Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика кафедрасы
ЕСЕП БЕРУ
«Аджип ҚКО» компаниясына жалпы тәжірибелік сипаттама
3 курс студенті
МТ07К2
Кулькенова А
Тәжірибе жетекшісі: Жумагазиева.А.Г.
Лауазымы: аға оқытушы
« » 2010 ж.
Алматы, 2010ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………..3
- «Аджип ҚКО» компаниясының тарихы……………………………………………..5
- Директорлар кеңесі……………………………………………………………………………8
- Компания менеджерлерінің саясаты…………………………………………………..9
- Жұртшылық және қоршаған орта……………………………………………………..10
- «Аджип ҚКО» компаниясының инфрақұрылымы және әлеуметтік жобалары…………………………………………………………………………………………11
- Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ……………………………………………………12
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………….14
КІРІСПЕ
Менеджер-басқару және басқарудағы шешім қабылдау қызметін атқаратын ұйым мүшесі. Менеджерді ұйымдағы басты,маңызды адам деп нық айтуға болады. Бірақ та барлық менеджерлер ұйымда бірдей рөл атқармауы мүмкін,олардың атқаратын қызметтері де әр түрлі болуы мүмкін. Бұл ұйымдағы иерархияға байланысты,яғни ұйымдағы атұарылатын әр түрлі қызметтерге.Ешқандай ұйым менеджерсіз қызмет атқара алмайды,оның негізгі себептері:
-менеджер ұйымның мақсатына жету үшін не істеу керек екенін ойластырады,адам/ға нақты міндеттер жүктей отырып,оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
-менеджер ұйымдағы жұмыстарды жүйелеп бөледі,қажетті ұйымдық құрылымды құрады,жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді.
-менеджер ұйымда ынталандыру шараларын қамтамасыз етіп,адамдармен тығыз байланыс орнатады.
-менеджер ұйымның іс әрекетін талдайды,нормалауды белгілейді.
-менеджер ұйымның ортамен байланысты ақпарат көзі болып келеді.
Менеджер ұйымның басқару қызметінің субьектісі бола отырып,ұйымда мына рөлдерді атқарады:
-шешім қабылдау б/ша рөлі.Басқару қызметінде шешім қабылдауға тек менеджер құқылы.Шешім қабылдау құқығына бай/ты менеджер сол қабылдаған шешіміне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады.
-ақпараттық рөлі.Менеджер ұйымның сыртқы ж/е ішкі ортасы б/ша ақпарат жинайды,ұйымның саясаты мен негізгі мақсатын анықтайды.Ұйымның қызметі менеджер жинаған ж/е таратқан ақпараттарға байланысты.
-жетекшілік рөлі.Ұйымның ішкі ж/е сыртқы ортадағы қызметін,қызметкерлердің жұмысын реттейді,қызметкерлерді мотвациялайды. Минцберг өз еңбектерінде менеждердің өз жұмысы барысында 10 рольдерді бөліп қарастырады.
Ұйым-бір мақсатқа жету үшін біріккен адамдар тобы. Ұйымның екі түрі бар:формалды ж/е формалды емес. Әрбір ұйым формалды ұйым болып табылады,ал формалды емес кез кеелген формалды ұйымның ішінде болады.Ұйымның негізгі сипаттамалары:
- ресурстар.Ұйымның нәтижеге жетуі үшін әр түрлі ресурстар қажет.Оның ішіндегі негізгісі-адами ресурстар.
- сыртқы ортаға тәуелділігі.Яғни экономикалық жағдай,тұтынушылар,экологиялық жағдай,заңдар,бәсекелес ұйымдар,т.б.
- көлденең еңбек бөлінісі.Белгілі бір мақсатқа жету үшін қызметкерлер арасындағы еңбек бөлінісі.
- бөлімшелер.Нақты бір тапсырма,міндеттер б/ша жұмыс жасайды.
- тікелей еңбек бөлінісі.
- басқарудың қажеттігі.
Ұйымның ішкі ортасы құрылым, ішкі ұйымдық процестер, технология, адамдар, ұйым мәдениеті сияқты бөліктерден тұрады.
