даналық иесі, даналық істердің қайнар бұлағы. Халықтың дана болатындығы оның ой-санасы сан замандардың, ғасырлардың мәдени өрнектерімен, оқу-білімімен, рухани толғаныстарымен, сан қабат дәстүрлерімен толығып тұрады. Сонымен қатар халықтың мінезі, ісі, қарекеті әділдік пен мейірімділік, жақсылық пен қайырымдылық тәрізді рухани үлгілермен заман өткен сайын шыңдалып, зерделене түседі.

        Бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың кезіндегі өмір мен қазіргінің арасы жер мен көктей. Ол кезде қазақ елін құртып жіберуге әкеліп барып, біздің зиялы қауымдарымыздың арқасында бүгінде біз осындай егемендік алған ел атанып отырмыз.

          Ұлтшылдық- большевизмнің ата жауы. Сондықтан алаштың Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов сынды озық азаматтарының «Оян, қазақ!» деп көтерген ұраны большевизмге қарсы атылған оқ болды. Осы «Оян, қазақ!» Ұранының өзі төніп тұрған патриотизм емес пе?

           1986 жылы «Оян, қазақ!» деген ұран қайта жаңғырып, «қазақ ұлтшылдары» атанып жапа шеккен, атылған алаш азаматтарының рухы халық махаббатына бөленіп, ұлттық сана бой көрсетті. Сондықтан «Желтоқсан оқиғасының» ілімдік негізі- ұлтшылдық болатын.

          Кеңес заманында ұлтшылдар дегеніміз- «халық жаулары» дегеннің синонимі болды. Мәселенің байыбына барсақ, ұлтшылдар деп жүргеніміздің әрі алаш азаматтары болып шықты, отызыншы жылдары бандиттер туралы мол айтылды, жазылды, енді жаңаша ойлау тұрғысынан зерделесек, олар кәмпескеге, ұжымдасуға қарсы көтерілген халық жасақтары екен. Сонда ұлтшыл деген кім? Ұлтшылдық деген не?

          Қазақ халқы өз жеріне ие болу үшін орыс шаруаларының миграциясын тоқтату керек деген Бақытжан Қаратаев па ұлтшыл? Жоқ, бұл- қазақтардың атақонысына ие болсын деген заңды талап. Немесе еліміз өз алдына дербес мемлекет болсын деу ұлтшылдық па? Олай болса ағылшындарды қуып шыққан үнділердің бәрі ұлтшылдар, ұлттық тәуелсіздігін алған бүкіл Африка елдері азаматтарының бәрі- ұлтшылдар.

          Ұлтшылдары болмаған жұрт ешқашан елге, жерге ие болмақ емес. Ұлттық мемлекетті тек солар ғана құра алмақ. Дәл осындай жағдай Үндістанда болған, дәл осындай хал Қазақстанда ХХ ғасыр басында көрініс берген. Одан кейінгі жылдары ұлтшылдар лениндік ұлт саясатына сәйкес болмағандықтан саяси қуғынға ұшырады. Алдағы алапат қырғын туралы Ахмет Байтұрсынов сезді ме, жоқ па; оны бір құдай білсін, бірақ ойын жасқанбай білдіріп отырды. Біз кейінгі ұрпақ білеміз, еркін ойлау мүмкін болған (оның басты себебі НЭП саясаты еді) жиырмасыншы жылдардан кейін қаһарлы отызыншы жылдар (кулакты тап ретінде жою, тәркілеу науқаны) келген. Саяси сахнада әлі Сталин және сталиншілдер жоқ, уақытша ойлау еркіндігі бар-ды. Сол Ахмет Байтұрсынұлы «интернационалды» қазақша «бибауырмал» деп дұрыс аударған. Осы интернационал-бибауырмал саясатын қазақ қалам қайраткерлері қалай қабылдады дегенге келсек, оған А.Байтұрсынов  мынандай тұжырымды пікір айтқан:

  • «Қазақ баласын ұлтым, жұртым, бауырым деп үйреніп қалған қазақтың бауырмал қалам қайраткерлері октябрь өзгерісі болғанда бірден интернационал (бибауырмал) болып өзгере алмады. Сондықтан бибауырмалдық жолға қызмет қылып, басшылық қыла алмады. Бауырмалдық жолында қаламмен қайрат етуін бибауырмалдық жолындағы үкімет қош көрмейтін болды». Мінеки, «отызыншы жылдар», 1922 жылдың өзінде бой көрсете бастады».

         Ұлтшылдық туралы лениндік түсініктен арылатын мезгіл жеткелі қашан. Ұлтшыл деген сөзде еш кінә жоқ. Оған үрейлі айдар таққан Ленин және оның әріптестері. Енді өз сөзімізді өзінің бастапқы мәнінде қолдансақ деймін. Егер Мағжан Жұмабаев пен Тұрар Рысқұлов ұлтшылдар болса, дәл бүгінгі күнге керегі дем осындай ұлтшылдар.

          Ұлтшылдық туралы терең пікір айтқан адамның бірі Джавахарлал Неру. Ол өзінің «Индияны ашу» деген еңбегінде былай деген: «Менің Үндістанға қатысты, әр түрлі жағдайларға қатысты ойларым қызу қанды әрі шектеулі болды. Осындай менің еліме қатынасым ұлтшылдық формасында болатын. Мұндай жайлар көптеген адамдарда кездеспеуі ықтимал, ал қазіргі Үндістанға ұлтшылдық қажет және де ол табиғи, қоғам өміріндегі керекті сау құбылыс. Әлемдік тарих тұрғысынан қарасақ, ұлтшылдық интернационализм мен пролетарлық қозғалыстар нәтижесінде жойылатын сияқты. Бұл теріс пікір, ұлтшылдық- халықтардың қозғаушы күші, онымен бірге сезімі, дәстүрі,

мақсатты өмір сүрудегі бағыт-бағдары ортақтығын айқын білдіреді».

           Неру ұлтшылдықты ұлттық, патриоттық идея мәнінде түсіндірген. Демек, ұлтшылдық- тәуелсіздікке бастайтын рухани күш. Бұл ұғым жоқ жерде тәуелсіздік туралы сөз мәнсіз. Ұлтшылдық әрбір халыққа тән. Қазақ  ұлтшылдығы 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы арқылы көрінді.  

           Бүгінгі таңда қазақ халқының іргелі ел болып дүниежүзілік қауымдастықтың ортасында өз тиісті орнын алып отыруына толық мүмкіндігі бар. Қазақ халқы- жеке тәуелсіз егеменді мемлекеттің иегері. Жер байлығы жағынан Қазақстан дүниежүзіндегі оншақты мемлекеттің бірінен саналады. Қазақтың ұлттық менталитеті қуатты әрі жігерлі, шығармашылық мүмкіндігі мол. Қазақстан халқының білімдік деңгейі жоғары , осы заманғы ғылым мен технологияны меңгеріп, жүзеге асыруға мүмкіндігі жеткілікті.             Соның өзінде қазақтың ұлттық бірлігіне, тұтастығына нұқсан келтіріп тұрған кейбір жайттар да баршылық. Соның бірі- тіл мәселесі. Бүгінде туысы бір қазақ баласы екі түрлі тілдік ортаға бөлініп отыр, жартысы қазақша сөйлеп, ой толғаса, жартысы- орысша сөйлеп, ой толғайды.

           Бүгінгі заманда дәл қазақтай өз туған тіліне өзі ие бола алмай отырған халық некен-саяқ. Тіл- рухани бірліктің негізі. Туған тілінен айрылған халық билігінен де айырылады, ондай халықтың ұлттық мәдениеті де кең өріс алып, дами алмайды,-делінген. Біздің патриоттық санамыздың тереңдей түсуіне осындай зиялы қауымның жетіспейтіндігі қынжылтады.

   

 

 

 

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамды улаған рухани дерт…

 

         Бүгінгі таңда қазақ баспасөздерінде соның ішінде «Атырау» облыстық газетінде  кең қамтылып жүрген тақырыптардың бірі — рухани дүние. Біздің қамтитын өзекті мәселеміз де осы болмақ. 

        «Қазақстандық ұлт»… бұл қаным қазақ дейтін адамның естігісі келмейтін сөзі. Ақыры естіді. Енді ести береміз, қашан Қазақстанда тобырдан, келімсектерден құралған «ұлт» пайда болғанша, біздің санамызды осы жаңа «идея» жаулап бітеді. Онсыз да ұлттық мінез-құлқымызды жоғалтып бара жатыр едік. Жаңа «бастама» тіпті жақсы болды. Жер бетіндегі екінші Америка енді біз болмақшымыз.

  • «Қазақ ұлтының бүгінгі тынысы күрделі. Ұлтқа төніп тұрған қауіп- ұлтсыздық. Бұл асқынып кеткен дерт, оның микробтары ұлттық организмді кеңінен жайлаған. Алдын алса ұлтсыздықтан, орысшылдықтан бара-бара айығуымыз да мүмкін, ал бұл мәселедегі немқұрайлылық, самарқаулық ұлттың түгелдей ассимиляцияға ұшырауына әкеледі. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы қазақ ұлты- тарихи жол торабында тұрған ұлт»./15, /.

         Шыныменде, әр адамның саусағының өзіндік, қайталанбас таңбасы болатыны сияқты ұлттық мәдениеттің, мінез-құлықтың ерекшеліктері де дараланып, бірден көзге түседі. Бір кездегі өркениетті өрге сүйреген садақ пен найза сияқты бүгінде түрліше техника жетістіктерін, компьютерді, факсті пайдаланып, бірақ неміс, араб, жапон болып қалуға болатынын көрдік. Техникалық өркениет ұлттан тыс. Жапондықтар жапондық, арабтар араб болып қала береді, ал қазақтар басқа ұлттармен шектен тыс жақындасып, ұлттық болмыстан алыстап кетті. Орыстармен араласқан заманда алыс-берістен гөрі, қантша еріп, олардың арасына сіңіп бара жатырғанымыздың себебі неде?

