АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Лизингтік операцияларды ұйымдастыру

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Лизингтік операцияларды ұйымдастыру

 

«Қаржы және несие» мамандығының 4 курс студенті

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ

  1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Лизингтің  мәні, түсінігі  және  мағынасы

1.2. Лизингтік  операциялардың  мәні  мен  жіктелуі

1.3. Лизинг –инвестиция  тартудың  басты  құралы

 

2.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1. Лизингтік компанияларда лизингтік мәміленің жасалу тәртібі

2.2. Ауыл шаруашылығындағы лизингтің орны

2.3. Лизингтік тәуекел және оны басқару әдістері

 

  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ

3.1. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру

3.2. Лизингтік  операциялардың  қазіргі  кездегі  жағдайы  мен  алдағы уақыттағы  перспективалары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің  арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды –инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып беруі бекер болмаса керек.

Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай-ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы да белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде еліміздің ұлттық банктік жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері жылдан-жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың  негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден  аз емес мөлшерде инвестициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен шамамен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, лизингтік қатынастарды негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизинг экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылық құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Инвестициялар жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі бүгінгі таңда тек 1,9% ғана құрап отырғандығын, ал шет елдерде бұл көрсеткіш 15-30% аралығында екендігін және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктеді және қазақстандық экономика үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет.

 Жұмыстың негізгі мақсаты лизингтік қатынастардағы өзгеру үдерістерін кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Біз лизинг операциясын елімізге нақты пайда түсіру үшін лизинг операциясын жасалудың тәртібін реттейтін арнайы нормативті актілер, заңдар қабылдауымыз керек. Соған орай, еліміздің экономикасын тұрақтандыру, дамыту үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамытудың қолайлы жолы деп атауға болады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:

  • лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, «лизинг» түсінігінің тұжырымын нақтылау;
  • лизингті ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін зерделеу;
  • инвестициялаудың бір нысаны ретіндегі лизингтің артықшылықтарын салыстырмалы түрде көрсету арқылы, лизингтік экономикалық тиімділігін бағалау;
  • лизингтік төлемдер сомасын есептеудің қолданыста жүрген әдістемелік негіздеріне талдау жүргізу және оны жетілдіру жолдарын ұсыну;
  • ҚР-дағы лизингті әр түрлі деңгейлерде басқару қажеттіліктерін негіздеу арқылы, оларды реттеуді ұдайы жетілдіріп отыру керек екендігін дәлелдеу;
  • лизингтік келісімдегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингті басқару мәселелерін зерттеу;
  • Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні ретінде ҚР-ның экономикасының әр түрлі салаларындағы лизингтік операциялардың дамуы, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары қарастырылады.

Зерттеу объектісіне лизингтік операцияларды іске асыру нәтижесінде ҚР-дағы әр түрлі ұйымдар арасында пайда болатын лизингтік қатынастар және оларды басқару үдерістері алынады.

Кез келген өндірістің материалдық-техникалық базасының дамуына кең көлемде капитал құра алатын ірі несиелендірудің бір түрі –лизинг. Лизинг ұғымы Қазақстан экономикасына жаңадан келген ұғым. Оны біз Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен байланыстырамыз. Ол несиенің бір түрі ретінде кәсіпорынға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығындармен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді.

Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелес қабілеттілігін арттырудың басты факторларының бірі бола алады.

Лизингтік операцияларды жүзеге асырудың әлемдік және қазақстандық тәжірибелерін оқып-үйрену негізінде лизингтік қатынастардың ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету болып табылады. Ұсынылған лизингтік бизнесті ынталандыру және жетілдіру бойынша шаралардың іске асырылуы Қазақстан Республикасының лизингтік саласына инвестициялар тартуға және соның әсерінен кәсіпорындардың өндірістік базасын неғұрлым тез жаңартуға, өндірілген өнімдердің сапасы мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлатуға әсер етуі мүмкін. Лизингтік экономикалық тиімділігін бағалау және лизингтік төлемдерді есептеу бойынша әдістемені толықтыру үшін ұсынылған ұсыныстарды лизингтік келісімге қатысушы субъектілер лизингтік жобаларға ақша қаражаттарын инвестициялаудың маңыздылығын анықтау және лизингтік қызметтер нарығындағы лизингтік операциялардың неғұрлым тиімді шарттарын таңдау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші тарауда, лизингтің шығу тарихы, мағынасы, артықшылықтары мен кемшіліктері, тиімділігі және түрлері қаралады. Және де лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан, оның инвестиция тартудың құралы құралы туралы ой қозғалады.

Екінші тарауда бірнеше лизингтік компанияларды салыстыру, олардың тәуекелге баруы мен басқару әдістері, лизинг мүлігін сақтандыру және салық салу режимдері, ауыл шаруашылығын қаржыландыруда лизинг тиімді ма, жоқ па?

Үшінші тарауда Қазақстандағы лизингтің мәселелері, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары, лизингтің дамуы үшін бағдарлама қабылданғаны қарастырылады.

Теориялық, әдістемелік және ақпараттық негізі ретінде отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың лизингтік қатынастарды басқару мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері мен монографиялық жұмыстары, ҚР-ның лизингті мемлекеттік реттеу туралы заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттары, ҚР-ның статистика жөніндегі Агенттігінің анықтамалық материалдары және т.б. пайдаланылды.

Қазақстанда лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу және дамыту мәселелері де жан-жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жарық көрген жұмыстар да баршылық. Лизинг туралы тоериялық және тәжірибелік сұрақтарға солардың ішінде Р.О.Смағұлова, С.Б.Мақыш, Ж.З.Оралбаева, М.М.Канакина және т.б. экономист-ғалымдардың еңбектерін еліміздегі лизингті жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 –тарау.   Лизингтің теориялық негіздері

1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және мағынасы

 

Алу  қағидасына  негізделген  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің   мүліктік  қатынастары  басқаша  құрылуы  мүмкін  емес,  сондықтан  да  олар  азаматтық  құқықтық  қатынасқа  қатысушылардың  теңдігі  мен  дербестігін бейнелейтін  тиісті  нысанда  көрініс  беруі  керек.  Мұндай  нысан  шарт болып  табылады.  Кәсіпкерлік  салада  шарттың  алатын  орны  елеулі. Демек,  оның  кейбір  түрлерімен  таныстырсақ,  сатып  алу –сатудан  басқа, кәсіпкерлік  салада  кең  тарағандары  лизинг,  кешенді  кәсіпкерлік  лицензия,  факторинг,  форфейтинг  және  басқалары.  Кәсіпкерлік  қызметтің бұл  түрлері  осы  заманғы  шеңберде  кәсіби  кәсіпкерлік  айналымды енгізуге  және  оның  қатысушыларына  нақты  бағдар  беруге  мүмкіндік туғызады.  Бұл  шарттар  кәсіпкерлік  қызметтің  түріне  жататынына  ешкім дау  туғыза  қоймас,  заңнама  кесімдері  лизингті  инвестициялық  іс-әрекетке  қатысты  деп  санап,  кәсіпкерлік  қызметтің  сипатын  атап көрсетеді.  Лизинг  беруші  мен  лизинг  алушы  капиталмен  ақшалай  емес, өндірістік  нысанда  пайдаланады,  мұның  өзі  лизингті  инвестиция тартумен  жақындастыра  түседі.  Бұл  шарттар  кәсіпкерлік  сипатта болғандықтан  көбінесе  оларды  кәсіпкерлік  қызмет  түрлері  деп  атайды, яғни,  қызметтің  негізгі  мақсаты  тұтынушылар  мүддесін  қанағатандыру үшін  таза  кіріс  келтіру  және  кәсіпкерлік  қызметте  әлеуметтік  оң  бағалау.  Егер,  қажетті  заң  кепілдік  жасалса,  лизинг  шартымен  еліміздің экономикасына  мемлекеттік  емес  аса  ірі  инвестициялар  тарту мүмкіншілігі  болатыны  жөнінде  игілікті  істер  күтіп  тұрғанын сезінгендейміз.

         Нарықтық  қатынасқа  көшу  жағдайында  кәсіпорынның  өндірістік қызметін  дамыту  және  олардың  техникалық  жабдықталуын  жоғарлату үшін  несиелік  ресурстарды,  соның  ішінде  лизингті  пайдалану  қажет. Лизинг  несиенің  бір  түрі  ретінде  кәсіпорынға  қажетті  тауарды  және қызметті  аз  мөлшерлі  шығынмен  өндіруге  және  жоғалтудан  сақтауға мүмкіндік  береді.

         Лизингтің  дүниежүзілік  тәжірибеде  пайда  болуы  тарихтың  тереңіне кетеді.  Лизингтік  операцияларға  ұқсас  мәмілелер  Батыс  Еуропада ХХІ ғасырда  қолданыла  бастады.  Әсіресе,  Венеция  мен  Генуяда  өте  қымбат саналатын  теңіз  кемесінің  якорьлары  сауда  кемелерінің  иесіне  жалға берілген.

         Тарихта  лизингке  ұқсас  операцияның  б.э.  2000  жылдай  бұрын ертедегі  Вавильонда  жасалғандығы  белгілі  болғанмен,  шетелдік зерттеушілер  лизинг  операциясының  жасалғандығы  туралы  нақты зерттеулер  ретінде  1877 жылы  «Белл  Телефон  Компани»  деген американдық  компанияның  телефондарды  сатудың  орнына  жалға бергендігін  тілге  тиек  етеді.  «Юнайтед  Стейтс  лизинг  корп.»  атты алғашқы  лизингтік  компания  1952 жылы  Сан-Францискода  (АҚШ) құрылған.  Еуропада  1962 жылы  «Дойче  лизинг  ГМбХ»  деген  бірінші лизингтік  компания  Дюссельдорфта  (Германия)  пайда  болыпты.  1972 жылдан  бері  еуропа  лизинг  нарығы  дамып  келеді.  «Лизинг»  термині

ағылшынның  «Leasing»  және  «Lease»  деген  сөзінен  шыққан,  яғни  «жалға

беру»  және  «жалға  алу»  деген  мағынаны  білдіреді.  Лизинг  негізінде  ХХ ғасырдың  ортасында  көп  тараған  және  дамыған.  50 жылдың  соңы  мен  60 жылдың  басында  АҚШ,  Батыс  Еуропа  және  Азия  Тынық  мұхиты аумағында, өзінің  қызметі  жағынан  ерекше  лизингтік  компаниялар  пайда бола  бастады.

         Лизингтік қатынастардың қалыптасуы туралы жазылған экономикалық әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде, жұмыста әлемдік нарықтағы лизингтің қалыптасуы мен дамуын олардың сипаттарындағы сапалық өзгерістерге және лизингтік келісімдердің санының өсуіне байланысты, шартты түрде 5 кезеңге бөліп қарастырылған және оның әрбір кезеңіне сипаттамалар берілген (кесте 1).

 

Кесте 1. Әлемдік нарықтағы лизингтің даму кезеңдері*        

Кезеңдер

 

І. ХІХғ. соңы –ХХғ. басы

Лизингтің қалыптасуының алғашқы кезеңі

ІІ. 1950-1960 жж.

Американдық кезең

ІІІ. 1960-1970 жж.

Лизингтің әлемге таралу кезеңі

ІV. 1970-1980 жж.

Лизингтің «шу» кезеңі

V. 1980-қазіргі уақытқа дейін

Әлемдік лизингтік одақтардың құрылу кезеңі

*Көзі: Хабаршы «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1, 2005, 15б.

 

Әлемнің 59 мемлекеті бойынша статистикалық мәліметтер негізінде лизингтік нарықтың негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізу арқылы, қазіргі уақытта лизингтің әлемнің шамамен барлық аумақтарында дамуда деген қорытынды жасалды. Соған байланысты, әлемнің көптеген елдеріндегі инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің алатын үлесіне байланысты, лизингті инвестициялаудың болашағы бар бір нысаны деп толық санау мүмкіндігі бар. Бірақ осы көрсеткіштің неғұрлым жоғары мөлшері экономикалық даму деңгейлері жоғары елдерде (АҚШ, Батыс Еуропа елдері) байқалатындықтан, экономиканың даму деңгейі лизингтің дамуы үшін қажетті шарт болып табылады деген қорытынды жасалынған.

Лизинг  біздің  елде  1989 жылы  банктер  лизингтік  операцияларды іске  асыра  бастағанда  пайда  болған.  1990 жылы  бұрынғы  Қазақ  ССР Госснаб  кезінде  жасалынған  «Прокат  (ежіре)  және  лизинг  95»  жүйесінде прокатты  және  лизингті  дамытудың   мақсатты  бес  жылдық бағдарламасын  іске  асыратын   коммерциялық  банктік  мекемелерді  және машинаны,  жабдықтарды,  көліктік  құралдарды  алдын  ала  сатып  алумен және  оларды  шаруашылық  етуші  субъектілерге  белгілі  шарттарға  сәйкес пайдалануға  берумен  айналысатын  лизингтік  фирмалар  болды.

Еліміздегі лизингтің қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне сипаттама беру үшін, жұмыста 2003 жылдың желтоқсан айында «Қазақстандағы лизинг: тәжірибе, мәселелер және даму болашағы» деген тақырыпта болып өткен халықаралық «дөңгелек столда» болған пікір алмасулар нәтижесінде лизингтік бизнестің 15 жылдық тарихының шартты түрде анықталған кезеңдеріне арнайы кесте құрастыра отырып талдаулар жасалынған (кесте 2).

 

Кесте 2. Қазақстандағы лизингтің қалыптасу және даму кезеңдері*

Жылдар аралығы

Кезеңдердің

аты

Қысқаша сипаттама       

І-кезең

1989-1992

Пайда болу

кезеңі

Алғашқы лизингтік компаниялар құрылды

және кейбір коммерциялық банктер лизингтік операцияларды аз көлемде іске асыра бастады. 

ІІ-кезең

1992-1994

Баяулау

кезеңі

Қазақстанның ішкі нарығындағы экономикалық дағдарыстардың әсерінен лизингтік бизнестің қарқыны баяулай бастады.

ІІІ-кезең

1995-2000

Жандану, қайта даму

кезеңі

Лизингті мемлекттік қолдау және ынталандыру дами бастады, сондықтан бұл кезеңді «мемлекеттік лизинг» кезеңі деп те атауға болады.

ІV-кезең

2000-2003

«Банктік лизинг»

кезеңі

Банктік лизингтік компаниялардың құрылуымен байланысты лизинг коммерциялық секторда өте тез қалыптасып, дами бастады.

*Кестені зерттелген әдебиеттер негізінде автор жасаған.

 

Осы кестеде көрсетілген кезеңдерді 2004 жыл және одан жоғары жылдар деп толықтыру ұсынылған. Себебі, 2004 жылдың қаңтар айында «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Ондағы ең маңызды өзгерістердің бірі лизинг алушылардың лизинг бойынша есептелінген сыйақы сомаларын толық көлемде салық салынатын табыстан шегеру құқығының берілуі және лизингке беру мақсатында сырттан әкелінетін құрылғылардың импорты кезінде ҚҚС-нан босатылатындығы болып табылады. Яғни, штелдік тәжірибе көрсеткендей, лизингтік операцияларға салық салу тәртібі бойынша енгізілген жеңілдіктер отандық лизингтік нарықтың дамуына оң ықпал ететіндіктен, біз оны еліміздегі лизингтің қалыптасуы мен дамуының V-кезеңі және «лизингтің қарқынды дамуы мен лизинг саласы бойынша Қазақстанның басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық кезеңі» деп атауды ұсынамыз.

Лизинг  жөніндегі  түсініктер,  ең алдымен,  мүлікті  уақытша пайдалануға  беру,  берілген  мүлікті  сату,  сатып  алуды  іске  асыру  және заемды  рәсімдеу  кезінде  жасалынатын  мүліктік  арендалық  келісім-шарт сипатымен  анықталынады.  Бұл  келісім-шарттың  жиынтығы  лизингтің шынайы  мәнін  және  оның  формасының  әр  алуандығын  білдіреді.

         Лизинг — бұл  лизинг  берушінің  өзіне  тиесілі  құрал- жабдықтарды, машиналарды,  техникаларды,  өндірісте,  сауда -саттыққа  және  қоймаға арналған  құрылғыларды  лизинг  алушыға  лизингтік  төлем  төлеу шартымен  белгіленген  мерзімде  пайдалануға  беруін  қарастыратын  жалға беру  шарты.

         2000 жылдың  5 шілдесіндегі  Қазақстан  Республикасының  «Қаржы лизингі  туралы»  заңына  сәйкес  лизинг дегеніміз – лизингтік  келісімге қатысушылар  ретінде  лизингке  беруші,  лизинг  алушы  және  лизингке берілетін  мүлікті  сатушы  ретінде  көрінетін  жеке  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  жеке  және  заңды  тұлғалар  болып  табылады.

         Лизингке  беруші—бұл  өзіндік  және  сырттан  тартылған  қаражаттар  есебінен  лизингке  берілетін  мүлікті  өз  меншігіне  сатып  алатын  және  оны  лизингтік  келісім-шарт  негізінде  лизингке  алушыға  беретін  лизингтік  келісімнің  қатысушысы.  Лизингке  беруші  бір  мезгілде  басқа  лизингтік  келісімге  қатысушы  ретінде  көрінуге  құқығы  жоқ.

         Лизингке  алушы—лизингтік  келісім-шарт  негізінде  кәсіпкерлік  мақсат  үшін  лизингке  берілетін  мүлікті  қабылдайтын  лизингтік  келісімге  қатысушы  тұлға.

Лизингке  беруші  лизингке  алушыға  негізгі  капитал  элементтерін  келісім-шартта  көрсетілетін  мерзімге  және  белгілі  бір  төлем  ақымен  бере  отырып, шын  мәнінде  несиелік  келісімге  тән  мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік  қағидаларын  іске  асырады.  Бірақ,  басқа  жағынан  алып  қарағанда  лизингке  беруші  де  және  лизингке  алушы  да  ақшалай  емес, яғни  өндірістік  формадағы  капиталмен  жұмыс  істейді. Бұл  жағдай  лизингті  инвестиция  түсінігімен  жақындастырады  және  лизингтің  халық  шаруашылықтық  мәнін  жоғарлатады.

Лизинг  объектісі  болып  нарықта  еркін  айналуға  тыйым  салынған  негізгі  құралдың  жіктелуіне  жататын  кез  келген  жылжымалы  және  жылжымайтын  мүліктер  табылады.             

         «Қаржылық лизинг туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына сәйкес  бағалы  қағаздар  және  табиғи  ресурстардан  басқа  да  кәсіпкерлік қызмет  үшін  пайдаланылатын  кез  келген  тұтынылмайтын  заттар лизингтік  келісім – шарттың  негізі  болып  санала  алады.

Қаржылық  лизинг  мәселесімен  айналысатын  көптеген  Ресей экономистері  лизингті  жалға  беру  және  несиелік  операцияларды біріктіретін  аялар  деп  қарастырады.

Лизингтің несиеден қарағанда өзіндік ерекшелігі бар, ол тиімді шарт ұсынады (қосымша 1). Нәтижесінде ұзақ мерзімді инвестицияны қаржыландырудың негізгі қаражатының жетіспеушілігіне байланысты клиенттерге қолайлы. Банктік несиенің және лизингтің меншікті қаражаттарының инвестициялық қаржыландыруда лизинг арқылы қаржыландыру көбірек тиімді, бірақ меншік қаражатынан азырақ тиімді (қосымша 2)

Кез  келген  лизингтік  келісімнің  негізі  қаржылық, нақты  айтқанда несиелік  операция  болып  табылады. Мүлік  иесі (лизинг беруші) оны пайдаланушыға (лизинг алушыға) қаржылық  қызмет  көрсетеді. Ол  мүлікті толық  құнына  сатып  алады  және  лизингке  алушының  жарнамалары есебінен  ол  соманың  орнын  толтырады. Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда, лизингтің  экономикалық  мәні –ол мүлікті  уақытша  пайдалануға  беру формасындағы  лизинг  берушінің  лизинг  алушыға  берген  несиесі. Сонымен, лизинг  сыртқы  тұрғысынан  коммерциялық  несиемен  өте  ұқсас, бірақ  екеуінің  арасында  айырмашылықтар  бар. Бұл  айырмашылық  ең  алдымен  меншік  қатынастарынан  көрінеді. Коммерциялық  несие  кезінде  тауарға  деген  меншік  құқығы  бірден  беріледі. Тауарға  төлем жүргізу  уақыты  кейінше  шегеріледі. Лизингтің   несиеден  айырмашылығын  келісім-шартта  көрсетілетін  төлемдер  төленіп  мерзімі  аяқталғаннан  кейін  де  лизинг объектісінің  лизинг  берушінің  меншігінде  қала  беруінен  көруге  болады.

Қаржылық  лизингтік  келісім  кезінде  мүлікті  пайдалану  құқығы  оны  иелену  құқығынан алшақтандырылады, яғни, уақытша  пайдалануға  берілген  меншік  құқығы  лизингке  берушіге  сақталынады, ал  оны  пайдалану  құқығы  лизингке  алушыға  өтеді. Пайдалану  құқығын  иелену  үшін  лизинг  алушы  лизинг  берушіге  алдын-ала  келісілген  лизингтік  төлемдер  төлейді. Лизингтік  келісім-шарт  мерзімі  аяқталғаннан  кейін  уақытша  пайдалануға  берілген  объект  лизинг  берушінің  меншігінде  қалады.

   Коммерциялық  несие  тауар  формасында  беріледі  және  ақша  формасында  өтеледі. Лизингтік  келісім  негізінде  несие  тауар  формасында  беріледі. Келісім-шарт мерзімі  аяқталғаннан  кейін  келісім  объектісі  лизинг  берушіге  заттай  формада  қайтарылады. Лизингтік  келісім  компенсациялық  сипатта  да  болуы  мүмкін. Мұндай  жағдайда  лизингтік  төлемдер  жалға  алынған  құрылғылардың  көмегімен  өндірілген өнімдер формасында жүргізілуі мүмкін.

Шартты мысал негізінде несиелік және лизингтік нұсқалар бойынша есептеулер кезінде алынған соңғы нәтижелерді бір кесте түрінде көрсету арқылы салыстырулар жүргізілген (кесте 3).

 

Кесте 3.  Несие және лизинг есебінен құрылғыларды сатып алу құндарын салыстыру.*

Көрсеткіштердің аттары

Несиелік нұсқа

Лизингтік нұсқа

1. Құрылғыны сатып алу шығындарының

дисконтталған құны PV төлемдер

1318,8

1057,23

2. Корпоративтік табыс салығы бойынша үнемділіктің дисконтталынған құны  PV үнем

395,2

363,64

3. Құрылғыны сатып алу шығындарының дисконтталған құнының салық бойынша үнемділіктің дисконтталынған құнына азайтылуы (1 жол-2жол)

923,6

693,59

4. Салық бойынша үнемділік құнының құрылғының алғашқы құнына пайыз түріндегі қатынасы (2жол/ 1жол*100 пайыз)

29

34

*Кесте автордың жүргізген есептеулері негізінде жасалынған.

 

 Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің альтернативті болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың  ерекше формасы. Ол өндірісті компанияларға көп шығын жұмсамай – ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелділіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг – уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешені. Бұл кешеннің құрамына жалға беру туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып, сатып алу туралы келісім-шартта кіреді. Лизинг үшін осы келісім шарттардың күрделілігі тән. Және тағы бір ерекшелігі жалға  беруде  екі  тарап  қатысса,  яғни  жалға  беруші  және  жалға  алушы, ал  лизингте  үш  қатысушы:  лизинг  беруші,  лизинг  алушы  және жабдықтаушы  болады.

