АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Контрабандалық әрекеттің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе……………………………………………………………………….3

 

1 Контрабанданың түсінігі, түрлері

 

1.1 Контрабанданың түсінігі және қоғамдық қауіптілігі…………………………………………………………………………………………………….6

1.2 Контрабанданың түрлері……………………………………………………………….14

 

2 Контрабандамен байланысты қылмыстардың сипаттамасы

 

2.1 Контрабандамен байланысты қылмыстардың объектісі……………………………………………………………………………………………………..17

2.2 Контрабандамен байланысты қылмыстардың объективтік жағы……………………………………………………………………………………………………………36

2.3 Контрабандамен байланысты қылмыстардың субъектісі……………………………………………………………………………………………………39

2.4 Контрабандамен байланысты қылмыстардың субъективтік жағы……………………………………………………………………………………………………………44

2.5 Контрабандамен байланысты қылмыстардың ауырлатылған құрамдары…………………………………………………………………………………………………..46

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………49

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………….57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ  

 

Біздің еліміздің тарихында, әлеуметтік, экономикалық саясатында саяси контрабанда қаупі маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік территориясының қалыптасуы, кедендік тәртіп пен бағалы заттарды тағы да басқа шекарадан өтуіне әсер етті.

Контрабанда басқа қоғамдық құбылыс сияқты эканомикалық және әлеуметтік алғы шарттардан тұрады:

  1. Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекетер шекарасының кеңдігі;
  2. Мемлекеттің сыртқы сауда монополдиясынан бас тартуы
  3. Ішкі нарықтың тұрақсыздығы
  4. ТМД елдері арасындағы мемлекет аралық кеден ісінің заң базасының дәрменсіздігі.
  5. Билік және басқароушы органдардағы коорупцмя және құқықт қорғаушы, бақылаушы органдардың қылмыстық топтармен байланысының қарқынды дамуы, оның ішінде контрабандамен байланысы.

Контрабандалық қылмысты тергеу ісінде құқықтық механизмнің болмауы.

  Егерде кінәлі адам ұсталса, ҚР қылмыстық кодексінің 205-бабына сәйкес мемлекетке ерекше үлкен мөлшерде залал келсе, қосымша саралануы туралы белгілерді, біздің пікірімізше 209, 250-баптарға толықтырулар керек. Нәтижесінде экономикалық контрабандалық қылмыстар жауапкершіліктер күшейтіледі.

  Қорыта келгенде, контрабанда республикадағы көмекші экономикалық негіз болып табылады және криминалды кіріс көзі болып табылады және бұған елдің белгілі бір бөлігі қатысады.

  Контрабандамен күресу жедел іздестіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Контрабандаға қарсы құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту керек. Бұлар мемлекеттік қазынаға қосымша ақша түсуіне мүмкіндік береді. Әзірше көлеңкелі экономика ғана байып отыр.

Қазақстандық контрабандалық шолу шет елдік ұжымдармен байланысын кеңейітті, бақылау жасалынатын тұрақтар қатары өсті. Нәтижесінде Бразилиядан Алматыға және Ресейдің басқада қалаларына героин мен какоин тасымалдау ісіне тосқауыл жасалынды.

     Қазіргі кезде ТМД елдерінің аймақтық кеден қызметінің бірлестігі контрабандалық есірткі туралы ақпарат алмасу ісі бойынша орталықта Москва офистерімен және ТМД елдеріндегі офистермен табысты түрде жұмыс жасауда.Қазақстан ТМД елдерімен есірткіке бақылау жасау ісі бойынша халықаралық комитет құру жобасын жасауда.

    Осылайша  құқық қорғау органдары арасындағы байланыс  контрабандамен және басқада қылмыс түрлерімен күрес жүргізуде оңтайлы нәтиже бермек.

Соңғы жылдары контрабандалық  қылмыстың өскенін көреміз. Егер 1998 жылы құқық қорғау органдары мен 157 контрабандалық факт тіркелсе, ал экономикалық контрабандаға байланысты 1999 жылы  215 факт тіркелінді.

ҚазКСР Қылмыстық кодексінде контрабандалық әрекеттер тек қана бір ғана қылмыс құрамы ретінде сараланатын. Тек 1997 жылы қабылданып, 1998 жылдық 1 қаңтарынан бастап күшінде болған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі контрабандалық әрекеттерді екі дербес қылмыс құрамы ретінде бөлді. Бұлайша бөлуге негізгі себеп қылмыс затына байланысты олардың объектісінің, яғни зардап келтіретін құндылығының оқшаулығы. Айталық экономикалық контрабанда жасау барысында қылмыс затттарын пайдалануға, иеленуге т.б. заңды әрекеттер жасауға тым салынбаса да, кеден бақылауынан жеткілікті деңгейдегі механизмдер арқылы өтпегендіктен мемлекеттік баж төленбей қалады, сол себепті мемлекеттік бюджет қоры толықпайды, демек экономикалық қызмет саласындағы қоғамдық қатнастар зардап шегеді. Егер де контрабандалық әрекеттер арқылы азаматтық айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттар шекарадан өтетін болса, онда зардап шегетін мемлекеттік экономикалық мүддесі емес ,қоғамдық қауіпсіздік.

Қорыта айтар болсақ, ҚР жаңа ҚК-сі контрабанданы екі дербес қылмыс құрамдарына бөлу арқылы дұрыс қадап жасап отыр.

Осыған орай, өзалдына дербес және белгілі бір деңгейде жаңа болып табылатын қылмыс құрамдарын зерттеу қажеттілігі туындайды.

Бұл мәселемен тікелей айналысқан авторлар қатарына К.Г.Байсаковты, А.Н. Ералинді, Г.Б.Саматованы, Б.С. Сәрсековты, Д.Р.Хазиахметованы т.б. атауға болады.

