АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қ. Ергөбек Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеуші

                                             РЕФЕРАТ

 

Бітіру жұмысының тақырыбы: Қ. Ергөбек Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеуші

Бітіру жұмысының көлемі:  бет

Бітіру жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі тарауда Қ.Ергөбектің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты жазылып, зерттеушінің әдебиет жолына түсудегі қадамы айқындалады.

Бірінші тарауда  зерттеушінің ғылыми, сыни еңбектері талқыланып, жекелеген шығармалары аясында сөз қозғалады.

Екінші тарауда  Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романының зерттеуші еңбегінен көрініс табуы мен жаңаша бағыт алуы айтылады.

Үшінші тарауда Қ.Ергөбек зерттеулеріндегі Сәбит Мұқановтың фольклор зерттеуші ретіндегі қыры баяндалaды.

Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Шығармашылыққа адалдық, еңбекқорлық, шеберлік, рухани байлық пен биік талғам.

Бітіру жұмысына пайдаланылған әдебиеттер саны: 22

 

                                                          МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

  1. ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕКТІҢ ӨМІРІМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.

 

  1. ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕК ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СЫНШЫ, ЗЕРТТЕУШІ.

 

  1. «АДАСҚАНДАР». РОМАННАН ПОВЕСТКЕ…

 

  1. СӘБИТ МҰҚАНОВ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ     

 

 

КІРІСПЕ

 

Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса керек. Әдебиет тарихы – халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс. Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте ғана жасауы мүмкін таланттың қыр-сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы, терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым.

Әлеуметтік, танымдық-мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби-көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де – талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби-ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар.

Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «… Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», — деп пікір білдіруі кездейсоқ емес.

         Иә, академиялық орнықтылық … Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық.

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті:

Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды.

Сондықтан бітіру жұмысымызды Қ.Ергөбек шығармашылығына, оның ішінде заманының заңғар жазушысы, әдебиетіміздің марқасқасы С.Мұқанов шығармашылығын зерттеген еңбектеріне арнағанды жөн көрдік. Әрине, бүкіл әдебиеттің жаңа бағытына айналған зерттеулердің бір бітіру жұмысының ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен сыншы, зерттеуші Қ.Ергөбек зеттеулерін ғылыми түрде қарастырып, талдап таразылаудың уақыты жеткен сияқты. Әрине біздікі тек тың соқпаққа сүре салу ғана. Қалай болғанда да, диплом жұмысымызға арқау болып отырған ауқымды еңбектер әдеби ортада өз бағасын алғанымен, ғылыми түрде сараланбағаны ақиқат. Осыны негізге ала отырып бітіру жұмысының мақсатын айқындап, саралай зерттеуді міндетімізге алдық.

Бітіру жұмысының өзектілігі:

Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдебиетке белсене араласатыны некен саяқ. Солардың бірі – сөз жоқ Құлбек Ергөбек. «Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну — өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігің санау, сөйтіп жетістік – кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталған» дейді Құлбек Ергөбек. Б Майлин, Ж.Аймауытов, Б.Кенжебаев, Б.Соқпақбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Ө.Нұрғалиев, Б.Қанатбаев, Қ.Түменбаев сияқты сыншыларымыздың пікірі, ой-толғамдары таразылауы қандай мәдениетті, қандай өтімді, тұщымды. Жазушыны жер бауырлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де еренсіздің ісі. Сынның төресі – жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті көтеретін де осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да дәл осындай жазушыға көмектесетін әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. Ұлы ақын А.С.Пушкин «Сын тарихы – ел тарихы» екенін айтқан. Демек, шығармашылығынғылыми зерттеумен байланыстырған біздің кейіпкеріміздің сыншылық көзқарасы бір әңгіме тарауы. Әрине, шығармада жәй оқырман байқай бермес бұрылыс-қалтарыстарды әдебиетші көзімен зерттегенде сынның қатар жүретіні заңды құбылыс. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміздің өзектілігі деп Құлбек Ергөбектің сыншылық қырын алуымыз жайдан жай емес.

          Бітіру жұмысының құрылымы:

Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауды Құлбек Ергөбек қазақ әдебиетіндегі сыншы, зерттеуші деп алып, онда Қ.Ергөбектің сыншылық жолға келуі, жалпы әдебиетке бет бұруына ықпал еткен алдынғы буын ағаларының, ұстаздарының атап айтқанда Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішевтердің берген бағыт-бағдары негізге алынады. Сонымен қатар, құлбек Ергөбектің шығармашылығының шыңына айналған Сәбит Мұқанов тақырыбына келу жолдары сараланады. Екінші тарауда Құлбек Ергөбек «Адасқандар» романын – романнан повестке деп атап, бұл тарауда сыншының Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романын негізге ала отырып, түпнұсқадан алыс кетпей, нақтылықты ұстандық. Айтулы шығарманың астарына иерең үңілуге тырыстық. Соңғы тарау, бүкіл бір дәуірдің бет-бейнесін ашатын Сәбит Мұқанов шығармашылығын тағы бір қырына арналады. Оның халық ауыз әдебиетін зерттеудегі еңбектері сыншы Құлбек Ергөбектің назарынан тыс қалмаған. Сәбит Мұқановты жаңа заманның жазушысы деп тану арқылы жеке зерттеу жұмыстары сараланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕКТІҢ ӨМІРІМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.

 

Қазақ әдебиеті өзінің қазіргі денгейіне жету жолында талай-талай даму сатыларынан өтті.

         Аз ба, көп пе адам баласы Алла тағаланың берген ғұмыр жасын жасайды. Жасай жүріп оны өз тіршілігінің қам-қарекетімен, мән-мазмұнымен, мінез-құлқымен, ақыл-парасатымен, болымды-болымсыз іс-әрекетімен толтырады. Ал бұған өнерпаздық, суреткерлік, қайраткерлік сияқты табиғатынан туа біткен дара қасиеттер дарып жатса, бұл бір Алланың берген сыйы. Талант сыйы. Міне, осы сыйды кәдеге жаратып, дерексі қабілетті деректі мақсатқа ұластыру, өлшемі жоқ қабілетті шыңдап жетілдіру, әр адам баласының нақты ғұмырына, тағдыр-талайыны, әлеуметтік ортасына лайық өрілетіні айдан анық.

         XVIII ғ. Өмір сүрген француз ойшылдарының бірі ұлы Вольтердің пікірлесі Люк де Вовенаргтың «Адам ақыл ойын тануға кіріспе» деген еңбегінде айтылған мына бір пікірді ғылым әлі теріске шығарған жоқ. Ол былай депті: «Мен талантты адамның іс-әрекетінен, қызметінен тыс ұғынуға болмайды деп есептеймін. Талантты біздің көптеген қабілетіміздің біріккен күш-қуатының нәтежесінде пайда болады және ол қабілет біздің таным-түсінігімізбен астыртын бірге жасайды. Егер осы қасиеттерінің бірі жоқ болса, онда талант та жоқ.

…Демек, талант табиғат берген сый ғана емес, ол ақыл мен жүректің ажырамас бірлігінің нәтежесінде қол жеткізетін қадір-қасиет, ерекше мәртебе». (Вовенарг. Размышления и максимы л.1988.с27). (әд.-1).

Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуы мен бірлікте ғана жасауы, алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын, талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек керек (терең) еңбек жолы, керек (терең) шығармашылық қабілеті, керек (терең) ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты ғалымның толымды еңбегі тілге оралады.

                                                  Абай айтқан:  Еждиһатсыз, михнатсыз,

                                                                 табылмас ғылым сарасы.(2. 164б.)

Тәңір берген талантты өз ғұмырында шығармашылықтың михнаты мен рахатына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазір әдебиеттану ғылымының қыр-сырына қанық, бұл жолға таланты мен күш-қайратын бірдей жұмсаған ғалым.

         Құлбек Ергөбек Сәрсенұлы 1952 жылы 16 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан обылысы Отырар ауданында дүниеге келген. «Төрт жетім бала баққан анам Бибі-Айша өте ойлы кісі болған. Содан осы Құлбекті оқуға жіберсем бе, әлде шаруаға жексем бе деп көп ойланған. Сонда «Апа, Құлбекті оқуға жіберіңіші? бұдан бірдеңе шығады» — деп жалынған немере ағам, көрнекті сатирик Көпен Әмірбек. Өзі сонда студент. Өзін осы ҚазМУ – ге түсерде сүйемелдеген балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевке «Інімнің оқуға түсуіне жәрдем беріңізші» — деген тағы да сол Көпен. Ірі Түрколог –ғалым Мархаббат Томановқа «Сен де, мен де, қайбір жетісіп өстік! Туысым емес, құда-жекжатым емес, мына Құлбек жетім бала екен, оқуға түсірсек» — деген Әнуарбек Дүйсенбиев болатын»,- дейді автор.

         Міне осы кісілердің көмегімен 1970жылы Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Осы жылдардан бастап әдебиетке араласқан, оның қаламынан осы уақыт аралығында ондаған монографиялар, сын-зерттеу кітаптары, 500-ден астам мақалалары жарық көріпті. Бұл өз құрдастарының ішіндегі ең өнімді көрсеткіш. Әрине ғылым да, шығармашылық та көлеммен емес, көңіл ұйытып, ой тұндыратын қасиетімен құнды екенін айтар болсақ, мұндай қасиет Құлбек зерттеулерінде баршылық, талай ойдың, теориялық ізденістің жетегінде жүретін пайымдаулар туралы әдебиетіміздің кешегісі мен бүгінгісіне тиесілі тұжырымдар уақыт төрелігінің еншісінде… Құлбек әдеби-ғылыми мәселелерді қолынан келгенінше мөлдіретіп жазып келді. Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз сөз сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлерімен көрінеді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп елшенген ой бар. Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «… Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», — деп пікір білдіруі кездейсоқ емес.

         Алдымен аға буын өкіл, әрі пікірлес досы Ш.Ыбыраев былай дейді: Құлбек Ергөбек Университет есігін менен бірер жыл кейін ашты. Алдымен іні, кейін пікірлес достарға айналып кетті. Сол жылдарда кішкене арық сары баланың қолынан атақты шығыстанушы Н.И.Конрадтың «Шығыс және Батыс», А.Мецтің «Мұсылман ренессансы», Г.Белинскийдің томдары түспейтін. Пендешіліктен гөрі осы кітаптар жайлы сөйлескенді ұнататын. Соған қарап түбінде осы сары баладан сарабдал сыншы, салиқалы зерттеуші шығатынын іштей сезетін едік. Қарап отырсақ, сонан бері уақыт Құлбектің шығармашылық ғұмырына мықтыап жұмыс істепті.

         Иә, академиялық орнықтылық … Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ойлаймын. Профессорлар Б.Кенжебаев, Т.Нуртазин, М.Қаратаев, К.Аханов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев – бұлар әдебиеттануда ешкімге дес бермейтін бір-бір тұлғалар еді.

         Жазушының бойынан кейде Бейсекеңнің (Б.Кенжебаевтің) қайсарлығы, Зәкеңнің (З,Қабдоловтың) шешендігі, аракідік Тұрсекеңнің (Т.кәкішіев) бірбеткейлігі, Рекеңнің (Р.Нұрғалиев) сөз саптасы кездесіп қалып жатады. Ең бастысы олардың зерделі зерттеушілік мектебі Құлбек еңбектерінде кездесіп қалып, жаңаша формасын тапқан. Құлбек Ергөбек жазушы шеберханасына көп үңілген зерттеуші. Ал ол шеберханада нелер болуы мүмкін? Одан көркем шығарманың жаратылу тарихын, кәдімгі қоңыр тіршіліктің жазушы қорынан құлпырып шыға келу себептерін, өмірдің өнеге ұласу құпиясын ашатын бай деректердің шығуы әбден мүмкін. С.Мұқанов шығармашылыға осы бір ізденіске көп-көсір деректер ұсынады. Әлемдік әдебиетте оның ішінде орыс әдебиеттану ғылымында ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдары басталған осы бір зерттеушішінің бағыттың қазақ әдебиетінде орнығуы Құлбек Есімімен байланысты. Әдебиеттану ғылымында қандай да бір теориялық ізденіс пен әдістеменің түпкі мақсаты көркем шығарманың табиғатын тану, өнер ретінде бітімін ашу. Ал бұған жетудің жолы алуан түрлі, қаншама әдіс-тәсіл, теориялық ағым, методологиялық ізденіс, зерттеу мектептері бар болса, көркем шығарманы танудың да сонша жолы бар деп түсінеміз. Салыстырмалы – типологиялық, құрылымдық, структуралистік, функциолистік, жүйені анаметикалық, тағысын тағылар … Қайсысы тиімді қайсысы тиімсіз, бұл бір түсінбес әңгіме айтпағымыз, жазушы шеберханасы, егер ол дерекке бай болатын болса, өмірдерек пен шығарма арасын, шындық пен жазушы тұғырын, өмір мен өнер парқын толығырақ пайымдауға мүмкіндік бермек. С.Мұқановтың «Балуан Шолақ», «Аққан жұлдыз», «Мөлдір махаббат» романының жазылу тарихындағы бұл сырдың құпиясын зерттеуші Құлбек Ергөбек зерттеулері арқылы танып білуімізге мүмкіндік алдық. Мүмкіндік қана емес елеулі зерттеу әдістемесін аса жемісті жолға қойдық. Жазушы шеберханасна үңілуі ігелі сипатталды.

Құлбек Ергөбектің келесі бір қомақты тындырған ісі. – Балалар әдебиетінің мәселесі. Асылы балалар әдебиетінің жазушысы ғана емес, сыншы мен зерттеушісі болу үшін де бұл әдебиетті әрі сүю, әрі жүрекпен сезу керек.  Құлбекті өзі айтқандай: «Бөбек пен өбектеп өткен талаптар» Ө.Тұрмантайов, С.Омаров, Б.Соқбақбаев, Қ.Әбдіқадыров, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбаев, Ж.Самақов т.б. туралы қалам тарту үшін зерттеуші өз арнасын тапқан. Бұл жанр адам таңдайды. Бұл бала дүниесін білу үшін дана болуды қалайтын жанр. Құлбек республикамызда қазақ балалар әдебиетінің көркемдік ізденістерін, шеберлік қырын, жанырлық түрлендіруін үнемі қадағалап, қалам тартып келе жатқан санулы сыншы, табанды зерттеушілердің бірі ғана емес, бірегейі.

«Мінез дегеніміз моральдық әрекеттердің жиынтығы» — деген екен А.Стендаль. Құлбек Ергөбектің мінезінде ұстазға деген құрмет айрықша. Әлбетте бұл адамның бүтіндей моральдық болмысынан туындап жатқан қасиет. Көрнекті түрколог Бейсенбай Кенжебаевтың қолынан дәріс алған шәкірті болғандардың үлкен бір шоғырын қазір қазақ әдебиеті мен ғалымында есімі танымал ғалымдар, жазушылар және қоғам қайраткерлері. Бәрі де ғылымға адал, пікіріне берік, тұжырымы мығым Б.Кенжебаевты үлкен құрметпен ұстаз тұтады. Оның қазақ әдебиетінің тарихын түрік дүниесінің бір тармағы ретінде ертеден бастаған ғылыми тұжырымдамасын әдеби жұртшылық жақсы біледі.Алайда ғалымның мол мұрасын шашау шығармай жинап бастыруда, зерттеп тануда, ұстаз ұлағатын ұрпаққа жалғастыруда осы Құлбектің атқарған ісі қыруар. Шын мәнінде адам сүйсінерлік Б.Кенжебаевтің рухани өнері Құлбектің еңбектерінде шынайы жалғасын тапты десек ешқандай да асыра айтқандық емес. Ол ғалымның әр жылдарда жазған зерттеулері мен мақалаларын жинап теріп «Жылдар жемісі» (1984), «Әдебиет белестері» (1987), «Асау жүрек» (1995) деген атпен кітап етіп жарыққа шығарды. Әдебиетіміздің озат пікірі үшін, мәдениетіміздің ұлттық мүддесі үшін, кішкене момын адамның үлесі идеологиялық майданда көрсеткен қайтпас-қайсар ерлігін зерттеуші ұлт пайдасы үшін болғандықтан да ерлікке балап, мұндай ерліктің санын он беске жеткізеді. Қазір Түркістанда Б.Кенжетаев атындағы түркология музейін ашу жұмысына біздің зерттеушіміз, Құлбек Ергөбек бірден-бір мұрындық болуда. Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің жетістігін бейнелеуді мақсатына айналдырған құлбектің еңбектері бір қайырып, толымды жинақтауға келді.