         Сонымен  қатар, лизинг  алушы  арендатор  сияқты  затты  тек  ұзақ  пайдалануға  ғана алмайды,  сонымен  қатар,  меншік  құқығымен  байланысты  сатып алушының  міндеттері  жүктеледі:  мүлікті  төлеу,  мүліктің  кездейсоқ жойылуынан  болған  зиянды  өтеу,  мүлікті  сақтандыру  және  техникалық қызмет  көрсету,  жөндеу.  Бірақ  мүліктің  меншік  иесі  лизинг  берушінің өзі   болады.  Лизинг  мәмілесінің  объектісінің  жойылуы  немесе  оны пайдаланудың  мүмкінсіздігі  қарызды  толық  өтеу  міндеттерінен босатпайды.  Лизинг  алушы  арендатор  сияқты  мүлікті  пайдалану  құны үшін  ай  сайын  ақысын  аренда  берушіге  төлеп  тұрмайды.  Ол  мүлікті  пайдалану  үшін  лизинг  берушіге  мүліктің  толық  құнын  төлейді.  Дефект  табылған  жағдайда  лизинг  берушіге  гарантиялық  міндеттерінен  түгелдей  босатылады.

         Бұл  жағдай  негізделген, себебі  лизинг  беруші  мүлікті  лизинг  алушының  сұрауымен  және  оның  мүддесіне  сатып  алады.  Сондай-ақ,  міндеттердің  бұлай  бөлінуі  мүлік  алушының  мүлікті  күтіп  ұстауының  кепілі  болып  табылады.

         Қаржылық лизингтің экономикалық артықшылықтарын лизингтік қатынасқа қатысушы әрбір жаққа қамтамасыз ету белгілерінен көреміз. Лизингтің  кеңінен  таралуының  басты  себебі – оның  қарапайым несиелерден  мынадай  артықшылықтарының  болуына  байланысты:

         — лизинг  көмегімен  кепілге  беретін  мүлкі  жоқ  ұсақ  кәсіпорындарды несиелеуге  болады.  Бұл  былай:  лизингтік  мәміле  жасалған  мерзім бойынша  лизинг  объектісі  лизингке  берушінің  меншігінде  қалады  да, лизинг  алушы  банкротқа  ұшыраған  жағдайда  несиелік  тәуекел  деген болмайды  (нақтырақ  айтқанда, несиелік  тәуекел  бұл  сол  құрал-жабдықты  жалға  алуды  жалғастыратын  басқа  кәсіпорын  іздестіруге кетеді);

         — лизинг 100 пайызға  дейін  несиелеуді  ұсынады,  яғни  кәсіпорынға қысқа  мерзім  ішінде  өзінің  меншікті  капиталын  жұмсамай-ақ,  жаңа құрал-жабдықты  пайдалана  отырып,  өнеркәсіптік  өнім  шығаруға  және пайда  табуға  мүмкіндік  береді;

         — кәсіпорынға  мүлікті  несиеге  сатып  алғаннан,  лизинг  бойынша алған  қолайлы,  себебі  бұл  жерде  ол  мүлік  кепіл  ретінде  болады;

         — лизинг арқылы құрал-жабдықтарды алу тәсілі кәсіпорындарды күрделі  ақшамен  басқаруда  мүмкіндік  береді;

— кұрал-жабдықтың  лизинг  берушінің  меншігінде  болатындығына байланысты,  өнімнің  құнына  лизингтік  төлемдер  ғана  қосылып  мүлікке салынатын  салықты  жалға  берушінің  өзі  төлейді.  Сөйтіп,  лизинг  алушы салықтық  жеңілдіктер  алады;

— несие  берушінің  көзқарасымен  қарағанда,  несиенің  мақсаты пайдалануына  ешқандайда  қадағалау  болмайды.

— лизинг – тұтынушы мен сатып алушы үшін бәсекелестік күресте жеңісті  қамтамасыз  ететін  тәсілдерінің  бірі;

— дайын өнімдер артығын азайту жолы капиталдың айналымдылығын жылдамдату  мүмкіндігі;

— капитал құрылымының оптимизациясы және ұзақ мерзімді қаржыландыруды  тарту;

— өндірісті қазіргі деңгейде қолдау мүмкіндігі, төлем мерзімінің максималды ұзартуын жүзеге асыру және мүліктің жеделдетілген амортизациясы;

— лизинг арқылы өндіріске инвестор ретінде ақша қаражаттарын салу арқылы лизингтік бизнеске қатысушылар үшін де лизингтік операциялардың артықшылықтары бар. Оларға лизинг беруші тұлғаларды жатқызуға болады. Көптеген экономикалық әдебиеттерде келесідей артықшылықтары айтылады:

— лизинг берушінің тәуекелділіктері төмен. Себебі, лизинг объектісі келісімге кепіл болады. Яғни, лизинг беруші лизингке берілген мүлікке меншік құқығын сақтайды;

— өндіріс салаларына мемлекеттік қолдау болған жағдайда отандық бюджет қаражаттарын тарту;

— көрсеткен қызметтері үшін белгелі бір мөлшерде пайда алады.  

                   Ал  кемшіліктерін  айтатын  болсақ,  олар:

  • жалға алушы  құрал-жабдықтың  қалдық  құнының жоғарылауынан  (әсіресе  инфляциядан)  ештеңе  ұтпайды;
  • ұйымдастырудың күрделілігі;
  • лизинг құны  несиеге  қарағанда  жоғары,  бірақта  ескірген  құрал —  жабдықтан  туындайтын  тәуекелдің  лизинг  берушінің  басында болатынын  ұмытпау  қажет,  сондықтан  да  ол  осындай  шығынның  орнын  толтыру  үшін  комиссияны  көбірек  алуға тырысады.

Лизинг қызмет нарығында іскерлік белсенділіктің жоғарлауы көбінесе лизингтің тиімділігімен байланысты. Лизингтің тиімділігі мыналар:

  • кәсіпорынның қондырғыны сатып алуда үлкен қаржыларды жұмсамау;
  • кәсіпорын қаржыларының капиталдық салымдарға бөлінуінің қажеттілігінің азаюы;
  • есептеулер үшін тұрақты  негіз, яғни  жабдықты  сатып  алуға  кеткен  шығындарды  келісім-шарттың  барлық  мерзіміне  біркелкі  тарату;
  • лизинг төлемді өтеу кезінде лизинг берушімен лизинг алушы өзара уақыты мен өлшем туралы келісуге болады;
  • баланстық артықшылықтар, яғни  лизингтік  төлемдер  баланста  ағымды  шығындар  ретінде  жүреді.  Сонымен  қатар  бұл  төлемдер  елдің  сыртқы  қағаздарының  көрсеткіштеріне  есепке  алынбайды;
  • мүлік лизинг берушінің балансында болғандықтан лизинг алушы мүлікке салынатын салықтан босатылады. Лизинг объектісінің жеделдетілген амортизациясының пайдаланылуы оған өндірісті жедел түрде жаңартуға, қайта құруға мүмкіндіктер береді;
  • маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелерді шешудің жеделділігі;
  • келісімді қамтамасыз етудің тиімділігі. Себебі, лизингтік мүлік кепіл ретінде алынатын болғандықтан несие алғаннан гөрі, лизинг бойынша мүліктерді алу ыңғайлы;
  • кіші және орта фирмалар үшін мүліктің табиғи және моральдық тозу тәуекелділіктерінің азаюы. Мұндай тәуекелділіктер мүліктер уақытша пайдалануға алынатын болғандықтан лизинг берушіге өтеді;
  • пайдаланушыға кепілдеме  беру  жөнінде  талаптардың  жоқтығы.

Лизингтің  бұл  барлық  тиімділіктері  жиынтығында  лизингтік мәмілелерді  іске  асыруда  лизинг  алушыға  түрткі  болатын  себептер  ретінде  қызмет  етеді.  Бұл  арқылы  жалға  алынған  мүлік  пайдаланылады.  Мұндай  мәмілеге  лизинг  берушілер  де  қызығады.  Егер  олар  коммерциялық  банктер  болса,  онда  олардың  тиімділігі  банктік  капиталды  пайдалану  саласын  кеңейтуде, өздерінің  қаражаттарын  азғантай  тәуекелмен  орналастыруда, салықтық  жеңілдіктер  алуда  және  жабдықтарды  өндірушілермен  тікелей  ынтымақтастықты  орнатуда  көрінеді.  Ал  лизингтік  компаниялардың  тұлғасы  ретінде  лизинг  беруші  үшін  тиімділік  мүлікті  өткізу  шеңберін  кеңейту  және  қолма-қол  ақша  алудан  құралады.  Лизингтік  мәміленің негізіне мынандай элементтер жатады:

  1. Мәміленің объектісіне—амортизацияға жататын,  қозғалатын  және  қозғалмайтын  мүлік, сонымен  қатар  мүліктік  құқықтар  және  акция  пакеті  жатады.  Акция  пакетінің  лизингі   республика  Үкіметімен  бекітілген  және  қағидамен  белгіленеді.  Нарықта  еркін  айналуға  тыйым  салынған  мүліктер  мәміленің  объектісі  болып  табылады.
  2. Лизинг субъектісі. Лизинг мәміленің субъектісі болып мәміле объектіге тікелей қатысы бар жақтар табылады. Сонда оларды тікелей және жанама қатысушыларға бөлуге болады.

Лизинг мәміленің тікелей қатысушыларына мыналар жатады:

  • лизингтік фирмалар мен компаниялар (лизинг берушілер мен лизинг алушылар);
  • өндірістік (өнеркәсіп және ауыл шаруашылық), сауда және көлік кәсіпорындары, халық (лизинг алушылар немесе лизинг берушілер);
  • мәміле объектілерін жабдықтаушылар-өндірістік және сауда компаниялар.

Лизинг мәміленің жанама қатысушыларына лизинг берушіні несиелейтін және мәмілелердің кепілдеуші болатын коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, брокерлік және басқа да делдал фирмалар жатады.

  1. Лизинг мерзімі (лиз мезгілі). Лиз мезгілі дегеніміз лизинг келісім-шарттың қызмет ету мерзімі. Лизинг ұзақ мерзімді жалдың ерекше түрі болғандықтан, мәміленің объектілерінің қызмет ету ұзақ мерзімі мен жоғары құны лиз мезгілінің уақытылы шектеулерін анықтайды.
  2. Лизинг құны. Лизингтік операциялардың жобасында ең қиыны –бұл лизинг берушіге тиісті лизинг төлемдер сомасын анықтау.

Лизинг –бұл  тәуекелдің жоғары деңгейі бар банк операциясы. Лизинг бизнестің капитал көлемін көп қажет ететін түрі болып табылады және лизингтік компаниялар қарыз қаражаттарды кең түрде тартуға мүдделі. Сондықтан коммерциялық банктер үшін лизингтік операцияларда жанама түрде ғана емес (бөлімді, басқарманы ұйымдастырып), лизингтік компанияларды қалыптастыру арқылы, сонымен, лизингтің көлеміне, бағытына, нақты түрлеріне әсерін тигізіп, тікелей түрде қатысуы маңызды.    

 

         1.2. Лизингтік  операциялардың  мәні  мен  жіктелуі

 

         Батыс Еуропа  елдеріндегі  лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс  пен  өнімнің  бәсеке қабілеттілігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын еңбек құралдарының қызмет атқару мерзімінің  40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік  операциялардың  өсу  көлемі  30 пайызын  құрайды.

         Қазіргі уақытта лизингтік қызметтер нарығында лизинг көп түрлерге бөлінеді және осыған сәйкес көп жақты лизингтік операциялар жүзеге асырылуда. Лизингті жіктеудің бірнеше белгілері бар. Бұл лизингтік операцияларды (сурет 1) қызмет көрсету түріне  қарай топтастыруға мүмкіндік береді. Лизингтің әрбір формасының өзіне тән қасиеті бар және ол міндетті түрде лизингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде және рәсімдеген кезде ескеріледі.

Тек осындай жағдаймен лизингтік операциялар нақты белгіге ие болады. Бұл берілген мәміленің мәнін алдын ала анықтауда және лизинг алушы үшін оның потенциалды пайдасын сақтап қалуында маңызды рөл атқарады.

         Лизингтің 10 шақты түрін жіктеу белгісіне сәйкес 2 негізгі түрге бөлуге болады:

— қаржылық лизинг—жалдау төлемін жалға алынған мерзім ішінде  толық төлеу немесе өзін-өзі өтеуімен сиптталады;

— шұғыл лизинг—мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

Қаржылық лизинг –бұл өзінің іс-әрекет ету уақытында төмендегі төлемді қарастыратын  келісім-шарт түрін, жабдықтық амортизациясының толық құнын және оның құнының 90%  құрайтын лизингтік төлемдер. Бұл лизингтің түріне мынадай сипаттама беріледі: келісімге қатысушылар құрамына мәміленің объектісін өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын 3 жақ кіреді. Сонымен қатар бұл мәміленің объектісін жалға алу мерзімі оның қызмет көрсету мерзімінің 80% -ын құрайды. Бұл мәміленің объектілері өте жоғары құнымен ерекшеленеді. Объектінің қалдық құны, лизингті өтеген жағдайда лизингтік келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, оның бастапқы құнының 20%-ын құрауы керек.

 

         Сурет 1. Лизингтік операциялар түрлері*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*Көзі: Автормен құрастырылған

 

Қаржылық лизинг келісімінде лизинг алушыға лизинг объектісін пайдалану құқығымен бірге көп жағдайда келісе сатып алу құқы беріледі. Сонымен бірге оған оны сатып алуға дейін келісім-шарт бойынша мүлікке деген меншік құқығынан, артықшылықтар мен тәуекелдердің едәуір бөлігі де беріледі.

Бірақ бұл лизинг алушыға тек мына төменде көрсетілгендердің біреуіне қанағаттанса ғана беріледі:

  • лизинг мерзімінің соңында лизинг алушы меншік құқығын алады деген жеткілікті кепілдеме бар;
  • бекітілген лизинг мерзімі лизинг пайдаланудан мүмкін болатын барлық экономикалық пайданы алуға мүмкіндік береді. Бұл пайданы одан оның барлық қызмет көрсету мерзімі барысында алуға болады. Әдеттегідей бұл жағдай лизинг мерзімінің ұзақтылығы осы мүліктің қызмет ету мерзімінің кем дегенде 75% құраған кезде болады;
  • лизинг бойынша лизинг берушіге төленетін сақтандыру, баж, мүліктің техникалық қызмет көрсетуіне төлемдер, консалтингтік қызмет және т.б. сомасыз минималды арендалық төлемдердің ағымды құны лизингке берілген мүліктің нарықтық құнына немесе 90%-ына тең болуы керек.

Қаржы лизингіне (лизинг бойынша) берілген (алынған) негізгі құралдардың құны лизинг шартын жасасу кезінде айқындалады.

Осы жоғарыда айтылғандардың біреуіне жауап бермейтін лизингтік келісімдер идентификацияланады және шұғыл лизинг болып саналады. Сонымен бірге лизингке мәміленің объектісі болып машиналар мен жабдықтың көп тараған, әйгілі түрлері табылады. Олар көбіне моральді тозу жағынан жоғары қарқынды болып келеді. Сондықтан лизингтік келісім-шарттың мерзімі, мүліктің қызмет көрсетуінің экономикалық мерзіміне қарағанда едәуір қысқа болады. Бұл келісім-шартты лизинг алушы кез келген уақытта бұза алады. Шұғыл лизинг толық амортизацияны қарастырмайды және меншік құқығымен байланыстарды тәуекелдерді енгізеді. Лизинг алушының жалға берілетін мүліктерді ұстау және оны иеленумен байланысты шығындар бір лизингтік келісім-шарт барысындағы  төлемдермен өтелінбейді. Сондықтан ол бұл мүлікті бірнеше рет және сонымен бірге әртүрлі пайдаланушыларға уақытша пайдалануға беруге мәжбүр болады.

Шұғыл келісім-шарттардың қаржылық келісім-шарттардан айырмашылығы проблемаларды несие алу арқылы шешуді ұйғармайды, ал инвестициялау арқылы қарастырылған лизингтік төлемдер мөлшерінің деңгейі қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады. Бұл мыналармен байланысты: лизинг беруші машиналар мен жабдықтарды кейде оларды кім, қашан және қандай көлемде жалға алатынын білмей алдын ала сатып алады. Сондықтан оның осы мақсатқа жұмсалған шығындардың қайтымдылығына толық кепілдемесі болмайды және өзінің лизингтік қызметінің бағасын көтеруге мәжбүр болады.

Шұғыл лизинг кезінде лизинг берушілердің өздері мәміленің объектісін сақтандырады. Олардың техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуді қамтамасыз етеді. Бұл өзінің мүлкінің қалдық құнын өтеу кезінде тәуекелді минимизациялауға мүмкіндік береді, ал мүліктің қалдық құны моральды тозуының кесірінен өсіп отыруы мүмкін және арендаторлар жағынан сұраныстың болмау себебінен де өсуі мүмкін.

Лизинг алушы, сонымен бірге шығындарды болдырмауға ұмтылады. Бұл шығындар жалға алынған жабдықтарды, оның моральды тозуының тездетілуіне байланысты пайдаланғанда, онда өндірілген өнімнің бағасының төмендеуінен осы жабдықтың бұзылуынан тұрып қалу мен жөндеуден болған өндірістік емес шығындардың көбеюінен болады. Сондықтан егер жалға алынған жабдықта пайдаланудан түскен пайда оның бастапқы құнын өтемесе, ол шұғыл лизингті қалайды. Сонымен бірге жаңа жабдықтарды бір рет пайдалану үшін және маусымдық жұмыстарды орындау үшін қысқа мерзімге жалға берілген жағдайда да ол шұғыл лизингті қалайды.

Лизингтік келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг алушы өзіне тиімді шартпен басқа мерзімге жаңа келісім-шарт жасауға немесе мәміленің объектісін лизинг берушіге қайтаруға мүмкіндігі бар. Бірақ ол сонымен бірге мәміленің объектісін сатып ала алады. Егер бұл қаржылық лизингке жатса, онда ол оны қалдық құнымен сатып алуы керек. Ал егер бұл шұғыл лизингпен байланысты болса, онда ол лизинг берушінің келісімімен тура нарықтық құнымен сатып алады.

Лизингтік мәмілелерді тәжірибе түрінде жүзеге асыру келісім-шартпенен рәсімделеді. Ол лизингтік операциялардың мазмұны мен түрін және олардың қаржылық және шұғыл лизингтің қатарында болуын анықтайды. Бірақ лизингтік мәмілелердің бірдей барлық түрлері лизингтік операциялардың дербес түрі бола алмайды. Дүниежүзілік тәжірибеде қазіргі уақытта жоғарыда айтылған лизингтердің 2 түрінің біреуіне де жатпайтын лизингтік мәмілелер кездеседі. Дегенмен олар өздерінің сипаттары және іске асу әдістері жағынан оларға жақын болып келеді. Сондықтан оларды шұғыл және қаржылық лизингтің 2-ші түрі ретінде өзгеше қарастыруға болмайды.

Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

  • ішкі лизинг—бұл оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты, яғни лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады;
  • халықаралық лизинг—бір немесе бірнеше тараптардың әр елден болып келуімен сипаттайды. Халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды;
  • сыртқы лизинг—экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг лаушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады;
  • қайтару лизингі—сатушы құрал-жабдықтарды лизингтік компанияға сатады. Кейін сол сатқан затын қайтарып өз қолданысына алады.
  • Лизинг «пакеттегі» -кәсіпорынды қаржыландыру жүйесі ретінде роль атқарады. Бұл бойынша ғимарат пен құралдар несиеге беріледі, ал жабдықтар жалдау шарты негізінде тапсырылады. Сөйтіп, кәсіпорын жабдықтарын жалға беру негізінде қаржы табады.
  • банк лизингі—лизинг беруші банк болып табылады;

7) толық лизинг—лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады;

8) таза лизинг—лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.

Ішкі лизинг кезінде лизинг алушының, содай-ақ халықаралық лизинг кезінде лизинг алушының немесе қосалқы лизинг алушының негізгі құрал ретінде алуына жататын лизинг заттары қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады.

Шаруашылық ету тәжірибесінің қажеттілігінен туындаған бұл келісімдер, ең алдымен, нарықтық экономика дамыған елдерде одан әрі дамуда. Лизинг операцияларын  тездету процесін мемлекет тарапынан ынталандыру мақсатында келесідей бірнеше құқықтық актілер қабылданды: Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 07.09.2000 ж. № 115-р «ҚР заңдарын орындау», «Қаржылық лизинг», «Қазақстан Республикасында лизинг мәселелері бойынша қабылданған кейбір құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы нұсқаулары және ҚР Үкіметінің 29.03.2001 ж. №405 «2001 жылы ауыл шарушылығында лизингті шектеу ережелерін бекіту» мен 03.05.2001 ж. №597 «Жылжымалы мүлік лизингі туралы келісім-шартты мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерін бекіту» туралы қаулылары қабылданды.    

Үкіметтің соңғы кездегі құжаттарында тұжырымдалған Қазақстанның экономикалық дамуының параметрлерін, сондай-ақ лизингтік операциялардың артуының әлемдік сипаты мен түрлі елдердегі лизинг құрылымдарының талдап –зеттеу мынандай қорытынды жасауға болатынын көрсетеді:

— 1995-96 жылдары мемлекет ірі банктерінің қатысуымен лизингтік компаниялардың құрылуын ынталандыру қажет. Ондай компаниялар негізінен ірі құрылымдардың тапсырыстары бойынша қаржылық лизинг саласында жұмыс істеуі тиіс. Қаржыландырудың бұл түрінің дәрежесі мемлекет басымдық берген салаларды қаржыландыруға жұмсалатын орталықтандырылған қаржының көлеміне байланысты. Мұндай компаниялар атқаратын операциялардың көлемі жалпы лизингтік операциялардың 40-50% сақтай алады;

— қазір орын алып отырғанындай, халықтың төлем қабілетінің нашарлығы «прокатпен»-операциялық лизингпен айналысатын компаниялардың пайда болуына алып келеді. Ондай компаниялар банктердің қатысуымен немесе сыртқы несие беру көздері болған жағдайда құрылады. Бұл бірлескен лизингтік компаниялардың құрылуына жағдай туғызады. Жалпы операциялардағы олардың үлесі 30 пайызға жетуі мүмкін;

— 1995-97 жылдары негізінен мүмкін әріптестер туралы ақпараттар берумен және отандық, сондай-ақ шетелдік ірі қаржы құрылымдары мен лизингтік фирмаларға қызмет көрсететін делдал лизинг компаниялар пайда болады деп күтіледі. Ондай компаниялардың жалпы лизингтік операциялардағы үлесі 20% шамасында болады. Алайда бұл шетелдік компаниялардың қызметі қазіргідей нашар сұраныс жағдайында жиналып қалған өнімдерді өткізуді жеңілдету тұрғысынан алғанда ерекше маңызды.

 

1.3. Лизинг—инвестиция тартудың басты құралы

 

Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып, әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды.

Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәсекелестік қабілеттілігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапасы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта қалуда, өндірісте 70-90% тозған құрылғылар пайдаланылуда.

Мұндай жағдайлардың қалыптасуының негізгі себебі өндіріске инвестицияның мүлдем жоқтығы болып табылады. өндіріс бір қалыпты жұмыс істеп отыру үшін стандартты жағдайларда негізгі құралдар моральдық тозуы және табиғи ескірулеріне байланысты үздіксіз жаңартылып отырылуы қажет. Инвестициялық процесс және ғылыми-техникалық процесс өндірісті жоғары техникалық деңгейде қолдап отырады.

Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдау көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылады.

Нарықтық экономика дамыған елдерде лизинг шартында өндірістік құралдардың барлық түрлері, әсіресе, машиналар мен қондырғылар, олардың саны мен құны шектеулі сатып алынады. Сонымен бірге, лизингтік қызметтер бұл елдерде кең тарауда және басқа елдердің территориясында лизингтік қызметтің дамуына және қалыптасуына әсерлерін тигізіп, ұлттық шекарадан шығуда.