Дегенмен, бұл мәселемен тікелей айналыспаса да аталған тақырыптың теориялық негізін құрай алатын ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады, олардың қатарына мына авторлар жатады: Ағыбаев А.Н., Антонян Ю.М. ,  Бородин С.В. Дворкин А.И. , Сафин Р.М., Бабаян Э.Л., Бабланов Т.К., Брайнин Я.М., Васильев А.Н., Гаухман Л.Д., Глистин В.К., Карпец И.И. , И.Н. Кудрявцев, Иващенко А.Е., Марченко А.И., Каиржанов Е., Канатов А.К., Коржанский Н.И., Мирошниченко Н.А.,  Наумов А.В., Никифоров Б.С., Трайнин А.Н., Федоров М.И., Феткулов Г.Х., Интыкбаев М.К т.б.

Диплом жұмысының объектісі – экономикалық қызмет саласындағы және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.

Диплом жұмысының нақты затын экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың ішіндегі экономикалық контрабанда және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың ішінде айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы  құрайды.

Диплом жұмысының мақсаты контрабандалық әрекеттің қылмыстық-құқықтық  сипаттамасын беру.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында жұмыс мынандай міндеттер қояды:

  • контрабанданың түсінігін беру, қоғамдық қауіптілігін айқындау;
  • контрабанданың түрлеріне жеке – жеке тоқталу;
  • экономикалық контрабанда қылмысының құрамын сипаттау;
  • айналыстан алынған не айналысы шектелген контрабанда қылмысынына қылмыстық-құқықтық сипаттама беру;
  • контрабанда туралы заңнаманы жетілдіруге қатысты жекелеген ұсыныстар белдіру.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы жеті тарауды біріктіретін екі бөлімнен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Контрабанданың түсінігі, түрлері

 

1.1 Контрабанданың түсінігі және қоғамдық қауіптілігі

 

          Контрабанда сөзі италян тілінен аударғанда contro- қарсы  bando- үкімет жарлығы деген сөзден шыққан. Сөзбе сөз алғанда контрабанда «үкімет жарлығына қарсы» дегенді білдіреді[1].

         Қазіргі түсінікте контрабанда кез келген заңсыз жолмен тауарларды және өзге де заттарды кеден шекарасынан алып өту .

Соңғы жылдарда бұл қылмыс ұйымдасқан және көлемді түрде болуына байланысты өсуде және қоғам мүддесіне зор шығын әкеліп, қылмыстың азаюна еш шара әсер етпеуде. 1988 ж. республика тергеу органдарында 1 ғана қылмыстық іс қозғалса, 1989 ж -12, 1991 ж- 21, 1993 ж- 40, ал 1995 жылы сотқа 117 іс түссе, 1996 ж- 142 болды. Бұған қарап контрабандалық қылмыстың 1997-2000 ж.ж қарқынды өсуін байқауға болады[2].

Бұл жағдайда ерекше теориялық және практикалық мүдделікті кантрабандамен күреске бағытталған шаралар көрсетеді, өйткені олар біздің еліміздегі шынайы құқықтық мемлекет ретіндегі эканомикалық, әлеуметтік және рұхани құрылыстың аспектілерімен тығыз байланысты, қоғам мен жеке тұлғаның мүддесін қорғайды.

          Кеден және басқада органдардың толық бақылау жасамауының нәтижесінде елімізден кедергісіз шикізат өнімдері, металл түрлері шет елдерге шығарылса, заңсыз спирт, темекі өнімдері және сапасыз азық түлік түрлері енгізілуде, сонымен қатар тарихи мәдени құндылығы зор заттарды да сату істеріде көптеп кездеседі. Аталмыш қылмыстың өсуі аса ірі көлемдегі өнімдер мен тауарлардың, шикізаттардың тоналуымен салық төлеуден қашу және қызметтік қылмыс сияқты істермен тығыз байланысты болуымен түсіндіруге болады.

          Контрабандамен байланысты қылмыстың құрылымы әртүрлі дәрежеде өтеді: тауарларды тасымалдау ірі жүкті авто көліктермен, теміржол вагондарымен, транспорттық самолеттармен жүргізіледі және де кедендік бақылаудан жалған құжат сияқты айла шаралар арқылы өтіп кетеді[3].

Республикамызда аса қауіпті қылмыс түрі есірткілік және психотроптық заттардың контрабандасы болып табылады. ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жыл сайынғы «Елдегі жаңа 100 жылдықтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік» деп аталатын халыққа жолдауында  ескергендей Қазақстан ірі есірткілік тасымалдаудың өткелінде тұр. Қазақстан географиялық орналасуының қолайлығына байланысты халықаралық наркобизнестің мүдде сферасына ұшырап отыр. Мәселенің географиялық және эканомикалық маныздылық дәрежесін ескере отырып, нашақорлық пен наркобизнеспен күрестің қазақстандықтардың қолдауынсыз мүмкін еместігін атап өткеніміз жөн. Мемлекет ғана емес жалпы қоғам мәселесінің көлемділігін айқын сезінуі керек. Бүгінде Қазақстан арқылы «Алтын жарты ай», «Алтын үшбұрыш» аймақтарынан Ресейге, Украинаға, Балтық елдеріне, Шығыс және Батыс Еуропаға көп мөлшерде опиум, героин, канабис тасымалданады. Осылайша еліміз европалық елдермен Америка үшін Оңтүстік – шығыс және Оңтүстік – батыс Азияда өндірілетін есірткілік затардың өткеліне айналды. БҰҰ –ның халықаралық бағдарламасының есірткіге бақылау штаб квартирасы «Ауғаныстан айналасында қауіпсіздік белдеуін құру» жобасын жасауда, мақсаты Ауғаныстан сыртқы шекаралары мен көршілес елдерге есірткілік өнімдерді өткізбеуге қатаң бақылау жасау. Қазіргі кезде Ауғаныстанның Иран мен шекарасының бекінуіне байланысты есірткі өз қозғалысын Европалық континент арқылы батыстан солтүстікке қарай, солтүстіктен батысқа қарай орталық азияның оңтүстік шекаралары арқылы қазақстанды қосып қозғалысын өзгертті. Қазақстанның бұл жобаға араласуы контрабандалық есірткілердің ағысын толастатар еді.

