Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі
Алматы Экономика және Статистика Академиясы
« Қаржы » кафедрасы
Өндірістік тәжірибе
бойынша есеп
Орындаған: «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті :
Боранкулова Алмагуль Алпысбаевна
Тәжірибе өткен жері: Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитеті
Тәжірибе жетекшісі:
Ұйымдастыру – құқық
бөлімінің бастығы: Кусаинов Г.Г
Қорғалған есептің бағасы:
Алматы 2007г
«Қаржы» мамандығының
3 курс студенті Боранкулова А.А.
Күнтізбелік жоспары
Алматы қаласы бойынша Медеу аудандық салық комитетінде 2007 жылы шілде айының 9 – 21 аралығында тәжірибе өткізілді.
№ |
Тақырыптың атауы, сұрағы |
Атқарылған мерзім |
Бағалануы |
1 |
Салық комитетімен танысу |
9.07.2007ж. |
өте жақсы
|
2 |
Заңды тұлғалардың есеп бөлімімен танысу |
10.07.2007ж. |
өте жақсы |
3 |
Жеке тұлғалардың есеп бөлімімен танысу |
11.07.2007ж. |
өте жақсы |
4 |
Жанама салық бөлімімен танысу |
12.07.2007ж. |
өте жақсы |
5 |
Ұйымдастыру – құқық бөлімімен танысу |
13.07.2007ж. |
өте жақсы |
6 |
Өндіріп алу бөлімімен танысу |
16.07.2007 ж. |
өте жақсы |
7 |
Өндірістік емес төлемдер |
17.07.2007 ж. |
өте жақсы
|
8 |
Жеке тұлғалардың салық есебін қабылдау және өңдеу бөлімімен танысу |
18.07.2007 ж. |
өте жақсы |
9 |
Заңды тұлғалардың салық есебін қабылдау және өңдеу бөлімімен танысу |
19.07.2007ж. |
өте жақсы |
10 |
Салық төлеушілерді тіркеу бөлімімен танысу |
20.07.2007 ж. |
өте жақсы |
Тәжірибе жетекшісі: Кусаинов Г.Г.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып тәуелсіз мемлекет болғанына 16 жыл болды. Осы уақыт аралығында салық жүйесі сала болып қалыптасуы үшін дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырдық.
Қазақстан Республикасының өзіндік салық жүйесінің қалыптасуы тәуелсіздік алған 1991 жылы басталды.
1991 жылы 24 желтоқсанда ҚР-ң салық жүйесі туралы заңы енгізілді. 1992жылдан бастап ҚР-ның салық жүйесінде салық реформасы басталды.
ҚР-ғы кезеңдері:
1 кезең. 1992-95ж. аралығында – жаңа салық жүйесін қалыптастыру және дамыту.
2 кезең. 1996-98ж. – нарықтық экономиканың талаптарына сай келетін салық жүйесін қалыптастыруды аяқтау.
3 кезең. 1999-2001ж. ар-да – халықаралық стандарттармен талаптарға сай келетін салық кодексін қалыптастыруды аяқтау.
4 кезең. 2002-2007ж. салық жүйесінде ақпараттық жүйені дамытуды аяқтау.
Салық жүйесі біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгертулер мен толықтырулар еңгізіліп қазіргі күнге тұрақты жүйеге түсті.
Салықтар – ұлттық табыстың мемлекет халықтан, ұйымдардан және кәсіпорындардан әр түрлі міндетті төлемдер түрінде алып отыратын бөлігі. Олар табыстын көлеміне байланысты салынатын тікелей салық және халыққа көбіне көпшілік қолды тауарлардың бағасы арқылы салынатын жанама салық болып ажыратылады.
Салықтар дегеніміз – мемлекетпен бекітілетін белгілі бір мерзімде, белгілі бір мөлшерде, қайтарусыз түрде, міндетті түрде мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем.
Салық жүйесі дегеніміз – мемлекеттік қаржылық қорды қалыптастыру мақсатында мемлекетпен бекітіліп алынатын салықтар мен алымдардың жиынтығы, сондай – ақ салық салудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығының және салық қызметі органдарынан тұратын күрделі жүйе.
Салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. Салық жүйесі реформалаудың бірнеше кезеңдерден өтті.
