АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчёт по практике Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетте өтт

Кіріспе

Маман-экономисттер дайындауда қазіргі заманда практикалық деңгейде өту кезінде ең бірінші кезекте ақпарат және персоналмен тығыз жұмыс жасау болып табылады. Соған сәйкес студент маман оқытуда практикалық тәжірибе-маман үшін қажетті біліктілікті ұштасуда таптырмас құрал ретінде қарастыруға болады.

Оқу – тәжірибесі Алматы қаласындағы Жандосов-55 көшесінде орналасқан Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетте өтті. “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығының 3-курс студенттеріне арналған оқу-тәжірибесі 1 апта (5-7 маусым) аралығын қамтиды.

Оқу – тәжірибенің мақсаты – оқу барысында алынған теориялық білімді нығайту және мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың басқару органдары деңгейінде талдау жұмысының машықтарын игеру және өндірістік процестің барлық жүйесінің көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқу – тәжірибесінің міндеттері болып келесілер жатады:

  • Ұйым қызметін сипаттайтын ұйымның негізгі функцияларымен танысу;
  • Кафедраың оқу-әдістемелік ғылыми зерттеу жұмыстарын зерделеу;
  • Зерттеу жұмысына деген дағды мен қабілеттілікті дамыту;
  • Ұйым немесе мекеме қызметінің құрылымымен, нысандары, әдістерімен танысу;

Оқу-тәжірибесі туралы есеп төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  • Бірінші бөлімде, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің қызмет көрсету бағыттары;
  • Екінші бөлімде ұйымның мақсаты мен міндеті;
  • Үшінші бөлімде басқару құрылымы мен оны жетілдіру бағыттары;
  • Төртінші бөлімде “Экономиканы мемлекеттік реттеу ” кафедрасы қызметкерлерінің функциялары мен қызмет орнына сәйкес міндеттемелері;
  • Бесінші бөлімде ұйымның сыртқы ұйымдармен қарым қатынас жасаудың тәртібі;
  • Алтыншы бөлімде, қазіргі кезде қолданып жүрген шешімдердің орындалуын қадағалайтын бақылау жүйесі;
  • Жетінші бөлімде,

Дамыған инфроқұрылым мен кадрлар әлеуеті бар Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде білім алушыларды жан-жақты дамытуды басшылыққа алып, халықаралық білім беру кеңістігінде қызметі сапасының деңгейі бойынша көшбасшы болуға ұмтылуда және оған мүмкіншілігі жеткілікті.

Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Қазақстан Республикасындағы экномикалық университеттердің ең негізгі және көшбасшы университеттердің бірі болып саналады. Университетте экономика және басқару саласында сапалы, білімді, білікті кадрларды дайындайды. Оқу бірнеше деңгейден тұрады, колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің қызмет көрсету бағыттары

Қазіргі Қазақ Экономикалық Университеті 1963 жылдың мамыр айында Алматы қаласында халық шаруашылық университеті деген атпен құрылған. Осы жылдары бәріне әйгілі Нархоздың негізі қаланған болатын.

Алғашқы жылдары АХШУ жоспарлы экономика, есептік-экономика және қаржы-несиелік факультеттері күндізгі және сырттай нысанда жұмыс істеді. 1964 жылы 10 мамандық бойынша асперантура бөлімі ашылды. 1973 жылы  ЖОО орнында 330 оқытушы, 7 ғылым докоры жұмыс істеді, сонымен қатар 125 адам кондидаттық қорғады. Осы жылдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында АХШУ-ң филиалдары құрылды.

1981-1982 жылдары институт 10 мамандық  бойынша 10205 студент, 12-111 аспирант білім алды. 540 оқытушы, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторлары, 218 доцент пен ғылым кондидаттары, сонымен қатар ҚазССР-ң 2 еңбек сіңірген экономисттері еңбек етті.