          Бұл ретте XV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында өмір сүрген итальяндық ойшыл Н.Макиавелли:

  • «Ұзақ уақыт құлдықта болған халық еліне деген құштарлықтан, патриотизм мен имандылықтан айырылып, көнгіш, жалтақ, тіл алғыш, жағымпаз болады»,- деген екен. «Және ол мұндай жұрт кездейсоқ жағдайда табылған еркіндікті де пайдасына алмайды»,- депті.

          Кейде осы итальяндық философ біз туралы айтып отырған жоқ па деген ойға да қаласыз…

          Иә, шыныменде қарасақ, еркіндік алдық,  өз мәселемізді де өзіміз шешіп жүрміз. Бір қарағанда бүкіл дүние жүзі халықтары алдында өзіміз өзімізге жауаптымыз. Ерікті халық- тарихтың субъектісі, сол себепті де оның жүгі ауыр, ол көп ұлттың бірі емес.

          Олай деуіміздің нақты себебі  де бар.  Оған мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаевтың мына бір мақаласынан көз жеткізуге болады.

  • «Алматыда Республика сарайында өткен айтыстан кейін көкірегімді әлдебір мақтаныш керіп, үйге сыймадым. Әрі бірнеше сағат тапжылмай, жыр тыңдап отырған соң бой сергітуім керек еді. Сонымен түнгі көшені аралап келе жаттым. Әр жерде топ-топ қазақ жастары отырды. Мына қырсықты қараңыз, олар өзара орысша тіл қатысып отыр. Орысша деген- аты. Пушкиннің, Лермонтовтың, Толстойдың тілі емес. Тіпті берідегі жаңарған орыс тілі болсашы. Біздің қазақ балалары орысша «сленг», қазақша «дәлдүріш» деңгейде сөйлесіп отыр. Манадан кеудеде маздаған мақтаныш шоғына біреу мұздай су құйып кеткендей мазасыздандым»…,-деп ішкі толғанысын білдірген министр әрі қарай өз ойын былайша жалғастырады:  
  • «Иә, біз қазақ тілінің барлық айшықтарын бүкіл ел тұрғындарына жеткізуіміз керектігін»,- баса айтып өтті. «Ол үшін қазақ тілінде басылатын кітаптардың тиражын он еседен отыз есеге дейін өсіру керектігін де тілге тиек етті.  Қазақстан басқа салаларда бір кездегі Кеңес одағы тұсындағы көрсеткіштерден қарыштап алға түсіп кетті. Енді кітап шығару ісінде сол межеден асып түсуге тиіспіз…

          Абай даналық ойдан қазақты жер жүзіне мәшһүр етсе, мемлекет басқару ісінде Назарбаев қазақты танымал жасады. Біздің Президентті осы қасиеті үшін қазақтарды айтпағанда, елімізде тұратын, тіпті көршілес мемлекеттердегі барлық адамдар жақсы көреді. Тек қазақ тілімен шектеліп қалса, ол кісі мұндай құрметке бөлене қояр ма еді? Демек, қос тілділіктің арқасында өзі бүгінгі жетістікке жеткен Президент болашақта қазақ жастарын үш тілді еркін меңгеруге шақырып отыр. Бұл- көреген адамның сөзі, данышпан тұлғаның өсиеті. Біздің жастарымыз оны бұлжытпай орындауы керек.

         Менің ойымша, егер барлық қазақ ана тілінде сөйлеп кетсе, кешікпей-ақ бізге көршілес қырғыз бен өзбек, әріректегі түркімен мен әзірбайжан, алыстау жатқан түрік пен басқа да түркі тілдес бауырластарымыз қазақ тілін қабылдап кетуге бейім. Аймақтағы экономикалық лидерлік жағдайымыз бұған мүмкіндік береді. Соны уыстан шығарып алмайық деймін»,-деп Е.Ертісбаев өз сөзін тұжырымдайды. /16, /.

        «Атырау» газетіндегі бұл мақаладан тіліміздің қандай жағдайда екенін елестетуге болады. Сондықтан да қазақ ұлтының нағыз ұлт болып қалуына жапатармағай күш салуымыз қажет. Бұл ретте не істеу керектігін қазақтың ғалым, ұлт ойшылдары:       

  • «Өз ұлтына, тіліне, мәдениетіне салқындық білдіру- ақ сүт берген анасының омырауын тістеумен бірдей жабайылық. Оның басты себептерінің бірі- ұлттық экономикадан ұлттық тілді шеттету дедік. Тілді бүгінгі кәсіпкерлікке, кәсіпкерлерді тілге бейімдемей ұлт болып ұю қиын. Ұлтсыздану дертінен арылудың ең басты емін тек тілмен байланыстыру біржақтылық болар еді. Ең басты міндет-  қазақы рухани орта қалыптастыру»,  —десе, ал социолог-мамандар оның негізгі бағыттарын былай деп келтіріп жүр: 

           «1) Тарихи сананы тереңдету;  2) Өзіндік өркениетті, мұсылманшылықты, дәстүрлікті жаңғырту; 3) Түркі, қазақ мәдениеттерінің басқа өркениеттерге ықпалын, алыс-берісін айқын көрсету; 4) Үзіліп қалған рухани дәстүрлікті жандандыру және дамыту үшін ұлтсыздануға ұшыраған қазақ ұлтының әртүрлі тобына арналған ұлттық мәдени бағдарлама негізінде ұлттық тәрбие жұмысын ұйымдастыру, ақпарат құралдары жүйесінің жұмысын түбегейлі ұлттық рухани мақсатқа бейімдеу»./17, /.

         Расымен де, тәуелсіздік алғаннан бері де 10 жылдан астам уақыт өтсе де, салт-дәстүріміз енді-енді алға басып, алшаңдап жүріп келеді. Сол себепті де осы аталған бағыттар бойынша адымдап емес, кең құлаштап жүрсек, ісімізден бір нәтиже шығары анық. Бұл жәйтті бүгінде облыстық «Атырау» газеті ғана емес бүкіл қазақ баспасөзі жарыса жазып жүр.  

         Бұл тұрғыдан біздің қазақтың миссиясына келсек, ұлт мүддесін алдыңғы қатарға қоятын «Атырау» газеті оған былайша түсінік берген екен:  Яғни, біз мысалға алғалы отырған мақаладан нағыз шындықты көзге елестете аласыз.     

  • «Қазақ өз тағдырын ұлттық рух пен ұлттық шығармашылық, мәдениет пен ғылым арқылы еңсесін тіктеуге тырмысты. Көрнекті қазақ ғалымдары мен мәдениет қайраткерлерінің азаттық сүйгіш қазақ халқының өрлігін паш еткен шығармашылық еңбегі тәуелсіз  қазақ мемлекетінің іргетасы болып қаланды. Ал қазақ рухының асқақтаған тұсы-  қылышынан қан тамған қызыл империяға қарсы қазақ жастары ерлікпен қарсы тұрған 1986 жылғы желтоқсандағы көтеріліс кезі. Жастардың қаһарман бейнесі арқылы қазақ халқы өзінің тарихи тағдырын өзі анықтай алатынын паш етіп, ұлттық ар-намысының туын желбіретті». /18,/.

 

          Сондай-ақ, баспасөздегі енді бір мәселе ол аралас некенің пайда болуы. Ұлтсыздандыруды мақсат еткен кеңестік идеология бар жақсылықты да, бар қамқорлықты да аралас некедегілерге жасады. Қазір ондай «интернациональный» отбасыларды мақтан тұтатын кез емес. Өз жерінде жан саны 16 млн-нан аспай отырған қазақ балшықтан қазақ жасай алмай әуре.

         Ал аралас некеден туған балалардың болашағын ойлағанда, оның залалына көзің жетеді. Мына бір мысал соған толық негіз бола алады:

  • «Кәрістің қызына үйленген бір ағамыздың үйінде қонақта болғаным бар. Сонда олардың қызы Элладан әдейілеп, «ұлтың қандай?»- деп сұрағанмын. Кішкентай Элла: «Я на половину казашка на половину кореянка» деді тақ-тақ етіп. Ал Светлана жеңгеміз: «Да, мы ее так научили, чтобы никому из нас не было обидно» деді жымиып, ағамыз үнсіз, төмен қараған күйі шайын сораптай берді. Бірақ Элла не қазақша, не кәрісше сөйлей алмайды. Сонда кімге «обидно» болуы мүмкін. Қыздың әкесі қазақ болған соң, оның ұлты да қазақ емес пе?!»-деп журналист Клара Нақып ой түйеді. /19,/.

           Иә, расында аралас некеден туған бір баланың «қазағым», «ұлтым», «менің тілім» деп тұрғанын көрдіңіз бе, айтыңызшы?… Бар шығар-ау, бірақ, некен-саяқ. Аралас неке түгілі «таза» қазақ отбасынан шыққандардың өзін қазақ ете алмай жүрміз. Сонда деймін-ау, қазақтың қыз-келіншектерінің ұлттық генафоны әлсіз, ұлттық «иммунитеттен» жұрдай болғаны ма?  

           Журналист Болысбек Тазабек  келтіргендей, қазақтың тағдыры, шындығы, қаупі осындай. Біз одан не ұқтық? Ұлтсыздық ел өміріне  келген дерт екеніне көз жеткіздік.