Лизинг—Қазақстанның жаңа нарықтық экономиканың өмірінде кейінгі кезде пайда болған ұғымның бірі. Қазақстанда, сонымен қатар, ТМД елдерінде лизинг өзінің дамуын 1989 жылдан бастады. Мемлекет үшін лизинг жаңа техникаларды сатуға көп мүмкіндіктер туғызады. Сонысымен лизинг фирмалары операцияларды қаржыландыруға итермелейді. Ал, фирма қолданушыларға өндірістік қордың тұрақты жаңарып тұруына мүмкіндік береді. Қазіргі заманда лизинг—ұлттық экономиканың интенсивтік дамуының және оның бәсеке қабілеттілігін әлемдік нарыққа көтерудің факторы болады.

Өндіріс орындарындағы жабдықтардың тозуы және моральды ескіруі, негізгі капиталды жаңартуға қаржылық ресурстардың болмауы Қазақстанды лизинг бизнесі дамуының перспективті алаңына айналдырып отыр.

Лизингтік бизнесті қалыптастыру және дамыту, ең алдымен, өндірісті және оның реконструкциясын кеңейтумен айналысатын қызмет етуші кәсіпорын үшін маңызды орынға ие. Әсіресе, моральды және физикалық жағынан ескірген негізгі қорларды пайдаланатын, сонымен ресурс сыйымдылықты технологияны қолданатын кәсіпорындар үшін маңызды. Оларды лизингтің осы мақсатта пайдалану іс-әрекетін қондырғыны модернизациялауды іске асыруға, өндірістің техникалық деңгейін көтеруге, машиналар паркін және басқа да өнімді тасымалдау үшін жылжитын құралдарды лизингтік мәміленің негізінде қолдану кезінде лизингтік операциялардың элементі мен мазмұны ашылады. Лизинг түрлерінің классификациясында лизингтік келісім-шарттың мазмұны және лизингтік мәмілені рәсімдеу тәртібі қарастырылады. Лизинг субъектісінің құқықтық жағдайында және оның келісім-шарттарда көрсетілу жағдайында сипаттама беріледі. Негізгі қорлардың және ұзақ мерзімді салымдардың, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік жазулар беріледі.

Шаруашылықтың инновациялық түрлерінің бірі саналатын лизинг жүйесі шетелдік техникалық потенциялды қолдану және оны жергілікті өндіріске енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдай елімізде қалыптасып келе жатқан инновациялық потенциялды қалыптастыру мен дамытуға жаңа мүмкіншіліктер ашады. Қазіргі таңда ел экономикасын инновациялық даму жолына өткізу мәселесі технология мен еңбек қатынастарын үйлестіру және басқару саласына жаңалықтар енгізу арқылы тұрақты  экономикалық өсуді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Сол себептен, отандық өндірісті дамытудағы инновациялық фактордың ролін күшейту үшін кәсіпорынды түбегейлі жаңартуға және  бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін лизингті қайта құру тетігі қолданылу қажет.

Лизинг бизнесі кәсіпкерлік қызметтің ерекше салаларына жатады.  Мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан, ресурстармен, кадрлармен және тағы басқалармен қамтамасыз ету жөнінде қолдау жасалған жағдайда лизинг қызметі экономиканы техникалық қайта құруда,  инвестициялық үрдісті күшейтуде, лизинг бойынша жалға алушы кәсіпорынның қаржы жағынан  сауықтыруда, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерінің бәсекелестік қабілетін арттыруда қуатты демеуші бола алады.

Лизингтік бизнестің Қазақстанның экономикасында қолданылу мүмкіндігі мынадай себептерге байланысты:

         — барлық сала кәсіпорындарындағы моральдық және жарамдылығы жағынан ескірген негізгі қорларды ауыстыру қажеттілігі және республикада машиналармен және жабдықтар шығаратын өндірістің жоқтығы;

         — мемлекеттің жоғары технологиялық жабдықтар шығаратын салаға жұмсайтын қаржының болмауы;

         —  кәсіпорындардың республикадан тыс жерлерде жаңа техникалар мен технологиялар сатып аларлық қаржының жоқтығы;

 — банк несиелері жоғары ставкамен және қысқа мерзімге берілгендіктен ол қаржыға машиналар мен жабдықтар сатып алудың мүмкін еместігі.

Лизинг ұғымын құрайтын қатынастар жиынтығы қазіргі қолданыстағы заңдармен толық реттелмеген. Сондықтан республикада лизингтің дамуы үшін ең біріншіден салық, кеден, қамсыздандыру заңдарына және басқа заң актілеріне өзгіерістер енгізу қажет. Лизингтің артықшылығы осындай операцияларға қатысушылардың әрекет-қарекеті нақты белгіленге дәйекті құқықтық негіз болғанда ғана жүзеге асады. Сонымен бірге лизинг негізінен инвестицияларды қаржыландыруға арналғандықтан заңдарда инвесторларға инвестициялық жеңілдіктер көзделуі тиіс. Лизингтің инвестиция салудың бір жолы ретінде дамуына төлем жасамау проблемалары кедергі келтіреді. Мұндай жағдайдың сақталуы инвестициялық белсенділіктің артуы мүмүкіндігін жоққа шығарады. Инвестиция жасаудың қандай әдісі қолданылса да, капитал салуда тәуекел деңгейінің жоғары жағдайында несиемен де, лизингпен де пайданы қайыра инвестициялаумен де инвестициялық белсенділікті еселеуге болмайды. Бұл проблеманы факторинг механизмі арқылы – кәсіпорынның дебиторлық қарызын фактор –фирмалардың сатып алуы арқылы –шешуге болады. Ондай фирмалар ролін инвестициялық жекешелендіру қорлары атқара алар еді.

Лизингтің дәстүрлі түрлері көлік қатынасы, әсіресе, авиация мен темір жолда, құрылыс, жол салу, тұрмыстық қызмет, агроөнеркәсіптік кешен салаларында мейлінше жылдамырақ дамиды. Қазақстанның қазіргі дамуындағы нақты экономикалық жағдай жекешелендірудің барысы мен мемлекеттік мүлікті басқарудың үлгісі ретінде пайдалануды мүмкін етіп, соған жол ашады.

Шағын жекешелендіру барысында жасалған талдау көрсеткендей, халықта және жекеменшік секторда қаржы болмауы себепті аукциондарға шығарылған кәсіпорындар нашар өтуде. Сондықтан екі аукционға ұсынылып, онда өтпей қалған нысандарды олардың бағасын кемітпей, құнын кейін төлейтіндей етіп сатуға болар еді және мәні жағынан бұл да лизингтің түрі болып табылады.

Мемлекет меншік үлесін, акцияның мемлекеттік пакеттің бір бөлігін, иелену құқығын Мемлекеттік мүлікті басқару жөнінде мемлекеттік комитет арқылы басқа тұлғаға жалға беруіне болады. Мұндай жағдайда тек шетелдік қана емес, отандық кәсіпкерлік құрылымдар да мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құқығын ала алады. Сонда жекеменшік сектордың қаржысы коммерциялық айналымнан өндірістік салаға ауысады.

Лизингтік құрылымның барлық жерде пайда болуы және оның қызметін кеңейту, лизингтік қызметтің дүниежүзілік нарықтың қалыптасуына экспорттық және импорттық лизингтің дамуына ықпалын тигізеді. Қазіргі экономикада лизингтік бизнесті кеңейту үшін,оның ролін жоғарлату үшін лизингтік құрылымның қызметінің координацияларды және осы негізде лизингтік қызметті қамтуда халықаралық институттар пайда болады.

Лизинг кезінде салықтық  жеңілдіктерді қолдану елдегі лизингтік бизнестің дамуына және лизингтік мәмілелер көмегінің ұлғаюына ықпалын тигізді. Бұл лизингтік бизнестің масштабы бізде бар мүмкіншіліктермен салыстыру ескі республика жағдайында қолдану әлі жеткіліксіз. Мұның тағы бір себебі лизингтік мәселелерде шаруашылық субъектілердің біліксіздігі, олардың лизингтік операциялар ерекшеліктері және артықшылықтары жөнінде білімнің және оларды жүргізуде тәжіриенің жоқтығы болып табылады. Оларда лизинг экономиканы жиі қаржыландыру формасы ретінде қарастыратындықтан олар оның мәнін толық түсінбейді. Белгілі шамада инвестициялық қызметте лизингтік даму үрдісінде оларды кәсіпорынның технологиясын, негізгі қорларды жедел жаңартуда нақты мүмкіншіліктерін айыра отырып, оң ықпалын тигізеді.

Негізгі қорларға салынған инвестициялар экономиканың ұлғаймалы ұдайы өндірісінің даму болашағын көрсететіндіктен, жалпы елдегі лизингтік нарықтың көлеміне кейбір макроэкономикалық көрсеткіштердің, яғни негізгі қорларға салынған инвестициялар және жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі ретінде бағалау жүргізілген (кесте 4). Талдау жасау барысында ҚР-дағы лизингтік нарық көлемінің жыл сайын өсіп отырғанына қарамастан, оның инвестиция мен жалпы ішкі өнім көлеміндегі үлесінің басқа елдермен салыстырғанда өте төмен болуына экономиканың даму деңгейінің де ісер ететіндігі анықталды.

 

Кесте 4. Қазақстан Республикасындағы лизингтік нарықтың көлемі.*

Көрсеткіштер

2001

2002

2003

2004

2005

Лизингтік нарық көлемі,млрд.т.

2,28

6,36

6,40

12,6

29,9

Негізгі қорларға салынған

инвестиция,млрд.т.

595,7

943,4

1100,0

1259,3

1530,6

Инвестициядағы лизингтің

үлесі, %

0,38

0,67

0,59

1

1,9

Жалпы ішкі өнім,млрд.т.

2599,9

3250,6

3776,3

4449,8

5542,5

Жалпы ішкі өнімдегі лизингтің

үлесі,%

0,09

0,19

0,2

0,3

0,5

*Кестені статистикалық жылнамалар негізінде автор құрастырған.

 

Макродеңгейде кең көлемді шетел инвестициялары лизинг арқылы елдің төлем балансы пассивіне әсер етеді және әлемдік нарықта қарыз беруші рейтингін төмендетпейді, өйткені Халықаралық валюта қоры тәртібі бойынша лизингтен туындайтын міндеттемелер мемлекеттің сыртқы қарыз көлеміне енгізілмейді. Сондықтан халықаралық лизинг көптеген дамыған және  дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік қолдау табады.

Қазақстандағы лизингтік сектордың дамуы бүгінгі күні оның әлеуетіне сәйкес келмейді. Соңғы уақытқа дейін оған қаржылық ресурстарға деген шектеулі мүмкіндік, сонымен қоса лизинг тетігі арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы заңнамалық кедергілер себеп болды. Сондықтан 2003 жылдың қараша айында «Салық салу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Оның шеңберінде 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап лизингтік операцияларға салық салу тәртібі өзгертілді.

Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан, «Инвестициялар туралы» Заң мен Салық кодексінің 138-140-баптарына сәйкес лизинг алушының корпоративті табыс салығы және мүлікке салық бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталады.

Республикада 2004 жылдың қаңтарынан лизинг бойынша заңдылық нақты әрекет ете бастады. Қазіргі кезде лизингтің негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 0,68 пайыз (65 млн. АҚШ доллары) ғана болғандықтан, бұл бұл заңдылықтардың өзі Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ресейде бұл көрсеткіш 4-5 пайыз (2 млрд. АҚШ долларынан жоғары).

Егер республикада лизинг жалпы инвестициялар көлемінде 4 пайыз деңгейіне жетсе, лизингтік нарық көлемі 530 млн. АҚШ долларын құрайды. Егер, Еуропалық даму және қайта құру банкі болжамдарына жүгінсек, бұл көрсеткіш 10 пайыз құраса, лизинг саланы 1,4 млрд. АҚШ доллары көлемімен дамытады.

Елдегі лизинг дамуы үшін жағымды заңды базаны құру барлық өндірістік сектор дамуына серпін болады, ал қосымша жұмыс орындарын ашу мен бюджетке салықтық түсімдердің жоғарылауы Қазақстан экономикасының шикізаттық экспортқа тәуелдігін төмендетуге жағдай жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

2 –тарау.  Коммерциялық  банктердегі  лизингтік  операциялардың  жағдайын талдау

2.1. Лизингтік компанияларда лизингтік мәміленің жасалу тәртібі

 

         Кеңес өкіметі тарағаннан кейін, тәуелсіздік алуымызбен қатар бағдарламаларымыздың дұрыс болмағандығының салдарынан көптеген кемшіліктерді жіберіп, өндіріс салаларының біраз көздерін өшіріп алдық. Мәселен, сол кезде жіберілген ауыл шаруашылындағы олқылықтар бүгінгі күнге дейін орнына келтірілуде. 2000 жылы ауыл шаруашылығын жақсарту мақсатында «Лизингтік компаниялар» құрылған болатын. Бүгінгі күнде елімізде 20-ға жуық лизингтік компания жұмыс жасауда. Оның  8-і жергілікті банктердің  жанынан ашылған компаниялар.

         Лизингтік компаниялардың және банктік мекемелердің жүргізетін лизингтік операцияларының жетістіктері олардың ұсынатын қызметтерінің санына және лизингке берілетін мүліктердің бәсекелестік қабілеттілігіне белгілі бір деңгейде тәуелді болады. Сондықтан да лизингтік қызмет ұсынатын компаниялар мен банктер жақсы байланыста болулары қажет. Лизингтік компаниялар өндірісті  және клиенттерді оқып үйрене отырып, клиенттердің қажеттіліктеріне неғұрлым толық жауап беретіндей негізгі құралдарды лизингке беруге тырысады. Кейбір фирмалар лизингке берілген құрылғыларды сақтандыру және техникаларды өндіріске енгізу мәселелері бойынша кеңестер беру қызметтерін де ұсынады. Лизингтік компаниялардың қызметі мәміленің объектісіне деген меншік құқығына байланысты дилерлік және брокерлік болып бөлінеді. Брокерлер мәміленің шарттарын орындау үрдісінде объектіге деген меншік құқығына ие болмайды. Олардың функциялары (қызметтері) мәмілені жасауға қажетті жақтардың (тараптардың) мәліметтері, мәміле бойынша консалтингалық қызмет көрсету және оның лизингтік сипатты мақұлдауы болып табылады. Лизингтік келісім-шартқа қатысатын брокерлер, жақтардың лизингтік мәміле шарттарына келіспеген жағдайда жауапкершілікті көтереді. Дилерлер мүлікті өзіндік қаржы немесе заемдық қаржы есебінен басқа біреуге лизинг беруге сатып алады және осы объектінің меншік иесі ретінде қатысады. Дилерлер объектіні үшінші тұлғадан қаржылық лизингтің шарттарына сәйкес алып,оны басқа шарттарға сәйкес лизинг алушыға лизингке беретін компаниялар қызметімен теңестіреді. Өзінің тіркелген орнына байланысты лизингтік компаниялар ҚР-ның Заңдарына сәйкес резидентті және резидентті емес болып бөлінеді. Олардың қызметі мемлекеттік органмен уәкілденген (мақұлданған) лицензия негізінде жүзеге асады. Лизингтік қызметті лицензиялау лизингтік компанияның кредиторлары мен клиенттерінің тәуекелін қысқарту мақсатымен зиян келтіретін бәсекелестерді жояды.  Лицензияны лицензиялау шарты бұзылған жағдайда қайта шақырылады. Сонымен қатар ол  компанияның келісімі бойынша төленбеген сомасы оның жылдық айналымының 10% асса да қайта шақырылады. Өндірушілер лизинг берушіге өздері өндірген қондырғыны лицензия алмай-ақ лизинг шартына сәйкес өткізе алады. Коммерциялық банктер Ұлттық банктен лицензия алғаннан кейін ғана лизингтік операциялар жүргізе алады. Басқа заңды тұлғалар лизингтік қызметті мемлекеттік органмен сендірілген бір жолғы лицензиямен бір жолғы келісім-шарт түрінде жүзеге асырады.

         Лицензияны алу тәртіптері және шарттары лизингтік қызметтерді лицензиялау жөніндегі жағдаймен белгіленеді. Лизингтік компаниялар өздерінің қызметін көпшілік түрде жүргізеді. Олар жыл сайын компанияның балансын жариялауға және тәуелсіз аудиторлармен тексерілген пайда мен шығынның шотын жариялауға міндетті.

         Лизингтік компанияның төленген  жарғы капиталы 100 000 американдық долларға эквивалентті сомадан кем болмау керек.  Олардың құрылтайшылары таза активтер мөлшерін жарғы капиталына жарияланған доллармен есептелінген мөлшерден кем емес екенін қолдауға міндетті.

         Лизингтік компаниялар өзіндік және заемдық қаражаттардың қатынасын 1/5 кем емес қатынасында қолдауға міндетті. Егер олар қаражаттарды қолданса, онда өзіндік қаражаттан, жарияланған жарғылық капиталдың 1/10 бөлігі мөлшерінде резервтік қорды қалыптастырулары керек. Бұл үмітсіз қарыздарды жабу және жоғарыда көрсетілген мөлшерде таза активтердің көлемін (мөлшерін) қолдау үшін қажет. Резервтік қор Ұлттық банкте сақталады және таза активтерді анықтағанда есепке алынбайды.

         Лизинг алушы лизинг затын алу үшін келісім-шартқа отырады және қажетті құжаттарды тапсырады (қосымша 3).   

Лизингтік  келісім-шарт.  Лизинг – бұл  ұйымдастырылуы  біршама күрделі  операция.  Көптеген  мәмілелерде  кемінде  үш  келісім-шарт жасалады:

1) Лизинг  беруші  мен  алушы  арасында;

2) лизинг  беруші  мен  жабдықтаушы  арасында;

3) лизинг  алушымен  банк  арасында.

Лизингтік келісім-шартты ұйымдастыру және оны іске асыру әр елдің заңдылық ерекшеліктеріне  байланысты.

         Лизингтік келісімнің  жанама және  тікелей қатысушыларына байланысты лизингтік үрдістің үш жақты немесе көп жақты сипаты болады. Лизингтік  үрдістің  схемасының жалпы түрі  төмендегідей  (сурет 2).

Лизингтік үрдісте лизингтік келісімнің  міндетті  қатысушыларынан басқа, яғни лизинг беруші мен лизинг алушыдан басқа да тұлғалар қатысады. Олар:

  • лизингтік мүлікті сатушы –лизинг объектісі болып табылатын мүлікті сатушы заңды немесе жеке тұлға (жабдықтаушы);
  • сақтандырушы—қайтарым негізінде өзіне лизингтік келісіммен байланысты болатын тәуекелді өзіне алатын жақ;
  • кредитор—лизинг берушінің келесіде лизингке беретін мүлікті сатып алуды қаржыландыратын тұлға-банк;
  • делдал—осы мәміленің тараптары болып саналатын тұлғаларға лизингтік келісіммен байланысты қызмет көрсетуші тұлға.

Лизингтік үрдісте шартты түрде 3  этапты айыруға болады. Бірінші этапта (1-4) заңды келісім-шарт қатарларын жасау үшін барлық дайындалған жұмыстар жүзеге асырылады және мынадай құжаттарды рәсімдейді:

  1. Лизинг объектісін алу үшін лизинг алушының лизинг берушіге тапсырысы;
  2. Лизинг алушының төлем қабілеттілігі және лизингтік жобаның тиімділігі жөнінде қорытындысы;
  3. Лизинг объектісін жеткізіп беру жөніндегі лизинг берушінің жабдықтаушыға жіберетін заказ-нарядты алғанын растау:

—  2 данадағы шот;

—  лизинг алушының қол қойған жабдықты қабылдау хаттамасы;

—  техникалық құжаттама;

 

         Сурет 3. Лизингтік мәміленің сызбасы.*

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жабдықтаушы

 

 

 

 

 

*Көзі: Исабеков Б.Н. Қазақстанда аралас экономика кезіндегі индустриалдық-инновациялық саясат және кәсіпкерлік мәселелер, концепциялар, шешімдер. Түркістан:Б.Ж.,2004ж.,218б.

 

—  кепілдеме талоны.

Лизинг алушы мен жабдықтаушы арасындағы келісімнің жалпы шарттары:

—  лизинг берушінің жабдықтаушыға лизингтік объектінің құнын төлеу шарты;

—  жеткізіп берудегі жабдықтаушының жауапкершілігі.

  1. Лизингтік компания мен банктің лизингтік келісімдер жүргізу үшін несие алу жөнінде жасасқан несиелік келісім-шарт.

Екінші кезеңде (3-9) лизингтік келісім бекітіледі және ол бойынша келесі құжаттар рәсімделеді:

  1. Лизингке берілетін мүлікті сату-сатып алу келісім-шарты.
  2. Лизингтік келісім-шарт. Мұнда мыналар көрсетілуі қажет:

— лизинг объектісін қажетті орнына жеткізіп беру мерзімі, қаржыландыру сомасы және лизингтік келісімнің заты;

—  келісім-шарттың іс-әрекет ету мерзімі;

— лизинг берушінің меншікке деген құқығы;

— тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілдеме;

— жабдықты пайдалану;

— жөндеу, модификация және күтіп ұстау;

— кездейсоқ жағдайлар, шығындар;

— таңдау құқы;

— төлемдерді төлеу әдістері (ай сайын, квартал сайын немесе лизингтік төлемдердің алдын алатындар);

— ставкалар (жабдықтың нақты немесе шартталған құнымен) және шарттар (клиент есебінен ұсыныстарды дайындау бойынша шығындар);

— салық салу және баждар;

— мәміле объектісін сақтандыру;

— лизинг алушы мен лизинг берушінің құқықтары және міндеттері;

— лизингтік келісім-шартты бұзу тәртібі;

— арбитраж және дауларды шешу;

— кешіктірілген жағдайлар (келісім-шарт тек кепілдеме алғаннан кейін күшіне енеді;

— қосымша мәліметтерді алу міндеттері (баланс);

— жақтардың және қабылдау құқығын алатындардың қолдары мен реквизиттері;

— қосымшалар (материалдарды сипаттау);

— қалдық құнының кепілдемесі;

— банктің кепілдемесі.

  1. Эксплуатацияға лизинг объектісін қабылдау актісі. Ол мынадан тұрады:

— лизингтік келісімнің объектісін нақты жеткізіп беру, оны құру және мүлтіксіз жұмыс істеу жөніндегі куәлік (жабдықтаушыға талап қойылатын куәлік);

— мәміле объектісінің жұмыс істеуіне зиян келтірмейтін және лизинг алушының лизингтік төлемдерді  төлеудегі міндеттеріне әсер етпейтін белгілі кемшіліктер туралы мәліметтер болуы мүмкін. Бұл жағдайда жабдықтаушы қабылдау хаттамасында көрсетілген кемшіліктерді жоюға міндеттенетін мерзімді көрсетеді;

— алғашқы лизингтік жарнаны төлеу күні көрсетіледі. Осылай қабылдау хаттамасының датасы лизингтік мәміленің іс-әрекет етуінің алғашқы мерзімімен сәйкес келеді;

— лизинг алушы рәсімдейді, лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы қол қояды.

  1. Лизингке берілетін мүліктің техникалық қызмет көрсетуінің келісім-шарты.
  2. Лизинг объектісін сақтандыру келісім-шарты.

Үшінші кезеңде (10-12) лизинг объектісін өзіндік пайдалану басталғаннан кейін келесі процедуралар орындалады:

  1. Лизингтік төлемдерді төлеу;
  2. Мүлікті келешекте пайдалану бойынша қатынастарды рәсімдеу (не лизинг объектісін қайтару, не лизинг объектісін ары қарай пайдалануға жаңа лизингтік келісім-шарт жасау, не сатып алу аукционы бойынша лизинг объектісін сату-сатып алу келісім-шартын жасау);
  3. Лизинг берушінің кредиторға сауданы қайтаруы және пайыздарды төлеуі.

