АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау

РЕФЕРАТ

 

Криминалистика ғылымында оқиға болған жерді қарау кеңінен  зерттеліп, теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да өз шешімін дұрыс тапқан тақырып. Көптеген криминалист-ғалымдар оқиға болған жерді қараудың методикасын дамытып, қылмыстардың түрлеріне байланысты әртүрлі ерекшеліктер тән қарау тергеу әрекеттерін жан-жақты түрде талдайды. Сол түрлік ерекшеліктері бар үлкен тақырыптың бірі — жол-көлік оқиғалары болып табылады. Жол-көлік оқиғалары күнделікті өмірде көптеп кездесетін құбылыстардың бірі. Оның ішінде бұл оқиғаларға қылмыстық әрекет тиесілі ме, әлде бақытсыз жағдай ма деген мәселелерді шешу тергеу органдарына жүктелген. Баспасөзде жарияланатын статистикалық мәліметтерге жүгінсек, бір жыл ішінде болатын жол-көлік оқиғаларының 47 % ғана өз құрамында кінәлі қылмыстың әрекеті бар деп танылады. Яғни, бұл мәселе қоғамдық өмірдегі күрделі мәселелердің бірі.

Мен бітіру жұмысымның тақырыбы ретінде Жол-көлік оқиғасы  болған жерді қарау тақырыбын алуымда криминалист-ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау методикасының ерекшеліктерін көрсетуді мақсат етіп қойдым. Жұмыс кіріспе бөлімнен, бес түрлі параграфтан тұратын негізгі бөлімнен және қортынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде » оқиға болған жер » мен » оқиға болған жерді қарау » ұғымдарына әртүрлі ғалымдардың пікірі талданып, оларға ұғымды түсінік беруге тырыстым. Негізгі бөлімді параграфтарға бөлуіме тақырыптарды жете ашу мақсаты себеп болды.

Жұмыстың көлемінің кішілігіне байланысты тарауларға топтастырған жоқпын. Дегенмен, менің ойымша бұл жұмыстың кемшілігі ретінде есептелмеуге тиіс.

Қортынды бөлімде жол-көлік оқиғасы болған жерді қараудың нақты  тәжірибедегі әртүрлі кемшіліктері туралы ғалымдардың айтқан ескерулері мен ұсыныстарына талдау жасалды.

Жұмысты жазуда Г. А. Мозговых, Е. Ғ. Жәкішев, А. А. Исаев, А. Я.  Гинзбург т. б. Осы сияқты отандық криминалист ғалымдардан басқа Р.Байэтт, Р. Уотте тәрізді шетелдік ғалымдардың түжырымдары да қолданылады.

Жұмыс тек қана криминалистік тұрғыдан құрастырылды. Қылмыстық құқықтық, криминологиялық, қылмыстық процессуалдық құқықтық тұрғыда талданбады. Дегенмен, бітіру жұмысында криминалистикадағы ең күрделі де, қызықты тақырып — іздер туралы  жан-жақты талдау жасау талпынысымды жүзеге асырдым. Сол себепті, жұмыстың үлкен бөлігі жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау кезіндегі іздерді табу, оның тіркеу жөне зерттеу мәселесіне арналады.

 

Кіріспе

 

Криминалистік тактикада кез-келген тергеу әрекетінің алдында  бастапқы тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарау жүргізіледі. Оқиға болған жерді қарау негізгі тергеу әрекеттерінің бірі, себебі осы әрекетті жүргізу барысында тергеуші ең басты мәселе қылмыстық оқиғаның болған, болмағандығын шешеді. Оқиға болған жерді қарау өз алдына дербес түрде жүргізілетін кешенді тергеу әрекеті, оның барысында болған оқиғаның механизмін анықтауға талпыныс жасалады. Криминалистика ғылымында «оқиға болған жер» ұғымына байланысты көзқарастар әртүрлі болып келеді.

Мысалы, Рассейкин Д.П. өзінің «Кісі өлтірушілікті тергеу кезінде мәйіт және оқиға болған жерді қарау» еңбегінде, «оқиға болған жер ретінде қарау жүргізіп жатқан оқиғаның болған жерін түсіну керек. Ал, қылмыстың заты, мысалы,» ұрланған автокөліктің табылған жерінде оқиға болған жерді қарау емес, заттай дәледемелерді қарау хаттамасы толтырылады» дейді1. Ал Л.В. Виницкий болса «бұл ұғымдарды ажырату керек, бірақ оларды әртүрлі тергеу әрекеттеріне бөлудің қажеті жоқ» деген көзқарасын білдіреді.2  Қазіргі кездегі криминалистикада осы екінші позицияны басым түрде қолдайды.

Себебі, оқиға болған жер ұғымының мағынасы оқиғаның материалдық іздері табылған жер ұғымының мағынасынан кең және болған оқиғаның мән-жайларына байланысты түсініктің барлығын қамтиды. Осындай сипатына қарай отырып Қазақстандық криминалист ғылымдар осы пікірге жүгінеді.

Мысалы, Е.Ғ. Жәкішев «оқиға болған жер» деген түсінікке оқиға болған жер және осы қылмыстың іздері табылған жер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару және басқа да айғақ заттарды тапқан жерде жатады. Ол- жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Осыған байланысты бір қылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп, оны басқа жерге апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, кісіні олтірген Жер де, өлікті бөлшектеген жер де, ол бөлшектерді көмген жер де оқиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған қылмыс бойынша 3-4 оқиға болған жерді қарауға тура келеді «деп тұжырымдай келе» оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер» дейді.3 Ал, А.Я.Гинзбург «оқиға болған жер ретінде криминалистикада тергеліп жатқан қылмыстың оқиғасы, бақытсыз жағдай, стихиялық оқиға немесе бастапқы кезде қылмыстың жасалған орыны деп белгіленетін жер танылады» деген  түсінік  береді.   Ол  қылмыстың  іздері[1]  табылған жерді «оқиға болған жерге жатпайтын орындар мен ғимараттарды қарау»4 деп бөледі. Негізінен, криминалистикада бастапқы анықтама көп қолданылады, себебі оқиғаның іздері табылған жерде өз сипаты бойынша «оқиға болған жер» ұғымымен анықталады.

Өйткені, екеуінің де мақсаттары, объектілері бір болып табылады. Мұндай жалпы түсінік тергеу әрекетін әртүрлі топтарға бөлместен бірыңғай және тиімді түрде жүргізуге көмектеседі. Сонымен, жоғарыда келтірілген ұғымдар толығымен оқиға болған жерді қараудың объектілері ретінде зерттелуге жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінде  оқиға болған жерді қараудың ұғымы айқындалмай, оны криминалистік тактиканың, қылмыстық процестің теориясының еншісіне қалдырған.

Дегенмен, оның ұғымы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 221-бабында көрсетілген оқиға болған жерді қараудың мақсаттарынан туындайды. Заңда оқиға болған жерді қараудың мынандай мақсаттары белгіленген:

  1. Қылмыс пен   басқа   да   материалдық    объектілердің   іздерін анықтау;
  2. Іске қатысы бар мән-жайларды айқындау.5

Осы мақсаттарына қарай отырып, криминалист ғалымдар бір бірінен  мәні, мағынасы бойынша алшақ емес әртүрлі түсініктер береді. Себебі, бұл мәселенің негізін құраушы ұғым заңда жазылып тұр. Бұрынғы кездегі авторлардың ойына жүгінетін болсақ, В. П. Колмаков «оқиға болған жерді қарау ретінде іс бойынша шындықты   анықтауға   ықпал   ететін   барлық   мән   —  жайларды анықтау үшін, ғимараттың ішінде немес басқа да жерлерде іздер мен заттай дәлелдемелерді табу үшін, тергеуші мен заңда көрсетілген тұлғалардың оқиға болған жердегі материалдық объектілердің белгілері мен қасиеттерін, жағдайларын тікелей түрде бағалауды, зерттеуді, қабылдауды және оның нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын тергеу әрекетін түсіну керек»6 дейді. Ал, қазіргі авторлардан А. Я. Гинзбург жалпылама түрде мынандай түсінік береді: » оқиға болған жерді қарау тергеушінің қылмыстық іске мәні бар  объектілерді тікелей түрде тауып,   олардың  белгілерін, қасиеттерін, жағдайларын және орналасқан орындарын зерттеуін білдіреді»7.

Профессор Е. Ғ. Жәкішев «оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар, жасалған қылмыстың мән  жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті» дейді 8 Бұдан басқа ғалымдар  оқиға  болған  жерді  қараудың  негізгі  мәні  оқиғаның механизмін  анықтау  екендігіне  көңіл  бөледі.  

Мұндай  тұжырым оқиға болған жердің басты сипатын көрсетеді.  Себебі,  тергеуші оқиға   болған   жерге   келіп   жеткеннен   кейін,   қарауды   жүргізу процесінде өзінің ішкі сенімімен оқиғаның механизмін анықтайды.

Бұл  оқиға   болған   жерді   қараудағы   басты   мәселе   қылмыстың болған, болмағандығын шешеді.[2]

Е. Ғ. Жәкішев «Қарау мезгілінде табылған   айғақ   заттар,   іздер   арқылы   қылмыстың   механизмін, қылмыс  жасау   әдісін   анықтауға,   қылмысты   жасауға   қатысқан адамдар жөнінде және істің басқа да мән   — жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады»1 деп көрсеткен.

Яғни, тергеуші оқиға болған жердің жағдайымен онда табылған  дәлелдемелер негізінде  оқиғаның  механизмін  анықтап,   істің  одан  арғы  өрбу мәселесін шешеді.

Оқиға болған жерді қарау әртүрлі қылмыс түрлеріне қарай өзіндік  ерекшіліктерге ие болады. Себебі, қылмастардың түрлеріне қарай, оны зерттеуге байланысты тергеу әрекеттері де өзіндік жеке сипатқа ие болады.

Осындай ерекшіліктерін айқындап, түсіндіру мақсатында жол —  көлік оқиғасы болған жерді қарауға жан — жақты түрде зерттеу жүргіземіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жол-көлік оқиғасы, оның түсінігі және түрлері. Жол-көлік

оқиғасының элементтері.

Жол- көлік оқиғасы өз табиғатында ең бір динамикалы түрде пайда  болатын құбылыс болып табылады. Жол-көлік оқиғасының түсінігіне     байланысты    криминалист    ғалымдардың     арасында принципиалдық   дәрежеде   айырмашылық   жоқ. Себебі, жол-көлік оқиғасының   негізгі   мәнді   түсінігі   арнайы   нормативті   актіде көрсетілген. Ол акт Қазақстан Ішкі Істер Министрінің бұйрығымен бекітілген, 1992 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған «жол-көлік  оқиғаларын тіркеу ережесі» болып табылады. Бұл ережеге сәйкес «жол-көлік   оқиғасы   дегеніміз   қозғалыстағы   көлік   құралының қатысуымен нәтижесінде кісі өліміне немесе оның дене жарақатын алуына,   көлік   құралдарында, құрлыстарда,   жүктерде   және   тағы  басқа материалдық объектілерде ақаулардың пайда болуына алып келіп   соғатын   оқиғалар»9.   Осындай   анықтаманы   криминалист ғалым Г.А. Мозговых та береді. Оның айтуы бойынша «жол-көлік оқиғасы   дегеніміз-міндетті   түрде   қозғалыстағы   көлік   құралы қатысатын, нәтижесінде кісі өлімі болатын немесе оның денесіне жарақаттар   түсетін,    көлік   құралдары   мен    қоршаған    ортаға материалдық ақаулар келтіретін оқиға»10. Жоғарыда айтылғандай жол-көлік оқиғасының өзіне тән ерекшеліктері бар.

Оны былайша топтастыруға болады:

  1. Жол-көлік оқиғасы динамикалық сипатқа ие, себебі оның қатысушысы—көлік құралы жол-көлік оқиғасы алдында қозғалыс үстінде болады;
  2. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде белгілі бір материалдық залалдар келтіреді. Ол залалдар әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Мысалы, көлік құралына, айналадағы қозғалмайтын объектілерге (үйлер, ғимараттар, ағаштар,т.б.), жаяу жүргіншілерге келтірілген залалдар.
  3. Міндетті түрде қатысушысы қозғалыстағы көлік құралы болады.

Бұл жағдайда көлік құралы ретінде «жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережесіне» сәйкес автомобильдер, мотоциклдер, мотоколяскалар, мопедтер, алынбалы двигателі бар велосипедтер және т.б. өздігімен жүретін механизмдер, ат жегілген арбалар танылады.11

  1. Жол-көлік оқиғалары жол үстінде немесе жол шетінде пайда болады. Яғни, жол—көлік оқиғасының болуы жолға байланысты туындайды.

Осы белгілерінен көрінгендей жол—көлік оқиғасы өзіне тән  криминалистік зерттеу әдістерін қолдануды талап етеді. Сол себепті, криминалистикада жол—көлік оқиғаларына байланысты қылмыстарды тергеудің кешенді түрдегі методикасы анықталып, бекітілген. Негізі, кез-келген зерттеу үшін зерттеу объектілерін жүйелеп, түрлерге бөліп, топтастырып алу керек.[3]

Жол-көлік оқиғаларының түрлері «жол—көлік оқиғаларын тіркеу ережесінде» анықталған. Оған сәйкес мынадай төмендегідей түрлері көрсетілген12;

  1. Соқтығысу — қозғалыстағы көлік құралдарының немесе темір жол составтарымен, кенет тоқтаған көлік құралдарымен, темір жол составының рельс үстінде тоқтап қалған көлік құралдарымен соқтығысу оқиғасы.
  2. Лақтыру-қозғалыстағы көлік құралдарының лақтырылып кетуі.
  3. Қозғалыссыз тұрған көлік құралына соғылу-қозғалыстағы көлік құралының қозғалыссыз тұрған көлік құралына, арбаға немесе жартылай арбаға соғылуы.
  4. Кедергілерді басып кету—көлік құралының қозғалмайтын кедергіні басып кетуі немесе соғылуы.
  5. Жаяу жүргіншіні басып кетуі—қозғалыстағы көлік құралының жаяу жүргіншіні басып кетуі немесе жаяу жүргіншінің көлік құралына өзінің соғылуы. Бұл оқиғалар қатарына көлік құралдарымен тасымалданатын жүктердің құлауы нәтижесінде адамдар денсаулығына залалдардың келу оқиғалары да жатады.
  6. Велосипед айдаушыны басып кетуі—көлік құралының велосипед айдаушыны басып кетуі немесе велосипед айдаушының өзінің көлік құралына соғылуы.
  7. Ат арбаны басып кету—қозғалыстағы көлік құралының ат арбаны басып кетуі немесе ат арбаның өзінің көлік құралына соғылуы.
  8. Жануарларды басып кету-қозғалыстағы көлік құралының құстарды, жабайы немесе үй жануарларын басып кетуі немесе сол құстар мен жануарлардың өздерінің көлік құралдарына соғылуы, бұл оқиғалар, нәтижесінде адамдардың жеке басына залал келтірілгенде немесе басқа да материалдық залал келтірілгенде ғана тіркеуге алынады.
  9. Басқа да оқиғалар — трамвайлардың рельстен шығып кетуі, көлік құралдарындағы жүктердің адамға жануарға немесе басқа көлік құралына құлауы, қозғалысқа қатысушылар болып табылмайтын тұлғаларды басып кету, кенеттен пайда болған кедергілерді (құлаған жүк, жұлынып қалған дөңгелек) басып кету, жүргіншілердің қозғалыстағы көлік құралынан немесе оның ішінде қозғалыс троекториясының кенет өзгеруі немесе тежегішті басу нәтижесінде құлап кету оқиғалары, т.б.

Мұндай заңды түрде бекітілген жол —көлік оқиғаларын топтастырудан  басқа криминалисттік ғылымда өзіндік көзқарастар бар. Мысалы, Ю.Д. Кисляков мынадай топтастыруды ұсынады:

  1. Жол бетінде ақаулар немесе кедергілер жоқ кезінде қозғалыстағы көлік құралының жол бетінен сырғып кетуі немесе лақтарып жіберуі;
  2. Көлік құралдарының соқтығысуы;
  3. Көлік құралынан басқа кез-келген қозғалмалы затты басып кету;
  4. Көлік құралының қозғалмайтын кедергіні немесе жол бетінің ақауларын басып кетуі;

 

 

5 Басқа да оқиғалар13

Бұдан басқа М.Б. Мұқашев келесідей тәртіппен топтастырады:

  1. Басып кету-қозғалыстағы көлік құралының кедергіні басып кетуі немесе қозғалыстағы объектінің көлік құралына соғылуы.
  2. Соқтығысу-екі немесе одан да көп қозғалыстағы көлік құралының өзара соқтығысуы.
  3. Лақтырып жіберу-қозғалыстағы көлік құралының лақтырылып жіберуі.
  4. Басқа да оқиғалар14

Оның ойы бойынша «Жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережісіндегі жол- көлік оқиғаларының түрлері тіркеудің жан-жақтылығын сипаттағанымен тергеу міндеттерін шешуге көмектеспейді. Себебі, бұл топтастыру оқиғаның механизміне емес, объектілер мен қатысушыларға байланысты бөлінген. Ал, тергеуші үшін мысалы, жаяу жүргіншіні басып кетті ме, велосипедистті басып кетті ме, оның ешқандай мәні жоқ. Ол үшін басып кету объектісі қозғалатын объекті ме, қозғалмайтын объекті ме және ол жол үстінде жасалды ма, жолдан тыс жасалды ма, осы сияқты мәселелер маңызды болады. Сондықтан, топтастыру оқиғаның жасалу механизміне қарай құрылуы керек 15.

