АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Шетелдердің балалар журналистикасы

 

Журналистика факультеті

Халықаралық журналистика кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шетелдердің балалар журналистикасы

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ ……………………………………………………………….……..

 

I тарау. Әлемдегі балалар журналистикасының қалыптасуы мен дамуы

1.1 Әлемдегі балалар журналистикасы……………………….………………

1.2 Қытайдағы балалар журналистикасы …………………………….

 

II тарау. 2. Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі

2.1 Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдары және балаларға арналған телебағдарламалары ………………………………………………….

2.2 АҚШ балалар телехабарларының мазмұны мен тәрбиелік мәні….

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………….……………

 

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ …………………………………………………………………………..

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..…………….……………….              

 

КІРІСПЕ

 

Журналист — әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын. Журналист  ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал, телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде жүктелер жауапкершілік мол.

Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік, нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес.

Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз — шетелдердегі балалар журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып, біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін сараптаудан өткізуді ұйғардық.

«Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында  немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек, балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау, сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек.

Балаларды отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу үшін алдымен ата-аналары, мектеп назар аударғаны жөн. Десек те, осы тұста телевидениенің рөлі зор. Кез-келген баладан кімге ұқсағың келеді деген сауал қойсаң, олар ең алдымен шетел фильмдерінің басты кейіпкерлерін атайтыны сөзсіз.

Балалар тәрбиесіндегі кемшілікті біз тек қоғамдық тәрбие беру орталықтарынан ғана емес, ертегі айтар әже тәрбиесінің азайғанынан да байқауға болады. 

Осыған орай, «Біздің балаларымыз – еліміздің және әлем азаматтарының ертеңгі болашағы. Олар тарихты жасайды. Біздің балаларымыз – болашақ аналар мен әкелер. Олар да өздерінің балаларын тәрбиелейтін болады. Балаларымыздың тамаша азамат болып өсулері қажет. Алайда, әңгіме мұнымен бітпейді, балаларымыз – бұл біздің ертеңгі қарттығымыз. Дұрыс тәрбие – бұл біздің бақытты кәрілігіміз, нашар тәрбие – бұл біздің болашақ қайғымыз, көз жасымыз: басқа адамдар алдындағы, ел алдындағы кінамыз болып табылады» / 1/, — деген пікірмен келісуге болады.

Бұл еңбекте шетелдік БАҚ-тың балалар тәрбиесіндегі рөлін сарапқа сала отырып, өз еліміздегі балалар бағдарламаларының жетістігі мен кемшіліктері анықталады. Жастардың көзқарасын, белсенді өмірлік бағытын қалыптастырып, тәрбиелеудегі теледидардың рөлін зерттеудің әлеуметтік және саяси мәні зор.

Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Әлемдегі балалар журналистикасының қалыптасуы мен дамуы

1.1 Әлемдегі балалар журналистикасы

 

XVII ғасырдың ортасына дейін Ресей балалар әдебиеті қалыптасқан жоқ. Ең алғашқы балаларға арналып жазылған кітап Ян Амос Коменскийдің «Мир в картинках» кітабы болғаны тарихтан белгілі. Ян Амос Коменский ұлы педагог және мектеп ашудың реформаторы балалар түсінігіне арналған әдебиеттің негізін қалаушы.

Әлемдегі тұңғыш балалар журналы Германияда шыққан «Лепциг апталық листогы» («Лепцигский еженедельный листок») (1772-1774) болды. Осыдан кейін үш жыл өткенде Ресейде Мәскеу қаласында балаларға арналған арнайы мерзімдік басылым – «Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары» («Детское чтение для сердца и разума») шықты.

Орыс ағартушысы Н. Новиковтың «Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары» журналы жас оқырмандарға арналған отандық басылымдардың негізін қалады. Ол 1785-1789 жылдар аралығында «Мәскеу хабаршысының» апталық қосымшасы ретінде жарияланып тұрды. Журналды шығару барысында Н.Новиков ең алдымен өзінің ұстаздық және ағартушылық ой-толғауларын жарыққа шығару мүмкіндігіне ие болды.  Редактордың пікірінше балалар журналы «жүрек пен ақыл-ойға» қызмет етуі керек, отанның болашақ азаматтарын бала кезінен бастап мейірімділікке тәрбиелеу арқылы жас оқырмандарға өмір заңдылықтарын үйретуді қолға алғаны дұрыс деп есептейді. Балалар басылымында адамгершілік, адалдық, қарапайымдылық пен шыншылдыққа тәрбиелеу идеясы басты назарға алынуы тиіс. Бұл басылымға энциклопедиялық сипат тән болды, атап айтқанда: оның беттерінде ғылыми мақалалар, табиғат туралы әңгімелелер, әр түрлі тақырыптағы мақалалар мен әзіл-сықақтар жарияланып отырды. Журналдың басты қағидасы – «жүрек пен ақыл-ойға қызмет ету арқылы отанның мейірімді азаматтарын тәрбиелеу» болды. Сондай-ақ, И. И. Новиков «балалар тәрбиесі өзінің мүмкін болған деңгейіне жеткенде» мемлекетке пайдасын тигізеді деп санады. Бұл мақсатты ол өзінің журналында да қолданды. Басылымның ең маңызды сипаты ағартушылық қызметі деп танылды.

«Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары» журналының басты ерекшеліктерінің бірі ретінде қызметкерлерінің аударма әдебиеттерді таңдауы кезіндегі дұрыс талап қоя білуі мен әдеби таланты еді. Бұл журналдың редакторларының бірі көрнекті жазушы Н. Карамзин болды, ол өзінің алғашқы «Евгений және Юлия» повестін осы басылымда жариялаған. Сонымен қатар, журнал оқырмандарына Вольтер, Лесинг, Томсон және басқа да жазушылардың шығармаларын аударып басып отырды. Новиковтың журналы уақыт талабынан шыға білді. 1849 жылы журнал жайлы «Өз уақытына сай қарапайым тілмен берілген таза, рухани тәрбие ережелері оқырман санасына әсер етіп, жалпы қоғам үшін аса пайдалы болды» деп жазды оқырмандар. С.Аксаков өзінің естеліктерінде Новиковтың журналы жайлы: «Менің балалық санамда осы журналмен танысқаннан кейін  ерекше өзгерістер болды, мен үшін жаңа әлем бейнесі ашылды… Мен бұрын назар аудармаған көптеген табиғат құбылыстарына жаңаша көзқараспен қарай бастадым, тіптен мені олар қызықтыра түсті» деп жазды. «Балалар оқулары» пайда болғанына 60 жыл өткеннен кейін В.Белинский: «Балалар! Новиковтың «Балалар оқуларын» оқып өскен біз сіздерден бақыттырақ едік» деп еске алды.

Журналға деген сұраныстың көптігі сонша, оны жапқаннан кейін де жекелеген номерлері кітапша түрінде қайта басылып шығып, сатылып кетті.

«Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары» журналынан кейін  (1785—1789) осыған ұқсас басылымдар шыққанымен, олар айтарлықтай өзгерістерге төтеп бере алмады. Журнал «балалар оқуларының» міндетіне сәйкес келді. Ол ең алдымен жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттыру мақсатын көздеді.

Н. Новиковтың журналы балалар басылымының негізін қалап қойған жоқ, соның бастаушысы болды, XIX ғасыр басында балалар аудиториясына арналған балалар басылымдары бірінен соң бірі шыға бастады. Атап айтқанда 1807-1815 жылдары М.Невзоровтың «Жасөспірімдер мен барлық жастағылардың досы» («Друг юношества и всяких лет») және осыған мазмұндас Н.Ильиннің 1809 жылы «Балалар досы», С.Глинканың 1821-1824 жылдар аралығында «Жаңа балалар оқулары» шықты.

Алғашқы журналдарға тән ерекшеліктері: олар ешбір балалар әдебиеті жоқ кезде және қоғам алдында оны қалай қалыптастыру керек деген маңызды мәселе тұрған уақытта шықты. Сонымен қатар, халықтың сауаттылығына назар аудару қажет болды, себебі, ол кезде Ресей балаларының басым көпшілігі оқи алмайтын еді. «Сонымен, біз кімге арнап кітап шығаруымыз керек?» — деген сауал қойды, «Жаңа балалар оқулары» журналын шығарушы Сергей Глинка. Және өзі осы сауалға – біз мейірімді әкелер мен аналарға арнап шығарамыз деп жауап қатты. Біз балаларға арналған кітаптарда балалардың бірінші рет оқуында түсіне бермейтін, бірақ ақылмен түсіндіргенде олардың көкейіне қонатындай етіп жазамыз. Оны жеткізу аналар мен әкелерге жүктеледі» деп жазды.

Сонымен, ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін шыққан балалар басылымдарының мазмұны мен құрылымы қоғамдағы өзгерістерге қарай анықталды. Олар айына бір рет шығатын альманах түрінде болды. 1859 жылы мұндай басылым санының көптігіне байланысты Н. А. Добролюбов: «қазіргі кезде балалар оқуларында әдебиетімізге тән өзгерістер: яғни журналдар кітаптарды алмастыруда» деп жазды. /2/.

Сондай-ақ, 1807 жылдан бастап шыққан «Жасөспірімдер досы» журналының балалар басылымының дамуына қосқан үлесі зор. Ол 1813 жылдан бастан «Жасөспірімдер мен кез-келген жастағылардың досы» деп атауын өзгертті. Журналдың шығарушысы Н.И. Невзоров Н.И.Новиковтың ағартушылық идеясын жалғастырушы болды. Н.И. Невзоров «балалардың физиологиялық дене қабілетін сақтай отырып, олардың рухани дамуын жетілдіруге» баса назар аударды. Журналда сол кездегі танымал авторлардың әңгіме, өлеңдері, повестері мен тарих, география және басқа да салалардағы ғылыми-танымдылық мақалаларды жариялады. Десек те, журналда жарияланған материалдардың мазмұны мен стилі әрқашан педагогикалық талаптарға сай болған жоқ. Кей кездері шығармаларда оқырманды жалықтыратын материалдар да кездесіп отырды.

Келесі бір танымал журнал 1843-1846 жылдар аралығында жарық көрген «Тәрбиеге арналған кітапхана» деп аталады. Оның негізін қалаушы және редакторы әдебиетші Д. А. Валуев; қызметкелері жазушылар, оқымыстылар мен ағартушылар: Т. Н. Грановский, Ф. И. Буслаев, И. В. Киреевский және басқалары еді. Журналдың негізгі материалдары Ресей мемлекетінің тарихы, өткен ғасыр ескерткіштері және славян халқының тұрмыс-тіршілігіне арналды. Журналда ешбір суреттер немесе көңіл-көтеретін материалдар болған жоқ, себебі, редактор жас оқырмандар үшін ең маңыздысы – «журналдағы мақаланың сапалы болуы»  деп есептеді.

 1847 жылы журналға профессор П. Г. Редкий редактор болып тағайындалды. 1847 — 1849 жылдары журнал «Жаңа балалар кітапханасы» деген атпен шықты. Журналдағы материалдардың сипатына қарай ол ғылыми-танымдық мақалалар жинағына ұқсайтын еді. Бұл Белинскийге өте қатты ұнады және ол «Жаңа балалар кітапханасы» балаларды қоғамдағы болмысқа шынайы қабылдауды үйретеді деген баға берді.

П. Г. Редкий балалар тәрбиесіндегі ғылыми ағартушылықтың негізін қалады. Ол авторлар мен аудармашылар жұмысына жоғары талап қойды және ғылыми мақалаларды өзі таңдады. Аз уақыт шықса да журнал балаларға арналған орыс журналистикасында айтарлықтай үлес қосты. Ғылымды таныту идеясын П. Г. Редкий кең ауқымды деп санады. Мәселен, «Ай туралы», «Атлант мұхиты жайлы», «Машиналар туралы» танымдық очерктермен қатар, Андерсен ертегілерін, «Илиада» мен «Одиссеи», Нестеровтың «Уақытша жылдар повесті» жылнамасын жариялады.  Белинскийдің пікірінше Редкий журналы сол кездегі балаларға оқуға ұсынатын жалғыз басылым болды.

1858-1862 жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған «Подснежник» журналы шықты. Шығарушысы — танымал ақын В. Майков. Бұл басылым сол жылдардағы балалар басылымы үшін жаңа тыныс әкелді, себебі бұл кезде көптеген балалар журналдары шығуын тоқтатқан еді.  «Подснежник» реализм бағытындағы орыс жазушыларының және Шекспир, Андерсен, Бичер Стоу, Гофман, ағайынды Гриммдердің шығармаларын аударып басты.

60-жылдары балалар журналистикасы аясын кеңейтіп, қалың бұқараға арнап жаза бастады. Бұған сол кезеңдегі сауаттандыру мен білім беру саласын жақсарту мәселелерінің қарқынды қолға алынуы себеп болды. Соның нәтижесінде балалар журналын шығарушылар озық тәжірибелер мен озат ұстаздардың талабынан шығуға және оқырман балалар санына арттыруға үлкен күш жұмсады. Жақсы журналдарда белгілі ақындар мен жазушылардың, ғалымдар мен ұстаздардың еңбектерімен қатар, шетел балалар әдебиетінен аудармалар беріп отырды.

XIX ғасырдың басында балаларға арнап жазатын кәсіби жазушылар қатары көбейді. Атап айтсақ: С. Глинка, А.О. Ишимова, А. Зонтаг, В. Бурьянов, П. Фурман, Б. Федоров және басқалары. Бұл жазушылардың шығармашылығы жас оқырмандарды әдебиет арқылы жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу құралына айналды. Сол арқылы олар балалардың білім көкжиегін кеңейтуге ғана емес, оларды рухани тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Балалар жазушылары жағымды кейіпкерлерін еңбекқор, ізденімпаз, білімге құштар етіп көрсетсе, жағымсыз кейіпкерлерін өтірікші, жалқау етіп көрсетеді. Осы мазмұндас шығармаларды оқыған бала жақсы мен жаманды айыруға үйренеді.

Көптеген балалар жазушылары балаларға арнап журнал шығарды. Ақын, прозаик, драматург, публицист Сергей Глинка (1776 — 1847)  1819-1824 жылдары аралығында «Жаңа балалар оқулары» журналын шығарғанын жоғарыда айтып өттік.

Глинка балаларға арнап он томдық «Орыс тарихын», «Орыстың тарихи және ақыл үйретуші повесті», «Махабат үлгісін» жазып шықты.

С. Н. Глинка балалармен қатар ересектерге арнап «Орыс хабаршысы» журналын жариялады. Бірақ біз оның бұл қырын қарастырмаймыз.

Виктор Бурьянов (жазушы  Владимир Бурнашевтің бүркеме аты, 1812 — 1888) ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында балаларға арнап патриархалдық тәрбиені ұстанды. Сонымен қатар, көптеген «серуендеу» жанрындағы шығармаларды жазды.

Жазушы, аудармашы Борис Федоров (1798 — 1895)  балаларға арнап «жаңа балалар кітапханасы» журналын шығарды. Федоров осы журналы арқылы балаларды діни сенімге, адамгершілікке, жақынын қадірлеуге, мәдениет пен тұрмыс тіршілікке назар аударуға үйретті. Федоров журналында балаларға арнап көптеген суреттер беріп отырды. Ол балаларға кітаптағы суреттердің маңызы зор екенін алғашқылардың бірі болып бағалады.

Б. Федоров балаларға арнап «Балалар гүлзары» және «Балалар  павильоны» альманахын шығарып, әр түрлі жастағы балалардың жас ерекшелігін ескерді. Ол негізінен үлкендермен бірге отырып «отбасылық оқуға» арналған.

20 жыл бойы шығып тұрған алғашқы жекеменшік журнал А.О. Ишимованың «Жұлдызшасы» (1842—1863) болды.

