АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: «Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Журналистика факультеті

Журналистика тарихы кафедрасы

 

 

 

«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………

 

І ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН……………

 

ІІ ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІНІҢ «АНА ТІЛІ» ГАЗЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ…………………………………………………………

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ…………………………………………

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

                                                                                                                 Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті. Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді — әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де әліпби — белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес, тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау 20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз – рунаға көшейік десе, төртіншілері «басты қатырмай, артық проблема туындатпай кирилше жаза берейік» дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры «Ана тілі» газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім.

                                                                                                                 Бітіру жұмысының мақсаты. Бітіру жұмысымның мақсаты  –  «Ана тілі» ұлттық басылымында жарық көріп отырған ғалымдардың, журналистердің материалдарын, ел ағаларының пікірлерін талдай, саралай отырып, жүйелеу, өз деңгейімде баға беру. Сонау 20-ғасыр басында Ахмет Байтұрсынов бастаған топтың әліпбиге қатысты айтқан ой-пікірлеріне бүгінгі, 21-ғасыр ұрпағының көзімен қарау, оны бүгінгі күнмен салыстыра талдау, менің бітіру жұмысыма артылған міндет. Ол міндетті абыроймен орындаған, орындамағаныма ғылыми еңбекті оқу барысында баға беретін боласыздар.

                                                                                                                 Бітіру жұмысының нысаны.  Бітіру жұмысы «Ана тілі» ұлттық басылымының материалдары негізінде, әсіресе әліпби ауыстыру мәселесі көтерілген кезден, яғни 2006-2008 жылдардағы жарық көрген мақалаларға сүйене отырып жазылып шықты. Бар салмақ та ондағы материалдар мен авторларға түсті.

Бітіру жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі. Бітіру жұмысы жоғарыда атап өткен газет материалдары мен белгілі тіл мамандары, тарихшылардың еңбектеріндегі деректерге сүйене отырып жазылды.

Бітіру жұмысының жаңалығы.  Баспасөз материалдарын жинақтап, саралап, талдап, оған баға беру арқылы «Америка ашып» немесе жаңадан шайтан арба ойлап таба аламын деп ойламаймын. Бірақ бір ғана «Ана тілінде» жарық көрген әліпби мәселесін  талқылаған материалдардың басын біріктіріп, олардың идеялық, тақырыптық, жанрлық ерекшеліктеріне тоқталсам, өзге басылымдармен салыстыра отырып талдасам, журналистика саласын зерттеуге қосқан азғантай ғана үлесім деп білемін.

Тәжірибелік құндылығы.  Журналистика өзінше бір ғылым  ретінде мойындалмаса да, оның жүріп өткен жолы, бүгіні мен болашағы бар. Журналистика факультетінде студенттерге әліпби мәселесінде журналистиканың тарихынан, оның жанрларлық ерекшеліктері мен пішіндерінен дәріс оқи отырып, қазіргі таңдағы жарық көріп жатқан материалдарға, мақалаларға талдау, сараптау жасай алуға үлгі бола алса, оның өзі үлкен дүние. Өйткені күнделікті баспасөз беттерінде қазақ халқының тарихы қатталып жатыр. Оған бағаны бүгін берсек, болашақ бағаны бізге берері хақ.

Зерттеу әдісі. ««Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы» деген тақырыпты ашу барысында талдау, саралау, салыстыру әдістері қолданылды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, екі тараудан, қорытынды, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Жалпы көлемі ,,,,,,бет.  

Бітіру жұмысының мазмұны. Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеттері айқындалса, негізгі бөлімнің бірінші тарауында әліпби мәселесінің өткені мен бүгінгі жағдайын тоқталса, екінші тарауда  дәл осы тақырыпты халық назарына ұсынуда «Ана тілі» газетінің ұстанған бағыттары мен материалдардың берілу пішіні қандай, қай авторлар көбірек қалам тербеді деген сұрақтарға жауап ізделінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау

 

 ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН

 

Қазақтың әліпби ауыстыруы қажет пе деген мәселе көтерілгенде алғышқылардың бірі болып үн қосқан, ғалымдар мен журналистердің пікірін оқырман назарына ұсынған басылым «Ана тілі» газеті болатын. «LATIN: бір адым алға ма әлде екі адым кейін бе?» деген айдармен Сабыржан Шүкірұлының, Бейбіт Жәлелұлының, Мекемтас Мырзахметовтің, Дастан Елдесовтың материалдарымен қоса, Бегулләһ Ә. ибн Алдамжар әд-Дөйти, Ғаббас Қабышұлы, Эрнест Төреханов секілді азаматтардың да  пікірлері беріліп отырды.

Мәселен, «Бағамдар болсақ, Елбасы Үкіметтен бастап тиісті министрліктер мен салалардың, әкімдіктердің мемлекеттік тіл мәртебесін қамтамасыз етуде байсалдылықпен батыл жұмыстар жүргізілулеріне жол ашып беріп отыр. Ал енді осы сөзден кейінгі аңсар мен бағдар қалай дегенге келер болсақ, көңілді қынжылыс кернейді. Тіл мәселесімен айналысатын тиісті орындар мен шашбаукөтергіш кейбір зиялы дегендер Елбасы сөзін шұғыл түрде ұлт әліпбиін латын таңбасына көшіруге берілген Жарлық деп қана ұғынып отырған сыңайлы. Олардың ақпарат жүзіндегі сөздері тек осы латын таңбасына «көшетін уақыттың жеткендігі» қазақ тілінің бүкіл күрделі істері осымен өз өзінен шешіле салатын сыңайлы» /1/ деген журналист Сабыржан Шүкірұлының пікірімен келіспеу қиын. Өйткені шынында да Президент аузынан «латын әліпбиіне көшсек қалай болар екен» деген сөздің шығуы сол-ақ еді, не талдау жоқ, не саралау жоқ біраз «атқамінгендер» латын харпіне көшу қажет, бұл күттірмес шаруа деп, оның артықшылықтарын жұртшылыққа дәлелдей бастады. Латын харпіне көшсек, қазақ тілінің айналасындағы барлық түйінді мәселелер өздігінен шешілетіндей қабылдағандар да болды. Бірақ бұндай пікірлерге  Бегуллаһ Ә. Ибн Алдамжар әд-Дөйти секілді азаматтардың пікірлері қайшы келді. Ол кісі былай деп ой өрбітеді, «Мәселен, мен араб әрпімен еркін жазатын Сәбит, Ғабит, Әбділдалардың кириллицаға келгенде, аяғына жем түскен аттай кібіртіктеп сала беретінін көрген кісімін. Мұндай жағдай бүгіндері шетелдерден келіп жатқан қазақтардың бастарында да бар. Міне, осыны ескерсек, Қадырданды Елбасымыздың: «…біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның плюстері мен минустарын зерделеуіміз керек», – деген сөзі өте орынды». /2/ Ал, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Эрнест Төреханов болса, «Әліпбиді ауыстырсақ, ел есін жиған кезде мемлекет өзінің алдына қойған бірінші кезектегі межелерінен аман-есен өткен соң, біржолата, яғни қазақ халқымен ғасырдан ғасырға ұласар төл әліпбиімізді неге енгізбеске?» /3/ деген ұсыныс-сауал тастайды. Орынды делік. Бірақ қазақпен ғасырдан ғасырға бірге жүрер төл әліпбиі қайсы болмақ? Бүгінде төрт бірдей нұсқаны ұсынып отырғандар бар. Олар: бірінші Латын харпіне көшейік дегендер, екінші төте жазуды ұсынушылар, үшінші көне түркі жазуы рунаны жақтаушылар және төртінші «аш құлақтан тиыш құлақ», кирилмен жаза берейік деушілер. Бір қызығы қазақ осы әліпбидің төртеуінде де жазып көрді. Енді сол өткен тарихтан сабақ ала отырып, болашақ үшін маңызды шешім қабылдайтын уақыт жетті.

Бірнеше ғасырлар бойы әліпби мәселесінің пікір-талас объектісіне айналып отырғандығына төмендегі материалдар дәлел бола алады.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы, ұстазымыз Мәрия Майлықұтованың  «Түркістан» газетінде жарық көрген «Алаш арыстарының латын әліпбиі жайлы пікірталасы» материаланда «Тарих беттеріне үңілсек жазу, әліпби мәселесі ауық-ауық пікірталас тудыррып отырған күрделі мәселенің бірі болып саналады. Қазақ даласына ислам дінімен бірге енген араб жазуы он ғасырдан астам қолданыс тапты. Қазақ жерін отарлап алған Ресей патшалығы түркі халықтарын рухани біріктіріп отырған араб жазуының орнына орыс жазуын енгізуді көздеді. Миссионер ғалымдар араб таңбаларының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін нақпа-нақ бейнелеудегі олқылықтарын көлденең тартып кириллицаға көшіруге әрекеттенді. XIX ғасыр басындағы қазақ оқығандары сан ғасырлар бойы пайдалынп келген араб таңбаларының кемшіліктерін жоюға тырысты. Олар өз ойларын «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» сынды басылымдарда ортаға салды» /4/