Бұлардан басқа жол-көлік оқиғалары құрамалы болуы мүмкін. Мысалы,  алдымен соқтығысып одан кейін жол шетіне лақтырылып жіберілуі немесе лақтырылу нәтижесінде соқтығысу, т.б. Мұндай жағдайда    белгілі    бір    кезектілік    пайда    болады.    Сондықтан, топтастырудың бір түріне жатқызған кезде ең бастапқы жол-көлік оқиғасы негізге алынады. Жол-көлік оқиғаларын топтастырудың да мәні осындай күрделі оқиғалар кезінде айқын көрінеді.

Криминалистика ілімінде жол-көлік оқиғаларының криминалисттік маңызына төмендегідей сипаттамалар жатқызылады:

—   оқиғаның механизмі мен жасалу өдісі

—   жол жағдайы және онымен анықталатын тергеу жағдайлары.

—   оқиғаның нәтижесі мен одан түскен іздер.

—   жол-көлік    оқиғаларының    себептері   мен    оған    әсер    еткен

жағдайлар. Бұлар жол-көлік оқиғаларының криминалистік мағынасының элементтері болып табылады. Байқағанымыздай, жол-көлік оқиғасының механизмі бастапқы орынға қойылған. Оның басты себебі жоғарыда айтылғандай жол-көлік оқиғасының механизмі оқиға болған жерді қарауда анықталуға жататын, істің одан әрі жылжу тағдырын шешетін құбылыс ретінде танылады. Жол-көлік оқиғасының механизмі дегеніміз жол-көлік оқиғасының пайда болуының себептері мен жағдайларының және олардың пайда болуын анықтайтың факторлардың өзара жиынтығы.[4]

Оның құрамына болған оқиғаның барлық процесі мен жол жүру қатысушыларының әрекеттері кіреді16. Жол-көлік оқиғасының механизмінің құрамдас элементтері А.П. Онучинмен былай анықталады:

  1. жол-көлік оқиғасының бастапқы сатысы-қалыпты жағдай пайда болған кездегі оқиға қатысушыларының өзара орналасуы және әрекеттері.
  2. жол-көлік оқиғасының кульминациялық сатысы -контакт кезіндегі оқиғаға қатысушылардың орналасу жағдайы.
  3. Финалдық сатысы-көлік құралдарының қозғалысының толықтай тоқтауы І7.

Мұндай позицияны В. А. Иларионов та қолдайды. Ол жол- көлік  оқиғасының     механизмінің     элементтерін      атай      отырып сатыларының жүру ретш көрсетеді.

Осы сияқты жүйені В.К.Глистин мен Б.Е.Боровский де ұсынады19.

Ал, В.Н.Герасимов жол-көлік оқиғасының механизмін жеті сатыға   бөліп,   оны  үш  кезеңге  топтастырады.   Оның  айтуы  бойынша бірінші кезеңге апат алдындағы жағдай , екінші кезеңге — апаттық жағдайдың    өзі, үшінші    кезеңге    апат    нәтижесін    жеңілдетуге бағытталған шаралар.

Бірінші кезең сатылары:

1.Апаттық-ситуациялық   саты-қатысушылардың   апаттық   қауіпті

сезіну сатысы.

  1. Шешім қабылдау сатысы — нақты әрекеттерді құрайды. Бұл кезең шешім қабылдап оны жүзеге асыруды қамтиды.
  2. Шешімді жүзеге асыру нәтижесінің сатысы- шешімді жүзеге асыру барысында қате шешімдерді түзету мүмкіндігі мен нәтижесінің пайда болуын көрсетеді.

Екінші кезең сатылары.

  1. Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың     өзара   әрекеттерінің дамушы    динамикасын    көрсету    сатысы.Мұнда    «жүргізуші-автомобиль-жол жағдайы » жүйесінің элементтерінің контактіге дейінгі жағдайы,  ал контактінің алдын  —  алу мүлдем жүзеге аспауы кезінде болатын саты.

2.Жол-көлік  оқиғасы қатысушыларының механикалық   контактіге түсуі немесе бұл сатыны контактілік — апаттық деп атайды. Мұның нәтижесінде қатысушыларды белгілі бір ақаулар пайда болады.

  1. Жол — көлік  оқиғасының  бітуі,   қатысушылардың  статикалық күйге келуімен сипатталады.

Үшінші кезенде апаттың нәтижесін жеңілдететін шаралар,  мысалы, жәбірленушіге көмек көрсету, оларды медициналық мекемеге жеткізу немесе жүргізуші оқиға болған жерден кетіп қалса, оны іздеу шараларын жүргізу керек.

Мұны апаттан кейінгі саты деп атауға болады. Осындай сипаттама бере отырып, В.Н.Герасимов жол-көлік оқиғасының механизмін төмендегідей түсіндіреді: » жол-көлік оқиғасының механизмі дегеніміз    «жүргізуші-автомобиль-жол     жағдайы»     жүйесінің элементтерінің өзара әсерлесуінің психофизиологиялық реакциялары мен физикалық динамикалық құбылыстарының кенеттен дамып кеткен, нәтижесі апатты құрайтын жиынтығы3. Жоғарыда айтылғандай жол-көлік оқиғасының механизмі күрделі процестерді құрайды. Оның ішіндегі маңыздыларының бірі В.Н. Герасимов атап көрсеткен психофизиологиялық жағдай. Бұл криминалистік тұрғыдан тереңірек зерттеуді талап ететін құбылыс. Сондықтан да қөптеген авторлар осы түсініктің мағынасына үлкен мән береді. Жол-көлік оқиғасының мәнін құраушы тағы бір элемент жол жағдайы   болып   табылады. Жол   жағдайы   зерттеу   барысында жол — көлік оқиғасының механизмін анықтауға көмектесуші фактор ретінде сипатталады . Жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайы белгілі бір кеңістікте және уақытта белгіленген аумақтағы жердің нақты сипаты. Ол төмендегідей құрамдас элементтерден тұрады:

—   Жол көлік оқиғасы болар алдындағы жағдай;

—   Жол көлік оқиғасы болған жердің жағдайы;

—   Жол көлік оқиғасынан кейшп жағдай;

В.Н.Герасимов «Жол көлік оқиғасы болған жердің жағдайы өзара тәуелділікте болатын, бірақ тепе-теңдігі жоқ, нақты бір жерде, нақты бір объектілердің қатысуымен, нақты уақытта жүзеге асатын құбылыстар, процестердің күрделі жүйесі ретінде сипатталады» дей келе төмендегідей жүйені ұсынады:

—  Апатқа дейінгі жағдай;

—  Жол жағдайы;

—  Көлік құралдары мен олардың техникалық жағдайы;

—  Оқиғаның даму барысындағы жағдай;

—  Жол-көлік       оқиғасының       қатысушылары       мен        оларды

міндеттемелері;

—  Оқиғадан кейінгі жағдай;21

Апатқа    дейінгі    жағдайға    жол-көлік    оқиғасының    болуының  себептері   мен   жағдайларының   жүйесі,   жол-көлік   оқиғасының орны, уақыты,т.б элементтер жатады. Апатқа дейінгі жағдай жол-көлік  оқиғасының  болған жерінің жағдайымен  байланысты,   ол бастапқы    зонада    басталуы    мүмкін.    Мысалы,    автомобильдің зауыттан шыққан кезде белгілі бір ақауларының болуы немесе мас адамға автомобильді жүргізуге рүқсат беруі , т.б. Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша оқиға болған жерді қарау кезінде емес, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде анықталуы мүмкін.[5]

 

Жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайы жол-көлік оқиғасы болуы      жағдайларының     жүйесімен     сипатталады.     Бұл     жол жағдайының орталық ақпараттық көзі, барлық жағдайлар бойынша мәліметтерді құрайды. 

Барлық тергеу әрекеттері осы жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайын анықтауға бағытталған.  Оның құрамына мынадай элементтер кіреді:

Оқиға болған жердің орналасқан орны; 2.Ауа -райы жағдайы; З.Жол жағдайы;

4, Оқиға болған жерге түскен іздер;

Б. М. Нұрғалиев жол — көлік оқиғасының болған жерінің жағдайын  анализдеу барысында үш бөлікке бөледі:   

Бірінші бөлікке – нақты құрылыммен реттелген құбылыстар мен объектілердің жиынтығы жатады. Бұлар оқиға болған жердің кеңістікте орналасу орыны, жолдың орналасу ерекшіліктері, құрылыстар мен ғимараттардың орналасу жағдайы, т. б. болып келеді, яғни оқиға болған кезден бастап өзгеріске ұшырамайтын объектілер. Екінші бөлікті өзгермелі құрылымы бар объектілер құрайды. Мысалы, ауа райының жағдайы, соның өзгермелілігі әсерінен пайда болатын жолдың жағдайы, жарықтану жағдайы, т.б. Бұл оқиға болған жерді қарауға дейін сақталмайтын құбылыстар болып табылады. Үшінші бөлікке объектілердің өзара немесе қоршаған ортамен байланысы айқын түрде көрінбейтін объектілер жатады.

Олар: соғылған автомобильдердің орналасқан орны мен жағдайы,  мәйіттің жолдағы орналасуы, көлік құралдарының қозғалысының іздері, әртүрлі жол үстіндегі   заттар,   т.   б.   болып   келеді.    Бұлардың   жол   —   көлік оқиғасына қатыстылығы да анықталуы тиіс, себебі кейбір объектілер өздігімен пайда болып, жол — көлік оқиғасына қатыссыз болуы мүмкін.

Жол — көлік оқиғасынан кейінгі жағдай — оқиға болған жерді қараудың  жалпы объектісі болып табылады. Бұл кезде көптеген объектілер мен құбылыстар өзгеріске ұшырап кетеді. Басқа қылмысты   жасыру   мақсатымен   әдейі   жасалған   жол   —   көлік оқиғасынан кейінгі жағдай кезінде нақты болған оқиға туралы мәліметті толық алу мүлдем мүмкін емес. Сондықтан, оқиға болған жерді қарау ең басты мәселесі ретінде оқиғаның механизмін анықтауға бағытталады. Кримининалистика ілімінде жол — көлік оқиғасының болу себептері мен жағдайларын объективті және субъективті деп екіге бөледі. Объективті себептерге көлік құралында жүргізушіге белгісіз ақаудың болуы, стихиялық апаттар мен жол бетінің жаман жағдайы жатады.

Субъективті себептер жүргізушінің немесе жаяу жүргіншінің кінәсімен, дұрыс емес әрекеттерімен сипатталады. Жол-көлік оқиғасының элементтері толық дәрежеде жол-көлік оқиғасының мәнін ашуға көмек береді. [6]

 

Қазіргі кезде элементердің қатарына іздер, олардың түсу механизмі мен алыну тәсілдері кіреді. Дегенмен, іздердің оқиға болған жерді қарау кезінде анықталып, табылып, тіркелетінін ескере отырып, іздерге сипаттама алдағы уақытта беріледі, себебі іздер әрбір жол — көлік оқиғасы кезінде әртүрлі маңызға ие болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[7]

2 Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау, оның түсінігі

және  әдістері

 

Жол-көлік өқиғасы болған жерді қарау өзіндік ерекшеліктері бар  криминалистикада оқиға болған жерді қарау тактикасының бір түрі болып табылады. Өз сипаты бойынша жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау криминалистика іліміндегі қарау тергеу әрекетінің заңдылықтарына сүйенеді.

Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау кезінде оқиға болған жер жағдайына бағалау жүргізіледі. А.П.Онучиннің пікірі бойынша «жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау жол оқиғасы болған жердің материалдық жағдайын, көлік құралдарын, әртүрлі іздер мен басқа да объектілерді тергеушінің зерттеуімен сипатталады және ол автокөліктік қылмыстарды ашуға, оны тергеуге мәні бар мән-жайларды, оқиға механизмін және жол оқиғасының жағдайын анықтауға қатысты фактілік деректерді айқындау үшін , тіркеу үшін зерттеудің әдістері мен тәсілдерінің ғылыми негізделген жүйесінің көмегімен жүзеге асады»23 яғни жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайын анықтау басты рольдердің бірінде болады. Бұл туралы Б.Л.Зотов «жол-көлік оқиғасын заңды түрде саралаудың дұрыстығы мына мән-жайлардың толық және дәл анықталуына байланысты: а)жол жағдайы мен оқиға алдындағы автомашиналардың орналасуы; б) автомашиналардың жайы мен жәбірленушілердің оқиға алдындағы орналасуы; в) қозғалыс біткеннен кейінгі машиналардың орналасуы»24, дейді. Байқағанымыздай көптеген авторлар оқиға болған жерді қарау кезінде тергеушінің тек іздер мен басқа да объектілерді тауып қоймай, танымдық қызметті жүзеге асыра отырып, оқиғаның жағдайын анықтауын қолдайды. Яғни, бұл жерге қарау тергеу әрекеттінің заңда белгіленген шегін ұлғайтуға ұсыныс білдіріледі. Оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші зерттеліп жатқан жол жағдайының мәнін жете түсіну үшін танымдық ойлау әдісі арқылы оның мағынасына, мазмұнына саралау жүргізеді. Мұнда танымдық ойлау белгілі бір бағытта, мақсатталған нысанда дамиды. Нәтижесінде тергеушіде жол оқиғасына байланысты ой, пікір, көзқарас қалыптасады. Бұл танымдық процестің бастапқы өнімі. Криминалистикада танымдық процесс қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу процесімен сәйкес келеді. Тергеушінің оқиға болған жерді қарау кезіндегі танымдық қызметі қылмыстық процессуалдық заңмен бекітілген шектер мен талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Оқиға болған жерді қарау кезіндегі танымдық қызметті белгілі бір криминалистік ақпаратты анықтап алып, оны логикалық зерттейтін абстрактылы әрекет ретінде емес , нақты болмысты оның ішіне бойлай отырып зерттейтін күрделі қайшылықты процесс ретінде қарастыру керек. Сондай жағдайда ғана тиімді шешім қабылдауға болады. Авторлардың ішінде А.П.Онучин оқиға болған жерді қарау кезіндегі танымдық әрекетке көп көңіл бөлген. Ол жол — көлік оқиғасы болған жер жағдайын тану процесіндегі криминалистік қызметі үш сатыға бөледі:

1)      Эмпирикалық тану сатысы;

2)      Аналитикалық-құрылымдық саты;

3)      Процессуалдық-куәләндыру сатысы;25

Эмпирикалық тану сатысында тергеуші қарау кезінде жекелеген заттар мен объектілерді іздерді зерттейді. Ол табылған материалдық заттарды түсінуге тырысады. Одан кейін барып табылған объектілердің мәндері мен мәнсіздерін бөліп,мәні бар объектілерді тереңірек зерттеу үшін жекелейді.

Эмпирикалық тану нақты объектіні зерттеумен аяқталады, бұл жерде тергеуші өзінің біліміне, танымына сүйене отырып объектінің бұрын айқын болмаған, түсініксіз, көрінбеген белгілерін анықтайды. Дегенмен объектіні, жете тану үшін эмпирикалық тану аздық етеді. Сондықтан, тергеуші танымдық процестің жаңа сатысы аналитикалық-құрылымдық сатыға өтеді.

Мұнда тергеуші өз қызметін объектінің сыртқы белгілеріне емес, нақты объектінің өзіне негіздейді. Себебі, эмпирикалық таным кезінде зерттеу объектісі — белгілі бір заттардың, заттай дәлелдемелердің, іздердің сыртқы белгілері болса, құрылымдық-аналитикалық сатыда нақты объектінің өзі болады. Аналитикалық-құрылымдық сатының нәтижесінде зерттелген объектілер жүйелерге біріктіріледі, зерттеу дедукция әдісі арқылы жүргізіледі. Тергеушінің танымдық қызметінің үшінші сатысы процессуалдық-куәләндыру сатысы болып табылады. Бұл өз сипаты бойынша дәлелдемелерді қылмыстық-процессуалдық санатқа жатқызумен айқындалады. Дәлелдеме ретінде тану үшін табылған және зерттелген объектілер оқиға болған жерді қарау хаттамасына процессуалдық нысанды сақтай отырып енгізілуі керек. Себебі, дәлелдемелер тек тергеушімен ғана зерттеліп қоймай басқа да іске қатысушылармен зерттеледі.

Сондықтандәлелдемелерді тіркеу ұғынықты және заңға сәйкес болуға тиіс. Тергеушінің күрделі танымдық қызметі, жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау мазмұнын айқындай отырып, танымның кезекті ауыспалы сатылары мен оқиға болған жерді криминалистік зерттеудің кезеңдерімен сипатталады26.

