АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері

 

Алматы — 2011

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………….

 

1бөлім. Поли  және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық талдау…………………………………………………………….

1.1 Этномәдени орта және оның рөлі………………………………………………………………

1.2 Этнопсихологияда кездесетін  категориялар……………………………………………..

1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың  және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері…………………………………………………………………………………………..

 

2 бөлім. Эксперименттік зерттеу бөлімі………………………………………………………

2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,болжамы……………………………………………………….

2.2 Зерттелетін әдістемелердің сипаты…………………………………………………..

2.3 Зерттеудің барысы және міндеттерді сандық  өңдеу…………………………

2.4 Зерттеу болжамын дәлелдеу……………………………………………………………

2.5 Мәліметтерді сапалы талдау қортындылау………………………………………

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………….

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………………..

Қосымшалар………………………………………………………………………………………….  

 

 

Кіріспе

 

   Қазіргі уақытта Қазақстанда мәденитке, тілге,ұлтқа ұлттық мінез-құлыққа көп көңіл аударылып жатыр.Сонымен қоса, Қазақстанда поли және моно ұлт топтары тұрады.Моноға біз бір ұлт адамдарын жатқызамыз олардың салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы,мінез-құлқы,қабілеттері,мәдениттері тағы басқаларды жатқызамыз.Поли топтарға көптеген ұлттардың қосындысын айтамыз олардың да,әдет- ғұрпы, салт-дәстүрі мәдениеті тағы басқаларды жатқызамыз 

   Полиэтникалық жағдайда этникалық толеранттылық мәселесі де мәнді.Басқа этникалық мәдениеттерді қабылдау,силау үшін ең алдымен өзіңнің   мәдениетіңді  қабылдау,силау,оның позитивті құнды екенін ұғыну,оған деген сенімділік,басқа мәдениетпен жиі байланысқа түсу міне осы жағдайлар мәдени аралық толеранттылықтың негізін құрайды.Мәдениет адам творчествосының өнімі. Мәдениет жеке әлеуметтік-экономикалық формацияда этникалық,ұлттық,таптық,топтық мәдениет ретінде дамиды.Мінез құлықтағы өзгеріс міндетті түрде мәдениеттегі өзгерісті білдіреді.

    Этномәдениеттің сондай-ақ бұл бағыттымен Қазақстанда айналысып  жүрген ғалымдарымыз Б.Ә.Әмірованың этностық жансақ нанымдардың оқыту процесіне әсер ететіні туралы зерттеулері С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев А.Т.Малаева, Л.К.Көмекбаева, ғылыми еңбектерінің маңызы зор.

   Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу. Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес, бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.

    Зерттеудің мақсаты: Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.

    Зерттеу пәні:поли және моноэтностық топ өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.

    Зерттеу өзектілігі: Жұмыстың өзектілігі, қазіргі уақытта Қазақстан мәдениетті,әдет-ғұрыпты, мінез-құлықты дамытудан алдыңғы қатарда тұр.Поли және моноэтностық топтардың ерекшеліктерін анықтау,олардың поли топтар мен моно топтардың этностық мәдениетін салыстырып олардың айырмашылықтарын көз жеткізіп,ерекшеліктері табу. Поли және моноэтностық топтардың мәдениетіндегі ерекшеліктердің бар екенін дәлелдеу.

    Тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеуден алынған мәдениетке тәрбиелеу және дамыту мақсатындаарнайы тренингтер және дамыту жаттығуларын қарастыруда қолдану.

    Болжам: Поли және моно этностық ортаның психологиялық ерекшелігі бар болса, онда осы екі ортадағы этностық өзіндік сананың да ерекшелігі бар.

 

   Зерттеу міндеттері: 1.Этнопсихология мәселесіне арналған әдебиттерді

                                         талдау.

                                     2.Әдістемелер мен талдауларды жасау.

                                     3.Әдістемелерді эксперименталды поли және моно

                                        топтарға өткізу.

                                     4.Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау.

                                     5.Салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау.

Кілттік  сөздер: Ұлт,ұлттық мінез, этоиднтифиация,этноцетризм,бірдейлік,

                    таптаурыдар,өзідік сана,ұлттық өзідік сана,этномәдениет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. БӨЛІМ. ПОЛИ ЖӘНЕ МОНОЭТНОСТЫҚ ОРТАДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

 

1.1 Этномәдени   орта және оның рөлі

 

Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде. Полиэтностық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтностық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этностық өзіндік санасының деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды. Этностық өзіндік сананың құрылымы, этностық эдентификация, өз «менің» бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық творчествосына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этнофакторлардың мәнді өсуі этностық өзіндік сананы күшейтеді. Этностық өзіндік сана  индивидуалды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларының орындайды, әрі реттейді. Этностың басты объективті тасушысы болып табылатын «ұлттық мәдениеттің » әлсіреуі барысында өтетін этностық өзіндік сананың күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық өзіндік сананың компенсациялаушы  функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этнностық өзіндік сананың объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.

Қазіргі жаңа этнопсихологияда өз бетінше дамып жатқан бақтардың бірі – психофизиологияның, когнитивті процестердің, естің эмоцияның, сөздің этностық ерекшеліктерін салыстырмалы – мәдени зерттеулері жатады. Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Этносты құрайтын индивидтің қасиеті мен тұтастықты құрайтын ұлттық мәдениет қасиеттері бірдей емес, мәдениеттің және психологияның зерттеулері арасында этнопсихологияға байланысты ылғида белгілі бір ажырау болады. Сондай-ақ этностық ерекшеліктер жайлы бір қорытынды жасау үшін, қандай да бір салыстыру керек деген ой көлеңкелеп тұрады. Сондықтан да этноцентризм мәселесінен қашу үшін оны терең түсіну керек. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері жайлы абстарактілі, негізделмеген қорытындылар ұлттық сезімдерді қорлауы мүмкін. Осы сұрақтарды талдауда пән аралық гуманитарлы ғылымдар атап айтқанда этномәдениеті бізге көмектеседі. Мұнда индивидуалды сана сезімдер сол мәдениетте қабылданған адамның жалпы моделінен тәуелді болады және олардың құндылықты – нормативті аспектілері талданады [1,410-417]. Г.У.Кцоева этностық өзіндік сананың әлеуметтік топтардың этномәдени болмысқа белгілі бір қатынасы, әлемді қабылдаудың ерекше тәсілі ретінде қарастырады[2,55-56].Этномәдениет  бағыттағы зерттеулер позитивті этностық және мәдени идентификацияның қалыптасуының психологиялық механизмдерін табумен айналысады.

Этномәдениетті түсінуге деген алғашқы ықпал социосфера  парадигмасында этностық процестерді зерттеумен байланысты болды.Ол парадигманың бастапқы алғы шарты этнос әлеуметтік құбылыс, сондықтанда қоғам даму заңдарына бағыну керек, өзінің меншікті заңдары жоқ деген сеніммен байланысты болады.Және этнос жүйелілі деген идея біртектілік, идентификация ретінде түсініліп сана сезімдердің бөлінбес бөлігі деп аныталады.Этностық жүйедегі мәдениеттің маңызды функциясына-этносты сигнефикативті жүйе ретінде анықтайтын белгі-символикалық функциясы  жатқызылды.Сигнефикативті жүйеге тіл ғана емес этнос құрылымында  коммуникативті рөл атқаратын басқа да элеметтер жатады.Ұзақ жылдар бойы этномәдени мәселесін дәстүрлі жағдайда тек фольклор мәнінде карастырды.Оны ұлттық дәстүрлердің рухани және тұрмыстық аспектілеріне апарады. В.Бромлей осы сұрақты талдай отырып, мәдениетті этностық аспектісі жайлы айтып, оны «өндірістен тыс мәдениет» деп аталады, яғни мәдениет адамдардың күнделікті материалды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру сферасында қаралады[3,351]. Шындығында тұрмыстық мәдениет этностық қатынаста дәстүрлі қырларды көбірек сақтайды. Этномәдениет мәселесін қарастыруда этномәдени реттеу жүйелеріндегі дінді аттап кетуге болмайды. Этностық тарих этногинез факторлар жүйесінде діни комплекстердің маңызды ролін көрсетедіт, әсіресе этномәдени интеграциядағы діни құндылықтар, «провославиелік» және «мұсылман» әлемі сияқты супер этностық тұтастықтар құру сұрағы, сондай-ақ этностық бірлікті қалыптастыру мен сақтаудағы діннің маңызды ролін корсетті. Сөйтіп, «социосфера» ықпалындағы зерттеулер этномәдениеттің көп функцияларын ашады-рухани, тұрмыстық, материалды өндірістік, саяси-тәрбиелік, гуманитарлы білім салаларын осы функциялардың біреуін азайту немесе мойындамау ерте ме кеш пе этностық мәдениеттің тұтастығын бұзуға әкеледі. Этномәдениет пен этногенезге деген екінші ықпалға Л.Н.Гумилевтің биосфералық концепциясын айтуға болады.Л.Н.Гумилевтің пікірінше, этностық  мәдениет өз элеметтері мен байланыстарының өзара әрекетін  беретін күрделі көпдеңгейлі  құрылу.Этномәдениет ол тұтастай феномен, оны этностық  немесе этностық емес белгілері бар фрагменттерге бөлу дегеніміз,  этномәдениеттегі творчествалық тарнсформацияға деген қабілеттен бас тарту. Ең маңыздысы сол этномәдениетте архаистік мағыналар мен түсініктер бар, соның арқасында этномәдениет тек қана кеңістікті ғана емес әрі рухани әсерленуге қолайлы уақыт өлшемдерін де береді. Этностық тұтастықтың негізгі белгісі ерекше сипаттағы этностық мәдениет, оны қалыптастыратын элементтер-біріншіден, белгілі этносқа ғана тән мінез құлықтың ішкі қайталанбас стереотипі (психикалық құрылыс), екіншіден, обьективті шарттар мен факторларды қалыптастыруға әсер ететіндер: табиғи (территория, ландшафт, геокосмостық аномалия), әлеуметтік (жергілікті өндірістік-экономикалық жағдай және өркениеттің деңгейі, қоршағандар, байланыстар және саяси мұра), этномәдени (күрделілік пен белсенділік деңгейі, яғни этностардың жасы, көршілер, этнос-субстраттар, алдыңғы мәдениет, олардың элементтері, тіл, идеялық мұра), антропоморф (этностардың антропобиологиялық ерекшеліктері).Л.Н.Гумилевтің  пікірінше, мәдениет пен этнос әртүрлі жоспардағы құрлым. Этнос органикалық сфераға жатса, мәдениет жасанды құрлым, этностар өзінің этногенетикалық бағдарламасын жасайды.Сондықтанда,техника,жасанды этностық процестердің индикаторы[4,153-155].

Мәднеиеттің этнос тағдырларындағы рөлі қайшылықты болып отыр.Неге? «Неосфералық концепция» бойынша мәдениет тарихында этностық процестердің жоғарлауы мен құлдырауы болды, бірақ олар фаза бойынша бір-бірімен сәйкес келмейді[4,153-155].Бұл сәйкессіздік этногенездің ішкі стимулдарымен байланысты туындайды,этностың өскенін көрсетеді, әрі мәдениеттің гүлденгенін білдіреді.Негізгі жұмыс біткен соң енді биосферамен араздық басталады.Бұл фазада этнос тіршілікпен байланысын жоғалтып, құлдырайды.Сөйтіп,Л.Н.Гумилев этнос пен мәдениет бір-бірімен кері пропорционал қатынаста болады дейді.Сондықтанда өздігінен ұйымдасу прогресстің обьективті қажетті жағы.Біз үшін мәдениеттің этностық,рухани комплекстерінің әртүрлілігі және этномәдениетін еркін дамыту негізгі мәселе.

В.К.Шабельниковтың пікірінше өркениет процесі екі құрылымның өзара әрекетіне байланысты болады-сұйық (Европа; Америка)  және қатты (Азия) әлеуметтік жүйелердің қатты және сұйық құрылымдарымен қарсыласуы қазіргі әлемдік саясаттың негізгі мазмұнын құрайды. Біз сол қатты әлеуметтік құрылымның өкілдеріміз. Ол қалай сипатталады? Қатты қоғамдық жүйеде адам этностың отбасының ажырамас бөлігі. Өндірістің отбасылық рулық типі көп деңгейлі мықты иерархияны жасайды, онда адам өзінің жасына, жағдайна қарай іс-әрекет пен мінез құлық мазмұнына ие болады. Еврогенетикалық мәдениет қатты этнос жүйелерге қуатты қысым көрсетуде. Мәселен, транспорт байланысы, баспасөз, телеақпараттар арқылы рефлексиялы мәдениет қатты құрылымның орнықтылығын бұзуға әкелуде. Қазіргі жаңа өркениеттің дамуында қатты әлеуметтік құрылымдардың әлсіреуі қашып құтыла алмайтыын процесс. Этномәдениет ортаның өзгеру мәселесі этностың қайта құрылу мәселесінің бір бөлігі немесе бұрынғы қатты жүйелердің еріп кетуі. Қатты құрылымдардың еруінің қажетті шартының  бірі полиэтникалық және полимәденилік, өз кезегінде олар сол не басқа мәдени типтерді анықтайды[5,3-17].

ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап әлемдік масштабта халықтардың өз тұрмыс салтын сақтауға ұмтылу, ерекшше тұрмыстық мәдениеттің мәнін көрсету, этностық идентификация мәселесіне байланысты процестер қатты белең алды.Бүгінгі күні этностық қайта өрлеу жаңа замандағы адамзат дамуының басты факторы болып отыр. Адамдардың өзі түпкі шығу тектеріне көңіл бөлуі әртүрлі формаларда көрінеді- көне ескі салт дәстүрлерді реанимациялау, кәсіби мәдениетті фольклоризациялау, өзінің ұлттық мемлекетін құру.

Мәдениет ұғымы психологиялық ұғым ретінде түсінілуде. Этнос пен  мәдениет ұғымының арасындағы байланыс жайлы бірнеше көзқарастар бар. Мәдениетті психиканың этнос аралық  айырмашылығы негізінде  жатқан басты фактор деп анықтайды.Бір қатар этнопсихологиялық мектептер мәдениет пен психологиялық арасындағы байланысты ең алдымен жек бастық сипаттамалар негізінде зерттейді. Американдық психолг Г.Триандис этнопсихологияның пәні ретінде субьективті мәдениет  деген ұғымды бөліп көрсетті.Философиялық және социологиялық концепцияларда репрезентативті мәдениет (Ф.Тренбрук) деген термин кіргізілді.Ал американдық психолг Д.Матсумото мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамдар тобының, бірақ әр индивид үшін әртүрлі болатын мінез-құлықтың, сенімнің, құндылықтардың, ішкі ыңғайланулардың жиынтығы деп түсіндірді. Бұл анықтама топтық және индивидуалды сананың ішкі мазмұнына қатысты. Мәдени-шарттанған мінез құлық салт жораларда тіркелгендіктен нәтижесінде (мінез құлықтың жалпы, автоматтанған тәсілдері) адамдар тобын жалпы мәдени құндылықтарға, мінез құлық нормаларына және қарым қатынасқа қарай бөлу жүзеге асады. Мәдениет мінез құлық пен қарым қатынасқа әсер етпейді, құндылықтар, нормалар, рөлдер, әлеуметтік когнитивті және аффективті процестер, әдет-ғұрыптар арқылы жанама әсе принциптер болып табылады. Егер сіз өзіңіз жататын мәдениетті түсінгіңіз келсе ең алдымен оның базалық құндылықтарын түсінуге тырысыңыз: бұл өзіңіздің, адамның мінез құлықының жасырын мотивтері мен мағыналарын түсіндіретін тура жол.

Мәдениет элементтерінің ерекше болуы бірнеше факторлармен түсіндіріледі біз үшін маңыздысы мәдениеттің әртүрлі болуының әлеуметтік-психологиялық себептері жайлы сұрақтар. Мәдениет- ол бір жиынтық емес, бірлігі бір бейнемен элементтері өзара байланысқан жүйе. Этнологияда мәдениет дегеніміз сол этносты құрайтын бірлестік, әлеуметтік тіршілік салты, тұтастай алған сол қоғамның өзі, сол этнос. Қазіргі жаңа этнопсихологияда этностық социаллизация және мәдени трансмиссия ұғымдары қолданылады.Этностық бірлестіктердің психологиясын зерттегенде олардың мәдениетінде жүзеге асатын көптеген әртүрлі процестерді ескеріп отыру керек. Этопсихологияда үлкен орын алатын жағдай психология мен мәдениеттің арақатынасы, оның этностық аспекттілерінің мәні жайлы мәселе. Бүл екі категория әртүрлі жоспарлы болса да, оларды бөлудің күрделілігі сонда олар бәрібір бір бірімен сәйкес келіп, жақындасады. Міне осы жағдайда этностық бірлестіктің психологиясын оның мәдениеті арқылы, ал мәдениетті психикалық құбылыс арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Психиканың тұлға аралық айырмашылық негізіне мәдениетті жатқызады. Халық психологиясымен оның мәдениетінің өзара байланысын талдай білу керек. Этностық бірдейлікті оның мәдениеті арқылы, ал мәдениетті психикалық құрылым негізінде анықтауға болады. Р. Бенедикт айтқандай, «Халықтар психологиясы – ол оның мәдениеті».