Соңғы кезең 2002-2007жылды қамтып отыр.
2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа салық кезеңі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа еңгізілді.
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, еңгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, еңгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды. Салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынанкешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қанақолданысқа еңгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар. 2005 жылы акциз салығына қосымша ретінде «экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы» қосылады
Салықтың түрлері :
1.Корпрациялық табыс салығы
2.Жеке табыс салығы
3.Қосылған құн салығы
- Акциздер
4.1. Экспорталатын шикі мұнайға, газ газ конденсатына рента салығы
5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері
6.Әлеуметтік салық
7.Жер салығы
8.Көлік салығы
9 .Мүлік салығы
Алым – белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап «елтаңбалық алым» алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер еңгізілді: «жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым» және «кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін» және «туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін» алымдары қосылды.
Төлемақы – белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.
Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс еңгізілді. Радиожиілік спектірін қолданғаны үшін төлемақыға қосмша ретінде «қалааралық және халық аралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы» төлейді.
Салық міндеттемесі
- Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
- Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден – оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және осы Кодексте көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Салық төлеушінің құқықтары
- Салық төлеуші:
1) қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алуға;
2) салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін жеке өзі не өз өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен білдіруге;
3) салық бақылауы нәтижелерін алуға;
4) салық бақылауы нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсіндірме табысетуге;
5) жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуыбойынша бюджетпен есеп айырысудың жай –күйі туралы көшірме алуға;
6) осы Кодекс пен ҚР-ң басқа да заң актілерінде белгіленген актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әректесіздігіне) шағым жасауға;
7) салық құпиясын сақталуын талап етуге;
8) салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттар табысетпеуге құқылы;
Салық қызметі органдарының міндеттері мен құрылымы
- Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.
- Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады.
- Салық органдарына аймақ аралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтарда аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін.
- Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
- Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады.
- Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды.
Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қолданылады.
Салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Жанама салықтарға ҚҚС мен акциз жатады.
Салық және басқа да міндетті төлемдердің сомалары ҚР Бюджет кодексіне және тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
09.07.2007ж. Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетімен таныстым. Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің бөлімшелерімен таныстым:
- Заңды тұлғалардың есеп бөлімі;
- Жеке тұлғалардың есеп бөлімі;
- Жанама салықтар бөлімі;
- Ұйымдастыру – құқық бөлімі;
- Өндіріп алу бөлімі;
- Өндірістік емес төлемдер бөлімі;
- Жеке тұлғалардың салық есебін қабылдау және өңдеу бөлімі;
- Заңды тұлғалардың салық есебін қабылдау және өңдеу бөлімі;
- Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі;
- Есеп бөлімі;
- Апараттық информациялық технологиялар бөлімі;
- Ұйымдастыру – кадр жұмыстарының және құжат айналымы бөлімі;
- Талдау және мониторинг секторы;
Қазақстан Республикасының салық кодексін оқыдым.
10.07.2007ж. Заңды тұлғалардың есеп бөлімі.
Заңды тұлғалардың кәсіпорындарын ликвидациялаумен комплексті тексерумен айналысады. Салық төлеушілерге салық төлеу үшін барлық құжаттарды ұсынады ( бухгалтерлік құжат), тексеру аяқталғаннан кейін салық төлеушіге тексеру туралы акт беріледі. Мен бухгалтерлік, кассалық құжаттармен, материалды есептермен, еңбекақы туралы кітаппен таныстым.
11.07.2007ж. Жеке тұлғалардың есеп бөлімі.
Жеке тұлғалардың аудиті жеке кәсіпкерлерді және жеке тұлғаларды тексеруді жүзеге асырады, кіріс және шығыс туралы кітапты жасайды, жеке тұлғалардың мүлкінен түскен кірістерді есептейді және жеке тұлғалардың жеке табыс салығын төлеуін тексереді.