    Ресей мен Қазақстан шекаралық облыстарындағы ресейлік және қазақстандық т.б елдердің азаматтардан құрылған қылмыстық топтардың қылмыстық істерін тергеу ерекше қиындық туғызады. Географиялық тарихи жағдайға байланысты Қазақстан тек Ресей федерациясының оншақты облысымен шекараласады. Бір ғана батыс Қазақтан Ресейдің Астрахань, Волгаград, Орынбор, Самар және Саратов облыстары мен шекараласады. Темір жолдарынан басқа  оның шекарасынан 7 тас жол және 39 құм тасты жол таулы жолдарды айытпағанда өтеді. Шекараның ұзындығы 1232,2 км құрайды, бұл жағдай кедендік орындар мен кедергілерге қарамастан іс жүзінде қылмыстық элементтер үшін оңтайлы болып табылады. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының арнаулы аймақтармен бірлесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жасау эканомикалық және саяси байланыстардан еш кемсіз манызды.

Минстік конвенция жетекшілері БҚО ІІБ — сымен Ресей құқық қорғау орган басшыларымен кездесу өткізіп, шекаралық территориялаврда қылмыстық тергеу шараларын өткізу кезінде туындайтын біршама сұрақтарды қарап, нәтижесінде 1998 жылы БҚО – ның ішкі істер басқармасы көлемінде Ресейдің 3 Волгаград, Саратов, Орынбор  ішкі істер басқармасымен  одақтасу келісім шарты жасалынды. Дәл осы жағдай бірікккен «шекара» операциясын табысты өткізуге мүмкіндік берді, яғни оның барысында1998 ж 6 күн ішінде 213 қылмыс ашылып, 7 ұйымдасқан қылмыстық топ істері тоқтатылды, оның 4 халықаралық қылмыстық топ болатын. 45 поезд, 1136 жүк вагондары тексеріліп, 234 қару жарақ, 5 автокөлік, 3 млн 234 мың тенгеге контрабандалық тауар тартып алынды. Пайдаланылған тәжірбие жедел тергеу қызметкерлерінің жұмысын тездетті. Құқық қорғау органдарының бірлесуі соңғы кезде шекаралық аудандарда аса көп өсе бастаған мал ұрлау ісіне  мықты соққы берді[4].

      Қазақстан мен Ресей арасындағы құқық қорғау органдарының бірлесу келісім шарт жасауы контрабандалық күреске қарқынды күш береді.

     1998 ж қазанда Қазақстан республикасымен Ресей Федерациясы арасында «Байқоңыр комплексі территориясында тәртіп сақтауды қамтамассыз ету туралы құқық қорғау органдары арасында бірлестік» туралы келісім шарт жасалынды. Құжат ұйымдасқан қылмыс пен бірлесіп күресуге мүмкіндік берді. Мысалы, Қызылорда облысының ҰҚК мен РФ ФҚҚ мен бірігіп Байқоңыр қаласында  аса ірі көлемдегі есірткімен қару жарақ контрабандасымен айналысатын халықаралық қылмыстық топ іс шараларын ашты[5].

     Болашақта  тұрақты  мемлекет аралық контрабанда ісімен айналысатын жедел тергеу тобын құрса дұрыс болар еді.

     Қазақстандық контрабандалық шолу шет елдік ұжымдастармен байланысын кеңейітті, бақылау жасалынатын тұрақтар қатары өсті. Нәтижесінде Бразилиядан Алматыға және Ресейдің басқада қалаларына героин мен какоин тасымалдау ісіне тосқауыл жасалынды.

     Қазіргі кезде ТМД елдерінің аймақтық кеден қызметінің бірлестігі контрабандалық есірткі туралы ақпарат алмасу ісі бойынша орталықта Москва офистерімен және ТМД елдеріндегі офистермен табысты түрде жұмыс жасауда.Қазақстан ТМД елдерімен есірткіге бақылау жасау ісі бойынша халықаралық комитет құру жобасын жасауда.

    Осылайша  құқық қорғау органдары арасындағы байланыс  контрабандамен және басқада қылмыс түрлерімен күрес жүргізуде оңтайлы нәтиже бермек[6].

Мәлім болғандай контрабанда басқа қоғамдық құбылыс сияқты эканомикалық және әлеуметтік алғы шарттардан тұрады:

  1. Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекетер шекарасының кеңдігі;
  2. Мемлекеттің сыртқы сауда монополдиясынан бас тартуы
  3. Ішкі нарықтың тұрақсыздығы
  4. ТМД елдері арасындағы мемлекет аралық кеден ісінің заң базасының дәрменсіздігі.
  5. Билік және басқарушы органдардағы коорупция және құқық қорғаушы, бақылаушы органдардың қылмыстық топтармен байланысының қарқынды дамуы, оның ішінде контрабандамен байланысы.
  6. Контрабандалық қылмысты тергеу ісінде құқықтық механизмнің болмауы.

