АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Корпоративтік журналистика

         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

                                                       МИНИСТРЛІГІ

 

               ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

                                               Журналистика факультеті

 

 

                                           Журналистика тарихы кафедрасы

 

 

                                                  Диплом жұмысы

 

 

Корпоративтік журналистика

                                                         

 

 

Орындаған  4 курс студенті  ____________________

 

 

Ғылыми жетекші          __________________________

                                                                (қолы, күні)

 

 

Норма бақылаушы      _______________________

                                                                (қолы, күні)

 

 

Кафедра меңгерушісінің _____________

рұқсатымен қорғауға жіберілді      (қолы, күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Алматы, 2010

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ…………………………………………………..……………………..3

 

 

  1.  

 

 

2.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………..

 

 

СІЛТЕМЕЛЕР………..…………………………………………………………

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

                                                    КІРІСПЕ                                              

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.  Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары – компанияның клиенттеріне, қызметкерлеріне немесе бизнес бойынша серіктестеріне бағытталған басылымдар. Кейде жарнамалық рөлді де атқара алатын тұстары бар.  Бұқаралық ақпарат құралдары компанияның өз күшімен шығаруға немесе арнаулы баспаға тапсырысқа беруге болады.
Классификаторға сәйкес корпоративтік медиа және бұқаралық ақпарат құралдары   үш           негізгі         түрге бөлінеді:

1) b2b (business-to-business) – серіктестерге бағытталған корпоративтік басылымдар. Мұндай басылымдар максимальді ақпаратты және пайдалануға ыңғайлы болып  жасалады. Бұл жағдайда сапа ең жоғары деңгейде болуы керек. Тек мазмұны ғана емес, оны беру әдісі де сапалы болуы керек. Осылайша бәсекелес артықшылықтары полиграфия, дизайн, қалыптау болып       табылады.
Көптеген кәсіпкерлер қазіргі медианарық жағдайында іскерлік коммуникацияның үдерісі оңай емес деп айтады. Бұқаралық БАҚ-тағы тапсырыспен жазылған материалдар белгілі бір деңгейде өздерінің беделін түірді. Жекеменшік корпоративтік журнал немесе газет бизнес-байланыстарды жайғаудың және іскерлік ортада компанияның бейнесін қалыптастырудың ең ілгерілеу құралы      болып табылады.

2) b2с (business-to-client) – компания клиенттеріне арналған корпоративтік  журналдар мен газеттер.  b2с — басылымдарда корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары нарығының үлесі басым.  Клиенттік журнал немесе газет – бұл жарнамалық және ақпараттық өнімнің арасындағы орта.
Мұндай басылымның негізгі міндеті – компания клиенттерінің  адалдығын көтеру. Көпшілікке жегі болған тура ақпараттың орнында корпоративтік баспасөз жанама жарнаманың ең ықпалды құралдарының бірі болып табылады.
        3) b2p (business-to-personnel) — өз қызметкерлеріне арналған корпоративтік  баспасөз. Әдетте, егер корпорация ішінде жеке газет шығару қажеттілігі туындаса, бұл іс қоғаммен байланыс үшін жауап беретін бөлімге міндеттеледі. Редакция осы бөлім ішінде құралады, немесе корпорация аясынан тысқары шығады (мысалы, жарнама агенттігінде немесе медиалық құрылымында тапсырыспен жасалады), ал PR-бөлімшесі басылымға жетекшілік жасайды.
Ішкі корпоративтік баспасөз ұжыммен жұмыс жасауға бағытталған, сондықтан редакциялық жоспарларда түзуде кадр бөлімімен байланыссыз ештеңе жасалмайды:
• қызметкерлер үшін (біріктіру және мобилизациялау құралы);
•   қатардағы менеджерлер үшін (стратегияларды жүзеге асыру құралы);
•    топ-менеджерлер үшін (шешім шығару құралы).

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.  Корпоративтік баспасөз не үшін қажет?

Корпоративтік басылымдар әдетте компанияның қарқынды жұмысының нәтижесін бұқараға таныту, таныстыру, жарнамалау деңгейінде болады. Газет, журнал, бюллетень, ақпараттық парақшалары арқылы қоғамдық байланысты орнату үшін керек.

  • Кез-келген компанияға басылымның үш түрі қажет болады. Яғни,  газет, журнал немесе бюллетень.
  • Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарын жасау мен шығаруды қоғамдық байланысты орната алатын маманға сенген жөн сияқты.
  • Басылымның бір нөмірін шығару құны қанша болатынына мән берілуі керек.

Аудиторияға байланысты басылымдар екі топқа ақпаратты беру мақсатына және пішініне қарап бөлінеді.

  1. Компания қызметкерлеріне арналған басылым. Бұл жағдайда басылым міндеттерді шешіп, сіздің компанияңызды толғандыратын мәселелерді жариялауы керек. Бас Директор бұл бұқаралық ақпарат құралдарды қызметкерлерді басқару, қызметкерлердің материалды емес мотивациясының құралы ретіне пайдаланады. Газеттің мазмұнына қатысты үміттерді қадағалау. Менің тәжірибием бойынша, үш фокус-топ жеткілікті. Бұл жұмысты PR-бөліміне, қызметкерлер немесе менеджерлерге тапсырылады.
  2. Cыртқы оқырмандарға арналған басылымдар (инвесторлар, акционерлер, серіктестер, клиенттер үшін). Мұндай басылымның негізгі міндеті — компанияның сыртқы PR, қолайлы имиджді қалыптастыру. Бірақ, егер бұқаралық ақпарат құралдары тек компанияның, оның өнімдері мен қызметтерінің жарнамасына ғана арналатын болса, оны ешкім оқымайды (оған қоса, мұндай басылым компанияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін). Сыртқы аудиторияның сұранысын зерттеулердің көмегімен де анықтауға болады. Терең интервьюлер әдісі өте тиімді — қандай ақпараттың қызық болатындығын және оны қалай беру керектігін білу үшін әлеуетті оқырмандар арасынан шамамен 20 адамнан сұрау жеткілікті. Егер компания маркетологтарының құзырлығына сенімсіздік танытсаңыз, интервью дайындауды сыртқы мамандарға тапсырған абзал.

Ішкі бұқаралық ақпарат құралдары менеджменттің әрекет ететін құралына айналу үшін үш маңызды нәрсені есте сақтау керек. 

  1. Адамдар монологты ұнатпайды, бірақ әңгімеге атсалысады. Диалогқа енбей-ақ жай білдіретін корпоративтік басылымның төмен оқырмандық рейтингі болады.
  2. Кейбір компаниялар үнемдеу мақсатында қызметкерлер үшін де, клиенттер үшін бір басылым шығарады. Бұл жағдайда корпоративтік медиа сенімділіктің қажетті деңгейін жоғалтады. Редактор оның клиенттер қолына түсетінін біліп, шындықты көрсетпейтін барлық нәрсені сызып тастайды, және бұқаралық ақпарат құралдары жарнамалық буклетке айналады.  Компанияның жетістіктері туралы ғана жарияланатын басылым табысқа жетпейді. 
  3. Адамдардың көпшілігі жай тілде сөйлейтінін, қарапайым өмір сүретінін ұмытпаған маңызды. Егер оларға сөзіңіз жетсін десеңіз, ресмиліктен бас тартыңыз  — басылым ақпаратты қарапайым және түсінікті тілде беруі, басшылықтың бағдарламалық мәлімдемелерін қатардағы қызметкерлерге түсінікті материалдармен ұштастыруы керек.

Батыста корпоративтік мәдениет мәселесіне том-том зерттеулер арналған, ал бізде алғашқы жарияланымдардың жарық көргеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Табыстың негізгі себебін корпоративтік мәдениетте көретіндер бар, бірақ оны ұйым қызметінің қаржылық нәтижелеріне ешқандай қатысы жоқ деп ойлайтындар да көп кездеседі.  Бір сөзбен айтқанда, ол туралы пікірлер әр алуан.  «Екілік стандарттар» корпоративтік мәдениетінің мәселесіне бөлініп жатырған назар осы дәл осы жағдаймен түсіндіріледі.

«Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары жарнамадан айырмашылығы аз объективті емес ақпаратқа толы. Сондықтан болашақта оқырмандар ішіндегі ақпаратқа көбірек сеніп, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарды таңдайтын болады». Дәстүрлі медиа күнделікті жасалып отырған мазмұн нарығында маңызды рөл атқаратындығымен келісемін, бірақ жасалып отырған мазмұнның басым бөлігі корпоративтік  бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі болатынына сенімдімін. Себебі мынау:

  1. Күн өткен сайын тұтынушы дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланатын жарнамалық материалдарды елемеу оңайға соғады. Он-лайн жарияланымдардың дамуымен жарнамалық хабарландыруларды өшіруге немесе жүзбелі терезелерді құрсаулауға болады. Егер белгілі бір тақырыпқа байланысты жаңалық алып отырғыңыз келсе, RSS-ағынға тапсырыс беріп, ол жерге жарнама түспейтініне сенімді болуыңызға болады. Компьютеріңізге сурет құрсаулау параметрін қоя аласыз, сол кезде сіздің сүйікті мақалаларыңыздағы жарнамалық модульдер бос сурет ретінде көрінеді. Тұтынушыға бұл жақсы. Корпорацияларға ше? Оларға өз жарнамалық жолдауын тұтынушыға жеткізу жолын табу керек. Егер дәстүрлі жарнама әрекет етуді тоқтатып қана қоймай, белгілі бір тұтынушының қалауына байланысты жеткізілмей тасталса не істеу керек? Корпоративтік баспасөз – мұндай корпорацияларға арналған жалғыз жол, өйткені, оның көмегімен тұтынушыға оны қызықтыратын ақпарат бере отырып,        өз      мүддесін     де            көздейді.
    2. Қазір тұтынушылар корпоративтік баспасөз бен дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары әр түрлі қабылдайды. Олар тұтынушылардың санасында араласпайды. Бірақ, болашақта корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарының шынайлығына деген көзқарас өзгеруі мүмкін. Мысалы, бостон университетінің профессоры Джон Кэрролл, қазіргі студенттердің бұқаралық ақпарат құралдарына қатынасын айтқанда, «олар дәстүрлі баспасөзде ерекше бір құндылық көрмейді» деп атап көрсетеді. Кэрролл мырза «студенттер дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары  жарияланатын ақпараттың объективті болғаны үшін ғана сиынбайды. Олар музыка жарнама қосымшаларымен үзілетін, толығымен коммерциялық жоба болып табылатын MTV арнасынан көрген мәліметтерге де дәл осылай сенеді. Және олар ұялы телефонға бір жарнама берушінің тапсырысы бойынша келетін sms-хабарламаларда  жазылғандарға да сенеді». Мәселе осында. Қазірдің өзінде жастар корпоративтік коммуникацияларға дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдардан кем сенім білдірмейді. Олар болашақта iPod, Nike, немесе Sean John шығаратын журналдарға Wall Street Journal берген ақпаратқа қарағанда көбірек сенетінін пайымдауға бізге не кедергі болады? Олар Nike және Apple өнімдерін біледі, сапасына сенеді, ал Wall Street Journal бар екенін ғана біледі. Адам таза психологиялық тұрғыда көбірек танитын адамына сенім       артуға         ыңғайшыл.
    3. Жергілікті кішігірім газетке қарағанда, орташа корпорацияның сапалы мазмұн мен жұмысқа ақша төлеуге қаржылық ресурсы көбірек. Бұл білікті маманардың ерте ме, кеш пе корпоративтік баспасөзге өте бастайды. Әрине, кішігірім компания үшін танымал емес журнал жасау мәселесіне келгенде салмақты журналистер қандай да бір танымал басылымда жұмыс жасауды қалайды. Бірақ, егер оларға Google немесе eBay корпорацияларына жоба жасауға ұсыныс жасалса ше? Осы жерде кез келген адам барлық жағымды және жағымсыз жайттарды таразылай бастайды. Амбициялар және жалақылар жекпе-жегінде  Times eBay корпорациясынан артық түсуі мүмкін емес. Бұдан бөлек, уақыт өте, корпоративтік журналистикаға деген көзқарас жайменен, бірақ өзгеріп жатыр. Бүгіннің өзінде Microsoft, Cisco немесе Parker Hannifan журналдарындағы жарияланымдар – өткеннен ұятты бет емес, түйіндемеге      керемет       толықтыру.
    Бірақ мен мына факторлардың: дәстүрлі жарнаманың ықпалдылығының төмендеуі, корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарына деген тұтынушылық қатынастың өзгеруі және осы бизнес саласына деген журналистік қауымдастықтың адалдығының өсуі – корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдардың кең көлемді және сөзсіз жеңісіне апарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         І.

Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарының функциялары  

  1. Қызметкерлерге, клиенттерге және серіктестерге ақпарат беру.
  2. Компанияның басшылық, қызметкерлер және сыртқы аудиториясының бұқаралық диалогы.
  3. Ұжымның нығаюы.
  4. Тәжірибе алмасу.
  5. Қызметкерлердің өз ойларын жүзеге асыру мүмкіндігі.
  6. Компанияның жағымды имиджін қалыптастыру.
  7. Қызметкерлердің материалды емес мотивациясы.

 

Газет. Ең кең таралған бұқаралық ақпарат құралы. Газет пішіні көпшілікке үйреншікті болғандықтан сенім туғызады. Баспасөздің төмен бағасы бұқаралық ақпарат құралдардың бұл түрін кез келген медиамақсат үшін пайдалы және үнемді етеді. 

Журнал. Шығару көп шығынды талап етеді, бірақ журнал ұзақ мерзімді болашағы және айқын даму стратегиясы бар қаржылық тұрақты компанияның, сенімді серіктестің  имиджін жасауға көмектеседі. Газетке қарағанда журналға көбірек қызметкерлер штаты керек. Ереже бойынша, корпоративтік журналдар қымбат қағазға басылады. Журналды сыртқы аудиторияға — инвесторларға, акционерлерге және бизнес бойынша серіктестерге бағыттаған дұрыс.

Бюллетень. Үндеухатқа ұқсайтын болғандықтан, ерекше шығындарды талап етпейді. Негізінде бюллетень кей уақытта шығарылатын болғандықтан, аудитория үшін хабар бағасын түсіреді. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұл түрінің көмегімен компания ассортиментіндегі жаңалықтар туралы ақпарат беру міндетін шешкен дұрыс. Егер өз басылымыңызбен тұрақты жұмыс жасауға дайын болмасаңыз және баспа бөлімін құруды жоспарлап отырмаған болсаңыз, бюллетень — компанияңызда болып жатырған оқиғалар туралы клиенттерді хабардар етудің ұтымды нұсқасы. Оны шығаруды PR-бөлімге немесе маркетинг қызметіне тапсыруға болады.

Интранет. Ақпарат берудегі максимальді жылдамдық, қызметкерлер арасындағы интерактивті қатынас мүмкіндігі, жобаның төмен бағасы бұл бұқаралық ақпарат құралдары түрін басқаларынан ерекшелеп көрсетеді. 

         Негізінде компанияда газет, журнал, бюллетень және интранет сияқты корпоративтік медиа түрлері пайдаланылады.

Корпоративтік басылымды шығаруды кімге тапсыру керек?