Мақсаттар. Ұйым көп мақсатты жүйе ретінде қарастырылады. Басты мақсаттар төменгі деңгейдегі мақсаттарын нақтылау үшін негізін салады. Ал бұл деңгейлердегі мақсаттар бойынша ұйым дәлірек құрылымданады. Бұл жерде бір ұйым ішіндегі бөлімшелер мақсаттары арасында үлкен айырмашылықтар болуы мүмкін. Басшылардың күш жігерін осы айырмащылықтарды ескеріп, мақсаттарды бір бірімен үйлестіруге жұмсалуы қажет.
Құрылым. Әр ұйым алдында басқару құрылымын қалыптастыру және дамыту міндеті тұрады; бұл жұмыстың барысында барлық элементтердің күш салуын бір мақсатқа жетуге жұмылдырады, ол үшін әр түрлі қызметтерді бір бірімен байланыстыру қажет.
Тапсырмалар. Тапсырмалар алдын- ала белгіленген мерзімде және алдын- ала бекітілген тәсілмен орындалуға тиіс жұмыс немесе жұмыс бөлігі. Тапсырма қызмет орынға жүктеледі, ал олар ұйым мақсатына жетуді қамтамасыз етеді.Ұйым тапсырмаларын үш категорияға бөлуге болады: адамдармен, заттармен және информациямен байланысты жұмыстар.
Технология.Әдетте, тар мағынада технологияны сипаттағанда машиналар, зерттеулер жетістіктерімен байланыстырады. Кең мағынада, технология дегеніміз біліктілікті, құрал –жабдықтармен сайман және тиісті техникалық білімдер көмегімен шикізат, материалдарды өңдеп шығыста сұраулы өнімге айналдыратын әдіс деп анықтама беруге болады. Осыған дейінгі технология энергияны өзгертуші, жұмыс істеуші адамның қолы мен бұлшық ет қызметінің жалғасы болып, оның құралы мен көмекшісі болып саналды, ал бүгінгі информациялық технология адам миының қызметін жалғастырушысы бола отырып, оның партнері немесе тіпті жетекшісі болып табылады. Сондықтан бүгінгі информациялық технология басқару технологиясы болып саналады.
Адамдар.Өндірістік ұйымды басқару жүйесін қалыптастыру-ең алдымен, ұйым алдындағы мақсаттарға жетуге қажетті өндірістік және басқарушы операцияларды орындайтын адамдардың қатынастары мен өзара байланыстарны орнату. Басқаруға байланысты адамдық айнымалылардың үш негізгі аспектісі бар: жеке адамдардың жүріс- тұрысы, топтағы адамдардың жүріс-тұрысы,басқарышының жүріс-тұрысы, менеджерлердің болуы және олардың топ мүшелеріне ықпалы.
Оқу тәжірибесінің мақсаты да болашақ менеджер ретінде белгілі ұйымға менеджмент тарапынан, сол көзқараспен қарап, сараптама жасау мен дипломдық жұмыс тақырыбы үшін ғылыми ақпараттарды пайдалаудан тұрады. Сол себепті бұл есеп беруде ұйым ретінде «АДЖИП КҚО» компаниясы таңдалып оның даму тарихы мен менеджментіне талдау жасалып, сипаттама берілді.
- «Аджип ҚКО» компаниясының тарихы
Итальяндық «Эни С.п.А.» компаниясының еншілес кәсіпорны болып танылатын «Аджип ҚКО Н.В.» компаниясы 1997 жылы бекітілген Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлісу туралы келісімнің шеңберіндегі жұмыстарын «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясымен жасалған агенттік келісім негізінде атқарады. «Аджип ҚКО Н.В.» компаниясына өндірістік қауіпсіздікті сақтау мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең жоғары талаптарды ұстана отырып, Қашаған кен орнын игерудің 1-ші кезеңі болып табылатын Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бағдарламасын орындау, сондай-ақ Қашаған кен орнында мұнайдың өнеркәсіптік өндіруін бастау жүктелді. Сонымен қатар, «Аджип ККО Н.В.» компаниясы Қашаған жобасының 2-ші кезеңінің құрлық кешені жобасын іске асыруға жауапты болып тағайындалды.