Полиэтностық жағдайда этностық толеранттылық мәселесі де мәнді.Басқа этностық  мәдениеттерді қабылдау,силау үшін ең алдымен өзіңнің   мәдениетіңді  қабылдау,силау,оның позитивті  құнды екенін ұғыну,оған деген сенімділік,басқа мәдениетпен жиі байланысқа түсу міне осы жағдайлар мәдени аралық толеранттылықтың негізін құрайды.Мәдениет адам творчествосының өнімі. Мәдениет жеке әлеуметтік-экономикалық формацияда этностық, ұлттық, таптық, топтық мәдениет ретінде дамиды.Мінез құлықтағы өзгеріс міндетті түрде мәдениеттегі өзгерісті білдіреді.Әлемдік экономикалық интеграциямен  халықтың кең мәдени өзара молаю процесінің аясында этностық сана сезімдердің ренессансы өтуде.Позитивті жоспарда ол халықтардың ұлттық мұраларында,тарихта,ұлттық мәдениетті сақтау көрнісінде көрінсе, негативті жоспарда ұлтшылдық,агрессияда көрінеді.Мәдени және этностық детерминацияланған әлем әрбір индивидтің социализациясының  негізі болып табылады.Этностық мәдениет психологиялық адаптацияға байланысты туындаған қажеттілікті детерминациялайды.Этнопсихологиядағы этника аралық қатынастар мәселесінде әрбір этностың мәдениеті, тарихы, творчествосы қаралады. Басқа бір әлеуметтік ортаға келген жеке адам сол ортаның ерекшеліктеріне бейімделуде белгілі бір қиындықтарды бастан кешіреді. Тіл және мәдени ерекшіліктердің жиынтығы әлеуметтік қоршаудың ядросы бола отырып, этностық ерекшіліктерді құрайды, ол адамның социализация процесін жанамалай отырып, жеке адамның этнопсихологиялық ерекшеліктеріне айналады. Яғни жеке адамның индивидуалды ерекшіліктері биологиялық (саматикалық және физиологиялық) факторларымен шарттанған индивидулды ерекшеліктермен қатар, этностық факторлармен шарттанған индивидуалды ерекшіліктері де болады. Осы екі қатар факторлар жеке адамның қалыптасу процесінде өзара бір-бірін детерминациялап, негізгі мазмұнын «этностық индивидуалдық» ұғымы құрайтын психологолиялық феномен аясында жатқан жаңа функционалды психофизиологиялық жүйені туғызады. Этностық ішкі ыңғайлануды позитивті этника аралық қатынастар контекстінде қарастырған импирикалық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, олардың тіректеріне дәстүрлі этностық мәдениет жатады.

Полимәдениет пен полиэтностық өзара әрекет жағдайында европалық сананың ерекше типтерін анықтайтын миханизимдер туындайды. Әрбір мәдениеттердің өзара әрекеті олардың өзара рефлексиясы мен өзара бейнелеулері үшін жағымды жағдайлар жасайды[5,3-17]. Адамның қоршаған ортамен қатынасында адамзат бірлестігінің мәдени құндылықтары потенциялы байқалады. Ол медиатор арқылы (Л. С. Выготский), — белгілі, сөз, символ, салт жоралар, этномәдени белгілер, олар санада халықтың тіршілік әрекетінің дамуымен ұйымдастыры тәсілі жайлы білім ретінде белгіленіп болмысты жалпылап бейнелейтін мәнге айналады. (А.Н.Леонтьев). Солар арқылы ғана табиғи психикалық формалар идиалды адам қабілетіне айналады. Нәтижесінде индивид өз мәдениетін меңгереді: мінез құлық мәдениеті (қажеттіліктер, аффектілер, қарым қатынас, әрекет), рухани мәдениет (ойлау мәдениеті, сөз мәдениеті): психикалықтың реалды (табиғи) формасы идиалды, мәдени формасы бола бастайды. Этномәдени парадикмада дамудың базалық процесіне мәдени белгі- символикалық жанамалауды көп бейнелі формасы жатады.                 

   Отногенездегі этномәдени даму мәдениетті меңгерудің континумында өрістейді.Адам нақты мәдени білімдер,ептіліктер дағдыларды орындау әрекетінің ретімен,тәсілімен,формасымен қамтылады.Адамның этномәдени дамуының негізіне өз халқының  мәдени құрлымдарын меңгеруіне негізделген мәдени тәжрибені игеруді қалыптастырудағы өзара қатынас,өзара әрекет тәсілдері жатады.Адамның этномәдени дамуын талдау пәніне мәдени практика,іс-әрекеттің мәдени формалары,яғни этномәдени әлем контексіндегі адамның тіршілік әрекет жүйесі жатады.

Біздің зерттеуге негіз болған адамның этномәдени даму мәселесін этномәдени парадигмада қарастыруға болады.Этномәдени парадигма субьективтілік пен обьективтіліктің арасындағы,адм табиғаты мен социумның,индивидуализация мен социализация процестерінің арасындағы айырмашылықты жеңу барысында жүзеге асады.Дамудың этномәдени парадигмасының мәселелері этномәдени әлемнің индивидуалдылық әлемге және индивидуалдылықтың этномәдени обьектігн айналу және азамттық әртүрлі мәдениет паттерндерін туғызу механизмдерін табу және суреттеу.

Болашақтағы зеттеудің мақсаты этномәдени парадигма міндеттерінің бірі-адамның этномәдени дамуының психологиялық заңдылықтарын табу,басқаша айтсақ,оның этностық индивидуалдылығының дамуы оның этномәдени ілемге қосылу болып табылады.

 

1.2.Этнопсихологияда  кездесетін категориялар

 

Этнопсихология элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа ұлттармен қарым-қатынасында маңызы зор.Оны бүгінгі тарихтан,ұлттар мен  халықтардың мәдени даму кезеңдерінен,олардың өзара қатынасынан байқауға болады. Шын мәнінде,халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, тусініктері, сезімдері  этностық қауымды біріктіреді.Олардың тарихи  үрдістің суьбектілері деп қарауға болады.Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.

Сондықтан, этнопсихологияның мақсаты мен қызметі  гуманитарлық ғылымдардың қызуғушылығын туғызады.бірақ қаншалықты қызығушылық болғанымен, этнопсихологияның көрінісі мен мазмұнын әлі де, жан-жақты,жүйелі,жеткілікті зерттелмеген осыған қарамастан,этнопсихологияның да, өзіндік тарихы,даму бел-белестері бар.

Этнопсихология өзінің даму жолында көптеген қиындықтарға кездесті.Ол басқа ғылымдардың арасынан да орын таппай, өткен ғасырдың алғашқы он жылдығында да белгілі орынға ие бола алмады.Ғылым болмай,жәй пән ғана ретінде,этнография мен тіл білімдеріне жақын орналасқаны жайлы мәлімет Е.А.Будилованың еңбегінде жазылған.

Ертеде рухани психологиялық аймақтағы этностық айырмашылық мәселесі және оның күнделікті тұрмысқа, халықтар мәдениетіне, жалпы оның іс-әрекетіне әсері көптеген ғалымдарды қызықтырған.Мәселен Гиппократ өзінің “О воздухах, водах, местностях” (“Ауа ,су тұрғылықты жер туралы”) атты еңбегінде (б.э.д. шаиамен 424 жылдары) халықтар арасында этностық айырмашылықтың  себебін елдің мекен –жайын, климатыны мен басқа  табиғи факторларына байланыстылығын атап көрсеткен.

Этнопсихологияға түбегеилі  қызығудың жаңа  кезеңі ХХ ғасырдың ортасынан басталады. Этнопсихологиялық қызықты зерттеулердің бастамасын Ш.Монтескье, И.Фихте,И.Кант т.б. еңбектерінен кездестіруге болады.

Ш.Монтескьенің гоеографиялық детерминизм принципіне сүйеніп,ұлттық мінез климаттық жағдайлардың әсерінен өзіндік ерекшелікке ие болатындығын білдік.Белгілі жағдайда  қалыптасатын мінез ұлттық қандай  болатынына,оның тарихының қалай дамуына ықпал ететініне мән берген.

Мінез теориясын жасауға белгілі үлес қосқан  ағылшын  философы Д.Юм “О национальных характер” (“ Ұлттық мінез туралы”) атты еңбегінде халық мінезінің қалыптасуына ықпал етуші негізгі факторларды көрсеткен.Ғалымның ойынша ,ол физикалық және моральдық факторлар түсінігіне ауа, климат және басқа өмірдегі табиғи жағдайларды жатқызған.Ал моральдыққа-халықтың мінезіне әсер етуші факторлар ретінде қоғамдағы әлеуметтік-саяси қатынастармен байланысты қасиеттерді алған.

Сондай-ақ философ Д.Юм кез-келген ұлт  топтарының  өз психологиясы,мінезі, бейімділігі, дағдасы руханияты болатындығы олардың кәсіби топтардан  тұратындығы турулы айтқан.Оның халық  психологиясы,сол халықтың тілі мен рухани өмірі,сондай-ақ басқа да жалпы формасы қалыптасатыны жайлы пікір.

“Адам қоғамының тарихы табиғаттың даму нәтижесі болып табылады”,-деген И.Гергер.Ол географиялық жағдайдың ролін жете түсініп,оны “мойындамау-танту немесе сандырақ”,-деп өз ойын айқындаған.Сонымен қатар ойшыл бірінші болып халықтардың өмір сүру бейнесін,олардың  салт-дәстүрін зерттеген.Ұлттардың бірлігі климатқа тән екенін,халықтардың арнайы жағдайға бейімделуіне және экологиялық үйлесімділігіне тоқталған.Оның ойынша,тек қана халық мінезіне,қоғамдық қатынастарға климат оңтайлы әсері ғана емес,сонымен бірге кері әсер тигізетіндігі туралы ойыда маңызды.

И.Канттың ізгі ойлары этнопсихологиялық зерттеулер т арихында үлкен орын алады.Ғылым өзінің “Прагматикалық тұрғысынан алғандағы көзқарас антропологиясы” атты еңбегінде “халық” , “ұлт” , “халық мінезі” деген ұғымдарды қарастырады.Халық өз мінезіне ие екеніне тоқталған.Ол эмоциялық қобалжуда(аффектацияда),басқа мәдениетті қабылдауда және  өзге халықтарға қатынасында байқалатыны айтқан.

Автор ұлттық мінездің  негізгі бағыты басқа халықтарға деген қатынасқа, мемлекеті мен қоғамын мақтаныш тұтуға байланысты деп санайды.Ол халықты географиялық орналасу әсерін мойындаса да, халықтардың мінезін ашатын кілті деп санайды.

Ұлы философтың кейбір еуропалық халықтардың ұлттық мінезіне салыстырмалы талдау жасауға ұмтылса этностық психологияда ерекше қызығуды тудырып отыр.Ол осы халықтардың әрбірі оңтайлы және теріс мінезге ие екенін айтып кеткен.Себебі,ол зерттеулерінде француз, ағылшын, неміс ұлттары өкілдерінің мінез-құлқының салыстырмалы талдауын жасап,обьективтілік принципін сақтап отырған.Бұл өз кезеңінде халықтану жүйесінде тағы бір даму сатысы болады.

Ұлттық мінез туралы   білімді дамытуға Г.Гегельдің шығармашылық көзқарасы”Философия духа” (“Рухани философия”) атты  еңбегінде орын алған .Ғалымның пікірі бойынша,халықтың рухы кейбір анықтылығы бар дүниежүжілік рухтың даму сатысы  ретінде көрсетілген .Халық рухы белгілі қызметті атқарады.Ол өзіне өмірдің мәдениетін,дінін,салт-дәстүрін құрып, мемлекеттік құрылысты,оның заңдарын, адамдардың мінез-құлқын анықтап, қалыптастырған.Ұлт тағдырын,тарихын анықтауда халық іс-әрекетінің негізінде ұлттық рух жатыр.Барлық халықтар рухты тасмалдаушылар,басқаша айтатын болсақ,ол дүние жүзінде тарихы дамуы мүмкін емес.Міне осыдан Гегельдің көпшілік халықтың тарихына елеусіз қарайтын сәттері де байқалады.Оларды бір-біріне қарсы қойып алуы мүмкін екендігін ескермегендігі аңғарылады.Ғұлама ғалым  көзқарасының шектелгендік көрсеткіші ретінде   өркениетті   дамудағы 4 кезеңінің ішінен   германдық кезеңге ерекше мән берген дәлел.Ол өз еңбегінде халық мінезін  ұлттық қауымның  қасиеттері,ал темпераментті индивидумның қасиеттері деп,осы мәселенің әдіснамалық жағдайын шешуге тырысқан.

Жалпы жаңа этнопсихология ғылымының негізін салушылар М.Лацарис пен Х.Штейнталь болды. Олар 1859 жылы “Халықтар психологиясы және тіл білімі” атты журнал шығарды .Оның алғашқы номерінде “Халық психоллогиясы туралы ойлар” деген  мақаласында психологияға  жаңа ғылым ретінде “Халықтар психологиясын” кіргізуге болатындығын және оны дамыту қажеттігін айтқан.Бұл ғылымды бір адамның жан-дүниесі деп қаамай, оны жалпы бүтін орта ретінде зертеу қажет екенін жазды.Сөйтіп 1860 жылы халықтар психологиясы пән ретінде дүниеге келді.М.Лацарус пен Х. Штенталь осы жаңа ғылымның негізгі міндеттерін былай деп анықтаған.

1.Халық рухының  психологиялық мәнін тану:

2.Халықтардың өмір сүруі заңдылықтарын ашу;

3.Қандай да бір халықтың пайда болуы,дамуы жоғалып кету ерекшеліктерін себептер анықтайды.

Ғалымдардың ойынша “Халықтардың психологиясы” ұғымы-жалпы тілдің,діннің,өнердің,ғылыми заңдардың және басқа да мәдени,рухани элементтердің психологиялық  мәнін түсіндіретін ғылым.

Олардың пікірінше, халықтар психологиясы екі бөліктен тұрады:-бірінші “Халық рухы деген не?” деген сұраққа жауап беретін абстрактілік бөлек;

-екінші, нақты белгілі халықтардың зерттейтін бөлік.

Авторлар айтқан:” бірінші барлық халықтар үшін қажетті заңдарды қояды,екінші іс-әрәкеттегі жалпылама заңдардың көрінісі ретінде бөлек халықтарды бейнелеп сипаттайды.Біріншісі-халықтың-тарихы психология болса,екінші психологиялық этнология”.

“Этнопсихология”ұғымы Батыстағы ғылыми әдебиттерде жиі кездесе бермейді.Ол психологияға В.Вунд еңбектері арқылы енді.Неміс ғалымы сананың эксперименттік  психологиясын құрумен қоса, әлеуметтік психологиялық білімнің алғашқы түрлері ретінде халық психологиясының негізін қалаған.

Атақты ғалымның айтуынша,негізгі халық азығына жататын тілді,аңызарды, салт-дәстүрлерді зерттеу халық рухын жеткілікті түсінуге кепілдік береді.Жеке психологияда тіл-ақылмен ,аңыз –сезімен,салт-дәстүр-ерікпен сәкес келетінін анықтаған.

1927 жылы Г.Шпеттің айтқан ойы “Жалпы психологиядағы жетістіктер ,этнопсихологияда орын таба алмай жатқандығы” бүгінгі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Л.Н.Гумилевтың этнос және  этногенез  тұжырмдамысы қызықты.Себебі,ол өзінің теориясында; “Этнос-адамдардың мінез-құлқында өзіндік ерекшелігі бар топтауырындармен айрықшаланатын,тарихи уақытта заңды өзгертетін,тұрақталған,қалыптасқан ұжым”,-деген.Кеменгер ғалым этнос, әйтеуір ертеме,кеш пе,екі немесе көтеген компонеттерден туады деген пікірін ұсынды.Осы компонеттер қосылып,бір бүтінді құрайды.Алайда,белгілі ішкі құрылымы арқылы туындайды деген түсініктемесін ортаға салған.[1,410-417].

Сондай-ақ олар әрбір  этностың жеке,ішкі тәжрибесі  басқаларда қайталандайтынын айтқан.Оның құрлымы және мінез-құлық топтауырындары бәрін көрсеткен негізі идеясы;этноспен географиялық ортаның бір-біріне әсері болмайды деген түйін жасады.Л.Н.Гулелевтың көзқарасы өте маңызды әсіресе оның  әр ұлт  тәжрибесі басқаша   қайталанбайтындығы,топтауырындардың ерекшеліктеріне мән беру  қажеттілігі бүгін де мәнді.

1883 жылы  “Советская этнография” журналында этнопсихологияның нені зерттейтіні туралы пікір-талас материалдары жарық көрді.Талқылауға қатысушылар бір ауыздан этникалық психологияда болашақ ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлер, әдет, ұлттық сезім көңіл-күй және тағы басқаларының назар аударатынын бідірген.Соның ішінде   этностық топтауырындар  мен өзіндік сана,  құндылықтары,ерекше  көрсетілген.

Этнопсихологиядағы зерттеулердің мәселелерін  талқылаған  А.Ф.Дашдамировтың (1983) “Этнопсихологияның міндеті-ұлттық өзіндік сана, ұлттық сезім және көңіл-күй  қалай  қалыптасады,әрі қалай  көрінеді?-деген сұрағының мәні зор.

Г.В.Старовойдың пікірі бойынша ,этнопсихология ғылым ретінде жалпы психологияның бір бөлігіне жатады.Этнопсихологиялық зерттеудің  аясын  барлық психикалыфқ  функциялардың  ерекшеліктері  кіреді,әрі олар  онтогенез бен    филогенезде  қалыптасады.Ал,  бұл  этнопсихологиялық проблематикаға  психиканың дамуындағы  жалпы  психологиялық мәселелердің    тікелей  байланысы  бар  екенін  көрсетеді.