Тысқары ұйымды тарту (мысалы, PR-компанияны немесе агенттікті). Егер сіз мамандары сіздің бизнесіңізді, салаңызды жақсы білетін және бұқаралық ақпарат құралдары үшін сіздің фирмаңыз жайлы материал дайындаған PR-компаниямен көптен бері және табысты жұмыс жасап келе жатырған болсаңыз, бұл ең тиімді тәсіл болып табылады.

Фирма ішінен әлі жеке редакция жасауды қаламайтын компаниялар осы сызба бойынша жұмыс жасағандары абзал. PR-агенттікке бірнеше алғашқы нөмірді жасауды тапсыруыңызға болады. 

Басылымды өз күшімен жасау. Бұл жағдайда мынаны еске сақтаңыз: егер сапалы басылым алғыңыз келсе, корпоративтік газетке жұмыс жасауға кәсіби мамандарды тартыңыз. Осылайша, сізге кемінде бас редактор, журналист, беттеуші, корректор және фотограф қажет.  Басылымның көлемі аз болса, бір қызметкермен де шекиелуге болады – барлық материалдарды сол дайындайды.  Беттеу, алғашқы нөмірді безендіру, суреттерді реттеу, корректорлық жұмыстарды штаттан тыс қызметкерлерге немесе басылымды басатын баспаға тапсыруыңызға болады.

    Бірлескен банктің бұқаралық ақпарат құралдарында алуан түрлі жанрларда берілген ақпарат үздіксіз беріліп тұрады. Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдардың әрбір нөмірінде компания қызметкерлері таныстырылуы керек, кәсіпорынның табыстары жайлы айтылуы қажет, бірінші тұлғалардың жолдауларын, сандар мен жаңалықтарды жариялау керек.

Мысалы, Екі банкті біріктіру барысында «Вестника Альянса» басылымының беттерінде бір банктен екінші банкке өтіп жатырған немесе жобада маңызды рөл атқаратын менеджерлердің өмірбаяндары жарияланады. Әр түрлі мәселелер бойынша олардың пікірлері беріледі  — бірлескен банктің болашағынан бастап қызметкерлерді басқаруға дейін.

Компания табысы — бұл кез келген жетістіктер. Қызметкерлер бизнесті басқарып отырған адамдардың жақын екендігін ұғынуы үшін басылымның әрбір нөмірінде компанияның бірінші тұлғаларының жолдауы болуы керек. Жолдау белгілі бір адамға немесе топқа арналған сұқбат немесе мақала түрінде болуы мүмкін.

Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған мәліметтердің иллюстрациясына қажетті сандар міндетті түрде болуы керек.  Корпоративтік  басылымда берілетін мәліметтер маңызды және жаңа болуы тиіс.

Корпоративтік газет өз қызметтерін атқарып жатырғандығын анықтау үшін оның танымалдылығын қадағалау керек. Корпоративтік газетті оқитын-оқымайтындығын ұғыну оңай. Егер клиенттер кеңседен нөмірді алып, қызметкерлер үйлеріне алып кетіп жатса, оның оқылатын болғандығы. Екінші әдіс – жарияланым кейіпкерлері болғандардың қызмет сатысы бойымен жылжу статистикасы. Егер бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде көрсетілген менеджерлердің көпшілігі жарты жылдан соң қызмет сатысымен жоғары көтерілсе, онда басылымның тиімді жұмыс жасайтындығы.

 

            Бұқаралық ақпарат құралдарын  шығаруға кім жауапты екенін байқау үшін жүргізілген сауалнаманың қорытындысы мынадай болды:

Сауалнама бойынша компаниялардағы корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарын шығаруға жауап береді:

  • Компанияның PR-департаменті ( сұралғандардың 69,7%);
  • Сату жөніндегі дирекция, маркетинг бөлімі, жарнама бөлімі (14,6%);
  • Аутосорсинг шарттарындағы сыртқы контрагент (10,1%).

«Советник» журналы мен Sovetnik.ru порталы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша (ресейлік 93 корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері сұралды.)

        Корпоративтік баспасөздің негізгі міндеттерінің ішінде мыналарды атап көрсетуге болады: кәсіпорын аясында ортақ ақпарат өрісін жасау, ішкі корпоративтік коммуникациялардың эффективтілігін арттыру, ішкі және сыртқы PR компаниялар. Жеке бұқаралық ақпарат құралдары шығаруды шешпестен бұрын Бас Директор топ-менеджерлер мен акционерлердің көмегімен мыналарды анықтауы керек:

  • олар қандай аудиторияға арналады және сәйкесінше қандай міндеттерді шешеді;
  • басылымның қай түрі оңтайлы;
  • корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарды дайындауға кім жауапты болады;
  • басылымның техникалық параметрлері қандай.

 

Корпоративтік баспасөзге шолу.

Жвирблис Андрей:

Ресейдегі корпоративтік баспасөз басынан жақсы кезең өткеріп жатыр: егер бұрын жеке басылым тек ірі корпорацияларда болса, қазір нарықтың майда қатысушыларын да бар – қаласаңыз бір нөмір үшін бірнеше мың доллар жұмсауға болады. «Деловая Лига» коммуникациялық тобының бас директорының орынбасары Михаил Дубровскийдің пікірінше, корпоративтік баспасөз серпілісі енді бірнеше айға созылады.

Сыртқы корпоративтік баспасөзбен күн сайын банкте немесе дүкендерде кездесеміз. Ал ішкі баспасөз компанияда жұмыс істемейтіндердің назарынан тыс қалады. Ол ішкі коммуникацияларды бақылауға, еңбек ұжымының бірігуіне, және кері байланыс ретінде қызмет атқаруға арналған.  Бұл жерде басылым корпоративті оқырманды компанияның негізгі тұлғаларымен, оның ағымдағы міндеттерімен, идеологиясымен және философиясымен таныстыратын бас ақпарат жетекшісі ретінде қызмет атқарады. Клиенттер мен серіктестерге бағытталған ішкі корпоративтік баспасөздің тағы бір қызметі бар. Мұндай газетке жарияланғандарға клиенттер пресс-релиздерге  қарағанда көбірек сенеді. Пиар-бөлімнің осы үшін жұмыс жасайтыны жасырын емес, анықтап қарасаңыз, шеттегі оқырманға арналған мақалаларды көруіңізге болады.

Көп жағдайда, барлық ішкі корпоративтік басылымдарды екі түрге бөлуге болады – қызметкерлердің өздері жасаған және қызметкерлер үшін жасалған. Жеке қызметтердің орындалу тиімділігі осы екі түрдің қайсысына белгілі бір атау жарасатынына байланысты болады.  Қызметкерлер өз газеттерін жасауда компания философиясына көңіл бөлулері екіталай, бірақ ол жерде жұмылған ұжымды жасауға жұмыс жасайтын жарияланымдарды көруге болады.

Нәтижесінде, ішкі корпоративтік  басылымдар кездейсоқ оқырманның қызығушылығын тудыруы екіталай. Өйткені, оларды белгілі бір компанияға қатысты ішкі мәселелер толғандырмауы да мүмкін. Ортақ мәселелер ерекше көзқараспен суреттеледі.  

Ішкі корпоративтік баспасөздің оның толық дамуына кедергі жасайтын кемшілігі бар. Ол — соңғы әсерді есептеу қиындығы. «Әдетте ішкі басылымдар компанияның басты тұлғаларының бірінің «оларда болса, біз де жасаймыз» деген бастамасымен жасалады. Бір-бір жарым жылдан соң оған көп ақша жұмсалғандығы анықталады да, көбінесе көпшілік басылымдар жабылып қалады» деп түсіндіреді Михаил Дубровский.

 

 «Екілік стандарттардың» корпоративті мәдениеті

Автор: Кершис Олег:

Батыста корпоративтік мәдениет мәселесіне том-том зерттеулер арналған, ал бізде алғашқы жарияланымдардың жарық көргеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Табыстың негізгі себебін корпоративті мәдениетте көретіндер бар, бірақ оны ұйым қызметінің қаржылық нәтижелеріне ешқандай қатысы жоқ деп ойлайтындар да көп кездеседі.  Бір сөзбен айтқанда, ол туралы пікірлер әр алуан.  «Екілік стандарттар» корпоративті мәдениетінің мәселесіне бөлініп жатырған назар осы дәл осы жағдаймен түсіндіріледі.

Ресейлік корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарының сипаттамасы:

Корпоративтік газет пен журналдардың 44% жуығының таралымы 1000 данадан кем емес; 31,9% —1000-нан 5000-ға дейін; 24,1% —5000 данадан артық. Өз бұқаралық ақпарат құралдары шығаратын компаниялардың жартысы үшін бір нөмірдің таралым құны 2000 долларды құрайды. Ең көп шығын (50% жоғары) өндіріске кетеді. Гонорар қоры мен беттеу және безендіруге бюджеттің  11 — 50% кетеді. Тарату бағасы ең төмен — бюджеттің 10%.

Корпоративтік басылым ұжымның басшылықпен байланысын қамтамасыз етуі керек. Одан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары жаңа көшбасшылардың шығуына көмектесуі керек – жауапты салаларда қызмет жасайтындарға назар аударту, қойылған міндеттерді шешуге олардың қатынасын ашу.

Және бұқаралық ақпарат құралдардың соңғы міндеті — инновацияларды қолдау. Мысалы, егер компанияда жобалық басқару ендірілетін болса, бұл туралы бәрі білуі керек.

Әр түрлі міндеттерді шешу үшін әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарды  қолдану керектігін атап көрсету қажет. Мысалы, банктерді қосу жобасын жүзеге асыра отырып, жедел ақпараттандыру үшін бұрынғы басылымды пайдалана алмайтын едік. Сондықтан «Встреча энергий» электронды басылымының шығарылуы — бұл газет қызметкерлерге жоба туралы жедел ақпарат таратып отырады.

«Сары басылымдар» жойылды! Жасасын, корпоративтік  бұқаралық ақпарат құралдары!

Бірнеше ай бұрын жарнама ақпаратын таратушы атақты арна – «Сары басылымдар» үшін қиын кезеңдер туындағаны жайлы жазған болатынмын. Енді  Wall Street Journal журналы да менің сөзімді растап отыр. Бірақ мұның корпоративті бұқаралық ақпарат құралдары нарығына не қатысы бар?

«Сары басылымдар» жайлы алғашқы материалымда журнал бұл жылы жарнама берушілердің жеткілікті санын тарта алмайды деген болжам айтқан болатынмын. Менің жорамалдарым өз сайтымның қонақтары арасында жүргізілген онлайн сауалнаманың нәтижелеріне негізделді. Сауалнамаға қатысқан маркетологтардың көпшілігі маркетингтік бюджеттің азаюына байланысты «Сары басылымдар» газетіне жарнама бермейтіндіктерін мәлімдеді. Екінші мақаламда тұтынушылар өнім туралы ақпаратты қайдан іздеуді қалайтындықтары туралы зерттеу жүргізген тәуелсіз агенттіктің мәліметтерін берген болатынмын. Осы мәліметтерге сәйкес, «Сары басылымдар» Google және Интернеттің басқа да іздеу ресурстарынан көп артта қалды. 

Wall Street Journal журналында жарияланған «Желтым страницам грозит вымирание» мақаласының авторлары менің жорамалдарыммен келіседі. Оның ішінде, олар: «Сары басылымдар» газетінің баспа және он-лайн нұсқасындағы жарнама 2009 жылы кем дегенде 6,3% төмендейді. Телевидение жарнама арнасы ретінде бәрінен көп зардап шегеді. Wachovia сарапшыларының пікірінше, жарнама берушілер арасында эфир уақытына деген сұраныс екі есе азаюы ықтимал. Ал, Borrell Associates мәліметтеріне сүйенсек, таяу төрт жыл ішінде баспа бұқаралық ақпарат құралдығы жарнама нарығы 39% құлдырауы мүмкін» деп жазған болатын.

Дәстүрлі газет пен журнал баспагерлері құр қол отыр деп айтуға болмас. Кейбіреулері Google ресурсымен серіктестік жобалары туралы мәлімдеді, енді өз клиенттеріне пакеттік шешім ұсынып отыр, оның аясында жарнама тек баспасөзде емес, сонымен қатар, он-лайн да басылады. Бірақ, мұндай шешімдердің қаншалықты ұзақ өмір сүретіндігі – үлкен сұрақ туындатады. Егер зерттеулер тұтынушылардың сатып алу шешімін қабылдау барысында дәстүрлі басылымдарға аз назар аударатындығын растайтын болса, бизнес ерте ме, кеш пе оларға жарнама беруден бас тартады.

Бұл жағдайда бірінші орынға мазмұнды маркетинг шығады. Өйткені, тұтынушылар өнімдер мен қызметтер туралы ақпарат іздеу үшін интернетті көбірек қолданады. Сондықтан, маркетингтік ақшаны жаратудың бірінші мақсаты – корпоративтік сайтыңыздың мазмұнын жақсарту. Ол клиентке сіздің кім екеніңізді және қызметіңіз туралы хабарлап қана қоймай, тиімді сату құралы да болуы керек – яғни тұтынушыларды сіздің өнімдеріңіз бен қызметтеріңізді алуға шақыру. Бұл үшін сізге сапалы мазмұн қажет.

Қазіргі жағдайдағы ең ұтымды инвестиция нұсқасы – клиенттермен әрқашан байланыста болуға және сұраныс құлдыраған кезде де оны жібермеуге көмектесетін электронды корпоративті газет немесе жаңалық бюллетенін жасау. Егер егер сіздің жай бұқаралық ақпарат құралдардан жарнама орнын сатып алуға  ақшаңыз болса, оны PR-материалдарды басқа корпоративті басылымдарда басу сияқты корпоративті мазмұн түрін пайдалануға жұмсаған абзал: бұл шығын жағынан пайдалы, әрі тұтынушыны әрекет етуге тезірек итермелейді.

 

«Қаржыгерлер» дағдарыспен корпоративтік бұқаралық ақапарат құралдары  көмегімен күресуде.

Дағдарысқа қарамастан, американдық компаниялардың маркетологтары 2009 жылы маркетингтік коммуникация шығындарын ұлғайтуды жоспарлап отыр. 2008 жылдың аяғында Ameriacan Business Media  ассоциациясының корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары бойынша Комитеті және Imagination Publishing баспасы өткізген «Маркетинг в период рецессии» (Marketing in a recession) зерттеуінің нәтижесі осындай. 

Зерттеудің мақсаты қаржылық компаниялардың маркетологтары осы жылы өз белсенділіктерін қалай реттеуді жоспарлап отырғандығын, сондай-ақ корпоративтік медиаларға жылжу құралы ретінде қатынасты анықтау болды. Онлайн-сауалнамаға 32 американдық алдыңғы қатарлы қаржы корпорацияларының өкілдері қатысты. Осы сауалнаманың негізгі нәтижелері мынадай: 

— Американдық қаржы компанияларының маркетинг бойынша 10 директорының 9 жаһандық экономикалық құлдырау кезеңінде клиенттермен қарым-қатынасты дамыту және жақсарту қажеттілігі «аз ғана деңгейде» өсті деп растайды.

