МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………3-4
1 Ә. НАЙМАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ…………………….5-13
- Ән өлеңдері мен арнау- толғауларының жанрлық ерекшелігі……………..13-26
2 . АЙТЫС- ҚАҒЫСТАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ ………………………………………27-36
2.1. Қисса- дастандарының сюжеттік негізі………………………………………………36-43
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………. 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР …………………………………………………..45-46
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі; импровизатор, сазгер, әнші Әсет Найманбайұлы нағыз сегіз қырлы өнерпаз әрі қағаз бетінде қаламы қатар жүйіткіген сауатты ақын. Өнерде өрге жүзген, мәдениетімізге өшпес мұрасын қалдырған ақынның лирикалық өлең- толғаулары, айтыс- қағыстары мен қисса- дастандары, асқақ әндері ұрпақтан- ұрпаққа ауысып әдеби- мәдени мұрамыздағы көрікті де көрнекті үлгілердің қатырын молайтуда. 1930 жылдардан бастап Әсет ақынның өмірі мен өнеріне қатысты деректерді чсаралап, әдеби мұраларын жинастырып, оны халқымыздың қажетіне жаратуда. Ұрпақтан — ұрпаққа аманат ретінде ауысып келе жатқан ақын мұрасына әр кезеңде әртүрлі пікір айтылып, сыналып та, сырт қалып та келді, қоғамдық кезең ақын мұрасын зерттеуде әсер- кесірін тигізбей қоймайды. Көрнекті әдебитші ғалым Б.Кенжебаев сөзімен айтсақ: «…біз қазақтың бұрынғы ақын –жазушыларын саяси идеялық қатесі жоқ ақын — жазушылар, саяси идеялық қатесі бар ақын- жазушылар деп жіктедік»
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Өмірінің белгілі бір кезеңін Шығыс Түркістанда өткізген ақынның өмір жолы, шығармашылығындағы шығыстық үлгі мотивтер, діни уағыз өлеңдер ақын мұрасын теріс бағалауға пайдаланылды. Әсет ақын- ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарына тән демократтық ағартушылық ағымдағы ойларын,діни дидактикалық уағыздарын өлеңмен өрген ақын. Ақын шығармашылығындағы аса құнды қазына- шығыстық нәзиралық үлгідегі дастандар. Бірақ шығысқа секеммен қараған, дінді у деп уағыздағын кеңестік идеология сынына ақын шығармашылығы аз ілінбеді.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Әсет атына қаратылып айтылған сын пікірлер көп болмағанымен, ақын мұрасының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, Хх ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің оқулық- хрестоматияларына, зерттеу монаграфияларға бірде еніп, бірде енбей қалуы саяси сақтанудан салқын көзқарастан. Кеңестік дәуір идеологиясы әдебиет пен ғылымды тұсап, барымзды базарлай алмадық. Бүгінгі күнгі қоғамдық бетбұрыстар рухани өрісімізге тың серпіліс жаңа леп әкелді. Заман талабы қазақ әдебиеттану ғылымының жан-жақты сан алуан салаларына қыруар міндет жүктеп даму процесін жаңа бағытқа бұрды. Қазақ әдебиетін зерттеу, талдау, оқыту ісі жаңа міндеттер алдында тұр. 70 жыл бойы басқаша айтылып, басқаша уағыздалып келген әдебиет енді өз табиғатына лайық өмір сүріп, оның ерекшеліктері мен көркемдік эстетикалық байлықтары терең ескеріліп, жаңаша зерттелуі қажет. Мұның өткендегі мұраға да кешегі кеңес әдебиті делініп келген, бірыңғай саясатқа телінген әдебиетке де қатысы бар.
Зерттелу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы «Ә. Найманбайұлы прозасындағы романтизм» деп аталатындықтан, көркемдік әдістің теориясы мен тарихы, оның ішінде романтизм жайлы ғылыми еңбектер негізге алынды.Атап айтсақ, В.Белинскийдің «Этика и литературная критика» (1959), Н.Гуляев, И.Картошовалардың «Введение в теорию романтизма» (1972), А.Гаджиевтің «Романтизм и реализм» (1972 ) т.б.ғалымадың еңбектерімен бірге М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Ә.Нарымбетов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Б.Ыбырайымов еңбектеріне сүйеніп, аталмыш зерттеулердің теориялық тұжырымдарын басшылыққа алдық.
Зерттеудің басты тұжырымы-түйіндері мен нәтижелерін филология мамандықтары бойынша оқытылатын жалпы және арнаулы курстарда, өнер институттары мен мектептерінде, сол секілді орта мектептің әдебиет пәндерінде де пайдалануға болады.
Зерттеу әдісі. О.Бөкеев көркем шығармаларындағы, жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы жазушы романтизмінің табиғатын, маңызы мен орнын, қаламгер шеберлігін зерттеуде хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі-комплексті әдістер басшылыққа алынған.
Жұмыстың негізгі тұжырымдары мен нәтижелері әдебиет теориясы мен тарихындағы әдеби бағыт, ағым, көркемдік әдіс мәселелерін талдап-түсінуде, романтик ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеп-зерделеуде үлесін қосады.Әсіресе, романтизмнің ғылыми-теориялық мазмұнын ашуға көмектеседі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
- Ә. НАЙМАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Әсет ақын мұрасын жинап, жинақ етіп шығаруға көп еңбек еткен жазушы Б.Нұржекеевтың: «Әсет Найманбайұлының жұртшылыққа кең танылғаны да, бертін келе, біраз уақыт ол танымның шеңберіннің кәдімгідей тарылғаны да бүгінгі әдеби қауымға белгілі. Оның өмірі мен твррчествосына қатысты бұл құбылыс тіклей тарихи жағдайларға байланысты. Әсет тағдыр талайы мен өмірінің соңында Шығыс Түркістан өлкесінде өтеді. Ақынның өзі де шығармашылығын да белгісіздеу болып, көп уақыт зерттеуден қағыс қалып келді. Алайда Әсеттің мүлде ұмыт қалуы мүмкін емес еді. Өйткені Әсет өнеріғ әндері, айтыстары мен қисса дастандары халық өмірі, оның рухани әлемі тәрізді ұмыт болуы мүмкін емес өнер. Оның өнері халқымыздың белгілі кезеңдегі мәдени дәрежесін , ой-пікір деңгейін анықтайтын тарихи өлшем. Сондықтан Әсет шығармашылығына, өміріне біз әрдайым халықтық тұрғыдан үлкен әлеуметтік мәнмен қаруға міндеттейміз» [3] деген пікірі ақиқат. Әсет ақын шығармаларының л арасына кең таралыуына ең алдымен, сөз жоқ, өзінің әншілігі, сазгерлігі, айтыскерлігі, қиссашылдығы ерекше әсер ықпалын тигізді. Дидактикалық- ағартушылық ағымдағы өлеңдері, діни уағыздық сипаттағы қисс- хикаяттары, гуменистік идеяны паш еткен қою уақиғалы, терең мазмұнды қисс- дастандары ел аузында жылдам жатталып, тез тарады.
Әсет Найманбайұлы 1867 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қызыл-арай» ауылында туған. Ол қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы.
Ол 7-8 жасқа келгенде медресе имамы Зейнолладан бастауыш білім алады. Мұнда араб тілі мен шығыс поэзиясынмеңгеруге ден қояды.
14-15 жасында сазгер әрі әнші ретінде өз шығармашылық жолын бастайды. Әсеттің әке-шешешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп, айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды.
Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы–көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады.
Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұрғыман-Нағым», «Мәлік-Дарай», «Жұмсап», «Кешубай» атты қисса дастандары бар. Ол А.С.Пушкинның «Евгений Онегин» романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серідендәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде («Кіші Ардақ», «Үлкен Ардақ», «Қаракөз», «Мақпал») психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. «Інжу-Маржан» әні (кейде «Әсеттің әні» деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ «Ырғақты», «Аққарагер», «Қаракөз», «Майда қоңыр», «Жалған-ай», «Сырмақ үйкер» т.б әндерінің авторы. Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады [1].
Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының ақындық өнер дәстүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен бірге өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен тарауына мұрындық болды.
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы]] жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды [2].
1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С.Сейфуллин(1925) бастырған. 1936 жылы Б.Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген [3].
Әсет ақынның 1867 жылы дүниеге келгені туралы зерттеушілер кейінгі кезде бір тоқтамға келсе, туған жері туралы әлі де екі түрлі пікір болжам бар: Әсеттің өмірі мен шығармашылығы туралы тұңғыш арнайы мақала жазған Балташ Ысқақов Әсеттің туып өскен жері Семейдің Ұржар, Мақаншы аудандары, 1920 жылы атаман Анненков Қытайға қашқанда шекараға жақын төрт болыс елді шауып әкетеді, елмен бірге Әсет те ауып кетеді [4] десе, О.Орынтаев , Балташ Ысқақов деректерін нақтылай түседі. Туып- өскен жері Мақаншы ауданының Жарбұлақ, Көктал ауыл советтері, 7-8 жасында Көктұмадағы Зейнолла имамның медресесіне берілген, оны 14-15 жас шамасында әкесі өлген соң ылажысыздан тастап, Көкталдағы нағышысының қолына барады. Қоянды жәрменкесінде болуы 20 жас шамасында» [5] Академик А.Жұбанов «замана бұлбұлдарында», ақынның қызы Сәмөгеймен әңгімілескеніне сүйеніп, «Әсет ақын Қарағанды облысы, Қарқаралы уезінің Темірші болысында туған» [6] деген пікір айтқан. С.Ордалиевтың «Қазақ әдебиетінің тарихында» жазған Әсет туралы зерттеу мақаласында да, «Қазақ совет энцикллопедиясында» да осы пікір қуатталды. 1968 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан Әсет шығармалары жинағын құрастырушы, ғалым Б.Адамбав осы кітапқа жазған алғы сөзінде: «Әсет 1867 жылы Семей облысында туған» дейді [7]. Жазушы Нұрқасым Қазыбек «Заман Қазақстан» газетінің 1992 жылғы 6- наурыздағы санында: «Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Семей облысы Мақаншы ауданында дүниеге келді. Әсет 8-9 жасынан бастп Семейдегі діни медресеге оқуға түсті. Әсеттің тұсында Қытай- Қазақстанның мемелекеттік шекарасы белгіленген болса да (1904) барып келіске әлі қатал шек қойылмаған болатын», — деген деректерді келтіріп, «Бұл материал 1989 жылы «Шыңжаң халық баспасынан» жарық көрген «Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп» деген кітаптың әр жерінен алынды» [8]- деп ескертеді. Өнер зерттеушісі А.Түгелбаев 1915 жылы Шыңжаң жерінде Әсет ақын Шылбы Көмекұлына сәлем бере барғанда шығарған әні, — деп төмендегі жолдары жариялайды:
Шылбы аға мән-жайымды сұрадыңыз,
Өлең ғой көңілдегі шынарымыз.
Жерінде Қарағанды әкем туған,
Алакөл ірге жайған тұрағымыз.
Семейде кіндік қаным төгіліпті,
Бір шыбық ақ Ертісте егіліпті,
Көктұма медресесін бітірген соң,
Дәм тұзым жалпақ елге себіліпті.
1867 туған жылым.
1913 жылдан бастап,
Ояздан қуғын көріп шетте жүрмін.
Семейде Сәрсембіден оқығанмын …[9]
Әсет ақынөмірінен «Әсет» атты роман жазған Қ.Толыбаев «Қазақ әдебиетінің» 1992 жылғы 22 мамырындағы санында: «Әсет әйгілі Бақты жотасының бір шұрайлы саласында 1867 жылы дүниеге келген. Бірақ Қарақаралыда туған пікір тұрақты жазылып жүргенімен оны растайтын нақты дәлел жоқ»,- дейді.
Азғана уақыт ішінде бірін-бірі іле- шала жарияланған үш мақала да тірек болар айғақ жоқ, тек естелік, болжамдар ғана. Кейінгі кездегі ақын өміріне, мұрасына қатысты кейбір естеліктерге, «Жаңадан табылған өлеңдерге» күмәнмен қарауға мәжбүр боламыз. Жоғарыда айтылған А.Түгелбаев мақаласындағы өлеңде ақан Әсет биографиясын жіпке тізгендей санамалап, қайда туғаны, қайда оқығаны жайында ғылымда пікір таласына, дауға айналған мәселелерді шешіп бергенімен, өлең стилі ақындағы толысқан (1915 ж 48-де) Әсет ақынның аузынан шықты деу, сендірмейді. Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қ.Орынбетов «Сарыарқа» газетінде Қ.Толыбаев пен Н. Қазыбек мақалаларына дау айтып, «Әсет Орталық Қазақстнның биігі Қызыларай тауында туып, Тарбағатай тауларына ұя салған қыран» [10], деп ақынның өлеңдері мен айитыстарынан мысал келтіріп, естеліктерге жүгінеді. Қолда ешқандай құжаттық, архивтік дерек көздері болмағанда ғалым ел аузындағы естеліктен бұрын ақын мұрасындағы деректік жолдарға сүйенеді, бірақ Әсет ақын мұрасының өзі ел аузынан әртүрлі орындаушылар арқылы жеткендігін ескер сек, бұл мәселеде нақты пікір айтьу қиындай түседі. Әрі кейінгі кезде ақын мұрасына «қолдан жасалап қосылған» естелік пен өлеңдер де жазылып жүргендей әсер қалдыратынын жасыруға болмайды.
«ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» атты топтама зерттеу еңбекте Әсет ақын мұрасын жүйелі зерттеп келе жатқан, профессор Б.Абылқасымов Әсеттің туған жріне қатысты болжамдарға қатысты пікір білдіріп: «Б.Адамбаев деректері көкейге қонады, ақынның шешесінің аты Кермеқас екндігі белгілі, ал оның кімнің қызы екендігі туралы нақты дерек жоқ. Міні осы кілтипанды анықтаған күні Әсеттің қайда туғандығы туралы дау да бітпек» [12] деген тұжылым жасайды.
Әсет ақынның шығармаларын оның сауаттылығы, шежіре тарихқа, шариғат қағидаларына жетіктігі, араб-парсы тілдерін жақсы игергендігі аңғарылып отырады. «Евгений Онегинді» Абай дастанының дәстүрімен назиралық үлгіде жырлауы әрі өзіндік шешім, өзгерістер қосуы ақынның орыс тілінен де хабардар болғанын, ал «Ағаш ат» дастанында «Аударған арабшадан атым Әсет», «Ер Шеризатта «Шығарып парчсы сөзден өлең қылдым» дегеніне қарағанда, Шығыс классикасының кейбір шығармаларын түпнұсқадан оқып танысуы да мүмкін жай. Әсет шығармаларындағы араб-парсы тілдерінен енген сөздерді теріп сөздік жасағанымызда 400-ге жуық араб-парсы сөздерін кездестірдік. Бірақ бұл құбылыс тіл шұбарлау емес, қайта В.В.Радлов пікіріндегідей: «Қазақтардың тілі исламның бүлдіргіш ықпал әсерінен аман қалған және өзінің таза түркілік қалпын сақтаған. Әрине, оған кейбір жат сөздер енді, әйтсе де олар басқа түрік мұсылмандарыдың тіліндегідей өзінің төл ерекшелігін сақтай алмады, қайта тілінің заңына бағынып икемделеді, осылайша халық игілігіне айналды» [13]. Ақын араб-парсы сөздеріндерлік сөйлеу тілінің тұрақты қорына айналып, дағдылытіл машығына енгендігінен емес, поэтикалық бояу ретінде де қолданады.Ақынның мұсылманша оқығандығы, сауаттылығы еш шүбә келтірмейді, ал қайда қай медреседе оқыды деген сауалға әр түрлі көзқарас, болжамдар айтылып, жазылып келеді.
1968 жылы жарық көрген жинаққа алғы сөзінде Б.Адамбаев: «Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермеқас, баласын Бақтыдағы (Көктұма) Ғабдышүкір (Зейнолла деп те атайды) имамның медресесіне береді» [14] дейді. А.Жұбанов та ақынның Көктұмада Зейнолла имамның медресесінде оқығандығын айтады [15]. Әсет өміріне байланысты алғаш көлемді зерттеу мақала жазғанғалым С.Ордалиевте осындай пікірде болған [16]. 1983 жылы 25 наурызда «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған Б.Нұржекеевтің «Әсетті көрген ақсақал» атты мақаласында Әсетті оқытқан Қазірет Құсайын деген кісі екендігін айтады [17], ал осы кісінің мешіт ұстап бала оқытқан жері Шұбарағаш-Ойжайлау, бұрынғы Лепсинск уезінің орталығы болған жер. Мақаншыдағы Көктұма да бұрынғы Жетісу облысына қараған. 1903 жылғы мәліметбойынша сол кездегі Лепсі уезінде бар болғаны 7 мұсылман мектебі бар екен, оның 3-еуі Лепсінің дәл өзінде болыпты. Шұбарағаш- Мақаншы өңірінде де жер бар. «Дала уалаяты газетінің» 1894 жылғы 46 санында төмендегідей деректер бар: «Бақты қаласынан әрмен 3 шақырымда тұрған һәм Қытайдың Шәуешек қаласынан әрмен 13 шақырымда тұрған Шұбарағаш деген жерде съезд болды» Естелік айтушылар Шұбарағаш- Бақты- Көкқұмда екендігін шатастырған. Б.Нұржекеев жоғарыдағы жайларды жаза келіп; «Алайда медресе болмаса да Бақтыда мұсылманша оқытатын мектептің ашылуы мүмкін деп ойлаймыз. Бірақ ондай мектеп Әсетке біз жоғарыда айтқандай терең білім бере алар ма еді? Ал Семейдің жағдайы мүлде басқаша, онда 7 медресе болыпты. Осы жайларды таразылай қарасақ, Әсет Семей медресесінде оқыды» [18], деген ой айтса, 1988 жылы жарақ көоген жинаққа жазған алғы сөзінде: «….ақынның шығармашылығын зерттеушілердің кейбіреуі оны Семей медресінде оқыды десе, біразы Көкқұмда (қазіргі Бақты) оқыды дейді бұған қазір әрине тірі куә жоқ» [19] деп бұл жайды әлі нақтылай түсу керектігін айтады. С.Мұқанов «Алыптың адымдарында» «Әкесі Наймантай шағын шаруалы белгісіз адам екен. Балалық шағында Әсет Семейдегі дін медресесіне оқуға беріледі де, қаражаттың жоқтығынан 15 жасында медреседен шығады» дейді. С.Бегалин Семейде оқыған дегн пікір айтады: «Әсеттің жас кезінде әкесі Найманбай кедейліктен күнкөріс іздеп, Семейге келіп, Әсетті Жаңа Семейдегі медресеге оқуға береді. Сол Мақаншыда Әсеттің әкесі өледі де кейінірек Көктал болысындағы нағашысына кетеді». Әсетті Семей медресесінде оқыды дегн болжамдарының «Бақтыдағы мұсылманша мектеп терең білім бере алар ма еді», — деген пікірлердің де нақты ұстанар дерегі жоқ. Әсет ақын сауаттылығын қай медреседе оқығандығымен ғана емес, дарын, талант- талабының тұрғысынан бағалаған жөн. Жамбыл, Шәкәріснің медреседе оқымай-ақ, «Халық униврситетінің» қайнарынан сусындап өскендігін қалай мойындасақ, Әсет ақынға өміріне қатысты көптеген деректерді бұрмалау кеңес дәуіріндегі идеология келеңсіздігінен арашалау ниетінен туындағандай әсер қалдырады.