         А.А. Реаның этнстық  психологияны  жеке  ғылым  ретінде қарау  керек  деген пікіріне қосыла  отырып,  оның   маңызды этнопсихологиялық  зерттеулердің  кеңінене  дамыту  қажет.

Этнопсихологияның әдіснамалық  негізі,психикалық  құбылыстарды зерттеудің іс-әрекеттік жолы болып табылады .Осы бағытты дамытқан –Л.С.Выготскийдің ,Л.Н. Леонтьевтың мектептері .Ұлттық мінез туралы айтатын болсақ, оған тұлғанның жүйелік іс-әрекеттік тұжырымдамасы тұрғысынан қарау керек .

70-80 жылдарда КСРО-дағы этнопсихологиялық   ізденіс  саласында  серпіліс  болған  байқаймыз . Мысалы:Б.Ф. Порлиневтің этнопсихологиялық   зерттеулерін  зор  маңызын   атап  кетуге болады. Оған  ғылым жасаған этнос  пен этногнездің биологиялық ,  географиялық  тұжырымдамасы дәлел .

Тұлғаның   өміріндегі ұлттық  мінездің  байқалуіын  А.Г. Асмоловтың   тұжырымдамасы  ашады.Тұлғаның  құрылымдың   бірілігінде  ұлттық мінез  айқындалады.

 Бүгінгі шетел этнопсихологиясы эмперикалық мәліметтерді талдау мен интерпритация тәсіліне ізін қалдыратын психология,биология ,психотриа,социология,антропология элементтерін қамтыған.Эмперикалық және теориалық білімдер аралығы дұрыс ажыратылмаған .Ұлттық үрдістерді талдау әртүрлі бағытта,эмперикалық жолмен жүргізілуде.

Батыс ұлтттық психологиясының дамуында 2фактор бар.

-жеке-тұлғалық тұрғыны көздеп,этикалық ортаның барлық мәселелерін біріктіруге ұмтылуы;

-зертеушілердің философиялық әдіснамалық серпіліс көрінісінің басымдылығы.

Шетел этнопсихологтарының алдындағы мәселелер;

-ұлттық мінездің қалыптасу ерекшеліктері;

-әртүрлі мәдениеттегі норма мен патологияның ара қатынасы;

-тұлғаның  қалыптасуына жаскезіндегі тәжрибенің мағанасы.

Осы сарындағы зерттеулер ұлттық психологияның дамуындағы бірінші бағытты айқындайды;

-психоаналитикалық;

-әртүрлі мәдениеттегі тұлғаны зерттеу;

-әлеуметтік психология.

80-ші жылдардың екінші жартысы 90-шы жылдардың басында шектеледі ұлттық мінез тақырыбы көкейтесті мәселенің біріне айналып,оған деген қызығушылық артты.Алайда, көпшілік жағдайда осы мәселе тек қана ғылыми публистикалық түрде талданып жүрді.Тұлғаның этностық-мәдениерекшеліктерін қолайлы және қолайсыз  қасиеттердің қандай да бір түрін  ұлттық мінезге қиыстырудың мүмкіндігі болған жоқ.

Тұлғаның ішкі дүниесі мен мәдениетінің байланысы туралы түсінікті американдықтар өз негізіне айналдырған.Солардың бірі-АҚШ-тың мәдени антропорлгиясының негізін салушы ,Германияда туған-Ф.Боас.

Қазіргі шетелдік этнопсихологтардың зерттеуі бүгінгі біздегі этнопсихологияның негізгі салаларымен тығыз байланысты.Адам туралы әртүрлі ғылымдардың өзара эдіснамалық принципі мен зерттеу эдістерін қамтиды.

Ал,енді Қазақстандағы этнопсихологияның даму кезеңіне мән берсек, 18 ғасырдағы қазақтың Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа ұлы мұрагерлері қалдырған этнопсихологиялық көзқарастары қазіргі уақыттың өзінде маңызын мағанасын жойған жөн.

Бұлардан бұрын өмір сүрген ғұлама ғалымдарымыз Әбу-Насыр Әл-Фараби әртүрлі халықтардың тілі,мінезі менэдет-ғұрпы туралы,ал Ж.Баласұғын,М.Қашқари,С.Сарай халық мінезі  туралы жазған.Қазақтың ақын-жыраулары Асан қайғы, Шал,Қазтуған,Дулат және тағы басқалардың  көшпелі халықтың мінезі жайлы толғау өсиеттерінен кейбір этнопсихологилық  сұрақтардың жауабын табуға болады.Айталық ұстаз қаламгер Ж.Аймаутов 1926 жылы Ташкентте жарық көрген “Псиқология” атты кітабында “төңіректегі табиғат шарттары оған(адамға) зор сүрең береді.Мәдентеттің өркендеуіне мейлі күйедей жұғатын нәрсе;жерінің ауасы мен топырағы(құйқасы) егін салуға,мал өсіруге қолайлы,жерінде темір кені болуы;адам баласының ілгері басым дамуына  зор себептің бірі қатынас жолы.Адам атаулыны тұтас алап қарасақ,солтүстік жақтағы жұрттар аралас, дәйім қатынасып жатса,оңтүстік жақта көбнесе бөлек-бөлек бытырап жатады, бірін-бірі білмейді;міне оңтүстік жақтық халық жетіле алмай кенже қалған себебі сол.Осындай себеппен  таулы ,орманды жерлердің  халқы да мәдениеттен мешеу қалды.Ал,енді сулы жердің халқын қарасаңыз,суында кеме жүретін болса мәдениеттің ұйытқысы болғанын керексіз»,-деп жазған.Оның «жағырапия жағдайының адам құлығына сүрең»,-деп атағанынан халықтар  табиғаттың  адам өмір сүретін ортасына тікелей байланысын,әсерін аңғарамыз.Осы көзқарасты дәлелдеу  мақсатында кейбір ұлттық ерекшеліктерді  зертеушілер өз ізденісінде қолданады.

Ұлы отан соғыс жылдарынан  кейін ұлттық  мінез,халық психологиясы  мәселелеріне тоқталған,әрі оны терең зеррреген қазақ психологы Т.Тәжібаев болады.Ол “19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы  ағарту мен педагогикалық ойлардың дамуы” атты кітабында  халықтың мінез мәселесі қызықтыда өзекті екендігі,алайда әлі толық зерттелмегендігін жазады.Философтардың,психологтар,тарихшылар,әдебиетші,этнограф ізденушілерді күтуде екенін де жазған.

Біздің Республикамызда этнопсихологиялық мәселелер туралы сұрақтар екі негізгі бағытта қарастырылуда.Жұмыстардың бірінші тобын көптеген ұрпақтардың  шығармашылық даналығының  негізі болатын халықтық психологиялық тәжрибесін зерттен құрайды.Осы тәжрибені ғылыми тұрғыда зерттеудегі маңызды қадам ретінде Ш.Уалихановтың,Ж.Аймауытовтың, Т.Тәжібаевтың еңбектерін атауға  болады.Бүгінгі таңда осы дәстүрді Қ.Б.Жарықбаев,С.М.Жакыпов,Л.К.Көмекбаева т.б. қарастырады.Сонмен қатар ,этнопсихологияның әртүрлі мәселелерін көтеріп,оны жан-жақты терең зерттеген пофессорлар;Қ.Жарықбаев,С.М.Жақыпов,Н.Елікбаева т.б. болып табылады.

70-жылдардан бастап еліміздің бірталай ғалымдарының-профессор Н.Жандельдиннің “Ұлттық психологияның табиғаты”, профессор Н.Елікбаевтың “Ұлттық психология” еңбегінде бүгінгі этностық психологияның кейбір теориялық және әдіснамалық мәселелері қамтылған.Сонымен қатар,аталған ғалымдар көптеген ғылыми конфернцияларда этностық психология тақырыбына байланысты мақалалармен қалың көпшілікке ой салуда.

Бүгінгі этнопсихологиядағы міндеттерді айта отырып,В.К.Шабельников халықтардың өткен кезеңдегі психикалық тұрпат,өзгерістерін зерттеп қана қоймай,болашақ кезеңдегісіне де алдын-ала болжау жасау  қажет екенін атағаны мәлім.Бұл әрине,сананың детерминация механизімдері менгеобиодетерминацияны қосып,бүтін аймақ деңгейіндегі сана танымының детерминациясын зерттеп білгенде ғана мүмкіндігі бар.Ғалым Қазақстанның айрықша  аймақтық—биосфералық жағдайына сәкестенетін ұлттық дәстүрлер мен тектік өмірдің өзін психологиялық жаңа формаларымен салыстыруда жете түйсінуге тоқталған.

Б.А.Әмірованың этностық жаңсақ танымдарының оқыту процесіне әсер етеді,этнопсихологиялық эксперименталды жұмыс болып табылатын.А.Т.Малаеваның еңбектерінгің де ерекшеліктері бар. Ізденіс  көз  қарастары да  мәнді.

Біздің  еліміздегі  этнопсихологияның  жалпы  жағдайын  алып   қарайтын  болсақ ,  маңызды  теориялық  материалдар  және  тәжірибелік   этнопсихологиялық  өңдеулер жеткіліксіз.  Пән  аралық  ынтымастықтың   көмегімен этнопсихологиялық   сипаттамасы бар    мақалалар  енді   ғана   жарыққа  шығуда.  Әдістемелік  құралдардың  тапшылығыда  көп  кедергі келтіруде. Келешекте  бұл  бағытта ілгері  ізденіс,  кешенді   зерттеулер  аса  қажетті.  Бұл  уақыт  талабы.

Этнопсихологияда кездесетін категорияларды төмендегідей 6 түрін қарастырамыз.  

 

1.2.1.Этнопсихологиядағы негізгі категориялардың бірі өзіндік сана

 

    Этнопсихологияның көптеген мәселелерін  тұлганың  өзіндік  санасы сондайақ әлеуметтік және этностық топтар сана сезімі жайлы  ғылыми көзқарастарды  ескере отырып  түсіндіруге болады.

    Тұлганың ішкі әлемі,оның өзіндік  санасы әрқашанда  зерттеушілердің  назарында болып  келді.Сондықтанда  сана сазімге  байлапнысты әр зерттеуші әр  түрлі  анықтама  берген.Өзіндік сана  мәселесін  зерттеген  отандық   зерттеушілердің  бірі В.В.Столин  адамның  психикалық ұйымындағы өзіндік  санасының  орнын талдай келіп,жалпы  барлық  өзіндік сана  жөніндегі  зерттеулерді екі  сұрақ  төңірегіне  топтастырды.Б.Г.Ананевтің   Л.С.Рубенштейннің, А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы  контектіндегі  өзіндік сананың қалыптасу  сұрағы  жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі  ретінде  ұғынуына  ықпал ететін психикалық үрдістердің  жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.[22,102-189]

 Өзіндік сананың табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі мен механизімдері жайында А.Н.Леонтев қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің жағдайды  эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.                

С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ  С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен»    бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады.             Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады.                          Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады.Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады.                                                                                                                  В.С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:

-өзінің ұқсастығының санасы

-өзінің  «Менінің» санасы

-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы

-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.

И.И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:

-өзін-өзі тану

-өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас

-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу

Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас  келеді.Оның пікірінше, «Мен» бейнесі –бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3 компоненттен тұрады:

1 танымдық  (когнитивті)

2 эмоцианалды  (өзінің қасиеттерін бағалау)

3 мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)

         Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен,біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде қарастырылған.(В.Джеймс, В.М. Бехтеров, В.А. Ядов және т.б)

         Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтініболдырмауға көмектеседі.

         Өзіндік сана — бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.

         Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісі адамның барлық өмірінде жүре отырып,адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.

         Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі  кез-келген өзгеріс тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.

 

                                1.2.2. Этностық идентификация мәселесі.

 

       Этностық идентификация-әр адамның этностық топтағы басқа бір адаммен бірігудеге эмоциялық қатынастың процссі.Мұнда сол  этностың тарихына, мәдениетіне,ұлттық салтына,әдет-ғұрпына,олардың мұраттарына,сезімі мен  фольклоры мекендейтін аймағы мен оның менталитетіне деген жағымды көзқарастары арқылы теңдестіру.Этностық идентификация адамның өзін сол немесе басқа  этносқа жатқызып қоюы ғана емес, сондай-ақ өз халқы туралы,оның өзгеше  қасиеттріне мәденитіне,тіліне,тарихи өткен  өміріне тән «біз» бейнесінің  көрінісі.

    Этностық идентификация тұлғаның  ішкі психологиялық қайшылықтарға қарым-қатынаста өз этномәдениетін жатсыну мен оған жаулық сезімін  туғызатын конфликтілерге,әртүрлі әлеуметтік фрустрацияға әкеледі (ұлттық нигилизм,мәңгүрттену)-деген ойды Қ.Б.Жарықбаев пен  Ж.С.Нүкежановтар тұжырымдаған әрине бұл пікірдің түбірі этностық иднтификацияны жан-жақты зерттеп,оның ерекшеліктерін ашуға ізденіс жасауға ой салды.[19,108-189].

    Этностық  идентификация үдерісі мен  оның нәтижесі жеке және топтың құндылықты қабылдау негізінде тұлғаның этностық топтағы мүшелері мен  қауым туралы пікірдің бөлінуіне  байланысты  болады.Осы идентификация түрі адамның өз этностық қауымымен байланысын және оның басқалармен салыстырғанда анықталатын  этностық бірігушілік пен  этностық шектің белгілері туралы ойдың жиынтығынан   тұрады.

    Психологияда  иднтификация ұғымын З.Фрейд енгізді.Ол  идентификацияны,үлгі бойынша саналы нмс парықсыз әрекетке тырысатын  маңызды  тұлғалардың адамның өзіндік теңестіру  ретінде қараған.Идентификация  тұжырымдамаларын Э.Эриксон, Э.Горман, Р.Линтон, Т. Пирсон т.б. зерттеген.

   Д.Ранопорт  идентификация  ұғымын «мен» субъектінің өзіндік   дамуына қабілетін  қарастырудың орталық механизмі  ретінде ұққан.

    Идентификация әр түрлі деңгейде:ең алдымен,адам идентификациясы туралы айтатын болсақ, өмірдегі   жеткілікті түрде маңызы  бар.Мысалы: Біріншіден  ата-анасымен.

   Екіншден, топпен идентификациясы (референтті топпен) ал ең соңғы  деңгейде,әлеуметтік құбылыстың  кең шеңберінде,басқаша айтсақ,этностық қалуыммен болуы мүмкін.

    Бүгінгі психологияда идентификация  ұғымы психикалық  ақиқаттың қиылысатын үш бөлігін қамтиды.

  • біріншіден идентификация-ол эмоциялық байланысты құру негізінде субъектінің өзін басқа индивиттрмен немесе топпен біріктіру үдерісі,сондай-ақ  жеке нормалар,құндылықтар,үлгілер  ретінде өзінің ішкі дүниесін қосып қабылдау.

— екіншіден   идентификация-басқа адам  субъектісін өзін-өз                      жалғастырушы    ретінде    көз алдына елестетуі  көруі.

— үшіншіден  идентификация-ол субъект  өзінің  басқаның орнына қою        механизмі.Идентификация тиістілік сезіммен байланысты,оның көмегімен адам  сол топпен өзін  теңестіреді,оның (адамның) ойыша өзі сол топқа  тиісті болып есептеледі.

Сонымен бірге идентификация көпшіліктің  мәдениетімен ассимиляция ретінде бағаланса,әрі көп ұлттық қоғамдағы жеке топпен күшті идентификация болса, ол сонда ғана-сенаратизм (бөліну, оқшаулануға ұмтылу) туралы екен деп О.Л.Романова санаған.

 

           1.2.3. Этностық бірдейлік этностық өзіндік сананың құрамдас бөлігі

       

    Дифференциация идентификацияның  біртұтас процесі әлеуметтік ұқсастықты қалыптастырады. Тәшфелдің анықтамасы бойынша, әлеуметтік ұқсастық- бұл индивидтің белгілі бір әлеуметтік топ мүшесі екендігін, сезініп

сол мүшеге тән құндылықтары мен эмоционалды мәнділіктерін ұғындыратын

«Мен концепциясының» бөлігі болып табылады.Сондай-ақ жалпы мағынасында әлеуметтік ұқсастық – бұл өзінің тобын басқа әлеуметтік қауымдармен салыстыру процесінің нәтижесі.

         Этностық ұқсастық – тұлғаның әлеуметтік ұқсастығының құрамды бөлігі, психологиялық категория тұрғысында белгілі бір этностық қауымға жататынын ұғындыру болады. Осы орайда этностық ұқсастық пен этностық ұғымдарын ажыратып алған жөн.Этностық этносқа тән  объективті белгілерін анықтауға бағытталған әлеуметтік категория.Мысалы: ата-ананың белгілі бір этносқа жатуы, туған жерінің , тілінің, мәдениетінің сол этносқа тән болуы[20,355-359].

         Этностық (этничностъ) аскритивті (қоғамға тән) сипатқа ие болса, этностық ұқсастық – этностық негізінде әлеуметтік шындықты құрау процесіндегі индивидтің қол жеткен жетістігі болып табылады.Шынайы өмірде субъективті ұқсастық пен әлеуметтік белгіленген этностық екеуі көп жағдайда сәйкес келмейді. Сондай-ақ этностық ұқсастық өзін этностық қауым қатарында санайтын декламацияланған ұқсастықпен де сәйкес келмеуі мүмкін. Күнделікті өмірде адам өзіне тән ұқсастықтарды қозғалмастан басқа этностық кодтарға қосылуды тиімді пайдалануы мүмкін. Мысалы: мемлекеттік және тұрмыстық  антисемитизммен сипатталатын советтік кезеңде еврейлер қайда, қашан және кіммен еврей болуды күнделікті таңдап отыруға тура келген. Этностық ұқсастықты идентификация дифференциясының біртұтас когнитивті үрдісінің нәтижесі ретінде қарауға болмайды, ол индивидтің әлеуметтік кеңістіктегі көптеген этностар ішінен өзін — өзі  анықтауының когнитивті – эмоциялық үрдісінің нәтижесі. Бұл сондай-ақ тек ұғыну ғана емес, бағалау, өзінің этносқа жататындығын  ойлануы әсерленуі ( переживания)[20,355-359].