— Өз компанияларының 2009 жылғы қызмет басымдылығы туралы сұраққа респондеттердің үштен бірінен астамы (37%) «клиент сенімділігін қалпына келтіру немесе орнату» деп жауап берсе, 27% экономикалық дағдарыспен күресті көрсеткен. Басқалардың ішінде: салымдар тарту, ұзақмерзімді жоспарлау және клиенттерге көмекті атап көрсетуге болады.

Осы кездегі корпоративті коммуникацияның қандай құралдарын тиімді деп санайтынын сұрағанда, маркетологтардың жауабы былай болды:
— маркетологтардың 50% корпоративті медианы атады;
— 10% — директ — мэйл;
— 10% — дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары;
— 30% — басқа

Он респонденттің сегізі компанияларының маркетингтік стратегиясына корпоративтік медианы пайдалану кіретінін мәлімдеді;
қаржылық сектор компанияларының 50% өз журналы немесе клиенттер үшін           ақпараттық порталы     бар;
компаниялардың 25% подкастар қолданып, өз клиенттеріне дыбысбейне контент жібереді.

 

 

Практиктердің пікірлері бойынша:

Аркадий Матковский «Компания ТрансТелеКом» ЖАҚ қоғаммен байланыс бойынша Вице-президенті, Мәскеу

«Сеть ТТК» журналының алғашқы нөмірін дайындау барысында көрген қиындығымыз — авторлық ұжым. Корпоративті басылымды жасайтын мамандар журналистика мен телекоммуникация саласындағы профессионал болып қана қоймай, компанияның негізгі құндылықтарын, оның мақсаттарын түсінуі керек. Сол себептен біз журналды қоғаммен байланыс департаментінің күшімен шығарамыз. Бас редакторы — мен.

Оксана Критикова «Ресурс» агроөнеркәсіптер тобының корпоративтік саясат бойынша директоры, Оңтүстік федеральді аймақ

Менің ойымша, корпоративті басылымның бас редакторының лауазымына ұйым қызметкерін тағайындаған дұрыс. Оның негізгі міндеті — басшылық ойы мен қалауының жолсерігі.

Журнал пішінінің (газетпен салыстырғанда) мазмұнды бөлігін жасау бойынша салмақты жұмыстан бөлек безендіру жұмыстарының да кең көлемі қажет. Газет редакциясында штаттағы қызметкерлер санының 3-6 болуы жеткілікті болса, ал журналды дайындау үшін мамандар санын ұлғайту керек.

Бас редактор бола алады:

  • корпоративтік саясат бойынша директор;
  • PR — директор;
  • қызметкерлер құрамын басқару жөніндегі директор ;
  • ішкі коммуникациялар бойынша менеджер по внутренним коммуникациям.

Компаниямызда газет шығару құны мына шығындардан құралады:

  • мазмұнды қалыптастыру (редакция жұмысы);
  • беттеу және жобалау;
  • басып шығару;
  • «Ресурс» агроөнеркәсіптер тобының өнеркәсіптеріне жеткізу.

Бір нөмірдің таралымын шығарудың жалпы құны шамамен  23 мың рубльді құрайды. Жылына алты нөмір шығарамыз, осылайша бір жылдық бюджет — 138 мың рубль. Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары шығаруға шығынды азайтудың ең тиімді тәсілі – аймақтарда басып шығару.

 

 

Корпоративтік басылымның негізгі міндеті — билік балансын қамтамасыз ету.

Даниил Сандлер «Сибакадембанк» Ашық акционерлік қоғамының бас директорының орынбасары, Новосибирск; экономика ғылымдарының кандидаты

 

«Сибакадембанк» ААҚ құрамына Уралвнешторгбанк да кіретін стратегиялық Банк альянсна кіреді. Маусымдық «Вестник Альянса» (8 жол) газеті банк қызметкерлері, олардың клиенттері мен серіктестері арасында таралады. Сибакадембанктің ішкі ақпараттық порталы Банк альянсының жаңалықтары туралы банк қызметкерлеріне жедел хабарлау үшін қызмет атқарады. «Встреча энергий» апталық электронды газеті қатардағы қызметкерлерге Уралвнешторгбанк пен Сибакадембанктің қосылу үдерісі туралы хабар береді.

 

Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары шығарылымы әдетте компанияның дамудың белгілі бір деңгейіне шығуына көмектеседі. Кәсіпорны өскен сайын қарапайым коммуникация арналары жеткіліксіз болып қалады. Мысалы, 500 адамнан көп құрамы бар топты сапалы алға жылжуға шабыттандыру үшін жай мақсат қою жеткіліксіз. Қызметкерлерге әрқашан идеологиялық қолдау көрсетіп отыру керек.  Бизнестің мұндай масштабында корпоративті бұқаралық ақпарат құралдарсыз қиынға соғады: басшының қол астындағылармен әрқашан бетпе-бет сөйлесуге уақыты жоқ.

Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдардың өмір сүруінің маңызды шарты – қызметкерлерге сенім екендігін атап көрсетемін. Корпоративті басылымда жариялау жанрының өзі тек топ-менеджерлердің ғана емес, орта менеджменттің де, қатардағы қызметкердің де көзқарасын жеткізу дегенді білдіреді. Сондықтан басшы не маңызды мәселелер бойынша қызметкерлердің көзқарасы топ-менеджмент пікірімен сай келетіндігіне сенімді болуы керек, немесе корпоративті басылымды жасап қана қоймай, корпоративті цензураны енгізуі де қажет.

Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары Сибакадембанк пен Уралвнешторгбанктің менеджментіне белгілі бір басқару міндеттерін шешуге көмектеседі. Кез келген компанияда басқарудың бірнеше түрі бар – формальді өкілеттіліктер мен жауапкершілік арқылы, бедел күші мен көшбасшылық күш көмегімен. Корпоративті БАҚ-тың негізгі міндеті – осы басқару түрлерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Мысалы, бүкіл топтың жігері көлемді жобаны жүзеге асыруға бағытталған болса, күш тепе-теңдігі жоба басшыларына берілу керек. Корпоративті БАҚ осыны істеуге мүмкіндік береді: топ-менеджерлер басылым беттерінде жоба маңыздылығын атап көрсетеді, болашақ туралы орта топ менеджерлерінің пікірі жарияланады.

 

«Ресурс» агроөнеркәсіптер тобы тауық-бройлер етінен 40 астам өнім түрлерін шығарады. Бұл тауарлар отандық нарықта «Золотая долина» және «Нежнино» сауда белгілерімен ұсынылған. Топ құрамына бүгінде жалпы қуаты жылына 60 мың тонна өнім болатын  элеватор, үш комбикорм зауыты, төрт инкубатория, алты шаруашылық, 14 құс фабрикасы және екі құс өңдеу зауыты кіреді. Топтың өндірістік кәсіпорындары Адыгейде, Краснодар және Ставрополь өлкелерінде, Карачаево-Черкесияда орналасқан. Өнімді сату Оңтүстік федералды аймақ субъектілерінің бәрінде және Мәскеуде жүзеге асырылады.

 

«Градиент Альфа» компаниялар тобы Ресей Федерациясы Үкіметінің және Америка Құрама Штаты Конгресінің қатысуымен құрылған Халықаралық фермерлік жобаның тауарлық және қаржылық ағындарын басқару үшін 1995 жылы құрылған. Қызметінің негізгі түрі — қаржылық және басқару аудиты, консалтингті, заңдық және білім беру қызметтері.

 

Біз корпоративтік «Градиент Альфа» Хабаршысы» газетін шығарамыз (таралым — 1000 дана., 8 толық түсті сызық, пішімі А3). Бұл басылым фирма қызметкерлеріне және сыртқы аудиторияға арналған (жағымды имиджді қалыптастыру арқылы компанияның визит карточкасының рөлін атқарады). Жалпы корпоративті газет — қызметкерлермен,  клиенттермен және серіктестермен қарым-қатынас жасаудың тиімді тәсілі. Оның бетінде жарияланған ақпаратты клиенттер пресс-релиздер мен сайттағы жаңалықтарға қарағанда үлкен қызығушылықпен қабылдайды. 

Біз тақырыптық шығарылымдар жасауға тырысамыз. Мысалы, алғашқы нөмірді толығымен демеушілік қолдау көрсеткен шараға арнадық (трофи-рейд «АБВГДэйка»). Басқа нөмірлер кәсіби конференцияларға арналды.

Корпоративтік басылымымыз шешетін тағы бір мәселе — ірі бұқаралық ақпарат құралдары  журналистерінің біздің сарапшыларға жақсы маман деп баға беруі. Корпоративті газет беттерінде біздің қызметкерлердің мақалаларын оқығаннан кейін тыс редакторлар  бізден көбірек пікір сұрайтын болды.

 

 «Аэродромдорстрой» компаниялар тобына «Аэродром-дорстрой» ЖАҚ (1998 жылы құрылған),  «Омскаэродромдорстрой» ЖАҚ (1999 жылы құрылған), сондай-ақ көлік инфрақұрылымының ғылыми-технологиялық және жобалау институты (2000 жылы құрылған) сияқты құрылымдар кіреді.  Қызметінің негізгі бағыты — автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу, жөндеу және жаңғырту. Компанияда шамамен 4000 адам қызмет етеді.

 

Біздің  «АДС-Пресс» корпоративтік газетіміз компанияны басқарудың тиімді құралы рөліне үміткер. Оның негізгі міндеті – басшылық пен қызметкерлер арасында диалог құру. Компания өнеркәсіптері бірнеше аймақтарда орналасқандықтан (Мәскеу, Киров, Тюмен, Свердлов облыстары), корпоративтік басылым қызметкерлер құрамының бір топқа бірігуіне көмектеседі. Кәсіпорынның мақсаты қызметкерлердің қолдауынсыз жүзеге аспайды — сондықтан біз ішкі ақпарат стратегиясына көп көңіл бөлеміз.

 

Корпоративтік — «Вестника «Градиент Альфа» басылымын шығаруда ерекше қиналмаймыз. Газеттің шығу мерзімділігі — шамамен үш айда бір рет. Мәтіндерді өзіміз дайындаймыз. Өндіріс үшін (беттеу, безендіру, басу, баспамен келісу) аутсорсинг кестесін пайдаланамыз. Бұл уақытты да, қаржыны да үнемдейді.

 

 

Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарының қандай жарнамалық мүмкіндіктері бар?

Тар, бірақ қарақты аудитория  корпоративтік газет пен журналдардың басым бөлігін дәстүрлі баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарынан бөліп көрсетеді. Бұл басылымдар компания қызметкерлері, клиенттері немесе серіктестері арасында таралатын жағдайда ғана дұрыс. Бұл аудиторияларды суреттеу оңай және олар әлеуетті жарнама берушіге түсінікті. Оған қоса, кейбір жағдайларда бұл аудиториялар эксклюзивті, яғни басқа жарнама арналары бойынша қол жетімсіз болып табылады.

Бөлшектік желілер сатып алушылары арасында таралатын басылымдар аудиториясы онша қанық емес. Оны сипаттау бөлшектік оператордың профиліне және бағытталған аудиторияға байланысты. 

Мысалы, дәріханалар желісі журналының оқырмандары денсаулық жайлы тауарлар мен қызметтерге назар аударатын шығар. Дәріхана сатып алушыларының басым бөлігі әйелдер екенін ескерсек, мұндай журналдарда әйелдерге арналған тауарларды жарнамалау тиімді. Супермаркеттердің, қаржылық институттардың, сұлулық салондары мен фитнес орталықтардың тұтынушыларға арналған журналдардың өз ерекшеліктері мен жарнама берушілері бар.

Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары Ресейде өз орнын енді айқындап жатыр. Жарнама таратушы ретінде тек әуекомпанияларының борттық журналдары және тағы да екі-үш журнал  сұранысқа ие. Бұл тауарлар мен қызметтерді еркін аймақта жарнамалауға мүмкіндік береді.

Егер танымал жылтыр және іскерлік басылымдар жарнамаға толы болса, корпоративті бұқаралық ақпарат құралдары  әлі де болса бос. Сондықтан корпоративті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз ұсыныңызбен оқырманның назарын аудару мүмкіндігі жоғары. Байланыс бағасы да бұл жерде арзанырақ.

Таралым 100 000 экз. Жылына 4 рет шығады. Аудитория — “Техносила” электроника және тұрмыстық техника дүкендер желісінің бонусты карта иелері.

 

Ал енді өзіміздің Қазақстандық корпоративтік журналистикасына тоқталатын болсақ, ең алдымен менің айтып кеткім келгені ол Қазақстан темір жолының корпоративтік баспасөзі жайында болмақ.

Республиканың болат магистральдарын салу мен пайдаланудың ең алғашқы кезеңінен бастап, оның жұмысының әрқилы дәуірлерінде – Кеңес Одағы тұсында да, тәуелсіздік алғаннан соңғы жылдарда да сала басылымы теміржолшылардың өмірінің айнасы болды. Қазақстанда оның бастауы – Түркістан – Сібір темір жолы құрылысында 1931 жылдың наурызында алғашқы нөмірі жарық көрген «Түркісіб» газеті болды. 1941 жылдың сәуірінен Қарағанды магистралында Орталық Қазақстан теміржолшыларының «Угольная магистраль» газеті шығара бастады. Ведомстволық басылымның тарихындағы жаңа кезең Қазақ темір жолымен және «Железнодорожник Казахстана» газетімен байланысты болды, өкінішке орай, ол үлкен үзілістермен шығып тұрды.

Қазақстан темір жолы бөлшектеліп, үш темір жол құраған соң, республиканың салалық басылымы қазақ және орыс тілдерінде шығатын төмендегідей алты жолдық газеттен тұратын болды: Алматы магистралында – «Железнодорожник» пен «Теміржолшы», Тың жолында – «Целинная магистраль» мен «Тың магистралы», Батыс Қазақстан жолында – ведомстволық темір жол газеттерінің ішінде ең жасы «Стальная магистраль» және «Болат жол».

Жол газеттерінің көлік журналистері әр күн сайын болат магистральда атқарып жатқан барлық істер мен оқиғалардың қайнаған ортасында жүріп, пайдаланымдық жұмыстың ең «қызу» нүктелерінде, жаңа объектілердің ашылуында, озат кәсіпорындарда болып, республиканың темір жол көлігінің жылнамасын жазды. Оның үстіне, өздерінің қажырлы еңбегімен темір жолды еңбек жеңісіне жеткізген қатардағы жұмыскерлерге ең басты назар аударылды. Сол себепті де, газет темір жолдың мақтанышына айналған саланың ең жақсы адамдарын, еңбек династияларын, әулеттер жалғастыгын суреттеуге басты көңіл бөлді.

Жол газеттерінің беттерінде жаңа, озық нәрселер де, сондай – ақ, әрқилы кемшіліктер де жарияланды. Кемшіліктерді жариялай отырып газет жағдайды түзеуге тырысты. Тілшілер қағаз, қалам, фотоаппаратын алып, үлкенді – кішілі станцияларға, разъездерге шықты, желінің жұмыстары мен мәселелерін жазды. Газет жарияланымдарының арқасында теміржолшылардың, еңбек ұжымдарының көптеген проблемалары шешілді.

