ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы
Қ.ҚАРАМАНҰЛЫ БАТЫС ӘДЕБИЕТІНІҢ АУДАРМАШЫСЫ
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3
Негізгі бөлім
1 ТАРАУ. АУДАРМАШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫ……………………………………………………………………………………..11
1.1. Көркем аударма және аудармашы еңбегі……………………………………………….15
1.2. Қ.Қараманұлының аудармашылық еңбегі………………………………………………21
2 ТАРАУ. Қ.ҚАРАМАНҰЛЫ БАТЫС ӘДЕБИЕТІНІҢ АУДАРМАШЫСЫ……………………………………………………………………………………28
2.1.Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романының тәржімалануы………… 31
2.2. Түпнұсқа мен аударма мәтіндегі көркемдік құралдарды
салыстырмалы талдау………………………………………………………………………………….34
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………..51
ҚОСЫМША
- Автормен сауалнама
- Түпнұсқа мен аударма мәтінді салыстырмалы талдау кестесі
КІРІСПЕ
Қазақ аудармасының тарихына зер сала қарасақ, халқымыздың мәдени даму байланыстарының түрлі кезеңдерінде аударманың рөлі айрықша болған. «Жеті жұрттың тілін біл» деген халқымыз көп тілді білудің қадірін, қажеттілігін ежелден сезген. Әсіресе, 19-шы ғасыр мен 20-сыншы ғасырда аударма жаңа сипатта қоғамдық озық ойлармен, әдеби шығармалармен танысудың тиімді көзі болып саналғанымен, аударматану ғылымы, аударма теориясы жүйелі ғылыми айналымға енген жоқ. Әбу Насыр әл-Фарабидің 70-тен аса елдің тілін білуіне мән бере қарасақ, ғұлама ғалымның талай еңбектер жазып қалдыруының сыры терең білім мен көптеген тілді меңгеру қабілетімен ұштастырылады.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы процесстің барысында аударма қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Қай халықты алып қарасақ та, өзінің мәдени, рухани байлығын ең алдымен екі негізден алып дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі – өзге жұрттың байлығына иек арту. Өзге тілдің рухани дүниесімен сусындай отырып, өз мәдениетін өрендеткен, өз мәдениетін дамытқан халық қашан да басқа елдің ғылым білімін үйренуге ұмтылады. Осындай игі істің жандануына аударманың айрықша қызмет атқарғандығы мәлім. Аударма – «халықтар достығының дәнекері» деп аялауда көп мән бар. Егер біз дүниежүзі халықтарының бәріне ортақ неше алуан мәдени, әдеби, тарихи мұраларды тізіп, санап, оқып шыға алатын хәлде болсақ, ол тек аударманың арқасы. Аударма қай заман, қай кезең болмасын қоғам өмірінің ілгері жылжи дамуына қалтқысыз қызмет етіп етіп келеді. Қазіргі кезеңде аударманың көбейгені соншалық, тек орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар тізімін атап шығудың өзі оңайға түспейді.
Аударма – көне де, жаңа өнер. Аударма адамдардың көп заманға созылған аударма тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарам-қатынас жасаудың дәнекері болмақ.
Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың алмасу, айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың, ынтымақтастықтың , тәжірибе-тағылым алмасудың дәнекері.
Көркем аударма – сөз, әдебиет, публицистика салаларының ажырамас бір бөлігі. Аударма адамдардың көне замандардан жеткен тілі өзге адамдар қауымын түсінудің құралы. Олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы болған. Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің жаңа тәсілдері туды,жазу шеберлігі артты. Ол халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы: бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналық қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың мектебі.
Аударма шығармасына аудармашы талантын, жандүниесін, шығармашылық құштарлық пен қызығушылығын арнағанда ғана, ол бар табиғатымен, тұтастылығымен, құрылымдық элементтерімен тегіс танылады. Автордың ой-сезімін, дүниетанымын, стильдік дербестігін, көркемдік әлемін терең түсіну, айқын сезіну – аударма сәттілігінің негізі. В. Ганиев пайымдауынша, «Аудармашылық өнердің өзегі – шығармашылық қайта түрлендіру. Бұл маңызды мәселені зерртеу, оның әртүрлі қырын аңғару – бұл дегеніміз аударманың құрылымдық өзгешелігінен шығып, оның терең негізін түсіну». Кезінде П. Антокольский қайта түрлендіру өзгешелігін аударма өнерінің феномені деп атапты. Бұл – өз туындысына автор қандай шебер болса, аударма шығармаларына да сондай талантты болу міндеттілігі. А. С. Пушкин, Абай – осындай дара тұлғалар. Аудармашының сөздік қорының байлығы, тіл шеберлігі, әсіресе синонимдер мен тұрақты сөз тіркестерін мол білу – аударма сапалылығының негізі. Екі тілдің сөздік қорын, әдеби тілін молынан игеру – көркем аударманың жоғары құндылығының кепілі.
Тақырып өзектілігі. Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Аударма – зор тынысымыз. Біз көбінесе орыс тілі арқылы бүкіл дүние жүзінің әдебиеті мен мәдениетіне қол ұсынамыз. Аударма жанры арқасында қазақ оқырмандары әлем әдебиеті классиктерінің сарқылмас рухани қазынасына кенелді. Сонымен қатар ғылымның барлық саласынан дерлік оқулықтар, күрделі еңбектер, көркем әдебиеттер аударылуда.
Тіл дамуындағы үрдістің барысында аударма қызметінің атқарған және атқаратын қызметі орасан зор. Қазақстанның рухани өмірінде күн сайын сан алуан материалдар орысшадан қазақшаға аударылып жатады. Олар түр жағынан да, мазмұн жағынан да әр алуан және ғылымның барлық саласын, бүгінгі адам баласының күллі ой-өрісін мол қамтиды. Олар жанр жағынын да, стиль жағынан да қилы-қилы. Оларда бұрын айтылмаған тың ойлар, аударылмаған соны сөздер келеді.
Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы Ы. Алтынсарин мен жаба әдебиетіміздің негізін салушы ұлы Абайдан басталатын қазақ аударма тарихы даму мен қалыптасу жолында әр қилы кезеңді бастан кешірді. Ал жиырмасыншы ғасырдың басында ұлттық аударма саласын қалыптастыру, дамыту ісімен барлық Алаш зиялылары – А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, М. Әуезов және басқа ұлт өкілдері де жүйелі түрде айналысты. Сонымен қатар олар аудармадағы кемшіліктер мен жетістіктерді саралайтын, осы сала бойынша теориялық мәселе қозғайтын ғылыми мақалалар, сын-пікірлер, әр түрлі ұсыныстар жазып, өзгелерге үлгі көрсетті. Сол уақытта көркем аударма жасаумен айналыспаған қазақ жазушысы болмады деуге болады. Ең бастысы, 1950 – 1980 жылдары С. Талжанов, Ә. Сатыбалдиев, Г. Бельгер, М. Құрманов, Ж. Ысмағұлов, Н. Шәкеев, т.б. көркем аударманы кәсіби биікке көтерген мамандар, аудармашылар легі қалыптасты. Осы кездерден бастап әлемдік классиканың құнды үлгілері түгелге жуық қазақ тіліне тәржімаланды. Қазақ әдебиетінде ұлттық аударма ғылымы қалыптасты, көркем аударма қауымдастықтары жұмыс жүргізді.
Ендігі жерде қазақ көркем аударматану ғылымында жекелеген аудармашылардың шығармашылық еңбегін арнайы қарастыру міндеті туындап отыр. Сондықтан да, қазіргі қазақ көркем аударма өнеріне ат салысып жүрген аудармашы- Мустафин-Құрманғазы Қараманұлының шығармашылық шеберханасын зерттеуді диплом жұмысыма негізгі тақырып етіп алдым. Көркем аударма өнерінің қыр-сырын тереңірек тану, аудармашылардың еңбегін жете зерттеу талабы тұрғысынан біздің тақырыбымыз өзекті деп білеміз. Себебі, жеке аудармашының еңбегін жан-жақты қарастыру арқылы жалпы көркем аударманың өзіндік ерекшелігін тануға болады деп санаймыз.
Қ.Қараманұлы аударма жасау барысында «Комедианттар» романының авторы Грэм Гринмен, сондай-ақ, «Грек қазыналары» туындысының авторы Ирвинг Стоунмен хат жазысып, хат алысқан. Ирвинг Стоунға қазақ оқырмандарына арналған алғы сөз жаздыртып алған, кейін онымен хат арқылы сұхбат жүргізген. Сондай-ақ, Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» романын қазақшаға аударды және бұл тәржімеге арнайы зерттеу жұмысы жазылған. Ал қалған аудармалары әлі қарастырыла қойған жоқ. Соған орай, Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романының қазақшаға аударылу жайын зерттей отырып, аудармаға (орысшадан қазақшаға) салыстырмалы талдау жасау арқылы, аудармашының тілі мен стилі, тәжірибесі, оның ішінде көркем прозаны аударудағы қыр-сырымен таныса аламыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті
Жұмысымыздың басты мақсаты – Қ.Қараманұлының шығармашылық шеберханасын жан-жақты зерттеу.
Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті арасындағы көпір әлі де болса салынып жатыр. Әлем әдебиетінің құнды шығармаларын қазақ жеріне, қазақ оқырманына жеткізуде орыс тілі маңызды рөл атқарып отыр. Себебі, осы күнге дейін шет ел көркем әдебиеті тікелей ана тіліміз қазақ тіліне аударылған жоқ. Сонымен, көркем прозадағы аударма шеберлігі мәселесін анықтауды мақсат еттік. Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндет қойдық:
— Қазақ көркем аударма өнерінің дамуына ат салысып жүрген мықты аудармашылар қатарын толықтыратын аудармашыларымыздың бірі — Мұстафин-Құрманғазы Қараманұлының аудармашылық шеберханасына тән ерекшеліктерді пайымдау.
— Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романын аудару барысында аудармашының айшықты сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін, теңеулерді қолданудағы сырын ашу;
— романның көркемдік бояумен қазақшалануы үшін аудармашы пайдаланған әдіс-тәсілдердің қызметін анықтау;
— диалогтардың аударылуындағы шеберлік жолдарын анықтау.
— өлең жолдарының аударылуындағы ырғақ, интонацияның берілу жолдарын қарастыру.
— мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің семантикалық сәйкестіктерін қарастыру.
— аудармашымен сауалнама жүргізу арқылы аударма шеберлігінің «сырын» ашу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романының қазақ тіліндегі аудармасы ғылыми тұрғыда бірінші рет зерттеліп отыр. Диплом (бітіру) жұмысының басты ғылыми жаңалығы ретінде төмендегідей қол жеткен нәтижелерді атауға болады:
— жеке аудармашы шеберлігі мәселесі, аудармашының шығармашылық шеберханасына байланысты жайттар анықталады.
— диалогтардың аударылуын, қанатты сөздердің, тұрақты сөз тіркестерінің, теңеулердің көркем аудармадағы қолданысын аудармашы сүйенген орыс тіліндегі нұсқа мен қазақша нұсқаны салыстыра отырып талдау жүргізілді.
— өлең жолдары мен мақал-мәтелдердің аударылу жолдарын қарастыра отырып талдау жүргізілді.
— аудармашымен сауалнама жүргізу арқылы аударманың қыр-сыры ашылды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Зерттеу материалдары – негізінен аудармашы Құрманғазы Қараманұлының қаламы арқылы қазақ тіліне аударылып, 1983 жылы жарыққа шыққан Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романының қазақша және орыс тіліндегі нұсқалары ғылыми жұмыстың негізгі материалдары болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде салыстырмалы әдебиеттану теориясы мен тарихына қатысты Ә.Сатыбалдиев, С.Талжанов, Қ.Нұрмаханов, Ш.Сәтбаева, Р.Нұрғали, М.Маданова, Н.Сағындықова, Қ.Мұсаев, М.Мырзахметұлы, Р.Қамысов, С.Абдрахманов, С.Тахан, Ф.Исмаилова, А.Ишанова т.б. еңбектеріне сүйендік.
Зерттеудің әдістері. Компаративтік салыстырмалы талдау барысында салыстырмалы әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар шығармашылық зертхананы, шығармашылық психологияны, шығармашылық тарихты, автордың түпнұсқа мен аударма мәтінін салыстыра отырып зерттеу әдіс-тәсілдеріне басымдық берілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Қ.Қараманұлы көркем аудармадағы шеберлігі қалыптасқан кәсіби аудармашы
- Қ.Қараманұлының өзіндік тіл мен стилі бар
- түпнұсқадағы бейнелі сөздер мен теңеулерді дұрыс аудара алатын талантты аудармашы
- Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романы тарихи кезең шындығын танытқан туынды болғандықтан, оны аудару аудармашыдан шынайы шеберлікті, суреткерлік көрегендікті, арнайы дайындықты талап ететін қиындығы мол еңбек.
- қазақ аудармашысы Ирвинг Стоун шеберлігін қазақшаға сатылы
аударма арқылы белгілі бір сипатта танытқаны, тәржіма жасауда аударма деңгейі жоғары дәрежеде болып шыққан.
- Еліміздің әдебиеттану, аударматану ғалымдарының деңгейін жаңа сатыға көтеру үшін, көркем аударма мәселелеріне көңіл бөлу, шетел тілдерінен ана тілімізге, қазақ тілінен әлем тілдеріне тікелей аударманың көптеп жасалуы тиіс.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Қазақ әдебиеті шетел халықтарының әдебиетімен жалғаса даму үстінде. Өткен ғасырдан бастап, әсіресе, орыс мәдениетімен, әдебиетімен тығыз байланыста өсіп-өркендеп келеді. Басқа халықтармен әдеби байланыстарға қатысты еңбектер бүгінгі таңда баршылық десек артық болмас. Соның ішінде қазақ әдебиеті мен орыс, Еуропа әдебиетінің байланыстарына, И.Х.Ғабдировтың «Кеңес дәуіріндегі орыс-қазақ әдеби байланыстары» (А., 1968), Қ.Ш.Кереева-Канафиеваның «Орыс-қазақ әдеби қатынастары» (ХХ ғасырдың екінші жартысы. А., 1972) , М.Н. Ритман-Фетисовтың «Россия мен Қазақстанның әдеби байланыстары» (А., 1956), Ш.Қ.Сәтбаеваның «ХІХғ. мен ХХғ. бірінші жартысындағы қазақ-Еуропа әдеби байланыстары» (А., 1971), М.Х.Маданованың «ХХ ғасырдағы қазақ-француз әдеби байланыстары және салыстырмалы әдебиеттану проблемалары» атты ғылыми еңбектері бар.
Зерттеуші К. Кереева Канафиева қазақ орыс-әдеби байланыстарын 1730-1868 және 1869-1917 жылдармен екі кезеңге бөліп қарастырады. Кейінгі кезеңді қазақ көркем аудармасының қалыптасу кезеңі деуге де болады.