1991 жылы Алматы Халық Харуашылық институты Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университеті болып қайта құрылды. Университеттің жаңа статусы аспирантура, магистратура және доторантура секілді білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік берді.

1993 жылы 25 ақпан айында “Қазақ Экономикалық Университетін Қазақ Мемлекеттік Басқару Акадеиясына өзгерту туралы” елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің жарлығы шықты.

1994 жылдан бастап “Экономика” баспасы ашылып, біздің университеттегі және басқа да көптеген мұғалімдерге өз ғылыми жұмыстарының жарық көруіне мүмкіншілік туғызды. 1996 жылы ғылыми “КазМБА Хабаршысы” деген журналдың ең алғашқы номері жарыққа шықты. Және КазМБА-ның ең алғашқы магистранттары оқуларын тәмамдады. 2000 жылдың 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 775 Қаулысымен Университетке қазақ халқының көрнекті мемлекеттік, саяси, қоғам қайраткері, ең алғашқы Ғалым экономисті Тұрар Рысқұловтың есімі берілді.

2001 жылғы сәуірдегі Үкіметтің қаулысымен Тұрар Рысқұло атындағы Қазақ Экономикалық университеті жабық акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылды, яғни негізгі акция пакеті мемлекетке тиесілі болды. 2002 жылдың 2- қазанында әйгілі Тұрар Рысқұловтң құрметіні университеттің алдына оның мүсінін жасапқойды және ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаев университетке келіп, мемлекет басшысы университеттегі Қазақ-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығының ашылуына қатысты, оқытушылармен, студенттермен кездесті. 2003 жылы ҚР-ның Ұлттық Банкімен бірігіп, МВА программасы бойынша магистратура ашылды. Мемлекетіміздегі білім және ғылым министрлігінің шешімімен кредиттік технология енгізілді. 2003 жылы әскери кафедра ашылды.

2005 жылы университетке сапа менеджмент жүйесі енгізілген, ол МС ИСО 9001:2000 сай және “Русский регистр” Ассоциациясымен сертификатталып,сонымен қатар халықаралық  IQNet  жүйе сертификатына сай болды. 2005-жылы ҚазЭУ-де Ресей мемлекетіндегі МГУ университетінің мұғалімдері сабақ беретін халықаралық жобалардың ең негізгісі РУДН ашылып,  біздің студенттерге оқу бітірген кезде екі диплом алуға мүмкіншілігі туды. 2006 жылы басқару, экономика және қаржы факультеттеріне тек қазақ, орыс тілдерінде ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде де оқу бөлімдері ашылды. ҚазЭУ-де 2006 жылдан бастап, жыл сайынғы «Рысқұлов оқулары» атты халықаралық ғылыми форум өтеді. 2011 жылдан бастап халықаралық ғылыми жастар форумына көптеген шет елдің ғылыми зерттеу орталықтарынан ғалымдар мен мамандар қатысады

Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ:

  • Жоғары кәсіби деңгейде дайындалған кадрлар;
  • Арнайы жабдықталған аудиториялар;
  • Компьютерлік кластар;
  • Ресей мемлекеттік кітапханасының ауани оқу залы;
  • Мультимедиялық дәрісхана;
  • Қазіргі заманғы электрондық есептеу және аудиовизуалдық техникалар кешенін қамтиды.

АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Автрия, Венгрия, Чехия, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан университеттері мен ғылыми білім беру орталықтары ҚазЭУ-дің стратегиялық серіктестіктері болып табылады.

Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Қазақстан Республикасындағы экономикалық университеттердің ең негізгі және көшбасшы университеттердің бірі болып саналады. Бұл университетте экономика және басқару саласында сапалы, білімді, білікті кадрларды даярлайды. Оқыту бірнеше деңгейден тұруы мүмкін: колледж-бакалавриат, магистратура-доктарантура.

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеттің мақсаты – экономика және бизнес саласында үздіксіз білім беру жолымен осы салаларды бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етіп, олардың талаптарын қанағаттандыру.