Александра Осиповна Ишимова (1805 — 1881) ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы балалар әдебиетін дамытуда ерекше рөлге ие болды.

Жазушының жастық шағы өте қиын өтті. Әкесі жер аударылғаннан кейін ол білім ала алмады, барлығын кітаптан өзі оқып үйренді. Сонымен қатар, француз, ағылшын және неміс тілдерін үйреніп, аударма жасап, табыс тапты. Табиғаттан берілген жазушылық талантының арқасында А.О. Ишимова «Балаларға арналған әңгімелердегі Ресей тарихын» жазып шығару үшін алты жыл өмірін жұмсады. Нәтижесінде ол ең танымал жазушы атағына ие болып,  1842 жылдан бастап Санкт-Петербургте «Жұлдызша» журналын, содан кейін 1850 жылы – «Күн нұры» («Лучи») (1850—1860) журналдарын шығарды. Екі журнал да қыздарға арналды.

Н. М. Карамзин өзінің «Ресей мемлекетінің тарихын» жазып бітіргенде  Ишимова он төртке де толмаған еді, ол пансиондағы оқуын жаңа аяқтаған. Карамзиннің он томдығын балаларға арнап түсінікті тілмен жазып шығу Ишимоваға оңай болған жоқ. Ол үшін еңбекті бірнеше рет оқумен қатар, басқа да тарих тақырыбындағы шығармалармен салыстыра қарастырды.

А.О. Ишимованың балаларға арналған мемлекет тарихы туралы шығармасы алты бөлімнен тұрды және ол балаларға арналған алғысөзбен басталды. Онда былай делінген еді: «Сүйкімді балалар! Сендер ержүрек батырлар мен таңғажайып ханшайымдар туралы қызықты әңгімелерді тыңдағанды жақсы көресіңдер және сендер мейірімді де жауыз сиқыршылар туралы ертегілерді оқып, көңілдеріңді көтересіңдер. Бірақ, сендерге ертегіден гөрі нағыз шындықты естіген дұрыс емес пе? Сондықтан мен сендерге ата-бабаларыңның іс әрекеті туралы айтып бермекпін». Бұл шығарма – балаларға өз отанының тарихы туралы айтып беруге жасалған сәтті қадам болды.

Бұл шығарма туралы А. С. Пушкин өмірінің соңғы кездері жазған хаттарының бірінде: «Бүгін мен Сіздің «Әңгімелердегі тарих» еңбегіңізге кездейсоқ ашып, соңына дейін оқып шығуға мәжбүр болдым. Міне, осылай жазу керек!», — десе, В. Г. Белинский де жазушының тілі мен жазылу стилінің қарапайымдылығы туралы оң пікірін білдірді.

Балалар жазушысы А.О.Ишимованың көптеген педагогикалық пайымдаулары әлі де ескерген жоқ. Мысалы, соның бірі — «Еңбекті сүю қажет».

50-жылдардың соңы – балалар журналистикасының гүлденген кезі болды, ал, 60-жылдары екі бірдей журнал шықты.

Осы жылдары Петербургте — «Калейдоскоп» газеті шықты. Оның алғашы бетінде «Орта жастағы орыс балаларына арналған күнделікті газет» деп жазылған. 8 беттен тұратын газеттің бірінші номерінде (1 баспа табақ) «Алғашқы танысуға арналған алғысөз түріндегі бірнеше сөз» бағдарламасымен қатар, «Тәрбиеші. Сипаттамалы очерк», «Кокос ағашы» суреттемесі, үш өлең және ұсақ хабарлардан тұратын «Мозаика» және шетелдік журналдардан аудармалар берілді. Жарияланымдарды әр түрлі суреттер толықтырып отырды.

Алғашқы «Орыс балаларына арналған газет» (1860—1862) «ұлы реформалар» алдындағы қоғамдық даму кезіне тап келді. Қазіргі кездегі зерттеушілердің пікірінше, бұл балаларды жаңаша қоғам талабына сай тәрбиелеу үшін үлкен сабақ болды.

«Калейдоскоп» үлкен әдеби шығармаларды жариялаған жоқ. Газет бетіндегі негізгі жанр – очерк еді. Болған оқиға туралы шынайы жазу, жан-жақты ашып көрсету жарияланымдардың құндылығын арттырды. Сонымен қоса, автордан болған оқиғаға баға беру талап етілді. Өмірден алынған материалдар негізінде публицистикалық сипат танылып, қоғам дамуының шынайылығы көріне бастады.

«Калейдоскоп» балалар журналистикасында жаңа тенденцияларды тудырды. Газет саяси, әлеуметтік мәселелерге аса назар білдірмеді.

 ХIХ ғасыр соңында балалар журналистикасы демократияланып, жұмысшы отбасынан шыққан оқырмандарға арнап жазды.  Бұл журналда реалист-жазушылардың әлеуметтік тақырыпта жазылған шығармалары басылды.

1876 жылдан бастап 1917 жылға дейін «Сырласу сөзі» балалар журналы шықты. Мұнда  Л. Чарская, К. Лукашевич, Т. Щепкин-Куперник, А. Пчельников секілді танымал жазушылардың еңбегі жарияланды.

«Сырласу сөзінің» алғашқы кездері төрт бөлімнен тұрды. Олар:

5-8 жастағы балаларға арналған,

8-12 жастағы балаларға арналған,

12 жастан асқандарға арналған,

Ересектерге арналған отбасы оқулары. 1883 жылдан бастап үлкен жастағылар мен кіші жастағыларға арналған бөлім жұмыс істеді.

 1900 жылы балалар жазушысы А. Федоров-Давыдов үш журнал шығара бастады: «Светлячок» (1902—1916), «Путеводный огонек» (1904—1918), «Дело и потеха» (1905—1909). Редактор ең алдымен баланың көңілін көтеруге, сонымен қоса, өмір сабақтарын ұсынуға, табиғат құбылыстарымен таныстыруға талпынды. Журналда шығарушының әңгімелері, повестері, ертегі, өлеңдері, сықақтары жарияланып тұрды. Бұл журнал балалар тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болды. Алғашқы номерінде Д. Мамин-Сибиряк жарияланды /3/.

Келесі бір танымал журнал — «Ойыншықтар» (1880 — 1912) – тек кішкентай балаларға арналған. Шығарушысы — Т. П. Пассек. 32 жыл бойы шыққан журнал бетінде танымал жазушылармен қатар жаңадан танылып келе жатқан жас жазушылар шығармалары да беріліп тұрды. Әрбір номерде ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, белгілі адамдардың өмірбаяны, табиғаттану очерктері шығып тұрды. Сонымен қатар, журналда «Ойыншықтар мен қол еңбегі», «Жұмыс үстелінде» айдарларымен қатар, ірі әріптермен жазылған «Сәбилерге арналған» бөлім болды.

Әрбір екі апта сайын «Светлячок» (1902 — 1920) журналы шықты, редакторы, әрі шығарушысы жазушы А. А. Федоров-Давыдов. Бұл журнал кіші жастағы балаларға арналған. Жарияланымдарының басым көпшілігі көңіл көтеру сипатында болғандықтан, демократиялық сынға ұшырады. Журналдың басқалардан басты ерекшелігі – оның ойындар, ойыншықтар, секілді балалардың өзі дайындайтын қосымшалары болды.

1906-1912 жылдар аралығында орта жастағы балаларға арналған  «Тропинка» көркем суретті журналы шығып тұрды. Оны безендіруге И. Билибин, М. Нестеров, П. Соловьева секілді танымал суретшілер атсалысты. Журнал бетінде фольклорлық ертегілер, аңыз әңгімелер жарияланды.

Орта және ересек балаларға арналып 1909-1918 жылдары «Маяк» журналы шықты. Журналда кішкентай балаларға арналған арнайы бөлім болды. Журналды редакциялаушы – Л.Толстой идеясын жалғастырушы жазушы И. И. Горбунов-Осадов. Журналда Л.Толстойдың балаларға арналған шығармаларын жариялады. Жалпы журналдың демократиялық бағыты соған сәйкес авторларды тартты. Мысалы журналда Н. К. Крупская («Менің мектептегі алғашқы күнім», «Леля және мен»), Демьян Бедный және басқа да авторлар шығармалары жарияланды. Балалар журналистикасына қосқан жаңалығы журналда «Біздің оқырмандардың хаты және оған берілген жауаптар» бөлімі болды.

Уақыт өткен сайын балалар журналистикасы заман талабына бейімделіп, публицистикалық бағытқа бет бұрды. Журналдарда публицистикалық стиль кеңінен дамыды. 

Осылайша кеңестік дәуір кезінде балалар журналистері бастаған еңбектері еш кеткен жоқ. Журналдар жаңа дәуірге сәйкес бағыты мен құрылымын өзгертті. «Солтүстік шұғыласы» дәстүрі «Жаңа Робинзон», «Кірпі», «Еж», «Чиж» журналдары жалғастырса, «Қызыл арайды» —«Барабан» және «Пионер» жалғады.

Қазіргі кездері балалар журналистикасында жаңару үрдісі байқалады. Жаңа журналды шығарушылары он сегізінші ғасырдың соңы мен он тоғызыншы ғасырдың басында негізі қаланған журналдар дәстүрі үлгісінде шығаруда.

Бүгінгі таңда біздің елде балалар басылымдары бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы жүйесінің дербес құрамдас бөлігі болып табылады. Оның басты ерекшелігі балалар аудиториясының жастық ерекшелігінің ескерілуінде. Осыған байланысты балалар журналистикасы шынайы өмірді таныту үшін жеке көркемдік құралдарды, аудиториямен байланыс жұмыс істеудің түрлі формалары қолданылады.

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің ерекше құралы ретінде балалар басылымдары балаларға арналған БАҚ-тың басқа да құрамдас бөліктерімен (балалар телевидениесі, радиожурналистика), сондай-ақ педагогикалық үрдістерге (білім беру, ғылым, мәдениет) белсене қатысатын әр түрлі әлеуметтік институттармен бірге жұмыс істейді.

Соңғы жылдары қалыптасқан сапалы жаңа ақпараттық жағдай балалар журналистикасын да өз мүмкіндігін жаңаша бағалауды, әлсіз және күшті жақтарын анықтауды талап етті. Қазіргі кездегі балалардың газет-журнал басылымының қалыптасуы мен дамуы ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында болды. 1986 жылы Жалпыресейлік кітап палатасының деректері бойынша 15 пионер газеті және 36 балалар журналы болса, 1996 жылы 40 газет және 80 – нен астам журнал шықты.

Барлық басылымдарға ортақ негізгі түрін анықтаушы фактор өз аудиториясының сипатын анықтау болды. Жасөспірімдер аудиториясының жастық ерекшеліктері мен әрбір жастық топтар ерекшелігі балалар басылымының 4 түрін анықтады. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға арналған басылымдар («Жаңа ойыншықтар», «Көңілді суреттер»), төменгі сынып оқушыларына арналған («Ертегілердегідей ойнайық»), жасөспірімдерге арналған («Пионерслер шындығы», «Етістік», «Пионер», «Жас натуралист», жоғары сынып оқушыларына арналған басылымдар. Редакция жастық ерекшеліктеріне байланысты басылымның мазмұнын, құрылымын, түрін, көлемін анықтады. /4/

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған басылым балаларға қоршаған орта туралы айтады, жаңа әдеби шығармалармен таныстырады, сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, оқу мен санауға үйретеді. Осы жастағы балалар үшін ең маңызды тақырыптар негізге алынады.

Кіші сыныптағы балаларға арналған басылым құрылымы күрделілеу, себебі онда әр түрлі танымдық тақырыптарға арналған бірнеше айдардан тұрады.

 Тақырып бойынша басылымдардың әр түрлі болуы аудиторияның қызығушылығымен тығыз байланысты. Осыған орай,   балаларда мектептегі оқу бағдарламасынан тыс ғылым мен техниканың, әдебиет пен өнердің, тарих пен археологияның және т.б. қызметіне деген қызығушылықтар пайда болады.

Жоғары сынып оқушыларына арналған басылымдарда адам мен қоғам арасындағы моральдық және тәлім-тәрбиелік мәселелерді талқылауға арналған айдарлар көптеп кездеседі.

Нарықтық экономика тұсында балалар басылымы аудиторияның назарын өзіне аудару үшін өз өнімдерін әр түрлі жас топтарына, яғни мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларына, жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларына арнап шығарады. Әрине, жастық шектеулер тез өзгермелі, сондықтан бір жастан екінші бір жастық топқа өткенде баланың өмірге көзқарасы бірден басқаша қалыптаса қоймайды.

Балалар басылымдары нарықтық қатынастар жағдайында балалар өмірін шынайы көрсетуге ұмтылады және сол арқылы аудиторияға танымал болғысы келеді. Себебі, кез-келген басылымның тағдырын анықтайтын балалар аудиториясы болып табылатыны шындық. Бүгінгі таңда балаларда өзіне қажетті ақпаратты алуға, өмірден өз орнын табуға көмектесетін  басылымды таңдау мүмкіндігі бар.

Мақсатты пайдалануы бойынша балалар басылымы негізгі 3 топқа бөлінеді:

ақпараттық-публицистикалық, мақсаты – қоршаған орта туралы түсінік беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, әлеуметтік, өндірістік және т.б. мәселелерді дұрыс шешуге ықпал ету;

ғылым, техника, өнер жайлы жазатын, өмірге деген көзқарасты кеңейтетін және рухани тәрбиеге шақыратын діни басылымдар;

демалыс пен тынығуға, көңіл көтеруге арналған басылымдар.

Сонымен қатар, көркем әдебиет пен эстетикалық тәрбиеге жақын басылымдардың шағын тобы бар. Алайда, бұл журналдарда әдеби шығармалармен қатар, тарихты, өнерді насихаттауға орын беріледі. Көптеген балалар басылымының ұстанатын негізгі қағидасы – «көңіл көтере отырып үйрету». Оларда ойын формасы жиі қолданылады.

Ақпараттық балалар басылымдары сипатына қарай әмбебап, көп тақырыпты, дәстүрлі және жас тілшілерден құралған.

Әмбебап балалар басылымы қоғам өмірінің барлық саласын қамтыса, ал, көп тақырыпты басылымдар жекелеген тақырыптарды (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әдебиет, тарих, география, ғылым, өнер, табиғат және т.б.) жазады. Балалар басылымының тақырыптық ауқымы кең. Дәстүрлі басылымдар көбінесе кәсіби журналистердің шығармашылығына арналса, жас тілшілер – балалар шығармашылығынан құралады.  Ресейдің қазіргі кездегі балалар журналистикасына тән ерекшелік жас тілшілер баспасөзінің пайда болуы, мұнда ақпараттық өнім өндірудің алғашқы кезеңінен соңына дейін, репортерден бас редакторға дейін балалар өздері жұмыс істейді. Жас тілшілер баспасөзінің ресми құрылтайшылары, шығарушылары бар және компьютерде немесе баспада арнайы мамандардың көмегімен шығарылады. Оларға тәжірибелі журналистер жетекшілік етеді және жас тілшілер басылымын кәсіби деңгейге көтеруге көмектеседі. Жас тілшілер басылымы – дәстүрлі балалар басылымынан өзгеше, сондықтан да оны жас оқырмандар қызыға оқиды.

Балалар газеттері кеңестік дәуір жағдайында қарқынды дамыды. Олар пионер қозғалыстарының жетекшілері, халықтың негізгі бөлігі – жұмысшылар мен шаруалар балаларының рухын көтеруге қызмет етті. Десек те, көптеген пионер газеттері шығу кезеңділігі, көлемі, безендірілуі жағынан осыған дейін шығарылған балалар басылымына ұқсастырып шығарды. Бұрынғы кездегі балаларға арналған орыс журналистикасының пионерлердің газеттері мен журналдарын да шығаруға көмектесті.