           Тәуелсіздік есігін ашқанымызға 16 жылдан асса да, сол баяғы бұрынғы қалпымызда орысшаны шүлдірлеп, қазақшаны реті келгенде айтып алға адымдап келеміз. Ендеше, осы ұлт өміріне төніп тұрған қауіптен тезірек құтылу үшін бәріміз жаппай жұмыстануымыз қажет.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық арнаның баспасөздегі сипаты

 

          Қазақ баспасөзінің арқау етіп көтеріп отырған тағы бір тақырыбы-  ұлттық арналарда көрсетілетін хабарлар мен кинолардың маңыздық сипаты.      Әсіресе, соңғы жылдары экранның  бетін шетелдік хабарлар мен фильмдер жаулап, оған қоса ұрпақты аздырар түрлі жарнамалар пайда болды. 

         Тіпті, бұл ретте біздің отандық кино саласындағы «майталмандар» патриоттық фильмдер түсіруді ұят санайтын секілді. Оқулықтарда, әдеби шығармаларда Ұлы Отан соғысы кезінде ерлігімен әлемге әйгілі болған қазақтың ұл-қыздары туралы қаншама құнды дүние бар. Алайда, олардың образы кинода жоқ.

          Керісінше, ең керегі кішкентай мектеп жасындағы іні-сіңлілеріміз де үлкендердің кебін киіп, шет елдің сериалдарына ынтызар болып, тіпті соны қайта-қайта қарауға дәндеп алды. Оның айқын дәлелін төмендегі бір ғана мысалдан көруге болады:

  • «Қазақстан телеарналарында көрсетілген мектеп жасындағылар жөніндегі «Я люблю его, мама», «Мятежный дух» сериалдары оқушыларды бірден баурап алды. Алғашқысы кішкентай телекөрермендердің арнайы сұранысы бойынша эфирде 3-4 рет қайталап берілді. «Онсыз маған өмірдің мәні жоқ, оны ешкімге, ешқашан бермеймін»,-деп сайраған 13-16 жастағы оқушы қыздар тамаққа берген ата-ана ақшасына Пабло, Мануэльдердің суреттерін сатып алып жатады. Телехикаялар көрсету тұсында біздегі фанаттар да кумирлерінің суреттері бар дәптер, плакат, күнтізбелерді сатып алып біраз шығындалыпты». /20,/.

         Қарап тұрсақ, Айсұлу, Жамал, Ақерке, Гүлшат есімді бойжеткендерді тек алыстағы ауылдан іздеп табуға болатын тәрізді. Қазіргі Клара, Неля, Лейла, Миланаға айналған қазақ қыздары болашақта өз ұрпақтарын Милена, Мия, Ванесса деп «әдемілеп» атауы әбден мүмкін.

          Жастардың нағыз қазақы есімдерді менсінбеуінде теледидарды жаулап алған сериалдардың ықпалы ерекше. Сондықтан, балаңыздың да өмір  шырмауықтай телесериалға айналмас үшін оның немен «қоректеніп» жүргенін назардан тыс қалдырмағаныңыз абзал.

         Осыдан кейін батырларымызды киноға шығарудың маңыздылығын айтып түсіндіру артық. Өйткені, қазіргі ұрпақ әдеби шығармаларды оқымайды, ағылшын тілі болмаса, Қазақстан тарихына да назар аудара бермейді. Сонда өскелең ұрпақ бойына патриоттық сезімдерді қалай сіңірмекпіз?

            Абай атамыз айтқандай,  «надан» қазақты сүю мүмкін бе, өзі… Жо, жо, жоқ. «Әр қазақ- менің жалғызым» деп елеуреп, халықты алдап, қызыл тілдің шешені болмай-ақ қойыңыз. Жүз жерден тырыссаңыз да, мұндай қазақты сіз шын жүрегіңізден сүйе алмайсыз. Мұндай қазақты сүйсеңіз, күндердің-күнінде сіз де сол хайуандыққа бет алған азғыр тобырдың арасынан табыласыз. Қазақтың көп жағдайда қайырымсыз, қатыгез келетін себебі- өз халқына деген махаббатының жоқтығынан деген пікірді айтудың өзі мен үшін оңай емес, бірақ қоғамда күнделікті кездеастіріп, оқып жүрген мәселелер мәжбүрлеуде.

         Осындай тобырдың арасынан біздің қазақстандық телеарналарды да көруге болады. Ұятын айтыңыз, Қазақстанда өмір сүріп жатып, таза қазақ тілді телеарнаның болмауы өзекті өртейтін ащы шындық. Оны алыстан іздеп қайтеміз, күнделікті көріп жүрген арналарымыз сағат құрып қалғандай, жан баласы тәтті ұйқыда жатқанда қазақша концерті мен киносын жіберіп жатады. Осыдан кейін қалайша тыныш отырмақсың. Тек мерекелерде жұрттың көңілін алдарқату үшін, бір-екі әзіл-сықақ тамашаларын көрсетеді.    Бұл дегеніңіз енді-енді ұлт болып ұйимыз дегендерді керітартушылық.

          Қу шөппен ауыз сүрткенше, мақалада осындай арналардан күйінгеннен теледидарын басқа елдің арнасына қостырып алған 2-3 кейіпкер жөнінде былайша сыр шертеді:         

  • «Бірінші танысым өзінің үйіндегі теледидарын арнайы ақша төлеп (айына 1200 теңге төлейді), Қытайдың Үрімжі қаласынан берілетін қазақша телеарнаға қостырып алыпты. Себебін сұрадым.
  • Күнде кешке жұмыстан шаршап келемін. Тамақтанып алған соң, теледидарды қосамын. Қазақша ән, қазақша күй, не болмаса қазақша дені дұрыс хабар, қазақша басалқалы әңгіме естігім келеді ғой баяғы. Теледидарды әрі бұраймын, бері бұраймын. Жер жұтып қойғандай, қазақша дым жоқ. Жұмыста шаршағаным өз алдына, енді тіпті мүлде қалжырап қалам: жүйкем де жіңішкеріп, «апырай, Қазақстанда тұрып жатып қазақша хабар есіте алмау деген не сұмдық?!» деп өз-өзімнен күйініп, әлдекімдерге кіжініп бітем… Содан, не керек, теледидарымды Үрімжінің телеарнасына қостырып алдым. Бұл телеарна 24 сағат бойы тек қазақша ән айтады, қазақша күй тартады, қазақша хабар таратады. Қазір осы телеарнаға мүлде бауыр басып алдым…»-деп өз шерін білдірсе, екінші бір кейіпкер де соның кебін киіп жүргенін және теледидарын Татарстанның телеарнасына қостырып алғанын былай білдіреді:
  • «Негізі, «Айкон» маған бірнеше телеарнаны қосып берді. Айына 1000 теңге төлеймін. Негізгі көретінім- Татарстанның «Жаңа ғасыр» деген телеарнасы. Бұл телеарна ертеден қара кешке дейін тек татарша көрсетеді. Татарша мен қазақша ұқсас қой. Қазір тіпті төселіп алдым. Әсіресе, мені қызықтыратыны- қазіргі татар зиялыларының ой-пікірлері»./21,/.

          Шыныменде, біздің телеарналардан осындай әңгіме айтыла ма?! Бұрап қалсаң, өздерінің дүрілдегі бар, гуілдегі бар, малынып боянып  алған төрт-бес бойжеткен мен төрт-бес жас жігіт ыржақтасады да жатады. Бұған да шыдап, «не деп жатыр?» екен деп әрі қарай құлақ түрсеңіз, айтатындары- көшенің әңгімесі. Көшенің әзіл-қалжыңы… Не деңгейі жоқ, не өре жоқ. Не білім жоқ, не білік жоқ. Не қазақтың тарихын білмейді, не халықтың тағдырын білмейді… Мұндай сырты- жылтырақ, іші- қалтырақ күлдібадам дүниені қалай тыңдайсың? Жүйкең темірден жаралса да тыңдай алмайсың ғой…

Қазір баяғы қазақстан телеарналарынан марқұм Сағат Әшімбаевтың баяғы «Қарыз бен парызы» сияқты жүрегіңе жақын, жаныңды баурайтын салмақты әңгіме ести алмағаннан кейін ғана жоғарыдағы кейпкерлердің басқа арнаны тыңдаулары.

         Тіпті, Ұлы Абай өзінің «Қара сөзінде» татарларды қазаққа үлгі қыла сөйлемеуші ме еді, жалпы біздің татарлардан үйренетініміз әлі де өте көп. Бір ғана мысал.

  • «Жаңа ғасырдың» тілшісі Удмуртия үкіметі төрағасының орынбасарының, біздіңше айтқанда, вице-премьерінен сұхбат алды. Әлгі азаматтың ұлты татар екен. Егер жаңылысып қалмасам, фамилиясы Фазылов қой деймін. Татаршаға ағып тұр. Осы Фазыловтан, яғни Удмуртия үкіметі төрағасының орынбасары Фазыловтан татар тележурналисі:
  • Егер Татарстан, қала берді Татарстанның зиялылары Сізді қажетті ұлттық кадр деп тауып, Татарстанға шақырса, келер ме едіңіз?- деп сұрады.
  • Маған қызмет қымбат емес, ұлт қымбат. Татар ұлты қымбат. Удмуртияда дәл қазір 250 мыңға жуық татарлар тұрады. Бұлардың ішінде ірі қызмет атқарып жүрген татарлар да аз емес. Солардың бәрі де татар халқының мүддесі үшін өз қызметтерін тастап, Татарстанға сұлтан емес, ұлтан болып баруға әрқашанда әзір. Татар ұлты шашырағаннан, шашылғаннан пайда тапса, осы күнге дейін табар еді ғой. Енді бізге шоқтай болып ұйысып, шоқтай болып бірігу қажет!- деп жауап берді. /22/.