Осы бөлімде Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін тек студенттер мен мұғалімдер емес, сонымен қатар сапалы кадрларды даярлауға қажетті оның иелігіндегі мүлікі мен құрылысы қарастырылған.

«Тұрар Рысқұлов атындағы  КазЭУ» АҚ құрылымына кіреді:

  • Басты ЖОО – Тұрар Рысқұлов атындағы КазЭУ;
  • Еншілес ЖОО – КазУЭФМТ (Астана қ);
  • Халықаралық бизнес-мектеп IBS;
  • ЖОО-ға дейін дайындау орталығы;
  • Экономикалық колледж (Алматы қ);
  • Экономикалық колледждің филиалы (Талғар қ);
  • Білімді дамыту орталығы «Талапты»;
  • Мәдениет және тәрбие орталығы;

                 -“Экономика” баспасы

   -“Еңбек ” шаруашылығы Алматы обл.

   -Стадион және спорт кешені

   -Тамақтану орталығы “СаМАКС”

   -Балхаш және Қапшағай демалу орындарының бір бөліктері

   -Жатаханалар кешені

Қазіргі кезде кез келген дамыған мемлекет ең алдымен экономикасының дамуы мен технологиялардың жаңаруынан шет қалмауға тырысады. Сондықтан бұл университет тек экономика саласындағы кадрларды ғана емес сонымен қатар, экономика мен технологияны байланыстыру арқылы жан-жақты білікті кадрларды даярлайды.

Жоғарыда көрсеткендей ҚазЭУ-де 5 фаультет бар. Олар:

  • Экономика және басқару факультеті (Мемлекеттік және жергілікті басқару, Менеджмент, Маркетинг, Экономика, Әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, Еңбекті ұйымдастыру және нормалау);
  • Қаржы факультеті (Қаржы);
  • Инженерлік-экономикалық факультет (Экология, ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы мен программалық қамтамасыз ету, Стандарттау, сертификаттау және металлургия);
  • Есеп және статистика факультеті (Есеп және аудит, Бағалау, Статистика мамандықтары);
  • Әлеуметтік қызмет және бизнес факультеті (Кеден ісі, Туризм, Әлеуметтік мәдени сервис, Әлеуметтік жұмыс);

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ұйымның мақсаты мен міндеті

     Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің міндеті:                                                                   ҚР экономикалық дамуына ықпал ету мақсатында озат отандық және шетел ғалымдары мен практиктерін тарту арқылы көпдеңгейлі экономикалық және қосымша бизнес-білім беру арқылы экономика және басқару саласында қазақ элитасын қалыптастыру.                                                               Негізгі міндеттері:                                                                                                                                                                 -Сапа                                                                                                                                                                                                 -Инновациялылық                                                                                                                                                                         -Тиімділік                                                                                                                                                                                        -Бәсекеге қабілеттілік                                                                                                                                                                 -Кәсіптілік                                                                                                                                                                         Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті – көпдеңгейлі жүйе бойынша мемлекеттік білім беру гранттары мен шарт негізінде академиялық, зерттеу және бизнес-бағдарламаларды жүзеге асырушы мемлекетіміздің жетекші экономикалық оқу орны: жоғарғы оқу орнына дейінгі білім – колледж – бакалавриат – магистратура – PhD бағдарламасы бойынша докторантура – қайта даярлау және біліктілікті арттырудың MBA, EMBA, DBA бағдарламалары.                                                                                               Профессорлық-оқытушылық құрамы: 

— 600-ден астам оқытушы,

 — 60-там астам ғылым докторлары,профессорлар,   

 — 80-нен астам ғылым кандидаттар, доценттер, 

— “Жоғарғы оқу орнының озат оқытушысы” республикалық конкурсы грантының  14иегері.                                                                                                                                            Т.Рысқұлов атындағы КазЭУ-де білім беру сапасының стратегиялық мақсаттары:

