Жаңа дамушы нарықтарға кірудегі ТҰК-ң стратегиялары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………3-5
I-тарау. тұк ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………………………………………………………….6-22
- ТҰК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ РӨЛІ…………….6-9
- ТҰК ОТАНДЫҚ СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУЫ…………………………………10-15
- ТҰК ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУдың МАҢЫЗДЫ ФАКТОРы…………………………15-18
- ТҰК ДАМУШЫ НАРЫҚҚА КІРУІНІҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ…..….18-22
II-тарау. ТҰК ДАМУШЫ НАРЫҚтарҚА КІРУІНІҢ
СТРАТЕГИЯЛАРЫ……………………………………………………………………………23-35
2.1. ТҰК ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ………………………….23-27
2.2. ТҰК ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫНА ШЫҒУЫНЫҢ
СТРАТЕГИЯЛАРЫ……………………………………………………………………….28-35
III-ТАРАУ. ТҰК-Ң ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ПРОБЛЕМАМАЛАРЫ
МЕН БОЛАШАҒЫ ………………………………………………………….36-42
3.1. ТҰК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ БОЛАШАҒЫ…………..……………….36-42
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………..43-46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………47-50
ҚОСЫМША……………………………………………………………………………………….50-52
КІРІСПЕ
Жергілікті ұлтаралық (елдер арасында) интеграция процестері бүкіл әлемде қарқынды жүруде. Шаруашылық процестерінің ұлттандырылуы жеке капиталистік мемлекетаралық интеграциялық үрдістердің нәтижесінде тереңдетіліп жатыр. Ерекше маңызға әлемдік кеңістіктегі кең таралған нарықтық құрылым болып табылатын трансұлттық корпорациялар ие болуда. 80-ші жылдардың аяғында трансұлттық корпрациялардың үлесіне тауар мен қызмет көрсетудің әлемдік өндірісінің 15 % астамы келді. ТҰК ұлттық экономикаларды географиялық белгісіне (ортақ шекараларды есепке ала отырып) ғана қарай емес, сондай-ақ терең экономикалық, ұдайы өндіріс қарым-қатынастар негізінде де біріктіреді. Бүгінгі таңда әлемде шамамен 44 мың трансұлттық компаниялар бар. Ұлттық экономикалардың даму қарқыны құрылымдық өзгерістерге, әрдайым шектеулі қордың салалық қосымшаларындағы таңдап алынған артықшылықтардың негізділігіне тәуелді болып келуде.
Бүгінгі таңда ТҰК – әлемдік қоғам мен әлемдік экономика ғаламдануының негізгі және нақты факторы ғана емес, сондай-ақ әлсіз ұлттық экономикаларды тежеп, олардың дамуына мүмкіндік бермейтін және ғаламдандырылған әлемдік кеңістікте мемлекеттер деңгейінде «Кедейлер кедейлене, байлар байи түседі» деген әйгілі «классикалық капиталистік» принципті бекітетін ауқымды масштабтағы саяси биліктің орталықтары да болып табылады.
Сондықтан ұйымдастыру-басқару экономикалық жүйесі тұрғысынан алғанда ТҰК мәселесі теориялық және практикалық аспетілерде де аса маңызды. Оның ғылыми зерттемесі Еуропалық Одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық сияқты нақты жобаларды дұрыс түсінуде (қоғам және мемлекеттің саяси элитасымен) маңызды. ТҰК халықарлық еңбек бөлінісінің маңызды факторы бола бастаса, Қазақстанға осы әлемдік экономикалық кеңістікте өз орнын алу қажет. 90-шы жылдардың басынан бастап Қазақстан Республикасының нарығына негізінен жер асты өндірісімен басым айналысатын ТҰҚ үлкен саны кірді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы бітіру (дипломдық) жұмысының маңыздылығын айқындайды.
ТҰК зерттеу жұмыстарының объектісіне шамамен XX-шы ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап айналды. Ол кезеңде ТҰК әлем бойынша АҚШ-та ең алғаш рет пайда болса, қазіргі шарттармен алғанда Xerox, IBM, General Electric, Dupont, General Motors, Coca Cola тәрізді ғаламдық-жүйелік ұйымдастыру құрылымдары түрінде қызмет жасады. ТҰК мәселесі мен оның қолданбалы зерттемесі (ең алдымен 70-90-шы жылдардағы өтпелі экономикаларға арналған) жөнінде көлемді еңбек жазған неміс зерттеушісі П.Фишер 1960-шы жылдан 1991-ші жылға дейінгі уақытта осы феноменға қатысты пайда болған зерттеу парадигмаларының тізімін келтіріп, оның экономика, маркетинг, халықаралық бизнес, халықаралық экономика, саясаттану[1] пәндерінің шеңберінде зерттелгендігін айтады. Осы парадигмалардың әрқайсысына баға бере отырып, П.Фишер олардың барлығы ТҰК-ұйымдастырушы құрылымдар мен тікелей шетелдік инвестициялау (ТШИ) процестерінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты көрсететіндігін атап өтті. Нақтылай айтқанда, қазіргі таңдағы экономикада шешуші рөл ойнайтын тікелей шетелдік инвестициялардың дамуы ғаламдық жүйелік ТҰК пайда болуына міндетті деген тезисті ұстанды. Осыдан келіп қазіргі таңдағы экономика – бұл ТҰК бағытталған экономика, ал шетелдік тікелей инвестициялау тек қана мемлекет-донорларға (инвестиция келетін мемлекет) ғана емес, сонымен қатар мемлекет-қабылдаушыларға (инвестиция алатын мемлекет) да тиімді деген қорытынды шығады. Алайда бұл зерттеу жұмыстарында ТҰК ұйымдастырылған түрлері маңызды болса да, арнайы түрде қарастырылмайды, өйткені олардың құрамында қазіргі экономикада инновациялық менеджмент (басқару) жүйесіне, мәдениет аралық (көпұлттық) бизнестің ұйымдастырылу түрлеріне көшу ТҰК бағытталған экономика тұрғысынан қарастырылатын тиімді экономикалық модель тудырады деген «қалыптасқан ой» бар. Шынымен де «Триада мемлекеттерінің» — «үлкен жетінің» тиімді экономикаларының (дамыған елдердің) қалыптасуы озық (ғаламдық жүйелік) ТҰК алдымен АҚШ-та (50-ші жылдар), одан кейін (70-80-ші жылдар) Жапония мен Еуропада (Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания) пайда болуымен қатар жүріп келе жатыр. Осылайша, нарықтық шаруашылықтың әртүрлі деңгейде таралған субъектілері болып саналатын ТҰК-ды микроэкономикалық дәрежедегі ғаламданған (ақпараттық-қарым-қатынастық) экономикалық кеңістіктің тиімді ұйымдастырылуына әсер ететін жүйелер деп айтуға болады. Олар әлемді өз саудасының мәдениет аралық нарығымен ғана емес, сонымен бірге ақпараттық-қарым-қатынастық ұйымдастыруымен әлемді біріктіретін конвергенттік технологиялар. Қысқаша айтқанда, олар ноу-хау көмегімен ғаламданған экономикалық кеңістікті ұйымдастырушылар қызметін атқарады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасын мысалға ала отырып дамушы нарықтарға кіру кезеңіндегі ТҰК-ды зерттеу.
Жоғарыда аталған мақсатқа сай төмендегідей мәселелер (тапсырмалар) туындайды:
— экономикадағы ТҰК-дың мәні мен рөлін айқындау;
— ТҰК отандық секторының даму мүмкіндіктерін зерттеу;
— ТҰК-ды әлемдік шаруашылық жүйесін ұйымдастырудың маңызды факторы ретінде қарастыру;
— ТҰК-дың дамушы нарықтарға кіруінің стратегияларын анықтау;
— Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы ТҰК-дың даму мәселесіне сараптама жасау;
— ТҰК-дың отандық нарыққа шығуының стратегияларын қарастыру;
— ТҰК-дың Қазақстандағы даму болашағын айқындау;
— қабылдаушы мемлекеттегі ТҰК қызметінің оң және теріс нәтижелерін анықтау;
-ТҰК қызметін тәртіптеудің халықаралық-құқықтық және ұлттық механизмдерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының объектісі: трансұлттық корпорациялар (ТҰК).
Зерттеу жұмысының пәні ТҰК-дың дамушы елдердің нарығына кіру кезінде пайда болатын экономикалық қарым-қатынастар.
Бітіру (дипломдық) жұмысын жазу барысында таңдап алынған тақырыпқа байланысты көптеген әдебиет зерттелінді. Мәселен, Қазақстан Республикасы экономикалық теориясының маңызды проблемаларын зерттеуде Аубакиров Я.А., Ашимбаева А.Т., Байзақов С.Б., Батыршаұлы С., Елемесов Р.Е., Есентүгелов А.Е., Жатқанбаев Е.Б., Кенжегузин М.Б., Кошанов А.К., Кубаев Е.К., Мухамедиев Б.М., Нарибаев К.Н., Нурланова Н.К., Нысанбаев С.Н., Оспанов С.С., Рамазанов А.А., Сухова Л.Ф., Шеденов У.К. және т.б. сияқты отандық экономистер үлкен үлес қосты.
Соңғы жылдарда ТҰК-дың жеке теориялық және практикалық аспектілерін Амренова М., Баильдинова Е., Баймұратова У.Б., Бейсенова Л., Берентаева К.Б., Егармина И., Карабасова И., Кенжебаева С, Кожакулова О., Кулекеева Ж.., Мауленова К.С., Музапарова Л., Сайрамбаева Ж.Т., Сидоренко Е.Н. және тағы басқалардың еңбектері қамтиды.
Дипломдық жұмыс құрамына кіріспе және қорытынды, үш бөлім, алты бөлімшелер, әдебиет тізімі мен қосымшалар кіреді.
I-ТАРАУ. ТҰК ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. ТҰК экономикадағы түсінігі, мӘні жӘне рӨлі
Әлемдік экономиканың интернационализациялану шарттарында моноұлттық әлеуметтік-экономикалық одақтар түрі жағынан интернационалдық болып қалған, ал құрамы жағынан біртекті болып келетін саяси мемлекеттік құрылымдарға біртіндеп айналуда. Өндірісті әлемдік деңгейде арнайландыру және кооперациялау қағидаттары бойынша қызмет жасайтын көпсалалық құрылымдар пайда болып жатыр. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) деп аталатын бұл одақтар әлемдік шаруашылық қарым-қатынастарының негізгі қозғаушы күшіне айналды. Әлемдік экономикада ең кең таралған нарықтық құрылымдар болып саналатын ТҰК үлесіне XX-шы ғасырдың 90-шы жылдарының басында тауарлар мен қызмет көрсетудің ғаламдық өндірісінің 15-20% келді. Олар ұлттық экономикаларды географиялық қана емес (шекаралардың ортақтығы), сонымен қатар терең қайта жандандыру қарым-қатынастарының негізінде де біріктіреді.
ТҰК капитал мен өндірістің шоғырландырылу мөлшері мен деңгейіне, халықаралық экономикалық қатынастарға ықпал етуіне, орналасқан мемлекет пен қабылдап жатқан мемлекеттің экономикасына қарай бірдей болып келе бермейді. 80-ші жылдардың аяғында екі немесе және одан да көп мемлекеттерде филиалдары бар 11 мың корпорация есепке алынған. Бірақ БҰҰ-ның сарапшылары ең ірі деген ТҰК-ға негізінен көңіл аударды. 1989-1990-шы жылдар аралығында олар сату мөлшері 1 млрд. АҚШ долларынан асатын 600 ТҰК-ды зерттеген. Ал 200-ге шақ ТҰК-дың 20-дан астам мемлекетте филиалдары болған.
80-ші жылдары трансұлттық корпорациялардың біріктірілу түрлері белсендіріле түсті. Ғылыми-техникалыық жұмыстардың жаңа сатысы, бәсекелестің күшеюі ТҰК ғаламдық одақтарының қалыптасу бағытын туғызды. Аталған процесс әлемдің озық елдері АҚШ, Жапония, Еуропа елдерінде байқалуда. Әлемнің ең ірі 100 ТҰК 44-і АҚШ-та, 18-і Жапонияда 7-і Германияда, 6-ы Англияда, 5-і Францияда, 4-і Оңтүстік Кореяда, 3-і Италияда, Канадада және Нидерландыда қызмет жасайды.
Кесте 1. Шетел активтерінің мөлшері бойынша сұрыпталған ірі ТҰК
ТҰК рейтингі |
ТҰК |
Мемлекет |
Қызмет жасау саласы |
Шетел активтерінің үлесі, % |
Шетелге сатудың үлесі, % |
Шетел капиталының үлесі, % |
1 |
Дженерал Электрик |
АҚШ |
Электроника |
30 |
27 |
35 |
2 |
Роял Датч/Шелл |
Ұлыбритания/Нидерланды |
Мұнай өңдеу |
66 |
55 |
78 |
3 |
Форд |
АҚШ |
Машина жасау |
30 |
45 |
|
4 |
Эксон |
АҚШ |
Мұнай өңдеу |
58 |
87 |
… |
5 |
Дженерал Моторс |
АҚШ |
Машина жасау |
25 |
32 |
34 |
6 |
Ай-Би-Эм |
АҚШ |
Компьютерлер |
51 |
62 |
50 |
7 |
Тойота |
Жапония |
Машина жасау |
35 |
48 |
23 |
8 |
Фольксваген |
Германия |
Машина жасау |
… |
64 |
47 |
9 |
Мицубиси |
Жапония |
Әртүрлі |
… |
39 |
44 |
10 |
Мобил |
АҚШ |
Мұнай өңдеу |
67 |
66 |
53 |
11 |
Нестле |
Швейцария |
Азық-түлік өндірісі |
91 |
98 |
97 |
12 |
АББ-Асеа Браун Бовери |
Швейцария / Швеция |
Электроника және электротехника |
|
97 |
94 |
13 |
Эльф Акитен |
Франция |
Мұнай өңдеу |
62 |
60 |
49 |
14 |
Байер АГ |
Германия |
Химия өндірісі |
90 |
84 |
66 |
15 |
Хёхстаг |
Германия |
Химия өндірісі |
79 |
53 |
63 |
16 |
Ниссан Мотор |
Жапония |
Машина жасау |
46 |
53 |
… |
17 |
Фиат |
Италия |
Машина жасау |
38 |
39 |
38 |
18 |
Юнилевер |
Ұлыбритания /Нидерланды |
Азық-түлік өндірісі |
84 |
86 |
90 |
19 |
Цаймлер-Бенц |
Германия |
Машина жасау |
… |
62 |
23 |
20 |
Филипс Электронике |
Нидерланды |
Электроника |
77 |
95 |
82 |
Ескерту: Халақаралық қайта құру және даму банкінің 2004-ші жылғы мәліметтері
Қазіргі таңда қызмет жасайтын (кесте 1) 150 ірі экономикалық операторлардың (компаниялар мен мемлекеттер) 86-сы ТҰК болып табылады. Мәселен, салыстыратын болсақ ТҰК сатудың жалпы мөлшері, млрд. АҚШ долларымен алғанда: «Дженерал Моторс» — 125, «Форд» — 98, «Мобил» — 59, IBM – 69, ал кейбір мемлекеттердің, мысалы Португалияның жалпы ішкі өнімі 1999-шы жылы – 57, Филлипин елінің – 44, Қазақстанның 23, Кенияның – 7 болған.
Осылайша, ТҰК әлемдік экономикалық аренаға шығуы бір жағынан сарапшылардың, екінші жағынан ғылыми әдебиеттің тұжырымдамалары бойынша әлемдік экономиканың XX-шы ғасырдың постиндустриалды ортасынан постиндустриалды фазаға өтуін білдіреді. Бұл жерде ТҰК бірде бір ұлттық экономика ескермей кете алмайтын ғаламдық фактор қызметін атқарады. Әйтпегенде ТҰК, яғни нақты ғаламданған постиндустриалды әлемдік экономикалық кеңістіктің бөлігін қабылдай алмайтын мемлекет өркениеттік маргинализацияға тап болады. Сарапшылар 1990-шы жылдардан бастап2 айтып келе жатқан экономикалық ғаламдану – халықаралық ғылыми қауым арқылы 1970-шы жылдардан зерттелініп келе жатқан постиндустриалды деп аталатын экономикалық теорияның эмпирикалық негізі. Әлемдік экономикалық дамудағы постиндустриалды (ғаламданған) бағытты алғаш рет «байқаған» Д.Белл болуы керек, себебі ол 1973-ші жылдың өзінде «постиндустриалды қауымның туындағанын айтқан. Постиндустриализм саласындағы белгілі ресейлік теоретик В.Л.Иноземцев сол 1973-ші жылды «постиндустриалды шаруашылық жүйесінің» [39, Б. 19-42] қалыптасуындағы бастапқы саты деп атауы кездейсоқ емес. Бүгінгі таңда экономиканың [36, Б. 120] теориясы мен практикасын зерттейтін үлкен жүйе пайда болды.
1970-ші жылдары дамыған елдерде «ауқатты елдер» деген феномен туды. «Ауқатты ел» мемлекеттік экономикалық саясаттың нақты артықшылығын бейнелейді, яғни мемлекет ұлттық экономиканы мемлекеттің барлық азаматтарының қанағаттандырарлықтай әлеуметтік қамтамасыз етілуі тәрізді мәселелерді шешу жағынан ұйымдастырады. «Ұйымдастырушы мемлекеттің» бұл стратегиясының Ұлыбритания және Франция сияқты Еуропа елдерінде ұлттандырылған экономикаларға әкелгенін көреміз, сол себепті 1980-ші жылдардан бастап Ұлыбританияда, 1990-шы жылдардан бастап Францияда [28] көлемді жекешелендіру реформалары өткізіле басталды.
1980-1990- жылдар аралығында Ұлыбритания мен Францияда, АҚШ пен Канадада өткізілген бұл реформалар мен 1990-шы жылдардағы Германия мен Жапониядағы [11] реформалық үміттер — әлемдік экононмикалық дамудың стратегиялық координаттарының айқын ауысуының, яғни озық мемлекеттер топтарының кейнсиандық экономикасының практикасы мен теориясынан постиндустриалды экономиканың практикасы мен теориясына өтуінің нақты дәлелі. Бұл ауысу мәні жағынан экономикалық (бұл сөздің дәстрүрлі мағынасы жағынан түсіндіретін болсақ материалдық құндылықтар өндірісі) болып қана емес, сонымен бірге ұйымдастыру-басқарушылық (материалдық емес) болып та есептелінеді. Қазіргі таңда әлемде көрнекті ғалымдар экономиканың дәстүрлі түрімен салыстырғанда табиғи ресурстар мен материалдық құндылықтарға негізделген тиімді ұйымдастыру-басқару жүйесінің экономикасы деп сипаттайтын жаңа экономика [6] туындап, жүзеге асып жатыр.
_______________
2 Перевалов Ю.В. Инновационное предпринимательство и проблемы технологического развития // Общество и экономика. — М., 1997. — № 5.