Соның айғағы жарыққа шыққан тізбелі бес кітап. «Арыстар мен ағыстарды» автор «том» деп дабырайтпай тақырыптық кітап ретінде ұсынып отыр. Бірінші кітап – түп-түгелімен қазақ поэзиясына арналған, екінші кітап — қазақ прозасы туралы, үшінші кітап – балалар әдебиеті мәселесі, төртінші кітап — әдебиеттану, сын әлемі хақында, бесінші кітап – шығармашылық, лаборатория мәселесін қарастыруға бағытталған.

Бұл кітап бір проблемаға арналады. Назарға алынған мәселеге орай әр кітаптың алғашқы бөлімінде (Арыстар) не ақын, не жазушы, не балалар әдебиет өкілі, шығармашылық портреті жасалады. Олар екінші бөлімінде (Ағыстар) тақырыптас проблемаларға сабақтасады. Бірін-бірі толықтырып, тақырыптас кітап өмірге осылай келеді. Жалпы қазақ әдебиетінде, оның ішінде әдеби сында мұндай тақырыптық  кітап жасауға талпыну тәжірибеде жоқ-ты.  «Арыстар мен ағыстар» қазақ әдеби сынына тақырыптық кітап жасау тәжірибесін әкеліп отыр. Бес кітапты тұтастыра айтқанда, қазақ түркологиясы негізін салушы, көрнекті ғалым Бейсенбай Кенжебаев пен қазақ балалар әдебиеті негізін салушы Өтебай Тұрманжанов жайында жазылған тарау көркем деректі проза мен зерттеу аралығындағы  ғұмырнамалық дербес туындыдай қабылданады.  «Қайырымсыз уақыттың қайсар ұланы» (б.Кенжебаев),  «Заманы аямаған, тағдыры аялаған » (Ө. Тұрманжанов) екі саланың екі ірі тұлғасы өмірін олар өмір сүрген қоғам өзегімен бір өрбіп, бұралаң соқпақтармен, өрістермен олардың тағдыр ауыртпашылығын жан-жақты ашып, баяндайды. «Дүлдүл ақын, дүлей жыр» (С.Торайғырұлы), «Сүлей ақын, сыршыл жыр» (Ә.Тәжібайұлы), «Бұлбұл ақын, бұла жыр» (С.Мәуленов) да осыған жете  қабыл. ХХ ғасырдың қадау-қадау ақындық тұлғалары жайындағы әсерлі толғамдар. «Бір өлең» — ұғым ретінде әдебиетте әредік кездесіп қалады. Бірақ, өте сирек. Сыншы «Бір өлең» атап бір бөлім құрайды. Сұлтанмахмұт, Сәбит, Қасым, Мұқағали ақындардың бір-бір өлеңін ала отырып, әрқайсысына әр қырынан келіп қарайды. Тарихына барады, таласқа да кетеді. Сыртқы фактурадан ішкі иірімге де өтеді. Әйтеуір, бір өлеңді бөлшектей талдап береді. Бір өлеңнің жазылу тарихын қалай дегенде қызықты. Әйтпесе, «Қолжазбадан кітапқа, немесе жабық рецензияның ашық сипаты» мақаласын алып қарайық. Ж.Жақыпбайұлының қолжазбасына сыншы жабық пікір жазған күйінде жыр жинағы жарық көрген соң, жабық пікірді ала отырып, оны жарық көрген жинақпен салыстыра талдайды. Бұл әдеби сын үшін тың форма, сыншы ізденісі өрісін танытады. Екінші кітаптағы «Жұмбақ жан» да Тәкен Әлімқұловтай табиғаты бөлек жазушы. Өмірі мен шығармашылық табиғатын өзара бірлік-байланыста қарастыратын деректі, ғұмырнамалық дүние дер едік. Ал, Дулат Исабеков жайында жазылған «Тағдырлар толғауы» дербес монография делік. Осы тұста бір жайды айта кету орынды. Әдебиетші еліміздің ішкі, сыртқы  архивтерін көп ақтарған. Мейлі, шығармашылық очерк,  әйтпесе сын мақала жазса да ол архивтік сирек деректерді ұтымды пайдаланады. Асылы оның жазғандарын деректі әдебиеттану дегізерліктей. Тың сүрлеу, соны соқпақ. Екінші кітаптағы мақалалар әдебиетшінің қазақ прозасы сынына тиісінше маманданғанын, уақытқа ілесе, жанр өріс-өркенін қадағалай жазып отырғанын айқын аңғартады. Үшінші кітап – түп-түгелімен балалар әдебиеті мәселелеріне арналған мақалалардан бас құрапты. Қазақстан жазушылар Одағында балалар әдебиеті кеңесін басқарысқан ол, біреу елеп, біреу елей бермейтін сала жөнінде көп мақала жазып, көп баяндама жасапты. Соның баршасын тақырыптық кітапқа жинақтағанда – қазақ балалар әдебиетінің түу бастауынан кешеге дейін желі тартыла жететін тарих, жанрлық түрлену жолы, авторлық құрам түгенделіп шыға келеді екен.

Шабытты жазу, табысты дүниелік! Әдебиеттану сын қайраткерлері көбіне  өзгелер жайында сөйлей жүріп, өздерін ұмытып кете баратын. Төртінші кітапта әкесіндей болған Бейсенбай Кенжебайұлының рухани ерліктерін деректі, дәйекті баяндаудан тартып, белгілі сыншы Бақыт Сарбалаұлына дейін өз көзімен, өз көңіл дүрбісімен қарап тұлғалапты. Сын тарихына бару жанрдың бір жылдық тәжірибесін қорыту, марқұм сыншы Қалжан Нұрмаханов күнделігімен сырласу, жанрға өрістану сөздері, сыншы жазған публицистикаға, мемуарға зер салу — әдебиетшінің әріптестері еңбегін елеу ғана емес, өткір жанрдың кешегісі, бүгіні, ертеңі жайында ой толғау деген сөз. «Бір өлең…» секілді, «Арыстар мен ағыстардың» бесінші кітабында «Бір роман…» аталатын көлемді тарау, кемел зерттеу бар.

Ол өзі көп жылдан бері сүйіп, зерттеп келе жатқан Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романының жазылу тарихы жайында. Әдетте әдебиетші, сыншылар жинақтауға бар да, талдауға сараңдау келетіні белгілі. Ал, автор мәселені «Бір роман…» — деп алып, әдебиетке құбылыс болып келген бір шығарманы ішек – қарнына дейін ақтарып, талдайды. Жеке шығарманың жазылу тарихы, творчестволық лаборатория, шығармашылық психологиясы – Құлбек Ергөбектің арнайы бағыт етіп, ұстап жүрген саласы. Ол бұл саланы

арналандырып  алып бара жатыр.

         Адам уақыт перзенті. Уақыт перзентін жарық дүниеге әкелді, есейіп, ер жеткізіп, күндердің күнінде жарық дүниеден алып кетеді. Жарық дүниеге келу мен одан көшудің аралығында табиғаттың ең даулы жемісі, қайталанбас түлегі – адам баласы шарқ ұрып ізденеді. Тіршілік бақыты үшін күреседі. Кейде адам баласы бақытты болып туады, өзін бақытсыз ететін акдамның жұмыр-тіршілікті  мәңгіліктей көріп, селқос қарап, жауапсыздыққа айналдыратын өзі деп те жатамыз. Кейде одан жарық дүниеге бақытсыз болып келіп, күресіп жүріп бақытқа жетіп, соңына із қалдырып өтеді дейміз дүниеден. Бұл ұғымдардың қай-қайсысында да тіршілік тәжірибесі, тағдырға айналған соқпа-соқпа сырлар жатыр. Тағдыр қызық: орта адам толмайтындай, толысқан адам ортаймайтындай көреміз.

         Иә, тағдырдың сан тарау, өмірдің соншалық күрделі екеніне ел таныған, халық мақтанышына айналған аяулы адамдардың тіршілік жолы арқылы үңілу қызықты-ақ. Мысалға, өмір сапары, творчестволық тағдыры барынша күрделі, халық жадына терең ұялаған, жарық дүниеден:

 «Осы да жетті деген тілегіне, жол таптым бар қазақтың жүрегіне»,- деп аттанған Сәбит Мұқановты  алайықшы. Елдес жерлестерінен естіген әңгімеге қарағанда, Сәбит Мұқановтың арғы атасы ауқатты, дәулетті болыпты. Қазақ үшін дәулетті деген ұғым да шартты. Халқымыздың дәулет санап, байлық салыстырары – мал. Сол малдың ұзын-ырғасын көңілге медет еткен байырғы қазекем бірінен-бірі биіксіп сөйледі, біріне-бірі үстемсіп, шекесінен қарап жүрді. Біз оқулықтан немесе халқымыздың тұтас бір кезеңін шежірелейтін тарихи, этнографиялық      сипаты мол «Өмір мектебі» трилогиясынан сіңірі шыққан кедей ретінде білетін Сәбит Мұқановтың арғы атасы алдынан қора-қора қой өргізген ауқатты адам болса керек. Тіпті мыңғырған малы бар бай болғанда не тұр, өйткені әңгіме кедей-шаруа ретінде қабылданған Сәбит Мұқановтың не әкесі, не өзі туралы болып отырған жоқ қой. Керісінше, әңгіме халық сүйген жазушының арғы ата-бабалары жөнінде болып отыр.Демек, жазушының  бабасы бай болыпты деп суынатын, кедей еді деп қызынатындай ештеңе де жоқ. Сәбит Мұқановтың өзінше философиялап қайырсақ:

         Байлыққа, бақ пен таққа мәңгі ие жоқ,

         Кер келмей кете берер еш кие жоқ.

         Басында шалқып, тасығанымен,

         Түбінде таусылмайтын дүние жоқ.

         Сәбит Мұқанов жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын мал түгілі басқа жарымаған, бақ-дәулет түгілі әке мен шешеге зар, ішер асқа, киер киімге кенде, маңдайы тайқиған батырақ – жалшы  болып аттады. Бірақ, жетім баланың жұлдызы жарқырап жанғалы тұр еді.Барша бай бабаларынан гөріаты әлемге кең тараған, рухани кемелдік жөнінен барынша бай ұрпаққа айналғалы тұрды. Бір жұрттың – байлықтан өзге ештеңесі жоқ жазушының арғы аталарында кісі мақтанарлық, тектілік тұтатындай қандай қасиеттер бар еді? Бұл сұраққа Сәбит Мұқановтың  өзі жауап берген. «Өмірбаянына» аталатын топтама төрттағандарға ден қойсақ, алтыншы әжесі – жаугершілікте қолға түскен қалмақ қызы. Төртінші атасы – Сырымбет батыр болыпты. 

         Төртінші атам Сырымбет батыр екен,

         Қан майданда қырқысқан жауларменен.

         Дұшпаныма белімді бекем буып,

         Сол атамның салтынан қумадым мен, —

дейді ол. Әрине атасы сырт жауларға қарсы күрессе, бұл тап жауларымен жағаласты. Сол жолда адасты да. Бұл да аумалы-төкпелі заманда болмай қоймайтын нәрсе еді. Жоғарыдағы төрттаған топтамадан мынадай да өлең жолдарын оқимыз:

         Үшінші атам – Байбарақ бақсы екен,

         Аспаннан періні аулап, жынды қуған.

         Менде міне, нақ сақшы  

         Жолатпастан маңыма жауды қуған.

Немесе ол Бектемір атасы жайында былай дейді:

         Екінші атам Бектемір белдескенді,

         Жықпай тынбас, өтіпті палуан боп.

         Менде жықтым күресте теңдескенді,

         Оған куә — замандас алуан көп.

Осы «Өмірбаяныма» деп аталатын топтаманы оқи отырып, қызық құбылыстың куәсі боласыз. Біріншіден — өлеңде мемуарлық сипат бар. Екіншіден – Сәбең өз бойындағы қасиеттерді әр атасының ерекшелігімен сабақтастырып, баяндап отырады. Үшіншіден – аталық тармақ Сәбеңе жақындаған сайын нақтылана түседі.

         Бірінші атам – Шүкей ақын еді,

         Деседі «көмейінен күй саулаған».

         Мені де «жастан жырға жақын еді»,

         Деседі жұрт, «атасы бұл да аумаған!» —  деген жолдардан ақындық талант қайдан бастау алғанын көреміз. Өзінің әкесі Мұқаңды мінездейтін де өлең осы топтамада. Онда:

         Әр өсімдік тартады ұрығына,

         Көз тіксең менің мінез, қылығыма.

         Аумаған әкем, — жалшы болып жүріп,

         Кеудесінбастырмаған бай ұлына, — дейді.

Әке мұндай болғанда, шеше қандай? «Алып анадан» деген сөз бар емес пе?

         Шешесі марқұм Балсары әнші еді,

         Бұлбұлдай қапастағы мұң зар төккен.

Көзінен сорғалаған тамшы легі,

         Санама сәби күнгі сіңіп кеткен,- дейді ол аяулы анасы жайында.

         Байыптап қарасақ, ақынның осы шоқ-шоқ өлең шумақтарында алдымен нақты адамдардың мінез-құлығы, сурет келбетінен гөрі қазақ халқы бастан  кешкен тарихи жаугершілік, тіршілік кәсіп  — мал бағу, ойы жаугершіліктен озат болып, қолы бейнеттен қалт еткенде  көңіл көтеретін ұлттық ойындар – балуандар күресі елес беріп өтеді. Ақынның қуанышы мен қайғысы, мақтанышы мен мұңы араласып жататын бұл өлең халқымыздың әлі жинақтала алмай, әлі ғылыми жүйеленіп хатқа түсе алмай келе жатқан азаматтық тарихы секілді үзік-үзік, буын мен буын арасын қиял қыдыртып, ақындық көз-қиялмен ғана зорлап жалғап отырғанын көреміз. Оның өзінде бүгінгі ел қадірлейтін азамат,қаламгер, қайраткерді құрайтын бар буын түгел емес. Барының өзі нақты жазба шежіре, әйтпесе, европалықтарша әулет тарихи, атадан балаға мирас болып қалатын семьялық мемуар секілді жазбаларға сүйеніп, жазылмай «деседі» болып басталып, «деседі» болып аяқталатын ауызша екпінде баяндалып отыр. Өткеніне оқыпты: тура мағынасында да, жанама мағынасында да шежіре қаламгердің өзі өз өмір тарихының тумабастау, қадау-қадау көздерін, үзіліп-жалғасып жататын жылғаларын  ұзын құлаққа ден қойып, қиял қуатымен өлеңге айналдырмасқа амалы жоқ. Европалық үлгідегі әулет, үрім-бұтақ шежіресінің қажеттігі де осында ғой. Белгілі совет жазушысы Д.Граниннің де үрім-бұтақ сөздігін жасау керектігін сан мәрте айтқаны бар. Бұл бізге енді-енді ене бастаған құбылыс. Айталық, А.С.Пушкиннің үрім-бұтағын түгендейтін екі томдық және оның замандастарын таныстыратын  «Пушкин достары» аталатын  қос томдық осындай игілікті істің  алғашқы нышандары ғана. Қазақ әдебиетінде мұндай игілікті, қызықты шаралар әзірге атқарыла қойған жоқ. Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнографияинституты ана бір жылдары ел арасынан шежіре жинап, ғылыми жүйелеп, кітап етіп бастырмақ ниетте болғанын білеміз. Өкінішке орай, жақсы бастама жалғасын таппады. Шежіре жинап, оны жүйеге түсіру былай тұрсын, әр кезеңде жазылып, кітап болып басылған Нұржан Наушабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы секілді азаматтардың шежіре кітаптарын тауып оқу кейінгі ұрпақ үшін арман болып отыр. Көне тарихты тірілтудің шежіре түрі де, мемуарлық үлгісі де бізден гөрі көршілес өзбек, тәжік халықтарында еркінірек дамыған. Әзірге бізде шежіре жинаған және оған қысқа ғылыми сипаттама жазған жазушы Сәбит Мұқанов қана болып отыр. Жазылып бітпей қалған «Қазақ қауымы» тарихи этнографиялық еңбектің «Халық мұрасы» (1974) деп аталатын қысқа нұсқасы біздің пікірімізге толық дәлел.