«Пионерская правда» — әлемдегі ең таралымы көп ірі газеттердің бірі. Бұл газетті кезінде Кеңестер Одағында он милиион оқушы аптасына екі реттен алып отырған. Бұл газет кеңестік балалар басылымының дамуына ерекше ықпал еткен. Сонымен қатар, балалар газеті мерзімді басылымның бір түрі ретінде ондаған жылдар бойы қалыптасып, дамыды. Бұл маңызды істі дамыту үшін сандаған журналистер еңбек сіңірді.

Өте танымал балалар журналының бірі 1923 жылдан бастап шыққан  «Юный строитель». Бұл журналды жас ұстаздар тобы шығарған. Журнал бетінде кеңестік дәуірдің ең мықты жазушыларының шығармалары, ғылыми-танымдық мақалалар жарияланып тұрды. Кішкентай оқырмандарға арналған бөлімі болды, ол кейін 1924 жылы жеке «Мурзилка» журналы болып шықты.

«Мурзилка» алғашқы номерін ойыншықтар және тағы да басқа ұсақ мәселелерге арнады. Журналға С. Маршак, А. Барто, К. Чуковский, А. Гайдардың келуі басылымды балалардың сүйікті досына айналдырды. Журналдың безендірілуі өте тартымды болды. А. Дейнеки, Е. Чарушина, М. Черемных секілді танымал суретшілер журнал бетін безендіруге қатысты.

Жас ұрпақтың тәлім тәрбиесіне ерекше назар аударған Ресей балалар қоры балаларға арналған жаңа басылым шығарды. Бұл «Мектептік роман-газета» деп аталды. Газет – гуманитарлық, өте сәнді безендірілген және  жасөспірімдерге арналған. Айына бір рет шығарылады. РФ жалпы және кәсіби білім беру министрлігі  журналды 6-11 сынып оқушыларының сыныптан тыс оқуларына ұсынды. Журнал 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап шығады, әлем әдебиетінің және отандық әдебиеттің ең озық үлгілері жарияланады. Журналдың «Үлкен өзгеріс» деген қосымшасы қазіргі балалар өміріне арналған.  Журнал жасөспірімдер арасында өте танымал.

Сонымен қорыта келгенде, Ресейдегі балалар журналистикасының қалыптасуы мен дамуы посткеңестік елдердегі балалар журналистикасына ерекше ықпал еттті. Сонымен, қатар оның әлемдік балалар журналистикасының дамуында ерекше маңызы бар.

Мәдениеті, діні, тілі, қоғамдық құндылықтарының даму барысы  ұқсас елдердегі балалар бағдарламаларының табиғатын қарастырғанда, сол елдердің жеке ерекшеліктерін ескерген дұрыс деп ойлаймыз. Себебі, кез-келген мемлекеттің болашағы – жас ұрпақ болып табылары сөзсіз.
1.2 Қытайдағы балалар журналистикасы

 

Цинь династиясы кезінде императорлардың мұрагерлеріне арналған арнайы қолжазбалар болды. Қытайда балаларға арналған ең алғашқы кітап Лю Щюдің «Джун гуо щао ниан» деп аталды. Ұлы педагог және мектептің реформаторы Лю Щю балаларға арналған әдебиеттің негізін қалаушы /5/.

Қытайдағы ең алғашқы балалар журналы 1772-1774 жылдары Нандзинь қаласында шыққан «Нань джинь ер тонг бао» болды. 1775 жылы Пекинде және Шанхайда балаларға арналған арнайы мерзімді басылым —  «Нань джинь ер тонг бао» шықты.

Қытай ағартушысы Хуан Юань юонгтың «Щиао ер щу» (1785-1789) журналы жас оқырмандарға арналған балалар басылымының бастауы болды.  Хуан Юань юонг журналды шығарудағы басты мақсаты – ұстаздық және ағартушылық идеяларды жас ұрпаққа жеткізу деп есептеді. Редактордың пікірінше, балалар журналы жас ұрпақты жақсылыққа бала күінен тәрбиелеуге атсалысуы керек.  Журнал негізінен ағартушылық сипатқа ие болды және әр түрлі ғылыми танымдық материалдар жиі жарияланып тұрды.

  Хуан Юань юонг журналы ХІХ ғасырдың алғашқы кезеңінде балалар аудиториясына арналған басылымдардың көптеп шығуына әсер етті. Себебі, осыдан кейін «Щао ниан щу» Лан гунг ву (1807-1815) және мазмұны осыған ұқсас «Во де пень юу» Джан джунву (1809), «Ер тонг щин бао»Лю Щао щао (1821—1824) тәрізді журалдар жарық көрді.

Келесі бір журнал 1807-1815 жылдары шыққан «Чинь ниан ренг ю» (1813 жылы ол атауын «Чинь ниан ренг ю» деп өзгертті). Журналда танымал жазушылардың әңгімелері, өлеңдері, ғылыми-танымдық мақалалары жарық көрді.

1843-1846 жылдары аралығында жарық көрген танымал балалар журналы — «Щуе ли мао» (1843 — 1846). Оның шығарушысы және редакторы белгілі әдебиетші – Дынг фу янь; журналда танымал жазушылар, ғалымдар, ағартушылар: Канг Ювэй, Лианг Чи чао және басқалары жұмыс істеді. Негізгі материалдары Қытайдың тарихы, ескерткіштері мен тұрмыс-тіршілігіне арналды.

1847 жылы журналға редактор болып оқымысты Линь Ю танг тағайындалды. 1847 — 1849 жылдары журнал  «Ер тонг щин бао» деген атпен шықты. Материалдарының сипатына қарай ол ғылыми-танымдық мақалалар жинағына ұқсады.

1858-1862 жылдары «Шао наи шу» журналы танымал ақын Сен хаидың бастамасы бойынша шығарылды.

60-жылдары Қытайда балалар журалистикасына ерекше маңыз берілді. Журналда атақты ақын-жазушылармен қатар шетелдік классикалық әдебиеттерден аудармалар берілді.

Осы жылдары Қытайда Ли Юь Таиг Сен хаии Ли Цне Лан секілді кәсіби балалар жазушылары балалар журналистикасына ерекше еңбек сіңірді.

Қытайда да көптеген балалар жазушылары өздері журнал шығарды. Люь Цнь Хуа (1776 — 1847) ақын, прозаик, драматург, публицист —  1819 — 1824 жылдары «Шин ры тонг бао» журналын шығарды. Журнал балалардың әлеуметтік санасын көтеруге, мәдениет пен әдебиет, өнер мәселелерін тануына арналды.

Пу Тао (1812 — 1888) кәсіби балалар жазушысы. Балаларға арнап көптеген кітаптар жазған.

Жанг Иун (1809 — 1856) Қытайдағы танымал балалар жазушысы. Ол балалар нашар кітапты оқығанынан гөрі сауатсыз болғаны артық деп есептейді. Сондықтан оның шығармалары балалар үшін құнды болып саналды. Балаларға арнап туған жердің тарихы, батырлары туралы көптеген шығармалар жазды.

Лао Шао (1798 — 1895) аудармашы және жазушы. Ол балаларға арнап «Ры тонг шин бао» журналын шығарды. Мазмұны әр түрлі болды, кішкентай  балаларға арналған ертегі, әңгімелерден бастап, сол уақыттың маңызды тақырыптарын, мәселелерін жазды. Лао Шао жас ұрпақты өз дінін, тілін, әдебиеті мен мәдениетін құрметтейтіндей етіп тәрбиелеуге шақырды. Ол балаларға суреттердің тәрбие құралының бірі екенін алғаш бағалаған жазушы.

Қытайдағы ең алғашқы жекеменшік журнал Жанг Ли мен «цин цин» (1842—1863) деп аталды. Ол 20 жыл бойы үздіксіз шығып тұрған.

XIX ғасырдың бірінші жартысы Қытай өнерінің шарықтау кезеңі болды. Осы тұста балаларға арналған кітап, журнал шығару жақсы дамыды. Балалар әдебиеті ең маңызды мәселеге айналды.

Қытайдағы ең алғашқы балалар газеті «Цин иы бао» балалар журналистикасына жаңаша леп әкелді. Газетте саяси, әлеуметтік мәселелер көтерілген жоқ. Қазіргі кездегі газеттермен салыстырғанда ол газет деген атауға сай келе бермейтін еді.

ХIХ ғасыр соңына қарай журналдар шаруа отбасынан шыққан балаларға арнап жаза бастады.

Осы жылдары «Шин ры тонг» (1876 — 1917) журналы шығып тұрды.

ХХ ғасырдың басында балалар жазушысы Женг шианның ұйымдастыруымен үш журнал шықты (1902—1916), «шао ры» (1904—1918), «нао шуи ши» (1905—1909). Бұл журналдар балаларға өмірдің өзінен сабақ алуға үйретті. Журналда табиғаттың тылсым сырлары мен түрлі сканворд, жұмбақтар жарияланды.

«Ван жуы» журналы тек кішкентай балаларға арналды. Журналдың әрбір номерінде балаларға арналған ертегілер, әңгімелер, ойындар, т.б. берілді.

Жаңа ғасыр талабына сай балалар басылымдарының да бағыты өзгерді. Олар негізінен публицистикалық бағытқа көше бастады. Публицистикалық стильге көшу журналдардың балаларды шынайылықпен таныстыруға көмектсеті. Осы тұрғыдан алғанда Қытайдағы балаларға арналған «Ры тонг бво» журналы ерекше маңызға ие болды.

Осылайша балалар басылымдары Қытайда өмір талабына қарай өзгеріп, дамып отырды. Ол негізінен жас ұрпақты жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу құралына айналды.

Бүгінгі таңда Қытай балалар журналистикасының өрлеу, кемелдену шағы. Жаңадан шығып жатқан балалар журналының шығарушылары ХХ ғасырдағы балалар журналистикасының озық үлгілерінен сабақ алады /6/.

Қазіргі кезде Қытайдағы балалар журналистикасы жалпы бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. Оның басты ерекшелігі балалар аудиториясының жастық ерекшелігіне басты назар аударуы арқылы анықталады. Осыған орай, балалар журналистикасы балалар аудиториясының ерекшелігіне, талабына қарай ең маңызды ақпараттарды ұсынуға бағытталған.

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуші жүйенің маңызды бөлшегі ретінде балалар басылымдары бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да түрлерімен (балалар ТВ, радиожурналистика), әр түрлі әлеуметтік институттармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Ақпараттық ғасыр талабына сәйкес ақпарат сапасын жақсарту соңғы жылдары балалар журналистикасының да өз бағытын анықтауға көмектесті.

Қазіргі кезде Қытай ақпараттық технологияларды игеру мүмкіндігіне ерекше назар аударуда. Интернет, сандық технологиялар Қытайдың ірі қалаларында қарқынды түрде дамуда. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білу жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеудің бір құралы болып табылдаы.

Сондықтан да Қытайда балаларды кішкентай кезінен бастап жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға үйрете бастайды. Балалардың телевизиялық бағдарламалары білім беру жүйесінің қосымша құралы. Жергілікті телеканалдар жастар өмірі туралы хабарлар беруге мүдделі. Алайда, бұл көп жағдайда қаржылық қиыншылықтарға байланысты мүмкін болмайды. Сондықтан жергілікті телестанциялардың орталықтанған балалар телестудиясымен бірге жұмыс істеуі маңызды.

Телевидениенің жасөспірім психологиясына ерекше әсер ететіні белгілі. Қазіргі кезде Қытайда CCTV телеарнасы балаларға арналған көңіл көтеру каналы болып құрылған. 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейін ол Пекинде, Шанхайда және Қытайдың 296 провинциясына хабар таратқан. 18 провинцияда және 5 уездік қалада балаларға арналған көңіл көтеру арналары ашылды. Қытайдың провинциялары мен уездік қалаларынан басқа Пекин, Гуандун, Тиендзин, Сычуан, Шанхай, Дзянсу, Хайнан, Чунчинь, Хэбей, Нандзин, Ханджоу және т.б. ірі қалаларында балалар хабарлары таратылады. Негізгі мақсаты алаларды салауатты өмір салтына баулу және кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында мәдениетті және білімді орта қалыптастыру /7/.

Қазіргі балалар телевидениесі балалар талантын таныту мен дамыту және болашақ тележурналистерді дайындау құралына айналуда. Балалар журналистикасы демократия құндылықтарын, гуманизмді, адам құқын насихаттауға бағытталған ұжымдық әлеуметтік-маңызды қызмет атқаруда. Сондықтан да балалар журналистикасы жастар мен жасөспірімдер ұйымдары үшін қоғаммен сұхбаттасудың бір жолы болып табылады.

Балалар телевидениесі осы бағдарлама аясында балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік тәжірибесі саласы ретінде мәдени, рухани, танымдық және әлеуметтік тәжірибе жинақтайды.

Бағдарламаның мақсаты:

  1. Азаматтық ұстанымы белсенді шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
  2. Тележурналистика негіздерін үйрету.

Бағдарлама міндеттері:

  1. Баланың азаматтық қоғамдағы тұлға ретінде қалыптасуы үшін білімді орта қалыптастыру.
  2. Телевизиялық шығармашылық арқылы баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасау.
  3. Тұлға ретінде интеллектуальдық, коммуникативтік қабілеттерін дамыту. 
  4. Тәрбиеленушінің жалпы ой өрісін кеңейту.
  5. Өз көзқарасын, пікірін анықтау, шешім қабылдау және сол шешімге жауапкершілікті сезіну қабілеттерін дамыту.

Бағдарлама кешенді сипатқа ие және бірнеше элементтерден құралған:

телевидение негіздеріне оқыту: тележурналистика, операторлық шеберлік, бейнемонтаж;

телевизиялық шығармашылық үрдіске қатысу барысында тұлғаның творчестволық, коммуникативтік қабілетін дамыту;

балалардың өзін өзі басқару ұжымының әлеуметтік-маңызы бар қызметіне қатысу.

Бағдарлама білім беру қызметінің түрлі формаларын қарастырады:

үйрету семинарлары;

шеберлік — сыныптары;

тақырыптық лагерлер мен жиындар;

Интернеттегі тақырыптық ресурстармен өз бетінше танысу;

телевизиялық сюжет жасау және талдау, қателерін түзету;

телевидение мүмкіндігін пайдалану арқылы әлеуметтік жобалар жасау және оны жүзеге асыру.

Бағдарлама қатысушылардан көп уақытты және өз бетімен көп жұмыс істеуді талап етеді. Балалар телебағдарламаларын жасау қызметі тәжірибелік жұмыстарға көп уақыт жұмсайды. Бағдарламаға тән ерекшелікке байланысты аптасына 9 сағат бөлінген оқу топтарын құру көзделген. Сондай-ақ жекелеген тақырыптар бойынша техникалық қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты шағын топтар ұйымдастырылуы мүмкін.

«Ше шенг диан ши» шығармашылық жобасы.

Мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу оқу үрдісінің сапасын жақсартуға және ақпараттық-білім беру ортасын құруға мүмкіндік жасайды. Бұл қызметті Қытайда жалпы мектептік «шие шенг диан ши» жобасы жүзеге асырады.

Кез-келген телевидение құралы шынайылықты көрсету болып табылады. Шынайы бейне бұл естуге және көруге болатын  интеллектуальдық өнім. Білім берудің мақсаты да шынайы өмір бейнесін таныту – білім беру және моральдық, тәрбиелік құндылықтарға баулу. Мектепте алынған білімнің шынайы өмір көріністерін танытуы үшін білім беру мен телевидениені байланыстыруға болады ма? Әрине болады. Қазіргі кезде Қытайда көптеген мектеп оқушылары мектептің телестудиясы жұмысына белсене атсалысады. Мектеп телевидениесі балалардың шынайы өмір бейнесін өз творчестволары арқылы танытуға мүмкіндік береді.