Дүние жүзі бойынша АҚШ-та ең алғаш рет бизнестің ұйымдастырушы түрінің корпоративті жаңа түрі пайда болды. Бұл кәсіпорындағы басқарудың өзгертілген жүйесімен байланысты ұйымдастыру-басқарушылық жаңалығы (инновациясы) болды. Кәсіпорын ұйымдастыру мен қызмет көрсету жағынан ерекшеленді, яғни бір жағынан штаб-квартирасы (корпоративтік орталық) болса, екінші жағынан шешім қабылдаудың «аймақтық» орталықтары (корпоративтік бөлімшелер, филиалдар мен бөлімдер) болды. Басқару жүйесінің өзгерген корпоративтік құралының мәні – «аймақтық бөлімше» менеджмент тиімділігін арттыратын, тез шешім қабылдайтын, басқаруды пайдалы ететін құрылым.
Осылайша АҚШ ТҰК орналасқан ұлттық экономикаларға да, ТҰК қызмет жасайтын ұлттық экономикаларға да тиімді трансұлттық қаржы-өндірістік факторлардың көмегімен аймақтық қана емес, сондай-ақ әлемдік масштабта экономикалық интеграцияны күшейте отырып, әлемдік экономикалық кеңістіктің ғаламдану процестерін тездетті. ТҰК арқылы экономикалық басып алудың ғаламданған процесіне Батыс Еуропаның мемлекеттері қосыла алмады, өйткені орналасу жағынан зейнеткер мемлекет болып саналатын АҚШ халықаралық қаржы-өндірістік топтарды ең алдымен өндірістік дамыған елдерде құра бастады.
АҚШ-пен қатар ТҰК орналасуының жоғарғы деңгейіне қарай әлемде екінші экономикалық күшті мемлекет бола алған Жапонияны да атап өткен жөн. Алайда бұл критерий бойынша Жапония АҚШ-тан әлдеқайда артта, экономикалық даму жағынан әлемде үшінші орынды алатын Германияны да Жапонияның көрсеткіштерімен салыстыруға болмайды. Осындай басымдылық пен артта қалушылық Германия мен әлем бойынша төртінші және бесінші орындарды алатын Ұлыбритания мен Франция арасында байқалады. Ұлттық экономикалардағы ТҰК орналасу жағынан салыстыратын болсақ Жапония экономикасында АҚШ-қа қарағанда бәсекелестіктің бар екенін айқын байқаймыз, осыдан келіп Германия экономикасында бәсекелестіктің жоқ екендігі, ал Ұлыбритания мен Франция экономикаларының әлсіз екендігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Бүгінгі таңда посткеңестік мемлекеттер дамушы елдерден бірталай алшақта жатыр. Олардың ең озығы – Ресейдің ұлттық экономикасы әлем бойынша 50-60-шы орынды алады. Сондықтан Ресей, Қазақстан, Украина тәрізді ТМД елдерінің ең ірі ұлттық экономикаларының алдында «кеше», «кешеден алдыңғы күні» маңызды болған экономикалық мүмкіндіктерді біріктіру тапсырмасы тұр. Бұл жерде сөз интеграция үшін экономикалық интеграция қалыптастыру емес, «еуразиялық» сияқты ғаламдық экономиканың бәсекеге түсе алатын әлемдік аймағын құру жөнінде болып тұр.
1.2. ТҰК отандық секторының дамуы
Барлық – экономикалық, геосаяси, әлеуметтік-саяси негіздері бойынша еуразиялық экономикалық альянстың маңызды мүшелері Ресей мен Қазақстан болуы тиіс. Бұлай деп айтудың үлкен негіздері бар. Мамандардың айтуы бойынша екі елдің де экономикасы, олардың салалық құрылымы, ресурстар нарықтарының тығыз байланыстылығы сонша, оларды мәні жағынан бір бірінің жалғастырушысы деп атауға болады. Мәселен, екі ел экономикасының да негізін мұнай газ секторы құрайды, сондықтан екі ел алдында да бірдей стратегиялық тапсырмалар тұр.
Біріншіден, Қазақстанда мұнай-газ саласында қазіргі шаруашылық стандарттарына сай келмейтін материалдық-технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық жаңартуларын енгізу қажет. Сарапшылардың баға беруі бойынша Қазақстан Республикасында бар көмірсутегі қорының 1% ғана өндіріледі, ал оларды тиімді зерттеу шарттарында Қазақстан әлемдегі мұнай қорлары жағынан алатын 11-ші орыннан3 5-ші орынға көтерілетін еді. Сарапшылар тұжырымдамаларына сүйенетін болсақ, саладағы өндірістің бұл төменгі технологиялық мәдениеті: «Бұл, ең алдымен, шикізат базасы мен мұнай өңдеу, газ өндіру, химиялық және мұнай химиялық өндірістерінің қалыптасқан күштерінің арасындағы айырмашылық». Соңына дейін жеткізілмеген технологиялық айналымға байланысты қолда бар ресурстық мүмкіндік тиімді қолданылмай отыр. Әсіресе, мұнай және газ, тау химиялық және мұнай химиялық шикізат өңдеудің тереңдігі төмен. Мұнай өңдеу тереңдігі әлемдегі 90% көрсеткішітің 70% аспайды. Мысалы, АҚ «Ембімұнайгаз» қорлары 60 млн.тонна мұнайды құраса, АҚ «Теңізмұнайгаз» қорлары 30 млн.тоннадан астам мұнайды құрайды. Жылына біріншісі 1,8 млн., екіншісі 800 мың тонна мұнай өндіреді. Мұнай өндіру технологиялары бойынша да біздің кәсіпорындар әлемдік деңгеймен салыстырғанда артта. Республикалық мұнай өндіру зауыттарындағы жеткіліксіз күш пен мұнай өндірудің төмен тереңділігі Қазақстанның мұнай өңдеу және мұнай химиялық шикізат өнімдерінің ішкі қамтамасыз етуге тәуелді болып отыр. Шығарылатын өнім әлемдік нарықта бәсекелесе алатын болуы үшін өндірістің барлық технологиясын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру қажет [21, Б. 25-26].
Оған қоса, Қазақстан мен Ресей (екі мемлекет үшін де бірдей дәрежеде) алдына экономика саласында құрылымық реформа өткізудің маңызды мәселесі тұр. Осы реформа екі елде де бар терең «кешегі күндік» салалық құрылымды өңдеу және қызмет көрсету салаларының (ең алдымен ақпаратттық-технологиялық) өндіру салалары (және ауылшаруашылық) алдында артықшылықпен дамуды көздейтін әлемдегі жаңа бағыттарға сай өзгертуді мақсат етеді.
_______________
3 Сайрамбаева Ж.Т. Международная правосубъективность транснациональных корпораций // Вестн. КазГНУ. Сер. МО и МП, — 2001. -№2.
Сондықтан қазақстандық сарапшылардың 1990-шы жылдар бойындағы [13, С. 29-50] Қазақстанның терең экономикалық тоқырауынан кейін оның жалпы ішкі өнімі 9,6% құрғанда және экономикалық жағынан қарқынды дамығандағы жеңіске жеттік деген тұжырымнан аулақ болу қажет деген ойлары әбден ақиқат. Осы дамудың тұрақтылығына күмән келтіретін бұл қорғаныс Қазақстан Республикасы экономикасына стратегиялық инвестиция жасаудың жағдайлары жасалмағандығын білдіреді.
Бұл мәселенің шешілмеуінің басты себебі Қазақстан экономикасының шикізаттық деңгейде ғана қалыптасуында, сондықтан XXI-ші ғасырдың әлемдік экономикасының артықшылықтарына бағытталған ірі инвесторлардың Қазақстанға деген арзан шикізат көзі ретінде қолданудан басқа ұзақ мерзімді қызығушылығы тумайды. Осыған орай мемлекеттің қаржы саласы нақты салалардан алыс қалып, «қысқа келісімдер» облысы ғана болып қалуда.
Шынында да, Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайын сипаттай отырып, сарапшылар төмендегідей қорытындыға келеді: «Экономика дамуының жоғары қарқыны негізгі капиталға келіп жатқан инвестицияның артуымен дәлелденетін сияқты. 2000-шы жылы оның мөлшері 30%-ға дейін жетті, бұл нағыз инвестициялық жарылыс болды. Ал тұрақты экономикалық дамуға көшу жағынан алатын болсақ, жағдай айтарлықтай мәз емес. Инвестициялардың басым көпшілігі (62%) жұмыстарының тұрақсыз режимі дәлелді қажет етпейтін шикізат салалары тәрізді басты дәстүрлі облыстарға бағытталған. Өңдеу өндірісіндегі жағдай қанағаттандырарлық емес: мұнда негізгі капиталға келетін барлық инвестициялардың 8% ғана бөлінген. БВУ беретін несиелердің басым көпшілігі қысқа мерзімді ақша. Қысқа мерзімді несиелердің үлесіне барлық несие ресурстарының 52% келеді. Кіші кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жалпы мөлшерінің 54,2% қысқа мерзімді. Әрине, несие алушылар қысқа мерзімді несиелерді негізінен айналымдағы қаржы алуға, күнделікті шығындарды жабуға жұмсайды».
Ресейде де, Қазақстанда да біршама экономикалық даму 90-шы жылдардағы тоқыраудан кейін 2000-шы жылдары басталды. Қазақстандағыдай сияқты бұл даму мемлекеттің экономикадағы құрылымдық реформаға түсумен емес, керісінше, реформалық емес, «өзгермелі» шарттармен қаржы және нақты салаларды жақындастырумен байланысты. Мұндай жақындастыруға алыпсатарлық қаржы негізінде қалыптастырылған экономиканың 1998-ші жылғы тоқырауы себеп болды. 1998-ші жылдың тамыз айы Ресей «жаман айтпай жақсы жоқ» деген жағдайында болды. Алайда бұл «жақсы» құрылымдық реформаны қажет етеді, онсыз мемлекеттің XXI-ші ғасырдың әлемдік экономикасының координаттарына кіру, стратегиялық инвесторлармен қамтамасыз етілетін 2000-2005 жылдар аралығына жоспарланған ұлттық экономикалық өсу тұрақты болмайтын еді. Қорытындылай келгенде, Ресей және Қазақстан экономикалары кеңестік тарихы жағынан ғана емес, сонымен бірге тәуелсіз мемлекеттер тұрғысындағы дамудың ұқсас мәселелерімен де байланысты.
Экономикалық тұрғысынан ауқатты болып саналмайтын Қазақстан мен Ресей бір бөлімі бір мемлекетте, екінші бөлімі екінші мемлекетте орналасқан ортақ қаржы-өндірістік топтарды (Қазақстан және Ресейдің ТҰК) құру жолымен экономиканың құрылымдық реформасына қол жеткізе алады және жеткізуі тиіс. Қазақстан сарапшылары Ресей-Қазақстан ТҰК кейбір салалық мамандандырылған мысалы, түрлі-түсті және қара металлургия өнімдерін өндіретін, өңдейтін және сататын, астық және мал шаруашылығы кәсіпорындарының штаб-квартиралары Қазақстанда орналаса алатын еді деген ой айтады. Қазақстан үшін ТҰК орналасқан мемлекет болу оның қалыптасуындағы стратегиялық мүмкіндік және қазіргі ғаламдық экономикаға қосылудың нақты негізі.
Әлемдік шаруашылық қарым-қатынастарына тиімді қосылудың мәселелерін шешуде Қазақстан трансұлттық экономикалық қызмет жүйесінің бар күрделілігін ескеруі жөн.
Бұл жағдайда мемлекет үкіметі Қазақстанның ұлттық экономикасының тапсырмаларын жүзеге асыруда – қазіргі шикізатқа бағытталған салалық құрылымнан өңдеу және қызмет көрсету салаларының (ең алдымен ақпараттық-технологиялық сала) дамуына көшуде түбегелі қарастырылған әрі тиімі макроэкономикалық саясат жүргізуі тиіс. Қазіргі ұлттық экономикалық құрылымның әлсіз даму, өнімнің бәсекелестік деңгейінің төмен болу, басқару саласындағы мамандарының тиесілі квалификациясының болмау жағдайында Қазақстанның ғаламдану процесінен жеңілгендер қатарына және дамушы елдер тізіміне қосылу қорқынышы күннен күнге өсуде.
Қазақстанның әлемдік қоғамға сәтті қосылуы үшін әлемдік экономиканың барлық элементтерімен, ең алдымен, оның басты субъектілері – трансұлттық корпорациялармен барынша қарым-қатынас жасайтын механизмді қалыптастыруды тездеткен дұрыс. Бұл үшін Қазақстанның ішкі нарығында ТҰК тарапынан болатын шетел бәсекелестігінен өте алатын және сыртқы нарықта да тұрақтай алатын күшті қазақстандық экономикалық құрылымдар құру керек. Басқаша айтқанда, әлемдік кеңістікте ұлттық экономиканың бәсекелестігін арттыруда мәнді фактор бола алатын трансұлттық бағыттағы ірі қазақстандық корпорациялар ашу қажет. Осы мақсатты жүзеге асыруда республикада қажетті шарттардың барлығы жеткілікті – кеңес дәуірінде салынып, әлі күнге дейін мемлекет экономикасының негізі болып есептелетін олигополистикалық нарықтық құрылымды ірі кәсіпорындар бар. Олардың негізінде аталған тактикалық тапсырманы жүзеге асыруға болады. Алайда осы мәселені сәтті жүзеге асыру үшін екі негізгі факторды бөлек ала отырып, Қазақстанның корпоративтік саласының дамуына ықпал ететін факторларды айқындап алу керек:
Біріншіден, жұмыс істейтін қазақстандық корпорациялардың басым көпшілігі Қарағанды металлургия комбинаты, «Екібастұзкөмір», «Қарағандыкөмір», «Балқашмыс», «Жезқазғанцветмет», «Соколов-Сарыбай» және тағы да басқа ірі өндіру және ауыр өндіріс тәрізді өндірістік гиганттар кеңестік «мұра» негізінде ұйымдастырылған. Соңғы он жылдық тәжірибенің көрсетуі бойынша, кәсіпорындардың күшті экономикалық мүмкіндіктеріне қарамастан олардың көпшілігінің жұмысы жаңа нарықтық жағдайларда сәтті бола бермейді. Оған қоса, шетел басқарушылығына берілгендер ғана нарықтың таңсық құбылыстарына үйрене алды, микроэкономикалық деңгейде нарық мүмкіндіктерін пайдалана алып, тиімді басқару жүйесін көрсетті. Алайда нарықтық экономика шарттарында жетістікке өзіндік ұйымдастыру тәсілдерімен 90-шы жылдары құрылған Казкоммерцбанк және тағы басқалары5 сияқты корпорациялар жетті.
Екіншіден, Қазақстандағы корпоративтік сектордың қалыптасуына төмендегі факторлар ықпал етеді: мемлекеттегі салымдардың төмен деңгейімен, инвестиция тартудың қаржы құралдарының шектеулі таңдауымен, 1998-ші жылғы Азия қаржы тоқырауынан кейінгі шетелдік портфельдік инвестициялардың жасалмауымен байланысты ішкі және сыртқы инвестициялардың тапшылығы. Халықаралық «алыпсатарлар» көп қатысқан қазақстандық қаржы нарығының аз мөлшері, жас мемлекеттің қаржы жүйесінің жеткіліксіз даму себебінен елде шетел инвестицияларының болмауы Қазақстанның қаржылық жағдайына онша әсер етпеді.
Қолданылатын құралдардың шектеулі таңдауымен және қор нарығының төменгі деңгейдегі капитализациясымен сұранысқа ие акциялардың аз мөлшерінде ірі қаржылық операциялар жүзеге асырылатын қаржы инфрақұрылымы мен қор нарығының дамымағандығы.
Жоғары деңгейдегі мерзіміне асқан несиелік қарыз. Қазақстандағы қарыздың жалпы сомасы жалпы ішкі өніммен тең келетін масштабқа жетті. Мұның басты себептері қаржы және төлем тәртібінің төменділігі, төлем жүйесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, бартерлік айырбастаудың дамуы, мемлекеттің кәсіпорындар алдындағы міндеттерін орындамауы. Нәтижесінде бастапқыда оң бағыттар байқалғанымен Қазақстан кәсіпорындарының жартысы табыссыз.
Қазақстандық сарапшылар ұлттық экономиканың болашағы үшін ең алдымен Ресеймен бірігіп қаржы-өндірістік топтарды (ТҰК) дамытуды айтады: «Ресей кәсіпорындарымен бірігіп ТҰК кейбір салаларында қаржы-өндірістік топтар құру сенімі ғылыми-интеллектуалдық базасы, инвестициялық, инновациялық және ғылыми-зерртеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) өткізу мүмкіндіктері бар ірі шаруашылық құрылымдарына ашуға жағдай жасайтын еді. Осындай құрылымдар ғана әлемдік экономиканы, тауар мен капиталдың әлемдік нарықтарын басып алған ТҰК қарсы тұра алады. Қаржы-өндірістік топтардың құрылуы қор нарығының қайта туындауына да ықпал етер еді» [17, Б. 48]. Қазақстандық сарапшылар ТҰК (ҚӨТ) ұлттық экономикадан қазіргі әлемдік экономикалық координаттарға өтуде, тарихи динамикасы, өзіміз білетіндей, Н.Д.Кондратьевтің классикалық экономикалық теориясында сипатталатын ғаламдық экономикаға қосылуда «локомотивтік» рөл атқаратындығын мойындайды.
Зерттеушілердің байқауы бойынша қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасы (басқа посткеңестік мемлекеттердің ұлттық экономикалары тәрізді) әлемдік экономиканың дамуымен байланысты жаңа әлемдік экономикалық айналым басталуының жағымды жағдайында. «Айналымдық (циклдік) өзгерістер» белгіленген мемлекетте [10, Б. 30] таратылатын болған шартта ұлттық экономикада тұрақты экономикалық өсім болады. Тарату каналы болып әлемдік айналымдық даму сипатына біршама ықпал ететін трансұлттық корпорациялар болып саналады, ал әлемдік масштабтағы айналым синхронизациясына деген бағыт олардың әлемдік экономикадағы рөлі күн сайын өсіп келе жатқандығын дәлелдейді. Оған халықаралық капитал келімінің, фирма іші саудасы мен ақпаратпен қамтамасыз етудің артып отырған мәні. Қазіргі халықаралық корпорациялар шеңберінде өндіріс пен капитал шоғырлануының жоғары деңгейіне жету айналымдық өсу мен төмендеудің мемлекет аралық қамтамасыз етудің дәстүрлі формаларының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі ТҰК тән бас компаниядан, бір орталықтан капитал айналымын басқару капиталды әрқалай айналымға салуға мүмкіндік береді. Олардың қызметімен қамтылған айналымдық дамудың өзара қарым-қатынасы барлық мемлекеттерде күшейіп жатыр. Жергілікті нарықтың жағымсыз жағдайларына тәуелді болмайтын ТҰК инвестициялардың сенімді көзі, белгілі деңгейде экономиканың тұрақтаныру факторы бола алады6».