         Иә, сонымен жазба шежіремен дәттетпегенмен ақын өлеңдеріне сүйенсек, үлкен қаламгер Сәбит Мұқановтың бабаларында бай да, ақын да, жыршы да, бақсы да, балуан да, әнші де болған. Олардың бәрі жиналып келіп Сәбит Мұқановтай алыпты құрайтын  қайнар бұлаққа айналады. Дәулетті атаның жетінші ұрпағы Сәбит Мұқанов өмір табалдырығын білімнен басқа бәсіресі жоқтақыр кедей болып аттады. Әйтсе де, ол ақын,жыршы, бақсы, батыр, әнші бабаларының  ол заңды жалғасы еді. Сондықтан ол жаңа заманның есігін тұрпатты суреткер болып ашты. Данышпандар халықтың сұранысымен тумайды, уақыттың сұранысымен туады дейтін қанатты сөз бар. Сәбит Мұқанов жаңа уақыт сұранысымен туды, жаңа қоғам қажеттілігімен қалыптасты, жаңа заманды орнатып, құруға ат салысты. Оның жазушы ретіндегі бар тағдыры халық мәдениетін, әдебиетін уақытқа сай жаңа арнада дамытуға келіп саяды. Сөйте тұра оның халық мәдениетіне, замана ағымына қарсы жүргендей  сыңай танытқан кездері болды. Қандай жағдайда да кездік қап түбінде жатпайды. Жазушының дарыны – бар болмысыменхалықтық дарын еді. Сол себепті халық мәдениетінен қандай жағдайда да қол үзген, халық әдебиетінен ешқашан да іргесін аулақ салған жоқ. Демек ол уақытша науқанға еріп адасқан сәттерде де, халық мәдениетіне қарсы болған кездің өзінде де – халық мәдениеті шуағына шомылып, соның нәрін жұтып жүрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕК ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СЫНШЫ, ЗЕРТТЕУШІ.

 

Әдеби сынымызда да әжептеуір ілгерілеу бар. Көркем шығармашылықтың қандай келелі мәселелері бар нәзік құбылыстары болсын, қандай әдеби сын талдап тексеруге де, баптап-байыптауға да әзір. (7.3б) Білімпаздпрдың сөзіне сенсек, әдеби сын іштей төрт түрге бөлінеді: Публицистикалық сын, Ғылыми сын, Эстетикалық сын, Органикалық сын. Бізге жетпей жүргені де – осы Органикалық сын. Органикалық сын дегеніміз не?

Мұнда сыншы жазушының шығармасын әрі көркемдік, әрі ғылыми, әрі пәлсапалық, әрі эстетикалық, әрі ақиқаттану тұрғысынан (имни ілім тұрғысынан) саралай отырып, сонымен бірге автордың өмірдегі тірлік-тынысына да айрықша терең үңіледі. Сыншының көзінен автордың ерекшелігін, жаны мен жаратылысын танытатын ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі фактілердің бірде-бірі тасада қалмайды. Жазушы неге әйелімен ажырасты? Қай дінеге сенді? Кімді жек көрді? Ақшасын қалай жұмсайтын? Әйел жандыма еді? Нені әуезе көрді? Неден жиренбеуші еді? Пендешілік қырлары қаншалық еді? Пендешілік қырларынан неге арыла алмай-ақ кетті? Қойшы не керек жазушының өмірденгі болмысына бойлай отырып, оның ішкі қайшылықтары мен сенім-таным дүниесін де жан-жақты ашады. Міне, жазушының өмірдегі болмысы мен өнердегі болмысын қатар ашатын осындай тұстар һәм толық сынды органикалық сын дейміз.

Л.Н. Толстой туралы жазылған сындарды толық жинақтасақ, 200 томнан асар еді. Ф.М.Достоевский туралы еңбектерде де бұдан асып жығылмаса, кем емес. Дей тұрсақ та, тереңдігі жөнінен Л.Н.Толстой туралы жазылған еңбектердің ішінде – буниннің, ал Достоевский туралы еңбектердің ішінде – Буниннің де Цвейгтің де зерттеу еңбектері органикалық сынға жатады. Өз басым талантты әдебиеттегі – ғалым, дарынды сыншы Құлбек Ергөбектің «Арыстар мен ағыстар» кітабына енген жазушы Тәкен Әлімқұлов туралы «Жұмбақ жан» атты зерттеуін қазақ әдебиетіндегіорганикалық сынның жақсы үлгілерінің біріне баладым. Сыншы Тәкен Әлімқұловқа қатысты фактілерді іріктегенде кейбір әдебиетшілерге ұқсап «мынауы – үлгілі екен», «мынаусы – үлгісіз екен», «мынауы – жарамды екен», «мынауы – жарамсыз екен»,  деп әлгі өмірлік фактілерді қырық жерден қиқалап, әуелгі әлібі менбастапқы қалыбын бұзып, шындығын жойып, ақиқатын қашырып, берекесін кетірмейді. Құлбек үшін Тәкен Әлімқұловтың жаны мен жаратылысынан сын аңдататын әрбір факты қымбат. Құлбек үшін Тәкен Әлімқұловтың жанының жылнуын, «жыбырлауын» (Абай), қозғалысын көрсете алатын әрбір фактыбағалы. Сондықтан да сыншы қайшылығына қарамастан Тәкен Әлімқұловтың болмыс – бітімін өмірдегідей дәл көрсететін фактілерді қаз-қалпында келтіреді. Яғни, бүтін шындық, тұтас шындықты көрсететін фактілерді көзден таса етпеуге тырысады. Құлбек Ергөбектің «Жұмбақ жаны» — Тәкен Әлімқұлов өзінің «жұмбақ жан» атты зерттеуіндей аса бағалы, құнды еңбек. Бұл еңбектің бағалы болатынының екінші бір себебі неде? Мұның себебін біз айтпай-ақ қояйық. Өйткені, бұл себепті осы еңбектің кіріспесінде Құлбектің өзі де дәл тауып, тап басып айтып кетіпті. Енді Құлбектің өз сөзінде: «Өспірім жастан шығармаларын жастанып оқыған сүйікті жазушым. Өзімен тіршілікте тәуір-ақ араластым. Ықылас-бецілім құлай тура, осы бір дара табиғатты, дана болмысты жазушы жайында мандырымды бірдеңе жаза алмадым. Бір мақаланы «Тағдыр» — атаппын. Рас, Тәкең – үлкен тағдыр иесі еді. Бірақ, «Тағдыр» жалпы сөз. Маған дейін де талай кісі қолданған әдебиетте, мен тапқан сөз емес. Біреудің дайын киімін апарып кигізу – орашолақ іс – мер ісі. Тәкеңнің өзіне арнап киім «пішілуі» керек. Бейнелеп айтқанда, әрине, «Тағдыры тосын талант» атаппын талайсыз мақаланың келесісін. Бұлда дәл емес. Тағдыры бір-біріне ұқсаса – дарын даралығы қайда? Талант тосындығы неде? Тәжрибе аздығы ма, басқалай себебі бар ма; Мен мәселенің мәнін аша алмағанмен. Әр кез — әр кез жазып, аяақталмаған толғаныстардың тұрлаусыздығы сырын енді біліп отырмын. Жасырмай, бүкпей мойындасам, Тәкен Әлімқұлов — әдеби материал райында маған бағынбаған.

Риясыз сөз. Өзің игермеген материалдан имеуі қанған мақала қалай шықпақ?! Енді бағамдап отырмын, Тәкеңді көрген, білген, оқығаныма сүйеніп: оны өзімнен іздеген екенмін. Ал, Тәкен аға ішін ашпаған. Дұрысы Тәкеңді — өзінен, яғни тәкен Әлімқұловтан іздеуім керек екен. Албырт көңіл жас өз мінімді мойындатпаған. Бар ілмәт, міне осында! Олқылық орнын толтыру үшін қайта толғануға тура келді».

Қандай әдемі сыр! Қандай ашық мойындау! Қандай жүрек-жарды лебіз!

Бұл жолы Құлбек Тәкенді «Өзінен, яғни Тәкен Әлімқұловтан іздеген» және тапқан, таба алған! Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдеби процеске белсене араласатыны некен-саяқ, сол некен-саяқтың бірі сөз жоқ Құлбек Ергөбек. «Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну — өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігіндей санау, сөйтіп жетістік – кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталса керек. Басқа жол жоқ»,- дейді осы «Арыстар мен Ағыстар» кітабында Құлбек Ергөбек. Сыншы осы сөзін дәл осы кітабында ісімен де, білімімен де, мәдениетімен де, әділдігімен де, сынға деген адалдығымен де дәлелдей алған.

Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, Бейсенбай Кенжебаев, Бердібек Соқпақбаев, Дулат Исабеков, Ақселеу Сйдімбек, Өтеген Нұрғалиев, Болат Қанатбаев, Қуандық Түменбаев туралы сыншының пікірлері ой-толғамдары, таразылауы – қандай мәдениетті, өтімді, тұщымды. Ал енді Б.Қанатбаев пен Қ.Түменбаев шығармалары туралы тұжырымын тек сын ғана емес, сыр десе де болғандай. Сыншының ішкі сыры. Жазушыны жербаурлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де – еренсіздің ісі. Сынның төресі – жазушыға көмектесетін сын, әдебиетті көтеретін де – осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да – дәл осындай, жазушыға көмектесетін, әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. 

Сәбит Мұқановтың 100 жылдығы ЮНЕСКО арқылы тойлануы – қазақ елінің зиялылығы мен мәдениеттілігі биік деңгейде екенін дәлелдейтін құбылыс. Сонымен қатар, Сәбитті кеңес үкіметі үшін жазықты етіп, қаңқу сөздің тамырына балта шабатын құжат. Еліне ерен еңбек сіңірген, жаңалықты орнатуға асыққан қайраткердің өмірі мен өнерпаздық жолы мұнтаздай таза, тақтайдай тегіс бола бермейтіні өзінен — өзі түсінікті. XIX ғасырдың төл перзенті болған Сәбит Мұқановтың қоғамдық — әлеуметтік және пенделік тірлігіне шолу жасағанда талай жеңістер мен жетістіктерді, талай сүріну – қабынуды, қуаныш пен шаттықты, қасірет пен опықты мол табамыз. Ол өмір сүрген кездегі оқиғалар шындығы деңгейінде баға бергенде ғана орындысы мен орынсызы, ұлылығы мен кішілігі көрініп, өзінің ішкі пиғылыңмен таразылайтын сәт енді туып отыр. Дүниеден өткеніне ширек ғасыр болса да, Сәбит Мұқанов есімі көпшіліктің көкейінен кетер емес. Тіпті, кеңес үкіметі құлағаннан кейін өршелене де өршіге пікір айтушылар көбеймесе азайған жоқ. Осы жәй Сәбиттің сорлылығынан ба? Ол жасап кеткен ұлы мұралардың қуаттылығынан ба? ЮНЕСКО – ның Бас конференциясының 30 сессиясы Тараз қаласының 2000, Сәбит Мұқановтың 100 жылдығын дүниежүзі көлемінде атап өтуге қаулы қабылдап, қазақ елінің көне, әрі жас ғасырларын атауды орындап тауып отыр. Бұл тәуелсіздігіміздің әрі орнықты мәдениетіміздің құнарлылығының арқасы. Олай болса, әлем халықтары алдында тағы да бір жарқырап көрініп, еліміздің өресін, үш ғасыр тапталған ұлттық намысыздың қуаттылығын, санамыздың жетелігін танытатын күш келді.

Соның бір қарлығашы – Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов жайында жазған 20 жылдан бері айтып – жазып жүргендерінің ірі – уағына дейін қолымызға тиіп, алдымызға келіп отырған осы жинағы дер елі. «Адасқандар» сынды атақты романның кейіпкерлерінің тағдыр – талайын тәптіштей зерттеп, жазушы лабораториясының ішкі сырын ашу сияқты жанкешті зерттеуші бірден докторлық диссертация деңгейінде жазылуы, екі жылдан кейін ғылым докторы атағын алуы айтуға ғана оңай нәрсе. Сәбит Мұқанов жөнінде төрт монографиялық еңбектің авторы болған Құлбек Ергөбектің тірнектеп жинап, оқушыға жеткізген тың мағлұматтары, қызықты деректерінің өзі әрі нақты да ғибратты болуының үстіне көркемділігімен көз тартып тұрғаны қандай қуаныш. Осы кітапты қолына алған пенде түгел оңып шықпай көңілі көншімейтінін алдын – ала шамалауға болады. Сондықтан жинақтағы қаламының дабына көңіл аударып, Түркістанның 1500 жылдығын абыройлы  өткізуге бар ынтасымен кіріскен таланты еліміздің азаматтық келбетін таныта кеткен де орынды болмақ.

Құлбек үшін қасиетті рух – Сәбит Мұқанов. Сәбит мұражайының ұйымдасу, өсіп – жетілуіне қолма – қол араласып, ішінде жетекші ғылыми қызметкер болып жүруінің өзі басқа жұрт сарылып, іздейтін байлыққа кезіктірген. Жарты ғасыр бойына артық айтайық, келе бағалайық, Сәбит Мұқановтың советтік деп аталатын төңкерісшіл әдебиеттің Сәкеннен кейінгі көшбастары болып келгендігін қасы да, досы да біледі. Сол уақыт ішінде Сәбеңнің жақсы да, жаман да іске замана талабымен белсене араласқанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Құлбектің ызғары алыстан соғып, қалың өкінішке оранған жан ашуы мен адалдығын қалтқысыз көрсеткен «Құбылып соққан замана желі – ай…» эссесін зерделей оқып шығуға кеңес берер едім. Өйткені, онда ғибрат алар сәт мол. «Сәбит Мұқановтың өмірі тақтайдай тура жол ма? Жоқ » — дегенінен – ақ күрделі әңгіменің арқауы ширатыла бастайды. Әрі қарай алып жүргендердің соқпағына түсіп кетер ме екен деп қалғандайсың. Себебі «Сәбит Мұқанов мың құбылып бұралып соққан замана желінің өтінде жасады, иір қисық талай жолдан өтті» деген кезде бір ойыспақ болғанымен арт жағында зіл жатқандай. «Түзу жол – тағдыр емес. Тағдыр – асау мен тура жолды табудан, яки ұдайы ізденістен тұрады», — деп тағы да ет пен сүйектен жаралғандығын еске салып, Сәбит Мұқанов 1900 – 1973 жылдар аралығында өмір сүрген үлкен қаламгер, қоғам қайраткері ретінде әрбір пенде бастан кешуге тиісті өмір белестерін кешті.

Тарих белеңдерінен мынау қоғам адасыпбарып өтсе, Сәбең де солай адасып барып өтті. Адаса жүріп халық сүйген, одақ оқырмандары шығармаларын қызыға оқыған үлкен қаламгерболып қалыптасты. Сәбит Мұқанов көтерілген даңқ тұғырына оның замандастарының көбі уақытында көтеріле алған жоқ. Көзі тірісінде даңқ тұғырына көтерілу,халық айтқан марапат сөздерді есту, сөз жоқ, «жазушы бақыты»деп келеді де «Сәбит Мұқанов үлкен жазушы бола жүріп, үлкен қателіктерге де ұрынды» — деп тағы да тіксінтіп тастайды.