Ақын өмірінің тағы бір ккезеңі- оның Шығыс Түркістанға, Қытай қазақтарының жеріне өтуі. С.Ордалиев жоғарыдағы аталған зерттеу мақаласында, А.Жұбанов «Замана бұлбұлдарында» ақынның арға берке өтуі туралы «Емілбарлық (Байжігіттер) елі Қытай еліне ауғанда Әсет бірге кетіп содан қайтып оралмағандығын айтады. Б.Нұржекеев 1987 жылы жұлдыз журналының № 7 санындағы мақаласында біршама деректер келтіргенімени нақты жылын көрстпейді. Б.Адамбаев 1968 жылғы жинаққа жазған алғы сөзінде: «1916 жыл оқиғасынан, патша өкіметінің жазалаушы отрядынан үркіп, үрейленген ауылдастарымен бірге Әсет Шығыс Түркістанға өтеді» дейді.
Әсет Найманбайұлы сонауц 1904 жылдан бастап-ақ ауылы-аралас, қойы-қоралас жатқан етене өз туысы қытай қазақтарына келіп-кетіп жүргені анық. 1916 жылдың дүрбелеңі кезінде Тарбағатайға бала- шағасынмен келіп, Байжігіт еліәнің ішіне қоныстанған. ОҒК қолжазба қорығындағы С.Жақсыбеков тапсырған Әсет өлеңінде:
Басынан біз қозғалдық өткен жылда,
Қайғы бар жан иесі әрбір құлда.
Көрерсің көресіңді көмілгенше,
Жақсылық жамандығын бірдей бұлда,
Басына бір пенденің орнаған жоқ,
Бара*-бара қысымшылық жұртқа жұмлә.
Жылында 1916 жыл 20 март,
Тоқтадан Қожеке өрлеп келдік мұнда, – деген жолдар деректілігімен көңіл аудартады. Осы қолжазба қорындағы 414 бумада Әсеттің Жабықпай мен Мешбетті татуластырғандығы айтқан өлеңінде төмендегідей жолдар кездеседі:
Айрылған қашақ едік рахаттан,
Тамаша ойын- күлкі зияпаттан.
Асқанға тосқан деген заман болып,
Айырлған халық едік қияпаттан,
Жылында 1917-ші
Ел ауды Тарбағатай мұзапаттан.
Айырлып Романов кәмәләттан,
Зорлыңғын хақ тағала шамалатқан. [24]
Бұл өлеңдерде қарағанда Әсет ақан 1916 жылдың соңында Қытайға өткен. Әсет ақынның 1922 жылы22 шілдеде Афари қажының үйінде қапыда дүниеден өткендігі мәлім. Ақынның қызы Сәмөгейдің естелігінде сүйеніп айтылған бұл пікірді зерттеушілер жоққа шығармайды. Ақын өмірінің басты кезеңдерін жекелей қарастыруымыз- пікір таласына айналған кейбір мәселелерге өз көзқарасымызды білдіру.
Әсет ақын мұрасын зерттеуде ақын шығармашылығы туралы пікір білдіру, өміріне қатысты деректерді жинау, баспасөз бетінде жириялануы жайлы қысқаша шолу жасау керектігі туындацйды.
1920 жылы ькөрнекті фольклорист Ә.Дивав басқаруымен ұйымдастырылған, Лепсі, Қапал уездерінен ауыз-әдебиеті үлгілерін жинаған экспедиция Әсет ақанның бірнеше өлеңдерін жазып алған. Ә.Диваев жинаған жазбалар ҚРҰҒА-ның ОҒК-да сақталған. Онда Әсеттің атақты «Арғынмын атым Әсет арындаған»- деп басталатын өлеңі мен «Ақырғы сөзі» бар. Экспедиция құрамына болған Ілиястың Әсет шығармашылығына ерекше ден қоюы да заңды. Лепсі, Қапал өңірін жақсы білген әрі өнер тақырыбына ерекше қараған Ілияс Әсетке арнап «Әншіге», «Тұңғыш тоғысу» «Әнші» өлеңдерін жазғаны мәлім. Кейіннен Аягөз ауданында Сапарғали Әлімбетовтен «Татьяна» деген «вгений Онегиннің» Әсет жырлаған нұсқасын жазып алған. Әсет ақан мұрасының алғаш баспа бетін көруі 1925 жылы. Осы жылы «Таң» журналының 1- санында Әсетпен Кемпірбайдың қоштасуы жарық көрді. КЕйінірек 1931 жылы С.Сейфуллин «Қазақтың ескі әдебиті нұсқалары» кітабында осы қоштасуды қайта жариялайды. [28] Сәкеннің 1931 жылдың аяғында Ұржар ауданында колхоз ұйымдастыру жұмысына баруы, Ұржар, Мақаншы өңірінде болуы Әсет есімі мен шығармашылығына қанықтыра түсті. 1936 жылы Балташ Ысқақов «Социалды Қазақстан» газетінің 26 маусымдағы санында «Әсер әрі әнші, әрі халық ақыны» деген мақала жариялады. [29]. Әсет ақын мұрасына қатысты даулы пікірлер 1936 жылдан бастап көрініс бере бастады. Оған ел ішінен табылған «Евгений Онегин» дастаны нұсқаларының авторы Әріп пе Әсет пе деген сауал тән болды. 2002 жылы Жекен Жұмақанов «Қазақ әдебиеті» газетінде «Евгений Онегинді» аударған Әріп ақын деген мәселе көтерді.[30]. Бұл пікірді кейінен Бейсенбай Кенжебаев та куаттады. Әсет шығармаларына көңіл аударған академик Ахмет Жұбанов 1942 жылы Әсет өмір сүрген Мақаншыға барып, ол туралы деректер жинап қайтты. 1958-59 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және Әдебиет институты анрайы экспедиция шығарып, экспедициямен Ұржар, Мақаншы аудандарына барған Б.Адамбаев, Б.Жақыпбайұлы Әсет ақын өмірі жайлы мағұлматтар әкеліп, әдеби мұрасын біршама толықтыра түсті.
М.Әуезов «Абайдың өмірбаяны», «Абай /Ибраһим/ Құнанбаев» атты мақалаларында Әсетті Абай шәкірттерінің бірі ретінде танытса, «Айтыс өлеңдері» атты зерттеуінде «Әсет пен Рысжан айтысына» еркше баға береді. [32]
С.Мұқнаов 1942 жылы жарық көрген «Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиеттінің тарихынан очерктерінде» Әсет шығармагшылығына арнайы тоқталып, сол жылы Е.Исмайловпен бірге «Айтыс» жинағвның бірінші томында «Әсет пен Рысжан» айтысын енгізді. [34] 1951 жылы Абай мектебіне жасалған шабуылдың шырғауында өзі мұрындық болып жүрген С.Мұқанов 1951 жылы 15 маусымда Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет инситуты мен Қазақстан Кеңес жазушылар одағы бірлесіп өткізген конференцияда «Абайдың әдебиет мектебі және оның шәкірттері» деген тақырыпта жасаған баяндамсында: «Адалын айту керек, бұл ақын адам,- дей келе- сүйенген табы байлардың дәурені өткеніне көзі жетіп, жалғызсырай бастаған, сондықтан өмірден күдер үзіп өлімге бет бұрған, шет елге қашқан»- деп кінәлап, өлеңдерінің басым тақырыбы Ислам дінін үгіттеу деп сынады. [35] Замана идеологиясының ығында белсенділік таныитып, бұра тартақан сындар өтінде Әсет, Әріп, Көкбай, Шәкәрім мұраларын мансұқтаған ұшқары пікірлер айтылмай қалмады. «Әсет пен Әріп хат таныған сауатты болса да поэзияда ру тартысы мен байланысты айтқандары кейінгі жазғандарын ақтап ала алмайды. Бұлар Абай маңында болғынымен Абайдың ақандық дәстүрін шығармашылық жолмен меңгере алмады. Әдетте Абайдың ақындық мектебін зерттеушілер көбінесе аАбай ауылынан, Көкбайлардан ұзап шықпай жүр» [36]- деп Абайдың алдын көрген үлгісін алған ақан-шәкірттерін жоққа шығармақ болды. Кейінен С.Мұқанов Әсеттің ел ішіне көп тараған и»Ақырғы сөзін»1959 жылы шыққан «Алыптың адымдары» кітабында [37], сол жылы жарық көрген «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті хрестоматиясында» Әсет пен Кемпірбайдың қоштасуын [38] жарилады. 1961 жылы С.Ордалиев «Қазақ әдебиеті тарихының» екінші том бірінші кітабында ақын өмірі мен мұрасы жайлы тұңғыш арнайы зерттеру мақала жазды. [39] Әсет ақан шығармаларының жинастырылып басылуына Б.Адамбаев та көп еңбек сіңірді. 1968 жылы С.Ордалив пен Б.Адамбаев «Жазушы» баспасынан ақынның алғашқы шығармалар жинағын шығарды. [40]. Бұл жинаққа Әсет ақынның 4 айтыс, 4 исса- дастаны, 35- тей ән-өлең арнаулары кірді. Алғы сөзін, түсініктерін Б.Адамбаев жазды. Жинақ алғашқы болғандықтан әліде толықтыра түсетін тұстары болып жатты. Жазушы Б.НҰржекеев Әсет ақын шығармашылығы туралы баспасөз біріне бірнеше мәрет келелі мәселелер көтеріп, 1988 жылы Әсет мұрасын дәйекті зерттеп укеле жатқан ғалым Б.Абылқасымовпен бірге ақын шығармаларының анағұрлым толық жинағын шығарды. [42] Бұл жинаққа 29 ән тексі, 71 өлең, 10 айтыс-қағыс, 8 қисса-дастан кірген. Ақынның 125 жылдық, 130 жылдық мерейтойына қатысты мерзімді баспасөзде көптеген мақаллар жарияланды. 1992 жылы Мақаншыда ақан Мұражайы ашылды. Абайдың ақындық мектебін жарты ғасырдан бері қайтпай, тавлмай зерттеп келе жатқан Қ.Мұхамедханов 1995 жылы жарық көрген «Абайдың ақан шәкірттері» атты еңбегінің еңбегінің 3- кітабында Әсет ақын өмірінен деректер беріп, бірнеше таңдамалы өлеңдері мен «Салиха – Сәмен», «Ағаш ат» дастандарын «Әсеттің Рысжанмен айтысын» жариялады. [43] А.Қыыраубаева «Ғасырлар мұрасы» монографиясында [44], кейіннен докторлық диссертайиясында да «Ер Шаризат» дастанын сюжеттік композициялық тұрғыдан толдап, «Француз» қиссасының авторы белгісіз нұсқасы жайлы дерек берген, қағысына тоқталған.[45]
Әсеттің «Ер Шаризат» дастанның сюжеттік негізін, композициялық құрылымын, жанрлық ерекшелігін Б.Әзібаева «Казахский дастанный эпос» атты еңбегінде біршама қарастырған [46].
Әсет ақан мұрасын жинастыру, бастыру, зерттеу ісіне Ә.Дивав, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмаділов, т.б өз үлестерін қосты.
Атадан балаға жаданда жатқа сақтаушылар арқала жеткен ақынның мол мұрасы Әсет талантының деңгейін жоғалтқан емес. Абай дәстүрін жалғастырушы, Абайдың ақан шәкірттерінің бірі- Әсет ақан мұрасы, рухани асыл қазынасы мұқият зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Академик С.Қирабаев сөзісмен айтсақ: «…Абаймен жалғаса туған шәкірт ақандар (Абай маңындағы) »
Осыдан бірер жыл бұрын жазушы Құрманбай Толыбаевпен жолығып, Әсет жайлы жазған романы туралы және жастық шағы өткен Құлжа, Боротола өңірінде жүргенде Әсет туралы, оның зираты жөнінде естіген басқа да әңгімелерінің бар-жоғын сұраған едім. Марқұм кең тыныстап алып: «Е… ол жағдай есімде ғой» деп бастап еді әңгімесін. «Адамның санасынан өшпейтін оқиғалар жыл өткен сайын қайта жаңғыра береді. Халқымыздың аяулы ұлы Әсеттің өмірі де сондай. Ұмытылмас өмір. Құлжа қаласының шығыс солтүстігіндегі Қайшы жайлауының кең маңдайы – Сарытөбенің жасыл жонында Құлжа ауданының мәдениет мекемесінің 1953 жылы ұйымдастырған ақындар айтысы есімде. Сонда Әсетті зерттеп жүрген ақын Жұмаділ Маманұлы: «Ардагер ақын, әйгілі композитор, бұлбұл көмей әнші Әсет халықтың аузында ғана емес, жүрегінде де жүр екен. Ақындар мен жиналған қауым бір ауыздан «өнерімізбен Әсеттің басына ескерткіш орнатамыз» деген бастама көтерді. Бұл ұсынысқа ел, партия, үкімет, мәдениет өкілдері түгел қосылды»деп тебіренген еді. Бір кезде осынау жалпақ жайлау үстінде елі сүйікті ақынын төбесіне көтерген. Оның батысындағы Көлденеңқаз, Көлтекшенің зең-гір көгіне шығарған, асқар алып Ереңқай, Бір-жанның солтүстік қапталындағы Тақия-Жың, аяқ жағындағы Сайрам көлінің жағалауы, оңтүстік күңгейіндегі ұлан-ғайыр Көкқамыр Әсеттің әсем әніне елтіген. Жұртты өнермен тамсандырған Әсет осы өңірде қапылыста қайтыс болды. Сүйегі осы Қайшыдағы Тастөбе бейітіне жерленген. Содан бері сексен жылдан астам уақыт өтті. Халқы ұмытпады, сүйікті ақынын ардақтап отыр. Халықтың осы сүйіспеншілігін көзбен көрген Жұмаділ тағы бірде былай деген-ді: «Әсеттің зиратының топырағын жел ұшырып, жаңбыр шайған екен. Осы бір қалың зират ішінен оның дәл табылуы қиынға соқты. Ол кездегі Әсет айналасындағы ақылгөй Мешпет, домбырашы Тергеусіз, сері Әукен, әнші-ақын Рақымжан, дос-жар Әбілақаттар қайда? Жиналғандардың біреуі ана топырақты көрсетсе, екіншісі қамшы сабымен мына топырақты нұсқайды, таппадық». Иә, уақыт өткен. Топырағы шөккен қалың моланың ішінен Әсеттің бейітін таба алмай қатты қиналған. Кенет байсалды бір топ аттан түседі. Қариялар зираттың шығыс бетіндегі топырағы отырып кеткен бір төмпешікке таяп барып отыра қалады да, дұға оқиды. Бұлар көненің көздері 86 жастағы Әпсемет пен Сұлтан және 80 жастағы Мұқан қариялар еді. Көкейлерінен өшпепті. Әсеттің бейітін дәл көрсетеді. Бұл кісілер бір кезде ақынды жерлеуге қатысқандар. Олар: «Осы қабірдің астында жуандығы қара сандай қарағай қазық бар» дейді. Іздегендері табылғандай болған жігіттер топырақты ашқанда әлгі қазықты көреді. Үлкен-кішінің жаппай жұмылуының арқасында Тасжота қорымында табаны тастан өрілген, ақ сырлы бесік күмбез бой көтерді. Маңдайшасына қызыл таспен: «Әйгілі ақын, композитор Әсет Найманбаев, 1867–1923» деп ойып жазылған. – Қалың қатпарлы заңғарлы таулардың арасын мәңгі тыныстаған ақынның ескерткіші 1955 жылы осылай жаңғырды, – деп әңгімесін аяқтады Құрманбай аға. Әсет жөнінде деректер жинау мақсатымен 2009 жылы Іле аймағына іссапармен барғанымда Құрманбай ағаның айтқан әңгімесінің нақты екеніне көз жеткіздім.
- Ән өлеңдері мен арнау- толғауларының жанрлық ерекшелігі
– 1992 жылы Әсеттің туғанына 125 жыл толу мерекесін республика деңгейінде ел болып тойлап едік. Он сегіз жыл деген не тәйірі, өте шықты. Әне-міне дегенше, ақынның туғанына 145 жыл болып қалды. Тарих үшін бұл онша ұзақ мерзім емес. Былайша айтқанда, тарих шаңына көміліп, ақын есімін ұмытатын уақыт деуге келмейді. Алайда, бүгінгі таңда Әсеттей ірі тұлғаның ел алдында жарқырай көрінетін келбеті көмескіленіп, атақ-абыройы мен биік тұлғасы аласарып, қадам басқан іздерінің сілемі солғын тартып бара жатқандай. Солай бола тұрғанымен, соңғы жылдарда Әсеттің ән өнерін жаңғыртып, насихаттайтын ғажайып шаралардың өткізілуі көңілге үміт ұялатады.