Онжылдық және кеңес одағының құлауынан кейін одан да ұзақ уақыт өтсе де Қазақстан мен Ресей өз экономикаларын қаржы-өндірістік топтар (ТҰК) базасына көшіру жолының бастапқы сатыларында жүр. Қазақстанда ірі қаржы-өндірістік топтар құрудың талпыныстары ежелгі дәуірден келе жатқан монополияны ірілеуге, өндіріс пен капиталды шоғырландыруға мүмкіндік бермейтін классикалық нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған үкіметтік ұйымдардың ұлттық экономиканы дамытудағы ТҰК мәнін түсінбеуіне байланысты жоққа шықты. Көпшілік ТҰК басты мәні олардың тікелей шетел инвестицияларының [8, Б. 21] басты көзі болатындығын түсінбейді.
Үшінші әлемнің көптеген мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстан өндірісінің жоғары деңгейде шоғырлануымен ерекшеленеді. 1990-шы жылдары өндірістік комбинаттар, құрылымдар тәрізді экономиканың кешегі кеңестік «монстрларының» бөлінуі мен қайта құрылуымен бірге жүрген жекешелендіру процестерінен кейін де ел экономикасы олигополистикалық нарықтық құрылымын сақтауда. 1990-шы жылдардың соңында Қазақстанда 16 мың өндірістік кәсіпорындар жұмыс істеді, олардың арасында көлемі, кәсіпорынның құрамы, меншік құрылымы, ұйымдастыру мен басқару түрі жағынан түрлі 100-ге жуық ірі корпоративтік құрылымдар ашылды. Аздығы мен корпоративтік саласының жеткіліксіз дамуына қарамастан бұл кәсіпорындар отандық ТҰК негізін құрауы ықтимал.
Кесте 2. Жұмыскерлер саны сараптамасы бойынша Қазақстан кәсіпорындарының шығаратын өнім мөлшерінің құрылымы (жалпы республикалық көрсеткіш бойынша, %)
Кәсіпорын түрі |
Жалпы мөлшердегі үлес |
Өнімнің жалпы мөлшеріндегі үлес |
Кіші кәсіпорындар (200 жуық жұмыскерлер) |
91 |
12,8 |
Орта кәсіпорындар (200-500 жұмыскерлер) |
7,4 |
9,8 |
Ірі кәсіпорындар (500 астам жұмыскерлер) |
1,6 |
77,4 |
Ескерту – Кесте 2005ж. ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша құрастырылды.
Кестеде 2 Қазақстан экономикасы өндірісінің шоғырландыру деңгейі көрсетілген. Көргеніміздей, кәсіпорындардың жалпы санының 1,6% құрайтын ірі кәсіпорындар республиканың барлық өнімінің 77% өндірген, ал «Испат-Кармет» ірі корпорациясының үлесіне мемлекеттің барлық жалпы ішкі өнімінің 10% келеді [5, Б, 98, 99]. Жоғарыда аталған корпорациялардың ең ірілері (олардың саны оннан асады) экономиканың нақты секторындағы төлем мүмкіндігі сұранысын қамтиды. Олардың қатарына «ҚазақОйл», «Харрикейн Құмкөл Мұнай», Шымкентмұнайоргсинтез», «КЕГОК», «Испат-Кармет», «Қазақмыс» корпорациясы, «Қазцинк», «Қазақстан Алюминийі», «Өскемен титан-магний комбинаты, «Қазхром» тәрізді жанар-жағар май мен шикізат экспортерлары кіреді.
Қазақстанның қаржы саласында екі ең ірі банкті бөліп көрсетуге болады: құнды қағаздары (еуробондат, GDR) Еуропа мен Азия елдерінің қор нарықтарында айналып жүрген Қазкоммерцбанк және барлық жеке тұлғалар салымының 65% бар Қазақстанның Халық банкі. Қазақстанға қаржы жүйесін нөлден бастауға тура келді, ал оның «кәмелетке» жетуі үшін тағы да 10-15 жылдай қажет. Шындығында дамыған Қазақстан қаржы нарығының бар екендігі жөнінде сөз қозғау мүмкін емес. 2005-ші жылға арнаған статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша мемлекеттің ірі және орта кәсіпорындарының жартысына жуығы аз табыс әкеледі немесе мүлде әкелмейді. Жоғарыда аталған корпорациялардың көпшілігі бюджетке қарыз. Оларға корпоративтік басқарудың әлсіздігі тән. Осы корпорациялар арасында әлемдік кластағы корпорациялар жоқ, өйткені олар негізгі капиталының кішкене мөлшерімен және нарықтық капитализацияның төменгі деңгейімен сипатталады, сондықтан геобәсекелестіктің талаптарына сай келмейді (капитализация деңгейі 1 млрд. АҚШ доллары).
Осы құбылыстардың барлығы өндіріс пен капиталдың одан әрі шоғырлану, банктік және өндірістік капиталдың қосылу, дамыған қаржы жүйесінің қалыптасу процестерін тежейді, бұл әрине қаржы-өндірістік топтар мен трансұлттық корпорацияларды ұйымдастыру үшін тиімді жағдайлар жасамайды.
1.3. ТҰК Әлемдік шаруашылық жүйесін ұйымдастырудың маңызды факторы
Трансұлттық компаниялар мемлекеттердің бәсекелестік мүмкіндіктерін қалыптастыру мен халықаралық нарықтарда олардың бәсекелестік мүмкіндіктерін жүзеге асырудың негізгі факторлары болып саналады. Техникалық даму, өндіріс, сату, тәуекел қабылдаудағы мүмкіндіктер мен қызмет оларды әлемдік нарықтағы негізгі қатысушылар және осының барысындағы тікелей жеңіске немесе жеңіліске жетушілер етеді. Мемлекеттің өркендеуі біршама деңгейде оның территориясында қызмет ететін ТҰК сәттілігіне тәуелді, алайда бұл жерде де үлкен рөлді мемлекеттік экономикалық саясат ойнайды. Осыдан келіп ТҰК бір жағынан, мемлекеттік институттар мен ұйымдармен екінші жағынан өзара қарым-қатынас туындайды.
Халықаралық корпорациялар – осы процеске қатысатын арнайы қызмет жасайтын тұлғалар. Олар өзге экономикалардың бәсекелестік мүмкіндіктерін қалыптастыратын факторларға нарықтық механизмдер арқылы шешуші ықпал ететін рөлді алған мемлекеттің экономикалық агенттері болып табылады. Бұл ықпал етілген мемлекеттердің салыстырмалы артықшылықтарына өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдай осы және басқа мемлекеттің мүдделеріне сай келмей, онымен жанжалдық жағдайға да келуі мүмкін. ТҰК халықаралық бәсекеге әрқалай және әртүрлі деңгейде түседі. Мемлекеттер деңгейінде олар жергілікті компаниялармен немесе нарық үшін халықаралық компаниялармен, ал кейде жергілікті демеу қаржысы немесе жеңілдіктері үшін бәсекеге түседі. Сондай-ақ халықаралық деңгейде де бәсекелеседі.
Аталған күрделі әрі жанжалды жүйе шеңберінде ТҰК мен мемлекет және үкімет арасындағы қарым-қатынастың екі саласы бар. Біріншісі – корпорацияның отандық құрылымы мен оның отанының үкіметімен арасындағы, екіншісі- компания мен қабылдаушы мемлекет арасындағы қарым-қатынас. Аналық компания және отан.
Қызметін басқа мемлекеттерде таратқан көптеген корпорациялардың тарихы қарапайым формуламен сипатталатын: сатып алушы нарық артынан жүреді, жалау сатып алушы артынан жүреді, ал әскер жалау артынан жүреді. Қазір бұл формуланы ешкім негізге алмайды. Бүгінгі таңда ұлттық мемлекет билігін кеңейтуде ТҰК үкімет арқылы қолданылуының айқын мысалдары жөқ.
ТҰК мен оның отаны арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын халықаралық деңгейдегі ортақ формуланы табу мүмкін емес. Үкімет пен кәсіпкерлік арасында тарихи тығыз қарым-қатынас болған мемлекеттерде ондай қатынас ары қарай жалғасын таба береді, сонда корпорация өз қызметін ұлттық шекарадан тыс кеңейтеді. Бұл сатыда әскер арсеналындағы соңғы құрал болып және азаматтар өмірін қорғау ТҰК мүдделерінен жоғары болған ерекше жағдайларда щақырылады.
ТҰК мемлекеттік экономикалық қолдаудың әртүрлі формаларын қажет етеді. Ол ғылыми-зерртеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қолдау, белгілі бір жоғарғы технологиялық салалардың пайдасына шешілетін арнайы субсидиялар, бизнес облысында жиі трансұлттық компанияларға айналатын «ұлттық чемпиондарды» қалыптастыру болуы мүмкін. Ақпарат, өнім өндіру саласын талпыныру, дипломаттық құралдар мен отандық қызметтердің көмегімен трансұлттық корпорацияларға тікелей қолдау жасаудың мысалдары да белгілі.
Жеке мемлекеттерде (мысалы, АҚШ) ұлттық стратегиялық мүдделерге шетел инвестицияларынан келетін шығынның алдын алу маңызды мәселеге айналды. Америка әкімшілігі саяси және стратегиялық себеп – жаумен сауда заңының көмегімен АҚШ территориясында қызмет жасайтын шетел ТҰК саудасы мен инвестициясына әртүрлі тыйым салуды күшейту мүмкіндігін дәлелдеді. Осы заң мен оның нұсқалары (өзгерістерімен) АҚШ пен ЕО жанжалдың көзі болып Куба еліне қарсы дауда қолданылды.
ТҰК қабылдаушы мемлекеттердің көпшілігінен экономикалық жағынан басымдырақ болып келеді. ТҰК өз күшін налық деңгейін төмендету, қаржы саласында жеңілдіктерге қол жеткізу, нарықты қорғау үшін жергілікті үкіметке қысым көрсету және т.б. мақсаттарында қолданады. Жауап ретінде үкімет тыйым салу мен шектеу шараларын қолданады, тіпті меншікті ұлттандыру мен экспроприация жұмыстарын жүргізеді. Трансұлттық компаниялар жергілікті үкімет саясатына араласып, өз талаптарын орындайтын жаңа үкімет құруға байланысты кампаниялар бастаған жағдайлар да таныс. Кейбір бұрынғы социалистік мемлекеттердегі жекешелендіру трансұлттар арқылы жергілікті компанияларды сатып алуда болған пара беру мен коррупцияның мысалы бола алады. Кейбір ТҰК сауда барысында қызығушылық білдіргендері үшін жауапкершілік тартпайтындығы туралы айтады. Олардың ойынша жергілікті қауымның дәстүрлерін сақтаған жағдайда ғана кәсіпкерлік қызмет мүмкін болады. Мұндай жағдайда жергілікті және шетел жауакершілігін айыру қиын.
ТҰК стратегиясында маңызды рөл «мемлекеттік тәуекелдердің» қысқартылуына беріледі. Капитал импортына ықпал ететін негізгі саяси, экономикалық және адами факторлар:
- Қабылдаушы мемлекеттердегі саяси тұрақтылық, тиісті заң мен экономикалық саясаттың сипаты, оның ақиқаттылығы мен болжамдылығы.
- Ұлттық және шетел компанияларына қатысты қабылдаушы үкіметтің позициясы мен саясаты.
- Ұлттық және халықаралық нарықтық жағдайлар мен бағыттарды есепке алғандағы экономикалық саясат шеңберіндегі мемлекеттің нақты және дұрыс құрастырылған стратегиялық мақсаттары, оларды жүзеге асыру құралдарының баршылығы.
- Өндірістің жергілікті факторлары мен ресурстарға деген бағаны мемлекеттің халықаралық стандарттар бойынша төменгі деңгейде сақтауы.
- Жұмыс күші мен кәсіпкерлердің еңбек қабілеттерінің деңгейі, оларды жетілдіретін институттардың бар болуы, еңбек тәртібі мен моралдық-этикалық стандарттары.
- Саясатқа ықпал ететін қауым мен институттардың щетелдік компанияларға деген қарым-қатынасы.
1990-шы жылдардағы ТҰК қызметі қабылдаушы мемлекеттің экономикасына әрқалай әсер етті. Бір жағынан, олардың мемлекетте болуының жағымды нәтижелері айқын болды: капитал мен экспорт деңгейі көтерілді, басқару мен маркетинг тәсілдері жаңартылды, жаңа технологиялар тез қарқынмен енді, ішкі нарыққа келетін қойылым жақсарды, жергілікті өнімді әлемдік нарыққа шығару үшін күш салу қажет емес, ТҰК басып алған нарыққа шығады, халықаралық нарықта құрметке ие болған ТҰК сауда маркасы қолданылады, халықаралық компанияларға жұмысқа қабылданғандардың табыстары артты.
Екінші жағынан, ТҰК болуының жағымсыз нәтижелері де болды:
- ТҰК ғаламданған сектор болатындықтан экономикаға өзгеріс әкеледі, табыс теңсіздігі мен тыйым салуларға алып келетін олардың даму деңгейлері мен қабылдаушы мемлекеттің ұлттық экономикасының басқа секторларының арасында үлкен айырмашылық. Мақсаты мемлекеттің ішкі нарығын жаулап алу болатын корпорациялар осы мемлекетке импорт қарқынын өсіргені және жергілікті тауарлар мен компанияларды тыс қалдырғаны үшін сынға түседі;
- Басқа, ортақ макроэкономикалық проблема да бар: ТҰК арқылы болатын халықаралық экономикалық интеграцияның деңгейі жоғары болған сайын мемлекетте осы корпорациялардың халықаралық нарықтық қысым, айналымдық өзгерістер, бәсекелестіктер, алыпсатарлық өзгерістер сияқты стратегиялары да еркін таралады;
- ТҰК бірқатар проблемалар мен дилеммаларға тап болады: қабылдаушы мемлекеттерде тәртіптеуден басқа еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және басқа да проблемаларға байланысты келісімдер мен ережелер бар. Көп жағдайларда ТҰК мұндай проблемаларды шешуге талпынбайды және олардың себебінен аналық компанияның отанында жұмыс істеуді тоқтатады;
- ТҰК өз отанының территориясынан шыға отырып оның төлем балансына нұқсан келтіреді;
- ТҰК қабылдаушы мемлекетке өзінің тікелей және портфельді инвестицияларымен келе отырып елдің стратегиялық мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін
Қазіргі әлемде қабылдаушы мемлекеттің әлсіздеуі ТҰК мүддесіне сай келмейді. Олар, керісінше бөлімшелері орналасқан мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қалайды. Екінші жағынан олардың қызметі ауру экономикасы бар әлсіз елдерді құтқарудың құралы емес. Қабылдаушы мемлекеттердің үкіметі әкімшілік мүмкіндіктер, әлемнің басқа мемлекеттерінің ТҰК жұмыс істеу тәжірибесі сияқты көптеген тәсілдер көмегімен ТҰК жұмысының тиімсіз нәтижелерінен алыс бола алады.
1.4. ТҰК дамушы нарықтарға кіруінің стратегиялары
Капиталды елден алып шығу ТҰК ішкі экономикалық қызметінің басты формасы болып табылады. Шетелдегі тікелей шетел инвестицияларының 90 % жуығын 400 ТҰК басқарса, оның 60 осы инвестициялардың жартысын бақылауға алады. Халықаралық несиелердің басты бөлігі 20 трансұлттық банкілердің бақылауында.
Дамушы елдердің жаңа нарықтарына кіруде ТҰК қолданатын бірнеше стратегиялар бар, олар: өндірістік кооперация, тікелей инвестиция, транзиттік стратегия және т.б.
Шетел бөлімшелерінің ТҰК аналық компаниялармен біріккен өндірістік кооперациясы қарқынды формаларға ие болуда. Мәселен, соңғы 20 жылдарда машина жасау компаниялары әлемдік нарыққа біріккен өнім шығаратын және аналық компаниялардың кәсіпорындарымен қамтамасыз етілетін бөлшектерден ТҰК қатысты шетелдік жинау кәсіпорындарда ішкі нарық үшін дайындалатын біртекті айналыммен (циклмен) өндірудің «ғаламдық конвейрлерін» дамытуда. Өндірістің біртекті айналымын құру 12 дамушы елдерде, мысалы американдық ТҰК жылына 3 млрд. доллар көлемінде қосымша табыс әкеледі. Басты артықшылық шетел бөлімшелерінде жұмыс істейтін жұмыс күшінің арзандығы. Оған қоса, территориясындағы экологиялық проблемаларды төмендету мақсатында АҚШ өндірісінің бөлігін басқа мемлекеттерге көшіру арқылы тағы бір нәтижеге жетеді.
Осындай халықаралық кооперацияның даму нәтижесінде ішкі сауданың біршама бөлігі ішкі фирмалық саудаға айналып жатыр, тауарлар мен қызмет көрсетулердің әртүрлі мемлекеттерде орналасқан бір компанияның бөлімшелері арасында айналуы. Дамушы елдерің территорияларында жинаушы цехтар ашу осы мемлекеттермен болатын тауар айналымын 10% дейін жеткізеді.
Тікелей шетелдік инвестициялау процестері ғаламдық масштабқа көшуде. Осы процестегі АҚШ орны өсуде, дегенмен басқа мемлекеттерден келетін халықаралық инвестиция саласының кеңеюіне байланысты АҚШ-тың салыстырмалы салмағы төмендеуде. Егер 1960-шы жылы әлемдік тікелей инвестиция мөлшерінде АҚШ үлесі 60% болса, 2005-ші жылы ол 25% дейін төмендеген, алайда бұл көрсеткіш тікелей шетел инвестициялаудың әлемдік мөлшеріндегі ең жоғарғы салыстырмалы салмақ (2-ші орын алатын Жапонияның үлесі 11% құрайды)
Тікелей инвестициялардың басым бөлігі 35% ғылыми саланы қосқандағы өңдеу өндірісінде шоғырланған. Американдық ТҰК тікелей шетел инвестициясының 50% астамы Батыс Еуропа мемлекеттерінде шоғырланса, оның 30% Ұлыбританияның үлесіне келеді.
ТҰК шетел инвестицияларынан келетін табыс шетел компанияларының қызметін қаржыландырудың мүмкіндіктерін арттырып, халықаралық қауымдастық пен дамудың негізі болып табылады.
Шетел мемлекеттеріне ТҰК инвестиция жасау қарсы капитал салымына тап болуы мүмкін. Мысалы, соңғы 15 жылда АҚШ компанияларының шетелге жіберілетін тікелей шетел инвестицияларының мөлшері 250 млрд.АҚШ долларына жетсе, АҚШ келетін тікелей шетел инвестицияларының мөлшері 190 млрд.АҚШ долларына жеткен. Мемлекет капиталының шетелдік салымдарының мөлшері ТҰК мөлшері мен күшіне тікелей тәуелді болып келеді.
Әлемдегі капиталдың ең ірі экспортерлары болып АҚШ, Англия, Жапония, одан кейін Германия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Франция, Италия, Швеция саналады.