      Бұл жағдайды бізбен салыстыра көрмеңіз. Татарлар бізге шаңын да көрсетпей кетері анық. Осындай телеарна ашуға біздің қолымыз қашан жетер екен? Әй, жетпейтін шығар, жетпей-ақ кететін шығармыз… «Патриотизм» дегеніміз, біздіңше, осы болу керек.

      Біріншіден, бұдан өз еліміздің телеарналарына көңілі толмағаны өз алдына, сонымен қатар безініп те отыр. Неге? Өйткені, жерінген. Ал енді телекөрермен неге жерінеді? Қанағаттанбағандықтан. Демек, Қазақстан телеарналары қазақ көрермендерін қанағаттандыра алмай отыр. Қанағаттандырмайды…

          Міне, осылайша табан астында өз телеарнасынан жерінген бауырларымыз мұңын шағып отыр. Ендеше қазақ телекөрермені қанағат етуі үшін не істеуіміз керек?

         Ең кем дегенде, енді екі телеарна ашуымыз керек. Бұл екі телеарна да 24 сағат бойы үзіліссіз көрсетілуі керек. Және бұл екі телеарна да бастан-аяқ, түгел, толық тек қазақ тілінде көрсетілуі керек. Қазақ тілінде хабар таратуы керек. 100 пайыз!

         Бұл екі телеарнаның бірі, шарттылау түрде айтсақ, саяси-қоғамды бағытта болуы тиіс. Екіншісі ұлттық өнер мен мәдениеттің жоқшысы, насихатшысы, дамытушысы болуы тиіс. «Тиіс» деген сөзге біз неге тістей қатып жабысып, үстін-үстін қайталап отырмыз? Өйткені, өзге елдердің, өзінің ұлты мен халқын, өзінің тарихы мен мәдениетін сыйлайтын, сыйлай білетін елдердің бәрінде де қазір дәл осылай: ең сорлы дегенінің өзінде 100 пайыз өз ұлттық тілінде көрсететін бір немесе екі телеарна бар!

           Тіпті біздің «Қазақстан», «Хабар», «КТК», «31-телеарна», «Еларна»… Бұлардың бәрі өз хабарлары мен көрсетілімдерін, бағдарламаларын қазақшасын-қазақша, орысшасын-орысша көрермендерге бұрынғыдай көрсете берсін. Оларды жылы орнынан қозғаудың, не болмаса осы телеарналардың бірін «100 пайыз қазақша көрсететін телеарнаға айналдыру керек!» деп жанығудың еш жөні де, жосығы да жоқ.

              Ендігі кезекте біз өзімізді емес, болашақ ұрпағымыздың орыстанып кетпеуін қадағалап, ұлттық  арналарды дер кезінде қолға алсақ, қорқынышымыз азаяр еді! Бұл ретте біздің қозғайтын ендігі мәселеміз рухани құндылықтарды тәрбие құралына айналдыру. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Кітап- мыңғасырлық тағылым..және патриоттық тәрбиедегі орны

 

        Бүгінде тәуелсіздік туының астында қанатымызды кеңге жайып, өз елімізде, өз туған топырағымызда аяғымызды алшаңдай басып жүрміз десек те, рухани жағынан әлі де жұпынымыз. Олай дейтін себебіміз, кезінде «кітап» деген құдіретті ұғымды қолдан-қолға тигізбей, аға-әпкелеріміздің жастанып оқитын «асылын», бүгінде үйіңізден емес, қоқыс жәшігінен көре аласыз. Өйткені қазір оның орнын түрлі-түсті теледидар мен шетелдік киногерлер жаулап алған…

          Негізінен кітаптың сырына үңілсек, әдебиеттің танымдық, тағылымдық-ұлағаттық рухы, тәрбиелік мәні бұдан да былай арта, тереңдей түсетіні кәміл шындық. Әдебиет- халық өмірінің көркемдік айнасы ғана емес, белгілі бір ұлттың рухани ұстазы, көріпкел көсемі де деп айтуға әбден болар еді. Бір ғана мысал:

  • «Кезіндегі Совет үкіметі тұсындағы көрермен көзайымына айналып үлгерген «Операция Ы и другие приключения Шурика» фильмінің бірінші бөлімінде елдің бәрі жаппай кітап оқып, емтиханға дайындалады, ең керегі талдың, ескерткіштің басына шығып алып төмендегі кітапты дүрбі арқылы оқығанды көріп таңғаласыз».

           Бұл сонда сіздіңше ақымақтық па, әлде өз білімдерін шыңдай түсу ме?!   

Демек, әдебиет мүддесі барлық мүдде атаулыдан жоғары тұруға тиіс, оны өркендетуге, дамытуға бағытталған игі шаралар мемлекеттік маңызды мәселе ретінде қаралуы керектігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

            Рухани мәдениет аталатын әсемдік әлемінің төріндегі киелі де жарқын жұлдыздардың бірі әдебиет болғандықтан оның басты міндет-борышының негізгісі өзі өмір сүріп отырған қоғамның этикалық-эстетикалық, идеологиялық принциптеріне сәйкес қызмет ету керек екендігі белгілі жәйт.       Сондықтан да әрбір қаламгер бүгінгі уақыт рухына қызмет ететін өзіне ғана емес, өзгелерге де қатысты өмірдің өзекті шындығын типтік-релистік тұрғыдан бейнелеуі шарт.

           Қазіргі кезде «әдебиет енді оқылмайды. Руханият әлемінде кітаптың орнын кино алмастырды» деген пікірлердің белсенділігіне қарамастан үздік шығармалардың қарасы үзілер емес. Сонда әдебиеттің адамзат қоғамындағы орнын жоққа шығару кімдер үшін, не үшін керек?!

  • «Әрине, кино- заман талабынан туған, мәдени кеңістікте өзінің орны бар өнер. Кино өнерінің белең алып, әдебиетті ығыстыруында көптеген объективті себептер жатыр. Соның бірі- жалқаулығымыз бен тоғышарлығымыз. Көп адам кітап оқып, көз майын тауысқаннан гөрі барып кино көре салғанды оңай көреді. Бұл- ұзақ әңгіме… Ал әдебиет толықтай жойылмаса да, кейіннен әлдебір өмір сүрудің формасын тауып, жаңа заман мәдениетінен өз орнын алады деп ойлаймын. Әлбетте, ол әдебиет біздің ұғымымыздағы әдебиеттен мүлдем бөлек болатындығы ақиқат»./23,/.   

           Нақтырақ айтқанда, уақыт рухын тап баса білген көркем шығарма ғана онымен бірге жасай береді екен. Шындығында, уақыт рухы деген сөздің екінші мағынасы замана талабы, дәуір мүддесі сияқты күрделі ұғымдармен астасып, сабақтасып жатыр.

          Мәселен, М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы дер кезінде жазылғандығымен де құнды, яғни уақыт рухына сай мезгіл сауалына жауап ретінде дүниеге келгендігімен айрықша. Айталық, осы романдар циклі қазіргі кезеңде жарық көрген жағдайда онда тағдыры, талайы басқаша болар ма еді?! Ұлы жазушының қырқыншы, елуінші жылдар аралығында, халықтың бүгінгісінен гөрі алдымен кешегі өмір тарихын таныту, тамырын тереңге салған, қалыптасқан ұлттық дәстүр-салты бар тарихи іргелі ел болғандығын айту қажет кезде жаза білгендігі де ұлылықтың бір қыры болса керек.        М.Әуезов қай тақырыпты қай уақытта қалай жазу қажеттілігін жүрегімен сезінген жазушы.

          Сондай-ақ, «Өскен өркен» романын жазуды да дер шағында қолға алғандығы ойлантпай қоймайды. Бұл да кез келген қаламгердің маңдайына жазыла бермейтін бақыттың бірі. Сөз орайына қарай айта кетейік: «Мудрость… мне кажется состоит не в том, чтобы знать, что нужно делать прежде, а что после…» деген Л.Н.Толстой ойын Мұхтар Әуезов жақсы білген сияқты.

          Бүгінгі таңда да М.Әуезов дәстүрі бойынша өткендегі өнерпаз жандардың өмірі, тарихи тұлғалардың тағдыры әр алуан қырынан көп жазылып келеді. Сөз жоқ, бұл құптарлық қадам, өміршең әрекет. Тек өкініштісі, тарихи тақырыптағы роман, повестердің көпшілігінде бүгінгі уақыт рухына үн қосатын, қоғамдық, адамдық құбылыстар жайлы көркемдік, философиялық жаңа концепция жағы жетісе бермейді.

          Тіпті бүгінгі, бұрынғы кітаптардың қазіргі нұсқалары баспадан қате болып шығып жатыр. Соған тоқтала кетсек:

          Абай атасына деген кінәрат мұнда да сыңсып тұр. Кітап атаулының ішінде «Аз и Я»-ның бәсіне сөз жете ме? Лингвистика, пәлсапа, этно-тарих, т.т. Мүйіздері қарағайдай ғылымдардың тоғысқан даңғыл арнасы Олжас туындысына сыйып кетсе, осындай құндылықты дұрыстап шығара алмаған баспагерге не айтуға болады? «Ас ішіп, аяқ босатарлығы» ғана бар екен-ау!

  • «Ал бастадық: «1972 жылы Мысин (дұрысы «Мусин». 21-б.) «Светослав жас шағында..» және «мүкіндік туа қалды» (алғашқысы «жас шағында» соңғысы «мүмкіндік». Екеуі де 88-б.);» /24/.