Негізінен бұл жылдары қазақ ауыз әдебиеті үлгілері жиналып, сол кездегі беделді орыс басылымдарында жарияланса, өз кезегінде «Дала уалаяты», «Қазақ» газеттерінде орыс ақын-жазушылары шығармаларының алғашқы аудармалары жарық көрді. Дегенмен, қазақ көркем аудармасының толық қалыптасу кезеңі кеңестік жылдармен байланысты. Батыс және орыс әдебиетінен аударылған шығарма үзінділері «Таң» журналында басылды. Аударма Тұрағұл Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы белсене араласып, Абайдың аудармашылық мектебінің ерекшелігін көрсетті.
Әсіресе, 1930 жылдан бастап көркем аудармаға ерекше көңіл бөлінді. Қазақ ақын-жазушылары Америка, Европа, орыс әдебиетін аудару арқылы олардың сол кезеңге тән жазу мәнерінен, композиция құру шеберлігі мен кейіпкер сомдау жүйесінен үлгі алды. КСРО жазушыларының I-съезі көркем аудармаға үлкен бетбұрыс жасады. Сол жылдары А. Пушкин, М. Лермонтов, Н. Гоголь, Некрасов, Л. Толстой тәрізді орыс классиктерімен қатар, М. Шолохов, М. Горький, Д. Фурманов, А. Фадеев, Д. Бедный, В. Маяковский, А. Серафимович т.б. көрнекті жазушылардың шығармалары қазақшаланды.
Соңғы жылдары аударма тарихы мен теориясы туралы да біршама диссертациялар қорғалды. Атап айтар болсақ, Б.Дуанинаның «Неміс прозасын қазақ тіліне аударудың өзекті мәселелері». Кандидаттық диссертация. (Астана, 2004), Г.Хошаеваның «Ағылшын детективтерін қазақ тіліне аудару үлгілері». Кандидаттық диссертация. (Астана, 2006), С.Абдрахмановтың «Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы». Докторлық диссертация. (Алматы, 2007), Л.Дәуренбекованың «1960-1980 жылдардағы түпнұсқа мен көркем аударма мәтіндерінің сәйкестігі». Кандидаттық диссертация. (Астана, 2008).
Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» аудармасы жөнінде де диссертация қорғалған. Тақырып — «Э. Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» романының қазақ тіліне аударылуы (көркемдік, стиль, ырғақ)» деп аталады. Зерттеу жұмысын жүргізген Сайфутдинова Айгүл Сайдисламқызы. Зерттеуші «Қош бол, майданды!» тыңғылықты зерттеп, аударманың егжей-тегжейіне дейін тоқталып, оның сапасы мен олқылықтарын ашып көрсетуге тырысқан. Әр бір тарауға тоқталып, талдау жасаған; түпнұсқа (ағылшын тілі), орыс тіліндегі аудармасын, қазақ тіліндегі аудармасын салыстырған.
А.Сайфутдинова өз зерттеуінде осы тақырыпты жан-жақты ғылыми тұрғыда қарастырған.
Жұмыстың құрылымы: диплом жұмысының құрылымы глоссарийден, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
- ТАРАУ. АУДАРМАШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫ
Бір халық пен екінші халық жақындасып араласа бастағанда, өзінде жоқты көрші елден алады. Осы ауысудың тиянақты тірегі аударма, өйткені «аудармашылар – мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары», — дейді А.С. Пушкин [1,102]
Аудармашы аударма өнерінде ақынның бейнелеу әлеміне, тіл байлығына, сипаттау сұлулығына, көркемдік кеңістігіне еркін бойлай отырып, көп нәрсе үйренеді, шығармашылық ізденісін жетілдіреді. Суреткер талантының құпия сырына қанығады. Тәжірибе толыстырады. Академик М. Алексеева аударма туралы мынадай тұжырым жасаған. «Кез келген әдеби шығарма басқа тілге аударылғанда өзінің туған топырағынан және туыстас туындылардан бөлектенуге тап келе отырып, бастапқы үн-ырғағын, өзіне тән емес «бөгде дүниені» енгізу арқылы қандайда бір өзіндік қасиетін және ең алдымен өзінің жасалу уақытының белгісін жоғалтады, алайда осынау аударма шығармалар бұрын өзінде болмаған жан-жаты қызметтік сипат алады. [14,56]
В. И. Винаградов «Аударма – сөз өнерінің ерекше, өзіндік үлгідегі әрі өз бетінше жасалатын түрі» — дейді. [12,8]
Т. Әлімқұлов аудармада аудармашының білімі, талғамы, дарыны, болмысы, характері бой көрсетпей тұрмайды деп біледі. «Аудармашының аударылмыш туындыны өз көңілінен, өз жүрегінен ыстық сезіммен, нәрлі талғаммен өткізуі шарт. Аударма үстінде шабыттанбаған, жүректің қанымен жазбаған адам ана тілде ұзақ жасайтын тудыра алмайды». – секілді тұжырымдар көркем аударманың шығармашылық табиғатын танытумен бірге аудармашы тұлғасының да шығармашылық даралығын сипаттайды. Т. Әлімқұловтың ұсынып отырған пікірі шығармашылық ой өзегінің туу процесінің сипатын танытады. [9,9]
Аударма өнеріндегі шеберлік – аударма ісінің барлық қыр-сырын, тәржімалық әдіс -тәсілдерін жетік меңгеріп, әдеби машықтанып, бай сөздік қорды жинақтап, аударылатын шығарма тілімен өзінің ұлттық тілінің стилистикалық, лексикалық, семантикалық заңдылықтарын бес саусақтай білген жағдайда ғана қалыптасады.
Аудармашылық нағыз шығармашылық өнер. Аудармашы екі тілді жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы аудармашының талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Сол себепті де жұртшылық әрқашан оның жақсысына сүйсініп, жаманына күйініп отырады. Нағыз шығармашылық көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның стильдік, тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік – идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрә қазақша биязы да жарық етіп шығару. Осы екеуі ұштасқанда ғана аударма көркем болады. [25,48]
Орыс аудармашысы В. Рожденственский «Аударма басқа жердің гүлін өз топырағыңа алып келу ғана емес, ол дегеніміз сондай-ақ оның тұтастай қайта гүлденуі» деп поэтикалық, эстетикалық пайымдау жасайды. Көркем аударманың толық құндылықта, әдемі де әрлі, мәнерлі де мәнді жасалып шығуы да түпнұсқалық құрылымымен стилистикалық-семантикалық жағынан дәл, сәйкес, шынайы, айқын, баламалы, үйлесімді қайталануы болса керек. [2,92]
Аудармашылық талант — әркімнің басына бұйыра бермейтін бақ. Көркем аудармада ғана емес, ғылыми көпшілік, қоғамдық – саяси, публицистикалық, ресми – іскери аудармада да талант рөлі зор. Аудармашылық шеберлікүнемі ізденіп, еңбектенуден, әр аударма сайын жиған тәжірибе негізінде қалыптасады. Аудармашы шеберлігі үнемі жетілдіруді қажет етеді. Бұл – ауқымы кең ұғым. Аудармашылық машық сипатындажаңа тілдік стилистикалық ізденіс, сөздік қорды байыту, әрі басқа да білім салаларымен қарулану деген сөз.
Аударма ісінде де батылдық керек. Классикалық туындыларды аудару барысында бұл қасиеттің алатын орны ерекшке. Әдемі де көркем жасалынған туындыны басқа ұлт тілінде компазициялық – сюжеттік, бар тілдік байлығымен, идеялық – көркемдік құндылығымен, өзіндік стильдік мәнерімен, бейне сомдаудағы түрлі тәсілдерімен, көркемдік элементтерімен жеткізе білу – аудармашының таланты мен тәжірибесі, шеберлігінен бөлек, батылдығына да бағытталады. Жоғары табысқа жету үшін аудармашыға елестету батылдығы да тән. А.С. Пушкин «Ең жоғары батылдық дегеніміз – кең ауқымды, жоспарлы шығармашылық ойлаумен тоғысатын бейнелеу батылдығы», — деген. [20,13]
Көркем аудармада елестетудің өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені көркем елестету үлкен талантқа тән қасиет. Аудармашы мейлі прозалық, мейлі поэзиялық жанр болсын, шығарманы қайталап оқып, оны көркемдік қабылдаудан өткізгеннен кейін ғана аудармаға кіріседі. Көркемдік елестету мәтіннен бастап композициялық құрылымға дейін шығарма элементтерін қамтиды. Шығармадағы бейнеленген сюжетке, оқиғаға, тартысқа, кейіпкерлер мінезіне, пейзажға т.б көркемдік элементтерге неғұрлым терең әрі батыл бойлаған сайын шығарма мазмұны, көркемдік мәні айқын да шынайы ашыла түседі.
Демек, аудармашыға аударылатын көркем шығарманы бар көркемдік – эстетикалық, образдылық, семантикалық-стилистикалық сипатымен жеткізу – басты міндет. Кең ауқымды, терең ойлау жүйесімен, айқын елестету мүмкіндігімен түпнұсқаның компазициялық мазмұнын, мәтіндік-стильдік мағынасын, ішкі құпия сырын, тілдік құрылымдық өзгешелігін, экспрессивтік – эмоциялық бояуын, көркемдік – идеялық маңыздылығын және шығарманың басты қасиеттерін аша білуде аудармашы жауапкершілігі зор. Аударылған туынды бүгін ғана емес, келешекте де оқырман талқысына салынатынын, зерттеушілер мен сыншылар назарына ілінетінін ойлаған кезде оның жауапкершілігі де ұлғая түседі. Жоғары көркемдік сапа биігінде аударылған шығарма – ұлттық әдебиеттің үлкен жетістігінде ғана емес, ұлттық аударма мектебінің үздік үлгісі саналады. Ол өз заманынан кейінгі уақыттарда аудармашылық өнердің өміршеңдігін айқындайды. [24,35]
Аудармашы – бұл суреткер, сөз зергері, үлкен тіл маманы, басқа халықтың әдеби құндылығын өз тілінде қайта жасап шығушы. Аудармашылық – өнер, ғылым, шығармашылық іс десек, аудармашы ең алдымен – талант иесі.
Таланттың орны қашан да биік. Ол аудармашылық істе айрықша қажет. Аудармашылық талант әркімге қона бермейтін сирек қасиет. В. Белинский: «Гете шығармаларының аудармасынан біз аудармашының емес, Гетенің қолтаңбасын көргіміз келеді, тіпті, Гетені Пушкиннің өзі аударса да біз одан өзін емес, Гетені танытқанын талап етер едік», — деген ой ұсынады. Әйтпесе, аударма жасау осы екен деп көптеген аудармашылар авторға қиянат жасап, шығарманы қысқартып аударады, кейде жекелеген сөз, не бүтіндей сөйлемдерді тастап кетеді, өзінің ойынан сөз қосып түрлендіреді. Қысқасы, автордың белгілі мақсатта жазған туындысын, басқа тілде жұлым-жұлымын шығарып, өзгертіп, қайта жасайды.
В. Жуковскийдің пайымдауынша, аудармашы көркемдік таланты бойынша, автормен тең дәрежеде болуы тиіс, аудармашы ақын-жазушымен бірдей дәрежеде елестетуге, сөз саптау мәнеріне ие болу тиіс. Ой қабілеті мен сезімі жағынан да тең дәрежеде болуын, түпнұсқадағы сұлулықты сондай сезіне білуін, керек болса, онымен теңдесетін немесе асып түсетін өзіндік сөз байлығын, ой тереңділігін талап етеді.
Таланттың да таланттысы аударманың шығармашылық азабына төзеді. Әлем әдебиетінің үздік үлгілерін, классиктер кітаптарын аудару – нағыз таланттылық. Классиктер шығармаларын аудару үшін олардың шығармашылық рухымен танысып, қаламгерлік қыр-сырын терең зерттеп, туындыларының көркемдік-мазмұндық және идеялық-эстетикалық құндылығын, стильдік жүйесін бағалай біліп, суреткердің шығармашылық тағдырын айқын түсіне білу қажет. Осыған қатысты К.И Чуковский: «Егер аудармашы талантты болса, ол онда автордың жігерін жасытпайды, керісінше ол оны қанаттандырады», — деген еді. Аудармашы – ар-ұяттың ісі, аударылуға тиісті мәтіннің бәрін аударып жеткізуінен бөлек, шығарманы қайта жасап шығудың жетістіні аудармашының талантына, ақыл-ой тереңдігіне және де көркемдік мәнеріне, тәсіліне қатысты. [2,9]
М. Әуезовтың пайымдауынша: «Аударма бір жағынан шеберліктің де мектебі. Аудару үстінде жазушы автордың творчестволық сырына қанады, оның көргенін көріп, білгенін біледі. Сол арқылы өзінің ой-өрісін ұлғайтумен қатар, авторша машықтанып үйренеді». Шын мәнінде аудармашы шеберлікке бірден жете қоймайды. Бойындағы талантты жетілдіру, ізденісті ұштау, мол тәжірибе жинақтау, машықтану, үнемі оқу және әр аударма сайын шығармашылық өсу барысында қалыптасады. Сондай-ақ, неміс философы Лессингтің: «Жақсы кітапты жақсы аудармашы тәржімалауы тиіс», — дегені де көркем аудармадағы таланттылықтың рөлін айғақтап тұрғандай.
М. Әуезов «тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады» деп ашып айтты. Ал, дәл аудару – көшірме жасау емес. Әңгіме көркемдік тұрғыдағы дәлдікте болып отыр. Оған үлкен шығармашылық шеберлікпен ғана жетеді. [3,26]
- Көркем аударма және аудармашы еңбегі
Көркем шығарма аудармасы дегеніміз – түпнұсқалық шығарманың көркемдік рухын басқа тілде дәл, сәйкес, шынайы, сапалы жасап шығу. Оны аударылатын ұлт тілінде жазылған туындыдай, соның көркемдік ой дәрежесіндей жеткізе білу керек.
Әрбір аударма оқырмандарына төлнұсқаның құндылығынак сай әсер дарытуы тиіс. Көркем аудармада мүмкіндігінше сөздерді, тіркестерді, сөйлемдерді қалдырып кету немесе қосу, аудармашы тарапынан өзгертуге болмайды. Егерде шығармада кешілік , түрлендіру кездессе, оларды дәл сол қалпында аударып көрсеткен дұрыс. Жақсы аудармашы автор шығармасының бар құндылығын жеткізуді көздейді. Көркем әдебиет шығармаларының аудармасында түпнұсқаның дербес өзіндік бітім-болмысын, ерекшелігін жасау кезінде оны эстетикалық қабылдау мәні ерекше. Аудармашы шығарманың көркем мазмұнының бар ерекшелігін сақтамен бірге образдық жүйесін, семантикалық, стилистикалық баяндау мәнері және бейнелеу сипаттары мен мүмкіндіктерін ана тілдегідей аударма тілінде де жеткізуге ұмтылады.