Жол-көлік оқиғасы болған жерді қараудың өзіне тән қағидалары  болады. Олар жол-көлік оқиғасы болған жерді қараудың негізгі мәнін түсіндіреді. Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау криминалистикада қарау тергеу әрекетінің заңдылықтарына негізделінетінін ескерсек, қараудың төмендегідей қағидаларын атауға болады:

оқиға болған жерді қараудың уақытылы жүргізілуі-жол-көлік оқиғасы  туралы хабарлама түскен кезден бастап тез арада оқиға болған жерді қарауды ұйымдастыруды білдіреді. [8]

Жол-көлік оқиғасының жоғары динамикалық қасиетін ескерсек бұл қағиданың сақталуы ауадай қажет.

Себебі, оқиға болған жерде өзгермелі объектілер өзгеріске ұшырауы іздердің жоғалуы мүмкін немесе интенсивті көлік құралдарының қозғалысын қамтамасыз ету үшін іздер еріксіз жойылуы мүмкін. Сондықтан, оқиға болған жерді қараудың уақытылы жүргізілуінен істің одан арғы тағдыры туралы мәселе іпешіледі.

Оқиға болған жерді қараудың объективтілігі —нақты оқиға болған жер  қандай болса, қарау кезінде дәлелдемелерді табу және тіркеу дәл сондай сипатта болуға тиіс. Оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші тарапынан субьективті көзқарас міндетті түрде болады. Егер дәлелдемелер дұрыс тіркелетін болса, субьективті көзқарас объективті шындықтан туындайтын фактор ретінде сипатталып, объективтілік ұғымымен айқындалады. Бұдан басқа оқиға болған жерді қарау кезінде тергеушінің болжамдары, оқиға механизмдері, іздердің түсу себептері тіркелуге жатпайды. Себебі, бұл белгілі бір болжамдарға басымдық беруі мүмкін. Ал тергеуші барлық болжамдарды тексеруге міндетті болғандықтан, оқиға болған жерді қарау объективті түрде жүргізілуі тиіс. Оқиға болған жерді қараудың толықтығы — іс бойынша қатысы болуы мүмкін барлық табылған объектілер мен іздердің толығымен тіркелуін қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл қағида бойынша тергеушінің білім дәрежесі сынаққа түседі. Себебі, тергеуші белгілі бір объектілер мен іздердің іске қатыстылығын, іздердің түсу механизмін анықтауға тиіс, сондықтан қараудың толықтығы тергеушінің тұлғалық сипаттамасына тікелей тәуелді болады.

Оқиға болған жерді қарауды біртұтас басшылықпен ұйымдастыру — бұл  оқиға болған жерді қарау қатысушылардың санына     қарамастан     тергеушінің     басшылығымен     жүзеге асатындығын білдіреді.  Оның нұсқаулары басқа қатысушылар үшін міндетті және дереу арада орындалуы тиіс.

Оқиға болған жерді қараудың белсенділігі — тергеушінің оқиға болған жерді қарауды өзінің қызметтік жағдайына байланысты және іздерді табу үшін белсенді түрде қимылдап, шығармашылық бастамашылық көрсететіндігін білдіреді.

Оқиға    болған    жерді    қараудың    методикалылығы    және  кезектілігі-оқиға болған жерді қарауды дұрыс ұйымдастыруды және оны кезекті түрде жүргізуді білдіреді. Методикалылық бұл жерде қараудың тиімді әдістерін қолдануды, ал кезектілік қараудың нақты анықталған тәртіпті сақтай отырып жүргізілетіндігін айқындайды. Бұл қағидалар бір бірімен тығыз байланыста және өзара жүйелік құрайды. Қағидалардың жиынтығы оқиға болған жерді қараудың тактикалық негізін түсіндіреді.27

Жол — көлік оқиғасы болған жерді қараудың жалпы объектісі жол  —   көлік  оқиғасы   болған  жердің  жағдайы,   яғни  жоғарыда көрсетілгендей апаттан кейінгі жол жағдайы болып табылады. [9]

Осы объектісіне қарай криминалистика ілімінде кейбір авторлар жол-көлік оқиғасы болған жерді қарауды екі түрге бөледі:

а) жалпы қарау;

  1. b) деталды қарау;28 Жалпы қараудың объектісі — жол — көлік оқиғасы болған жердің жағдайы болады. Мұнда оқиға болған жердің аумағы, қараудың кезектілігі, жолдың жалпы жағдай анықталады. Детальды қараудың объектісі жол — көлік оқиғасындағы негізгі жекелеген объектілер болуы мүмкін. Оларға көлік құралдары, адам мәйіті, жол бетіндегі іздер жатады. Осындай бағыттағы пікірді В. К. Глистин мен Б. Е. Боровский де қолдайды.

Оның нәтижесінде

  1. оқиға болған жердің ортасы;
  2. қандай   іздер   мен   заттардың    оған қатысы бар;
  3. қараудың шекарасы; анықталады.29 Одан кейін барып детальды қарау жүргізіледі. Ал, кейбір авторлар оқиға болған жерді қарауды үш түрге, кезеңге бөледі. Мысалы, А. Я. Гинзбург пен А. Р. Белкин оқиға болған жерді қараудың мынандай үш кезеңін атайды:
  4. Дайындық кезең;
  5. Жұмыс (операциялық) кезеңі;
  6. қорытынды кезең; 30

Дайындық кезеңі тергеуші оқиға болған жерді қарау туралы шешім қабылдаған кезден басталады. Тергеуші шешім қабылдағаннан кейін оқиға болған жерді ешкімге тигізбей сақтауды, оқиғаның теріс нәтижесін жоюды, интенсивті көлік қозғалысына кедергі келтірген жағдайда жол қозғалысын реттеуді, тиісті тұлғалардың тергеу әрекетіне қатысуын, техникалық құралдардың дайындығын қамтамасыз етуге тиіс. Жұмыс кезеңі екі бөліктен тұрады:

  1. 1. жалпы қарау;
  2. деталды қарау;

Жалпы қарау кезінде тергеуші ең алдымен көзбен шола отырып,  қарауға жататын кеңістіктің шекарасын анықтайды. Содан кейін қараудың кезектілігін, әдісін белгілейді. Жалпы қарау біткен соң, детальды түрде қарау басталады. Детальды қарау кезінде объектілер жекелей зерттеледі, өз бойында оқиға іздері бар объектілер алынып, басқа объектілердің бойында іздердің бар — жоқтығы жан — жақты тексеріледі. Жұмыс кезеңі аяқталғаннан кейін тергеуші қорытынды кезеңге ауысады. Мұнда оқиға болған жерді қарау хаттамасы толтырылып, тиісті сызбалар мен жоспарлар сызылады, оқиға болған жерден алынған объектілер қатталып, мөрленеді және фотосуретке түсіріліп, қажетті жағдайда дактилоскопиялау жүргізіледі.31 Дәл, осындай позицияны Е. М. Лившиц пен Р. С. Белкин де ұсынады.32

 

[10]

Басқаша көзқарасты А. П. Онучин білдіреді. Оның айтуы бойынша жол — көлік оқиғасы болған жерді қарау үш бөліктен тұрады:

  1. дайындық кезеңі;
  2. зерттеу кезеңі;
  3. қорытынды кезеңі;33

Бұл жерде ерекше сипаты зерттеу кезеңінде белгіленген. Ол бойынша зерттеу кезеңі үш бөліктен тұрады:

  1. жол — көлік оқиғасын жалпы қарау;
  2. жол — көлік оқиғасын детальды қарау;
  3. жол — көлік оқиғасының жағдайын аналитикалық зерттеу;

Жол — көлік оқиғасының жағдайын аналитикалық зерттеу жалпы және  детальды қарау барсында анықталған мән — жайларды эмпирикалық таным арқылы зерттеуді, тануды білдіреді. Бұл кезеңге байланысты пайда болған ойлар, болжамдар дәлелдеме ретінде тіркелмейді, тек тергеушінің істі одан ары жүргізуі үшін белгілі бір танымдық бағыттарды тандауына көмектеседі.

Жол -көлік оқиғасының жағдайын аналитикалық зерттеу арқылы дәл жол-көлік оқиғасының жағдайын анықтауға болады. Жоғарыда байқағанымыздай бұрынғы авторлар жалпы және детальды қарауға тоқтала отырып, оның дайындық кезеңі мен қорытынды кезеңін оқиға болған жерді қараудың кезеңдері ретінде қарастырымаған. Дегенмен, криминалист ғалымдар оқиға болған жерді қараудың дайындық, операциялық, қорытынды кезеңцерге жіктеп, оны біртұтас жүйелі құрылым ретінде зерттейді. Бұдан басқа криминалистика ілімінде детальды қарауды статикалық және динамикалық деп екіге бөлу қалыптасқан. Статикалық қарау кезінде объектілердің орналасу жағдайына өзгеріс енгізілместен қоршаған ортамен байланыстыра отырып, жалпы белгілері бойынша зерттеледі.

Ал динамикалық зерттеу барысында объектілер жеке белгілері мен қасиеттері бойынша (көлемі, салмағы, ерекше белгілері, түрі, түсі, т. б.) зерттеледі және зерттеу барысында қозғалысқа ұшырайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 222- бабында оқиға болған жерді қараудың үш нысаны белгіленген;

  1. оқиға болған жерді бастапқы қарау;
  2. оқиға болған жерді қосымша қарау;
  3. оқиға болған жерді қайта қарау;34

Оқиға болған жерді бастапқы қарау — тергеушімен ең алғаш  жүргізілетін қарау. Оқиға болған жер әлі ешқандай тұлғамен зерттелмеген, толығымен тергеуші бірінші болып зерттейді. Оқиға болған жерді қосымша қарау — белгілі бір себептермен объектінің бөліктері зерттелмеген жағдайда өткізілуі мүмкін. Қосымша қарау кезінде оқиға болған жер толығымен емес, оның белгілі бір бөліктері ғана зерттеледі.

Оқиға болған жерді қайта қарау мына жағдайларда өткізіледі:

  • объектіні зерттеуге   бастапқы   қараудың   деректері   жеткіліксіз болса;
  • бастапқы қараудан кейін жаңа деректер алынған болса;
  • бастапқы қарау сапасыз жүргізілген болса,

Қайта қарау оқиға болған жердің кейбір бөліктерінде жүргізіледі, ал  қосымша қараудан айырмашылығы бұрын зерттеліп қойған объектілерге қатысты жүзеге асады. Мысалы, қосымша қарау бұрын зерттелмеген объектілерді қарастырады, ал қайта қарау бұрын зерттелген, бірақ белгілі бір себептермен деректері толық болмай қалған объектілерге қатысты жүргізіледі.

Криминалистикада оқиға болған жерді қараудың үш түрлі әдісі бекітілген. Олар:

  1. Концентрлік әдіс — қараушының қозғалысы спиралды айналыс бойынша айналымының шетінен ортаға қарай жүргізеді.
  2. Эксцентрлік әдіс — оқиға болған жерді қараудың ортасынан айналымның шетіне қарай «тарқатылған спираль» бағытында жылжиды;
  3. Фронтальды әдіс — көлемі бойынша үлкен кеңістікті қарауда қолданылады. Бұл әдіс аланды бірнеше аумаққа бөле отырып жүргізіледі.

Бұдан басқа субъективті және объективті әдістер туралы айтылады.

Субективті әдіс — қоршаған ортаның ерекшіліктерін ескерместен, тек қылмыскердің ізімен жүре отырып, оқиға болған жерді зерттеу. Бұл әдіс негізінде оқиға болған жер толығымен емес, жекелей бөліктері бойынша зерттеледі. Объективті әдіс — оқиға болған жердің барлық элементтерін, қылмыскердің қозғалысына тәуелсіз түрде жалпылай зерттеу болып табылады. Криминалистикада объективті әдіс өте жиі қолданылады, себебі осы әдіс оқиға болған жерді қараудың толықтығын, жан — жақтылығын қамтамасыз етеді. Жол — көлік оқиғасы болған жерді қарау кезінде осы объективті әдіс басшылыққа алынады, ал қарау көбінесе эксцентрлік немесе фронталды қарау негізінде жүргізіледі. Жол — көлік оқиғасы болған жерді қараудың әдістеріне байланысты авторлар әртүрлі пікірлер ұсынады. Оның бетінде адам мәйіті болған жағдайда қарауды концентрлік әдіспен жүргізуге, қарауды оқиға басталатын нүктеден бастау немесе оқиғаның біткен нүктесінен бастауға байланысты пікірлер кездеседі. Бұл пікірлер алдағы тақырыптарда зерттеуіміздің өзегі болады.

[11]

 

 

 

 

  1. Жол-көлік оқиғасы болған жерді қараудың методикасы.

 

Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау методикасы қазіргі кезде жан- жақты зерттелген және әртүрлі ғылыми негізделген ұсыныстар мен үн қосулармен қамтамасыз етілген тергеу әрекеті болып табылады. Жоғарыда айтылғандай ол дайындық кезеңі, операциялық немесе зерттеу кезеңі және қорытынды кезеңі деген үш бөлікке бөлінеді. А. П. Онучин дайындық кезеңіне тергеушінің жол-көлік оқиғасы болған жерге келгеннен кейінгі дайындық әрекеттерін жатқызады да ,оқиға болған жерге шықпай тұрып дайындалуын тергеушінің жұмысын ғылыми ұйымдастыру деп атайды.35 Бұл пікірді Б.Л .Зотов та қолдай отырып, тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып дайындалуын тергеушінің қызметтік міндетіне жатқызып, оны «оқиға болған жерді қарауды жүргізуге тұрақты түрде дайын болу» деп белгілейді және «оны қамтамасыз ету үшін:

1) екі жақты радио байланыспен қамтамасыз етілген, арнайы жабдықталған автомобильдердің болуы;

2)  арнайы мамандарды тез арада оқиға болған жерге жеткізу мүмкіндігінің болуы;

3)  оқиға болған жерді қарауды жүргізуге көмектесе алатын  тұлғалардың болуы; шарт» дейді.36 Ал, В.К. Глистин және Б.Е.Боровский тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып алғашқы дайындық жұмыстарын жүргізуін оқиға болған жерді қараудың дайындық кезеңіне жатқызады. Олардың айтуы бойынша «оқиға туралы хабарлама түскен кезден бастап, оқиға болған жердің күзетілуін ұйымдастыру қажет. Хабарламаға қарай отырып, оқиға болған жерді қарауға қатысушыларды айқындап, техникалық құралмен қамтамасыз етілуін тексергеннен кейін ғана тергеуші оқиға болған жерге шығады.»37 Негізінен криминалистикада бастапқы пікірді көптеген ғалымдар қолдайды. Себебі, тергеуші өзінің қызметтік міндеттеріне сай оқиға болған жерді қарауға тұрақты түрде дайын болуға тиіс. Ал, оқиға болған жерді қарауға қатысушылар тергеушінің еркіне, оқиғаның сипатына қарай таңдап алынылады. Қазіргі Қазақстанда қалыптасқан практикаға сай жол-көлік оқиғасы болған жерді қарауды жүргізу басқа тергеу әрекеттері     сияқты     Жол     полициясының     анықтау     бөліміне жүктелген. Яғни, бастапқы тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарауды жол полициясының анықтаушысы жүргізеді . Егер қылмыстық әрекет анықталса және онда кісі өлімі немесе оның денесіне жарақат келтіру орын алса ғана іс тергеушіге беріледі. М.Б.Мұқашев» жол-көлік оқиғасы болған жерді қарауға тергеушіден басқа жол полициясының қызметкерлері кіреді, олар оқиға болған жерді күзету, жол қозғалысын ұйымдастыру, қажет жағдайларда тергеушінің нұсқауын орындау сияқты міндеттерді атқарады. [12]

Оқиға болған жерді қарауға міндетті түрде үш түрлі сарапшы қатысуы керек: — автотехник, криминалист және медицина сарапшысы» дейді.38

Мұндай жағдайдағы тергеушінің рөлі оқиға болған жерді қарауды ұйымдастыру және оның қатысушыларын басқару кезінде көрініс табады.