          Мұндай кір-қожалақ рухани дүниені қалың бұқараға ұсыну- неткен сұмдық! Мұндай кітапсымақты иемдену Олжас үшін қажет болмас еді. Әттең, ол кісінің қазақша білмейтінін жымысқылар бас пайдасына жаратып қалған. Жан қинамай, ақша тапқан. Жең ұшынан жалғасқан. Ондай жылы-жұмсақ бәрібір осы кітапты шығарған «Еңбек» сауда-саттық үйіне бұйыра қояр ма екен. Күндердің күнінде жаналқымдарынан алмасына кім кепіл?                       Міне, енді сондай «ақырзаман» шақ таянды деп білем. Орысша басылымдарында жап-жақсы кітапты өз қандастары кірге баттастырып шығарып берген. Намыссыздық! «Сенген қойым сен болсаң, күйгенің құрысын!» демегенде, не дейді автор. Бұдан кейін шындап ашуланса, қазіргі жазушылардың қиялында ғана бар «Аз и Я»-ға берілген «Жүз мыңдық» таралымды қайта шығартуы мүмкін-ау!

              Тағы бір «қызықты» қараңыз: тағы да, иә, басқа газеттер емес, олар «жаманатты болып неғылам» деп отырғанда, «Алтын Орда» «Абай жолы қып-қызыл қате» дейтін мақала басты. 

          Бұл да- мықтының кітабы. Кәдімгі алабөтен классигіміз Мұхтар Әуезовтің қайталап басылған кітабы. Классиктің баяғы сексенінші жылдарда шығарылған 12 томдығынан «тіс шұқырлық» қате таппайсың, ал тәуелсіздікке қол жеткен замандағы кітабының сиқы- осы.

          Мұндай қателер Кеңес заманында кетсе, Орталық Комитеттің идеология хатшысы баспа директорының бас терісін сыпырар еді. Бұл күндері ешкім ешкімнің брқылдатып шаңын қақпайды. Бәлкім, қазіргі саңырауқұлақтай қаптаған жаңа баспалар шығарып жатқан кітаптар дағы деп, кінәні соларға аудара салайын десең, олай емес, мысалы, Мұхаңның «Абай жолын» шығарған баспа- кәдімгі «Жазушы» баспасы. 

         Және де нағыз жазушы жүз қайтара жазылған бір тақырыптың өзінен өзгеше шешім тауып, беймәлім ойлар айта білсе керек. Мәселен, Еуропа әдебиетінде даңқты дарын иесі Микеланджело туралы қалам тартпаған ақын-жазушы сирек шығар. Сөйтсе де осы тақырыпты арқау еткен американ жазушысы Ирвинг Стоунның «Қасірет пен қуаныш» атты сегіз жүз бетке таяу романы Микеланджело өмірі, оның заманы, ортасы туралы жаңа концепциясымен қайран қалдырды. Немесе француз Ромен Ролланның неміс композиторы Бетховеннің тағдырын өзек етіп алған он томдық «Жан Кристоф» атты эпопеясын алыңыз. Мұнда да жалпы өнерпаз атаулыға тән өзгеше психология ашылып қана қоймайды, сонымен қатар адамдық қасиет, қуаныш пен қайғы, өмір мен өлім, мұрат пен мақсат, күрес пен бақыт туралы интеллектуальдық-философиялық толғаныстар оқушысын еріксіз баурап отырады, бас алдырмай оқытады.

           Рас, біздің әдебиетімізде де тарихи және шартты тарихиреволюциялық тақырыпта туған, уақыт рухына дөп келетін жаңа концепциялы романдар жоқ емес. Бұл ретте «Қан мен терді», «Қаһарды», «Махамбеттің жебесін», «Аңыздың ақырын», «Соңғы көшті» ерекше атап өтуге болар еді.

         Қысқасы, бүгінгі күннің осынау күрделі заманның шындығын жазу, күрескерлік рухтағы замандас образын сомдау қиынның қиыны екеніне қарамастан азамат жазушы үшін абыройлы жауапкершіліктің ең үлкені.

         Тарихи мәдениет, оның өрістері ұлттық рухтың көзі болғандықтан тәрбие процесіне әсері жүйелі әрбір әлеуметтік топтың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілгені дұрыс. Сондықтан бала бақшалардағы, мектептің әрбір сыныптарындағы ұлттық тәрбиенің барысы ерекшеленіп тұруы қажет.     Мұндағы ескерілетін жағдай- еліміздің көп ұлттылығында. Әсіресе мектептердегі қазақ және орыс сыныптарына арналған міндетті оқу құралдарының ұлттық тәрбиеге байланысы мен мазмұны негізгі сана-сезімдік қасиеттермен толығып жатса пайдалы болар еді. Осы мәселенің ара жігін дәл анықтап тәрбиенің құралына айналдыра білу де методологиялық міндеттердің бірінен саналады.

         Басты бағдар- барлық ұлт балаларының елімізге деген ортақ сүйіспеншілігін, сезімін, мүдделерін қалыптастыру. Тек оқу процесі емес, мәдени-көпшілік шаралары да оқушыларға ұлттық тәрбие беруде түрлі тәсілдердің шебер әрі ұтымды пайдаланылуын  іздестіруді талап етеді. Соған орай осы міндеттердің түйінді мәселелерін талдауға ден қоюды жалғастыра бермекпіз. Оған мемлекет тарапынан жасалған тиісті ресми құжаттар бағыт сілтеп отырғанын алға тартуға болады. Олай болса, мемлекеттің тәуелсіз даму жолының мүддесіне тарихи маңыздылық  пен ғылыми негізділікті ескере отырып, этномәдени білім беруді қамтамасыз ету, мәдени қайырымдылықтың іске асырылуын қолдау үшін «жастардың кейінгі әрбір буынының бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу жүйесін құру» міндеті тұрғаны айқын. 

           Халқымыздың рухани тірегі болып табылатын мемлекеттік нышандарымыздың қазақстандықтарды біріктірудің негізі, азаматтардың бойында өз еліне деген шынайы құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелейтін бірден-бір құралы ретіндегі маңыздылығы ерекше. Осы атрибуттар халқымыздың рухани түлеуінің қайнар көзі болып саналады. Осыған байланысты мемлекеттік нышандарды әртүрлі конференциялар, семинарлар, акциялар шеңберінде насихаттау, түрлі әлеуметтік топтардың арасында социологиялық зерттеулер жүргізу- аталған бағдарламаны тиіді жүзеге асырудың негізгі тетіктері. Облыс жастарының арасында жүргізілген   «Патриотизм» ұғымы сіз үшін нені білдіреді?» тақырыбындағы социологиялық сұрақ-жауаптың қорытындылары жастарымыздың патриотизм, отансүйгіштік туралы ұғымдарды жете түсінгендігі, олардың бойында отаншылдық сезімдердің берік қалыптасқандығы деп бағалауымызға болады. Сөзіміз нақты болуы үшін мысалдар келтіруді жөн көріп отырмыз:

  • «Аталған сұраққа респонденттердің 49,5 пайызы- «Отанға деген сүйіспеншілік», 28,3 пайызы –«Өз Отанына берілгендік», 22,2 пайызы «Мақтаныш сезімі» деп жауап берген. «Сіз Қазақстан Республикасының Әнұранын орындағанда қандай сезімді бастан кешіресіз?» деген сауалға сұрау салынғандардың 90,7 пайызы «Өз елім үшін мақтаныш сезімін» деп жауап берген. Ал, 66,7 пайызы «Сіз үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары не болып табылады?» деген сұраққа «Тәуелсіздіктің нышаны» деп жауап берген. Сонымен қатар, мемлекеттік нышандар насихатын жүргізуге бұқаралық ақпарат құралдарын барынша тарту аталған іс-шаралардың тиімді орындалуына оң ықпал жасайтынын айрықша атап айтуымыз қажет.

         «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» өсиет еткен ұлы данышпан Абайдың сөздеріне үңілсек, онда мемлекетіміздің егемен ел болып қалыптасып, өркендеп, гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.     Ал патриотизм- ұлтаралық қатынастардың да негізі. Қалыптасқан қоғамдық институт- Қазақстан халықтары Ассамблеясымен өзара іс-қимыл жасау аталған бағдарламаны іске асырудың маңызды құралдарының бірі. Алматы облысында  30-дан астам ұлттық-мәдени орталық азаматтарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде үлкен жұмыс атқарып келеді. Олардың қызметінің басты бағыты- Қазақстан халықтарының мәдениетін, дәстүрлерін, тілдерін насихаттау болып табылады.  

           Жоғарыда айтылғандардың бәрі патриоттық тәрбиеге үлес қосқандық болса, ол бір жағынан қуантарлық жағдай болып отыр. Сондай-ақ, пайыздық көрсеткіштер де  оқушылардың өз Отанына деген адал махаббаты болып отыр. Енді осы бағыттан тайынбау үшін біз тәрбие құралдарын да күшейтіп, әдебиет жағынан да мықты болуымыз  керек.  

           Қысқасы, әлемнің прогресшіл халықтары бір-бірін әдебиеті мен өнері арқылы да танып, мойындап отыр.

           Бұдан айтарым, сан ғасырлық тарихы бар, қоғамда қалыптасқан өзіндік орны бар кітаптың бүгінгі таңдағы өресін көрсетіп сөз ету еді. Алайда, жастарға кітап оқы, оқы, және оқы деп айтсақ та, айналып келгенде таяқтың ұшы өз басыңа тиері анық. Өйткені, сауатсыз баспалардың кесірінен құнды дүниелеріміздің бетіне күйе жағыла бастады. Сөз соңындағы мақсатым-  осыны дөп басып айту еді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

III ТАРАУ ҰЛТТЫҚ ӘСЕР МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

   

          Республикалық референдумда қабылданған Ата заңда: «Республика қызметінің түбегейлі принциптері; қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм…»- деп атап көрсетілген. Бұл – Отанын, жері мен елін шексіз сүю, халқының салт-дәстүрін құрмет тұту. Осы сияқты сан қырлы, терең сырлы игі қасиеттер қанына сіңген сезімтал отанжанды азамат болу.