Соңғы 10 жылда АҚШ экономикасына тікелей шетел инвестициясының әлемдік мөлшерінің 20%, ал 65% Батыс Еуропа мемлекеттерінен келген. АҚШ-ғы ең ірі инвестор болып британдық ТҰК есептеледі, олардың үлесіне 2005-ші жылы олардың үлесіне осы мемлекеттерге келетін тікелей шетел капитал салымдарының барлық мөлшерінің 23,6% келген. АҚШ-ғы тікелей шетел инвестицияларының мөлшері бойынша екінші орынды 19,4% Жапония алады. АҚШ-ғы тікелей шетел инвестицияларының басты бөлігі өңдеу өндірісі (37 %) мен сауда саласында (15 %) шоғырланған.
ТҰК бір бірімен қиылысатын біріккен экономикалық кеңістікте ТҰК, әсіресе американдық интеграцияның басты қозғаушы күші, экономиканы ғаламдандыру процесінің басты құралы болып қалуда.
Трансұлттық корпорациялардың тікелей инвестицияларының қозғалысы капиталдың мөлшерден тыс жиналуымен ғана ынталандырылмайды. Ынталандырушы күш болып өндірістік күштердің халықаралықтануы, капитал мен өндірістің халықаралық шоғырлануынан болатын ұлттық шекаралар шеңберінде капиталды қайта жандандыра алмау мүмкіндігі болып саналады.
ТМД елдеріндегі сарапшылар ұлттық экономикаларды әлемдік шаруашылық жүйесіне кооперативтік-корпоративтік шаруашылық мәдениетін дамыту арқылы қосу қажет дегенді айтады. Сарапшылар қазіргі экономиканың корпоративті сипатын оның сипаты деп есептейді. Олардың ойынша, жай корпорациялар емес, ТҰК («мультинационалдар деп аталатын) қазіргі шаруашылық қарым-қатынастары түрінде кооперативтік артықшылықты негізге алады: «Кооперация әлемдегі мемлекеттердің корпорациялары мен ТҰК қызметінің, олардың тиімді дамуының негізі. Мемлекетте қызмет салалары жағынан трансұлтты болып келетін және жалпы ұлттық мәнге ие ірі корпорациялардың болуы елдің экономикалық күшін айқындайды. XX ғасырдың соңғы онжылдығында корпорациялар мемлекеттің экономика құрылымы мен оның дамуы және инновациялық-инвестициялық динамиканың шапшаңдау процестерінің ұйымдастыратын негізіне айналды7».
Мамандардың айтуы бойынша технологиялық альянстарды құруды осы саладағы барлық өндірушілер (өндіріс озығы – фин компаниясы Nokia басқа) жоспарлап отыр, болашақ біріктірулердің қатысушысы «Motorola» (АҚШ), «Mitsubishi Electric» (Жапония), «Samsung» (Оңтүстік Корея) болуы мүмкін. Мұндай бағыт әлемдік шаруашылықтың қазіргі жүйесін оның шешуші механизмі – бәсекелестік кооперация, қауымдастық, әлеуметтік келісім тәрізді «өзіне тән емес» коммунитарлық ынталандырудың жаңа деңгейінде жүзеге асырылатын нарық болып қана емес, сонымен бірге ғаламданған нарық (ТҰК арқылы) ретінде де сипаттайды [29].
Трансұлттық және трансконтиненталдық технологиялық біріктірулердің қазіргі әлемдік бағыты ТМД елдері үшін ақпаратталған. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде ТМД экономикалық кеңістігіндегі бүгінгі ұқсас «транзиттік» жағдайға ұқсайтын көлемді әлеуметтік-экономикалық реформаларды өткізген кезде Қытай, Үндістан, Бразилия, Ресей және Қазақстан болмасын әрбір ұлттық «транзиттік» экономиканың өз реформалық стратегиясы болуы қажет деген ой дұрыс. Алайда белгілі бір ұлттық «транзиттік» стратегияға қатысты тиісті әдебиет көздерінен бұл стратегия берілген әлеуметтік мәдени дәстүрге, тәртіпке және саяси дәстүрге негізделуі тиіс деген жалпы түсініктен басқа мәлімет алу мүмкін емес.
«Транзиттік» ТҰК стратегиясы берілген «транзиттік» мемлекеттің ғылыми-технологиялық мүмкіндігінің негізіне қарай әртүрлі бола алады және болуы тиіс. ТМД кеңістігіндегі, Қазақстанды қосқанда, ғылыми-технологиялық тоқырау жөнінде көп жазылды, Кеңес одағы дәуіріне тән ағымнан «транзиттікке» көшу кеңес одағы құлағаннан кейінгі өндірістік тоқыраудың 40-50% тең. «Транзиттік» кезеңдегі бұрынғы кеңес одағының ғылыми-технологиялық мүмкіндікті дұрыс пайдаланбау, фундаменталды ғылымды8 жеткіліксіз қаржыландыру, жоғары мамандандырылған жұмысшылардың елден кетуі9 деген статистикалық мәліметтер ТМД елдерінің қандай мақсатта жоғарыда айтылғандарға қол жеткізбеді деген ой салдырады. ТМД саяси элиталары қарқынды дамып жатқан ірі ұлттық экономикалардың (Қытай, Бразилия, Мексика, Үндістан және т.б.) біреуінде жоқ жоғарғы деңгейдегі ғылыми-технологиялық стратегиялық ресурстың бар екендігін және оның дамушы мемлекетердің ғылыми-техникалық деңгейімен тең келетінін түсінген жағдайда ғана бұл стратегиялық ресурстың ТМД кеңістігіндегі барық субъектілердің негізгі «транзиттік» стратегиясы ретінде қызмет атқаратындығына үміттенуге болады.
Қазақстан экономикасында әлемдік класстағы корпорациялардың жоқ екендігін атап өткен жөн, дегенмен әлемдік рейтингтерге (Moody’s, Standard & Poor’s, Tomson Bank Watch) кіретін үш банктің (Қазкоммерцбанк, Халық Банкі, Тұран-Әлем Банкі) халықаралық қауымдастықпен қабылдануға мүмкіндіктері бар. Л.Мұзапарова мен Е.Кариннің ойы бойынша «Қазақстандағы корпоративтік саланың басты артықшылығы ондағы шетел капиталы қатысуы үлесінің біршама қарқынды деңгейде артуы. Статистика жөніндегі комитеттің мәліметтеріне сүйенетін болсақ негізгі қаржы құрылымындағы шетел меншігінің салыстырмалы үлесі 2005-ші жылы 10,6% болса, ал өндірістік өнім құрылымындағы шетел үлесі 14% болған. Қазақстан экономикасына қатысу мөлшері бойынша алдыңғы орынды АҚШ, Ұлыбритания және Жапония компаниялары алады10». Қазақстанның бірқатар авторлары Ресей және ТМД зерттеушілері сияқты Қазақстанда біріккен корпоративтік құрылымдарды қалыптастыруды тежейтін ұқсас себептерді атайды, олар: ұйымдастырушылық, технологиялық, нарықтық, басқару, кеңестік халықтық шаруашылығының жалғасуы, ішкі және сыртқы инвестициялардың тапшылығы, қаржы инфрақұрылымы мен қор нарығының дамымауы, үлкен мөлшердегі мерзімінен шыққан несиелік қарыздар және т.б. Мұның бәрі Қазақстан экономикасындағы корпоративтік саланы интеграциялау алғашқы қалыптастырудағы негізгі тежеуші себептердің трансұлттық сипатқа ие болуына әкеп соқты. «Осы себепті Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің көпшілігі сияқты Қазақстанның да үкіметі өзінің нарықтық өзгерістерге қатысты күн тәртібіне инвестициялық бағдарламаны тездету мәселесін кіргізді», — дейді Л.Бейсенова11.
Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің жанындағы инвестициялар жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша 2002-2005 жылдары инвестициялық артықшылықтарды алуға қатысты 345 келісім жасалынып, негізгі капиталға келетін инвестиция мөлшері 2 403 300 мың АҚШ долларын құраған. Жүзеге асырылған инвестициялардың нәтижесінде 60 951 жұмыс орны ашылған. Қазақстандағы (1995-2005 жылдар аралығындағы) шетел инвестицияларының жалпы мөлшері 12 532,4 млн. АҚШ долларын құраған. Осы жылдар аралығында негізгі капиталға келетін мөлшері 938 531 мың АҚШ долларын құрайтын 23 шетел 70 ортақ кәсіпорындар құрылған. 2001-ші жылдың өзінде инвестиция мөлшері 738 млрд. тенгені құраған, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 15,2% жоғары. Мұнай және табиғи газ шикізатын өндіретін кәсіпорындардың үлесіне жалпы республикалық инвестиция мөлшерінің жартысы келеді. Аймақтық көрсеткіштер бойынша Қарағанды мен Алматы облыстары біраз үлесті алады [24, Б. 22-23]. Инвестициялық саясат мемлекеттің ұлттық мүдделерін есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.
Қазақстан жыл сайын шетел мемлекеттерінен 1,3-1,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде несие алатын болса, мұндай сомаларды пайызбен қайтару мемлекет үшін оңай емес [26, Б. 65]. Қазақстан болашақта ТҰК тек қана қаржымен қамтамасыз етушілер тұрғысынан қолданбай, олардың көмегімен қазіргі технологияларға қол жеткізіп, ұйымдастыру-басқарушы ТҰК-жүйелерінің халықаралық тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тікелей шетел инвестицияларын салалар бойынша қарастырғанда – олар әдетте мұнай газ комплекстері деген Ресей тәжірибесін еске ала отырып, тікелей шетел инвестицияларының салалық құрылымдарына өзгертулер енгізу керек. Бұл жерде нақты оң бағыттар (байланыс, қаржы саласы, химиялық өндіріс) байқалды, деген олар әзірге жеткіліксіз. Ғылыми әдебиетте кіші және орта бизнесті дамытатын орта мөлшердегі тікелей шетел инвестицияларының нашар тартылуы туралы да айтылып жүр.
Әрине, «Инвестициялар жөніндегі» жаңа заң ТҰК мәні мен құқықтық табиғатын нақты айқындайды және біздің ойымызша, мемлекеттің инвестициялық процесстерді (салалық және аймақтық аспектілер) тиімді бақылауында, ғаламдық инвестициялық орталықтар тұрғысындағы ТҰК ұйымдастыру құрылымдарын зерттеуде оның рөлін белсендіреді. Жергілікті (ұлттық) нарықтың жағымсыз жағдайларына тәуелді болып келмейтін ТҰК инвестицияның сенімді көзі және экономиканы тұрақтандыратын фактор бола алады.
Халықаралық тәжірибені қарастыра келе тікелей шетел инвестициясы Қазақстанның қазіргі экономикасының маңызды мәселелерінің бірі, ал тікелей шетел инвесторлары тұрғысындағы ТҰК біріге жұмыс жасау мемлекет экономикасында құрылымдық өзгерістер жасаудың, отандық өндірістің жандануының жолы деген қорытындыға келуге болады.
II-ТАРАУ. ТҰК ДАМУШЫ НАРЫҚТАРҒА КІРУІНІҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
2.1. ТҰк дамуының Әлемік тӘжірИбе ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ Қазақстанның ұлттық экономикасы
Тікелей шетел инвесторларының ірі ТҰК-экспортерлар түріндегі ТМД елдеріне деген қызығушылығын Қазақстан Республикасын мысалға ала отырып қарастырайық. Қазақстан Республикасының нарығына төмендегідей салмақты ТҰК АҚШ –тан [25, Б. 38-45] келді: AES – АҚШ-тың ең үздік 50 «мультинационалдарының» тізіміне (әйгілі «General Electric» кейін) кіретін жеке электроэнергия өндіруші және көптеген біріккен кәсіпкерліктердегі негізгі акционер тұрғысындағы жылдық айналымы 4 млрд. АҚШ долларын құрайтын «Access Industries». Екі жағдайда да тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін бірігу формасында емес, қабылдау формасында жүзеге асты. Бұл біріккен және қабылданған кооперанттардың «салмақ көрсеткіштеріндегі» айырмашылық туралы айтады. Кез келген дамыған ТҰК бағытталған ұлттық экономика тікелей шетел инвестицияларының ірі импортеры да, ірі экспортеры да болып табылады, сондықтан оның кез келген субъектісі қабылдаған, қабылданған және біріккен кооперанттың рөлінде бола алады. Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының ТҰК төменгі деңгейі мұндай экономикаға тікелей шетел инвестицияларын эспорттаумен салыстырғанда тікелей шетел инвестицияларының импорттау мүмкіндіктерін арттырады, сондықтан оның субъектілері жиі қабылдау (немесе бірігу) объектілеріне айналаса, өздері мүлде «қабылдаушы» рөлін орындамайды. Мәселен, 90-шы жылдардың аяғында Екібастұз ГРЭС-1 қабылдау үшін американдық электроэнергетикалық корпорация AES 90 млн. АҚШ долларын жұмсаған. Нәтижесінде Қазақстанда біршама несиелік қарызы, жалақы бойынша қарызы, құрал-жабдықтарының техникалық жағдайы нашар бұрынғы станцияның орнында Қазақстан қауымына жаңа ұйымдастыру мәдениетін әкелген AES Екібастұз атты кәсіпорын құрылды.
Бұл тұрғыда AES Екібастұз ТҰК-ұйымдастырушыға тән компанияның тапқырлылығымен ерекшелінетін қызметті қалай ұйымдастыру керек екенін көрсетті. Осы кәсіпорынның ақпарат қызметінің [52, Б. 38-42] айтуы бойынша AES Екібастұз интеллектуалды компания: оған инвестицияланған 90 млн.АҚШ долларының біршама бөлігі халықаралық компаниялардың жетекші мамандарымен өткізілетін жұмыскерлерді оқытуға жұмсалған, нәтижесінде компания екі жаңа базалық лаборатория сатып алған, 1999-шы жылы AES бизнесіне оқытудың Орталығы ашылған, оның мұғалімдері АҚШ пен Ұлыбританиядағы AES түрлі ТҰК станцияларында оқудан және конкурстық негізде өткен AES Екібастұздің жұмыскерлері болған. ТҰК менеджментіне тән және Достастық мемлекеттерінің көпшілігі сескенетін AES Екібастұзда болған бұл жағдай «жоғары маманданған жұмыскерлердің кетуінің» («өз» мемлекетінің территориясында, алайда қабылданған кәсіпорынның «шетел территориясына) кішкентай моделі болып саналады. Үндістандағы 1990-шы жылдардың басында мемлекеттің тікелей шетел инвестицияларына көшуде (ТҰК бағытталған экономиканы құруда) жоғары маманданған жұмыскерлердің шетелге кетуі (интеллектуалды мүмкіндіктің экспорты) экспорттық-бағытталған, яғни дамыған ұлттық экономиканың қалыптасуының міндетті алғашқы сатысы болды.
Зерттеушілердің байқауы бойынша осыған байланысты бағдарламашылардың әлемдік элитасының көпшілігі Үндістан елінен шыққандар: Силикон шығанағында бүгінгі таңда 300 мың үндістандықатр жұмыс жасайды, олардың 5 мыңы миллионерлер болса, 7% телекоммуникациялық компанияларды басқарады. Силикон аңғарында Үндістаннан шыққан азаматтар 774 компания ашқан, ал олардың ішіндегі 15 компанияның айналымы 100 млн. – 1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ең бастысы осы интеллектуалдық диаспора өз отанындағы жоғары технологиялық өндіріс пен білім беру саласының дамуын да қолдайды. Мәселен, Қытай реформаларының басында ең алдымен АҚШ тәрізді дамыған елдерден келетін тікелей шетел инвестицияларының келімін Қытай экономикасы үшін аша отырып АҚШ-ғы Қытай диаспорасы (хуацяо) сәтті бизнес жасап отыр12:
— бизнес және қамтамасыз ететін серіктестері (арасында ЖШС «Богатырь Аксес Көмір», ЖШС «Разрез «Северный», ЖШС «Разрез «Восточный» сияқты қамтамасыз ететін серіктестер) және бәсекелес серіктестері (Ақсу ГРЭС эәне Екібастұз ГРЭС-2) үшін жүйені кеңейтетін әлеуметтік-адаптивті компания;
— жұмыскерлерінің түрлі мәдениет, дәстүр және тәртіптермен тікелей танысу тәжірбиесі негізінде AES мәдени-толерантты стратегиямен таныстыру мақсаттарында өз қызметкерлері үшін жылына екі рет конференция өткізетін коммуникациялық компания, AES Екібастұз жұмыскерлерінің көпшілігі АҚШ, Аргентина, Бразилия, Венгрия және т.б. әлемнің түрлі мемлекеттерінде (AES ТҰК станциялары бар мемлекеттерде) өткен ұқсас конференцияларға қатысты, 1998-ші жылы мұндай халықаралық конференция шетел қонақтарының (бұрынғы кеңес мемлекеттерінде, Түркия, Қытай, Венгрия, Пәкістанда орналасқан AES ТҰК станцияларының жұмыскерлері үшін) Қазақстан мәдениетімен танысу мақсатында алғаш рет Алматыда ұйымдастырылды;
— әрбір қызметкердің бизнес-шешім қабылдау процесіне (сонымен бірге бұл қызметкерлерді оқытудағы стратегия – шешім қабылдауға қажет анализ процесі оқытады) қатысатын федеративті құрылым, AES ТҰК дәстүрі бойынша барлық шешімдер Арлингтонда (ТҰК штаб-квартирасы орналасқан) емес, «орналасқан орындарда» — станцияларда, соның ішінде AES Екібастұзда қабылданады;
— кооперанттар мен мемлекеттердің стратегиялық табысы болып табылатын тиімді ұлттық нарықтарда қабылдау, біріктіру, халықаралық шаруашылық кооперациясының басқа да түрлерін жүзеге асыра алатын елдерден келетін импортқа ТМД экономикаларының тікелей шетел инвестицияларына ашылуы;
________
12 Астапович А. Иностранные инвестиции в России. Отдельные факты и
тенденции. -М., 1995.
— бұл механизмдердің әртүрлі мемлекеттердегі тиімділік дәрежесі әртүрлі. Оларды қалыптастыру процесі Достастық елдерінің біреуінде де аяқталмаған. [7, Б. 123].
Осындай баға берулермен келісетін Қазақстанның ғалымдары интеграциялық процестерді шапшаңдатудың әртүрлі нұсқаларын ұсынады, мәселен, ұлттық капиталдың ұлттық нарықтарға шығуы және әлемдік экономикалық кеңістікпен танысуда ұлттық кәсіпкерлікті саяси қолдау үшін жағымды халықаралық климат қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдау [12, Б. 95-107].
Басты тапсырма – Қазақстанның ұлттық мүдделерін есепке ала отырып, әлемдік тәжірибені қолдану және ТҰК-жүйелерін тиімді басқару. Қазақстан экономикасының стратегиялық тапсырмасын жүзеге асыру үшін ескі, «кешегі» салалық құрылымды өндіретін салаларға (және ауылшаруашылық) қарағанда өңдейтін және қызмет көрсету саларының (ең алдымен ақпараттық-технологиялық) дамуын көздейтін бағыттармен сәйкестендіру және ең алдымен осындай қайта құрылыс процесінің инвестиция мәселесін шешіп алған дұрыс.