Магистральмен бірге өркендей отырып, жол газеттері адамдар мен оқиғаларға бай өз тарихын да жасады. Редакция ұжымдарын тәжірибелі журналистер басқарды, олар жас көлік журналистерінің талай ұрпағын тәрбиелеп, шығарды. «Құрметті теміржолшыға» белгісімен марапатталған Клара Мүслімқызы Шәкірова он төрт жыл бойы «Железнодорожник» пен « Теміржолшы» газетінің редакторы болды.

1977 жылы Батыс Қазақстан магистралы құралғаннан кейін жолдық «Стальная магистраль» газетін Николай Петрович Горобец бес жыл бойы басқарды, ол салалық басылымға келгенге дейін аудандық «Ленинский путь» және «Красное знамя» газеттерінің бөлім меңгерушісі, Ақтөбе облысындағы аудандық «Жұлдыз» — «Звезда» газеті редакторының орынбасары болып істеген еді. 1982 жылдан газетті Н.Қартбаев басқарды.

Еңбектің озық әдістерін қолданып тиімді жұмыс істеген Тың магистралының атағы 1980 – жылдары бүкіл КСРО жолдар жүйесіне тарап жатты. Тың теміржолшыларының озат тәжірибесін насихаттауда он бір жыл бойы Иса Жармағамбетұлы Ғалиасқаров басқарған «Целинная магистраль» мен «Тың магистралі» жол газетінің қосқан үлесі зор болды.

Үлкенді – кішілі станцияларда жұмыс істеген теміржолшылардың арасында журналистер: алматы жолында – Ирина Кручтың, Бақыт Есқуатовтың, Татьяна Москвичеваның, Татьяна Ширшованың, Екатерина Латыпованың, фототілші Сүният Оспановтың; Тың магистралінда – Дабыл Мұқашевтың, Гүлнара Расаеваның, Владимир Боргердің, Төлеген Көшеғұловтың, Наталья Буравцеваның, Валентина Фиронованың; Батыс Қазақстан жолында Жақсылық Лұқмановтың, Елеусіз Кенебаевтың аттары кеңінен мәлім болды.

Көп жағдайда нақ осы газеттердң материалдары Қазақстан темір жолдары тарихының үшінші кітабының ақпараттық негізі болды.

Қартбаев Нұхы. 1982 — 1990 жылдардағы жолдық «Стальная магистраль» — «Болат жол» газетінің редакторы.

1937 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысының «Ырғыз» кеңшарында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Аудандық «Қызылту» газетінің және Ақтөбе облысының ауданаралық «Совхозная жизнь» газетінің жауапты хатшысы, Ақтөбе телевидениесі студиясының аға редакторы болып істеген. 1964 жылдан – республикалық радионың меншікті тілшісі, Ақтөбе облыстық «Коммунизм жолы» газетінде әдеби қызметкер және аудармашы, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары. 1975 жылдан – Торғай облыстық «Торғай таңы» газетінің редакторы.

Шәкірова Клара Мүсілімқызы. 1977 – 1991 жылдардағы жолдық «Железнодорожник» — «Теміржолшы» газеттерінің редакторы.

1935 жылы 18 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданының Ұзынбұлақ ауданында дүниеге келген. 1957 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Облыстық «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер, аудандық «Путь к коммунизму» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Павлодар облыстық «Қызылту» газетінде жауапты хатшының орынбасары, Қазақстан КП ОК республикалық «Қазақстан әуелдері» журналында әдеби қызметкер болып істеген.

Ғалиасқаров Иса Жармағамбетұлы. 1982 – 1993 жылдардағы жолдың «Целинная магистраль» — «Тың магистралі» газеттерінің редакторы.

1933 жылы 25-сәуірде Солтүстік қазақстан облысы, Петропавль қаласында туылды. Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Целиноград облыстық кәсіподақтар кеңесінде нұсқаушы, РХ және ТВ бойынша облыстық комитетте тілші, сондай Тың өлкелңк радио хабарлары және телевидение тілші, аға редактор, Қазақстан КП Целиноград обкомында нұсқаушы, облыстық телевидение және радиохабарлары комитеті төрағасының орынбасары, Торғай облыстық «Новь» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі болып істеді.

 

«Корпоративтік Вестник».

«Альянс Вестнигі» – 2004 жылдан бері қазақ және орыс тілдерінде шығатын түрлі-түсті басылым.

«Вестник» 2008 жылы «BizMedia» Іскерлік журналистика орталығы» қоғамдық қоры өткізген І бұқаралық ақпарат құралдары мен қазақстандық бизнес өкілдерінің арасындағы байқауында «Үздік корпоративтік  бұқаралық ақпарат құралдары» аталымында жүлделі болды.

«Альянс Банкінің вестнигі» Сараптаушы кеңестің корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарына қоятын талаптарына ең сәйкес келетін басылым ретінде ең жоғарғы жалпы бағаға ие болды. Оның оқырмандар үшін қол жетерлігі мен үлкен таралымы, қостілділігі, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар мен ЖОО өкілдеріне, тілшілердің байқаулары туралы ақпаратқа кеңінен көлем берілетіндігі есепке алынды».

 

«Мақсат – Бизнестің түрлі саласына қолдау көрсету.»

Осыдан үш жыл бұрын Шымкентте Альянс Банктің филиалы ашылған болатын. Жергілікті кәсіпкерлер арасынан ол бірден танымал болды. Бүгінгі Шымкенттің құрылыс, фармацевтика, қаржы саласының ірі компаниялары филиалдың клиенттері болып отыр.

Бүгінде «Зерде» компаниясы әрбір қазақстандыққа танымал болған да шығар. Бірінші кезекте ол шөп шайы мен шөп жинау өндірісі арқасында. «Зердеде» олардың 200-ден аса түрін шығарады. Компания республиканың фармацевтика нарығында 1998 жылдан бері жұмыс істейді және өзінің дәрілік өндірісімен қатар алдыңғы қатарлы әлемдік формокомпаниялардың дәрі-дәрмектерін таратумен айналысады. «Зерде» Альянс Банктің Шымкеттегі филиалымен оның ашылған күнінен бастап ынтымақтастыққа жұмыс істеп келеді.

— Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарымен салыстырғанда, банктік қызметтің барлық түрінен бізге тиімді шарттар ұсынды. Бұл есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету, несие беру, ақша аударымдары, депозиттер,конвертация мен валюта аударымдары, — дейді компания басшысы Мұхтар Битейіров.

Мысалы, Альянс Банктің қолдауымен жалпы көлемі 2 мың шаршы метрден асатын бес қабатты оқу – сауда орталығының құрылысы басталды.

Қазіргі «Зерде» компаниясының Шымкент қаласында 20 дәріханадан тұратын желісі бар, оларды болашақты ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ компания басқа қалаларда дистрибьютерлік филиалдар ашу, жаңа құрал – жабдықтар сатып алу мен еуропалық сапа стандарттарын енгізуді жоспарлап отыр.

— Біздің барлық жобаларымыздың бас серіктесі ретінде біз Альянс Банкті көргіміз келеді, — дейді Мұхтар Битеміров.

Шымкеннте 9 жылдан бері «Орда Кредит» несиелік серіктестігі» қызмет етуде. Компания ауыл шаруашылығы, дәріхана бизнесі, мұнай саласы, сауда өнеркәсібі сияқты түрлі салаларға несие береді. «Орда Кредит» бірінші кезекте бизнестің бастапқы кезеңінің дамуына жәрдемдеседі, өз аяқтарынан тұрып кеткен бұл компаниялар банктің клиенттерінеайналады. Олардың көбі Альянс Банкті таңдайды. Ол ашылған күннен бастап «Орда Кредиттің» сенімді серіктесі болып келеді. Басында ең күрделісі бизнесті ашуға қаражаттабу болды, — дейді компагия басшысы Жарқынбек Азбеков. Бұл мәселеде Альянс Банк көмекке келді. Қазіргі компания өзінің айналым қаражаттарын Альянс Банкте ұстайды, сақтандыру саласында әріптес, өз қызметкерлеріне жалақыны банктің пластикалық карточкалары арқылы береді. Ал компанияның ағымдағы шотындағы қалдық қаражатқа сыйақы аударылады.

— Бұл банк бізге өте қолайлы. Ол жедел әрі онымен жұмыс істеу тиімді, — дейді Жарқынбек Азбеков.

— Шынын айтсақ, Альянс Банк шымкенттік банктік қызмет көрсету нарығына келіп, оны біршама сілкінтті. Банк көп несие берді, одан сәйкесінше көп мүмкіндіктер туындады.

Альянс Банк құрылыс компаниялары үшін де сенімді серіктес болып отыр. Олардың бірі – мейрамхана құрылысымен айналысатын «Сапарбай» ЖШС. Шымкент нарығына ол 1999 жылы келді, 8 жыл ішінде жеті мейрамхана салынды. «Старый дворик», «Домашняя кухня» — бұл атаулар шымкенттіктерге кеңінен танымал. Альянс Банк филиалымен «Сапарбай» компаниясы оның ашылған күнінен бері жұмыс істеуде. «Неге осы банкті таңдадыңыз?» деген сұраққа компанияның басшысы Нұрлан Сапарбаев былай деп жауап берді:

          — Жаңа банк әрқашан жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Мұнымен қоса, біз Альянс Банкке бірден сенім арттық.

Нұрлан Сапарбаев Альянс Банктің кәсібилігі мен жеделдігі ұнағанын мойындады:

— Банк қызметкерлері бізді банк жүйесіндегі болып жатқан барлық жаңалықтар мен өнім түрлеріндегі жаңалықтармен таныстырып отырады. Мұнда кәсіби білікті мамандарды бағалауы да сенім ұялатады. Альянс Банктің табыстылығы да осында жатса керек.

 

«Бизнес – ханымдарға» жол беріңіздер.

Бүгінде бизнеске нәзік жанды әйелдер көптеп келуде. «Альянс Банк» өз ісін ашам деген бизнес – ханымдарға белсенді қолдау көрсетеді.

Қарағандылық Валентина Батманованың бизнесі ортопедиялық бұйымдарды шығарудан басталған еді. Бүгінде ол адамдарға нық қадам басуға ғана емес, сұлу болуға да көмектеседі: бір жыл бұрын ол шаштараз салонын ашты. Осының бәрі «Альянс Банктің» көмегі арқасында мүмкін болды.

— Бірнеше банк маған себебін түсіндірместен, бастапқы капитал беруден бас тартты, — дейді Валентина, — «Альянс Банк» олардан бөлек өзін ерекше жағымды жағынан көрсетті. Онда менің өтінішімді қарап, барлық құжаттарды өте жылдам ресімдеп, маған несие берді. Бұл несиесіз салон да болмас еді ғой. Осыдан былай біз тек «Альянс Банкпен» жұмыс істеп келеміз. Менің бизнесім жемісті дамып келеді. Банк өзінің дамуында сенімді әрі табысты екені көрініп тұр. Қарағандыда оның бөлімшелері күн санап көбейіп келеді, банк жаңа қызметкерлерді қабылдауда, яғни ол дамып келеді және өз қызметін кеңейтуде.

Тағы бір табысты «бизнес – ханым» Светлана Танских – 2005 жылдан бері «Бидай – нан» ЖШС-ны басқарады. Бұл облыстағы бұрыннан келе жатқан кәсіпорындардың бірі, ол Теміртау қаласын нанмен толық қамтамасыз етеді. Кәсіпорын директоры қызметіне келгенде светлана өндірістің түгелдей жарамсыз жағдайда екенін көреді. Жұмысты жолға қою үшін несие керек еді. Осылайша «Бидай – нан» ЖШС «Альянс Банктің» клиенті болды. Кәсіпорын басшысын нақ осы банкте қызықтырған нәрсе жылдам және сапалы қызмет көрсету болды:

— Біздің барлық мәселелеріміз өте қысқа мерзімде шешіліп отырды. Егер қандай да бір стратегиялық сұрақтар туындай қалса, банк басшылығы бізді өзі шақыратын, біз оларды бірлесе отырып шешетінбіз. Мұндай ілтипат және әр іске жекелей қарау, шынымен де жағымды әсер қалдырады.

Қазір «Бидай – нан» біртіндеп көтеріліп келеді: техникалық бақылауды жетілдіруде, құрал – жабдықтарды жаңартуда, жаңа технологияларды енгізуде. Оның басшысы өз әріптесі «Альянс Банкке» толық сенім білдіреді, кез келген қаржылық қиындықтарда одан көмек алатынына сенімді.

 

Альянс Банкі – ТМД кеңістігіндегі ең бірегей бизнес жобалардың бірі.

Тарихта түпкі нәтиже түбегейлі шешімдер қабылдай білуге және жеңіс үшін тәуекелге баруға дайын болуға тікелей байланысты болған жағдайлар аз емес. Осы заманғы банк әлемінде қатаң бәсекелестік орын алған, және де клиент үшін күрес кейде шиеленіскен сипат алып отырады. Тек ерекше тәсіл ғана табысқа жетуге көмектеседі. Бүкіл ТМД кеңістігіндегі табысты «қарқынды» жобалардың біріне Альянс Банкі дамуының тарихы мысал бола алады. Оның Қазақстанның банктік хит-парадының алдыңғы шебіне суырылып шығуы құрметке бөлейтіні сөзсіз. Бүгінгі таңда Банктің дамуы жаңа кезеңге өтіп отыр және оның менеджменті болашаққа сеніммен қарайды. Басшылықтың жоспарында – Банктің бөлшек сауда секторындағы позициясын сақтай отырып, корпоративтік және шағын және орта бизнес үшін өнім қатарын өрістету, клиенттерге инновациялық және жоғары технологиялық шешімдерді пайдалануға негізделген қызмет көрсетудің мейлінше жоғары деңгейін ұсыну. Осы жуырда ғана Банктің командасына көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар, нарықты өте жақсы білетін және алға қойған мақсатқа жете алатын жаңа қызметкерлер қосылды.

Альянс Банкі командасына кіргеніме көп уақыт бола қойған жоқ, дегенмен оның қызметіне туралы жақсы білемін. «Сеймар Альянс» қаржы холдингінде істеп жүргенде–ақ холдингтің Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің жұмысын ұйымдастырумен шұғылданған болатынмен және компаниялардың барлық тобын, оның ішінде Альянс Банкінің де корпоративтік басқару мәселелеріне жетекшілік еткен болатынмын. Менің бұл жұмысқа тағайындалғаным Банк басшылығын нығайту жөніндегі жоспарлы жұмыстың бір бөлігі болды.

Альянсті басқару ұсынысын мен өзіндік бір сынақ деп қабылдадым. Мен өзімнің ізашарларыма зор құрметпен қараймын және олар іс жүзінде мүмкін емес нәрсені атқара білді деп санаймын. Соңғы бірнеше жылда Альянс Банкінің жыл сайынғы өсуі 200-300 пайыз болды, банк нарығындағы мұндай мысалдар кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте мүлде жоқ. Банк екі миллион клиентпен серіктестік қатынас орнатып қана қойған жоқ, сондай-ақ Қазақстандағы бөлшек банк секторының көш бастаушыларының біріне айналды.

Әлбетте, жаңа басшы ретінде Банктің бұдан былайғы дамуына менің өз көзқарасым болатыны сөзсіз және мен келгенде Альянста ешнәрсе өзгере қоймайды деу қызық болар еді. Мен өзімнің негізгі міндетім – ізашарларымнан қалған ең жақсы үлгілерді сақтау және өз тәжірибемді ұсыну, жаңарған командамен етене жұмыс істеу.