         Осы түсініктерді дәл бейнелейтін әсерленушілік термині десек болады, бұл терминді ресейдің әйгілі ойшылдары  Г.Г. Шпет пен Выготский өз еңбектерінде қолданған.

         Шпет ұжымдық әсерленушілік ұғымын енгізсе, осы ұғымға ұқсас түсінікті Выготский ұсынған. Выготский ол әсерленушілік ұғымын қоғамдағы тұлғаны зерттеу үшін қажет бірлік ретінде қарастырған. Екі ойшылдың да берген анықтамаларында  сәйкестік бар.Шпеттің ойынша ұжымдық әсерленушілік (переживание) оның мүшелерінің  мәдениетіне деген қатынасы болса, Выготскийде әсерленушілік «баланың адам ретіндегі белгілі бір шынайылық жағдайына деген ішкі қатынасы»тұрғысында қарастырылады.

         Этностық ұқсастықты әлеуметтік ұқсастықтың құрамды бөлігі ретінде қарастыра отырып, зерттеушілер оның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуге тырысады. Мысалы, американдық мәдениантраполог Дж. Девос этностық ұқсастықты мәдени салт-дәстүрге ұштасқан өткен мұраға бағытталған ұқсастық формасы ретінде қарастырады. Г.У. Солдатовамен де келісуге болады, ол этностық ұқсастықтың ерекшелігін –аңыздан көреді, себебі , оның басты тірегі –жалпы мәдениет, шығу тегі, тарихы туралы аңыздар мен ой- пікірлер болып табылады. Этностық ұқсастықтың әлеуметтік ұқсастықтың қандайда бір құрамдас бөлігінен  айырмашылығын жекелеген  ерекшеліктерінен іздемеу керек, оны сол  немесе  басқа да әлеуметтік контекстегі белгілі бір халық өкілдерінің құрылымдық қатыстарынан іздестірген жөн.

         Этностық ұқсастық  құрылымында екі негізгі компонентті бөліп көрсетеді:

-когнитивті (өз тобының ерекшеліктерін білу, әрі жекелеген белгілерінің негізінде өзін сол этностың мүшесі  екенін ұғынуы)

-аффективті (өз тобының қасиеттерін бағалауы, ондағы мүшелерге деген қатынасы)

         Әр түрлі зерттешілер ұсынған модельде этностық ұқсастықтың когнитивті компонентінің құрамдас бөліктерін анықтауда көптеген терминдер қолданылады: этностық бағдарлану, тотық концепциялар және т.б. Ең маңыздысы  ретінде өз тобы мен басқалар арасындағы ,тарихы мен дәстүрі арасындағы айырмашылық туралы объективті білімдер мен субъективті әлеуметтік ойлардан тұратын  этностық мәліметтілікті  және этностық өзіндік ұқсастықты атауға болады.

         Бірақ этностық ұқсастық-бұл тек өзінің этностық қауыммен ұқсастығын ұғып , сезіну ғана емес, ол сондай-ақ оны бағалауы, оған мүшелікте болудың мәнділігі, этностық сезімдерді бөлісу. Жетістік, өркөкіректік, реніш, қуаныш  сезімдері этнос аралық салыстырудың маңызды критериі болып табылады. Бұл сезімдер этностық қауыммен терең эмоциялық байланысқа негізделеді.

Өзінің этностық қауымына деген қатынас этностық аттитюдерде көрінеді.Позитивті аттиюдтер этностық қауым мүшелеріне көңіл толуынан, өз халқының жетістігіне қуануынан байқалады.

Керісінше, топқа қатынасына байланысты негативті аттитюдтардың көп болуы өзінің этностық  ұқсастығын мойындамау, төмен сезіну сезімінің болуы, референті ретінде басқа топқа бет алуы  т. б. болады.Солдатованың зерттеулерінде Ресей республикасында өмір сүретін орыстар өзінің этностық тобына деген қызығушылығы төмендегідей анықталған.

Соңғы жылдары бұлар өз тарихи тағдырына байланысты көптеген нәрселерден көңілдері қалған.

Тұтастай өз халхына деген ұят сезімдерін өркөкіректік сезіміне алмастырудан орыстардың ішінде өз этностық тобынан бөтенсіні, бөлектену үрдістері көбейе бастағанын бейнелейді.

Кейбір авторлар этностық ұқсастықтың мінез-құлықтың компонентін де ерекшелеп, оны белгілі бір топ мүшесі екенін ұғынып, өзін көрсете білуі деп түсіндіреді.Бірақ этностық ұқсастықтағы этностық мінез-құлықты бөліп көрсету  бұл ұғым аясын одан да кеңейтіп жібереді.Этностық топтың әлеуметтік өмірі мен мәдени практикасына қызығушылық таныту индивидтің этностық ұқсауының индикаторы ретінде қарастырылады.Дегенмен, адамның өзі туралы ойлары мен шынайы өмірдегі әрекеттері , яғни этностық өзін ұқсату мен этностық қызығушылық таныту арасындағы тұрақты байланыс мәселесі әзірге дейін ойландыруда[34,296-341].

Көптеген зерттеулердің нәтижесінің көрсетуінше, өзін этностық топ мүшесі ретінде санауымен өзіне тән типтік мінез-құлықты қолдану секілді екі өлшеуіштің арасындағы тәуелсіздігі байқалған. Кейбір жағдайда ұқсастылық пен  (идентичностъ)  этностық тәжірбиенің кейбір түрлерін қалау арасындағы байланыс мойындалмай жатады. Мысалы, адам басқа этностық қауымның тілі мен дәстүрлерін сақтауға деген ниеті болмаса да, ол қауымға идентификациялануы мүмкін.

Сонымен қатар, шынайы өмірде пайдалануға, үлгілеуге боларлықтай  өзінің этностық прототипін немесе үлгісі бар этностық мәдениет нұсқауын ажырату қажет. Мысалы, ұлттық мектепте оқитын мәскеулік еврей жасөспірімдерінен сауалнама алғанда, олардың еврей мәдениетіне деген қызығушылығының төмен екендігі байқалған: 11,7% респондент айына бір рет немесе одан жиірек синагогада болады екен, ал 39,5% ол жерде мүлде болмайды, 60,2%  ұлттық газеттерді мүлде оқымайды, 76,7%ұлттық қоғамдарда жұмыс істемейді екен.Сондай болғанменде респонденттер еврей мәдениетіне бағытталатындықтарын жария етіп, нұсқауларының деңгейі құштарлықтарынанда екі есе жоғары екендіктерін көрсетті.

Басқа сөзбен айтқанда, этностық ұқсастықтың (идентичности)  мінез-құлық компонентін бөлмеген дұрыс,  ал тек индивидтен іс — әреккетің ұжымдық формасын топтық мақсатқа жетуге деген талпынысын бөлген жөн.Бұл тек әрекет барысында жүзеге аса бермейтін дайындығы ғана.

Сонымен, қазіргі кезде этностық ұқсастық топпен өзара әрекеттесуді әрқашан болжай бермейді.Дегенмен, дәстүрлі қоғамда этностық топтың әлеуметтік өмірі мен мәдени практикасына қатынасу этностық ұқсастықтың құрылуы мен қалыптасуының маңызды компонентті екенін ескерген жөн.

 

                       1.2.4. Эгоцентризм  ұғымына  түсінік

 

Эгоцентризм-айналадағы болып жатқанды ескермей,адамның зейіні мен ойлауын тек өзін ғана бағыттауы арнауы.Эгоцентризм (лат ego – мен, centrum-шеңбер  орталығы) өз  мүдделерін ғана деттеген  индивидтің  тіпті ақпарат өз тәжірибесіне  қарама-қарсы келіп тұрғанда  да қайсы бір объектіге,пікірге  не түсінікке қатысты өзінің бастапқы танымдық ұстанымын өзгерте алмаушылығы   эгоцентризмнің түпкі негізі субъектінің басқадай қарама-қарсы көзқарас  болуы мүмкін екендігін  түсінбуі,басқа адамдардың   психологиялық ұйымдастырылуы өзінікіне барабар дегн имплицитті снмілік болып табылады.Эгоцентризмнн арылту дцптрацияға дгн қабілеттілікті біртіндеп дамыту арқылы жүзге асырады.Эгоцентризм балалық кезеңінде нғұрлым айқын көрініп негізінен 12-14 жасқа қарай қалады.Эгоцентризімнің бр шама күшеюі қартайғанда да, байқалады.Нақты зерттеулерде  эгоцентризімнің әрқилы түрлері  сараланады[28,70-82].

1.Қабылдау және ойлау процестерімен сипатталатын танымдық эгоцентризм.

2.Өзінен басқалардың моральдық   іс-қимылы  мен  қылықтарының негіздерін ұғына алмаушылықты көрсететін моральдық эгоцентризм.

3.Субьктінің басқа адамдарға ақпарат беруі кезінде тезаурустардың,ұғымдардың мағаналық толымдығын жән т.б.Елмеушіліктен көрнтін коммуникативтік эгоцентризм.Бұл салалардың әрқайсысында эгоцнтризмнн арылтуды бір-бірінн тәуелсіз тұрғыда жүзеге асыруға болады.

Этноцентризм дегеніміз не? У.Самнердің көзқаратары.Халықтардың салт-дәстүрлері туралы өзінің классикалық кітабында У.Самнер алғашқыладың бірі болып этноцентризмге анықтама берді.Ол этноцетризмді техникалық атау деп ұқты, Этноцентримде әркім өзінің тобын бәрінің орталығында деп санап топ өзінің абырой-мақтанышы мен атақ-даңқын қастерлейді де басқа топ мүшелеріне жек көрушілік пен қарай отырып, өздерін бәрінен жоғары санайды.

         У.Самнердің пікірінше этноцентризмнен топтардың провинциалимі және көзқарастарымен мәдениеттің тарлығы байқалады. Этноцентрлік тұлға өз мәдениетін қабылдауда .

         Этноцентризмге өзінің тобына деген жағымды құрылымдары мен бөлек әлеуметтік топтарға жағымсыз құрылымдарын қамтиды. Өз анықтамасының дұрыстығын дәлелдемек болып, У.Самнер өз топ мүшелеріне дұрыс көзқарас тудырып, ал басқа топтағылардың намысына тиіп беделін түсіруге дайын тұратындықтарын этнографиялық мәліметтер келтіреді. У.Самнердің пікірінше этникалық топтар басқаларда өздерінің құндылықтарына сүйене отырып бағалайды. Осы бағалаудың негізіне сүйенсек онда барлық халық этноцентрлік болып табылады. Ол құндылықтар өлшеу бірлігінің рөлін атқарады. Ұзақ уақыт бойы салыстырмалы түрде оқшауланып өмір сүрген этникалық топтарда этноцетризм күштірек байқалады. Мұндай топтардың өкілдері өздерінің мінез-құлық шаблондарын — дұрыс және табиғи деп, ал барлық  ауытқуларын –қате деп әрі табиғи емес деп бағалайды.

         Этноцентризмде өз тобының мүшелерін нағыз адам деп, ал бөтендерді жағымсыз яғни варварлар, жабайылар және т.б. ретінде сипаттап, оларды аморальді және күлкілі тіршілік иесі деп қарастырады.Этноцентризм бөтен мәдениеттің киелі және мәдениет немесе табудың заты болып табылатын кейбір элементтеріне ерекше ықпал етеді. Мұнда ең алдымен діни және басқада символдар туралы, отбасылық және басқада құндылықтар жайлы сөз болып тұр. Мысалы, күйеуі тірі болса тура әйелі онымен ажырасып екінші бір адамға тұрмыс құруға рұхсат беретін даниялықтарды қытайлықтар жағымсыз бағалайды.

         Әр түрлі ұлттар мен этностардың өкілдері басқа этностың өкілдерін жеке құндылықтар жүйесі позициясында қабылдайтындықтан осы этностарды бағалауда әр этностық топтардың оларға деген көзқарастары әр түрлі болып келеді. Мысалы, армияндықтарды орыстар, француздар, түріктер, арабтар өздерінің түрлі құндылықтарымен этолондары арқылы салыстыра отырып әрқайсысы әр түрлі қабылдап әр түрлі баяндайды.

         Этноцентризмнен жеке және сонымен ұқсас расоцентризм кездесетіндіктен адамдар бір уақытта әрі этноцентрист, әрі расоцентрист бола алады. Мұндай адамдар неміс фашисттері ішінде көп болған. Олар өздерін армицстер және германдықтар ретінде санап, осы екі аспект арқылы басқалардан асып түсетіндіктеріне сенімді болды.

                   

      1.2.5.  Этностық таптаурындар ұғымы

 

        Этностық таптаурындар— Әртүрлі этностық қауымдастықтардың өкілдріне тән моралдық,ақыл-ой,дене  күш қаситтр туралы біршама   орнықты түсніктер.Этностық таптаурындардың мазмұнында,әдетте көрсетілген қасиеттер  туралы бағымбаушылық  пікірлер жинақталған.Бұған қоса,этностық таптаурындардың  мазмұнында сол ұлт өкілдеріне қатысты іс-қимыл жөнінде нұсқамалар да,болуы мүмкін.Этностық тапаурынның мазмұнындағы бір шама тұрықты негізді  осы халық өкілдерінің сырт келбеті туралы,оның тарихи өткені туралы, өмір салтының рекшліктері мен  еңбек машықтары туралы түсініктер  кешені және  осы халықтың комуникативтік және моралдық  қаситттері туралы бір қатар өзгерме  пайымдауларды саралай білу керк.Бұл сапалық қасиеттерді бағандаулардың өзгергіштігі ұлтаралық және мемлекетаралық қарым-қатыастардағы жағдайлардың өзгрмелілігмен тығыз байланысты.Этностық таптаурындардың шындық болмысқа сәйкес болуы неғайбіл одан да гөрі этностық таптаурындар  халықтардың қарым-қатынасының бұрығы жән  қазргі жағымды  жағымсыз тәжірибесін,әсресе бұл халықтар неғұрлым белснді қарым-қатынас жасаған салалардың (сауда,ауыл шаруашылығы жән т.б.)тәжірибесін бейнелейтін есте ұстаған жөн[20,355-359].

      Қазіргі таңда халықаралық қатынасты құру практикасы үшін осы қатынастың бұқаралық тұрмыстық санада бейнелену формасы ретіндегі этностық таптаурынды зерттеу ерекше маңызды болмақ.

         Әлеуметтік және этнопсихологиялық әдебиеттерде этностық таптаурындар, ең алдымен әр түрлі этностық қауым өкілдеріне тән салыстырмалы түрде тұрақты болып келетін моралды ақыл-ой және физикалық сапалары ретінде анықталады. Сондай-ақ белгілі-бір қасиеттер жинақталып қана қоймай, оларға деген құндылықты қатынастары да болады. Этностық таптаурындар сондай-ақ адамның белгілі бір халықтарға қатынасы әрекетінің алдын-ала белгіленуін де қамтиды. Олардың барлығында этностық өзіндік сананың құамды элементі ретінде өзінің бір этностық қауымға жататындығы мен өзінің басқа этностық қауымдастардан өзгешілігін сезінуге мүмкіндік беретін ұжымдық көзқарастар ретінде қарастыруға болады.

         Шиеленіс жағдайында топтар арасында өрістік бейнелер құралады. Т.Стефаненконың дәлелдеуінше өрістік бейнелер де әр этностық топ өздерінен жағымды салаларды көріп, ал дұшпандарына жағымсыз салаларды жүктейтін шиеленіс кезіндегі таптаурындарды түсіндіреді. Олай болса, таптаурындар қарама –қарсылық формасындағы топ аралық бөлектенудің индекаторы болып табылады. Бұл психологияда сипаттамасын «айналық бейне»  феноменінің көрінісі. Бұлар өздерінің этностық тобын жоғары моралды деп, ал бөтен топтарды агрессивті қауіп төндірушілер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

         Осыларға байланысты психологияда этностық таптаурындардың екі түрін бөледі: Автотаптаурын мен гетеротаптаурын.

           Автотаптаурын дегеніміз – бұл басқалар үшін өзінің этностық тобының бейнесі. Респонденттер бұл орайда өздерінің этностық топтарын бағалай отырып онысын басқа топтарға білдіргісі, көрсеткісі келеді, соған орай өздерін қабылдағандарын қалайды. Гетеротаптаурындар – басқа этностық топ туралы жағымды және жағымсыз бейнелер. Бұл сондай-ақ өзінің қатынасын жариялау болып табылады. Егер автотаптаурындар жағымды түрде болса, гетеротаптаурындар әрі жағымды, әрі жағымсыз немесе нейтралды болып келеді. Г.У.Солдатованың айтуынша, таптаурындар – бұл бір уақытта әрі проекцияның әрі шынайы айырмашылықтардың нәтижесі. Сондықтанда автотаптаурындарға мәдени «құпталған» бегілер тән болса, гетеротаптаурындар жағымсыз сапалар үшін резервуар болып табылады. Дегенмен, автотаптаурындар мен гетеротаптаурындарды автономды бірліктер деп анықтауға болмайды. Олар біртұтас құрылымның, әсіресе және топтық сананың   компоненті болады.Этностық  таптаурын адамдардың арақатынастарын және қатыныстарын біріктіретін әлеумттік және психологиялық тәжірибе.Соның  нәтижесінде жаратылысы бойынша тұрақты,эмоциялық,психикалық    құрлымдықтар әлеумттік бейенлерді сезім деңгейіне   жетізді.Жалпы этностық таптаурын осылай бейнеленеді.