 — ПОӘК-ін жаңа талаптарға сай дайындау және жарыққа шығару ;

— мамандықтардың жеке оқу пәндерін жүзеге асыру және кафедра оқу пәндерін оқытуды сапасын арттыру;     

— ҚазЭУ – ELEX бақылау жүйесін жүзеге асыру, сондай-ақ кафедраның оқу пәндері бойынша білімдерін танымдық бақылауын күшейту;  

     — оқу жүктемелерін орындаудағы оқытушылар жауапкершілігін арттыру ;       

     — оқу үрдісіне компьютерлік бақылау жұмыстарын еңгізу және жасау;           

— талапкерлермен және мектептерме кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дамыту;                    

— мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік құралдарды жасау және басып шығару;    

— кафедра пәндері бойынша тесттік материалдарды дайындау және түзету;          

     — кафедраның оқу пәндерін оқытудың әдістемесін жүзеге асыру;        

— кафедраның оқу пәндері бойынша “электронды кітапхананы жасау” және өзге ЖОО-да курстарды оқытудың тәжірибесін тарату.

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Басқару құрылымы және оны жетілдіру бағыттары

          Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректораты университеттің мәжіліс органы болып табылады. Өз жұмысында ректорат ҚР заңнамасын, ректор 25.11.2009ж. бекіткен  Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті” АҚ ректораты ережесін» және Оқу орны жарғысын басшылыққа алады. 2009-2010 оқу жылы үш жылдық мерзімге ректораттың жаңа құрамы таңдалды, оның құрамында 37 адам бар және ол  “Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ” АҚбасқарма мәжілісінде бекітілді. Ректорат төрағасы  Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректоры, э.ғ.д., профессор Святов С.А., ректорат төрағасының орынбасары – бірінші проректор-оқу ісі жөніндегі проректор С.С. Арыстанбаева, ректораттың хатшысы – э.ғ.к., доцент С.С Бақтымбет, барлық проректорлар, факультет декандары, университетің құрылымдық бөлімінің басшылары және студенттік ұйымның өкілдері ректорат мүшелері болып табылады. Ректорат жыл сайынғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ай сайын мәжіліс өткізеді (әр айдың алғашқы сенбісі). Ректоратта 4 тұрақты коммисия жұмыс істейді, олар    Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Ғылыми Кеңесінің жанында қызмет етеді. Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректоры Святов Серік Аманжолұлы – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Бірінші проректор – оқу ісі жөніндегі проректор Арыстанбаева Сәуле Сабырқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор,Таменова Салтанат Сарсенбаевна – экономика ғылымдарының кандинаты, профессор. Швыдко Алексей Александрович – философия ғылымдарының кандидаты, доцент. Қаржылық және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры – Әменова Камиля Амантурлиевна Phd докторы. Тәрбие ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор Жүнісов Әділ Мәуленұлы – саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы қызметкерлерінің функциялары мен қызмет орнына сәйкес міндеттемелері

 

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы «Экономика және Басқару» факультетінің негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады, және оқулық, әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметін, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және біліктілікті көтерумен айналысады. Кафедра «Экономика және Басқару» факультетінің деканына бағынады.

Кафедраның негізгі пәндері: Экономиканы мемлекеттік реттеу, әлеуметтік саланы реттеу, сыртқы экономикалық қатынастарды мемлекеттік басқару, мемлекет және бизнес, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік басқару теориясы.

Кафедраның құрамында профессорлар доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар қызмет атқарады, сонымен қатар доктаранттар мен аспиранттар, ізденушілер бар.

Кафедра өз қызметін оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу,тәрбие және басқа жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарға сай жүргізіп отырады

Кафедра қызметінің мәселелерін талқылау үшін және соған сәйкес шешім қабылдау үшін барлық профессорлық-оқытушылық құрам қатысатын кафедра мәжілісі өткізіледі.