Шие шенг диан ши оқыту-педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін интерактивті виртуалдық білім беру аясын құруды мақсат етеді. «Шие шенг диан ши» жобасы Қытайдың балалар журналистикасының жаңа ғасыр талабына сай бейімделуін аңғартады. Себебі, бұл жоба бағдарламалары оқушыларға мектепте алған білімдерін қосымша материалдармен толықтыруға, білім сапасын жақсартуға үлкен үлес қосары сөзсіз.

Мектеп телевидениесінің оқу бағдарламасының тақырыптары:

«иоу ры» жобасы (ең кішкентай балаларға арналған бағдарламалар, балалардың өздері түсірген мультфильмдер) — 5%;

 «шие шао шенг хуо» жобасы (Эфирден берілетін телесабақтар) — 40%

«шие шенг диан иенг» жобасы – (Көркем киноклассика, фильмдер, қойылымдар, тарих, өнер, табиғат, саяхат, әр түрлі елдердің салт-дәстүрлері туралы фильмдер)  — 10%

«уо мен ды минг шинг» жобасы (Оқушылар шығармашылығы) — 10%

» шие шао шин вен» жобасы – 5%

«вен хуа иу фенг су» жобасы – 5%

«ры тонг шенг хуоi» жобасы– 5%

«бо бао» жобасы  (Мектептегі публицистикалық диспуттар) — 5%

«жи ли иой си»  жобасы (Мультимедиялық театр) — 5%

«жонг шеи шенг» жобасы – Ұстаздарға арналған бағдарлама. Компьютерлік технологиялар және мектеп пәндерін жаңаша оқыту әдістері — 5%

 «да шеи шенг» жобасы – ЖОО түсушілерге арналған бағдарлама — 5%.

Қытай халқының саны бойынша әлемде ең бірінші орынды иеленеді, сонымен қатар, балалар саны жағынан да алдыңғы орында және болашақ Қытай мемлекеті мен халқының болашағы бүгінгі балалар. Сондықтан әрбір журналист саясат, экономика, зиялы өмір мәселелерін айта отырып, балалар туралы ұмытпауы керек деп есептейді. Ол балалардың білімі мен өмірі мәселелеріне ерекше назар аударып, сондай-ақ балаларда өздеріне деген сенім қалыптастыра білуі керек.

90-жылдардан бастап ЮНИСЕФ балалардың БАҚ қызметіне араласуына айтарлықтай назар аударды. 1996 жылға дейін мұндай БАҚ саны 2000 – нан асты, олардың алға қойған мақсаты – бүгінгі таңдағы жағдайды түбегейлі өзгерту. АҚШ, Ұлыбритания және Жапонияда мұндай ұйымдар СЕ — Children’s Express деп аталады. Бұл ұйым 8-18 жастағы балалардан құралған. 1975 жылы  New York – та құрылды, ұрандары — ‘by children for every baby, it’s not ‘by children for children’. «Қытайдың жастар газеті» кішкентай журналистерге арнап құрылды, қазір ол агенттіктің ел аумағында жергілікті газеттері мен телекомпаниялары бар.

Бағдарламалардың барлығы дерлік балалардың өз еңбектерімен дайындалды және ол балалар аудиторияларына арналған. Сондықтан редакторлар мен режиссерлардың алдына қойған міндет – осы бағдарламаларға балаларды қызықтыру және оларға қуаныш силау /8/.

1996 жылы Шанхайда балаларға арналған алғашқы телехабар шықты. Басты ерекшелігі балаларға арналған хабарлардың «Щиао Щиао кань хинвен» (балалар жаңалық көреді) берілуі еді, хабар өте қарапайым түсінікті тілмен және кішкентай телекөрермендерді қызықтыратындай болып жасалды. Бұл тек Шанхайға ғана емес Қытай ұшін айтарлықтай оқиға еді. Басқаша айтсақ, бұл жаңалық телевидениенің ақпараттық және ғылыми танымдық қызмет аясын кеңейтті. Бұл жобаның кемшілігі, хабарға балалардың қатыстырылмауы еді, барлық ақпарат «ересектер көзқарасымен» берілді. Десек те, бұл ақпарат балалар үшін өте пайдалы және қызықты. Хабардағы мультфильмдердің өзі «ересек» ертегілердің желісі арқылы түсірілген және ересек адамдар дауысымен берілген /9/.

Осыған орай, егер біз балаларды телехабарларға қатыстырмасақ, оларды толғандыратын мәселелерді қалай білеміз деген сауал туындады.

1997 жылы эксперимент ретінде Джеджан провинциясының жергілікті телестанциясы арқылы «Балалар бағдарламасын» көрсетті. Бұл бағдарлама балалардың өмірі мен оқу үрдісіне арналған, ең бастысы бағдарлама дикторлары мен тілшілері балалардың өздері болды. Бұл балаларға арналған басқа да хабарлардың жасалуына негіз болды. Бағдарламада мектеп өмірі, мәдени іс шаралар туралы ақпарат берді. Алайда, журналистика өнері  арнайы білім алуды талап ететіндіктен, эфирді сапасыз өнімдер көбейіп кетті. Әрбір баланың телевидениеге түскісі келді, бұл басшылықты қатты алаңдатты. Сонымен «Балалар бағдарламасы» жабылуға мәжбүр болды. Ересектердің көмегінсіз балалар бағдарламасын жасау мүмкін емес екені түсінікті болды  /10/.

Қазіргі кезде балалар журналистикасында бірнеше мәселе бар: біріншіден, балалар бағдарламалары ересектерге арналған хабарлармен бірдей сұранысқа ие болады ма?

 Екіншіден, кішкентай журналистер балалар хабарын өздері жасай алады ма?

Үшіншіден, бұл бағдарламалар балалардың өздеріне қызықты ма?

 Төртіншіден, ересектерге балалар хабарларын көру қызықты ма және олар мұны балалардың қалай түсіретініне бақылау жасай ма?

Біз Шанхай телевидениесі мен «Джеджан» арнасының тәжірибелерімен таныстық, балалар өз ойларын сөзбен жеткізе алады ма? Сондай-ақ өздеріне ересектер назарын аударта алады ма? Осы сауалдарды сарапқа салған ЮНИСЕФ children’s express ересектердің балалар журналистикасындағы негізгі міндеттерін айқындады:

  1. Балалардың да өз ойларын жеткізе алатынын және пайдасы бар екенін мойындау;
  2. Балалардың да қоғамды тәрбиелеуге, мысалы мейірімді де тәртіпті болуға шақыра алатыны;
  3. Мұндай бағдарламаларда балалар ересектерге арналған өз тілектерін толық айта алады. Сhildren express балалар қоғамды жақсы жағына қарай өзгерте алады, бірақ қоғам оларға өз талаптарын таңуы немесе қатал қарамауы керек /11/.

1996 жылы Шығыс Шанхай телевидениесі «Балаларға арналған бағдарлама» жасады. Бұл ел тарихындағы балалардың өзі түсіріп, өздері жасап шыққан тұңғыш хабар. Бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрады:

бірінші: «мектеп тарихы», міндеті – балалардың мектеп өмірін көрсету;

екінші: «үйірме», міндеті – оқушылардың қоғамдық өмірге қатысуымен телекөрермендерді таныстыру;

 үшінші: «апталық», ел ішіндегі және шет ел жаңалықтарын береді;

төртіншісі: «газетка», мақсаты – балалар газетінің мазмұнымен таныстыру;

бесінші: «шығармашылық», мақсаты — өнер, мәдениет туралы және балалар творчествосымен таныстыру;

алтыншы: «көңіл көтеру» — демалыс күндері көңіл көтеретін сюжеттер мен материалдар береді.

Барлық ақпараттар балаларға түсінікті тілмен жеткізілді. Бұл бағдарламаның алдында жабылып қалған «Шиао шиао кань хин вен» (балалар жаңалық көреді) хабарынан өзгешелігі жоқ десе де болғандай. Тек «Көңіл көтеру» бағдарламасы балалар телевидениесінің дамуына айтарлықтай үлес қосты /12/.

Шанхай телевидениесі мен «Джеджан» провинциясы каналы негізінде тағы бір хабар — «шаоар хинвен» (балалар хабары) шықты. Бұл хабар өзінің сапасы жағынан алдыңғыларға қарағанда жоғары сапалы болды. Негізгі мақсаты қазіргі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, балаларды жан-жақты дамыту болды.

Балалар телевидениесі барлық телевидениенің кішкентай ғана бөлшегі болып табылады. Алайда, «Балалар телевидениесі» атауы кей жағдайда дұрыс қабылданбайды. Әсіресе телевизиялық шығармаларда қолданғанда философиялық ой жетегінде кетіп жатады. Бұл мәселе төңірегінде ересектер немқұрайдылық танытады. Олардың пікірінше балалар телевидениесі – назар аударуға тұрмайтын ұсақ мәселе. Бірақ, оны түсінудегі кемшіліктен басқа балалар телевидениесінде қандай мәселелер бар? Біз жоғарыдағы зерттеуіміз арқылы балалар телевидениесіндегі қордаланып жатқан мәселелердің көп екенін аңғардық.

Балалар телевидениесі – бұл шындыққа толы, мейірімді балалық шағымызды еске түсіретін кеңістік. Ол ересектерге арналған телевидениедегідей қайғы- қасіретті, жауыздықты көрсетуге жол бермейді.

 

 

 

  1. Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі

2.1. Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдары және

балаларға арналған телебағдарламалары

 

Ұлыбритания Қазіргі кездегі британ бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі 300 жылдық дамудың нәтижесі. Алғашқы лондондық газет «Дэйли Мэйл» 1702 жылы шықты. XX ғасырдың соңында Ұлыбритания баспасөзінің бірқалыпты моделі ұйымдастырылды, оның тиімділігі экономикалық және типтік айырмашылығында болды. Экономикалық жағынан алып қарағанда Британ корольдігінің бұқаралық ақпарат құралдары ірі газеттік корпорациялар арасында бөлінген. Таңқаларлығы XX ғасырдың орта кезінде ықпал етуші ме­диа-топтардың пайда болуына қарамастан, Ұлыбританияда мерзімді баспасөздің қожайындары лордтар деген атқа ие кәсіпкерлер болды. Британ журналистикасына нарықтық қатынастардың белгілерін енгізуші алғашқы монополиялар болып табылды.  Солардың ішінде лорд Нортклиф және оның немере інісі С. Кинг, лорд Ливербрук пен лорд Ротермирді ерекше атап өтуге болады. Сонымен қоса, лордтар Астора, Кемсли, Кэмроуз, Саутвуданы және  Скоттар мен Каррлер отбасын қоса айтқан жөн.

Англияда ең алғашқы радио хабары әуе толқынына 1922 жылы британдық Пошта басқармасының рұқсатымен «Mapкони Компанн» шығарды. 1925 жылы ради хабарларын тарату туралы парламенттік жарлықтың шығуына сәйкес радио саласындағы саясатты анықтау үшін Комитет (Корфордтың төрағалық етуімен) құрылды. «Маркони Компаниды» елдегі хабар таратушы жалғыз интститут етіп қалдыру шешілді. Сонымен қоса компания мемлекеттік не болмаса коммерциялық құрылымға бағынбайын қоғамдық болу керектігі ерекше айтылды. Қаржыландыру радио тыңдаушылардың төлемаыс негізінде жүргізілді және коммерциялық жарнама беруге тыйым салынды. Осылайша, Ұлыбритания қоғамдық радиосының негізі қаланды.

Ұлыбританияның телевидениелік рыногында эфирлік, спутниктік және кабельдік телевидение жұмыс істейді.

Эфирлік телевизиялық хабарларды тарату.

Ұлыбританияда эфирлік телевиязиялық хабарларды тұрақты тарату 1936 жылдың 2 қарашасынан басталады. Осы күні Би-Би-Си телевизиялық бағдарламаларды тұрақты тарату жүйесіне көшті. Бірақ хабар тарату екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тотатылып, тек 1946 жылы телевидение жұмысқа қайта қосылды.  1951 жылы үкімет басына келген консерваторлар телевидениеге нарықтық қатынастар – бәсекелестік пен еркін сайлау құқын енгізу туралы шешім қабылдады. 1954 жылы шілдеде консерванттардың басым көпшілігі жарнама есебінен күн көретін коммерциялық телевидениелерге лицензия беру Актісін қабылдады. Осы кезден бастап  Би-Би-Си бәсеке жағдайында жұмыс істеді. Көрермендер назарын аудару үшін Би-Би-Си өз бағдарламаларына телевизиялық ойындар мен көңіл көтеру хабарларын қоса бастады.

1955 жылы қыркүйекте Лондонда хабар тарататын екі жекеменшік компания «Ассошиэйтед Редифьюжн» және «Ассошиэйтед Бродкастинг Компаниясы» лицензия алды. Коммерциялық немесе тәуелсіз телевидениелерді (1TV) ашу 1962 жылға дейін жалғасты, содан кейін Ұлыбритания Би-Би-Си хабар тарату өңірлеріне ұқсас келетін 14 хабар тарату өңіріне бөлінді. Осылайша тағы бір жекеменшік ұлттық канал  – 3- канал (ITV- Ай-Ти-Ви) құрылды. Қазіргі кезде оның хабарларын бірнеше өңірлік телекомпаниялар таратады. Тек елге толық таралатын ертеңгілік хабарлардан басқа телебағдарламаларға өңірлік бағдарламаларды қосуға міндетті.

Ұзаққа созылған пікірталастардан кейін бәсекеге бейімделу қажеттіліген сәйкес Би-Би-Си екінші канал ашуға рұхсат алды. 1964 жылы қоғамдық телевидениенің екінші каналы -Би-Би-Си-2 жұмыс істей бастады.  Би-Би-Си-2 хабар тарату көлемі көп уақыт бойы мардымсыз небары кешкі уақыттың 4 сағатын құрады. Ол мәдениет пен білім беруге бағытталған канал болды. Хабар тарату арнасында опера, авангардтық театр, ғылыми хабарлар, «Ашық университет» атты білім еру бағдарламалары беріліп отырды, ал телевизиялық ойындар да жоғары интеллектуалдық деңгейдегілерге арналған.

1980 жылдардың басында эфирлік телевидениенің 4-каналы жұмыс істей бастады. Төртінші канал жарнама есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік канал болып табылады. Жетекшісі төртінші канал корпорациясы.

1997 жылдың наурызының соңында жаңа ұлттық 5 канал ашылды. 1998 жылы бұл канал британ эфирлік телевидениесінде ең тез дамушы болып табылды. Канал жастарға және үйлерінде кабельдік немесе спутниктік телевидениесі жоқ бай емес көрермендерге арнап арзан және көңіл көтеруші бағдарламалар жасайды.

Спутниктік телевидение хабарлары.

Ұлыбритания Еуропада алғаш болып 1982 жылы спутниктік хабарларды тарата бастады. Хабар таратуды «Бритиш Сэтеллайт Бродкастинг» (Би-Эс-Би – Британдық спутниктік хабарларын тарату) корпорациясы жүзеге асырды. Компанияның акционерлері британдық эфирлік коммерциялық телекомпаниялар мен мерзімді басылымдардың иелері болды.