«Дала уәлаятының газетін» шығарушылардың бірі Д. Сұлтанғазин аталған басылымның 1899 жылғы 22,23 сандарында басылған мақаласында қазақ тіліне орыс әрпін пайдалану керек пе, әлде араб жазуын жетілдіріп қолдана беру қажет пе деген мәселені талқылайды. Автор қазақ халқы басқа түркі халықтары сияқты араб таңбаларын пайдаланып келгенін, оны оны тастап басқа әліпбиді аламыз дейтіндерге қосылмайтынын айта келіп: «Себебі қазақ білмейтін бір бөтен әліпби шығарғанша, бұрынғысын түзеткені жақсы», – дейді. Қазаққа орыс әріптерін енгізуді ұсынатын миссионер ғалым Н. Ильминскийге қатысты көзқарасын былай аңғартады: «Бір білімді адам Ильминский деген қазақ сөздерін орыс әріптерімен жазса керек, орыс әріптеріне бірақ өзгертсе керек дейді. Бұл кісінің сөзі де онша келісімді емес. Себебі бұл Ильминский орыс әліпбиіне көп латын әріптерін қосады және орыстың өз әріптерін бір түрлі қылып өзгертіп, орыс әліпбиін тым қиын қылып жібереді». Д. Сұлтанғазин қазақ сөзін жазуға өзгеріссіз алса, орыс, латын таңбаларының да сәйкес келе бермейтінін, жаңа алфавитқабылдағаннан  гөрі «қазақтардың не заманнан бері ғадет алып үйренген» араб әліппесін қазақ тіліне лайықтап бірақ өзгерту туралы ұсыныс жасайды. Осы мазмұндас пікірді 1912 жылы «Қазақ» газетінде басылған А. Байтұрсынұлының «Бастауыш мектеп» деген мақаласынан да аңғарамыз: «…қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб қарпін тастатып, орыс қарпін алдырамыз дейді. Сол үшін балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқысада орыс қарпімен оқысын дейді. Өкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, ал халыққа керегі – өз діні, тілі, жазуының сақталуы», /5/ – деп қазақтың дініне, тіліне, жазуына төніп келе жатқан қатерді ескертеді.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейіннен де әліпби мәселесі күн тәртібінен түспегенін сол тұстағы баспасөз материалдарынан көруге болады. Ал, КСРО құрамына енген түркі халықтарын араб таңбаларынан латынға көшіру мәселесі көтерілген тұста қазақ зиялыларының  арасында қызу пікірталас туындады. 1923-1929 жылдары қазақ баспасөзі «арабшылдар» мен «латыншылдар» пікірталасына кеңінен орын берді. «Еңбекші қазақ», «Ақ жол», «Сарыарқа», «Жаңа мектеп», «Жаршы» сынды басылымдарда Ахмет Байтұрсынұлы,  Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы, Елдес Омаров, Нәзір Төреқұлов, Әбдірахман Байділдин секілді арыстарымыздың аталған мәселеге қатысты жарияланымдары жарық көрді. Белгілі қоғам қайраткері, журналист Әбдірахман Байділдин «Еңбекші қазақ» газетіндегі «Біздің жобамыз» атты мақаласында Мәскеуде қызметте және оқуда жүрген қазақ жастарының латыншылдар ұйымын ашқанын айта келіп, күн тәртібінде бұл мәселенің қойылу себебін былай түсіндіреді: «Елді сауаттандыру керек. Бұл игі істі тездетуге араб әрпі жарамсыз, тез хат танытып, тез жаздыруға қолайсыз. Оның баспа ісіне де кедергілері көп. Саны 24-28, ал басуға, жазуға келгенде 100-ден асады. Шым-шытырық нүктелер көп, жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай оқылады, пән белгілеріне жарарлық таңбалар жоқ». /6/

Ахмет Байтұрсынұлы «Ақ жол» газетіндегі «Баспа қаріптерін түзету туралы» тақырыпты мақаласында «Әзірбайжан жобасы латын хәрпін алу болса, ол тіпті алынбайтын жобаға ғой. Халыққа хат таныта алмай жүргенде, хат білгендерімізден айырылып қалуымыз мүмкін», деген пікір білдіреді. /7/

Мәскеуде, Ташкенттте латыншылдар ұымдары құрылды. 1924 жылы маусым айында Орынборда өткен Қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде осы мәселе кең көлемде талқыланды. Съезде баяндама жасаған Ахмет Байтұрсынов түрік жұртының тоқсан пайызы араб таңбаларын пайдаланып келеді, әрқайсысының хат мәдениеті бар, бір әріпті тастап екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес, мұндай қаржы мен қайратқазақ түгіл, түріктің қай жұртында борлса да жоқ дегенді айтады.  Ғалым сол тұстағы қазаққа латын әліпбиіне көшуден гөрі, қазақ тіліне ыңғайлы жасалған өз әліпбиінің (төте жазудың) тиімді екенін жан-жақты ғылыми негізде дәлелдеуге тырысады. Аталған жиында латын әліпбиіне көшуді ұсынып Нәзір Төреқұлов сөйлеген сөзінде «Біз латын әрпін қазаққа күшпен алдырғалы отырғанымыз жоқ. Латын әрпі үйрену жазуға тым пайдалы, жеңіл. Түрік әрпінің біреуі төрт түрплі, латындікі бір ғана түрлі» деп араб таңбалаына қарағанда латын әліпбиінің баспа ісіне, бала оқытуға жеңілдігін дәлелдеуге тырысады. Осы съездегі қызу тартыс жайлы қаламгер Ерғали Алдоңғаров «Еңбекші қазақ» газетінде былай деп жазды: «Ахметті жақтап талай шешендер түрлі дәлелдер келтіріп, мысалыға қаріп белгілерін, сан белгілерін, қаріпті жию, теру жеңілдігін айтты. Латын қарпін қолдануға әлі ерте, орыс халқы алмағанда біз неге аламыз, қаріпке қызығып – мәдениетімізден айырыламыз деген түрде қарсылық білдірді».

Қаламгер Ерғали Алдоңғаров «Еңбекші қазақтың» жауапты хатшысы бола жүріпі, халыққа мәселенің мән-жайын түсіндіруді өзіне борыш санаса керек. «Өнердің  басы – әліпби» деген мақаласында «Заман талабы, өркениетке жету жолы – латын таңбаларына көшу болып отыр. Партия жолынан таймай, бірті-бірте осы әріпке көшкеніміз жөн, керітартпалыққа салынбалық», – деп басу айтады. /8/

Әліпби мәселесі жөнінде 1926 жылы наурыз айында Баку қаласында Түрік білімпаздарының сиезі болды. Аталмыш жиынға Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынұлы, Біләл Сүлейұлы, Елдес Омарұлы, Әзиз Байсейітұлы барды. Съезге түрік нәсілді ұлттардың көбінің өкілдерімен қоса Бартолбд, Олденбург, Крымский, Менсел сынды батыс халықтарының профессорлары да қатысты. Съезде қосымша баяндама жасаған Әлімжан Шарапұлы «…емле түзеу жүзінде түрік жұртының алдағысы қазақ. Қазаққа латынға көшіп көп қаражат шығын шығарудың қажеті жоқ. Латын қарпінің қазіргі қарпімізден артықшылығы шамалы» дегенді айтады. Ахмет Байтұрсынұлы  да азғантай күшімізді мектеп үйлерін салу мен оқулықтарға жұмсаумыз керек. Қаріп мәселесіне мұқтаждық туып отырған жоқ дегеннен танбады.

Майлықұтова М. «Түркістан» газетінде жарық көрген «Алаш арыстарының латын әліпбиі жайлы пікірталасы» деген материалында қазақ зиялылары арасындағы әліпби мәселесі айналасындағы даулары, пікір-таластары осымен біте қойған жоқ дей келе, 1927 жылы Қызылордада шыққан «Әліппе айтысы» деп аталатын жинаққа арабшылардың да, латыншылардың да пікірлері толық енгізілді. Ахмет Байтұрсынұлының араб әліпбиін жақтаған баяндамасы, Телжан Шонанұлының латын таңбаларын жақтап сөйлеген сөзін, сондай-ақ, Елдес Омарұлының, Әлімқан Ермекұлының, Мұстапа Бұралқыұлы, Абдулла Байтасұлы сынды қаламгерлердің де пікірлерін ұсынғандығын айтады.

1928-1929 жылдары латын-қазақ әліпбиінің жасаушыларының бірі Халел Досмұхамедұлы болды. Х. Досмұхамедұлы қазақ халқы қолданып отырған араб таңбаларын тастап, латын қаріптерін алуға қарсы болғандығын мынадай пікірлерінен аңғартады: «…Нәзір (Төреқұлов) айтқандай, менің латын әрпін алуға қарсы екенім рас. Бірақ латынға қарсы екенімді біле тұра маған латын әріптерінің жобасын жазып беруге тапсырған соң, сол жобаны жасағаным да рас».

Латын қарпіне көшуге байланысты пікір-талас 7-8 жылға созылды. Қазақ зиялыларының көпшілігінің қарсылығына қарамастан қазақ елі 1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Орталық кеңес комитеті IV сессиясының қаулысымен латын қарпіне көшірілді. Жаңа әліпті мерзімді басылымдар арқылы насихаттау бағытында Орталық Жаңа Әліпби Комитетінің 1929 жылы «Жаршы» журналын шығарды. 1935 жылы жаңа қаріпті насихаттау мақсатында «Төте оқу» газеті жарық көрді. Аталған басылым 1939 жылдың наурыз айынан 1941 жылдың сәуіріне дейін «сауатты болуға көмекші» деген атпен шығып келді. 1941 жылы «Жаңа жазу» деп өзгерді./9/

Араб әріптеріне негізделіп жасалған және заман талабын ескере отырып жетілдірілген қазақ жазуы Қазақстан өміріндегі ірі мәдени құбылыс болғанына қарамастан, 20-жылдардың соңына таман қазақ әліпбиі латыншаға   көші­ріле басталды.  Ахмет Байтұрсыновтың   атақты “Араб әліппесін жақтаған баяндамасы”, міне, осы кезеңге арналып еді. Әліпби ауыстырудың арғы сырын жақсы сезген Ахаң: “латын әрпін алу деген тіршілік мұқтаж қылғаннан ділгерлік қысып туғызып отырған мәселе емес”;  “араб әрпінен жасап алған әліпбиімізге  жер жүзінде әліпби баласы жетпейді”; “түрік жұртының 90 %-ы баяғыдан араб әрпін пайдаланып келеді”; “хат мәдениеті бар халыққа бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс  емес” деді.