Кафедра оқу әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарының мазмұны ұйымдастыру қызметі көрсетілген құжаттама жүргізеді. Іс құжаттары мен номенклатурасы университет ректорымен бекітілген іс жүргізу шарына сәйкес жүргізіледі.

Кафедра оқытудың барлық түрлері бойынша оқытушылық сапасын әрдайым тұрақты түрде жетілдіре отырып, келесідей негізгі функцияларды орындайды:

-мемлекеттік стандарт негізінде ғылымның, техниканың, экономиканың, мәдениеттің соңғы жетістіктері мен даму ерекшеліктерінің соңғы жетістіктерін көрсететін, сонымен қатар мамандарды дайындау ерекшеліктері мен аймақтық жағдайды ескереін типтік оқу жұмыс жоспары мен оқу бағдарламаларын, силлабустарды әзірлейді; мамандарды теориялық және кәсіби дайындауда фундаменталды ғылым мәнін жоғарылатуда пәнаралық логикалық байланысты, оқытудың гуманитерлығын қамтамасыз етеді;

-студенттердің шығармашылық қабілеті мен білімін нығайтудың тиімді формасы ретінде өзіндік, зертханалық, СОӨЖ, семинар, тәжірбиелік сабақтарды белсендендіру мен оқытудың басты формасы ретінде дәрістің теориялық деңгейін жоғарылатуды үздіксіз қамтамасыз ету;

-кейс-әдіс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, «іскерлік ойындарды»қолдану арқылы оқытудың қазіргі әдістерін енгізеді;

-өндірістік және зерттеу қызметінің нақты шарттарына сай дипломдық және курстық жұмыстармен жетекшілік жүргізеді, курстық емтихандар өткізіп, олардың нәтижелерін кафедра мәжілісінде қарастырады, бақылаудың аралық және студенттердің білімін тесттік бағалау жүйесін енгізеді;

-кафедрада оқытылатын пәндерді кешенді әдістемелік қамтуды жүзеге асырады; оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізу бойынша оқулықтар, оқу құралдарын дайындау, сонымен қатар оқытудың белсенді әдістері мен формаларын, қазіргі оқу техникалары мен  зертханалық құралдарды қолдану.

Басқару органдары мен экономика салаларынмен байланысты нығайту мен кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда:

  • Студенттерде кәсіби машықтармен, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың айқын әдістерін үйрену, ұйымдастырушылық қызмет тәжірибесімен алмасу мақсатында кәсіпорындармен, мекемелермен, мемлекеттік басқару органдарымен біріккен қызмет түрлерін дамытып отырады;
  • Студенттер алдында жетекші ғалымдармен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының сөз сөйлеулерін ұйымдастырады, сонымен қатар кафедраның ПОҚ тұрақты түрде шағын отырады.
  • Басқарудың мемлекеттік және жергілікті оргадарымен бірге болашақ мамандардың жұмысқа орналасуы жөніндегі мәселелерді шешіп отырады;
  • Мамандардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларға қатысып отырады, белгіленген тәртіп бойынша кафедра профиліне сәйкес кадрларды дайындау мен біліктілігін жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастырады.

Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысады:

  • Кафедра профиліне сай әлеуметтік-экономикалық мәселелер, маңызды теориялық зерттеулер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, сонымен қатар мамандарды дайындау сапалығын арттыру мақсатында жоғарғы мектеп педагогика мәселесі;
  • Басылымға шығару немесе оны тәжірибеге енгізуді ұсыну мақсатында аяқталған ғылыми зерттеу жұмыс нәтижелерін талқылау;
  • Докторанттар, аспиранттар мен ізденушілердің диссертациялық зерттеулерін орындауды ұйымдастыру;
  • Ғылыми зерттеу мекемелерімен ұйымдарымен басқа да ЖОО шығармашылық әріптестік бойынша келісім шарт жағдайында қарастырылған ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу;
  • Студенттер мен абитуренттер контингентін қалыптастыру үшін жұмыс істейтін жастар мен оқитындар арасында профориентациялық жұмыс жүргізу және ұйымдастыруға қатысу.