 1990 жылы 2 қарашада британдық Би-Эс-Би-дің спутниктік «Скай Телевижн» (Скай Ти-Ви – Небесное телеви­дение) телекомпаниясымен бірігуі жарияланды, бұл Мэрдоктың «Ньюс Корпорейшн» корпорациясының британдық филиалы «Ньюс Интернэшнл» иелігінде болған.  Өзара бірігудің нәтижесінде жаңа ұйым спутниктік телевидение  «Бритиш Скай Бродкастинг» (Би-Скай-Би – Британдық аспандық хабар таратушы) құрылды. Ол британдық емес қызметі статусын иеленді, бұл құқықтық аспектіде британдық меншікке ағылшын азаматтығы жоқ қожайындары тарапынан бақылаудың мәселелрін құқықтық аспектіде шешуді дұрыс жолға қойды.

Спутниктік телевидениенің ерекше қарқынды дамуына сандық технологияны енгізу дәуірінде байқалды. Әлемде және Британияда сандық телевидение арқылы хабар таратудың Би-Би-Си қоғамдық корпорациясынан (1998 жылғы 11 маусым) басталғанына қарамастан, коммерциялық станциялар жуық арада осы салада жетекші орынды иеленді.

1997 жылдың өзінде Ұлыбританияның ірі коммерциялық телекомпаниясы «Карлтон Ю-Кэй Продакшнз» және «Гранада Телевижн» сандық хабар таратудың «Бритиш Диджител Бродкастинг» (ЕДЕ) концорциумын құрды. 1998 жылғы 2 қазанда Би-Скай-Би 140 спутниктік санық телеканалдан алынған өзінің жүйесін іске қосты және «Скай Диджител» деген атауға ие болды, ал 20 қарашада БДБ «Ондидиджител» атауымен 30 каналдан құралған жүйесін енгізді. Бұл жүйелер арасында өте күшті бәсеке қалыптасты.

Би-Ди-Би-де («Ондидиджител») жеке меншік каналдарымен қоса «Карлтон» мен«Гранада» бағдарламаларын көрсетеді, бастапқыда Ұлыбританияның тәуелсіз телевидениесі ассоциацына кіретін эфирлік телевидениенің барлық коммерциялық компаниялары ұжымдық меншігіндегі Би-Би-Си сандық каналы және жаңа сандық канал Ай-Ти-Ви-2 көрсетілді. Ол 1998 жылы 7 желтоқсанда іске қосылды. Бұл канал бұрынғы Ай-Ти-Ви каналына сандық қосымша болып табылады. Ай-Ти-Ви-дің өңірлік принциптерінен айырмашылығы Ай-Ти-Ви-2 бойынша хабар тарату орталықтандырылған. Бағдарламаларды сату да орталықтан жүргізіледі.

 «Скай» каналын қабылдау үшін  спутниктік «тәрелкенің» қажеттілігіне қарамастан, Би-Ди-Би секілді каналдар жай телевизормен көрсетіледі, 1999 жылдың соңында «Скай Диджител» каналының жазылушылары бір жарым миллионға жуық болды, ал,  «Ондидиджител» –  400 мыңға жуық. Әрине бұның бір себебі каналдар саны  («Скай» – 140, «Ондидиджител» – 30) болуы мүмкін.

90 жылдардың соңына қарай «Скай» ақпараттық каналының саны беске жетті. «Скай Диджител» каналында арнайы документальды фильмдерді таңдауға мүмкіндік бар. Бұл ең алдымен, америкалық «Дискавери» каналына тиесілі сапалы документалды фильмдер каналының тобы: негізгі  канал «Дискавери», тарихи-мәдени канал «Дискавери Сивилайзейшнз», географиялық «Дискавери Трэвэл энд Эдвенчер», жануарлар әлеміне арналған «Дискавери Энимел Плэнит» және тұрмыстық ақпарат каналы «Дис­кавери Хоум энд Лежер».

 «Скай Диджител» платформасының 12 каналы кинофильмдерді көрсетуге арналған. Әр кеш сайын 25 кинофильм көрсетіледі. Ең танымал кино каналдар арасында қазіргі фильмдерді көрсететін үшеуі: «Скай Премьер», «Скай Премьер-2» және «Скай Премьер Уайд Скрин». Классикалық киноға арналған «Скай Синема» каналы, көңіл көтеретін фильмдерді көрсетуші – «Скай Мувимэкс». Салмақты канал болып табылатын төртінші эфирлік каналдың кино бағдарламаларын көрсететін «Филм Фор» (бұл негізінен классикалық кина, әлемдік кино аңыздары).  Бұларға қоса «Скай Бокс Офис» тапсырыс беруші канал, бұл күнделікті 20 фильмнен тұратын жинақтан әрбірін көруге 3 фунт стерлингтен алады.

Флагмандық канал Би-Скай-Би көңіл көтеруші  «Скай-1» каналы болып қалуда, 1989 жылы  «Скай Телевижн» құрылуы кезеңінен бастап.  Бұл канал арқылы танымал сериалдар, көптеген кинофильмдер, ғылыми-танымал сериалар және документальды фильмдер көрсетіледі. Би-Скай-Би –дің танымал каналдары қатарына комедиялық америкалық «Парамаунт» компаниясының «Парамунт Комеди» каналын айтуға болады.

Кеңінен танымалдар қатарында спорттық каналдар: Би-Скай-Би: тәуліктік «Скай Спортс-1», «Скай Спортс-2», сондай-ақ «Скай Спортс-3» атауға болады. Олар Ұлыбританияда және әлемде болып жатқан спорттық жарыстардан репортаждар таратады. Спорттық жаңалықтарды тәулік бойы беретін «Скай Спорте Ньюс» және интерактивтік «Скай Спорте Эк­стра» каналдарынан өзіңізді қызықтырған спорт туралы қосымша ақпарат алуға болады.

Ең үлкен топты Би-Скай-Би музыкалық каналы құрайды. Ең айрықшалары  «Эм-Ти-Ви» халықаралық канал, бұл әлемде ең танымал жастарға арналған музыкалық спутниктік канал. Сонымен қатар, биге арналған музыкаларды беретін «Эм-Ти-Ви Бэйз»; музыкалық оқиғаларға арналған «Эм-2», 60-80 жылдардың сағыныш саздарын беретін «Ви-Эйч-1 Классик», «Эм-Ти-Ви» мұрағатынан бейне клиптегре тапсырыс алатын  «Эм-Ти-Ви Экстра» ерекше атауға болады. «Бокс» деп аталатын музыкаға тапсырыс қабылдайтын, телефон арқылы тапсырысқа бейне клиптерді үздіксіз көрсететін канал  бар. Жоғарыда көрсетілгендерден басқа да музыкаларға немесе музыканың арнайы бір сласына маманданған бірнеше ондаған танымал каналдар жұмыс істейді

Ерекше топты балаларға арналған Би-Скай-Би каналы құрайды. Бұған америкалық «Дисней» компаниясының мультфильмдерін көрсететін  «Дисней Чэинел»; Руперта Мэрдоктың америкалық компаниясы «Фокс Телевижн» компаниясының «Фокс Кидс» каналын атауға болады.

Кабельдік телевидение.

Кабельдік телевидение Ұлыбританияда 80-жылдардың ортасында қарқынды дами бастады. Бастапқы кезеңде кабельдік телевидение тиімсіз болды, сондықтан оның қожайындары америкалық «Белл» телекомпаниясына сатуға мәжбүр болды. Бұл тәжірибеге кейіннен Ұлыбританияның ішкі істер министрлігі тарапынан тыйым салынды.

Кабельдік телевидение рынокты біртіндеп жаулау арқылы 90 жылдары коммуникацияны дамытуға инвестиция салуға мүмкіндік алды. Мәселен, 1995 жылдары британдық кабельдік телевидение компаниялары  инфрақұрылымды дамытуға 2 млрд. фунт стерлингтен аса қаржы салды.

90 жылдардың соңында британдық кабельді телевидениеде де бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да түрлері сияқты консолидация үрдісі болды. Сол кезде «Кэйбл энд Уайерлесс Коммьюникэйшнз» (КУК) және «Телеуэст» секілді ірі компанияларды біріктіру сөз болған. Алайда, үшінші компания «Нэшнл Транскоммьюникэйшнз Лимитед» (НТЛ) өзінің одақтасы және акционері «Франс Телеком» көмегінің нәтижесінде  «Телеуэст» компаниясын ығыстырып, «Кэйбл энд Уайерлесспен» келісімге келуге қол жеткізді. Өз кезегінде көлемі жағынан Ұлыбританияның екінші кабельдік телевидениесі «Те­леуэст» 1999 жылдың соңында спутниктік телевидение каналдары бар «Флекстек» компаниясымен бірігетінін жариялады. Бұл оның Би-Би-Си-мен бірлікте иеленетін «Ю-Кэй Теле­вижн» каналдарының топтамасы, сондай-ақ жалпы еуропалық «Бравоу» және «Чилдренс Чэннел» каналдары.

Техникалық мүмкіндіктердің дамуымен қатар, Ұлыбританияда кабельдік индустрияның шоғырлануы оның қаржылық жағдайымен тығыз байланысты. Көптеген кабельдік телевидение компаниялары  кабельге орасан зор қаржы жұмсағанымен, оны ақтай алмайды. Олар қаржылық мәселелерді шешудің әр түрлі жолдарын қарастыруда. Мәселен, Ұлыбританияның ірі кабельдік компаниясы «Кэйбл энд Уайерлесс Коммью­никэйшнз» (КУК) Интернетті пайдалану арқылы іскерлік ақпарат беруші жаһандық желі құрды. Бұл жүйе «Глоубел Оперэйшнз» деген атауға ие болды.

Ұлыбритания дәстүрінде ұлтаралық салыстырулар нәтижесінде балаларға және отбасына арналған бағдарламаларды жоғары сапамен және пайдалы етіп жасау қалыптасқан. Бұл британдық телевидение дамуындағы экран мәдениеті деңгейінің жоғары екенін аңғарамыз.

Британияда балаларға арналған телебағдарламаларды көбінесе жас жеткіншектердің өздері дайындап, жүргізеді. Бұл шетелдік балалар телебағдарламаларына ортақ ерекшеліктердің бірі. Балалардың өзі қатысуымен дайындалған хабарлар британдық балалар аудиториясы арасында үлкен сұранысқа ие.

Балаларға арналған британдық бағдарламалардың бірі Лондон қаласында СІТV телеарнасында шығып тұратын “UP2U” (Ап ту ю) балалар бағдарламасы. Бұл бағдарлама негізінен 10-15 жас арасындағы балаларға арналған. Десек те, бұл хабардың аудиториясы кең.

Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі – Ұлыбританияның өңірлерінен келген балалар бағдарламаға қатысу арқылы өздерінің өмірі, ойы, сезімі туралы ашық айта алады. балалардың бағдарламаға түсуі қиындық туғызбайды. Сондықтан бағдарлама Ұлыбританиядағы балалар бағдарламасының ең танымалы саналады.

Хабарға қатысқысы келген кез-келген бала өз жобаларын дайындайды. Хабарда көтерілетін мәселе, тақырып аясы бірдей болуы шарт емес. Балаларға толығымен еркіндік берілген. Сондықтан да жасөспірімдер өз идеясымен және жаңалықтарымен бөліскісі келсе осы бағдарламаға келуге мүмкіндік берілген.

Бағдарламаны жүргізуші қыз бен ұл, сондай-ақ қосымша айдарларды дайындаушы балалар бар. Жалпы алғанда, балаларға арналған телебағдарламаларды дайындау ересектерге қарағанда біршама күрделі және қымбаттау болады. Сонымен қатар, бағдарламаның жүргізушісі бала болғандықтан, оның шығыны да көбірек болады. Десек те, бағдарлама эфирге үнемі шығып тұрады және ел ішінде танымал бағдарлама.

“UP2U” балалар бағдарламасы Ұлыбритания елінің балалары мен жасөспірімдерінің өмірі мен тыныс-тіршілігін толғандыратын басты мәселелерді сөз етеді. Мәселен, “UP2U” хабары британ жеткіншектеріне ата-аналары берген қаражатты қалай жұмсайды деген мәселеге арнады.

Бағдарламаның өзіне тән тағы бір ерекшелігі – комедиялық, юморлық стильде берілуі. Кез-келген күрделі мәселе не болмаса жеке біреудң сезімі болсын барлығы да күлкі, қалжыңмен көркемделіп отырады.

Ұлыбритания балалар бағдарламалары сапасының жоғарылығымен ерекшеленеді. Мәселен – «Қиын шөлейт» атты алты бөлімнен тұратын деректі фильмді ерекше атауға болады. Бұл сериал балалар тәрбиесінде ерекше маңызға ие, себебі бұл баланың көңілін көтеру және тәрбиелік мән маңызын ашып көрсетуімен құнды.

Сериалда 10-12 жас шамасындағы сегіз баланың ерлігі мен төзімділігін, тапқырлығы мен алғырлығын тамашалаймыз. Сонымен қатар, бұл біздің кішкентай көрермендерге үлгі етіп ұсынуға тұрарлық.  Фильм кейіпкерлері балалар әлемдегі ең ескі шөлейт дала Намибии арқылы 50 миль жерді кесіп өтуге өз еркімен келісім береді. Олар осы жолда неше түрлі оқиғаларға кез болып, нансыз, сусыз өмір кешуге тура келеді. Ауа-райының 40 градустық ыстықта олар неше түрлі жан-жануарларға кездеседі. Табиғатпен бірге өмір сүруге бейімделеді.

Бұл бағдарлама балалар үшін өте қызықты және танымдық сипатта ұтымды ойластырылған. Фильм арқылы оған қатысушы балалар ғана емес, сонымен қатар, киноны көруші көрермен балалар да нан мен судың қадірін ұғынады. Табиғаттың сырын үйренуге, түсінуге талпыныс жасайды. Мұнда балалар шөлейт далада қолайсыз өмір сүруге дағдыланады. Балалар қоршаған ортаның, достарының қадірін түсінеді. Сондай-ақ бағдарламаның тағы бір ерекшелігі — балалар өз қалауымен бағдарламаға қатыса алады.

Мұндай ойындар балаларды қиындықтан қорықпай оны жеңуге тәрбиелейді. Балаларға өмірдің тек сәттіліктен ғана тұрмайтынын түсіндіреді. Сондықтан британдық балалар хабарынан біздің де үлгі алуымызға болар еді. Осы тектес ойындарды біздің арналарда да ұйымдастырса қоғам болып оны құптары сөзсіз.

Ұлыбританияда балаларға арналған қысқа-қысқа фильмдер де шығып тұрады. Олардың да балалар тәрбиесінде алатын орны зор.

Бұл хабарлардың ерекшелігі – қысқалығы мен аз уақыт ішінде тәлім-тәрбиелік маңызы зор мәселелерді бере алуында. Қысқаметражды балаларға арналға фильмдер әдетте кейіпкерлердің басынан өткен неше түрлі қызықты оқиғалар арқылы беріледі. Осындай кинолар арқылы балалардың әр түрлі жағдайларға өздерін қалай ұстайтындығын, олардың әрқайсысының жеке басының психологиясын байқауымызға болады.

Әдетте 20-25 минутқа созылатын мұндай фильмдер өзінің кішкентай көрермендерін адамгершілік қасиеттерге, инабаттылыққа, адал достыққа, табиғатты сүюге, үлкендерді сыйлауға шақырады. Берілу уақытының қысқа болуы балаларды жалықтырмайды.

Сонымен қорыта келгенде, Британияда балаларға арналған Би-Скай-Би каналының орны ерекше. Бұған америкалық «Дисней» компаниясының мультфильмдерін көрсететін «Дисней Чэинел»; Руперт Мэрдоктың америкалық компаниясы «Фокс Телевижн» компаниясының «Фокс Кидс» каналын атауға болады. Бұл арналардың барлығында біріншіден,  балалардың жас ерекшеліктері ескерілсе, екіншіден балалар хабары олардың өздерінің тікелей қатысуымен жасалады, үшіншіден, телехабарлардың балалар психологиясына тигізер ықпалы ескеріледі.