Меніңше, Әсеттің ғажап туындыларының ел ішінде кең тарамауына негізгі екі себеп бар деп ойлаймын. Біріншісі, Әсет өмірінің кемелденген шағының шетелде өтіп, шет жерде дүние салуы. Екіншісі, ақынның мол мұрасын ел ішінен бұрын, Қытайдың Шығыс Түркістан аймағын мекен еткен қазақ жұрты көп естіп, көп білгендігі. Ақынның асыл қазыналарының бұл жақтан гөрі ол жақта басым болуы. Міне, осының салдары болар, оның өмірлік туындылары әлі де толық жинақталып, терең зерттелмей қалыс қалып келе жатыр.
Егер арғы бетте Әсеттің замандастары, озық ойлы, көкірегі ояу, көзі ашық, құйма құлақ шәкірттері, өнерін сүйген халқы болмағанда айтылған сөзі айтылған жерінде қалар ма еді? «Гүлдерім қайта өнер ме өрімдеген, Жібегім кетті-ау талай өрілмеген» деп өз мұрасынан ертеңіне күдікпен қараған ақын, төңірегіндегі өртеңге шыққан көктей қаулап өсіп келе жатқан қаншама шәкірттерін байқай алды ма, жоқ па?! Алайда, шын асыл дүниенің жүректен-жүрекке жол тауып жүре беретіні анық екен. Әсеттің көзін көріп, сөзін тыңдаған, жанына ілесіп жүріп жан азығын тапқан Кәдрихан мен Рақымжан, Жүнісқан мен Шадай секілді шәкірттері болса, оларға ілесе қосылып Қали мен Шериаздан, Ауған мен Тоқтаған бастаған екінші топты Қыдырмолда Әділбекұлы, Бікен Мәсәлімұлы, Мәмет Қошқарбайұлы, Күмлия Әділбекұлы мен Дәнеш Рақышұлы жалғады. Міне, осындай ізбасарлар арқылы Әсеттің әндері, ән орындау мәнері, Әсет мектебі, оның шоқтығы биік, шыңы дара, дана туындылары бүгінге жетті. Әсетті оқып, Әсеттен нәр алып өскен өнерсүйер қауымның және Әсет шәкірттерінің тастан тары тергендей қажырлы еңбегінің арқасында 1945 жылы оның «Салиха-Сәмен» дастаны жеке кітап болып Шығыс Түркістанда, Алтайда жарық көрді. Ал біздің елде 1968 жылы жазушы Балтабай Адамбаевтың құрастыруымен «Әсет» деген атпен шағын шығармалар жинағы шықты. Осыдан кейін 20 жылдан кейін, яғни 1988 жылы жазушы Бексұлтан Нұржекеев пен зерттеуші-ғалым Болатжан Абылқасымовтың құрастыруымен «Жазушы» баспасынан Әсеттің шығармалар жинағы біршама толықтырылып шықты. Бұдан кейін де әнші туралы қаншама кітап жазылды. Ең қуаныштысы сол, қытай елінің астанасы Бейжің қаласындағы «Ұлттар» баспасынан 2000 жылы жазушы Қалиолла Нұртазиннің жинақтауымен Әсеттің шығармалар жинағының 2 томы жарық көрді. Ақынның таңды таңға ұрып айтатын дас-тандары мен тамаша өлеңдерін, әсем әндерін жадында сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізуге өлшеусіз үлес қосқан Мақаншы өңірінің көнекөз қариялары: марқұм Қыдырмолда Әділбек, Күнболат Қамзаұлы, Байділда Қанағатұлы, Қажікей Қалипанұлы, Қазытай Мұрынбайұлы, Уәли Тілеуұлы, Мәулітқан Сейтханұлы, Қызыр Сағит, бүгінде ортамызда жүрген Сансызбай Қармыс сияқты ел ағаларына айтар алғысымыз шексіз. Ал Әсеттің ән мұрасын ел кәдесіне жаратып, еліміздің өнер сахнасында қаз-қалпында түлетуші, Әсеттің ақын шәкірті Мәмет Қошқарбайұлының оқушысы Дәнеш Рақышев десек қателеспеспіз. Өйткені, Дәнештің 1958 жылы елге оралуымен бірге Әсет әндері қайта түледі. Арқадан Алатауға дейін аққу болып қалқыды.
«Ән салсаң Әсеттей сал» ән байқауы Алакөл жағасында бүгінге дейін түрлі деңгейде 6 рет өтіп, өмірде Әсет барын, Әсет әндерінің жанашыры бар екенін алты Алашқа паш етті. Әсет әндерін нақышына келтіре орындап, халқының жүрегіне жеткізуге жол таба білген марқұм Дәнеш Рақышевтың, Жәнібек Кәрменовтің, күміс көмей әнші Мәдениет Ешекеевтің, бүгінде көзі тірі Қажыбек Бекбосыновтың, Қайрат Байбосыновтың, Бекболат Тілеухановтың, Нұржан Жанпейісов пен Еркін Шүкімановтың, Ерлан Рысқалиев пен Толғанбай Сембаевтың, Берік Омаровтың таланттары тұлғаның баға жетпес қазынасының мол қорын аша түскендей.
Әсет ақынның ән- өйлендері де жыр- толғаулары да әртүрлі орындаушылар арқылы бірнеше нұсқада жетті. Импровизация үлгісінде туып, ауызша ел арасына тарап, бугінгі күндерге жеткен ақынның шығармаларын хронологиялық жүйеге түсіру мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті Әсеттің 1968 жылғы жинағына кірген 34 ән-өлең, толғау-жырлары мен 1988 жинаққа енген 29 ән тексі, 71 өлең, жыр-толғауларын құрастырушылар жанрлық түрімен тақырыптық ерекшілігі тұрғысынан топтастырған. Шығармаларын жанрлық тұрғыдан жіктеу- ақын талантының ауқым- аясын танытса, тақырыбына қарай топтастыру-замана күйіне, әлеуметтік ахуалға болмысқа, дүниеге көзқарасын аңдауға мүмкіндік берді. Сондықтан Әсет ақын лирикасын төмендегідей тақырыптарға бөліп қарастырған жөн.
- Жастық, сйіспеншілік әуендері.
- Өнер, ғылым, дін жайлы ағарт ушылық, дидактиқалық өлендер.
- Замана жайын толғаған сыншыл реализм дәстүріндегі толғау жырлары, арнау өлендері.
- Халық поэзиясы үлгісіндегі салт, ғұрып өлендері.
Ақынның жастық махабат тақырыбындағы өлеңдерінің дені- әндері «Бала кезінен қиссалар жаттап, әйгілі әншілердің әнін, жыршылардың асыл сөздерін ой- санасына түйіп алатын әдетінің арқасында Әсет өз өлеңдеріне ән шығара бастады. Ақан серінің, Бірджанның, Құлтуманың сұлу сазды әндерін Бәйжігіт еліне жеткізуші, таратушы Әсеттің әншілігі ақындығынан кем емес» [47]. «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Қарагөз» 1-2 түрі, «Гауһар қыз», «Желдірме», «Мақпал» сияқты әндері- ақынның жас бозбала шығында шығарған әндері. Себебі, ән мәтінінде дәстүрлі қара өлең, қайым өлең әсері айқын аңғарылады. Мысалы, «Мақпал» әніндегі:
Мақпалдан қайттым бңр күн Кербалақпен,
Асылып садпағымды қорамсақпен, немесе
Кіші Ардақтағы:
Ат қайда Ақбақайдай шаппай жерген….
Қарагөздегі:
Қаратаудың басынан түсер сағым, т.б.
Қарагөздің келесі бір түрі қазақтың қара өлең айту дәстүрінде орындалатындығы әрі өлең ұйқастырының алысарға, табысарға, жарысарға, туған айдай, жазық маңдай, бұлбұл таңдай, ақсай №южелген, көзі күлген, өзі күлген, сәулем едің, дәурен едің, әуреледің тәрізді жеңіл ұйқасқа құрылуы еліктеу, үйрену кезеңінің стилін аңғартады. «Әпитөк», «Ардақ», «Мақпал» сияқты көптеген әндерінің авторлығына күмән-талас пікір туындауы-әрі реминисценция тұрғысынан, әрі стильдік қалыптасуының еліктеу кезеңі тарапынан заңды құбылыс. Әсеттің алғашқы әндерінің қатарында өзіндік өрнегі, мәнерімен ерекшеленіетін поэтикалық және музыкалық жағынан бір- бірімен шебер ұштасқан, әуен-саз және ырғақтық құрылысы өте мәнді шығармасы- «Інжу- Маржан». «Інжу- Маржан»- Әсеттің еліктеу кезеңінен өтіп өз стилін танытудағы талпынысының тырнақалдысы. «Әуелдетіп ән саласа әнші Әсет»- деп басталуының өзі импровизатор ақывндарға тән өз авторлығын бекіту әдісі. Мысалы:
Ән еді Біржан салған «Жамбас сипар»,
***
Толғантып Жарылғаптың салған әні,
***
Аралап қара ертісті Естай ақын
Деп салған «Жайқоңырдай» әннің аты
***
Ән еді Ыбырай салған «Майда қоңыр»
Өнер зертеушісі Қ.Жүзбасов құрастырған Әсеттің әндер жинағында «Інжу- Маржанның» бес түрі нотасымен басылған [48]. Бұдан ақын өзінің сүйікті әнін үнемі айтып жетілдіру үстінде болғандығын көреміз. Б.Нұржекеевтің «Інжу- Маржан»- махаббат әні, «Еркем-ай сағындым», «Сағынбасқа не шара», «Қозы көрпеш Баяндай бір молада өлсем-ай» сияқты ән қайырмасындағы сөздер бұл пікірімізге дәлел. Алайда әннің негізгі текстінде, яғни өлеңінде махаббат мотиві жоқ: ән бір басқа да, өлеңі бір басқа. «Еркем- ай сені сағындым» деп тұрған қайрмаға «Әуелетіп ән салса, әнші Әсет, Аққуменен аспанда жер тілдесед» деген асқақ сөздің үйлеспейтіні былайда көрініп тұрған жоқ- па [49] деген пікірмен келісу қиын. «Інжу- Маржанның» Қ.Жүзбасов жариялаған 3-4 түрінде сағыныш та бар, ал 5 түрінде Салиха- Сәмен жайлы да айтылады. Ақын . «Інжу- Маржанның», «Қисметтің» ойнақы әуезді қайырмасын жиі пайдаланған. «Інжу- Маржан» А.Түгелбаев естелігіндегідей [50] Інжу атты қызға арналмаған сыңайлы. Әрі 1920 жылы шығарылған деу де негізсіз, тек әннің бір ғана нұсқасына қатысты айтылуы мүмкін. Б.Нұржекеев 1988 жылғы жинаққа В.Г. Ерзаковичтің 1934 жылыЛекеровтен жазып алған нұсқасын енгізген. Бұл нұсқа Қ.Жүзбасов құрастырған жинақта «Інжу- Маржанның» екінші түрі ретінде берілген. 1988 жылғы жинақта алғашқы шумақтың 4-5 тармағында ждаусым- даусы, жүрегімнен- жүрегінен деген сөздер редакторлық түзетуге түскен. Бірінші жақтағы тәуелді сөзді үшінші жаққа ауыстыру ән сөзі Ілиястікі деген пікірді орнықтыру ниетінен туса керек. «Інжу- Маржанның», «Мақпалдың», «Ардақтың», «Қисметтің» т.б әндердің бірнеше түрі блолуы осы әндер эволюциясын танытады. Бірден қағазға түсіп таралған ән болмағындықтан импровизациялық үлгідегі шығарманың бір мәтінімен айтылуы мүмкін емес, жеткізуші, орындаушылардың әсер, үлесін былай қойғанда, автордың тарапынан көп өзгеріске түсіп жетілдіріп отырған. «Інжу- Маржанның» бір түрін А.В.Затаевич тің 1930 жылдары І.Жансүгіровтен жазып алуы басында «Әсет», кейінен «Әнші» аталған Ілияс өлеңінде Әсеттің де үлесі бар екендігін жоққа шығармайды. Әсет өнерінің ішіндегі даулы пікір тудырып жүрген «Әпитөк әні» жайлы өнертанушы ғалым З.Қоспақов: «Әпитөк» әнін айтқанда «Әупілдектің» сөзімен айтып жүр. Бұл мүлде келіспейтін дүние. Кі әннің аты да заты да, әуен ырғақтары мен құрылымы да , айтпақ болған мақсаттары да бөлек емес пе және «Әпитөк» халық әні емес, халық композиторы Ә.Найманбайұлыніңкі [51] дейді. Осы «Әпитөк» анық Әсеттің әні екенін Х.Әділбекұлына Кәдирхан өз аузынан айтқан деп жазды,- С.Бегалин[52]. Әсеттің қазір халқымыздың рухани мәдениет қазынысында сақталған Інжу- Маржанның», «Мақпалдың», «Ардақтың», «Қисметтің» , «Қарақөз сәулем көз көрген», «Ырғақты» , «Әпитөк», «Ақырғы сөз» қатарлы толып жатқан әндері бар. Кей әннің 3-4 түрі барлығын әрі дастандарды айту мақам әуені, трмлері, айтыстары әуендлерінің сан қырлы әуезділігін ескерсек әнші- сазгер Әсеттің музыкалық мұрасының да қомақты екенін көреміз. Әсет әндері алғаш жинақ етіп құрастырған Қ.Жүзбасов 50-ге жуық ән- әуенді нотасымен жариялады. Әсет әншілігіне берілген әділ бағалар – ақынның ән өнерінде шыққан биігіне берілдген әділ бағалар. Академик А.Жұбанов: «Әр әншінің өзіне тән музыкалық ерекшелігі барындай Әсеттің де зө почеркі бар, орындауы келіссе әӘсетә әні*- сахнаның сәнінің бірі» десе [53], Әсет әндерін ел арасына таратушы белгілі Д.Рақышев: «Әсет әнін үйренгенде оның әрбір әнінің сипат сынына, ойлылығымен орындалу шеберлігіне ерекше ден қойғагдығым еді» [54] деп бағалайды. Қ.Жұмаділев «Тағдыр» романында: «Демежан өз өмірінде талай әнші, өлеңшіні көріп жүріп, нағыз өнер иесін тауып тыңдағаны осы» [55] деп суреттейді. Әсет ақын- өзінің бойындағы ақындық, әншілік қасиеттерге өзі де баға беріп кеткен ақын.
Ән басып , мейірін қандыр салғандай ғып,
Үйреніп жастар ғибрат алғандай ғып.
Тәтті әннің арасына асыл сзді,
Тоқысаң меруерт пен маржандай ғып,
Сөйлеген грамафон табағындай,
Мирас боп, бозбалаға қалағандай ғып,
Бір сағат сандуғаштай сайрап берсең,
Құлаққа қайта есту армандай ғып.
Ән салсаң Әсеттей сал арындатып…
Өзегін тыңдаушының жалындатып….
Әсет өзі шығарған әндерді таңғажайып сұлу даусы мен өзі ғана орындаған асқан шебер әнші, өлеңді үн нөсердей сорғалатқан төкпе ақан. ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәуірлеп өткен қазақтың сал- сері ақын әншілері Біржан сал, Ақан серілердің жалғыз қара жалғасы да — әнші Әсет.
Шығрмашылық толысу шағы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи аласапыран кезеңіне тап келген Әсет ақын мұрасы сол дәуір тудырған әдебиеттегі дәстүр үрдісін дамытуға үлес қосып, ел өмірін, әлеумет тұрмысын, тарих тауқыметін өлең толғауларына арқау етті. «Ақындық, жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың халін танып, күйіне салып толғай алуында » [56] «.. әрі үлкен әдебиет халық өмірінің белді кезеңдерін, дәуір тудырған әлеуметтік тартыстарды қоғамдағы саяси ағымдарды, мифологиялық шатырмандарды айналып өтіп кете қоймайды» [57]. Қазақ даласында ағартушылық бағыт кездейсоқ туған жоқ. Ол тарихи әлеуметтік дамудың қажеттілігінен, өмір талабынан туған еді. Орыс отралауы неғұрлым орныққан сайын қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына жол бермей, тұншықтыра түсті. Ақынның соңғы өлең, толғау, термелерінің тақырыптық идеялық бағыты дәуір тынысының тарылған, ұлт- мұңының молайған кезіндегі, отралық пен озбырлықтан еңсесі түскен халқының қамы, сондықтан еілінің елдігін жоғалтпай , діні мен салтын сақтап қалуын өнер- білімге ұмтылуын уағыздайды. Егемендігінен, жерінен айырлып, болыстық билікті ғана місе тұтқан, отаршылдардың саясаты, жаңа заңдары салты мен санасына қайшы келіп, бойкүйез, немқұрайлыққа салынып, жалқаулық жайлап, талпыныс ұмтылысы кері кеткен еліне керенаулық, жалқаулық әкелген надандықтан құтылудың бір жолы өнер- білімде екенін насихаттайды. Ақынның сыншылдығы ағартушылық идеясымен ұштасып жатыр. Надандықтың сыры жалқаулықта екнін дөп басып ойға түйген ақын идеясы айқын.
Ал қазақ, малыңда көп, сәннің де көп,
Осыншама болдың екен неге еріншек?
Қомсынып көп қорлайды басқа халық.
Өстір ме едік өнерді көп үйренсек?… деп,
Өнер білімнен, кенде қалған халқының ар- намысын қорғау, әр елге бодан болмай отарлық езгіден құтылудың жолы бірлікте, ғылым, өнер үйренуде екенін жастарға өсиет, ғибрат ретінде айтады.
Өнер үрен кеудеңіді өрге сүйре,
Ендігі жас болмаңдар тым еріншек…
Оқып біліп пайдалан, біреуге ұқтыр,
Әліңше дін меллатқа пайда жұқтыр,
Оқымай бос қаламыз біз несіне?
Білімді озған кісі бәрі өзіңдей
Аяқ, қол, байқап қара келбетіңе,- деп оқу білімді, өнерді ел игілігіне жұмсау керектігін, оқу мен өнердің талаптанған, талпынған жастың мұрасына жеткізер дара жолы екенін көрсетеді.