Баж салағымен салықтың ақталмас жоғары көрсеткіште болуы, халықаралық мәселесінде ТМД елдерінің бақылаусыздығы және қожайынсыздығы, Қазақстандағы және көрші мемлекеттерлегі эканомикалық жағдай контробанданың өтуіне негіз болып отыр. Мысалы: доллардың жаңаруынан кейін және Ресей федерациясындағы эканомикалық дағдарыстан кейін, қазақстанға көптеген тауаплары әкеліне бастады, басым бөлігі контробанлық жолмен алып келді, бұл еліміздің басшыоарына ішкі нарықты қорғауда белгілі емес шараларды қолдануға және шет елден келетін тауарларды шектеуге тура келді.Енді осыдан келіп салық мен кедендік салықтың сәйкес келмеуі пайда болды. Бұл мәселені біздің елмен көрші елдердің жоғары басшылары шешуі тиіс.ҚР қаржы министрлігі кедендік баж салығымен жай салық мәселесін шешуге тырысуда, 1- кезекте Ресей мемлекетімен бірақ обьективті себептерге байланысты екі ел арасындағы келісім шарт әрқашан бұзылуда. Бұл мәселедегі ең күрделісі екі елгеде салық төлеу, дүние жүзілік іс тәжірбиеге қарамастан Ресей салықты тауар өндірілетін елден алуды шешті. Ресей тауарларынан екі рет салық алмау үшін Қазақстанда Ресейлік жүйеге көшті. 2-мысал Өзбекстанннан келетін контрабандалық тауарлар, баж салығының жай салықтың Қазақстаннан еш айырмашылығы жоқ. Бірақ Өзбекстанда ұлттық валютаның ресми бағасымен нарықтық бағасының айырмашылығы бар болғандықтан мынандай жағдай қалыптасты: таяу шет елдерден тауарларды Өзбекстанға алып келу эканомикалық жағынан тиімді болды, ал сол жақтан контрабандалық жолмен тауарлар келе бастады. Бұл мәселені шешуге үкіметтің де шамасы келмей отыр. Бұл мәселе көрші мемлекеттің ішкі экономикалық саясаты және басқа да мәселедегі Қазақстандағы контрабандалық тауарлардың өсуіне жол берілуі джәне көрсетілген мемлекеттердің өз тауар шығарушыларына деген саясаты ірі заводтар «пепси-кола», «уз-дет авто» Өзбекстандағы «кока-кола», Қырғызстандағы өз елдер тұсынан протексияға ұшырауда, сондықтан олар өз тауарларын Қазақстанға алып келуде. Бұдан басқа жәй салықпен баж салығының жоғары болуы шағын және орта бизнаспен айналысатын азаматтарды контрабандистер болуға итермелеуде. Келесі мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлығы және бірінші кезекте кеден қызметкерлерінің жемқорлығы өсуіде. Сондықтан құқық қорғау және бақылау функцияларын бір мекемеден екінші мекемеге ауыстыру жиі болып тұрады. Экономикалық контрабандистермен күресті ҰОҚ ІІМ айналысуда. Соңғы кезекте азаматтардың төменгі деңгейде өмір сүруі көп мәселеге себеп болуда. Өйткені азаматтар патриоттық сезімнен көрі нан табу үшін күреседіү осындай жағдай бұрынңы кеңес елдерінде де болып отырған. Жүздеген адамдар контрабандалық заңсыз бизнестермен айналысты. Атап айтқанда, бұл мәселеде контрабанда патшалары жеңіске жетуде. Контрабанда қоғамға өме қауіпті, өйткені мемелкетке айтарлықтай экономикалық нұқсан келтіреді, бұларды мынадан көруше болады:

Ішкі нарықтық тұрақсыздығы экономикалық реформаларды жүргізуге алып келеді;

Бюджетте заң түрінде көрсетілген салық түрі түспейді;

Кеден арқылы алып келген, тиым салынған тауарлар өтеді;

Контрабанда негізінде үлкен көлемде талан-таражға байланысты салық төленбейді;

Мемлекеттік қылмыс салықтарына байланысты жұмыс аз істелуде.

—     Ол басқару, билік органдарында және қүқық қорғау органдарында көп кездеседі.

—    Контрабандалық тауар ішкі саудадан мемлекеттік тауарды ығыстырып, кәсіпкерлерді банкротқа әкеп соқтырады.

Сонымен қоса, контрабанда өзінің ұйымшылдық формасымен және проффесионалдық эрекеттерімен түрақты топпен ұйымдары контрабандалық каналдарының болуы, агентураның байланысы, боевик, халық аралық байланысы және т.б. бүкіл елде мұндай ұйымдасқан қылмыстық топтар қатаң тэртіппен сфералардың айырмашылығы, белгілі бір специализациялардың көмегімен жасалады. Мысалыға, контрабандалық табакты шығаратың Въетнамдық ұйымдасқан топ, спиртті-Итальяндық, есірткіні- Колумбия мен Нигерия, және т.б.[7]

Ірі қылмысты топтар өзінің тауарларын легелды жолмен жасағандай етіп бетін жауып, әр түрлі фондтар, ассосациялар, біріккен кэсіпорындар, кішігірім жекеменшік кәсіпорындар мен біріккен үйымдар шектеулі жауаптылықпен, сонымен қоса подакциздік тауарды мемлекеттік льготамен корумпирдік байланысты қолданып подакциздік тауарды мемлекетке кіргізу мен шығаруға бағытталған контрабандамен байланысты қылмыстар структурасы барлық денгейде оның бастамасынан сонына дейін өзгерістер болады. Мұндай жағдайда техникалық талғамдығы мен көлікпен өзгеру жағдайы ескеріледі.

Сараптаманың қорытындысы бойынща оперативті берілген белгілер бойынша, қылмыстық істер бойынша материалдары мен ғылымдар зерттеуі бойынша контрабанданың келесі улгілері көрсетілген.