 

2.2. АҚШ балалар телехабарларының мазмұны мен тәрбиелік мәні

ХХІ ғасырда ақпарат ерекше маңызға ие болып отыр. Сондықтан шетелдік телебағдарламалар  жаһандану үрдісіне сәйкес  әлемге таралып, әлемдік сұранысқа ие болуда. Себебі, шетелдік телевизия бағдарламаларының берері көп. Бұл бағдарламалардың отандық хабарларымызға қарағанда мәндік,  мазмұндық, көріністік те жағынан бай келетіндігін мойындамасқа болмайды. Мұндай қорытындыға біз хабарларды бір-бірімен салыстыру арқылы келіп отырмыз. Шетелдік бағдарламалар (оның ішіндегі тек балаларға арналған хабарларды алып отырмыз) сапасымен және хабарды беру тәсілімен де ерекшеленеді.

Тағы бір айта кететіні – бұл бағдарламалардың тақырып алуандығында да шек жоқ. Баланы сәби кезінен 15 жасқа дейінгі аралықта “Кірпіш неден жасалады” (6 жасар бала), “Адамдар дүниеге қалай келеді, неге өледі?” (8 жасар қыз бала), “Ғарышта өмір бар ма?” (9 жасар бала), “Әлем қай жерден аяқталады?” (13 жасар бала), “Ақыр заман болады ма?” (14 жасар қыз бала), “Мен экологиялық дағдарыс туралы білгім келеді?” (14 жасар қыз бала), деген секілді тақырыптар аясынағы мәселелер қызықтырады.

АҚШ балалар хабарларын балалардың жас ерекшеліктеріне қарай былай топтастыруға болады:

  1. Танымдық бағдарламалар;
  2. Ақпараттық бағдарламалар;
  3. Ғылыми-танымдық бағдарламалар;
  4. Көңіл-көтерушілік бағарламалар;
  5. Ойын-сауықтық – танымдық бағдарламалар.

Ойын-сауықтық – танымдық бағдарламалар көңіл-көтерушілік бағдарламалардың қосымшасы болып табылады. Телевидениеде балалар аудиториясы үшін бағдарламаның осы түріне сұраныс жоғары.

АҚШ-та балалар хабарларын жасау барысында ең алдымен олардың жас ерекшеліктеріне назар аударылады. Сондықтан көптеген балалар бағдарламаларының ұтымды болып шығуы да осыдан. Әрине, біздің Отандық бағдарламаларымыз сапасы жағынан өте нашар деуге келмейді, дегенмен, осы өлшеммен алғанда біздің ұтылар тұстарымыз бар. Бізде балалар бағдарламалары балалардың жас ерекшеліктерін әрқашан ескере бермейтіні ақиқат.

Сапалы да, танымдық маңызы зор, аудиториясы кең бағдарламаларды жасаудан – өзге елдерден біршама алда тұратын елдер – Ұлыбритания, АҚШ, Жапония және тағы да басқа Еуропа елдері.

Жалпы балалар телебағдарламасының мазмұны мен тәрбиелік мәні ерекше елдердің бірі – АҚШ.

Америкада әлемге танымал балалар бағдарламасы – “Сезам көшесі” 1969 жылдан бастап қоғамдық хабар тарату қызметі ПИ-БИ-ЭС шеңберінде эфирге шыға бастаған.

Оның көптеген кейіпкерлері, әсіресе, Үлкен құс, бақа Кермит және тағы басқалары қазір бүкіл әлемге танымал. Тіпті, біраз елдерде  бағдарламаның өзіндік театрлары ұйымдастырылған. Бұл театрлар жыл сайын ел аралап, өздерінің жаңа бағдарламаларын ұсынып отырады. “Сезам көшесі” бағдарламасының орыс тіліндегі нұсқасы бізде де сақталған. Бұл негізінен қуыршақтар театры. Түрлі оқиғаларға  негізделген қойылымдар мен әндер  балаларды еліктіріп әкетіп, адал достыққа, шынайылыққа, әділдікке, ержүректік пен сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге баулиды. Бұл бағдарлама 6-7 жастағы балалармен қоса, 10-13 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін де пайдалы және қызғылықты.

Америка және әлемнің дамыған елдері Германия, Жапония немесе Дания сияқты мемлекеттердің телебағдарламалардың тағы бір ерекшелігі – олардың бағдарламалары әу бастан бірінші кезекке баланың өзін қоятындығы. Хабар балаға арналғандықтан ол тек сол баланың қызығушылығымен санасады. Ересектердің ой, сезіміне еліктеуге мәжбүрлемейді. Бала өзін жетілген тұлға ретінде сезінуге бар мүмкіндік жасалады. Мұндай бағдарламалар балаларға өз ойын ашық айтуға, еркін жеткізуге, өзге адамдарға өзін сыйлата алуына көп көмегін тигізеді. Мәселен, Nickelodeon арнасынан көрсетілетін “Даша и Башмачок” (“Даша және Башмақ”)   мультсериалы осындай бағдарламалардың бірінен саналады. Бұл мультсериал негізінен американдық өнім. Бірақ Nickelodeon арнасы кабельді жүйеде қызмет көрсететіндіктен, бұл хабарды біздің аймақ орыс тілінде көре алады. “Даша және Башмачок” басқа мультфильмдерден ерекше.

Бұл мультфильмнің басты ерекшелігі – оның танымдық бағдарлама тәрізді сюжетінде. Сериалды тамашалай отырып, фильм кейіпкерлері Даша, Башмачок және оның достарының көмегімен бала өзі үшін көптеген жаңалықтар ашады. Мәселен, “Лейкожапсырғыш не үшін керек?”, “Аллергияның себебі неде?”, “Сусабынды қалай пайдалануға болады?”, т.с.с. мәселелерге жауап табады. Мұның барлығын кейіпкерлер оқиға барысында жол-жөнекей түсінікті және анық тілмен жеткізіп, оны көріністерімен толықтырып отырады. Екіншіден, экранның ар жағындағы кейіпкерлер экран алдында отырған кішкентай көрермендермен әрқашан байланыста болады. Кез-келген қиындыққа кездескенде Даша мен Башмачок экран алдындағы көрермен достарынан көмек сұрайды. Бұл қиындықтан тек экран алдындағы достарының көмегімен ғана шыға алатындығын айтады. Сұрақ қойылып, балалар жауап берді-ау деген мезетке шейін біраз кідіріс жасалып, кейіпкерлер экранға қарап тұрады. Оларды осы мезетте тамашалап отырған бала өзінің сүйікті достары дәл өзіне қарап, көмек сұрап тұрғандай сезімде болады. Бала сериалдағы оқиғалардың желісіне өзі тікелей ықпал етіп отырғандай әсер алады. Бұл баланың өзіндік “менінің” тұрақтана түсуіне, өзінің атқаратын әр ісіне жауапкершілікпен қарауына баулиды.

Үшінші бір ерекшелік – бұл мультсериалдың балаларға ағылшын тілінің бастама курсын алмастыра алатындығында. Негізінен 3-5 жастағы сәбилерге арналғандықтан, мұнда олардың еліктегіш қасиеті жақсы ескерілген. Жас көрермен мультфильмді тамашалай отырып, Даша мен Башмачокқа еріп ағылшын тілінде санай бастайды немесе белгілі бір заттардың ағылшын тіліндегі атауларын жаттап алады.

Төртіншіден, фильмді тамашалаушы балалар жан-жақтағы, өзі өмір сүріп отырған ортадағы болып жатқан кез-келген оқиға, құбылысты тез арада түсініп, қабылдауға талпына бастайды. Бұл үшін кейіпкерлер мынандай әдісті қолданады: балаларға “Достар, егер сендер бұзақы түлкіні көре қалсаңдар, бізге ескертіңдер”,- дейді. Сол мезетте бұзақы түлкінің өзі де шөп арасынан көрінеді. Оны көрген балалар тез арада жауап қайтаруы керек…

Бағдарламаның ең басты мақсаты – балаларды кез-келген қиындықты тапқырлықпен жеңе білуге, адал достыққа, табиғатты қорғауға, достарына көмек беруге әрқашан дайын тұруға үйрету.

    Америкалық балаларға арналған бағдарламалардан “Малыш Билл” (“Кішкентай Билл”) мультсериал жанрындағы хабар үлкен сұранысқа ие. Арнайы өткізілген зерттеулердің нәтижесінде бұл мультсериал тек балалар арасында ғана емес, сонымен қатар ересектер арасында да танымал екні анықталды. Мұның себебі, мультсериал кішкентай Биллдің түрлі хикаяларын баяндай отырып, оның әке-шешесінің оған деген аса шыдамдылығын да паш етеді. Бұл жас отбасылар үшін пайдасы зор бағдарлама деуге болады. Мультсериалда айналадағы құбылыстарды дұрыс түсінуге енді-енді талпынып жүрген баланың өзі үшін ашқан жаңалықтары, жас баланың психологиясы сауатты беріледі. Билльдің отбасында анасы, әкесі және әпкесі бар. Жанұясындағы осы кейіпкерлер арқылы біз кішкене сәбидің отбасылық психологиясын айқын көре аламыз.

Ал, кішкене көрермендер болса, күн сайын бұл сериалды тамашалай отырып, ата-ананың тілін алу керек, аға-әпкелеріңе көмек көрсету қажет, үлкендердің ақылына үнемі құлақ асып жүру керек деген сияқты қарапайым тәрбиелік сабақтар алып отырады.

АҚШ телевидениесінің басты ерекшелігі – кез-келген тақырыпта өз көзқарастарын ашық, еш бүкпесіз жеткізе алуында. Өзгеше менталитетте тәрбиеленген шығыстық телевидение мұндай ерекшеліктерімен көзге түсе бермейді.

Американдық телевидениенің балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалары бұған қарағанда әлдеқайда ашық тақырыптарға ден қояды. Бұл жайдан жай алына салатын тақырыптар емес екендігін ескеруіміз қажет. Балаларға арналған кез-келген бағдарламаның жобасын жасамастан бұрын балалар психологиясын, балалар бағдарламасының нарығын, әлеуметтік жағдайды жақсылап, зерттеп, саралап алу қажет. Өкінішке орай, біз көбінесе бұл қағиданы ұмыт қалдырып жатамыз. Ал, американдық телевизия қызметкерлері болса, бұл істі алдыңғы қатарлы міндеттерге қосады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жасөспірімдерді қызықтыратын тақырыптар әр түрлі. Соның бірі — әйел мен ер адамдар арасындағы қарым-қатынастар. Құрама Штаттардағы замандастарымыз бұл тақырыпқа әңгіме қозғауға аса қысылмайды. Тіпті, керісінше, олар балаларды жыныстық тәрбиелеу мақсатында арнайы бағдарламалар жасауға миллиондаған қаржы жұмсап отырады. Бұған біздің көзқарасымыз ерекше. Балалар бағдарламасында мұндай тақырыптардың көтерілуі біздің елде әдеп нормаларына сай келмейді деген түсінік қалыптасқан. Әдетте бұл позицияны біз қолдай алмаймыз. Жыныстық  тәрбиені бала кезден сіңіре берудің жақсы жақтарынан басқа еш зияны жоқ деп ойлаймыз. Балалар бағдарламасында еркек пен әйел ағзасының қалай орналасқандығын көрсету арқылы жыныстық қарым-қатынастардың әдебін түсіндіру дегеніміз шетелдік кинолардағы секілді ашық көріністерді көрсетуден мүлде бөлек және пайдалы. Керісінше, мұндай бағдарламаларды көріп, одан өзіне керекті ақпарат жинаған бала осындай фильмдерден бойын аулақ ұстаса керек. Елімізде, әсіресе, кейінгі кездері кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынастар мәселелерінің көбеюі де осындай жобалардың жетіспеушілігінен болар.

Бүгінгі заман адамының тіршілігін көз алдымызға теледидарсыз елестету мүмкін емес. 1907 жылдың 25 шілдесінде осыдан 90 жыл бұрын жасалған, сол кезде адамзат қоғамы үшін белгісіз құрылғы катодты телескоп бүгінгі таңда Жер бетіндегі бүкіладамзат миын жаулап алған телевизия атты аждаһаға айналып отыр.

Қазіргі  кезде Америкада теледидардың балаларға әсері жан-жақты зерттеліп, қарастырылып жатыр.

Телевидение және балалар: кіші жастағылар /13/.

Ғасыр басында телевидениенің бұқаралық ақпарат құралы ретінде қарқынды дамуы америка қоғамында оның балаларға ықпалы қандай деген сауал туындады. Көрермендер телевидениені бірден қабылдады. Әрбір үйде теледидар пайда болды. Телевидениенің қарқынды дамуын зерттеушілер жастарға оның әсеріне ерекше назар аударды.

Телевизиялық индустрия, масс-медианың басқа түрлерімен салыстырғанда Америкада 50-жылдары кеңінен дамыды. Бұны біз келесі мәліметтерден байқаймыз. 1948 жылы АҚШ-та 100000 телевизор болса, бір жыл өткеннен кейін оның саны миллионнан асты. Бұл тек бастамасы еді. 10 жыл өткеннен кейін телевизордың саны 50 миллионға жетіп, шамамен 88 пайыз американ отбасы оны пайдаланды. Америкалықтардың өмірінде  телевидение ерекше орын алды.

Америалықтар үшін телевизор алу үшін ең алдымен антенналарын сатып алып, оны көрінетіндей жерге орнатты, содан кейін ғана барып телевизор сатып алды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде телевизорды жаппай шығару азайды. Соған қарамастан, соғыс жылдарында технологияда жетістіктер пайдаланылып, кейіннен олар жаппай телевизор шығару өндірісіне енгізілді. Телевизор сол кезеңдегі техниканың жетістігі болып есептелді. Президент Рузвельт телевидениеден сөз сөйледі. Телевизор өндірісі қарқынды дамымағандықтан аудитория өте аз болды. 1941 жылы Федеральдық коммуникациялық комиссияның деректері бойынша телевизорды 5000 адам иеленді. Ол кезде бірнеше шағын жеке меншік станциялар күніне 2-3 сағат хабар беріп отырды.

60-жылдары 150 миллион американдық телевизор алды және олардың өмірі телевидение бағдарламаларымен тығыз байланысты болды. Телебағдарламаларға әсіресе балалар аса қызығшылық білдірді. Балалардың уақытының көбі теледидар алдына өтті. Осыған орай ата-аналар телевидение балаларға қалай әсер етеді деген сауал төңірегінде ойлана бастады. Теледидар бағдарламалары балаларды ерте есейтпей ме немесе олардың ақыл-ойының дамуын тежемей ме деген секілді сұрақтар туындады.

1951 жылы білім берудің ұлттық ассоциациясы ең алғашқы зерттеулерін жүргізді, соның нәтижесінде американың 4 қаласындағы бағдарламалардың 10 пайызын қорқынышты және қылмыстық оқиғалар құрағаны анықталды. Немесе балалар далаға серуендеуге, ойнауға, үй шаруасына көмектесуге, кітап оқуға, кино көруге аз уақыт бөлетіні айқындалды. Осылайша телевидение адамдардың іс әрекеті мен құндылықтарына ықпал ете бастады. Профессор Вилбур Шрамм, Джек Лайл және Эдвин Паркер Солтүстік Америкада телевидение мен балалар арасындағы байланыс тақырыбында зерттеу жүргізді.

Зерттеу бағдарламасы.