Бірақ 1928 жылғы желтоқсанда қабылданған “Латын әліпбиі негізінде жаңа қазақ әліпбиін енгізу туралы” деп аталатын қаулыға орай 1929 жылдан бастап қазақ әліпбиі латын әрпіне күштеп көшірілді. Айқайы көп тапшыл қоғам араб әрпін ескінің көзі деп түсініп, жаңа  қауым­ды жаңа әріппен жарылқап тастауды ұйғарды. Мұның алды-арты ескерілген жоқ. Бұған дейін араб әрпімен жазылған ғылыми-әдеби еңбектер айналымнан шығып қалды,  оқу құралдары мен әдістемелік туындылар қоғамдық құрылыстан шеттетілді. Сөйтіп, арабша қаріптің қадірі кетті.     

                                                                                                                 Онсыз да Қазақстанның ерекшелігі ескерілмей жүргізілген жаппай ұжымдастыру мен ашаршылықтан, тәркілеу мен бей-берекет­тіктен сиреп қалған сауатсыз халықтың қалған бөлігі латын әрпіне еріксіз бас қойды. Оларға қара таныту міндетін сол кезде отызыншы жылдардың бас кезіндегі ойраннан аман қалған қазақ зиялылары  қолға алды.

Мысалы, көрнекті жазушы Бейімбет Майлин осы кезеңде латын әрпін үйренушілер үшін “Шала сауаттылар үшін оқу кітабы” (1929) деген еңбегін жазды. Ол 80 мың дана таралыммен бір жылда екі рет басылып шықты.  Бұдан кейін шала сауаттыларға арнап “Күш” (1930) атты тари­хи-танымдық оқулық шығарды. Ал Бейімбеттің “Жаңаша оқы, жаз!” (1931) кітабы  — әліппе үлгісінде жарық көрді. Абдолла Асыл­беков екеуі “1929-шы жылдың шаруа кален­дары”, Ілияс Жансүгіров, Әбдірахман Мұста­фин  үшеуі “1930 жылдың шаруа календары”  деген кітаптар құрастырды.

1933 жылы Бейімбет Майлиннің Ғабит Мүсіреповпен бірге жазған “Сауат үшін” деген кітабы жарық көрді. Аталмыш еңбек 1935 жылы “Букварь для ликбезников” деген атпен орыс тілінде де жарық көрді. Сонымен бірге  ол жазылуға тиісті жаңа оқулықтың негізін қалады. Бұл — Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Әміржан Ситдықов үшеуі жазған “Сауаттан­дырғыш” деп аталған сауатсыздар әліппесі еді. Осы оқулық үш жылда (1934-1936)  475 мың   дана таралыммен  шығып тарады./10/

Сондай-ақ латын әліпбиіне бет бұрған Қазақстанда сол кезде Жаңа әліп кіндік комитеті құрылып, оның үні ретінде “Жаршы” журналы жарық көрді. 1929 жылдан бастап мерзімдік басы­лымдардың  кейбір мақалалары, жекелеген беттері ішінара латын қарпімен шығарылды.  Газеттерде латын әліпбиі жиі беріліп тұрды. Сауат ашып жатқан адамдардың оқуына ыңғай­лы шағын хабарларға көбірек орын берілді.

Филология ғылымдарының докторы   Серікқали БАЙМЕНШЕ, мұның бәрі бір әліпбиден екіншісіне ауыс­қан кезеңдегі қиындықты жеңілдетуге қызмет етті. Тұтас бір ұрпақтың жаңа әліппен сауат ашуының бастауында  тұрған жоғарыда аталған оқулықтардың құрылымы, сауат ашуға үйрету тәсілдері, үйренген әріпті тиянақтау үшін қосымша материалдар беру әдісі, сондай-ақ  осы кезге тән басқа да ұйымдастыру іс-шаралары  қазір мүлде  қажетсіз деуге болмайды.  Зерделеп көрсе, кәдеге жарауы кәдік. Әліпби әзірлеу барысында һәм соған сай оқулық  түзбекке ниеттенгенде,  алдымен өзімізде болған осындай үлгілер ескерілгені  абзал дей келе, сайып келгенде, 1929 жылғы латыншаға көшу  – халықтың өз таңдауы емес еді деп тоқтам жасайды.

1940 жылғы 10 қарашадан бастап,  қазақ жазуы латын әрпінен орыс графикасына негізделіп, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан жаңа әліпбиге көшті. Латыншаға көшуге қарағанда, кириллицаға көшу Қазақстанда айтыс-тартыссыз жеңіл жүрген сияқты. Оның себебі белгілі болатын. Ұлттың әліпби хақында өзіндік пікір айтып, қарсылық білдіреді-ау деген үлкен тобын  отыз жетінің ойраны жайпап өткен. Соғыс қаупі төніп келе жатты. Осының бәрі жаңа әліпбидің ың-шыңсыз өмірге енуін тездетті. Біраз уақыт жеке хат-хабарларда екі әліп қатар жүріп отырды. Сөйтіп, қазақтың ки­риллица негізінде түзілген, 42 әріптен тұратын,  орыс тілінде кездеспейтін 9 ерекшелікті дыбысы бар  жаңа жазуы пайда  болды.

Әліпби мәселесіне қатысты қосымша мына деректі айта кетуге болады. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының “Ұйғыр жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы негізінде жасалған жаңа ұйғыр алфавитіне көшіру туралы” 1947 жылғы 4 ақпандағы  қаулысында: “Ұйғыр колхозшыларының, жұмысшыларының және интеллигенциясының ұйғыр жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы негізінде жасалған жаңа ұйғыр алфавитіне көшіру туралы тілегі қанағаттандырылсын” дей келіп, жаңа ұйғыр  әліпбиі Қазақ ССР Министрлер Советі ұсынған 41 әріптен, соның ішінде орыс алфавитінен өзгертілмей алынған 33 әріптен және ұйғыр тілінің ерекше дыбыстарын белгілеу үшін алынған қосымша 8 әріптен құралатындығы айтылған.  Бұл сол кездегі кеңес еліндегі ұлттардың бәріне ортақ, орыс әрпіне негіздеп әліпби жасаудың тағы бір мысалы еді. /11/

Қазақстанда  жаңа латын әліпбиіне көшу мәселесі көп уақыттан бері айтылып та, жазы­лып та келеді. Кейбір басылымдарда жекелеген авторлар болашақ әліпбидің үлгілерін де жария­лаған.  Сондай-ақ қазіргі күндері “ҚазАқпарат” агенттігінің өз хабарларын  шетелдердегі қазақтар үшін Интернет сайтында латын әрпімен жариялап келе жатқаны да мәлім.

Бұл біздің қоғамның әліпби өзгертуге, соның ішінде латын әрпін таңдауға қай тұрғыда болса да  әзір екенін білдірсе керек. Қазіргі латыншаға көшу мәселесін бірқатар адамдар баяғы латын әліпбиіне қайта оралу деп жүр. Шартты түрде оралу болғанымен, нақты алғанда бұл жолғы әріп ауыстырудың баяғы латыншалаудан  айыр­машылығы бар екенінде талас жоқ. Өйткені, қазақ тілінің қазіргі сөздік  құрамы  мен негізгі сөздік қоры байып жетілді, дамып өзгерді. Сондық­тан бұрынғы қазақшаланған латын әріптерімен қазақ сөзінің бүгінгі жеткен биігін, емлелік өресін, грамматикалық құрылымын бей­нелеу  оңай емес. Алайда бұл бұрынғы латын­ша бейнеленген қазақ әріптерін мүлде жоққа шығару дегенді  білдірмесе керек. Болашақ әліпбиде көне латыншаның бүгінгі жазу ережесіне үйлесетін, үйренуді қиындат­пайтын, тұтас ұрпақ сауатын ашып, көзқарақты болған кириллицадан көпшілікті қашықтат­пайтын әріптері іріктеп пайдаланылатыны сөзсіз.

Мәселен, ескі латынша әліпбиде қазіргі “қ”, “ғ”, “г” әріптерінің кіші түрі өзара ұқсас келеді (q,g),  ал “к” әрпі кириллицадағыдай “к” болып жазылады. “К” мен “қ”-ның ағайындас екенін ескеретін болсақ,  келешекте мұндай қатаң дауыссыз  дыбыстардың ұқсас таңбалануы ұмытылмауы керек. Және қазіргі ақпараттық кеңістікте танылмай отырған, орыс тілінде жоқ ерекшелікті  тоғыз қазақы әріптің тағдыры да дұрыс шешілгені жөн.

Бұрын бүгінгі “ү” – “y” болып, “ұ”  – “и” болып, “у” – “v” (кіші әріптері) болып таңбаланды. Жіңішке-жуан дауысты дыбыстар – “ү” мен “ұ”  тамырлас тұрғандықтан,  алдағы уақытта бұл жәйт те жадымызда болуы шарт. Оның үстіне, тәжірибе көрсеткендей,  қазақ тілін үйренушілер тарапынан көп жағдайда осы “ү”, “ұ” және “у” әріптерінің қолданылуын дұрыс айыра алмау көбірек қиындық тудырып жүргені байқалады.

Әліпби түзгенде  ең алдымен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін, қазақ тілін басқа ұлттардың да оқып жүргендігін, оқып-үйренетіндігін ұдайы ескеріп отыру қажеттілігі осыдан шығады.

Емлелік орайда да ойланатын түйткілдер бар.  Айталық, бұрын “тарату” деген сөз  “таратұу” (taratuv), “санасу” деген сөз “санасұу” (sanasuv), “ұйымдастыру” деген сөз (ujьmdastьruv), “партия” деген сөз “партыйа” (partьja),  “коми­теті” деген сөз “kәmіjtetі” болып жазылған. Егер бұрынғы латыншаның ыңғайына кетсек, осылай жазуымыз керек. Бірақ бұл бүгінгі шындықтан шегіну, қазақ тілінің кириллицамен көгерген грамматикалық биігін төмендету болар еді. Өскелең ел  жазу мәдениетінің мұндай  жолын таңдай алмаса керек.

Сол сияқты көне түркі (руникалық) әліпбиін, арабшаға негізделген әліпбиді ұсынушылар да ең алдымен қазақ тілінің қоғамдағы қазіргі және келешектегі  рөлін көз алдына елестете білгені жөн. Бұл әліптерді екінің бірі біле бермейді, олар ғылыми ортаға ғана  таныс. Бұларды алатын болсақ, нағыз қиындық сонда туады.  