          Отаншылдық қазақ халқы үшін жаңа үрдіс емес, тамыры әріде жатыр. Жүздеген жылға созылған басқыншылықтың қаталқанды жорықтарына жанқилы ерен ерлікпен төтеп беріп, елдігін, таза ұлттық сипатын сақтап қалуы отаншылдық рухының асқақтығын көрсетсе керек. Ел дербестігі үшін ұлы күрестерде құрыштай шыныққан халық отбасынан басталатын Отанын шексіз сүюді ұрпақтан-ұрпаққа аманат қалдырып, тәуелсіздікті пір тұтқан перзент-көсемдерін баулыды. Ұлы бабаларымыз Әбілхайыр, Абылай, Кенесары отан ұлылығын дәріптеп, перзенттік парызын адал өтеп, ақ сүтін ақтауға шақырған кемеңгер билер мен даңқты батырлар, жыраулар, ғұламалар нағыз отаншылдар еді.

          1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, өзінің аты айтып тұрғандай, жүздеген астам ұлттар, ұлыстарды фашизмнің құлдығына түсуден қорғау, азаттығы мен тәуелсіздігін сақтап қалу соғысы болғандығы белгілі. Дей тұрсақ та мұның маңызы әлдеқайда тереңде жатыр.Бұған қазақтар да жаппай қатынасып, ұлы жеңіске лайықты үлесін қосты. Жүзге жуық солдаттар мен офицерлерге Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Солардың ішінде орны бөлек қазақтың қос жұлдызы-Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлова бар. Екеуі де жау оғынан қаза тапқан.  Бірақ ерлігі ұмтылмай ұрпақтармен бірге жасасып келеді. Жастарды отанға адалдық рухында тәрбиелеу ісіне қызмет етуде.

          Қазақстанның шынайы егемендігі мен тәуелсіздігінің бастауы болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы өмірге жаңа серпін беріп, халықтың жасампаз рухының жасымайтын өміршеңдігін танытты. Тарих сахнасына отаншыл, ойшыл жастар көтерілді. Отанымыздың күш-қуаты, беделі, еліміздің бақыты, байлығы болашақ өмір иелерінің сапалы көрсеткіштеріне тікелей байланысты десек артық айтпаған болар едік. Осыған орай «Атырау» газеті де біршама игі істерді жүзеге асырып келеді. Басылымның соңғы жылдардағы нөмерлерін қарағанымызда патриоттық тәрбиенің маңызды буыны – бұқаралық қорғаныс жұмысы мен жастардың ағалар дәстүріне адалдығы туралы көптеген материал берілгендігін аңғардық.

          Бүгінгі заманның ел қорғаны – дуалды құрылыс, нөпір әскер, самсаған қару-жарақ емес, Елбасыынң Жолдауында айтылғандай «қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалын басым ұстау саясатына негізделген»- мәміле болса керек. «Сақтансаң — сақтаймын» деген халық даналығын ұстанған Елбасы: «Әскери қақтығастардың жосықсыз екенін әлемнің ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай, өз елінің қуатына да сүйенетінін ұмытпағанымыз жөн»- деп отыр. Бұл еліміздің әскери қорғаныс қабілетінің жоғары, рухының күшті, отаншылдығының берік болуын қамтамасыз етуге жасалған бағдар.

          Мемлекеттің жемісі мен жеңісін қорғау үшін әскер қажет. Қоғамға тән нәрсе — әскерге де тән. Олай болса халықтың да араласуын қалайтын әскер тақырыбына бүгінгі таңда соны сілкініс, тыңғылықты зерттеу керек. Егер әскердегі келеңсіздіктерді дәл көрсетіп, бағыт-бағдар берілмейтін болса, онда елдің қорғаныс қабілетінің ілгерілемесі де анық. «Атырау» ұжымының осы тың тақырыпқа барып, жұртшылыққы ой тастарлық дүниелер жариялауы қуанарлық. Қазақстан жауынгерлерінің әскери округтер мен әскери бөлімдердегі атқарып жатқан қызметтері туралы, олардың тыныс-тіршілігі жайында аталмыш газет тұрақты материалдар беріп келеді. Басылымда отанымызды қорғап тұрған жауынгерлерге арналған «Жастар және қоғам», «Қаһарман» әскери-патриоттық айдары бар. Мұнда әскер өмірі жайлы көптеген Қазақстан азаматтарының Отан алдындағы борыштары жөнінде материалдар орын тапқан. 

          «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің «Жастар және қоғам» айдарында 2008 жылғы 14 маусымдағы санында Бауыржан Сисеновтың «Ауылдың жігіттері әскерге баруға ынталы емес» атты мақаласы жарық көрді.

          Автор Бауыржан Сисенов тақырыпты «Ауылдың жігіттері әскерге баруға ынталы емес бұл осы саланы насихаттаудағы кемшіліктен болып отыр.» деген тақырып атауын күрделі проблемалық деңгейдегі мәселе екенін білдіріп отыр.

          Мақала жанры-публицистикаға жақын келеді. Мақаладағы әскер жігіттердің неліктен Отан алдындығы борышын өтеуге құлықсыздығының әлеуметтік, құқықтық, психологиялық мәселелеріне зерттеу жүргізілген. Автор стилі-қарапайым, жинақы, нақтылығымен ерекшеленеді.

          Бұл мақаланың өзектілігі қоғамда шешілуі қиын мәселеге айналған әскери тәрбие, отансүйгіштікке баулудың әліде болса жеткілікті деңгейде еместігін дәлелдеп отыр.

          Әрине, кейбір жігіттер Отан алдындағы борышын өтуден қашып жатса, оны бүкіл жастардың кемшілігі деп түсінбеуіміз қажет. Оған «Отанынан жырақта, тау-тастың арасында қандай қиындық болса да қаймықпай өз міндетерін орындап жүрген біздің жастар»-деген сөзі дәлел.

          Армияның жағымсыз жақтарын естіп, оқып жүрген жасөспірімдерден әскерге деген құштарлықты қайдан талап етесің? Дей тұрсақ та әскер болған соң, әрине әр түрлі қиындықтар, жағдайлар кездеспей тұра ма. Егер Отан қорғайды деген азаматтарымыз ондай қиындықтардан қорқып қашып-пысып жүрсе, ертең елді кім қорғайды? Сол үшін бүлдіршін шағында елдікке, ерлікке баулитын ертігімен, батыр бабалар рухымен тәрбиелесек нұр үстіне нұр болар еді. Осыдан бастау алған тәрбиені мектеп қабырғасында дамытудың маңызы зор. Мектептегі алғашқы әскери дайындық пәні жастар үшін Отан қорғаудағы үлкен тәлім-тәрбие. Қолға мылтық алып, оны атуды, бөлшектеп қайта жинауды үйрену бозбалалардың әскерге деген қызуғышылығын тудырары айқын.

          Жасыратыны жоқ мектептерде патриоттық рухты оятып, намысты жандандыратын әскери тәрбие сабақтары мардымсыз жүргізіледі. Сонда Отанға деген жанкештілік қайдан туады? Мәселен, бұрындары әскерге шығарып салу дәстүрі салтанатты түрде өтетін. Жергілікті басшылар арнайы қадағалайтын. Ал қазір жерлестері азаматтық парызын өтеуге бара жатыр ма, онда көбісінің жұмысы жоқ. Отан алдындағы борышын өтеуге бара жатқан жасқа, оны құрметпен шығарып сап тұрғанын сезіну өте қажет.

          Осыны ескерген газет тілшілері министрден бастап, әскер қатарында жүрген жауынгерге дейін сөзге тартып, пікірлесіп отырған. Әскердің қыр-соңын солар арқылы түсіндіруге тырысқан. Міне, әскерге деген қызуғышылық, отаншылдық сезім осындай тұрақты насихат нәтижесінде қалыптаспақ қой. Ондай әркет жоқ емес, бар. Оған Аталмыш газеттің 2006 жылғы 23 ақпандағы «Каһарман» айдарындағы Ғапур Шапатовтың «Әскерде солдат емес сарбаздар қызмет етеді» деген сараптамалық мақаласында Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет» туралы Заңы жөнінде түсінік бере кетеді. Жалпы мақала ақпараттық бағытта, мұнда әскерге кімдер алынбайды, әскерге қандай мамандықтар қажет және әскери келісім шарт мәселесі сөз болады. Автор Ғапур Шапатов мақаланы ақпараттық жанрда баяндаумен шектеледі. Жастардың әскерге алынуы және тағы да басқа әскерге қатысты халық арасындағы түсініспеушіліктің ара-жігін ашып беруге көмектеседі. Автор «қай басылымды алмайық,- әскерлерді жамандауға, сардарларды сөгіп, сарбаздарды қашқын, босбелбеу етіп көрсетуге бейім екендігін айтады. «сен жамансың!-деп шұқи берсең, жақсының өзі жаманға айналып кететінін неге түсінбейміз деп автор жар салады». Бұл жерде автордың ұстанған бағыты әскерді тек мақтау емес. Оны мақтауда, даттауда керек бірақ шындықтан аспай. Сонда ғана халықтың әскерге беті бұрылады.

          Әрине, автор сөзінің жаны бар. Жаманды жаман дей берсек жақсыны қайдан таппақпыз. Әскерде болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар баспасөзде қалай жазылса халық оны дәл солай қабылдайды. Сондықтан газет беделіне нұқсан келтіретін шала-үстіріт материалдардан сақ болу әрбір журналистің міндеті. Автор бүгінгі күннің көкейде жүрген мәселесін қысқа әрі нұсқа бере білген. Отан атты үлкен ұғымның қабырғасын құлатпай, іргетасын мықты ету үшін жастар бойындағы отансүйгіштік, патриоттық сезімді оятып қана қоймай, аримяның да беделін өзіне қайтару керектігін айқын түсіндік.