Сондықтан қазақстандық сарапшылар 1990-шы жылдардағы өтпелі кезеңдегі терең ұлттық экономикалық тоқыраудан кейінгі 2003-2005 жылдардағы Қазақстан Республикасы экономикасының күрт өсуі тұрғысындағы жеңіс сезімімен қанағаттанбау керек деп ескертеді [17, Б. 29-50]. Бұл ескерту Қазақстан Республикасының экономикасына стратегиялық инвестициялаудың жағдайлары жасалмағандықтан өсімнің тұрақсыз болатындығын білдіреді.
Бұл мәселенің шешілмеуінің басты себебі Қазақтан экономикасының шикізаттық болып қалуында, ал XXI ғасырдың әлемдік экономикасының артықшылықтарына бағытталған ірі инвесторлардың Қазақстанды арзан шикізат көзінен басқа пайдаланудан ұзақ мерзімді қызығушылықтары болмайды. Шетел үлесі бар жүзеге асып жатқан инвестициялар 40 млрд.АҚШ долларына бағалануда. Қазақстан экономикасына инвестицияның көп бөлігін «Шеврон», «Бритиш Газ», «Аджип», «Сумитомо корпорейшн», «Эльф Акитен», «БМВ», «Туркие Проллери», «Оман Ойл Компани», «Джапан Петролеум Эксплорейшн» сияқты әйгілі ТҰК енгізді. Аталған шетел корпорациялары республикадағы басты өндірушілер болып саналады.
Бүгінгі таңда АҚ «Шымкентмұнайоргсинтез» 90%-ы — «Витол Мұнай» (Швейцария) фирмасына, АҚ «Южнефтегаз» 90%-ы — «Харрикейн Құмкөл Лтд» (Канада) фирмасына, АҚ «Ақтөбемұнайгаз» 60%-ы — Қытай ұлттық мұнай газ корпорациясына, АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» 60%-ы — «ЦентральАзия ЛТД Петрол» Индонезия компаниясына, АҚ «Қаражанбасмұнайгаз» 95%-ы — «Тринтон» (Канада) фирмасына сатылды. Павлодар мұнай өңдеу зауыты CCL (Ресей-Швейцария) фирмасының бақылауына берілді. Сарапшылардың бағасы бойынша республиканың өндірістік потенциалының (негізінен қара және түрлі-түсті металлургия, жанар-жағар май және энергетикалық комплекс, көмір және химиялық өндіріс) 80%-ы шетел инвесторларының қолында, бұл мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне, әрине, үрей төндіреді [41, Б. 101-102].
Қазақстанға ТҰК түрінде келген инвесторлардың барлығы Қазақстанның шикізат салаларымен ғана айналысады. Қазақстанға келген осындай ТҰК жүргізетін саясатының нәтижесінде Қазақстан жақын болашақта аграрлық-шикізат саласында мамандандырылатын үшінші әлем мемлекеттеріне тән елге айналып, осындай қалыпта белгісіз мерзімге дейін қалуы ықтимал. Шикізатқа бағытталған салалық құрылым сияқты Қазақстан экономикасының стратегиялық мәселесін шешу үшін оны өндіру мен ауылшаруашылық салалармен салыстырғанда өңдеу және қызмет көрсету салаларының (ең алдымен ақпараттық-технологиялық салалар) дамуын көздейтін артықшылықтарға қарай сәйкестендіру және осындай қайта құрылымға инвестиция жасау мәселелерін шешіп алу қажет. Өңдеу салаларына бүгін де, ертең де келмейтін шетел инвестицияларының салымдарын күтпей ақ, толықтай алғанда корпоративтік құрылымы бар қазіргі экономиканы және жекелей алғанда қаржы-өндірістік топтар құрылымына негізделген макроэкономикалық құрылымды күшейткен жөн, олар болашақта халықаралық және АҚШ, Жапония, Германия сияқты дамыған экономикалар талаптарына жауап беретін, Қазақстанда орналасқан ТҰК құрудың ортасы бола алады.
Ірі корпорациялар мен кәсіпорындардың экономикалық қызметін трансұлттау ұлттық капиталдың әлемдік экономикаға тиімді қатысуының маңызды әрі қажет шарты. Өзіміз білетіндей, әлемнің көптеген елдерінің ұлттық стратегиясының даму тұрғысындағы халықаралық басып алу процесі жүзеге асудан бұрын болады. Сондықтан, Қазақстан экономикасының тоқыраушылық жағдайына қарамастан елдің мемлекеттік ішкі саясатының бөлігі ретіндегі Қазақстан капиталының әлемдік нарыққа шығуының ғылыми-негізделген стратегиясын қазір зерртеу маңызды.
Алға қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін ұлттық капиталдың әлемдік нарыққа шығуы үшін жағымды халықаралық климат қалыптастыруға бағытталған шаралар комплексін өткізу керек, оның жетістігі ең алдымен мемлекеттің халықаралық әлемдегі орнына және әлемдік экономикалық кеңістікпен танысудағы ұлттық кәсіпкерлікті қолдаудың саясатына тәуелді болады.
Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша ТҰК дамуының қазіргі заңдылықтары:
- капиталды шоғырландыру (бөлу және біріктіру, стратегиялық альянстарды құру);
- қызметті ғаламдандыру (тауарлар мен қызмет көрсету жүйесін тарату, ең тиімді шетел нарықтарында бөлімшелер ашу);
- капиталдың халықаралықтануы (трансұлттық компаниялардың артуы, шығатын мемлекетіне қарамастан ең арзан инвестицияларды тарту);
- өндірістік және қаржылық капиталың интеграциясы;
- қызмет түрлері мен бағыттарының өзгеруі;
- компания активтерін қорғау;
- төлем құралдары мен аймақтарының жаңа түрлерін құру мен басқаруда жаңа ақпарат технологияларын қолдану;
- ұлттық нарықтарды тәртіпке келтіретін халықаралық стандарттар талаптарын есепке алу13.
Қазақстан экономикасының корпоративтік дамуының жағдайы күрделі сипатқа ие. Бұл құқықтық негіздің, қаржы-экономикалық жағдайда, қаржы жүйесінің әлсіз дамуында айқын көрінеді. Сондықтан Қазақстанның корпоративтік құрылымдарын шетелдік корпорациялармен шынайы салыстыру мүмкін емес. Оған қоса бұған ақпараттың жалпы жеткіліксіздігі мен отандық құрылымдардың ақиқат болмауы кедергі келтіреді.
Әлемдік экономика үздіктерімен бір деңгейдегі Қазақстанның қаржы-өндірістік топтары бірнеше және әдеттегідей бас кәсіпорыны Ресейде.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардан төмендегідей қорытынды жасауға болады:
- Қазақстанның корпоративтік дамуының ұлттық моделі қалыптасу сатысында, ол кеңес кәсіпорнының өндірістік-технологиялық генетикалық негіздері мен әртүрлі нарықтық ұйымдастыру-құқықтық және институтционалдық элементтерден (германиялық, американдық және жапониялық) тұрады.
- Қазақстандық компаниялар экономикалық өсімнің төменгі сапасымен, кәсіпорындардың қайта құрылу стагнациясымен, тұрақты менеджмент проблемаларымен танысумен сипатталады (жоғарыда айтылғандай Қазақстандық корпоративтік құрылымдар мен шетел корпорацияларын нақты салыстыру мүмкін емес).
Үшінші әлемнің көптеген мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстан өндірістің шоғырландыру деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленсе де, өз экономикасын қаржы-өндіріс базасына, кейіннен ТҰК базасына көшірудегі ең алғашқы сатыда тұр.
Республикада ірі қаржы-өндіріс топтарын құруға деген талпыныс үкімет ұйымдары тарапынан ұлттық экономиканы дамытудағы оның мәнін түсінбеуден сәтті болмай жатыр.
Енді қалыптасып жатқан Қазақстандық біріктірілген корпоративтік құрылымдарға мемлекет тарапынан болатын қолдау мен шетел қаржы-өндіріс топтары мен ТҰК тәжірибелеріне сүйене отырып корпоративтік құрылым мен оны басқаратын жүйе қалыптастырған жөн. Жанар-жағар май және энергетикалық комплекс, металлургия, химиялық өндіріс және машина жасау салаларында ірі корпорациялар ұйымдастыру сала аралық және шаруашылық аралық қарым-қатынастарды бекітуге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, республика аумақтарындағы кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне, өнім өндіру өсіміне, оның пайдалылығын арттыруға көмек етеді.
2.2. ТҰК Қазақстан нарығына шығуының стратегиялары
Қазақстанның ұлттық байлығының қазіргі құрылымында меншіктің басым түрі болып жеке меншік табылады. Мемлекет меншігінің үлесі 18,8% құрайды (Кесте 3).
Кесте 3. Меншік түрлері бойынша Қазақстан Республикасының негізгі құралдары, жыл аяғында
|
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
|
млрд. тенге |
пайызбен шаққанда |
||||||
Барлық негізгі құралдар |
2717,2 |
2879,7 |
3401,8 |
4004,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
Мемлекеттік |
657,3 |
727,2 |
642,3 |
754,5 |
24,2 |
25,3 |
18,9 |
18,8 |
Жеке меншік |
1801,2 |
1866,4 |
2485,5 |
2870,9 |
66,3 |
64,8 |
73,1 |
71,7 |
Шетелдік |
258,7 |
286,1 |
274 |
378,6 |
9,5 |
9,9 |
8Д |
9,5 |
Ескерту — [49, б.57] мәліметтері бойынша есептелді
Бұл құрылым негізінен мемлекетке қарасты жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге арналған әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы объектілерді көрсетеді. Өндіріс саласында мемлекет үлесі тым төмен және төмендей түсуде. Өткізілген шаралар нәтижесінде өндіріс құрылымы бүгінгі таңда төмендегідей (Кесте 4).
Кестеден көретініміздей, өндірістегі кәсіпкерлік өндірісті 2% өндірістік өніммен қамтамасыз етеді, ал басқа мемлекеттер мен шетел заңды тұлғаларының үлесіне 15% келеді.
Кесте 4. Өндіріс меншігінің түрлері бойынша өнім өндірісінің мөлшері мен құрылымы
|
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Меншіктің барлық түрлері бойынша |
1049,4 |
1676,0 |
1868,7 |
2031,3 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Мемлекеттік меншік |
33,9 |
40,4 |
49,3 |
47,1 |
3,2 |
2,4 |
2,6 |
2,3 |
Жеке меншік |
870,2 |
1399,5 |
1568,3 |
1680,6 |
82,9 |
83,5 |
83,9 |
82,7 |
Азаматтар меншігі |
1,5 |
17,4 |
14,3 |
— |
0,1 |
1,0 |
0,8 |
— |
Мемлекет және шетел үлесі жоқ мем.емес заңды тұлғалардың меншігі |
263,1 |
293,7 |
356,6 |
287,7 |
25,1 |
17,5 |
19,1 |
14,2 |
Мемлекет үлесі бар мем.емес заңды тұлғалардың меншігі
|
205,5 |
347,3 |
370,8 |
445,9 |
19,6 |
20,7 |
19,8 |
22,0 |
Шетел үлесі бар мем.емес заңды тұлғалардың меншігі |
400,1 |
740,9 |
826,7 |
947,0 |
38,1 |
44,2 |
44,2 |
46,6 |
Қоғамдық ұйымдар меншігі |
0,081 |
0,096 |
0,013 |
|
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Басқа мемлекеттер меншігі |
145,2 |
236,2 |
251,1 |
303,6 |
13,8 |
14,1 |
13,4 |
14,9 |
Ескерту — [49, б.87] мәліметтері бойынша құрастырылды
Шетел капиталы қатысуымен болатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігін есепке алатын болсақ шетел меншігінің үлесі 61% құрайды. Мемлекеттегі өндіріс өнімінің 50% астамы шетел капиталы көмегімен өндірілетіндігі ұлттық экономиканың шетел капиталына, ең алдымен ТҰК қызметіне тәуелді болатындығын көрсетеді.
Сарапшылардың бағасы бойынша республиканың өндіріс потенциалының 80% астамы (негізінен қара және түрлі-түсті металлургия, жанар-жағар май және энергетикалық комплекс, химиялық өндіріс) қазір шетел инвесторларының қолында, бұл әрине мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне айқын қауір төндіреді.
Әлемдік экономикадағы мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің рөлі жоғары. Еуропа қауымдастығында олардың үлесіне 12,5% жаңадан құрылған меншіктің, негізгі қорларға келетін 20% жалпы капитал салымдары келеді. Олар энергетикалық және қаржы салаларында басым келеді [7, Б.49].
Өндіруші саладағы түрлі меншікті кәсіпорындардың қаржы нәтижелерін қарастыратын болсақ төмендегідей қорытынды шығады (Кесте 5).
Кесте 5. Өндірістегі меншік түрі бойынша кіріс пен шығыстың үлестірілуі
|
Барлығы |
Меншік түрі бойынша: |
||
Мем-тік |
Жеке |
Шетел |
||
Барлығы |
513044 |
1489 |
441294 |
69261 |
Тау-кен өндірісі кәсіпорындары алған кіріс (шығыс), млн. тенге |
290376 |
|
276912 |
13464 |
Кәсіпорындар саны |
1062 |
4 |
1008 |
50 |
Орта кіріс, млн. тенге |
273,4 |
|
274,7 |
269,3 |
Өңдеу өндірістері кәсіпорындары алған кіріс (шығыс), млн. тенге |
124321 |
350 |
88516 |
37455 |
Кәсіпорындар саны |
15163 |
378 |
14203 |
582 |
Орта кіріс, млн. тенге |
8,20 |
0,93 |
6,23 |
64,36 |
Электроэнергия, газ және су өндірісі мен бөлінісі саласында алынған кіріс (шығыс) |
-13610 |
-1805 |
-7617 |
-4188 |
Кәсіпорындар саны |
1569 |
347 |
,1202 |
20 |
Орта кіріс, млн. тенге |
-8,67 |
-5,20 |
-6,34 |
-209,40 |
Ескерту — [49, б. 198, 390] мәліметтері бойынша саналды
Өндірістегі кәсіпорындардың саны мен көлемдерін салыстыратын болсақ, олар да мемлекеттік кәсіпорындардың үлесіне келмейді. Мәселен, 1062 тау-кен өндірісі кәсіпорындарының 3 ғана мемлекеттік, соның ішінде 3 кіші және 1 орта кәсіпорын, ал 100% шетел капиталына жататын 100 кәсіпорын қызмет жасайды, олардың 7 ірі болса, шетел қатысы бар 118 кәсіпорынның 18 ірі болып саналады [5, Б.198].
Тау-кен өндірісіндегі шетел меншігіндегі кәсіпорындармен салыстырғанда жеке меншік түріндегі кәсіпорындардың орта деңгейлік табысы жоғарырақ.
Кесте мәліметтерінен көретініміздей, энергетикалық сектор (электроэнергия, газ және суды өндіру және бөлу) үшін шетел компанияларының қызметі мемлекеттік және жеке салалармен салыстырғанда нашар нәтиже берген. Сондықтан шетел капиталы тек қана тиімі деген белгілі бір ғана тұжырымда болған дұрыс емес.
Мысалы, әлемнің 25 мемлекетінің газ және электроэнергия салаларында ірі жобаларды жүзеге асыратын энергетикалық саладағы стратегиялық серіктес Холдингтік топ Трактебельмен біріге жұмыс жасағанда Қазақстан бірқатар проблемаларға соқтықты. Трактебель Бельгия өндірісінің озығы, топқа капиталының жалпы айналымы 10 млрд. АҚШ долларына жететін 140 астам бөлімшелер кіреді.
Қазақстанға Трактебель 1995 жылы келіп, электроэнергетикалық кәсіпорындарды қолдану жөнінде келісімерге қол қойды.
Қазақстан нарығына шығудың стратегиясы Қазақстан Республикасының энергетикалық саласындағы ірі компаниялар акцияларының бақылау акция пакеттерін сатып алу арқылы шығу болды. Үкімет компания сұранысын қанағаттандырды, нәтижесінде ТҰК қолында энергетика саласындағы стратегиялық объектілер болды. Алайда, күтілген табыстың орнына сала үлкен шығын әкеле бастады, баға өсіп, халықтың сала өнімін қолданудың көрсеткіштері төмендеп кетті. 1997 жылы компания «Орта Азия – Орталық» және «Бұқара-Ташкент-Бішкек-Алматы» екі магистралы газ құбырын қолдануға 20 жылдық рұқсат алды. Келісім шарттары бойынша Трактебель құбырларды жаңартуға 600 млн.АҚШ долларын инвестициялауға, 30 млн. АҚШ доллары көлеміндегі біртекті үкімет бонусын, өндірілетін газ бағасының 2%, газ құбырын қолданғаны үшін пайдасының 10%-40 % төлеуге міндет алды. Осы кезеңде табиғи газ бағасы өсті. Газ құбырын пайдалануға беру кезеңінде Қазақстанда концессия заңы болмады, монополияға қарсы реттеу жүргізудің құралдары болмағандықтан тарифтер көтеріліп кетті. 2000-шы жылы мемлекеттік газ тасымалдаушы компания «ҚазТрансГаз» 100 млн. АҚШ долларына «АлматыПауэр Консолидэйтед» компаниясының бақылау пакет акцияларын және «Интергаз-Центральная Азия» компаниясының 100% акцияларын сатып алды [32]. Алайда сатып алушы компания келісімнің шарттарын орындаған жоқ, газ тасымалданғаны үшін төлемдер төленбеді, ал салық органдары тиісті төлемдерді ала алмады.
Келісім шарттарының орындалмауына байланысты мемлекеттің де қатысуына қарамастан бұл жағдай Қазақстан экономикасының макроэкономикалық, салалық көрсеткіштеріне теріс ықпал тигізіп, нарық жағдайын өзгертті және басқа салалар, энергияны тұтынушылар мен елдегі бағалардың жалпы деңгейін де қамтып өтті.
Шетел қатысуымен болған жағымсыз нәтижелерден кейін мұнай газ секторында мемлекеттің мүдделерін қорғай алатын бірқатар заң құжаттарының пайда болу қажеттілігі туды. Олардың ішінде магистралды мұнай құбырлары мен газ құбырларын қамтитын «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекет меншігі объектілерінің тізімі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
Қазақстандағы трансұлттық корпорациялардың нарыққа кіруі мен ықпал етуінің артуы бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Біріншіден, мемлекет арқылы құрылған, кейіннен жеке жобалар бойынша жекешелендірілген акционерлік компаниялардың көмегімен. Бұл бағыт бойынша қара және түрлі-түсті металлургия кәсіпорындары құрылды (Кесте 6).