Ал латын әріптері мектеп көрген кез келген ұлттың өкіліне жылы ұшырайды. Математика мен философиядағы, филология мен медици­надағы, тіпті  кез келген ғылым саласындағы орыс тілі арқылы енген жүздеген-мыңдаған тер­миндердің түп-төркіні латын тілінен шыққаны да қазақтың жаңа әліпбиіндегі әріптерді өгейсітпейді, қайта жұртшылықты өзіне тарта түседі. Өйткені, латын әріптеріне негізделетін болашақ жаңа әліпбидің ең басты мұраты – ұлттық оқшаулану емес, халықтық бірлік. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттардың өкілдерін мемлекет құрып отырған ұлттың тіліндегі мемлекеттік тіл төңірегіне топтастыру. Президентіміздің “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген ұлы идеясының нақты жүзеге асатын сәті де осы  кезең.

Қазақ тілінің кейбір жанашырлары тара­пынан латыншаға көшу мемлекеттік тілді меңгеруді  кідіртеді деген пікірлер естіліп қалуда. Орыс тілді баспасөздің бірқатар жарияланым­дарынан қазақ әліпбиін жаңаша әліпке ауыстырудың  бірыңғай қолдау тауып  отырма­ғанын байқаймыз. Біздіңше, мұның бәрі тәуел­сіз еліміздің жаңа әліпбиге көшу арқылы  алға қойып отырған түпкі мақсатын, мемлекеттік мәртебедегі қазақ тілінің келешек келбетін дұрыс бағамдай алмаудан туып жатқан сияқты.

Шындап келгенде, латын әрпіне негізделетін болашақ  әліпби — қазақтың өз әліпбиі. Бұған бұрынғыдай партиялық-идеологиялық өктемдік жүргізуге, қоғамдық пікір тудырған сияқты болып, науқаншылдыққа айналдыруға ешқан­дай ішкі-сыртқы  күштердің құқығы жоқ. ХХ ғасырдың бас кезінде өзінің араб әрпіне негізделген әліпбиін жасап алып, пайдаланып келген, осы әліпбимен ұрпағы өсіп-жетілген қазаққа кезінде латиница мен кириллицаның күштеп таңылғаны,  соның  салдарынан ұрпақ­тардың байланысы үзіліп қалғаны жасырын емес. Бір ғасырдың ішінде үш түрлі жазылған сан түрлі құжаттан, бай әдебиеттен, т.б. жазба ескерткіштерінен сол ғасырдың өз ұрпағы  мүлде бейхабар қалды. 1940 жылдан арғы тарихқа бару үшін екі әліпбиді білуге тура келеді. 

Енді дербес, тәуелсіз ел болған соң, Қазақстан неге өзінің төл жазу мәдениетін жасамауы керек? Қазақ қазақ болғалы әліпби тағдырын өркениетті тұрғыда шешу бірінші рет сол халықтың өзіне бұйырып тұрған   осындай  сәтте сөзден гөрі нақты істер, жаңа әліпбиімізді қайтсек мінсіз етіп сапалы жасаймыз деген келісті ұсыныс-пікірлер  үстемдік құруы керек деп ойлаймыз. Бұл —  ең алдымен қолына қалам ұстап, қазақша жазып жүрген азаматтарға  сын. 

Сондықтан бізге ХХІ ғасырдың күллі тынысын бойына сіңірген, жаһандану талабын ескеретін, он бес жылдық тәуелсіз тарихы бар жаңа тұрпатты Қазақстанның бүгіні мен болашағын толық бейнелей алатын  жаңаша, өзіміздің төл әліпбиіміз қажет. Сол себепті отандастар санасында баяғы латыншаға оралу идеясынан гөрі, тәуелсіз елдің өзі толғатып тудырған еркін жазуы елестеуі керек һәм   болашақ жаңа әліпбиге  де сол биіктен, сол деңгейден қарап, өткенге жалтақтамай жаңаша  келіп, жаңаша жасауымыз қажет. Төл әліпбиіміз тертені теппейтіндей, елде орныққан ұлтаралық татулық пен халықтық ынтымаққа салқынын тигізбейтіндей, мемлекеттік тілді үйренушілерді үркітпейтіндей болуға тиіс. Демек, латын әрпімен жаңа әліпби түзу, оны қолданысқа енгізу – оңай  іс емес екендігі осыдан сезіледі. Президенттің  мамандарға бұл  мәселені  жарты жыл ішінде байыпты зерттеп, нақты ұсыныс жасауға тапсырма бергені де сондықтан болса керек.

Біздіңше, латын әріптерін игеру  қазақтар үшін де, басқалар үшін де елеулі қиындық тудырмайды. Толық көшу кемі 10-15 жылды қамтитыны сөзсіз. Алғашқы қадам мектептің бірінші сыныбынан басталуы мүмкін. Қазақша сауатты адам жылдам үйреніп алатынына дау жоқ. Сондай-ақ Қазақстан кириллицадан дәл бүгін қол үзгелі жатқан жоқ. Екі әріп ұзақ уақыт қатар жүретін болған соң,  1940 жылдан бергі ешбір құжат ескерусіз қалмайды,  ұрпақтар  байланысы да үзілмейді.

Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің дамуымен де тығыз байланысты жүргізілетін іс деп ойлаймыз. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назар­баевтың  Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзін талқылауға байланысты өткізілген Парламент Сенаты Аппа­р­а­ты мемлекеттік қызметшілерінің кеңесінде баяндама жасағанда әріптестерімізге мынадай ойымызды білдіріп едік: “Латынша әліпбиге көшкен кезде әр адамның қазақ тілін жақсы білуі керек болады. Егер қазақша білмесе, ол қалай латынша оқиды, жазады, бір сөзбен айтқанда жұмыс істей алады? Сондықтан әзірге мүмкіндік бар кезде, мемлекет  жан-жақты қол­дап отырғанда, тегін курстар жұмыс істеп тұр­ғанда мемлекеттік тілді дәстүрлі кириллицамен шын мәнінде оқып үйреніп алу керек. Ертең кеш болуы, не қиын болуы мүмкін. Мұндай қиындықты бірде бір отандасыма тілемес едім”.

Кім біледі, бәлкім Қазақстаннан соң Ресей де әліпбиін латыншаға бейімдей бастар,  Еуразиялық кеңістік тұтастай осы жолды  қалауы мүмкін.  Латыншаға негізделетін жаңа әліпбидің жаһандану дәуіріндегі  болашағы нақты көзге көрініп тұрғанда, бұл болжамдардың ешқайсысын да жоққа шығара алмайтынымыз анық.  

Түйіндей айтқанда, Қазақстанда жаңа әліпбидің сапары басталды.  Әліпби жайына өте-мөте маңыз берген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов бұл істі “Салақ қарауға болмайтын салмақты мәселе” деп бағалаған.

Бұл филология ғылымдарының докторы Серікқали Байменше ағамыздың пікірі. Сонау ХІХ ғасырдың басындағы әліпби мәселесіне қатысты ғалымдар мен зиялылар пікір-таласы қайта жанданды. Қазаққа әліпби ауыстыру қажет пе, қажет емес пе? Қажет болса, қай әліпби қазақтың жамбасына оңтайда келеді деген сансыз сұрақтарға жауап ізделіне бастады? Әр ғалымның, қоғам қайраткерінің, журналистердің айтар пікірлері де, ойлары да алуан түрлі. Әркім өзінше дәлелдейді.

Баспасөз беттерінде ортақ мәселеге үн қосып жүрген азаматтарымыздың бірі Төреғали Тәшенов былай деген пікір білдіреді.