Жоғарыда аталған сарапшылар тобының қатысуы жол-көлік оқиғасы болған жерді сапалы және толық қарауға оң әсер береді. Тергеушінің оларды басқаруды және нұсқау беруді жүзеге асыру үшін қолданылатын арнайы білімнен хабары болуы тиіс. Сондай жағдайда ғана қарауды тез және жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік туады. Сарапшылардың оқиға болған жерде белгілі бір объектілер бойынша берген түсіндірмелері процессуалдық тәртіппен оқиға болған жерді қарау хаттамасына енгізіліп, одан арғы кезеңде дәлелдеме ретінде пайдаланылады. Оқиға болған жерге келіп жеткеннен кейін дайындық жұмыстары жүргізіледі. Ең алдымен оқиға болған жерге ешкімнің тиіспеушілігін қамтамасыз етіп, бастапқы кезде мүмкін болатын шекарасын анықтап алу керек. Бұдан басқа оқиға болған жердегі жол полициясының қызметкерлері арнайы жол белгілерін қойып, оқиға болған жерді қарауды қауіпсіздендіруді жүзеге асырады, олар жол қозғалысын тәртіпке келтіру шараларын жүргізеді. Кейде қауіпсіздік шаралары қабылданбаған жағдайда оқиға болған жер жол үсті болғандықтан оқиға болған жерді қараушыларға қауіп төнуі мүмкін. Әсіресе, қалалық жерлерде интенсивті қозғалыс кезінде қауіпсіздік шаралары міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Егер оқиға болған жерде жәбірленушілер болса, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, медициналық мекемелерге жеткізу шаралары қамтамасыз етілуі тиіс. Б.Л.Зотов жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету курстарын үйрету керек деп есептейді39. Себебі, көптеген жағдайда жүргізушілер оқиға болған жерде   жәбірленушілерге   алғашқы   медициналық   көмек   көрсете алмайды, немесе дұрыс нысанда көмек бере алмайды. Бұл олардың жәбірленушілерге жәрдем беру заңды міндеті болса да іске аспай тұрған мәселе.40  Жәбірленушілерге көмек көрсету барысында олардың жату жағдайын, тағы да басқа бұзылуы мүмкін объектілердің орнының бормен немесе басқа да құралдармен алдын ала белгілеп алуды ұмытпау керек. Бұдан басқа дайындық жұмыстарына оқиға болған жерден бой тасалап кетіп қалған жүргізуші мен көлік құралын іздестіру үшін қажетті ақпаратты мейлінше тез арада алып, жедел іздестіру органдарының қызметкерлеріне табыстау да кіреді. Одан кейін тергеуші тергеу әрекетіне қатысушыларға олардың орындарын көрсетіп, құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Тергеуші дайындық әрекеті ретінде іздер көрініп тұрған жерлердің бәрін аралап көруі тиіс. Бұл оның жол-көлік оқиғасының шекарасын анықтауына көмектеседі. В.К.Глистин мен Б.Е. Борвский жоғарыда аталған тәртіпті қолдай отырып дайындық әрекеттерін төмендегідей тәртіппен жүргізуді ұсынады:[13]

1) жәбірленушілер  оқиға болған жерде  болса оларға көмек көрсету;

оларды   емдеу   мекемесіне   жіберер   алдында   жеке   басын анықтап, тұрғылықты жерін білу керек.

2) оқиғаны көрген адамдардан түсінік ала отырып   оқиғаның қалай    болғандығын,   одан   бері  оқиғаның  болған  жердегі жағдайына қандай өзгерістер енгендігін анықтау;

3) жол   оқиғасына  қатысушы   жүргізушілердің      құжаттарын алып, қажетті  жағдайда медициналық куәләндыруға тез арада жіберу;

4)     егер машина жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалап кеткен болса, жекелеген белгілерін анықтап, оны ұстау, іздестіру шараларын ұйымдастыру41.

Б.М. Нұрғалиев жол-көлік оқиғасы болған жерді қарауға дейін мынадай  ұйымдастырушылық, дайындық әрекеттері жүзеге асырылуы тиіс деп, мынадай әрекеттерді атайды:

—  қажетті құралдармен қамтамасыз етілген жедел іздестіру — тергеу тобының оқиға болған жерге жетуін ұйымдастыру.

—  сарапшылық ұйымдардың және көлік құралы жол-көлік оқиғасына қатысқан көліктік ұйымдардың өкілдеріне хабарлама беру;

—    куәгерлерді айқындау ;

—    емдеу мекемелеріне хабарлау;

—    оқиға болған жердің күзетілуін қамтамасыз ету және оқиға болған жол учаскесіндегі жол қозғалысын реттеуді ұйымдастыру ;

—    медициналық жөрдем қажет жәбірленушілерге көмек көрсету;42

Жоғарыдан байқағанымыздай, дайындық жұмыстарының мәні оқиға болған жерді қараудың толықтығына оң әсерін беретін арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету және дайындық, ұйымдастырушылық әрекеттерін жасау болып табылады. Яғни, дайындық     жұмыстары     оқиға          болған     жерді     қараудың толықтығына,сапасына тікелей әсер етеді.

Оқиға болған жерді қарауды жүргізуге байланысты жол-көлік оқиғаларына қатысты әртүрлі пікірлер бар. Кейбір авторлар оқиға болған жерде адам мәйіті болса ол қараудың орталығы , сондықтан оқиға болған жерді қарау мәйіттен басталуы керек» деп есептейді.43 Бұл пікірді В.К.Глистин мен Б.Е.Борвский де қолдайды. Олардың айтуы бойынша » егер тез жоғалатын ,тұрақсыз іздер жойылып кетеді деген қауіп болмаса , оқиға болған жерді қарауды адам мәйітінен бастау керек.»44 Басқаша пікірді А..П.Онучин ұсынады. Ол «қараудың барысында ең алдымен оқиғаның басталу шекарасын, оқиғаның пайда болуына әсер еткен теріс факторлардың туындаған жерін, оқиғаның біту шекарасын анықтау қажеттігін айтады. Бұдан басқа оқиғаның орталық нүктесі (кедергімен контактіге түскен нүкте) және соқтығысу кезінде екінші көлік құралының оқиға алдындағы орналасу жағдайы бойынша қосымша басталу шекарасы айқындалады. Осы нүктелерден бастап, қозғалыс үшін оқиға болған жер жабылады. Оқиға болған жерді қарауды[14] біту нүктесінен бастап, орталық нүктесіне қарай , одан ары басталу нүктесіне дейін жүргізу қажет, сонда оқиғамен байланысты іздерді кездейсоқ іздерден ажыратып , тежеу жолының біту нүктесін тауып, басталу нүктесін анықтау оңайға түседі»45 М.Б.Мұқашев та бұл пікірді қолдай отырып біршама жетілдірілген қарау төсілдерін ұсынады.Оның айтуы бойынша» ең алдымен көру жағдайын , қауіпті сезіну мүмкіндігі туындайтын нүктені анықтау керек. Қауіпті сезінуі мүмкін нүкте дегеніміз жүргізушінің қауіпті көруі , байқауы мүмкін кеңістіктегі орын. Ал, қауіп нақты түрде көрінген жер — қауіпті сезіну нүктесі деп аталады. Оқиға болған жерді қауіпті сезінуі мүмкін нүктеден біту нүктесіне дейін немесе біту нүктесінен басталу нүктесіне дейін жүргізу тиімді. Біріңші тәсіл оқиғаға қатысушы көлік құралының шайқалу ізі жол бетіне түскен кезде пайдаланылуы тиіс. Оның барысында ізді бойлай жүріп, жүргізушінің әрекетін саралай алады және ол әрекеттер қандай жағдайда пайда болғандығын анықтайды. Екінші тәсіл көптеген іздер бар жолда тиімді болып табылады. Оны қоддану жол — көлік оқиғасына қатысы жоқ көлік құралының іздерін ажыратып, алып тастауға көмектеседі. Оқиғаға қатысушы көлік құралының ізін екінші тәсіл арқылы анықтап алғаннан кейін бірінші тәсілді қолдануға да болады.46 Негізінен,     М. Б. Мұқашевтің ұсынған тәсілі тиімді болып табылады, себебі жол — көлік оқиғасында басты назар тұрақсыз, тез жойлатын объектілерге аударылады, сол себепті де жол — көлік оқиғасы болған жерді қарауды адам мәйітінен бастау тиімсіз және оны қарау кезінде басқа іздер жойылып кетуі мүмкін. Адам мәйітін қарай отырып, оқиғаның жағдайын бірден анықтап, болжам құру тергеушінің аналитикалық қызметінде мүлдем мүмкін болмайды. Сондықтан қарауға жатқызылатын тікелей объектілер төмендегідей кезектілікпен орналасады:

  1. Жолдың рельефі, жолдың жамылғысы, оқиға болған жердің жалпы жағдайы;
  2. Жол бетіндегі іздер, олар туралы толық ақпарат;
  3. Кісі өлімі болса, оның мәйітіне байланысты ақпараттар;
  4. Көлік құралдары туралы мәліметтер;

Оқиға болған жерді қарау алғашқы кезде жалпы белгілері бойынша жүргізілсе, кейіннен жол-көлік оқиғасының бір түріне байланысты (соқтығысу, басып кету, лақтырып жіберу, т,б.) жеке белгілері бойынша жалғасады. Жол жағдайына, рельефіне байланысты қарау жалпы қараудың тәртібімен жүргізіледі. Бұл жағдайда тергеуші оқиғаны көзбен көргендерден сұрау салу арқылы, оқиға туралы белгілі бір мәліметтер алып, оқиға болған жерді шолып шығады. Содан кейін барып кеңістіктегі орнын дәл анықтауға тырысады. Әдетте, жол-көлік оқиғаларында кеңістіктегі оқиға орынын анықтау оңай, [15]ол елді мекеннен бастап, жол қашықтығына байланысты белгілеңеді. Мысалы ,»Алматы -Бішкек тас жолының 115 шақырымында» немесе «Рысқұлов — Сейфуллин көшелерінің қиылысында » деген сияқты анықтаушы сөз тіркестері қолданылады . Одан кейін барып ,жолдың сипаттамасы, қандай жол түріне жататындығы белгіленеді. Ол көше немесе қала аралық, ауыл аралық, т.б. жол болуы мүмкін. Жолдың түзу ,бұрылыс немесе жол қиылысы екендігін анықтау да маңызды элемент болып табылады. Жолдың рельефіне бұдан басқа оның горизонтальды, қөтеріліс жол немесе төменге құлдырау жол екендігін бекіту де жатады. Жол көтеріліс немесе құлдырау болған жағдайда оның бұрышын анықтау керек. Жолдың құлдырау бұрышын анықтаудың қарапайым әдісін ағылшындық криминалистер Р.Байэтт пен Р.Уоттс ұсынады. Ол үшін қарапайым денгейді өлшеуіш сұйықтық құрал мен қарапайым өлшеуіш сызғыш қажет. Деңгейді өлшеуіш құралды жазық бетке бойлай қоямыз да , құралдың төмен жақтағы ұшын құрал горизонтальды деңгейге жеткенше көтереміз. Содан кейін сызғышпен көтерілген шеті мен жолдың бетінің ара қашықтығын өлшейміз.

 

Сандық көрсеткіштерді алғаннан кейін мынадай формула арқылы бұрышты анықтаймыз:

 

tgQ=у/х;

 

Бұл жердегі у- тігінен ұзындығы;

                     х- өлшеуіш құралдың ұзындығы;

Мысал: Егер құралдың ұзындығы 1 метр болса , төменгі ұшы жол бетінен  70мм  көтеріліп  тұрса  ,  мынадай  нәтиже  шығады:   бұл жердегі 1метр =1000мм

tgQ=70мм/1000мм=0,07мм;

Тангенстер кестесі бойынша tg 0,07м=4° ; Яғни, құлдырау бұрышы 4° ке тең болады47. Осындай дәлме-дәл анықтаулар сараптама жүргізу кезінде обьективті қорытынды беруге негіз болып танылады. Оқиға болған жердің кеңістіктегі орынын, рельефін белгілеу арқылы шекарасы айқындалады. Содан кейін барып жолдың жамылғысына сипаттама берілуі тиіс. Себебі,жол жамылғысының жағдайы мен түрінің дөңгелектің жолмен үйкелісінің коэффицентін анықтауда мәні зор. Оқиға болған жерді қарау кезінде жолдың жамылғысын жан-жақты түрде сипаттап бекітуге тырысу керек. Жол жамылғысының түрлеріне асфальт, асфальтбетон, тасты, ұсақ құмтасты, құмды, батпақты жол жамылғылары жатады. Бұлар бекіту кезінде келесідей ұғымдармен белгіленеді: құрғақ, дымқыл, су басқан, қарлы, мұзды, тапталған қарлы, т. б. Ерекше назарды жол жамылғысының техникалық жағдайына аудару керек. Оның деффектілері, шұңқырлар, жарықтар, кетілген жерлер толығымен зерттелуі тиіс. Жол жамылғысының үйкелісінің дәрежесіне қарай М.Б. Мұқашев екі түрлі кескінін ұсынады. Оның айтуы бойынша жол жамылғысының үйкелістік     қасиеті     екі     ұғыммен     сипатталады.     

Біріншісі, макроүйкелісті, екіншісі, микроүйкелісті жол жамылғысы. Макроүйкелістік — жолдың бетіндегі негізгі материалдың қабатынан асып, шығып тұратын қосымша материалдың бөліктері. Ол көбінесе ыстық асфальт құйған кездегі тастардың жол бетіне жартылай шығып тұруы ретінде сипатталады. Макроүйкелістілік құн ыстық кезде автомобильдердің жиі жүру нәтижесінде асфальтқа батып жойылуы мүмкін. Мұндай құбылыс көбінесе тозған жолдарда байқалады. Микроүйкелістік-ұсақ құмтастардың жол бетіне жартылай шығып жатуымен байқалады. Микроүйкелістілік-мұнай өнімдерінің төгілуі немесе шаң-тозаңның көптеп қонуы нәтижесінде жойылуы мүмкін.48 Жалпы оқиға болған жерді қарау кезінде жолдың енінің ұзындығы, оқиға болған жердің көлденеңінен ұзындығы, жол шетінің ені, ауа-райы жағдайлары, көру шегі, жарықтану жағдайлары, оқиға болған жерді қарауды өткізу уақыты сияқты мәселелер де қамтылады.

Бұдан басқа жол үстіндегі көлік құралдарының орналасуы, адам мәйітінің жатқан жері сандық өлшеммен кеңістік бойынша бекітіледі. Дәл оқиға болған жерді жалпы қарау үстінде қарауды өткізудің кезектілігі[16] туралы шешім қабылданады. Ең басты мәселе жоғарыда атап кеткендей тез жойылатын обьектілерді жедел түрде тіркеу болып табылады. Оқиға болған жерді қарауды басталу нүктесінен бастап жүргізген кезде жалпы қарауды аяқтай салысымен детальды қарау арқылы зерттеуге көпгу керек. Мұндағы ең басты назар іздерге аударылады.

Жол-көлік    оқиғалары    кезінде    пайда    болатын    іздерге байланысты В.Н. Герасимов келесі топтарға іздерді біріктіреді.49

1) Жол-көлік оқиғасына қатысқан көлік құралдарының қозғалыс іздері-көлік құралының бағытын, қозғалу ерекшеліктерін, жылдамдығын және тежеуін байқауға болатын іздер. Олар жолдың бетіне сурет болып немесе жұмсақ бетті жолда көлемді түрде түсуі мүмкін. Жолдың бетіне суретін сақтап түсетін іздер көбінесе асфальт бетіне немесе басқа да қатты жерге түседі. Көлік құралының қозғалысын шайқалма іздер арқылы немесе тайғанау іздері арқылы анықтауға болады. Тайғанау іздері дөңгелектер мүлдем айналмай қалған кезде туындайды. Қозғалыстың бағытын анықтаудың әдістерін баяғыда-ақ  В.И.Попов бекітіп кеткен, олардың мәні әлі күнге дейін жоғалған жоқ:50

  1. Сусымалы топырақта дөңгелектің ізінің түбінде үшкір ұшы қозғалыстың бағытына қарай орналасады.
  2. Балшықтың, шаңның, құмның бөлшектері дөңгелек пен іздің жан жағына шашылады да, желпуіш тәрізді нысан құрайды. Соның жіңішкеретін жағы қозғалыстың бағытына қарайды.
  3. Жаман су жиналған шұңқырды басып кеткенде лай су іздің жан-жағына шашырап, дөңгелектің су ізі қозғалыстың бағытына қарай өтеді.
  4. Автомобильден түсетін майдың, тежеу сұйықтығының және тағы басқа жол бетіне таматын сұйықтықтың іздері алмұрт тәріздес нысан құрып, оның жіңішке жағы қозғалыстың бағытына қарайды.
  5. Дөңгелек таяқшаның немесе бұтаның ұшынан басып кеткенде оның бос ұшы ізге бұрыш жасап орналасады, бұрыштың үшкір ұшы қозғалыстың бағытына қарайды. Ортасынан басып кетсе де осылайша анықталады. Ал, қозғалу ерекшеліктерін көлік құралының қозғалыс сызығынан ауысу, кенет бұрылыс немесе айналыс іздері арқылы тануға болады. Мұндай іздер жүргізушінің жол-көлік оқиғасын болғызбауға тырысқандығын көрсетеді.

Мұндай іздер топырақты жолдарда, жол шетінде, қар басқан жолдарда, дымқыл жолдарда айқын түседі.

Көлік құралының қозғалысының жылдамдығы бірте-бірте тежеу қозғалысы ізінен немесе кенет тежеу кезінде түсетін іздер арқылы анықталады. Екі жағдайда да тежеудің басталу нүктесін табу керек, себебі тежеу жолының ұзындығы жылдамдықты анықтауға көмектеседі. Бірте-бірте тежеу кезінде тежеу жолының басталу нүктесін табу қиын. Із түскен жағдайда оның белгісі болып дөңгелек протекторының өзінің жолмен беттесуінің артуы және іздің енінің аздап ұлғаюы танылады. Ал, кенет тежеу кезіндегі іздер қатты жол бетіне айқын түрде түседі. Ондай жағдайда дөңгелектердің айналмай қалуы себебінен дөңгелек резинасының бөлшектері жол бетіне үйкелу нәтижесінде із жасайды. Ол іздердің басталу нүктесін табу өте оңай. Ал, мұз басқан жол бетіне юза іздері әлсіз түседі.