Көркем аударма – коммуникативтік қызметтің айрықша түрі. Көркем мәтін аудармасын жүзеге асыру кезінде аудармашы тек бір жақты аударма ауқымында қалып қоймауы тиіс. Ұлттық рухани мұра аясында мәдениетаралық, мәдени-этникалық және көркемдік коммуникациясының айрықша түрі ретінде қарастырылуы жөн. Осы тұрғыдан келгенде теңдессіз құндылығы, мағыналық сипаты және көркемдік бейнелеу мен қабылдаудың заты ретінде мәтіннің рөлі айқын. (Бұл арнайы сөз болады. – Ә.Т.) [2,11]
Әр сөздің өзіне ғана тән ұлттық бояуы болатынын ескерсек, аударма өнеріндегі ырғақ сөз байлығы, сөз бейнелілігі, сөз әсерлілігі және нәрлілігімен бірлікте зерттелуі керек. «Сөздің екпінін, прозаның әуезділігін сақтау үшін сол өзің аударатын тілдің құрылысын, ырғағы мен әуезділігін зерттеу шарт. Аудармашыға көркемдік көргіштік қана емес, көркемдік есту қабілеті де қажет. Өйткені белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінен ырғағы, әуезі әр түрлі, алуан түрлі сөйлемдер құруға болады. Аудармашы солардың ішінен түпнұсқа рухын анығырақ жеткізетінін таңдап алуы тиіс. Олай болмаған жағдайда мағыналық жағынан жақын бола тұрса да, түпнұсқаның аудармасы емес, оның екінші бір нұсқасы, басқа бір трактовка, интерпретациясы дүниеге келмек» [10,17] — дейді Г. Бельгер.
Мәтіндерді талдудың әдеби-стилистикалық әдіс-амалдары, түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы коммуникативтік, функционалдық қарым-қатынастарын айқындау, сәйкестік мәселелерін саралайды. Орыс аударматануындағы қалыптасқан эквивалент деңгейлері арқылы да, аударманың түпнұсқаға қаншалықты сәйкес аударылғандығын анықтап беруге мүмкіндік туғызады. Мәселен, В. Комиссаров эквиваленттіліктің бес типін анықтайды:
- Коммуникация мақсаты;
- Жағдайды бейнелеу дәрежесі;
- Жағдайды бейнелеу тәсілі;
- Мәтіннің баяндау құрылымы;
- Лексикалық семантикалық бөлшектерінің түпнұсқамен бірдейлік дәрежесі.
Құрылымдық-деңгейлік зерттеу әдісін де В. Комиссаров аудармалар арасындағы сәйкестік қатынастарын айқындауға қолданады. [19,35]
Көркем аударма тұтастай кешенді: ақпараттық, эстетикалық және қоғамдық-саяси міндеттерді атқарады. Аударма оқырманды шығармалармен, зерттеушілермен, автормен, басқа халықтар әдебиеті, мәдениеті, өмірімен таныстырады. Аударма сондай-ақ отандық түпнұсқалық құндылықтармен оқырман талабын қанағаттандырады, ол түпнұсқалық көркем шығарманың дамуына ықпал етеді, әдебиеттің, тілдің, мәдениеттің интернационалдық қатынасының құралына айналады. Аударам оқырманды түпнұсқаға жақындатады, соның нәтижесінде басқа ұлт тілін оқып, үйренуге көмектеседі, бағыт береді.
Көркем аударма – көркем шығармашылықтың түрі ретінде онда аудармашының дүниетанымы мен тәсілі, шығармашылық дербестігі әрі аудармадағы, әрі түпнұсқадағы ұлттық ерекшелігі айқындалады. Аудармашы неғұрлым талантты болған сайын, оның дербестігі де нақтылана түседі. Аудармашы міндеті автордың дүниетанымына, жазу мәнеріне, стилистикалық сипатына бойлау, сонымен қатар шама-шарқынша бұл дүниетанымды, мәнерді, стильді туған тілінің құралдарымен барынша мәнерлі, әдемі жеткізе білу. [2,8]
К. Паустовский: «бір нәрсені жазбас бұрын ең әуелі ол дыбысталуы керек деген». « … Дыбыс табу, яғни прозаның ырғағын табу және оның негізгі үндестігін табу» — [11,682] деп жазады.
Тәжірибелі, талантты проза аудармашылары әркез түпнұсқаның рухын, идеялық-көркемдік ерекшелігін, образдық жүйесін, стильдік даралығын сақтауды басты парыз деп біледі. Аударма шығармашылығында ең қиыны – түпнұсқаның барлық ерекшеліктерін, бейнелеу элементтерін, көркемдік-эстетикалық құндылықтарын, стилін сақтап, дәл де айқын жеткізу. П. Антокольский, М. Әуезов, М. Рыльский тұжырымы: «Көркем аударма шығармасы сонымен бірге көркем шығарма аудармасы болып қалуы қажет». [2,11] Көркем шығарманың аудармадағы тәржімалық тағдыры кейде сәтті, кейде сәтсіз болады. Сәтті, табысты болуы – аудармашының шеберлігі мен тәжірибесін аянбай жұмсап, түпнұсқаны биік көркемдік деңгейінде құрылымдық элементтерімен тұтастай оқырманға жеткізуі болса, сәтсіздігі – жақсы шығарманың нашар аудармашы қолынан шалағай, жарамсыз дүние болып шығуы. Кейбір түпнұсқалық туындылар жақсы аударылуымен тұтастай немесе кейбір сюжет, эпизодтарымен басқа шығарманың компазициясына жаңаша мазмұндық, көркемдік сипатта енеді. [18,43]
Аудармашы ең алдымен автор шығармасында заман тынысын, өмір құбылыстарын қаншалықты кең қарымда бейнелегеніне көз жеткізу керек. Көптеген әдебиет сыншылары мен жазушылар қазіргі заман романының басты кемшілігі – көп сөзділігі, яғни бейнеліліктен гөрі сипаттаудың басымдылығын атап өтеді. Нағыз қажетті жайларды сұрыптап, талғаммен беру, құбылысты суретке түсіргендей, дәл бейнелеуге әуестікті сынға алады. Романдағы эпизодтар, авторлық ойлар, баяндаулар, т.б. көркем элементтер құрылымын дұрыс жеткізіп, идеялық мазмұнды көмескілеп тұратын тұстарын дәл көрсету – аудармашының басты міндеті.
Әрине, аудармашы аударылатын әңгімелердің түпнұсқасымен ғана емес, қаламгердің тұтастай шығармашылығымен және оған қатысты әдеби зерттеулер, сын мақалалармен де танысуы жөн. Аудару кезінде оның тақырыбының қалайда түпнұсқамен сәйкес келуіне көңіл бөлінеді. Сонан соң, стильдік, ырғақтық-интонациялық ерекшелігі сараланады. Әңгіме, новелла – шағын жанр. Аударма кезінде оны негізсіз қысқартып тастау қате. Оның әрбір сөзі, тіркесі аудармалық нұсқада орын алғаны жөн. Аударылған шығарманың көркемдігі, мазмұн дәлдігі, стильдік сәйкестігі – басты талабы.
Осы негізінде М.Әуезовтың проза аудармашысына қажетті талабын есте ұстаған жөн. «…ол (аудармашы – Ә. Т.) аударылатын шығарма авторының стиліне өз стиліне байланыстырмайды. Сонымен бірге бұл аудармашы негізгі шығарма авторының тіл, ойлау дүниесіне айрықша ықтият болып, мұқият зер салады. Ол аудармаға сол шығарманың бар материалын біліп алып кіріседі, шығармада суреттелетін халық тарихын зерттейді, кейіпкерлердің дәуірімен, ортасымен терең танысып алады….». Үлкен тәжірибеден туындаған бұл тұжырым қашан да аудармашы қаперінде жүруі тиіс. [2,137]
Поэзиялық шығармалардың аудармасы мен прозалық шығармалардың аудармаларының арасында біраз айырмашылықтар бар. В. Жуковскийдің төмендегідей пікіріне қосылмасқа болмайды. Ол: «Переводчик прозы – раб, переводчик поэзий — соперник», — деген болатын. Көркем шығармаларды аударушы түпнұсқаның жолынан шықпай, оның жүйесінен ауытқымай еңбектенеді. Ал, өлең сөзді аударғанда аудармашы өз ойын автордың ойымен астастыра, жарыстыра отырып, өзінің лирикалық сезіміне жол береді. [3,22]
Қазақ топырағындағы аударма теориясының алғашқы қазығы сияқты осы мақаладан кейін М. Әуезовтің «Ревизордың аудармасы туралы», «Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?», «Евгений Онегиннің қазақшасы туралы», «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар» атты мақалалары мен 1937 жылғы 5 қаңтарда «Казахстанская правда» газетінде «Евгений Онегин на казахском языке» атты мақаласының жарық көруі қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма теориясының өмірге келгенін көрсетеді.
М. Қаратаевтың аударма өнеріндегі қиындықтар мен принциптерді, жетістіктер мен кемшіліктерді әңгіме арқауы еткен, аударма шығармаларды туған әдебиеттің саласы ретінде дәлелдеген «Жүз жылдан кейінгі Пушкин», «Пушкин мен Абай» атты екі мақаласының, Т. Жүргеновтің «Казахский перевод «Шах-наме», Р. Жаманқұловтың «Пушкин өлеңдерінің аудармасы жөнінде бір-екі сөз», Қ. Өтеповтің «Мыс салтатты» поэмасының аударылуы» атты мақалаларының 1937 жылы жарық көруі бұл іске игі әсер етті. Отызыншы жылдар еншісіне тиетін бұл мақалалардың қазақ көркем аударма теориясының іргетасы деп танырлықтай еңбектер екені даусыз.
М.Әуезов, М. Қаратаев, М. Жанғалин, Қ. Шәріпов, Ә. Ипмағанбетова, З. Ахметов, С. Нұрышев, С. Қирабаев, К. Канафиева, Қ. Сағындықов, А. Садыковтардың 1950-60 жылдар аралығында жарық көрген еңбектері қазақ аударма өнерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуін қалыптастыру ісіне үлкен үлес қосты.
Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланыста болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір проблемаларды күн тәртібіне қойса, керісінше, белгілі бір проблемалардың шешімін табуы теорияны ілгерілетеді, соған орай аударма тарихы да байи түседі. Қазақ көркем аудармасының зерттелуінде біраз мәселелер шешімін тапты десек те, назар аударуды қажет ететін тұстар да аз емес. Оның үстіне көркемөнер туындыларына қатысты әр заманның өз үні, өз талабы болатындығы көркем аудармадан да тысқары емес. Бұл жәйт аударма өнері төңірегіндегі толғағы жеткен қиын түйіндерді ғылыми тұрғыдан шешуге бастаумен қатар, кейбір мәселелерге жаңаша, уақыт талабына сай жауап беруді қажет етуде. Осыған орай қазір қазақ аударма өнерін зерттеудің жай-жапсарына ойлана көңіл бөлсек, прозалық шығармалардың аударылуына байланысты біраз мәселелердің де бой көрсететінін аңғарамыз. Бізде проза аудармасындағы үлгі, дәстүр поэзиядағыдай әріден басталған емес. Бұлар қазақ әдебиетіндегі аударма өнерін, аудармашы еңбегін жан-жақты сөз етуге мүмкіндік береді. Бірақ біз мұны істей алмай келеміз. Тәжірибені қорыту жағы жетіспейді. Аудармашыларымыз өздерінің ауыр да абыройлы еңбектерін неден бастайды, немен аяқтайды, неден қашады, нені қабылдайды, нені тірек етеді, тілі, синтаксисі олардың қолданылатын стилі, қандай болу керек деген сауалдарға айқын жауап болмай жүр» [4,29]. Осы пікір жарық көргелі біраз жыл уақыт өткенмен, мәселенің көкейтестілігі әлі сол күйінде қалып отыр. Бұл мәселенің әлі күнге дейін ғылыми шешімін таба алмай келе жатуының негізгі себебі, аудармашының шығармашылық даралығын ескермеуден болса керек.
Шығарма авторының ерекшелігі, стилі және екінші тілге аударуда олардың сақталуы мәселесін қазақ зерттеушілерінің қай-қайсысы да тілге тиек етеді, аудармашының ерекшелігі, стилі көбіне-көп зерттеу шеңберінің ішінен табылып отырады. Ал, аудармашының да шығармашылық адамы, жазушы екенін біздің естен шығармауымыз қажет. Сондықтан көркем аударма туралы әңгімені аудармашының шығармашылық даралығын анықтап алудан бастау негізгі шарт болмақ. Ал аудармашы стилі, тілі мен шеберлігі мәселелері шығармашылық даралық аясында зерттелуін ең дұрыс бағыт деп есептейміз. Міне осы міндеттер жүзеге асқаннан кейін барып қана аударма шеберлігі жөнінде ой түюге болады.
Суреткер сипатын ашатын ерекшеліктерге: нәзік сезімталдық, жіті бақылағыштық, шығармашылық қиял, интуиция, азаматтық, өмірбаян, сара парасат, шеберлік, шабыт сияқты талант табиғатының қырларына ғылыми түсініктеме бере келіп, З. Қабдолов: «Суреткер бітімін, талант табиғатын байыптағанда жоғарыдағы секілді өнерге тән жекеленген ерекшеліктерге назар аудара тұра, сайып келгенде, оның рухани жан дүниесін, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескінін, дүние танымы мен қоғамдық қызметін, білімі мен мәдениетін ескермеуге тіпті болмайды» [5,379] – деп түйін жасайды.
- Қ.Қараманұлының аудармашылық еңбегі
Құрманғазы Қараманұлы 5 желтоқсан 1943 жылы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Егіндікөл ауылындағы жеті жылдық мектепті (1960) бітірген. 1962 – 69 ж. ҚазҰУ – дің журналистика факультетінде оқыған. 1969 ж. «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа қабылданады. 1976 – 93 ж. «Жалын» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болады, 1993 – 96 ж. «Балауса» баспасында істейді.
Қ. Қараманұлының алғашқы туындысы – «Шайтантөбедегі от» әңгімесі 1960 ж. обл. «Октябрь туы» (қаз. «Орал өңірі») газетінде жарияланады. Тұңғыш кітабы – «Қайраң өткел» миниатюралық әңгімелер топтамасы (1978). Сондай – ақ «Қызғыш құс» (А., 1980), «Алтын іздеушілер» (1987), «Жалғыз атты жолаушы» (1996) повестер жинағы, «Тәңірге тағзым» (1996) зерттеу еңбегі шықты. Сондай-ақ ол әлемдік әдебет классиктері Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» (1983), Грэм Гриннің «Комедианттар» (1984), Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» (1986) романдарын аударды. Ағылшын тілін өз бетінше оқып – үйренген жазушы соңғы екі романды аудару барысында шығарма авторларымен хат арқылы хабарласып, әріптестік байланыс орнатты. Соның нәтежесінде И.Стоун (Калифорния, АҚШ) өз романының қазақша нұсқасына алғы сөз, Г.Грин (Антиб, Франция) соңғы сөз жазып берді. 2002 жылдан бері қарай әр оқу жылының басында Егіндікөл орта мектебінің жақсы оқитын, үлгілі, тәрбиелі 10 оқушысына “Ақ Орынша” атты стипендия тағайындап, тоқсан қорытындысымен беріліп тұрады.