1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиін қолданған Қазақстанда қайтадан латын жазуына көшу мәселесі алғаш 1993 жылы көтерілді. Оған сол жылы Анкара қаласында өткен түркі халықтарының латын жазуына көшу мәселесіне арналған тіл мамандарының мәслихаты түрткі болған еді. Осы жиында мамандар түркі халықтарына ортақ 34 әріптен тұратын латын әліпбиін жасап, қабылдаған. Міне, содан бергі 14 жылда елімізде әліпби өзгертуге қатысты қоғамдық талқылау тыйылған емес. Бұл екі арада Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырым татарлары мен гагауыздар латын жазуына біржола көшіп алды. Татарстан да қазір дайындық үстінде. Әзірге әліптің артын бағып отырған – Қазақстан мен Қырғызстан.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған тілдің «үштұғырлығы» мәдени жобасынан бөлек, еліміздің болашақта латын әліпбиіне көшетіні түбегейлі анықталғандай. Елбасы кириллицамен бірге латын жазуын қатар қолдануды қолға алу керектігі жөніндегі өз пікірін нықтап айтты. «Қазақ тілін орыс тілінің ықпалынан алып шығып, келесі сатыға көтерудің жалғыз жолы осы – латыншаға көшу» дейді латын әліпбиін бір-ауыздан жақтаушылар. Ендеше, бұған не кедергі? Кедергі сол – латын жазуына көшуде ортақ шешімге келе алмай, зиялы жұртшылық пікірі екіге, үшке, тіпті төртке жарылып отыр. Баз біреулеріміз «латынға көшу көп қаржыны талап етеді. Оның үстіне кириллицамен жазылған рухани құндылықтарымыздан айырылып қалмаймыз ба? Себебі халықтың тең жартысы базарда жүргендіктен, сауат ашуға қолдары да тимейді» деп уайымдаймыз. Енді біреулеріміз «латын қарпіне көшу үшін халықтық референдум өткізу керек» дейміз. «Қазақ халқы қолданбаған жазудан қытай иероглифі ғана қалыпты. Қазіргі қолданып жүрген жазуымызды қыпшақтар Кирилл мен Мефодий тумай тұрып пайдаланған. Ата-бабаларымыз грек жазуын 5-7 ғасырларда-ақ біліп, византиялық грек әліпбиін қолданған. Кириллицаны славяндарға түркілер үйреткен». Бұл – кириллицаны жақтаушылардың пікірі. «Үкіметте латын жазуына көшудің ғылыми бағдарламасы жоқ. Қазақ тіл ғылымы дайын емес. «Латын жазуына көшсек, орыс тілінің ықпалынан құтыламыз» деуіміз дұрыс емес. Біз латынға көшкенмен, Ресейдегі 1 миллион, Моңғолиядағы 90 мың қазақ славян жазуында, Қытайдағы 2,5 миллион қазақ арабшада қала бермек. Сонда латынша Еуропадағы 10-15 мың қазаққа ғана қажет пе? Оның үстіне еліміздегі орыс мектептері, оларда оқитын он мыңдаған қазақ балалары орыс жазуында қалады». Бұл да сол – кириллица жағындағылар. «Ақыры әліпби өзгертеді екенбіз, онда ата-бабамыздан қалған сына жазуы – көне түркі әліпбиіне көшейік. Тәңірі дінінің ұстанымдарын тірілтейік» дейді мүйізі қарағайдай атақты ағаларымыздың бірі. «Егер латын жазуына көшуді өркениеттің белгісі десек, онда алдымен жапондар көшуі тиіс еді. Көне түркі жазуының белгілерінде көшпенділердің рух-коды бар. Біз осы жазу-кодымызды жоғалту арқылы осындай бейшара күйге түстік» дейді оны қостаушы тағы бір атақты ағамыз. «Қазақ – көне түркінің қара шаңырағында отырған халық. Көш бастау міндеті бізде. Қазақ бастап сына жазуына көшсе, ертең түрік те, өзбек те, әзірбайжан да өзі келіп қосылады. Жебірейлер бес мың жыл бұрынғы жазуын қалпына келтіріп отыр. Біз кімнен кембіз» дейтін біраз ғалым-тілшілер тағы бар.
Біз қоғамдық пікірді ғана ортаға салып отырмыз. Бірақ бір нәрсе анық. Тарихтан білетініміздей, әліпби саясаты қашанда дін саясатымен қатар жүрген. Білетіндердің айтуынша, қазіргі латын жазуына деген жаппай көшудің өзінде де ұлы римдік саясаттың ұшы қылтияды. Ал егер ғайыптан ұлттық жігеріміз күрт оянып, сына жазуына көштік дейік, оның артынан міндетті түрде тәңірі дініне қайтып оралу саясаты бас көтеретінін көңілі соқырлар ғана сезбесе керек. Бұл бізге керек пе? Ал біздің әзірге әліпби өзгертуге әзірлігіміз «алдымен көшіп алайық, сосын көре жатармыз» деген экспериментке ұқсайды./12/

Қазіргі таңда латын әліпбиін жақтаушылардың қатарында филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек те бар. Ғалымның пікірінше, қазіргі әліпбиімізді “қазақ әліпбиі” деп атаудың еш реті жоқ. Өйткені, ол “қа­­зақ әліпбиі” емес, “қазақ-орыс әліп­биі”, тіптен ақиқатын айтсақ, “орыс-қа­зақ әліпбиі” десе де болады. Өйткені, әліп­биіміз бір тілдің емес, әлдеқашан қос тілдің әліпбиі болып орнығып алды. Латынға қарсы мамандар “құдай бере салған 42 әріптен айрылып қаламыз, сол 42 әріп арқылы кез келген сөзді жаза бе­реміз” дегенді алға тартады. Орыс жа­зуы­нан айрылып қалсақ, далада қала­тын­дай сезінеміз. Біріншіден, ешбір мем­лекет, ешбір ғылыми жұртшылық әліпби санының (құрамының) көптігін айтып мақтанбайды. Әріп саны көп бол­ды деген сөз – ол тілдің әліпбиінде бір кем­шілік бар деген сөз. Әріп саны не­ғұр­лым кем болса, ол солғұрлым жетіл­ген әліпби болып саналады. Латын әліп­биіне байланысты қосақ арасында ағыл­шын жазуына ұрса беруге болмайды. Ке­­рісінше, ағылшын жазуының тәжіри­бесін пайдалану керек. Өйткені, олар аз таң­бамен көп дыбысты белгілеудің ұтым­ды амалын көрсетіп отыр. Емле-ережесі күрделі болғаннан ағылшын жа­зуы түк те ұтылып отырған жоқ, қайта, әлеми ақпараттық кеңістікке бі­рін­ші болып шығып, қай салада бол­ма­сын көш ба­сын­да келеді. Жақсы, орыс жазуы ар­қылы енген сөздерден айрыл­ғы­мыз кел­мейді екен, айрылмай-ақ қояйық. Ал бі­рақ орыс тілінен енген дыбыстарға ар­найы таңба іздеп әуре болмау керек. Оның амалын тағы да ағылшын жазуы­ның тәжірибесі көрсетіп отыр. Ағыл­шын­­дар да орыс тілінің сөздерін пай­да­ланбай отырған жоқ, пайдаланып отыр. Алайда сол үшін қосымша таңба іздеп, әлек болып жатқан жоқ. Өздеріндегі бар таңбаны пайдаланып, емле-ереже жолы­мен өзге тілден енген сөздерді жазып пай­даланып отыр. Ендеше, латын әліп­биі арқылы орыс сөздерін қалай жаза­мыз деп сары уайымға салынудың керегі жоқ. Осыған байланысты есте болатын нәрсе, ешбір мемлекетте кірме сөздердің жазылуына деп қосымша таңба ойлап таппайды, не де болса өз әліпбиінің құ­ра­мынан шығады. Кірме дыбыстарға бола жаңа таңба алу деген тек бұрынғы одақ құрамындағы түркі республикала­рында ғана болды, олардың ішінде біз де бармыз. /13/

Жоғары да айтқанымыздай, әліпби төңірегіндегі дау әлі біткен жоқ. Осыдан бір ғасыр бұрын қызу талас пен тартысқа түсіп, халықты күштеп латын қарпіне ауысумен аяқталған еді. Бүгін де тарих қайталанып отыр. Ай-шайға қарамай латынға көшіп кеткісі келіп отырғандар аз емес. Латынға көшудің бір ұшы жаһандануға барып тіреледі. Бізден сұрамай-ақ, жайлап алған жаһандану, латын әліпбиі қазаққа не береді? Бұл сұраққа жауап беруде өткен тарихқа, тіпті көршілес отырған өзбектерге қарап сабақ алсақ дұрыс болар ма еді?!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау

 

ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІНІҢ

«АНА ТІЛІ» ГАЗЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ

 

Әліпби ауыстыру деген мәселенің басы қылтиғаннан бастап, өз үндерін қосып, өзге ғалым, мамандардың пікірлерін беріп келе жатқан «Ана тілі» газеті. Бұл басылымда әртүрлі жанрдағы, пішіндегі материалдар «LATIN: бір адым алға ма, әлде екі адым кейін бе?»,  «Тіл мінбері» деген айдарлармен топтастырылып беріліп отыр. Солардың бірі «Ата бар да, заты жоқ» деген тақырыппен жарық көрген филология ғылымдарының докторы Ләззат Дүйсембекованың материалы.

Өткен жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «латын әліпбиіне көшудегі Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және басқа да елдер тәжірибесін үйрене отырып ғылыми зерттеу жүргізу» деп аталатын бағдарлама жасады. Осы бағдарламаның «Өзбекстан және Қазақстан: латын әліпбиіне көшудің тілдік тәжірибесі» атты ғылыми жобасы бойынша зерттеу жұмыстарын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жүргізді. Сол зерттеуге қатысқан ғалым Л. Дүйсенбекованың материалында латын әліпбиіне көшудегі Өзбекстан тәжірибесін талдай келе былай дейді, 1993 жылдың 2 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісінің ХІІІ сессиясында «Латын графикасына негізделген өзбек әліпбиіне көшу туралы» Заң қабылданады. Латын әліпбиіне көшу үшін үкімет екі жыл мерзім белгілейді. Латын әліпбиіне көшудің 1995 жылға дейін мемлекеттік бағдарламасы жасалады. 1993 жылдың 12 қазанындағы «Халқ сузи» газетінде латын графикасына негізделген өзбек әліпбиінің алғашқы нұсқасы жарияланады. Латын графикасына негізделген өзбек әліпбиінің алғашқы нұсқасында жалпы саны – 31 әріп және бір белгі ‘ (апостроф) болды. Республикада латын графикасына негізделген өзбек әліпбиіне көшу үдерісі басталғанмен екі жыл мерзімге деп жоспарланған мемлкеттік бағдарлама жүзеге асырылмай қалады. Себебі, әліпби ауыстыру 1995 жылға дейін аяқталмай қалады. 1995 жылдың 6 маусымында Өзбекстан Республикасы  Жоғарғы Мәжілісі «Латын графикасына негізделген өзбек әліпбиіне көшу туралы заңға өзгерістер енгізу туралы» Қаулы қабылдайды. Латын әліпбиіне көшуді 2000 жылға дейінгі мерзімге, яғни тағы бес жылға созады. Өкініштісі. Өзбекстан Республикасында латын графикасына көшу процесі 2005 жылға дейін де аяқталмайды. /14/

Өзбек көршілеріміз латын графикасына көшу реформасына тағы да бес жыл беріп отыр. Мақала авторы Өзбекстанның латын әліпбиіне көшу тәжірибесіне сараптама жасай отырып төмендегі мәселелерді атап өтпесе болмайтындығын айтады:

  1. Өзбекстанда латын әліпбиін өзбек мектептері ғана қолданады, орыс мектептері латын әліпбиіне көшпеген, бұрынғыша кирилл әліпбиімен отыр. Орыс мектептері: «Біз орыс тілінде білім береміз, орыс тілі кирилл әліпбиі арқылы оқытылады, орыс тілінің тұғыры Ресейдің әліпбиі – кирилл, сондықтан латын әліпбиін қолданбаймыз», – деген уәж айтады. Өзбекстан үкіметі өз жерінде орыс мектептеріне латын әліпбиін міндеттей алмай отыр. Бүгінде Өзбекстанда 26 млн. халық тұрады. Халықтың 80 пайызы – өзбек. Енді осыны Қазақстанмен салыстырып көріңіз. Біздің жағдайымыз өзбектерге қарағанда әлде қайда мүшкіл болмақ.
  2. Бір проблемадан екіншісі туындайды. Өзіміз қазақ мектептерін аяғына тұрғыза алмай, оларды орыс мектептерінің деңгеіне жеткізе алмай жатқанда әліпби ауыстыру арқылы тағы да артта қалдырғалы отырмыз.
  3. Латын әліпбиінің қиындықтарынан қашқан ата-ананың баласын қазақ мектептеріне алып, орыс мектептеріне бермесіне кім кепіл?