          Тәуелсіздік алған уақыттың ішінде елдің іргетасын  бекітетін біршама игілікті істер атқарылды. Соның бірі Қарулы Күштерімздің құрылуы. «Біздің Қарулы Күштеріміз болашақта-құрамы жөнінен саны аз, бірақ шұғыл қимылдайтын, жақсы жабдықталған және технологиясы биік, қуатты қаруы бар, қысқа мерзім ішінде ұлан –байтақ еліміздің аумағында алдына қойған кез келген міндетті шешуге қабілетті әскер болуға тиіс. Ол отанының шынайы патриоттары қызмет ететін кәсіпқойлардан құралған, жоғары атына лайық әскерге айналуы керек»-деп атап көрсетті Елбасы өзінің Қарулы Күштерді реформалау жөнінде жасаған баяндамасында.

          Сонымен қатар 1997 жылдың ақпанында Назарбаев «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құрылымдардары, әскери қызметшілерінің, әскерикиімнысанымен айырым белгілері туралы» Жарлыққа да қол қойды. Әскери елжандылық тәрбиеміз де осыдан бастау алса керек.

          Әскер – ел қорғаны. Қандай қиын заман болмасын, елінің ызғарлы жағына жөнін төсеп, халқын ығына алған әскер мәртебесі әр уақытта да жоғары. Осыған сай мемлекеттік тілдің әскери өмірде қолданысы және әскери терминдерді ана тілінде атау жайында көптеген ұсыныс-пікірлер айтылып та, жазылып жүр. 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы шықты. Оның 12 бабында «Қазақстан республикасының Қарулы Күштерінде, сондай ақ әскери және әскерилендірілген құрамалардың барлық түрінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдары мен органдарында мемлекеттік және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі»-делінген. Бұл қазақ тілін әскерде қолдануға жол ашқан бірінші заң.

          Осыған орай газеттің 2007 жылдың  22 қыркүйегінде «Заң және қоғам» айдарында Батыс аймағы әскери прокурорының орынбасары, әділет капитаны Т.С.Бекбергеновтың «Әскер де қазақша сөйлей бастады» атты мақалысы шықты.

          Мұнда автор, «Әскер міндетті түрде өз елінің патриоты болуы керек. Патриоттық рухта тәрбиеленбеген әскерге сенім арту қиын. Ал патриотизм-қашан елді жасап отырған халықтың өткенінен хабар беретін тарих арқылы келмек. Қазіргі дәрежелер мен жасақтар атауының бірде-бірі біздің халық тарихымен қабысып тумаған. Қай елдің болсын әскері –сол елді жасаған халықтың перзенті. Ал перзент ата-ана тілінде, сол халық өткен тарихи жолдан туындауы керек,- деген тамаша пікір айтумен қатар, тәуелсіз Қазақстан әскеріне дәреже мен жасақ атауларын халық тарихымен байланыстыра енгізейік»-деп ұсыныс білдіреді. Мысалы, отделение-ондық, сержант-оңбасы, взвод-жарты жүздік, лейтенант-елубасы т.б.

          Әскер-ұлт рухының айнасы. Сондықтан қазақша сөйлеп, қазақша іс-қағаздарын жүргізсе, қазақша ән айтып, дәріс алса, ауыз әдебиетіндегі батырлар жырына құлақ құрышын қандырса, қазақша кітаптар мен газет журналдар оқыса, осының бәрі жауынгерлерді отансүйгіштік рухта тәрбилеуге әсер ететіні сөзсіз.

          Расында, билер мен батырлар дәстүрін жүйелеп оқып-талдап үйренетін кез келді. Онда табандылық пен тектіліктің үлгісі мол ақ. Өз елін, өз жерін қорғай білген қазақтың батырлары аз емес. Сол батырлар халқымыздың қолы жетіп отырған егемендігін сол кездің өзінде ақ аттың тұяғы, көк найзаның ұшымен, қос білектің күшімен қорғап қалған. Ел иесіз, ер киесіз болмаған. «Ата дәстүрін аялаған ел азбайды»-деген дана халық. Өткенімізбен бүгінгімізді байланыстырып отырсақ маман бола қоймаспыз.

          Қазақ елінің егемендікке қолы жетіп, еңсесін енді-енді көтере бастаған кезінде Елбасының 16 наурыз 1992 жылғы арнайы Жарлығымен Республикалық Ұлан құрылды. Бұл президентке тікелей бағындырылып, Қарулы Күштер құрамына кірмейтін арнаулы әскери құрама ретінде тіркелді. Олар-негізінде дәстүрлі рәміздердің орындалуына, мемлекет басшысы және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай ақ аса маңызды объектілерді күзетумен айналысады.

          Ұланның он бес жылдығына орай тілші Ғ.Сүлейменнің әңгімесі жарияланды. Бұл 2007 жылдың 16 наурызында «Ұлан сарбаздары сап түзеді» тақырыбымен берілді.

          Автор «Ұлан сарбаздарына қарап, өзге ұл басшылары бүкіл республиканың армиясына баға береді. Бұл жағдай бізге көптеген ауыр міндет жүктеп отыр. Сол себепті де Ұлан сарбаздарына қойылатын талап қатал. Әскери борышын өтеуге келген жастардан жанкешті жауынгер, адал азамат, өз елінің патриотын тәрбиелеу біздің парызымыз»-деді.

          Автордың бұл мақаланы жазуы оқырман қауымды қызықтырып жүрген көп сауалдардың жауабын шешіп бергендей болды. Әйтпесе, Ұланның қоғамдағы алар орны мен атқарып жатқан игі істерінен кез келген жанның хабарсыз екені айқын. Әскер өміріне байланысты мұндай мәні зор материалдардың жиі жариялануы газет атына жақсы пікір қалыптастырады. Сондай ақ жастардың әскерге деген құлшынысын арттырары анық. Себебі, әскердің қатал сынына төтеп беру, шындалып қайту жігітке тән қасиет.

          Зымыраған уақыт сұрапыл соғыстан қаншама алыстата түскенімен, біздің санамызда қиын жылдар сол қалпында қана қоймай, жаңа бір қырынан таныла бермек. Бұлай дейтін болсақ, «Атырау» газетінің бетінде бұл тақырыпқа кеңінен орын берілуі орнықты. Журналистердің алдына қойған мақсаты да айқын. Ол-әкелеріміздің ұлы ерлігін дәріптей келе, сол дәстүрге жастардың адалдығын қалыптастыру, оларды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бұл -әскери-патриоттық тәрбиенің қайнар көзі.

          Рухани байлықсыз дүниенің бәрі бос. Рухы жоқ, ойы пәс адам қоғамды жаңартып жайната алмасы хақ. Елбасы «Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы» деп аталатын баяндамасында: Ұлттық тарих жылы еліміздің шежіресіндегі талай айтулы оқиғалардың қарсаңына келіп тұр. Оның ең негізгілері: Түркістанның мың жарым жылдық мерекесі, М.Х.Дулатидің 500 жылдығы, Құрманғазыының 175 жылдығы, Аңырақай шайқасының  270 жылдығы тағы басқалар.

          Сонымен бірге «Менің Отаным-Қазақстаным» сериясымен балаларға арналған арнайы кітапшалар бастыру, үш томдық «Қазақ мәдениеті» энциклопедиясын дайындауды, мектепке байланысты өте ұғынықты жазылған, шыншыл, баланың отаншылдығын оятатын оқулықтар жазу керектігін міндеттеді. Патриоттық сезімді жастардың бойына сіңірудің бір тетігі осыдан бастау алса керек.

          Отан және тәуелсіздік. Адамзат үшін баға жетпес қасиетті егіз ұғым. Еліміз келешекте өркениетті, іргесі мықты мемлекет болу үшін тәуелсіздікті тұрақтандыратын айбынды армия керек.Ұлттық рухтың, дәстүрлердің де жаңғыртатын жерінің бірі осы — әскер. Әскер-елдікке, батырлыққа баулитын босаға. Өткенге үңілсек батыр бабаларымыздың әскер ісіндегі орасон зор тәжірибесін оқып-үйренетін уақыт жетті. Осыған орай А.Тасболатов мен Қ.Аманжолвтың «Қазақстанның әскери тарихы» атты очерктер жинағы шықты. Халқымыздың жалпы әсери тарихы жазылған бұл оқулық әскери кафедралардың студенттеріне, әскери училищелер мен акдемиялардың курсанттарына арналған. Сондай ақ Бауыржан Момышұлының әскердегі ұлттық танымға, болмысқа сай жазылған еңбегін де оқу құралы етіп пайдаланса нұр үстіне нұр болар еді.

          Қазақстан халқын патриотизмге үндеуде Елбасы мен үкіметіміздің саясатын жүргізіп отырған «Атырау» газетінің алар орны ерекше. Мемлекетігіміз қалыптасуының қазіргі кезеңінде газет бетінде жарық көріп жатқан материалдар, мейлі ол тарихи тақырыпта болсын, мейлі әдеби-мәдени немесе экономикалық сипатта болсын, отаншылдық ұлтжандылықтың асыл арқауымен өріліп жатады. Газет авторлары материалды егжей-тегжейлі зерттеп барып, нақты фактілермен сөйлеп, оқырманына жатық та шебер тілмен жеткізген.