Қ.Қараманұлының ең алғаш тәржіма әлеміне қадамы 1962 жылы әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетіне түскеннен басталады. Студент бола жүріп, өз бетімен, сабақтан тыс ағылшын тілін үйренуді ұйғарады. ҚазҰҮ-да ол жылдары шет тілдеріндегі көркем әдебиет оқулықтары, тіл үйренетін лингафон кабинеті болған жоқ болатын. Ағылшын тілін оқытатын оқытушыға жалданып тіл үйренеді. Ұлттық кітапхана барып, «Popular science» журналынан — «Аса күрделі механизм» деп аталатын мақаланы ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударады. Бұл-келешек аудармашының аударма әлеміне ұмтылған алғашқы талпынысы еді. Кейін, осы аударма мақала «Жас Алаш» газетінде жарияланады. Ал, көркем аудармаға алғаш 1977 жылы келеді. Борис Горбачевскийдің «Ариаднаның арқауы» атты зерттеуін аударады. Кейін, 1979 жылы Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, майданын!», 1983 жылы Ирвинг Стоунның «Грек қазыналарын», сондай-ақ, Грем Гриннің «Комедианттарын» Сервантестің «Дон Кихот» I-ші бөлім (2006), II-ші бөлім (2007) ауқымды романын, Чезаре Павезенің «Ғажайып жаз», «Жоталардағы жынойнақ», «Жолдас», «Ай мен алау» роман-повестерін (2008), Артур Конан Дойл әңгімелерін, Агата Кристидің «Он қарадомалақ» романын, сондай-ақ, Джордж Сименонның «Менің досым Мегрэ», «Коронердің қонағы» (2010) романдарын қазақ тіліне аударды. Ол қазір де еңбек етуде. «Жиырмасыншы ғасырдың француз повестерін» қазақ тіліне тәржімалау үстінде.
Осы аталған әр аударманың аудармашы үшін өзіндік құндылықтары бар, орны ерекше. Мәселен, Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» романына тәржіме жасау үстінде аудармашы біраз ізденген. Орыс тіліндегі бірнеше нұсқаны алып түпнұсқамен салыстырған. Сөйтіп, аудармашы таңдауы Волжина тәржімесіне түседі. Қараманұлы оған Мәскеуге хат жолдайды. Түпнұсқада өзінің түсінбеген жерлерін айтып, пікір алысады.
Сондай-ақ, Сервантестің екі томнан тұратын көлемді «Дон Кихот» романы Қ.Қараманұлы үшін аудармаларының ішіндегі ең ыстығы. Аудармашы бұл шығармаға төрт жыл тер төккен. Себебі, бұдан төрт жүз жыл бұрын жазылған әлем мойындаған тарихи туындыда мақал-мәтелдер жиілеп кездеседі. Олардың әр біреуіне қазақ тіліндегі баламасын табу қиынның қиыны. Алайда, аудармашы шеберлік пен төзімділік танытып, істі жемісті аяқтап шығады. Жемісіті деуім, аудармашы мақал-мәтелдерге балама табу кезінде, орыс тіліндегісіне өзі жаңа мақал құрастырып қисынын келтірген кездері де болған. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
Ал Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романында Гомер шығармасынан жиілеп өлең жолдарынан үзінді келтіріледі. Белгілі орыс ақыны, аудармашысы А. Межиров бір өлеңінде
«И вновь из глубокого дыма,
Встает поэзия она.
Вовеки непереводима.
Родному языку верна»-
деп поэзия аудармасының аса қиын шығармашылық іс екенін жыр тілімен дәлелдеп көрсетеді. [2,173]
Демек, өлең жолдарын жәй аударып, мазмұнын беріп қана қоймай, оның ырғақ, интонациясын да беру абзал.
Құрманғазы Қараманұлы өзінің бір сұхбатында-«Ирвинг Стоунның «Грек қазыналарына» таңдауыңыз түсуіне не себеп? Ол кісіде өзге дүниелер де аз емес қой. Мысалы, әйгілі жазушы Джек Лондонның өмірі туралы «Ерге отырған теңізші» іспетті дегендей?»-деген сауалға былай деп жауап қайырады: — Ол рас. Бұл кісінің бұдан да басқа шығармалары баршылық. Ғұмырнамалық роман жанрының майталман шебері саналатын Ирвинг Стоун ұзын ырғасы осындай 11 роман жазған және тәуірлері, оның ішінде «Грек қазыналары» да бар, әлем халықтарының 80-нен астам тілдеріне аударылған. Бірақ бұл кітапты мен таңдаған жоқпын, кітап мені «таңдады»; анығырақ айтқанда көлемі 32 баспа табақ бұл шығарманы қазақ тіліне тәржімалауға «Жазушы» баспасының сол кездегі директоры, айтулы аудармашы Әбілмәжін Жұмабаев ағамыз тапсырма берді. Баспа Мәскеу арқылы автормен тікелей шарт жасасқан екен. Трояны ашқан атақты археолог Генрих Шлиман жайындағы бұл туындыны қазақша жатық сөйлетуге бар күшімді салып, екі жылдай тер төктім. Аударма жұмысы аяқталған соң АҚШ, Калифорния штаты, Беверли-Хиллз қалашығында тұратын автормен хат арқылы хабарласып, қазақ оқырмандарына арналған алғы сөз жаздыртып алдым. Кейін Ирвинг Стоунмен хат арқылы сұхбат жүргіздім, ол сұхбатымыз «Қазақ әдебиеті» газетінің тұтас бір бетінде (02.1984ж.) жарық көрді.» — Сондай-ақ, сіз Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!», Грэм Гриннің «Комедианттар» романдарын да аудардыңыз емес пе? Стиліңізді қалыптастыру үшін қажет болды ма, әлде қаламақысы қызықтырды ма? Бәлкім, басқа жағдайаттардың ықпалы болған болар? – Қаламақысы қызықтырмады деп айта алмаймын. Ол кезде жыл сайын немесе жыл аралатып жинақ шығаратын ақындар ғана қаражаттан мұқтаждық көрмейтін, ал анда-санда бір, онда да көлемі көз тойдыра қоймайтын кітап шығаратын (қаламақыны Батыс елдеріндегідей шығарманың көркемдігіне қарап емес, көлеміне қарап төлеу дәстүрі бізде әлі күнге шейін сақталып отыр ғой.) Прозашылардың жалғыз жалақысымен күн көруі оңайға соқпайтын…» -дейді. [19,14]
Менің пайымдауымша, аудармашыны тәржіма белесіне шығаратын аударманың сапасы ғана емес, сонымен қатар, аударылатын шығарма аты. Шебер де, батыл, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын аудармашы ғана әлем классиктерінің өлмес туындыларын тәржімалауға барады. Қ.Қараманұлы – батыл аудармашы. Аудармашының қай аударма еңбегін алып қарасаңыз да, әлемге белгілі, ел аузындағы шығарма тәржімесі. Атап өтсек; ағылшын классигі Э. Хемингуэй, Г. Грин, атақты американ жазушысы И. Стоун, Сервантестің «Дон Кихот» шығармаларын қазақ аударма әдебиетіне әкелген.
2010 жылы «Батыс Еуропа әдебиетін» аударады; оның ішінде детектив жанрындағы романдар, әңгімелер. Атап айтсақ, Агата Кристи, Артур Конан Дойл, Джордж Сименон, Чезарэ Повезенің танымал туындылары.
Қазір де аянбай еңбек ету үстінде. «Жиырмасыншы ғасырдағы Француз повестерін» тәржімалауда. Ең қызығын, біздің менталитетімізге жақын деген жиырма шақтысын іріктеп алған.
«Қай шығарма қазақ тіліне аудару кезінде көп қиындық тудырды?» деген сауалға: «Сервантестің 2- томнан тұратын «Дон Кихот» романын аудару маған қиынға түсті. 1984-88 жылдар аралығын осы шығармаға жұмсадым. Төрт жылым кетті. Себебі бұл бұдан 400 жыл бұрын жазылған шығарма. Орыс тілінен аударғанның өзінде біраз еңбектендім. Қалай болса солай аударуға ар-ұятым жібермеді. Ондаймен айналыспаймын да. «Дон Кихот» шығармасының жарыққа шыққанына 400 жылдығы тойланды ғой. Сол кезде бір шет елдік басылым елу елден ішінде «Нобель» сыйлығының лауреаттары да бар жүз жазушыға «Адамзат адамзат болғалы қандай көркем шығарма ең қызықты деп ойлайсыз?»-деген сұрақ қойғанда, Сервантестің «Дон Кихот» шығармасы, бірінші орынға шығып, екінші «Гомер», үшінші «Достоевский», төртінші орында «Толстой»… Көрдіңіз бе, «Дон Кихот» шығармасы- әлем мойындаған шығарма. Мұны мен білетінмін. Сондықтан да, қиын болса да аударып шықтым.» — дейді.
Міне, аудармашының тәржімалауға ең көп уақыт жұмсаған шығармасы да осы Сервантестің 2 томнан тұратын кең ауқымды «Дон Кихот» романы. Аталмыш шығарманы француз тіліне тәржімалаған Флорион де: «Құлша бейнеттенген дәлдік бұл – күнә… Роман немесе сол тектес дүниелерді тәржімалағанда, ең нағыз сүйкімді аударма дегеніміз әрине, ең дәлі» — деп санайды. «Құлша құлшынған аударма» — бұл сөзбе-сөз аудару тұжырымы он жетінші ғасырда қатты сыналды.[2,13] Аудармашы аталмыш шығарманы қазақшаландыру үшін 4 жыл тер төккен. Бұдан шығатын қорытынды, жақсы шығарма – сапалы аударманы, ал сапалы аударма еңбеккорлық пен шеберлікті талап етеді.
Қазақстан Жазушылар одағының кезектi пленумында Одақ төрағасы Нұрлан Оразалин мазмұнды баяндама жасап, қаламгер қауым өкiлдерi әдебиет төңiрегiндегi ой-пiкiрлерiн ортаға салған болатын. Басқосу бiр топ ақын, жазушыларға Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын тапсырып, қаржылай марапаттаумен аяқталды. Мыңнан жүйрiк шыққан Шәкен Күмiсбаев, Ақұштап Бақтыгереева, Тұрсынай Оразбаева, Құрманғазы Қараманұлы, Құлбек Ергөбек, Зайда Елғондинова, Жанат Ахмади, Қазыбек Иса, Баян Бекетова, Несiпбек Дәутайұлы, Маралтай Райымбекұлы, Жарас Сәрсек сынды қаламгерлерiмiз бар. Мiне, осы жүлдегерлердiң бірі Құрманғазы Қараманұлы болып табылады.
Құрманғазы Қараманұлы «Алаш» сыйлығына, негiзiнен, әлемге аты мәшһүр Сервантестiң әйгiлi «Дон Кихотын» қазақ тiлiнде сөйлеткенi үшiн ие болды. «Жалғыз атты жолаушының» авторы әпендi серiнiң сергелдеңге толы екi томдық ғұмырбаянын аударуға төрт жыл уақытын сарп етiптi. Еңбек пе? Еңбек. Ерлiк пе? Ерлiк. Қаламгерiмiз өз шығармашылығына арнауына болатын табаны күректей төрт жылын әлемдiк әдебиеттiң жауһарын тәржiмалауға құрбан етiп отырса, мұндай батылдыққа тек сүйсiнуге болар. Жазушылар одағы, мiне, дәл осындай шығармашылық ерiктi яки ерлiктi бағалай бiлдi. Бұл, әрине, сыйлықтың өзге иелерi мұндай мәртебеге лайық емес едi деген сөз емес. Бiздiң Құрманғазы Қараманұлын өзгелерден ерекшелегенде, бар болғаны, пейiл түсiп, көңiл құласа, аудармашылық еңбекке де жоғары сыйлық беруге болатынына көпшiлiктiң назарын аудартқымыз келген.
Аударуға кіріспес бұрын аудармашы ең алдымен фондық ақпаратты қалыптастыру керек. Себебі, оқырман үшін аударма түпнұсқаның жазылған кезеңінен хабар беріп отыруы керек. Академик В. С. Винаградов: «фондық ақпаратты қалыптастыру дегеніміз – қажетті жағдайда белгілі бір ұлтты, мемлекетті жан-жақты танып білу» — деген анықтама береді. Яғни, ақпараттық фон – белгілі бір ұлтқа ғана тән ерекшеліктерді қамтиды. Аудармашы аударатын тілінің ұлттық дәстүрін, мәдениетін, тұрмыс салтын, рухани құндылықтарынан жан-жақты мағлұмат ала отырып, сол ұлт жөнінде өзіне жеткілікті ақпарат жинауы тиіс. [9,137]
«Мәселен, Қ. Қараманұлыға Э. Хемингуэйді аудару үшін біраз ізденуге тура келген. «Farewell to arms»-«Қош бол, майдан» шығармасын аудармас бұрын түпнұсқасын да қарап шығады. Себебі, аудармашыға аталмыш романның орыс тіліндегі нұсқасының логикалық қисыны дұрыс келтірілмеген сияқтанып көрінеді. Ал Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романын аударғанда мұнда да көп ізденуге тура келеді. Бар білгенін ой елегінен өткізіп, білмегенін іздестірген. Жүгінетін тәуір орыс-қазақ сөздік те жоқ. Әсіресе, термин сөз жасау біраз қиындық туғызса керек. «Грек қазыналарын» аудармас бұрын, қосымша әдебиеттер іздеген, себебі, шығарма археологиялық материалдардан тұрады»
Қ.Қараманұлының пайымдауынша, аударма көркем болып шығуы үшін, аудармашыға мынадай қасиеттер қажет:
- Білім
- Тіл
- Сөздік қоры мол болуы керек
- Ой-өрісі кең болуы керек
- Еңбекқор болуы керек.
Аударма — көп ізденумен қатар, төзімділікті де қажет етеді. Оның қасында өзің шығарма жазған анағұрлым жеңіл. Себебі, аудармада бірнеше рөлді қатар атқаруың керек; жазушы да, ақын да, аудармашы да бола білуің керек.»