Мақала авторы осы секілді және ғылым мен білімнің дамуына, оқулық мәселесіне әкеп тірейтін біраз проблемаларды басып айтады. Тіпті өзбекстандық ғалымдармен пікірлескенімізде дейді ғалым Л. Дүйсенбекова, – «біз көшіп алып жақсы болдық, сендер де көшіңдер» деген сөздер ауыздарынан шыққан жоқ. Оның орнына: «Ойлану керек халықтың пікірін ескеру керек, біз жаппай сауатсыздыққа ұшырап, әрі-сәрі күй кешіп отырмыз, халықты әуреге салып, ғылыммен т.б. мәселелермен айналысқанның орнына мекемелерге барып, елдің сауатын ашып әріп үйретіп жүрміз, өзіміздің де үйреніп кеткеніміз де шамалы, елге барып үйреткенімен жазудың бәрін бұрынғы әліпбимен жазып отырмыз», — деген секілді көптеген ойлардың біздің ғалымдарға да ой тастағанын жеткізеді.

Бұл мақаланың бас көз жоқ латынға көшсек қарық боламыз деушілерге біраз ой тастары шындық. Өйткені елбасы аузынан латынға қатысты ойдың шыққаны сол-ақ еді, «шаш ал десе, бас алатын» шенеуніктердің Қазақстанды ертең-ақ латын әрпіне көшу қажеттігін дәлелдеп бағуда.

Ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі мәселелрді шешу кезінде міндетті түрде көршілердің тәжірибесіне көз тастап, сабақ алу заңды дүние.  Біррақ кейде бұл жалтақтауға да айналып кететін секілді, өйткені Қазақстан секілді бай елді Ресей «өз ықпалынан» шығарып алмас үшін кириллица қалғанын қалайды. Ал АҚШ бастаған батыстың ұлы державалары латын харпін тықпалауды. Бұл баяғыда басталған дүние болатын. Оған көше-көшелерде жарқ-жұрқ еткен латын харпімен жазылған компаниялар мен фирмалар, банктердің атаулары. Осылай жайлап өз мүддемізді тықпалай берсек, әйтеуір бір күні айтқанымызға көнетін, айдағанымызға жүретін болады деген пиғылды байқау қиын емес. Латынды қолдаушылардың ең басты аргументі – құдай бұйыртса, компьютердің құлағында ойнайтын боламыз дейді. Иероглифпен жазып келе жатқан Жапонияның ақпарат заманында көштен қалып жатқанын көріп отырғанымыз жоқ. Яғни, бұл – әлсіз аргумент. Латыншылардың келтіретін екінші аргументі – орыстың ықпалынан құтыламыз дейді. Бір қасқырдың аузынан екіншісіне ауысқанда біз үшін не өзгереді? Қосылғыштардың орнын өзгеркенмен қосынды өзгермейді. Жоқ, өзгереді. Нәтижесі нашар. Олар: сауатсыздық, ел арасындағы алауыздық, ұлттық құндылықтардан айырылу…

«…Біз бір кездері кириллицаға көшіп, «орыстандып», «христианданып» кеткен едік. Енді латынға көшкен жағдайымызда амалсыздан ағылшынданамыз, «католиктенеміз»» /15/ бұл «Ана тілі» ұлттық басылымында жарық көрген Бегулләһ Ә. ибн Алдамжар әд-Дөйтидің «Латынға Исраил көшеді ме?» деген мақаласы, жан айғайынан мысал. Қазақстанның қазір бірнеше оттың ортасында қалып, ұлт тағдырындағы маңызды шешім қабылдай алмай дағдарып тұрғанымызды баса айтып, «Әлде біз тағы да бүгінгі гео-саяси хал-ахуалды пайдаланып, АҚШ, Ватикан, қала берді «Майкрасофттардың» жүргізіп отырған, ел-жұртты еріксіз латынға итермелейтін арамза саясатының құлы болғанды мақұл көреміз бе? Бұдан кешегі Кеңес тұсында орыстанғанымыз сықылды, халықтың рухы мүлдем өзгеріп кетпей ме?» сауалдарды жаудырады. Бұған қалай жауап береміз, ең бастысы не деп жауап бере аламыз?..

«Түп бастауын ежелгі грек жазуынан алатын кириллица мен латыншаның қайсысына көшсек те, біз түптің түбінде  ислам мәдениетінен алшақтап кетеміз. Ал бұл халықтың діні мен жан дүниясы өзгереді деген сөз. Одан кейін қазақты бүгінгі халықтың атауы ретінде қолданудың өзі қолайсыз боп қалады. Бұған бүгіндері испанданып кеткен Латын Америкасындағы халықтар бірден-бір мысал. Осыны ескере отырып, біз осы арада бірден бір тура, бірден бір төте жолды таңдасақ,  саяси жақтан ұтамыз. Оны дәлелдейтін. Қазір бір кездері Қеңес Одағының құрамында болған елдердің латынға көшуін Ресей империясы жақтырмайды. Ал латынға көшпегендерді АҚШ; Ватикан, Түркия сықылды  елдер соған еріксіз мәжбүр етуге биттерін салып жүр. Біз бүгінгі таңда осындай екі оттың ортасында тұрмыз. Бүгіндері Қазақстанның жақын көрші Ресеймен араздасуына болмайды және де біздің латынға көшуімізге мүдделі (неге?) Түркиядан да қол үзбегеніміз мақұл. Осыдан қарама-қайшы тұрған екі жақтың ортасынан біздің төтенше, үшінші жол табуымыз қажет. Ол жол – латынға да көшпей, кириллицада да қалып қоймай, араб жазуына көшу!» /16/. Бұл автор пікірі. Латынға көшпеудің жолы, әліпбидің басқа баламасы ретінде жоғарыда айтып кеткеніміздей, араб жазуын және көне түркі жазуын ұсынушылар да бар.

Дегенмен де, негізгі объектіміз «Ана тілі» газеті болғандықтан, онда жарияланған, жарияланып жатқан материалдардың дені латын харпіне көшу асығыстық, қате қадам дегенді көрсетеді. Оған мысал ретінде осы басылымда жарияланған «Латыншаға асықпалық» деген жазушы Ғаббас Қабышұлының ұлттық мәселеге үн қатуын келтіре аламыз. «Қыздың көзі қызылға түскіш» дегендей, кейде бір «жаңалықты» ести сала ентелей ұмтылып, оның не екенін әбден ажыратып білуді керек етпей, «О, жаңалық!» деп жаппай ұрандап, желпілдеп жөнелетініміз бар. Қазақ тілін кирилл таңбасынан латын таңбасына көшіру мәселесі соңғы кезде дәп сол әсірешілдік , әсіре белсенділік, әсіреұлтжандылық атойлап тұр. Заманана саясатының ықпалымен тіл таңбамыздың неше рет  және қалай өзгертілгені, ол Ахмет Байтұрсынұлындай арысымыздың нендей еңбек еткені қазақтілді баспасөзде айтылып та, жазылып та жатыр, мен оған қосамжарланбайын да, осы біздің латыншаға лап етіп ұмтылуымыз бүгінгі тірлігімізге, меніңше жараса қоймасын ғана айтайын. Мәселен, тіліміз араб таңбасынан латыншаға шұғыл көшірілгенде араб әрпімен жазылған әдеби, ғылыми т.б. дүниелеріміздің мұрағатжайдың мүлкіне айналып, жас ұрпақ тілін тістеп отырып қалды. Латыншадан кирилл таңбасына ауысқанда да сол сияқты жағдай болды. Латын әрпімен қара тани бастап, кенет кирилл таңбасына жүгіндірілген біздің буын, арабшадан хабарсыздығымызды былай қойғанда, аз-маз біліп үлгерген латыншамызды да тез ұмыттық. Одан бүгінге дейінгі барша жазба жұмысымыз тек кирилл таңбасымен іске асты. Жұмыс болғада қандай?! Қазақты әлемге танытқан классик ақын-жазушыларымыздың , ғұлама ғалымдарымыздың, саңлақ саясаткерлеріміздің  т.б. бүкіл еңбегі кирилл таңбасымен жазылды, шетелдердің тіліне содан аударылды. Ал енді латыншаға көшудің жоспар-жобасын күні кеше ауыл шаруашылығымызды «реформалағандай» апыл-ғұпыл жасап, екі-үш жылда опыр-топыр көшуге кіріссек, Абайдан бастап бәріміз мұрағатжайда қалып қоймаймыз ба? Әрине, қалып қоямыз! Менің қала беруімнен кейінгі ұрпаққа келер кесір болмас, ал Абай, Жамбыл, Махамбет, одан кейін арыстарымыз, алыптар тобы, оларбан кейінгі талантты шоғыр қалып қойса, исі қазаққа сол обал. Осыны ойлауымыз кемшін. Бір ағайындар латын әріптерін қоданудан шошымау керек, мысалы, іргеміздегі өзбек көкелеріміз қолданғалы он екі жыл болды, қиналған ешкімі жоқ деседі. Қыздырмалы бекер сөз. Мен ол өзбектердің арасында болған жоқпын, бірақ тіл таңбасын өзгерту шапанның астарын ауыстыра салу емес», /17/  сол себептен де латыншаға асықпалық деген Ғаббас Қабышұлының да сөзі жөн.