Бұл – шешендік тәсілі емес, шын қиын тығырыққа тірелген зерттеушінің ішкі толқынысы. Өйткені, ол, Олжас Сүлейменов айтқандай, «даланы асқақтату үшін тауды аласартпау» керектігін айтпаған сананың мың бұрылысы екендігін байқаймыз. Әр адамның өз амандығы үшін қолынан келгенді жасауға талаптануын ғайбаттау, әрине кейінгілерге, әсіресе басына іс түспегендер оп – оңай. Сәкеннің де, Сәбиттің де тарих алдындағы трагедиясы коммунистік идеалғаойланбай сенуден туғанын ашық айту керек. Сәкен иілмей, шүбәланбай мерт болды. Сәбит көрер тепершінін мықтап көрді, өзгеге де көрсетті. Әйтеуір, қазақ әдебиетінің бақытына аман қалды. Құлбек Ергөбеков айтпақшы, «арына кір шалдырып алғандардың бірі болғаны» да рас. Қатерлі өткелден өткендердің, тірі қалғандардың қолы да, ары да былғанғанын 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағындағы ашық партия жиналысы көрсетіп, дәлелденгендігін айтпай кете алмаймын. Ал енді солай болған екен деп, «кек» қайтара бастасақ не күйге ұшырайтынымызды шамалай аламыз ба? Осындай ойды Құлбек бір қыдыру тұздықтап айтқанымен қисынды мәселеге батылы жетіп бара алмағандығын да көріп отырмын. Ол – Сәкен – Сәбит – Мағжан қарым – қатынас жайындағы мәселе. Осыған тереңірек баруы керек еді. Сәкен мен Сәбит, әсіресе, Мағжанға қарсы 1929 жылға дейін идеалогиялық тұрғыдан күресті. Солай бола тұрса да, Алаш зиялыларының, әсіресе, 1929 -1931 жылғы қуғын – сүргіндеріне, сот процесіне, бұлар араласқан жоқ. Өйткені, Голощекин Қазақстанда контреволюциялық топ бар, оның көздегені – Совет үкіметін құлату деп мүлдем басқа жолға, көздерін жою мақсатына бұрып жібергендіктен Сәкен мен Сәбит идеялық әшкерелеуден арыға бара қойған жоқ. Тіпті, әрі – беріден соң Сәкен 1929 жылғы «партиялық тазалауға» олардың аяғын құшуға сәл – ақ қалған болатын. Бұдан басқа бірдемелер болса маған беймәлім. Ондай пәле жоқ сияқты, көптеп жарияланып жатқандар да кездеспейді, өйткені, газет тілшілерінің әр жиналыстардан берген хабарланып малданып, Сәкенді Сәбитке, Сәбитті Сәкенге қарсы атыстырып – шабыстырушылар кездесіп қалады. Ондайлар Сәкен мен Сәбиттің алашшыл азаматтардың адами тағдырына араласы болса тартылып қалмасы тағы шындық. Сондықтан мен Сәкен – Сәбит және Мағжан проблемасы жайында Құлбекке және оқушыға жәрдемдесуін қажет – ақ деп отырмын. (Т.Кәкішев) Сәбит Мұқановтың таптық позицияда жазған «XXғасырдағы қазақ әдебиеті» деген еңбегінде әрбір дарын жөнінде түйетін ойына, жасайтын қорытындыларына назар аудару керек. Бүкіл идеологиялық аппарат тұлан тұтып жатқанда, С.Мұқановтың «Қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды» — деуі әшейін айта салған сөз емес, ең негізгі тарихи түйін екені сөзсіз. Не болмаса Мағжанды бағалауына көз тастайық.  «Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетіне жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ», — деп тауып, өзінің негізгі мақсаты.

Мағжанның түгін тастамай сынау оның әдебиет тарихында алатын орнының мөлшерін көрсету. Мағжанды тексерудің бұл алды – арты болмақ емес. Бұдан кейінде талай тексерулер болмақ» — деп айтқанын жоққа шығара алмаймыз. Міне, осы арада әдебиетшілер де, тарихшылар да біле бермейтін бір жайды еске түсіре кетейін. Мағжан сотталып Беломор каналында арып – ашып жүрген кезінде жазған хатын Сәбең 1959 жылы 10 қарашада маған оқып берген еді. Оны өзімнің «Дала жүрек» деген естелігімде тарата жаздым. 1990 жылы Абай атындағы опера және балет театрында Сәбеңнің 90 жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасаған баяндамасында бүкіл республикаға естірте айттым. Ол хатта «таяуда түрмеден шығамыз, сонда қай жақта боласыз? Зорлық – зомбылықты кек тұтқан пиғылда шығасыз ба, әлде «Тоқсанның тобындағы» ойды айтасыз ба? Біз үшін, қазақтың қасиетті поэзиясының келешегі үшін сіздің совет жағына шыққаныңыз олжа болар еді» — деген ойларды жазыпты. Осы тұста Зылиха апайдың М. Горькийге, оның әйелі Е.Пешковаға барып, Мағжан жазасын 3 жылға қысқартқан шағы болатын. Мәскеудегі қызыл профессуралар институтында оқып жатқан Сәбит Мұқановтың игілікті қадамға мүмкін еместей көрінді маған.сотталған Мағжанға Сәбиттің хат жазып, өтініш білдіргені тарихи шындық. Жайық Бектұровтың естелігінде «Мен Мағжанға 1932 – 33 жылдары Москвада оқуда жүргенімде, оған лагерьге Мурманск жағына хат жазып жібердім» деген дерек [4.32б.] болса, үшіншіден, Ш.Елеукенов өзінің «Мағжан» атты монографиясында ол хаттан цитат алып, бізге беймәлімдеу тың дерек келтіріп отыр. «1936жылдың қыркүйегінде Қызылжарға Сәбит Мұқанов келе қалғанда Мағжанды әдейі іздеп тауып алады, шүйіркелесе сөйлеседі, жылы – жылы сөздер айтып, Алматыға қызметке шақырады. 1936 жылы 27 қазанда Мағжанға жазған хатында «Сізбен сөйлескенде мен айттым ғой: — Егерде өзінің шын ниеттен совет әдебиетіне қызмет етемін десеңіз жазуыңызға ешкім бөгет болмайды деп. Сол сөзім әлі де сөз. Егерде шын ниеттен совет әдебиетіне ат салыссаңыз сізді бетке қағатын бұрын пәлен болып едің дейтін кісі болмайды. Пролетариаттың рақымы мол. Ол қорғай да біледі, жарылқай да біледі. Бірақ, пролетариат сөз емес істі жақсы көреді».[12.127б., 135 -136 б.]

20 жылдардағы таптық желекті мықтап жамылған, большевиктік үгіт – насихатқа әбден бой алдырып, Мағжандарға айтпаған сөзі қалмаған Сәбиттің жеке адамға табыну әбден дәуірлеп тұрған кезде «тап жауы» ретінде сотталған Мағжанды өзінің пролетарлық қанатының астына алуы қайран қалатын құбылыс. Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлер мен ақын – жазушылар Алматының көшесінде Мағжанмен амандасуға жарамай, теріс айналып кетіп жатқанда 1937 жылы 20 ақпанда «Құрметті жолдасым Сәбит! Мен Қазақстанда жаңа жолға түскенімді өзімнің қалам күшімен көрсетсем деген жалғыз тілекпен оралдым. Мен қалған өмірімді, берік ниетім мен үмітімді істе дәлелдеу үшін социалистік құрылысқа еңбек етуге бел будым. Мен үшін енді еңбекші таптың, коммунистік партияның жолынан басқа жол жоқ. Қалай болғанда да орталыққа жетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам орталыққа бауруды ойлап отырмын. Әрине,  өэ халіміз мүмкіндігін айта отырып, сізді бірдеңеге міндеттегім келмейді. Сізге осындай жазуға қазіргі халім мәжбүр етіп отыр. Кешіріңіз «Құрметпен Мағжан» дегенді тебіренбей оқи алмайсың.

         Демек, Мағжанға Сәбиттің хат жазғаны, қол созғаны ешбір күдік келтірер жай еместігін пенделік тұрғыдан тағы бір қарастырып өткеннің артықтығы жоқ. Мағжан Алматыға 1937 жылы 25 наурызда көшіп келгенде алдынан шығып, қарсы алған жалғыз Сәбит Жазушылар Одағының бастығы болып отырғанда Мағжанды қарсы алуға талай адамды жұмсауға мүскіндігі болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Алматыға өзі барудың ең бір мықты сыры – күнәларын жуу ғана емес, азаматтық таныту екені сөзсіз.

Станса басында Мағжан «Менің жолым – теріс, Сәкендікі  — дұрыс болды. Алдымен соған сәлем бергін дейді». Сәбең ыңғайын тауып Сәкенге хабар береді. Келген сәтте Мағжан мен Сәкен көздеріне жас алып құшақтасады. Жол соқты болып келгендер Сәкен үйіне қонып, келесі күні Сәбит үйіндегі түнемел қонақасыға барады.

Өзге емес, Жазушылар одағы партия ұйымының хатшысы Қалмақан Әбдіқадыров «Әдебиеттегі троицкиишіл – бухарисшіл, ұлтшыл – фашист зиянкестерді жеріне жеткізе құрту керек» деп, 1937 жылы 18 тамызда «Қазақ әдебиеті» газетінде большевиктік солақайлықпен «Сәбит өз шығармаларында», «Адасқандарда» байды мақтап, 1932 жылы басылған «XX ғасырдағы қазақ әдебиетінде» халық жаулары – алашордашылардың объективті революциялық ролі бар деген қателері үстіне соңғы кезге шейін халық жауларына (Айсарин, Жұмабаев, Асылбековтерге) ымырашылдық жасады.

«Халық жауларын» әшкерелеу науқаны басталған кезде біраз екпіндете сөйлеген С.Мұқанов насырға шауып бара жатқанын көрген соң, маусымнан қазанға дейін, яғни табандатқан төрт ай бойы өнерпаздық сапарда жүрді. Алматыдан алыстау үшін Мәскеулетіп кетті. Сол уақытта өткен жылдар мен партия жиналыстарында, әсіресе, Ханза Жүсіпбеков баяндама жасағанда «Қаулысында Сәбит туралы көп айту керек. Оны шақырып, партиялық мәселесін қарау керек» дегендерді қадай айтқаны белгілі. 1937 жылы 7 қыркүйекте «Ұлтшыл – фашистердің әдебиеттегі зиянкестік істерімен күресу және жас кадрларды өсіру туралы» жазушылар пленумында С.Сейфуллин, С.Мұқанов «халық жауларының қылықтарына мән бермеген, либериалдық, ымырашылдық істеп өздері де көп саяси қателер жіберген» дегенді қаулыға кіргізді. Оны «Правда» мен «Казахстанская правда», «Социалистік Қазақстан» газеттері даурықтыра түсті. Сәкен 24 қазанда тұтқындалды, 2 – 3 қазанда Сәбит Жазушылар Одағының Төрағасынан босатылып, екі күнге созылған жиналыста партиядан шығарылды. Мен Құлбектің Сәбит жайында жинағына пікір білдіріп отырғанда Мағжан – Сәбит – Сәкен қарым – қатынасын ашайын деп әдейі ұзақ баяндадым. Ал жинақтан орын алған Құлбек мақалалары мен зерттеулерінің қалам дабын, ғалымдық келбетін танытатын бірді – екілі шұрайлы дүниесіне назар аудара кеткен орынды болмақ.

Құлбек Сәбит өміріндегі қызықты сәттерді, мағыналы кездесулерді, таңғажайып тосын жайларды, араласқан адамдардың кескін – қияпатын тарымды баяндап, шығарманың кейіпкерлері мен  прототиптерінің ғұмырнамасын, өмір шындығы мен көркемдік шындықтың ара жігін қиналмай ашып, күнсенбей жазып, ешкімге жалтақтамай ой айтып, құдай берген қасиетін айрықша таныта білген. Дерт пен тең тіл өнерінің ең шыңына шықты дегеніммен, елін тек көкірегі соқырлар ғана көре алмайды. Ер қаруы – бес қарудың Құлбектің талдырмаш, тәпелтек бойынан табылғанына жалғыз мен ғана емес, қазақ әдебиеттану ғылымына еңбек сіңірген Қ.Ергөбектің Сәбитшіл болуының бір себебі – еңбекқорлығы дер ем. Газет – журнал беттеріндегі қызықты да тың мақалаларға, жиын – жиналыстарда жасайтын ойлы да өткір баяндамалары мен жалынды сөздері, көрген – білгендері мол адамдардан тағылым ала білетін мінез – пиғылы танып жүрген, өнерін ақша үшін, атақ үшін емес, халқына титтей болса да пайдам тиер ме екен деп ұйқы – күлкіден айырылып жүрген жауынгер сыншының, пайымды ғалымның, сөз өнеріне құл болған қаламгердің келбетін танытады. Менің бұл ақжарқын ойларым, ең алдымен, дарынды жастың алар биігі көп болса екен деген ниетпен туып отыр. Өйткені, Сәбит музейінде қазақтың арғы – бергі тарихын

былай қойғанда, тарихи – мұралық, архивтік – мемуарлық, көркемдік теңізінде әуелі қызықтай кейіннен саналы түрде жүзе бастаған Құлбектің Сәбең жайындағы зерттеулері бір төбе болса, бәріміздің ұстазымыз Бейсенбай Кенжебаевтың адал еңбегін жарқырата көрсетіп жүрген жәдігерлігі тағы да бар. Жинақтың композициялық құбылысы әбден ойланылған, бірінен – бірі туындап логикалық заңдылықпен өсіп отырған. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, ананың бойына біткен ұрықтың өсіп — өнуі, жетілу кезеңдерін дәрігердей бақылап, сәбидің өсуі айғайымен жарық дүниеге келген сәтін кинолентаға түсірген шебер оператордай ұқыптылықпен жасалған композициялық тұтастық бар. Қазір кейбіреулердің Сәбит Мұқанов тапшылықтың сабылын соғып, әдебиетіміздегі зорлық –зомбылықты күштеп танған деген жаман, зыммен, қысыр мақсатты ойларды айтып жүргендерден жасқанбағанымен, ол айғай – шудың ызғарын автор есінен шығара алмайды. Оларға еріп кетейін десе, жарты ғасыр бойына қазақ әдебиетінің көшбастары болған Сәбит Мұқановтың тарихи еңбегін қимайды. Мүлдем құлан – таза бұрынғы әуенмен кетуге Сәбит қайраткерлігіндегі асыра сілтеулер мен пікірлер кес – кестеп алдынан шыға беретіні тағы бар. Міне, осы тұста Құлбек оқтайлы жол тапқан. Сәбит Мұқановты сүйіп отырып, сынаудың жақсы үлгісін көрсеткен. Ызаланып, кек қайтару, бәрін бүлдірдің дептістенгендердің соқпағына түспей, тарихи шындық деңгейінде баяндап берген. Бұл – құптарлық және ғылымының айнымай жүретін жолы, методологиялық тұрғыдан қайсысымыз болсақ та бұдан былай басшылыққа алатын жол. Әйтпесе, бір кебісті бір кебіске кигізіп, теке тірестіріп, бабы мен ойының ұзын – қысқалығын қып – қызыл дауға айналдыратын «ұлттық» әдетімізден безуге тиістіміз.Өйткені, біреуді мақтау үшін екіншісін даттап тарих жасай алмаймыз. Шындықты айтқаннан ешкім өлмейді. «Іштері қан жылай жүріп, сыртымен саясаткер болды. Қатары сүлдерін сүйретіп шыққанын көрді», «сыңаржақ социологиялық сындармен С.Мұқановты таяққа жықты, басына бұлт үйірді деп айтуға болады» — деп жаны ашыған зертеушінің «саясатқа беріліңкіреп  «Мөлдір махаббат» (1959) аталатын роман жазып аяқтады» деп сипай сынауы мейлінше жарасымды. Сүйе отырып кем – кетікті, қателікті теріп те терең де айтуға болады екен. Міне, зерттеушіні осындай қиын жағдайдан жәрдем тиетін мәселеге, яғни С.Мұқановтың көзқарас эволюциясына бірқыдыру дендеп барған. Өйткені, С.Мұқановтың алашордашылар, әсіресе, оның оқыған зиялылары емес, ең талантты өкілдері жайында айтып, жазғандары аз емес қой. Мен де Сәбитті сүйемін, қадірлеймін, оның тарихтағы орнын адал айқындау жөніндегі дау – дамайға, талас – тартысқа да дайын екенімді 90 жылдығына жасаған баяндамада «Лениншіл жас» газетіндегі «Дүниетаным иірімдері», «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Алыптардың адасқаны  қайсы, араздасқаны қайсы» (25.06.1999) деген мақаламда, тағы басқа еңбектерімде айтып жүргенім жұртқа аян. Мәселен, «Адасқандар»романына кірісер тұсында басталып, яғни қазақтың рухани көсемдері контреволюциялық ұйым құрып, Совет үкіметін құлату мақсатын көздеді деген жалған жала, ұғым – түсінік етек алған кезді ешуақытта ұмытуға болмайды. Алашордашылар деген атаудың қарғысқа айналып бара жатқан кезінде романның бір тарауын саясатпен «безендіруге» асыққанын құптай қоюымыз да қиын. Алайда, роман оқиғасына тікелей қатысы болғандарды да, саяси, әлеуметтік көңіл ауғанын да қалыс қалдырып кетуге болмайтын еді. Бірақ, терең қазып, нақтылай түсу тапшылдық көзқарастың ықпалынан болғанын С.Мұқанов анық түсініп, 1935 жылғы екінші басылымда «Еркіннің сыры» дейтін қияс тарауды түгел алып тастады. Орыс оқушыларына жеткізбеді. Онсыз да қазақтың ырду – дырдуын қоздырып отырғандарға жол бермеді. Көркем шығарма, ойлы зерттеулер әрқашан да оқушысын біресе қуану, біресе қайғыруға, ойлана толғануға шақырады. Ең бір сұсты да күрделі мәселеде, әсіресе, ұлтымыздың мақтанышына айналған қайраткерлердің іс — әрекетінен кем – кетік, тырнақ астынан кір тапқанға қуанатындар әлі де жойылып бітпеген шақта шырқыраған шындықты айта білгендер ғана бізді елдікке, ауызбірлікке шақырарын ескеріп, қатерлі де қиын өлкеге көз салдық. Оған түрткі – Құлбектің «Құбылып соққан замана желі – ай…» атты шыншылдығынан қаны шыққан шығармасы.