ӨБК шеңберіне Қазақстан Республикасындағы алғашқы теніздегі кен орны – Қашаған алып мұнай кен орны, сонымен қатар Оңтүстік-Батыс Қашаған (ОБҚ), Ақтоты, Қайраң және Қаламқас кен орындары кіреді.
Аджип ҚКО жүзеге асыратын операциялардың ауқымдылығы мен күрделілігі айрықша кәсіптік дағдыларды, кең тәжірибені иеленетін және қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, өте күрделі өндірістік жағдайларда жұмыс істей алатын халықаралық жұмыс күшін қажет етеді.
Бүгінгі таңда Аджип ҚКО-ның көп ұлтты ұжымы әртүрлі 50 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді. Жоғары кәсіптік мамандарды, қызметкерлерді және машықтанушыларды қоса алғанда Аджип ҚКО-ның қазақстандық қызметкерлерінің саны жыл сайын арта түсуде.
Он бес жылдан астам Қазақстан өз табиғи байлықтарын, сонымен қатар көмірсутек қорларында өздері игеруде. Қазақстанның мұнай туралы ғасырлық тарихы болса да, ең айрықша мәнді оқиғаның біразы – Қазақстан өз егемендіген алып, мемлекет болғаннан кейін болды.
1993 жылы республикада Германия қаржысының үлесімен ең үлкен компания – Қазақстан-Герман кәсіпорны «ҚазГерМұнай» құрылды.
1994 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы бойынша , Қазақстан Республикасы Энергетика және жанармай ресурсы министрлігінен, Қазақстан Республикасы Энергетика және көмірөнеркәсіп министрлігін және мұнай және газ өнеркәсіп министрлігін болып бөлінді. 1994 жылы шілдеде Қазақстан Каспийдің қорларын өңдеу туралы әлемдік деңгейде жоба ұсынды, ол жобада Каспий табиғи қорларын игеру және өндеу туралы сұрақтар бойынша өздерінің принципалдық көзқаратарын білдірді 1994 жылдың аяғында ең маңызды шешімдер бойынша, Республика үкіметі, Қазақстанда мұнайгазды кешені бағдарламасын қабылдады: 1. Өңдеу қуаттылығын нығайту; 2. мұнай өніміндегі ішкі қажеттеліктерді толық қамтамысыз ету; 3. Мұнай экспортын өсіру.
1995 жылдың наурызында «Қарашығанақ» атты өндіріс жерінде Қазақстан Республикасы өзінің «Қазақгаз» және «Аджип» (Италия), «Бритиш Газ» (Ұлыбритания) және «Газпром» (Ресей) арасындағы бөлісім келісім шартқа қол қойды.
1996 жылдың сәуірінде Қазақстан, Ресей, Оман және халықаралық мұнай компаниялар консорциуының арасында, «Тенгиз-Тихорецк-Новороссиск» сапарының желісі бойынша, өтімділік қабілеттілігі 67 млн.тонн. мұнай құбырының құрылысы жайында келісімге қол қойылды. Бұл келісім бойынша Ресей үлесі – 24% , Қазақстанның үлесі — 19%, Оман үлесі -7% құрады, ал қалған бөлігін 8- мұнай компаниясының еншілігіне таратылды.
1997 жылдың 4-наурызында Қазақстан Республикасы мұнайгаз өндіру Министрлігін қысқартып, Қазақстанның ең ірі Ұлттық газмұнай компаниясы «ҚазақОйл» құрылды. Компания Қазақстан атынан барлық ірі мұнайгаз кәсіпорын салалар жобаларына қатысу құқығына ие болды. 1997 жылдың 2-сәуірінде мұнай тасымалдайтын «ҚазТрансОйл» Ұлттық компаниясы құрылды. 1997 жылы республикамызда газ мұнай кәсіпорындарын жекешелендіру басталды.