Қазақ көркем аударма өнері дамып келеді. Алайда, бір «ағыста», себебі шет тілден тікелей ана тілімізге аударылған көркем аударма әлі күнге дейін жоқ. Бұл қазіргі кезде көкейкесті мәселе болып отыр. Аудармашы Қ. Қараманұлы да: «Біз осы күнге шейін шет ел көркем шығармасын тікелей қазақ тіліне аударғанымыз жоқ. Мен жазушылар одағының «он үшінші съезінде» баяндама оқыған болатынмын. Сонда айттым, «тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл болды. Әлі бір де бір кітап ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударылған жоқ. Неге? Шамасы жететін, қабілетті жас аудармашылар жоқ емес, бар ғой. Бірақ, оларды тәрбиелейтін ниет жоқ. Осындай он-он бес жастардың басын қосып тәрбиелесе, кеңес беріп үйретсе жақсы болар еді. Өйткені, онсыз болмайды. Олардың жұмысын тексеріп редакциялау керек қой»- дедім. Мәселен, белгілі бір шығарманы ағылшын тілінен орыс тіліне аударғанда қасиеті кемиді. Ал, ол аударманы біз алып қазақ тіліне аударамыз. Сонда қарап отырсаңыз түпнұсқа қасиеті екі есе кемиді.» — деп көркем аудармада орыс тілін негізге алу дәстүрін қалдырып, жаңа аударма әлеміне қадам жасауға жас аудармашыларды шақырады.
Әр жазушының, ақынның, аудармашының, бір сөзбен айтқанда шығармашылық адамының ұстазы болады. Ол ұстаздан тәлім алу арқылы тәжірибе жинақтайды. Тәжірибе шеберлікке ұласып, шәкірт өнер шыңына шығады. Қ.Қараманұлының да құрмет тұтатын, шығармаларын сүйіп оқитын қазақ аударма әлеміне адал қызмет еткен ұстаздары бар. Солардың бірі — Хасен Өзденбаев. Аудармашы Шолоховтың «Көтерілген тың» романын керемет шеберлікпен аударған. Сондай-ақ Достоевскийдің «Идиот» шығармасын тәржімалаған Нияз Сыздықов және де аудармашы Әбілмәжін Жұмабаев.
Осылайша, бұл тарауда біз Қ.Қараманұлының шығармашылық шеберханасына саяхат жасап, аудармашылық еңбегінің қыр-сырына үңілуге тырыстық. Іздену барысында көптеген қызықты деректерді кезіктіріп, көкейдегі сұрақтарға жауап алдық. Мәселен, Құрманғазы Қараманұлының И.Стоунмен хат жазысқанын, автормен тікелей байланыста болғанын білдік. Сондай-ақ, Қ. Қараманұлына Э. Хемингуэйді аудару үшін біраз ізденуге тура келген. «Farewell to arms»-«Қош бол, майдан» шығармасын аудармас бұрын түпнұсқасын да қарап шығады. Себебі, аудармашыға аталмыш романның орыс тіліндегі нұсқасының логикалық қисыны дұрыс келтірілмеген сияқтанып көрінеді. Міне осындай мысалдарға сүйене отырып, оның шын мәнінде өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тәржімашы екенін байқадық. Болашақта біз осындай тәржімашылардың еңбегін бұдан да тереңірек зерттеуіміз керек.
- ТАРАУ. Қ.ҚАРАМАНҰЛЫ — БАТЫС ӘДЕБИЕТІНІҢ АУДАРМАШЫСЫ
Қазақ оқырмандарын батыс әдебиетімен жақынырақ, өз тілінде таныстыруда аудармашылардың еңбегі зор. Солардың бірі — Құрманғазы Қараманұлы. Тәржімашының еңбектері бойынша жасалған библиографиялық тізімді қарайтын болсақ, негізінен батыс жазушыларының шығармаларын тәржімалағанын көреміз.
Зерттеуші ғалым Ш. Сәтбаева: «Қазақ елінің Европа әдебиеттерімен танысу процесіндегі бір ұтымды ерекшелік – ол сол әдебиеттің ең таңдаулы дүние жүзіне мәлім болған нағыз классикалық үлгідегі туындыларының аударылуы болды» [8,49] деп атап көрсеткен еді. Расында да, біздің тәржімашымыз да қазақ тіліне ең бір танымал туындыларды тәржімалаған.
Қ.Қараманұлы американ классиктерін аударумен шектеліп қана қоймай, қазірде, «Батыс Еуропа» әдебиетін аударуда. 2010 жылы детектив жанрында еңбек ететін Агата Кристи, сондай-ақ, Артур Конан Дойл, Джордж Сименон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап шығады. Қазір тәржімашы «Жиырмасыншы ғасырдағы француз повестерін» аудару үстінде.
Қ.Қараманұлы қаламы арқылы қазақ тілінде аудармасын тапқан Эрнест Хемингуйэйдің «Қош бол, майдан!» романына зерттеу жұмысы жүргізілген. А. Сайфутдинова түпнұсқа мен аударма мәтіндегі көркемдік құралдарды салыстырмалы талдаған. Талдау жұмысына өз пікірімді білдірсем:
«Қош бол, майдан!» романының қазақша нұсқасында орыс тілінен аударылмай, сол күйінше берілген сөздер көптеп кездеседі. Бұл аудармашының аудармаға білдірген немқұрайлылығы немесе аудармашының ана тілін жетік білмеуінен болса керек деген ойдан ада болғанымыз жөн. Себебі мұнда аудармашының кінәсы жоқ дегім келеді. Кінә — орыс-қазақ сөздігінің «жұқа» болғандығында. Мысалы мына келтірілген мысал мен оған жасалған талдауға көңіл аударсақ:
«His father loses his civil rights – Его отца лишили всех гражданских прав — Әкесін барлық азаматтық праводан айырған». «rights – право» сөзін қазақ тіліне право деп емес құқық деп аударған жөн болар еді.»- деп зерттеуші өз нұсқасын білдіреді. Ал енді, Қ.Қараманұлы Э. Хемингуйэйдің бұл романын қазақ тіліне 1979 жылы аударса керек. Демек, Кеңес Одағының тұсында. Ол кезде «право» сөзінің аудармасы болған жоқ. «Құқық» сөзі тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қазақ сөздігіне енгізіліп қолданыста жүргені қазір ғана. Сондықтан бұның аудармадағы олқылық қатарына жатпасы анық.
Біз зерттеуге алған Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» шығармасының аудармасында да орыс тілінен сол күйінше аударылмай, немесе орыс тілінің орфографиясы сақталмай қазақ тіліне сәкестеріліп, немесе орысша және оның қазақ тіліндегі аудармасы бар сөздер де аудармада кездеседі. Мысалы,
- айлар аты: декабрь, январь, февраль…
- «доктор», «пальто» сөздері аудармаға түскенде орфографиялық заңдылықтарын сақтаған да, ал кейбір сөздер өзгертіліп жазылған: «аптека»-«әптек», «фирман»- «пәрмен» т.б.
- Қазақша аудармасы да бар, орыс тіліндегісімен қатар кездесетін сөздер де бар: «ваза» оның қазақ тіліндегі аудармасы «құмыра».
- «король», «поселок» сөздеріне балама табуға болады. «шақырым», «хан» немесе «патша», «ауыл».
- «миля», «дюм», «фут», «ярд» ағылшын өлшем бірліктері аудармада сол қалпынша берілген. Себебі, бұл – реалий. (миля-1,6км.), (дюм-2,54см), (фут-30,48см.), (ярд-91,44см)
- Сондай-ақ, аудармасы жоқ сөздер де кездеседі. Мысалы гүл аты: Хризантема.
Міне, осындай кішігірім олқылықтар аударманың сәтті болып шығуына нұқсан келтіреді. Аударманың аударма екендігінен хабар беретіндей. Сонымен, И. Стоунның «Грек қазыналары» атты биографиялық романының аудармасы бірен-саран олқылықтарына қарамастан, сәтті шыққан.
Қ.Қараманұлы «Қош бол, майдан!» романын қазақ тіліне аударуда орыс тілін негізге ала отырып, ағылшын тіліндегі түпнұсқаны да қарастырған. Аталмыш аударма еңбегіне зерттеу жұмысы жүргізілгендіктен, аудармашының басқа аударма еңбегінің қыр-сырын ашуды жөн көрдік. Бұл шығарма ағылшын жазушысы Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» атты романы. Алайда, аудармашы бұл романды қазақ тіліне тәржімалау кезінде осы шығарманың тек орыс тіліндегі нұсқасына сүйенген. Ал, ағылшын тіліндегі түпнұсқаны аударма процесіне пайдаланбаған. Соған орай, «Грек қазыналарын» талдауда үш емес, екі нұсқаны қарастырдық. Себебі, аудармашының өзі ағылшын тіліндегі түпнұсқаны қарастырмағандықтан біз де түпнұсқамен салыстыруды керек етпедік.
Қазақ тілі өте бай. Бұған Ирвинг Стоунның Қ.Қараманұлының қазақшаландырған «Грек қазыналарымен» танысып шығу арқылы көз жеткіздік. Көркем әдебиетте бастысы – сөз жеткізу емес қой, мән- мағынасын жеткізу емес пе? Олай деу себебіміз, аударма теориясына қатысты кейбір еңбектерде түпнұсқа дәлдігі қатаң сақталуы қажет, оның сөйлем құрылысы өзгермеуі тиіс, бір сөзді алып тастауға да, бір сөзді қосуға да болмайды деген пікір айтылады. Бұған өз басым үзілді-кесілді қарсымын. Егер осы пікірді ұстансақ, аударма нашар болып шығады. Және де бұл көркем аудармаға жат.
Аудармалары бойынша библиографиялық тізім:
- Борис Горбачевский. «Ариаднаның арқауы». Кітап туралы кітап. Аударған Қ.Қараманұлы. Алматы: Жалын, 1977.
- Эрнест Хемингуэй. «Қош бол, майдан!». Роман. Аударған Қ.Қараманұлы. Алматы: Жалын, 1979; «Фолиант», 2002; Астана: Аударма, 2004.
- Ирвинг Стоун. «Грек қазыналары». Роман. Аударған Қ.Қараманұлы. Алматы: Жазушы, 1983.
- Грэм Грин. «Комедианттар». Роман. Аударған Қ.Қараманұлы. Алматы: Жалын, 1983.
- Сервантес. «Дон Кихот». 1-ші бөлім. Роман. Аударған Қ.Қараманұлы. Астана: Аударма, 2006. Сервантес. «Дон Кихот». 2-ші бөлім. Роман. Аударған Қ.Қараманұлы. Астана: Аударма, 2007.
- Чезаре Павезе. «Ғажайып жаз», «Жоталардағы жынойнақ», «Жолдас», «Ай мен алау». Роман-повестер. Аударған Қ.Қараманұлы. Астана: Аударма, 2008.
- Артур Конан Дойл. Әңгімелер. Аударған Қ.Қараманұлы. — Астана : Аударма, 2010
- Агата Кристи. «Он қарадомалақ». Роман. Аударған Қ.Қараманұлы. — Астана : Аударма, 2010
- Джордж Сименон. «Менің досым Мегрэ», «Коронердің қонағы». Романдар. Аударған Қ.Қараманұлы. Астана: Аударма, 2010.
- Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романының тәржімалануы
Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары: Генри және Софья Шлимандар жайлы өмірбаяндық роман» атты еңбегін қазақша сөйлеткен Қ.Қараманұлы бүгінде қазақ аударма әлемінің төрінен орын алып отыр десек артық кетпейміз.
Ағылшын тілін өз бетінше оқып – үйренген жазушы Грэм Гриннің «Комедианттар» және Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романдарын аудару барысында шығарма авторларымен хат арқылы хабарласып, әріптестік байланыс орнатады. Соның нәтежесінде И.Стоун өз романының қазақша нұсқасына алғы сөз жазып береді:
«Грек қазыналары» атты биографиялық романымның қазақ тіліне аударылып, «Жазушы» баспасы арқылы Қазақстан жұрртшылығының назарына ұсынылғалы жатқанын біліп, зор қуанышқа бөлендім. Бұл хикая тек Алматының ғана емес, сонымен бірге барша Қазақстан оқырмандарының көңілінен шығар деп сенемін. Олай ойлайтын себебім, кітабыма материал жинау барысында Греция мен Түркияда жүргізген зерттеулерім өзіме көп қуаныш сыйлаған; сондай-ақ, кітабымның жазылуы да қанағаттанарлықтай көрінген. Өйткені, шытырман оқиғалар жайлы, нәзік махаббат пен археологияда жаңа бетбұрыс жасаған жетістік жайлы баяндайтын желілерді бір шеңберге сыйғызып, жігін білдірмей жымдастыру шын мәнінде де оңай шаруа емесі анық. «Грек қазыналары» қазір отыз бес тілге аударылды және өзіме келіп жатқан хаттардан оның жылы қабылданғанын аңғарып отырмын. Баспадан шығып, санаулы айлар ішінде сатылып, оқырманын тауып алған басқа да бірқатар романыма қарағанда, «Грек қазыналары» атты бұл романым дүние жүзі оқырмандарына мейлінше кең танылған шығармаға айналды. Бұның себебі кітапты менің жазғандығымнан емес, Трояның табылуының өзі ерекше жан тебірентерлік оқиға болғандығынан. Трояның тарихта болғанына, оның Гомер жыраудың ойдан шығармағанына қалтқысыз сенген әлемдегі жалғыз адам-егде тартқан болашақ зерттеуші Генри Шлиман мен Софья есімді жас қыздың арасындағы махаббат та, өз тарапынан жан толғандырарлық.
Барша қазақ оқырмандарына шын ықыласты жолдастық сәлем жолдаймын. Бұл кітаптың сіздерге де қуаныш сыйлауына тілектеспін.
Достық сезіммен, Ирвинг Стоун.
Қ.Қараманұлы романды аударуда сатылы аударманы негізге алған. Талантты орыс аудармашысы — С. В. Шервинский нұсқасына сүйенген. Аудару барысында түпнұсқаны пайдаланбаған. Себебі, аудармашының айтуынша, түпнұсқа («Тhe Greek Treasure») шығарманы таба алмаған. Тәржіман аударма еңбегіне бір жарым жыл уақыт тер төгеді.
Қ.Қараманұлы аудармашының тіл байлығы мол болуы үшін аудармашы алдына мынадай міндеттер қояды:
— ана тілін жетік білу керек;
— қаламгер болу керек; жазушы, ақын, журналист сияқты жазуға бейім болу керек.
— көркем әдебиетті көп оқу керек.
— есте сақтау қабілетін жақсарту керек;
— өзіңнің сөздігің болуы керек. Мәселен, менің өзімнің сөздігім бар. Мысалы, «колона» деген сөзге «ұшқын» деп өзім аударма бердім. Міне, осындай, өзім аударма берген сөздерді сөздігіме жазып қоямын.
Шығарма атауы: «Тhe Greek Treasure», оны С. В. Шервинский: «Греческое сокровище» деп берсе, Қ.Қараманұлы «Грек қазыналары» деп аударады. «Неліктен шығарма атауын «Грек қазынасы» демей, «Грек қазыналары» деп аудардыңыз?» — деген сауалға былай деп түсіндірме берді. «Шығарма атауын «Грек қазынасы» демей, «Грек қазыналары» деп беру себебім, «Қазына» деген бір-ақ нәрсе ғой. Ал «қазыналар» деген көп. Шығармада тек «Троя» табылмайды ғой, оған қоса тағы Микен де табылады.»