Жеке тұлғаның салық салу нысаны бойынша салық бөлу салық төлеушінің мекен-жайына байланыссыз салық салыу нысанының орналасқан жеріндегі салық органымен жүзеге асырылады. Мұндағы салық ставкасына сәйкес салық кезеңінің 1 тамызына дейін төленеді. Егер салық кезеңі 12 айдан аз уақытты қамтыса, төленуге тиіс мүлік салығы салық сомасын 12 айға бөліп, салық кезеңіндегі жекелік иелігі құқындағы айларға көбейту арқылы есептеледі. Салық салу нысанының бұзылуы, құртылуында салық сомасы өкілетті органға берілетін нысанның бұзылуы туралы құжаттармен анықталады. Бюджетке салық төлеу салық салу нысанының орналасқан жері бойынша салық кезеңінің 1 қазанына дейін жүзеге асады.Салық сомасы тұлғаның салықсалу нысанына иелік етуші ретінде мемлекеттік тіркелгеннен бастап бюджетке төленеді. Алғашқы төлеушіге салық сомасы сол жылдың жеке иелік құқы берілгеннен бастап 1 қаңтардан бастап ұысынылады.Салықтың жылдық сомасы салық салу нысанына иелік құқына мемлекеттік тіркелуі кезінде екі жақтың бірі (келісім бойынша) арқылы бюджетке салынады.
Егер жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркелу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен салық салу нысанының бағасы анықталмаған болса, салық сол салық кезеңіндегі салық сомасымен төленеді.
Мүлікке салық бөлу мен төлеудегі салық кезеңі
Жеке тұлғаның салық салу нысанын бұзу, құрыту кезінде салық кезеңінің қайтарымына салық салу нысанының бұзылған кезіндегі ай қоса есептеледі.Жеке тұлғалар мүлкіне салық төлеушелір болып жеке иелігінде салықсалу нысандары бар жеке тұлғалар табылады.
Жеке тұлғалар мүлкінің салық төлеушілері мыналар бола алмайды:
- Жедел қызмет кезеңіндегі әскери қызметкерлер(оқулар);
- Жеке иелік ету құқығы бар Кеңес одағының батырлары және Әлеуметтік Еңбек ері, «Халық қаһарманы» атағы бар тұлғалар, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен марапатталғандар, «Батыр-ана» «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» атына ие болған көп балалы аналар, сәйкес қаржы жылындағы 1 мың айлық есептік көрсеткіш есебіндегі зейнеткерлер;
- Жеке иелік ету құқы бар Ұлы отан соғысы қатсушалыр мен оларға теңестірілген тұлғалар 1500 айлық есептік көрсеткіште жәрдемақы алатын І, ІІ топ мүгедектері.
12.07.2007ж. Жанама салықтар бөлімі.
Жанама салықтарға қосымша құн салықтары жатады. Осы бөлімде ҚҚС-ын төлеу және аудару дұрыстығын тексереді. Бюджеттен қосымша құн салығын өтеу.
Мен, ҚҚС бойынша деклорациясымен, тауарлы – транспортты құжаттармен, салық төлеушілердің жүк құжатымен және шот фактуралармен таныстым. Акциз салығын жүргізетін қызметкердің жұмысымен таныстым. Акциз салығының ставкасы бойынша есептеумен деклорациясын толтыруды үйрендім.
Қосылған құн салығы ұғымы
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Салық салу объектiлерi
Мыналар:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.
Төлеушiлер
- Мыналар:
1) осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:
жеке кәсiпкерлер;
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
2) заңды тұлғаның осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
Ескерту. 207-бапқа өзгерту енгiзiлдi — Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерi
- Егер осы Кодекстiң 389-бабында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн мерзiмi белгiленген күнге дейiн немесе сол күнi бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 250-бабында аталған жағдайларда салық төлеушi төлеуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, кеден төлемдерiн төлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi. <*>
3. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмi осы Кодекстiң 249-бабында белгiленген тәртiппен өзгертiлуi мүмкiн.
Ескерту. 248-бапқа өзгерту енгiзiлдi — Қазақстан Республикасының
Шот-фактура
- Шот-фактура осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат болып табылады.
2. Қосылған құн салығы салынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзудi жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы тұлғаға, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы көрсетiлген шот-фактураны беруге мiндеттi.
3. Осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:
1) шот-фактураның реттiк нөмiрi мен толтырылған күнi;
2) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi, сондай-ақ өнiм берушiнiң қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi;
3) өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) атауы;
4) салық салынатын айналымның мөлшерi;
5) қосылған құн салығының ставкасы;
6) қосылған құн салығының сомасы;
7) қосылған құн салығы ескерiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны көрсетiлуге тиiс.