1997 жылдың 18 қарашасында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда болған уақытында «Қарашығанақ» мұнайгаз кен орын жеріндегі газмұнай өнімінің бөлісуіне соңғы келісім шарт жасалды. Қазақстан Республикасының үлесі – 80% құрады. Құрамға «Интеграцияланған Қарашығанақ ұйымдары» (ИҚҰ, Karachaganak Petroleum Operating ), (Италяндық) «Аджип» (32,5%), Британдық «Бритиш Газ» (32,5%), Америкадық «Тексако» (20 %), ресейлік «ЛУКойл» (15%) кірді.
1997 жылдың 18 қарашасында Каспийдің солтүстігіндегі өнімдерді, компания «Аджип», «Бритиш Газ», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Мобил», «Шелл», «Тоталь», және «ҚазақстанКаспийШельфі» арасында бөлісу туралы келісімге қол қойылды.
1998 жылдың қаңтарында Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлісу туралы келісім орындала басталды. 1998 жылдың 14 шілдесінде Қазақстанның Каспий шельфіндегі ең бірінші мұнай ұңғымасын бұрғылау бастады. Ұңғыма «Кұлтұқ өлген» деген жерде, мұнайды, біріккен қазақстан-америка кәсіпорны «Арман» бұрғылады. Ұңғыманы бұрғылау үшін, арнайы таяз жерден жасанды берма аралы салынды. 1998 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен шетел инвесторлардың кеңесі болды, оған Қазақстанда жұмыс істейтін ең үлкен мұнай компанияларының басшылары қатысты.
1999 жылдың қыркүйегінде Атырауда, Қазақстан аймағынан алғашқы рет мұнай алғаннан бергі – 100 жылдық мерейтойы тойланды.
2000 жылдың маусымында Қазақстан, «Қазақойл» Ұлттық компаниясы «Шеврон» компаниясына 5 % үлесін 450 млн. долларға сатты, өзінде 20 % акция пакеті сақталынуда.
2000 жылдың шілдесінде «ҚазТрансГаз» Жамбыл облысындағы Амангелді тобымен мұнай кен орнын өңдеу жұмысына кірісті. 2000 жылдың қарашасында Теңіз мұнай кен орнының Новосибирск портымен қосылатын КТК құбыр проводын соңғы құбыры жапсарласты.
2001 жылдың ақпанында Қазақстандағы Солтүстік Каспий мұнай кен орнын өңдеуге Италяндық топ «ЭНИ» компаниясы оператор ретінде таңдалынды.
2001 жылдың 26 наурызында Атыраудағы КТК құбыр желісі жүйесі бойынша «Тенгиз-Новосибирск» мұнай айдау ісі басталды. 1480 километрлік құбыр жүйесін толтыруға 1 млн.тонн мұнай керек. 2001 жылдың 2 мамырында Қазақстан Үкіметінің жарлығымен мұнай және газ магистарлды құбырын басқару үшін, Ұлттық «Мұнай және газ тасымалдау» компаниясы құрылды. МГТ) Жаңа компанияға ЖАҚ «ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» мемлекеттік пакет акциялары берілді. 2001 жылдың 3 тамызында Мәскеу Каспий құбырынан мұнай тасу консорцум (КТК) келісім шартын бекітті.
2002 жылдың 20 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнайгаз эконимака секторында, Қазақстан Республикасының қызуғышылығын қолдайтын, тиімділіктің деңгейін көтеру және мұнайгаз кешені дамыту үшін Ұлттық акционерлік қоғам «ҚазМұнайГаз» құрылды – 100 % мемлекеттік үлеспен. АҚ «ҚазМұнайГаз», ЖАҚ «ННК «Қазақойл» және ЖАҚ «НК «Мұнай және Газ тасымалдау» құқықытық мирасқор болып келеді. 2002 жылдың 3 мамырында Н.Назарбаев және В.Путин тарихи құжатқа қол қойды – яғни, Каспий теңізінің солтүсті бөлігін, Ресей және Қазастан өзара ынтымақтастықта бөлу туралы протоколға қол қойылды. 2002 жылдың 23 маусымында «Кенқияқ-Атырау» мұнау құбырының құрылысы басталды.