Солтүстік Америка балалары туралы зерттеу «Телевидение біздің балалар өмірінде» деген атпен жарияланды. 1958-1960 жылдар аралығында АҚШ пен Канаданың 10 ауданында барлығы 11 зерттеу жүргізілді. Бұл бағдарламаның авторлары телевидение балалар сұранысын қанағаттандырады деп есептейді. Бұл әрине маңызды. Балалар телевидениенің белсенді көрермендеріне айналды, олар өздеріне қажетті ақпаратты қажетті кезде таңдай алады. Мәселен, кафелердегі меню секілді.

Зерттеу әдістері мен оларды өңдеу.

1 жоба. Сан-Франциско, 1958-1959 жж.

Жоба авторлары сауалнамаға жалпы білім беретін мектептердегі 1-6 сыныпта оқитын шамамен 2688 баланы қатыстырды. Кейбір балалардан автордың тікелей өзі жауап алды. Қалғандары сауалнама, сұрақтамалар арқылы жүргізілді. Сонымен қоса олардың 1030 ата-анасы қатыстырылды. Олар балаларының теледидар алдындағы мінез-құлқы туралы айтты. Жоба авторлары сондай-ақ балалар қайсы каналды, қандай бағдарламаны, бұқаралық ақпарат құралдарының қайсы түрін таңдайтынына назар аударды. Балалар қандай тақырыптарды таңдайды: музыка, өнер, ғылым, қоғам және т.б. қосымша ақпараттар жиналды, балалар қандай отбасыларында тәрбеленуде, олардың ата-аналарымен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастары қандай т.б. балалардың ақыл-ой қабілеті, физиологиялық ерекшеліктері ескерілді. Сонымен қоса, жоба авторлары ұстаздармен және басқа да балалармен тығыз байланыс жасайтын тұлғалармен әңгімелесті.  

2 жоба. Сан-Франциско, 1958 ж.

188 отбасына сауалнама жүргізілді. Жоба авторлары ата-аналары мен балаларына олардың өзара қарым-қатынастарын анықтау мақсатында жеке-жеке сұрақтар қойды. Содан кейін отбасын бірге масс-медианың қандай түрін пайдаланады, масс-медианың отбасында алатын орны туралы сұрастырды. Сауалнамаға барлығы 188 ана, 187 әке және 502 бала қатысты.

3-7 жоба. Рокки Маунтинс, 1959ж.

5 ауданның 6-10 сынып оқушылары қатыстырылды. Зерттеу сауалнама, әңгімелесу түрінде жүргізілді. Авторлар кей жағдайда сұрақтама да пайдаланды. 5 қалада 1708 бала мен 284 ата-ана қатысты. Сонымен қатар ұстаздар мен мектеп қызметкерлері де тартылды.

8-9 жоба. Канада, 1959ж.

Канадада екі ауданға салыстырмалы түрде зерттеу жүргізілді. Бір ауданда телевизорлары жоқ, екінші ауданда бар. Мұнда да Рокки Маунтинсте қолданған әдістер пайдаланылды. Барлығы 913 бала, 269 ата-ана, мектеп мұғалімдері қатысты.

10 жоба. Американың қала маңы, 1959 ж.

Жоба авторлары бір мектептегі бастауыш сынып оқушыларынан тәртібі, бағдарламаны таңдауы, уақыты туралы жауап алды. Барлығы 474 бала және ата-аналары мен ұстаздары қатысты.

11 жоба. Денвер, 1960 ж.

Соңғы зерттеуде алдыңғы жүргізілген жұмыстар барысында анықталған гипотезаларды нақтылау үшін 10 сыныптың 204 студенті тартылды. Ең бастысы – масс-медиа балалардың ақыл-ой қабілеті мен әлеуметтік нормаларына қалай әсер етеді деген мәселеге назар аударылды.  

Зерттеуді қорытындылайық. Зерттеуге барлығы 5991 оқушы, 1958 ата-ана, жүздеген мұғалімдер мен туыстары қатысты. Зерттеу ірі қалаларды, шағын елді мекендерді, ауылдық жерлерді және қала маңындағы елді мекендерді қамтыды.

Телевидениенің қызметі.

Профессор Шрамм, Лайл және Паркер өз оқырмандарынан балалар неге теледидар көреді деген сауалға жауап берулерін сұрады. Ғалымдар өнердегі кез-келген құбылыс оған сұраныс болған кезде ғана пайда болатынына көз жеткізді. Осыған орай, балалар теледидарды ең алдымен олардың  қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көреді, бұл басқа балама әдістерге қарағанда жақсы тәсіл. Жоба авторлары балалардың теледидар көруіне әсер ететін 3 себепті бөліп қарастырады:

  • көңіл көтеру үшін;
  • ақпарат алу үшін;
  • ТВ әлеуметтік маңызы бар.

Көңіл көтеру. Телевидениенің ең маңызды қызметі – балалар телебағдарламаларды көру арқылы көңіл көтереді және телевидение проблемаларын ұмытуға және оларды шешуге көмектеседі. Балалар экрандағы тартымды да, жаулап алатын әлем өмірінен қанағат алады.  

Ақпарат. Балалардың басым көпшілігі телебағдарламалар арқылы көптеген қызықты ақпарат алатынын мойындайды. Өздерімен қатар балалар туралы, өзге елдерде болып жатқан жағдайлар, басқа да адамдар өмірі туралы біледі. Көптеген ата-аналарды балаларының сүйікті кейіпкерлерінен үлгі алуға тырысатыны қуантады.

Әлеуметтік маңыздылығы. Телевидениенің көрермендерді тартатын тағы бір қыры – оның әлеуметтік маңыздылығы. Мәселен, телевидение тинейджерлерді өзара жақындастырып, оардың бірге талқылауына, уақыт өткізуіне жаңа тақырыптар ұсынады. Ғалымдар көптеген балалардың телевидениеге тәуелді болып қалады деп есептейді. Олар өздерінің сүйікті бағдарламалары көрсетілмесе ауырады немесе оны басқа ешнәрсе қызықтырмайды, зерігеді.

Жаңалықтар. Ғалымдар 11 зерттеу барысында көптеген қызықты жаңалықтар ашты. Оларды бес санатқа бөліп қарастырды:

  • теледидарды балалар неге және қашан көреді,
  • қандай ақпарат алады,
  • әлеуметтік нормалар,
  • ТВ және қоғамға қарым-қатынасы,
  • ТВ тиімділігі.

Теледидарды балалар неге және қашан көреді.

Ғалымдардың бірінші жобасы балалардың теледидарды екі жастан бастап көретінін анықтады. Яғни бала екі жастан бастап телекөрермендерге айналады. Бір жыл өткеннен кейін олардың сүйікті бағдарламалары пайда болады. Жыл өткен сайын балалар теледидар көруге уақытының көбін жібереді. Мысалы, 3 жастағы балалардың —  37%-ы тұрақты теле көрермендер, 5 жастағылар – 82%, 7 жастағалылар – 94%, 9 жастағылар – 96%. Балалар демалыс күндерін көбінесе теледидар көруге арнайды. 11-13 жастағы жасөспірімдер теледидар көру үшін уақыт таңдауда интеллектуальдық қабілет пен әлеуметтік маңыздылық факторы басты рөл атқарады. Жыл өткен сайын қабілеті жоғары балалар теледидарды сирек көреді, ал, уақытының көбін теледидар алдында өткізетін балалардың интеллектуалдық қабілеті төмен екені байқалды.

Теледидардан балалар не көреді?

Ең алдымен, — балалар бағдарламалары. Яғни мультфильмдер мен анимациялық фильмдер. Негізгі жанрлары — әзіл-сықақ, тарих. әдетте мұндай бағдарламаларды балалар мектептен келген уақытта, түстен кейін көрсетеді. Балалар бағдарламасын жасаушылар көбінесе балаларға арналған ғылыми танымдық, таңғажайып бағдарламаларды ұсынады.

Мұндай бағдарламаларды көбінесе төменгі сынып оқушылары көреді. Жоғары сыныпта оқитын балаларға қылмыстық оқиғалар мен әр түрлі комедиялар қызықты. Негізгі көрермендері – тинейджерлер. Жоғары сыныптағылар үшін музыкалық шоулар да жоғары сұранысқа ие.

Балалардың не көретінін қалай анықтауға болады?

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ең алдымен балалардың жас ерекшелігі. Мәселен, 9-14 жастағыларға не қызықты екенін оңай білуге болады. Біріншіден – мультфильмдер, екіншіден – музыкалық шоулар мен қылмыстық оқиғалар. Балалар үшін келесі бір маңызды қыры – балалардың жынысы. Қыздар – музыкалық бағдарламаларды ұнатса, ұлдар – вестерн, қиял-ғажайып оқиғаларды көреді. Және қыздар ұлдарға қарағанда ересектерге ерте жастан еліктейді.

Бағдарламаларды таңдаған кезде ескере кететін тағы бір маңызды жағдай – балалардың ақыл-ой қабілеті. Әсіресе, даму қабілеті жоғары балалар басқаларға қарағанда бағдарламаларды ерте таңдай бастайды. Олар танымдық, ғылыми, документальдық және осы сияқты мағыналы бағдарламаларды көреді. Сондай-ақ мұндай балалар теледидарды басқаларға қарағанда аз көреді.

Профессор Шрамм мен оның әріптестерінің ашқан жаңалықтарының бірі балалардың теледидарға деген қарым-қатынасы болды. Балалар теледидарға қатысты ешбір сын айтпайды және оны шын жүрегімен жақсы көреді. Балалар өздері ұқсағысы келген кейіпкерлерін теледидардан табады.

Теледидар алдында отырған бала неге үйренеді?

Ғалымдар баланың теледидар алдында отырып алған ақпараттарының барлығы дерлік саналы түрде қабылданатынын дәлелдеді. Ақпарат көлемі баланың қабілдау қабілеті мен қызығушылығына байланысты. Зерттеу қорытындысы бойынша қабілеті жоғары балалардың көп ақпарат алатыны белгілі болды. Көрермендер жасы өскен сайын қажетті ақпараттарды таңдауға үйренеді.

Ғалымдардың пікірінше, 3-8 жастағы балалар ақпаратты көп қабылдайды. Себебі олар үшін барлық белгісіз жағдайлар туралы білу қызықты. Және осы кезеңде балалар үшін теледидар шынайы ақпарат көзі болып табылады. Олар экранда көргендерін өмірде қайталайды.

Шрамм мен оның әріптестері кіші жастағы балалар үшін теледидар – негізгі ақпарат көзі екенін анықтады. Теледидарды көп көрген бала мектепке келгенде басқаларға қарағанда сөздік қоры мол, ересектер өмірі, қылмыс, әлеуметтік мәселелер туралы көбірек біледі. Мұндай балалар ерте жастан тұрақты көрерменге айналады және өскенде негізгі уақытын теледидар алдында өткізуді тез тоқтатады. Бұл «кемелдену қағиадасы» деп аталады. Балалар ер жеткен сайын қабілеті артып, теледидарға деген қызығушылығы да азаяды.

Әлеуметтік нормалар мен қарым-қатынастар. Әлеуметтік нормалардың маңыздылығы.

Зерттеушілер барлық балаларды 4 топқа бөлді.

 1-ші топ — өзінің қиялына сенетін балалар. Бұл топтағылар мерзімді басылым оқудан гөрі теледидарды көп көретін балалар.

2-топтағылар керісінше, шынайылыққа назар аударатын балалар. Бұлар газет, журналдарды көп оқып, теледидарды аз көретін балалар.

3-топтағылар теледидар мен мерзімді басылымдарды теңдей қарайтындар.

4-топтағылар балалар кітапты сирек оқитын және теледидарды да аз көретіндер. 6- жастағы балалардың арасында шынайы өмірден хабары барлары аз кездеседі. Ал, 10-жасқа келгенде олардың саны бірден өседі. Бұл балалар кейіннен мерзімді басылымдар мен танымдық телехабарлардың тұрақты тұтынушыларына айналады және басқаларға қарағанда қабілеттері жоғары болады.

ТВ және әлеуметтік қарым-қатынастар.

Балалар мен телевидениенің қарым-қатынасына әсер ететін тағы бір фактор бұл – отбасындағы немесе достарының арасындағы қарым-қатынас. Негізінен отбасылық жағдайы нашар балалар шынайы өмірді және нақты мәселелерді шешудің жолдарын теледидардан іздейді. Ал, отбасылық жағдайы жақсы балалар теледидарды өз қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін көреді.

Телевидениенің тиімділігі.

Телевидение мен балалар арасындағы қарым-қатынас екі жақтың да сипаттамалары арқылы анықталады. Осыған дейін бір жақты – балаларды қарастырсақ, енді телевидениеге назар аударайық. Шрамм және оның әріптестері 1960 жылы дүйсенбіден жұмаға дейінгі сағат кешкі 4-тен 9-ға дейін теле апталыққа мониторинг пен талдау жүгізді. Қорытындысында – 100 сағатта берілген хабарлардың мазмұнына қарай көрсетілгені

Кісі өлтіру тақырыбында:

16 – атыс-шабыс

21 – жарақаттау (көбінесе өліммен аяқталған)

21 – қарумен байланысты басқа да қылмыстар

37 – төбелесу

1 – арқасына пышақ салу

4 – өзіне өзі қол жұмсау.

Осылайша балалардың теледидар алдында өткізетін уақытының тек 22%-ын ақпараттан өзге шынайы өмірді көруге мүмкіндік алады. Алайда,  экранда көрсетілетіндердің жартысынан көбі – фантастика әлемі. Бұған вестерндер, мультфильмдер мен қылмыстық шоулар кіреді. Бұл  қазіргі кездегі әлемдік телевидениеде қалыптасқан тенденция.

Әр түрлі телебағдарламалар балаларға әрқалай әсер етеді. Мысалға, әдеттегі балалардың көбі экранда жауыздық пен қатыгездік туралы көруден қашады. Ал, қиын балалар керісінше ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасы туралы хабарларды көрмейді. Зерттеушілер балаларға телевидениенің тигізер әсерін: физикалық, эмоционалдық және мінез-құлықтық деп үш топқа бөліп қарастырды.

 

Қорытындылары мен тұжырымдары.

Солтүстік Америкада жүргізілген «Телевидение және балалар» — алғашқы зерттеуі телевидениенің балаларға қалай әсер етеді деген сауалға жауап берді. Ғалымдар теледидар көретін балалар мен көрмейтін балалардың мінез-құлқын, телебағдарламалардың шынайы және ойластырылған хабарлары балаларға қалай әсер ететінін, балалар телевидениеден не үйренетінін және балалар таңдауы қалай, ол неге байланысты болатынын салыстыра зерттеп, талдады.

Ғылыми зерттеудің авторлары Шрамм, Лайла және Паркердің пікірінше мынадай тұжырым жасауға болады: «Телевидение балаларға қалай әсер ететінін түсіну үшін ең алдымен телевидениенің балаларға беретін жалған бейнелерінен, таңғажайып құбылыстарынан алыстауы керек».

Телевидение балаларға пайдалы ма, әлде зиянды ма деген сауалға ғалымдар былай жауап береді: Кейбір балалар үшін телебағдарламалардың белгілі бір бөлігі зиянды. Ал басқа балалар үшін дәл осындай жағдайда, сол бағдарламалар пайдалы болуы мүмкін. Балалардың басым көпшілігіне кез-келген жағдайда барлық телебағдарламалардың пайдасынан зияны көп /14/.