         Лизингтік келісім-шартты жасаған кезде лизинг субъектілерінің құқықтық жағдайына және оның осы келісім-шартта көрсетілуіне ерекше мән беріледі. Лизингтік келісім-шарттың бұл бөлімінде бүкіл лизингтік мәміленің жүзеге асу кезеңінде лизинг алушы мен лизинг берушінің міндеттері және құқықтарының толық тізімі қарастырылады. Егер лизингтік келісім-шарттың қатысушыларының арасында дау пайда болса, онда олар шаруашылық даулар үшін құрылған заңдар бойынша шешіледі. Лизинг берушінің лизинг объектісіне деген меншік құқығы лизингтік келісім-шартқа  сәйкес шектелген болып табылады. Үшінші жаққа мәміленің объектісіне зиян келтірген тәуекелді жоғары қауіп-қатер көздерімен нақты түрде мүлік иесі көтереді. Лизинг беруші мәміле объектісін толық жөндеуден, оны сақтандырудан, ликвидациялаудан, күрделі техникалық қызмет көрсетуден болған шығындар мен тәуекелдердің және меншік құқығымен байланысты басқа да шығындардың ауыртпалығын өзі көтереді, егер басқа да шығындар лизингтік келісім-шартта көрсетілмесе. Егер өзге жағдайлар лизингтік келісім-шартта көрсетілмесе, лизинг беруші лизинг объектісін үшінші мәмілені қамсыздандыру үшін кепіл ретінде пайдалануға құқы жоқ. Лизинг беруші кепіл ретінде лизингтік келісім-шарттан шығатын талаптардың құқығын пайдалануға құқы бар. Лизинг алушы мәміленің объектісін тек лизингтік келісім-шартта көрсетілген шекте және жағдайда қолдана алады.  Лизинг алушы лизинг берушіге  лизингтік келісім-шартта көрсетілген төлемдерді төлеуге міндетті.  Келісім-шартта міндетті түрде лизингтік төлемдерді өз уақытында төлемеу немесе төлемдер үшін санкциялар қарастырылуы қажет. Лизинг алушының кінәсінен болған лизингтік төлемдерді төлемеуі және өз уақытында төлемеуі лизингтік келісім-шартты бұзудың негізі болып табылады. Лизингтік келісім-шартты оның қатысушылары бұзған жағдайда, олар келісім-шартты бекітілген азаматтық заңдылық тәртіппен бұзуды талап етуге құқылы. Дау-дамай кезінде келісім-шарттың бұзылуына әсерін тигізген шығындарды, лизингтік келісім-шартты бұзған жақ өтейді.

Лизинг шартын өзгерту және бұзу. Шартта немесе ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларында лизинг шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша өзгертілуі немесе сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Лизинг шарты мынадай жағдайларда:

  • егер лизинг алушы лизинг нысанасын елеулі түрде нашарлатса;
  • егер лизинг алушы лизинг берушінің мұндай әрекеттерді тоқтатуы туралы жазбаша ескертуіне қарамастан лизинг нысанасын лизинг шартының ережелерін немесе лизинг нысанасының мақсатын бұза отырып пайдаланатын болса;
  • егер лизинг алушы төлемнің шартта белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін қатарынан екі немесе одан көп рет лизинг шарты бойынша төлем жасамаса, лизинг берушінің талап етуі бойынша бұзылуы, ал лизинг нысанасы лизинг алушының есебінен лизинг берушіге қайтарылуы мүмкін.

Мынадай жағдайларда:

  • егер лизинг беруші шарттың ережелеріне сәйкес лизинг нысанасын бермесе немесе пайдалануға кедергі жасайтын болса;
  • егер берілген лизинг нысанасында оны пайдалануға кедергі келтіретін, лизинг шартында ескертілмеген кемшіліктері болса;
  • егер лизинг беруші лизинг нысанасын жеткізіп беру мерзімін бұзса, лизинг алушының талап етілуі бойынша лизинг шарты бұзылуы, ал лизинг нысанасы лизинг берушінің есебінен оған қайтарылуы мүмкін.

Лизинг нысанасы. Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады. Ал бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды. 

         Егер лизинг берушіде мәміле объектісін сатушыға сапасы комплектілі болуы, жеткізіп беру мерзімі, кепілденген мерзім ішінде мәміленің объектісінің сынығы жөнінде және сату-сатып алу келісім-шартында көрсетілген басқа да міндеттерді орындау бойынша талаптар қоюға құқы болған жағдайда құқықтар сөзсіз лизинг алушыға өтеді. Лизинг беруші келісім-шарт бойынша осы міндеттерді лизинг алушының алдында орындауды өзіне ала алады.

         Лизингтік келісім-шарттың іс-әрекет ету мерзімі барысында лизинг алушы лизингтік келісім-шартта көрсетілген техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеуді қосқанда мәміле бағытталған барлық қажетті жұмыстарды орындайды. Лизинг алушы егер келісім-шартта өзге жағдайлар қарастырылмаса, мәміле объектісін иелену және қолдану құқығын іске асырумен байланысты барлық шығындарды және тәуекелдерді көтереді (егер объектіні иелену құқы келісім-шартта лизинг алушымен бекітілсе).

         Егер келісімнің шарттарын лизинг алушы орындаса, лизингке берілетін мүлікке лизинг берушінің жеке қарыздары бойынша төлетулер салынбайды. Төлету тек келісім-шарт бойынша талап етілген құқықтарға салынуы мүмкін. Бұл жағдайда көрсетілген құқықтардың жаңа меншік иесі лизингтік келісім-шарттан шыққан лизинг берушінің барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болады. Лизинг алушы банкрот болған жағдайда, келісім-шартта көрсетілген пайдалану және аукцион құқы және міндеттері лизинг берушінің келісімімен 3-ші тұлғаға беріледі.

         Лизинг  берушінің келісімі жоқ болған жағдайда:

— оған мәміленің  объектісі қайтарылуы керек;

— келісім-шарт лизинг алушының кінәсінен өз уақытынан бұрын бұзылды деп саналады;

— келісім-шарттың уақытынан бұрын бұзылуына байланысты лизинг берушіге келтірілген шығындар «конкурстық» үрдіс кезінде басқа кредиторлармен қатар  банкрот мүліктің есебінен қанағаттандырылады.

         Лизинг беруші банкрот болған жағдайда келісім-шарт лизинг берушінің барлық құқықтарымен, міндеттерімен қоса лизинг берушінің қарыздарын жабу мақсатымен өткізілетін (сатылатын) дербес мүлік ретінде қатысады. Сонымен қатар лизинг алушы лизингтік келісім-шартты сатып алушы болып өзі шығуға (қатысуға) құқылы. Егер лизинг алушы келісім-шартты сатып алса, онда соңғысы іс-әрекетті тоқтатады, ал мәміле объектісі лизинг алушының меншігіне көшеді. Лизингтік келісім-шарт сатып алушы болмаған жағдайда:

— келісім-шарт лизинг берушінің айыбы бойынша бұзылды деп саналады;

— мәміле объектісі лизинг берушіге қайтарылады және оның қарыздарын өтеу үшін сатылады;

— лизинг алушыға және басқа да лизингтік келісім-шарттың тараптарына (жақтарына) келтірілген зияндар лизинг берушінің қарызы болып саналады және лизинг алушыға «конкурстық» үрдіс кезінде енгізіледі. Егер лизинг алушыға келтірілген шығыны мәміле объектісінің құнынан асса, онда келісім объектісі лизинг алушының меншігіне көшеді.

         Лизингтік келісімде коммерциялық банктің мәміле объектісін мақсатты пайдалануы және жалға алушының оны дұрыс эксплуатациялауына тексеру жүргізуді іске асыру құқығы да бекітіледі.

         Келісім объектісін пайдаланудағы салдарынан оның күшінің нашарлау фактісі анықталған жағдайда, ол лизингтік келісім-шартты бұзуға құқы бар. Келісім-шарт бұзылғаннан кейін банк арендатордан компенсация төлеуді талап ете алады. Компенсация мөлшері айыппұлмен есептегенде лизингтік келісімнің барлық құнының сомасынан асуы мүмкін. Банктер өзінің лизингтік қызметінде, әдетте, жабдықты жабдықтау, оны құру және кепілдендіру, өзінің міндеттері мен құқықтарын келісімдегі жауапкершілікке өзінің қатысуын минимизациялауға тырысады. Сондықтан олар үш жақты лизингтік келісім-шарт жасағанда инициатор болып қатысады.  Онда оның өзінен (лизинг беруші) және лизинг алушыдан басқа жабдықты жеткізіп берушілер де қатысады. Бұл жабдықтаушы осы жабдықты жеткізіп беру, оны орналастыру және техникалық қызмет көрсету бойынша келісім-шартты бұзбауға барлық жауапкершілікті және мәміле объектісінде кемшілік тапқан уақытта лизинг алушының барлық талаптарын көтереді. Бұл байланыста лизингтік мәмілені жүргізу үшін банктерге «стандарт» және «жабдықтаушы» лизинг ең тиімді болып табылады. Бұл лизингтің түрлері бойынша жасалынған келісім-шарттарда банк ролі істің таза қаржылық жағында көрінеді. Лизинг алушының жабдықты алғанын және оны монтаждау және эксплуатацияға  енгізу жұмысы аяқталғанын куәландыратын барлық құжаттар толтырылғаннан кейін банк жабдықтаушыға оның толық құнын төлейді. Лизингтік операцияларды рәсімдегенде және олар бухгалтерлік есепте көрсетілгенде және есеп жүргізілгенде елдің заңдылығымен енгізу бойынша ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауымен және шоттардың басты жоспарымен басқарылуы тиіс.       

Тәжірибелік мысал. 2004 жылдың  1 қыркүйек айында лизингтік компанияда лизингтік келісімге отырады. Лизинг құны  120 мың $ , келісім-шарт бойынша пайыз ставкасы -24% . Төлемді төлеу  2004 жылдың  1 қазанда беріледі, cол кезден бастап келісім-шарт бойынша сыйақысы есептелінеді. Келісім-шартта лизинг алушы үшін қарыздық төлемі 3 айдан бастап лизинг алушының лизинг затын ұсынуға дейінгі кезеңде жеңілдіктер қарастырылған –бұл кезеңде тек пайызбен төленеді.

Сызба 1. Лизинг алушының лизинг затын ұсыну  2005 жылдың  1 қаңтарында басталды*

Күні, айы, жылы

Кезеңі

Лизингтік төлемдер

31.10.04

0

3,03%

31.11.04

0

 

31.12.04

0

-120000

31.01.05

1

19 600**

31.02.05

2

12 200

31.03.05

3

12 000

31.04.05

4

11 800

31.05.05

5

11 600

31.06.05

6

11 400

31.07.05

7

11 200

31.08.05

8

11 000

31.09.05

9

10 800

31.10.05

10

10 600

31.11.05

11

10 400

31.12.05

12

10 200

 

 

22 800

* Көзі: Бухгалтер и налоги,2005г. №12, 13 бет

**19 600=12 400+7200

Лизингтік компанияда кірісті есептеу  1 қазаннан 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде алынған сомаға қатысты мына үлгімен белгіленеді:

2003 жыл 31 қазан

Дт 332                               2400

Кт 701                               2400

332 шот -лизинг алушының дебиторлық қарызы

701 шот -лизинг бойынша сыйақы

Осындай бухгалтерлік жазу лизингтік компанияда 31 қарашадан  31 желтоқсанға дейін жүргізілді.

Нәтижесінде бухгалтерлік жазу мәліметінде кіріс шоты бойынша ( 701 шот) 7200 мөлшерде сома өсті.

Осы конверсияға байланысты 2003 жылғы бухгалтерлік есепке келесідей түзетілімді жасау қажет:

701 шот                                  7200

334 шот                                  7200

334 -шот алынған аванс

Компанияның бірінші 3 айдағы ақша қаражаты кіріс болып есептелінбейді, бірақ лизингтік төлем сызбасы есептеліну қажет. Лизингтік төлем сызбасын есептеу үшін жаңа пайыздық ставканы есептеу керек.

Жылдық пайыздық ставка  24% немесе айына 2% мөлшерінде. Тиімді пайыздық ставка деп аталатын жаңа пайыздық ставканы есептеу қажет.  2004 жылдың қаңтар айындағы төлемнің сызбасы 7200 құн есебімен ауысқан жаңа пайыздық ставкамен есептелінеді.

7200 –бұл ақша қаражатының сомасы, лизинг берушінің алған кезеңінен лизинг затын ұсынғанға дейінгі кезең.

Жаңа пайыздық ставка 3,03%  тең. Ол Excel бағдарламасындағы арнайы функциясын қолданумен есептелінген.

 

Сызба 2. 3,03% мөлшердегі пайыздық ставканы қолдануда сыйақы бойынша кірістің өсуі үшін жаңа сызба беріледі*

Күні,айы,жылы

Кезеңдері

Негізгі сомасы

Лизингтік төлемдер

Негізгі

сомасы

Сыйақы

Лизингтік

төлемдер

31.10.04

0

0

0

0

 

31.11.04

0

0

0

0

 

31.12.04

0

0

0

0

 

31.01.05

1

104 031

15 968,98

3 631,02

19 600

31.02.05

2

94 979

9 052,18

3 147,82

12 200

31.03.05

3

85 853

9 126,08

2 873,92

12 000

31.04.05

4

76 651

9 202,22

2 597,78

11 800

31.05.05

5

67 370

9 280,67

2 319,33

11 600

31.06.05

6

58 008

9 361,49

2 038,51

11 400

31.07.05

7

48 564

9 444,75

1 755,25

11 200

31.08.05

8

39 033

9 53 ,54

1 469,46

11 000

31.09.05

9

29 414

9 618,92

1 181,08

10 800

31.10.05

10

19 704

9 709,97

890,03

10 600

31.11.05

11

9 900

9 803,78

596,22

10 400

31.12.05

12

0

9 900,43

299,57

10 200

Барлығы

 

 

120 000

22 800

142 800

            * Көзі: Бухгалтер и налоги, 2005ж. №12, 14 бет

            Кіріс бойынша келесі бухгалтерлік жазуды аванстық шотпен корреспондент құру керек.

         2005ж. қаңтар

         Дт 334                                 3631,02

         Кт 701                                 3631,02

         2005ж. ақпан

Дт 334                                  3147,82

Кт 701                                  3147,82

2005ж. наурыз

Дт 334                                  421,16*

Дт 332                                  2452,76**

Кт 701                                  2873,92

 

* 421, 16 = 7200 –(3631,02 +3147,82)

** 2452, 76 = 2873,92 -421,16

Лизинг беруші лизинг шарты бойынша лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын сатушыдан өз меншігіне сатып алып, оны лизинг алушыға ақыға уақытша иеленуге немесе кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға беруге міндеттенеді.

         Әдетте,  мәмілеге  келу  алдында  клиентті  толық  қаржылық  талдаудан  өткізедi. Лизинг шартының мынадай талаптары болуы тиіс:

  • шарттың нысанасы;
  • сатушыны кімнің таңдап алғаны көрсетілген лизинг нысанасын сатушының атауы;
  • лизинг нысанасын лизинг алушыға берудің шарттары мен мерзімі;
  • лизинг төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігі;
  • лизинг нысанасының құны;
  • шарттың қолданылу мерзімі;
  • егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне ауысуы шартта көзделген болса;
  • лизинг нысанасының сипаттамасы;
  • лизинг нысанасын күтіп ұстау мен жөндеу тәртібі;
  • лизинг нысанасын сақтандыру;
  • лизинг берушінің атына лизинг нысанасын мемлекеттік тіркеу міндеттерін тараптардың біріне жүктеу;
  • лизинг алушының лизинг шарты бойынша міндеттемелерді орындауына лизинг берушінің бақылау жасау тәртібі;
  • тараптардың жауапкершілігі.

Осы талаптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған болып саналады.

Лизинг шарты  жазбаша түрде жасалуға тиіс. Лизинг шартының жазбаша түрде жасалуын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

 Лизингте  ең  маңыздысы,  бұл  келісім-шарт  соңында құрал – жабдықтардың  белгілі  бір  қалдық  құнының  қалуы. Ол  үшін  құрал – жабдықтың  қалдық  құнының  сақтандыру  жүйесі  болуы  тиіс.  Лизинг алушы  өзінің  қаражаты  есебінен  лизинг  затын  әр  түрлі  тәуекел жағдайлардан  (өрттен,  ұрлықтан  және  т.б)  сақтандырады  және  лизинг берушіге  сақтандыру  полисінің  куәландырылған  көшірмесін  береді.

Қазір лизинг компаниялары лизингтік жолмен қаржыландырылған техникаларды сақтандырудың тәжірибесін қолға ала бастады. Лизинг техникасы ұрланған, өртеніп кеткен немесе уақытша істен шыққан жағдайда оның шығынын сақтандыру жүйесі арқылы жабудың тоериялық, тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Лизинг затын сақтандыру екі жақтың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Келісім мәмілесі мынадай үлгімен анықталуы мүмкін:

  • екі жақтың біреуі сақтандыру сыйақысын төлейді;
  • басқа жағынан сақтандыру төлеу бола ма;
  • сақтандыру сомасын кім алады, сақтандыру полисі бойынша төленген және сақтандыру мәліметін жабу қандай үлгімен қолданылады және т.б.

Лизинг туралы заңның 18-бабына сәйкес лизинг алушы және лизинг беруші, егер басқа түрі ҚР-ның заңнамалық актісінде қарастырылмаса, лизинг шарты бойынша өзара екі жақ келісімімен барлық меншігіндегін үшінші тұлғаға беруге құқылы.

         Іс  жүзінде  кез  келген  лизингтік  келісім-шарт  мынадай  элементтерді  қамтуға  тиіс:

  1. Объектісі
  2. Жабдықтау мерзімі.
  3. Лизингке алу  мерзімі
  4. Лизингке  берушінің  меншіктік  құқы
  5. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.
  6. Құрал – жабдықты пайдалану
  7. Күту, жөндеу  және  жаңарту
  8. Зиян, қолайсыз  жағдайлар
  9. Сақтандыру
  10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар
  11. Төлемді кешіктіргені  үшін  төлемақы  өсімі
  12. Сатып алу мүмкіндігі
  13. Келісім шартты бұзу  шарты
  14. Құрал – жабдықты қайтару
  15. Салықтар, баждар
  16. Жаңа міндеттердің пайда  болуы
  17. Тараптардың қосымша құқықтары
  18. Даулар мен арбитраждарды  қалыпқа  келтіру
  19. Кешіктіру шарты (келісімшарт кепілдеме алуына  байланысты  күшіне  енеді  және  т.б.)
  20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс) 
  21. Тараптардың қолдары
  22. Тараптардың орналасқан  жері
  23. Қосымша (материалдардың және т.б.  сипаты)
  24. Қалдық құнын кепілдеу.
  25. Банктердің кепілдемесі.

Лизинг шартының қолданылуы лизинг шарты тараптар белгілеген мерзімге жасалады. Бұл орайда лизинг шартының мерзімі лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігі амортизациясының мерзімінен кем болмауға тиіс. Егер заңдарда немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг шарты оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Лизинг шарты тараптар өздерінің барлық міндеттемелерін орындап болған кезден бастап, сондай-ақ заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өзінің күшін жояды.

Лизингтік келісім-шарттың мерзімін орнатқанда лизинг беруші мен лизинг алушы келесі жағдайларды қарастырады:

— оның технико-экономикалық мәліметтермен анықталатын жабдықтың қызмет ету мерзімі. Лизинг келісім-шарттың мерзімі жалға алушының объектіні пайдалану жағдайларын есепке алумен жабдықты пайдалану мерзімінен аспау қажет. Келісім-шарттың мерзімі заңмен шектелуі мүмкін. Мысалы, Австрияда амортизацияны есептеу үшін керекті мерзімнің 40%  деңгейі төменгі шегін, ал 90% деңгейі жоғары шегін көрсетеді;

— жабдықтың амортизация мезгілін үкіметтік органдар орнатады. Қаржылық лизинг кезінде келісім-шарттың мерзімі әдетте амортизация мезгілімен сәйкес келеді;

 — тиімді өндірісті немесе арзан мәміле баламасының пайда болу циклі. Шығарылатын өнімді қысқа мерзімде жаңартуын жүзеге асыратын салаларда осы факторға көңіл бөлуі маңызды;

— инфляциялық процестер динамикасы. Лизинг беруші үшін тез қарқынды инфляция  кезінде бекітілген жал төлемдерімен ұзақ мерзімге келісім-шартқа  отыруға тиімсіз болады және керісінше, бағалардың төменделу кезінде лизинг беруші келісімнің ұзақ мерзіміне тырысады;

— қарыз капиталдардың нарығының конъюнктурасы мен оның даму бағыттары. Лизингтік компаниялар банк несиесін кең түрде қолданғандықтан, лизингтік пайыздарының негізі болып табылатын ұзақ мерзімді несие бойынша пайыз ставкалар деңгейі лизингтік келісімнің ұзақтығына тікелей әсер етеді.

Мүлікті жалға алу бойынша лизингтік келісім-шарттың мерзімінің ұзақтылығы, іс-әрекет уақыты бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ең алдымен, мәміленің, объектінің қызмет ету мерзімімен байланысты, яғни машиналар мен жабдықтардың амортизация кезеңімен байланысты. Бұл келісім-шарттың іс-әрекет ету мерзімін анықтағанда мәліметтер үрдісінің динамикасы, саудалы капиталдар нарығындағы пайыздық ставкалар деңгейі және оның өсімінің бағасының төмендеу тенденциясы да ескеріледі. Жалға беру келісім-шартының мерзіміне байланысты үш түрлі жалға беру операциялары бар:

  • қысқа мерзімді жалға беру (рентинг) –бір күннен бір жылға дейін мерзіміне;
  • орта мерзімді жалға беру (хайринг) –бір жылдан үш жылға дейін мерзімге;
  • ұзақ мерзімге жалға беру (лизинг) –үш жылдан 20 жылға дейін және одан артық мерзімге.

Сондықтан, лизинг деп жалға беруші мен жалға алушы үшін, өндірістік пайдалану мақсатымен келісім-шарттың бүкіл мерзіміне жалға берушінің меншік құқығының сақталуымен сатып алынған машиналар мен жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға беруін немесе машиналар мен жабдықтардың жалға беру келісім-шартын айтамыз.

Жалға алынған мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдер лизингтік төлемдер түрінде жүргізіледі. Лизингтік мәмілені іске асыру кезінде жабдықты орнату және тасымалдау, консалтингалық қызметтер сақтандыру төлемдерінен құралатын төлемдерді төлейтін тұлғалар қатысады. Бірақ бұл төлемдер лизингтік төлемдер болып табылмайды. Бұларға сонымен қатар лизинг берушіге  лизинг алушының келісім-шартты бұзғаны үшін төлейтін санкцияның айыппұл сомасы да кірмейді.

         Компаниялардың қызметтеріндегі тәуелділіктер өте жоғары болады. Сондықтан да, құрылғылардың моральдық тозу тәуелділіктері де жоғары болған сайын, алынатын төлемдер сомасы да жоғарылайды. Осындай жағдайларға байланысты лизингті келісімге қатысушы тұлғалар лизингтік төлемдерді есептеу әдістеріне және оның графиктеріне өте көп көңіл бөледі.

         Бухгалтерлік есеп бойынша лизинг есебі ҚР Заңнамасының талабына сәйкес жүзеге асырылады. Лизингтің бухгалтерлік есебі қаржылық есеп берудің халықаралық стандартының №17 «Аренда» тәртібімен құрылған. Аренданың есебін жүргізу 1996жылдың  15 қараша айындағы  №5 «Бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» Ұлттық комиссияның қаулысының бекітуімен басқа ұйымдар үшін есеп тәртібі №17 бухгалтерлік есеп стандартымен анықталады.

         Лизингті тапсыру үшін лизинг беруші негізгі қаражатты сатып алуда қосымша шоттарын тіркейді. Лизингті ұсыну кезінде лизинг затының құны қосымша шотынан шегеріледі және дебиторлық қарыз секілді саналады.