—    ұйымдастырылған консперативті сипатдеме контрабандаға қойылған меанизмнің функциаларының бөлігі (оның ішінде, қылмыстық структураның үйымдастырушысы мен орындаушысының амандығын тілейтін(безопасность), көліктердің апарып- экелуі, байланыс, контрабанданың заттарын өткізіп жүзеге асыру;

— Белгіленген сақтау орнында контрабанданың жасырын орнын ашу;

Кедендік күжаттарды немесе кез-келген документтерді жалған пайдалану, декларативті тауар аттарын өзгерту, саның жасыру және бағасын төмендету;

—    Заңсыз ұйымдастырылған жүмыстары үшін ұсталған контрабандалык топтың істерін ашу;

—    Жалған экспорт және реэкспорт мемлекеттік арқылы жалған күжаттау;

—    өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған адам;

эрқашанда өзінің жоспарларын іс- эрекеттерін пайда табу мен жоспарлау;

—    мемлектаралық және халықаралық партнерларының болуы және олармен сөз байласуы[8];

Аталғанның барлығы контрабандамен күресу жайында іздестіру шараларымен іс қағаздарын жүргізу ішкі істердің жедел аппараттары күресу қажет.

Осы сияқты контрабанда халықаралық және мемлекетаралық сипаты бар, экімшілік-территориялык бірлігі, аудандардың, облыстардың және мемлекеттердің шегінен шығады. Олардың консперациялық бастамасы бар, сонымен қоса, олардың ұйымдастырушылары катысушыларының саның азайтпақ ойы бар. Олардың аз да болса мэлэметтер бар, өздерінің қызметтерін жүзеге асыруы үшін.

Топтың мүшелері қатаң тәртіппен және консперациясымен сақталады. Оны бұзса ол сол қателігі үшін физикалық жауап береді. Кейде олар үшін третейский соты кұрылады. Контрабанданың топты білдіртпеу үшін жұмысшыларға қүқық қорғау органның контразведва тағайындалады. Оған жіберілген адамдарға импорттық автокөлікпен ұялы телефонымен жабдықталады. Телефон жалған атпен регистрациядан өтеді. Оған қару-жарақ беріледі. Олар қылмыстық топтың мүшелелерінің ізіне түскен жедел іздестіру қызметкерлері анықтайды. Олардың ізіне түседі және олардың жқмыстары туралы мэлэметтер жинайды немесе немесе оны сатып алады.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары әдетте оқ қағушылары болады, олардың көбі спортсмен, аморальдықсипаты үшін шығарып тасталғандар, қылмыскерлер, белгіленген ақыға қызметке келіскендер.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мемлекет аралық халықаралық байланысы бар. Көбіне жұмыс істемейтіндер немесе шекарадан онай шығьш кете алатындар. Негізі қулы, инициативті, қылмыстық ойлары кең және бай адамдар. Кез- келген қажетті тұлғамен сөз табыса алады, керекті танысуларды орната алатын, адамның сеніміне кіре алатын. өзіне кез- келген адамды, мемлекеттік қызмет адамдарын, құқық қорғау органдарының адамдарын өзіне бағындыра алатын.

Контрабанданы тауып ашу-өте ауыр процесс. Сондықтан да контрабанданы алдын ала ескеру ұйымдастырылуы өздерінің құқық қорғау органның контрабандамен күресу терең білімділікті талап етеді.

Егер, қолданған тәсілдерге қарамастан, кез- келген адам коррупцияға жол берсе не оған қатысса. онда оған контрабанданы қүруға дайындалуға жол бермеуіміз керек.

Контрабандаға жол бермеу үшін жедел-іздестіру оларды іздестіруге салады,олардың ойластырылған немесе дайындалып жатқанбіліп оларға жол бермеу шаралары көмектеседі. Қылмыстың қай сатыда болып жатқанына карамастан, контрабандамен байланысты оның ұйымдастырушыларымен қоса ұстау.

Қылмысты алдын алу үшін оның жағдайын біліп алған жөн. Бұл жағдай қылмыскерлерге қолайсыз жадай ма, әлде керісінше қылмыстық ойларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай ма. Егер контрабанданың эрекеттері өзінен өзі қоғамға кауіпті болса, олардың жолын кесу тұлғалардың келесі жауаптылыққа тартылады.

Кейде қылмыс екенін дәлелдеу қиьш болуы мүмкін. Онда олар тез арада контрабанданың басын ашып алуы керек болады.

Контрабанданы ашу үшін- қиын процесстер кез- келген фактормен жабылатын, оның ішінде негізгі элементтері:

—     қылмысты жасаған адамдарды ұстау және қылмыстың түрлерін анықтау; контрабанда туралы мәліметтермен, кез-келген хабарларды дереу қабылдап алу;

—    қылмыстық істі қозғау, учетқа кою; іздестіру кезіндегі материалдарды жинақтау[9];

Контрабанданы қылмыстық іске тартатынын біліп олар өз істерін ажыратуға тырысады. Қылмыстық істі козғап қана, материалдарды жинап қана біз дэлелдей аламътз. Бұл кезде , контрабандамен күрестің мәнің түсіну керек. Оған контрабандалық топты тауып, қылмысты тергеп, рәсімделген контрабандалық топтың мүшелері мен катьтсушыларын табу,әрқайсысының рольдерін тқсіну, кылмыстық эрекеттермен фактасын терендеп табу. қылмыстық іске тарту іс-әрекеттерінің модельдерін қолдану, қылмыстық іске қатысатын; консперативті предприятия мен ұйымдастырылуы қүру;

—    затты жеткізіп салу ;

—    арнайы техникалық заттарды қолдану;

—    техникалық каналдардан, компьютерден, т.б. алып тасталуы;

—    ізге түсу, соның ішінде техникалық кұрал- саймандарды қолдану( ауди, видеобаспалары, кино, фото съемкалары), материалдар, өмірге зиян келтірмейтін, адамдардың денсаулығына және коршаған ортаға зиян келмейтін т.б. құралдар пайдалану.