Шығармада өлеңдер мен мақал-мәтелдер келтірілген. Мақал-мәтелдерге балама табу қиын болды ма? «Түпнұсқаның өзінен аудардыңыз ба, әлде орыс тілінен бе?» деген сауалға: «Аударуда қиналған жерім өлеңдерді аудару болды. Дегенмен, ешкімнен көмек сұрамай, барлығын өзім аударып шықтым. Себебі бұл Пушкиннің өлеңі емес қой, аударма өлең. Орысша аудармасында ұйқасын әдемі келтірген. Мен де барынша ұйқастырдым. Түпнұсқаны қарастырмадым».
Сондай-ақ, аудармада «монетаның» аудармасын ұлттық валюта аты-теңге деп беріледі. Аудармашының түсіндірмесі бойынша, бұрын қазақта домалақ темір ақшаны — теңге деген. Яғни теңге сөзі-қарабақыр ұғымын береді. «Медовый месяц» аудармасын неге «бал айы» емес, «шырын айы» деп, «север» сөзінің аудармасын неге «солтүстік» емес, «терістік» деп аудардыңыз?» — деген сұраққа: «бал айы» деген калька. («honey moon»-«медовый месяц»-«бал айы») Өзім аудармасын беруге тырыстым. Ал енді «терістік» деп «оңтүстікке» қарама-қарсы қылып алдым. Негізі «түстік» емес, «тұстық» болуы керек. Сонда, «оңтұстық», «солтұстық».
- Түпнұсқа мен аударма мәтіндегі көркемдік құралдарды салыстырмалы талдау
Жалпы шығарма сегіз кітаптан (тараудан) тұрып, әр біреуіне тақырыпша қойылады. Аудармашы осы тақырыпшаларды бұрмаламай дәл аударған. Ал екінші және үшінші кітапты аударуда шеберлік танытқан. Екінші кітап. « Греция — это возлюбленное чадо бога и земли-Греция —құт дарыған жер» Тікелей аударар болсақ, «Греция—құдай мен жер баласының сүйікті мекені». Сондай-ақ үшінші тарауда; «Түпнұсқа –не скоро дело делается-не нәрсені де бастау қиын.» Яғни, іс жақын арада жүзеге аспас деп тікелей аударылады. Аудармашының шеберлік танытып отырғанын көріп отырмыз.
Бірінші кітап. Ты должен верить! — Сенуің керек!
1-тарауша
Аударманың мән-жайы бірінші тараудан-ақ байқалып тұрады. Ондағы екінші абзацта «— Софья! Американец приехал! Твой поклонник, доктор Шлиман.- -Софья! Американ келді! Сені айттырып жүрген доктор Шлиман дейтін кісі келді.» Мұнда Қ.Қараманұлы «поклонник» сөзін- айттырып жүрген кісі деп роман барысын ашып дәл аударған. Әйтпесе, поклонник — табынушы деп аударылады ғой. Алайда, келесі мысалда кішігірім олқылықтың кеткенін байқауға болады. «Софья натянула на стройные ноги чулки. — Софья Сүйкімді ұзын сирағына шұлық киді.» Ал енді, бұл жерде аудармашы «сирақ» сөзінің орнына –«аяқ» сөзін алса дұрыс болар еді. Себебі сирақ cөзі бұл жерде мүлде үйлесімін тауып тұрған жоқ. «Сирақ» деп малға айтылады. Егер сыйдыйған аяқ болса, онда сирақ сөзін қолдануға болар еді. Ал мына жағдайда, сүйкімді, ұзын аяқ деп аударса аударма көркемдігін жоғалтпас еді. Ал келесі мысалға портрет аудармасын алайық: «- большие темные глаза- Бақыраштай қара көз». Мұнда аудармашы жәй «үлкен қара көз»-деп бермей, көркем әдебиет құралдарының бірі-теңеуді қолданып отыр. Бақыраштай қара көз-үлкен қара көз» . «Бақыраштай көз» — тым үлкен, әдемі емес көз. Оның орнына «Бота көз» деп аударса келер еді. Бақыраштай деген сөздің көркемдік сипаты аз, жағымсыз әсер қалдырады және әдеби тіл емес, диалект тәрізді. Тіпті болмаса «бақырайған деуге болар еді.»
2-ші тарауша
Мұнда да портрет аудармасына тоқталсам деп едім, «- Его худощавое тело венчала крупная голова- Денесі әлжуаз болғанымен, басы қазандай», «- иссиня-черные волосы- Көмірдей қара шашы». Қарап отырсаңыз, аудармашы екі мысалда да, үлкен басты-қазанға, қап-қара шашты-көмірге теңеп тұр. Жәнеде, «- Мисс Хариклей— слишком высокая, грустная, вялая- мисс Хариклей— ұзын бойлы, қабағынан қар жауған, болбыр біреу еді» Түпнұсқада «слишком» — «тым» деген екпін қалып қойған. Сондай-ақ, орысшада ешқандай әсірелеу жоқ, ал қазақша аудармасында «көңілсіз» деп аудармай, «қабағынан қар жаудыртып» қойған. Ал келесі мысалда «-мадам Виктория-Бибі Виктория»-деп жақсы балама тапқан. Мына мысалда; аудармашы өз шеберлігін тағы бір жаңа қырынан танытып отыр. «- Поразительной особенностью критян были щедрость и жадность одновременно, то есть они ради того и скряжничали, чтобы вдруг позволить себе быть щедрыми, сделать широкий жест.- Криттіктердің таңқаларлық ерекшелігі-мырзалығы мен сараңдығы еді. Басқаша сөзбен айтқанда, олар орайы келгенде ойламаған жерден мәрттік жасау үшін жұмыртқадан жүн қырыққан сараңға айналатын.». Яғни, скряжничать сөзін –жәй ғана сараңдану деп емес, жұмыртқадан жүн қырыққан сараң – деп әсірелеп, тұрақты сөз тіркесін қолданған.
Ал енді, мақал-мәтелдердің қалай аударылғанына көз жүгіртсек; «- Софья с детства впитала народную мудрость островитян: «Надеясь на бога, не ляжешь голодный, а если и ляжешь, поешь во сне», «У хорошей хозяйки и ложка прядет», «Поживешь да хлеба-соли пожуешь—молодым советов добрых наживешь- Софья арал халқының: «Құдай десең құрауыз жатпассың, құрауыз жата қалсаң түсіңде тоярсың», «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», «Өкінбестей өмір сүр, өмірің жұртқа өнеге болсын» деген сықылды мәтелдерін жастайынан құлағына құйып өскен-ді.»
1) Ең барабар аударма деуге толық негіз бар.
2) Екіншісіне, Қараманұлы мақалы мағына жағынан үйлесіп тұрған жоқ сияқты. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген біртұтас мақал.
«У хорошей хозяйки и ложка прядет» деген мақалға :
«Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер» деген мақал дәл келеді. (6.17б)
3) үшіншісі де сәл келіңкіремейтін сияқты. Оның орнына мына нұсқалар сәйкесіп қалар:
1) Әр адам өз заманының баласы
2) Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің (7.21)
Тағы да портрет аудармасына кезек берсек; «- Стоявший перед нею незнакомец был невысокого роста, может, на дюйм повыше ее, и выглядел скучно, невыразительно. У него уже была порядочная лысина, жиденькие усы, впалые, бледные щеки, глаза устало щурились, волосы растрепались. Қарсы алдындағы бейтаныс көп болса, өзінен бір дюйм ғана биік, тапал адам екен. Түрі де қарын ашатындай ажарсыз. Басының қасқасы айқын тартып қалыпты. Бес тал мұрты бар. Қушықтау жақтары қан-сөлсіз. Көзі шаршаңқы кейіпте сығырайады. Шашы удар-дудар.-» Мұнда аудармашы Генри Шлиман портретін керемет аударып шығыпты. И выглядел скучно, невыразительно-дегенді Қараманұлы- Түрі де қарын ашатындай ажарсыз десе, жиденькие усы тіркесін- Бес тал мұрты бар, волосы растрепались- шашы удар-дудар.-деп берген. Сонымен, бірнеше портрет аудармасының куәгері болдық. Осыған қарап-ақ, Қ.Қараманұлыға -«Портрет аудармасының хас шебері»-деген ат берер едім.
«- В ее неискушенных глазах этот сорокасемилетний человек был глубоким стариком-Он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздың көзіне қырық жеті жастағы бұл адам сүйегі саудыраған кәрі боп көрінді.» В ее неискушенных глазах- Он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздың көзіне-керемет аударған. Ал, глубокий старикті- сүйегі саудыраған кәрі-деп тәржімалап тапқырлық танытқан.
Өлең жолдарының аударылуы:
…Колон белоснежный, где
Звонкий жалобно песнь свою
День и ночь соловей свистит
В чаще дебри зеленой,
В темнолистных ютясь плющах,
Аудармасы:
Ақша қардай ақ Колонда,
Жасыл нуда жайқалған,
Қызыл барқын жапырақты жамылып
Күндіз-түні бір тынбай,
Қайғылы әнін боздатады бұлбұл құс, —
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген кемеңгер Абайдың ғажайып пайымдауынша, поэзия – адамзат өміріндегі биік өнер, әрі сөз өнерінің асылы. [15,17] Аудармашы өлеңге үйлесімді баламалық тауып, мағынасын беріп қана қоймай, ұйқасын да шеберлікпен келтірген.
3- тарауша
«- Obiter dicta (Случайные замечания (лат.) профессора моментально стали известны в Арсакейоне, где учителя с похвальным благоразумием верили университету на слово.- Профессорлар Obiter dicta (Ат үсті айтылған пікірлер) қас қаққанша Арсакейонға да жетіп үлгерді. Мұндағы мұғалімдер мақтауға тұрарлық тұрақтылық танытып, университеттің аузынан шыққан әр сөзге сенетін.» Бұл жерде, учителя с похвальным благоразумием верили университету на слово-метонимия. Қазақша аудармасында да университеттің аузынан шыққан әр сөзге сенетін-демек, көркем әдебиет тілдік құралы-метонимия сақталып тұр. Сонымен қатар, «Obiter dicta — орысша аудармасында-Случайные замечания (лат.)-деп берілсе, ал, қазақша аудармасында- Ат үсті айтылған пікірлер». Мұнда енді түсінік нұсқалғаннан кейін, «ат үсті айтылған пікірлер»-деп емес, тұрақты сөз тіркесімен бұрмаламай, жәй ғана тікелей аударғаны дұрыс болар еді. Яғни, «Кенеттен айтылған ескертпе (пікір)»-деп бергені жөн болатын еді деп санаймын. Себебі бүл сілтеме аудармасы. Сондай-ақ, «- Троя заснула- Троя ұйқтап қалады.»- бұл сөйлемде де метонимия сақталып отыр.
4-тарауша
«-Софья тоже подержала в руках монеты.- Теңгелерді Софья да ұстап көрді». Қ.Қараманұлы «монета» сөзінің аудармасы ретінде қазіргі біз қолданып жүрген «тиын» сөзін алмай, «тиын» сөзімен синонимдес болған көнерген «теңге» сөзін қолданған. Себебі, қазақта бұрын домалақ, темір ақшаны – теңге деген. Сондай-ақ, келесі мысалда да, жалпы бүкіл аударма романының барысында осы архаизм сөз орналып отыр: «- Мадам Виктория надорвала конверт и вынула пригоршню золотых монет, завернутых в гостиничный бланк.- Бибі Виктория конвертті жыртып, ішінен қонақ үй бланкісіне оралған бір уыс алтын теңге алып шықты.»
«- Софья внесла жареных цыплят, а следом баранью ногу с рисовым пловом, фасоль с помидорами в масле и лимонном соке.-» Софья қуырылған балапан, одан соң күріштен жасалған палау мен қойдың сан етін, майға жүздірілген помидор мен лимон шырынына шыланған жасымық алып кірді. Қарап отырсаңыз, орысшасында да-«рисовый плов» , соған орай, қазақша аудармасында да «күріштен жасалған палау»-деп қате аударылған. Себебі, палау тек қана күріштен жасалады емес пе? Онымен қоса, бұл-белгілі бір ұлттың дәстүрлі тағамының аты. Ал мұнда, Түпнұсқада күрішпен қой саны дегенді білдіреді.(демек, гарниріне күріш)
5-тарауша
«- Медовый месяц- Шырын ай». «Медовый месяц»- қазіргі кезде «бал айы» деп аударылып жүр. Деседе, бал не, шырын не?
Екінші кітап. «- Греция — это возлюбленное чадо бога и земли-Греция —құт дарыған жер»
1-тарауша
Аудармашы әр тараушада тұрақты сөз тіркестерін жиі қолданады.
«-«Что до моего здоровья, то мы здоровы оба и ни в чем себе не отказываем.- «Менің денсаулығыма келетін болсаңдар, біздің екуіміз де аманбыз. Тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк.»
3-тарауша
«— Твой господин Шлиман не выполнил ни одного своего обещания. Мы приняли его с открытой душой, а он плюнул в нее.- Сенің Шлиман мырзаң бірде-бір уәдесін орындамады. Біз оны жатып жастық, жайылып төсек боп қарсы алып ек, онымызға түкірген де жоқ.»
«- И все равно ты не должна была допускать, чтобы меня на людях смешивали с грязью- Сонда да сен бәрібір мені жұрттың көзінше жерден алып, жерге салуға жол бермеуің керек-ті.»
«- Отравителю источника нет прощения- Құдыққа түкірушіге құрмет жоқ.»
«- Неподалеку высился холм Ареопага- Ареопаг жотасы таяқ тастам жерде»
4-тарауша
«- На константинопольском базаре он купил для нее серебряный филигранный браслет- Константинополь базарынан ол Софьяға арнап әшекейлі күміс білезік сатып алыпты.» Бұл жерде, филигранный браслет- әшекейлі білезік- деп аударылған. Және оның да жөні бар. Себебі, сөздікте солай тұр. Ал енді, ойланып қарасақ, білезік онсыз да әшекей бұйымдарына жатады емес пе? Демек, «әшекейлі білезік»-деген. Бұл «киімді көйлек» деген сияқты ғой. Сондықтан бұл қате. филигранный браслет-өрнектелген білезік – деп аударылады. Сөздікті жөндеу керек.
5-тарауша
«- Нижнюю часть лица доктора Мильтиада Веницелоса скрывала роскошная борода, опознавательный знак его профессии, верхнюю—тяжелые очки, буквально приплюснувшие его рачьи внимательные глаза.- Доктор Мельтиад Веницелостың бетінің төменгі бөлегін өз мамандығының айырым белгісі-қаба сақалы, ал жоғарғы бөлегін-бақырайған зейінді көздерін өз салмағымен жаншып жіберердей әсер қалдыратын қомақты көзілдірігі жауып тұрған-ды.» Тяжелые очки- қомақты көзілдірік –деген. Бұл жерде қомақты сөзі өз орнын тауып тұрған жоқ дер едім. «Ауыр» сөзімен алмастыруды қажет ететін сияқты.