Латын жазуына көшу бір күннің іс-жұмыстары қатарына жатпайды. Кириллицамен қатар өріс алатын тұстары да бар. Қашан еркін меңгеріп, дұрыс бағыт алғанша, әрі кириллица бойынша өмірге келген құндылыұтарды жаңа жүйеге негіздеп, ағысты арнаға түсіргенше атқарар істер ауқымды деген профессор Рахымжан Тұрысбектің пікірі де осы тектес. /18/ Ғалымның пікірінше, мемлекеттің түйінін шешпеген мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы проблемалары шаша етектен. Сондықтан да әріп таңдамас бұрын мықты білім жүйесін құры алу қажет. Сондан кейін барып қана осы тақырыпқа қайтып келуімізге болады. Бұл да жөн. Өйткені, білім саласындағы проблемалардың толып жатқандығын, және асығыс харіп ауыстыру бұл проблемаларды ушықтырып жіберетіні жайында мектеп мұғалімі Зоя Әбілдақызының «Ана тілінің» 2006 жылғы 21-желтоқсанда шыққан санындағы «Өзге сәнім келісті…» /19/ деген материалынан оқып-білуге болады. Онда ұстаз «Логикалық жағынан латыншаға көшу бәлкім, дұрыс шығар, дегенмен, менің осы күнімізге зар болмаймыз ба деген қауіпім өор. Халықты қазақ мектебінен үркітіп алуымыз  әбден мүмкін. Толып жатқан әр алуан сөздіктерді, оқу-әдістемелік құралдарды былай қойғанда, қазақ мектептері өмірі оқулыққа жарыған жоқ. Бұл – өз басымнан өткен жағдай. Мені таңғалдыратын жағдай – ана тілінің мәселесі қызу көтеріле бастаса, латын әліпбиіне көшу мәселесі де жедеғабыл айтыла бастайды. Осы латын әліпбиіне көшуді қолдайтындардың және оны жеделдеткісі келетіндердің өмірдегі шынайы жағдайдан хабары бар ма екен?!» деген  сауалды тастайды.

«Ана тілі» басылымы ғалым, жазушы, қоғам қайреткерлерінің ғана емес, қарапайым оқырман, қарапайым халықтың да көз-қарас, ой-пікір беру арқылы мәселенің түйінін ортақ шешуге шақырады.

Енді ұлт басылымы аталатын «Ана тілі» газетінде жарық көрген көлемді, мазмұнды үлкен материалдардың бірі Сабыржан Шүкірұлының «Ұлтты Жадынан адастырар әрекет» мақаласына тоқталмай кету мүмкін емес. «Біз арғы араб таңбалы да, бергі Ахаң төтеншесіндегі де жазбаларды да әлі толық оқып, бүгінгі таңбаға түсіріп, игеріп болғанымыз жоқ» деп бастаған журналист өткен ғасыр басында күшпен көшірілген латынымыз да шала болғанын айта келе, «Бұған енді кейінгі 65 жылды қоры қосылып, күнделікті тұтыныстан қалып, мұрағатқа айналар болса, ұлттық рухани қазынадан ада боларымыз анық. Бір білгіштер «компьютер бәрін үлгіртеді» дейді. Компьютер үлгіртер-ау, егер соны үлгіртер кісі болса де. Тіпті, әділдік болғанның өзінде де, осыншама ауқымды уақытқа жасалған бай мұраның жаңа таңбаға көшіріліп, жаппай ел кәдесіне жаратылары екіталай. Жекелердің бір сұрапталған еңбектері көрінер, ал келер ұрпақтың кез-келген сәтте ойға алған кітап, газет, журналдарды немесе қажетті бір мұрағатты ала салып, керегін тауып оқуына мүмкін болмасы анық. Әңгіме бірлі-жарымды емес, тұтастай ұлттық, жалпы халықтық тұрғыда». Бұл материал да салқын қандылықпен, үлкен ізденіспен жазылған дүние. Оған ондағы деректер дәлел. Мәселен, дүниедегі ең ұқыпты, мүлтіксіз деген герман тілді елдер – ГФР, Австрия, Швейцария, Лихтенштейн тілінде жүргізіліп жатқан жазу өзгерісі «неміс тілінің жағдайын нашарлатып, жаппай шатауға түсіреді» делінуде. 1999 жылы басталып, 2005 жылы аяқталуы көзделген бұл жобадан ел тайқып, бұрынғы жазу үлгісіне қайта көшуді талап етуде, кейбір басылымдар бұрынғысына көшуде. Француз жазуы да жетісіп тұрған жоқ. Бірақ, өзгертеміз деп аласұрап жатқан ешкім жоқ. Мұра сақтауды, ұлттың жадын шатастырмауды мұрат тұтуда. Автордың айтуынша, әліпбиінің жағдайы жетісіп тұрған әлемде ел аз. Тіпті, таңбалануы бір бөлек, дыбысталуы бір басқа ағылшын тілінің жазуын жаңғырту арқылы, басқасын айтпағанда, тек газет қағазын ғана 25 пайызға үнемдеуге болады екен. Британияның белгілі филологы Макс Мюллер ағылшын орфоргафиясын «ұлттық азап» деп атаған. /20/Соған қарамастан, бұл ел осы қиын жазуды сақтауды жөн санауда. Талай жобалар кәдеге аспай келеді. Автор осындай мәліметтер келтіре отырып, неге? деген сауал қояды.  Оның бірде-бірі осы кезге дейін жасалған жазба мұраларды оқуға жарамайды. Келер ұрпақ олардан көз жзып қалады деп санайды. Қандай бай ел, ұқыпты жұрт болса да, бұған дейінгілерді жаңа әліпбиге көшіріп аламыз деп отырған жоқ. Материалдың басты мақсатына айналған  дүние,  әліби ауыстыру арқылы қазақты экономикалық пен ғылыми жағын айтпағанның өзінде, рухани, мәдени, сауаттылығың тежелетіні. Бұны әліпби ауыстырудың бірнеше кезеңін басынан өткізген қазақтан басқа кім жақсы түсінсін. Кеңес кезіндегі де қайта-қайта әліпби ауыстырудың басты идеясы сол, қазақты сауатсыз, бұдан күйінде сақтау болды деп бүгіндері ашық айтып жүрміз. Айналасы он жылдың ішінде 3-4 рет таңба ауыстырғаннан кейін әкесі бір таңбамен, баласы екіншісімен жазып жүрді. Таңба ауыстыру соншалықты жеңіл шаруы болса, неге бүгін біз 19 ғасырдың басында шығып тұрған қазақ газеттерін оқи алмаймыз. Онда не жазылды, оны білу үшін төте жазуды білуің қажет не болмаса аудармашы жаныңда жүруі керек. Сонымен қатар, байқап қарар болсақ,  тарихымыздағы ұлтымызға жасалған қастандықтар әліпби ауыстырумен қатар жүрген. «Аша тұяқ қалмасын, асыра сілтеу болмасын» деген ұранмен қазақты малынан, соның кесірінен жанынан айырған ұжымдастыру, қазақтың бас көтерер оқығандарын, ел соңынан ерер серкелерін «халық жауы» деп жала жауып, қойша қырды емес пе? Ол да әліпби ауыстыру кезіне келеді.  Міне, әліпби ауыстыру арқылы жасалған қылмыстардың арты жуылып, шайылып, деректер жойылып отырды. Өйткені, арнайы, ғылыммен айналысқан жан ғана болмаса, шындық қарапайым халықтың көзінен таса, таңбасы басқа. Автордың да айтпаға осы секілді, өйткені бүгінгі жазылған дүниені ертең балаң оқи алмай отырса, нағыз сауатсыздық сонда. Өйткені кеше жазылғанның, бүгін жазылып жатқанның барлығы тарихтың бір беттері. Ал, тарихынан, мұрасынан, қазақша айтқанда тегінен айрылған халық илеуіңе оңай көнетін нағыз мәңгүрт болмақ.

«Бірлікке жазумен жетпейді, – дейді Сабыржан Шүкірұлы, – жазу біріктірсе – Алла тілінің, Құран жазуының таңбасындағы араб, парсы, жұрттары жетер еді. Жазу біріктірсе, славян халықтары бірігер еді. Жазу біріктірсе, латын таңбасында болып келген халыөтар бір-бірімен ғасырлар бойы соғыспас еді. Латынға көштік деген өзбек пен әзірбайжан не жетісіп қалыпты? Не бірлікке жетіпті? Исі түркіні ұйымдастырмақ түгілі, өз бастары бірікпеуде. Түркілікті бірлікке үндеген бұл елдерде ешқандай ынта да болып көрген емес». /21/

Латын харпіне көшсек, орыс тілінің ықпалынан арыламыз деушілерге, бұл мақалада былай жауап береді: «Бұл тіл ғылымының тақарабын «Қазақ тілі» қоғамының, оның да ескірген ұранымен шатастырушылық. Латын тұрмақ араб, не қытай таңбасына көшсе те, бұл қалпымызда орыс тілінің құрсауынан арыла алмаймыз. Нешеме ғасырлар жеріңді жерлеп, суыңды сулап келе жатқан орыстың қазақ тілін білмеуі милаулығынан емес, білігісі келмеуінен. Бір таңбада оқып, жазып отырып, орыстілді қазағың да, басқаң да әлі күнге дейін қазақ сөзін жөндеп айта алмайды. Ал басқа таңбаларға көшер болсақ, олар бұл тілдің қарасын да көрмейтін болады. Латын таңбасына көшкенде еліңде кім көшеді? Мерзімді баспасөздің 17 пайызы, мектеп оқушыларының 46 пайызы, студенттердің 49 пайызы, жалпы халқының мықтағанда 50 пайызы ғана көшетін болады. Орыс тіліндегі баспасөз, ақпарат құралдарын, оқу орындарын, оқулықтарын, орыстілді кеңселердің орыс жащуын латын жазбасына көшіре алмайсың ғой. Демек, оларды латын таңбасы арқылы қазақша сөйлетіп, жаздыра алмайсың. Қазақ тілді қазақ қана латын жазбасына көшкенде, қалған жұртың, 135 ұлтыңның әрқайсысы өз тілінің һәм ортақ орыс тілінің таңбасында қала бермей ме? Бұрынғы қалпы сөйлеп, жаза бермей ме? Таңба ға көшпек тұрмақ, елден көшіп кетсең де ренжімейді, бірақ тіліңді білмейді. Өйткені оларға тіліңді білгізуге үкіметіңнің ұстанып отырған саясаты жоқ. Алдымен мемлекеттік тілді сол үкіметіңнің өзі толық білмейді, күнделікті кеңсе қолданысында жоқ». /22/

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ал енді латын қарпіне көштік делік. Сонда соңғы 60-70 жылдан бері тасқа түскен кириллица әліпбиіндегі жазба әдебиетімізді, тарихымызды, түрлі деңгейдегі қатынас қағаздарын қайда қоямыз?» /23/ деге сөзі дәл осы мақаламен мағыналас, бағыттас болып келеді. Журналист Сабыржан Шүкірұлының материалынан халықтың басын қатырмай, әліпби ауыстырмай-ақ қоялық деген пікірді түсінуге болады. 