2003 жылдың желтоқсан айының аяғында «ҚазМұнайГаз» және «Лукойл» компаниялары, Қазақстан секторындағы Каспий теңізіндегі «Аташ» және «Тюб-Қараған» жерлерін өңдеу туралы СРП қол қойды.
2004 жылдың 9 қаңтарында қазақстан-ресей келісімімен Каспийдегі Тюб-Қараған және Аташ теңіз жобалары берілді. 2004 жылдың қазанында «Атасу-Алашанкөл» (Қазақстан-Қытай) мұнай құбырының құрылысы басталды. Осы жылы Қазақстанда мұнай сапа банкі ашылды. Бұл Қазақстандағы өнімдерді, көмірсутекті шикізат компанияларын туралы негіздік. Бұл Қазақстандағы партиялардың, өңдеудегі әртүрлі кезеңдерін, сақтауды теңестіреді.
- Директорлар кеңесі
Кампи энд Ко Лтд, БК Басқарманың Атқарушы төрағасы (бизнесті дамыту)
ЛЭЙН Питер(Тәуелсіз директор) Ұлыбритания Қаржы министрлігі Қазынашылығының экономика жөніндегі Кеңесшісі болып жұмыс істеді. Әр түрлі мемлекеттерде жетекшілік қызметтерді атқара отырып, оның ішінде Шығыс-Кариб аймағы бойынша атқарушы директор және «Shell UK Oil» директоры, «Royal Dutch Shell» компаниясында 13 жыл бойы еңбек етті. 1994 жылы Лондондағы «Lloyd’s» банкінің директоры қызметіне тағайындалып, банкке нарықтағы бұрынғы позицияларына оралуына мүмкіндік берген қайта құру және қалпына келтіру Бағдарламасының жетістікті жүзеге асуына септігін тигізген негізгі тұлға ретінде таныла алды. Сонымен бірге, «Lloyd’s-тің» Жапониядағы директоры болды. Бұдан кейін, «Lloyd’s» банкінің АҚШ-тағы басқарушы директоры лауазымына тағайындалып, бұл шешім «Lloyd’s» банкінің осынау маңызды нарықтағы позицияларын қалпына келтіруге жол ашты. Кейінірек Биржалық сақтандыру компаниясының бас атқарушы директоры қызметінде жұмыс істеп, өз тілегімен 2007 жылы кетті. 2008 жылдан қазіргі таңға шейін, «Fishergate Limited» компаниясының, ал 2009 бастап, «Strathearn Capital Limited» компаниясының Басқарма төрағасы болып табылады. Экономика бакалаврының үздік дипломын, экономика магистрі дәрежесін иемденеді. Сонымен қатар Гарвард экономика мектебін бітірген. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Тәуелсіз директоры ретінде 2008 жылдың мамырында жұмысқа кірісті.
Әлем бойынша мұнай-газ ұйымдары бөлімшелерінің басшысы, клиенттермен жұмыс бойынша басшы (Орталық Еуропа, Таяу Шығыс, Африка); Ресейдегі бақылау Кеңесінің мүшесі.
КУИЛААРС Фрэнк(Тәуелсіз директор) 2008 жылға дейінгі кезеңде 25 жыл ауқымын қамтитын АБН АМРО Банкі, кейінірек «Роял Банк оф Скотландтағы» (RBS) трансұлттық бизнестегі қызметінде мынадай басшылық позицияларда болған: Бельгида корпоративтік және инвестициялық банктік құралдар жетекшісі, Бразилиядағы аймақтық менеджер, Ресей мен Аргентинадағы аймақтық менеджер, Біріктірілген энергетикалық блоктың жаһандық жетекшісі. Куилаарс мырза сонымен бірге, Қазақстан, Ресей және Өзбекстандағы Қадағалау Кеңестерінің мүшесі болған. Оның 2001 жылы Корпоративтік атқарушы вице-президент қызметіне тағайындалуынан кейін, Жаһандық энергетикалық блокты басқарумен қоса, Корпоративтік және инвестициялық банк, Еуропа, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдері бойынша Атқарушы Комитеттердің мүшелігіне қабылданды. Куилаарс мырза энергетикалық нарықтардағы Банкілік франчайзингті дамытуға үлес қосқаны үшін және де, энергетикалық франчайзингтің ең жетекші түрін енгізгені үшін жоғары мәртебеге ие.