 

 

1.2.6.Этнопсихологиядағы ұлттық мінез

 

Ұлттық мінез-бұл әрбір ұлттың ішкі рухани дүниесінің  негізгі бір компоненті, ол жеке адамның мінезі секілді,бір сыдырғы тұрлаулы және тұрақты сипат ол қоғам дамуының белестерінде өзгерістерге түсіп отырады. Мәселен, қазан төкерісінен кейін қазақ халқының ұлттық мінезін   жаңа заман талабына орай  ұлттық мінез  бітістері пайда болды.Соның бірі жеке дара мінез-құлық ұжымдық мінездің пайда болуы.Сол секілді халқымыз  нарықтық қатынасты  қатынастын өту кездерінде өзінің мінезін осы жағдайға бейімдей бастады.мәселен,социализм  кезінде ұлттық мінез ұжымдық сипат алса, қазіргі кезде бұл этностың әртүрлі даралық мінез бітістері пайда бола бастады.Осыған орай, шала қазақтың мінезі бір сипат алса, мәңгүрт қазақтарда ұлттық мінезге үйлесе қоймайтын,көрініс беретін мінез  бітістер пайда бола бастады.Сөйтіп, ұлттық мінезге жеке адамның да,қоғамның дамуын нақты жағдайда сондай-ақ жеке адамның тыныш-тіршілігінд, олардың психологиялық қасиеттерінің  жиынтығы ұлттық мінез белгілі ұлтқа   ортақ психологиялық  ерекшеліктердің  жиынтығы: нақты этностық қоғамдастықтың қатынас жүйесі ртінде айналадағы  шынайылықтың әртүрлі жақтарына яғни ойлаудың тұрақты таптаурындардың эмоциялық реакциясында және тұтастай қылығында бекініп көрініс беретін ұлттық психикалық жиынтығының компоннті ұлттық мінездің   құрамдас бірлігі –ұлттық намыс-ұлт өкілдрнің атамекенін,тілін,тегін,салт-дәстүрін ерекше қадірлеп,оның абыройын кір жуытпай қызғыштай қору.Ұлттық діл, ұлттық мінез проблемалары.Жалпы, «ұлт» терминінің мәніне келсек,бұл – этностық топтар ұғымынан гөрі белгілі бір мемлекеттегі басым этностық топтың төңірегіне біріккен, сол елдің өткенімен, қазіргі халі мен болашағына өз тағдырларын тамырлас еткен түрлі этностық топтарға қатысты халықтық атау[16,35-45].

         Белгілі жазушы, ғалым М.Әуезов этнопсихология, ұлттық мінез туралы тұжырымдарында әр халықтың, не ұлттың өзіне тән мінез-құлқы, темпераменті, талғам-түсінігі, әдет-ғұрып,салт-санасы болатындығын, қоғамдық сананың осынау ұлттық бояуларға қанық болуы қажеттілігі айтылған. Халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ рухани тіршіліктері (фольклор, тіл, дін, өнер, дәстүр,салт, әдет-ғұрып т.б)ұлт психолгиясының ерекшеліктерін танып білдіретін басты өлшемдер дейді Өлең жырды бірден, табан астында жанынан шығарып айту,суырып салма қабілеттілік, қиыннан қиыстырулар, тіл байлығы, сөз қабілетіне табыну халқымыздың ұлттық психологиясының басты ерекшеліктерінің бірі.

         М.Жұмабаев:  «жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп,есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлттық рухпен, дәстүр-салт, әдет ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет.Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес , біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру», -дейді.

         Қазіргі білім мен тәрбие беруде негізгі талаптар үш түрлі бағытта қарастырылған:  1.Еркін тұлғаны тәрбиелеу.   2.Рухани тұлғаны тәрбиелеу.    3.Ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу.

 

         «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғысқанның пенделік құпиясы) атты поэмалардан құралған романның авторы М. Шаханов: « Адамдардың 97 пайызы өзгенің ықпалында кетеді, өз бетінше ойлауға да құалықсыз.Еліктеумен өмір сүреді. Көңілі қалағанын емес өзгелерден көргенін істейді.Өз басымен ойламайды, біредің айтқанына көніп, айдағанына жүреді» дейді. Ішкі «Менінен» айрылған адам рухсыздық дертіне шалдығады. Рухсыздық – барлық бақытсыздықтың бастауы.  М.Шаханов адамзатты осы рухсыздық апатынан сақтандырады Рухани жұтаған кезде ұлттық сана ғана емес, ауылдық сана қалмайды Адам бойындағы діни-рухани тазалық, имандылық, ұлттық нышандарды сақтау мен ұлттық кесел болып табылатын мінез-құлықтан арылу, діл мен пиғыл тазалығы қажет Жалпы экономикалық мүддемен қатар халықтың мәдениеті мен тарихы, тілі мен ділі оның байлығы болып есептеледі.

         Біздің бойымызда ұлтжандылы сезім, ойымызда өз ұлтымызға деген мақтаныш сезімі төмен екенін жасырмау керек. Рухы төмен елдің – болашағы күңгірт.

         Қазақстан-2030 стратегиясында шет елдегі замандастарынан білімі мен білігі жағынан жеңілмейтін, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі көрсетілген Осыған орай Қ.Р. Білім және ғылым министрі Ш. Беркімбаева өз сөзінде «Біз белгілі бір білімдер мен дағдылар жиынтығын меңгерген адамдар ғана емес қазақстандық діл мен дүниетаным негізінде азаматтық көзқарас қалыптасқан, әлуметтік белсенділігі жоғары отаншыл тұлғалар тәрбиелеп өсіруге баса назар аударуымыз қажет»- дейді. Азаматтық қасиет елге деген сүйіспеншіліктен бастау алуы тиіс.

         Қазақ елінің әлемдік өркениет көшіне ілесіп, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін күш ол отан сүйгіштік рух.

         Білім ордаларында қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына негізделген патриоттық тәрбие беруге көп көңіл бөлінеді. Қазақ этнопедогогикасын республикалық «Атамекен» бағдарламасын басшылыққа алып, осы бағытта жұмыс істеп жатқан мектеп ұжымдары аз емес.

         Қазіргі кезеңде ақпараттар ағыны заманы және Интернет империясы билей бастаған жаһандану заманы. Біз үшін осы жаһандану заманында жоғалып кетпеу, өз төл тумалығымызды қайталанбас төл туындыларымызбен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр.

Егеменді елдің әрбір азаматы ұлттық шеңберде қалмай бүкіл әлемдік, адамзаттық категориялардың деңгейінде ойшылдық танытып, өзіңді де, өзгені де құрметтеп және өзгелерді де өзіңді сыйлауға жеткізу-алда тұрған абзал мұрат.Сонда ғана біз өркениеттің биік шыңынан көріне аламыз.

Халықтың  мінез-құлқы  туралы.(И.С.Кон.)

“Халықтың  мінез-құлқы”ұғымы бастыпқыда белгілі бір халықтың өмір сүру стилін көрсету мақсатында  саясат туралы әдебиттерде   қолданылған.Кейінірек,халықтың мінезі  немесе ұлттық мінезі туралы  айтқанда кейбір авторлар  темпараметке енді   біреулері тұлғалық қаиеттеріне көңіл  бөлсе,үшінші бірулері ұлттық мінезге құндылық бағыттарын,бейлікке  еңбекке  деген қатынастарын  және т.б. жатқызады. Мәдени антропологияда  мәдениеттегі индивидтің  ерекшеліктерінің тұтастық  паттерін анықтау  үшін көптеген жаңа терминдер пайда болда. (мәдениет конфигулациясы базалық тұлға,моралды тұлға  және т.б.) кейінрек зерттеушілер халық мінезі ұғымын  қайта көңіл  бөлді.Бірақ қазірдің өзінде халық мінезі дегеніміз не?, ол тіпті де бар ма ма, ол маңызды белгі болып  табылады ма? Деген секілді  сұрақтар төңірегінде әртүрлі көзқарастар бар. Бүгінгі күнде мінез тақырыбы психологиядан қудалап, оның  орнына  тұлғалық қасиеттер  немесе  тұлға  ұғымдарымен  ауыстыру жағдайды  оданда  күрделендіруде. Мұндай жағдайда халықтық мінезі  ұғымын  немесе түсінегін  қарастырғанда бірнеше принциптерді басшылыққа алу қажет.

Біріншіден этностық мінезі  дегеніміз-оның  жекелеген өкілдері  мінезінің мөлшері  немесе шамасы емес,ол индивидтердің  белгілі бір  шамасында әртүрлі сәйкестікпен, әртүрлі деңгейде  кездесетінтиптік қасиеттерін белгілеу еенін анықтаған. Сондықтан И.С. Кон айтқандай:”Халықтың мінезін түсіну үшін ең алдымен ол елдің тарихын, қоғамдық құрылысын және мәениетін зерттеп білу керек,ол тек жеке-психологиялық әдістер бұл орайда жеткіліксіз” — деген әбден дұрыс.

Екіншіден, қандайда бір қаситтерді жекелеген этностық қауымның жетістігі ретінде қарауға жол бермеу керек. Қасиеттер немесе олардың шамасы бірегей емес, олордың құрлымы,яғни бұнда қандайда бір қаситтер жиынтығы  жөнінде ғана емес,ол қаситтердің осы  жиынтықта көріну деңгейі,оның көріну ерекшелігі жайында сөз болып тұр.

Үшіншіден мінез қырларын  әлеуметтік–экономикалық және географиялық жағдайға, халықтың өмір сүру салтына және олардың діни сенімдеріне байланысты жалпы құндылықтар жүйесінде қарастыру арқылы түсіндіруге  болады.

Халық мінезін интерпритациялаудағы көзқарастардың ішінде әлеуметтік немесе мәдени детерминизм принципін ұстанатын әлеуметтік тарихи өзқарас жетекші болып табылады.

Халықтық мінезін зерттеудің тарихы көрсеткендей, олордың мәдени арнаулы касиеттерін ерекшелеу арқылы анықтауға тырысақан кез-келген әрекеттер сәтті бола бермейді, себебі жекелеген қаситтер мен олардың шамасы бірегей емес, ал белгілі бір халық өкілдерінің менталды әлем құрлымының  тарихы даму тәжірибесі мен мәденитке күделі түрде детерминацияланғандығы бірегей болып табылады. Дәл осы ебептерге байланысты соңғы кездері “халық мінезі” түсінігін “халық менталдылығы” түсінігіне ауыстырып қолдануда. Менталдық түсінігіне анықтама берген Ж.Дюби берді. Оның айтуынша:”бұл адамның әлем туралы  және өзінің әлемдегі орны туралы көзқарастарының негізінде жатқын бейнелер жүйесі, сондайақ адамдардың  іс-әрекеттерін және мінез-құлқын анықтайды. Менталдықтың бұл түсіндірмесі орысша “әлемдік  түсіну”  сөзінің анықтамасына  ұқсас келеді. Сонымен  қатар менталдылық  ұжымдық бейсаналылық пен тығыз  байланысты  болғандықтан У.Раульфтің  пікірінше, адам санасы мен мінез-құлқының әртүрлі формасынан да  тереңде жатыр, бірақол ойлауда, сезімде әрекетте көрінеді.

 

1.3. Этопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдиттің психологиялық ерешеліктрі

 

Этнопсихологияның көптеген мәселелерін  тұлганың  өзіндік  санасы сондайақ әлеуметтік және этностық топтар өзіндік сана  жайлы  ғылыми көзқарастарды  ескере отырып  түсіндіруге болады.

Тұлганың ішкі әлемі,оның өзіндік  санасы әрқашанда  зерттеушілердің  назарында болып  келді.Сондықтанда  сана сазімге  байлапнысты әр зерттеуші әр  түрлі  анықтама  берген.Өзіндік сана мәселесіне  зерттеген  отандық зерттеушілердің  бірі В.В.Столин  адамның  психикалық ұйымындағы өзіндік  сана  орнын талдай келіп,жалпы  барлық  өзіндік сана  жөніндегі  зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне топтастырды. Б.Г.Ананевтің Л.С.Рубенштейннің,А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы  контектіндегі  өзіндік сананың қалыптасу  сұрағы  жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі  ретінде  ұғынуына  ықпал ететін психикалық үрдістердің  жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады[22,102-189]

 Өзіндік сананың табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі мен механизімдері жайында А.Н.Леонтьев қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің жағдайды  эмоциялық-когнитивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.                

С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ  С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен»    бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады.                      Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады.                      Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылым болып табылады.Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады.                                                                                                                        В.С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:

-өзінің ұқсастығының санасы

-өзінің  «Менінің» санасы

-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы

-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.

И.И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:

-өзін-өзі тану

-өзіне деген эмоциялық-құндылықты қатынас

-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу

Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас  келеді.Оның пікірінше, «Мен» бейнесі –бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3 компоненттен тұрады:

1 танымдық  (когнитивті)

2 эмоциялық  (өзінің қасиеттерін бағалау)

3 мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)

         Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен,біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде қарастырылған.(В.Джеймс, В.М. Бехтеров, В.А. Ядов және т.б)

         Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтіні болдырмауға көмектеседі.

         Өзіндік сана — бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.

         Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып,адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.

         Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі  кез-келген өзгеріс тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін психофизикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.Ұлттық және этникалық өзіндік сана.Ұлттық өзіндік сана дегенде адамның белгілі бір ұлтқа қатысты санасы деп түсінуге болады, яғни , адамның белгілі бір ұлттың өкілі ретіндегі өзіне деген көзқарасы болып табылатын тұрақты, ұғынымды жүйе[21,79-82].

         Ұлттық өзіндік санаға  ұлттық ар-намыс, отанға деген махаббат, Ұлттық мәдениеттің объектілерін қабылдаудағы қуаныш, қандай да бір саяси қадамдар мен идеологиялық жағдайдың әділеттілігіне деген сенімділіктің болуын жатқызамыз.

         Австриялық әлеуметтанушы және саясаттанушы Отто Бауэр ұлтқа тән табиғи және мәдени белгілерін анықтап көрсеткен.Оның айтуынша,ұлт «табиғи қауым» ретінде  ата-ананың қасиеттерінің балаға берілуі тұқымқуалаушылықтан шығады. Дегенменде ұлтты ерекшелейтін белгісі ол сол халықтың тілі мен мәдениеті екенін де айтқан. «Мәдени қауым болмаған жағдайда, ол тек белгілі бір нәсіл ғанаболып қалады әрі ол ешқашан ұлт бола алмайды» деп жазған екен Бауэр.

         Ұлт — бұл  өзінің шығу тегімен, тілімен, территориясымен, экономикалық жағдайымен сондай-ақ қауымдағы олардың этностық санасы мен өзіндік санасынан көрінетін психикалық құрылымы мен мәдениеті арқылы сипатталатын адамдардың ерекше тарихи қауымы.

         Ұлттық қатынас көптеген кешенді сипатқа ие. Қатынасқа түсуші субъектілер өздерінің этностық санасы мен өзіндік санасын, сонымен бірге өздеріне тән сезімдері мен ақыл-ойларын жария еткендіктен белгілі бір шамадағы бай рухани мазмұнға ие болады.Осы кездерде кей жағдайда әр түрлі иллюзиялар адасулар және аңыздар да көрінеді.Бұл-халықтар арасындағыұлттық-этностық қатынастарының көріну ерекшеліктерінің бірі.

 Этностық өзіндік сана Адамдардың бірлескен ұзақ тіршіліктерінің үрдісінде әрбір топтың аймағында бір топты екіншісіненер ерекшелейтін жалпы ортақ әрі тұрақты белгілері қалыптасты.Осындай белгілерге тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, сол халыққа немесе этносқа тән салт-дәстүрлері жатады.Бұл белгілер халықтың этникалық сана сезімінен көрінеді.Халықтың этностық өзіндік сана ерте ме, кеш пе , оның шығу тегіне белгіленіп, салт дәстүрлерінен, өзінің басқа халықтар ішіндегі орнын белгілеп білуінен, яғни өзінің өзіндік сана  көріне бастайды.Этностық өзіндік сана субъектінің өзінің этностық қауым ретіндегі ұғынуынан да  көрінеді.Өзін қандай да бір этностық топтың мүшесі екенін сезіне отырып, адам жалпы қоғам алдындағы қорқынышын жойып өзін сенімді ұстайды.Тұлға деңгейіндегі этностық өзіндік сана. Жекелеген адамның этностық «Мен концепциясы»-өзіне белгілі, өзінің этносы бейнесімен тығыз байланысты өзі туралы көзқарастарының тұтастай жүйесі болып табылады.[21,79-82]

         Адамның этностық «Мен бейнесі»оның жалпы «Мен концепциясының»  құрлымының біреуі  болып  табылады. Ол мыналардан тұрады:

-ол мыңдаған және миллиондаған этностардың ішіндегі өз этносының бір өкілі екендігін елестету; (көзқарасы)

-осы этностың көптеген басқа өкілдерімен өзіне тән қандайда бір физикалық және психикалық қасиеттері туралы елестетуі; көзқарасы (мысалы:белгілі бір физикалық, антропологиялық белгілері: көзінің түсі мен формасы, мұрнының формасы, бойы, терісінің түсі және т.б.

-ең бастысы сол қауымға , оның мүшелеріне ұқсау, эмпатия сезімі мен туысқандық сезімінің болуы.