2) Жол-көлік оқиғасына қатысқан көлік құралдарының топтық және жекелік белгілерін сипаттаушы іздер. Бұларға: а) көлік құралдарының із түсіретін элементтерінің сыртқы ерекшеліктері туралы мәлімет беретін іздер. Бұл іздер басқа объектілерге түсуі мүмкін; б) көлік құралымен механикалық әсер ету нәтижесінде бөлініп түсіп қалған бөліктерінің іздері; в) көлік құралында пайдаланылатын жанармай, жағармай, тежеу, салқындату сұйықтары туралы мәлімет беретін іздер жатады. Осы іздерді саралай отырып көлік құралының топтық белгілерін, оның ішінде түрін, жеңіл немесе ауыр автомобиль екендігін, маркасын, моделін, нақты көлік құралын немесе оның бір бөлігін анықтауға болады. Бұдан басқа оқиға болған жерден бой тасалап кетіп қалған автомобильді анықтау үшін қажетті. Мысалы, кетіп қалған көлік құралында белгілі бір ақаулардың болуы, олардың сипаттамасы

[17]

және орналасу ерекшеліктері, көлік құралының бұзылған бөліктерінің болуы және оның сипаттамасы, тасымалданған жүктің белгілері, т.б. сияқты мәселелер анықтауға негіз болады. Көлік құралының топтық белгілерін ашу үшін дөңгелектің іздері арқылы көлік құралының базасын, дөңгелектерінің санын, алдыңғы және артқы дөңгелектердің іздерінің енін белгілеу мүмкіндігі бар. Көлік құралының базасы дегеніміз алдыңғы ось пен артқы осьтің орталарының ара қашықтығы. Базаны тоқтап тұрған көлік құралының дөңгелегінің іздері бойынша немесе артқа жүруді қолдана отырып айналған көлік құралының дөңгелегінің іздері бойынша анықтайды. Мысалы, автотұрақта тұрған көлік құралының алдыңғы және артқы дөңгелектерінен түскен іздердің аралары өлшенеді. Осы қашықтық көлік құралының базасы болып табылады. Артқа жүру арқылы айналғанда көлік құралының артқа жылжып барып тоқтап, бұрылып жылжыған дөңгелек іздері өзара қосылады да, алдыңғы дөңгелектердің арасын қосқан сызыққа перпендикуляр сызық сызылып, соның ұзындығы көлік құралының базасы болады. Көлік құралының бойлау ізінің енін анықтау, жалғыз дөңгелекті автомобильдерде жүру ізінің орталарының ара қашықтығының арасын өлшеу арқылы жүзеге асады. Алдыңғы дөңгелектің іздерін артқы дөңгелектің іздерінің жарым-жартылай басатынын ескерсек, алдыңғы дөңгелектерінің бойлау ізін бұрылыстарда, айналу кезінде немесе автотұрақта тұрған кезде анықтауға болады. Ал, көлік құралының дөңгелегінің сыртқы диаметрін дөңгелектің деффектілі жерінің екінші рет қайталанған тұсынан бірінші пайда болған жеріне дейінгі қашықтықты өлшеу кезінде білу мүмкіндігі туады.

 

Ол мынадай формуламен есептеледі:

 

Д=S/3.14;

 

Бұл жердегі S-дөңгелектің деффектілерінің қайталануларының ара қашықтығы.

3) Көлік құралының және олардың бөліктерінің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін іздер — бұл жердегі негізгі зерттелетін іздер дөңгелек протекторының іздері болып табылады. Бұдан басқа зерттеуге жататын іздер: көлік құралының сырланған сыртының бөліктері, шамдарының әйнектерінің сынықтары, радиатордың бетінің сынықтары, беткі және жан-жақтағы терезелердің сынықтары, т.б. болуы мүмкін.

Мұндай объектілердің жол бетіндегі дәл орынын анықтап, сипаттау көлік құралының басқа объектілерімен соғылуы кезіндегі орналасу жағдайын білуге көмектеседі. Бұл топтағы іздерге тек көлік құралының ізі емес, жаяу жүргіншілердің, велосипедистердің іздері де жатады. Олардың іздері қол мен аяқтардың ізі нысанында көрініс табады.

[18]

4) Жол-көлік оқиғасы болған жердегі жол қозғалысының моторсыздандырылған қатысушыларының іздері. Бұл іздерге негізінен жаяу жүргіншілер мен велосипедистердің іздері жатады. Мұндай іздерді оқиға болған жерді қарау кезінде тіркеу, кейіннен эксперимент арқылы жол-көлік оқиғасы кезіндегі жаяу жүргіншінің, велосипедистің жылдамдығын анықтауға көмектеседі. Іздер аяқтардың және велосипед дөңгелегінің протекторы нысанында түседі. Бұл іздер із салушы объектілер туралы жекелеген мәліметтер береді. Бұдан басқа, жол-көлік оқиғасы болған жерде кейбір із салушы объектілердің топтық ерекшеліктер туралы мәліметтер беретін іздер табылуы мүмкін. Мұндай іздерге қанның, адам денесінің жұмсақ тканьдерінің және адам шашының, киімдердің бөлшектерінің іздері жатады.

5) Жол-көлік оқиғасына қатысқан көлік құралындағы іздер. Келесі мәлімет көзі көлік құралы болып табылады. Мұндағы іздер көлік құралының сыртқы бетінде немесе салон ішінде болуы мүмкін. Осы объектілермен көлік құралының соғылу жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда көлік құралы жанды объектілермен де, жансыз объектілермен де контактіге түседі. Сондай ерекшеліктеріне қарай отырып, іздердің жол — көлік оқиғасы нәтижесінде пайда болуының белгілері, жол — көлік оқиғасының жәбірленуішісінің топтық және жеке белгілері, жол -көлік оқиғасына қатысушы басқа көлік құралдарының топтық және жеке белгілері, жол — көлік оқиғасы кезінде көлік құралын нақты кімнің жүргізгені, т. б. жағдайларды анықтауға болады.

6) Жол — көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралында пайда болатын ерекшеліктер туралы мәлімет беретін іздер. Мұндай іздер көлік құралдарында пайда болады. Осы іздер арқылы болған оқиғаның және оның нәтижесінің сипаты туралы мәлімет алуға мүмкіндік туады. Бұл іздер екі түрге бөлінеді: жанды объектілермен контакт кезінде түсетін іздер және жансыз объектілермен контакт кезінде түсетін іздер. Жанды объектілермен контакт кезінде мынандай іздер қалуы мүмкін: қанның, адам денесінің жұмсақ ткандерінің ізі, мидың ізі, тері мен бұлшық еттердің бөлшектерінің іздері, киімнің бөлшектерінің іздері, т. б. Жансыз объектілермен контакт нәтижесінде түсетін іздердің екі түрі болады. Олар: динамикалық және статикалық іздер. Динамикалық іздер үйкелу, сыру және тайғанау нәтижесінде пайда болады. Ал, статикалық іздер соқтығысу нәтижесінде түседі. Жансыз объектілер ретінде басқа көлік құралдары және қозғалмайтын объектілер де танылады. Сансыз объектілермен контакт кезінде көлік құралдарының сыртқы беті деформацияға ұшырайды. Осы деформациялардың сипаты арқылы, сыртқы қабатқа жұққан микро бөлшектерді зерттеу нәтижесінде көлік құралдарының қандай жағдайда контактіге түскенін анықтауға болады. Одан басқа көлік құралының қандай

[19]

топырақты жерде пайдаланылатындығын анықтау мақсатында соқтығысу кезінде дөңгелектен түскен топырақ үлгілері де зерттелуі мүмкін. Бұл әсіресе көлік құралы оқиға болған жерден кетіп қалған кезде көліктің қай жақтан қелгендігін анықтауға мүмкіндік береді.

7)  Көлік құралымен тасымалданатын сусымалы және сұйық жүктер туралы мәлімет беретін іздер. Бұл іздер кенет тежеу кезінде немесе соқтығысу кезінде жол көлік оқиғасы болған жерде шашылып қалған жүктердің бөлшектерімен құрылады. Осы іздерді тіркеп, саралау арқылы жүктің қайдан алынғандығын, сол арқылы көлік құралын анықтауға болады.

8)  Жол — көлік оқиғасы кезінде нақты кімнің көлік құралын жүрпзгеидігі туралы мәліметтер беретін іздер. Жүргізуші көлік құралын тастап, оқиға болған жерден бой тасалап кетсе немесе нақты кімнің жүргізгені туралы күмән туса, көлік құралының бөліктерінен іздердің үлгілері алынады. Бұл іздер негізінен қол саусақтарының іздері ретінде көрініс табады. Ол үшін рульдің, жылдамдық рычагының, айналардың, есіктердің тұтқаларының, жарықтандыру  құралдарының         клавишаларының         беті дактилоскопияланады. Кей жағдайда жүргізуші немесе жолаушылар жарақат алған кезде салонның ішінде және көлік құралының басқа да бөліктерінде қанның іздері табылуы мүмкін. Осы іздерді саралау көлік құралын жол — көлік оқиғасы кезінде кімнің жүргізгендігін анықтауға көмектеседі.

9)  Жол-көлік      оқиғасына      қатысушы      жүргізушілер      мен жәбірленушілердің денесіндегі және олардың киімдеріндегі іздер. Бұл іздер үш топқа бөлінеді:

а)  жол-көлік оқиғаларына тән іздер;

ә) жол-көлік оқиғаларына қатысты іздер;

б)  жол-көлік оқиғаларына қатыссыз іздер.

Жол-көлік оқиғаларына тән іздерге көлік құралдарының бөліктерінің адам денесіне түсетін суреттері нәтижесінде пайда болатын ақаулар жатады. Мысалы, протектордың адам денесіндегі ізі, бампердің адам денесіндегі конфигурациясы, т.б.

Жол-көлік оқиғаларына қатысты іздерге жол-көлік оқиғалары кезінде ғана найда болатын іздер жатады. Мысалы, адамды дөңгелектің басып өтуі,көлік құралынан құлап түсуі, т.б.

Жол-көлік оқиғаларына қатыссыз іздер ретінде басқалай жолмен де түсуі мүмкін іздер танылады. Мысалы, соққының басқа да доғал затпен түсуі, т.б.

Іздердің пайда болу механизміне қарай адам денесіндегі ақаулар түріндегі іздер адамның көлік құралына немесе жол бетіне соғылуын, дененің оның нәтижесінде шайқалуын, адам денесінің екі көлік құралы арасында немесе дөңгелек пен жол бетінің арасында қысылуын, адам денесінің көлік құралы мен қозғалмайтын обьектілер арасында қысылуын, адам денесінің жол бетімен сүйретілуін сипаттайды.

Адамның киімдерін зерттеу кезінде көлік құралының бөліктерінің киімге түсетін іздері, сырының, майлау материалдарының, әйнек сипаттарының іздері, т.б. іздері анықталуы тиіс. Жүргізуші мен жолаушылардың денесіндегі және киімдеріндегі іздер салонның ішіндегі бөліктерге, мысалы, құралдардың панеліне, рульге, терезеге, т.б. жерлерге соғылуынан пайда болады.

Жол-көлік оқиғасы болған жерде пайда болатын іздерді Г.А. Мозговых төмендегідей топтастырады:

  1. Соққылардың іздері (үйкелу және сырғанау іздері, бөліну және тіке соққы іздері).
  2. Шайқалу іздері.
  3. Ақаулар (деформациялар, бөліктер мен жарықтар,т.б.).
  4. Заттай іздер(жаңар, жағар майдың, сусымалы жүктің іздері).
  5. Көлік құралынан бөлініп қалған заттар мен олардың бөліктері.
  6. Термикалық әсер ету іздері (балқып кету,  еріп кету іздері, т.б.).51

Алғашқы екі топтағы іздер трасологиялық сараптама обьектілері болады да қалғандары жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға қажетті мәліметтер болып табылады.52

Көлік   құралының   дөңгелектерінің   іздерін   М.Б.Мұқашев   үш түрге бөледі: баспа іздер, сырғанау іздері және айналма сырғанау іздері.53

Баспа іздер — протектордың жұмсақ топырақ бетіне еркін айналу барысында   түсірген   ізі.   Сырғанау   іздері   —   айналмай   қалған дөңгелектердің қалдырған іздері.Айналма сырғанау іздері – айналып тұрып сырғанаған дөңгелектерден түсетін іздердің түрі. Кейде үзіктеліп түскен сырғанау іздері де кездеседі. Үзіктердің түсуінің екі себебі бар. Біріншісі, егер дөңгелектер жол бетінен көтеріліп кетсе, екіншісі, егер тежеуішті басуды уақытша тоқтатса. Бірінші жағдайда көлік құралы секіріп жүретіндіктен қысқа-қысқа үзік тежеу жолдары пайда болады. Ондай үзіктер бөлек-бөлек тіркеледі, бірақ есепке жалпы ұзындығы алынады. Екінші жағдайда үзіктер ұзын болады, сондықтан әрқайсысы бөлек тіркеліп, бөлек зерттеледі.

Көлік   құралдарында   соққы   нәтижесінде   туындайтын   іздерді Р.Байт пен Р.Уоттс төрт түрлі санатқа топтастырады:

1)  бастапқы ақаулар — негізгі соққыға дейін пайда болған соққы іздері. Олар көлік құралының жылжу тәртібін көрсетеді.

2)  Соқтығысу кезіндегі ақаулар — қозғалмайтын кедергіге, қозғалыстағы көлік құралына немесе жаяу жүргішіні басып кету кезінде пайда болады. Бұлар трасологиялық зерттеудің негізгі обьектілері болып табылады, онда көлік құралдарының соқтығысу кезіндегі өзара орналасуын анықтайды.

3)   тіркемелі ақаулар — көлік құралының соқтығысуы кезінде оның конструкциясы арқылы басқа бөліктеріне берілетін ақаулар;мысалы, алдымен соғылу[20] нәтижесінде мотордың артқа жылжуына байланысты артқы мосттың деформациялануы;

4)   соңғы ақаулар — соққыдан кейінгі қайталанатын соққы нәтижесінде пайда болатын ақаулар. Мысалы, жүргізушінің панельге соғылуы, т.б.54

Бұдан басқа Р.Уоттс пен Р.Байэтт көлік құралдарынан бөлініп түсіп қалған ұсақ бөлшектердің арасындағы өзара қатынасқа байланысты арнайы формула ұсынады. Әрине, криминалистика бөлімінде мұндай байланыстың барлығы белгілі. Бөлшектер (шамдардың сынықтары, т.б. бөлшектер) көлік құралынан бөлініп кедергіге ұшырамаса жер бетінен белгілі бір биіктікте ұшып барып жер бетіне түседі де , инерция бойынша одан ары кішкене қозғалады. Мұның мәні көлік құралының соңғы жылдамдығын анықтау болып табылады. Себебі, кенет тоқтаған көлік құралдарынан бөлінген ұсақ бөлшектер инерция бойынша сол көлік құралының жылдамдығымен ұшып барып , ауырлық күшінің әсерінен жерге құлайды. Жоғарыда аталған ғалымдар , мынадай формуланы құрастырған:

 

 

V- көлік құралының соқтығысу алдындағы жылдамдығы,

X- бөлшектердің үшу қашықтығы;

Q =9,8 м/с2 -еркін түсу үдеуі;

у- бөлшектердің үшқан кездегі жер бетінен биіктігі;55

Әрине, бұл формула дәл көрсеткішті көрсетпейді, себебі ауаның қарсылығы мен бөлшектердің шашылу энергиясы есепке алынбайды, дегенмен мұндай есептеуді жүргізу іс үшін маңызды болады. Осы фактінің өзі оқиға болған жерді қарауды қаншалықты ұқыпты жүргізу керектігін көрсетеді. Оқиға болған жерді қарау методикасында ең маңызды мәселе іздерді зерттеу болып табылады. Бұдан басқа, криминалистика ғылымында жол көлік оқиғасы болған жерді қарауда адам мәйітін және көлік құралын қарауды ерекшелеп көрсетеді.