- Компания менеджерлерінің саясаты
«Аджип ҚКО» компаниясының ең қымбат қазынасы Қазақстанның түпкір-түпкірінде жұмыс, алыс және шет елдерде жұмыс істейтін оның қызметкерлері болып табылады. Бүгінгі таңда жұмыс істеуші қызметкерлер саны еншілестерді қосқанда 60 мың адамды құрайды.
Қажетті еңбек жағдайларын құру және Компанияның жеке және индивидуальді дамуының мүмкіндіктерін көрсететін – Компанияның кадрлық және әлеуметтік артықшылығы болып табылады.
Стратегиялық бағыттарды іске асыру кезінде әрекет жасаушы қызметкерлердің рөлінің артуы Компанияның қызметкерлермен басқару аумағындағы бірыңғай саясатты ұйымдаcтыруға талап қойды.
Кадрлық саясаттың негізгі құрамы болып табылады :
уақытты ұйымдастыру саясаты , өз ішіне салалардың құрылымын, штаттың, еңбек қорларындағы қажеттіліктерді жоспарлау, еңбек нарығын зерттеу, кадрларды таңдау және орналастыру — «егер жұмыскерлер болса»;
ақпарат және таралу саясаты , құндылығы мен мақсаты, ақпарат пен біліммен еркін алдын-ала уақытта ауысудың жағдайларын ұйымдастыруға бағытталған, көлденеңнен және тігінен, корпаративтік мәдениеттің дамуы мен одан әрі дамуы, мақсаттарды тарату жүйесін құру және қойылған мақсаттарға жетуді бақылау – «жұмыскерлер Компания мақсаттарымен таныс және оны қолдайды».
оқыту мен даму саясаты , дайындауға бағытталған қажетті жағдайлар жасау, оқыту, жұмыс күшінің дамуы мен кадрлық потенциалды жоспарлау – «жұмыскерлер мақсаттарына жете алады»;
мотивация саясаты , Компанияның әр позицияның құндылығы мен құралған сыйақының нақты байланысын орнықтырады және сол позицияда жұмыс істеуші адамның жұмысының нәтижелілігі, Компания белгілі бір әлеуметтік кепілдемелердің пакеті мен льготтармен қамтамасыз етеді – «жұмыскерлер өз мақсаттарына жеткісі келеді».
Кадрлық саясат аталған адамдардың қорларымен басқару аумақтарының дамуына арнайы интегралдық жұмыс жасайды.
Біздің компания жыл сайын кадрлық жағдайлардың анализін жасайды, негізгі көрсеткіштер мен кадрлық саясаттың қиын зоналарын, еңбек қорларын жоспарлап, болжайды. Қызметкерлер құрамының сандық және сапалық белгілі бір критериялармен үлкен мұнайгаз компанияларының (бенчмаркинг) қол жеткізілген нәтижелер мен қысқа және үлкен периодтарға жасалған, қол жеткізілген нәтижелер салыстырылады.
- Жұртшылық және қоршаған орта
Өз жауапкершілігін түсіне отырып, Аджип ҚКО компаниясы өзінің өндірістік операцияларын жүргізгенде Қазақстан Республикасының заңдарын және халықаралық ережелерді ұстанады, қоршаған ортаны аялайды, Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтейді.
Компания өндірістік операцияларын жүргізу барысында ең озық практикалық тәжірибелер мен технологияларды қолданады, қоршаған ортаға кері әсер тигізуі мүмкін лақтырындылар мен тастандылардың шығарылуын барынша азайтуға мүмкіндік беретін ең тиімді технологиялық шешімдерді іздестіреді және қоршаған ортаға әсер тигізбейтін өнімдер мен қызмет түрлерін пайдалануды қолдайды.