Кесте 6. Қазақстандағы ТҰК негізгі түрлері
Корпорация түрі
|
Корпорациялар |
Ұлттық және мемлекеттік компаниялар
|
«Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы, мұнай тасымалдаушы ұлттық компания «ҚазТрансОйл», Ұлттық атом компаниясы «Қазатомпром», Ұлттық компания «Шелковый путь-Казахстан», АҚ «КЕГОК», АҚ «Тоспродкорпорация», АҚ «Қазақстан темір жолы», ұлттық әуе тасымалдаушы «Air Kazakhstan», АҚ «Қазахтелеком», АҚ «Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкі», Ұлттық орталықтар, Ғылыми академиялар |
Мемлекет арқылы құрылған және жеке жобалар бойынша жекешелендірілген акционерлік компаниялар
|
АҚ «Испат-Кармет», АҚ «Қазақмыс корпорациясы», АҚ «Қазцинк», АҚ «Алюминий Казахстана», АҚ «Өскемен титан-магний комбинаты», АҚ «Маңғистаумұнайгаз», АҚ «Ақтөбемұнайгаз», АҚ «ТҰК «Қазхром» , АҚ «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі», АҚ «ШНОС», АҚ «Шығыс Қазақстан мыс-химиялық комбинаты», АҚ «Борлы» |
Нарықтық өзіндік ұйымдастыру тәсілдерімен құрылған жеке корпорациялар |
АО «Казкоммерцбанк», АО «КазахстанКаспийшельф», АО Туран Алем Банк», АО «Темiрбанк», АО «Нефтебанк», АО «Банк Каспийский», АО «Нефтехимбанк» |
ТҰК қазақстандық бөлімшелері
|
АҚ «Теңізшевройл» (Chevron), АҚ «ҚазахстанКаспийшельф» және АҚ «ОКЮС» (Agip, BG, BP/Statoil, Mobil, Shell, Total, INPEKS, Philips, ЛУКойл), АҚ «PetroKazakhstan» (Harricein), АҚ «Испат-Кармет» (LNM Group), АҚ «Алюминий Казахстана» және АҚ «ТҰК Қазхром» (Trans World Group), АҚ «Казахмыс корпорациясы» (Samsung), АҚ «Қазцинк» (Glencore International AG), АҚ «Алматы темекі фабрикасы» (Philip Morris), АҚ «Coca Cola Almaty Bottlers» (Coca Cola), АҚ «Альфа-Банк Казахстан» (Альфа-групп), «Аэрофин», «Интеррос» |
ТҰК Қазақстандағы өкілеттіліктері |
ABB Ltd (электротехникалық құрал-жабдық), ACTARIS (су, газ, жылу есептейтін құрал), Alstom Holding (энергетика, транспорт), Global recruitment (мамандар таңдау), Global Securities (брокерлік қызмет), PGS Onshore (мұнай іздеу және геофизикалық қызмет), Shell Kazakhstan Development В. V. (мұнай операциялары), Robertson&Blums Corporaition (бағдарламалық қамтамасыз ету) |
Ескерту – [49] мәлімет көзінен алынды
Жекешелендіру процесіне ірі ТҰК белсенді түрде қатысты. Қазақстан үкіметінің шетел компаниялары мен олардың ірі кәсіпорындардың жекешелендіруіне көптеп қатысуындағы оң қатынасының басты себебі қаржыландырудың жеткілікті ішкі көздерінің болмауы және отандық техниканың әлсіздігі. 1994-1997 жылдар ірі өндірістік корпорацияларды шетел басқаруына қарқынды өтуінің кезеңі болды. Жалпы мөлшермен алғанда осы кезеңде шетел басқаруына 45 ірі кәсіпорын берілді. Бүгінгі таңда республикада негізгі мұнай өндірушілер де шетелдік компаниялар. Шетел инвесторларына АҚ «ШНОС» акцияларының 90%, АҚ «Южнефтегаз» акцияларының 90%, АҚ «Ақтөбемұнайгаз» акцияларының 60%, АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» акцияларының 60% сатылып, АҚ «Қаражанбасмұнай» акцияларының 95% Павлодар мұнай өңдеу зауытының қарамағына көшті.
Мұнай жобаларының бірқатары бойынша қосылған құн салығының нөлдік көрсеткішімен бастайтын арнайы жеңілдетілген налық жүйесі қарастырылып, ОКИОК атты жаңа оффшорлық компания құрылды. Елдегі ірі трансұлттық компаниялар үшін либералды шаруашылық жүйесі құрылса, енді ғана дамып келе жатқан отандық бизнестің аталғандай артықшылықтары болмады. Ірі отандық корпоративті құрылымдар банктік салада құрылды, алайда мұның өзі негізінен экономиканың нақты секторындағы ресурстардың қайта бөлінуі есебінен жүзеге асырылды.
Негізінен шетел капиталы есебінен болатын экономика секторларындағы бәсеке сипатын да еске ала кеткен жөн. өзіміз білетіндей, ТҰК капитал шоғырлануы өсімінің өнімі болып табылады, ал бұл процестің нәтижесі монополизмге әкеледі. Бастапқыда ТҰК монополдік құрылымдар ретінде құрылды. ТҰК салалық бөлінісін есепке ала отырып – Қазақстанда бұл шикізат және металлургия секторлары Қазақстан нарығындағы ТҰК монополділік орны туралы айтуға болады. Социализм кезеңінде мемлекет арқылы құрылған Қазақстандағы нарықтық өзгерістердің моделі монополизмнің алдын алатын маңызды бағыт ретінде саналады деп ойлаған. Қазақстандікі сияқты өтпелі экономика мемлекет емес, шаруашылық қарым-қатынастарының консервациясы мен жеңілдіктер мен артықшылар алу мақсатында үкімет органдарына қысым келтіретін жеке шетел капиталы тарапынан келетін монополия деңгейінің артуы қаупін тудырады [36, Б. 177]
ТҰК ұлттық экономикаға саладағы өзінің озық орнын пайдалану арқылы нарықтағы өндірілетін өнімнің баға деңгейіне және қызмет көрсетудердің басқа да шарттарына ықпал етеді. Қазіргі шарттарда ТҰК арқылы ұсынылатын өндіріс салаларындағы экономикалық биліктің шоғырлану деңгейі жоғары.
ТҰК Қазақстан экономикасына ықпал етуі оның сұраныс пен ұсыныс көрсеткіштеріне әсер етуінен көрінеді. Бұл ТҰК арқылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың орындалуына қажет технологиялық құрал-жабдықпен қамтамасыз еткенде көрінеді. Мұнай операцияларын жүргізу үшін ТҰК арқылы қамтамасыз етілетін арнайы жабдық қажет. ТҰК қызметінің түрлі сипатын есепке ала отырып, олардың аналық компанияның және басқа мемлекеттерде орналасқан өз бөлімшелерінің өнімі үшін белгілі бір нарық қалыптастырады.
Ереже бойынша, ТҰК Қазақстандағы инвестициялық мұнай жобаларының шеңберінде жинақ құрал-жабдық пен инвентармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Алайда ТҰК жеке аралық операциялар мен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар жергілікті компаниялармен серіктестік қарым-қатынас құруды жоспарамайды, сол себепті импорт тарапынан ішкі нарыққа қысым келтіреді. ТҰК мұндай мінезі технологияны беру кезіндегі әдет-ғұрып кодексіне қарама-қайшы келеді және шектеулі іскерлік практика деп сарапталады. Технологиямен қамтамасыз етудің әлемдік тәжірбиедегі шарттарына сәйкес экономикалық жағынан күшті қатысушыдан технологияны беру кезінде ұлттық құрылым мен технологияны жинақтау, қамтамасыз етудің байланысты шарттарына тыйым салу жөнінде талап қоюға болады. Қазақстанда, керісінше, мұнай газ секторындағы жеке жобаларды жүзеге асыру үшін құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге қосымша салық жеңілдіктері, соның ішінде кеден және құнға қосылатын салық төлемдерінің нөлдік көрсеткіштері енгізілген. Кейбір ақпарат бойынша ірі кәсіпорын монополистердің салық ауырлығын төмендететін көп құралдары бар. Өндіріс кәсіпорындарының салық ауырлығының 20-21% орташа көрсеткішіндегі бұл сан Еуразиялық банк кәсіпорындары топтарында 8%, ортақ серіктестік «Теңізде» 3%, «Қазақмыс» корпорациясында 15%, «Қазцинкте» 10%, «Испат-Карметте» 3% болған [35, Б.3]
Отандық нарыққа шығудың стратегиясы мен ТҰК болашақ қызметі қол қойылатын келісімдер шарттарының басымшылығының ТҰК мүдделерін бейнелейтіндігінен көрінеді. Бұл мемлекеттің заң жүзінде қолында болса да, оның ТҰК қызметінің шарттарын күрделене алмайтындығын көрсетеді.
Қазақстандағы трансұлттық капиталдың қызметі экономика құрылымына шешуші әсерін тигізеді. Қазақстандағы экономикалық өсім негізінен мұнай газ саласы дамуының есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда, мемлекеттің технологиялық дамуы үшін маңызды болып табылатын машина жасау саласының жағдайы мәз емес. Табиғи ресурстар өндіретін аймақтардың экономикасы да осы саланың дамуына тәуелді. Шетел капиталының қатысуымен болатын шикізат саласының дамуына тәуелді болып келетін өсу пайда болады, ал ұлттық экономика жеке даму құралдарын жоғалтып, экономикалық жүйе даму тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздікке қатер төндіреді.
Экономикалық жүйенің тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздігіне ықпал ететін сыртқы және ішкі факторларды бөліп көрсетуге болады:
Сыртқы:
- шетел қатысуының кеңінен кіруі (мұнай газ секторында шетел капиталының 60% бар);
- ұлттық экспорттың шикізат саласына бағытталуы;
- отандық өндіріс гиганттарының шетел фирмаларының басқаруына өтудегі жағымды жағдайлар қалыптастырудың жүйесі;
- ұлттық экономиканың халықаралық қаржы ұйымдарының несиелеріне тәуелді болуы;
- шетел инвестицияларының келуіне мүмкіндік бермейтін экспорттық-импорттық операциялардың транспорттық инфрақұрылымының дамымауы.
Ішкі:
— экономиканың құрылымдық бірігуі (өндірістік өндіру құрылымында өңдеу салаларына қарағанда өндіру салаларының басым болуы.
Қазақстан мен ТҰК арасындағы табысты дұрыс бөлуді қамтамасыз ететін тиімді жүйені жетілдіруде Қазақстанның жағдайы айтарлықтай емес. Өкінішке орай, тек соңғы жылдары ғана трансұлттық компаниялардың оларды қабылдаушы мемлекеттердегі жауапкершілігін қалай арттыру керек екендігіне көңіл аударылып жүр.
ТҰК ықпал етуі ресурстарды өндіру аймақтарындағы экологиялық салмақтың күшейтілуінен де көрініп жүр. Табиғи ресурстарды қарқынды түрде өңдеу, өндіру кәсіпорындарындағы еңбек шарттары, шикізат өндіруші және металлургиялық кәсіпорындар тарапынан болатын қалдықтар ауру өсуінің басты факторлары болып есептеледі. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы мен Халықаралық еңбек ұйымы түберклезбен ауыру мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізді, оның ішінде түберкүлезбен ауырудың 5 факторы бөліп көрсетіледі. Осы факторлардың арасында бірінші орында мұнай және газ өндіру саласы тұр. Емдеуі қымбат болып есептелетін осы қауіпті жұқпалы аурудың соңғы жылдардағы өсуі осы аймақтарда байқалған. Республика бойынша ауру деңгейі 10 мың халыққа шаққанда 15 адам болса, Ақтөбе облысында – 24 адам, Атырау облысында – 18 адам, Батыс Қазақстан облысында – 18 адам, Қызылорда облысында – 30 адам, Маңғыстау облысында – 25 адам осы дертке шалдыққан1.
Қазақстандағы ТҰК қызметінің ықпалы бірнеше бағыттарда көрінеді:
— ТҰК шикізат бағытын өсіруге қатысты Қазақстан экономикасында құрылымдық диспропорциялардың күрделенуіне шешуші әсерін тигізеді;
— қызметінің экспорттық бағыты отандық кәсіпорындарды одан әрі өңдеуге қажет шикізаттан тыс қалдырады, бұл өңдеу саласының тежелуіне әкеп соғады;
— ТҰК төмендеп бара жатқан отандық өндірістің орнын басатын импорттық өнімге арналған нарық құрады;
— меншікті қалыптастыруда шетел саласының өсуі мен мемлекеттік саланың төмендеуіне қатысты құрылымдық өзгерістер болады;
______
1 Кулешова Н. Новое об иностранных инвестициях в Законодательстве Казахстана // Внешнеэкономическая деятельность Казахстана. — 2005. -№
ТҰК Қазақстан экономикасына әкелген оң нәтижелері деп экономикаға келетін инвестиция мөлшерінің өсуін, еңбек төлемі деңгейі жоғары жұмыс орындарының ашылуын, бизнесті басқару саласында жаңа технологияларды қолдануын атап айтуға болады.
III-ТАРАУ. ТҰК-Ң ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ПРОБЛЕМАМАЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Озық ТҰК Қазақстан нарығын басып алуына отандық кәсіпорындар қарсы тұра алмады, әлемдік нарықтарды бақылайтын шетел ТҰК оларды өзінің тауарлар мен қызмет көрсету нарықтарынан кетіп, экономикалық ықпалынан айыруға мәжбүр етті.
Халықаралық тәжірбиенің көрсетуі бойынша мемлекеттің экономикалық тиімді қарым-қатынастары мен интеграциялық процестерді нығайтудың басты факторы трансұлттық корпорациялар (ТҰК), қаржы-өндірістік топтар (ҚӨТ) және басқа да ұқсас құрылымдар ашу. Олар мемлекет қатысатын өндірістік және технологиялық артықшылықтардың ұлғаюына, өзара тауар өсімінің артуына, жалпы және қаржы нарықтарының қалыптасуына, күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі.
Мұндай корпоративті қауымдастықтарда үлкен материалдық және қаржы ресурстары, алдыңғы қатарлы технологиялар шоғырланған, олар экономикадағы тиімді құрылымдық өзгерістер мен халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу динамикасын айқындай алады. Осыған орай трансұлттық компаниялар мен қаржы-өндірістік топтар құру әлемнің барлық аймақтарында қарқынды жүріп жатыр. Мысалы, 70-ші жылдардың орта кезінде әлемде 7 мың ұқсас құрылымдар болса, 1990-шы жылдардың аяғында олардың саны 35-40 мыңға жетіп, Еуропалық Одақта 1200 дейін артқан. Сауда және даму жөніндегі БҰҰ Комиссиясының мағлұматтары бойынша 1990-шы жылдардың аяғында барлық ТҰК ішкі тауар айналымы 6 трлн.АҚШ долларына бағаланған, бұл әлемдік сауда мөлшерінің жартысын құрайды.
Халықаралықтандыру шарттарындағы кез келген мемлекеттің экономикасы әлемдік шаруашылықпен байланысты. Сондықтан ұлттық шеңбердегі экономикалық даму мен ішкі экономикалық байланыстар бір-бірімен тығыз байланысты және сол бір процестің айырылмас бөлігі болып саналады. Дамыған мемлекеттердің көпшілігі өткен тәрізді Қазақстанның ТҰК қалыптастыруда барлық сатыларды өтуге және әлемдік нарықтарды жаулап алатын уақыты жоқ. Сол себепті әлемдік масштабта бәсекеге мүмкіншілігі бар өз халықаралық кәсіорындарын ашу қажет.
Компанияны трансұлттау – экономиканы қайта қалыптастырудағы мәселені шешудің жолы, ал отандық кәсіпорындар әлемнің ірі ТҰК инвестициялық белсенділігінің жинақталған тәжірбиесін қолдана және XXI ғасыр басындағы өндірісті трансұлттандырудың аймақтық, салалық және стратегиялық ерекшеліктерін ескере отырып әлемдік экономикалық кеңістікпен танысулары керек.
Әлемдік экономикада жиырма жылдан астам уақыт жүріп жатқан интеграциялық процестер соңғы жылдары трансшеңберлі сипатқа ие болды және корпоративті бірігулер мен қосылулар нарығы тәрізді ғаламдық нарықтың жаңа сегментін қалыптастырды.
Бизнесті масштабты түрде ірілендіру қажеттілігі екі фактормен байланысты – ірі өндірістік-технологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажет өз қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі және арнаулы нарық сыйымдылығының шектеулілігі. Интеграция компанияларға келесі мәселелерді шешу арқылы нарықта белгілі бір орынға жетіп, оны сақтауда мүмкіндік береді:
- Синергетикалық нәтиже мен қызметтің өзгерісіне қол жеткізу үшін интеллектуалды, технологиялық, қаржы және маркетингтік сияқты ресурстардың бірігуі;
- Жоғары деңгейдегі экономика мен бизнес табыстылығын арттыру мақсатындағы ғылыми-зерртеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ), технологиялық процесті, корпоративтік басқаруды ұйымдастыру, тауарды нарыққа шығару мен қолдаудаға кететін шығындар мөлшерін төмендету;
- Арнаулы нарықтарға кепілді түрінде шығу үшін бағытталатын коммерциялық тәуекелдер мөлшерін қысқарту.
Балансталған өзіндік реттелетін тұрғыдағы еркін нарықтың экономикалық моделі белгілі бір мемлекеттің шеңберінде де, әлемдік нарық масштабтарында да трансұлттық корпорациялар сияқты субъектілердің қызметіне байланысты бола бермейді. Әлемдік масштаб шеңберінде саны бесеуден аспайтын өндіруші қатысатын олигополия қалыптасуда. Мұндай жағдай әлемдік мұнай ресурстарын қолдану, ұшақ, машина жасау, телекоммуникациялық өндіріс, компьютерлік және ақпараттық технологиялар, фармацевтика салаларында байқалады. Бұл жерде корпоративтік интеграция бәсекелестікпен күрестің ғана тәсілі емес, сонымен бірге салалар мен нарықтарға бақылау қоюдың тиімді тәсілі болып саналады.
Ұлттық капитал ТҰК болатын бәсекелестіктікке белсенді ішкі экономикалық саясатты жүргізе алатын халықаралық ұқсас кәсіпорындарға сай келетін күшті қаржы-өндірістік құрылымдар құрғанда ғана шыдай алады. Олардың көмегімен ТҰК нарықты басып алуына байланысты пайда болған Қазақстан территориясындағы шетел компанияларының қызметіне қатаң бақылау жасау және өндірістің шикізат пен өңдеу салаларындағы ұлттық кәсіпорындарға тиісті қолдау көрсету мәселелерін шешу оңайға түседі.
Қазақстанның халықаралық экономикалық кеңістікке өркениетті түрде кіруі үшін ТМД елдерінің өндіріс және қаржы салаларында тиімді жұмыс істеп жатқан ірі субъектілерден құрылған трансұлттық қаржы-өндірістік топтардың әлемдік нарықтардағы белсенді қызметі сеп болуы ықтимал. Алға қойылған мәселелер ішінде төмендегілер болуы мүмкін:
- біріккен өндірістер құру
- ірі инвестициялық жобалар мен ғылыми-зерртеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру
- техникалық қолдау
- өзара лицензиялау және несиелеу жүйесі
Республиканың ірі кәсіпорындарының ішінде көлемі, кәсіпорын құрамы, меншік құрамы, ұйымдастыру түрі және басқару жағдайына қарай ерекшелентін жүзге жуық ірі корпоративтік құрылымдар ашылды. Қазақстандағы корпоративтік саланың жеткіліксіз дамуы мен аз мөлшерлілігіне қарамастан, онда бүгінгі күннің өзінде корпоративті құрылымдардың төрт тұрақты түрі байқалады.