Жол — көлік оқиғасы болған жерде адам мәйіті екі түрлі нысанда қаралады. Ең алдымен мәйітті сырттай қарау жүргізіледі, одан кейін барып оның киімі зерттеледі. Жалпы қарау кезінде мәйіттің жату жағдайы, орналасқан жері, басқа қозғалмайтын объектілерге қаысты орналасуы тіркеледі. Мәйіттің жату жағдайы айналадағы қозғалмайтын объектілерге қатысты түрде қаралады. Бұдан басқа мәйіт үстінде жатқан жолдың беті немесе басқа да объектілер зерттелуге жатады, себебі бұл мәйіттік белгілерді анықтауға көмектеседі. Мәйітті қарау барысында детальды түрде кезектілікпен зерттеу өте ұқыпты жүргізілуі керек. Жол — көлік оқиғалары кезінде мәйіттің денесіндегі жарақаттар жол бетінің биіктігіне сәйкес тіркелуі (локализация), бұл жарақаттың көлік құралының қай бөлігімен салынғандығын анықтауға көмектеседі. Мәйіттің киімі де оқиға болған жерді қарау барысында жан — жақты зерттеледі. Мәйіттің киімінде көлік құралы дөңгелегінің протекторының ізі, соққан бөліктерінің іздері (киімнің жыртылған, үзілген жерлері), сырдың, басқа да компоненттердің бөлшектері табылуы мүмкін. Бұдан басқа аяқ киімнің өкшесіне, табанына назар аударылуы керек, себебі тұрып тұрған адамның соққан кезде сырғып құлауы осы ерекшеліктеріне қарап анықталады. Кей жағдайларда адам мәйітінің қолына киілген сағатта жол — көлік оқиғасының болған уақытында тоқтап қалуы мүмкін. Сондықтан, қолындағы сағаттың көрсеткішін тіркеуді де ұмытпау керек.

Көлік құралын қарау кезінде негізгі агрегаттар ретінде тежеу жүйесі мен рульдік механизм жан — жақты зерттеуге ұшырайды. Көлік құралындағы әр түрлі механизмдердің дұрыс қызмет етпеуі жол көлік оқиғасының басым көпшілігінде негізгі себеп болады. Сондықтан көлік құралын қарауда төмендегі мақсаттар көзделеді:

  1. жол — көлік оқиғасына себеп болған көлік құралының техникалық ақауларын табу; одан кейін басқа да ақауларды анықтау;
  2. жол — көлік оқиғасы нәтиж[21]есінен пайда болған ақауларды табу;
  3. көлік құралының детальдарына жұққан топырақтың, сырдың, киім мен қанның ұсақ бөлшектерін табу.56

Көлік құралын қараудың кезектілігі оқиға болған жер мен адам мәйітін қарау кезінде анықталған жол көлік оқиғасының механизміне қарай отырып белгіленеді. Себебі сол мәселелерді саралау барсында көлік құралының қай тұстарында ақаулар мен іздер қалатындығы белгілі болады. Сондықтан көлік құралын қарау дәл осы іздермен ақаулар түскен жерлерден басталуы тиіс. Егер ондай жерлер анықталмаса, көлік құралының сырты жалпы қаралады. Ал, оқиға механизмі анық болып, қарауды нақты бөліктерінде жүргізілсе де қалған жерлер нашар көрінетін ұсақ іздер болуы мүмкін деген жорамалмен шолынып өтуге тиіс. Адамды басып кеткен кезде әдетте іздер қозғалыс бөлігінде және жанар май багының астында адам қанының киімінің іздері ретінде көрініс табады. Көлік құралының ішінде жүргізушінің жұмыс орны зерттеледі. Автомобилді басқа адам жүргізді деген күдік туған жағдайда рульдің, жылдамдықты қосатын рычактың, айналардың, есіктің тұтқасының бетінен саусақ іздерінің үлгілері алынуға тиіс. Оқиғаның сипаты белгісіз болған жағдайда көлік құралын қарауды алдыңғы жағынан бастау тиімді. Мұнда деформацияға тез ұшырайтын алдыңғы шамдар, номерлік белгі, радиатордың беткі қабаты, беткі әйнек, т. б. детальдар қаралады. Одан кейін көлік құралының сол жақ беті зерттеледі, себебі жүргізуші осы жағында орналасады. Артқы жағын қарау кезінде буфер, шамдар, номерлік белгі, жүк салғыш бөлігі, т. б. детальдар қаралуға тиіс. Қарау барысында автомобильдің қандай детальдар жетіспейтіндігін анықтауды ұмытпау керек. Автомобильдің сыртқы бетін зерттеп болғаннан кейін жоғырыда аталған тәртіппен ішкі кеңістігі қаралады. Жекелеген агрегаттарды қарау кезінде тежеу жүйесі, рульдік механизмі жарықтық — сигналдық құралдардың маңыздылығы ескерілуі керек.

Жол — көлік оқиғасы болған жерді қарау методикасы жол — көлік оқиғасының түрлері мен сипатына қарай аздаған өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Ал, негізгі қаңқасы жоғарыда тоқталған тәртіпте жүргізіледі. Жол — көлік оқиғасы болған жерді қарау методикасы қараудың сапалылығы мен ұқыптылығы объективті және субъективті факторларға тәуелді болтындығын басым түрде атап көрсетеді. Жоғарыда келтірілген қарау методикасының тәртібі осы факторларды ескерместен құрастырылады. Сондықтан жол — көлік оқиғасы болған жерді қарау тәртібі мен кезектілігі белгілі бір өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау кезінде арнайы білім мен техникалық құралдарды пайдалану.

 

Жол-көлік оқиғасы болған жерді қараудың өзіне тән ерекшеліктерінің бірі, қарау барысында арнайы білім мен әртүрлі техникалық құралдарды көптеп пайдалану болып табылады. Әсіресе, криминалистік білімнің қарқындап дамуы осындай талаптың қойылуының орынды екендігін көрсетеді. Арнайы білімі бар тұлғалардың оқиға болған жерді қарауға қатысуының басты себебі, мұнда кешенді түрде әр түрлі объектілерді қарау орын алады. Мысалы, көлік құралын зерттеу автотехникалық білімді қажет етсе, іздер мен адам мәйітін қарау криминалистік және медициналық білімді қажет етеді. Бұдан басқа, қазіргі кезде тергеушіге де арнайы білімге байланысты жоғары талаптар қойылған. Сол себепті, жол-көлік оқиғасын зерттеуде арнайы білім мен техникалық құралдарды пайдалану белгілі бір жағдайға байланысты емес, кешенді қажеттілік болып табылады. Бұл жерде М.Б.Мұқашевтың жол — көлік оқиғасы болған жерді қарауға автотехникті, криминалисті және медикті қатыстыру туралы ұсынысы өте орынды. Себебі, бұл тұлғалардың оқиға болған жерді қараудан бастап қатысуы тергеушіге дұрыс бағыт беріп, тергеушінің назарын кейбір объектілерге аударуын көрсетіп, хаттамаға дұрыс тіркелуін қамтамасыз етеді.57 Мұндай жағдайда тергеушіде де тиісті білім болуға тиіс, себебі ол мамандарды басқаруды жүзеге асырады. Тергеуші мамандардың көмегімен оқиға болған жерді қарау барысында кейбір іздердің түрі мен басқа да материалдардың объектілерді табады. Олар:

  1. Жол — көлік оқиғасы болған жерден бой тасалап кеткен көлік құралы мен оның жүргізушісін табуға көмектеседі. Мұндай объектілерге көлік құралының түрі мен маркасы туралы, оның қозғалысыньің бағыты және техникалық жағдайы м[22]ен тасымалдаған жүгі туралы мәлімет беретін іздер жатады.
  2. Көлік құралын тапқанннан кейін идентификациялауға көмектесетін іздер; Бұлар негізінен ұсақ бөлшектер болып табылады.
  3. Кеңістіктегі көлік құралдары мен басқа да объектілердің орналасу жағдайлары мен көлік құралдарының оқиға алдындағы жылдамдығына байланысты мәліметтер беретін іздер; Бұл жерде  оқиға механизмінің кейбір  бөліктері мен механизмнің   бастапқы   жағдайын    анықтауға   көмектесетін

мәліметтер жатады.

Жоғарыда аталған тұлғалардың оқиға болған жерді қарауға қатысуы кейінгі кезекте криминалистік, сот-медициналық, автотехникалық сараптамаларды дұрыс жүргізуге үлкен ықпал береді.

Оқиға болған жерде белгілі бір іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді табу, зерттеу, тіркеу және алу үшін әр түрлі криминалистік техникалық әдістері мен құралдары пайдаланылады. Р. Байэтт пен                 Р. Уоттстың айтуы бойынша тергеушінің қол астында 50 метрлік өлшеуіш құрал, сұйықтық деңгей өлшеуіш құрал, сызғыш, айналма және ылдилы жерлерді өлшеуге қажет өлшеуіш дөңгелек және белгілер қоятын бор, секундомер, жазба жазу үшін планшет болу керек.58 Ал, жедел іздестіру, тергеу тобында одан басқа қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған, жарықты қайтарушы материалдардан жасалған жол белгілері мен арнайы киім және жол қозғалысын реттеуші жол полициясының өкілі болуы тиіс.

Бұлардан басқа, оқиға болған жерді қарауға қатысушы сарапшыда өзінің арнайы құралдары болады. Оның құрамына дактилоскопиялық құралдар және фотографиялауға арналған құралдар, өлшеуіш құралдар жатады. Жол-көлік оқиғалары болған жерді қарау кезінде жүргізілетін тіркеудің түрі фотографиялық және трасологиялық болып табылады. Түнгі уақытта жүргізілсе әртүрлі жарықтандыру құралдары да қолданылады.

Криминалистік техниканы қолдану үшін құқықтық негіздеме болуға тиіс. Заңдарда қолданылуға жататын әдістер мен тәсілдердің тізімін термейді, оның басты себебі, криминалистік техника уақыт өте дамып, жаңа әдістер мен тәсілдердің пайда болуына алып келеді.

Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау суық ауа-райы жағдайында өткізілген кезде тергеуші арнайы дыбыс жазушы диктофонды қарау нәтижесін тіркеу үшін пайдалануы мүмкін. Мұның өзі қараудың ұтымды жүргізілуіне әсер етеді. Қолданылатын арнайы құралдар ғылыми негізделген, тура мәлімет алуға мүмкіндік беретін, қатысушылар мен пайдаланушылар үшін қауіпсіз, сенімді және ұтымды болуға тиіс. Оқиға болған жерді қарауда арнайы құралдардың қолданылуының негізгі мақсаты дәлелдемелерді дұрыс бекіту болып табылады.

Трасологиялық тұрғыдан іздерді табуда және бекітуде арнайы құралдар ретінде егер қатты жол бетіне түскен тежеу іздері болса, масштабты фотографиялау арқылы бекітілсе, көлемді іздер гипстік қүйма  түрінде  алу  арқылы  бекітіледі.   Кейде  микрообъектілерді алуда қол астындағы зат жабысқыш лента скотч қолданылуы мүмкін. Көлік құралынан түскен ұсақ бөлшектер орналасу жағдайы бойынша суретке түсіріліп, одан арғы идентификациялық зерттеу үшін қатталып алынады. Қолдың іздері мен аяқтың іздері арнайы техникалық әдістермен анықталады. Бұл жағдайда қолдың іздерін табу үшін ұсақ дисперстік үнтақтар (мыстың сілтісі, қорғасын сілтісі, графит, т. б.) иодтың буы, цинакрилат және басқа да реактивті заттар пайдаланылады. Бұлар аэрозольдық шашқыштар, пульверизаторлар және арнайы таяқшалармен жұқтырылады. Көптеген көлік құралдары қатысқан, бірнеше адам өлген жол-көлік оқиғалары болған жерді қарау кезінде киноға түсіру де жүргізілуі мүмкін. Мұның негізгі ұтымдылығы зерттеу кезінде динамикалық жағдайда оқиғаның механизмін анықтауда көмек береді. Көлік құралдарының кейбір механизмдерінің маркасын анықтауда[23]жарық түсіргішті және ұзын тұтқасы бар айна, ультра дыбыстық дефектоскоп және қалыңдығын[24] өлшейтін  құралдар пайдаланылуы мүмкін.

Фотографияға түсіру кезінде алдымен панорамалық жалпы суретке түсіріледі. Одан кейін барып детальды түрде фотографияға түсіру жүргізіледі. Бірінші жағдайда жол — көлік оқиғасы болған жерді толық қамтыса, екінші жағдайда бөлек детальдар, мысалы көлік құралдары бөлек — бөлек, адам мәйіті бөлек және ұсақ бөлшектер табылған жер бөлек суретке түсірілуі мүмкін. Масштабты фототграфия табылған іздерді, көлік — құралындағы ақаулар мен адам мәйітіндегі жарақаттарды түсіруде қолданылады. Адам мәйітінің жеке басы белгісіз болған жағдайда таныту фотографиясы жасалуы мүмкін.59

Бұл жағдайлада арнайы білм мен техникалық құралдарды пайдалану оқиға болған жерді қараудың сапалылығына тікелей әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5  Жол — көлік оқиғасы болған жерді қараудың нәтижесін бекіту. Оқиға болған жерді қарау хаттамасы, оған қосымша тіркелетін

құжаттар мен дәлелдемелер.

 

Жол — көлік оқиғасы болған жерді қарау тергеу өрекеті ретінде танылу үшін Тиісті процессуалдық нысанда ресімделуі тиіс. Оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетінің процессуалдық негізін құрайтын басты құжат оқиға болған жерді қарау хаттамасы болып табылады. Оқиға болған жерді қараудың процессуалдық ресімделуінің мәні — табылған іздер мен басқа да объектілерге дәлелдемелік мәртебе беру үшін бекіту болады. Криминалистикада бекіту объектілері ретінде — негізінен материалдық объектілер танылады , одан басқа бекітудің әдістері мен тәсілдеріне сипаттама беріледі. Дәлелдемелерді бекіту — дәлелдемелік мәні бар объектілерге толық сипаттама беру, оның қасиеттері мен белгілері туралы мәліметтерді белгілеу, тағы басқа әрекеттерден тұрады. Оқиға болған жерді қарау нөтижесін бекіткен кезде іске қатысты немесе іске қатысы болуы мүмкін ғана дәлелдемелер бекітіледі. Бұл дәлелдемелер жол — көлік оқиғасын сипаттаушы объектілерден алынғандықтан туынды мәнге ие болады. Ақпараттық жағынан мәліметті бір объектіден екінші бір объектіге ауыстыру көрініс табады. Яғни, 1) дәлелдемелік ақпарат материалдық объектіден бекіту объектісіне өтеді; 2) алынған, бекітілген дәлелдемелік ақпаратты бірнеше рет пайдалануға болады; 3) қажетті материалдық жағдайды толық анықтау үшін тиісті дәлелдемелік ақпарат жинақталады; 4) оқиға туралы мәліметтер белгілі бір сұрыптаудан өтіп, іске қажетті ғана мәліметтер бекітіледі;                                5) дәлелдемелік ақпарат қана емес, оны алу жолдары мен әдістері де бекітіледі.

Осыған қарап, дәлелдемелерді бекітудің объектілері ретінде мыналарды атауға болады:

  1. Фактілі деректер;
  2. Оқиғаның механизмін анықтауға мүмкіндік беретін деректер;
  3. Оқиғаға қатысушылардың өзара орналасу жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін деректер.60

Оқиға болған жерді қарау нәтижесін бекітудің үш түрлі нысаны бар: біріншісі, жоғарыда айтқан хаттама, екіншісі, графикалық бекіту, яғни сызбалар сызу, оны хаттамаға тіркеу; үшіншісі, заттай дәлелдемелерді іске тіркеу.[25]

Бұдан басқа оқиға болған жерді қараудың нәтижесін бекітудің нысанын екіге бөледі.61

  1. Нәтижені жалпы   бекіту нысандары – оқиға болған жердің жалпы жағдайын, барлық обьектілердің жиынтығын бекітуді жүзеге асыратын құралдар. Оларға: оқиға болған жерді қарау хаттамасы, оқиға болған жерлердің сызбалары мен жоспарлары, фотосуреттермен видеотүсірімдер жатады.
  2. Нәтижені жеке   бекіту нысандары – оқиға болған жердегі жекелеген объектілерді қарау нәтижелерін бекіту құралдары; Оларға масштабты суреттер, гипстық құймалар, ұсақ бөлшектердің жиынтығы т.б. жатады. Оқиға болған жерді қарау хаттамасы тергеу әрекетінің нәтижесің бекітудегі ең негізгі процесуалдық құжат болып табылады. Оқиға болған жерді қарау хаттамасы төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс.

1) Хаттама оқиға болған жерді табылғанның бәрін толық және кезектілікпен сипаттауға тиіс. Оқиға болған жерді қарау хаттамасы толық қана емес, объектілерді сипаттауға[26] жалпыға бірдей терминологияны қолдана отырып, айқын түрде жазылуы тиіс. Онда шамамен, жанында, алыс емес тағы басқа сияқты айқындалмаған сөздер болмауы керек.

2)  Оқиға болған жерді қарау кезінде болған объектілердің бәрін дәл сипаттауы тиіс. Мұнда іске қатысы бар мәліметтер әсіресе, дәл айқындалып жазылуы тиіс.

3)  Оқиға болған жерді қарау нәтижесі объективті түрде сипатталуы тиіс. Хаттамада табылған, анықталған фактілерге, құбылыстарға және іздерге олардың пайда болу механизміне байланысты, талқылау, түсіндірме болмауы қажет. Хаттамада – табылған объектілер тек сипатталып жазылады да, оған ешқандай талқылау, түсіндірме берілмейді.

4)  Хаттама — белгілі бір бағытты ұстануға тиіс. Онда оқиға болған жерді қарауға қатысы жоқ объектілер мен оның сипаттамасы болмауы керек. Хаттамада тек  іске қатысты мәліметтер тіркеледі.