Қазақстанда 2006 жылдың қыркүйек айында өткен «Мұнай-Газ.kz» Бірінші халықаралық мұнай және газ көрмесінде Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сарапшыларынан құрылған комиссия «Ең жақсы экологиялық бағдарлама» номинациясы бойынша Аджип ҚКО компаниясына «Алтын Прометей 2006» жүлдесін берді.
Аджип ҚКО компаниясының Корпоративтік басқару жүйесінің мақсатына, болжамына және құндылықтарына сәйкес Компания
- адамдарға зиян келтірмеу,
- қоршаған ортаны қорғау,
- материалдар мен қуат көздерін тиімді пайдалану,
- Аджип ҚКО компаниясының және оның мердігерлерінің қызметкерлері осы міндеттемелерді орындауды мүдделі болатындай мәдениет қалыптастыру
қағидаларын басшылыққа алады.
- «Аджип ҚКО» компаниясының инфрақұрылымы және әлеуметтік жобалары
Аджип ҚКО компаниясы өз операцияларын жүргізетін аймақтардағы жұртшылыққа әлеуметтік жақтан қолдау көрсету дағдыларын ұстанады. Осы мақсатта Компания жаңа үйлерді, газ және су құбырларын салуды, күрделі жөндеу жұмыстарды қамтитын Әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын (ӘИЖ) жүзеге асырады. ӘИЖ-лардың негізгі бағыттары: денсаулық сақтау, білім беру және жергілікті инфрақұрылым нысандарын салу.
Компанияда қарастырылған жыл сайынғы демеушілік және қайырымдылық бюджет қаражаты жұртшылықтың пайдасына келетін әлеуметтік, білім беру және мәдени бастамаларды қолдауға бөлінеді. Демеушілік көмек бойынша сұраныстар коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық қорлардан келіп түседі, дегенмен демеушілік көмек мектептерге, медициналық мекемелерге және басқа мүдделі тараптарға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін көзделген.
Сонымен бірге, Аджип ҚКО тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды қаржыландырады. 1998 жылы денсаулық сақтау, білім беру және жергілікті инфрақұрылым сияқты салаларды қамтитын Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасының жүзеге асырылуы басталды. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары «Аджип ҚКО» компаниясының барлық іс-әрекеттер аймақтарында, соның ішінде Атырау қаласы, Мақат ауданы, Ақтау қаласы және Түпқараған ауданы, жүргізілуде
Солтүстік Каспий түбіндегі алып кен орын
Қашаған кен орны – Солтүстік Каспий бойынша ӨБК-нің аймағында табылған ең үлкен мұнай кен орны. Ол 1968 жылы Алясканың Солтүстік жағалауында ашылған Прудо Бэй кен орнынан кейін ең ірі мұнай табылымы болып саналады..
XIX-шы ғасырда Ақтау өңірінде туылған белгілі қазақ ақынның құрметіне өз атына ие болған Қашаған кен орны 85 x 45 шақырым аумаққа жайылып жатыр.
Кенорын қойнауқаттары осыдан 350 миллион жыл бұрын теңіздің таяз суында қалыптасқан. Қазіргі есептеулер бойынша кенорынның болжамды мұнай қоры 38 миллиард баррельді құрайды, оның 9 миллиарды әлеуетті шығарылуға жатады. Газды кері айдаған жағдайда, шығарылуға жататын мұнай қорының көлемі 11 миллиардқа дейін ұлғаяды деп есептелуде.
Қашаған кенорнын игеру үйлестіруді қажет ететін теңіздегі мен құрлықтағы күрделі жұмыстардан тұрады. Осы жұмыстардың ішіне зерттеулер, құрылыс пен іске қосу, бұрғылау, материалдық-техникалық қамту, кен орынды игеру және мұнайды өндіру сияқты жұмыстар кіреді.
6. Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері |
|
Кадрларды іріктеу және оқыту
Қазақстандағы алғашқы кең ауқымды теңіз кен орнын игеру жобасының Операторы ретінде Аджип ҚКО қазақстандық қызметкерлерді іріктеу, жұмысқа алу, оқыту және біліктіліктерін арттыру бойынша ұзақ мерзімді стратегияны дайындады.