Әсет ғылым жайлы толғанғанда қазақ поэзиясында 18 ғасырдан бері насихат, үгіт үлгісінде айтылып келе жатқан белгілі жайларды да термелеп, тәмсілдеп, кейде тың тосын теңеу, тіркес тауып, терең ой түйіндейді.
Мысалы:
Ғылыммен тән тазарып жанданады
***
Ғылым қу, жан тамырын тербетуге
***
Пердесі адамзаттың- ғылым шатыр
***
арасын ғылым бұлдап асылдайды
***
Болғанда ғылым -дария, оқу — өрнек
***
Ғылым-дос, ақыл- қанат, талап- серік
***
Ғылым деген иманның, бір кілті бар
Өнер- ғылым ақын өлең- толғауларының басты тақырыбы болуы заңды. Біз Әсет ақын шығармаларындағы өнер, білім, ғылым, адамгершілік, миандылық, достық, махаббат тақыорыбын, саяси- әлеуметтік мәселлерді сөз еткенде – Абай поэзиясынан бастау алған мазмұнның кейінгі ақындарға ортақтығын, Әсеттің де сол тақырып, сол көркемдікті игерудегі өзәііндік талпынысын көреміз. Әсет «Ғылым-дос, ақыл- қанат, білім- серік» деген өлеңінде:
«Ғылым таппай мақтанба» деген қайда?
Талай ғибрат, тәміл сөз бұрын өтті,
Біз соның бұл ғасырда орнын бастық,
Ғибратын баян қылып елге шаштық,- деп алдындағы үлгі шашқан оқымыстылар мен ақындарды өнеге тұтады. ХХ ,асырдағы қазақ әдебиетінің демократтық ағартушылық ағымда болуы, импровизатор ақындардың халық алдына жиі шығуы, өсиет, уағыз айтуына мол мүмкіндігі болуы- ақын өлеңдерінің әлеуметтік, дидактикалық- ағартушылық мазмұнына игі әсер тигізді. Ақын «Өнер» атты толғауында өнердің әр түрін тізе термелеп, оның қадір- қасиетін жекелеп түсіндіре дәріптейді.
Дүниеде толып жатыр әр түрлі өнер,
Құлағың естігенді көзің көорер,
Кейдеңнен артылатын өнер болмас,
Көз танып, көкірек білсе қолдан келер,
Әуелі өнер алды- білсең ақыл,
Болады сүйеу жолдас, әуе ақыр,
Қалдырсмай төрт тұрманын түгел білсең,
Жігірке талапты өнер толып жатыр.
Ол да өнер оқ шығарып, мылтық атсаң,
Жапанда жау құтылмас жүйрік аттан,
Жүйрік ат, қыран бүркіт, түлкі салып,
Қанжыға қамдап келсең ол да мақтан.
Ол да өнер- әсем киіп сақылдаған,
Оқыса ағаларың тың тыңдаған.
Ол да өнер темір соғып, құрсаң дүкен,
Болмайды жігіт бақсыз өнер біткен.
Пайғамбар Дәуіттағы темір соққан,
Болмайды мұнан артық өнер үлкен,-
деп өнердің алды ақыл, ал ақыл оқу- білім, ғылыммен келетінін, еңбек те кәсіп өнер екенін толғай келіп, толғамды ойларын жинақтап,
Ақыл, қайрат, өнер- білім, жігер қайрат,
Дүние осылардан сабақталып,-
деп түйіндейді. Әсет шығармаларында өмірлік өзек болған тақырып- өнер, білім, ғылым тақырыбы. Өз бойынан әншілік, ақындық, сазгерлік, балуандық сияқты өнердің сан алуан түрі табылған сауатты ақын өнер, білім, ғылымның өмірдегі өлшеусіз нарқын ерекше насихаттайды. Өнер, кәсіп қумай, оқөу білімге талпынбай, ет пен қымызға бөртіп, дау- шар қуып бір- бірінің малын талап, барымталап «күншілдікпен күні өткен мас елінің» сыйқына кейіп намысын оятпақ ниетте,
Қулық, сұмдық, бас қамы баққанымыз,
Қыз бен қымыз қыдырып тапқанымыз,- деп
сынай отырып, ұйқы, еріншек, надандлық, маскүнемдік жайлап «Білгенге ермей, білімге көңіл бөлмей», «қамданбай қарап қалған қазақ сорлының», күйін:
Қазақтың осы күнгі көпшілігі,
Айырылды киер киім, ішер астан.
Айырлып ата- қоныс мал – мүлікінен
Ақыры бір шыбындай жан деп қашқан,- деп
Отарлық езгіге амалсыз бойсұнған халқының бойкүйездігінен налиды. «Күйзелген ел, жығылған туды көрмей, бір- біріне иәлі қас жұрттың арасында» «Бір адам заманадан хабары жоқ», «Бірлік жоқ, ынтымақ жоқ, әділдік жоқ», өйткені «Қазақ қамын ойлағын кісі бар ма?», бәрінің «Білгені, іздегені өз құлқы», «Мен данышпан- дегендер де толып жатыр, Көзі ашық өнерпаздар білі шашпай»,- деп қынжылады. Ақын халыққа жол көрсетіп, ақыл салар азаматтар қайда деп қамығады. Ескілікке, кертартпалылыққа қарсы тұрған ақын халықты еңбекке, өнер- білімге ұмтылуға шақырады. Тіпті оның өткір сынға құрылған шығармаларының өзінде халық өмірінің көкейкесті мәселлеріне жауап беруге тырысу айқын сезіледі. Оның шығармаларындағы наразылық ағартушы ақынның арман- мақсаттарымен ұқштасып жатады. Абай үрдісін үлгі тұтқан Әсет ақынның өлеңінде Абайдың пәлсафалық тереңдігі балмағынымен өз кезеңінің өмір шындығын танытуда өткірлігі мен динамикасы басым. Абайдың қазақ қалпын толғағаған өлеңдерінің үлгісінде ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебитте туған А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев, , Ә.Тәңірбергенов т.б ақындардың әлеуметтік лирикасының қатарында Әсеттің де бірнеше өлеңін атар едік. А.Байтұрсынов «Қазақ салты» деген өлеңінде:
Дегендер мен жақсымын толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.
Қайырсыз небір сараң байлар да бар,
Қайықтай толқындағы қалтылдаған [58],- десе,
Әсет:
«Мен данышпан» дегендер толып жатыр,
Көзі ашық өнерпаздар білім шашпай.
Бай, мырза, атқа мінген азаттар-
Басында жемісі жоқ қу ағаштай,- деп
«ел жақсысын» Ахаңша сынай отырып, қайырсыз бай, атқа мінген азаматтарды образды түрде шенейді. Сол кезең ақындарының лирикасындағы басты арна- қоғам өмірі. Қазақ қоғамының сол кездегі мшеулігін жай ғана сынауды місе тұтпаған ақын алдымен сол мешеуліктің себептерін саралауға, ынтымақсыз қазақ бай, мырзалардың бедел- бейнесіне обьективті баға беруе ұмтылады.Бұл бағытта да ақын өлеңдерінде Абайдың реалистік дәстүрінің ізі айқын көрінеді.
Әсет ақын өлеңдерінің көбі дерлік насихат, тәлім үлгісінен өмір, дүние белестері, адам тілшілігінің мәні, жақсы мен жаман, асыл мен жасық, адалдық пен залымсдық сияқты өмірде адам- пенде бойында кездесетін кереғар қасиеттерді салыстыра термелеу, аллегориялық тәсілде суреттеу арқылы мәңгілік мәнін жоймас заңдылықтарды сипаттауға көтерілдеі. «Тәмсіл», «Жас жігіт надандықпен алданады», «Жан фани дүниеден ақырда өлмек», «Сабаздар санасы жоқ сатылып жүр», «Шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол», «дамзат дүние қуып қартаяды» т.б. өлең- термелері имандылық, этикалық, этикеттік жайларды да қамтиды. Мәселен, сыпайыгершілік, ізеттілік, биязылық, немесе кеірісінше көргенсіздік, кесеаптаттық мінездерді қатар қойып, «… ғибрат аларлықтай түрде, көңілін қалдырып, көзін жеткізерліктей формада айту сезіледі. Бұл стильде жазған ақын жыраулардың танымалы тәсілі, өйткені үлгі сөздердің көшпелі тұрмыс жағдайында жалпы тыңдаушы жұртқа тәлім- тәрбие берер, эстетикалық сана орнатар бірден- біри мектеп болғаны хақ» [59]. Ақынның шабыты шағында түйдек- түйдегімен төгілетін насихат, ғибратқа толы өлеңдері импровизаторлық өнердің тамаша үлгілері:
Домбыра, бисмилла деп, қолға алайын,
Жайынгдай суда жатқан қозғалайын
Жамиғат құлақ салып тыңдасаңыз,
Азырақ білгенімше ән ч алайын.
Берейін сөйлеп- сөйлеп сөйлер сөзге,
Жақсының жамандай ма көңілі өзге.
Арасы жақсы- жаман жер мен көктей,
Қосылмас, алтын қоссаң, мыс пе жезге,- деп
Термелеп, дүние жалғандығын айтып, бұл фәни қызығы ойнап- күлу емес, білім іздеп, «бес параз исламға ғибрат қып», адамгершілік, имандылық, шындық жолын аттама деп уағыздайды. ХІХ ғасырдың соңңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің өкілі Әсет ақынның діни-дидактикалық тұрғыдағы өлеңдері укезінде идеология салдарынан жиналмай, жарияланбай келді. Өзі діни медресде оқыған, құран қасиетін, шариғат қағидаларын жақсы білгендіктен, имандылықты уағыздағын ақын өлеңдері үзік- жұлық жетті. Діни ағартушылық Ағымның ірі өкілдері де кертартпа саналып, кітаби ақындар ескішіл, діншіл ақындар деген жалпылама аттаққа ие болып, олардың әдби\, рухани мұрасы көпке дейін елеусіз қалды.
Дінді у деп уағыздағын кеңестік идеология қаулы- қараларымен қаруланған кейбір «сыншы, көсем- шешендер» нысанасына жиі ілінгені де діни- уағыздық шығармалар болды. Саясат салқыны діни- ағартушылық ағымының өкілдерінің мұрасын зерттеп, игеру жұмыстарына мүлде кері әсетін тигізді. Әсет өз өмірінде араб- парсыша үйреніп, ислам дінін діттеп зертеген сияқты. Ел аралапжүргенде де бай- манаптарды, діни ғұламаларды өз сөзіне иландырып, адалдықты, пәктікті, қайырымдылықты үздіксіз үгіттеп отырған ақан діни схоластиканы уағыздағын жоқ, діннің ақ жолын қоғамның даму көзіне айналдыруды мақсат тұтқан. Әсеттің 1968 , 1988 жылдардағы жинақтарында дінге қатысты өлеңдері енгізілмеген. Заман көзқарасы тудырған пікірлер Әсеттің дін тақырыбындағы өлеңдерін әділетсіз сынады. Дүмше молданы сынау дінді сынау деп көрінеу бұрмалады. «Жұлдыз» журналының1995 жылғы № 1 санында Қытай Халық Республикасында тұратын Асқар Игенұлы жинап, «Әсеттің белгісіз өлеңдері» деген тақырыппен топтап жариялаған өлеңдерінің ішінде «Я Алла, хамду сана көп ибатың», деп басталатын өлеңі- таза діни тақырыптағы пайғамбарларды дәріптейтін ұзақ өлең. Дін тарихын, шариғат қағидаларын білу осы кезең ақындарының басты мақсаты болды. Әсіресе, айтыс ақындары осы жағына көп көңіл бөлуі заңдылық еді. Әсет айтыстарынан, өлеңдерінен, қисса- дастандарынан оның білімге жүйріктігі айқын көрінеді. Алқалы топта «ал сөйле» дегенге бөгелмей төкпелеп, Он сегіз мың ғаламның хақ сәуірінен бастап, пайғамбарлар тарихынан, төрт кітап мағынасынан сөйлеп келіп:
Жаралдым топырақтын нәсілім алдым,
Сәл сәлім Қожа Ахмет Яссауидан.
Рухым- Мұхаметім, діни- ислам,
Мәзһәбәбім- Сейітұлы имам ағзам…
Жаратты біреуді орыс, біреуді қытай,
Мұсылман қылғаныңа әлхам- дұллай.
Фаман сейлафа таңмағар деген сөз бар,
Тілеймін құдіретіңнен шәйен леллахи- дейді.
Осы өлеңге қатыстыт ел естелігінде, ақынның шариғат сөзін құранның аятымен дәлелдеп, өмір шындығын жанды түрде діннің қағидасы бойынша айтып, ақырында және аятты қосқанда дән риза болып, Ешен қазірет алтынмен зерленген қойын сағатын сыйлапты. Дейді. Әсет өлеңдеріндегі дәни- дидактикалық сарын бұрынғы жырауладың толғауларындағыдан кем емес. Мысалы:
Иман қажет бломайды кейбір насқа,
Малым ааман болсын дер, үш- төрт түлік.
Қажы бармас, малынан зекет бермес,
Қацйырсыз надан байдың бәрі де өлік- деп,
Имансыздарды әшкерелесе, адам жаратылысы, фәни жайлы толғайды:
Халық етті жоқтан бар ғып алла бізді,
Мақфузаға рух қылып бұрын тізді.
Жанған жан болғаннан соң көрдік жарық,
Дүние- ел шықынған бір үлкен той.
Жіберген қызық көр деп әммамызды.
Біреу- құр, біреудің олжасы көп,
Пайдадан әһлі шайтан үмір үзді.
Зая қып көп жыл қылған ғибадатын,
Албытып күпірлігі пиғылын бұзды.
Бәрінен еркек ердің жасы қабыл,
Айттырып әркім алған дүние- қызды.
Замана, қоғам қайшылықтарын, әлеуметтік ақиқаттарды суреттеген шығармаларында ақан әлеумет өмірінің барысын реалистік таныған. Абай алдын көрген, өнегемін үлгі тұтқан ақын қазақ қалпын, қамын Абай үрдісімен толғайды.
Қазағым, сәнің кетті, қацйран жұртым,
Бұзып тұр мына заман елдің шырқың,
Бір аддам заманадан хабары жоқ,
Жазылар надандықтан енді тұрқың.
Бірлік жоқ, ынтымақ жоқ, әділдік жоқ,
Тартқызды сазайыңды әдет- ғұрпың,
Қазақ қамын ойлаған кісің бар ма,
БЮілгенің, іздегенің өзің- құқың,
Ғаділет, шапағат жоқ жүрегіңде.
Адамға ерек бермес өңшең қыртың
«Қалдың ба қайран қазақ қамданбастан», Күйзелген ел, жығылған туды көрмей «Бұзып тұр мына заман елдің шырқың» деуіне қарағанда өлең 1916 жылдың аласапыраны қарсаңында туса керек. «Сарыарқа салқын туада тәтті сулы» деген өлеңі әлеуметтік, саяси тақырып тұрғысынан туынды. Алдыңғы өлеңмен мазмұндас. Бұл өлең Шығыс ТҮркістан аймағында туған. Өлеңдегі,
Өлген мола, туған жер қонысынан,
Кездескен қиын жағдай бізді қуды.
Немесе,
Жете алмай Қытай жаққа жылыстадық,
Сұр шекпенін сүйреткен ит қорылықта,
Отырмыз қайдан келіп біз келімсек?- тәрізді
деректі жолдар- ел басынан кешкен ауыр кезеңнің шындығы.
Осы өлеңге орай айтылған «Адамдар арасындағы жекелей фактілерден ары аса алмайды, жаңа заман рухын терең ұға алмаған», «басқалардан үйрену идеясын әлсіздеу сөз арысында айта кетсе де…» [60] деген қисынсыз, ұшқары айтылған сынды, замана идеологиясы салдарынан таптық көзқарас іздеген «ізденіс» деп түсінеміз. «Қаламгерге ол кезде берілген бағаның кей- кейде, көпе- көрнеу қате, әділ емес, оғаш екендігі Бұл жайда я асыра жақтау, көз жұмбайға салынуға, я болмаса әдейі шүбә келтіру, тіпті теріс баға беруге орын берілгендігі ескерілуі тиіс»,- деген М.Базарбае пікірі адалын, ақиқатын айтқан түйін.
Әсет өлеңдерінің бір парасы- арнау өлеңдері. Әр түрлі ортада әр түрлі жағдайға байланысты экспромтпен туған арнаулар бірде әзіл- сықақа, әжуа- қалжың ретінде туып жатса, кейде ел ортасының дай- шарын бітістіруден әлеуметтік тақырыптарға дейін көтерілген. 1968 жылғы жинақта төрт- бес арнау өлең ғана болса, 1988 жинақта отызға тарта өлең басылған. Сын- сықақ түріндегі арнау өлеңдерінің дені адам бойындағы жағымсыз мінездерді әшкерелеуге арналып, екіжүзділік, жылппостық, қулық, жалқаулық сияқты келеңсіздіктер ақын назарыннан тыс қалмаған. Төртуыл Ақболаттың биі Кәріпке:
Күн қақты сұр шолақсың немедей шыр бітпеген,
Өрт өшірген немедей түр бітпеген.
Арақкеш, апиын кеш- өңкей сайтан,
Кесел ғой мал мен басты өрбітпеген-десе,
Мәмбет ішіндегі Туматайдың болысы Отыншыға өзінің тілегі бойынша:
Жанында Өткмнің алтын пышақ,
Төрт Мәмбетті алдың ғой тайдай тұсап.
Төрт Мәмбетті алсаң да тайдай тұсап,
Жан – жағыңды қоймадың тажалға ұқсап,- деп
Бір ауыз өлеңмен сын айтыпты. Ақын арнаулрында жеңіл әжуа- юмор, көпшік қоя отырып кемшілігін көрсету сияқты ирониялық шумақтар да кездеседі. Еңсе баласы Таңғытқа айтқан мына бір шумақта- атқамінер әрі бай Таңғыттың сатиралық образын шымыр бейнелеген.
Тәкеңді жұрт сайлаған басшылыққа,
Алты жұмық ереді атшылыққа.
Қойы он мың, жылқы екі мың- кемел дәулет,
Жалғыз –ақ ақыл ойы тапшылықта.