5)  Хаттамаға қойылатын заңдылық талабы сақталуға тиіс. Онда заңда көрсетілген нысанда реквизиттер көрініс табады. Оқиға болған жерді қарау хаттамасының құрылымы туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс  Жүргізу  Кодексінде айқындалған норма жоқ. Оқиға болған жерді қарау тәртібін айқындайтын 221- бапта 62  қарау кезінде анықталғанның және алынғанның бәрінің хаттамағатіркелуі айтылып өткен. Ал, «Тергеу әрекетінің хаттамасы» деп аталатын 203 — бапта жалпы хаттамаға талаптар көрсетілген63. Ол бойынша хаттама тергеу әрекеті кезінде немесе ол аяқталғанннан кейін бірден жасалады. Хаттамада: тергеу әрекетін жүргізу орыны мен күні, оның басталуы мен аяқталу уақыты минутына дейін дәл; тергеушінің лауазымы мен аты — жөні; тергеу әрекетіне қатысқан әрбір адамның тегі, аты , әкесінің аты, ал қажет болған жағдайда оның мекен-жайы көрсетіледі. Хаттамада іс жүргізу әрекеттері олардың болған ретімен, оларды жүргізу барысында іс үшін мәні бар анықталған жағдайлар, сондай — ақ тергеу іс — әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың мәлімдемелері жазылады. Осындай зандық талаптарды сақтай отырып, криминалистикада оқиға болған жерді қарау хаттамасының құрылымын анықтайды. Ол бойынша құрылым үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі — кіріспе бөлім деп аталады. Оған оқиға болған жерді қарауды өткізу күні, айы, жылы, орыны; қарауды жүргізуші лауазымды тұлғаның қызметі, шені, аты, әкесінің аты, тегі; оқиға болған жерді қарауға қатысушы әрбір тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, қажетті жағдайда олардың адрестері; оқиға болған жерді қарауға қатысты Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің тиісті баптарына сілтеме; оқиға болған жерді қарауды өткізудің себебі; қараудың басталуы мен аяқталуының дәл уақыты; қараудың жүргізудің жағдайлары (жарықтандыру, ауа райының жағдай т. б.) ; туралы мәліметтер кіреді.

Екінші бөлігі — сипаттау бөлімі деп аталады. Бұл бөлімде оқиға болған   жерде   анықталған   барлық   мән   —   жайлар   туралы мәліметтер беріледі. Мұнда:

1)  оқиға болған жердің шекарасы мен оның орналасқан жері, оқиға болған жердің жалпы сипаттамасы;

2)  оқиға болған жерге апаратын жолдар;

3)  оқиға болған жердің жағдайы, қараудың барлық объектілері; Бұлардың қайсысы алынды, қайсысы фото суретке түсірілді, оны алу үшін қандай әдістер мен тәсілдер қолданыдды;

4)  оқиға болған жердің ерекше мән-жағдайлары; сияқты мәліметтер бекітіледі.

Үшінші бөлімі — қорытынды бөлім деп аталады, онда:

1)  қандай заттар алынғандығы, олардың қайда жіберілгендігі немесе кімге сақтауға берілгендігі;

2)  оқиға болған жерде қандай сызбалар, жоспарлар сызылғандығы;

3)  адам мәйітінің қайда жіберілгіндігі;

4) қарау кезінде тергеушіге қандай хабарламалар, ескертулер түскендігі және олар бойынша қандай шешімдер қабылданғаны туралы мөліметтер жинақталады. Хаттаманың соңында барлық қатысушылары қол қояды.64 Жол — көлік оқиғасы болған жерді қараудың нәтижесін тіркеу жоғарыда келтірілген жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі. Ол бойынша криминалист ғалымдардың арасында қайшылықтар жоқ. Криминалистер көбінесе жол — көлік оқиғасына байланысты оқиға болған жерді қарау хаттамасының сипаттау бөліміне кіргізілетін мәліметтерді детальды түрде сипаттайды. Мы[27]салы, В.К. Глистин мен Б. Е. Боровский оқиға болған жердің орналасқан жерін дәл белгілеудің маңыздылығын атап көрсетеді. Оқиға болған жер ашық даладағы жолда белгілі бір елді мекендерден қашықтығы бойынша, қалалық жерлерде көшелердің атауы бойынша тіркеледі. Бұдан басқа көлік құралының жолдың қай бөлігінде орналасқандығы көрсетілуі тиіс. Мұндай жағдайда көшенің ені өлшеніп, одан кейін барып жол шетінен автомобильге дейінгі қашықтық өлшенеді. Көлік құралының агрегаттарының жағдайлары визуалдық әдіспен, құралдарының көрсеткіштері көмегімен және өлшеуіш құралдардың көмегімен бекітіледі. Жол белгілері мен жолдағы сызықтар, жолдағы әр түрлі құрылыстар да оқиға сипатына байланысты хаттамада тіркелуге жатады 65Б. Л. Зотов жол — көлік оқиғасы болған жерді қарау хаттамасында 1) жол — көлік оқиғасы болған жердің жалпы сипаттамасы 2) қарау кезіндегі ауа райының жағдайы; 3) жолдың жағдайының сипаты; 4) іздердің сипаттамасы; 5) объектілердің оқиға болған жерде орналасуының дәл координаттары; т. б. мәліметтер көрініс табатындығын айтады66. Жол — көлік оқиғасын сипаттау кезінде көшенің атауы, жолдың енінің өлшемі, жол белгілерінің орналасу жағдайлары, ауа райының жағдайлары міндетті түрде бекітіледі. Егер, жол — көлік оқиғасы түнгі уақытта болған болса, көлік құралының шамын жағып көріп, оның көру қашықтығын анықтауға да болады. Жолдың жамылғысы мен жағдайы (құрғақ, дымқыл, қар басқан, тайғанақ, батпақты, т.б. ) және бұрылыстың, көтеріліп түсетін жолдардың бұрылыстар[28]ының сандық көрсеткіштері де хаттамада көрініс табуға тиіс.67 Жол — көлік оқиғасы болған жерді қараудың нәтижелерін бекітуді жалпы түрде төмендегідей тәртіппен жүргізуге болады. Ол бойынша хаттамада мына мән-жайлар көрсетілуі тиіс:

а)   жол жамылғысының түрі (асфальтобетон, асфальт, батпақты, құмды, тасты, ағашты көпір, тапталған шлак, т. б. ) немесе көлік құралының іздері түскен объектілер (ағаш, қағаз, метал, т. б.)

б)    жол жамылғысының жағдайы (құрғақ, шаңды, ластанған, тайғанақ, қар басқан т. б. )

в)   жол рельефі (горизонтальды жалпақ, өрлі — ылдилы, шұңқырлардың бар — жоқтығы т. б.)

г) бұрылыстар мен айналмалар (радиустарының өлшемдері көрсетіледі)

д) көлік құралдарының іздері табылған оқиға болған жердің учаскелері, (іздер мен басқа да объектілер толық сипатталуы тиіс)

е)  көлік құралының бағытын анықтауға көмектесетін белгілер;

ж) табылған іздердің түрлері мен көлемі (іздің енінің, ұзындығының тереңдігі, көлік құралының базасы, тежеу жолының ұзындығы, т. б. )

з)  көлік құралдарының іздерін табу, бекітудің және алудың әдістері мен тәсілдері;

Егер жол-көлік оқиғасы болған жерде адам мәйіті болса, оқиға болған жерді қарау хаттамасында:

а)  мәйіттің киімінің түрі мен жағдайы;

б)  киімдегі жыртықтар мен үзілулер;

в)  киімнің ластанған жерлері, олардың түрлері, түсі және орналасу жағдайы

г)   көлік құралының механизмдерінің іздері, олардың орналасу жағдайы

д)  мәйіттегі жарақаттардың орналасқан жерлері;

е)  осы жарақаттардың көлемі;

ж)  қанның ағу іздері;

з)  көлік құралының бір бөлшегіне сәйкес келетін мәйіттегі жарақат нысаны;

и) мәйіттегі сүйрету іздері (сырылған, жырылған іздер) 68көрсетіледі. Адамды басып кеткен жол-көлік оқиғасы болған жерде қанның, мидың, адам денесінің бөлшектері мен тканьдерінің бөлшектері, денені сүйрету іздері,     т. б. іздер табылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оқиға болған жерді қарау хаттамасында қан іздерінің көлемі, орналасқан жері, нысаны, адам денесін сүйрету ізінің бар — жоқтығы, оның ұзындығы, т. б. мәселелер бекітіледі. Кейде жәбірленушілерге тиесілі заттар табылуы мүмкін (кітаптар, көзілдірік, бас киім, т. б. ). Олар хаттамада жеке белгілері бойынша сипатталып алынуға тиіс. Оқиға болған жерді қарау хаттамасының соңына тергеуші мен басқа да тергеу әрекетіне қатысушылар қол қояды.

Жоспарлар мен сызбалар оқиға болған жерді қарау хаттамасына қосымша тіркелетін құжаттар болып табылады. Оқиға болған жердің жоспары дегеніміз — оқиға болған жерді тікбұрыштық проекциялық әдіспен сызба түрінде немесе масштабты түрде бейнелейтін құжат. Ол дербес процессуалдық құжат болып танылмайды. Оқиға болған жердің жоспары төмендегідей талаптарға жауап беруге тиіс:

  1. нақты жағдайды дәл және толық белгілейді;
  2. оқиға болған   жерді   қарау   хаттамасын   толтырған   адаммен жасалады және тиісті реквизиттерге ие болады;
  3. оқиға болған жерде жасалады немесе оқиға болған жерді қарау кезінде құрастылған шамалық сызба бойынша жасалады;
  4. қарапайым және түсінікті нысанда жасалады;
  5. бірыңғай масштабта жасалады;
  6. іске қатысы жоқ артық детальдары болмайды.69

Жоспардың міндетті реквизиттері ретінде масштабты немесе негізгі өлшемдердің көрсеткішін, оңтүстік, шығыс, солтүстік, батыс сияқты бағыттардың көрсетілуін, жасалу күнін, тергеушімен куәгерлердің қолдарын айтуға болады. [29]Оқиға болған жердің жоспары мен сызбалардың үш түрі бар:

  • бағыттаушы;
  • шолушы;
  • желілік;
  • детальды;70

Бағыттаушы жоспарда (сызбада) оқиға болған жер қоршаған орта-мен бірге бейнеленеді. Шолушы жоспарда (сызбада) оқиға болған жер ғана көрсетіледі. Желілік жоспарда оқиға болған жердің ең маңызды бөлігі ғана суреттеледі. Детальды жоспарда (сызбада) жекелеген объектілер мен іздер сызылады.

Сызба түріндегі жоспар масштабсыз, бірақ жоспардағы заттар мен объектілердің пропорциясын сақтай отырып сызылады. Жол — көлік оқиғалары кезінде [30]негізінен осы жоспар (сызба) нысаны қолданылады.

Масштабты    жоспар    масштабтың    көмегімен    заттар    мен объектілерді тиісінше кішірейту арқылы жасалады.71 Хаттамаға бұдан басқа фотографиялық суреттер қосымша тіркеледі. Жол — көлік оқиғалары болған жерді қарау кезінде оқиға болған жерді толық сипаттаушы панорамалық сурет түсіріледі. Ол вертикальды түрде орналасқан төрт нүктеден жүргізіледі. Детальды фото суретте әрбір жекелеген объект бойынша жүргізіледі (көлік құралы, адам мәйіті, бөлініп қалған бөлшектер, т. б. Көлік құралының беткі қабатындағы ақаулар масштабты немесе сызғышты пайдалану арқылы суретке түсіріледі. Мұндай әдіс ұсақ бөлшектерді, көлік құралынан бөлініп қалған бөлшектерді тіркеу кезінде де қолданылады. Адам мәйіті бар жол — көлік оқиғалары болған жерді қарау барысында адам мәйіті перпендикуляр төрт нүктеден суретке тартылып, қоршаған ортамен байланыстырып жалпы бір рет фотоға түсіріледі. Егер мәйіттің жеке басы анықталмаса, таныту үшін суретке түсіру жүзеге асырылады. Мәйіттің үстіндегі жарақаттар масштабты суретте бейнеленеді. Фотосуреттер арнайы фототаблицаларға жапсырылып, оған тергеушінің қолы қойылып, іске тіркеледі.

Жол — көлік оқиғасы болған жерді қарау барысында табылған іздердің үлгілері мен басқа да заттар заттай дәлелелдемелер ретінде алынып, іске тіркеледі. Көлемді іздердің гипс немесе алебастрдың көмегімен үлгілері алынып, қол іздері дактилоскопиялық пленкаларға көшіріліп алынады. Бөлініп қалған ұсақ бөлшектер көлік құралын идентификациялау үшін бөлек — бөлек қатталып, көлемі мен нақты саны туралы хаттамаға белгіленеді. Қанның, мидың, адам денесінің тканьдерінің бөліктерінің үлгілері тиісті әдістер арқылы алынады. Оқиға болған жерді қарау кезінде микробөлшектерге де назар аударылуы керек. Оларды табу және заттай дәлелелдемелер ретінде іске тіркеудің маңызы зор.

Оқиға болған жерді қарау хаттамасы мен оған тіркелген басқа да құжаттар мен заттай дәлелдемелер істің одан ары қозғалуы кезінде дәлелдеу процесіне қажетті ақпараттың көзін құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жол — көлік оқиғаларының болған жерін қарау — белгілі бір жол — көлік оқиғасы пайда болу нәтижесінде міндетті түрде жүргізілуі тиіс тергеу әрекеті болып табылады. Осы әрекетті жүргізу біріншіден, жол — оқиғасы қылмыстық ниеттен, кінәлі әрекеттен болды ма, әлде бақытсыз жағдай ма, екіншіден, істі одан әрі жүргізуге байланысты мәліметтерді анықтауға көмектеседі. Кей жағдайда, өсіресе, көлік құралы мен оның жүргізушісі оқиға болған жерде болмай қалған кезде оларды іздестіруге қажетті ақпараттар да осы оқиға болған жерді қарау барысында белгілі болады. Ол үшін тергеуші іздерді қайдан және қалай табу керек, іздердің қай түрі жол — көлік оқиғаларының түрлеріне тән, кетіп қалған көлік құралында қандай іздер қалуы мүмкін, тағы басқа мәселелерді шеше алуға тиіс. Бұдан басқа жол көлік оқиғасы болған жерді қарау кезінде сараптамалық міндеттерді шешуге керекті мәліметтер қалыптасады. Сондықтан, жол — көлік оқиғасы болған жерді қарау тактикалық жағынан да , зандылық жағынан да дұрыс, толық, әрі ұқыпты жүргізілуі қажет. Сол жағдай да ғана оқиғаны тудырған әрекетті дұрыс саралап, істі білікті жүргізуге болады.

Жол-көлік оқиғаларының себептері мен жағдайлары криминалистердің де назарындағы мәселелердің бірі. Олар осы мәселелерді саралай отырып жол — көлік оқиғаларының мынандай себептерін көрсетеді:

  1. Жол жүру ережелерін бұзу;
  2. Ақаулары бар көлік құралдарын пайдалану;
  3. Жолдардың нашар жағдайы;
  4. Жүргізушілердің жеке басына байланысты (алкогольдік, есірткі заттарды пайдалану арқылы мас күйінде көлік құралын жүргізу);
  5. Жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзуы;

Осы себептерді анықтау жол — көлік оқиғаларының алдын алу шараларын жүзеге асыруға көмектеседі. Ондай қызметті тек құқық қорғау орғандары ғана емес, қоғам болып жүзеге асыруға тиіс. Сондай жағдайда ғана қажетті нәтижелерге жетуге болады.

Жол — көлік оқиғалары болған жерді қарау барысында тек криминалистік қана емес, қылмыстық процессуалдық міндеттер де шешіледі. Мұндай жағдайда жол-көлік оқиғаларының барлығы қылмыстық кінәлі әрекеттен туындамауы мүмкін. Қоғам үшін ең қауіптісі қылмыстық ниетпен жасалған әрекет нәтижесінде болған жол — көлік оқиғасы болып табылады. Оның ішінде оқиға болған жерден көлік құралы мен жүргізушінің кетіп қалуы оқиға болған жерді  қарау барысында қосымша міндеттерді шешуді жүктейді. Мысалы, көлік құралының маркасын , моделін, басқа да жеке белгілерін анықтау, идентификациялау үшін көлік құралының іздері мен бөлініп түсіп қалған ұсақ бөлшектерді тауып, олардың үлгілерін алу, көлік құралының бағытын анықтау, т. б. Мұндай мәліметтер жедел — іздестіру қызметін жүзеге асырушы орғандардың қызметкерлеріне көлік құралын іздестіру үшін беріледі. Қазіргі кезде жол — көлік қылмыстарына байланысты қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының Кылмыстық [31]Кодексінің    296,    297,   298 —   баптарында    белгіленген.    Мұнда, автомобилді, троллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немес көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, егер адам денсаулығына зиян келтірсе немесе абайсызда кісі өліміне әкеліп соққаны үшін (296 бап), көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, көлік құралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалық ақауы бар екені белгілі көлік құралдарын пайдалануға шығаруы, көлік құралы иесінің немесе иеленушісінің алкогольдік, есірткілік немесе өзге мастық күйдегі адамдарды көлік құралдарын жүргізуге жіберу, егер адам денсаулығына зиян келтірсе немесе абайсызда кісі өліміне соққаны үшін (298 бап) қылмыстық жауаптылықтар көрсетілген. Осындай құқықтық — зандық жағынан қамтамасыз етілген жол — көлік қылмыстары үшін жауаптылық тиісінше дәлелденген жағдайда ғана туындайды. Бұл тергеушіден, сарапшыдан, басқа да жол — көлік оқиғаларының болған жерін қарауға қатысушылардан үлкен жауаптылықты талап етеді.