         Лизинг бойынша (барлық лизинг мерзімі бойынша лизингтік төлем минус лизинг затының құны) кірісті мойындау төлем мерзімін есептеу әдісі бойынша жүзеге асырылады.

Лизинг заты лизинг алушының баланс есебіне жатады. Актив балансын кірістіру және міндеттемені мойындау құны бойынша туындайды.

         Лизингтік төлемдер  деп лизингтік келісім-шарт бойынша лизингтік мүлікті пайдалану құқығы берілген лизинг алушының лизинг берушіге төлейтін жалпы сомасы.

         Лизинг келісім-шартын бекіту кезінде оған қатысушы тұлғалар лизингтік төлемдердің жалпы сомасын, кейбір төлемдерді есептеу формалары мен әдістерін, оларды төлеу кезеңділігін және тәсілдерін анықтайды. Лизингтік төлемдер –лизинг берушінің мүліктерді сатып алуға кеткен қаржылық шығындарын қайтаратын және белгілі бір сомада пайда алуға мүмкіндік беретін механизм болып табылады. Осыған байланысты лизингтік төлемдердің жалпы сомасына төмендегілер  кіреді:                                —  келісім-шарттың барлық мерзімінде лизингтік мүліктің толық немесе соған жақын құнын қайтаратын сома;

—  лизинг берушіге комиссиондық сыйақы;                                                                                 — лизинг берушінің көрсеткен қосымша қызметтері үшін төленетін сома (мысалы, лизингтік мүлікті сақтандыру және т.б.);

  • лизингтік келісім-шартта көрсетілген т.б. шығындар, мысалы, мамандарды оқыту, лизингтік мүлікке техникалық өызмет көрсету, оған күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б.

          Сонымен бірге, лизингтік төлемдерді есептеу кезінде мүліктерге салынатын салықты ескеру қажет. Себебі, мүлік лизингтік келісім-шарттың барлық мерзімі ішінде лизинг берушінің балансында болады.

         Егер лизинг және несиелік операциялардың салық салу режимін салыстырсақ, онда несиеге қарағанда лизинг құрал-жабдықтарға салық салуда тиімді болып келеді. Жекелеп айтқанда:

  • сыйақы сомасы лизинг бойынша қосылған құн салығынан босатылады, ал лизинг затының құнынан қосылған құн салығын есептеуге жатады;
  • Қазақстанға әкелінген жабдықтарды лизинг заты бойынша импорт кезінде қосылған құн салығынан босатылады.

Қаржылық лизинг мәмілесін мойындау үшін салық салу мақсатына лизингтік келісім бойынша мүлікті ұсыну үшін ҚР-ның заңнамасында белгіленген 3 жылдан жоғары мерзімге сәйкес келесі шарттың біреуіне жауап береді:

1) тіркелген баға бойынша лизинг алушының меншігіне мүлікті ұсыну және (немесе) мүлікті сатып алуда лизинг алушының құқығына беру лизингік келісімде анықталады;

2) лизинг мүлігі бойынша қаржыландыру сомасының мерзімі тиімді қызметпен берілген мерзіммен 75%  өседі;

3) лизинг мүлігі бойынша берілген лизинг барлық мерзімінің лизинг төлемінің ағымдық құны 90 % өседі.

Лизингтік операциялар, жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамағандар салық салу мақсатына лизингті мойындамайды және оларға Салық кодексінде белгіленген лизинг үшін салық салу режимі таратылмайды.   Мысалға, жер негізгі қаражаттың амортизациясына жатпайды және жер учаскесінің лизингі салық салу мақсатына лизингті мойындамайды. Салық салуда лизингтің өзіндік ерекшелігі бар: қосылған құн салығы  және корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер түрі.

2003 жылдың 8 қаңтарында «Инвестиция туралы» Заңына сәйкес лизинг инвестиция қызметінің бір түрі болып табылады, лизинг-заңды тұлғалар Салық кодексінің 138-140 бабына сәйкес корпоративтік табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша инвестициялық салықтық преференцияны алуға мүмкіндігі бар (бірақ 5 жылдан жоғары емес).

         Қосылған құн салығына қатысты: лизинг мүлігін ұсыну кезінде салық салынатын айналым мөлшері лизингтік келісімге сәйкес белгіленген қосылған құн салығын және сыйақы сомасын қоспағанда лизинг төлемінің негізгі мөлшерімен анықталады. Қайтару лизингтік келісімі бойынша сыйақы сомасын тіркемегенде, мүлікті ұсыну кезінде салық салынатын айналым мөлшері барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасымен анықталады. Қазақстанға тауарды импорттау кезінде бюджетке түсетін салық сомасы мен басқа да міндетті төлемдер салық салынатын импорт мөлшері импортталатын тауарлардың кедендік құнымен анықталады.  Үкіметтің белгілеуімен негізгі қаражаттың импорты лизингті ұсынуда қосылған құн салығынан босатылады. Мүлікті сатып алуға байланысты салық салынатын айналымның мақсаты үшін лизинг алушының шығыны лизингті ұсынуға қатысты шығару шығын секілді қарастырылады.

         Жер учаскесі мен қозғалмайтын мүлік объектісін, транспорт қаражатын, мүлік салығын төлеу лизинг беруші болып табылады.

         ҚР Үкіметінің бекітуімен «Қаржылық лизинг» Заңының шартын сақтаған кезде кедендік баж алымын төлеуден  және салықтан толық босатылады.

Лизингтік төлемдерді анықтау негізінде төлеу мерзіміне тәуелді лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері жатыр.

         Сөйтіп, лизингтік төлемдердің жалпы сомасы тұрақты өлшем болып саналмайды, ол лизингтік мүліктің құнын қайтару жылдамдығына тәуелді. Яғни, лизингтік мүліктің құны аванс төлеу немесе алғашқы төлемдерді көбейту жолдарымен неғұрлым тез өтелсе, онда лизингтік мүліктің қалдық құнына есептелінетін өсім ақы сомалары соғұрлым аз болады.

         Лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен есептеледі:

                   ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС

Мұндағы:

         ЛТ –лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

         АА –ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

         НТ –лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлем;

         КТ –лизингтік келісім-шарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

         ҚТ –көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

         ҚҚС –лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизинг алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

         Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:

                                      АА =БҚ*На/100

Мұндағы:

         БҚ –мүліктің баланстық құны;

         На –амортизациялау нормасы (%).

         Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:

                            НТ=НР*НС/100

Мұндағы:

         НР –лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;

         НС –несие үшін сыйақы мөлшері.

         Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталуы формуласы:

                            НР= Қб — Қа/2

Мұндағы:

         Қб –мүліктің жыл басындағы құны;

         Қа –мүліктің жыл аяғындағы құны.

         Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:

                            КТ=НР*Кс /100

Мұндағы:

         Кс –комиссиондық сыйақы мөлшері.

         Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

                            ҚТ =Шіқ+ Шж+ Шб

Мұндағы:

         Ші –банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;

         Шқ –көрсетілген қызмет үшін шығыстар;

         Шж –банктің жарнамасына кеткен шығыстар;

         Шб –басқа да шығыстар.

         Лизингтік төлемдердің мөлшері және лизинг көрсетілген қызметтің әрбір түріне төленетін төлемдер мөлшері, көбінесе лизингтің нақты түріне лизингтік операцияларға және таңдап алынған төлемдер формасына байланысты болатынын көрсету қажет.

Лизингтік төлемдерді есептеу кезінде міндетті түрде инфляция қарқынын ескеру қажеттілігіне тоқтала отырып, «лизинг объектісінің базалық құнын елдегі болашақта күтілетін инфляция деңгейін көрсететін жасанды көрсеткіштерге немесе ҚР ҰБ қайта қаржыландыру ставкасына емес, керісінше лизинг ретінде нақты алынған құрылғылар бойынша бағаның өсу индексіне түзетулер керек» деген тұжырым жасалынған. Лизингтік келісім-шарттың ұзақ мерзімге бекітілетіндігіне байланысты лизинг объектісінің құнына жасалатын түзетулердің келісім жасалған барлық уақыт аралығындағы инфляция қарқынын болжау өте қиын. Бұндай жағдай лизинг объектісінің құнын жоғарлатуға немесе төмендетуге әкелетіндіктен, лизинг алушыға  да және лизинг берушіге де тиімді болмауы мүмкін. Сондықтан, лизингке алынған құрылғылар бағасының нақты өзгеруі бойынша әрбір жыл сайын түзетулер енгізіп отыру неғұрлым тиімдірек деп есептейміз. Осы айтылғандарды ескере отырып, лизингтік  төлемдерді есептеудің базалық әдістемесін келесі формуламен толықтыруды ұсынамыз:

                   ЛТ = ЛТ*і

Мұндағы, ЛТ –бағаның өзгеру индексіне түзетілген лизингтік төлемдердің жылдық сомасы;

і –құрылғылардың бағасының өзгеру индексі.

 Бірнеше ірі лизингтік компанияларды салыстырмалы түрде  қарастырдым (қосымша 4). Әр компанияның сыйақысы 12-25% дейін мөлшерде талап етіледі. Әр лизингтік компания лизинг алушының шотынан сақтандыру затының келісімімен толық лизинг құнын болжайды. Сақтандыру компаниясының шартына байланысты немесе лизинг алушы мен лизинг берушінің қалауымен сақтандыру төлемі бойынша сома мөлшері белгіленеді. Қаржыландыру сомасы 5000 АҚШ долларынан бірнеше миллион долларға дейін ауытқиды. Лизинг сыртқы ұзақ мерзімді қаржыландыруға жатады, сондықтан мәміле мерзімі 3 жыл және одан жоғары. Қаржыландыру сомасы көп және мерзімі ұзақ болған сайын, соғұрлым пайыз сыйақысы төмен болады. Кепіл заты болып лизингтің өзі табылады, бірақ меншік құқығы лизингтік келісім-шарттның аяқталуына дейін лизинг беруші болады немесе лизинг мәмілесі бойынша лизинг алушының барлық жарнаның толық сомасын төлеу шарты кезінде пайдалану құқығына лизинг алушы ие болады.

Барлық компанияларда лизингтік келісім-шарт құнынан 15-30% дейін мөлшерде аванстық төлем қарастырылады. Кейбір компанияларда құжаттарды қарастыру тегін, олардың көбі жобалық сараптаманы тексеру кезінде 0,2-0,3% құрады, бірақ кем дегенде 200 доллар және одан жоғары болу керек.

         Жобаның сараптамасы бойынша болжау:

         —   лизинг алушының ағымдағы қаржылық жағдайын талдау;

  • маркетингтік талдау;
  • инвестицияның тиімділік көрсеткішін талдау;
  • жобаның қаржылық жағдайын талдау.

Бұл тәртіп лизингтік компанияның белгілеуі бойынша барлық құжаттар қабылданғаннан кейін 1-4 аптаға дейін қаралады.

Әрбір жеке компаниялардың заңдық және бухгалтерлік құжаттарының толық пакеті келісіммен бірдей бекітіледі және құрамына кіреді:

  • Бухгалтерлік есепті басқару компаниясының мәліметтерін;
  • Жеткізушінің шарты: бағасы, төлем шарты, жеткізілімі, нақты координаты;
  • Қысқартылған бизнес-жоспарды жеткізу.

Кейбір компаниялар әмбебаптық болып табылады және қай саланың болсын қандай да бір түрімен жабдықтарды мамандандырады.  Мысалға, «Медикал Лизинг Групп» компаниясы өзінің облысында медициналық технологиялармен және жабдықтармен айналысумен мамандандырылған. Барлық лизингтік компаниялар жобада өндірістік базасы бар кәсіпорындар қызметті немесе өнімнің сапасын жақсартатын, өндірістің көлемін ұлғайтатын және өткізетін жабдықтарды, транспорттық қаражат немесе арнаулы  техникаларды алғысы келеді. Керісінше, бастапқы бизнеске лизинг алу күрделі (қиын), және бұл түсінікті: тәуекел лизингтік компаниялар үшін осындай жобамен бірнеше рет өседі.

 

 

2.2 Ауыл шарушылығындағы лизингтің орны

 

 

Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларды реттеу 2000 жылдың шілде айында қабылданған «Қаржы заңынан» кейін ғана қолға алынған болатын. Бүгінде бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан көптеген өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы техникалық жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға қорларындағы қаржылары жете бермейді. Және де барлығының да банктерге кепіл қойып несие алуға мүмкіндіктері жоқ.  Елімізде лизингтің қажеттілігі бұрыннан айтылып келе жатқаны белгілі. Қазақстан фермерлері табандылық танытып, өз съездерінде лизингтік несиелендіру жүйесін енгізуді билік басындағылардан талап етіп отырған. Осының негізінде 2000 жылы «ҚазАгроҚаржы» қаржы-лизингтік компаниясы құрылды. Оның еншісіне ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратын фермерлерді техникамен қамтамасыз ету мақсатында лизингтік келісім бойынша алғашында 630 комбайн берілген болатын. Лизинг мәселесіне мемлекет тұрғысынан келетін болсақ, лизинг капитал салу жай ғана пайда түсірудің көзі емес, бұл тікелей өндірістің және өнеркәсіптің қажеттілігін, яғни, өндірістің одан әрі дамып, әрдайым жаңарып отыруын қамтамасыз етеді.

Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) бір-бірімен тығыз байланысты үш звенодан тұрады. Бірінші звеноға өндіріс құрал-жабдықтарын өндіруші өнеркәсіп салалары мен АӨК материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуші мекемелер жүйесі жатады. Екінші звено ретінде ауыл шаруашылығы қаралады. Үшінші звеноға өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеп, сақтып және қайта өңдеу мен оны өткізуді жүзеге асырушы салалар жатады.

Қазіргі уақыттағы өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің тең жартысы өнеркәсіптік өңделеді, ал ауыл шаруашылығының өзі тоқсаннан астам халық шаруашылығы салаларының өнімдерін тұтынады.

Тұтынушыларды азық-түлік өнімдерімен қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсетуші салаларының пропорционалды дамуы және түпкі жоғарғы нәтижелерге жетуге бағытталған халық шаруашылығы кешенінің барлық звеносында басқаруды жетілдіру қажет. Агроөнеркәсіптік интеграцияның материалдық алғышарты қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру болып табылады.

Қазіргі уақытта материалдық-техникалық база, ауыл инфрақұрылымы деңгейі мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге агросервистік қызмет көрсету өте төмен деңгейде. Негізгі өндірістік қорлар моральды және физикалық тозған, ауыл шаруашылық өнімдерінің тауарлық дайындалу деңгейі төмен. Ауыл шаруашылығында үлкен инвестицияны қажет ететін аяқталмаған өндіріс көп. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының  қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақсыздығынан ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өз қаржылары құрылыс салуға, техникалық қайта жабдықтауды жүзеге асыруға жетпейді. Сондықтан да аграрлық секторды реформалау бағдарламасында республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны халық шаруашылық мәні бар, жоғары құндылықты объектілерге жұмсау қаралған.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіне тән ерекшеліктері: маусымдылығы мен өндіріс циклінің ұзақтығы. Экономиканың аграрлық секторында нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімсіз болып отыр. Сондықтан да ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізудің жаңа формаларын ұйымдастыру, оны аймақтық және салалық ерекшеліктерін ескере отырып, дамыту өте маңызды.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында қызмет жасаушылар –шаруа (фермер) қожалықтары мен шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындары.

Шаруа (фермер) қожалықтарының тиімді қызмет етуінің басты шарттарының бірі –олардың техникалық жабдықталуы. Яғни, тракторлармен, комбайндармен, тұқым сепкіш және басқа да құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

Жалпы экономиканың аграрлық секторындағы дағдарыстық жағдай өнеркәсіп өнімдері мен ауыл шаруашылық техникасы, жанар-жағар май, минералды тыңайтқыштар, мал аурулары профилактикасы мен өсімдіктерді қорғау құралдары және т.б. ауыл шаруашылық өнімдеріне деген баға теңдігінің бұзылуынан болып отыр. Шаруа қожалықтары қаржылық қиындықты бастан кешіріп, айналым қаржыларының жетіспеушілігі және бағасының қымбат болуына байланысты құрал-жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып ала алмайды.

Мұндай жағдайда шаруа қожалықтары ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыруда балама әдістің бірі –лизинг болып табылады. Лизинг қаржы тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығына инвестиция тартудың тиімді формасы болып табылады.

Шетелдік саясат пен отандық тәжірибе негізгі өндірістік құралдарды қалыптастыруда бұл әдістің жоғары тиімділігін көрсетеді. Дамыған елдерде жетекші экономистердің есептеуінше лизинг есебінен осы операциялардың даму деңгейіне байланысты негізгі құрал-жабдықтар инвестициясына қажетті қаржылардың 6-20% жылдық қажеттіліктері қанағаттандырылады. Лизинг бойынша лизингтік компания немесе коммерциялық банк қазіргі заманға сай жабдықтар, машиналар мен механизмдерді сатып ала отырып, оны әр түрлі мерзімге шаруа қожалықтарына жалға береді. Шаруа қожалықтары мүлікті пайдалануына қарай берешегін біртіндеп өтейді.

Шаруашылық тәжірибесінде лизингтік операциялардың бірнеше түрі қолданылады. Мысалы, шұғыл лизингте машиналар мен жабдықтарды олар тозғанға дейін уақытша пайдалануға береді. Жалға алушы аз мерзімге      (екіден бес жылға дейін) келісім-шарт жасаса отырып, жалға берушіден (банк немесе лизингтік компания) өзіне қажетті мүліктерді алады. Келісім-шарт мерзімі біткен соң жалға алушының жаңа келісім-шарт жасауға құқығы бар. Ол өз шешімін ертерек хабарлауы тиіс.

Тәжірибеде қаржылық лизингте кең қолданылады.  Қаржылық лизинг жағдайында лизинг жөніндегі келісім-шарт кезінде шаруа қожалығы жалға берушіге жалға берілетін мүліктің тұтас құнын төлеп қояды, нәтижесінде ол мүлік иесі атанады.

Тікелей лизингтік айырбас жалға беруші арқылы қаржыландырады, яғни, ол өндірушіден мүлікті сатып алып, оны тұтынушыға жалға береді. Ал, жанама лизингте банк немесе лизингтік компания айырбасты қаржыландыра отырып, делдал ролін атқарады.

Лизингтік операциялар шаруа қожалықтарында да, банктің де коммерциялық мүдделеріне сай, екі жақ үшін де тиімді болып табылады. Шаруа қожалығы келісім-шарт жасаса отырып, өзін бір мезгілде бірден ірі қаржылық шығын жұмсаудан босата алады. Жалға алушы банктің лизингтік қызметін пайдалана отырып, жаңа техника алумен бірге ақпараттық, экономикалық, конъюнктуралық, болжамдық қызметтерінде пайдалана алады. Сонымен бірге банк шаруа қожалықтарына нарықты бағалаумен бірге өнім өндіру, оны өндіруді ұйымдастыру мен өткізу процестерінде басқа да қосымша  қызметтер көрсетеді.

Шаруа қожалықтарына банктің ұзақ мерзімді несиесіне қарағанда лизинг артықшылығы мына жағдайлардан көрінеді: біріншіден, жалға алған мүлікті пайдаланудан түскен пайда сомасынан есептелетін лизингтік төлем және оған аренда ақысы болғандықтан салық салынбайды. Екіншіден, жалға алушыға жалға алу ақысын төлеу мерзімін таңдауда жеңілдіктер қаралған.

Лизингтік операцияларды жалға алуға төлем төлеуде қатаң шектеулер қойылмайды. Шаруа қожалығының қандай бір қымбат машиналар, жабдықтар мен механизмдерге қажеттілігі уақытша болуы мүмкін. Сатып алу шығындарымен бірге уақытша қажеттілігін өтеген соң мүлікті сатуға байланысты шығындар немесе мүлікті циклды пайдалануда оны қоймада сақтау, күтуге байланысты қосымша шығындарда болады.

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жабдықтар мен машиналар тасымалдауды «КазАгроҚаржы» ЖАҚ филиалы, «Казагролизинг» ЖАҚ филиалы жүргізеді.Есептік мәліметтер бойынша олардың жұмыс барысында 10 жаңа Нива СК-5 дән жинаушы комбайны, 12 МТЗ-82 тракторы, 42 Т-95 тракторы, 22 орақ және 4 Енисей комбайны жеткізілді.

Облыстық бюджеттен 24 комбайн сатып алу үшін 100 млн. теңге бөлінген. «Батыс сервис» коммуналдық кәсіпорыны базасында жинақталушы комплекс құрылды.

Бұдан басқа «Оралагрореммаш» акционерлік қоғамында бөлген 30 млн. теңге несиеге 30 дән жинаушы комбайндары сатып алынып, күрделі жөндеуден өткізілді. Ақсай құрама жем дайындаушы зауыты өнімділігі жоғары 9 Т-56 шетелдік комбайн сатып алды. Олар Бөрлі, Теректі аудандарының фермерлеріне берілді.

Тозған, ескірген ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану жанар-жағар майды көп жұмсауға, оларды жөндеу, сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр етеді. Облыстық статистикалық басқарма мәліметтері бойынша 1991 жылдан кейін ауыл шаруашылығы машиналары саны олардың бір санының тек 10 пайызын ғана құраған. Пайдалану уақыты 7-10 жыл болған жағдайда ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталу деңгейінің төмендігі өндіріс техникасын қысқартудағы  тежеуші фактор болып табылады. Мұның өзі өндірілетін өнім мөлшерінің кеміп, сапасының төмендеуіне және қаржылық қиыншылықтарға соқтырады. Бұрынғы колхоздар мен совхоздар базасында қызмет жасап отырған машина- технологиялық  станциялар жөндеу-диагностикалық жабдықтармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілмеген. Сондықтан да бүгінгі күні облыста кем дегенде 3 МТС құру қажет. Оларды негізінен астық өндіруші аудандарға ұйымдастыру жоспарланып отыр. Облыста қажетті техника тапшылығынан ауыл шаруашылығы өнім өндірісіне озық, жаңа технологиялар енгізілмеген. Сонымен бірге облыста ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде запас, қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі оларға қызмет көрсететін сервис-орталықтар мен жабдықтаушы ұйымдар құруды қажет етеді. Машина құралдарын дайындаушы кәсіпорындар 110-нан астам қосалқы бөлшектер түрін жасағанымен, оларға берілетін тапсырыстың аздығынан бүгінде олардың өндірістік-технологиялық қуаты толық пайдаланылмайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникалық жабдықталуында тез шешім қабылдауды қажет ететін мынадай мәселелерді атап көрсетуге болады:

           — машина, трактор паркінің 85 пайызы тозған және олар толық жаңартуды қажет етеді;

            — шағын және орта шаруашылықтар қажетті техниканың жетіспейтіндігінен өз жерлерін өздері өңдей алмайды;

            — ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің төлем қабілетінің төмендігі мен кепілдікке қояр өтімді мүлкінің болмауы, жаңа техника сатып алу үшін несие алуда қиыншылық туғызады;

             — сервис-орталықтардың болмауы, техника және жабдықтармен жарақталу деңгейінің төмендігі, МТС көрсететін төменгі деңгейде болуы;

             — запас, қосалқы бөлшектермен жабдықтау олардың бағасының және де тасымалдау қиындығына байланысты қажетті деңгейде ұйымдастырылмауы.

Орал қаласында машина жабдықтарын жасайтын 10 кәсіпорын бар. Олар қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен ауыл шаруашылығына арналған бұйымдар шығарады. Бірақ бұл жабдықтарға деген тапсырыс көлемінің аздығы себепті ол кәсіпорындардың қуаты толық пайдаланылмайды. Осыған орай шағын және орта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында оларға лизингке беру үшін техника сатып алуды мемлекеттік несиелеу «КазАгроҚаржы» ЖАҚ арқылы жүргізіледі.