Көріп отырғанымыздай, Әсет «Аужарына» екі шумақ жар- жар орынсыз қосылып кеткен. Әрі жігіт жақтан айтылатын аужардың:
Аужарым деп бастайын,
Жолың болсын енді бар.
Ата- анам қалды деп,
Ия шырығым қылма зар,-
деп басталуы да өзгеріске ұшырығанға ұқсайды. Ел акузындағы Әсет аужары:
Бисмиллә деп бастайын,
Жолың болсын енді бар,
Қыз беруді сүннет деп,
Айтқан екен пайғамбар,-
Деп басталады. Бұл жолдардың өзгеруі мен түсіп қалуын замана идеологиясының салдары делік.Ауджардағы келесі шумақтан да жар- жардың топпен айту байқалмайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін түйдкті толық мысалға алуға тура келді:
Тағдыр жазды осылай,
Сізді жатқа бұйырып.
Амалсыз берді ата- атанаң
Бала-ай деп күйініп,
Насихат айтсам қарағым,
Көңіліңе қалсын құйылып.
Үлкеннің өтпе алдынан,
Әдеп қыл көрсең иіліп.
Сонымен Әсет ақынның соңғы жинағындағы «Аужардың» жанрлық түрі, композициялық құрылымы, текстологиясы жағынан ақауы көп, жинаққа талғау, талдаусыз енгізілген.
Жоқтау сан ғасырдан жинақталып келе жатқан, Халықтың тұрмысымен, салт, ғұрпымен тығыз байланысты туған шер өлеңдерінің бірі. Академик Ә.Марғұлан жоқтаудың көрнекілігін айтып: «Онгың шығуы үй ішінде қауым ортасында болған игі адамдардың дүниеден көшкенін өкініп, соларды еске түсіру ретіеде айтылған жыр. Жоқтай Орхон жазуларының түбегейлі аялғысы. Оның ең бір жарқын түрін Күлтегін, БЕрге тас жазуларынан көруге болады » (48),- дейді. М.Әуезов жоқтаудың ішкі- сыртқы табиғатын жан- жақты зерттей келе: «Жоқтауда өлген кісі жоқталады. Өлген әйелінің, апа- қарындасының немесе шешесінің бір жылға дейін яғни асы берілгенге дейін жоқтауы ең арғы заманан сақталып келген. Жоқтаушылар күніне екі рет: күн шығарда , күн батарда өлген адамына жоқтау айтып, жырлауға тиіс. Жыр өлген адамның абзал қасиетерін дәріптейді. Үй ішінің қайғысын, өлімінің ауырлығын айтып егіледі» [8] деп жоқтаудың ішкі мзмұнын аша түседі.
Әсеттің 1988 жылғы жинағындағы ақынның Шынар Сапабайұлы дүниеден өткенде марқұмның қызына жазып берген жоқтауы- 1967 жылы қазан айында «Семей таңы» газетіне басылған М.Тұраров жинаған нұсқасынан алынған. Бұл жоқтауды композициясы тұрғысынан екі желіге бөліп қарастырамыз. Алғашқы желі – марқұмның істеген жақсылығын, бойындағы ізгілік қасиетін ашады:
Ақылмен жиып ел еткен,
Ағайынның тозғанын.
Пысықтардын қаймықпай,
Артылып туған озғаным-
Деп Абайдың «Әбдірахман өлгенде» жоқтауымен сарындас басталады. Екінші желіде – жастай шешендігімн , әділдігімен атағы шығып ел қадірлісі атанған бидің жаназасын уақытында келмеген «ел жақсыларының» атын атап, мінін айтып, ағайынның топырықты өлімде өкпесі жүрмейтінін ескертеді.
Қамасын деп қарызы,
Нашардың сөзін қолдаған.
Жақпаған міні сөздерге,
Жаңылмауы турадан,-
деп турасын айтып, туғанына әділдігі мен туралығын дәріптей түседі. Осы шағын жоқтауда Тасболат, Қанағат, Әлімғазы, Жамакөз сияқты зердесіз атқамінерлердің образы да:
«Знакті күйеу» деуші едік,
Зердсіз екен Тасболат, немесе
Ағайын-жұрттың азғаны,
Шіреніп бәрі жатқаны,-
Деген жолдардан айқындала түседі. 1968 жылғы жинақтағы қызы Сәмөгейдің әйелі Тәтежанның ақынды жоқтауы Әсет қаламынан туған туындыға ұқсамайды. Жинақтағы түсініктемеде «жоқтауды» Әсет түсінен шошып оянып әйелі мен қызыны үйреткен екен дегенімен , мұндай жоқтауды жыр үлгісімен екінің бірі жанынан шығарып кейбір жолдарды қосып айта береді, немесе бұл жоқтауды ауылдағы Әст шәкірттерінің бірі үйретуі мүмкін. 1988 жылғы жинақты құрастырушылардың бұл екі жоқтауды жиннаққа кіргізбуінде осындай себеп болса керек.. Әсет ақын халық тұрмысындағы ескі салт санаға, жарамсыз әдет- ғұрыпқа да сын көзісмен қараған. Қазақ тұрмысындағы ауыр індетке айналған қалың мал дәстүрін және оның уыр зардаптарын сынап, әлі сәби жас балаларды да атастырып қоятын әдтін әшкерелейді
Баласын бесіктегі атастырып,
Артқы дауды қояды шатастырып.
Ол бала өледі ме, өседі ме,
Қарлығаштай қылменнен матастырып.
Немесе:
Жынысын малға сатқан маллғұн мінез,
Осының есің болса, обалын сез.
Нанбасаң аят сөзің абайлаңдар,
Сауданың бәрі харам, көрмесе көз.
«Құдалық туралы» туралы деген өлеңінде де осы ойын дамытып: «Мал үшін құда болар сәби ұлға» деп баласының болашағынан гөрі қалың мал болашағын ойлаған надан мінезді айыптап,
Сүйікті бұтағыңа бүрлеп шыққан,
Құрметті жемісіңді ысырап қылма,-
Деп уағыздайды. Жоғарыдағы осы екі өлеңнің негізгі идеясы, мазмұны бір. Өлең сөздерінде сөзбе-сөз сәйкес келетін жолдар да бар. Бірақ бұл құбылыс- импровизация дәстүрінде туған ағымдағы, өлеңдерінде өзі тұстас Әріп Тәңірбергенов идеяларымен үндестік сабақсаттықты мол аңғарамыз.
Жас қызды алпыстағы шал алады,
Әйел жағы тағы кем саналады.
Әлгі шалда үш қатын бұрын болса,
Мал беріп төртінші ғып тағы алады…
Зәулім боп жиырмаға жеткен қызды,
Бір еркек жеті жасар бала адалы….
Шал да емес бала да емес ең негізі,
Не туысы, не хауан мал алады.
Әйел теңдігі тақырыбына жазған Әріп пен Әсеттің өлеңдері бір- бірінің мазмұнын дамытып, толывқтыра түседі. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетіміздің проза, поэзия жанрына де ерекше көтерілген әйел теңсіздігі тақырыбына Әсет ақын өзі тұстас ақындар қатарлы үнін қосты. Мұндай өлеңдердің көркемдігі кемшін түсіп жатса да өз кезеңі үшін уағыздық, тәлімдік, сыншылдық сипаты басым болды. Қорыта айтқанда, ақын мінез- құлық кемшіліктерін әшкерелеумен қатар, айналасындағыларға астарлы да салмақты ой тастап, ата- аналық борыштың, адамгершілікғ азамматық міндеттің ауырлығын жауаптылығын тұспалдайды.
Ақын қашанда өз дәуірінің перзенті, сондықтан қандай ақынның болсын поэзиясында өзі ғұмыр кешкен кезеңнің тарихи сипаты, болмыс- бітімі, халық тұрмысы мен ақыл- ойы көрініс табады. Дәлелдеуді қажет етпейтін бұл қағиданың нақты айғақтарын Әсет ақын лирикасынан да мол кездестіреміз. Ел арасында жүріп әр ауыдың, әр той, ойын- сауықтың еркесі, серісі болған ақынның танымдық, тәлімдік уағыздарының, эстетикалық, әсемдік әсерінің, пәлсафалық ойларының тәлімі де сол ағартушылық қызмет атқарады.
- АЙТЫС — ҚАҒЫСТАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ
Ақын, әнші әрі композитор Әсет Найманбайұлы шығармаларының шоқтығы биік бір шоғыры- айтыс өлеңдері болып табылады. Әсет — топқа түскенде төпеп айтатын төкпе ақын. Осы тұрғыдан қарағанда Кемпірбай , Сүйінбай, Жамбыл, Жанақ тектес ауыз әдебиеті алаптырының қатарын Әсет толықтырды. Төрт аяғы тең жорға айтыс ақыны Әсеттің халқымыздың қасиетті айтыс өнеріне соны түр, жаңа мазмұн үстеген айтыстарының ішіндегі мазмұн сонылылығымен, поэтикалық қуатымен ерекшеленетін бірден- бір бірегейі- Рысжанмен айтысы. Қазақ әдебиеті, өнері, ғылымының бір туар таланттары бұл айтьсты қазақ халық поэзиясының төрінен орын алар туынды деп бағалаған. «Көркемдік және мазмұн жағынан көп айтыстан оқшауырақ тұратын айтыс- Әсет Найманбайұлы мен Рысжан айтысы. Бұлардың айтысындағы ерекшелік- екеуі де Бәйгге тек өздерінің ақындық өнерін қосады. Ел, жер, бай- жуандар, рушылдық таластардай тартыс мұнда жеңіс дәлелі ретінде ауызға алындайды»- [3]деп Мұхтар Әуезов айтыс мазмұнының оқшаулылығына, сонылылығына, идеялық- тақырыптық негізіне көп көңіл аударса, Сәбит Мұқанов айтыстың тіл байлығы мен оның тазалығын жоғары бағалап, құрылысы мен образдылығы жағынан жазба әдебиеттің көркем шығармасымен таласа алатынын айтады.
Әнші – ақындар өнеріне ерекше ден қойған академик А.Жұбанов та Әсеттің айтысына М.Әуезов пікірімен өзектес ой өрбітеді. «Әсет пен Рысжан» айтысы алғаш рет 1942 жылы С.Мұқанов пен Е.Исмайловтардың құрастыруымен жарық көрген «Айтыс» жинағында жарияланды. Отызыншы жылдардағы басылымбарда Әсеттің кейбір өлеңінен үзінділер, «Евгений Онегин» дастаны басылса, қырықыншы жылдары негізінен Рысжан мен айтысына көп көңіл аударылды. Айтыс 1964 жылы Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет баспасынан шыққан «Айтыс» жинағының томына енген. Ақын шығармашылығын зерттеп, жинастырып, алғаш жинақ етіп шығарған әдебиет зерттеушілері Б.Адамбаев пен С.Ордалиев «Әсет пен Рысжан» айтысының өткен мезгілі, болған жері жөнінде 1968 жылғы жинақта қысқа мағлұмат берген, бірақ айтыс жинаққа енбей қалған. Алғы сөзін жазған Б. Адамбаев: «Әсет арман қылған әдеби және музыкалық мұралары жарық көріп, жарияланып келеді. Әрине бұл жинақ ақынның отыз жыл бойы тынбай, талмай жырлаған өлең- жырларының, айтыс- дастандарының толығы да таңдамалысы да емес. Баспа мүмкіндігін ескеріп бұрын жарияланып жүрген Рысжанмен айтысын бұл жинақтан алып қалдық»- дейді. Әсет шығармашылығындағы орны бөлек бұл айтыстың жинаққа енбеуі баспа мүмкіндіктерін ескергендіктен емес, кезінде отарлау саясатын айтудан ауыз күйіп, діннен безген солақай саясаттан сескенгендіктен емес пе екен деген ой да келеді. Абай алдын көрген талантты шәкірттерінің бірі Әсет екенін зерттеп жазған әдебиетші ғалым Қ.Мұқамедханов: «Әсеттің алғашқы ақындық қадамынындағы шығармаларынан бізге жеткендерінің ішіндегі ең көлемдісі де, көркемі деРысжанмен айтысы. Бұл айтыс өзінің көркемдік жағынан болсын, басқа белгілі ақындар айтысынан ерекше» — деп бағалай келіп, айтыс мазмұнын талдап, ғылыми пікірлер түйіндейді. Зерттеу еңбегінде айтыс мәтінін береді. Әсет шығармашылығын тиянақты жинастырып, зерттеп, жинақ етіп шығаруға үлкен еңбек сіңірген жазушы Б. Нұржекеев: «Бұл айтыс- көркемдігі жоғары, үлкен поэзиялық шығарма. Әсеттің ақындық мүмкіндіктерін, тіл шеберлігі мен ой ұшқырлығын айқын танытатын туынды» екендігіне жинаққа «Әсет пен Рысжан айтысының» Б.Бейсенбайұлы нұсқасы негізге алынып, бұрынғы басылымдарға қарағанда толықтырылып берілген [4].
Айтыстың ҚРҰҒА қолжазба қорында бірнеше тізімі, нұсқасы бойындағы Қоянды бекеті. Осы бекетте 1849 жылы мамыр айында орыс саудагерлері мен қазақтардың сьезі ашылған. Уақыт өте келе бұл сауда орны үлкен жәрмеңке дәрежесіне дейін көтеріледі. Жәрмеңкенің алғашқы кезеңінде орыс, татар көпестері басым болғанымен, ХІХ ғасырдың аяғында мал мен мал өнімдерін сататын қазақ байлардың саны өскен. Жәрмеңке жылына бір рет жаз айларына ұйымдастырылған. 1980 жылға дейін мамыр, маусым айларында, 1980 жылдан кейін маусым, шілде айларында өткізілген. Айтыстың кіріспесінде:
Қоянды үлкен базар жәрмеңкеге
Біз келдік сауда қыла алты кісі.
Немесе:
Той қылып жәрмеңкеңе Хамитжандар,
Адамын бір дуаның шаырды енді.
Ол тойға қыз- келіншек көп жиналып,
Не түрлі жаннан асқан ақын келді.
Ол кезде жәрмеңке мал сатып, мата алушы айырбас сауда базары ғана емес, қазақтың бай — мырзасы, би — мырзасы, би — болысы байлық пен салтанат салыстыратын, жүйріктер жарысқа, күштілер күреске түсетін мереке, думан орны болған. Әнші мен ақын, күйші секілді әр түрлі талант иелері елдің игі жақсыларының, малшы- қосшыларының алдында ойын- сауық, өнер көрсететін Атақты Қоянды жәрмеңкесінде болып, әр түрлі өнерпаздармен кездесуі, әсіресе, Хамитжандар байдың ақыны Рысжан қызбен айтысып, оны жеңуі Әсеттің есімін елге танытты. «Рысжанды жеңіп, үлкен олжалы болып қайттым. Осыдан кейін өлең айтып, ән салып, ел аралады», — дейді екен Әсет. /Қызы Сәсөгейдің естелігінен/ [5]
Бұл тойға шықырған соң бізде келдік, Ағұс өтіп, сентябрь күзде келдік,- деген жолдарынан айтыстың қай мезгілде өткенін дәл анықтасақ та, нақты қай жылы блоғаны жөнінде дере ала алмаймыз. Әсет кіріспесінде: «Сол кезде он сегізге келген едім»,- десе, айтыс үстінде: «Шығып едім он бес жастан он алтыға»,- дейді. Б.Нұржекеев «айтысып отырған ақындардың бір- біріне айтқан сөздері ылғи шындық бола бермейді. Сөзбен сүріндіру үшін, әсерлеп жіберулері мүмкін — дей келіп, айтыстағы жоғарыдағы екі жолды мысал етіп,- сонда қайсысына нанамыз» — дейді. «айтыс үстінде екі ақынның да жасын жасырып отырғаны аңғарылады. Ал Әсет кейінен өзі шығарған кіріспесінде жасын жасыруы қисынға келмейді, сондықтан айтыс 1985 жылы болды деуге негіз бар. «Өлеңге он үш жастан араласқан» Әсеттің Шашубай, Аязбай сияқты ақындарды жеңген Рысжанмен биік деңгейде айтысуы даусыз. Әсеттен Рысжанның үлкен екені байқалады, бірақ айтыстағы сөз қағыстарынан екеуін шамалас па деп қаласың. Осы жерде М.Әуезовтың төмендегі пікірін ескерген же жөн сияқты. «Айтыс- сөз барымтасы». Бұның бір жағы- өнер жарысы». «Ойында өрелігі жоқ» дейді, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» дейді, «Жаманда- жаман сз барымтасы жаман» дейді. Осы үлкен мен бала атақты ақын мен атақсыз жаңа талап жасөспірімдер болсын- бәрі де ойын- жарыс, өлең- сайыс, өнер- жарысқа емін- еркін түсе береді. Тең емес кісімен айтысқаны несі?- деп кінәлау, сынау, мінеу халықтың дәстүрінде жоқ мінез. Ол айтыс үстінде, сол атсыз ақын, бала ақын, қыз ақын өзімен таласушы, жарысушы әріптессіне қандайлық қатты смөз, ащы сөз, тіпті бас мінеу сияқты айтыстарда болатын тұрпайы ауыр сөздер айтса да ол күнә болып, айып болып саналмайды. Қайта «Сөз тапқанға қолқа жоқ» дейтін айтыс турасындағы халық өзі құптаған нақыл бойынша, сөз тауып қарсы ақыны жеңсе, сол жеткілікті. Ол ғана емес, ақындар әншейінде ажар сақтап, бірі туралы бірі айтпайтын, ашпайтын ауыр шындықтарын да айтыс үстінде, жиын алдында қарсы ақынды тоқтату үшін іркілместен айта береді.
«Әсет пен Рысжан» айтысындағы қатты, ащы сөздерге олардың жастарының шамалас, тұрғылас екендігінен емес, жоғарыдағы М.Әуезов пікіріндегі айтыс шарты тұрғысынан қараған жөн. Айтысты м аөмұны мен негізгі желісін сақтай отырып, кейінен Әсет өзі қайта жырлап, өңдеп қағазға түсіргені анық [6].