Қазіргі кезде жол көлік оқиғасы болған жерді қарау тергеу өрекетін тәжірибеде жол полициясының анықтаушылары жүргізеді. Олар алдын-ала тергеу жүргізуге құқығы бар тұлғалар ретінде, жол-көлік оқиғалары туралы хабарлама түскен кезден бастап, оқиға болған жерге келу, оқиға болған жерді қарау, т. б. бастапқы процессуалдық әрекеттерді жүзеге асырады. Мұндай жағдайда тергеуші тек қана жол-көлік оқиғасы болған жерді қарауды тікелей жүргізіп қана қоймай оны дұрыс ұйымдастыра алуға тиіс. Оқиға болған жерді қараудың білікті өткізілуі көбінесе тергеушінің өзінің лауазымдық міндеттерін дұрыс атқаруына тәуелді болады. Кей жағдайда оқиға болған жерді қарау кезінде негативті жағдайлар кездеседі. Негативті жағдайлар дегеніміз — оқиға жөнінде мәліметтерді алуға кедергі келтіретін мән — жайлар. Мысалы, оқиға болған жерде іздер мен жол — көлік оқиғаларына тән заттардың болмауы немесе жол — оқиғасы болған жерде болмауы тиіс бөтен объектілердің табылуы, т. б. Негативті жағдайлар тергеушінің оқиға болған жерді тікелей түрде кешенді зерттеуі нәтижесінде ғана бағаланады.  Бұдан басқа, криминалист — ғалымдар жол — көлік оқиғаларын зерттеу кезінде жіберілетін қателіктерді де атап көрсетіледі. Оның ішінде оқиға болған жерді қарауды ұқыпсыз түрде, шығармашылық тұрғыдан емес, таза механикалық тұрғыдан тезірек бітіру үшін жүргізу, іздерді қалай болса солай ат үсті қарай салу, тергеушінің техникалық құралдарымен қамтамсыз етілмеуі, соның нәтижесінде өлшемдерді қөзбен шамалап өлшей салу, сараптамаға қажетті мәліметтерді толық жинақтамау, жалпы айтқанда оқиға болған жерді сапасыз жүргізу бар. Сондықтан, тергеушінің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізіп арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру керек. Жол —  көлік оқиғасы болған жерді қарауды жедел түрде өткізу де басты назарда болуға тиіс. М. Б. Мұқашев оқиға болған жерді қарау хаттамасының жетімсіздіктеріне көңіл аударады.73 Онда ол хаттаманың стандарттық бланксінің жеткіліксіз екендігін айтып, хаттаманы міндетті түрде машинкаға басу және стандарттық бланкіДен бас тарту ұсыныстарын келтіреді.

Қорытындылай айтқанда, жол — көлік оқиғасы болған жерді қарау тергеу әрекеті оқиға болған жердің жағдайын, он[32]дағы негативті мән-жайларды кешенді түрде ұқыпты, әрі сапалы жүргізгенде ғана тергеу әрекетінің алдына қойылған мақсаттарына жетуге болады. Оқиға болған жерді қарау нәтижесінің дұрыс бекітілуі істің одан әрі қозғалуына үлкен бағыт береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

 

  1. Агушевич А. М. «Анализ недостатков следственных действий, связанных с необходимостью использования специальных знаний по делам ДТП»,Алматы,1993г
  2. Байэтт Р. ,Уоттс Р. «Расследование дорожно-транспортных проишествий»Москва , «Транспорт», 1983
  3. Белкин Р. С. Лившиц Е.М. «Тактика следственных действий»,Москва, «Новый юрист», 1997
  4. Белкин Р.С.,АверьяноваТ.В.,Корухов Ю. Г., Российская Е. Р. «Криминалистика»,Москва, 1999
  5. Боровский Б.Е.,Глистин В.К.  «Автотранспортные преступления»  Ленинград, 1969
  6. Виницкий Л.В. «Теоритические и практические проблемы следственного осмотра»,Москва,Докторская диссертация, 1990
  7. Герасимов В.Н. «Методика расследования автотранспортных проишествий »,Москва, Издательство МГУ, 1988г.
  8. Жарский В.Е. «Расследование дорожно-транспортных проишествий», Москва, 1968г.
  9. Жәкішев Е.Ғ. «Криминалистік тактика »,Алматы, «Жеті жаргы»,1997ж.
  10. Зотов Б.Л. «Расследование и предупреждение автотранспортных проишествий»,Москва, «Юридическая литература», 1979г.
  11. Леви А.А. «Осмотр места проишествия»,Москва, «Юридическая литература », 1972г.
  12. Лисиченко В.К.    «Использование   данных   естественных   и

технических   наук   в    следственной   и    судебной   практике »,Киев,» 1979г.

  1. Литвиненко Л.К. «Вопросы методики расследования автотранспортных проишествий», 1964г.
  2. Маландин И.Г.»Расследование автотранспортных происшествий» Саратов ,1960г.
  3. Мозговых ГА.» Трассологическая экспертиза по делам о дорожно-транспортных происшествиях», Автореферат канд диссертации , Алматы ,1971г.
  4. Нургалиев Б.М.» Особенности осмотра места проишествия и возможности судебных экспертиз по делам о столкновениях транспортных средств» Дараганда, 1993г.
  5. Онучин А.П.» Проблемы расследования дорожно-транспортных происшествий с учетом ситуационных факторов», Свердловск, Издательство Уральского университета ,1987г.
  6. Поврезнюк Г.И. Гинзбург А.Я. Калинин А.В.» Справочник следователя «, Алматы, 1998г.

 

  1. Попов В.И.» Осмотр место проишествия «, Алматы, КазГос-издат 1956г.
  2. Правила учета дорожно-транспортных проишествий, введенные в действие приказом Министра внутренних дел РК ,от 12 дек. 1992г.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 16 шілде 1997 жылы қабылданып қаңтар 1998 жылы күшіне енген.
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, 13 желтоқсан, 1997 жылы қабылданып 1 қаңтар, 1998 жылы күшіне енген.
  5. Қазақстан Республикасы   Үкіметінің      №   1650   қаулысымен

күшіне енген Жол Жүру Ережелері 25 қараша    1997 жылы қабылданған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] Рассейкин Д. П. «Осмотр места происшествия и трупа при расследований убийств», Саратов, 1967г., стр.6.

2 Виницкий Л.В. «Теоретические и практические проблемы следственного осмотра», Москва, Докторская диссертация,  1990г., стр.29.

3 Е.Ғ.Жәкішев «Криминалистік тактика»,  Алматы «Жеті жарғы» 1997ж. 18 –бет

4 А. Я. Гинзбург, А. Р. Белкин «Криминалистическая тактика», ТОО «Аян Эдет», 1998 г., 88-стр

5  Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі, 13 желтоқсан 1997 жылы қабылданған.

(221бап).

6  Колмаков В. П. «Следственный осмотр» Москва, «Юридическая литература» баспасы, 1969 г., 6 бет.

7 А. Я. Гинзбург, А. Р. Белкин «Криминалистическая тактика», ТОО «Аян Эдет», 1998 г., 85-стр

8 Е.Ғ.Жәкішев «Криминалистік тактика»,  Алматы «Жеті жарғы» 1997ж. 19 –бет

9 Жол -көлік оқиғаларын тіркеу ережесі. 1992 жылы 12 желтоқсанда Ішкі Істер Министрінің бұйрығымен күшіне енген.

10 Мозговых Г. А. «О подходах к классификации дорожно — транспортных происшествии». В сб. Научных трудов КазНИИСЭ: Теоретический и практические вопросы судебной экспертизы» вып. П., 1993 г. с. 178-182.

11 Жол — көлік оқиғаларын тіркеу ережесі. 12 желтоқсан 1992 жылы Ішкі Істер Министрінің бұйрығымен кушіне енген.

12 Сонда

 

13 Кисляков Ю. Д., Кузнецов О. Г., Базарбаев Т. К. Организационные и методические предпосылки развития новых возможностей судебной автотехнической экспертизы. В сборнике научных трудов КазНИИСЭ — теоретические и практические вопросы судебной экспертизи., выпуск П., 1993 г. стр. 183-191.

14 М. Б. Мукашев «Дорожно — транспортные происшествия: теоритические и практические вопросы раскрытия и расследования». Учебное пособие, Алматы 1999 г., стр. 9.

15 Сонда. 8-бет.

16 Сонда 12-бет.

17 Онучин А. П. «Проблемы расследования дорожно — транспортных происшествий с учетом ситуационных факторов». Свердловск, Изд-во Уральского Универ-та, 1987 г. , стр. 24.

18      Иларионов       В. А»        Экспертиза       дорожно-транспортных       происшествий» Москва’Транспорт» 1989 стр,7

 

19 Глистин В.К. БсржскийБЕ.» АвклранакрпьЕ прөсіуппшш: квалификация и расследована. «Леннрац. 1969 сгр21

 

20  Б.М.Нургалиев «Особенности осмотра места происшествия и возможности судебных экспертиз по

делам о столкновениях траспортных средств» Караганда,1993.стр5.

21 В.Н.Герасимов «Методика расследования автотранспортных преступлений»Москва МГУ,1988.стр24-25

 

22 Нургалиев Н.Б. «Особенности осмотра места происшествия и возможности судебных экспертиз по делам о столкновениях транспортных средств», Караганда, 1993г.7-8стр.

23  А.П. Онучин ‘Проблемы расследования дорожно-транспортных происшествии с учетом ситуационных факторов’, Свердловск, Издательство Уральского Университета, 1987г, 55-стр.

24 Б.Л. Зотов «Расследование и предупреждение автотранспортных происшествий», Москва, «Юрид. литература», 1972г, 66 стр.

 

 

25 А.П.Онучин.» Проблемы расследования дорожно-транспортных происшествий с учетом ситуационных факторов,» Свердловск, Изд-во Уральского Университета, 1987г. Стр:56

 

26 Сонда. Стр 60

27 А. Я. Гинзбург, А. Р. Белкин «Криминалистическая тактика», учебник, Алматы, 1998 г., стр. 96.

28  Р. Е. Жарский » Расследование дорожно — транспортных происшествий», Москва, 1968 г., стр. 9.

29 В. К. Глистин, Б. Е. Боровский «Автотранспортные преступления», Ленинград, 1969 г. стр. 32.

30 А. Я. Гинзбург, А. Р. Белкин «Криминалистическая тактика», Учебник, Алматы, 1998 г. 104 стр.

31 Сонда. Стр 105-111.

32 Е. М. Лившиц, Р. С. Белкин «Тактика следственных действий», Москва, «Новый юрист». 1997 г.. стр.

57-61

33 А. П. Онучин «Проблемы расследования дорожно — транспортных происшествии с учетом

ситуационных факторов», Свердловск, Издательство Уральского Университета, 1987 г.. стр. 61-62.

 

34 Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жургізу Кодексі. 13 желтоқсан 1997 жылы қабылданған. 222-бап, 17 -бөлім;

 

35А. П. Онучин «Проблемы расследования дорожно транспортных происшествий с учетом

ситуационных факторов», Свердловск, 1987 г., стр. 61.

36 Зотов Б. Л. «Расследование и предупреждение автотранспортных происшествий», Москва,

«Юридическая литература «, 1972 г., стр. 66.

37 Глистин В. К,, Боровский Б. Е. «Автотранспортные преступления», Ленинград, 1969 г. стр. 31.

 

38 М. Б. Мукашев «Дорожно — транспортные происшествия: теоретические и практические вопросы раскрытия и расследования’, Алматы, 1999 г,, стр. 55,

39 Б.Л. Зотов «Расследование и предупреждение автотранспортных происшествий», Москва, «Юрид.литература», 1972г, 69 стр.

40 Қазақстан Республикасының Үкіметінің 25 қараша 1997 жылғы N1650 қаулысымен бекітіліп 1998 жылдың 1 қантарынан күшіне енген » Қазақстан Республикасының Жол жүру ережелері», 7 бап.

41 Глистин В. К., Боровский Б. Е. «Автотранспортные преступления», Ленинград, 1969 г. стр. 31.

 

42   Нургалиев Н.Б. «Особенности осмотра места происшествия и возможности судебных экспертиз по делам о столкновениях транспортных средств», Караганда, 1993 г., стр. 25

43 Р.С. Белкин, Е.М. Лившиц «Тактика следственных действий», Москва, «Новы юрист», 1997 г., стр.55

44 В.К. Глистин, Б.Е. Боровский «Автотранспортные преступления», Ленинград, 1969 г., стр. 32

45 А.П. Онучин «Проблема расследования дорожно транспортных происшествий с учетом ситуационных фактов», Свердловск, 1987 г., стр. 63,73.

 

 

46 М.Б.Мукашев «Дорожно – транспортные происшествия: теоритические и практические вопросы раскрытия и расследования», учебное пособие, Алматы, 1999 г., стр. 57-58.

47  Р. Байэтт, Р. Уоттс «Расследование дорожно-транспортных происшествий», Москва, «Транспорт», 1983 г., стр. 39

 

48 М.Б.Мукашев «Дорожно – транспортные происшествия: теоритические и практические вопросы раскрытия и расследования», учебное пособие, Алматы, 1999 г., стр. 62.

49  В.Н. Герасимов  «Методика расследования»,  Москва, издательство МГУ, 1988 г., стр. 73-87.

50  В.И. Попов «Осмотр места происшествия», Алматы, КазГОС изд., 1956 г., стр.100

 

51  Г. А. Мозговых  «Трасологическая экспертиза по делам о дорожно транспортных происшествиях», Автореферат кан. Дис., Алма-Ата, 1971 г., стр. 6

 

52  Сонда

 

53 М.Б. Мукашев «Дорожно транспортные присшествия теоритические и практические вопросы раскрытия и расследования», Учебное пособие, Алматы 1999, стр.66

 

54 Р.Байэтт, Р.Уотс «Расследование дорожно – транспортных происшествии», Москва, «Транспорт», 1983г. Стр 40-42.

55 Сонда.88 бет.

56 В.К. Глистин, Б.Е. Боровский «Автотранспортные преступления», Ленинград, 1969 г., стр. 37

57 М.Б. Мукашев Дорожно-транспортные происшествия: теоритические и практические вопросы раскрытия и расследования, Алматы 1999 стр. 55

58 Р. Бэйетт, Р. Уоттс «Раследование дорожно-транспортных происшествий», Москва «Транспорт», 1983г., стр.19

59 Р. С. Белкин, Т.В. Аверьянова, Ю.Г. Корухов, Е.Р. Россинская «Криминалистика», Москва, 1999 г.,        стр. 177

60 Р. С. Белкин, Т.В. Аверьянова, Ю.Г. Корухов, Е.Р. Россинская «Криминалистика», Москва, 1999 г.,        стр. 143

61 Р.С. Белкин, Е.М. Лившиц «Тактика следственных действий», Москва, «Новы юрист», 1997 г., стр.64

62 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, 13 желтоқсан 1997 жылы қабылданып, 1 қаңтар 1998 жылы күшіне енген.

63 Сонда.

64  Е.М.Лившиц «Тактика следственных действий», Москва, «Новы юрист», 1997 г., стр.66

65 В.К.. Глистин, Б.Е. Боровский «Автотранспортные преступления», Ленинград, 1969 г., стр. 41

66 Б.Л. Зотов «Расследование и предупреждение автотранспортных происшествий», «Юридическая литература», Москва, 1972 г., стр. 90

67 Сонда стр. 91

 

68 А.Я. Гинзбург, Г.И. Поврезнюк, А.В. Калинин «Справочник следователя», Алматы , 1998 г.,стр. 153.

 

69 Е.М.Лившиц «Тактика следственных действий», Москва, «Новы юрист», 1997 г., стр.66

70 А.Я. Гинзбург, Г.И. Поврезнюк, А.В. Калинин «Справочник следователя», Алматы , 1998 г.,стр. 21

71 А.Я. Гинзбург, А.Р. «Криминалистическая тактика», Алматы, стр. 118.

72 Қазақстан Республикасының Кылмыстық  Кодексі, 16 шілде 1997 жылы қабылданып, 1 қаңтар 1998 жылы күшіне енген.

73 М.Б.Мукашев «Дорожно – транспортные происшествия: теоритические и практические вопросы раскрытия и расследования», учебное пособие, Алматы, 1999 г., стр. 84