Қ.Ергөбектің жинағынан тіміскілей қарағандар әбден ойланбаған тұжырым, қате пікір, шалыс қадам табуы мүмкін, бірақ арналы өзендей мөлдіреп те шымырлап аққан ой машығынан, оны ажарлап та тынбайтын. Ана тілінің байлығын емін – еркін пайдалана білген жанның бір жұлдызы жоғары. Құлбектің мақала – эссе, ғылыми – зерттеу еңбегі өте жеңіл оқылады. Оның жеңілдігі желпілдете айтар пікірін сөз бояуымен ажарлауға тырысуында емес, әрбір қарапайым сөзді ауыр да, күрделі ойды айтуға орынды пайдаланып, мән – мағынасына қарай дәл қолдана білуінде дер ем. Жылтыр сөйлеп, бояуын көбейту дегеннен бойын аулақ салғанда ғана салмақты сөз табиғи жарасымын табады. Бұл әбден басыққан көңілдегі көрікті ойдың өңін қашырмай жеткізе білетін қаламның қасиеті. Соның нәтижесінде тақпақты да нақышты сөз ғана емес, тіпіт мақал – мәтелдік сипатқа ие болар ой орамдарын көріп қызықпаймыз. Алдыңнан ақ күн туып, ойлы да ажарлы еңбектеріңмен қуанта бер, Құлбек!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «АДАСҚАНДАР». РОМАННАН ПОВЕСТКЕ…

 

Жазушы ала баған асып, айшылық алыс сапарға аттанған. Қытай Халық Республикасында сапарлап, жазбақ шығармаларына материал жинап, енді сол алыс жолдан Отанына оралмақ. Бала-шаға, дос-жаранмен қауышқан қуанышына қаламгер қауымы жиналмақ. Ел қадірлісін шығарып салу, қарсы алу дәстүрден қала қоймаған елуінші жылдары қалғанды айтасыз, қазақ қаламгерлері үшінмәдениет белгісі дәстүрге енді ене бастаған кез деу шындыққа жанасады. Міне, осындай қуанышты күні араласып жүрген ет жақын әдебиетші жазушыны бірге қарсы алысуға оның үйіне келді. Абыр-сабырмен жүрген жазушы жары сынай қарап тұрған жалтыр бас әдебиетшіні кабинетке оздырды да, өзі толып жатқан шаруаның ырғағына түсіп, ас дайындайтын бөлмеге кетті. Самұрық ұшақтың келуіне әлі бірсыпыра уақыт бар. Әдебиетші көзі жазушы столына түсті. Қызығушылық билеп, жазу столының тартпасын тартты. Күнделік. Жазушының күнделігі. Алда жазбақ шығармасының шағын жоспары түзіліпті. Адам аттары жазылған. Әдебиетші еріксіз жазушы орындығына жайғасты да, күнделікті аңсармен ақтарып, жеделдете оқи бастады…. Тірі кісінің тіршілікте бітіп болмайтын шәт-шәлекет шаруасымен оты кіріп, күлі шығып жүрген жазушы жары әдебиетшінің әрекетін көзі шалып қалды. Жазушының орындығына отыру, жәй отырмай жарының қойын кітапшасын парақтап отыру әйелдің көзіне ерсі көрінді. Ол жарына, оның жазуына деген хас адалдықпен қалай жетіп келіп, әдебиетшіге оқыстан тіктенгенін өзі де аңғармай қалды.

         -Мұныңыз не?

         -Жәй! Сәкең келгенше уақыт өткізейін деп….

         -Иесі жоқта тартпасын ашып, жазу-сызу оқығаныңыз ұят қой, бетім-ау!

         -Енді онда тұрған не бар? Сәкең творчествосы туралы жазып жүрген жандардың бірі осы Құлбек Ергөбек….

         -Жазушы түгілі қарапайым адамның  өзінің тірлігінде адам баласына ашпайтын сыры болады емес пе? Тұрыңыз. Рұқсатын алып барып оқыңыз.

Әдебиетші қызарақтай орнынан тұрып кетті. Күлген болды. Күлкісі келіссе не дерсіз? Әнтек кеткенін іштей өзі де мойындайды. Бірақ…. Ақыры қызарақтап, үйден шығып та кетті….

         Бұл қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың өмірінде болған оқиға.Мәриям апайдың әңгімесін естіген Сәбең де көңілі жарқын, дос-жар әдебиетшіге  іштей ренжіпті. Өмірде болған мөлтек оқиғаны қаз-қалпында баяндап отырмыз. Баяндап қана қоймай, осы оқиғаға ой жіберіп, ойланып қарайықшы. Сонда бірсыпыра сырға көзіңіз жетеді. Әрине, бұл жерде бір әдебиетшіні кінәлаудан аулақпыз. Өйткені жазушы шығармашылығын зерттеп жүрген әдебиетші жазу столының тартпасын өзімсінген сыңайда ашты, өзімсіңген сыңайда жазушы қойын дәптеріне үңілді. Жазушының шығармашылық шеберханасына енгісі келеді екен, оның несі айып?! Олай ету – жазушы үшін де, әдебиетші үшін де тиімсіз болмас еді. Сөйте тұра, жазушы ренішін де түсінгің келеді. Қаламгердің көзі тірісінде оның шеберханасы белгілі дәрежеде құлыптаулы сандықтағы қазынадай жабық тұруға тиісті. Осы бір өмірде болған көріністі тарата талдап көрейікші. Біріншіден, үлкен бе, кіші ме, әрбір жазушының өзіндік шығармашылық құпиясы бар. Соған лайық оның қызғанышы толады. «Адамзат комедиясын» ойша жоспарлап, кілтін тапқан Оноре де Бальзактың данышпандылыққа бастайтын төте жолды таптым деп жаһанға жар салуынан, әр шығармасын он, он екі рет көшірген. Лев Толстой төзімділігіне, әйтпесе оқушының жазушу черновигінде шаруасы қанша, біткен, аяқталған шығарманы оқыса жетпей ме деп, қолжазбасын жыртып тастаған. Ғ.Мүсірепов мінезіне дейінгі аралықта қаншама жазушылық тағдыр жатыр десеңізші?! Роман жазуға үш рет бел шешіп отырып, үшеуінде де жаза алмай, роман менің қолым емес екен деп тастап кететін. А.Чехов, операция үстінде тәнімді тіліп, етімді кесіп жатқан болыпты сезінерлік балама сөз іздеп жаттым дейтін.                                                                                                                   

И.Тургенев мінезі, әйтпесе өзінің бар қолжазбасын сақтауы өз алдына, өзіне жолданған бірде-бір үлкенді-кішілі жазбаны қағыс қалдырмай жинайтын. С.Мұқанов дағдысы да өзіне қызық, қайталанбас тағылым ғой.

Шығарма перзентке бара-бар еңбек. Шығарманың кілтін табу, жазу үстіндегі жазушы қиналысы… бәрі-бәрі әдебиетші үшін қызық. Ал, жазушы үшін азапқа, әрі ләззатқа толы ол сәттердің қайсысы да толық. Әр шығарманың дүниеге келуі – қайталанбас тағдыр. Қимас сыр ендеше жазушының өз шығармашылық құпиясын көзінің тірісінде ашқысы келмеуі, рұқсатсыз кимелеген әдебиетші әрекетін, ретсіз тігілген жанар, орынсыз қызығушылық деп қабылдауы заңды. Сәбит Мұқанов орнында қандай жазушы болса да әдебиетшіге ренжіген, тіпті ашуланған болар еді…

Екіншіден, Сәбит Мұқанов – қазақтың көрнекті жазушысы. Қазақ әдебиетінің қаз-қаз болып қалыптасуынан әлемдік деңгейге көтерілген жетпісінші жылдарға дейін мойнын еңбек қамытынан бір босатпай, қаламын бір сәт те суытпай өнімді де, жемісті еңбектелген классик жазушымыз. Демек оның шығармашылық шеберханасы тіпті қызықты болмақ. Ұлт әдебиетіне толайым-толассыз табыс әкелген жазушы шеберханасы, жан сыры кімді де болса қызықтырары хақ. Сәбит Мұқановтың проза саласындағы еңбегінің нәтежесінде «Адасқандар» романы жазылды. Негізгі тартыс түйіндері мен басты кейіпкерлері өмірдің өзінен алынған «Адасқандар» романы оның прозалық шығарма жазуға қаншалықты мүмкіндігі барын айқындап берді. Шығармасы револютциядан кейінгі қазақ ауылына енген жаңа салт-сананың орын ала бастауына, ескі мен жаңаның арасындағы күреске арналған да, бұл келелі мәселе бай балалары Бүркіт пен Бәтестің арасындағы махаббат желісімен баяндалған. 1935 жылы «Адасқандар» орыс тіліне аударылып «Сын бая» деген атпен шыққанда, «Литературная газета» жазушы табысын айрықша құптаса, «Комсомольская правда» газеті мейлінше мінеп мақала жазуының өзі – бұл шығарманың көркемдік құндылығы мен қайшылығының мол екеніне айғақ. Қазақ әдебиеті сынында құрғақ социология етек алған шақта  «Адасқандар» көп ретте орынсыз датталғанын айта кетпеске болмайды. Қазірде «Мөлдір махаббат» болып, түзетіліп қайта жазылған романның тек С.Мұқановтың ғана емес, бүкіл қазақ прозасының тарихында айрықша атап көрсететін мәні бар.  

Жазушы Сәбит Мұқановтың шеберханасы – қалың оқушы жұртшылығын, әдебиетші, журналистер қауымын көзі тірісінде-ақ қызықтырған. «Сұлушаш», «Адасқандар»,  «Жұмбақ жалау», «Мөлдір махаббат», «Ботагөз», «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз» секілді құбылысқа айналып туған қадау-қадау шығармалары дүниеге келген сәттерінде оқушыларымыздың жазушыға бастырмалатып сұрақ беріп жатуы – сол қызығушылықтың белгісі. Бір ғана «Ботагөз» романы шығармашылық тарихынан жетпісінші жылдары әдебиетші Серік Мақпыровтың кандидаттық диссертация жазуы , Курен қаласының тұрғыны К.И.Бурмистрованың  «Өмір мектебі» трилогиясының жазылу процессіне ден қоюы, тәжік ғалымы Н.Әбсаттаровтың  «Өмір мектебі» романына мемуар ретінде қарауы – бәрі де Сәбит Мұқанов шығармашылығына кезінде оқырман ықыласының  қазақ әдебиеті беделіне ғана емес, бүкілодақтық деңгейде жалпы кеңес әдебиеті даму тенденциясын аңғартарлық іргелі құбылыс болғанын дәлелдейді.

Иә, сөйтіп Сәбит Мұқанов шеберханасы – кісі құмартарлық қызықты шеберхана. Сөз басында айтылған әдебиетші орнында басқа біреу болса да тап солай қызыққан  болар еді, жазушы жан сырына. Тіпті жазушыдан қалған белгі шығармалардың туу сыры, жекелеген экзистер, жоспар-жобаларға дейін қызықты болып шығатынына еш күмән болмасқа керек. Белгілі әдебиетші И.Фейнбергтің бар ғұмырын ұлы А.С.Пушкиннің аяқталмаған шығармалары мен шығармалық экзистерін зерттеуге бағыштауы тегін болмаса керек. Оның «Незавершенные работы Пушкина» аталатын шығармасы он шақты рет басылды. Әрдайым абыройға ие болып келе жатқаны да пікірімізге дәлел. Ал жазушы Сәбит Мұқановтың бар болмысын көз алдыңа тұтас елестетсең етек-жеңі мол, іргелі шеберханасы бір адамға тиесілі жабық кабинеттен гөрі, бүкіл қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасып,өсіп-өркендеу жолының жанды шежіресіндей әсер ететіні бар. Бір Сәбит Мұқановтың қаламгер ретінде өсу, шеберлік жолында жетілу процестері – қазақ жазушыларына ортақ тәжірибе, ортақ кемшілік жедел өсіп жетілу сырын қоса паш етіп жатады. Олай болса, қадірлі әдебиетшінің бір сәт аңсар билеп, жазушы қойын кітабына үңілуін де түсініп қабылдау жөн. Үшіншіден, әдебиетші ғалымдар жазушының шеберханасын жеке шығарманың жазылу тарихы деген ыңғайда ғана қарастырады. Әрине, жазушы шығармаларының жаратылыс құпиясын тексеретін зерттеулер жетпісінші жылдары емес, одан ертерек бой көрсетуі керек еді. Бұл мәселеге көзі тірісінде жазушының өзін де қарастырғанда мәселе жемістірек болғандай еді. Бірақ мына жағдайды да ескермеуге болмайды. Шығармашылық психологиясы – бірнеше ғылымның басын біріктіре еңбектенуді тілейтін қиын сала. Отызыншы жылдары психолог Л.С.Выготский бастаған ғалымдар біраз дендеп барған бұл проблема кейін ғылыми кадр жетіспеудің салдарынан ұзақ жылдарға шегерілді.