«— Госпожа Шлиман, напомните вашему супругу: добрая лоза приносит богатый урожай.- -Шлиман ханым, жұбайыңызға ескертіп қойыңыз: мәпелі ағаш мәуелі келеді,-деді» Жақсы аударған.
6-шы тарауша
«- Софья сидела бледная. Епископ рассеянно гладил бороду.- Софьяның өңі қуқыл тартып кеткенді. Епископ та дағдарып, сақалын сауумен отырған.» Керемет келтірген.
Аудармада қазақ оқырмандарына түсініксіз сөздер жиілеп кездеседі. Аудармашы бұндай сөздерге сілтеме беріп отыруға, балама табуға тырысқан, әйтсе де, сол күінде аударылмай, жәй ғана қазақ тіліне ыңғайластырып берген сөздері көп кездеседі. Мысал ретінде, келесі сөйлемге көз жеткізсек;
«- Мне очень неприятно бросать тебя в твоем положении, но я уверен, что привезу тебе фирман в качестве подарка на крещение. У меня есть почти два месяца.- Аяғың ауыр кезде жалғыз қалдырғаным өзіме де онша жағып тұрған жоқ, бірақ шоқыну мейрамына тарту ретінде пәрмен әкеп берем ғой деген сенімдемін» ( Фирман-пәрмен?)
Үшінші кітап. «- Не скоро дело делается- Не нәрсені де бастау қиын»
1-тарауша
«— Совершенно верно, миссис Шлиман. Начнутся проливные дожди-Дәл солай, миссис Шлиман. Көз аштырмайтын қалың жаңбыр басталады.» Мұнда енді, аудармашы «қалың жаңбыр» орнына «нөсер» деп бергенде дұрыс болатын еді. Қалың қар болады да, ал жаңбырмен бұл сөз аздап тіркеспейтін сияқты.
Сондай-ақ, келесі мысалда аудармашы «ночной колпак» аудармасын «жатарда киетін телпек» — деп анықтап беріп тұр;
«- Драмали, в полосатой шерстяной рубахе ниже колен и ночном колпаке.- Үстінде етегі тізесінен астын жүн көйлегі, басында жатарда киетін телпегі бар.»
«— Ты попираешь останки давно умершего города.- Сен әлдеқашан құрыған қаланың жұрнағын аяққа басып тұрсың» Останки – қалдық. Дегенмен, мұнда аудармашының айтқысы келіп отырғанын ұққандаймын. Жұрнақ деп отырғаны- сол қаладан қалған мұра болса керек.
2-тарауша
«- Троя заснула- Троя ұйқтап қалады.» Аудармашы мұнда Троя қаласы ұйқтап қалады- деп «қала» сөзін қоспай, түпнұсқадағы метонимияны сақтап аударған.
«- Старейшина снял видавшую виды шляпу и черными обломанными ногтями поскреб редкую растительность на голове.- Отағасы көне тоз қалпағын шешіп, кір-кір кетік тырнақтарымен басындағы бес тал шашын ұйпалап қойды.»
«черные обломанные ногти» — «кір-кір кетік тырнақтар» — аударма тамаша шыққан. Егер «қара сынық тырнақтар» деп сөзбе-сөз аударса аударма көркемдігі кемитін еді. Сондай-ақ, келесі тіркесте де солай.
«редкая растительность на голове» — «басындағы бес тал шаш »
Ал, мына мысалда, «- Генри вынул бумажник, отсчитал пиастры и вручил их распорядителю.- Генри шиланын шығарып, тиісті пиастрларын санап алды да, әкімнің қолына тапсырды.» ерекше жағдай орналып отыр.
«распорядитель»-басқарушы, реттеуші. Ал Қ.Қараманұлы «әкім» деп сөздің өзін емес, жалпы сөйлем мағынасын аударып беріп тұр. Бұл – көркем аударманың тағы бір сыры.
3-ші тарауша
«- Из инструментов у них было восемь французских тачек, пять кирок, полдюжины деревянных лопат и пятьдесят две плетеные корзины. – Бұларда сегіз француз қол арбасы, бес қайла, он шақты ағаш күрек пен елу екі себет бар еді.» Қарап отырсаңыз, түпнұсқада «плетенные корзины» деп берілген. Ал аудармада, жәй «себет» деп берілген. Яғни, «плетенные-тоқылған» сөзі түсіп қалған. Аудармашы трансформация тәсілінің «түсіру» түрін қолданған. Өйткені, мұнда, «себет» «тоқылған» тіркесін қажет етіп тұрған жоқ. Себебі, себет онсыз да тоқылған болатыны баршаға мәлім.
Шығармада фразеологиялық құбылыстар, яғни идиомалар, мақалдар, нақылдар, фразеологиялық тіркестер кездеседі;
«- Я кое-что захватила из Чанаккала. Тут тебе только-только заморить червячка, но хоть желудок не расстроишь.-Шанаққаладан ала шыққан азын-аулақ бірдеңем бар еді. Тек өзек жалғап алам демесең жұмырыңа жұқ бола қоймас.»
«Поражаясь, как сама кротость умудрилась заполучить столь свирепое обличье. Генри спросил:…- Қой аузынан шөп алмайтын момынның қалайша қасқыр кейіпін киіп жүргеніне таңырқаған Генри:..»
«— Не повезло человеку, — посочувствовал Генри. — Сняли с теплого, обжитого места в Чанаккале и сослали в богом забытую дыру.- Жігіттің жолы болмағаны көрініп-ақ тұр. Шанаққаладағы жанға жайлы, бауыр басқан орнынан айырып, ит байласа тұрмайтын түкпірге жібергендерін қарасайшы, — деді Генри оған жаны ашып.» Осындай тұрақты сөз тіркестерін қолдану арқылы аудармашы аударманың шырайын келтірірген.
4-тарауша
«Я как-то на базаре видел верблюда, у него рекою хлестала из носу кровь.-Бірде базардан тұмсығынан қан шүмектеп тұрған түйені көрдім.» Шүмектеп ағып тұрған деу керек еді.
«Генри повертел вещицу, вгляделся в рисунок.-Генри бұйымды алып, аударып-төңкере қарап, суретіне үңілді» Аудармашы мұнда тағы да шеберлік танытып, «повертел»-«айналдырып», демей, «аударып-төңкере» деген. Мұнда тавтология орналып тұр. Не «аудару» не «төңкеру» сөзін қолдану керек еді.
Төртінші кітап. « Священное место-Қасиетті мекен»
1-тарауша
«В австрийском посольстве Шлиманы купили роскошную люстру для гостиной, хрусталь. – Австрия елшілігінен Шлимандар қонақ бөлмелеріне арнап әдемі люстра, хрусталь сатып алды.» Бұл жерде «хрусталь люстра» дегенді білдірсе керек.
«Кириакос выстроил красивую ратушу, заменил старые полуслепые фонари, замостил улицы в центре города, развернул строительство городского театра на площади против Национального банка. – Кириакос әдемі ратуша» тұрғызды, көшенің өлусіреген ескі шамдарын жаңартып, қаланың орталық бөлегіне тас төседі. «өлусіреген» дегеннен гөрі «өлімсіреген» деген дұрыс.
«Впервые за последние два года у Энгастроменосов появились свободные деньги — обновить гардероб, приобрести кое-что. – Соңғы екі жылдың ішінде тұңғыш рет Энгастроменостар үйінде киім-кешек жаңартуға, басқа да көр-жер алуға ақша ауысты» Мұнда, «Көр-жер» деген дөрекілеу естілетін сияқты. «Кое-что» дегенді «анау-мынау», «бірдеңелер» немесе, «тағы басқа нәрселер» не болмаса, «майда-шүйде» деу керек еді.
«Георгиосу купили трость с золотым набалдашником – Георгиосқа алтын балдағы бар таяқ сатып алды.» Балдақ пен таяқ мағынасы бір-біріне жуық синонимдес сөздер. Екі сөздің біреуін қолдану қажет еді. Сонда, аударма: «Георгиосқа ұстағышы алтын таяқ сатып алды» болады.
«Его пепельно-серых волос не знала оскорбления расческой или щеткой.- күл түстес қоңыр шашы да тарақ пен шөткеге шырқын бұздырып көрмеген». Мұнда, «пепельно-серые волосы» — «күл түстес сұр» болып аударылады.
«Пиа понимающе кивнул кудлатой головой – Пиа жүн-жүн басын шұлғып қойды.» Бұл жерде, «кудлатая голова» — қалың шашты дегенді білдірсе керек. Сонда, аудармашы «жүн-жүн» деп емес, «шашы ұйпа-тұйпа» деп аудару керек еді.
«Черты его лица вообще несли печать случайного набора и так же непродуманно были свалены в одну кучу. – Оның бет пішіні құрап-сұрап жинап, қалай болса солай қиыстыра салғандай әсер қалдыратын.» Жақсы келтірген.
2-тарауша
Софья тяжело переносила беременность: кровотечения, боли в пояснице, тяжесть внизу живота. Ноги разламывались при ходьбе. После двух недель отсутствия вернулся Генри и сразу забил тревогу.
— Когда ты носила Андромаху, у тебя ничего такого не было?
— Нет.
— Значит, нужен полный покой. Отправляйся в постель и не смей вставать. Спине и ногам нужно дать отдых.
Жүкті болғалы Софья жиі ауыратынды шығарды: қан кетіп, белі ұйып, қарнының төменгі жағы ауыр тартатын болды. Көп жүрсе аяғы сырқырайтын. Екі аптадан кейін қайтып оралған Генри бұны біліп қатты абыржыды.
— Андромаханы көтергеніңде бұндай ештеңе байқалмап па еді?
— Жоқ.
— Ендеше, саған тынығу керек. Төсекке бар да, тыпыр етпей жатып ал. Жақсылап демал.
Осы диалог аудармасын аудармашы «— Значит, нужен полный покой. Отправляйся в постель и не смей вставать. Спине и ногам нужно дать отдых» дегенді «— Ендеше, саған тынығу керек. Төсекке бар да, тыпыр етпей жатып ал. Жақсылап демал» деп аударады. Және сәтті шыққан. Себебі, Софьяның аяғы мен арқасы ауыратындығы жайлы айтылады. Аудармашыға бұны қайталай берудің қажеті жоқ.
«Я уже послал Яннакису деньги и велел купить лес» — « Яннакиске ақша жіберіп, ағаш сатып алып қоюға әмір еттім» Бұл аударма аудармашының шығармаға әбден бойлағанын көрсетіп тұр. Мұнда «Лес» -«көп ағаш» ұғымында.
Н. В. Гоголь айтпақшы, «аудармада бәрінен көбірек ойға жүгіну керек те, бәрінен шамалы сөзге зер салу керек». [16,27] Бұл ұйғарымды аудармашы ұстанғандай. « Капризы природы» — «Тағдырдың тәлкегі»
«Доктор Веницелос осторожно заправил ее волосы с висков за уши» — «Доктор Веницелос оның самай шашын саусағымен іліп, еппенен құлағына апарып қыстырып қойды» Мұнда, «саусағымен іліп» — дегенді аудармашы өзі қосқан. Трансформацияның қосу тәсілін қолданып отыр.
«— Но ведь это выйдет дорого, — наморщила Софья лоб, — зафрахтовать пароход со всем экипажем» — «Бірақ, бүкіл экипажымен қосып пароход жалдау қымбатқа түседі ғой, — деп Софья маңдайын тыржитты» Бұл жерде, жәй «түрін тыржитты» деу керек еді.
«Он двадцать пять лет отказывал себе во всем, зато теперь имел свой пароходик и был независим» — «Қарт жиырма бес жыл бойы ішпей-жемей ақша жинапты, есесіне қазір өз пароходы бар және ешкімге бағынышты емес» Шебер тәржімалаған.
3 тарауша
«Перемены на Гиссарлыке поразили ее: расползшийся лабиринт траншей, новые террасы, обнажившиеся каменные кладки, а главное — маленький поселок из трех домиков на северозападном краю холма, у самого начала раскопок, и еще несколько строений теснилось на равнине, под восточным склоном» — «Ғыссарлықтағы өзгерістер Софьяны қатты таңырқатты. Қайда қараса да тарам-тарам боп жүгірген траншеялар шытырманы, жаңа террасалар, топырақ жамылғысынан жалаңашталған қаланған тастар қатарлары. Ал, ең басты жаңалық – жотаның солтүстік батыс шетіндегі қазбалар басталатын жердегі үш үйден тұратын кішкентай поселок еді. Шығыс беткейдің етегіндегі жазықтан тағы да бірнеше құрылыс бой көтеріпті.» Мұнда,
Біріншіден, Ал аударма төрт сөйлемге бөлінген.
Екіншіден, «Қайда қараса да» дегенді аудармашы өз тарапынан қосқан.
Үшіншіден, «расползшийся лабиринт траншей» дегенді «тарам-тарам боп жүгірген траншеялар шытырманы» деп оқырманға түсініксіз етіп аударған.
Төртіншіден, «обнажившиеся каменные кладки» аудармасын «топырақ жамылғысынан жалаңашталған қаланған тастар қатарлары» деп тағы да шұбалаңқы берген.
Келесі мысалда «қосу» тәсілі орналып отыр.
«Взяв ее за руку, он спустился к широкой траншее и представил ей Фотидиса. Тот снял свой шлем, приложил руку к сердцу и склонился в низком поклоне» — «Софьяны қолынан ұстаған Генри кең қазылған траншеяға түсіп, оған Фотидисті таныстырды. Анау темір телпегін шешіп, қолын жүрегіне қойып тәжім етті»
«— Плита. — гордясь собою, объявил он, — она работает. Сделал муссаку, рисовый плов, отбивные в вине. Печь работает, испек буханку греческого хлеба» — «— Плита. —деді ол мақтанып,— жұмыс істеп тұр. Муссаку, күріш палау, шараппен шыланған қуырылған ет әзірледім. Пеш – ол да жұмыс істеп тұр. Бір бөлке грек нанын пісірдім» «Палау» емес, тек қана «күріш» деп беру ерек еді. Себебі, «күріш» — қуырылған еттің гарниріне.
- тарауша
«Малышка, у меня ни на что нет сил. Пойдем домой.» — «Ақылдым, әлгі оқиға мені әбден діңкелетіп кетті. Жүрші, үйге барайық» «Малышканы» «балақай» деп бермей, «ақылдым» деп қазақ менталитетіне сәйкестіріп келтірген.