—    Кез-келген бөтен түрғын үйіне, т.б. ғимараттарға, соғылымдарға, жер учаскелеріне  және т.б. тех-қ кұралдарға және оларды зерттеуге;

Жиналған материалдар болашақта дәлел ретінде көмек тесуі мүмкін.

Дәл осы жағдайлар ІІД және ҰХКД Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес басқармасы Қызылорда обл. Байқоныр қаласында РФ Федералдық тергеу бюросымен бірге оперативтік — іздестіру араларын өткізді. 19 қантар 1998 ж. Контрабанданың 2000 кг. марихуанасымен ұсталды. Москвада 11 адам ұсталды, 5 адам- Байкоңырдан және екеуі Қызылорда обл. Қармақшы районынан ұсталды.

Олардың құрамында полиция майоры У., кеден инспекторы С, белгілі бизнесмен жоғарғы лауазымды тұлға, бірнеше қаладағы мейрамханалардьң бастығы, бортмеханик эскери транспорттық авияциясы ВВС РФ капитан А. және т.б. ұсталғандардан әсірткіден басға қару жарақ пен суық қару табылған, оқдәрілер, 70 мың. Доллар АҚШ, көп мөлшерде Россия рублдері. Москвада 2258 кг әсірткі, соның ішінде 23,6 кг геройн, 216,35 кг апиын.

Көбіне қылмысты ашу үшін дүрыс шығарылған есеп берілген қылмыс бойынша контрабандалар дұрыс тандалған жолға қаралады, оның ішінде:

— контрабанданың каналын табу, байланыс жүйесі мен мероприятиялар, мемлекеттен шығара алатын контрабандалык заттар;

адамдарды тану;

—   қайнар көзін табу;

— контрабанданың заттарын табу, байқау, сонымен біргеқылмыстық іс қозғалғанша қүжаттардың дәлелі бола алатын;

ізге түсу кезіндегі телефон және т.б. байланысын қажетті тех-қ құралдармен пайдалану, оны іске тіркеу.

Жедел іздестіру қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысы номер-23 «Душанбе-Москва» іздестіру кезінде жедел-информации вагонның вентиляциялық люкте контрабанданың есірткі- 2,5 кг героин табылып алынды.

Қызметтік- іздестіру шараларын иттер көмегі өте қажет болады. Олар эдейі ісірткі заттарға, атылғыш заттарға, қару жараққа иісті тез сезеді. Контрабанданы тауарды территорияға кіргізіп немесе шығарып жатған кезде қолынан ұстағанның мәні көбірек. Ол үшін жедел тергешімен бірғе жүргізілетін тергеу мен ізге түсудің жолдарын ойластырады.

Жоспар бойынша тергеу неге бағытталғандығын, кейінгі қылмыскерді ұстау жолдарын, тінту, тауып алу, допрос жасау, легализациялық тэсілдерін іздестіру дэлелдеуі үшін, т.б.

Кәзіргі кезде қылмыскерлер импорттық автокөлікке көшті, сондықтанда олардын жолдарын жабу үшін ойластыру керек.

Практикада көрсеткендей контрабандамен күресуде көптеген жетіспеушіліктер бар:

—    бірегей жедел- іздестіру шараларының жетіспеуі. ҚР-ң заңы «жедел-іздестіру шаралары-06»;

— Ұсынылған бүкіл ағымның  оперативті- барлау ақпараты мен тұрақты ақпараттық базаларының жоқтығынан

Бұл жағдайда осы жұмысты атқаратын оперативті жұмысшылардың, түсінуіне керекті маңыздысы, Бұл контрабандамен күрескезінде тек ескерту болып қана қоймай , сонымен қатар жасалған қылмысты ашып және тауып, сондай-ақ қылмыстық контрабандалық топтарды анықтау жұмыстары, қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының рөлі мен жасалған қылмыстарының амалдары мен фактыларын бекіту болып табылады.

Осыдан алынған анализдің беретіні, келер 6-8 жылдардағы контрабандалық қылмыстардың өсу ретін болжауға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстармен күреспроблемасын шешу жолы,ол мемлекеттегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық проблемаларды  бірлестіре шешу. Бұл тікелей үкіметтің күшіне, құқыққорғау орнгандарына беріледі. Өйткені олар оперативтік жұмыстарға қазіргі заманға сәйкес мемлекетіміздің дамуына өзгертулер енгізіп, алға бағыттандырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Контрабанданың түрлері

 

Қазақстан Республикасының  қылмыстық кодексі контрабанданың 2 түрін анықтап көрсетті.

  1. Экономикалық контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі, біріншіден — әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгі-ленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.

Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикІзат) әкетіледі.

Қосымша объектісі — Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесІп өту ережесі.

Егер қылмыс заты қылмыс объектісінің аясына енетін оның бір қыры болатын болса, объект пен предмет бірі бірінен ажырағысыз егіз ұғымдар болатын болса, онда қазіргі кездегі қылмыс затының ұғымы ол талапқа толық жауап бермейді. Сол себепті, бұл проблемаға өзгеше қырынан келу ләзім.

Экономикалық контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті объектілеріне қоғамдық қауіпсіздІк, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдық бастауы, Қазақстан халқының тарихимәдени мұралары жатады.