 «Бүкілодақ»  деңгейінде шығармашылық психологиясын әлденеше ғылым салаларын қатыстыра отырып зерттеу,тек алпысыншы жылдардың аяғы мен жетпісінші жылдардың дарынды ғалым В.С.Шейпах туды. Шейпах мектебінің шәкірттері бүгінгі күндері шығармашылық психологиясы саласында өнімді, тындырымды еңбектеніп келеді. Олай болса, «одақтық» филология ғылымының бір бұтағы ретінде өсіп, қалыптасқан қазақ әдебиеттану ғылымы да жекелеген жазушылар шеберханасын шығармашылық психологиясы тұрғысынан өз мерзімінде қарастыра бастады деп білеміз. Сол алғашқылардың бірі болып Сәбит Мұқановтың шеберханасы қызықтыруы, оның жеке шығармасының жазылу тарихы қарастырылуы тағы да заңды құбылыс. Жақсы бастама жазушының бір «Ботагөз» романының жазылу тарихын зерттеумен шектеліп қалмай, жалғасын табуы керек. Олай болса жеке шығарманың жазылу тарихы бағытында басталған әңгімені одан әрі творчество психологиясы, кейбір шығармалардың жазылу тарихы (лабораториясы) деген бағытта жалғастырамыз. Әңгіме қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың  әдеби мұрасы жөнінде болғанымен, ол үйренген мектеп, қатар жүріп қалыптасқан орта бар, оны ұмытуға әсте болмайды. Олай болса көпке белгілі-белгісіз ортақ тәжірибе, әлемдік әдеби құбылыстардың салыстырыла қарастырылуы заңды. Ең басты тұтқан мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архиві және «Сәбит Мұқановтың мемориалдық музей үйінің» архиві, көз көргендер естелігі, ағымдағы баспасөз материалдары кеңінен пайдаланылады.

Сәбит Мұқанов өмірлік шындықты көркемдік сиымдыққа айралдырудағы қаламгерлік концепциясы, шығармашылық принципі қандай? Алдымен жазушы көркем шындыққа айналдырарлық өмір шындығының өлшемі не? Оны көзге қалай елестетуге болады? Романға арқау болған өмірлік шындықты үш материалмен елестетуге болады; Бірі – «Адасқан Сұлтанбек, опасыз Бәтима» дастаны, екіншісі – «Еңбекшіқазақ» газетінде  1928 жылы мамыр айларында жарияланған сот процесінің материалдары, үшіншісі – жазушының өзінің жеке басына қатысты материалдар. Міне, осы үш жүйе материалдарын ойша тұтастырып қарасақ – алдымен «Адасқандар» (1931), соңынан «Мөлдір махаббат» (1959) аталған романға арқау болған өмірлік шындықтың келбеті біршама айқындалып қалады. Енді осы материалдарды кезек-кезегімен жүйелей қарастырыйық.

Бірінші жүйе – «Адасқан Сұлтанбек, опасыз Бәтима» дастанының романға қатысы хақында. Кейіпкер прототипі – Сұлтанбектің өз басынан кешкен тағдырын дастан етіп жазғанын айттық. «Адасқан Сұлтанбек,опасыз Бәтима» — қазақтың ежелден жан серігі болып келе жатқан дастан формасында, қалыптасқан дәстүрде жаззылған туынды. Авторы – Сұлтанбек Әбеуов. Дастанның лирикалық кейіпкері – Сұлтанбек пен Бәтима және оларды қоршаған орта. Шығармада негізгі қамтылатын мәселе – Сұлтанбек пен Бәтиманың махаббат сүйіспеншілігі. Ал, сол сезімді махаббат тартысқа түсіп, екі жас жанның тағдыры тәлкекке айнала бастағанда, біз енді «Еңлік-Кебек» болмасақ нетті? – деп торығады.

Дастан екі жастың бастан кешкен махаббат сезімдерін, араға ағайын араласып қиналған сәттерін баяндайды. Шығарманың сюжеттік желісіне ден қойсақ, мына жайды көреміз. Арғын ішінде Өтей аталатын бұтақтан Әбеу, Мақаш кісілер тарайды. Өсіп, өркендеп жеті-сегіз атаға жеткенімен өзара қыз алысып, қыз берісе қоймаған бірін-бірі ағайын тұтқан тату-тәтті араласы бар аталас кісілер. Сол Әбеудің Сұлтанбек аталатын баласы Мақаштың Бәтима есімді қызына ғашық болады.

Алғаш жігіт қызға он үш жасында сөз салады. Бірақ қыз әзір жас екенін айтып, көне қоймайды. Он төрт жасқа шыққанда жігіт тілегін қайталайды. Қыз жігіт махаббатының шынайылығын сезіп, көнеді. Расында екі жас бірін-бірі құлай сүйеді. Олардың бірін-бірі шын сүюіне қарамастан кедергі боларлық бірсыпыра мәселе бар. Жоғарыда айтқанымыздай алдымен екеуі туыс,әлі қыз алыспаған ағайын. Екеуі үйленсе, ағайын арасы ашылады. Бұл – басты кедергі. Сонымен қатар, Бәтима Жақсылық аталатын аталы жердің Сәлім деген таз баласына атастырылған жесірі. Қазақы жөнімен қарағанда, үлкен кедергінің бірі – осы. Тығырықтан шығар жол таппай қос ғашық жүр. «Сыбырлағанды құдай естімей ме?» дегендей, екі жастың арасындағы сырласқан жүрек, байласқан уәде, сыбыр-күбірмен үлкендердің құлағына жетеді. Әбеу Сұлтанбекке, Мақаш Бәтимаға райларыңнан қайтыңдар дейді.Сұлтанбек көнбейді де, Бәтима аздап былқылдайды. Бәтимаға екі қария екеулеп райдан қайттым дегізіп, хат жазғызады. Орынборда оқып жүрген Сұлтанбек Бәтиманың хатын алып, күйінішпен қызға хат жолдайды:

Апырым-ау, өң бе, түс пе, бұл не ғажап,

Шынымен болғаным ба жұртқа мазақ?

Арсыз-ау, жолында өлем демеуші мең,

Уағданы бұзғаның ба, тұрмай шыдап? – деп бастап ,Бәтиманың жер – жебіріне жетеді.

Сүйектен өткен сөзге шыдамаған Бәтима «Қызыл Отау» сотына  арыз беріп, басына бостандық алады да, Әбеуге келеді. Болашақ қайын атасы қинала-қинала мал сойып, батасын береді. Қыз Қызылордаға келеді.Мақсаты – оқу. Қызылордада бұл күнде қазақтың қалам және қоғам қайраткері Міржақып Дулатов бар-ды. Ол Сұлтанбектің нағашысы. Қыз да осы үйге түседі. Дастанда Бәтиманың Сұлтанбекке қосылуына Міржақып та, Сейідәзім (Кәдірбаев) де қарсы. Қарсы болуының екі себебі бар. Алдымен ағайын арасын ашпаңдар дейді. Содан соң, Сұлтанбек оқуын аяқтасын дейді.Алда-жалда күйеуге шығу қажет болса, оқуын аяқтап қалған, әрі алыс ағайын Мұстафа Көшекұлына шық дегенді айтады оқығандар. Үлкендердің сөзін жыға алмаған Бәтима олардың айтқанына көніп, мән-жайды түгел баяндап, Шымкентте (Сұлтанбек бұл күнде Шымкент Шаруашылық техникумында оқиды) оқып жүрген Сұлтанбекке хат жолдайды.

Қойдым деп хат жазыпты 

Дос болмады сенен бөтен тірі жаннан.

Қосылсақ жала жауып екеумізді,

Ағайлар құртамыз дейді қазынадан, — деп баяндайды. Хатты алған қызуқанды Сұлтанбек енді хас масқара болдым, елді көрер бетім қалмады деп, поездан құлап, өлмекші болады. Өлер алдында ата-анасымен өлең тілінде қоштасады. Бәтима үшін өкпелеп, олармен қоштаспай кеткенін есіне алады. Содан кейін Бәтима екеуінің махаббат хикаясын өлең етіп жазып, бірге оқыған досы Қаным Жұмалыұлына қалдырады. Өзі үйде жоқ Қанымға ол: әМен өлген соң арулап қой да, бұл «тарихты» журналдың бетіне жөнелт», — деп хат жазып кетеді. Оқу жабдығымен жүрген Қаным үйге келіп, досының хатын тауып алады да, оны іздеп станцияға тартады. Станцияға жедел жетіп, өлу амалын қарастырып жүрген Сұлтанбекті ажалдан алып қалады. Жаны күйзеліп жүрген күндердің бірінде «Бәтима Мұстафаға тұрмысқа шығыпты» деген хабар дүңк ете қалады. Қызды сүйген көңіл, оның өзгеге тұрмысқа шыққанына ашынған жүрек Сұлтанбекті Қызылордаға бастай жөнеледі.Ол енді Бәтиманы өлтіріп тынбақ. Сұлтанбектің ұғымында уәдесіне жетпеген Бәтима опасыз. Келсе Мұстафа Мәскеу кеткен, Бәтиманың ыңғайына қараса өзін әлі де сүйеді. Қыз қылығынан шыға алмаған Сұлтанбек, Бәтиманы өлтіруге қимай, енді Мұстафаға кектенеді. Бірақ ол Мәскеуде. Енді не істемек керек? Екі жасты ажыратуға себеп болған нағашысы бар емес пе? Сұлтанбек өкпесін айтқалы нағашысы Міржақыптың үйіне барады. Барса, нағашысының үйінде Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сапа Жүсіпов отыр екен. Бәрі де Сұлтанбекті танып, біліп, оған басу айтады.

Оңашалап алып қалып, жиеніне қыз деген әңгімені қойып, сабағыңды оқы деген ойды шегелейді.          Міржақып сөзінен аса алмаған Сұлтанбек райынан қайтады. Сөйтеді де Мұстафаның жанына тиіп, қанын шығарып хат жазады.

Махаббат машақатымен жүргенде Сұлтанбектің сабағы әлсірейді. Екі жақты күйзеліске ұшыраған ол, демалыс алуға мәжбүр болады.Демалыс алғаннан кейін Қызылордаға барып, уақытша жұмысқа тұру жайын қарастырады. Жарының соңынан Сұлтанбектің іздеп келгенін көңіліне дық алған, әрі бір қалада күнде көрісуден жаны жәбірленетінін сезіп, (Бәтиманың да ыңғайын байқайды ғой) Мұстафа оған кектене қалады. «Бай баласы» — деп әшкерелеп, «Лениншіл жас» газетіне жаздырады. Таптық тартыстың үдеп тұрған кезі. Бұлай әшкерелену, күні ертең оқудан кетумен бара-бар. Бұл-Сұлтанбек үшін ауыр соққы. Жауап жазып «Лениншіл жасқа» Сұлтанбек те барды.Бірақ, газеттегі жігіттер оның жауабын баспайды. Басу былай тұрсын, жақында жазаланатынын да есіне салады. Ұзамай «Сұлтанбек Мұстафаны өлтіргелі жүр екен» — деп «Лениншіл жас» газеті тағы да жазады. Осының бәрін Сұлтанбек Мұстафадан көреді. Әрі сүйген жарын алдаусыратып алған, әрі өзін әшкерелеп күн көрсетпеуге айналған белсенді журналист бөлесін Сұлтанбек өлтіреді.

Міне, «Адасқан Сұлтанбек, опасыз Бәтима» дастанының желісі осындай! Бұл ешқандай қоспасыз, өмірлік шындық.Ақынталап Сұлтанбек өзі бастан кешкен хикаяны бастан-аяқ бір ырғақпен баяндап шыққан. Соншалық поэзиялық өрнегі көркем, өлеңдік қуаты мықты деуге келмейді. Тым қарадүрсін де емес. «Сұлушаш» секілді лиро-эпикалық дастан дәстүрінде туған шығарма. Шығарманың құндылығы – оның шыншылдығында. Әрісі «Адасқандар», берісі «Мөлдір махаббат» романының дерек көзі, жазушының шығармашылық лабораториясына септесумен де бұл дастан әрі қызықты, әрі құнды құжат болып табылады.

Жазушы Сәбит Мұқанов аталмыш дастаннан не пайдаланды? Біздің пайымдауымызша Сәбит Мұқанов, алдымен дастаннан махаббат драмасының шындығын таныды. Кәмелетке толар-толмас он бес-он алты жасар қос мұңдықтың бір-біріне деген зор сүйіспеншілік сезімін жете пайымдады. Қос жүректің аңсау лүпілі мен адал дүрсілін байқады. Аталық салт-дәстүрдің (әрине оны жамандауға да болмайды) ақ туын биік ұстаушы ата-ана , қала берді қазақы ортаның қарсы күшіне         кеткенін көрді. Өзі күнде айтысып-тартысып жүрген Міржақып Дулатов, Сейідәзім Кәдірбаевтың қос мұңдық хикаясына қатысы барын байқады. Адасқан жастар тағдырынан «Адасқандар» деген атауды қалап алды. Шығарманың атауы жөнінде айтатын болсақ, екі жорамал жасауға болады.Бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасының ықпалы емес пе деген ой. Екінші – тікелей аталмыш дастан атын алуы мүмкін деген ой. Бұл ретте дастанның ықпалы артық.   

Адам табиғаты күрделі. Жазушы табиғаты тіпті қиямет. Жоғарыда  нақты мысалмен баяндағанымыздай, Сәбит Мұқанов өзін өмір бойы коммунистік партияның адал перзенті, айтқанын бұлжытпай орындайтын сенімді сарбазымын деп білді. Сол себепті партия атынан айтылған әрбір сөзді халыққа жеткізуге жанын салып кірісті. Сонымен қатар, халық сөзін де парияның құлағына аз жеткізген жоқ. Бір өзі әдебиеттің бір дәуіріне айналып, мынау жалғанда жетпіс үш жыл ғұмыр кешті. Қоғам адасса – ол да адасты. Қоғам тура жолды тапса – ол да тапты. Жазушы өз қоғамымен бірге жортты, өз қоғамы үнімен сайрады. Қоғамға тән жетістік те, кемшілік те оның бір дарынды, дарулы перзенті жазушы Сәбит Мұқановқа да тән. Сөйтіп жүріп ол туған халқы әр кезеңде сүйіп оқыған, алдак сүйіп оқитын, ұлттық классика қатарынан ойып орын алатын кәделі-кәделі шығармалар қалдырды соңына!

Сөз басында әңгіме болған жазушы Сәбит Мұқановтың музейіне келіп: «- Сен неге Сәбит Мұқанов өмірінен бір роман жазбайсың? Тап Сәбеңдей партиялық жолмен тура жүріп, тура өткен кісі жоқ қой жазушылар арасында», — дегенде мен осы жайларды ойладым. Ұзақ жылдар жазушы музейінде істеп, жазушы ізімен жүріп еліміздің көптеген архивін ақтарған, талай-талай деректерді көз алдыма елестете отырып «Сәбит Мұқанов — өз дәуірінің перзенті» деген қортындыға келдім. Ал жазушы өмір сүрген қоғам, дәуір тарихқа өзінің барша жетістік-кемшілігімен барады. Сол секілді Сәбит Мұқанов та…

Талай тағдырды қамырша илеген, талай мұғал таланттарды адастырған сан құбылып соққан замана желі-ай…  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. СӘБИТ МҰҚАНОВ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ.

 

Халықтың баймұрасы – ауыз әдебиетіне оны зерттеудің қажеттілігіне, көңіл бөлген С.Мұқанов 1924 жылы  «Қазақ әдебиеті һәм Ыбырай ақын» (Бостандық туы 1824,24 шілде), «Халық қазынасын дұрыспайдаланайық» (Социалистік Қазақстан 1939) «Айтыс және ақын» (Әдебиет майданы, 1939 №1) «Батырлар жырының әдебиеттегі орны» /кітапта: Батырлар жыры 1939,I том/ «Халықтыі ауыз әдебиеті және Доский» / Советтік қарағанды, 3 июнь 1940/, «Ақындар» (Социолистік Қазақстан 1943, 4 декабрь) т.б. Жекелеген халық ақындары туралы мақалдар мен олардың өмірі мен творчествосы жайлы ғылыми талдауға құрылған кіріспе (алғы сөз) мақалалар жазып, шығармалар жинағын босатуға қатысты.

         Сонымен қатар, халық ақындарының қазан төңкерісінің он жылдығына арналған өлеңдерінен «Ақындар шашуы» (1927), ауыз әдебиет үлгілерінен «Батырлар жыры» (1939) мен Айтыс (1942) жинақтарын қарастырып, бастырып шығарды.