«Софья видела, как с каждым днем изменяются очертания холма. Прежде она не задумывалась над тем, что горы могут расти, а могут и уменьшаться в росте, что они не существуют неизменными от века: на них действуют природные силы, из которых самая могущественная — человек» — «Софья жотаның кескіні күн өткен сайын өзгеріп бара жатқанын байқап жүрді. Бұрын ол таулардың өсуі де, өшуі де мүмкін екендігі, әйтеуір мәңгі бақи бір қалып пен күйде қалмайтындығы, оларға түрлі табиғи күштер әсер ететіндігі, оның ішіндегі ең құдыреттісі адам екендігі жайлы мүлдем ойланбаған» Бұл жерде, тавтология. 1) аудармадағы «мәңгі бақи» сөз тіркесі «мәңгі» және «өмір бақи» деген екі синонимдес сөздерді білдіреді. Аудармашы не «мәңгі», не «өмір бақи» деп беру керек еді. 2) «бір қалып пен күйде» мұнда да «бір қалыпта» немесе «сол күйде (күйінше)» деп екуін қатар алмай, біреуін беру керек еді.
Келесі мысалда аудармашы пейзажды шебер суреттеген:
«В теплые вечера они обедали на воздухе, смотрели, как солнце опускается в Эгейское море. Чудно менялись краски! Сначала море переливалось нежно-розовым перламутром, потом загоралось рдяным пламенем и перегорало в пурпурные угольки: высыпали звезды, свет ушел». «Тымық кештерде олар таза ауада тамақтанып, күннің Эгей теңізіне батқанын тамашалайтын. Бояулар қандай ғажап құбылушы еді десеңізші! Әуелі теңіз беті қызғылтым шұғылаға шыланатын, сосын өрттей лаулап алқызыл тартып шыға келетін, артынан ол сөніп, күлгін-көктеніп сала беретін де, жарық жоғалып, аспанда жұлдыздар жана бастайтын». Аудармаға жалпылама талдау:
Аудармашы сатылы аударма түрін пайдаланған. Әйтсе де, С. В. Шервинскийдің «Греческое сокровищесі» Құрманғазы Қараманұлының «Грек қазыналары» бір туындының көшірмесі болғанымен, екеуі екі басқа оқылады. Мәселен, орысша аударма өте қарапайым, жәй қара сөзбен аударылып шығарылған. Ал қазақ аудармашысының еңбегі орыс аудармасына қарағанда едәуір сәтті әрі көркем шыққан. Аудармашының осы туындыны қазақшаландыруына бір жарым жыл көлемінде уақыт жұмсалған. Соған байланысты болса керек, аударма өте жемісті шыққан. Оған қоса, Қ.Қараманұлының сөздік қоры өте бай. Ол қарапайым сөйлемдерді көркем әдебиет тіліне сала білген. Мәселен, орыс аудармасындағы жәй ғана «скряга» сөзін жәй сараң деп қоймай, «жұмыртқадан жүн қырыққан сараң»-деп трансформация ішіндегі қосу тәсілін пайдаланған. «-Поразительной особенностью критян были щедрость и жадность одновременно, то есть они ради того и скряжничали, чтобы вдруг позволить себе быть щедрыми, сделать широкий жест.- Криттіктердің таңқаларлық ерекшелігі-мырзалығы мен сараңдығы еді. Басқаша айтқанда, олар орайы келгенде ойламаған жерден мәрттік жасау үшін жұмыртқадан жүн қырыққан сараңға айналатын».
Аудармашы аударма теориясындағы түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап-айтқанда, лексикалық-семантиқалық трансформациялар:
- Жіктеу (дифференциация) — бір сөзді бірнеше сөз арқылы көпқырлылығын көрсету.
- Нақтылау (конкретизация) – аудару барысында сөздің толық және тура мағынасын беретін сөзді табу (анықтау).
- Ұлғайту (Генерализация) – қысқа мағыналы сөздердің мағынасын (жалпылау) ұлғайтып көрсету.
- Мағыналық даму (смыславое развитие) – түпнұсқадағы немесе аударма тіліндегі сөзді немесе сөз тіркесін аударғанда бірліктерге айналдыру, т.б.
Аудармашы міндеті жазушыға қарағанда анағұрлым үлкен. Мұны аударма зерттеушісі, әдебиетші ғалым А. Курелла үш түрге бөліп қарастырған: «Біріншіден, аудармашы әртүлі жазушыларды аударады, бұл дегеніміз түрлі мазмұн, түрлі материал, түрлі дәуірлер, түрлі дүниетанымдар, түрлі стильдер. Екіншіден, аудармашы — әртүрлі мәдениет аралығындағы дәнекер. Үшіншіден, аудармашы мен жазушы арасындағы айырмашылық мынада, жазушы өзінің түйсік танымы мен шабытына сүйеніп, бүкіл шығармашылық еңбекті орындайды, ал аудармашыға бір мезгілде талдап, әрі біріктіріп, жүйелеу аса қажет, сөйтіп ол бір өзі әрі ғалым, әрі суреткер міндетін тоғыстырады. Аударма үдерісінің сипаты бір мезгілде талдамалы және біріктіруші, ғылыми әрі көркем». [2,94]
Көркем шындықты өзінің еркіндігімен өзгертуге, түрлендіруге де болмайды. Көркем шындықтың құрылымдық негізін дұрыс әрі, толық қалпында жеткізе білу – аударма шынайылығына жету кепілі. Қ.Қараманұлы түпнұсқаның көркем шындығын дәл, баламалы сөзбен, дұрыс стилистикалық сәйкестікте бейнелей білуімен қатар, аудармаға өз «менін» жолатпаған. Аударманың түпнұсқаға баламалы, сәйкес, барлық қырынан үйлесімді, үндестікте жасалуы – табыстылығы, сапалық сипаты.
Аудармашы әсіресе,
- Түпнұсқадағы мақал-мәтел, фразеологизмдердің қазақ тілінен семантикалық сәйкестіктерін сәтті тапқан.
- Өлең жолдарын шеберлікпен аударып шыққан.
Сондай-ақ, аудармада:
- диалект сөздер: Бақыраш, ауыш, аз-маз, т.б.
- көнерген сөздер: теңге және т.б.
- тавтология: мәңгі бақи, бір қалып пен күйде, аударып-төңкере және т.б.жиілеп кездеседі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Көркем тәржіма қазіргі «әдебиет» атты сахнаның төрінен орын алып отыр. Уақыт өте, қазақ көркем тәржіма әдебиеті де заманмен бірге, әлем әдебиетімен бірге тыныс алуда. Себебі, әдебиет – әлем мәдениетімен рухани байланыс орнатады емес пе? Осы әлем әдебиетінің құнды шығармаларын қазақ оқырманына жеткізіп жүрген қазақ аудармашыларына мың да бір алғыс!!! Ендігі жерде біз көркем тәржіма шеберлігі мәселесін тереңдей қарастырып, осы өнердің қыр-сырын тануымыз керек.
Қазақ көркем тәржіма әлемінде орыс тілінің үлкен рөл атқаратындығы сөзсіз. Қазақ оқырмандарының шет ел классиктерінің туындысымен танысуына бірден-бір мүмкіндік берген осы орыс тілі десек те артық кетпейміз. Алайда, өзімізге жақын, түсінетін орыс тілінен болсын, немесе, анау біз түсінбейтін ағылшын тілінен болсын бәрібір, қай тілден болса да аударма процесінде айырмашылық жоқ. Себебі, аударманың аты аударма. Диплом жұмысыма өзек етіп алған көркем шығарманың орыс тілінен қазақ тіліне аударылуын зерттеу барысында көркем прозадағы аударма шеберлігінің кей қырлары анықталды. Қ. Қараманұлының аударма еңбегімен мұқият танысып, тәржімеге өз талдауымды жасадым.
Мәселен, салыстыру мен талдауларым аудармашы Қ. Қараманұлының аударма «тілін» тапқандығын көрсететіндей. Себебі, әр келтірілген салыстыру мысалында аудармашыны тек сөзге шешен, шебер, тапқыр қырынан көре аласыз. Ол аударманы өзіме деп емес, халыққа арнап, оқырман тіліне, мәдениетіне, жалпы, менталитетіне бейімдеп жасаған. Яғни, «ұлттық ерекшелік» ұғымына айрықша көңіл бөледі. Олай деу себебім, әр бір екінші қарапайым сөйлемді тұрақты сөз тіркесімен орынды да, әрі ұтымды ауыстыра білген.
Қ. Қараманұлы – қазақ тәржімашылырының ішіндегі өзінше көркемдік көк жиегі, өзінше ізденісі, философиялық ой-толғауы бар ерекше дарын иесі. Оның аударма саласындағы атқарған аударма еңбегі зор.
Көркем аударма тіл мен тілдің арасында тартылған берік көпір, ой мен ойды жалғастырып, сөз бен сөзді сабақтастырып, туыстырып, тұрған терең арна, алтын өзек. Аудармашының міндеті түпнұсқаның тілін түбегейлі білумен шектелмейді. Ол жазушы ойының арғы аңғарын, сөз қолданыстарының құпия сырларын, кейіпкерлерінің жан-дүниесінің қатпар-қалтарыстарының сан қырлы құбылыстарын аудармас бұрын бірнеше қайтара зерттеп, өз жүрегінен өткізе білуі керек. Аудармашының бұл іске әуес, қабілетті болуы ғана жеткіліксіз, ол сонымен қатар зерттеуші де болуға тиіс, ол тарихшының да, әдебиетшінің де дарынына, парасаттылық, ой жүйріктігі дарынына ие болуға тиіс. Аудармашының сол шығармада сөз болып отырған елдің тарихын, тұрмыс-салтын, ерекшеліктерін, сөйлеу мәнерлерін жете білуі және өз алдына, аудармашы бүгінгі оқушының ойлы, парасатты, білімді, эстетикалық сауаты мол екенін есте шығармауы тиіс.
Аударма қайткен күнде де оқырманға барлық сыр бояуымен, жанды образымен, барлық астар ишарасымен, автордың толық стилімен, көркемдік кестесімен, кемел шеберлігімен түпнұсқаны жеткізсе, құнды болмақ.
Көркем әдебиет аудармасы жөніндегі практиканы дұрыс ұғынып, байыптау үшін тәржімашы Қ.Қараманұлының жұмысындағы сәтті табыстар мен сәтсіздіктер, жаңсақтығын, дұрыс бағалай білуіміз қажет.
Қ.Қараманұлы өзінің аударма ісінде аударманың барлық түрін қолданған. Әсіресе еркін және сөзбе-сөз аудару принципін берік ұстанған. Бұған Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романының тәржімалануын орыс тіліндегі нұсқасымен салыстыра талдау барысында көз жеткіздік.
Шығарма қай тілге аударылса да, аудармашылардың басты міндеті – түпнұсқаның қасиетін сақтай білу, сөйлемнің мазмұнын бұзбай, автордың стилін сақтап, өте түсінікті әдеби тілмен көркемдетіп, аударылуы тиіс. Осы айтылған толғамдар «Греческое сокровище» романының қазақшасында айқын көрінеді.
Осылайша, біз өз жұмысымызда Қ.Қараманұлының шығармашылық шеберханасына саяхат жасап, аудармашылық еңбегінің қыр-сырына үңілуге тырыстық. Іздену барысында көптеген қызықты деректерді кезіктіріп, көкейдегі сұрақтарға жауап алдық. Мәселен, Құрманғазы Қараманұлының И.Стоунмен хат жазысқанын, автормен тікелей байланыста болғанын білдік. Сондай-ақ, Қ. Қараманұлына Э. Хемингуэйді аудару үшін біраз ізденуге тура келген. «Farewell to arms»-«Қош бол, майдан» шығармасын аудармас бұрын түпнұсқасын да қарап шығады. Себебі, аудармашыға аталмыш романның орыс тіліндегі нұсқасының логикалық қисыны дұрыс келтірілмеген сияқтанып көрінеді. Міне осындай мысалдарға сүйене отырып, оның шын мәнінде өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тәржімашы екенін байқадық.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Қ.Қараманұлының тәржімелік тәжірибесі қазақ аударма көпірінің берік кірпіші. Болашақта біз осындай тәржімашылардың еңбегін бұдан да тереңірек зерттеуіміз керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. С. Талжанов. Алматы, Қазақ ССР «Ғылым» баспасы, 1975, 286 бет.
- Әнуар Тарақ Аударма әлемі : Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 243 бет
- Қазыбек Г.Қ Аударматануға кіріспе: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 215 бет.
- Чужакин А.П., Палажченко П.Р. Introduction to Interpreting XXI. – Москва: Р.Валент, 2004. – 224с.
- Қабдолов З. Жебе. Алматы; Жазушы, 379б.
- Қазақ мақал-мәтелдері – Казахские пословицы и поговорки/ Құраст. және ауд. М. Аққожы. – Алматы, 2000 – 212 бет.
Қазақ және орыс тілінде.
- Қазақ мақал-мәтелдері. Жинап, құрастырған Ө. Тұрманжанов. Алматы: Ана тілі, 1997. 184 бет
- «Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары /Құрастырып, баспаға дайындаған Л.Ж. Мұсалы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 264 бет.
- Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы (Таңдамалы әдістер) Құрастырған және баспаға дайындаған Е. Адаева. – Алматы: «Ценные бумаги», 2010. – 188 бет.
- Бельгер Г. Гете и Абай. Алматы; Жалын, 1989. 104б.
- Паустовский К. Полн. собрание сочин. Т III. Москва; Сов. писатель, 682с.
- Виноградов В.С. Лексические вопросы перевода художественной прозы. – М., Изд.-во Московского университета. 1978 – 172с
- Кашкин И.А. Для читателя современника. – М. Сов. Писатель. 1986-562с
- Алексеева И. С. Профессиональный тренинг переводчика: Учебное пособие по устному и письменному переводу для переводчиков и преподавателей – Спб.. Изд.-ва «Союз» 2003-
288с.
- Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т.2: Өлеңдер мен аудармалар. – 2002 – 336 бет.
- Аникина, А.Б. Образное слово в тексте: учеб.-метод. пособие А.Б.Аникина. М.: Изд-во МГУ, 1985. 75 с.
- Бархударов, Л.С. Тетради переводчика Л.С.Бархударов. Междунар. отношения, 1974. 103 с.
- Бархударов, Л.С. Язык и перевод: вопросы общей и частной теории переводов Л.С.Бархударов. М.: Междунар. отношения, 1975. 239
- Жас Алаш//N 69, 27 тамыз 2009 жыл, 11-14 б
- Гачечиладзе Г. Р. Художественный перевод и литературное взаимосвязи. – М., 1980.
- Комиссаров, В. Н. Теория перевода: лингвистические аспекты: учеб. пособие В.Н.Комиссаров. М.: Высшая школа, 1990. 245 с.
- Бельгер, Г. Камни преткновения Г.Бельгер Художественный перевод: проблемы и суждения: сб. статей. М.: Известия, 1986. 58-75.
- Мусаев, К.К. Лексико-фразеологические вопросы художественного перевода К.К. Мусаев. Ташкент: Укитцвчи, 1980. 185 с.
- Комиссаров, В.Н. Лингвистика перевода В.П.Комиссаров. М.: Международные отношения, 1980. 167 с.
- Көркем аударма теориясы мен тарихының өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми-еориялық конференция. Алматы: 2002 – 260 бет.