Оқу орталығы Кадрларды оқыту және даярлау үшін жақын арада салынған Аджип ҚКО компаниясының Атыраудағы Оқу орталығының маңызы зор. Жиырма бес адам қызмет атқаратын Орталықта Қазақстан мамандары Компанияның құрлықтағы мен теңіздегі нысандарында қызмет атқару үшін даярланады. Аджип ҚКО-ның машықтанушылары – Компанияның болашағына жасалған стратегиялық салым.
Қазіргі заманның талаптарына сай жабдықталған Оқу орталығында 11 оқу кабинеті, электротехникалық, құрал-саймандық, механикалық шеберханалар, химиялық зертханалар, кітапхана, жиналыс залы, кеңселер және асхана бар. Орталықтағы мұнай мен газды өңдеу қондырғысының имитаторы машықтанушыларға нақты, үлкен қондырғыны пайдалану тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Орталықта теориялық және практикалық оқу курстарын қамтитын бірнеше ұзақ мерзімді оқу бағдарламалары жүргізіліп жатыр. Машықтанушылардың көбі өндірістік операцияларды жүргізу бойынша оқытылып жатыр, сонымен қатар ұңғымаларды пайдалану бойынша екі оқу курсы және ұңғымаларды игеру мен мұнайды өндіру бағдарламасы жүргізіліп жатыр.
Үш жылға жоспаарлнған Атыраудағы оқуды аяқтаған соң, барлық машықтанушыларға өз білімдерін бекіту және қосымша тәжірибе алу үшін әр түрлі елдердің мұнай мен газ кәсіпорындарында өндірістік практикадан өту ұсынылады. Одан кейін машықтанушылар өндірістік операцияларды жүргізу үшін Аджип ҚКО компаниясы ішінде арнайы лауазымдарға тағайындалады.
Аджип ҚКО машықтанушыларының Италия, Конго, Нигерия, Франция, Ресей және Мысыр сияқты елдерде кәсіби тәжірибе алу мүмкіндігі бар.
Қазіргі таңда Оқу орталығында 330 машықтанушы оқытылуда.
Жоғарыда айтылғанға қоса, Аджип ҚКО компаниясы әр түрлі мамандықтар бойынша (ағаш ұстасынан бастап дәнкерлеушіге дейін) 1500 жұмысшыны оқыту міндеттемесін өзіне жүктеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқу тәжірибесінде жасалған ұйымға сипаттама беру нәтижесінде Конец формы Аджип ҚКО компаниясының Қазақстандағы қызметіне қатысушы тараптар жергілікті қорларды дамыту нәтижесінде маңызды артықшылықтарға ие болады деген қорытынды жасалды. Оларды әр қырынан атайтын болсақ:
Қазақстандық жабдықтаушылар
- Бизнесті жүргізу мүмкіндіктерін дамыту;
- Жұмыс әдістерін бизнесті жүргізідің халықаралық озық әдістеріне сәйкестендіру;
- Елдің дамуына үлес қосу;
- Халықаралық рынокка шығу.
Қазақстан Республикасы:
- Елдің әлеуметтік және экономикалық дамуы;
- Шешуші білім алу және дағды қалыптастыру;
- Экономиканың стратегиялық маңызды секторларын дамыту.
Халықаралық серіктестер:
- Жергілікті компаниялармен серіктестікте Аджип ҚКО қызметіне қатысу;
- Жылдам дамып отырған рынокта жұмыс атқару;
- Қоғам алдында корпоративтік міндеттемелерін орындау.
Аджип ҚКО:
- Шығындарды азайту;
- Білікті жабдықтаушылардың жергілікті рыногына қол жеткізу;
- Елдің дамуына үлес қосу;
- Біліктілік алмасуда қолдау көрсету.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- agipkco.com/wps/wcm/connect- «Аджип ҚКО» компаниясының ресми сайты
- Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілері.– Алматы:Юрист, 2007.-124б.
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік нормативтік жиынтығы.– Алматы: Юрист, 2008.-200б.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдері).– Алматы: Юрист, 2007.-297б.
- «Атырау» газетінің экономика бөлімінің жергілікті кен орындары туралы ақпараттары