Қылмыстьщ заттары — тауарлармен басқадай заттар.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығының 18-бабыңың 18-тармағына сәйкес, тауар дегеніміз»- материалдық дүниенің кез келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық қүндылық, қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері.

Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардыңтізбесі Казақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жьшғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және оның тәртібі туралы» қаулысының №5 тіркемесінде берілген.

  1. Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы. Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардын контрабандасы қылмысының қылмыстық заңның қоғамдық қатынастармен қорғалатынымен байланыстырады, қоғамдық қауіпті әрекетке бағытталған және зиян келтіру немесе зиян келтіреміндеп қорқыту арқылы пайда болады.

Келесі бір қылмыс затының түсінігі бойынша, қылмыс объектісіне қол сұғуды жүзеге асыру үстінде қылмыскер тікелей ықпал ететін сыртқы әлемнің материалдық заттары ғана қылмыс затын құрайды. Бұл орайда объект қашанда зардап шеккенмен немесе шегуі мүмкін болғанмен қылмыс заты зардапты әр уақытта шеге бермейді. Бұл анықтаманың да алғашқы берілген анықтамадан ауылы алыс кетпейді. Дегенмен, өз ерекшеліктері де бар.

Айналыстан алынған не айналысы шектелген заттардың контрабандасы қылмысының құрамында (250-бап) қылмыстың мынандай заттары келтірілген:

  1. есірткі заттар
  2. жүйкеге әсер ететін заттар;
  3. күшті әсер ететін, улы, уландырғыш заттар;
  4. радиоактивті немесе жарылғыш заттар
  5. қару-жарақ, әскери техниканы, жарылғыш құрылғылар;
  6. атыс қаруы, оқ-дәрілер;
  7. жаппай қырып -жоятын қарулардың ядролық;
  8. химиялық, биологиялық және басқа да түрлері
  9. жаппай қырып -жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтар.

Шет елдерде контарбанданың  елеулі түрлері көрсетіледі.

1.Адамның ішкі органдары және т.б. трансплантациялық органдар.

2.Көп кездеспейтін жан-жануарлар, құстар т.б. Біздің елімізде бұған байланысты жеке құрам болмаса да, жауакершілік бар. ҚР қылмыстық кодексінің 250-бабына сәйкес, шектеу қойылған заттар шекарадан  өтерде арнайы декларация ережелеріне сәйкес тексеруден өткізіледі.

Контрабанданың келесі түрлерін де ажыратады:

—    жасырын жол табу, бақылаулары төмен мемлекеттік кеден постарының оңай өту; бағалы заттар мен тауарларды көлікке жасырын тығып салу.

Бағалы заттармен тауарларды кеденде тексерілмейтін тауар түрімен өткізіп жіберу;

—    Жасырын адамның ішкі мүшелері арқылы тығып өту;

Кеден органдарын алдау арқылы кеденнен контрабанда өте алады: жалған құжаттарды көрсету арқылы;

—    пломба, мөр, идентфикациялық белгілерді жасанды қою;

—    белгісіз деклоративті объектілерді көшіру;

шекараға кіргізілетін немесе шьтғарылытын тауардың көлемімен мөлшерін кедендік декларациядан асуы;

Қолданған тәсілдер кедендік бақылаудан өткен кезде жасырын орындарды(тайниктерді) байқауға мүмкіндік болмайды. Іс жүзінде көрсетілгендей контрабанда тауарды тік ұшақ, ұшак, көлік дөнгелектерінің ішіне, көлікте, арнайы жасалған бос орындарға, тондар арасында, металопрокат, т.б.

Кәзіргі кезде контрабанданың өзге түрлері белгілі. Кейбір топтар негізгі заттар мен материалдық тауармен айналысады. Келесі біреулері есірткі, психотропты заттар мен удың күштісімен, 3-шісі Радиациялық, атылғыш заттар, 4- сі кару- жарақ, атылғыш заттар оқ- дәрі және т.б.

     Контрабандалық қылмыстар негізінен алғанда ұйымдастырылған жағдайда іске асырылады. Істелген контрабанданың 49% осындай түрде іске асырылады. ҚР қылмыстың кодексінде контрабандалық қылмыстың саралануы қосымша түсініктемені талап етеді. Біз мойындауымыз керек, контрабандалық қылмыстар ҚР мемлекеттік шекарасынан  кедендік бақылаудан жалған идинфикациялар арқылы  ұйымдасқан түрде өтіп жатыр[10].

  Егерде кінәлі адам ұсталса, ҚР қылмыстық кодексінің 205-бабына сәйкес мемлекетке ерекше үлкен мөлшерде залал келсе, қосымша саралануы туралы белгілерді, біздің пікірімізше 209, 250-баптарға толықтырулар керек. Нәтижесінде экономикалық контрабандалық қылмыстар жауапкершіліктер күшейтіледі.

  Қорыта келгенде, контрабанда республикадағы көмекші экономикалық негіз болып табылады және криминалды кіріс көзі болып табылады және бұған елдің белгілі бір бөлігі қатысады.

  Контрабандамен күресу жедел іздестіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Контрабандаға қарсы құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту керек. Бұлар мемлекеттік қазынаға қосыша ақша түсуіне мүмкіндік береді. Әзірше көлеңкелі экономика ғана байып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Контрабандамен байланысты қылмыстардың сипаттамасы

 

2.1 Контрабандамен байланысты қылмыстардың объектісі

 

Қазіргі заманның Қазақстандық (және ТМД елдерінің) қылмыстық  құқығында “қылмыс объектісі қорғалатын қоғамдық қатынастар” деген  пікір жалпылама қабылданған ереже болғанымен, Кеңес дәуірінің өзінде де бұған өзіндік әр қосушылар мен сын айтушылар болды және әлі де бар.