Бекітілген тәртіп бойынша шетел оқу орындарының кафедраларымен оқу және әдістемелік қызмет, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әріптестік қызметті жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ұйымның сыртқы ұйымдармен қарым-қатынас жасаудың тәртібі

          Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ халықаралық серіктестік шеңберінде стратегиялық дамуының мақсаты – халықаралық білім беру және зерттеу нарығына шығу, ұлттық білім беру жүйесін ескере отырып әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау және ұлттық білім беру деңгейінің халықаралық стандарттарға сай келуі болып табылады.

          ҚазЭУ білім беру және ғылыми қызметінің білім беру үрдісін ұйымдастырудың халықаралық талаптарына сай дамуына барынша ықпал ету және ғылымды дамыту, шетелдік жоғары оқу орындарымен, халықаралық білім беру және бизнес-ұйымдармен, фирмалармен және корпорациялармен халықаралық байланыстар мен іскер серіктестікті дамыту және нығайту Халықаралық серіктестік бөлімі қызметінің мақсаты болып табылады.

          Халықаралық серіктестік бөлімі қызметінің негізіне ҚР “Білім туралы” заңымен қатар ҚР Білім және Ғылым министрінің 27.12.2007ж.№661 бұйрығымен бекітілген “Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық серіктестікті ұйымдастыру ережесі” де алынған.

          Осы құжаттарға сәйкес ХСБ қызметінің бағыттары мыналар болып табылады:

  • мәтін даярлау, келісу және бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік серіктестермен келісімге отыру бойынша ұсыныстар жасау;
  • шетелдік оқу орындарымен серіктестік туралы жасасқан шарттардың шеңберіндегі қызметі және серіктестікке жаңа әріптерді тарту;
  • жасасқан келісімдерді жүзеге асыруға қатысты шараларды ұйымдық қамтамасыз ету;
  • университеттің халықаралық серіктестігін дамыту бойынша стратегиялық және болашақ жоспарларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  • ҚазЭУ халықаралық жоба конкурстарына қатысуға қажетті құжаттарды дайындау;
  • ПОҚ жәнестуденттерді кәсіби дамыту бойынша талдамалық қолдау көрсетужәне ақпаратпен қамтамасыз ету (шәкіртақы бағдарламалары, халықаралық конференциялар және т.б.);
  • рәсімдерге ықпал ету және оқитындардың, педагогикалық және ғылыми қызметкерлерді шетелге оқуға, жұмысқа жіберу немесе ғылыми зерттеу жүргізу мақсатында оларға уақытында шетелге шығу құжаттарын беру арқылы қажетті құжаттарын жинау және рәсімдеу үрдісіне ықпал ету және бақылау, сонымен қатар оқуға, жұмысқа немесе ғылыми зерттеу жүргізуге келген шетелдік азаматтарды қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
  • құрылымдық бөлімдер дайындаған шетелге шығу жоспарларын бекіту, шетелге оқу, жұмыс немесе ғылыми зерттеу жүргізуге іссапарға баруға үміткерлерді дайындауды ұйымдастыру;
  • оқу үрдісіне, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнына шетелдік іссапарлардың нәтижелерін енгізу арқылы шетелдік іссапарларының нәтижесі туралы толық есеп беру;
  • жоспарланған шараларды жүзеге асыру мақсатында оқитындарды, педагогигалық және ғылыми қызметкерлерді шетелге іссапарға жіберілетіндердің резервін құру;
  • оқуға, жұмысқа немесе ғылыми зерттеу жүргізуге жаңадан келген шетелдік азаматтарды қабылдау және тіркеу; оларға ҚР білім беру саласындағы әрекет етушә заңнамасын, ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру; шетелдік азаматтарды емдеуді, профилактикалық медициналық тексеруге ықпал ету;
  • қорытындыларды жинақтау және талдау, оқу жылындағы халықаралық серіктестік бойынша мәліметтер дайындау және ҚР БҒМ уақытында тапсыру;
  • шетелдік азаматтарды дайындау бөлімін жалпы бақылауды жүзеге асыру, сонымен қатар оларды оқыту, жұмыс беру және ғылыми зерттеу жүргізуін бақылау.