Орал қаласы зауыттарында ауыл шаруашылығы машиналарын, жабдықтар мен запас бөлшектерді республикалық бюджет есебінен ұзақ мерзімде жеңіл несиелеу 2003, 2004, 2005 жылдары 120 млн. теңгеден жыл сайын жүргізіледі. Ал, облыстық бюджеттен Орал қаласындағы зауыттарда ауыл шаруашылығы машиналары, жабдықтары мен запас бөлшектері өндірісін несиелеу 2003, 2004, 2005 жылдарға тиісінше 150 млн. теңгеден жүргізіледі. Бұл шаралар Орал қаласындағы машина құралдарын жасаушы зауыттардың өндірістік қуатын толық пайдаланып, облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді неғұрлым арзан техникасымен қамтамасыз етуге, сонымен бірге қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы облыс экономикасын көтеруге қызмет ететін болады.  

 

 

 2.3. Лизингтік тәуекел және оны басқару әдістері

 

 

         Кез келген экономикалық келісімдер сияқты лизингтік келісімдерді де жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тәуекелділікті ескеру қажет деп ойлаймыз. Себебі, жалпы экономиканы басқарудың барлық деңгейінде белгілі бір шешімдерді қабылдау процесі соңғы нәтижелердің белгісізділік жағдайында іске асырылады. Яғни кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыру тәуекелділікпен тығыз байланысты екендігі белгілі. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда тәуекелділік—бұл «жоғалту қауіпің» және «жоғалту ықтималдылығың» деп түсіндіріледі. Сонымен бірге тәуекелділік—бұл қаржылық операцялардың қолайсыз іске асырылу ықтималдылығы деп те қарастырылады.

         Лизингтік қызмет кәсіпкерлік және инвестициялық қызметтердің бір түрі болып табылғандықтан, лизингтік қызметті жүргізу кезінде лизингтік қатынастарға қатысушылар көптеген объективті және субъективті себептерге байланысты әр түрлі тәуекелділіктерге барады.

         Тәуекелділіктерді басқару мәселесі экономиканың кез келген саласы үшін тән процестердің бірі болып табылады. Сондықтан да осы мәселенің лизингтік қатынастар орнату кезінде де өзектілік мәні өте жоғары деп ойлаймыз.

         Тәуекелділікті басқару—бұл көп сатылы процесс, оның негізгі мақсаты белгілі бір қолайсыз жағдайлар туған кезде пайда болатын шығындарды азайту немесе оның орнын толтыру. Лизингтік қатынастардағы тәуекелділікті басқары процесі бір-бірімен байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады. Оны келесідей блок-схема түрінде көрсетуге болады (сурет 4):

Лизингтік қатынастарды жүзеге асыру кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді басқару сол лизингтік қатынастарға әсер ететін негізгі факторларды оқып-білуден басталады. Бұл жағдайда ең алдымен мынандай факторлар ескерілуі қажет:

  1. Лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалардың таңдаған стратегияларының ерекшеліктері. Яғни, оның тәуекелділіктердің белгілі бір түрлеріне немесе өз қызметтеріндегі тәуекелділіктердің жиынтығына және серіктестерінің қызметтеріндегі тәуекелділіктерге қатысты ерекшеліктері ескерілуі қажет. Мысалы, егер лизингтік компания белгілі бір нарық түріне немесе белгілі бір салаға ғана маманданса, онда оны ең алдымен лизингтік келісімдер бойынша неғұрлым сенімді серіктестердің пайда болуы, іске асырылуы мүмкін келісімдердің неғұрлым табысты схемасы қызықтырады. Сонымен бірге, лизингтік келісімдерге қатысушы субъектілерді оларды қызықтырып отырған нарықтың, саланың немесе қызметтің даму болашағы да қызықтыруы мүмкін.
  2. Тәуекелділіктің белгілі бір түрлерінің немесе тәуекелділіктер жиынтығының лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалардың қаржылық жағдайына әсер ету аясы және оның салдарлары. Лизингтік келісімге қатысушы субъектілердің қызметтерінің нәтижелері осы келісімге тән тәуекелділіктердің біреуіне немесе тәуекелділіктердің топтарына тәуелділігі пайда болуы мүмкін. Сондықтан да тәуекелділіктің әрбір түрін лизинг субъектілерінің қызметтерімен салыстыра отырып, оның әсер ету аясын талдау, оларды болашақта пайда болатын шығындар мен зияндардан сақтандыруы мүмкін.

 

         Сурет 4. Лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқарудың блок-схемасы.*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келісім объектілерінің және субъектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәуекелділікке әсер етудің бір немесе бірнеше түрлері пайдалынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*Көзі:Автормен құрастырылған

  1. Лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалар қолданылатын математикалық есептеу әдістерін талдау. Дұрыс емес немесе қате жасалынған математикалық есептеулер және сонымен қатар лизингтік төлемдерді есептеудің әр түрлі түрлерін пайдалану лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар үшін өте қымбатқа түсуі мүмкін. Сондықтан да лизингтік келісімдерді іске асыру кезінде математикалық есептеулерді пайдаланатын лизингтік компаниялар немесе оларды қаржыландыратын коммерциялық банктер математикалық есептеулердің неғұрлым тиімді және қарапайым әдістерін қолдануға ұмтылулары қажет. Осы мәселені шешу үшін қазіргі уақытта көптеген мамандандырылған фирмалардың математикалық есептеулерді толық автоматтандыруға мүмкіндіктер беретін стандартталынған бағдарламалық өнімдері мен техникалық құралдарын пайдалану қажет.       

Тәуекелділіктерді талдау—бұл тәуекелділікті басқару процесіндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Оның мақсаты жасалынатын экономикалық келісімдердің ерекшеліктері және оларды жүзеге асыру барысында кездесетін тәуекелділіктер туралы қажетті ақпараттарды жинақтау. Осы жинақталған ақпараттар тәуекелділікті басқарудың келесі кезеңдерінде белгілі бір шешімдер қабылдау үшін жеткілікті болуы керек.

Тәуекелділікті талдау олардың түрлерін анықтау және бағалаудан тұрады. Тәуекелділік түрлерін анықтау кезінде лизингтік қатынастарға әсер ететін барлық тәуекелділіктер (жалпы және типтік) нақты анықталынуы қажет (сурет 5). Лизингтік қатынастарға әсер ететін тәуекелділіктерді келесідей белгілері бойынша жеткізуге болады: осы кезеңдегі басты қағида—тәуекелділіктің барлық түрлеріне лизингтік қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып, толық сипаттама беру.

Жалпы тәуекелділікке кәсіпкерліктің барлық түрлеріне тән тәуекелділіктерді жатқызамыз. Яғни, табиғи, экономикалық, саяси және т.б. тәуекелділіктер. Осы аталған тәуекелділіктердің барлығы теріс немесе нөлдік қаржылық  нәтижелер береді. Тәуекелділік деңгейіне әсер ететін бұндай факторларды объективті факторлар деп атаймыз. Сондықтан жалпы тәуекелділіктерді азайтуға лизингтік келісімге қатысушылардың ешқандай мүмкіндіктері жоқ, яғни бұндай тәуекелділіктер олардың қызметіне байланыссыз болғандықтан, тәуекелділік деңгейін төмендету бойынша ешқандай іс-әрекеттер жасай алмайды.

 

 

Лизинг қатынастардағы тәуекелділік түрлері

 

Сурет 5. Тәуекелділік түрлерін жіктеу.*

 

       
       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*Көзі: Автормен құрастырылған

 

Лизинг сферасына тән типтік тәуекелділіктер—бұл оң және теріс экономикалық нәтижелер алуды көрсететін тәуекелділіктер. Бұндай тәуекелділіктер көбінесе, лизингтік келісімдердің қабылданған тиімсіз басқару шешімдерінің әсерінен пайда болады.

Енді осы аталған типтік тәуекелділіктердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:

  1. Лизинг объектісімен байланысты тәуекелділіктер –бұл лизингке берілген мүліктердің қайтарылмай қалуымен, бұзылуымен және моральдық жағынан тозуымен байланысты тәуекелділіктер. Лизинг объектілерінің осындай себептерге байланысты тәуекелділіктерін азайту үшін тәуекелділіктерді бөлу әдісін пайдалану қажет. Ол үшін ең алдымен лизингтік компания ақпараттық-аналитикалық жұмыстар жүргізу керек, яғни лизинг объектісінің түріне және олардың пайдаланылатын салаларына байланысты тәуекелділіктің осы түрінің пайда болу және оның жиілігі туралы ақпараттарды жинақтау жүйесіне талдаулар жасау қажет. Содан кейін лизинг объектілерін жеткізу, іске қосу және жөндеу жұмыстарымен байланысты сақтандыру шараларын іске асыру талап етіледі. Ол үшін лизингтік компания немесе лизинг алушы сақтандыру компаниясымен келісім-шарттар бекіту қажет. Міне осындай жұмыстар іске асырылған жағдайда тәуекелділік деңгейін төмендетуге қол жеткізуге болады.
  2. Лизингтік операцияларды жүзеге асыру кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді лизингтік келісімге қатысатын негізгі субъектілер тұрғысынан да қарастыруға болады. Тәжірибеде лизинг субъектілерімен байланысты тәуекелділіктердің мынандай түрлері кездеседі:

— өндірістік тәуекелділіктер;

— маркетингтік тәуекелділіктер;

— төлем тәуекелділігі.

Лизинг субъектілерімен байланысты тәуекелділіктердің пайда болуының негізгі себептеріне лизингтік келісім процесіне қатысушы субъектілердің мүдделерінің әр түрлілігін және олардың өз міндеттемелерін уақытында орындамауын жатқызуға болады.

  1. Қаржылық тәуекелділіктер активтерді қаржыландырумен байланысты лизингтік келісімнің әр түрлі кезеңдерінде қабылданған басқару шешімдерінің салдарынан пайда болады. Жалпы қаржылық тәуекелділіктердің ақша айналысы және қарыз алушы кредитордың қатынастарының пайда болуымен бірге пайда болатыны белгілі. Сондықтан қаржылық тәуекелділіктерді мынандай түрлерге бөлуге болады:

— нарықтық тәуекелділік (валюталық, пайыздық, инфляциялық және т.б.);

— несиелік тәуекелділік.

Нарықтық тәуекелділік –бұл өсімақы ставкаларының, валюта бағамдарының, инфляция деңгейінің өзгеруі нәтижесінде лизинг объектілерінің құндарының төмендеу мүмкіндігі.

Несиелік тәуекелділіктер –бұл банктер белгілі бір лизингтік компанияға лизинг объектісін сатып алу үшін несие берген жағдайда пайда болатын тәуекелділік. Тәуекелділіктің бұл түрінің пайда болу себебі, лизингтік компанияның негізгі қарызды және ол бойынша есептелінген өсімақыны өз уақытында төлемеуі. Несиелік тәуекелділікті төмендету үшін коммерциялық банктер өздерінің еншілес лизингтік компанияларына лизингтік жобаның тиімділігіне жан-жақты талдау жасағаннан кейін ғана несие беру туралы шешім қабылдау қажет. Ал басқа лизингтік компанияларға қарыз алушы заңды тұлға ретінде қарап, олардың несиелік қабілеттіліктеріне талдау жасап және жасалған талдау қорытындылары банкті толық қанағаттандырған жағдайда ғана несие берілуі керек.

Сонымен қаржылық тәуекелділіктер елдегі экономикалық жағдайларға тікелей байланысты. Елде болып жатқан экономикалық өзгерістерді ескере отырып, лизингтік компаниялар жоғарыда аталған әдістер арқылы қаржылық тәуекелділіктерді басқара алады.

  1. Коммерциялық тәуекелділіктер-бұл жалпы халық шаруашылығының барлық салаларына тән табыстың тұрақсыздығын көрсету тәуекелділігі. Оның төмендегідей түрлері өте жиі кездеседі:

— сұраныстың азаюы;

— тауарлар бағасының өзгеруі.

Лизингтік нарықта бәсекелестіктің күшеюі (шетелдік лизингтік компаниялардың нарыққа келуі) отандық лизингтік компаниялардың қызметіне деген сұранысты азайтуы мүмкін. Сұраныстың әсерінен пайда болатын тәуекелділікті төмендету үшін клиенттерге ғылыми-техникалық прогрестің соңғы сапалы жетістіктерін ұсына білу қажет.

Баға тәуекелділігі –бұл лизингтік келісім-шарт бекітілген мерзім аралығында лизинг объектісінің бағасының өзгеруімен байланысты табысты жоғалту тәуекелділігі. Лизинг беруші өз табысын ескі баға бойынша бекітілген лизингтік келісім объектілерінің бағаларының жоғарылауы кезінде жоғалтады. Ал лизингке алушы ескі баға бойынша лизингке алынған құрылғылардың бағасы төмендеген жағдайда зиян шегеді. Тәуекелділіктің осы түрін лизингтік келісім-шарт бекітілген кезең аралығында лизингтік төлемдердің тұрақты сомасын белгілеу арқылы төмендетуге болады.

  1. Лизингтік қатынастарға тән типтік тәуекелділіктерді жіктеу кезінде оның бір түрі ретінде серіктестік тәуекелділігін енгізу қажет. Себебі, лизингтік қатынастарды ең алдымен серіктестік қатынас ретінде қарастырылады. Серіктестік тәуекелділігі лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалар арасындағы келісім қатынастарына негізделеді. Серіктестік тәуекелділігі, әдетте лизингтік қатынасқа қатысушы бір тұлғамен келісім-шарт бекіткен оның серіктесі белгілі бір себептермен өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуы мүмкін жағдайларда пайда болады.

Серіктестік тәуекелділігі лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғалардың жүргізетін операцияларымен (активті және пассивті) өте тығыз байланысты. Тәуекелділіктің осы түрін басқару мынандай екі факторға тәуелді: лизингтік операциялардың түрлерінің ерекшеліктеріне және бекітілген келісім-шарттардың өмірлік кезеңдеріне. Лизингтік операциялардың түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты лизинг субъектілерінің арасындағы серіктестік қатынастар әр түрлі болады.

Бекітілген лизингтік келісім-шарттардың өмірлік кезеңдерін үшке бөліп қарастыруға болады: келісімді бекіту (тәуекелділікті таңдау), келісімді іске асыру (міндеттемелердің орындалуын үнемі қадағалау), келісімнің жабылуы (міндеттемелердің толық орындалуы).

Келісімдерді дайындау және бекіту кезеңінде серіктестерінің сенімділігіне, сапасына және сонымен бірге олардың келісімдерді іске асыру кезінде өзгеру ықтималдылықтарына талдау жүргізіледі. Серіктесінің сапасы ең алдымен, оның қаржылық жағдайымен, айналысатын қызмет түрінің болашағымен және елдегі немесе белгілі бір саладағы жалпы макроэкономикалық жағдайлардың өзгеруімен анықталады. Ал, серіктесінің сенімділігін талдау және бағалау кезінде, оның қай елде орналасқаны, қандай салада жұмыс істейтіндігі, беделі, несиелік тарихы, төлем қабілеттілігінің болащағы және т.б. көптеген факторлар ескерілуі қажет.

Лизингтік қатынастарға тән тәуекелділік түрлері анықталғаннан кейін тәуекелділікті бағалау процесі басталады. Бағалау бұл лизингтік қатынастарды іске асыру барысында пайда болатын тәуекелділіктерді сан жағынан көрсету. Соның нәтижесінде болашақта мүмкін болатын шығындардың ықтималдылығы мен мөлшері сияқты мәліметтер анықталады.

Тәуекелділік түрлерін анықтау және оларды бағалау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Соған байланысты оларды жалпы процестің жеке бөліктері ретінде бөліп қарастыру мүмкін емес. Сонымен бірге, талдау бір-біріне қарама-қарсы екі бағытта жүргізіледі, яғни бағалаудан тәуекелділік түрлерін анықтауға және керісінше. Бірінші жағдай арқылы пайда болған шығындардың себептері анықталса, ал екіншісінде арнайы жүргізілген талдаулар негізінде тәуекелділіктер және олардың салдарлары анықталады.

Тәуекелділік түрлері анықталып, оларға бағалау жүргізілгеннен кейін болашақта мүмкін болатын шығындар көлемін азайту мақсатында тәуекелділіктерге әсер ету әдістері таңдалады. Әдетте, тәуекелділіктің әрбір түріне оны азайтудың дәстүрлі екі-үш әдісін пайдалануға болады. Сондықтан да, тәуекелділікке әсер ететін әдістердің ішінен ең жақсыларын таңдау үшін, олардың тиімділіктерін салыстырмалы түрде бағалау мәселелері туады.

Экономика секторларындағы салалық ерекшеліктерге қарамастан, экономиканың барлық салаларында тәуекелділіктерді төмендетудің бір-біріне ұқсас механизмдері пайдаланылады. Олардың барлығын бірнеше бағыттар бойынша топтастыруға болады. Сол бағыттардың ішінен лизингтік қатынастарға тән тәуекелділіктерге әсер етудің төмендегідей әдістерін пайдалануға болады:

  • серіктестерді таңдау туралы қосымша ақпараттар жинақтау;
  • өзін-өзі сақтандыру және кездейсоқ шығындардың орнын жабу үшін ақша қаражаттарын резервке сақтау;
  • тәуекелділікті бөлу (диверсификация);
  • сақтандыру.

Тәуекелділікті төмендетудің осы жоғарыда аталған бағыттарын таңдау кезінде лизингтік келісімге қатысушылар төмендегідей қағидаларды сақтауы қажет: өзіндік капитал есебінен жоғары мөлшерде тәуекелділікке баруға болмайды; тәуекелділік салдарлары туралы ойлану қажет; аз мөлшердегі табыс үшін жоғары мөлшерде тәуекелділік жасамауы керек.

Бірінші қағиданы іске асыру үшін лизингтік қатынастарға қатысушылар тәуекелділіктер бойынша мүмкін болатын ең жоғарғы шығын көлемін анықтау, оны лизингтік келісімге салынатын ақша қаражаттарымен  салыстыру және сол көрсеткіштерді барлық өзіндік қаржылық ресурстармен салыстыру арқылы салынған капиталды жоғалту лизингтік келісімге қатысушы субъектіні банкроттылыққа әкелетіндігін немесе әкелмейтіндігін анықтау сияқты іс-әрекеттер жасау қажет.

Лизингтік қатынастарға қатысушы субъектілер екінші қағиданы іске асыра отырып, ең алдымен мүмкін болатын шығынның ең жоғарғы көлемін білу арқылы тәуекелділік салдарларын анықтауы қажет және сол арқылы тәуекелділікті  төмендету әдістері немесе сол шараларға қатысудан бас тарту туралы шешімдерді қабылдау талап етіледі.

Үшінші қағида шығын мөлшері салыстырмалы түрде жоғары болған жағдайда тәуекелділіктен бас тарту қажеттілігін көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген тәуекелділіктерді төмендету әдістеріне жеке-жеке тоқталып кетейін:

  1. Серіктестерді (контрпартнерлар) таңдау бойынша қосымша ақпараттар жинақтау тәжірибе жүзінде келесідей шаралардың көмегімен іске асырылуы қажет:

             — лизингтік қатынастарға қатысушы барлық субъектілердің ұйымдастырушылық  құрылымында міндетті түрде заң бөлімдерінің, аналитикалық бөлімшелердің және лизингтік операцияларды оқып-білу, болжау, жоспарлау үшін маркетингтік зерттеу қызметтерінің болуы керек;

              —  баспасөз беттеріндегі және қауіпсіздік бөлімдерінің материалдары негізінде серіктестер бойынша ақпараттарды үнемі қадағалап, бақылап отыруы керек.

  1. Тәуекелділіктерді басқару мәселелерін шешудегі маңызды қадамдардың бірі келісімдерді толық немесе жартылай өзін-өзі сақтандыру және ақша қаражаттарын резервке сақтау мүмкіндіктерін оқып-білу болып табылады. Өзін-өзі сақтандыру бұл тәуекелділіктерді өзіне қабылдау болып табылады және тәуекелділікпен күрестің салыстырмалы түрде ең арзан әдісі болып саналады. Бұл жағдайда мүмкін болатын шығын ағымдық ақша қаражаттарымен немесе арнайы құрылған резервтердегі қаражаттармен жабылады. Сондықтан да өзін-өзі сақтандыру мүмкіндіктерін пайдалану шектеулі. Осы әдіс негізінен мүмкін болатын шығындар сомасы аз болған жағдайда ғана өзін-өзі ақтайды. Өзін-өзі сақтандыру әдісін пайдаланудың лизингтік келісімдерге қатысушы тұлғалар үшін келеңсіз жақтарының болатынын да ескерген жөн. Бұл ең алдымен айналым капиталындағы ақша қаражаттарының азаюына әсер етеді. Кездейсоқ пайда болатын шығындардың орнын жабу үшін ақша қаражаттарын резервтендіру бағыты да тәуекелділікті төмендетудің тиімді құралдарының бірі болып табылғанымен лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалар өзіндік капиталдарының белгілі бір бөлігін резервте үнемі ұстауы қажет. Яғни, бұл ақша қаражаттары жаңа және тиімді келісімдерді бекіту кезінде пайдаланылмайды, себебі, оларды айналысқа жіберу өте қауіпті. Ақша қаражаттарын резервке сақтау кезінде лизингтік жобаның құнына әсер ететін тәуекелділіктер мен сол жобаны іске асыру кезіндегі үзілістерді болдырмау үшін қажетті шығындар мөлшері арасындағы ара-қатынастарды белгілеу қарастырылады. Резерв сомасын анықтау кезінде лизингтік жоба құнының алғашқы бағалануының дәлділігін, нақтылығын ескеру қажет. Себебі, жоба құнын нақты бағалау кездейсоқ шығындарды жабу үшін резерв қалыптастыру мөлшеріне әсер етеді.
  2. Лизингтік келісімге қатысушылар арасында тәуекелділікті бөлу әдісі. Лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалар үшін тәуекелділікті төмендетудің бір құралы –диверсификация әдісі болып табылады. Диверсификация дегеніміз бір-біріне байланысты емес әр түрлі объектілер арасында тәуекелділіктерді бөлу. Мысалы, лизинг объектілерінің әр түрлі түрлерімен операция жүргізу немесе лизингтік операциялардың бірнеше түрлерін пайдалану, ал банк тұрғысынан алып қарағанда ақша қаражаттарын әр түрлі лизингтік жобаларға салу. Яғни, бір жобаны ғана қаржыландыруға қарағанда, бес жобаны қаржыландырған банк үшін тиімді . Себебі, орташа табыс алу ықтималдылығы 5 есе жоғарылайды және сәйкесінше тәуекелділік деңгейі 5 есе төмендейді.

Тәуекелділікті бөлу лизингтік портфелді қалыптастыру кезінде нарықтық және несиелік тәуекелділіктерді неғұрлым кең тараған механизмдерінің бірі болып саналады.

  1. Тәуекелділікті сақтандыру. Лизингтік операциялар тәуекелділік деңгейі неғұрлым жоғары операциялар қатарына жататындықтан лизингтік қатынастарды сақтандыру сұрағы өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып табылады. «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңының 2-бөлімі, 20-бабында лизинг объектісін сақтандыру лизинг алушының немесе лизинг берушінің міндеті ретінде лизингтік келісім-шартта көрсетілуі мүмкін және егер лизинг объектісін сақтандыруға міндетті жақ лизингтік келісім-шартқа сай сақтандыруды жүзеге асырмаса, онда екінші жақ лизинг объектісін сақтандыруға және ол сақтандыруға міндеттеме алған жақтан өз шығындарының орнын сақтандыру төлемдері ретінде талап етуге құқылы екендігі көрсетілген. Яғни осы Заң лизингтік мүлікті сақтандыруды ешқандай тұлғаға міндеттемейді, бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай барлық лизингтік компаниялар өз тәуекелділіктерін азайту үшін лизинг объектісін міндетті түрде сақтандыруды талап етеді.