Бұрынғы жұртқа жаққан дана сөзі,
Дұрыс па қата сөйлеп айыстырмақ,-
деуі , арада біраз уақыт өткен соң, айтысты еске түсіріп, Әсеттің иқисс етіп қайта жырлағанына, айтыстағы поэзиялық көркемдіктер Әсеттікі екеніне көзімізді жеткізе түседі. Әсетпен айтысқан Рысжан ақын жөнінде әдебиет тарихында, энциклопедиялық анықтамаларда ешқандай дерек жоқ, не басқа айтысы, жеке өлеңдері бізге жетпеген. Рысжан айтысы тек осы айтыспен ғана таныс. Айтыс мәтінінен Рысжанның Қарақаралыдан келгені, «Бір асқан Қарқаралыда қыз бар екен» (Әсет) «Бір шыққан Қарақаралыға қызыл гүлмін» (Рысжан) руының Арғын ішінде Бошан екені жөнінде «Бошан түгіл орта жүз түк қылған жоқ» (Әсет) болмашы мағлұмат аламыз. Айтыс кіріспесінде Әсет ақын айтыстың өткен жерін, мезгілін, Рысжанмен айтысу себебін айтып өтеді. 160 жолдай осы кіріспе айтыстың алғы сөзі, пролог іспетес. Айтыстың басында Рысжан Әсетті сөзбен буып, апшысын қуырып- ақ жібереді, арнайы дайындықпен келмеген Әсет «Біз келдік сауда қыла алты кісі, Қоянды үлкен базар жәрмеңкеге» деп біразға дейіе сөзден ұтылып отырғанын аңғартады. Сөз барымтасы бірін- бірі мінеуден басталады. Әсет сөзінде қатты айтылған анайы жолдар да кездесіп орытады.
Шөпжелке шошаңдатпа қабағыңды
Соғатын албасыңды әкең менмін….
Ырбыңдап қылжыңдама менен бұрынІ
Әлің бар да тый деп едім,
Сөзіңді өлшеп сөйле, ей жексұрын.
Рысжан, өзге ақыннан мазалысың,
Жел сөз бен тантық сөздің азанысың.
Ре- төбет те, ұрғашы- өлекшіні,
Болуға сен де қаншық жазалысың.
Алпыс итті ерткен ақ қаншығым,
Әйелдің төмен етек наданысың.
Рысжан Әсеттің түрін, бойын, кейпін келеке, мазақ етіп, қуыра, тиісе сөйлейді. Әсеттің ащы да анайы сөздеріне орай:
Табысып татулықпен сөйлесейік,
Қыстырмай ұят сөзді арасына,-
деп уәж айтады.
Әсеттің жаңа білдім бала екенін,
Жарқырап жанып тұрған шала екенін,-
Деген сөзінен кейін айтыс мазмұны жас шама білісуге ойысады. Рысжан Әсетке баласың десе, Әсет Рысжанға кәрісің деп тиіседі. Рысжанның қасына шақырған алдауынан түсіп қалған Әсет:
Қос түйме омырауыңда жарысып тұр,
Келіп ем ұстайын деп әуес етіп,-
деп тез бұлтартып кетеді. Ұтқыр айтысса да Әсеттің алдырмайтынын сезген Рысжан:
Түймемді ебін тапсаң ұстар едің,
Санаулы төрт-ақ жұмбақ бағысы бар,-
деп жұмбақ айтуға көшеді [7].
М.Әуезов «Әсеттің ашық жарыста алдырмайтынына көзі жеткен Рысжан жұмбақ сөзбен тор құрады. Әсет жұмьбақты шеше отырып, заманындағы «әкімсымақтарды мейлінше масқаралайды. Елу басы-құзғын, старшын- қанға тояттаған қаршыға, онбасылар- күйкентайлар. Әркім әліне қарай жүгіреді. Күйкентай тыщқан ауласа, олнбасылар тиін аулайды» дейді. Зерттеуші ғалым Қ.Мұхаметқанұлы: «1968 жылдың реформасынан кейінгі патша өкіметінің әкімшілік, ел билеу саясаты болған еді. Әсет қаны бұл мәселені өзінің идеялық тұрғысынан жырлады»,-дейді. Рысжан алғашқы жұмбағында мұсылманның бес парызын, сонымен қатар сол кездегі Ресей отарлаушылардың қазақ даласын билеген обыр әкімдерін, оған қосылып елді жеп отырған қазақтың би- болыстарының ел басқарудағы, теріс билеу әрекеттерін әшкерелеп береді. Жұмбақ түрінде пернелеп отырып сол тұста қазақ халқының қанын сорып жатқан әкімдер атаулының бәрі де айналып келгенде халықты тонаудың, қанаудың соңында жүрген құзғын құлқындар екенін бүкпесіз ашып, ашына сынаған. Ақындардың патшалық, отарлық дәуірдегі ел билеу жүйесіне наразылығын, хылықтың идеясын демократтық- ағартушылық позициясын аңғартатын айтыстағы жұмбақ сырының астары айқын.
Хан- қара, би- болысты жұмьбақ қылдың
Жұмбағың ақиқатқа сыйымды екен.
Расында да жұмбақтың негізінде жай тапқырлық қана жатқан жоқ, ақынның әлеуметтік ой- пікірі, қоғамдық көзқарысы да жатыр. Рысжанның екінші жұмбағында адамның дене мүшесі шебер жұмбақталады. Әсет екінші жұмбақты де қапысыз ешеді. Рысжанның үшінші жұмбағында мерзім, жыл, ай, күн, уақыт өлшемі сөз болады. Әсет Рысжанның жұмбақтарын шебер қиюластырылғанын мойындай отырып, бұл жұмбақтың да жауабын береді. Үшінші жұмбақтағы дүние, жаратылыс туралы діни пайымдауларды шешуде де Әсет іркілмейді. Он сегіз мың ғалам, оның жаратылыс жөніндегі Рысжанның жұмбағын шешіп:
Айтыстық таңертеңнен, күн болды кеш,
Жұмбағың түгелденді болса да бес,-
Деп Рысжан жұмбақтарының төртеу емес, бесеу болып кеткендігін де айтады, себебі бірінші жұмбақта екі түрлі мәселе сөз болады.
Әсеттің дүниетанымын, азаматтық позициясын, саяси көзқарысын, алғырлығы мен тапқырлығын, білім, парасат деңгейін көрсететін бұл айтыс- Әсет айтыстарының ішіндегі ең оқшауы. Рысжан айтқан жұмбақты Әсеттің тапқырлықпен шешуі, орайлы жауабы айтыстағы ой- пікірдің шырқау биігі. Айтыс идеялық- тақырыптық сонылылығымен, тілінің кқркемдігімен, сыншылдығымен, сонымен қатар ақындар жұмбақтаған мәселенің мазмұндылығымен өзгеше айшықты. Күллі құбылыстар құпиясы мен олардың сабақтастығын айтып суреттің, сұлу ырғақ пен төгілмелі ұйқастың негізі. Айтысты кейінен Әсет ақынның қисса етіп жырлауы қандай шындық болса, ондағы көркем тіл өрнектерінің де Әсттікі екені дау туғызбайды.
Айтыс сюжеттік даму кезеңдері жүйелі, композициялық құрылымы тұтас қисса- дастан іспеттес, жазушы Б.Нұржекеевтің айтыс болмағындығы жөнінде айтқан пікір болжамы да осы тұрғыдан ойлантарлық жай. «Айтыс бастапқы кезде шын екі ақынның айтысқаны болмаса болса да, соңғы кезде айтысты ақындар өз ойынан шығарытын болған. Яғни бір ақын екі ақынның айтысқаны қылып, екі жағының жа сөзін өзі шығаратын болған. Сөйтіп, айтыс шын айтыс емес, тек шығарманың түрі болуға айналған. Адамсның, елдің яки бүкіл ұлттың келіссіз істерін, мінездерін, пиғылдарын айтқысы келсе, ақандар өз атынан айтпай, айтысқан адамдардың сөзі қылып шығаратын болған. Ондай айтыстырып шығарған сөздерді соңғы кездерде екі ақынның өзіне екі адам айтысқан сияқты болып бара- бара айтыс өлеңде айтылатын кесіссіз істерді, мінездерді алаң ауданда істтіп, көрсететіндей болған. Шын айтыстар емес шығарма айтыстар қазақта соңғы кезде шыққан» Қалай дегенде де Әсеттің ақындығы мен атақ- даңқын ел арысына танытқан Рысжанмен айтысы екендігіне айтыстың мазмұндық, көркемдік деңгейінің биіктігі дәлел бола алады [8].
Әсет шығармалары бізге көшірме нұсқалар, ғылыми экспедицияларда, көне құлақ қарттар мен халық ақындары аузынан жазылып алу арқылы жеткені белгілі. Қазақ әдебиетінде фольклорлық шығармалармен қатар жазба ақындар шығармаларының да көшірме арқылы, ел аузынан жазылып аланып жетуі, бір шығарманың бірнеше нұсқауы болуы, «автордың қолжазбасы сақталмай шығарма басқаларының қолжазбасы арқылы (не ауызша) жткен болса және шығарма автор тарапынан баспаға берілмей, көзі тірісінде басылмай, кеін әр түрлі дерек, жзба негізінде жарияланған болса, текстологиялық тексеру жұмысын жүргізу жұмысы қиындай түсетіні түсінікті».
Филилогия ғылымының докторы Б.Абылқасымов: «Әсет шығармалары бізге әр түрлі орындаушылардан әр түрлі нұсқада жетті. Сондықтан Әсет шығармашылығы суырып салма ақындық өнер тұрығысан танылуы керек»,- дейді. Әсет өлеңдерінің халықтық өңдеуге ұшырығаны белгілі жай, алайда мұндай өңдеулерге текстологиялық талдау жасау арқылы айтушы- жеткізуші, жинаушы, баспа тарапынан кеткен кейбір қателерге, орынсыз өзгертулерге коньюктуралық (қисынды болжам арқылы) түзетулер енгізуге болады деп есептейміз.
Әсет мұрасына қтысты шоқтығы биік, мағына- мазмұны терең шығарманың бірі- Әсет пен Кемпірбайдың қоштасуы. Алғаш 1925 жылы «Таң» жураналында жарық көрген Әсеттің баспа бетінде жарияланғантұңғыш мұрасы. Кейіннен С.Сейфуллин жинап, бастырған «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларында», 1942 жылы С.Мұқанов пен Е. Исмайлов құрастырған «Айтыста» , 1959 жылы М.Ғабдуллин құрастырған «Қазақ халқының ауыз әдебиет» хрестоматиясында, 1964 жылдары Ш.Ахметов пен Б.Ысқақов құрастырған айтыс жинақтарында жарияланған [9].
Кейінгі, 1988 жылғы Әсет шығармаларының жинағында, Бейсетбай Бейсебаев нұсқасы алынған. Бұл нұсқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы. Бұл нұсқаны алғаш С.Дәуітов «Қазақ әдебиет» газетінде Мәшһүр Жүсіп және С.Сейфуллин нұсқаларымен салыстыра талдап, толық мәтітін жариялады. Б.Бейсебаев нұсқасын Т.Қалилаханов та жазып алған екен. Т.Қалилаханов: «Әсет Кемпірбайдың сырқаулығын естігенде әдейілеп іздеп барып, кейінен қоштасқан сөздерін қайталап қарап толықтыра бергені де белгілі әрі Жетісу жетінде қалаған адамдарының көшіріп жазып алуына беріп жүрген Ақсу Қарағаш қыстақтарында тұратын сауықшыл адамдар қолқалап сұрап алып жататған , жазып та алған. Солардың бірі Б.Бейсебаев деген кісіде Әсеттің сол соңғы редакциясы әлі бар екен»,- дейді. Бұл пікір, естелікке назар аударуымыз- «Әсет пен Рысжан айтысының» да ең толық әрі көркем нұсқасын, Толғанбай, Тайкөт ақындардың әртүрлі шығармаларын ҚРҰҒА- ның қолжазба қоына тапсырған Б. Бейсебаев. Ол кісі Ақсу ауданы Қосағаш деген жерде туған. Тегі Матай. Кенже. Кенже ішінде Сақай, Тастемірлермен туыстас Тыбыш деген атаға жатады. Молқыбай қобызшы, ақын Сарамен аталас.
1988 жылы жинақта тек «Насихат аузында сөз бар Кемпірбай» деген 2- ші жол «Науқасқа шипа берсін патша құдай»,- деп С.Сейфуллин нұсқасымен берілген. Дегенімен Б. Бейсебаевтан жазып алынған Қалиханов нұсқасында, С.Дәуітов ҚРҰҒА қолжазба қорынан алған нұсқаларындағы «Сөзімді мен өлген соң кім тыңдасын» деген тармақ 1968 жинағында «Сөзімді әселісіз кім тыңдасын» болып өзгерген. «Мендей боп көз жете ме ұл тумасын» деген жол «Білімені, енді өзімдей ұл тумасын» болып өзгерген. 1988 жылғы жинақта
Келсе де тоқсан ақын торай бермей,
Мен озып жүруші едім ығылымнан,-
деген жолдардағы торай бермей сөзі жолай бермей, ығылымнан- бұл ғылымнан деп редакторлық түзетуге түскен. Жер- тау атына қатысты «Мен де асып жүруші ем Бұғылымнан» деген сөз дәлелсіз өзгертілген.
КЕмпірбай мен Әсеттің қоштасуы 1895 жыл шамыснда болған деп топшылаймыз. Қолдағы бар мәліметке сүйене отырып, қазірше біздің білетініміз- Әсет 1895 жылы 28 жасында Кемпірбай ақынның ауылына келіпті. Бұл кезде Кемпірбай 61 жаста, 1834 жылы туып, 1895 жылы дүниеден қайтқан. «Кемпірбай мен Әсеттің қоштасуын» ақынның шығармалар жинағында айтыс өлеңдердің тобында бергенмсен, жанрлық тұрғыдан қоштасу өлеңдерінде жататынын ешкім жоққа шығармайды. «Қоштасуға» алғаш көңіл аударған С.Сейфуллинде айтыс өлеңі демейді: «КЕмрпірбай ақын өлер алдында ауырып жатқанда Әсет ақан көңілін сұрай кедеді, сонда айтқаны»,- [10] дейді.
М. Әуезов «Кемпірбай мен Әсеттің» қоштасыуын қоштасу өлеңінің бір түрі деп қарап: «Өмірдің талай тар кезең, тайғақ кешуінде не өлең, не мәтел айтпаса, орайлы сөз тауып кейінгіге сондай халынан белгі қалмаса, ондай жақсы көзге көріріп қалатын. Сондықтан кеңдік, сабырлық, ерлік белгісін бір білдіру үшін адамның өз басының ең ауыр минуты өлім алдында болса, соған да не өлең, не ән шығарып, не болмаса күлдіргі қалжың айтып, бой кеңдігін білдіріп кету керек. Өлерде өлеңмен, әнмен қоштасу көбінесе ақандардың әдеті. Сабырбайдан басқа, өлеңдерінде қоштасу өлең айтып кеткен ақан Кемпірбай. Бұл өлең осы реттегі қоштасу өлеңдерінің бәріне мысал. Жалпы қоштасу сөздерінің ішінде не айтылатыны көңілдің қандай жайы сөз болатыны, осында тегіс айтылады. Сонда әр адам тіршілігіне тауыса алмай кеткенарманы болса, кейінгіге айтар тілегі болса, өмір бойы көңілінде өзгеден жасырып жүрген мұңы мен шері сияқты сыры болса, соларын айтады. Кемпірбайдың өлерде айтқан сөзі сондайлық көңіліне тығылып жүрген сырды ашады. Ол сыр- ақынның сыры. Сондықтан өзіңдей ақын Әсетке ғана айтылады», — деп бағалаймыз. М.Әуезов пікірінде шығарманың жанры мен мазмұнына қатысты салихалы ой, сарабдал түйін бар. «Қоштасу» мазмұныныдағы ерекше көңіл аударарлық құбылыс ақындық ие. Бұрынғы ескі наным бойынша ақандықтың иесі. Бар. Ол иесі Дәуіт пайғамбар, ақындық өнер соның жіберген сыйы. Кемпірбай ақын түсінінгінде ол бөлек жан, бөлек өнерге баланады. Өкініштісі, енді сол қасиетті өнерінің баласы Серкебайға қонбайтынына қапаланады.
Өлсем де «Көк кептерге» бір соғайын,
Қонғаның өлең шіркін бекер ме еді.
Кейдемнен көк ала үйрек қош деп ұшты,
Сол шіркін кәрі жолдас өлең білем.
Қайғымен қапаланып ұшып кетті,
Сол шіркін Серкебайға қонбас білем.
Ақындардың ақындық өнерді тәңірінің сыйы деп түсінуі турасында Е.Исмайлов көптеген қызықты деректерді келтіре отырып, «Абайдың «Тәңірінің берген өнері» деуі ақанның адамның көңіліне келіп құйылатын тәңірінің ерекше бір қасиеті, сиапты сияқты. Бұл әуелгі нанымдар емес, бірақ сонымен тамырлас бертінде теориялық негіз алған әдебиеттегі романтизмге, идеализмге байланысты ұғымда» деген тұжырым жасауға болады [12].
Ақын айтайын деген ойын әрі ұтымды, әрі әсерлі етіп беру үшін елден ерек тосын тәсілдер қолдана білген. Тыңдаушы сезіміне ерекше әсер етер пожтикалық асқақ мазмұнға ие көркемдік шешімнің маңызы айрықша. Шындығында да, әр жақты пікір, көзқарастар тудырған ақандық иесі көк ала үйректің «Қош» деп ұшуы осы шығармаға романизм, оптимизм дарытқан, поэтикалық нәр берген, символдық мәнді көркемдік тәсіл. Шығармадағы тосын эпитеті тіркес «Қою сөз қояр ме екен үн шығармай», сонымен қатар: Адаммен алтын жүзді душар болмақ, Құрықты ала баулы қынабынан наркескендей, сияқты жолдарда ақынның тіл шеберлігін танытып тұрған метафора, теңеулер аз кездеспейді. Қоштасуды ел арасына таратып, насихаттаған Әсет ақан екені анық. Онда бұл шығарманың көркемдік көкжиегіндегі Әсет үлесін жоққа шығара алмаймыз.