Айтылған корпорациялардың оннан астамы экономиканың нақты саласындағы төлем сұранысын бақылайды. Олардың қатарына жанар-жағар май мен шикізаттың ірі экспортерлары «Қазақойл», «Қазтрансойл», «Харрикейн Құмкөл Мұнай», «Шымкентнефтеоргсинтез», «КЕГОК», «Испат-Кармет», «Қазақмыс» корпорациясы, «Қазақстан алюминийі», «Өскемен титан-магний комбинаты және ТҰК «Қазхром» кіреді. Қаржы саласында мемлекеттің ірі үш банкі алда: құнды қағаздары (еурооблигациялар мен GDR акциялары) Еуропа мен Азияның қор нарықтарында сатылатын Қазкоммерцбанк, ТұранӘлем Банкі және жеке тұлғалардың барлық депозиттерінің үштен екісінен тұратын Қазақстанның Халықтық жинақтаушы банкі.
Жоғарыда аталған корпорациялардың үлесіне жалпы ішкі өнім мен салық төлемдерінің біршама бөлігі ғана емес, сондай-ақ бюджет алдындағы қарыздары да келеді. Басқаша айтқанда, корпоративті сектордың жағдайы мемлекеттегі жалпы экономикалық ахуалды бейнелейді.
Қазақстан экономикасының корпоративті саласында әлемдік кластағы корпорациялар жоқ. Алайда, халықаралық мойындауға қол жеткізудің мүмкіндіктері әлемдік рейтингтерге (Moody’s, Standard & Poor’s, Tomson Bank Watch) кіретін үш қазақстандық банкте (Қазкоммерцбанк, Халық банкі және ТұранӘлем) және құнды қағаздары (GDR) әлемдік қор нарықтарында сатылатын нақты салада жұмыс істейтін бес корпорацияларында (Қазақтелеком, Шымкентнефтеоргсинтез, УКТМК, «Қазақмыс» корпорациясы және ТҰК «Қазцинк») бар.
Қазақстандық корпорациялардың көпшілігіне негізгі капитал мен нарықтық капитализацияның төмен болуы тән, геобәсекелестіктің ең қарапайым шарттарына (капитализация деңгейі 1 млрд. АҚШ долларынан жоғары) отандық корпорациялардың бірде бірі сай келмейді.
Бірнешеуі ғана бизнестің жүйелік қайта құрылымын жүзеге асырғандықтан, акционерліқ компаниялардың басым көпшілігінің меншік құрылымы тұрақсыз әрі тиімсіз. Оған қоса, көптеген ірі корпорациялар қызметінің тұрақсыз болуына түбегейлі қарастырылмаған заңды-құқықтық базаны қолдана және кейде басқарушы компаниялардың жұмысына негізсіз бас сұғып, кәсіпорын иелерін ауыстыра отырып мемлекеттің өзі кері әсерін тигізеді.
Қазақстандық корпорациялардың басқа сипаттамаларына көптеген өнім түрлері сапасының деңгейінің төмен болуынан болатын бәсекелестіктің жеткіліксіз деңгейін және корпоративтік басқарудың әлсіздігін жатқызуға болады. Оған қоса, мемлекет пен корпорациялар, басқарушы компаниялар мен акционерлер, менеджерлер мен өндірістік мамандар арасында жиі қақтығыстар болып тұрады. Қазақстандағы корпоративтік сектордың тағы бір ерекшелігі — ондағы шетел капиталы үлесінің тез өсуі. Бірақ өндіретін өнімінің бірегейлігіне байланысты көптеген кәсіпорындардың мүмкіндігі жоғары.
Мәселен, Қазақстан фармацевтикалық өндіріссіз қалды. Қазіргі әлемдік медицина әртүрлі дәрі-дәрмек құралдарының 10000 жуық атауын қолданады, ал ең маңыздыларының тізіміне 700 атау кіреді. Әлемнің бірде бір мемлекеті дәрі-дәрмектердің толық тізбектемесін шығара алмайды. Әлемнің ең дамыған елдері олардың маңыздыларын ғана шығарып, ал тапшылығын өзара жеткізілім арқылы толықтыруға тырысады. Мемлекеттің дәрі-дәрмектерді жылына 300 млн.АҚШ доллары сомасында қажет еткен жағдайда, жылдық орташа өндіріс қуаты 3 пайызды ғана қамтамасыз ете алады. Қалғандары таяу шығыс (55 пайыз) пен қиыр шығыстан (42 пайыз) әкелінеді. Осылайша, республиканың бүгінгі таңдағы денсаулық сақтау саласы 97 пайызға шетелде дайындалатын дайын дәрі-дәрмектерді сатып алуға қажет қаржы құралдарына тәуелді болады15.
Нәтижесінде өз дамыған фармацевтикалық өндірісінің болмауы әлеуметтік маңызды мәселеге айналды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, импорт бойынша дәрі-дәрмен құралдарын сатып алуды жалғастыру қазақстандық көздерден келетін шетел фармацевтикалық фирмаларын қаржыландыруды білдіреді.
Шетел инвесторларының Қазақстанның фармацевтикалық өндірісінің дамуын 2 басты себеп бойынша қаламайды:
- фармацевтика нарығының жеткіліксіз сыйымдылығы;
- Қазақстанда отандық фармацевтика өндірісін дамыту шетел тауар
өндірушілерімен дайындалатын дайын өнім өткізу нарығының
жойылуына әкеп соғады.
Адам өміріне маңызды дәрі-дәрмектердің тізіміндегі 300 атаудың ішінде 70-і Қазақстанда шығарылады, ал отандық фармацевтика кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының есебінен олардың 46 атауы бойынша республиканың толық қажеттілігі қамтамасыз етілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының фармацевтика өндірісін дамытуда АҚ «Алматы фармацевтика фабрикасы», АҚ «Химфарм», Қазақстан Республикасының биотехнология жөнінідегі Ұлттық орталығының кәсіпорындары және т.б. сияқты фармацевтикалық кәсіпорындар негіз болады. Ұйымдастырушылық түрдегі фармацевтика және медицина өндірістерін дамытудағы Мемлекеттік Бағдарламада басқа елдердің, ең алдымен Ресейдің, Украинаның және Орталық Азия аймағындағы елдердің Қазақстан Республикасының фармацевтика өндірісін дамытуда қаржы құралдарын қолдана отырып, медицина өнімдерінің өндірісі мен сатылуы жағынан бір технологиялық тізбеде біріктіретін қаржы-өндірістік топтарды құру қарастырылды.
Қазақстанда Ашық Акционерлік Қоғам «Ульбин Металлургиялық Зауыты» атты өндірістің 50 жылдық тәжірибесі мен әлем деңгейіндегі өнім жеткізілімі бар кәсіпорын жұмыс істейді. 1997-ші жылы АҚ «Ульбин Металлургиялық Зауыты» «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясының құрамына кірді. АҚ «Ульбин Металлургиялық Зауытының» тауарлық белгісі біздің республикада, Ресейде, Болгарияда, Ұлыбританияда, Германияда, Қытайда, Польшада, АҚШ-та, Францияда, Чехияда, Жапонияда тіркелген. Ядролық реакторлар мен энергетикалық құрал-жабдықтар және әртүрлі дайындық деңгейіндегі өнім алудағы түрлі уран қоспаларын өңдеу үшін қажет уран қоспалары өнімдерін
өндірудегі өнім сапасын басқару жүйесі 1999-шы жылы ISO9002 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестендіріліп сертификатталды.
АҚ «Ульбин Металлургиялық Зауыты» атомдық энергетикаға арналған ядерлік, керамикалық жанар-жағар майдың ТМД-ғы ірі өндірушісі, Еуразиялық континенттегі әлемдегі үздік ұқсас тауарлардан қалыспайтын қара жамбыдан бастап дайын өнімдерге дейінгі тауарды қамтитын берилий құрамды өнімдердің барлық түрлерін шығарады. Кәсіпорын стандартты емес құрал-жабдықтар мен жоғары деңгейдегі дәл өнімдері дайындаудың бай тәжірбиесі бар ТМД-ғы жалғыз тантал өндірісін, ерітілетін қышқыл өндірісін, асқын өткізгіштік материалдар өндірісін және машина жасау комплекстерін біріктіреді.
Трансұлттық өндірістік компаниялар бұрынғы кеңес республикаларын интеграциялау мәселелерін шеше алады және біріккен мемлекет қолдауының көмегімен өзара пайдалы қағидаттар негізінде мемлекет ішінде де, ТМД территориясындағы мемлекет-қатысушылардың арасында да халықтық шаруашылық кооперациясының қалыптасуына іргелі демеу бола алады. Олардың материалды-техникалық, интеллектуалдық және қаржы ресурстарын тиімді жұмылдыра алатын қаржы-өндірістік топтардың қалыптасуы нәтижесінде пайда болатын мәселелерге қатынастары да әрқалай. Осыған байланысты төмендегілер қажет:
- қаржы-өндіріс топтарының қалыптасу мен дамуының жалпы мемлекеттік стратегияларын жетілдіру және қабылдау;
- мемлекеттік және іскерлік құрылымдарға материалдық-техникалық, интеллектуалдық және қаржы ресурстарын өсімге және өндірісті дамуға жұмылдыратын трансұлттық қаржы-өндірістік топтардың қалыптасуына белсенді қатысуды ұсыну;
- банктік, өндірістік, сауда, сақтандыру, ғылыми-техникалық және басқа да капиталдың әртүрлі интеграциялық жүйелерін, Достастық территориясында трансұлттық өндірістік корпорациялардың қызметін қолдауды, олардың жұмысына жеке тұлғаларды қатыстыруды, транст мәселелерін жетілдіруді, меншікті сенімді басқаруды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңды және нормативті актілерді қабылдауда көмектесу;
- арнайы және кооперативті өндірістерді қалыптастыру және дамыту, шетел фирмаларымен біріккен кәсіпорындар ашу, өндірістік өнімді өндіру мен өңдеу саласында озық немесе алғашқы орындарды алатын компания бөлімшелерін ұйымдастыру, трансұлттық корпорацияларды (компанияларды, монополияларды) құру көмегімен Достастық мемлекеттерінің, аймақтарының, кәсіпорындарының және ұйымдарының әлемдік шаруашылыққа кіруінің тығыз ұйымдастырушылық-экономикалық және экономикалық интеграциясын қамтамасыз ету;
- ортақ экономикалық жүйенің құлауына байланысты болған кооперативтік өндірістік-техникалық байланыстарды қайта жандандыру жұмыстарын белсендіру;
- трансұлттық корпорацияларды құру мен олардың қызметтерін айқындауда ортақ корпорациялардағы түрлі мемлекеттік акция пакеттерін бақылауды, қабылдаушы елдердегі өз бөлімшелерінің қаржы операцияларын бақылайтын дамыған жүйе құруды, технология мен кооператив ішілік айналым келімін есепке алу;
- трансұлттық корпорациялардың ғаламдық жүйесіндегі өз орнын алу және ТМД елдері экономикасының өндірістік және экономикалық қайта құруын жандандыруда келетін тікелей шетел инвестицияларын айқындау мақсаттарында ірі шетел компанияларымен бірдей серіктестік қарым-қатынастарды жетілдіру;
- тұрақты негіздегі халықаралық банктік консорциумдар, қаржы-өндірістік топтарды қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздеу шеңберінде ресурстарды қолданудың жаңа халықаралық жүйесін қалыптастыруға белсенді қатысу;
- инновациялық нарықтық стратегия қолданылатын алдыңғы қатарлы технологиясы бар өндірістің ғылыми салаларындағы орталықтандырылған шешім қабылдау бағытын күшейту мақсатында орталықтандырылған басқару техникасын ғаламдық операциялармен жетілдіру;
- ТМД елдерінің экономикаларының өміршеңділік деңгейін арттырудың маңызды факторы болып саналатын трансұлттық корпоративтік құрылыс және олардың интеграциясын қолдауды және ұлтаралық корпорациялардың тиімді ұйымдастырушылық формаларын іздеу процестерін жетілдіру;
- әлемдегі және отандық нарықтардағы Американың, Еуропаның және Азияның озық трансұлтты өндірістік корпорацияларына қарсы тұра алуға мүмкіндігі бар ұлтаралық корпорацияларды қалыптастыруда артықшылық сипат беру;
- арнайы дайындалған-кепілдеме қорларын ұйымдастыру жолымен қаржы-өндіріс топтарына инвестициялар ынталандыру үшін жағдайлар жасау;
- корпоративтік өндіріс топтарының ұйымдастырушылық жағынан жетілмеуін және олардың меншіктік бірігуінің әлсіздігін мойындай отырып, трансұлттық корпоративтік құрылымдар құрудың негізі ретіндегі ұлттық корпоративтік құрылысты қорғау;
- ТМД территориясында ұқсас ұлтаралық құрылымдар құрудың негізі ретіндегі арнайы тауар нарықтарына бағытталған арнайы ұлттық транстерриториялық корпорациялардың ашылуына жәрдемдесу;
- күрделі соңғы өнімді өндіретін және оның жаңартылып отыруына көмектесетін қолда бар технологиялық тізбектерді қолдау;
- қазіргі салық жүйесін қаржы-өндіріс топтарының табысты шаруашылық қызметінің нақты мүмкіндіктерімен сәйкестендіру;
- корпорация мүмкіндігінің бәсекеге қабілеттілігін, өндірісті ұйымдастырудың икемді жүйесін бағалауға арналған көрсеткіштер жүйесін қолдану;
- мемлекеттің салық, институционалды, инвестициялық, инновациялық, құрылымдық, несие-қаржылық саясатының және кәсіпорындардың банкротқа ұшырау мәселелерінің ұлттық корпоратитві құрылыс мүдделеріне бағыну;
- ұзақ мерзімді қайтарылымы бар инвестицияларды өндіріске әкелу үшін ТҰК құрамына кіретін банк қызметтерінің басты таңдаулы ынталаныру мәселелерін қарастыру;
- ТМД мемлекеттеріндегі инвестициялық менеджменттің ірі орталықтарының негізінде ұлттық және трансұлттық корпорацияларды бақылау үшін менеджерлердің кәсіби дайындығын жоғарылату;
- ТМД мемлекеттерінің территориясында корпорациялардың қалыптасу процестерінің қаржылық тұрғыда қолдалуы, осы мақсаттағы халықтың, кіші және орта бизнестің, шетел инвесторларының еркін қаражаттарын жинақтау, корпоративті құрылымдардың инновациялық базасын кеңейтуге, ғылыми-зерртеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін мемлекеттік және банктік салымдар мөлшерін арттыру жөнінде үкімет пен ірі коммерциялық банктер арасындағы мемлекет аралық келісімдер жасау;
- алдыңғы қатарлы технологиялық, ғылыми өндіріс салаларындағы капиталдарды трансұлттау арқылы ТМД елдеріндегі қаржы-өндірістік топтардың қазіргі әлемдік экономикаға қосылуының нақты жолдарын жетілдіру.
Аймақ аралық ынтымақтастықтың дамуы – халықаралық қауіпсіздік пен тұрақты экономикалық дамудың және мемлекеттің нығаюының жолы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасындағы ТҰК қызметі шетел капиталын белсенді түрде қабылдау арқылы ұлттық қаржылардың жеткіліксіздігін жоятын маңызды факторлардың бірі деп айтуға болады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін жаңа мемлекеттер тоқыраудан шығу және әлемдік қауымдастыққа қосылуды шапшаңдатқан тұрақты экономикалық жүйені қалыптастыру сияқты мәселелерге тап болды. Осы тұрғыда трансұлттық компаниялар шешуші рөл ойнады.
Бір жағынан, ТҰК келуі отандық экономика үшін тиімді жәйт, өйткені корпорациялар капитал мен еңбек өнімділігінің жоғары деңгейін көрсетіп, «мемлекетке жаңа технологиялар мен тиімді менеджмент» әкеледі. Екінші жағынан, трансұлттық корпорациялар толықтай алғандағы қазақстандық экономикалық кеңістікке немқұрайлы болып келеді, себебі олар Қазақстан экономикасының жоғарғы пайдалы сегменттерінің ғана халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне қосылуын қалайды. Мұндай қатынас экономиканың пайдассыз салаларының тоқтау қаупін тудырады.
Қазақстан нарығының төлем қабілеттілігінің тоқырау шарттарында отандық өндіріс пен мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымы ТҰК-мен «басып алудың» объектілеріне айналады.
Осылайша, Қазақстанда маңызды рөлді трансұлттық капитал алатын осындай экономикалық құрылым біртіндеп қалыптаса бастайды. ТҰК қызметімен нарықтардың сегменттері мен бөліктері ғана қамтылмайды, трансұлттық саясат қазақстандық экономикаға да, толықтай саясатқа да ықпалын тигізеді.
Зерттеу нәтижесінде төмендегі мәселелер шешілді:
— ТҰК мәні ашылды;
— капитал козғалысындағы ТҰК рөлі айқындалды;
-мемлекет пен ТҰК арасындағы қарым-қатынастың негізгі сипатамалары қарастырылды.
Анализ барысында келесідей қорытындылар жасалды:
Трансұлттық корпорациялар өз капитал салымдарын негізінен ұзақ мерзімді мақсаттарда жүзеге асырады. Дегенмен, көп жағдайда олар үлкен қаржы ресурстарын жер бетінің бір аймағынан екінші аймағына көшіре алады, бұл жеке аймақтардағы қаржы нарықтарын тұрақсыздандырады. ТҰК көп жылдық жобаларға салынатын тікелей инвестициялар екенін ұмытпаған жөн. Сол себепті ТҰК қызметі ТҰК тұрақты шаруашылық ортаны, әсіресе қаржылық ортаны қажет ететін ірі компаниялар.
Шетел сарапшыларының ойына сүйенетін болсақ, мұнай газ саласындағы өндірісті кеңейту Қазақстан Республикасын тек қана қарқынды экономикалық даму және инвестиция тартымдылығымен ғана емес, сондай-ақ саяси және әлеуметтік салалардағы тұрақтылықпен қамтамасыз етеді.
Қазақстанның минералды және басқа да ресурстары мемлекеттің қарқынды дамуының негізіне айналуы тиіс. Сондықтан, аталған ресурстарды тез қамту мақсатында шетел капиталын қабылдауда Қазақстан Республикасының үкіметі дамушы елдердің жоғары дәрежеде дамыған мемлекеттермен, трансұлттық корпорациялармен қарым-қатынас жасау негізінде жиналған тарихи тәжірибенің оң ғана емес, теріс те жақтарын ескеруі тиіс.
Трансұлттық корпорациялардың қызметін баға бере отырып, оның қызметінің тиімді де, тиімсіз де жақтарын көрсетуге болады. Тиімсіз нәтижелер түрінде төмендегілерді атауға болады:
- Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағылуы;
- жұмыссыздық мәселесін шешетін жаңа жұмыс орындарының ашылуы, сондай-ақ жергілікті мамандарды дайындау;
- тиімді менеджмент, IT-технологияар мен басқа жаңа батыс технологиялары жаңа түрлерінің енгізілуі;
- жергілікті бюджетке түсетін салық төлемдерінің көзі.