Сірә, менің Банкке келуімнің уақыт жағынан оның өміріндегі жаңа кезеңмен – сандық дамудан сапалыққа көшуімен тұспа-тұс болуында бір мән бар сияқты. Осынау кезеңдегі біздің негізгі мақсатымыз – Банктің жұмысы мейлінше тиімді болуын қамтамасыз ету, сонымен бірге оның бизнес моделінің технологиялылығын, клиентке бағдар беруін және сенімділігін арььыру. Осыдан бастап, біздің стратегиямыздың бағыты Банк қызметінің сапалық көрсеткіштерін жақсартуға, оның ішінде клиентке қызмет көрсету деңгейін мейлінше арттыру болмақ.

Таяудағы болашаққа шешуімізге тура келетін бірқатар күрделі, кешенді міндеттер тұрғанына қарамастан, Банк командасы табысқа жететіне сенімді. Жұмыс істеген кезеңінде Альянс Банкі бизнесті жүргізуде қыруар тәжірибе жинақтады, үлкен пікірлестер командасын топтастырды, серіктестер мен клиенттердің мол тобын таба білді, дұрыс стратегия таңдай білді. Біздің команданың негізін мақсат қоя білетін, ең бастысы жігерлі жаңдар құрап отыр. Олар алға қойған мақсатқа жету үшін күн сайын мүмкін нәрсенің бәрін жасауда. Біз нарық сұранысын тап басып, клиенттерге жоғары технологиялық және инновациялық қаржы институтын құруды мақсат етіп отырмыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, алға қойған мақсатқа жету үшін бізде қажетті ресурстың бәрі бар және оған жететінімізге мен кәміл сенемін.

 Біз клиенттеріміз Альянс Банкін кез келген көмекті – мейлі ол несие беру мәселелері болсын немесе қаржылық немесе заңдық сипаттағы көмек көрсетуге әзір тұратын адал дос және сенімді серіктес ретінде қабылдайтындай етіп жұмыс істеуге ұмтыламыз. Мұндай қатынастардың бүгінгі таңда – әлемдік экономикалық модель өзгерген кезеңде орын алуы ерекше маңызды болып отыр. Сондықтан да біздің негізгі жұмысымыз клиенттермен қарым – қатынас мәдениетін арттыруға бағытталатын болады, — деп айтты Ерік Сұлтанқұлов «Альянс Банктің» басқарма төрағасы.

Бөлшек бизнесте сенімділік қымбат.

Халықаралық Euromoney қаржы басылымы Альянс Банкке «Корпоративтік басқарудағы 2008 жылғы әлемдегі алдыңғы қатарлы банктер» («World’s Leading Banks in Corporate Governance 2008») санатындағы «Қазақстандағы бөлшек банкинг саласындағы нағыз сенімді серіктес» («Most Reliable Partner in Retail Banking in Kazakhstan») деген атақ берді.

2008 жылы 19 мамырда Киев қаласында Еуропалық Қайта кұру және даму Банкінің Жыл сайынғы жиналысында Орталық және Шығыс Еуропа аймағы және ТМД елдері бойынша Euromoney Журналының директоры Мартин Борн тиісті сертификатты Альянс Банк Басқармасының Төрағасы Еркін Сұлтанқұловқа тапсырды.

«Альянс Банктің қазіргі заманғы экономикалық жағдайда қол жеткізген ерекше табыстары осы қаржы институтының жоғарғы сенімділігі мен тұрақтылығының көрнекті мысалы болып табылады», — дейді Борн мырза награданы тапыра отырып.

« 2008 жылы таратылған аймақтық желісі бар және екі милионнан астам клиентке бәсекеге икемді өнімдер ұсынып отырған Альянс Банк Қазақстандағы алдынғы қатарлы бөлшек банк позициясын нығайтты. Сондықтан, Euromoney сарапшыларының пікірінше, Альянс Банктің Қазақстандағы бөлшек банк саласындағы нағыз сенімді серіктес лайқты екендігіне сөз жоқ».

«Жаһандық экономикалық құлдырау кезінде біз өз тұрақтылығымызды сақтап қалдық және бөлшек банкинг саласындағы көшбасшылық және жаңашылдық позициямызды сақтай алдық»,- деп атап өтті Сұлтақұлов мырза марапатау рәсімінде. – «Сонымен қатар, Euromoney наградасы бізге «Қазақстандағы бөлшек банкинг саласындағы ең сенімді серіктес» атты  жоғары атаққа лайқты болуға міндет артады».

2007 жылы банк дамудың жаңа стратегиясын қабылдады, оның аясында басымдылық клиенттерге қызымет көрсету, сондай-ақ Банктің барлық ішкі рәсімдерге қатысты сапаның артуынаберілді. Басты мақсат – нарықтың тапсырысын қанағаттандыру жеделдететінжәне клиенттерге ең жоғарғы деңдейде қызымет көрсететін технологиялық және инновациялық қаржы институтын құру. Бүгінгі таңда Альянс Банктің алдына қойған максаттарына және туі үшін барлық  қажетті ресурстары бар. Альянс Банк Басқарма Төрағасы Еркін Сұлтанқұлов жинақталған тәжірибенің, бизнесті жүргізудің таңдалған стратегиясының, көптеген серіктестер мен клиенттердің арқасында жаңа мақсаттарға қол жеткізілетіндігіне сенімді.

Маңғыстау облысының дамуына жаңаша серпін.

14 мамырда Ақтау қаласында Альянс Банкпен Маңғыстау облысы әкімдігінің арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қою рәсіміне Банк тарапынан Басқарма төрағасы Еркін Сұлтанқұлов, облыс әкімдік тарапынан – облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

Тараптар келешегі бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға несие беруді көбейту, Банктің төлемдік-терминалдық желісін дамыту, коммуналдық кәсіпорындарға есеп айырысу-кассалық қызымет көрсету, өндіріс, тұрмыстық қызымет көрсету және тағам саласында шағын және орта бизнемһс кәсіпорындарын қаржыландыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде келісті.

Меморандумға қол қойылуына түсінік бере келіп, Альянс Банк Басқармасының төрағасы Еркін Сұлтанқұловбылай деді :                 « Маңғыстау облысы – Альянс Банк үшін келешегі бар өңір. Банк филиалы Ақтау қаласында үш жылдан бері белсенді түрде табысты жұмыс істеуде. Осы уақыт ішінде Альянс Банк аймақтың әлеуметтік –экономикалық дамуына едәуір үлес қосты. Біздің қызметіміз барлық деңдейдегі атқарушы билікпен ынтымақта болуқағидаттарына негізделге. Альянс Банк Манғыстау облысы экономикасының түрлі салаларының кәсіпорындарымен өзара тиімді әрі облыстың бүкіл халқына пайдалы серіктестік қатынастар орнатуға мүдделі. Қазір Банк өз жұмысын халыққа бөлшек қызымет көрсетуге және шағын және орта бизнеске несие беру ісіне бұрып отыр. Біз бизнеспен қарым-қатынасқа күш пен көңілді жеткілікті бөлетін боламыз, мұны біз қаржы қызметі тек шикізат секторының әлеуетін өсіріп қоймауы үшін жасайтын боламыз. Осы өңірде тұратын адамдар біздің қолдауымызбен үлкен де сапалы жұмыс атқара алады. Біз болашағымызды бірге орнатамыз, ол біздің қолымаздан келеді ».

 Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев : « облыста өте ірі жобалар мен жоспарлар іске асуда, банктің көмегі мен қолдауы облыстағы өнеркәсіпті дамыту үшін де, сондай-ақ әрбір адам үшін де жақсы нәтижелер беретін болады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі саналатын Альянс Банкте жақсы экономикалық, қаржы, кадр ресурстарыбар, сондықтан да атқарушы биліктің жергілікті оргынымен қатар Маңғыстау облысының әлеуметтік –экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады» деп атап өтті.

Меморандумға қол қойыла салысымен облыстық орталықтың 12-шағынаудандағы № 21 үйінде Альянс Банктің қалалық филиалының жаңа үйі салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Әбдірахманов қатысты. Ол Банк басшылығын, оның қызметкерлерін және қатысушылардың барлығын осындай айшықты оқиғамен құттықтады. «Бүгінгі таңда маңғыстау облысы өз әлеуетін дамыту есебінен Қазақстан экономикасының аса күшті локомотивтерінің біріне айналып отыр, — деді Әбдірахманов мырза. – ал сонымен бірге, облыстың үлкен әлеуеті де бар. Банктер және банктер жүйесі – біздің экономикамыздың қан тамырлары. Сондықтан да біздің өңірде банк желісінің кеңеюі бізді тек қуантады. Альянс Банктің белсенді тұырнамасы өзіміздің экономикалықдамуына оң серпін береді».

Альянс Банктің Ақтау қаласындағы филиалы 2005 жылы 21  қаңтарда тіркелген. Қазір филиалдың құрамына 9 бөлімше кіреді, клиенттік базасына 70 мыңнан астам адам бар. Қазіргі кезде Альянс Банкттің Ақтау қаласындағы филиалы жалақы жобалары бойнша есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге бюджеттік және коммерциялық ұйымдарды тартуға байланысты жобаларды қызу дамытуда. Альянс Банк шығарған төлем карталарының саны қазір 7 мың данадан асып отыр, олардың үштен бірі –жалақы жобалары бойынша.

Банк өзінің толып жатқан клиенттеріне түрлі қаржылық қызымет көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге олармен серіктестік қатынастар да жасап отырады. Филиал бизнесінің басым бағыттарының бірі несие тарихы жағымды клиенттерге жаңартылатын несие лимитім бар револьверлік несие карталарын шығару болып табылады. Бұл арада лимиттің мөлшері қарыз алушы табысының деңгейіне қарай өзгеріп отырады және егер қарыз алушы берешегін уақтылы өтеп отыратын болса, өсіріледі, ал кешіктіретін болса – азайтылады. Револьверлік карталарды пайдалану шарттары едәуір тиімді, өйткені бұл ең алдымен мерзімі шектеусіз несие. Жай несие алған кезде клиент осы несиені өтеуге құйған ақшаны ала алмайды. Револьверлік несие картасы бар адамның өтеуге құйған соманы ( сыйақылар мне банк коммисияларын шығарып тастағанда ) қайтадан алуын болады.

Альянс Банк карточкалық бизнесті дамыта отырып, Ақтау қаласында банкоматтар жүйесі мен POS-терминалдарын жоспарлы түрде кеңейтіп, Альянс Банктің карталарын пайдаланушыларға банкоматтардың көмегімен көрсететін қызмет түрлерін өсіруде.

Банк басқармасының төрағасы Еркін Сұлтанқұлов «Біздің банктің ұжымы Альянс Банк алға қойған міндеттерін шеше алады. Бұдан кейінгі үш жыл ішінде бізең таңдаулы сапалы банктердің бірі боламыз» деген сенімде.

 

Дәстүрлі «пластика» Карталарының орнына кобрендті карталар.

Бүгінгі таңда кобренді пластикалық карталар бүкіл әлемге танымал. Соңғы уақытта олар ТМД елдерінде де белсенді енгізіліп келеді. Олар қанлай және олардың артықшылықтары неде?

          Кобрендті несие және депозит карталары – банктердің немесе қандай да бір компаниялардың бірлесе отырып шығарған карталары. Олар тауарлар мен қызметтерді төлеуге ғана емес, сондай-ақ банктің серіктес компаниясынан жеңілдік немесе бонус алуға мүмкіндік береді. Шетелдерде кобрендтер барлық пластикалық карталардың көп бөлігін құрайды. Еуропада әрбір бесінші карта, Америка Құрама Штаттарында әрбір екінші карта кобренді болып табылады.

          Ірі тауар желілерімен және супермаркеттермен бірігіп шығарылған карталар көптеп саналады әрі сәтті қолданыста, бұл әлемдегі барлық кобрендтердің шамамен 60 %-ын құрайды. Екінші орында авиякомпаниялармен жасалған жобалар тұр : олар шамамен 10 %. Одан кейінгі орында жанарамай құю станцияларының желілері мен ұялы телефондар операторлары : 5  % — дан.

          Кобрендингтің басты мақсаты тұтынушыларды жақсы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету және бір пластикалық картаға қалыпты төлем қызметін серіктес ұйымның дисконтты жүйесіне біріктірудің ыңғайлылығы болып табылады.

          Тұтынушыларды мұндай картаның әрбір сатып алуға бонус есептейтін, әдетте тауар құнының 1-2%-ын құрайтын «кэшбегі» қызықтырады. Сома ақырындап жиналады, клиент оны жылдың соңында ала алады. Авиякомпаниялардың кобренді клиентке тек ақша пайыздары ғана емес, сондай-ақ тегір билет алуға мүмкіндік беретін, қызмет көрсету санатын көтеретін немесе конақүйде нөмір алуға болатын бонус милясы есептеледі.

          Сонымен бірге, бонусты жүлделерге алмастырудан жиналатын карталар өте танымал, әдетте бұл жүлделер тұрмыстық техника мен ұялы телефондар.

          Соңғы кедері кобренд ТМД елдерінің банктің нарығын қызықтыра бастады, бүгінгі Ресейде жүзден аса компаниялар кобрендті карталар шығара бастады, шындығына келгенде, олардың кейбіреулері ғана сәтті қолданыста. Мұндай жобалар маркетинг жұмысын қомақты шығыны мен екіжақты қызығушылық танытуды қажет етеді. Картаны жай шығарып кою жеткіліксіз, оны нарыққа жылдам енгізу қажет. Айналым статистикасы боынша, сауда қызымет көрсету желісінде мұндай карталар әдеттегі карталарға қарағанда 30%-ға жоғары. Ресей мен Қазақстанда болашағы бар сала телекомуникация болып табылады, себебі ұялы телефонға бүгінгі таңда бәрі қол жеткізгендіктен, ұялы телефон операторларының клиенттік базасы өте кең.

 

«Пластикалық» қылмыс және онымен күресудің жолдары.

          Соңғы жылдары пластикалық карточкаларға қатысты көптеген қылмыстар жасалып жатыр. Сонымен бірге, алаяқтар күннен-күнгетәсілқойболып келеді. Сондықтан банктер осындайқылмыспен күресудің жаңа тәсілдерін іздеуге және оны болдырмауға мәжбүр болды.

          Бүгінгі таңда біз тауарларға, қызыметтерге ақы төлеу, қаржы құралдарын сақтау мен жалақы, зейнетақы алу үшін пластикалық карточкаларды жиі падаланамыз. Оның себебі қарапайым : ол тек қена емес, сондай-ақ қауіпсіз, ақша карта-шотта жатады да, оны кез келген ыңғайлы сәтте алуға болады. Бірақ ақша бар жерде қылмыс та болады. Жыл сайын алаяқтар карта-шот пен банкоматтардан қаражат ұрлайдың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Банкоматтар беріктігі жоғары материялдардан жасалса да, алаяқтардың одан ақша ұрлауға қулықтары жететінін атап атп өту қажет. Негізінен, бұрын электр бұрға мен бульдозерлерге дейінгі әртүрлә құралдарды пайдалана отырып, корпустарды бұзуға тырыссы, енді банкоматты бүтіндей ұрлап кететін болды, мұндай жағдайлар Америка Құрама Штаттарында көптеп тіркелген. Бақытымызға орай, мұндай алаяқтық бізге төніп тұрған жоқ, себебі Американдық банкоматтарға қарағанда, біздің банкоматтар салмағы жағынан ауыр. Бірақ бұған дайын болу үшін банктер банкоматтың өзіне де, корпустарына, сондай-ақ оның ішіндегісіне дабыл жүйесі орнатып, сақтандыруға           керек.сонымен     қатар, банкоматтардыңорналасу жері де өте маңызды : ол неғұрлым адам көп жүретін жерде орналасса, оны бұзу немесе ұрлап кету қаупі соғұрлым төмен болады.