Әсет айтыстарының ішінде сол кезең үрдісіне сай, композициялық құрылымы келісті, ақандар айтысының түре айтыс түріне жататыны- Кәрібаймен айтысты. Айтыс 1894 жылы болған деуге негіз бар. «Дала уалаяты газетінің» 1894 жылғы 46 санында «Россия мен Қытай шекуарасында тұратын қазақтарды басқару жұмысы туралы» деген мақала жарияланған. Мақала соңына «Қазақ Шернияздан» деп қол қойылған. Біздің жеріміздің шетінде, Бақты қаламынан әрмен 3 шақырымда тұрған һәм Қытайдың Шұбарағаш деген жерде, үшбу 22 августтен 21 сентябрге шейін халақ арасының сьезі болды,- делінген. Айтыс қорытындысы іспетті Кәрібай айтқан соңғы шумақ:
Жігіттер Көктұмаға барған жерім,
Дәміне Шұбарағаш қанған жерім.
Ер өнері ке болмай, тауып ебін,
Әсетті сүріндіріп шалған жерім
Әсет тоқтап Кәрібай жеңді деген
Атақты хан сьезде алған жерім,-
деп аяқталады. Осы сьезге қатысқан ел басылары жайлы мақалада нақты аталса, ол айтыс кіріспесінде де көрініс тапқан. «Сьезде Зайсан оязынан 15 болыстан қазақтар болыстарымен бас болып кеді. Әмбе Қытай жағынан Тарбағатай округіне қараған шет жердегі төрт үкірдайдың қазақтары мамырбек, Кекірбай, Еңсе. Һәм Жамалбай деген үкідайлармен басболып келді. Төбебастар сьезде орысқа қараған қазақтардан Еміл елінің болысы Сүлеймен Әділбекұлы өәм Зайсан оязынан Әзібай Ботабайұлы болды. Қытай жағынан бас болып Тарбағатай облысын билеп тұрған Жун — Ғалдай помощнигі Цю- Дарын дегенмен келді», — десе, айтыс кіріспесінде:
Ту алып, тұлпар мінген консул Қалдай,
Тар есік күндер болды екіталай,
Ие боп екі жұртты бөліп алды,
Сүлеймен даулы болып, ер Жалғабай….
Атынан хан Қамбардың ер Ботабай,
Жүргізген әділдігін әр тарапқа.
Сүлеке ашуды қой, түс сабырға,
Ісіңді бергеннен соң шариғатқа
Бүкенші Мамырбекпен және он би бар,
Мал кеспей тастамайды ысырапқа-
деп айға жуық созылып ел ішінің үлкенді- кішілі дау- шарын шешкен бұл жиын сьездің басты дау иелдерін де атап өтеді. Айтыс кіріспесі өзінің деректілігімен әрі осы айтыстың шығу себебін, әрі айтыстың басталуын дерлік таныстырып өтеді. Айтыстың ел арасына тарауына Кәрібай ақан өзі себепкер болған. Әсеттей әйгілі айтыс ақынын сүріндіру үлкен жеңіс әрі айтыстың елге жайылып таралуы жөнінде ақандар ұстаған мына бір дәстүрлі жәйтті атап өткен жөн «….алқалы топ ішінде өткен әйгілі айтыстан кейін екі ақынның бірі (мейлі жеңген, мейлі жеңілген ақын болсын) жұрт өтінішімен қайта жырлап, сол айтыстың қайда, қандай жағдайда өткенін өлеңмен (кейде қара сөзбен) баяндайтын үлекнді – кшілі кіріспе сөздер қосып отырған. Айтыстың басында ақындар бір- бірінің бас мінін, тұрмысын сынап, өзін жоғары балап, бірден қарсыласын мысымен басуға ұмтылады. Әншілік, ақындық, айтыскерлігімен аты шыққан әрі жас жағынан үлкен Әсет:
Қаңтарда қалшылдағанжас бурамын,
Байқарсың жас тайлығыңды алыстырып.
Ілейін қыран құстай аш өкпеңнен…..
Ербеңдеп иығыма шыға қалдың
Үйреткен өзім тәлім текешігім,-
Деп қуыра тиіссе, Кәрібайда кібіртіктемей кесек сөйлейді:
Түйіліп бұл қашқынды біо ілейін,
Тас түлек ақиықша көзім жайнап.
Найманның екі жүзді наркескені мен-
Желкеңді қидырғалы жүрген қайрап [13].
Әсет Сыбан Сабырбай ақынның Жанақтан жеңілген Орынбайдың Кеншімбайдан жеңілген деп өз рулас ақындардың жеңістерін мақтан тұтады. Айтыстағы ақандар айтысына қатысты жолдардан Біржан мен Сара айтысы туралы да пікірді кездестіреміз.
Әсет: Алаштың жігін бөлген Сара бейбақ,
Біржаннан ол да көоді талай зардап- десе,
Кәрібай: Сараның жауабының міні бар ма,
Айтыпты қарағайды талға жалғап- дейді.
Бұл жөнінде Б.Нұржекеев «… ғалым да, ғалым да емес те Біржан мен Сраның айтысына күмән келтірген кездер болған, ал мына айтыста олардың кездескендгі еш күмәнсіз сөз болады. Айтыстың болған- болмағандығы емес, Әсет пен Кәрібайдың айтысына олардың сол айтысу үстінде айтқан пікірлері негіз болады. Соған қарағанда Біржан мен Сара 1900 жылдарға дейін айтысқан оны Әсет те Кәрібай да білген деп ойлаймыз» деген пікір айтады. Шындығында, «Әсет пен Кәрібай айтысынан» Біржан мен Сараның айтысының болған- болмағаны емес, айтыс мәтінінің ел арсына 1895 жылға дейін тарағндығын, оны Әсет пен Кәрібайдың жақсы білгендігін көреміз. Екә айтыстың ортақ тұстары бар. Арғын мен найманның белді беделді байлары, бьатырлары, ақындары осы екі айтыстың да бел ортасынан көрінеді. Біржан өлеңіне қосқан Жанақ қобызшы, Орынбай ақын, Жанайдар, Жәнібек, Тұрсын, Жанай, Нұрмұхамед, Доман, Қанай скілді байлары, Жамантай, Құсбек, Шыңғыс, Сартай төрелері Сара мақтаған қобызшы Сабырбай, Кеншімбай әрі батыр әрі би Шаянбай, Құт, Данияр, Ер Тәукебай, Тана Мырза, Байжігіт, Боранбайлар Әсет пен Кәрібай айтысында да дәріптеледі. Түре қуып айтысса да әр сауалға уәжі, жауабы дайын Кәрібайға енді Әсет мін таға, тиісе сөйлейді. «… сөз бәсекесіне түскен ақындардың көп қағысуға уақыт зздырмай, бірден мақсатты шабуылға көшетіні байқалады. Мұның бәрінде тұрақты бір тәсіл бар, ол ақындардың ел аралау салтын бір- біріне мін ғып тағып, соны жұрт көзіншет салық ету болып келеді».
Әсеттің: Делбе ақан ұран салып ел мақтайды,
Үйірін байсалды айғыр ат жақтайды.
Қолыңды көрінгенге тарбайтасың,
Көтеріп иығыңа қу тақтайды,- дегеніне
Кәрібай: Қай жігіт ат қинамас пайдасына,
Алланың ырыздығын алмасына.
Бетіме қу тақтай деп қылдың салық,
Әкеңнің қолындағы найзасы ма?- деп қарсы тәсіл қоланады.
Әсеттің: Менімен тең бола алмайсың,
Ұлы жүз менің теңім Үйсін еді,- деген менсінбей сөйлеуінен келіп, екі ақын Арғын мен Найманның батырларының ерлігін, байлардың байлығын таразыласып ұзақ ырғасады.
Талай айтулы ақындармен шаршы топта сынға түскен Әсет айтыс тақырыбын басқа арнаға бұрып, Кәрібайдың оқымағандығын бетіне басып, енді Кәрібайдың сүрінер жері осы- ау деп:
«Ей, Кәрібай, сөйлеселік шариғаттан»,- деп оны айтыстан сүріндіреді.
…. Айтыспен атағы шыққан кейбір атақты ақындардың әр кезде бір екі ауыз өлеңмен шегерілетін уытты диалогтарын да шын мәніндегі айтысқа қоса алмаймыз Бұларды ақын мен ақынның әлдеқалай кездесіп қалғанда, сөз намысымен түресіп шама- шарқын байқасуы, бір- біріне аяусыз шарпып, ырғасып қағысуы деген жөн. Мұнда «жеңу, жеңілу» мұрат емес, әзіл шыны аралас уәжді сөзбен өз қарсыласын тауып мүдіртіп тосу, мақсаты ғана көзделеді [14].
Айтыс өлеңдері- қазақ әдебиетінің ерекше дамыған жанры. Әсіресе, ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр бас кезіндегі әдеби- мәдени мұраларымыздың ел ішіндегі көп сақталып, деңгей- дәрежесін төмендетпей жеткені де айтыстар. Әсет ақын айтыстары да әлеуметтік, халықтық, көркемдік қасиеттері жоғары, өз кезеңінің өткір мәселелерін шынайы тұрғыда айтып бере алған туындылар.
2.1 Қисса – дастандарының сюжеттік негізі
Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұрғыман-Нағым», «Мәлік-Дарай», «Жұмсап», «Кешубай» атты қисса дастандары бар. Ол А.С.Пушкинның «Евгений Онегин» романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серідендәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде («Кіші Ардақ», «Үлкен Ардақ», «Қаракөз», «Мақпал») психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. «Інжу-Маржан» әні (кейде «Әсеттің әні» деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ «Ырғақты», «Аққарагер», «Қаракөз», «Майда қоңыр», «Жалған-ай», «Сырмақ үйкер» т.б әндерінің авторы. Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады [1].
Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының ақындық өнер дәстүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен бірге өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен тарауына мұрындық болды.
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы]] жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды [2].
1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С.Сейфуллин(1925) бастырған. 1936 жылы Б.Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген [3].
Әсет ақын мұрасының көлемді бір саласы- қисса- дастандары. Импровизаторлық өнердің талантты өкілі халық жадындағы қызықты аңыз, оқиғаларды, шығыс әдебиетінен келген сюжет желілерін, діни- уағыздық хикаяларды жаңғырта жырлап, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі дәстүр үрдісіне сай көптеген эпикалық шығармалар тудырды. Әсет – дастан жанрының өрістеуіне мол еңбек сіңірген ақын. Жұртымыздың жүрегіде жатталып, көкірегінде сақталып қалған айтулы дастандар саралап бағаланбаған, жете зерт телмеген күйінде келеді. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрін ұштастыра отырып жырлаған ақан қисса- дастандарын тақырыптық- идеялық, жанрлық тұрғыдан талдау ақын талантының сан алуан қырын, эпикалық қарымын аңдатып, мұрасының поэтикалық ерекшелігін аша түседі. Әсет ақынның баспа бетін көрген дастандары:
- Шығыстың ертегілік, аңыздық сипаттағы адамгершілік, адалдық, сертке беріктік, ғашықтық, ерлік, өнер тақырыбын көтерген қиссалары: «Ағаш ат», «Барат қыз», «Ер Шеризат», «Үш жетім қыз», «Үш баланың әңгімесі».
- Діни- уағыздық сипаттағы Мұхаммед (Ғ.С) пайғамбар мұғжизасын дәріптейтін «Француз патшасының баласы» қиссасы
- Абай үлгісінде жырлағын «Евгений Онегин» атты нәзиралық туындысы.
- Моңғол халқы өмірімен жырлағын , ғашықтық тақырыбындағы «Салиха- Сәмен» дастаны.
- Қазақ даласындағы отарлық озбырлыққа қарсы қайрат көрсеткен ер тұлғасын дәріптейтін «Кешубай» дастаны.
Бірінші, екінші топтағы шығармаларды тек қиссалары деп атау себебіміз: қисса- араб, дастан- парсы сөзі болғанымен синоним емес, Қисса- әңгіме, ертегі мысал деген ұғымды білдірсе, дастан- тарихи әңгіме, батырлар жыры ұғымында қолданылады. Қазақ әдебиетінің жанрларын алғаш классификацияланған А.Байтұрсынов: «қисса- өлеңмен жазылған көбінесе діндар әңгімелер, қазақ тұрмысынан сөздер емес, басқа жұрттардың ертектері. Мазмұнына қарасақ екі түрлі:
- Дінді құрметтеу үшін….
- Шариғат қиғидаларын орындау үшін…..
Бастапқы түрлі қиссалар «Зарқұм», «Сал- сал», «Сейфумәлік» сияқты ұзақ келеді. Соңғы түрлі қисслар «Мұса мен Қарынбай, «Жұм- жұма» сияқты қысқа келеді», дейді Х.Досмұхамедов қазақ халық әдебиетінң жүйелегенде діни әдебитті бөлек араб- парсы өмірін көрсететін әдебиетті жеке бөліп көрсетеді. А. Байтұрсынов «көбінесе діндар әңгімелерді» қисса десе, А.Досмұханбетов «араб- парсы өмірін көрсететін әдебиетті» қисса деп атайды. Бұл пікірлерден қиссаның «Басқа жұрттар үнді, араб, парсы ертегі аңыздары» екенін көреміз. Бүгінде қисса теминінен ба тартып, дастан терминін ұсыну кезінде әдебиетімізде батырлар жырын да, лиро- эпикалық жырды тіпті Біржан- Сара айтысын да қисса деп атау орын алғандығынан болар. Бірақ ол жинаушы бастырушылар тарапынан болғаны белгілі «қисса әдебиетінің бәрі бірдей діни қиссаларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: «Мың бір түн», «Шахнамадан» алынған ертегілік және мифтік сюжеттер, Низамси, Науаилардың құлдар мен күңдер еркіндігін аңсайтын ғашықтық жырлары: Ислам дінін дәріптейтін «Сал сал», «Кербаланың шөлі» сияқты жырлар: Ислам діні мен феодализм қайшылығы тереңдеген кезде аспанды- бостандық, жерді- тамұқ басады деп жырлайтын дін емес, мифологияға негізделген мистикалық махаббат, романтизм яки символизм түрінде жырлағнған қисслар».
Қисса шығыс әдебиетіндегі (прозалық шығарма, әңгіме, ертегі) сондықтан сол шығармалардың сюжет желісінде туған эпикалық туындыларды қисса деп тау орынды дейміз. Қазақ әдебиетіндегі шығыстық үлгідегі қиссалардың көбінің тууына араб халқының «Мң бір түн» ертегілерінің қызықты сюжеттерінің әсері ерекше болды. Ертегінің өзі қазіргі бізге таныс күйге түскенше бірнеше қалыптасу кезеңнен өткен. Герхард «Мың бір түн» ертегісі қалыптасуының 4 арнасын көрсетеді.
- Арабтың ежелгі аңыз әңгімелері
- Индия сюжеттерінің элементін айқын көрсететін парсының «Мың ертегісінің нгізінде Х ғасырда түзіле бастауы.
- Х- ХХІІ ғасырларда Бағдат төңірегінде тараған әңгімелердің жинақталуы.
- ХІ ғасырдан бастап ХІІІ-ХІV ғасырға дейін Египетте шығарылған әңгімелерден байытылып, ХV- ХVІІІ ғ. тлық қалыптасуы
Ғалым пікірімен «Мың бір түн ертегісініңХ ғасырларда түзіліп, ХVІІ-ХІІІ ғ. Орнықты жүйеге түскенін көреміз. Қазақ далысында ауызша тараған сюжеттермен қатар «Мң бір түн» хикаяттары ХІХ ғасырдың 70- жылдары «Түркістан уалаяты» және 80-90 жылдары «Дала уалаятының газетінде жариялана бастаған. Абай шығармаларына қанық әрі медреседе білім алған Әсет ақын да «Ағаш ат» қиссасын осы 1990 жылдар ішінде жазған. Қисса сюжетінің «Мың бір түннен» алынғаны жайлы пікір, болжамдар Әсет мұрасын зерттеушілер тарапынан айтылып келеді [15].
Қ.Мұхеметханов: «Қызыл табан ағаг ат» поэмасын Әсет дәл қай жылы жазғаны мәлім емес, поэманың тақырыбына, оқиғасына қарағанда, Әсеттің Абай ауылында болған 1889-1890 жылдар шамасында жазған шығармасы деп жорамалдауға болады. Осы кезде «»Масғұтә және Абайдікі делініп жүрген «Әзім» поэмалары жазылған. Бұл шығармалардың оқиғасы негізінен шығыс әдебиетінін алынады. Шығыс елінің әлемге әйгілі «Мың бір түн» сияқты әңгіме- ертегілерінде оқиға Арун- Рашид заманындағы Бағдат шаһарында болған деп келетіні мәлім,- дейді.
Әсет ақынның алғашқы көлемді шығармаларының қатарында шығыс ертегілерінің сюжет желісімен жазылған «»Үш жетім қыз», «Бархат қыз» қиссаcы бар. Бұл дастандар медресіндегі оқуының әсерімен жазылып, кейін өңделгенге ұқсайды. Өйткені мұнда араб, парсы тілдерінің қолданысы басқа шығармаларына қарағанда басым.
Әсет ақынның қаламынан туған, шытырман оқиғалы, шығыс ертегілерінің сюжеті желісіндегі көлемді қиссасы- «Ер Шеризат». «Ер Шеризат» сюжетін заманы бір танымал ақын М.Ж.Көпеев те «Гүлшат- Шеризат» деген атпен жырлаған. Туындының нұсқаларының аты көрсетіп тұрғандай Әсет қиссасының негізгі идеясы- Шеризатты ал қорғаны, батыр етіп дәріптеу. Сондықтан ақан оның ерлік істерін алдыңғы қатарға шығарады, ал М.Ж.Көпеевта махаббат, сүйіспеншілік жайын жырлау басым. Шеризат сюжетінің тағы бір нұсқасы- Б.Бектұрғанов нұсқасы- «Қарқабат» деп аталады. Қарқабат ХІХ ғасырдың аяқ шенінде хатқа түскен. 1990 жылы Б.Әзібаеваның алғы сөзімен «Дастандар жинағында жарық көрді. Б.Әзібаева «Казахский дастанный эпос» атты монаграфиясында «Шеризат» сюжетінің парсы әдебиетінен келгендігіне дәлелді деректер келтіріп, қазақ әдебиетіндегі нұсқаларын шартты түрде жазба нұсқалары негізінде және аызша таралған сюжет ізімен екі топқа бөліп қарастырады. Жазба нұсқаға Омбы нұсқасын (1870 жылы жазып алынған), М:Ж.Көпеев нұсқасын жатқызады., ал Әсет ақын дастанын ауызша тарлған сюжет ізімен келген екінші топқа жатқызады.». А.Қыраубаева «Бақтиярдың қырық бұтағына» жататын қиссалардың бірі- Шеризат оқиғасы- деп «Ғасырлар мұрасы» монаграфиясында М.Ж.Көпеев пен Әсет ақын дастандарының мәтінін қатар жариялап, композициялық құрылымына талдаулар жасайды. А.Қыраубаева жариялаған нұсқада Әсет ақын: шығарып парсы сөзден өлең қылдым, қазақтың әңгімелі тілімнен,- деп қисса сюжетін қайдан алғанын әрі түпнұсқаның жанрлық ерекшелігін де аңдатып кетеді [16].