Ал тиімсіз нәтижелерге келесілер жатады:
- мұнай газ саласындағы мамандардың жалақы деңгейінің жоғары болуына байланысты халық табысы деңгейінде айырмашылық бар, бұл халықтың үштен бір бөлігінің кедейшілікте тұру себептерінің бірі;
- аймақтың табиғи ресурстарының тиімсіз пайдалану нәтижесінде экологиялық жағдай нашарлайды;
- әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуына бөлінетін қаражат сомасы трансұлттық корпорациялардың нақты табысынан әлдеқайда төмен;
- кәсіпорын неғұрлым пайда әкелген сайын жергілікті бюджетке төленетін салық сомалары да соғұрлым төмендейді.
Бітіру (дипломдық) жұмысын қортындылай келе өткізілген зерттеу
жұмыстарының негізінде төмендегідей тұжырымдарға келуге болады:
1) Қазіргі әлемнің нақты ғаламдануы қоғамның барлық деңгейіндегі терең әлеуметтік — ұйымдастырушылық өзгерісін білдіреді. Осындай ұйымдастырушылық өзгерісті сарапшылар түрі жағынан виртуалды корпорацияның әлеуметтік ұйымдастыруының талаптарына сай келетін типті ұйымдастырушы формаларына өту деп атайды. Нақты жүзеге асуының түрі Интернет болып табылатын «Виртуалды корпорация» әлеуметтік қызмет ұйымдастыруын үлгілейді. «Виртуалдық корпорация» әлеуметтік коммуникацияны жүзеге асыруда қандай да бір кеңістіктік кедергілердің мағынасын ақпарат және ақпараттық технологиялардың көмегімен төмендетеді. Осылайша, әлеуметтік ұйымдастырудың қазіргі ақпараттық түрі әлемдік мәдени аралық әлеуметтік кеңістікті саяси қысымның емес, ұлттық мәдениеттердің ғаламдық ақпараттық және ақпараттық-технологиялар нарығына еркін қатысуы арқылы құрады.
2) Қажетті (ақпараттанған және ғаламданған әлемдік қауым қажет ететін) жинақты ұйымдастырушылық түрлерінің ішінде жаңа типті трансұлттық корпорациялар сияқты ұйымдастырушылық түрлері ерекшеленеді. Алғаш рет олар Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін пайда болып, холдингтік ұйымдастыру түріне ие болды. Қазіргі ғаламдық әлемдік-ұйымдастырушылық өзгерістегі ТҰК ұйымдастырушы құрылымдарының ерекше мәні ақпараттанған және ғаламданған қауімнің негізін ақпараттық және ғаламданған тәрізді тиісті экономика құрайтындығымен айқындалады.
3) Қазіргі әлемдік шаруашылық ТҰК бағытталған шаруашылық кеңістігі болып табылады. Осы ТҰК бағытталған қазіргі әлемдік шаруашылық шеңберінде әлемдік қауымдастық әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай бөлінді. Олар — әлемнің алғашқы дамыған бес экономикасынан тұратын дамушы елдер тобы және дамушы нарықтар тобында озық орындарға енді ғана қол жеткізіп келе жатқан дамушы елдердің тобы. Дамушы нарықтар тобының болуы дамыған мемлекеттер тобы мен «қалған әлем» арасында шыңыраудың жоқ екендігін дәлелдейді, алайда «қалған әлемнің» ТҰК бағытталған ұлттық экономиканы қалыптастыру жолында саяси еркіндігі (ұлттық саяси элиталардың) жоқ.
4) ТҰК бағытталған ұлттық экономиканы қалыптастыру шешіліп қабылданытын мәселе және іс жүзінде де сәтті болып келеді. ТҰК бағытталған ұлттық экономиканы Қытай мен Үндістан мемлекеттері де сәтті қабылдады. Ұлттық үкіметтің «транзитті» (әлеуметтік-экономикалық дамуға көшетін) стратегияны қабылдап, елдің инвестициялық даму жолына түскендігін осы мемлекеттердің (және басқа да) мысалынан көруімізге болады. Бұл инвестициялық даму импортты жеткізе алатын және жеткізгісі келетін мемлекеттерден келетін және болашақта экспорттық-бағытталған экономика құру бағытындағы ұлттық экономиканы дамытуды көздейтін тікелей шетел инвестицияларының кең көлемді импортын білдіреді.
5) Дамыған елдер мен нарығы қарқынды дамушы елдердің тәжірибесі осы елдердегі әлеуметтік-экономикалық табыстар тиісті ұлттық экономикалардың ТҰК бағытталған ұлттық экономика қалыптасуының да стратегиясы болып табылатын «транзитті» стратегияны таңдап алғандығын дәлелдейді. «Өзгеріске дейінгі» кезеңде бірде бір ТҰК болмаған және бүгінгі таңда нарықтары қарқынды дамып жатқан Қытай мен Үндістанның қазір 100 аса (Қытайда 900 астам, Үндістанда 400 астам өз ТҰК бар) өз трансұлттық корпорациялары бар. Өнімінің жоғары құн төлемі болатын Қытай және Үндістанның дамушы елдерге (Үндістанның ТҰК бұл елдерге негізінен телекоммуникациялық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді экспорттайды) жіберетін экспортын қамтамасыз ету осы корпорациялардың үлесіне келеді.
6) Өкінішке орай, Қазақстан бүгінгі таңда қарқынды дамушы нарықтар тобына жатады. Айбынды ресурстық, соның ішінде ғылыми-технологиялық мүмкіндіктері бола тұра Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жағынан сол Қытай және Үндістанмен жарыса алмайды. Мұндай жағдай ТҰК мен экспорттық бағытталған ұлттық экономика құрудың «өтпелі» стратегиясын қабылдауды шешімінің тездетпелуімен түсіндіріледі. Қазақстандағы бұл стратегияға көшудің тағы бір ерекшелігі – ТМД мемлекеттері мұндай «өтуге» жалғыз емес, экономикалық ТМД-ны нығайта әрі дамыта отырып өткенде тиімді болады, өйткені бұл еуразиялық экономикалық аймақтың объективті (тарихи қалыптасқан) шарттары. Сондықтан, Қазақстан экономикасына ТМД бойынша басқа серіктестіктердің тарапынан болатын бастамаларды күтпей, елдің мемлекеттік ішкі саяси бөлігі ретіндегі қазақстандық капиталдың әлемдік нарықтарға шығуының ғылыми негізделген стратегияларын қазірден бастап жетілдіре беруін ұсынамыз.
7) Қазақстан өз экономикасын қаржы-өндірістік топтар базасына, кейіннен трансұлттық корпорациялар базасына көшірудің бастапқы сатысында тұр, алайда үшінші әлемнің басқа мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстан өндіріс шоғырлануының жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Қазақстанда ірі қаржы-өндірістік топтар құрудың талпыныстары қаржы-өндірістік топтар мен трансұлттық корпорациялардың ұлттық экономиканың дамуындағы маңыздылығын үкіметтік ұйымдар тарапынан болатын түсінбеушіліктен жүзеге аспай отыр. Осыған байланысты қаржы-өндірістік топтарының статусын айқындайтын бірқатар заң актілері қабылданып, үкімет қаржы-өндірістік топтар дамуының мемлекеттік бағдарламасын жетілдіріп, Қазақстанның қаржы-өндірістік топтарының ассоциативті ұйымын құруы тиіс. Ал осы құқықтық базаның негізінде шетел компанияларымен бәсекеге түсе алатын және болашақта өндіріс өнімін арттыру арқылы қазақстандық трансұлттық корпорациялар құруда негіз бола алатын берік қаржы-өндірістік топтар ашқан жөн.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Фишер П. Прямые иностранные инвестиции для России: Стратегия
возрождения промышленности. — М: «Финансы и статистика», 1999. - Андрианов В.Д. Россия в мировой экономике. — М.: «Владос»,1998.
- Астапович А. Иностранные инвестиции в России. Отдельные факты и
тенденции. -М., 1995. - Баильдинов Е. Почему иностранные инвестиции проходят мимо казахстанских СЭЗ? // Азия: экономика и жизнь. — 1998. — № 14.
- Горбанев В.А. Экономическая и социальная география России и стран
СНГ.-М., 1996. - Каженбаев С. Актуальные проблемы государственной инвестиционной политики // АльПари. — 2000. — № 1.
- Карпов В. Иностранные инвестиции. Совместные предприятия и иностранные юридические лица. — М.: «Экономика и финансы»; ИИФ «Триада», 1998.
- Кенжегузин М., Баильдинов Е. Развитие экспортно-транзитного потенциала — необходимое условие экономического роста в Казахстане // Матер. Междунар. науч.-практ. конф. «Казахстан и Россия: политика, экономика, культура». — Семипалатинск, 1998. — 9-10 июля.
- Кожукалова О., Кулекеев Ж. Проблемы инвестиционного обеспечения экономического развития в Казахстане // Транзитная экономика. — Алматы, 1999. — № 3.
- Сатубалдин С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанский «барс» пройти их тропами? — Алматы: Еыльш, 1998.
- Спиридонов И.А. Международная конкуренция и Россия. — М.,1997.
- Чеботарев А. и др. Национальная безопасность Казахстана: иерархия угроз. — Алматы: Центральноазиатское агентство политические исследований, 2000.
- Щербанин Ю.А. и др. Международные экономические отношения.
-М., 1997. - Баймуратов У. Формы и методы стратегического управления крупными корпорациями // Евразийское сообщество. — 2001. — № 2.
- Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система.-Алматы, 2000.
- Бейсенова Л. Предпосылки формирования интегрированных корпоративных структур в экономике Казахстана // Евразийское сообщество. — 2002. — № 2.
- Бейсенова Л. Совершенствование механизмов развития транснациональных корпораций (ТНК) // Евразийское сообщество. — 2001. -№4.
- Егармин И. Стратегическое управление крупными корпорациями в
условиях транзитной экономики // Транзитная экономика. — 2001. — № 2. - Карабасов И., Кокрекбаев К., Слащев В. Транснациональные приоритеты экономики Казахстан // Финансы Казахстана. — 1997. — № 1.
- Мауленов К.С. Правовой статус транснациональных корпораций // Вестн.КазГНУ. Сер. юрид. — 2001. — № 4.
- Музапарова Л., Карин Е. Транснациональные корпорации в Казахстане // Центральная Азия и Кавказ. — 2000. — № 1 (7).
- Сайрамбаева Ж.Т. Международная правосубъективность транснациональных корпораций // Вестн. КазГНУ. Сер. МО и МП, — 2001. -№2.
- Сидоренко Е.Н. Некоторые аспекты транснационализации крупнейших казахстанских компаний // Вестн. Каз. академии труда и соц. отношений. -2001.- № 1.
- Бовыкин Б.И. Новый менеджмент: Управление предприятиями на уровне высших стандартов: теория и практика эффективного управления. -М.: «Экономика», 1997.
- Бородин В.А. Стратегия управления инновационной фирмой. — Новосибирск: «Эко», 1996.
- Гаузнер Н., Иванов Н. Инновационная экономика и человеческие
ресурсы // МЭ и МО. — М., 1994. — № 3. - Круглова Н.Ю. Инновационный менеджмент / Под ред. Д.С. Львова
-М.: «Ступень», 1996. - Перевалов Ю.В. Инновационное предпринимательство и проблемы технологического развития // Общество и экономика. — М., 1997. — № 5.
- Уткин Э.А., Морозова Н.И., Морозова Г.И. Инновационный менеджмент. — М.: АКАЛИС, 1996.
- Фоломьев А.Н., Гейгер Э.А. Менеджмент инноваций. Теория и практика. — М.: Изд-во РАГС, 1998.
- Шаститко А. Новая теория фирмы. — М.: ТЕИС, 1996.
- Давильбекова Ж., Мансуров К., Давильбеков А. Нефть Казахстана:
сегодня и завтра // АльПари. — Алматы, 1999. — № 3. - Амренов М., Байзаков С. Прогнозирование влияния факторов цикличности на развитие экономики Казахстана // АльПари. — 1997. — № 2.
- Леваков А. Информатизация превыше всего // Известия. — 2000.
- Щербина В.В. Средства социологической диагностики в системе
управления. — М., 1993. - Петровский А.Б. Компьютерная поддержка принятия решений //
Системные исследования. Методологические проблемы. Ежегодник 1996. -М.: Эдиториал УРСС, 1996. - Гурова Т., Кобяков А. Глобальный костер из денег. Россия может
выиграть от мирового финансового кризиса // Известия. — 1998. — № 168. - Кабанова О. Конец диктатуры. Фотография моды как исторический документ // Известия. — 2001. — № 81.
- Мовсесян А., Огнивцев С. Некоторые тенденции мировой экономики // Экономист. — 2000. — № 7.
- Фишер П. Китай, ПИИ-политика и перспективы // Фишер П. Прямые иностранные инвестиции для России: Стратегия возрождения промышленности. — М: «Финансы и статистика», 1999.
- Социальные реформы в странах с переходной экономикой ред. Кадомцевой С.В. — М.: ИКЦ «ДИС», 1997.
- Гапоненко А.Л. Новые технологии менеджмента в государственном
управлении // Аль Пари. — Алматы, 2000. — № 3-4. - Ракитов А.И. Наука в эпоху глобальных трансформаций (российская перспектива) // Наука в России: состояние и перспективы. — М.: ИНИОН РАН, 1997.
- Иванова Н., Дагаев А. Технологические объединения // Экономист. -М., 1999.-№7.
- Шевелев Г. Производители разбиваются по парам. Трансконтинентальным // Коммерсант. — М., 2001. — № 78.
- Дюркгейм Э. Социология: Ее предмет, метод, предназначение / Пер.
с фр. Гофмана А.Б. -М.: Канон, 1995. - Зиммель Г. Социальная дифференциация. Социологические и психологические исследования / Пер. с нем. Бокача И.И. и Ильина И.А. / Под ред. Кистяковского Б.А. — М.: Сабашниковы, 1909.
- Кулешова Н. Новое об иностранных инвестициях в Законодательстве Казахстана // Внешнеэкономическая деятельность Казахстана. — 2005. -№ 19.
- Статистический ежегодник Казахстана 1999-2005 гг. — Алматы: НСАРК, 2006.
- Кенжебаев С. Актуальные проблемы государственной инвестиционной политики // АльПари. — 2000. — № 1.
- Казаков И.А. Транснациональные корпорации и элементы регулирования в мировом экономическом пространстве// Вестник Моск. Ун-та. Сер.: «Экономика». — 2000. -№ 2.
- Корпорация AES в Экибастузе // Транзитная экономика. — 1999. —
№3. - Барковский А.Н., Ушакова Н.А. Взаимодействие предпринимательских структур стран СНГ // Проблемы прогнозирования. — 2001.- №2.
Қосымша А
Шетел активтерінің мөлшері бойынша сұрыпталған
ірі жиырма ТҰК ( 2002 ж.)
ТҰК рейтингі |
ТҰК |
Мемлекет |
Қызмет атқару аясы |
Актив мөлшеріндегі шетел активтерінің мөлшері, % |
Сауда мөлшеріндегі шетел саудасының мөлшері, % |
Кісілерінің жалпы мөлшеріндегі шетел капиталының үлесі, % |
1 |
Дженерал Электрик |
АҚШ |
Электроника |
30 |
27 |
35 |
2 |
Роял Датч/Шелл |
Ұлыбритания/Нидерланды |
Мұнай өңдеу |
66 |
55 |
78 |
3 |
Форд |
АҚШ |
Машина жасау |
30 |
45 |
|
4 |
Эксон |
АҚШ |
Мұнай өңдеу |
58 |
87 |
|
5 |
Дженерал Моторс |
АҚШ |
Машина жасау |
25 |
32 |
34 |
6 |
Ай-Би-Эм |
АҚШ |
Компьютерлер |
51 |
62 |
50 |
7 |
Тойота |
Жапония |
Машина жасау |
35 |
48 |
23 |
8 |
Фольксваген |
Германия |
Машина жасау |
|
64 |
47 |
9 |
Мицубиси |
Жапония |
Әртүрлі |
|
39 |
44 |
10 |
Мобил |
АҚШ |
Мұнай өңдеу |
67 |
66 |
53 |
11 |
Нестле |
Швейцария |
Азық-түлік өндірісі |
91 |
98 |
97 |
12 |
АББ-Асеа Браун Бовери |
Швейцария/Швеция |
Электроника және электротехника |
|
97 |
94 |
13 |
Эльф Акитен |
Франция |
Мұнай өңдеу |
62 |
60 |
49 |
14 |
Байер АГ |
Германия |
Химиялық өндіріс |
90 |
84 |
66 |
15 |
Хёхстаг |
Германия |
Химиялық өндіріс |
79 |
53 |
63 |
16 |
Ниссан Мотор |
Жапония |
Машина жасау |
46 |
53 |
|
17 |
Фиат |
Италия |
Машина жасау |
38 |
39 |
38 |
18 |
Юнилевер |
Ұлыбритания/Нидерланды |
Азық-түлік өндірісі |
84 |
86 |
90 |
19 |
Даймлер-Бенц |
Германия |
Машина жасау |
… |
62 |
23 |
20 |
Филипс Электроникс |
Нидерланды |
Электроника |
77 |
95 |
82 |
Қосымша Ә
Капиталды қабылдаушы және оны мемлекеттен шығарушы ТҰК қызметінің артықшылықтары мен кемістіктері
|
Қабылдаушы мемлекет (ҚМ) |
Капиталды елден алып кететін мемлекет |
Артықшы-лықтар |
Қосымша ресурстар алу (капитал, технология, басқарушылық тәжірибесі, мамандандырылған еңбек); ұлттық экономиканы дамытуды ынталандыру; өндірілетін өнім мен табыс мөлшерін арттыру; экономикалық өсім мен дамуды жылдамдату; ТҰК қызметі нәтижесінде салық алу
|
Ұқсас ішкі инвестицияларға қарағанда шетел инвестициялары тиімдірек |
Кемшілік- Тер |
Қабылдаушы мемлекет өкілдері НИОКР өткізуге қатыса алмайды;ТҰК тарапынан болатын қарқынды қолдану және ішкі бақылауды жүзеге асыру; ТҰК салық төлемеу мақсатында бағамен баға деңгейін бақылап отырады |
Шетел инвестицияларын мемлекеттік бақылау; жеке салаларды инвестициялауға тыйым салу; инвестициялаудың ерекше шарттары (жергілікті жартылай дайын өнімдерді қолдану, жергілікті мамандарды оқыту, қабылдаушы елде НИОКР ұйымдастыру, өндіретін өнім экспортын арттыру); сауда балансындағы шығындар, инвестицияларды кәмпескелеудің қауіпі |
[1] Фишер П. Прямые иностранные инвестиции для России: Стратегия
возрождения промышленности. — М: «Финансы и статистика», 1999.