    Тәуекелділікті сақтандыру –бұл белгілі бір тәуекелділіктерді сақтандыру компаниясына беру. Лизингтік компания немесе лизинг алушы лизинг объектісінің толық құнын сақтандыру компаниясы арқылы сақтандырады. Сол арқылы тәуекелділік деңгейін төмендетеді. Лизинг объектісін лизинг алушы тұлға сақтандырған жағдайда, ол өзіндік қаражаттар есебінен сақтандыру компаниясына сақтандыру премиясын төлеп отырады, ал лизинг беруші тұлға лизинг объектісін сақтандырған жағдайда, ол сақтандырумен байланысты шығындарды, әдетте лизингтік төлемдер сомасына кіргізіп отырады.

Тәуекелділіктің нақты бір түрлеріне әсер етудің тиімді тәсілдері таңдалғаннан кейін лизингтік келісімдерге қатысушы әрбір субъектілерде тәуекелділіктердің барлық түрлерін басқарудың жалпы стратегиясын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Яғни,  лизингтік келісімдер үшін қажетті объектілердің түрлерін, қажетті қаржылық ресурстардың мөлшерін және т.б. анықтау бойынша шешімдер қабылданады. Қабылданған шешімдерге байланысты тәуекелділіктерге тікелей әсер ету жоғарыда көрсетілген бір немесе бірнеше әдістерді пайдалану арқылы іске асырылады.

Тәуекелділіктерді басқарудың ең соңғы кезеңі лизингтік келісімдерді жүзеге асыру үшін бақылау болып табылады. Ол үшін лизингтік келісімдерді іске асыру барысында пайда болған шығындарды және оларды жою үшін жасалынған нақты іс-әрекеттерді қарастыруға мүмкіндіктер беретін нақты ақпараттар жүйесі қажет.

Бақылау қызметі, бәрімізге белгілі басқарудың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Яғни, бақылау пайда болған шығындар және олардың мөлшерін төмендету бойынша қабылданған шаралар туралы керекті ақпараттарды алудан тұрады. Осы ақпараттар негізінде тәуекелділік деңгейін өзгертуге әсер ететін жаңа құралдар да тууы мүмкін.

Тәуекелділіктерді басқару бойынша арнайы бөлім сол шаруашылық субъектісінде тәуекелділікті басқарудың ұйымдастыру құрылымын қалыптастырады және осы қызметпен байланысты негізгі ережелерді жасаумен айналысады. Сонымен бірге осы сала бойынша таңдалған стратегияларды іске асыру қызметімен де айналысады. Яғни, тәуекелділік түрлерін анықтау, жасалынған экономикалық келісімдерді тіркеу және оларды статистикалық өңдеулерден өткізу.

Сонымен лизингтік қатынастарға қатысты тәуекелділіктерді басқарудың жалпы теорияларын қарастыра отырып, лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескеру арқылы лизингтік қатынасты басқару жүйесін қалыптастыру кезінде келесідей факторларды ескеру қажет:

  • бір лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар санының неғұрлым көп болуы (лизингтік компания, лизинг алушы, жеткізуші, сақтандыру компаниясы, кредитор және лизингтік келісімге жанама қатысушылар);
  • лизингтік операцияны іске асыру мерзімінің ұзақтылығы (3 жылдан жоғары);
  • лизинг сипатының көп түрлілігі, яғни, лизинг ғылыми-техникалық, коммерциялық және қаржылық қызметтермен өте тығыз байланысты.

Сондықтан да, лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде тәуекелділіктерді басқару лизингтік келісімге қатысушы әрбір тұлғаның негізгі қызметі болып табылуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

3 –тарау Қазақстандағы лизингтің ағымдық жағдайы мен даму болашағы

3.1 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру.

 

Экономикалық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңіндегі лизингтік қатынастарды белсенді түрде пайдалану қажеттіліктерін айтып қана қоймай, сонымен бірге, осы қатынастарды білікті түрде басқаруға да өте көп көңіл бөлу қажет. Соған байланысты, еліміздегі лизингтік қатынастарды басқарудың бірнеше деңгейін қалыптастырудың қажеттілігі бар (сурет 6).

 

Сурет 6. Лизингтік қатынастарды басқару деңгейлері.*

 

 

 

 

Лизингке алушы субъектілер деңгейінде

 

Лизингке беруші субъектілер деңгейінде басқару

 

Мемлекеттік деңгей басқару

 

Халықаралық ұғымдар деңгейінде басқару

 

 

 

               
               

 

 

 

 

 

 

*Көзі: Оралбаева Ж.З. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру. Алматы,2005,17б.

 

Әр түрлі халықаралық ұйымдар үкіметтік емес ұйымдардың, университеттердің, халықаралық агенттіктердің және жергілікті басқару органдарының көмегімен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегі лизингтік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып, лизингтік қатынастарды мегадеңгейде басқаруда маңызды роль атқарады. ҚР-да халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агенттігінің қаржылық қолдауымен 2003 жылы лизингті дамыту бойынша Жоба өз қызметін бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты лизингтік қатынастарды реттейтін заңдылықтарды жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдарына және Парламентке ұсыныстар беру, қаржылық және кәсіпкерлік орталарда лизинг туралы танымдылықты жоғарлату және лизингтік сектордың ресурстық базасын кеңейту бойынша көмектер жасау болып табылады. Қазіргі кезде осы Жобаның бірінші және екінші кезеңдері толық іске асырылған. Ал үшінші кезеңін іске асыру үшін Халықаралық қаржылық корпорацияның инвестициялық департаментімен бірлесе отырып, Орталық Азияда лизингті қаржыландыру Қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Лизингтік қатынастарды мегадеңгейде басқаруды дамыту үшін шетелдік инвесторлар тартуға көбірек көңіл бөліну қажет. 

Лизингтік қатынастарды басқарудың нарық талаптарына сәйкес келетін тиімді технологиясын жасау үшін, ең алдымен мемлекет макродеңгейлік қатынастарды реттеуші ретінде неғұрлым маңызды роль атқарады. Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығының қалыптасқаннан бергі уақыт аралығында лизингтік қатынастарды ұйымдастыратын және реттейтін бірнеше нормативті актілердің бекітілгені белгілі. Солардың негізінде лизингтік қызметтер нарығын ұйымдастыру қағидаларын анықтайтын база құрылған. Бірақ лизингтік қатынастарды дамыту бойынша елімізде қабылданған заңнамалық актілердің қабылдау уақыттарына жасалынған талдаулар, көптеген жағдайларда нарықтың мемлекеттен реттеуші шараларды талап еткендігін көруге болады. Яғни, бүгінгі күні мемлекет лизингтік қатынастарға заңнамалық базаның көмегімен жеткілікті деңгейде реттеулер жүргізіп отырған жоқ. Сондықтан да, біз қазіргі таңда ҚР-дағы лизингтік қатынастарды мемлекеттік деңгейде басқарудың кейбір тетіктерін сапалық жағынан келесідей бағыттар бойынша дамыту қажет екендігін ұсынамыз:

1) Лизингтік қатынастарды әр түрлі келісім-шарттық қатынастардың элементтерінен тұратын инвестициялау тетігі ретінде оның әлеуметтік –психологиялық аспектілерін түсіндіруге мүмкіндіктер беретін қосымша заңнамалық (түсіндірмелік) нормативтік базаны қалыптастыру қажет. Ол үшін лизингтік қатынастарға байланысты қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан заңнамалық құжаттарды түсіндіретін «төменгі» деңгейдегі, яғни әдістемелік нұсқаулар жасап, оларды қолданысқа енгізу керек.

2) ҚР-да лизингтік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құқықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек. Бұл жерде ең алдымен, «қаржылық лизинг» түсінігінен белгілі бір ерекшеліктері бар «шұғыл лизинг» деп аталатын жаңа тетікті қолдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру  керектігі туралы айта кеткен жөн. Себебі, шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кейбір объектілерді, әсіресе, құрылысты жүргізуге қажетті құрылғыларды шұғыл лизинг негізінде пайдалану қаржылық лизингке  қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді. Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды шұғыл лизинг арқылы дамытуға көп көңіл бөліну керек. Осы мақсат үшін шұғыл лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін заңнамалық актілер қабылдау қажет.

3)  Соңғы кездері еліміздегі лизингтік нарықтағы өзекті мәселелердің бірі бұрын пайдаланылуда болған мүліктерді лизингке беру тәжірибесін дамыту болып отыр. Жалпы бұл норма «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңында қарастырылғанына қарамастан, қазіргі кезде бұл нарық жұмыс істемей отыр. Сондықтан да, бүгінгі күні мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын ынталандыру және белсендіру үшін қосымша жеңілдік шарттар құру қажет. Себебі, елімізде қайталама лизингтік нарықтың дамуы өтімділігі неғұрлым жоғары лизинг объектілерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әсерін тигізеді.

4) Лизинг беруші субъектілірдің қызметтеріне бақылау жасауды күшейту мақсатында, олардың қызметтерін лицензиялау тәртібін қолдану қажет. Ол үшін «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңының 10-бабына өзгертулер енгізу керек. Бұл лизингтік қызметтер нарығын нақты жұмыс істемейтін лизингтік компаниялардан «тазартуға» мүмкіндіктер береді.

Сонымен, мемлекет тарапынан лизингтік қатынастарды басқару жүйесін реттейтін заңнамалық негіздерге осындай түзетулер мен толықтырулар енгізу еліміздегі лизингтік қызметтер нарығының дамуына қолайлы әсер етеді.

Лизинг беруші субъектілердің  қызметтерінің ерекшеліктерін қарастыра отырып, олардың ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі жүйесінде экономиканың нақты және қызмет көрсетуші секторларының құрылымынан тұратын аралық звено болып табылатынын атап өткен жөн. Елдегі лизингтік қызметтер нарығы экономиканың қаржылық және нақты секторларының белгілі бір элементтерінен қалыптасатыны белгілі (сурет 7).

7-суреттен көріп отырғанымыздай, лизинг беруші тұлғалар өз қызметтеріне әсер ететін барлық субъектілердің қызметтеріндегі ерекшеліктерді толық ескере отырып, өз бизнестерін құру қажет. Лизинг берушілер тұрғысынан лизингтік қатынастарды тиімді етіп басқаруды қамтамасыз ету үшін келесідей тетіктерді жетілдіруге көңіл бөліну керек:

— лизинг объектілерін таңдау лизингтік қатынастарды іске асыру кезіндегі болашақтағы қаржылық ағымдарды қалыптастыруды және лизинг алушылардың мүдделерін ескеру негізінде іске асырылуы керек. Лизинг беруші ең алдымен, лизинг объектісін жеткізушімен келісімдер жасау арқылы, лизинг алушымен қатынастарын реттеуі керек;

— лизингтік қатынастар сызбасы лизинг объектілерінің бағасын және лизингтік келісімдерді бекіту кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді төмендетуге әсер ететін субъектілердің санын ескере отырып қалыптасуы қажет.

 

Сурет 7. Лизингтік қызметтерді ұсынушы субъектілердің нарығын қалыптастыру.*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*Көзі: Оралбаева Ж.З. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру. Алматы,2005, 19б.

 

Лизингтік қатынастарды іске асыру нәтижесін соңғы тұтынушы лизинг алушы болып табылады. Олар лизингтік қатынастарды тиімді түрде басқаруға қатыса отырып, қосымша экономикалық тиімділіктер алуды көздейді. Бүгінгі күні Қазақстанда лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде лизинг алушылар белсенділіктері өте төмен тұлғалар ретінде, яғни лизинг беруші субъектілердің ұсынған қызметтерін тек «тұтынушылар» ретінде ғана көрінуде. Лизингтік қатынастарды басқаруға қатысу кезінде лизинг алушылардың іс-әрекеттері келесідей тетіктерге бағытталуы керек:

— өз иелігіне пайдалануға алынатын мүлік құнының оптимальды мөлшерін қамтамасыз ету үшін лизингтік қатынастарды құруға белсенді түрде қатысу;

— лизинг алушылар өз өндірістерінің мүмкіндіктеріне сәйкес, өздерінің есептік саясаттарын дұрыс жасау арқылы лизинг объектісін пайдалану есебінен өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің негізделінген бағасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндіктер ала алады.

Сонымен, лизингтік қатынастарды басқару деңгейлерін кешенді түрде пайдалану лизингтік қатынастарды бекіту кезіндегі тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктер береді.

Бүгінгі күні лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіруге әсер ететін факторлардың бірі қаржыландыру мәселелері болып табылады. Себебі, ҚР-дағы лизингтік келісімдерді қаржыландырудың негізгі көзі коммерциялық банктердің  несиелері болып табылуда. Яғни, бұдан лизинг –бұл қаржылық қызметтің бір түрі бола отырып, қазіргі кезде еліміздегі банктік индустрияның даму деңгейіне тәуелді болып отырғанын көреміз. Ал, коммерциялық банктер лизингтік компанияларды қаржыландыру кезінде ҚР ҰБ-нің белгілеген шектеуін сақтауға міндетті, яғни қаржыландыру банктің өзіндік капиталының 10% мөлшерінен аспауы керек. Міне, осы талап қазіргі кезде лизингтік қатынастарды басқару тетіктерінің дамуына кедергі жасап отырған негізгі факторлардың бірі болып табылады. Осы мәселені шешудің ең тиімді жолы шетел инвестицияларын тарту болып саналады. Ал, шетел инвестицияларын тартуға кедергі болып отырған мәселелердің бірі лизингтік компаниялардың қызметтерінің «ашықтылығының жоқтығымен» байланысты. Яғни, ҚР-да жұмыс істеп жатқан лизингтік компаниялардың көбісі өздерінің қызметтерін іске асыру барысында халықаралық стандарттарға сай аудит жүргізіп отыруды көздемейді. Соған байланысты шетелдік кредиторлар мен инвесторлар отандық лизингтік компанияларды қаржыландырудан бас тартады. Ол үшін ең алдымен ҚР-ның «Қаржылық лизинг туралы» Заңына «Бухгалтерлік есеп және қорытынды есеп беру» және «Лизингтік компаниялардың қызметін аудиторлық тексеру» деп аталатын тараулар енгізген жөн. Бұндай толықтыруларды енгізу компаниялардың қызметтеріндегі ашықтылықты көрсетуге және оларға халықаралық қаржылық ұйымдардан және шетелдік инвесторлардан қосымша қаржылық ресурстар тартуға зор мүмкіндіктер берер еді.Сонымен қатар, Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамытуға еліміздегі барлық кәсіпорындардың, соның ішінде лизингтік компаниялардың қаржылық және қорытынды есептің халықаралық стандарттарына көшуі де әсер етуі мүмкін.

Қазақстандағы лизингтік қатынастардың дамуына кедергі жасап отырған кейбір мәселелерді шешудің келесідей нақты тетіктері ұсынылған:

  1. Лизингтік келісімдерге қатысушы негізгі субъектілердің бірі инвесторлардың (кредиторлардың) құқықтарының жеткіліксіздігі осы мәселені шешу үшін лизингтік жобаларға немесе лизингтік компаниялардың қызметтеріне өз ақша қаражаттарын салатын инвесторларға белгілі бір жеңілдіктер берілу қажет. Себебі, бүгінгі күні лизингтік компанияларды салық төлеуден толық босатқан күннің өзінде де, лизингтік қызметтер нарығындағы қазіргі жағдайды жақсартуға қол жеткізе алмаймыз, өйткені лизингтік жобаларды қаржыландыру үшін қажетті өзіндік ақша қаражаттары лизингтік компанияларда жоқ немесе жеткіліксіз. Сондықтан да ең алдымен қазіргі кезде еліміздегі лизингтік келісімдерге инвестор ретінде қатысып отырған субъектілердің бірі коммерциялық банктерді белсендіру және ынталандыру мақсаттарын көздеу қажет. Ол үшін:

— банктер үшін белгіленетін міндетті резервтік талап көлемінен лизингтік операцияларға бағытталатын несиелік ресурстардың көлемін шегеру немесе ресурстар көлеміне, қысқартуға мүмкіндік беретін норма белгілеу қажет. Себебі, әдетте лизинг ретінде берілетін мүліктердің өтімділік деңгейлері жоғары болатындықтан, олар банктік резервтерді қамтамасыз ете алады;

— коммерциялық банктердің лизингтік консорциумдарын құру. Сол арқылы лизингтік жобаларды бірлесіп несиелеу сызбаларын жасау және іске асыру қажет.

  1. Клиенттерді лизингтік операциялардың мәні туралы таныстыру жұмыстарының әлсіздігі және лизингтік компаниялардағы менеджмент деңгейінің төменділігі. Ол үшін білікті кадрлар дайындайтын және лизингтік компаниялардың қызметтері мен лизингтік қатынастардың артықшылықтары туралы жарнамалық қызметтермен айналысатын арнайы құрылым құру қажет.

Сонымен, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру және оларды пайдалану бойынша жоғарыда көрсетілген шараларды орындау арқылы кәсіпорындардың негізгі өндірістік  қорын жаңартуға, отандық өндіріске инвестициялар тарту, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттіліктерін жоғарлатуға, шағын және орта бизнес салаларындағы кәсіпкерлікті белсендіруге, қазіргі заман талаптарына жауап беретін және қымбат бағалы құрылғыларды пайдалану мүмкіндіктерінің жоғарылауына  өте аз уақыт аралығында қол жеткізуге болады.       

 

3.2 Лизингтік операциялардың қазіргі кездегі жағдайы мен алдағы уақыттағы перспективалары

 

Қазақстан Республикасында лизингтік бизнес лизингтік құрылымның дамуының арқасында кең тарайды. Бұның өзі қазіргі кезде, негізінен, лизингтік компаниядан және фирмалардан тұрады. Бұл компаниялар коммерциялық банктердің және олардың бірлескен мекемелерінің жанында құрылған, сонымен қатар шетел инвесторларының қатысуымен де құрылған. ҚР-ның экономикалық даму индекаторларын және дүниежүзілік экономикада лизингтік операциялардың көлемінің өсуі негізінде жасалынған зерттеулер көрсеткендей, біздің елде қаржылық лизингпен айналысатын лизингтік компаниялар санының ұлғаюы және кейбір шұғыл лизинг бойынша мәміле жасалатын региондық компаниялардың өсуі күтілуде.

Лизингтік құрылымның құрамында брокерлік лизингтік компаниялар пайда болуда. Бұл компаниялар, негізінен, шетел және отандық лизингтік компаниялар мен фирмаларға қызмет көрсетумен және серіктестік жағдайында мәліметтерді жеткізумен айналысады. Олардың иесі біздің есебіміз бойынша лизингтік операциялардың жалпы көлемінде шамамен 20% құрайды.

Мүліктерді, жабдықтарды және т.б. жалға берумен айналысатын шетел фирмаларының қатысуымен бірлескен лизингтік компанияның пайда болатыны күтілуде. Олардың үлесіне барлық лизингтік операциялардың 30%-дайы келеді.

Ұсақ лизингтік компаниялар санының өсуі, ондағы операциялардың көлемі лизингтік операциялардың жалпы көлемінде 20-30% шегінде тербеліп тұратын болады. Сонымен қатар дамыған жеке аудандарында лизингтік қызметте өндіріске арналған қозғалмайтын мүліктермен, құрылыстармен және бөлмелермен жасалынған операцияларда мамандандырылған жаңа құрылымдық элементтер де пайда болатыны анық.

Лизингтік құрылымды дамыту және қалыптастыру үрдісінде көп түрлі лизингтік компаниялардың пайда болуы, ең алдымен, жабдықтарды лизинг арқылы жеткізуді пайдалануда шаруашылық субъектінің өсіп отыратын қажеттілігімен шартталған. Бұл олардың кәсіпорындарын техникалық және технологиялық  қайта жабдықтауда және осы мақсат үшін шетел инвестициясын лизинг түрінде тарту үшін керек. Сонымен қатар батыс инвесторлары үшін жабдықтарды нарықта қайтадан нық қоюға байланысты, олардың елінде лизинг берудің, елдің кәсіпорындарында ақшаны тікелей аудармай-ақ және өздерінің айналым қаражаттарын аудармай-ақ қаражат салудың тиімді жолы болып табылады. Осыған байланысты лизингтің шетел жабдықтарын пайдалану мүмкіндігі, қазіргі уақытта тікелей несие алу мүмкіндігіне қарағанда жоғары болып келеді. Бұл жағдайда мемлекет шетелдерден жабдықтарды лизингтік жабдықтаушыға қолайлы жағдай жасау бойынша, лизингтік компанияларға олардың қызметтеріне көмек (қолдау) көрсету және лизингтік жабдық жүйесінде өзінің кредитор ретінде қатысуын кеңейту бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр болады.

Осыған байланысты республикадағы лизингті қызмет нарығының дамуы мен кеңейтуі үшін еліміздің үкіметімен лизингтің 1999-2001 ж.ж. даму бағдарламасы өңделген. Онда келесі мақсаттар алға қойылған:

— ҚР-да лизингтің сәтті дамуына арналған заң шығару-заңға сүйену жағдайды тудыру;

— ҚР-да лизингтің дамуын мемлекеттік қолдау механизмін өндіру;

— ҚР-да лизингтің институтционалды негізінің қалыптасуы;

— Қазақстанның лизинг саласындағы басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынасының дамуы.

Осы бағдарламаны іске асыру барысында еліміздегі лизингтің дамуын кешеуілдететін кемшіліктерді жою қарастырылған, атап айтқанда: құқық базасының өңделмегендігі, жасалған лизингті келісімдердің қысқа мерзімділігі, мемлекеттік қолдаудың және лизингтік бизнесті қаржыландыру жеңілдіктері мен салық амортизациялық жеңілдіктерді қолданумен ынталандыру.

Бұл бағдарламаны өндіру үшін шартты түрде екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңінде лизингтің дамуы үшін заң шығару ортасын құру ұйғарылды, оның барысында жұмыс істеп тұрған және қайтадан қабылданған жаңа заң шығару базалары сәйкестендірілді. Бұл кезеңде Қазақстандағы лизинг институтын қосу үшін құжаттар пакеті өңделген. Оның құрамына ҚР-ның «Қаржы лизингі туралы» Заң, лизинг туралы типті келісім-шарт, лизингті қызметті рецензиялау туралы ереже, күші бар заң шығару, құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар, лизингті қызметті салық салу, кеден, валютаны реттеуге қатысты, лизингті төлдемнің есеп айырысу әдістемесі мен бухгалтерлік есеп берудегі лизингтік операцияларды бейнелену әдістемесі кіреді.

Бағдарламаның екінші кезеңі ҚР-ның 2000 ж. 5 шілдедегі «Қаржы лизинг туралы» Заң қабылдаумен есте қалды. Лизингтік келісімдерді реттеуге арналған бұл Заң, негізінен Қазақстан Республикасындағы лизингті қаржыландыруды нақты дамытуға арналған басты нысан.

Дегенмен, ҚР жағдайында лизингтік бизнес бір қалыпты және тұрақты дамуы үшін салық салу, ынталандыру, басқару құқықтық аумақта лизинг бойынша адресті іс-әрекеттерден тұратын бағдарлама қажет. Әлбетте, бұл бағдарлама жан-жақты, кешенді болуы керек, мұндағы барлық міндеттер тек өзара ортақ мақсаттармен ғана емес, сонымен бірге олардың бір-бірімен шартталғанымен және белгілі өзара тәуелдігімен тығыз байланысты. Осы бағдарламаны жасауда әдістеме жағынан заңдылықты құқықтың қамсыздандыруының өзара байланысын қарастыратын жүйелік тәсілді пайдаланған дұрыс болып келеді. Сонымен қатар лизингті де мемлекеттің және лизингтік қызметтің субъектілерінің екі масштабты инвестицияны тартудың құралы ретінде пайдаланған дұрыс.