          Газетке тән батылдық пен байыптылық, бірізділік, автор аудиториясының ауқымдылығы «Атырау» газетінің өзге басылымдардан артықшылығы деп ойлаймын. Жоғарыда газет беделін көтерер бірнеше материалдарға тоқталдық. Десек те әскер, заң қызмтекерлеріме сұхбат немесе проблемалық мақалалар ған жазылған материалдарды оқимыз.

          Алдағы уақытта осы тақырыпта басқа жанрларға да көңіл бөлініп, дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқырман хаттары беріліп отырса газет сапасының артары айқын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

          Алып  отырған тақырыбымыз «Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі». Бұл тақырып мен деген қазақтың намысын оятып, жігерлендіретін ерекше мәселе. Бүгінгі газеттердің осы мәселеге қатысты оқырмандар ой-жосығын көптеп жариялауының сыры міне, осында. Мақалалардың тақырыбынан-ақ айқындалып тұрғанындай, ел намысы, ұлттың қадір-қасиеті, ең алдымен, оның Атамекеніне деген көзқарасымен өлшенбек.

          «Болашақ бүгіннен басталады»-деген қағида бар. Бұғанасы енді бекіп, тәуелсіздіктің туын биік көтерген жас мемлекетіміздің дамыған, өркениетті елдермен иық теңестіру үшін, елдің әрбір азаматының бойында отаншылдық биік сезім, күшті рух болуға тиіс. Біз жасыратыны жоқ оңдаған, жүздеген жылдар бойы бодандықтың қамытын киіп, өзгеге тәуелді болудың салдарынан рухани дүниемізді, ұлттық-қадір қасиетімізді әлсіретіп алдық. «Ұлтым» дегендер «Ұлтшыл» ретінде қудаланды. Ұлтжандылықтың мағынасынайыраалмайтыедар пайда болды.

          «Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады». Қоғамыздың барша саласында болып жатқан оң өзгерістер рухани жағдайымызға да қатысты. Бұған Елбасының 2030 жылдарға дейінгі даму бағытындағы халыққа Жолдауы басты негіз болмақ. Жастарымзғы патриоттық тәрбие беру, олардың бойында әрдайым аға буынның сенімін ақтарлық шынайы қасиеттерді қалыптастыру күн тәртібіндегі мәселе.

          Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарының да көтерер жүгі, атқарар жұмысы қомақты. Ел деңгейіндегі атқарылып жатқан оң істерді көрсетумен бірге бұл салада бағыт-бағдар беріп, үлгі-насихат жұмыстарын жүргізіп отыру қажетті шара деп білеміз. Бұл тұрғыда өзге ақпарат құралдары сияқты «Атырау» облыстық қоғамдық саяси газетінің де атқарып жатқан жұмысы айтарлықтай.

          Газеттің 2006-2009 жылдардағы нөмірлерінде патриотизм   мәселелері жөнінде жазылған материалдармен танысып, талдау жасадық. Басылымда осы маңызды мәселенің көрініс тауып, уақыт талабына сай жан-жақты жазылып отырғандығы қуантты. Аталмыш газет көтеріліп отырған мәселелердің мағынасына терең ой жүгіртіп, істің жайын егжей-тегжейлі білуге, нақтылы да айқын жазуға тырысады.

          Газет халықты қазіргі қиыншылық жағдайда рухын төмендетпеуге жұмылдырып, ұлтаралық қатынастар мен патриотизм мәселелеріне баса назар аударған. 

          Ең бірінші «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» тарауында  сөз болған алдымен қазақстандық патриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Былайша айтқанда, патриоттық сезім адамның туа біткен қасиеттерінен байқалмайды, ол белгілі бір әлеуметтік, саяси, тарихи ортада ұзақ жылдар бойына қалыптасатын құбылыс. Және ол сөз бен істің ажырамас диалектикалық бірлігінің баламасы болуға тиіс. Үлкен мінберлерден сөз алып, уәдені үйіп-төгіп, бірақ сол уәдеден тайқып шығатындардан патриоттық қасиет күту бос әурешілік. Олардың іс-әрекеті халық патриотизміне кері ықпал етуі әбден мүмкін. Қазақстанның дамуы жолында әркім өз мүмкіндігіне қарай үлес қосып, іс-әрекет етсе, онда оның патриот болғаны деп түсіну керек.

          Диплом жұмысының «Отаншылдық-отбасынан басталады» атты екінші тарауда: қазіргі жастарымыздың бойында отансүйгіштік қасиет бар ма? Бар болса қайдан бастау алады, немесе осы елге, жерге құрмет деген бесіктен бойға сіңіп, отбасынан нәр алатындығы жөнінде хал-қадірімізше әңгімелеуге тырыстық. Сондай-ақ осы тарауда газеттің патриоттық тәрбие берудегі жарық көрген материалдарына тоқталып, талдау жасадық.

         «Ұлттық әскер мәселесі және қазіргі заман»-деп аталатын үшінші тарауда, ұлт рухы, бүгінгі әскер өмірі, Қазақстанның Қарулы Күштерінде болып жатқан өзгерістер жайында жазылған маетриалдарға пікір айттық. Газеттің әскери-патриоттық тәрбие мәселесін жазудағы жетістіктерінің бірі-авторлардың кең тартылуы. Әр түрлі айдарлар мен арнаулы беттердің тұрақты беріліп тұруы.

         Диплом жұмысында аталмыш газеттің әскери-патриоттық тәрбие мәселелерін жазудағы тәжірибесін толық қамтыдық дей аламыз. Оны түгелдей айтып шығу шағын еңбегімізде мүмкін емес. Басылымда бұл өзекті мәселелер толық әрі жан-жақты көрініс тауып отыр деуден аулақпыз. Кейде көлемі тым үлкен сапасыз материалдар да жарияланады. Алайда мұндай азын-аулық кемшіліктер газеттегі өзіміз әңгіме арқауы еткен күрделі мәселелерді жазудағы жеткен жетістіктеріне көлеңке түсіре алмайды.

       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 ұзақ мерзімді бағдарламасында:

      «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтарды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп кемелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат жылдан өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»-дап көрсетті.

       Бұл жүйелі айтылған сөз аталмыш газет ұжымына да зор міндеттер жүктеп, бұл бағытта шығармашылықеңбекетеберулеріне сеніс артары сөзсіз.

       Қорыта келгенде «Атырау» облыстық қоғамдық саяси газетнің қызметкерлері жоғарыда айтылған өзекті мәселелерді жазуда алдағы уақытта да тың ізденістер таныта береді деген сенімдеміз. 

 

 

 

 

 

 

СІЛТЕМЕЛЕР

 

  1. Кенжалин Ж. –«Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз» Алматы: Санат, 1998ж.
  2. «Ақиқат» журналы-№5, №6, №7, №27, 2007ж.
  3. «Егемен Қазақстан»- газеті №17, №18, №20, №22, №31, 2007ж
  4. «Ана тілі» газеті- №5, №12, №13, №18, 2007ж
  5. «Жас Алаш» №4, №9, №12, №24, №58, 2008ж
  6. «Жалын» журналы- №5, 2006 ж.
  7. «Түркістан» газеті №24, 2007ж.
  8. «Нұр Астана» газеті №9, 2008ж.
  9. «Тасжарған» газеті 2008ж.
  10. «Алтын Орда» газеті- №42, 2006ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Назарбаев Н.Ә.- «Ғасырлар тоғысында»- Алматы: Санат, 1995ж.
  2. Жақып Б.- «Публицистикалық шығармашылық негіздері»- Алматы: Қазақ университеті, 2007ж.
  3. Елеукенов Ш- «Кітаптану негіздері»-Алматы: Санат 1997ж.
  4. Омашев Н.- «Радиожурналистика» Алматы: Санат 2005ж.
  5. Қабдолов З.- «Сөз өнері»- Алматы: Санат 2002ж.
  6. Қозыбаев С.- «Отандық журналистика тарихы»-Алматы: Қазақ университеті, 2006ж.
  7. Кенжалин Ж.- «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз» Алматы: Санат, 1998ж.
  8. Амандосов Т.- «Публицистика дәуір үні» Алматы: Қазақстан, 1974ж.
  9. Амандосов Т.- «Журналист және өмір» Алматы: Қазақстан, 1967ж.
  10. Аманжолов С.- «Қазақтың әдеби тілі» Алматы: Атамұра, 1919ж.
  11. Аманжолов С.- «Тіл мәдениеті және баспасөз» Алматы: Санат, 1972ж.
  12. Исаев С.- «Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы» Алматы: Атамұра, 1983ж.
  13. Кенжебаев Б, Қожакеев Т.- «Сөз туралы сөз» Алматы: 1983ж.
  14. Сыздық Р.- «Сөз құдіреті» Алматы: 1997ж.
  15. Тұрарбеков З.- «Мерзімді баспасөздегі аударма» Алматы: 1967ж.
  16. Серғалиев М.- «Көркем әдебиет стилі» Алматы: 1995ж.
  17. Айталы А.-«Ұяттану» Алматы: Санат, 2002ж.
  18. Момышұлы Б.- «Қанмен жазылған кітап» Алматы: Қазақстан, 1973 ж.
  19. Қайсенов Қ.-«Ағалар туралы аңыз» Алматы: Балауса, 1992 ж.
  20. Қалдыбаев М.-«Ұмытылмас кездесулер» Алматы: Қазақстан, 1989 ж.
  21. Ғабдуллин М.- «Майдан очерктері» Алматы: Жазушы, 1963 ж.
  22. Қазақ халқы тәлім-тәрбие тарихынан. Алматы: Қазақстан, 1972 ж.
  23. «Егемен Қазақстан» газеті (№18, №21) 2007 ж

24.«Алтын Орда» газеті -№42, 2006 ж.

25.2006-2009 жылдыр аралығындағы «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің нөмірлері.