30 жылдары Абай С.Торайғыров кітаптарын,1946 жылы Жамбылдың толық шығармалар жинағын шығаруға қатысты. Шашубай, Ыбырай, Нүрпеиіс, Доский т.б. Халық ақындарының өмірі мен творчествосы жайлы мақалалар жазды. Бұл Сәбит Мұқановтың 20-30 жылдардағы польклор мен халық ақындарының мұраларын зерттеу, жинау және жариялау саласындағы алғашқы жемісті қадамдары еді. Зерттеуші ақын әдебиетінің үлгілерін елеп – екшеп, ой таразысына сала отырып, олардың орта және жоғары мектептерге арналған оқулықтар мен хрестоматиялардың жазылуы күн тәртібіндегі негізгі де күрделі мәселе болған кезде-ақ С.Мұқанов бұл іске белсене араласты. 1930 жылы б.Майлинмен бірігіп «Ана тілінің оқу кітабын», «Балаларға тарту» (1926) , «Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы» (8 және 9 класстарға арналған) 1937-1951 жылдар аралығында шығаруға қатысты. Сонымен қатар, ол «ХХ ғасырдың қазақ әдебиеті» (1937), «Қазақтың ХVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942) деп аталатын оқулықтардың авторы. С.Мұқановтың әдебиетші-ғалымдық жолы оқулықтар жазу мен хрестоматиялар құрастыру бағытындағы еңбектерінен басталды. «Сәбиттің зерттеушілік еңбегі қазақ әдебиеттану ғылымының жас күнінде басталды. Өз замандастары С.Сейфулинмен, М.Әуезовпен қатар ол жаңа советтік әдебиеттің ескі дәстүрлерін айыруға, оның бағалы жақтарын зерттеп, іске жаратуға тырысты. Осы ниетпен  басылып кеткен Сәбиттің зерттеушілік қызметі кейін үлкен монографиялаға ұласты», — дейді академик С.Қирабаев (3.17-29б). 20-30 жылдардағы әдеби мұраны игеруге байланысты, Абай творчествосына, жалпы әдебиет тарихына қатысты дисскуссияларға қатысып, пікір-сайысына араласып, мақалалар жазды да С.Мұқановтың зерттеушілік, сыншылдық, ғалымдық қалыптасу жолының бел-белестерін аңғартады.

         Табиғатында ерінбей еңбектену, іздену, үздіксіз білім көтеру, жаңалыққа құштарлық болу сияқты қасиеттер төл әдебиетіміздің дамуына қамқорлық жасауға игі ықпалын тигізді. Өмірдің қилы-қилы күндерінде халық қамын («табын») ойлаған ақын, жазушы, драмашы, аудармашы, ғалы С.Мұқанов халық әдебиетін, мәдениетін уақыт талабына сай дамуына көп үлес қосты. Данышпандар халықтың сұранысымен тумайды, уақыттың сұранысымен туады дейтін қанатты сөздер бар.

Сәбит Мұқанов жаңа уақыт сұранысымен туды, жаңа қоғам қажеттілігімен қалыптасты, жаңа заманды орнатып құруға ат салысты – 101,13 – деп жазды сыншы Қ.Ергөбеков.

         Мұндағы жаңа заманы – Кеңес үкіметі, социалистік құрлыс еді. Осы заманды дәріптеп, Коммунистік партия уранына еру С.Мұқановтың шығармашылығында да, зерттеу еңбектерінде де кездеседі. Адасқан сәттерінде қазақ әдебиетінің дамуы, оның өкілдері туралы теріс пікірлері болғанымен, оны сезіп, мойындап отырады.

         Қазақ әдебиетінің тарихын кеңес дәуірінде зерттеу жұмысын С.Мұқанов 1922 жылдан бастайды. Осы кезеңде әдебиеттің тарихын зерттеу мәселесәне көңіл бөлген алғашқы лек қатарында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайлов т.б. болды десек, бұлар әдебиеттің тарихын зерттеуді халық ауыз әдебиетін жинау, жариялаудан бастады. Олар халық шығармасының басты жанрдары: ертектер, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салтжырлары, батырлық-ғашықтық дастандар, аңыз нұсқаларын жинап, зерттеуге көңіл бөлді. Сондай-ақ тарихи әдебиеттің де қалыптасып даму дәуіріне де белсене араласты. Осы жылдары Сәбиттің аңыз әдебиеті үлгілерін баспа жүзіне шығару, насихаттау ісіне белсене араласуына М.Горькийдің оған берген ақыл кеңесі үлкен қозғау салған сияқты. Бұл жөнінде қаламгердің: 1932-33 жылдары бірнеше рет М.Горькиймен кездестім. Мен оған қазақтың бай фольклоры туралы айтқанымда: — Сіздерде халық әдебиетінің бай қазынасының сақталып келгендігі өте жақсы. Сіздер қазақ жазушылары, алтын сандықтың үстінде екенсіздер, ол сандық қазынасын көп-көптеп пайдалануларыңыз керек – деді (140) – деген сөзінен аңғаруға болады. Халық мұраларына деген ыстық ықылас, ерекше бетбұрыс Кеңес жазушыларының І съезінде М.Горькийдің фольклор мурасы туралы айтқан ойларынан соң өзгеше қарқынмен өрістеді. Халықтың бай асыл мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу – зиялы қауымның ортақ міндеті болды. Осы үлкен абыройлы мәдени, әдеби науқанға белсене кіріскен Сәбең бірнеше мақалалар жазып, жинақтар шығарды, ел ішіндегі халық ақындарына, жыршы, жыраулар және күйшілерге қамқорлық жасап, шығармашылығына ақыл-кеңес беріп отырды. Халықтың бай асыл мұрасын зерттеудегі ғалымның соңғы еңбегі – «Халық мұрасы» (1974). Осы тарихи – этнографиялық еңбегінің «Жан азығы» деген төртінші бөлімінде халық ауыз әдебиетінің бірнеше түрлеріне және олардың кейінгі ұрпақ, бірге үлкен рухани мұра ретінде жету жолдарына кеңінен тоқталған сондай-ақ  «Шежіре және тарих жайында», «Қазақ халқының ертедегі қоғамдық өмірі», «Материалдық мәдениеті» деген бөлімдерінде де қазақ халқының ертедегі тарихына қатысты шежіресі мен дүниетанымы, тілі, мекен-жайы, шаруашылығы, мәдениеті жайынан кеңінен мағұлматтар беріп, оны да халықтың бай ауыз әдебиетімен байланыстыра қарайды.

С.Мұқанов өзінің шығармашылық жолын ауыз әдебиетіне еліктеуден, үйренуден бастағаны белгілі. Жас шағында  «Қимашы бала», «Ақын бала» атаны жүрген Сәбитті Шәйін Тілегенов, Хамит Махметовтердің «Білім көзі орыста» деп бағыттауы, Баймағанбет Ізтөлйін секілді ақынмен дос болуы, татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқай мен Абай өлеңдерін құныға оқуы, «Алпамыс», «Қобыланды», «Қыз жібек» жырларын жатқа білуі, міне мұның бәрі болашақта оның ақындық, зерттеушілік жемісті жолға түсуіне негіз болған жайлар. Әсіресе халық ауыз әдебиеті шығармашылық жолға түскен жас таланттың алғашқы «ауызданған», нәр алған өнеге мектебі еді. С.Мұқанов 20-жылдардың өзінде-ақ халық ауыз әдебиеті мұралары хақында мақалалар жаза бастады, қазақ фольклорының тарихы, қазіргі жайы, болашағы туралы құнды пікірлер білдірді және халық ақындары туралы алғашқы пікірлер айтушылардың бірі болды.

Мәселен, «Қазақ әдебиеті һәм Ыбырай» (1924) деген мақаласында қазақ халқының ауыз әдебиетінің байлығын, бұл байлықты жаңа мәдени мұраны жасаған халық екенін, жекелеген өнер иелері халық арасынан  ғана шығатындығына тұжырым жасайды. Ауыз әдебиетін, ән мен күйді халық арасынан шыққан еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігін, өнерін жақсы білетін адамдар тудырғанын айтады. Зерттеуші халық әдебиеті ғасырлар бойына жасалған мұра екенін ескерте келе оның топтық, қоғамдық мүдделерді білдіретінін ашып атап көрсетеді. «Қазақ әдебиеті» дегенде біздің ауызымызға толымды әдебиет шамалы сықылды көрінетіні бар. Кейде тіпті бізде әдебиет жоқ сықылды болады. Бірақ шынын тексергенде олай-емес, бар. Әдебиет екі түрлі ғой, біреуі ауыз әдебиет, біреуі жазба әдебиеті. Қазақта жазба әдебиеті әлі жан-жақты толық өркендеп болған жоқ. Ал ауыз әдебиеті бізде бай, әдемі әдебиет деуге болады.(5.19б) – дей келіп, Сәбең 1924 жылдың өзінде-ақ қазақ әдебиетіне осылай классификация жасайды, оны зерттеуге көңіл бөледі. Осы мақалада автор «Қазақ әдебиетін төмен сатыда деп далаға тастауға болмайды. Енеден туа өнерленіп кеткен ешбір ел жоқ. Мәдиниетті елдердің бәрі де бірте-бірте өнерленген. Ендеше қазақ та алдағы аз жылда мәдениетті болуына сөз жоқ. Бірақ бұл күнді күтіп отырмай қазақ әдебиетін тексерудің (яғни зерттеудің –С.Т.). Негізін қазір сала білу керек», — (5. 18-19б), — деп, халық ауыз әдебиетін жинау, ол мұраларды жариялау, зерттеу туралы орынды мәселе көтереді.

«Қазақ ауыз әдебиетінің бір бай жері — Көкшетау, онда туған Орымбай, Шөне, Арыстанбай, Шал, Тоғжан, Біржан, Жүркей, Ақтан сияқты ақындар бар. Қазақ ауыз әдебиетін жинаймыз десек, жоғарыда аттары аталған ақындардың сөздерін аттап өтуге болмайды. Солардың қазіргі тірі көзі – қарауыл Ыбырай ақын» (5. 19б), — деп халық арасында көненің көзіндей көргені мен білгені көп ел ақындарынавн жазып алу ісіне шұғыл кірісу керектігін де көрсетеді. С.Мұқанов осы мақаласында қазақ арасында аңыз әдебиетін де, әнді де көп білетін кісілер көбінесе еңбек иелерінен шығатынын айтады.

Бұл тұста авторға қосылмайтын да жерлеріміз бар, өйткені дәулетті қауым өкілдерінен де талай әнші, ақындар шыққандығы (мысалы: Бұқар, Абай, Тәттімбет т.б.) тарихтан жақсы мәлім ғой. Халық әдебиеті туралы еңбектерінде зерттеуші бірнеше мәселеге көңіл бөлді. Олар ауыз әдебиеттің жазба әдебиетке, әсері, жазба ақындарының ауыз әдебиетінен үлгіге алары, үйренері барма, ауыз әдебиетінің түрлері, қазақ өлеңдерінің түрі т.б. Қазақтың көркем әдебиетін «ауызша» және «жазбаша» деп екіге бөле отырып, ауызша әдебиетті де екіге бөліп қарастырады. «Оның бірі авторы белгісіз болғандықтан халықтың деп аталып кеткен шығармалар болса, екіншісі, авторы белгілілер».

«Біріншісіне мақал, тақпақ, жұмбақ, ертегі, кейбір көне айтыстар сияқты ұсақ жанрлар жатады. Екіншісі «Батырлар жыры», «Ғашықтық жыры», сияқты күрделі шығармалар түйінделеді» (1-129), — дейді. Сәбеңнің бұл тұста айтып отырған ауыз әдебиетінің түрлерін жіктеуде, саралауда пікір нағыз тоғысқан, дәлелденген ғылыми деп айта алмаймыз. Біріншіден ауыз әдебиетінде ұсақ жанрлардың жоғарыда аталған бірнеше түрлерінің барлығы М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927), Х.Досмұхаммедұлының («Аламан» 1926), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1948-1961), М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» (1964) т.б. оқулықтарда кеңіне талданып, ғылыми тұжырым жасалған.

Екіншіден, авторы белгілі деп отырған батырлар жыры мен ғашықтық жырлары да халықтың шығарма (авторв жоқ) С.Мұқанов бұл эпостық жырлардың авторы деп осы жырларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші жыраулар және айтыс ақындарын мегзейтін сияқты. Бұл тұста М.Әуезовтің: «Рас бүгінгі салт өлең мен батырлар өлеңі болса, соның барлығы жалпақ ел болып шығарған сөздер емес, оның жеке шығарушылары бар. Бірақ бұл шығарушылар ақындар сол сөздердің ішінде жалғыз өзінің кһзқарасын, жалғыз өзінің ұғымын ғана айтпайды, олардың өлең, жыр ішінде айтатын түгелімен жалпақ елдің ұғымы мен көзқарасы. Айтатыны көптің қарадай жүріп айтатын сөзі. Сондықтан өлең қылушылар ауызша әдебиеттің құр ғана жақсы айтушысы, құр ғана әңгімешісі болды» (8-21б) – деген ғылыми қортындысын еске алсақ, зерттеушінің ауыз әдебиетінің авторы бар, авторы жоқ деп бөлу қисынсыз. Десе де, автор осы ауыз әдебиетінің түрлеріне жекелеп тоқтап, әдеби-ғылыми талдау жасап, өз қортындысын айтып отырды, ауыз әдебиетінің қоғам дамуында өшпейтін рухани мұра екендігіне тоқталды.

Сөйтіп, С.Мұқанов ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың асыл-қазынасы – фольклорлық мураны жинау, жариялау, насихаттау және зерттеу жұмысына дер кезінде белсене араласқан, көп игілікті істер тындырған әдебиетші ғылымдардың бірі болды. 

Әдебиеттің көп жағдайда назардан тыс қала беретін бір саласы – балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті – кішкентайлардың үлкен әдебиет. Кеше бар дегенің бүгін жоқ, кеше нар дегенің бүгін тайлақтың жүгін тарта алмай қалды. Өнерге өлшем өзгерді. Тарих елегі талайларды қатты ему үстінде. Бұрын талапкер төлеп жаза берер еді. Уақыт ойланып қарап тұрар  еді: «Осы шынымен әдебиет пе, жоқ па?» — деп ойланатын шығар сірә. (14. 361б) Дүние құбылды. Ұғым өзгерді, Талап түрленді. Әдебиет ісі қиындады. Уақыт оқи-тоқи айқындалып жетпеген тап осындай аласапыран кезеңде әдебиет туралы сөйлеу – қиынның – қиыны. Ескілер есептесіп жеткен жоқ. Жаңалар жасалып жеткен жоқ. Өліара шақта өнер жайында, онда да өлең  жайында пікір айтудың оңай болмайтыны бесенеден белгілі.

Маған қазақ балалары поэзиясы хақында баяндама жасау тапсырылған. Балалар әдебиеті – кішкентай бөбектердің үлкен әдебиеті. Алайда, үлкен әдебиет жайында ұғым кішкентай, түсінік шарғы. «Е, қойшы, балалар әдебиеті деген не тәйірі?» — деп мұрын шүйіріп қараймыз.  Пернелей айтсақ, бұл кішкентай бөбекке: «Е, қойшы, бұл боқмұрын адам болар деймісін?» — деп қарайтын қазақи надандыққа пара-пар. Бұл жай ақиқат: бала-келешек (Баланы келешек тұта алмасақ, бүгінгі кісілігіміздің – тірлігіміздің құны бес тиын). Балалар әдебиеті – келешек әдебиеті. Біз ертеңнің ер-азаматына бермекпіз. Біз баланы тәрбиелитін келешек әдебиетіне қарыздармыз. Соңғы жылдары М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» — деген сөзін ойлы-ойсыз көп айтатын болдық қой. «Бесікті» түзеудің бір жолы – бесік жырын түзеу. Бесік жыры – балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті – бесік жыры. Міне, осындай әдебиет жайында сөйлеу керек. Бүгінгі уақыт — қатал уақыт, қытымыр кезең, бар дарынын идеология насихатына жұмсап, бүгін бармағын шайнап отырған қаламгерлер жетерлік. Әдебиеттің айқындаушы жанры саналған талай роман тапа-талтүсте балмұздақша еріп кетті. Жазушы саусағын жалап қалды. Міне, осындай жағдайда қазақ балалар поэзиясының халі нешік екен деген оймен жыр кітаптарына сапарға шықтым. Шүкі, тәуір екен. Мінбеге шығар міндет үстінде Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаевтың қазақы жырларынан түсіп, Қадыр, Тұманбай, Қайрат, Қастекиің европалық үлгідегі жыр жиһазына ендім. Сұлтан, Есентай, Ермек, Ескен ескегін есіп, Мүбәрак Жарасқанмен жарасып Ақтөбеде жатқан Ашықбаевтың айшуақты өлең-жырларына дейін аралап, сүзіп шықтым. Сөйттім де, қазақ балалар ақыны бақытты екен деп ойладым. Шүкір, Шүкір!