 

 

Казкоммерцбанк филиалдық торапты кеңейту жөніндегі өз  жоспарларын азайтпақ емес, жыл аяғына дейін шағын бизнес  иелері  жеке тұлғаларға банктің бөлшек қызметтерін біріктіретін КАЗКОМ жаңа сауда маркасымен 40 банк бөлімшесін ашуды  жоспарлап отыр.

«Әлемдік капитал нарығындағы тұрақсыз жағдай біздің өсуімізді шектейтіні сөзсіз, бірақ бұл  КАЗКОМ  брендімен бөлшек тораптың одан әрі дамуына ешқалай да әсер етпейді. Бізде тұрғындармен жұмыс бойынша да, шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша да ауқымды жоспарлар бар. Біз клиенттердің осы категорияларына толық қолдау көрсетуді көздеп отырмыз», — деді Казкоммерцбанктің басқарушы директоры Андрей Тимченко.

2007 жылғы жаңа бизнес – стратегия шеңберінде Казкоммерцбанк бөлшек секторды жұмыс істеу үшін КАЗКОМ атты жаңа сауда маркасын нарыққа шығарды. Жыл басынан бері осы маркамен еліміз бойынша 50 жаңа банктік кассалық – есеп айырысу бөлімі , сонымен бірге Қаскелең мен Қапшағай қалаларында екі жаңа филиал ашылды.

КАЗКОМ атты жаңа сауда маркасын іске қосу Казкоммерцбанктің бөлшек клиенттерге деген жаңа көзқарасын білдіреді. Дәстүрлі түрде біз корпоративтік клиенттерге арналған ірі банк болып есептеледі, бүгін КАЗКОМ қарапайым адамдар үшін қол жетерлік, ыңғайлы, қарапайым және тартымды қаржы институты болуға тырысады. Филиалдық торапты кеңейтуден бастап, бөлімшелер және ішкі кеңістігінде жаңа ұйымдар ресімдеумен аяқтай отырып, бизнесімізді және нарықтағы жайғасымға ауқымды түрлендіру жасады. Халықаралық брендинг агенттігі оларға  бөлшек клиенттермен жұмыста анағұрлым тартымды бейнені таңдауға көмектесті.

 

Тадықорған қаласында тұтынушылық несиелеуге тұрғындардың артып жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін мамандырылған Несие орталығы ашылды.

Енді банк клиенттері бір орталықтан кез келген тұтынушылық несиесін ала алады: жылжымайтын мүлікті немесе депозитті кепілге қойып, ипотека, жедел-несие, кезек күттірмейтін мұқтаждарға несие; автонесие. Бұлардан басқа қажет болғанда, ақша аударымын жіберу, депозит ашу; барлық кассалық операцияларды жүзеге асыру, байланыс қызметтерін төлеу.

Ресми ашылуында, бөлімше қызметкерлерінің ортасында, Талдықорған филиалы директорының орынбасары Елизавета Сон дәстүрлі лентаны кесе отырып, былай деді:

—  Жаңа бөлімше екі жыл бұрын қабылданған бөлшек бизнесті дамыту стратегиясына – клиенттерге жақынырақ және қол жетерліктей болу, сәйкес ашылды. Бөлімшеде дәстүрлі операциямен қатар байланыс қызметтері үшін төлемдер қабылданады, бұл банкке жаңа клиенттер тартуға мүмкіндік береді. Біздің барлығына айтатынымыз: «Хош келдіңіздер! Біз сіздерге әрқашан қуаныштымыз».

Өз тарапынан бөлімше бастығы Гүлжанат Бектемірова мынаны айтты:

 —  Осы бөлімшенің ашуымен Қазкоммерцбанктің бөлшек қызметтері бұрынғыдан да қол жетерліктей және танымал болады.

Ал Қаскоммерцбанктің Талдықорған филиалының пікірлері мынадай:

Огай Елена, элиталы киім бутиктерінің иесі, шағын бизнесті дамыту бөлімінің клиенті, банкте несие желісін ашты. Біздің банктің өнімдерін таңдауда… бәсекелес банк менеджерінің ұсынысы түпкілікті шешім қабылдауда маңызды рөл атқарды. Несие қаражаттары Еленаға онсыз да табысты бизнесінің мүмкіншіліктерін кеңейтуге, қосымша сауда нүктелерін ашуға көмектесті.

Темірғалиева Зайнаб – «Ломбард Саттимир» ЖШС директоры – «Пенсионный» депозитінің шарттарына өте риза, салымдағы қаражатты еркін пайдалану мүмкіндігін ерекше атап өтті (депозит қажет болғанда, кез келген ыңғайлы уақытта есептелген сыйақыны жоғалтпай – ақ, өз ақшаңды ішінара алуға мүмкіндік береді). Зайнаб супержүлде Астанадан элиталы пәтер болып табылатын, «Қомақты сома» атты жаңа депозиттік акцияның шарттарына қызығушылық танытты. Біздің банкті жақындары мен достарына үнемі ұсынып жүреді. КАЗКОМнан оның екі қызы ипотекалық несие алған.

 

Мемлекеттік медиа – холдингтер құрылуда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттің рөлін күшейту қалай жүреді?

Қазір еліміздің ақпараттық айдынында айтарлықтай өзгерістер жүріп жатқаны белгілі. “Арна Медиа”, “Нұр Медиа” холдингтері құрылды. Бұл үрдістен қандай оңды өзгерістер күтуге болады? Медиа кеңістікте пайда болған холдингтер басымдықтарды өзгертіп жатқаны байқалуда. Алматыда өткен PR форумда бұл мәселе қызу пікірталас туғызды.

Бейсенбі күні жұмысын қо­ры­тындылаған екі күндік пиар­шы­лар форумында “Арна Медианың” тұсаукесері болғанын газеттің өт­кен санында қысқа мәлімдеген едік. “Арна Медиа” құрамына елі­міздің ірі республикалық бұқа­ра­лық ақпарат құралдары – “Еге­мен Қазақстан”, “Казахстанская прав­да” газеттері, “Хабар” “Қа­зақ­­стан” телеарналары”, “ҚазАқ­па­рат” агенттігі мен басқа да бір­не­ше ақпараттық ұйым кіреді. Тұ­сау­кесер Қазақстан баспасөз клу­бының президенті Әсел Қарауы­лованың модераторлығымен “Дағ­дарыс жағдайындағы бұқаралық ақпарат құралдары на­рығы: мемлекеттік бақылаудың кү­шеюі мен цензураның ора­луы” атты пленарлық отырысқа ұласқан болатын. Спикерлер қа­тарынан орын алған “Арна Ме­диа” ұлттық ақпараттық холдин­гінің Ақпа­раттық-сараптамалық тобының жетекшісі Ботагөз Төреханова:

– “Арна Медианы” құрудағы басты мақсат – мемлекеттік масс-медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл үшін өсіп келе жат­қан коммерциялану жағдайында мем­лекет пен ақпараттық рынок­тың мүддесін теңдестіруді қамта­масыз ету қажет. Холдинг компа­ния­ла­ры­ның ақпараттық өнім­де­рінің сапасын көтере отырып, отандық рынокта олардың үлесін арттыру және жаңа бизнес-жоба­ларды да­мыту басым бағыттарға ие болады. Мәселен, мақсатты ау­дито­рия­лар­ға арналған телеха­бар­лар тара­ту­дағы бағдарламалық сая­сат мемле­кеттік міндеттерді есеп­ке ала оты­рып, телеарна­лар­дың жаңа тұғыр­лы бағытқа ие бо­луын қарасты­рады”, дей келе, “Ар­на Медиа” хол­дингі қазір өзі­нің құрылу кезе­ңінен өткенін мә­лім­деді.

– Біздің медиа-ресурстарымыз – жеткілікті түрде күшті, ұзақ жыл­дардан бері жұмыс істеп келе жат­қан және өз аудиториялары бар әйгілі брэндтер. Қазірдің өзін­де олардың тақырыптық жіктелуі үшін алғышарттар бар. “Хабар” іскерлік ақпараттық арна ретінде барынша дамитын болады. Ал “Қа­зақстан” телеарнасы әлеумет­тік тақырыптарға бейімделеді, – деді “Арна Медиа” өкілі.

Өз беделі мен ықпалын көтеру жолында “Арна Медиа” басқа мін­деттерді жүзеге асыруды көз­деп отыр. Мысалы, 2015 жылға қарай “Хабар” мен “Қазақстан” телеарналары толығымен сандық форматқа көшіріледі. Ресми ақ­параттар тарату жаңа сипатқа ие бол­мақ. Яғни, бұл міндеттер жанр­лық көп түрлілікті, мәселелік қағидаттарды енгізуді және ор­нық­ты сынды, сараптамалардың сапалық өсуін қарастырады.

Жаңа жарнамалық саясатқа келетін болсақ, “Арна Медиа” хол­дингтің барлық активтерімен бірден жұмыс істеу үшін әлеуетті жарнама берушілердің бірегей базасы жасақталмақ. Мұндай жиынтық ұсыныстар тапсырыс берушінің қажеттілігін кешенді түрде қағанаттандырмақ.

Ал ба­с­ылым­дар­мен жұ­мыс жа­ңа биз­нес-үл­гі­лер база­сы­на құ­ры­­латын бо­лады. “Арна Ме­диа­ның” Ақ­па­раттық-сарапта­ма­­лық тобының жетекшісі алдағы жылдары “Егемен Қазақстан” мен “Казахстанская правда” газеттері түрлі-түсті форматқа көшіріліп, басылым беттері көбейтілетіндігін айтып отыр. Холдинг газеттерінің дизайнды жақсартып, іскерлік қосымшаларды шығаруды көздеп отырған жайы бар. Оған қоса не­гізгі басылымдардың қосымшалары мен интернет-нұсқаларын дамыту жоспарда тұр. Сол сияқты “Арна Ме­дианың” полиграфиялық өн­дірісі құрылып, шетелдерде тілшілік желілері кеңейтілетін болады.

“Арна Медианың” тұсаукесері барысында бәсекелестік нарықта өмір сүріп жатқан жеке меншік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан айтылған сыни пікірлер мен сауалдар аз бол­ған жоқ. “Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары мем­лекеттік саясатқа қатысты ақпарат­тарды таратуға басымдық берсе, бизнес басылымдарының бағыты бөлек. Бізде бұқаралық ақпарат құралдары қожайынының мүддесі басым болғандықтан, қара­пайым тұтынушының қызығу­шылығы көлеңкеде қалып жатады”, дейді 31 телеарнаның редакторы Ержан Сүлейменов.

– Ресми ақпарат көздері қыз­ғылықты емес, бір сарынды дейтін кереғар пікірлер бар. Бірақ, шетел­дік балама ақпарат құралдарының мысалдарынан оны да көруге, оқу­ға, тыңдауға қызғылықты етіп бе­руге болатынын көріп отырмыз. Қа­зірдің өзінде медиа-холдингте мақ­сатты жұмыстар жүргізіліп жа­тыр. Соңғы нәтижеде біздер мемле­кеттік бұқаралық ақпарат құралдарды мұнан да әйгілі етуге қол жеткізетін боламыз. “Ар­на Медиа” келешекте халықаралық деңгейдегі, тиімділігі жоғары хол­дингке айналуы тиіс, – деп атап өтті Ботагөз Төреханова.

Мемлекеттік медиа — ресурстар алдында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырып, нарықтық жағдайға мұнан да тиімдірек кірігу міндеті тұрғанын форумға қаты­сушылар іштей түйсінгенімен, мем­лекеттік масс-медианың күшеюінен аяқ тартып отырғанын да аңғаруға болады. Бұқарамен байланыс ма­ман­дары мен журналистердің қызу айтысын тудырып отырған да осы айтылмайтын іштей бәсекелестік.

Сарапшылардың ойынша, дәл қазіргі уақытта активтерді “хол­динг­теу” біздің елімізде ғана қа­жеттілікке айналып отырған жоқ, бұл әлемдік медиа-тәжірибеде бе­лең алып отырған үрдіс. Мемле­кеттік медиа активтерді біріктіру жалпы ақпараттық өнімді сақтай отырып, компания функциясының қайталануын жояды, қажетті қыз­меттерді сатып алу орталықтанды­рылып, бәсекелестік артықшылық­тарға қол жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарды өз деңгейінде шоғырландыруға мүм­кін­дік береді.

Осы тұрғыдан алып қарағанда журналистика мен PR – ең креа­тивті екі бизнес болып табылады. Осы екеуін біріктіре отырып, оны кәсіпқойлықты көтеруге бағыт­тау­ды уақыт, қазіргі әлемдік қаржы­лық дағдарыс талап етіп отыр.

Ақпарат айдынында орын алып жатқан жоғарыдағыдай өзгерістер, бұқаралық ақпарат құралдарда мемлекет рөлінің күшейті­луі PR форумының ең айтыс-тар­тысты тақырыбына айналып жатса, ол – заңдылық. Ал “Арна Ме­дианың” жалғыз құрылтайшысы – Үкімет. “Қазір бүкіл әлем ры­нок пен мем­лекет бірге өмір сүру керектігін, мемлекет көптеген мә­селелерді бақылау қажеттігін мойындап отыр”, деген болатын форумның алғашқы күнінде “Са­мұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов. Азуын айға бі­леген қаржы саласын қадағалау­сыз қал­дырып, бұқаралық ақпарат құралдарды  бақы­ламаған мем­лекеттердің қандай күйге ұшы­­рап отырғанын бізге қай­талаудың қажеті жоқ.

Тіпті осы дағдарыс еліміздегі коммуникация саласының сапалы дамуына оң ықпал етіп отырған да сияқты. Қазір PR индустрия мен медиа индустрия арасындағы бай­ланыс қалай дамуда? Бұл сұ­рақтың жауабын форумнан ізде­сек, ол былай дәйектеледі. Ақылы материалдарға бөлінетін қаражат­тың қысқаруы мен қорға талас бұқаралық ақпарат құралдарға да, пиаршыларға да жаңа жұмыс тәсілдерін іздеуге, көрер­мен мен оқырман үшін қатаң бәсекелесуге, ақпаратты таратуда өте абай болуға итермелеп отыр. Ал PR менеджерлерді барынша қызықты ақпараттық ілік іздеуге, бұқаралық ақпарат құралдары сұранысына мұқият болуға мәжбүрлейді.