         Э. Эриксонның тұлғаның даму теориясынан белгілі болғандай, адамдардағы «Менінің» ұқсастық сезімі 18-20 жасында қалыптаса бастайды.Адам ондай даму деңгейіндеөзінің кім екендігін, қай топқа жататындығын, неге талпынатындығын білгенде ғана жетеді.Бұған қарама- қайшы жағдайды  Эриксон «Меннің» анықталмағандығы немесе диффуздылығы деп атады. Егер индивидтің жекелік анықталуы дамыған болса, оның кемел жасқа өтуінде еш қиындық болмайды.

         Тұлғаның этностық «Мен -концепциясының» элементтері «Мен концепциясының » барлық бөлімінде кездеседі, бірақ когнитивті, бейнелік, және бағалау элементтері бір-бірімен тығыз байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-ТАРАУ. ПОЛИ ЖӘНЕ МОНОЭТНОСТЫҚ ОРТАДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

 

Біздің еліміздегі этнопсихологиялық мәселелер туралы зерттеулерді екі негізгі бағытта қарастыруға болады. Жұмыстардың бірінші тобын көптеген ұрпақтардың шығармашылық даналығының негізі болатынын халықтың психологиялық тәжірибесін  зерттеп құрайды. Осы тәжірибені ғылыми тұрғыда зерттеудегі маңызды қадам ретінде Ш.Уалихановтың, Ж.Аймауытовтың, Т.Тәжібаевтың еңбектерін атауға болады. Бүгінгі таңда осы дәстүрді Қ.Б.Жарықбаев. С.М.Жақыпов. Н.Елікбаева. т.б. болып табылады.

70 жылдардан бастап еліміздің бірталай ғалымдарының профессор Н.Джандельдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты» профессор Н.Елікбаевтың «Ұлттық психология» еңбегінде бүгінгі этностық психологияның кейбір теориялық әдіснамалық мәселелері қамтылған. Сонымен қатар аталған ғалымдар көптеген ғылыми конференцияларда этностық психология тақырыбына байланысты мақалалармен халық көпшілікке ой салуда.

Бүгінгі этнопсихологиядағы міндеттерді айта отырып В.К. Шабельников халықтардың өткен кезеңдегі психикалық турпат өзгерістерін өзгертіп зерттеп қана қоймай болашақ кезеңдегісіне де алдын ала болжау жасау қажет екенін атағаны мәлім. Бұл әрине сананың детерминация механизмдері мен гео био детерминациясын зерттеп білгенде ғана мүмкіндігі бар. Ғалым Қазақстанның айрықша аймақтық-биосфералық жағдайына сәйкестенетін ұлттық дәстүрлер мен текстік өмірдің өзін психологиялық жаңа формаларымен салыстыруда жете түйсінуге тоқталған.

Сондай-ақ бұл бағытта Б.А.Әмірованың этностық жаңсақ танымдарының оқыту процесіне әсер ететіні туралы зерттеулері А.Т.Малаева, Л.К.Көмекбаева ғылыми еңбектерінің маңызы зор.

Зерттеу мақсаты: Поли және моноэтностың ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмперикалық зерттеу.

Зерттеу объектісі: Поли және моноэтностық топ мүшелері.Эксперимент  №15 Лингвистикалық гимназия  мектеп оқушыларына 2007 жылдың ақпан айынан бастап наурыз айына  дейін жүргізілді.Зерттелінушілер зерттеуге белсенді қатысты.Еш қарсылық реакцияларды көрсеткен жоқ,көмектесемін деген ниетпен қатысты.Зерттеу алдында зерттелінушілерге жауап бланктері таратылды,және әдістемелерге жауап беру жөнінде инструкция айтылды.Оқушылар инструкцияны тез қабылдап,орындауға кірісті.Әдіснамаларды толтыру барысы 1сағат 20 минут уақытты алды.Бірінші Л.Г.Почебуттың Мәдени құндылық бағдар тестті өткізілді,екінші О.И.Комиссарованың Топтағы нормалық қалауларды өлшеу әдіснамасы өткіздім,үшіншіВ.В.Столин Тұлғаның өз-өзіне қатынасын зерттеу әдіснамасын жүргіздім. О.И.Комиссарованың әдіснамысында  шамалы қиындықтар болды,бірақ бұл қиындықтарды оңай жеңдік.Л.Г.Почебут, В.В.Столин әдіснамаларын инструкциясын тез түсініп оңай орындады. Әдістемелер қазақ тілінде болды.Тілдік бөгеттер болмағандықтан,сұрақтарды түсінуде қиындықтар туындаған жоқ.Оқушылар зерттеуге белсенді қатысты және нәтижені білуге қызығушылықты көрсетті.

Зерттеу пәні: Поли және моноэтностық топ өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.

Зерттеу әдістемелері: 1. Мәдени құндылық бағдар тесті (Л.Г.Почебут)

  1. Топтағы нормалық қалауларды өлшеу

                                          (О.И. Комиссарова)

  1. Тұлғаның өз-өзіне қатынасын зерттеу

                                           (В.В. Столин)

 

 

2.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы мен зерттеу барысы

 

  1. 1. О.И. Комиссарованың «Топтағы нормалық қалауларды өлшеу» атты әдістемесіне сипаттама

Берілген тест индивидтің әртүрлі нормаларды қалауын зерттеуге арналған. Тест нормативті қалаулардың екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлінген нормативті қалаулардың негізінде топтағы индивидтер де нормативті үміттердің екі типі қалыптасады және олар қабылдаудың субъектісіне беріледі. Коммуникативті және функционалды. Нормативті үміттерді білу зерттеушіге басқаны қабылдаудағы пайда болатын қателіктерді түсіндіруге және топтағы мінез-құлықтық әлеуметтік реттеу процесін адекватты сипаттауға мүмкіндік береді.

Нұсқау: «Сіздердің алдарыңызда бірнеше сауалдардан тұратын сұрақнама. Егер Сіз келіссеңіз «қосу» белгісін қойыңыз; егер келіспесеңіз «алу» белгісін қойыңыз. Кейбір жеке жағдайларда «қосу мен алу» бірге жіберіледі, егер Сіз жауабыңызға сенімді болмасаңыз.

Берілген тесті топтағы индивидтердің міне-құлығын болжауға мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастыруға болады.

  1. Зерттеу құрылғанына 1 жыл болған топта жүргізіледі.
  2. Топтың біріккен іс-әрекетте тәжірибесі болуы керек.

Сұрақнама парақтары әрбір зерттелушімен жеке түрде толтырылады.

 

  1. Мәдени құндылық бағдар тесті (Л.Г. Почебут)

Біз этностық «Менді» зерттеу барысында кез келген тұлға өзінің дамуы қоршаған ортадағы мәдениеттің ерекшеліктеріне де байланысының барын не жоқтығын байқау үшін Л.Г. Почебуттің «Мәдени құндылық бағдар» әдістемесін қолдандық.

Ұсынылып отырған әдістеменің басты авторы Дж. Таусенд болып табылады. Этномәдени айырмашылықтарды зерттеу кезінде қандай да бір мәдениеттің таза түрін табу өте қиын, өйткені қазіргі уақытта адамдардың миграциясы, әрі құнды болатын жан дүниелерінің өзара ауысуы жүруде. Мәдени құндылық бағдар тесті бұл тұлғалық тест, ол зерттеліп отырған мәдениеттің қалыптасуы мен құрылуының негізгі тенденцияларын зерттеуге арналған.

Этнопсихологиялық зерттеулер көп жағдайда халық мәдениетін зерттеу деп түсіндіріледі. Ал, «мәдениет» көп мағыналы. Ғылыми әдебиеттерде оның 150 ден астам анықтамасы бар. Мәдениет өзінің құрамына этностық өмір сүру бейнесін, оның құндылықтарын  сенімін ,мінез- құлқының нормаларын , сөйлесу стильдерін және т.б. кіргізеді.

Тест бес сұрақтан тұрады және әрбір сұрақ үш варианттың жауабынан тұрады. Тестің негізіне мәдениеттің үш типі жайлы көрініс енгізілген.Бірінші тип дәстүрлі мәдениет(ДМ) адамдардың өткенге бағдарымен мінездемеленіп, жақын әлеуметтік қоршаған ортаға тәуелді тіршілік иесі ретінде қарастырылады. Мұнда отбасы қатынастарға, туысқандық  қарым қатынастардың дәстүріне, діни бағыттарға үлкен мән беріледі. Осындай мәдениетте адамның ішкі еркіндігіне тиым салынады. Қауымдастық жағынан оның іс қимылына, әрекеттеріне сонымен қатар, ойларына қатал бақылау жүргізіледі. Шешім қабылдау ұжыммен өтіп, ал шешімнің нәтижесі жасы үлкендерге байланысты. Адамның іс-әрекеті тәртіпке сай өтеді. Жұмыста нәтижеге жету мен оны марапаттау  әдетте бірнеше уақыт өткеннен соң жүзеге асады.

Екінші тип — қазіргі заман мәдениеті (ҚЗМ) адамдардың қазіргі, заманға сай оқиғаларға бағытымен сипатталады. Адамдар табиғатпен келісімде, оны сақтап, экологиялық сұрақтарға қызығушылық танытады.

Адам тәні қарама-қайшылықты көрініс деп түсініледі. Осы мәдениеттің құндылығы адамның құқығында, талабында, мүмкіндіктерінің дамуында, өзіндік жетілдіру мен өзіндік өсуге шоғырланған. Адамдар арасындағы қатынас әдетте формальді, олардың әлеуметтік жүйедегі рөлі және дәрежесімен нақты анықталған. Достық қарым-қатынастар баяу қалыптасып және бір-біріне адалдықпен және тереңдікпен  ерекшелінеді. Қоғам адамның жүріс тұрысын  мораль, әдептік нормалар мен ережелер арқылы реттеуге тырысады. Тұлғааралық қатынастарда адамдар әдетте ұстамды, әлеуметтік дистанция және рөлдік талаптарды ұстауға тырысады. Жекеше шешімді қабылдау өзара қажеттіліктер, қызығушылықтар және топпен, отбасымен, еңбек ұжымымен келісу кезінде жүзеге асады. Өзінің іс-әрекет жетістіктерінің нәтижесіне адам көбінесе қаржылы тұрғыда емес, моральді марапаттауды алғысы келеді.

Үшінші тип динамикалық  дамып жатқан мәдениет (ДДМ), адамдардың болашаққа бағытымен, тез ауқымды нәтижелерге жетуге бағытталған. Адамдар аз уақыттағы жоспарларды құрып, оларды серпінді түрде жүзеге асырғысы келеді. Берілген мәдениет адамдары үшін “уақыт-ақша”. Табиғат- жұмбақ емес. Өмір тез әрі жағымды шешетін мәселе болғандықтан, табиғат адамға бағынуы керек деген ой басым деп ойлау бар.  Оның барлық сырлары ашылып, оның даму заңдылықтары қойылып және сипатталу керек. Адамның басты міндеті табиғаттты басқару болса, адам табиғаты бостандықты сүйеді.

Әлеуметтік ортадан дербес болу, тәуелсіздік пен ерекшелік алға қойылған мақсаты. Шешім қабылдау процесі өз бетімен жүзеге асады. Жекеше қызығушылықтармен және құндылықтардың маңыздылығы мойындалады.  Сөйлесу кезінде адамдар ашық, дербес, иерархияға емес, рөлдік қарым- қатынастың теңдігіне бағытталған. Әлеуметтік қабылданған құндылық ретінде әрбір мүшенің дамуына бірдей мүмкіндіктерді ұсыну  болып табылады.  Қоғамдық бақылаудың негізін мораль емес айып салу және қаржылай марапаттаудың міндеттілігі құрайды. Осы мәдениеттегі адамдардың назары іске, тапсырмаға, жұмысқа негізделген. Адам үнемі саналы түрде өзін іске, прогреске, қаржылық жетістікке құрбандыққа шалады. Сынаушылардың жауабын өңдеген кезде берілген үш типтің динамикасын көруге болады.

Әсіресе «Мен-концепцияның» — «Мен–бейненің» когнитивті компоненті- адамның өзі жайлы көрінісінің мазмұнын сипаттайды. «Мен–бейнеге» адамның өзінің мүмкіндіктері, қоршағандармен қатынасы, әлеуметтік аудандары, қызығушылықтары, тұлғалық қасиеттері т.с.с кіруі мүмкін. Атап өтетін жағдайлар өте көп, өйткені «Мен–бейне» бір жағынан  адамға маңызды басқалармен байланысты сезінуге, олармен өзін біріктіруге, ал басқа жағынан — өзін олардан ажырата алып, өзін ерекше, қайталанбас тұлға ретінде сезіну. Сондықтан «Мен-концепция» бейнесінің мазмұнын екі құрамдас бөліктер сипаттайды: а) «біріктіретін», индивидтің басқа адамдармен қосылуын қамтамасыз етеді және б) дифференциалды, оның басқалармен салыстырғандағы ерекшелігін көрсетіп және өзіндік қайталанбастық, ерекшелік сезімдеріне негіз салушы.    

Зерттелушілерге төмендегідей нұсқау беріледі: «Әрбір тараудан Сіздің мәдениетіңіздің бағдарын сипаттайтын дәлелдемені белгілеңіз. Сонымен қатар, Сіздің отбасыңыз, мектебіңіз және дініңіз Сізді неге үйреткенін еске түсіріңіз. Сізге бір өтініш-жауап беру кезінде егер жаңа замандық көзқарас Сізге үйреткендерден басқа болатын болса, онда ол көзқарасыңызды қолданбаңыз».

 

  1. В.В. Столиннің «Тұлғаның өзіндік қатынасын зерттеу» сұрақнамасы

Моно және полиэтностық топтардағы студенттердің өз өзіне қатынасын анықтау мақсатында біз В.В. Столинннің «Тұлғаның өзіндік қатынасын зерттеу» сұрақнамасын алдық.

Сұрақнаманы жасау үшін тоғыз өлшем алынған. Олар өзіндік қатынасты өзіндік «Менге» сезім ретінде сипаттайды.

1)«Меннің» саналығы

2)Өз өзін сыйлау және өзіндік сенімділік

3)Өзіндік басқару және «Меннің» реттілігі

4)Басқалардың үміттері

5)Шартсыз өзіндік қабылдау

6)Өз тұлғасының құндылығын уайымдау

7)Өзіндік «Менмен» байланыс сезімі

8)Өзіндік түсінбеушілік, «Меннің» даулығын сезіну

9)Өзіндік айыптау сезімі

Осы тоғыз өлшем тоғыз шкалаға бөлінген:

Шкала 1-ішкі шынайылық. Шкала 11 пунктен тұрады. Шкаланың төмен көрсеткіштері «Меннің» терең түсінелітінінің көрсеткіші. Жоғары мағыналар жабық және өзі жайлы мәліметті құпияда сақтау.

 Шкала 2—  өз- өзіне сенімділік 14 пунктен тұрады. Шкаланың жоғары көрсеткіштері өз — өзіне сенімділікті көрсетеді. Төменгі көрсеткіштер өзіндік қанағатсыздықты көрсетеді.

Шкала 3-Өзіндік басқару -12 пунктен тұрады. Белсенділіктің көзі адамның өзі екенін көрсетеді.

Жоғары көрсеткіштер адам өзіндік «Менін» анық сезінетінін көрсетеді.

Төменгі көрсеткіштер адамның өзіндік «Мені» уақытша жағдайларға тәуелді екенін көрсетеді.

Шкала 4- өз өзіне қатынастың айнасы11 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер  субьектке оның тұлғасының басқалар алдындағы дәрежесінің жоғары екендігін көрсетеді. Төмен көрсеткіштер кері сезімдерді күту үмітімен байланысты.

Шкала 5 — өзіндік құндылық-14 пунктен тұрады.Жоғары көрсеткіштер өзіндік «Менге» қызығушылықты көрсетеді. Шкала өзіндік «Меннің» бағасын көрсетеді. Төменгі көрсеткіштер өзінің рухани «Менін» дұрыс бағаламауды көрсетеді.

Шкала 6— өзіндік қабылдау-12 пунктен тұрады. Жоғары полюс өзіне достық қатынасты көрсетсе, төменгі полюс өзіндік қабылдаудың төмен дәрежесін көрсетеді.

Шкала 7 — өзіндік байланыс-11 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер Мен- концепцияның ригидтілігін білдірсе, төмен көрсеткіштер кері тенденцияларды айқындайды: өзіндік өзгеріске ұмтылыс,өзі жайлы идеальді көрініске ұқсастыққа ұмтылыс.

Шкала 8-ішкі даулық -15 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштерішкі даулардың бар екендігін көрсетеді.  Төмен көрсеткіштер мәселелерді жоққа шығаруға тырысу, жабық болу.

Шкала 9— өзін-өзі кінәләу -10 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер интрапунитивтілікті көрсетеді. Шкала жағымды жақтардың жоқтығының себепшісі болып табылады.

Зерттелінушіге 110 пункттен тұратын тестік буклет  және жауаптардың стандартты бланкі беріледі. Әдістеме екі жауаптан тұрады: “келісемін”, “келіспеймін”, олар зерттелінушімен бланктің керекті жерінде белгіленеді.

 Шкалалық мағыналар арнайы трафареттің кілтімен бланкіге қою арқылы есептелінеді. Осындай шикі балдар арнайы кестемен стандартты бағаларға -“қабырғаларға” көшіріледі.

Зерттелушінің өзіне, ұлтына, мәдениетіне эмоциялық-бағалық қатынасы – жалпы адамның (этнофордың) өзіне немесе өз тұлғасының, іс-әрекетінің жеке жақтарына т.с.с қатынасын көрсетеді және өзіндік сыйлауда, өзіндік намыс сезімінде, өзіндік бағада және қызығушылықтар деңгейінде көрінеді. 