ХСБ сонымен қатар ғылыми-педагогикалық магистратураның халықаралық модулін ұйымдастыруға және үйлестіруге, РһD докторантурасы бағдарламасының халықаралық модулін ұйымдастыруға ықпал ету арқылы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын үйлестірумен айналысады.  Университеттің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі стратегиясына, бағдарламаны жүзеге асыруға сәйкес, оқу үрдісіноңтайландыру мақсатында, “Т.Рысқұлов  атындағы ҚазЭУ” АҚ директорлар кеңесі шешімінің (30.05.2011ж.) және 30.06.2011ж. №30.06.2011ж. №11-06/227 бұйрығының негізінде  ағылшын тілді оқу бөлімінің және халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының негізінде “Халықаралық білім беру бағдарламалары” факультеті құрылды.

          Мемлекеттік үлгідегі диплом. Халықаралық серіктестіктер: Пьер Мендес Франс Университеті (Франция), Халықаралық бизнес мектебі (Будапешт қаласы, Венгрия), Каннам Университеті (Оңтүстік Корея), Отто Фридрих Бамберг Университеті (Германия), Цукуба Университеті (Жапония), Рицумейкан Азиаттық-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Ататүрк Университеті (Түркия), Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері менеджментін дамыту ассоциациясы (CEEMAN) (Словения), Кеймунг Университеті (Корея) және т.б. ерекшеліктері: Оқуда қашықтан оқыту технологияларды қолданылады; Тілдік ортаға ену; Бағдарламалық-модульдік бағыт. Білім беру үрдісіне ҚазЭУ серіктестері болып табылатын оқу орындары мен білім беру орталықтарының шетелдік оқытушылары тартылуда.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген шешімдерің орындалуын қадағалайтын  бақылау жүйесі

Кафедра қызметінің сұрақтарын талқылау үшін барлық профессорлық – оқытушылық құрамының қатысуымен болатын, сәйкесінше шешімді қабылдайтын кафедра отырысы жүргізіледі (екі аптада бір рет).

  • Қызмет түрлерінің сапасына кепіл болатын кафедрада менеджмент сапа жүйесі құрылды;
  • Кафедраның ПОҚ-ң кәсіби біліктілігінжүйелі көтеру;
  • Жоғары білімді жұмыскерлердің біліктілігін көтеру, дайындау және қайта дайындау
  • Абитуриенттерді жинау және тарту жұмыстарына ат салысу;
  • Болашақ бітірушілерге жұмыс беретін ұйымдармен ынтымақтастық;
  • Студенттерді өз отанының азаматы болуға тәрбиелеу, қазіргі заманғы өркениет пен демократиялық жағдайда өмір сүру мен еңбек етуін, өз азаматтық позициясын ұстануын қалыптастыру.

Кафедра оқу – әдістемелік, ғылыми – зерттеу және тәрбие жұмысының мазмұмын бейнелейтін және оларды үйымдастыратын құжаттарды іске асырады. Іс құжаттары мен номенклатура университет ректорымен бекітілген және қалыптасқан тізбекке сай, іс – құжаттарды инструкциясына сәкес  жүргізіледі.