Әсет ақын дастанының бірнеше көшірме нұсқаларының «Қызыл табан ағаш ат» аталуы Хасен Шаһзаданың қыз әкесінің қолына түсуіне себепкер «Қызы л табан» оқиғасына байланысты. Ертегі мен дастанның негізгі сюжеттік желісі- өнерпаз ұста сыйға тартқан ағаш ат пен Хасен Шаһзаданың сүйгеніне қосыоуы болғанымен, дастан идеясы, тартыс желілері, мотивировкасы, шешімі мүлде бөлек, өзіндік дара ерекшелігі бар туынды. Әсет ақын оқыған, естіген ертегі, дастандарға құр елікпеп шығыс ертегісінің дәстүрінен шыға алмай қалған ақын емес. Дастан шығыс әдебиетінің оқиға, романтикалық образ, реалистік суреттеулер ұштаса өрбиді. Дастан тақырыбына өзек болған ағаш атты ақын ертегідей белгісіз күштің әсерінен ұшырмайды, адам ақылының түрлі жел кіргізіп, Хайламен неше түрлі жел кіргізіп, Жасады резеңкеден бір ағаш ат,- деп суреттейді. Шығыстың махаббат тақырыбындағы қиссаларында ғашықтар бірін- бірі көрмей – білмей, не түсінде не әр түрлі ғажайыптар арқылы көріп ғашық болса, Хасен хан қызына суретінен көріп ғашық болады. Ханның қызының адам бара алмайтын дарияның ортасында салынған сарайда сақталуы дастан сюжетіне сәтті сыналған ертегілік элемент. Ақын ағаш ат образын жетілдіре түсіп, Хасеннің қолын ғашығына ат образын жетілдіре түсіп, Хасеннің қолын ғашығына жеткізетін күш табиғаттан тыс мифтік образдар немес ертегілік таусоғар, желаяқ т.б. емес, адам ақылымен жасалған өнер туындысы екенін дәріптейді. Жағымды образға қарсы күресетіндер патша, айлакер кемпір. Бірақ бұлардың күші айла әрекеті ақылға, өнерге қарсы тұра алмайды, адамның ақыл- қайраты, өнері үстем болып шығады. «Мың бір түнде» ағаш атты жасаған шебер осы өнерін жалғыз патшаға емес, қарапайым халыққа арнамағанымен өкініп, зынданда өледі. Дастанда ақын:
Зынданда жатыр екен баяғы ұста,
Өнері залал болып қапалыста.
Шығарып зынданынан азат етіп,
Бір бектің орнын берді ол байғұсқа
- деп өнер адамның қадірін арттыра жырлайды. «Мың бір түнде» сипатталатын
Қасен шаһзананың бойындағы ұрда- жық мінез, қыз әкесіне қарсы шығуы, бақшада қалдырып кеткен ағаш атпен қызды шебердің алып кетуі, жігіттің қызды іздеу сапары, Рум патшалығындағы оқиғалар қиссада жоқ. Ақын өз идеялы, позициясы тұрғысынан артық .
Жыр сайысына түскен Әсет ақын да өзіндік ой- өрнек, көркемдік шешім тұрғысынан жырлап, басқаны қайталамауды мақсат тұтқан. Екі ақынның қиссдағы идеялық нысанасы екі түрлі болғандықтан, шығарманың композициялық құрылымында, көркемдік шешіміне елеулі өзгешелік болуы заңдылық. Образдың шығарма идеясына қатысты Шеризат пен Гүлшат, Шахмас бейнелері арқылы көрінеді. Әсет қиссасында Шеризат ерлігі ерекше дәріптеліп, әсірелей суреттелуі де Гүлшат бейнесі тек оқырманға таныстыру дәрежесінде ғана баяндалады [17].
Парасат, мейірбанды жігіт болдым…
Ерлігі ілімдегі жаннан асты,-
Деп ақыл, парасат, білімін сипаттаса, ерлігін:
Қолымен тал көтерген қаһармандай,
Кәпірді айналдарып ұрды жерге
Алмадай қолыменен басан бұрап,
Шөптей шауып сипайды ер Шеризат.
Қолында екі жүзді алмас қылыш,
Мың қойға жалғыз кірген аш бөрідей,
Әскерді дәл екі мың қырды сонда. т.с.с.
Гиперболлалық тәсілде дәріптейді. Сертке берік, адал уәзір Таһмасқа қарама- қарсы образ Шаһмас бейнесін ақын:
Шаһмас зәлім бұзыпты уағадасын,
Кәпірдің көңілінің қара тасын…
Бұл зәлім кәпір еді діннен қашқан,
Көмірдей болған екен жүзі қара,-
Деп өз көңіл қатынасын білдіріп отырады. Ақын осы қисса арқылы да адамгершілік, имандылық қағидаларын уағыздайды.
Әсеттің «Үш баланың әңгімесі» қиссасы әйгілі «Қырық уәзір» хикаясынан алынған шағын үзінді. Мысалы; Баяғы заманда бір бай патшаның үш баласы болады. Патша өлер шағында ұлдарын жинап алып «пәлен жерге тығып кеткен алтыны бар» екенін, соны қылдай бөліп алу керектігін өсиет етеді. Әкесі кеткеннен кейн балалары алтынды алмақшы болып келіп, орнын сипап қалады.
«Ешқандай ұры келіп ұрлаған жоқ,
Біреуміз үшеуміздің ұры»,- дейді.
Үшеуі қызға келеп жүгінеді. Қазы әңгімелерін тыңдап болып, мынандай хикаяны баян қылады: Ақылы да, мінезі де көркіне сай сұлу, көркем қыз болыпты. Сол қызды біреу көріп айттырады. Ал бұрыннан ғашық бір байбатша қызға:
«Бір тілек- жігіт айтты,- берсең»,- дейді
Мақұлдап біздің сөзге көнсең,- дейді
Тілейтін жалғыз сенен тілегім сол-
Жарыңнан мені көрсең»,- дейді.
Қыз жігіт тілегін мақұлдап, жары келгенен кейін рұқсат сұрайтынын айтады. Қыздың көп күткен жары да келеді.
Әсет Найманбайұлы шығармаларының тілі көркем, айшықты ажарлы, сиқырлы. Тілдің көріктеу құралдарының барлығы бір – бірімен тығыз байланысты. Бірін- бірі үстеп, толықтырып жататыны мәлім. Тіл бейнелілігі, сөз суреттілігі ой- сезім көркемдігін мейлінше аша түседі. Қандай да болсын көркемдік тәсілді орнын тауып, қисыны мен қолдану ақындық шеберлігіне байланысты.
Автордың дастанның атын қойғанынан – ақ олардың осы шығарманы қолға алғандағы түпкі мақсаты аңғарылса керек. Мәшһүр Жүсіптің «Гүлшат – Шеризатында» негізгі мақсат шығыс қиссаларындағыдай махаббат, сүйіспеншілік жайын жырлау болса, Әсет Найманбайұлы Шеризатты ел қорғаны, батыр етіп көрсетуге тырысады. Оның ерлік істерін алдыңғы қатарға шығарады. Сол себептен де Әсет өз қиссасында сексен мың қолмен Бағдатты басып алуға келген Үнді әскерінің соғысын, сондағы Шеризаттың ерлігін суреттеуге айрықша мән береді. Осылайша Шеризаттың ер екені Гүлшатқа бармай тұрып – ақ көрінеді:
Ерлігі Шеризаттың байқалғандай,
Шеризат жаудың бетін қайтарғандай.
Зәңгіні ат үстінен жұлып алды.
Шын қыран тырнағынан қан тамғандай.
Аспаннан жарқ – жұрқ етіп жай түскендей,
Қара жер сықырлады шайқалғандай.
Ерлігін екі жақ та тұрды сынап,
Маңына бара алмады адам шыдап.
Денесін екі бөліп лақтырды,
Алады қолыменен басын бұрап.
Отырып біразырақ қылды дамыл,
«Келіңдер соғысуға көрсең қабыл».
Жеке адам батып шықпаған соң
«Келіңдер, — деп шақырды, — мыңнан жабыл».
Әсет Найманбайұлы поэманың романтикалық сарынына сай оқиғаның ширап өрбуін асқақтаған суреттермен, табиғаттың айбынды тұлғасының құшағында береді. Әсет ақын поэмасының тіл көркемдігі, сөз образдары жағынан да Абай үлгісі, Абай өнегесі айқын көрініп тұрады [18].
Салиханы суреттегенде:
Тамағы ақ торғындай үлбіреген,
Сүйріктей он саусақтың бір саласы, —
деген сипаттау Абайдың:
Жұп – жұмыр ақ торғындай мойыны бар,
Үлбіреген тамағын күн шалмайды, —
деген суретін еске түсіргендей.
Темірдей қара жартас сұрғылт түсті,
Қабағын қаһар көзін қарс түйіп, —
деген суреттер Ақылбайдың «Дағыстан» поэмасындағы, не Лермонтовтағы Кавказ тауының бейнесін көз алдыңызға әкеледі.
Алашқа аты шыққан Әсет ақын- өз халқының сол телегей- теңіз бай қазынасын молынан көркем пайдалана білген ақын, суреткер.
Әсет ақын дастанның бас жағын кеңейтіңкіреп алып, балаға зарығу мотивіне көбірек көңіл бөледі. Дастанның бастапқы кезінде Кәркенші патшаның бала қайғысымен ел аралап, әулиелерге түнегенін, түсінде Қызырдың аян беріп ондағы болатын жайларды күн ілгері білдіргеніне ұзақ тоқталады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әсет Найманбайұлы мұрасы— замана сынынан өтіп, халқының рухани қазынасына айналған көркемдік- эстетикалық, танымдық, тәрбиелік мәнді өзінен бұрынғы бастауы, өзінен кейінгі жалғасы бар тарихи, әдеби маңызды мұра.
Ақынның ағартушылық- дидактикалық мәнді өлеңдері, халықтық әдебиеті үлгідегі жыр- толғау, арнаулары, махаббат- сүйіспеншілік тақырыбындағы лирикасы, шығыс әдебиеті үлгісіндегі қисслары романтикалық дастандары, импровизация дәстүрінде туған айтыс-қағыстарының поэтикалық өргені, халықтық сиапты, танымдық- тәрбиелік ролінің маңызы өте зор. Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдеріне көз жіберсек, әсіресе поэзияның сыншылдық- дидактикалық бағытының халық өмірінің аласапыран кезеңінде демократиялық – ұлттық бағытытағы әдебиет қатар өмір сүрді.
Әсет ақын да сол кезеңдегі замана тудырған әдебиеттің өкілі. Әлеумет тұрмысы жырлауда Абайәдың ақындық мектебінен нәр алған Әсет ақынның сыншылдық, дидактикалық өлеңдері өз кезеңінде насихаттық маңызы болды. Діни дидактикалық ағымның дамуына ақын діни тақырыптағы өлеңдері мен «Француз» қиссасы арқылы өз үлесін қосып, халықты имандылыққа шақыруда өзіндік жол, әдіс таба білді. Ақынның этикалық, эстетикалық көзқарастағы әлеуметтік әділеттік пен гуманизмге уағыздауға ақын ислам діні қағидаларына сүйенеді, дін мен ғылым, өнер арасынан қайшылық іздемейді, қайта дін ғылым, өнер ақын өлеңдерінде, қисса- дастандарында, айтыс- қағыстарында үндесе сәйкеседі.
Ақын қисса- дастандарының өзіндік бір ерекшелігі оның көбінесе басқа ақындар жырламаған тың тақырыптарды таңдауында. Оған «Ағаш ат», «Бархат қыз», «Үш жетім қыз», «Француз» қиссасының сюжеті дәлел. Ақынның сюжет қызықтап кетпей, тым әсірелемей адамгершілік, адалдық, имандылық қасиеттерді дәріптей жырлауы- гуманистік ой пікірдің жемісі.
Әсет Найманбайұлы- ең алдымен импровизатор ақын, сондықтан оның шығарманың бірнеше нұсқалары болуы заңды. Көптеген өлең- толғауларындағы, айтыс, дастандарындағы жолдардың тіпті кейде шумақтардың сөзбе- сөз сәйкес келуі де импровизаторлық өнерінің еркшелігі. Бұл құбылыс ақы- шығармашылығының текстологиялық зерттеулеріне кедергі жасамайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Кенжебаев Б. Әдебиет белестері- А.: Жазушы, 1986.- 198 б.
- Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет- А.: Ғылым, 1997.- 3 б.
- Б.Нұржекеев. Әсет Найманбаев . Шығармалары – құрас: Б.Нұржекеев, Б.Абылқасымов. –А.: Жазушы, 1988. — 10 б.
- Ысқақов Б. Әсет әрі әнші әрі халық ақыны. Соц. Қазақстан.- 1936. -26.06
- Орынтаев О. Әсет ақын. Соц. Қазақстан. — 1941. 08.06
- Жұбанов А. Замана бұлбұлдары- А.: Ғылым, 1975. -283 б.
- Ә.Найманбев шығармалары. Құрастырған: Б.Адамбаев, С.Ордалиев. –А.: Жазушы, — — 45-75 б.
- Қ. Түгелбаев. Әсет ақын. Қазақ әдебиеті. — 1996. – 22 мамыр.
- Қазақ әдебиетінің тарихы 1 – ші кітап. –А.: — 1958. — 209 б.
- Қ.Толыбаев.Әнші Әсет . Қазақ әдебиеті. — 1992.- 22 мамыр
- Мұқанов С. Алыптың адымдары. – А.: — 1988.- 107-110 б.
- Б.Абылқасымов. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. — А.: -1958.- 49-50 б.
- Мұқанов С. Қазақ 18-19 ғасыр әдебиетінің тарихының очерктері. 1 бөлім. – А.: — 1942.- 7 қаңтар
- Айтыс. 1 том. Құрастырған. С.Мұқанов, Е.Исмайлов.-Алматы.: -1942.-8 б.
- Мұқанов С. Абайдың әдеби мектебі және оның шәкірттері. Әдебиет. Искуство. – 1951.- № 7
- Нұржекеев Б. Әсеттің екі өлеңі. Қазақ әдебиеті .- 1983. 15.01
- Нұржекеев Б. Әсет әндері. Қазақ әдебиеті. — 1987. – 18 маусым
- Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. — А.: 1988. — 125 б.
- Б.Нұржекеев.Әсетті көрген ақсақал. Қазақ әдебиеті. — 1983 .- 25 наурыз
- Қирабаев С. Әдебиттің ақтаңдақ беттері. А.:- 1995.- 10 б.
- Әсет. Інжу- Маржан. Құрас. Қ.Жұбанов. – А.:- 1999.- 78-85 б.
- Түгелбаев А. Ақын Әсет.-Емей таңы 1992. 04. 09
- Қоспақов З. Әсеттің әндері . Қазақ әдебиеті .- 1991. 11. 21
- Бегалин С. Әсет. Мәдениет және тұрмыс.- № 2
- Рақышев Д. Әуелетіп ән салған. Октябрь туы.- 07. 03
- Уақатов Б. Қазақ халық өлеңдері.- А.: 1974.- 78 б.
- Әуезов М. Айтыс өлеңдері. 17 том.А.:- 78-107 б.
- Әбенов Ш. Дастандар.- А.:- 1991.- 21- 46 б.
- Абылқасымов Б. Әсет Найманбаев. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.- А.: – 1994. – 207-209 б.
- Қуатбаева С. Айтыстың аптал жүйрігі. Жерұйық. – 1991.- 01.05.
- Кенжебаев Б. Абай және Әсет. Семей таңы. – 1969.- 30. 10.
- Нұржекеев Б. Әсеттің екі өлеңі . Қазақ әдебиеті. – 1982.- 15. 01.
- Толыбаев Қ. Аспанның аясында ән толқытқан. Қазақ әдебиеті.- 1993.- 05.
- М.Әуезов. Абайдың өмірбаяны. «Абай /Ибраһим/ Құнанбаев»
- Дербісалиев Ә. Дәстүмен жалғастық. – А.: — 1976. — 121 б.
- Уәлиханов Ш. Таңдамалы.5-т. Алматы,1985.
- Нусупбеков А.Н. Вопросы истории Казахстана. Избранные труды.Алма-Ата,1989.С.27
- Қазақстан тарихы. Алматы1996.1-т., 33-34 б.б.
- Хасенов Ә.Қ. Қазақ өнері мен мәдениеті тарихы. Алматы,1992. 52–б.
- Марғұлан Ә.Х. Таңбалы тас жұмбағы. //Білім және еңбек. 1982. №9. 12-б.
- Сәтбаев Қ.И. Жезқазған ауданының тарихи ескерткіштері.Таңдамалы.5-т. Алматы. 1970жыл.
- Сәтбаева Ш.Қ. Тарихшы, әдебиетші. //Зерде.1989. 18 -б.
- Қазақстан тарихы. Алматы. 1998.2-т. 235-б.
- Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және Түркология. Алматы.1988.- 193-194 б.б.
- Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Алматы,1988.-163б.
- Әуезов М.О.Әр жылдар ойлары.Алматы, 1959.150 б.
- Мұқанов С. Халық мұрасы.Алматы, 1974. 140- б.