Бүгінгі қазақ балалар поэзиясы – европалық деңгейіне көтерілген өресі биік, өрісі кең, жанры алуан, мәдениеті үлкен миуалы әдебиет үлгісі. Кішентай бөбектер еншісіндегі өлеңнің бүгінгі өскен өрісінде Өтебайдан Өтепбергенге дейінгі бір қауым қазақ ақынының ізденіс сорабы мен маңдай тері, азабы мен ләззаты бар. Осынау тырна-тізбектеп екі кісіні бөл-жара айтсақ, ешкімнің сыздауығы сыздамас. Бірі — Өтебай Тұрманжанов, екіншісі – Мұзафар Әлімбаев. Өтекең әдеби мұрасы – аңыз әдебиеті мен қазақтың маманданған мәдениеті балалар поэзиясы арасын жалғап жатқан алтын көпір іспетті. Ал, Музағаң «Балдырған» журналын ширек ғасыр басқарып балалар әдебиеті мектебін айналдырып кетті. Т.Молдағалиевтің «Балдырғаны», С.Жиенбаевтың  «Ақ Ордасы», Қ.Мырзалиевтің «Қарлығашынан» біздің күтеріміз осындай көшелі іс! Балалар әдебиеті және саясат. Бір қарағанда, екеуі екі басқа мәселе. Шынына келгенде балалар қаламгері саясаттан тыс тұруға тиісті-ақ. Алайда, қазақ балалар қаламгерлері де саясат қамытын аз кимепті.

        Үйімізде, төрімізде –

         Портретте тұрған кім?

         Кімнің жүзі таныс бізге?

         Бұл – Ленин бабамыз,

         Бұл – Ленин данамыз!

Бала жастан жүректе жатталып қалған өлең авторының кім екені есімде жоқ. Жаман да өлең емес. Тіпті, жақсы-ақ өлең. Өткінші тақырыпқа жазылса да қазақ ақыны мықтап жазған. Сөйте тұра, Осындай өлеңдер қазір қабылданбайды, тіпті, іштен өкінішті айтады. Ал, мұндай өлеңдер қазақ балалар поэзиясында бірсыпыра. Ұғым дегеніміз қызық. Егер жазып жүріп, салғыртсып жазбай кеткен, Жамбылда тұратын Асқаржан Сәрсеновті, онау Ақтөбеде тұратын Көмек Ыбыраевты, мынау отырған Өтепберген Ақылбековті – қазіргі қазақ балалар поэзиясының классиктері десем, құлаққа түрпідей тиюі мүмкін. Ал, шыны солай әйтпесе, өмірден елеусіз өтіп кеткен Жақан Смақов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Жәнібек Кәрбозин балаларға арналған классикалық дүниелер еді, кейбір замандастары кірпідей жиырылуы мүмкін.

Шыны солай бірақ! Демек, бүгін жаңарған уақытпен бірге ұғымды жаңарту керек бізге! Өмірдегі пендешілік өнерге жүрмейді. Шын өнер өмірдегіпендешілікті өшіріп, өнерпазға өлмес өнер сыйлайды. Өнер беделге қарамайды, Беделге қарамайтыны емей немене, атақ-абыройы зор талай-талай мүйізі қарағайдай қазақ ақыны балаларға жыр арнап жүр. Ол жырлар сырттай пішілген тон секілді. Көкірек көңілмен жазылады, көкірек кеудемен жарыйялайды өкініші өлең қабылданбайды, автордан бұрын өледі. Бұған өліден, тіріден көптеп мысал келтіруге болады. Сөзге тұздық –бір мысал «Жалын» баспасы 1977 –жылы «Қазақ балалар поэзиясының антологиясы» аталатын жыр жинағын жарыққа шығарған еді ғой. Аталмыш антологияға «сексен бес» балалар ақыны енген еді. «Балауса» баспасы 1992-жылы «Шынашақ» аталатын қазақ балалар поэзиясы антологиясын қайта құрастырып шығарды. Антологияға енген балалар ақынының саны бұл жолы – отыз бір. Демек, алғашқы антологияның құрастырушылары көңілшықпастықпен балаларға өлең арнаған ақын атаулыныенгізе берген. (Антологияға өлеңі кірмесе кіржйіп өкпелейтін қазақы әдетіміз бары мәлім). Ал, соңғы антологияға өлең сұрыптауда құрастырушылар көбіне қарамай, шынайы балалар ақыны өлеңдерін іріктеп ала білген. Міне, әлемдік!

Анология дегеннен шығады, меніңше соңғы жинақтың ақындық құрамын әліде іріктей түскенде, құба-құп еді. Айталық жоғарыда аттары аталған Асқаржан Сәрсеков, Көмек Ыбыраев, Байбота Серікбаев, Ертай Ашықбаев өлеңдері антологияға енбей қалған.

Балалар әдебиеті жайлы әңгіме көл-көсір үлкен әңгіме. Жанр-жанрды жүйелеп, ақын бітенді тізімдеп, жырды жүйелеп отыруға уақыт тар. Тізім жасап көптің көңілін аулау әдетімізде жоқ. Жаманды-жақсылы мақалаларда мүмкін – қәдірлі ақын ағалар еңбегін әр қырынан әңгімелеп келеміз. Қатты айтқанның бәрі қас емес, жылы сөйлегеннің бәрі дос емес. Ақиқатын айтсақ, қазақ балалар қаламгерлерінде тап қазір дағдарыс бар. Балалар әдебиетіне қалам тартқан ақындарымыз ілгеріде «Балдырған» журналы арқылы, бері де  «Жалынның» жабық бәйгесі арқылы тәрбиеленіп, келе жатыр еді. Жақсы дәстүрден көз жазып қалмау үшін «Балауса» бәйге жарйалады. «Шынашақ», «Әліппе» секілді тақырыптың жыр жинақтары жарық көре бастады. Құптарлық қадам. Мұның сыртында «Рауан» жанашырлығы тағы бар. Әйтсе де, «Мата даңқымен боз өтедінің» керін келтіріп, бала атымен бедел өтіп кеткеннен сақтану керек. Әзірге қазақ балалар поэзиясына Ертай Ашықбаевтан кейін келген шынайы ақын көрінбейді. Ертай да әдебиеттегі ескі есімге айналғалы қашан.

Бүлдіршіндерге арналған ән өлеңдердің жағдайы қиын.Орайында балаларға тамаша әндер берген, соңына «Балдырғандай» ансамбль жасақтап қалдырған Ибрагим Нүсіпбаев рухы алдында бүткіл қазақ бас иуге тұрарлық. Қазіргі таңда балаларға икемдеп ән жазатын сазгер сирек. Ондай сазгер – талапкер табыла қалғанда да, ән жазар сөзді дұрыс таңдай алмай, үйлесім, үндестік танытпай жүр, қаттырақ айтсақ, көрінген компазитор көзіне ілінген ән жазады. Балалар әдебиеті сыны да марғау халде. Серік Қирабаев, Мұзаффар Әлімбаевв, Зейнолла Серікқалиев, Қадір Мырзалиев кезінде қызық-қызық мақалалар жазғаны елдің есінде. Жақсы дәстүр жалғаспай қалды. Қазіргі балалар әдебиетінің белді өкілі Өтебай Тұрманжановты «Сенің сүйікті жазушың» атты сериясымен «Рауан» баспасы шығарған еді. Бәлкім «Балауса» ма, әлде басқа баспалар ма – балалар әдебиеті өкілдерінің шығармашылық тағдырына арнайы сериямен жүйелей жазып, жарыққа шығарып отырса, жарасып-ақ кетер еді. Қып-қысқасы, қазақ балалар әдебиеті – келешек әдебиеті. Келешек әдебиеті алдында бәріміз де берешекпіз.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасыр басына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан басталды.

ХХ ғаысрдың жетпісінші, сексенінші жылдары қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды. Оған «Жалын» — жастар, «Балауса» — балалар баспаларының ашылуы, «Жалын» баспасы жанынан балалар мен жасөспірімдерге арналған жылма-жылдық жабық бәйгенің ықпалы зор болды. Ал, «Балдырған», «Ұлан» — ежелден балалар әдебиетінің көрігі, күртілдеп тұрар ұстаханасы. М.Әлімбайұлының – Мемлекеттік, М.Қабанбайдың – Андерсен атындағы халықаралық сыйлық алуы, саланың ақын – жазушылар шығармаларының халықаралық кітап жәрмеңкелеріне қатысып, бір-сыпыра шетел тілдеріне аударылуы да – Қазақ балалар әдебиеті өсу, өркені көрсеткіші. Ілгеріде қаламгерлердің ой-толғаныстары, академик С. Қирабаев, сыншы З.Серікқалиев мақалалары, балалар әдебиетін зерттеген Ш.Ахметовтің Монография, Монографиялық очерк кітаптары, ақын Қ.Мырзәлінің «Сөз сиқыры» сын кітабы, Б.Ыбырайымның қазақ балалар әдебиеті жайында жазған еңбегі біз жазған, құрастырған «Мейірім шуағы», «Сөзстан», «Қазақ совет балалар әдебиеті» кітаптары, міне бұл саладағы біршама еңбектер осылар. Өркениет өрісіне ұмтылып, ғаламдастыру шегіне ілігіп тұрған қазақ қоғамының келешегі кемел болсын десек, олардың рухани қазынасын молайту, көкжиегін кеңейту қажет-ақ.

 

 

                                                         Өмірге қызыл гүл ектім,

                                                         Өссін деп, гүлін ашсын деп.

                                                         Жақсы ниет, жақсы тілектің,

                                                         Жұпарын жұртқа шашсын деп_

 

                                                           (Өтебай Тұрманжанов).

Ақын еккен қызыл гүл – оның жыры. Халқына ақын жырын сыйлады, сырын сыйлады. Әдебиет дегеніміз бір жұмбақ дүние. Белгілі бір кезеңде әдеби процесте шешуші роль атқарған, әдебиет тарихында бар болған, нар болған қалам иесі уақыт өте келе етекке қарай сырғып бара жатады. (Келе-келе ұмыт болып кеткендердің қаншама олардың?!) Есесіне, тіршілігінде көп елене қоймаған баз біреулер уақыт өте келе әдебиет тарихына ентелей еніп келе жатады. Шындығына, әдебиет тарихна уақыттың бір кесегін ғана емес, бар кезең талабына жауап беріп, бар кеңістігіне, кететін қаламгер ғана енеді. Қазақ балалар әдебиеті әңгіме болғанда ауызға алдымен ілігетін қаламгердің бірі Өтебай Тұрманжанов. Ол әдебиетіміздің осы қызықты саласының негізін салушының бірі аталады. Бұл – ақын еңбегі үшін лайықты баға. Балаларға арналған өлең-жыр-ақын мұрасынң өзгеще ірі, қайталанбас қызықты саласы. Ол жанры әралуан формасы күрделі әдеби бай мұра. Өтебай Тұрманжанов балалар әдебиетіне келуіне екі жай негіз болды. Бірі «Мен балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап келдім. Алғашқы тырнақ алды туындым «Қарлығаш». Жазғандарымның бәрі балалар мен жасөспірімдерге арналған. Екінші жай – КСРО Жазушыларының 1984 жылы болып өткен бірінші съезі. Мұнда тарихи мәселелер қозғалып, оны қолға алу, жайы сөз болғанда, көптің назарын аударған маңызды мәселенің бір саласы – балалар мен жасөспірімдер әдебиеті болатын». (6. 70-71б.) (6. 98-99б.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта айтқанда, Құлбек Ергөбек Сәбит Мұқановтың шығармашылығын зерттеген ғалым. Жеке шығарманың жазылу тарихы, шығармашылық шеберханасы, шығармашылық психологиясы – Қ.Ергөбеков арналандырып алып бара жатыр. Шыңғыс Айтматов қол қойған құттықтауда: «…Тек бір ұлттың әдебиетімен шектеліп қалмай, тұтастай Орталық Азия халықтары әдебиетінің көркемдік кестесін терең төсініп, әділ бағалайтын біліктілігіңді құрмет етеміз», — деген еді. Расында Құлбек қазақ әдебиеті сынын әлемдік әдеби процеспен өзара байланыста, тығыз бірлікте қарастыруға беттеп барады. Құлбек Ергөбек соңғы жылдары әдеби ортадан жырақта тұр. Әдебиетке қатысы аз уақыт жауын алатын ресми қызмет жетегінде. Осы орайда классик жазушы Д.Исабеков хатынан үзінді келтірсек. «Құлбек, сен қаршадайыңнан әдебиеттің қара солдаты болып қалыптастың. Архив ақтарып, шаң-тозаңның ортасында отырдың. Әдебиет тарихына қатысты бірде бір құнды факт сенің назарынан тыс қалған жоқ. Бәрін жаздың ерінбей тердің.өзге зерттеушілер елең қылмайтын ұсақ болып көрінген детальдардың өзі сенің қойын кітабыңа түсіп хатты.соның нәтихесінде сен бүгін баршаны мойындатқан, баршаның ыстық лебізіне бөленген ондаған құнды кітаптардың авторы болдың. Әсіресе, Сәбит мұқанов, Бейсенбай Кенжебаев сынды қазақ көркем сөзі мен әдебиеті мен қазақ прозасының айтулы шеберлері жайлы зерттеу еңбектері өзінді танымал ғалымдардың қатарына қосты. Әлі бояуы кеппеген «Арыстар мен ағыстар» атты кітабың тереңнен ой қозғаған, балалар әдебиетін нағыз ғылым ретінде жан жақты зерттеген аса құнды еңбек деп білемін. Қазақ балалар әдебиетінің классигі Өтебай Тұрманжанов жайлы жазған тарауың нағыз ғылыми, нағыз көркем шығарма. Таза бюрократиялық кеңсе қызметі мен ұстаздық қызметтердің ыстығы мен суығына жүз күйіп, мың тоңып жүргенде өзіңнің басты мақсатың — әдебиетші, зерттеуші десем асыл борышыңды ұмытпай, сол жолда ел таныған, жұрт мойындаған ғылыми еңбектерді бір сәтке де ұмыт қалдырмай өнімді еңбек етіп келе жатқаның бірімізге мақтаныш». Толайым ойдың толастамаған шағында ғұмыр кешіп келе жатқан Құлбек Ергөбектің еңбегі осындай. Шамасы, дарын қуаты оған әлі талай тыным таптырмас. Бұған сыншы шығармаларын зерттегенде көз жеткіздік. Ал, оған ыстығы мен суығы қатар жүретін әдебиеттің азапты жолындағы тынымсыз еңбегі, зерттеу әдістері мен тәсілдері өз алдына бір жұмысқа арқау болатындай сипатқа ие. Әсіресе  Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романының зерттеуі, ондағы қолданылған әдеби аргументтер, жанрдың жандануы тек әдебиет мектебінен шыңдалып шыққан шебер сыншы Құлбек Ергөбекке ғана тән қайталанбас қолтаңба. Тегінде «Тұлғаны тек тұлға ғана таниды» деген сөздің жаны бар. Сондықтан қазақ әдебиетінің бір бәйтерегі Сәбит Мұқановтың қанша заман ауысса да құнын жоймайтын шығармаларын зерттеп, оқырмандарына көзайым еткен Құлбек Ергөбекті тұлға деуге толық негіз бар.