Қосылған құн салығының ставкалары
- Қосылған құн салығының ставкасы 15 процентке тең болады және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.
2. Осы Кодекстiң 222-224-1, 224-2-баптарында аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Кодекстiң 220-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 15 процентiне тең болады.
Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
Салық кезеңi
- Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
2. Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.
3. Егер күнтiзбелiк ай iшiнде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, қосылған құн салығын төлеушi дербес айқындаған күнтiзбелiк ай не тоқсан салық кезеңi болып табылады.
4. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.
Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 246-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Салық декларациясы
- Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi әрбiр салық кезеңi үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
2. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер әр тоқсан үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
3. Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда — есептi тоқсан iшiнде) сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Ескерту. 247-бапқа өзгерту енгiзiлдi — Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен
13.07.2007ж. Ұйымдастыру – құқық бөлімі.
Ұйымдастыру – құқық бөлімі сотқа қатысады және салық комитетін сотта қорғайды. СМЭС (аудан бойынша мамандандырылған экономикалық сот) – салық сомасын есептеуі бойынша акт құжаттарын қарайды, СМӘС ( аудан бойынша мамандандырылған әкімшілік сот) – келіп түскен қаулыларды қарайды.
Сонымен қатар әкімшілік өндіріс бойынша қаулыларды, ЦПСИ ( прокуратураның құқықтық статистика орталығы ) карточкаларын, Алматы қаласы салық комитетінің кеңесінің хаттамасын жасайды. Қуыну арызын қайтарып алу, Салық комитетінің пайдасына шешілмеген соттың шешіміне шағымдану, салық төлеушілерден түскен шағым құжаттарын салық мамандарымен дайындайды. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің және әкімшілік заң бұзушылық туралы кеңес береді.
Мен Салық комитетіне түскен қуыну арыздарымен, салық төлеушілерден түскен қайтарымдарды жаздым, Алматы қаласы бойынша ЦПСИ карточкаларын журналға жаздым, мәліметтер базасына енгіздім.
14.07.2007ж.- 15.07.2007ж. аралығы демалыс күндері.
16.07.2007ж. Өндіріп алу бөлімі.
Өндіріп алу бөлімі салық сомасын және т.б. міндетті төлемдер мен алымдардың уақытында бюджетке түсуін қадағалайды.Уақытында төлемеген салықтарды әкімшілік заң бұзушылық қаулыларды шығарады.
Мен, инкассалық өкімдермен таныстым, салық төлеушілердің уақытында төленбеген салықтарының мүліктерінің тізбесін жасадым.
17.07.2007ж. Өндірістік емес төлемдер бөлімі.
Өндірістік емес төлемдер бөлімі мүлікке, жерге, транспорттарға және тағы басқаларға салықты жинаумен және бақылаумен айналысады.
Мен, салық төлеушілердің әкімшілік салықты төлеу кітабымен таныстым, транспорттық құралдарға салық салу анықтамасын құрдым.Жер салығын төлеушінің деклорациясын тексеруге көмектестім. Мүлік салығы есебін жүргізетін салық қызметкерінің жұмыс істеу барысымен таныстым.
18.07.2007ж. Жеке кәсіпкерлердің салық есебін қабылдау және өңдеу бөлімі.
Бұл бөлімде жеке кәсіпкерлердің салық есебін қабылдаумен айналысады.
Мен, қабылданған есептердің потенттерін құрдым.
19.07.2007ж. Заңды тұлғалардың салық есебін қабылдау және өңдеу бөлімі.
Бұл бөлімде салық есебін қабылдау және өңдеумен айналысады.
Мен, салық төлеушілер ұсынған салық есебімен таныстым және уақытында ұсынбаған салық есебіне қаулы мен хаттама құрадым.
20.07.2007ж. Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі.
Бұл бөлімшеде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды тіркеумен айналысады. ҚҚС бойынша куәліктер және салық төлеушілердің тіркеу нөмерін (РНН) береді.
Мен, СТН-ды құруды үйрендім, СТН-ды беру журналына тіркедім.
21.07.2007ж. демалыс күні.