Екінші компоненттің негізін өзіндік сыйлау немесе өзіндік намыс,өзіндік құндылық сезімі құрайды. Өзіндік сыйлау – бұл өз күші мен мүмкіндіктеріне сенім. Ол қандай да бір ауданмен байланысты емес және тек бағаны емес,  сонымен қатар адамның өз — өзіне жалпы қатынасын  көрсетеді. Өзіндік сыйлау- бұл өзіндік қабылдау, өзіне маххабат. «Өзіндік баға» ұғымына, атаудың өзінен көрініп отырғандай, бірінші планға дәл бағалау компоненті шығып отыр.  Өзіндік бағалау – адамның өзін жалпы (жалпы өзіндік баға) және өз тұлғасының жеке жақтарын, іс-әрекетін, басқа адамдармен қатынастарын бағалауы. Өзіндік бағалау тұрақты бола алады, яғни әртүрлі жағдайларда ұзақ уақыт бойы  сақталып отыратын  және тұрақсыз.

Даму үшін тұрақты және тұрақсыз өзіндік бағаның саналы  үйлесілімділігі өте маңызды. Сонымен, жағдайдың шарттарының өзгеруінде тұрақты өзіндік бағаның сақталып отыруы, іс-әрекеттің және ондағы өзіндік жетістіктің жарамды жүзеге асуына кедергі келтіреді. Өзіндік бағаның күшті тұрақсыздығы «качели» бейнесіцндегі толқуларды тудырады- өзі жайлы көріністің ең биігінен ең кішкенесіне дейін.

Адамзат тарихының қайғылы беттері осы ұғыммен байланысты. Халықтар мен мемлекеттер арасындағы ресурстар үшін саны жоқ соғыстар өзінің ұлттық(этностық) ерекшеліктері мен және өз қарсыластарының екінші деңгейлігінің басымымен жүргізілген.  Фашизм идеологиясы осыған дәлел.

Өзіндік баға қажеттіліктер деңгейімен, яғни адам өз алдына қоятын мақсаттардың деңгейінің қиындығымен тығыз байланысты  ; ол оның қай жетістіктерді сәтсіз деп, ал қайсысын сәтті ретінде қабылдайтынын анықтайды. Нақты іс-әрекетте өзіндік баға және қажеттіліктер деңгейі жеткілікті орнатыла алады. Сондықтан нақты іс-әрекетке қатысты өзіндік баға және қажеттіліктер деңгейі жайлы – жоғары, орташа және төмен деп айтуға болады.

Осы жағдайларда өзіндік бағаның адекваттылығы жайлы айтуға болады. Өзіндік баға, егер ол адамның іс-әрекетінің қандай да бір іс-әрекеттегі  шынайы сәттілігіне сәйкес келетін болса, адекватты болып табылады. Адеватты емес өзіндік баға, іс-әрекеттің сәттілігіне сәйкес келмеген жағдайларында болады. Адеватты емес өзіндік баға көтермелі( субьект өзінің актуалды мүмкіндіктерін көрнекті көтерген кезде) және төмендетілген (ол оларды төмендеткен кезде). Сонымен қатар адекватты емес көтеріңкі және адекватты емес төмен өзіндік баға– жалпы дамудың және қандай да бір іс-әрекеттің сәттілігінің күшті тежеткіші болып табылады.

Егер адам(этнофор) көтеріңкі өзіндік бағада болса және өз алдына  аса жоғары, мақсаттың шынайы мүмкіндіктеріне сай емес мақсаттарды қойса, ол еріксіз сәттілікпен сәтсіздікке соқтығады. Мұндай уайымдар өте ауыр және олардан қашу үшін, ол өзіннің өзіндік бағасын төмендете отырып реттеу керек, немесе ең алдымен өз-өзіне бұл басқа адамдардың  әділетсіздігінің әсерінен кездейсоқ пайда болды деп, сәтсіздікті қалайда қамтамасыз ету керек; ерекше күрделі жағдайларда ол өзіндік сәтсіздікті шеттетіп, байқамауға тырысады.  Көбінесе бұл өзі үшін ерекше қорғаныс механизмдерінің әсерінен санадан тыс жүреді. Өз өзін төмен бағалау кезінде, тез жүзеге асатын мақсаттарға жетуде перспективті даму зонасы жоғалады.

Бірақ мынаны түсіну маңызды,  жоғары немесе төмен өзіндік баға жайлы нәтижелері қандай да бір үлгімен, эталонмен анықталатын, тек нақты қандай да  бір іс- әрекетке қатысты айтуға болады.

Тұлғаның дамуы үшін оптималды болып өзіндік сыйласымның, жалпы өзіндік бағаның жоғары деңгейі  табылады. Өзіндік сыйласым деңгейі жоғары адам–бұл өзіндік намысы бар, өз-өзіне сенімді, өзін басқалар арқылы жүзеге асырмайтын, өзіндік мүмкіндіктері мен талпыныстарын жүзеге асыру арқылы нақтылайтын адам.

Керісінше, өзіндік сыйласымныі төмен деңгейі, өзіндік кемшіліктің сезімімен, өзіндік махаббаттың ауырлығымен, өзін басқалар арғылы нақтылауға талпыныспен сипатталады. Төмен деңгейлі өзіндік көрінісі бар адамдар көбінесе қоршаған ортаның түкке тұрғысыз қалжыңын ауыр қабылдап, және олардың сынын одан да тіке қабылдайды. Олар түкке тұрмайтын өкпеге, тайталасқа  бейім болады. Олар үшін басқа адамдардың алдында өз тұрақсыздықтарын көрсету үнемі қорқыныш туғызады.

Әдістемені жүргізгеннен кейін, алған мәліметтердің нәтижесін кестеге орналастырдық.

 

2.3. Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі

 

  1. Л.Г. Почебуттың «Мәдени құндылық бағдар» атты әдістемесінің негізіне мәдениеттің үш типі жайлы көрініс енгізілген .
  • тип дәстүрлі мәдениет (ДМ)
  • тип қазіргі заман мәдениеті (ҚЗМ)
  • тип динамикалық дамып жатқан мәдениет (ДДМ)

1-кесте Моноэтностық және полиэтностық топтағы қазақ оқушыларың мәдени құндылық бағдарларының салыстырмалы көрсеткіштер

 

 Р/с

Типтер

Моноэтностық топтағы қазақтар

Полиэтностық топтағы қазақтар

1

Дәстүрлі мәдениет (ДМ)

75 %

55 %

2

Қазіргі заман мәдениет (ҚЗМ)

62 %

60 %

3

Динамикалық дамып жатқан мәдениет (ДДМ)

55 %

57 %

 

Сонымен, біз эксперименттің нәтижесінде моно және полиэтностық ортадағы мәдени құндылық бағдардың ерекшелігінің нәтижесін көрсеттік. Алынған мәліметтерден мынадай қорытындылар шығып отыр. Дәстүрлі мәдениетке қазақ ұлты 75 % балл берсе, ал полиэтностық ортадағы топтар 55 % балл берген.

Қазіргі заманның тез ағымы өмір салты мен дәстүрлерді де өзгеріске ұшыратуда. Аса көрнекті көрінбегенімен соңғы жылдары қазақ қауымының арасында шетел мәдениетіне еліктеу жүріп жатыр. Шыққан нәтижелерде осы әсердің полиэтностық топтарға емес, керісінше қазақ халқына әсер бар екендігін көріп отырмыз. Келесі типтің нәтижесіне тоқталып болсақ жоғарыда айтылып кеткен ойымызға дәлел табамыз, өйткені пайыздық жағынан «Қазіргі заман мәдениеті» қазақтар арасында үлкен орынды алып отыр, ал полиэтностық топ өкілдеріне керісінше төмен. Мұндай динамиканы басқа жағынан түсіндіруге болады. Сандық құрамы аз халықтар өз этносының ерекшелігін сақтау мақсатымен көбінесе өзіндік салт-дәстүр мәдениетке жақын жүреді Сондықтан да Қазақстандағы полиэтностық топ өкілдерінің көрсеткіші осындай нәтижелер көрсетіп отыр . Соңғы типтің көрсеткіштерінің айырмасы аса көрнекті емес, яғни динамикалық дамып жатқан мәдениет әсері әлі толық біздің елімізге толық ене қойған жоқ. Оның әсері болашақ уақыттарда сезілуі мүмкін. Өйткені бұл тип шетел халқының өмір салтына жақын келеді.

Біздің мемлекетіміз ондай даму қарқынына әлі жете қойған жоқ. Сондықтан оның белсенділігі де төмен. Осындай ауытқу кезеңдерінде тұлғаның өзіндік қатынасының деңгейі де жалпы этностық «Менге» әсері туралы сұрақ туындайды.

 

Зерттеу нәтижелерінің көрнекілігін қамтамасыз ету мақсатында алынған мәліметтерді «Мәдениет типтері» гистограммасына орналастырамыз.

 

Зерттеудің келесі кезеңінде топтағы нормалық қалауларды анықтау үшін О.И.Комиссарованың «Топтағы нормалық қалауларды өлшеу» атты әдістемесін алдық. Берілген тест индивидтің әртүрлі нормалардың қалауын зерттеуге арналған. Тест нормативті қалаулардың екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлінген нормативті қалаулардың негізінде топтағы индивидтерде нормативті үміттердің екі типі қалыптасады және олар қабылдаудың субъектісіне беріледі. Комуникативті және функционалды. Нормативті үміттерді білу зерттеушіге басқаны қабылдаудағы пайда болатын қателіктерді түсіндіруге және топтағы мінез-құлықтың әлеуметтік реттеу процесін адекватты сипаттауға мүмкіндік береді.

Кесте 2 Моно және полиэтностық топтағы қазақ оқушыларыың нормативті қалауларының салыстырмалы көрсеткіштері.

 

№ Р/Р

Нормативті қалаулар

Моноэтностық топтағы қазақтар

Полиэтностық топтағы қазақтар

1

Іскерлік қалаулар сферасы

47,3 %

53 %

2

Коммуникациялық қалау

45,4 %

42,3 %

3

Шынайылық шкаласы

19,2 %

18,5 %

 

Кестеде екі топ өкілдерінің нормативті қалауларының көрсеткіштері берілген.Ең алдымен іскерлі қалаулар сферасын алып қарайтын болсақ қазақ ұлтының пайыздық саны көп яғни ол бізді мынадай қорытындыға әкеліп отыр. Жаңа мемлекет ерекше заман талаптарын қойған кезде адамдардың қалаулары өзгеріске ұшырайды. Өзіміз байқап отырғандай тілімізбен бірге қазіргі кезде мәденетіміз, дініміз маңызды орын алып жатыр. Осы процестер қазақ ұлтының жалпы іскерлігін де арттырып оларды алдыға итермелеуде. Полиэтностың ортаның мүшелері қарқынды топтан қалмай келеді бірақ сандық көлемінің аздығына байланысты олардың пайыздық жағы төмен болып отыр. Ал екінші нормативті қалауда коммуникативті белсенділік полиэтностық ортада басым. Оның себебі ұлттық метелды ерекшеліктермен түсіндіріледі.

 

3 кесте Моноэтностық және полиэтностық топтағы қазақ оқушыларының өзіндік қатынастарының салыстырмалы көрсеткіштері

 

№ Р/Р

Шкалалар

Моноэтностық көрсеткіштері

Полиэтностық топтағы қазақтар көрсеткіштер

1

Ашық

49 %

48,6 %

2

Өзіне сенімді

45,4 %

46,8 %

3

Өзіндік басқару

51,2 %

57,8 %

4

«Меннің» айнасы

52,4 %

53,7 %

5

Өзіндік баға

53 %

47 %

6

Өзіндік қабылдау

55,3 %

54,9 %

7

Өзіндік байланыс

44,4 %

45,2 %

8

Даушылдылық

35,3 %

39,3 %

9

Өзін кінәлау

30,7 %

33,8 %

 

Бірінші шкаланың төмен көрсеткіштері «Меннің» терең түсінілетінінің көрсеткіші. Жоғары мағыналар жабық және өзі жайлы мәліметті құпияда сақтау. Алынған мәліметтерде көрнекті айырма болмағанымен, бірақ ерекшелікті көруге болады. Қазақ ұлты өкілдері полиэтностық топ өкілдеріне қарағанда жоғары көрсеткіштерді бейнелеп отыр. Осы мәліметтер қазақ ұлт өкілдерінің шынайы көңілмен қоршаған адамдарға қарайтындығының сипаты. Полиэтностық топта айырма көп емес. Өзіне сенімді өзіндік басқару атты екі шкалада пайыздық нәтижеден полиэтностық топтардың басымшылығы көрініп отыр. Яғни жоғарыда ескеріп кеткеніміздей аз санды халықтарда алға ұмтылу позициясы жоғары деңгейге қойылған. Сол себептен осы көрсеткіштер пайыздық жағынан көп болып отыр.

«Меннің» айнасы берілген шкалада да полиэтностық топ артық болып отыр. Өзіндік бағаны анықтайтын шкалаға келетін болсақ осы жерде айырма қазақ ұлт өкілдерінің басымшылығымен көрнекті. Оның себебі қазақ ұлты өкілдері өз жерлерінде өмір сүріп жатқандықтан да болуы мүмкін.

Көрсеткіштердің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында мәліметтерді гистограммалық бейнеде көрсетеміз.

 

Поли және моноэтностық ортадағы мәдениет типтерінің ерекшеліктерін айқындау мақсатында жүргізілген эмпирикалық зерттеу мәліметтерін сандық өңдеудің барысында зерттеу болжамын тексеру үшін Розенбаумның Q критерийін пайдаланамыз.

 Розенбаумның Q критерийі жалпы психологиялық зерттеулердің мәліметтерін статистикалық өңдеуде  екі таңдау арасындағы қандай да бір сандық өлшенген  белгілер деңгейі бойынша айырмашылықты анықтау үшін қолданылады. Бұл екі таңдау тобы арасындағы қандайда бір белгі бойынша  айырмашылықты тез арада  бағалауға мүмкүндік беретін параметрикалық әдістердің ішіндегі ең қарапайым түрі болып саналады.

Бұл үшін алдымен зерттеу болжамын қалыптастырамыз:

Н0 –Поли және моно этностық ортадағы оқушылардың  мәдениет типтерін

       таңдау мәліметтерінің арасында  айырмашылық жоқ.

Н1 – Поли және моно этностық ортадағы оқушылардың  мәдениет       

        типтерін таңдау мәліметтерінің арасында  мәнді айырмашылық бар.

 

Зерттеу болжамын дәлелдеу үшін поли және моноэтностық ортадағы студенттердің мәдениет типтерінің ерекшеліктерін өзара салыстырамыз.                       Л.Г. Почебуттың «Мәдени құндылық бағдар» әдістемесі бойынша топтардың 3-түрлі мәдениет типі бойынша көрсеткіштерінің топтық мәліметтерінің арасындағы айырмашылықтың статистикалық сенімділігін тексереміз /7-6 кестелер/.

4 кесте- Поли және моноэтностық топ зерттелушілерінің дәстүрлі мәдениет шкаласы бойынша айырмашылықтарын анықтау.

Полиэтностық топ өкілдері

Моноэтностық топ өкілдері

1

2

3

4

10

10                             

10                 S1

10

1

2

10

10

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

9

9

9

9

9

9

9

8

8

8

8

8

7

7

7

7

7

7

7

6

6

3

4

5

 

 

 

 

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

9

9

9

 

 

 

 

8

8

8

8

7

7

7

7

7

6

6

6

6

6

 

 

20

21

22

23

24

25

5

5

5                                    

5                      S2

5

5

 

а) Q критерийнің эмперикалық мәнінің формуласын есептейміз.

Q эмп=S1+S2=4+6=10

ә) Q критериннің критикалық мәнін анықтаймыз (кесте бойынша)

Q кр      7/ Р≥0,05             Q эмп = Q кр

               9/ Р≥0,01

Яғни Но-теріске шығарылып Н, қабылданады

Жауап: Зерттелуші топтардың дәстүрлі мәдениет шкаласы мәліметтері арасында маңызды айырмашылық бар және ол статистикалық мәнділік деңгейіне еркін жетеді. (Р. 001)

 

5 кесте Поли және моноэтностық топ зерттелушілерінің «Қазіргі заман мәдениеті»  шкаласы бойынша айырмашылықтарын анықтау.

Полиэтностық топ көрсеткіштері

Моноэтностық топ көрсеткіштері

1

2

3

4

5

6

7

7

7                                  S1

7

7

7

1

2

7

7

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

5

5

5

5

5

5

5

5

3

4

5

6

7

8

 

 

 

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

6

6

6

6

6

6

 

 

 

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

 

 

19

20

21

22

23

24

25

4

4

4                                

4                          S2

4

4

4

а) Q критерийiнiң эмперикалық мәнiн анықтаймыз

Q эмп = S1+S2 = 6+7=13

ә) Таблица бойынша Q критикалық мәнін анықтаймыз.

Qкр    7/Р ≤ 0,05                   Qэмп  ≥ Qкр (Р ≤ 0,01)

       9/Р ≤ 0,01

Яғни Но теріске шығарылып Н1 қабылданады.