Қазақстан баспасөз клубының атқарушы директоры Сәкен Бал­баев: “Жалпы, ресми PR әрекет­тер осыдан бір ғасыр бұрын бас­талған, тарихы тіпті әріге кетеді. Ол жеке ғылым ретінде алдымен Америка Құрама Штаттарында қалыптасқан. PR-шының өз компаниясы және бұқара ал­дындағы жауапкершілігі орасан зор: өз ұйымының беделін кө­теруде бұқараны алдамау, имидж бен абыройды сәйкестендіру, бе­делді көрінуге тырысу емес, ақи­қатында беделді болу. PR ең жас мамандық ретінде саналатын Қа­зақстан үшін мұндай форумдар қажет. Дей тұрғанмен, бүгінде елімізде де, әлемде де жағдай өз­геріп жатыр. Бірақ, PR-қызметтің міндеттері дағдарыс жағдайында өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Керісінше, олардың қызметі бүгінде бұрынғыдан да сұранысқа ие. Оның бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысына үлкен мән беріліп отыр. Көптеген компаниялардың бюджеті қысқа­рып кеткенімен, олардың ішкі сауатты коммуникацияға, әлеу­мет­тік корпоративтік жауап­кер­шілікке деген қажеттіліктері арт­ты. Құрылыс секторынан басқа салалардың көпшілігінде PR ма­мандары қысқартуға ұшырай қой­ған жоқ, керісінше, олардың мәр­тебесі өсуде. Бүгінгі таңда стра­тегиялық ойлау деңгейінде шешім қабылдай алатын, дағдарысқа қарсы жағдайда жұмыс істейтін осындай мамандар тапшылығы бар. Рынокқа командалық жобада жұмыс істей алатын пиаршылар қажет. Дағдарыс кезінде олардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктері анық көрініп, бизнестегі орны байқалуда”, дейді.

Сонымен, бейсенбі күні “Арна Медиа” холдингі басты ақпарат­тық әріптес болған 5-ші халық­аралық PR — форум өз жұмысын аяқтады. Екі күн бойы жалпы пле­нарлық отырыстар мен дөң­гелек үстелдер аясында қабыл­данған шешімдер мен идеялар тұ­тынушылардың да, инвес­тор­лардың да ой-өрісіне қозғау са­лып, компаниялар әрекетінен көрініс табары анық.

Айнаш Есали, Алматы.

 

 

Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдар президенттен «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға енгізілетін түзетулерге вето қоюды өтінбек ниетте — «Әділ сөз».

Астана. 25 желтоқсан. «Қазақстан Бүгін» — Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары президенттен «БАҚ туралы» заңға енгізілетін түзетулерге вето қоюды өтінбек ниетте. Бұл туралы бүгін «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы реформалау мәселесіне арналған дөңгелек үстел басталар алдында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Біз президент заңға қол қоюы мүмкін деп жорамалдаймыз.. Дегенмен, ол біздің сөзімізге құлақ асады деп үміттенеміз, біз «Нұр Отан» партиясы ретінде президентке бұдан бұрын да мәлімдеме жолдағанбыз, егер сенат біздің пікірімізді ескермесе, онда біз президенттен «БАҚ туралы» заңға енгізілетін түзетулерге вето қоюды сұрауымыз мүмкін екендігін жоққа шығармаймын», — деді Т.Калеева.
Оның айтуынша, «қор өз тарапынан қоғам мен депутаттарды өз пікіріне құлақ астыру үшін барлық заңды амалдарды толық қолданатын болады».
«Біз депутаттар мен қоғамның бізге құлақ асуы үшін және олар журналистердің корпоративтік мүддесіне ғана сай емес, қоғамның мүддесіне сай нақты толықтыруды іс жүзінде енгізуі үшін барлық заңды әдістерді пайдаланғымыз келеді. Біздің ұстанымымызға қосылатын көптеген БАҚ-тарда біртұтас наразылық бетін басып шығару туралы ұсынысымыз бар», — деді ол.
Қоғамдық қор, бұқаралық ақпарат құралдарымен журналистік үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінің бастамашыл тобы мынаны ұсынады: » Бәле-жала мен жәбірлеуді декриминализациялау, жарияланымдар бойынша ар-ұждан мен беделді қорғау жөнінлегі істер бойынша талап ету мерзімінбір жылға дейін қалпына келтіру, тіркеу туралы куәліктің заңды мерзімін 3-тен 12 айға дейін ұлғайту».
«Біз «БАҚ туралы» заңға енгізген үкіметтік түзетулер мүлдем жаман деп отырған жоқпыз, біз олар өте мардымсыз, аз деп отырмыз. Біз салмақты заң жобасын, демократиялық ұсыныстар жасау қажет дейміз, тым құрыса заңға 1991 жылғы заңда болған жайттарды: талап ету мерзімі, монополияға қарсы шектеу және басқасын қайтара енгізуді сұраймыз», — деді Т. Калеева.

Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

 

 

«Шекарасыз репортерлер» ұйымы әлемдегі баспасөз еркіндігі туралы кезекті есебін жариялады. 169 елдің ақпарат құралдарының жай-күйін 50 критерий бойынша саралаған атамыш ұйымның есебінде сөз бостандығы жөнінен Қазақстан 125 орынды алған. Орта Азия елдері ішінде сөз бостандығының жағдайы басқалардан көш ілдері ел ретінде Қырғызстан 110 орында аталады. Қазақстандық сарапшылар мен журналистер аталмыш ұйымның Қазақстандағы сөз еркіндігіне беріп отырған бағасы шындыққа сай келеді, бұл Қазақстандағы еркін сөзге, журналистер қызмет етіп жүрген салаға дәлме-дәл берілген баға дейді.

«Шекарасыз репортерлер» ұйымының себебінде әлемдегі баспасөзі еркін елдердің ондығында Исландия, Норвегия, Эстония, Словакия, Белгия, Финляндия, Швеция, Дания, Ирландия елдері аталады. Ал Орталық Азия елдері ішінде сөз бостандығы көш ілгері ел ретінде Қырғызстан 110 орынға, Тәжікстанда Қазақстаннан бір саты жоғары 115 орынға жайғасқан. Ал Қазақстан 125 орында аталады. Рейтингті түзушілер журналистерге тікелей қатысы бар әлімжеттік оның ішінде (журналистерді ұрлап әкету, өлтіру, қоқан-лоққы жасау түрмеге жабу), ал бұқаралық ақпарат құралдарына тікелей қатысы бар әлімжеттік (цензураға ұшырау, басылым тиражын тәркілеу, эфирден алып тастау) сынды критерилерді негізге алған.

Халықаралық ұйымның бұл есебіне орай, «Азаттық» радиосына пікір білдірген Қазақстандағы сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» қорының президенті           Тамара        Калеева:

«Аталмыш ұйымның есебімен толықтай келісеміз. Өйткені, Қазақстан сөз еркіндігі жөнінен ешқашан көш бастай алмайды Қанша жерден билік сөз еркіндігі туралы дабыра салғанымен тәжірибе көрсетіп отырғанындай Қазақстандағы сөз еркіндігі нашар жағдайда қалып отыр», дейді.

Оның айтуынша, оған ақпарат құралдарының экономикалық тәуелділігін, БАҚ-ына монополияны, журналистерді қылмыстық жауапкершілікке тарту, министрліктердің, соның ішінде ішкі істер министрлігінің журналистер жұмысына қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізуге араласуын айтуға болады.

«Егер сот талаптарын алатын болсақ соңғы айларда басылымдардан миллиондаған теңге талап етілген», дейді Тамара Калеева.

Қазақстанда жарық көретін «Свобода слова» апталық басылымының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева «Демократиялық елдер талабына сай келетін сөз еркіндігі, қаншалықты Қазақстан өзін демократиялық жолмен дамушы ел ретінде атаса да конституцияда жазылғандай сөз бостандығы Қазақстанда атымен жоқ» дей келе, Қазақстандағы ақпарат құралдарының жалпы    көрінісін     былайша     сипаттайды:

«15 жыл ішінде Қазақстандағы ақпарат құралдарының 50 пайызы қолдан жасалып, үнемі олигархтар мен шенеуніктердің, бүгінгі биліктің бақылауында болды. Ал 25 пайыз ақпарат құралдары үнемі бақылауға қарамастан құрылып, жұмыс істеді. Олар қандай жағдайда шеңберден шығуға болады, қандай жағдайда болмайды — оны жақсы білді. Ал енді бір шағын ғана 10-15 пайыздай ақпарат құралдары шынайы еркін сөзді таратуға жұмыс        істеді          деп    айтуға         болады».

Оның айтуынша, Қазақстанда еркін сөз деген ұғымнан мүлде алшақ жататын басылымдар да бар. Олар ақпарат таратуды емес, белгілі бір корпоративтік мүдде үшін жұмыс істейді. Мұндай ақпарат құралдары белгілі бір топқа ғана қызмет көрсетумен шектеледі. Онда адамдарды тек ортақ       кәсіби         мүдделері   ғана   байланыстарды.

«Ал телевидение туралы айтар болсақ, оның ақпаратты тарату және әсер ету мүмкіндігіне қарамастан Қазақстанда телевидение мүлде жоқ деп айтуға болады»,     —        дейді           Гүлжан       Ергалиева.

Қазақстандық тәуелсіз журналист Сергей Дуванов «Шекарасыз репортерлер» ұйымы Қазақстандағы еркін сөзге, бүгінде елде журналистер қызмет етіп жүрген салаға дәлме-дәл баға беріп отыр деп есептейді.

— Баспасөз саласында билік цензурасымен қатар журналистік өзінің ішкі цензурасы бар. Бірқатар ақпарат құралдары қозғамауға тырысатын жабық тақырыптар бар. Бұл тақырыптарды ақпарат құралдарының кішкентай ғана бөлігі оппозициялық басылымдар оқырманмен бөлісуге тырысады. Бірақ олар әрдайым қауіп-қатерде жүреді. Қауіп-қатерлер осы жылы өткен сайлау алдында азырақ болды. Өйткені, Қазақстан билігі сайлауды жақсы етіп көрсеткісі келді. Ал елде кейде орын алатын әлеуметтік жанжалдар, экономикалық проблемалардың ақиқаты көзге көрінбейтін қысымдар арқылы адамдарға жетпей жатады, — дейді Сергей Дуванов.

«Шекарасыз репортерлер» ұйымының биылғы есебінде Грузия, Армения, Украина және Қырғызстандағы журналистердің жағдайы біршама жақсарғандығы айтылған. Ал Тәжікстан, Қазақстан мен Ресейде ешқандай оң өзгеріс болмаған. Сондай-ақ, Латвия, Әзірбайжан мен Өзбекстандағы жағдай кері кеткендігі аталған.

 

Баспасөз орталығы бұқаралық ақпарат құралдары біз туралы

 

“Дағдарыста туғандар…” немесе PR – журналистика емес «Егемен Қазақстан» газеті Сәрсенбі күні Алматыда дәстүрлі “Қазақстандағы PR күндері” аясында 5-ші Халықаралық PR-форум өз жұмысын бастады. Форумның тұрақты бастамашысы әрі идеялық ұйымдастырушысы “PR-шы клубы” биылғы басқосуды “Дағдарыста туғандар. PR Baby Boom” деп атапты. Қазір бұқарамен байланыс мамандары қандай кедергілерге тап келіп отыр? Олардың қызметіне әлемдік қаржы дағдарысы нендей өзгерістер мен түзетулер енгізуде?
Сонымен, ел беделін басқаруда, компания мен холдингтер имиджін қалыптастыруда сабақ боларлық сауалдардың тиегі ағытылған екі күндік форумға жыл сайын ТМД және Батыс елдерінен келетін өкілдерді есептегенде 200-ге тарта адам қатысты. Аталмыш форум еліміздің PR-индустриясы саласындағы ең маңызды оқиға қатарында. Сондықтан да  жетекші қазақстандық және шетелдік компания басшылары, бұқарамен байланыс жөніндегі департаменттердің жетекшілері, баспасөз хатшылары мен маркетологтар,  сарапшылар мен журналистер осы “ой алмасу орталығынан” табылуға тырысады.  Ал форум жұмысын жүргізетін “PR-шы клубы” да PR рыногындағы жағдайдың барлық қырларын қамтуға ұмтылады. Егер бесінші форум әлемдік қаржы дағдарысымен байланыстырып мәселе қозғап жатса, ол – заңдылық.
Дағдарыс кезінде сауатты коммуникация жүйесін, оның ішінде дағдарысқа қарсы шаралар жасай алмаған компаниялардың мәселелері анық көрініп қалып жатыр. Біз дағдарысқа тоқырау ретінде емес, керісінше PR-индустрия мен Қазақстандағы жаңа технологиялардың өркендеуі мен дамуының жаңа мүмкіндіктері деп қараймыз. PR-міндеттерді креативтік және стандарттық емес жолдармен шешу идеялары нағыз дағдарыс кезінде туындайды, – деді форумға ұйымдастырушылық қызмет көрсететін Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылова.
Сонымен, биылғы форумды ашқан PR-шы клубының президенті Лариса Пактың ойынша, бұқарамен байланыс мамандығы елімізде жыл өткен сайын әйгіленіп, қажетті мамандықтардың қатарына ілігуде, мұндай кәсіби мамандарын даярлау үшін жоғары деңгей ұстануға тура келеді. Осы арада біз ҚР Білім және ғылым министрлігі PR-шы мамандығын мамандықтар реестрінде ресми түрде қайта қалпына келтіргенін атап өтелік. Яғни, PR-шы клубы мен Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастықтың жұмсаған күші текке кеткен жоқ.
– Біздер, PR журналистика емес екендігін дәлелдедік. Және бір жағынан, елімізде қазірге осы мамандық бойынша ғылыми-әдістемелік базаның жоқ екендігін де түсінеміз. Кім оларға дәріс береді? Практиктер осы қызметтің қыр-сырын үйретер. Бірақ, арнаулы әдістемелерсіз оны жасау қиын. Өз әдістемелеріміз әлі жасалмаған, батыстікі бізге келмейді. Енді бізге осы құрылымды жасақтауды бастау қажет, – деді Лариса Пак.
Қарап отырсақ, қазақстандық пиаршылар соңғы жеті жылдың ішінде ғана пайда болған, олар өз тәжірибелеріне сүйеніп өсіп келе жатыр. Бұқарамен байланыс бөлімдерінде қызметін бастаған мұндай мамандар қазір Үкіметте жұмыс істейді. Кейбірі Директорлар кеңесі мүшелігіне өтті, тіпті енді біреулері компаниялар мен бүтін холдингтерді басқарып отыр. Әртүрлі шешім қабылдауда орасан зор жауапкершілікке ие мамандық иелерінің мәртебесі көз алдымызда көтеріліп келе жатқанын жоққа шығаруға болмайды.
Осыған орай форумның алғашқы күні PR-шы клубының мүшесі Әсел Қарауылова жасаған “Дағдарыс жағдайындағы PR индустриясы: негізгі беталыстар” атты зерттеу тұсаукесері жиналғандардың назарын аударды. Кәсіби тұрғыда жасалған зерттеу біздің рынокта қалыптасқан жағдайды жіліктеп көрсетіп берді.
Форум жұмысын бастаған алғашқы отырыс “Дағдарыс жағдайындағы коммуникацияларды басқару: әлемдік тәжірибе” тақырыбын таңдаған еді. Бұл отырысқа Іntelday Solutіons агеттігінің бас директоры Денитса Сачева (Болгария),  “Maslov PR” агенттігінің бас директоры Михаил Маслов (Ресей), Ресей мен ТМД елдеріндегі FD өкілдігінің атқарушы директоры Леонид Соловьев, “Қазақмыстың” корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Джон Смелт (Ұлыбритания) шақырылған еді. PR-индустрияның “майын ішкен” мамандар қазіргі жағдай туралы жалпылама пікірлерін ортаға салғанымен, өздерінің қазіргі рынокқа бейімделген кәсіпқой тәсілдерін, қызықты кейстер мен PR-шешімдерін шешіліп айта қойған жоқ. Бұл түсінікті де. Форумға жиналғандар әріптес болғанымен, бәрі бір-бірімен бәсекелес екендігін де естен шығармау қажет шығар?! Әрине, спикерлер PR-бизнестің бір бөлшегі және маңызды бөлшегі болуға тиіс екендігімен келіседі.
Форумның алғашқы күні “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетовтің қатысуымен өткен, батыстық және ресейлік БАҚ-тарға арналған Интернет-конференция үлкен қызығушылық туғызды.
– Дағдарыс біз соңғы 10-15 жыл ішінде көзімізді жұмып келген, шешімі табылмаған мәселелерді ақтарып берді. Және бұл – бізде осы уақытқа дейін өмір сүріп келген қате пайымдарды қайта електен өткізудің үлкен мүмкіндігі. Мысалы, мемлекет рыноктың жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс деген стереотипті алайық. Қазір бүкіл әлем рынок пен мемлекет бірге өмір сүру керектігін, мемлекет көптеген мәселелерді бақылауы қажеттігін мойындап отыр. Оның ішінде дұрыс экономикалық саясатпен қаржы саласын қадағалауды жүзеге асыру керек, – деді Қайрат Келімбетов.
Интернет-конференция барысында “Самұрық-Қазына” жетекшісі Ресейдің күнделікті “Время новостей” газетінің сауалдарына жауап бере отырып, тарихи, мәдени және экономикалық жағынан қоян-қолтық араласып отырған екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың келешегі көкжиекті екендігін атады.
Сондай-ақ, форумның екінші күні құрамына еліміздегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары кіретін “Арна Медиа” ұлттық ақпараттық холдингінің тұсаукесерімен басталды (суретте).
Аталмыш форум еліміздің PR-индустриясы саласының дамуына қандай серпін береді? Оның басты құралы – БАҚ рөлін арттыруда, PR-технологияларды жетілдіруде қай жолды таңдаймыз? Газеттің келесі санында осы жөнінде сөз болмақ.