Ал енді осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын бізді қалай латынға көшірді деген сұрақтың жауабын «Ана тілінде» жарияланған мақаласынан тауып көрелік. «Қазақ елінің рухани болмысын идеологиялық жағынан меңгерудің саяси тетігі – қазақ елін шоқындыру, орыстандыру жолы себепті алдымен ол халықтарды рухани жағынан біріктіріп отырған, бір емлеге негізделген араб жазуының орнына орыс жазуының әріп таңбасын ендіру мәселесі алысты көздеген миссионерлік мақсат ретінде алға қойылды. Бұл мәселемен Еділ бойы халықтарын шоқындыруды көздеген «Новокрещенская контора» айналысса, Түркістан өлкесі мен қазақтарды орыстандыру ісімен жаңдан құрылған «Обрусительная палата» айналысты. Бұл миссионерлік саясатты жүзеге асыру «Святой синодқа» тапсырылса да, оны ғылыми-практикалық жағынан іске асырудың тізгігін орыстардың миссонер ғалымдарына жүктеді. … қазақ арасында аралас орыс-қазақ мектептерін ашу мен қыздарын оқытуды алдымен қолға алуға, ондағы оқу процесі қазақ тілінде жүргізілсе де, міндетті түрде орыс әрпі таңбаларымен оқытуға күш салынды. Қазақтарға қолданылатын орыс әрпіндегі жазу үлгісін алдымен миссионер ғалымдар жасай бастады. Ы. Алтынсаринға дейін-ақ бұл саладағы ізденістер бел алып, алғашқы нұсқалары жасалып та қойған еді. Патша үкіметінің араб жазуының орнына жымысқылап, біртіндеп орыс жазуы таңбасын ендіру саясатын қазақ әдебиетінен ояну дәуірінің алдыңғы қатарлы өкілдері сезінді ме екен деген сұрақтың қойылуы да мүмкін. Бұған берер жауабымыз: терең сезінді, сезініп қана қойған жоқ, оны жүзеге асырушыларға табанды түрде қарсы тұрып, күресті де дейміз. Олар шоқындыру, орыстандыру саясатының өздеріне дейінгі жүргізілу тарихымен тікелей таныс та болаған. Өйткені, 1914 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлының «Бастауыш мектеп» деген мақаласында: Қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб харпін тастатып, орыс харпін алдырамыз дейді. Сол үшін балалар ана тілімен оқымай, ана тілімен оқыса да, орыс харпімен оқысын дейді… » деп қазаққа төніп келе жатқан  сол қатерлі қара бұлттан халқының бозторғайындай шырылдап белгі берген даусын танимыз. Ахаңның осы пікірінде өзінің күрес жолының жоспарлы мақсаты жатыр.

Сталин билігінен бастап большевиктер патшалы Россияның армандап жүзеге асыра аламай кеткен мақсат-мұраттарын, яғни:

  1. Орыстандыру;
  2. Араб жазуын орыс жазуына алмастыру;
  3. Келімсектерді басқа ұлт жеріне мейілінше мол орналастыру;
  4. Қырым жерін қырым татарларынан тазарту;
  5. Орта Азия мен Қазақстанды шикізат көзіне айналдыру;
  6. Аралас мектептерді көбейту;
  7. Орыс тілін ресми түрде айтылмаса да, мемлекеттік тілге айналдыру;
  8. Ұсақ ұлттарды ассимиляциялап жұтып жіберу
  9. Бүкіл ұлттарды бір халыққа, яғни орыстанған совет халқына айналдыру т.б.

осы сияқты өте нәзік те күрделі  ұлттық мәселелерді халықтар достығы ұранымен бүркемелеп жүзеге асырып кетуінің тікелей куәгері болып отырмыз.

                                                                                                                 И. Сталиннің алдымен араб жазуын латын таңбасымен ауыстыруға нұсқау беруінің сыры әлі де ашылмаған кінараты бар саясат екендігін сезенеміз. Алдымен латын жазуына жармасудың сыры, меніңше, дейді Мекемтас Мырзахметов –  араб жазуын алмастыруды көздеген патша үкіметінің миссионерлік саясатының тарихымен хабардар республикадағы ұлт зиялылары тобының  мол болуынан сескеніп, алдымен латыншаны алуы саяси мәнері болса керек. Өйткені, бұл топ тұрғанда, бірден орыс жазуына көшіріп жіберу орысшылдық пиғылға қатты қарсылық тудыратынын сезініп, белгілі бір қолайлы жағдай туғанша қоғамдық пікірді адастырып жіберу үшін істелген айла ғана.

                                                                                                                 Отызыншы жылдардың аяғында оң жазумен (араб графикасымен) жазылған діни кітаптар деген желеумен әдеби, тарихи, ғылыми кітаптарда көптеп жойылған екен.

                                                                                                                 Жоғарыда келтірілген деректерге қарап, өткен ғасырда қазақты бірнеше мәрте әліпби ауыстыруына итермелеп, мәжбүрлеп отырушылардың пиғылы тұрғылықты халықты сауатсыздандырып, билеп төстеу, байлығына ортақтасу болғанын көріп, түсініп отырмыз. Ал бүгінгі таңда, тәуелсіздік алып енді етек-жеңін жинап жатқан қазақты қайта дүрліктіріп, латынға көш деушілердің мақсатын не деп түсінуге болады. Әлде қазақты тағы да бытыратып, жерін, байлығын иемдену пиғылы жатыр ма?

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ:

 

  1. «Ана тілі» №45, 9 қараша, 2006 жыл
  2. «Ана тілі» №45, 9 қараша, 2006 жыл
  3. «Ана тілі» №46, 16 қараша, 2006 жыл
  4. Майлықұтова М. «Алаш арыстарының латын әліпбиі жайлы пікірталасы», «Түркістан» №
  5. Байтұрсынұлы А. «Бастауыш мектеп», «Қазақ» газеті, Алматы жыл
  6. Майлықұтова М. «Алаш арыстарының латын әліпбиі жайлы пікірталасы», «Түркістан» №
  7. Майлықұтова М. «Алаш арыстарының латын әліпбиі жайлы пікірталасы», «Түркістан» №
  8. «Еңбекші қазақ» 14 ақпан, 1926 жыл
  9. Майлықұтова М. «Алаш арыстарының латын әліпбиі жайлы пікірталасы»,  «Түркістан» №
  10. Байменше С. «Салақ қарауға болмайтын іс», «Егемен Қазақстан»  6 желтоқсан, 2006 жыл
  11. Байменше С. «Салақ қарауға болмайтын іс», «Егемен Қазақстан»  6 желтоқсан, 2006 жыл
  12. Тәшенов Т. «Әліпби өзгертуге әзірміз бе?», «Айқын» 3 қазан, 2007 жыл
  13. Жүнісбек Ә. «Латын әліпбиі – келешектің кілті» «Егемен Қазақстан», 20 ақпан 2007 жыл
  14. Дүйсембекова Л. «Аты бар да, заты жоқ», «Ана тілі» 24 қаңтар, 2008 жыл
  15. Бегулләһ Ә. ибн Алдамжар әд-Дөйти, «Латынға Исраил көшеді ме?», «Ана тілі» 9-қараша, 2006 жыл
  16. Бегулләһ Ә. ибн Алдамжар әд-Дөйти, «Латынға Исраил көшеді ме?», «Ана тілі» 9-қараша, 2006 жыл
  17. Қабышұлы Ғ. «Латыншаға асықпалық», «Ана тілі» 21-желтоқсан, 2006 жыл
  18. Тұрысбек Р. «Әріп таңдаудың алдындағы қыруарістер», Ана тілі 19 сәуір, 2007 жыл
  19. Әбілдақызы З. «Өзге сәнім келісті…», «Ана тілі» 21-желтоқсан, 2006 жыл
  20. «Известия» 11-тамыз, 2004жыл
  21. Шүкірұлы С. «Ұлтты жадынан адастырар әрекет». «Ана тілі», 18-мамыр, 2006 жыл
  22. Шүкірұлы С. «Ұлтты жадынан адастырар әрекет». «Ана тілі», 18-мамыр, 2006 жыл
  23. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі», 11-мамыр, 2006 жыл
  24.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы, Мектеп, 1981.
  2. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы, Қазақ мемлекет баспасы, 1964.
  3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2000.
  4. Қазақстан тарихы, очерктер. – Алматы, Дәуір, 1994.
  5. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы, Білім, 2004.
  6. Шоқай М. Таңдамалы, I том, – Алматы, Қайнар. – 1998.
  7. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, Жалын – 1991.
  8. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-1995жж.). – Алматы, Рауан. – 1996.
  9. Богданов Б., Вяземский Б. Журналист анықтамалағы. – Алматы, Мектеп. – 1978.
  10. Кенжебаев Б., Қожакеев Т. Қазақ совет баспасөзі тарихынан. – Алматы. – 1962.
  11. Қазақ журналистикасының тарихы. Бағдарлама. – Алматы, Рауан. – 1996.
  12. Ыдырысов Т. Баспасөз – өмір айнасы. – Алматы, Қазақстан. – 1977.