Жауап: «Қазіргі заман мәдениет» шкаласы бойынша зерттелуші мәліметтері арасында маңызды айырмашылақ бар және ол статистикалық мәнділік деңгейіне жетеді. (Р  ≤  001 )

6 кесте. Поли және моноэтностық топ зерттелушілерінің «Динамикалық дамудағы мәдениет» шкаласы бойынша айырмашылықтарын анықтау

Полиэтностық топ көрсеткіштері

Моноэтностық топ корсеткіштері

1

2

3

4

5

10

10             

10      

10                      S1

10

 

 

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

 

 

 

 

 

9

9

9

9

9

9

9

9

9

8

8

8

8

8

7

7

7

7

6

6

1

2

3

 

 

 

 

 

 

4

5

 

 

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

9

9

9

 

 

 

 

 

 

8

8

 

 

7

7

7

7

7

7

6

6

6

6

6

6

6

 

 

19

20

21

22

23

24

25

5

5

5

5

5

5                  S2

5

а) Q критерийнiң эмперикалық мәнiн есептейміз

Q эмп  =S1 + S2 =5+7 =12

ә) Таблица бойынша Q  критикалық мәнiн анықтаймыз

Q кр        7 ≤ 0,05                      Q эмп  ≥ Qкр (Р ≤ 0,01)

           9 / Р ≤ 0,01

яғни Но терiске шығарылып Н1 қабылданады.

Жауап: Динамикалық дамудағы мәдениет шкаласы бойынша зерттелушілердің мәліметтері арасында маңызды айырмашылық бар және ол статистикалық мәнділік деңгейіне жетеді (Р ≤ о,о1 )

 

Қорытынды

 

Моно және Полиэтникалық мәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуына қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді әсіресе біздің полиэтникалық қоғамда өшіп жатқан экономикалық, әлеуметтiк-саяси мәдени демографиялық және басқа да процестер елiмiзде өмiр сүрiп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезiмдерiнiң көтерiлуiмен түсiндiрiледi. Жеке бiр адамның және этностың этникалық сана сезiмiнiң деңгейi көп ұлтты қоғамның әлеуметтiк психологиялық және атмосферасын белгiлi бiр дәрежеде анықтайды. Этникалық сана сезiмдердiң құрылымы, этникалық эдентификация өз «Менiң» бастан кешiруi, әсерленуi өзiндiк қатынасты белсендiру, этнорухани мәдениетке ұлттық тiлге, халық творчествасына, дiнiне, әдет-ғұрпына мәдениетiне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгiлермен анықталады. Этно факторлардың мәндi өсуi этникалық сана сезiмдердi күшейтедi. Этникалық сезiмдер индивидуалды қасиеттердiң және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелi орындайды әрi реттейдi.

Полиэтникалық жағдайда этникалық толеранттылық мәселесi де мәндi. Басқа этникалық мәдениеттердi қабылдау, силау үшiн ең алдымен өзiнiң мәдениетiңдi қабылдау силау оның позитивтi құндыц екенiн ұғыну оған идеген сенiмдiлiк басқа мәдениетпен жиi байланысқа түсу мiне осындай жағдайлар мәдени аралық толерантылықтық негiзiн құрайды. Мәдениет адам творчествасының өнiмi. Мәдениет жеке әлеуметтiк-экономикалық формацияда этникалық, ұлттық таптық, ьоптық мәдениет ретiнде дамиды. Мiнез-құлықтағы өзгерiс мiндеттi түрдегi мәдениеттегi өзгерiстi бiлдiредi. Әрбiр мәдениеттiң өзара әрекеттi олардың өзара рефлексиясымен өзара бейнелеулерi үшiн жағымды жағдайлар жасайды. Адамның қоршаған ортамен қатынасында адамзат бiрлестiгiнiң мәдени құндылықтары потенциясы байқалады. Ол медиатор белгiлi сөз символ, саят жоралар, этномәдени белгiлер, олар сонада халықтың тiршiлiк әрекетiнiң дамуымен ұйымдастыру тәсiлi жайлы бiлiм ретiнде белгiленiп болмысты жалпылап бейнелейтiн мәнге айналады. Солар арқылы ғана табиғи психикалық формалар идеалды адам қабiлетiне айналады. Нәтижесiнде индивид өз мәдениетiн меңгередi: мiнез-құлық мәдениетi, ойлау мәдениетi, сөз мәдениетi, психикалықтың реалды (табиғи) формасы идеаклды мәдени формасы бола бастайды. Бұл формалардың маңыздылығы поли және моноэтностық топтағы қарым-қатынас мәдениетiнiң ерекшелiктерiнiң психологиялық маңызын анықтайды.

Жалпы эмпирикалық зерттеулер нәтижелерін сандық және сапалық талдау нәтижесінде жұмыстың мақсат-міндеттеріне сай іріктелініп алынған әдістемелерді жүргізу мен оларды өңдеу, болжамдардың статистикалық сенімділігін тексеру нәтижесінде болжам толығымен дәлелденіп, тамамдау  жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға толық негіз болады.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.Гумилев Л.Н. Этногенез и  биосфере Земли.-М.,1995-410-417с.2.

2.Национальное и интернациональное в воспитании// Сб научных

   трудов  АГУ им Абая./Под ред.Шабельникова В.К.,Алматы,1994

 .-с.55-56

 3.Коул М. Культурно- историческая психология:наука будушего.-

   М.:Когито-Центр,ИП РАН,1997.-351с.

4.Джакупов С.М. Этнопсихологические проблемы социализация

   личности//Этнопсихология и этнопедагогика.Вып. Х.

   Алматы,1998-с153-155.

5.Слободчиков В.И.,Исаев Е.И.  Антропологический принцип в

   психологии развития//Вопр.психол.1998 №6 3-17с.

6 Агеев В.С. Психологическое  исследование  социольных

   стереотип\\Вопросы психологий 1986 №1-с 14Дайнер Х. Фрейда

   Н. Национальных стереотип-в кн: современная зарубежная

   этнопсихология 1979-с23-44.

  1. Аймауытов Ж Псиқология-Алматы: «Рауан»1995 224-225 беттер.
  2. Баронин А.С.Этническая психология.Киев:Тандем 2000 264с.
  3. Бромлей Ю.В. Очерки теория этноса.М.Наук,1983 с-412.

10.Бромлей Ю.В. Этнос и этнография.-М:Наука 1973-  280с.

11.Вяткин Б.А. Этническое самосознание как  фактор развития

    индивидуальности\\Психологический журнал 1996 Т 17 №5-

12.Галустова О.В. Этнопсихология конспект лекция.М:2005.

13.Гнатенко П.И. Национальный характер-Диспро1992 131с

14.Левковин В.П. Соционально-психологические аспекты

     этнического самосознания\Сов этнография-1983 №4 с 300. 15.Губогло И.Н. К изучению   идентичности М:1999-с 266.

16.Дробижева А.М.Национальное самосознание и динамика

     культуры\\Нация и культура-Таллин 1985- с 300

17.Елікбаева Н. Ұлттық  психология:көмекші оқу құралы-Алматы

  «Қазақ университеті»1992 96 бет.

18.Жарықбаев Қ.Б. Аймағанбетова О.Х. Этнопсихология курсының

    типтік бағдарламасы.Қазқстан Республикасының жоғарғы оқу

    орындарының студенттеріне арналған.Алматы:Қазақ унивеситеті

    2001-17бет.

19.Жарықбаев Қ.Б.Нүкежанов Ж.С. Қазақ этнопсихологиясының

     әдіснамасын жасаудың кейбір өзекті мәселелері\\Этнопсихология

  • этнопедагогика екінші жинақ.Ғылыми-әдістемелік басылым-
  • Алматы:тәлім-тәрбие қоғамдастығы 1996-189бет.

20.Жарықбаев Қ.Сангилов О. Жантану атауларының  түсіндірме

     сөздігі.Алматы: «Сөздік-словарь» 2006ж 355-359,320-332.

21.Казлов В.И. Проблема этнического самасознания и ее место в

    теории этноса\\ Советская  этнография.-1974 №2-с 250.

22.Кон И.С. К. проблема национального харктера.Социологическая

     психология М:1999.25-35с

23.Крыско В.Г. Этнопсихология.Издателььский центр Академия 2002г с-300.

24..Кусева Г.У.Этнические стереотипы в системе  межэтических

     отношений-М:1985-24с.

25.Кушпер П.И.Национальное самосазнание как этнический

     определить 1949 Т 8 с 3-35.

26.Латишев А.К.Этническая идентичность\\Сов этнография 1989

     №5-с 10.

27.Левкович В.П.Панкова Г.Социально психологические аспекты

     проблема этнического сознания социольная психология и

    общественная практика\Под ред С.В.Шороховой В.П.Левкович

    М:Наука 1985 320с.

28.Левович В.П. Андрущах И.Б. Этноцентризм как  социольно-

     психологический  феномен\\Психологический журнал.1995-№2-

29.Лурье С.В.Историческая этнология.М 1998.

30.Мухамметбердиев О.Б. Национальное самосознание

     народов.Средней Азии на современном этапе их развития:Дис

     канд психолог наук-М 1992-140с.

31.Мухина В.С. Этнопсихология:настоящая и

     будушая\\Психологический журнал-1994 т15-№3.

32.Павлено В.Н. Таглин С.А. Введение в этническую психологию-

    Харьков,1992 с230.

33.Поуменно Л.И. Этническая идентичность Проблема

    трансформации в постсоветский период\\Этническая психологии

    общество\под ред К.М.Лебедевой-М: старый сод 1997 с76-88.

34.Саракуев Э.А. Крисько В.Г. Введение в этнопсихологию.

     М:Наука 1996 с 334.

35.Солдатова Г.У. Этническая идентичность  и этнополотическая

     мобилизация.М:Мысль,1996-с 341.

36.Солдатова Г.У.Психология межэтнической напряженности и

     смысл 1998-387 с.

37.Спиркин А.Г. Сознание и самосознание-М: Политиздат 1972-

     303с.

38.Стефаненко Г.Т. Этнопсихология М: институт психологии  РАН,

    «Академический проект»,1999 с 220.

39.Стефаненко Т.Г. Социальные стереотипы и межэтнические

     отношения.Под ред Г.М.Андрееевой.Я.Янаушека-М: изд

     Московский университета 1987-с 242-250.

40.Сусоколов А.А. Структурные факторы самоорганизации

     этноса\Расы и народы.М:Наука 1990 Вып 20 5-39 с.

41.Тәжибаев Т.Т. О национальном  характере казакского народа.

     Алматы-Ак КазССР ност 1-1958-с 62-74.

42.Хабаршы \ Вестник. Алматы: №2 (11) 2003ж 65 бет.

43.Хотипец В.Ю. Этническое  самосазнание  и его роль в развитии

     индивидуальности человека:Учеб пособижван:Изд-во удм

     университета 1996-130с.

44.Этническая психология(этнические процессы и образ жизни

     людей)сборник научных трудов.М: Мин вышего и средного

     образование ссс 1984-75с.

45.Этнопсихологический словарь.Под ред В.Г.Крыско

     М:Московский психолого социальный институт  99-343.

46.Этнопсихология Учебное пособие-Алматы: «Қазақ

      университеті»,1998-3-4с.

47.Дайнер Х. Фрейда Н. Национальных стереотип-в кн: современная

     зарубежная этнопсихология 1979-с 300.

 

ҚОСЫМША

О.И. Комиссарованың «Топтағы нормалық қалауларды өлшеу» атты әдістемесі

 

  1. Ең үлкен қанағатты адамдар өз жұмыстарының жоғары бағасынан алады
  2. Өмірде шынайы достары бар адамдар ғана бақытты
  3. Барлық спортсмендер атаққа ұмтылады
  4. Рационалды адамдар үнемі сөйлесудің кемшілігінен зардап шегеді
  5. Мен өзімді арам ойы жоқ адам деп санамаймын
  6. Ең жақсы мұғалімдер деп мен өз пәнін білетін адамдарды есептеймін
  7. Әрбір адам қоршағандардың ашуын келтірмейтіндей өздерін ұстау керек
  8. Студенттің сәттіліктері оның міндеттеріне мойындаумен қарауына байланысты
  9. Адам қарым қатынасын ешқандай іс орнын толтыра алмайды
  10. Кейде өсек айтқан маған қанағат әкеледі
  11. Басқаларға ұнау үшін өз ісіңді жақсы жасау керек
  12. Жұмыста әріптестер арасында тек іскер қатынас болуы керек
  13. Адамға ең қорқыныштысы жалғыздық сезімі
  14. Балалық шағымда мен мақтағанды жақсы көретінмін
  15. Адамдардың көбісі топтағы жұмысты өз өзін көрсету мүмкіндігі ретінде қолданады
  16. Өзін түсінетіндерді адам ең жақсы достары деп санайды
  17. Мектептің негізгі рөлі оқушыларды дұрыс мамандық таңдауға бағыттауда болуы керек
  18. Өзіне ұнайтын адамдармен жұмыс істеген кезде адам ерекше күштің пайда болғанын сезінеді
  19. Мен өзім жақсы қарайтын адамдарға ғана көмектесемін
  20. Мен телефон арқылы тек іс жайлы сөз жүргізгім келеді
  21. Істің қызығушылығы үшін қызметкерлер жайлы ұмытып кететін мекемелер ұнайды
  22. Қоршағандардың менің жұмысымды сынауы менің нәтижеме жаман әсер етеді.
  23. Бос уақытты достармен қарым- қатынасқа жұмсау керек.
  24. Мен келер күнімді жоспарлап қоюға тырысамын.
  25. Жақсы басшы ең алдымен өз саласында жақсы маман.
  26. Көп адамдар үшін топтық жұмыс жаңа адамдармен танысудың тағы бір мүмкіндігі.
  27. Мен атақты адамдардың өмірі жайлы кітаптарды қалаймын.
  28. Жұмыстағы әріптестер достық қарым- қатынаста болулары керек.
  29. Өздерінің сезімдерін ұстай алмайтын адамдармен жұмыс істеу маған қиын.
  30. Мектеп ең алдымен оқушыларда ең жақсы адамдық қасиеттерді тәрбиелеу керек.
  31. Менің жақсы достарым көп білулері керек.
  32. Мен басқалармен менің ісіме байланысты жоқ заттар жайлы сөйлесемін.
  33. Талпыныстары марапатталған кезде , көптеген істер жасай алады.
  34. Достық қарым- қатынастың нашарлауы жұмысшылардың іс әрекетіне ықпалын тигізеді.
  35. Менің ойымша іс үшін жұмысшылар қарым- қатынасын құрбандыққа шалуға болады.
  36. Таныс емес ортада мені ашық адамдар тартады.
  37. Жақсы басшы ең алдымен жұмыста өзара түсінушілік атмосферасын қалыптастырады.
  38. Бос уақытты өзіндік оқыту мен сүйікті іске жұмсау керек.
  39. Студенттің жетістіктері көбінесе ЖОО да қоршаған адамдармен , қарым- қатынасқа байланысты.
  40. Мен ашық, тура адамдарды дөрекі деп есептеймін.
  41. Бірдей қаржылай жетістік жағдайында мен байқауды ұйымдастырғанға қарағанда , оған қатысуды қалар едім.
  42. Ең жақсы қанағат сезімді адам жақын достарының арасында алады.
  43. Адамдар қарым- қатынастарын анықтау үшін өте көп уақыт жұмсайды.
  44. Мен адамдар жайлы бірінші әсерім арқылы ойлаймын.
  45. Мұғалімнің басты міндеті оқушылар арасында жақсы түсінушілікті орнату.
  46. Өмірде адам тек өз-өзіне ғана сенуі керек.
  47. Өз қателіктерімді мойындау маған қиынға түседі.
  48. Сүйікті ісіне өмірлерін арнаған адамдар таңдандырады.
  49. Компанияның жаны болу адам үшін үлкен ләззат.

       50 Маған адамдардан көңілімді қалдыру үнемі қиын.

 

                                                            ҚОСЫМША Б

 

               Л.Г.Почебуттың «Мәдени құндылық бағдар»тесті

  1. Біздің мәдениетімізде шешім қабылдау кезінде маңызды фактор ретінде

     адамдар мынаны санайды:

а) өткенді

б) қазіргіні

 в) болашақты

  1. Біздің мәдениетімізде адамдар өздері туралы былай ойлайды:

а) табиғат күштерінің құрбандары

б) табиғатпен ықыласта тұратындар

в) көптеген табиғат күштерін басқаратындар

  1. Егер менің мәдениетімдегі адамдарды басқармаса, онда олар мынаны

    істейді:

А) жаман қылықтарды

Б) жаман мен жақсы қылықтарды

В) жақсы қылықтарды

  1. Менің мәдениетімдегі адамдар өздерінің қарым-қатынастарында ең негізгі

     ретінде:

А) тұқым және шыққан тегі

Б) үлкен жанұя

В) тұлғаның ерекшелігі мен көнелігі

  1. Менің мәдениетімнің адамдары былай санайды:

А) тіршілік ету өз өзімен өмір сүруге жеткілікті

Б) тұлғаның дамуы мен өсуі өмірде ең басты мақсат болып табылады

В) тәжірибелік іс әрекет пен ерекшелікке жету ең жақсы мақсат.

                                          ҚОСЫМША В

 

В.В. столиннің «Тұлғаның өз-өзіне қатынасын зерттеу»

Сұрақнаманы жасау үшін тоғыз өлшем алынған. Олар өзіндік қатынасты өзіндік «Менге» сезім ретінде сипаттайды.

1)«Меннің» саналығы

2)Өз өзін сыйлау және өзіндік сенімділік

3)Өзіндік басқару және «Меннің» реттілігі

4)Басқалардың үміттері

5)Шартсыз өзіндік қабылдау

6)Өз тұлғасының құндылығын уайымдау

7)Өзіндік «Менмен» байланыс сезімі

8)Өзіндік түсінбеушілік, «Меннің» даулығын сезіну

9)Өзіндік айыптау сезімі