·        Айнаш Есали

 

 

Тамыздың 12-сінде Алматыда қоғамдық бірлестіктер өкілдері мен заңгерлер Интернет желілерін заңнамалық реттеудің мәсе-лелерін талқылады. Бұл басқосуда талқыланған мәселелер қай бағытта өрбігенін “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының ұйымдастыруға мұрындық болғанын ескере отырып аңғару қиын емес. Ашық әңгімеге Мемлекет басшысының кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың шақырылуының өзі Интернетті мемлекеттік реттеу мен бұқаралық ақпарат құралдарының еркін іс-қимыл жасау арасындағы шекараны “делимитациялау” туралы пікірталастың жалғасатынына ешкімнің күмәні қалмады.

“Журналистік қауымдастық Интернетті реттеуге қарсы, бірақ біз барлық жауаптылық шараларын жақсы ұғынамыз”, – деп Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев әңгімені төтесінен бастады.

Өз жолынан жаңылмай дәстүрлі “е2-е4” жүрісін жасаған Ермұхамет Ертісбаев: “Біздер әлемдік тордағы қазақстандық сегментті дамытудың және реттеудің оңтайлы үлгісін жасауымыз керек”, – деп қарсыласының тамырын басты.

Осылайша, әркім өзінің бет-бейнесін айқындап, кімнің “ақпен”, кімнің “қарамен” ойнайтыны белгілі болды. Бірі Интернетті “реттемейміз”, бірі “реттейміз” дейді. Бұл ретте, Президенттің кеңесшісіне кәнігі гроссмейстерлер сияқты бір мезгілде бірнеше қарсыласпен ойын сеансын өткізуге тура келді.

Оппоненттер өз байламдарын ашық көрсетіп, пікірталасқа даяр екендіктерін танытты. Артынша бұл мәселені уақытша жылы жауып қойды да, аз уақыт “тайм аут” алғандай мәртебелі мырзалар ортақ көзқарас танытқан бейтарап тақырыпты талқылауға көшті. Бірақ аздан соң ойын жалғасып, “ақ” пен “қара” алма-кезек жүріс жасап жатты.

— Біз Интернетте адамды аздыратын өшпенділік пен эротикаға қарсымыз, – деп С. Матаев өзінің басты ойын алға тартты.

— Белгілі бір проблемалық жайлар Интернеттің қазақстандық сегментінен заң жүзінде толығымен жойылуы тиіс, қажет болса заң бұзғандарды қылмыстық жазаға тартуды енгізу керек, – деді Е. Ертісбаев тым қатаң кетті. Бұл жерде ол балалар порнографиясын, мораль мен әдеп салаларындағы бассыздықтарды алға тартты.

Басқосуда араағайындыққа белгілі бір мақсатпен сойылын сүйреп келген сыңаржақтар емес, саяси бейтарап заңгерлер жүрді. Әр нәрсенің өз заңдылығы болатынындай олардың міндеті мызғымас қарама-қарсы екі принципті жібіту және ортақ пікірге мойын ұсындыру еді.

“ЮрИнфо” компаниясы департаментінің директоры Игорь Лоскутов негізгі мәселені талқылаудың басталғаныны жөнінде белгі берді.

— Қазір көптеген елдерде интернет-кеңістіктерді реттеуге арналған құқықтық нормаларды дамыту жүргізіліп жатыр. Бұл үдеріс демократиялық елдерді қоса алғанда, барлық мемлекеттерде қолға алынған, – деді заңгер жаһандық тұрғыдан сөз қозғап, біздің де көштен қалмауымыз керектігін меңзеп. – Реттеу ұлттық қауіпсіздік саласында жүргізіліп жатыр. Бұл орайда алдымен қорғаныс, мемлекеттік құпияларды сақтау, лаңкестіктің ізін кесу, жаппай қырып-жоятын қаруларды жасау туралы мәліметтерді таратудың алдын алу мәселелерін назарға алған орынды. Интернеттегі зияткерлік меншік құқығын қорғауды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге ден қойған мемлекеттер арта түсуде. Ақпараттарды таратқаны үшін сайттарға тиісті жауаптылық жүктелуі қажет.

“Мемлекеттік реттеудің талаптары, басты құралы қандай?” деген сұрақ ешкімнің аузынан шықпаса да, үстел басындағылардың көкейінде сайрап тұрғаны белгілі. “Кәні, кім? Жүріс кімдікі?” дегендей “ойыншылар” бір-біріне қарайлай бастап еді, осы сәтті күтіп тұрғандай “Әділ сөз” қорының өкілі Иллиодор Кальсин ұрымтал тұстан келіп килікті:

– Мемлекеттік органдар Интернетте нені ретемекші және қалай реттемекші? Мәселе тым көмескі. Алдымен реттеу объектісі мен субъектісін айқындап алу қажет. Дәл қай кеңістіктер реттелетін болады, олардың шекарасы қандай? – деп бәрін ашық алаңға шақырды.

Бұл жерде, ұлттық қауіпсіздік мүддесінің тым ауқымды екенін ұмытпаған жөн. Жақында ғана Интернеттегі жасанды түрде жасалған екі жабық жергілікті ақпараттық аймаққа бүкіл әлем куә болды. Оған Оңтүстік Осетиядағы оқиға түрткі болған еді. Қажетсіз сайттарға қолдан келгенінше тосқауыл қойылды. Интернетті пайдаланушылардың қай ақпараттық аумақта қалып отырғанына қарай оқиға туралы: Грузия басқыншы немесе Ресей басқыншы деген екі түрлі пікір қалыптасты.

Игорь Лоскутовтың аузынан айтарлықтай мәнді ұсыныс шықты. Ол веб-сайтқа шұғыл шара қолданылғанға, заңсыз жарияланымдар пайда болғанға дейін сайт иелерінің назар аудару уақытына қатысты болды. Заңгердің пікірінше, шешім қабылдауға арналған үзіліс бір жұмыс күнін құрауы тиіс. Сайт иесі осы уақыт ішінде ақпаратты жоюына болады.

Тағы бір маңызды нәрсе, бұл жағдайда мүдделі екі тарап: сайттың өкілі мен тұрақты органның өкілі өзара байланысуы тиіс. Олардың араларына провайдерлерді салу және бастан-аяқ қаралау тек жөнсіздіктің ғана емес, осы бағытта тыңғылықты жұмыс істеуге деген ниеттің жоқтығын да білдіреді.

Бірқатар елдерде ECHELON (Еуропада),  Carnivore (АҚШ-та), Шұғыл-іздеу іс-шараларының жүйелері (Ресей) сияқты құрылымдар сайттарды реттеумен айналысуға әрекет етуде. Олардың рөлі мен функцияларына деген көзқарас біркелкі емес, бірақ провайдерлер негізсіз шабуылдардан қорғалады. ҮЕҰ-дарға қарағанда провайдерлер қандай да болсын саяси идеяларды таратушы болып табылмайды, оларға ең бастысы шаруашылық жүргізуші субъект, телекоммуникация рыногына қатысушы тұрғысынан қарау керек.

“ЗонаKZ” Интернет-газетінің иесі Юрий Мизинов “сайтқа қатысты санкцияның тек соттың шешімімен ғана қолданылуы тиіс” екенін айтты. Алайда қолданыстағы заңнама бойынша барлық веб-ресурстардың автоматты түрде бұқаралық ақпарат құралдары деп саналуы және тиісінше осыған сәйкес реттелуін ол жөнсіз деп санайды. Осы жағдай тіркеуден бастап, қосымша қиындықтарды туындатады. Бұл, әрине, принципті жағдай. Сейітқазы Матаев дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеудегі біршама күрделі рәсімдерге қарағанда сайттарды тіркеу рәсімі хабарлама сипатында болуы тиіс деп санайды. Бұл тұрғыда, Журналистер одағының төрағасы        С. Матаев та веб-сайттарды бұқаралық ақпарат құралдары деп есептеуге болмайтынын айтады.

– Қазақстандық Интернетті дамыту бойынша мемлекеттік саясат қазақстандық интернет аймағына мемлекеттік сектордың ықпалын кеңейту мақсаты бар жаңа заңнама актілерін, қаулылар, мемлекеттік бағдарламалар қабылдау есебінен интернет-кеңістіктерді реттеу мен интернет-ресурстарға бақылау жасау жағына белгілі бір дәрежеде мойын бұрып отыр, – деген “Әділ сөз” қорының өкілі Софья Лапинаның сөзі Журналистер одағы төрағасының пікірін жандандыра түсті.

– “Реттеу” деген сөз желілердегі қызметтерге қатаң мемлекеттік бақылауды орнатуды білдірмейді, – деді Ермұхамет Ертісбаев жан-жақтан жаудырылған сұрақтарға жауап беріп. Олай жасаудың іс жүзінде мүмкін емесін де атады.

Мұнымен С. Матаев келісетінін білдіріп бас шұлғыды, бірақ өз көзқарасын басқаша білдірді. Мұның алдында берген бір сұхбатында ол Интернетті бақылаудың ең жақсы жолы “бүкіл ел бойынша электр энергиясын ажыратып тастау” деген болатын. Шектеулерді айналып өтудің жолдары көп-ақ, бірақ интернет-сайттарға тосқауыл қою тек оларға деген қызығушылықты арттырмаса, азайтпайтынын назарда ұстаған жөн.

Солай болғанымен, “Интернет кеңістігі реттелуі тиіс пе?” деген мәселеле ашық күйінде қалып отыр. Е. Ертісбаев бұрын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тұрған кезінде: “Менің Интернеттің мемлекеттік реттеуді қажет етеді деген сенімім мығым” деп ашық айтқан болатын. Ол сөзінің дәлелі ретінде белгілі бір мемлекеттік мүдделерді, қоғам мүдделерін қорғау керектігін көлденең тартты. Алайда Интернет туралы әмбебап заң жобасын әзірлеу мәселесі сөз жүзінде қалып отырғаны да жасырын емес.

“Әділ сөз” қорының өкілі Иллиодор Кальсин мұндай заң жобасын әзірлеу мүмкін емес деп санайды. Техникалық, заңнамалық және ақпараттық тұрғыда ерекше проблемалардың орын алып отырғанын айтты.

– Әлемдік практикада “көтере алмайтын шоқпарды белге байлауға” ұмтылмайды да, – деді ол.

Халықаралық құқық әлі күнге дейін әлемдік торды заңнамалық тұрғыдан реттеуге қатысты өз көзқарасын айқындамай отыр. Интернеттің дамуы реттелетін заңнамалық тетікті құруға мұрша бермей отыр.

2000 жылы “үлкен сегіздік” елдері қабылдаған Жаһандық ақпараттық қоғамның Окинавия Хартиясы мен 2001 жылы қабылданған “Компьютерлік қылмысты болдырмау туралы” Еуропа Кеңесінің Конвенциясы Интернетті реттеудің тек себептерін, онда да заңнамалық реттеу салаларын іс жүзінде қозғамай, тұжырымдамалық тұрғыда ғана ашады. Бұдан шығатын қорытынды – Интернетті реттеу саласындағы заңнамалық нормалар барынша қарама-қайшы және белгілі бір елдің тәжірибесіне сілтеме жасау мүлдем қате.

Саяси мәні бар Интернетті реттеу негізінен екі маңызды факторға: қоғамды демократияландыру үдерісіне және саяси күреске қатысушылардың саяси мәдениетін жетілдіруге тәуелді. Бұл күрделі пікірталаста қатысушылар қаншама ұтымды ұсыныстар айтқанымен, Интернет рыногына қызмет көрсететін компания өкілдерін тартпайынша мәселенің ашық күйінде қала беретіні белгілі. Өкінішке орай, бұл жолы да солай болды, бірде-бір компаниядан өкілдер шақырылмады.

Ал, жұмыстары Конституцияға және басқа да заңнамалық актілерге негізделіп Интернетті реттеуге бағытталған заң жобасын әзірлеу бастамасына тоқталатын болсақ, олар әлемдік практиканың нормаларына қайшы келмейді. Ол барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып әзірленуі тиіс.

Павел Астафьев.

 

Мега орталық: 2006 жылдың 25 қазаныңда Мега отралығының «МegaZine» атты  корпоративтік басылымының ең алғашқы нөмерін шығарған болатын. Ол журналды b2c (business-to-client) түріне жатқызуға болады. Себебі,  «МegaZine» журналының ішіндегі мағұлмат тек қана тұтынушылар мен қызметкерлерге арналған. Осы журнал 4 қалада шығарылып тұрады екен. Олар:Алматы, Астана, Шымкент және де Қарағанды қалалары болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.Мурзин Д. «Феномен корпоративной прессы» — Москва: Хроникер, 2005ж.

2.