Лизинг бойынша операциялар жасау тәжірибесінде жаңа дәстүрлі емес және спецификалық сияқты өнірісті техникалық, технологиялық жаңарту системасы енгізіледі. Бұл жүйеде арендалық қарым-қатынастар, кепілдік арқылы несиелік қаржыландыру элементтері қарыздық міндеттер бойынша және басқа қаржылық механизмдер арқылы іске асырылған. Лизингтің қиындығы және оны инвестициялаудың формасы ретінде пайдалану қажеттілігін жүзеге асыруда көптеген проблемалар туындайды. Олардың шешілуі елдегі лизингтік бизнесті дамыту үшін қажет. Ол үшін келесі негізгі мақсаттарды шешу ұйғарылады:

— заңдылық нормативтік базаны қамсыздандыру;

— экономикалық базаны қамтамасыз ету;

— лизингтік институттарды дамыту;

— мемлекеттік қолдау және сыртқы экономикалық лизингтік қызметті ынталандыру;

— лизингтік құрылымның персоналдарын даярлау және қайта дайындау;

— ақпараттық және ғылыми-методикалық қамтамасыз ету;

— лизингтік қызметте мемлекеттік реттеу органдарының жүйесін жетілдіруде қазіргі жағдайда лизингті дамыту проблемаларын қарастыра отырып, лизингтік қызметті дамытуда және ұйымдастыруда төмендегідей басты бағыттарын анықтау қажет:

  1. Халықаралық тұтыну тауарларын өндіруде

— отандық шикізатты пайдалануға бейімдеме беру;

— импортты ауыстыратын өнімдерді өндіру;

— экспортқа бағытталған өнімдер өндіру.

  1. Ауыл шаруашылық аумағында фермалық шаруашылықты, өндірістің дәстүрлі түрлерін есепке алып дамыту

— жаңа технологияны игеру негізінде өнімділікті және экологиялық таза өнімді өндіруді жоғарылату;

— қайта өңдейтін өндіріс сандарын көбейту.

  1. Инновациялық қызмет аумағында ғылыми сыйымдылықты өндірісті дамыту және ұйымдастыру.   

—  минералды шикізаттарды игеру және пайдалану.

— тұрғындардың қызмет көрсету саласын жетілдіру және кеңейту.

Мақсаттарды заңдылық нормативті базалармен шешу үшін қазіргі ҚР-ның заңдылығына өзгертулер мен толықтырулар енгізген дұрыс. Сонымен бірге лизингтік қызметтерді дамытуға және ұйымдастыруға бағытталған жаңа заңдар мен нормативті актілерді жасау керек.

Экономикалық базаны жасау лизингтік қызметті шұғыл ұйымдастыруды қарастырады. Бұл экономикалық нарықтық қатынасқа міндетті түрде халық шаруашылығындағы басты салаларда лизингті қолдану мүмкіндіктерін анықтау, лизингті пайдалану арқылы тауарлық және қаржылық несиелерді тарту мүмкіндіктерін зерттеу, сонымен бірге лизингті дамытуға тартылған мемлекеттік қаражаттар көлемін  анықтау мақсатымен ҚР-ның экономикалық жағдайларына талдау жүргізу керек.

Лизинг берушілердің тауарлық-қаржылық ресурстарды қайтару, тарату және тарту механизмін жасау қажет. Экономикалық қызметтердің субъектілерін несиелеу жағдайлары мен механизмін (лизинг есебінен іске асырылған жобалар экспертизалардан ұйымдастыру жағдайларын дайындаумен бірге) басты бағыттар бойынша конкурстық негізде жетілдіру маңызды орын алады.

Лизинг институтының дамуы шаруашылық субъектілерге өздері өндірген өнімдерді өткізуді жеңілдету үшін қызмет көрсетуге арналған лизингтік қызметті институционалды қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды ұйғарады.

Осыған байланысты лизингтік қатынастарды ҚР-да дамытуды ескере отырып, банктік жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалу керек. Сонымен бірге лизингтік қызмет субъектілері қызмет көрсетуге арналған сақтандыру компаниялары сияқты нарықтық институттар және де мемлекеттік сақтандыру компаниялардың мекемелері сияқты институттар құру қажет.

Лизингті жылдам ұйымдастыру мемлекеттік концессия, кепілдік, жерді сату және жалдау, минералды ресурстар, кәсіпорынның негізі және айналым қаржылары мен лизингтік жобаға қатысатын қаржы шаруашылық қызметтің субъектілеріне берілетін жеңілдіктерді анықтау және ұйымдастыру негізінде мүмкін болады.

Сыртқы экономикалық лизингтік қолдау, сонымен қатар мемлекет тарапынан қолдау және ынталандыру шетел капиталын рационалды пайдалануға және тартуға сыртқы экономикалық лизингтік қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды ұйғарады. Бұл байланыста мыналар ұйғарылады:

           — іскерлік байланыстарды орнатуда кіші және орташа кәсіпорындарға жәрдем көрсету және лизингті қолданып шетел әріптестермен бірлескен бизнесті ұйымдастыру;

— лизингтік қызметтер үшін шетелге несиелік бағытта квотаны ұсыну;

            — шетел технологиясын, жабдықтарын лизингтік компанияның қатысуымен «ноу-хоуды» комплексті жабдықтауды ұйымдастыруда кіші және орта бизнеске көмек көрсету;

             — шетел инвестициясын лизинг түрінде сақтандыру ерекшеліктері жөніндегі қағиданы әзірлеу, лизингтік құрылымдардың персоналдарын даярлау, ҚР-да лизингтік қызметтің нәтижелі жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарды.

Сондықтан лизингтік құрылымдарды кадрлық қамтамасыз ету үшін келесілерді іске асыру керек:

            — лизингтік компаниялардың персоналдарын даярлау үшін оқу –консультациялық орталықтарын дамыту;

            — арнайы оқу орындарының және ВУЗ-дардың оқу бағдарламасында лизингтік қызмет негіздері бойынша бағдарламаны кіргізудегі жұмыстарды дайындау;

             — квотаны анықтау және шетелдерде мақсатты сынау мерзімін өткізу үшін топтарды қалыптастыру.

 Ақпараттық және ғылыми-методикалық қамсыздандыру лизингтік қызметтердің дамуында және қалыптасуында ерекше мәнге ие. Сондықтан ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінде мемлекеттік қолдау және ақпараттық орталықтардың кең торларын жетілдіру қажет. Олар әрбір лизингпен айналысатын субъектіге іс-әрекет ету, заңдылықтың барлық актілерімен танысу үшін қажет.

Бейімдендірілген шетел оқу-құралдарын қолданбалы материалдар пакетін және лизингтік қызметпен айналысатын тұлғалар үшін ұсыныстарды қалыптастыру және басып шығаруды дайындау. Бұл лизингтік қызметке ғылыми-әдістемелік және ақпараттық базаны дамытуда ықпалын тигізетін болады. ҚР-да, шетелдерде лизингтік шараларды жүзеге асыру жұртшылық пікірін дұрыс қалыптастыруға әкеледі және де лизинг институттарының қалыптасу үрдісін тездетеді. Лизингтік қызметте мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі үнемі жетіліп отыруы керек, әсіресе, елде лизингтік бизнес қалыптасқан және дамыған уақыттары. Бұл жерде Президент пен Үкіметтің экономикалық және әлеуметтік саясатының құрамдық бөлігі ретінде өкілдік билікті және мемлекеттік басқаруға сәйкес органдарды шығаруда мемлекет тарапынан қолдау қажет. Әсіресе:

            — лизингтік қызметтің заңдылық базаның мәселелері бойынша ҚР-ның мәжілісінде төменгі комитет құру қажет;

            — лизингтік бизнесті күнделікті дамыту үшін әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өзара әрекеттесуі тиімді үйлестіру үшін аймақтық деңгейде ҚР-ның министлер Кабинеті жанында сәйкес бөлімшелермен лизингтік қызметті дамыту және ұйымдастыру бойынша Комитет құру қажет.  

         Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды.

         «Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжіребелерді енгізуіміз қажет», -деп атап көрсетілген Президенттің Қазақстан халқына жолдауында.*

         Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы-экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.

         Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта бизнестің одан әрі дамуына көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады, сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып, негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда болысымен қаржыландыру құны төмендеп, қаржылық қызметтер нарығы кеңейеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарылауына жол бермей, негізгі құралдарды иемденуде банктік несиеге балама болып табылады.

         Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:

  • аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және «Казконтракт» корпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
  • екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
  • жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
  • лизингтің халықаралық формалары –экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Отандық және шетелдік авторлардың зерттеулерін жалпылау нәтижесінде «лизинг» түсінігінің жеке категория ретіндегі экономикалық  мәнін және лизингтік қатынастардағы меншіктің көріну мазмұны мен ерекшеліктерін ашып көрсетуге мүмкіндіктер беретін өзіндік концепсия ұсынылады. Авторлық концепцияға сәйкес, лизингті сатып алушының мәртебесінің лизинг беруші мен лизинг алушының арасында және бір мезгілде жалға берушінің мәртебесін лизинг беруші мен сатушының арасында ерекше бөліп көрсету арқылы, лизинг –бұл лизинг объектілерін пайдаланушыларды қажетті өндіріс құралдарымен дер кезінде және тиімді түрде қамтамасыз етуге бағытталған жалға беру, несиелік, саудалық қатынастардың жиынтығы болып табылатын кәсіпкерлік және инвестициялық қызметтердің бір түрі және лизинг беруші мен лизинг алушының, сонымен бірге лизинг беруші мен астушының арасындағы серіктестік қатынастар деген тұжырымдама жасалынды.

Лизингтің көмегімен қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді сатып алуға, күрделі қаржы жұмсамай пайдалануға болады, яғни ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны, көлік құралдарын және т.б. сатып алуға болады. Бұл шаруашылық етуші субъектілерге өндіріс шығындарын қысқартуға және олардың кәсіпорындарының тұрақты дамуына қажет ететін едәуір ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, лизинг өзінің беретін мүмкіндіктері мен әкелетін пайдасы болғандықтан, кәсіпкерлер үшін бұл қызмет саласында кәсіпкерлік қызмет пен бизнестің маңызды түрі болып табылады.

Әлемдік тәжірибедегі лизингтік қызметтер нарығының сандық және сапалық көрсеткіштерінің негізгі тенденцияларына, оларды отандық нарықтың қалыптасып, дамуы үшін пайдалану мақсатында терең зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде лизингтік қызметтер нарығының дамуы елдегі өндірістің даму деңгейіне және ағымдық экономикалық жағдайларға тікелей байланысты екендігі, бірақ елдегі ішкі қолайлы заңнамалық база лизингтің даму динамикасына өзгерістер енгізетіндігі анықталды. Сонымен бірге, ҚР-дағы лизингтік нарықтық лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғаларға көп мөлшерде табыс және әлеуметтік –экономикалық тиімділіктер әкелуге қабілетті нарық деп бағалай отырып және оның өсу потенциалынның өте жоғары екендігі, сол арқылы шаруашылық субъектілерінің технологиялық базасын жаңарту катализаторы бола алатындығы анықталды.

Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығының ағымдық жағдайын зерттеу нәтижесінде, оның дамуының негізгі бағыттарын анықтай отырып, елдегі ішкі лизингтік нарықтың көлемі экономикадағы оған деген сұраныспен анықталатындығы, ал оның құрылымы тұтынушылардың қажеттіліктеріне тікелей тәуелділікте болатындығы көрсетілді және Қазақстанда лизингтік нарық жұмыс істейді.  Сонымен, лизингтік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді басқару үшін лизингтік келісімге қатысушы әрбір субъектілердің ұйымдастырушылық құрылымында тәуекелділіктерді басқару бойынша арнайы бөлім (бөлімше) құрылуы керек. Бұндай бөлім тек қана тәуекелділікті басқару мәселелерімен айналысуы керек. Тәуекелділікті басқару стратегиясы лизингтік қатынастарға қатысушы субъектілердің қызметтерінің бағыттарына, ұйымдастырылған басқару құрылымына байланысты құрылуы мүмкін.

Лизинг –шаруа қожалықтары үшін тиімді әдіс. Себебі, шаруа қожалықтарының тиімді қызмет етуінің басты шарттарының бірі –олардың техникалық жабдықталуы. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттілігі қанағаттандыруда балама әдістің бірі –лизинг болып табылады. Лизинг қаржы тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығына инвестиция тартудың тиімді формасы.

Жұмыста лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару үдерісін көрсететін арнайы блок-сызба және лизингтік қатынастарға тән тәуекелділіктерді серіктестік тәуекелділігімен толықтыру, сонымен бірге лизинг кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді басқару үшін лизингтік келісімге қатысушы әрбір субъектілердің ұйымдастырушылық құрылымына тек тәуекелділіктерді басқару мәселелерімен ғана айналысатын «Тәуекелділіктерді басқару» бойынша арнайы бөлім енгізу керек.Лизингтік төлемдерді есептеудің әртүрлі әдістерін зерттеу нәтижесінде лизингтік төлемдер көлемі мен лизинг объектісінің құнын қайтару жылдамдықтарының арасында кері байланыс бар екендігі анықталды және лизингтік келісім-шарттың ұзақ жылға бекітілетінін ескере отырып, лизингтік төлемдер сомасын есептеудің базалық әдістемесін ЛТm =ЛТ*і,(ЛТm –бағаның өзгеру индексіне түзетілген лизингтік төлемдердің жылдық сомасы ; і –құрылғылардың бағасының өзгеру индексі) формуласымен толықтыру ұсынылды.

ҚР-дағы лизингтік қатынастарды мега-, макро-, медиа- микродеңгейлерде басқару қажеттіліктерін негіздеу арқылы, оларды реттеуді ұдайы жетілдіріп отырудың керек екендігі дәлелденді.

Лизингті дамыту үшін заңдық-құықтық актілердің қабылдануы банктер мен саудалық құрылымдар құрған, мемлекет немесе ҚР заңдары бойынша заңды тұлға болып есептелетін және шетел компаниялары тарапынан қаржыландырылатын түрлі лизингтік компаниялардың пайда болуына септігін тигізді.

Лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру үшін неғұрлым болашағы бар нарықтарды белгілі бір сегменттерге (бір белгісі –лизингтік келісімдер, ал екіншісі –лизинг алушылар) бөліп қарастыру арқылы лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту стратегиясы жасалынды. Автордың ұсынған стратегиясы бойынша лизингтік компаниялар ұсынулары қажет. Бүгінгі күні Қазақстанда лизингтік қызметтерді пайдаланушы нарық ретінде шағын кәсіпкерліктің болашағы бар деп анықталды. Шағын кәсіпкерлер үшін лизинг неғұрлым тартымды құрал болу үшін лизингтік компания өз жұмысын ең алдымен шағын бизнестің дәстүрлі объектілері болып табылатын мүліктері жеткізушілермен серіктестік қатынастарды орнатудан бастауы қажет, яғни лизингтік компанияның дайындық жұмыстары шағын кәсіпорындар арасынан лизингке деген қызығушылықтары бар потенциалды клиенттерді іздестіруден басталмау керектілігі тұжырымдалған. Осындай бастама лизингтік қызметтердің осы сегменттің дамуына кедергі жасап отырған негізгі мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Себебі, осы шағын кәсіпорындардың көбі біліктіліктерінің жеткіліксіздіктерінен жобалардың инвестициялық мүмкіндіктерін тиімді бағалай алмайды. Сондықтанда лизингтік компаниялар инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау үдерістеріне белсенді түрде қатысу қажеттілігі ұсынылды.

Зауыттардағы ескірген құрал-жабдықтарды, автопарктердегі тозығы жеткен көлік құралдарын, аэропорттардың ұшуға жарамай қалған ұшақтарды жаңаландыру үшін лизинг операцияларын сауатты пайдалана білуіміз керек.

Лизинг -әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер сферасындағы коммерциялық, кәсіпкерлік қызметтің салыстырмалы жүйеде жаңа түрі деп атауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

Заңнамалар

  1. ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы,2000,5шілде
  2. Салық кодексі. Салық және бюждетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Алматы, 2005ж.

Монография мен оқу құралдару

  1. Исабеков Б.Н. Қазақстанда аралас экономика кезіндегі индустриялдық –инновациялық саясат және кәсіпкерлік мәселелер, концепциялар және шешімдер. Түркістан:Б.Ж., 2004 ж.
  2. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялар. Алматы, 2004ж.
  3. Смағұлова Р.О. Қаржы нарығы. Алматы, 2001ж.
  4. Қазақстандағы экономика өсімі: көзі, факторлары, тенденциялары және болашаққа болжау, 1 бөлім, Алматы, 2004ж.
  5. Экономические ориентиры на пути к ускроренной модернизации. Материалы международной научно-практической конференций, 6 часть Алматы:экономика, 2005г.

8.Канакина М.М. Лизинг как форма инвестиционной деятельности. Санкт-Петербург, 2000г.

  1. Оралбаева Ж.З. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру. Алматы, 2005ж.
  2. Горемыкин В.А. Лизинг. Учебник-М. «Дашков и К», 2003
  3. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. Алматы: «Мұраттас», 2005
  4. Рыночная экономика русско-казахский толковый словарь-справочник. Алматы: «Білім», 1995
  5. Теоретические и практические аспекты индустриально-инновационного развития РҚ. Алматы: «Қазақ ун-ті», 2004

 

Мерзімді басылымдар

  1. Қаржылық лизинг және экономиканың нақты секторы// Қаржы қаражат, №6,2001
  2. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары// Қаржы қаражат, №2, 2004
  3. Лизингті қалыптастыру және тиімді қолданудың экономикалық негіздері// Ізденіс-Пойск, №3, 2003
  4. Лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік қатынастарды басқару мәселелері//АльПари,№4, 2004
  5. Рынок лизинговых услуг в Республике Казахстан// АльПари, №3, 2005
  6. Ауыл шаруашылығындағы лизингтің орны//Вестник университета «Кайнара», №3, 2003
  7. Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері// Банки Казахстана, №6, 2004
  8. Проблемы развития лизинга в Казахстане// Банки Казахстана, №9, 2005
  9. Лизинг как альтернативный источник финансирования инвестиций//Бухгалтер и налоги, №11, 2004
  10. Конверсия финансовой отчетности для лизинговых компаний// Бухгалтер и налоги, №12, 2004
  11. . Лизинг в Казахстане// Бухгалтер-налоги, №5, 2005
  12. Әлемдік және отандық лизингтік нарықтың қалыптастыру және даму ерекшеліктері//Хабаршы «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1, 2005
  13. Лизинг –инвестиция тартудың басты құралы//Заң газеті, 2000ж. 26 қаңтар
  14. «Лизинг дегеніміз не? Немесе кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне кәсіпкерлер құқығын қорғау туралы// Заң газеті, 2001ж. 21 мамыр
  15. ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы// Егемен Қазақстан, 2000ж. 12 шілде

29.Лизингтік қызметтер// Егемен Қазақстан, 2004ж. 24 сәуір

  1. Қаржы лизингінің шарты бойынша қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін қалыптастыру ережелері//Егемен Қазақстан, 2005ж. 16 наурыз
  2. Тығырықтан шығаратын тиімді жол//Дала мен қала, 2004ж. 23 сәуір
  3. «Темір Лизинг: сатып алатын –біз, игілігін көретін –сіз»//Қазақстан ZAMAN, 2004ж. 28 мамыр
  4. Лизингтік жүйенің артықшылығы неде?//Жас Қазақ үні, 2005ж. 22 сәуір
  5. Лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл шаруашылығына жақындау// Айқын, 2005ж. 30 маусым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1. Лизинг пен несиенің салыстырмалы сипаттамасы

 

 

Лизинг

Несие

Қаржыландыру

мерзімі

Лизинг –бұл меншікті қаражаттарды

60 айға дейін ұзақ мерзімді

қаржыландыру

36 айға дейін        

Кепіл

Кепілге лизингке берілген

мүліктің өзі болады

150%-200% мөлшерде қамтамасыз етеді

Тәуекел

Лизинг алушы лизинг заты құнынан 10%-30% аванстық төлем сомасымен тәуекелге барады

Несие алушы несиелендіру заты құнынан 150%-200% мөлшерде тәуекелге барады

Бизнес-жоспар

Бизнес-жоспар талап етілмейді, лизингтік компанияның қызметкерлері лизинг алушымен бірге экономикалық есеп құрады

Бизнес-жоспар, жобаның экономикалық бейімделуі

Құжаттарды қарау мерзімі

1-4 апта

2-5 апта

Жабдықтарды жеткізу келісімі бойынша тәуекел

Лизинг затын жеткізілгенге дейін лизинг берушіде және жеткізілгеннен кейін лизинг алушыда жатады

Лизинг затын жеткізгенге дейін және жеткізгеннен кейін несие алушыда жатады

Төлем сызбасы

Лизингтік төлемде икемді сызба

Төлем төлеу шаралары қатаң талапта

Жеңілдіктер

Лизинг –бұл инвестициялық қызмет. «Мемлекеттік қорғау және инвестицияны қолдау туралы»  Заңына сәйкес лизинг арқылы қаржыландырылған жоба салық бойынша жеңілдіктер алады  

Жеңілдіктер қарастырылмаған

 

 

Салық салу

Жабдықтарды сатып алу қосылған құн салығынан босатылады. Толық көлемде шегерімге жатады

Жабдықтарды сатып алу қосылған құн салығына салық салынады. 1 жылдан жоғары мерзімде төлемдерді төлеу шегерімге жатпайды

Нақты пайыздық ставкасы

10-12%

13-15%

Қол жетілімдігі

Көптеген кәсіпорындар үшін несиеге қарағанда лизингтің қол жеткізілімі жоғары

 

Қосымша қызметі

Жеткізушімен сөйлесу және іздестіру, кедендік брокер, заңгерлер, бухгалтерлер, кеңес берушілер

Несиелендіру затына байланысты барлық сұрақтарды клиент өзі шешеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2. Банктік несиенің және лизингтің меншікті қаражаттарын инвестициялық қаржыландыру

 

Көрсеткіштер

Лизинг арқылы

сатып алу,$

Банктік несие

арқылы сатып алу, $

Меншікті қаражат

шотынан сатып алу

1. Жабдықтың таза құны

200 000

200 000

200 000

2. ҚҚС сомасы

0

32 000

32 000

3. Аванс мөлшері ,%

(20% ставкада)

40 000

0

0

4.Көлікпен тасымалдау және

кеден

Бәрінде бірдей

Бәрінде бірдей

Бәрінде бірдей

5. сақтандыру

Қаржыландыру

сомасынан 9598 есептелінеді

Қаржыландыру сомасынан 11 922 есептелінеді

0

 

6. Қаржыландырудың пайыздық сомасы

Ай сайынғы өтеу пайызы және қарызы 18%=47 808

Соңғы мерзімдегі қарызды өтеу 18%=64 380

0

7. Қарызды өтеу сомасы

160 000

200 000

0

Барлық төленгені

257 406

308 302

232 000

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3. Жеке және заңды тұлғалардың лизинг алу үшін қажетті құжаттар

 

Жеке кәсіпкерлерге лизинг алу үшін қажетті құжаттар:

1.Өндіріс жайын немесе жерді пайдалануға рұқсат берілетін анықтама

2.Бюджетке немесе банктерге қарызының жоқтығын растайтын анықтама.

  1. Тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама /форма 3/.
  2. Нотариалды бекітілген құжаттардың көшірмесі.
  3. Қол қою үлгісі мен мөрдің таңбасы бар карточка.
  4. Сараптама төлемі.

 

         Заңды тұлғалардың лизинг алуы үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  1. Лизинг алушының анықтамасы.
  2. Құрылтайшы шешімі.
  3. Жобаның ерекшеліктері.
  4. Өндіріс жайын немесе жерді пайдалануға рұқсат берілетін анықтама.
  5. Бюджетке немесе банктерге қарызының жоқтығын растайтын анықтама.
  6. Тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама /форма 3/.
  7. Нотариалды бекітілген құжаттардың көшірмесі.

8.Жарғы.

9.Құрылтайшылық шарт.

10.Заңды тіркеу туралы куәлігі.

11.Салық төлемінің куәлігі.

12.Стат. Карта.

13.Қол қою үлгісі мен мөрдің таңбасы бар карточка.

14.Сараптама төлемі.