Кафедра әрқашан оқыту сапасын жетілдіріп, балық оқы формасы бойынша оқу сабағының барлық түрін өткізеді және келесідей егізгі функцияларды атқарады:

  • Мемлекеттік стандарт негізінде типтік оқу жоспарын және  оқу жоспарынынң жұмыс бағдарлмамасын, бағдарламаларды, ғылымның техниканың, экономика, мәдениет пен олардың болашақ дамуын бейнелейтін  ПОӘК, сонымен қатар аймақтық жағдайды және мамандарды дайындаудағы ерекшелікті ескеретін; мамандарды кәсіби және теориялық дайындауда фундаменталды ғылымның жоғарылау қабілетімен, пәнаралық логикалық байланыс, оқытуды гуманитаризациясын қамтиды;
  • Оқыту формасының жүргізушісі ретінде, дәріс деңгейін теориялық үздіксіз жоғарылатумен қамтамасыз етеді және білімнің тиімді формасында және студентердің теориялық қабілеттерін дамытуда практикалық, семинарлық, СОӨЖ, лабораториялық және өзіндік сабақтарды белсендіру;
  • Кейс – әдіс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, «іскерлік ойындарды» қолдану арқылы оқытудың қазіргі әдістерін енгізеді;
  • Курстық және диломдық жұмыстарға нақты өндірістік және зерттеу қызметінде орындалатын жағдайдың жақындалуын меңгеріп, жетекшілік етеді; курстық емтихандар жүргізеді, олардың нәтижелерін талдайды және кафедра отырысында қарастырады, студенттердің рейтингтік бақылау жүйесін және тестілік білімін іске асырады;
  • Кафедраның оқу пәндерінің кешенді әдістемелік қамтылуы: оқулықтарды, оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізу бойынша оқу құралын дайындау сонымен қатар, оқытудың мақсатты бағыттығы әдістемелік формаларын, әдістерін заманауи техника мен лабораториялық құрал – жабдықтарды пайдалану;
  • Аспиранттарды, ізеднушілерді, докторларды және ғылыми – педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарылату жүзеге асырады, еі үздік оқытушылардың жұмыс тәжірибесімен жас оқытушыларды оқытады және бейімдейді. Сонымен қатар, кафедра экономика саласы және басқару органдарымен сәйкес байланысты кеңейту, тұрақтау мақсатында жұмыс атқарады.

Жекелеп қарастыратын болсақ:

  • Студенттерде кәсіби машықтармен, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың айқын әдістерін үйрету, ұйымдастырушылық қызмет тәжірибесімен алмасу мақсатында кәсіпорындармен, мекемелермен, мемлекеттік басқару органдарымен біріккен қызмет түрлерін дамытып отырады;
  • Студенттер алдында жетекші ғалымдармен кафедраның профессорлық — оқытушылық құрамының сөз сөйлеулерін ұйымдастырады;
  • Басқарудың мемлекеттік және жергілікті органдармен бірге болашақ мамандардың жұмысқа орналасуы жөніндегі мәселелерді шешіп отырады;
  • Мамандардың біліктілігін арттыру бойынша іс – шараларға қатысып отырады, белгіленген тәртіп бойынша кафедра профиліне сәйкес кадрларды дайындау мен біліктілігін жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар ұымдастырады.

 Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі

Экономиканы мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі мен оның мәні. Қоғамдық- экономикалық жүйенің типологиясы мен шаруашылық жүргізудің негізгі үлгілері. Нарықтық қатынастар ареалы мен оның шектері. Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің рөлі. Мемлекеттік экономикалық рөлі жөніндегі мәселелердің негізгі ғылыми бағыттары: неоклассикалық және кейнсиандық ағым, монетаризм, институтционализм және т.б. Мемлекеттің экономикалық функциясы және оның транзитті экономика жағдайындағы іс-әрекетінің ерекшелігі. Ұдайы өндіріс процесі мен экономиканың циклдігі, оның объективті және субъективті себептері.Экономика мен әлеуметтік сферадағы дағдарыстан шығудағы мемлекеттің іс-әрекеті.