Телевизиядағы кез-келген көрініс мейлі ол үлкендерге арналған хабарлар болсын, мейлі ол балалардың арнайы бағдарламасы болсын адам психикасына ғана емес, денсаулығына да айтарлықтай әсер етеді екен. Әлі де болса әлсіз бала ағзасына теледидар экранының сәулесі, экрандағы түрлі-түсті жарық, көріністердің қайта-қайта ауысып отыруы – осының барлығы кері әсерін тигізері сөзсіз. Теледидардың сәулеленуі шектеулі және әлсіз болғанымен, ол кумулятивтік, яғни бара-бара жиналып отыратын қасиетке ие. Сондықтан да теледидардың алдында шамадан тыс уақытын өткізу адамның иммундық жүйесіне кері әсер етеді. Алуан түрлі жарық көріністер баланың жалпы көру мүшесіне (тек көзіне ғана емес) жүрек пен ми қызметіне қатты әсер ететіні дәлелденді. Көріністердің ауысып отыру жиілігі адамның миы мен жүрегінің қызметін демеуші жүректің тербелістер жиілігімен, электрлік тербеліс жиілігімен сай келуі мүмкін, тіпті сәйкес келеді де. Бұл адам денсаулығы үшін өте қауіпті.

Бұдан шығатын қорытынды, баланың теледидар алдында ұзақ уақыт бойы отыруына, үрлі түсті жарық дақтар жиі ұшырасатын бағдарламаларды көруге тиым салу керек. Әсіресе, мұндай көріністерді бейне музыкалық клиптер мен жарнамада жиі қолданылады.

Осыған орай, біздің айтарыыз, телевизияда да дәл сондай адам денсаулығына зиян келтіретін көріністерді көрсету туралы рұқсат, сертификат беріп тұратын және осы көріністердің көлемін есептеп, шамалап отыратын арнайы мемлекеттік қызмет ұйымдастырылса дұрыс болар еді. Американдық психологтардың айтуынша, копьютерлік ойындар, бейнефильмдер мен балалар бағдарламасына деген асқан қызығушылық баланың қалыпты түрде дамуына зиянын тигізуі мүмкін. әйтсе де, өзге білікті мамандардың айтуынша, егер бала өз мөлшерін білетін болса, мұндай бағдарламалардың ешқандай зияны жоқ. Әрине, сіздің балаңыз күні бойы қантөгіс фильмдер көріп, үнемі компьютер ойындарын ойнай берсе, оның кері әсер берері анық. Ал, “Сезам көшесі” және де осы сияқты балаларға арналған басқа да бағдарламалардың пайдасы зор, олардың білімдік көрсеткіштері де жоғары. Мұндағы бір ғана мәселе – балалар бағдарламасының сапасында”, — дейді доктор Анна Шеппард /4/. Оның пікірінше, балалар бағдарламасының мазмұнын бақылау мемлекеттік тараптан жүргізіліп отыруға тиіс. Мұнда ол, әсіресе жарнаманың тез сенгіш жас баланың миына әсерін ерекше атап өтеді. Осы орайда, біздің де телевизия хабарларына мемлекеттік деңгейдегі бақылау жасасақ, артық болмас еді деген ой туындайды.

Американдық пихологтардың, сонымен қатар біздің де көптеген мамандарымыздың пікірінше, екі жасқа толмаған балаларды теледидар алдына мүлде отырғызбаған жөн, ал жасы одан үлкендеу балаларға теледидар алдында күніне бір-екі сағат өткізгенінің өзі де жеткілікті деп санайды мамандар. Дегенмен, американдық мамандардың бұл пікірімен британдық психологтар келісе алмай отыр. Олардың айтуынша, екі жасқа дейінгі балалардың теледидар тамашалауға толық құқықтары бар, өйткені ондағы бағдарламалар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді.

 

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

 

Ұрпақ тәрбиесінде әлем халықтары өзінің сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тарихи тәжірибесін қолданады. Келешек иелерін тәрбиелеудің негізі — өздері әрқашанда өткен уақыттан қалған бай мұра болмақ. Жылдар өтіп, ел жаңарған сайын жаңғыра түсетін, қайта айналып соға беретін тақырып ұрпақ тәрбиесі. Кеңестер Одағы кезінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелелерде одақтағы әр ұлттың өз салт-дәстүрі, әдет-ғұрып, мәдени ерекшеліктері ескерілмеді. Бүгінгі тәрбие үрдісін халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ұлттық ерекшеліктерін ұстана отырып, жаңарту керек. Бала ең алдымен өз ұлтының мәдениетін бойына сіңіріп, сонан соң өзге халықтардың мәдениетінің игі мұрасын меңгергені дұрыс. Жалпы дүниежүзілік өркениет әр ұлттың рухани қазынасы арқылы дамып, байып отыратыны сөзсіз.

Ұрпақ тәрбиесі Қазақстандағы бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі мәселесіне айналуы тиіс. Себебі, жас ұрпақ мемлекеттің ертеңгі тірегі. Бүгінде теледидарды техникалық жағынан дамытуға қаражат аздық ететіндігі белгілі. Дегенмен де, мемлекеттілікпен қоса, тәуелсіз арналардың да ел тұтастығын, мемлекет мүддесін, халық болашағын көздегені жөн.

Я.Корчак балалық шақ жайлы: “..Біздің балаға қатысты ол әлі жоқ, енді ғана болатын сияқты, әлі ештеңе білмейді, енді ғана біледі, істей алмайды, кейін енді ғана істей алады деген көзқарасымыз бізді үнемі күту күйінде ұстап отырады. Адамзаттың жартысы өмір сүрмейтін секілді. Оның өмірі қалжың нәрсе. Талпыныстары мен сезімдері — өткінші, көзқарасы – күлкілі. Дәл қазіргі уақыт пен бүгінгі күнді қадірлей біліңдер. Егер біз бүгінгі  күннің өзінде баланың толыққанды, есті, жауапкершілікті өмірде тіршілік етуіне мұрша бермесек, оның ертеңгі күні қандай болмақ”.

Иә, біздің балаларға оларды әлі ештеңе түсінбейтіндей, сезінбейтіндей қарауымыз – біздің ең басты қателігіміз. Сондықтан біз, осы дипломдық жұмысымызда Қытай, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания елдерінің балаларға арналған бағдарламаларын талдай келе, олардың біздің елдегі блалар бағдарламаларынан ерекшеліктерін анықтадық:

Біріншіден, Қытай, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания елдерінің балаларға арналған телебағдарламаларының ең басты ерекшелігі баланың өзін ең бірінші орынға қоюында. Балалар бағдарламасында ең басты назарды – баланың жеке басының талғамы мен қызығушылығына аударады.

Екіншіден, балалар бағдарламасында балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі;

Үшіншіден, балалар бағдарламасы белгілі бір стандарт аясында қалып қоймай, әрдайым жаңаша түрленіп отырады;

Төртіншіден, балалар бағдарламаларының жобаларын балалардың өздері ұсынуына мүмкіндік берілген;

Бесіншіден, телевидениенің балаларға тигізер әсері анықталып, ақпаратты балалар аудиториясының қызығушылығына қарай береді.

Сондықтан да, бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында балалар бағдарламасының мазмұны мен сапасына, маңызына, көкейтестілігіне ерекше назар аударған жөн деп ойлаймыз. Осыдан келіп, зерттеу барысында мынадай тұжырым жасауға болады:

  1. Ең алдымен еліміздегі телеарналарда қазақ тіліндегі балалар бағдарламасының саны арттырылса;
  2. Балалар журналистикасында олардың жас ерекшеліктері ескерілсе;
  3. Балалар бағдарламасының тілі түсінікті және балалар қабылдауына жеңіл болса;
  4. Балалар журналистикасын қалыптастыру мен дамытуға назар аударып, оған балалардың өздерін тарту мәселесі қолға алынса;
  5. Балалар журналистикасында олардың қызығушылығы мен талғамы ескерілсе;
  6. Балалар журналистикасының көркемдік сапасы жақсартылса, бейне материалдардың дыбыспен үйлесімділігі назарға алынса.

Сонымен қатар, отандық телевидениеде таратылатын хабарларға мемлекет тарапынан қатаң бақылау енгізіліп, шет елдерден келетін бейне материалдар, әсіресе балаларға арналған хабарлар алдын ала сараптан өткізілсе деген ұсынысымыз бар.

Сонымен қорыта келгенде, “Ауылыңның жасын көрсет, болашағын болжап берейін” деп дана бабаларымыз айтқандай, болашақ иесі – жастарымызды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын рөлі зор. Сондықтан да, тілі мен діні, мәдениеті мен әдебиеті, қоғамдық құндылықтары әр түрлі елдердегі балалар бағдарламаларының табиғатын салыстыра отырып, зерттеу барысында біз балалар мен жасөспірімдер мәселесін әлем болып қарастыру керек екенін түсіндік. Әрбір ел осы саладағы өзінің озық тәжірибелерін, білімі мен біліктілігін, жоспарларын ұсына отырып, тәжірибе алмасу арқылы балаларды алаңдатқан мәселелердің ортақ шешімін табары сөзсіз.

Бұл үшін ең алдымен кез-келген мемлекет бала — елдің ертеңгі болашағы екенін ұмытпай, өз ісі арқылы ертеңгі күннің азаматтарын тәрбиелеп отырғанын сезініп атқарғаны жөн. Соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары да балаларға арналған әрбір ақпаратты жауапкершілікпен қарап, сүзгіден өткізіп барып ұсынуға дағдылануы тиіс деп ойлаймыз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер тізімі

  1. Сухомлинский В.А. «Юность» журналы, 1968, №1, 99-100 бет
  2. Александров А. Среди веселых «Чижей» и веселых «Ежей» / Сб.: О литературе для детей.— Вып.—Л., 1974.—С. 153—154.
  3. Божий мир, ж/л, 1998-1999.
  4. КОЛОБОК И ДВА ЖИРАФА 40№ КОСТЕР. 1980-85.
  5. Щао ер вэнь шы (история детской литература)1996-5. с .110-127
  6. Джун гуо чуан мэй ( СМИ Китай) 2005-7 –Джан Юань
  7. «2004 china»`(2004 Китай) 2004-5 Жанг Гуо Ланг
  8. Божий мир, ж/л, 1998-1999
  9. Джун гуо чинь ниэн бао 2000 /Чэнь Жан ле чуань ли- Бо Вы Китайская молодежная газета.
  10. www.otv.com детский канал мысль о новой программе, автор -Дюй Пин
  11. www.sunyunxiao .net.cn
  12. www.otv.com детский канал мысль о новой программе, автор -Дюй Пин
  13. Телевидение и дети.(из книги «Milestones in Mass Communication Research: media effects» by Shearon A. Lowery and Melvin L. DeFluer,

1995 Longman Publishers USA).

  1. Телевидение и дети.(из книги «Milestones in Mass Communication Research: media effects» by Shearon A. Lowery and Melvin L. DeFluer,

1995 Longman Publishers USA).

  1. Дети-преступники: Воры, убийцы, террористы и попрашайки. Минск: Литература, 1996, 54-бет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Омашева Н.О., Бегімтаева Р.Ш. Қазіргі шетел журналистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000 ж.
  2. Ибраева Г. Ж «Типология детских передач на республиканском телевидении» (на примере Казахского телевидения), М.:  МГУ  им. М.В.Ломоносова, 
  3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник. 4-е издание. – Издательство Михаилова В.А., 2002.
  4. Шәріпқызы Р. Қазақша хабар тарататын шетел радиолары. ҚазМҰУ – Алматы: Қазақ университеті, 1997.
  5. Омашев Н.О., Ақпарат әлемі. Алматы: Қазығұрт, 2006
  6. Марциновская Л. Детская практическая психология. Минск: Гардариш, 2000.
  7. Лебедева А.И. Дети и подростки в мире книжной культуры. М., 1993
  8. Шыңғысова Н.Т. Қазақ теледидарындағы жастар бағдарламасы. ҚазМҰУ – Алматы: Қазақ университеті, 1999.
  9. Дети Казахстана о себе и своих правах: Альбоми/детский фонд ООН; Юнисеф. Алматы, 2002
  10. Дети – преступники: Воры, убийцы, террористы и попрашайки. Минск: Литература, 1996
  11. Есипова Л.А. Детская и подростковая гинекология. Москва: Медицина, 2001
  12. Дети Нового Китая. Пекин: Всекитайский народный комитет защиты детей. М. 1955
  13. Коломинский Я.Л., Панько Е.А. Детская психология. Минск: Университетская, 1988
  14. Барманкулов М.К. Телевидение: деньги или власть? Алматы, 1997
  15. Барлыбаева С.Х. Вещание на Азиатском континенте. Алматы, 1994
  16. Қожакеев Т. Журналист және өмір. Алматы, Мектеп, 1984
  17. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, 1994
  18. Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. – Алматы, Қазақ университеті, 1998
  19. Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды, 2001
  20. Рендалл Д. Универсальный журналист. Алматы: ЦШМЖ, 1996
  21. Крючечников Н. Выразительные средства фильма. – М.: Искусство, 1962
  22. Телевизионная журналистика. – М.: МГУ, 1994
  23. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003
  24. www.otv.com детский канал мысль о новой программе, автор -Дюй Пин
  25. www.sunyunxiao .net.cn
  26. Вэй чень ниан рен ба уху фа ( права для не взрослых,5 часть )
  27. Джун гуо щао ниан бао ( китайское детская газета), 2002
  28. China international radio station – китпайское международная радио станция.
  29. www.cctv.com детский канал: cctv-7.  
  30. Ер тонг вэн шуе (детская литература) автор-Джу Ши юань С68-97, «Джау ю цы диань» (словарь для обращения).
  31. «Ер тонг щинь ли щуе» (Детская психология) автор –Фенг Щиао щиа С132-165.
  32. Журнал «Джун гуо ер тонг»   (китайский     ребенок) 2004-8 «Современная   жизнь».
  33. «Щао ниан вен щуе» (молодежная литература)2004-3 газета «Щао ниан вэнь ши бао» (наук- гуманитарная газета   для детей ) 2004.
  34. «Щинь вэнь шуэ»( Учебник для журналиста) 2001
  35. www.google.ru
  36. www.childlib.org
  37. www.baidu.com
  38. .www.sohu.com
  39. internews.kz
  40. rambler.ru
  41. Маркс К. О пионерской отряде 6-2.К. Маркс // Смысл человечества К.Маркса»
  42. «2004 china»`(2004 Китай) 2004-5 Жанг Гуо Ланг
  43. Телевидение и дети.(из книги «Milestones in Mass Communication Research: media effects» by Shearon A. Lowery and Melvin L. DeFluer,

1995 Longman Publishers USA)

  1. Александров А. Среди веселых «Чижей» и веселых «Ежей» / Сб.: О литературе для детей.— Вып.—Л., 1974.—С. 153—154.
  2. Богатырева Ю.Н. Из истории создания печатной пионерской газеты (1922-1928 гг.). Л., 1972.
  3. Божий мир, ж/л, 1998-1999.
  4. Бурнакин А. Детские журналы / «Новое время», 22 июня 1912.
  5. ВЕСЕЛЫЕ КАРТИНКИ О ПРИРОДЕ. ЖУРНАЛ ДЛЯ ДЕТЕЙ «ФИЛЯ
  6. Детская литература. Учебное пособие /под ред. Николаева С., Арзамащева И.Н., М.: Академия, 1997.
  7. ДЕТСКИЙ САД Новый журнал для детей и их родителей поможет пробудить в ребенке желание посадить и вырастить свой урожай.
  8. Добролюбов Н.А. Обзор детских журналов /В.Г. Белинский, Н.Г.
  9. Чернышевский, Н.А. Добролюбов О детской литературе. М., 1954, с. 325.
  10. Добролюбов.Н.А. Полн. собр. соч. в шести томах. Т. М., 1936
  11. Колесова Л. Н. Детские журналы Советской России 1917-1977.
  12. КОЛОБОК И ДВА ЖИРАФА 40№ КОСТЕР. 1980-85.
  13. Маршак С. Собрание сочинений в 4-х тт., Т4., М. Правда 1990.
  14. Модзалевский К. Что такое книга и детский журнал и чем они должны быть. Русская школа, 1981, №4, с. 117-118.