Кейбір авторлар қоғамдық қатынастардың қылмыс объектісі екендігін айта отырып, объектіні нақтылауға көшкенде “мүмкіндікке” қарай ауысып кетеді (Б.С.Никифиров, А.Е.Фролов, Н.И.Коржанский т.б.), оның да себебіне өз кезегінде ораламыз.

 “Қоғамдық қатынастарға” соңғы жылдарда сүбелі қарсылықты А.В.Наумов білдірді. Оның пайымдауынша, қоғамдық қатынастар теориясы жеке адамға қарсы қылмыстардан басқаларына келеді, ал адамды “тек қоғамдық қатынастардың жиынтығы” деп түсіну өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі, адамның биологиялық тіршілік иесі ретіндегі  абсолюттік құнын төмендетеді. Сондықтан да А.В.Наумов қоғамдық қатынастар иедеясынан бас тартып, XІX ғасырдың аяқ шенінде қылмыстық құқықтың классикалық және социологиялық мектептерінде іргесі қаланған “құқықтық игіліктер” теориясына оралуға шақырады[11].

Десек те, Н.И.Коржанскийдің пікірі бойынша адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде емес, биологиялық тіршілік иесі деп қарасақ, онда қажетті қорғану жағдайында, үкімді орындау кезінде адамға қаза келтірудің заңды екендігін түсіну мүмкін болмай қалады[12].

Біздің ойымызша, қоғамдық қатынастар идеясынан мүлде бас тартуға болмайды. Себебі, айталық, әрекетсіздік арқылы жасалатын “Науқасқа көмек көрсетпеу” (ҚР ҚК 118-б.), “Қауіпті жағдайда қалдыру” (ҚК 119-б.) сияқты қылмыстар орын алғанда адам мүддесіне зиян келіп тұрғанын егер қоғамдық қатынастар (арқылы жүктелетін міндеттер) болмаса, қалай білуге болады? Оларға көрсетілмек көмекті кімнен талап ету керектігіне  заңмен қалыптасқан қоғамдық қатынастар (арқылы жүктелетін міндеттер) ғана жауап береді.

Қоғамдық қатынастар туралы толығырақ танымға ие болу үшін, сондай-ақ қылмыскердің объектіге ықпал ету механизмін игеру үшін қылмыс объектісі — қоғамдық қатынастардың тек теориялық жағынан ғана бөлшектене алатын құрылымына тоқталу ләзім.

Қоғамдық қатынастардың құрылымы туралы да ғылымда әр түрлі  пікірталастар болды.

Қылмыс объектісіне қатысты алғашқы болып кешенді зерттеу  жүргізген Б.С.Никифоров қоғамдық қатынастардың үш түрлі құрамдас  элементін атайды: 1) қоғамдық қатынасқа қатысушылар; 2) қатысушылардың арасындағы қатынас; 3) қатынастардың жүзеге асу шарты.

Қылмыс объектілерін топтастыру туралы екі түрлі көзқарас бар: 1) қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды жинақталуына қарай “вертикалдық” топтастыру; 2) қылмыс арқылы тікелей зардап шегетін қоғамдық қатынастарды маңыздылығына қарай “горизонталдық” топтастыру[13]

Е.А.Фролов өз тарапынан бұл топтастыруды толықтыра түседі, яғни туысқан қоғамдық қатынастардың үлкен тобының ішінен қылмыстық құқықпен біртұтас, кешенді түрде қорғауға тұрарлықтай объектілерді (қоғамдық қатынасқа түсушілердің бір ғана мүддесін яки бір ғана объектінің өзара тығыз байланысты мүдделерін бейнелейтін) неғұрлым кіші топқа бөлуге болады деп есептейді де тектік объект пен тікелей  объектінің арасынан түрлік (кіші топтық) объектіні аршып алуды ұсынады[14]. қылмыс объектісін “ары қарай нақтылау үстінде, -дейді Е.І. Қайыржанов, — ҚК-те “кіші топтық” нормалар түзілуі мүмкін. Бұл процесті екі бағытта жүргізуге болады: мүдденің субъектісіне қарай, қорғалатын мүдденің сипаты мен мазмұнына қарай”[15].

Осы орайда, “жалпы объект шынайы өмірде жоқ, қоғамдық өмірдің шынайы құбылысы емес, тек ұғым, яғни жалпы объект деген қылмыс объектісі жоқ” деп есептейтін М.И.Федоровтың ойын айтпасқа болмайды. Оның ойынша, қылмыстың жалпы объектісінің ғылым үшін де, практика үшін де еш пайдасы жоқ[16].

Біз М.И.Федоровтың бұл пікірін “жалпы объектінің”, әсіресе, ғылым үшін гносеологиялық маңызын ескермеу деп есептейміз.

Қылмыстың тікелей зиян келтіретін нәрсесіне  танымдық тұрғыда бір табан жақындай түсу үшін жалпы объектіні тектік (топтық, арнайы) объектілерге бөліп жібереміз. Қылмыстық құқықпен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастардың ішінен өз сипатына қарай туысқан қатынастар бөлек-бөлек ошаққа тізе қосып, тектік объектіні құрамақ. Осы туысқан қатынастар ҚК-тің Ерекше бөлігінің тарауға бөлуге (қылмыстық заңдарды жүйелеуге) өз жәрдемін тигізеді. Осы арқылы тікелей объектіні қай топқа жататындығын, оның орнығу ретіне қарай басқа топтық объектілерге  қарағандағы маңыздылығын, сондай-ақ негізгі және қосымша объектілерді ажыратудың мүмкіндігі туады.

Объектілердің бір-біріне қарағандағы құндылығы (маңыздылығы) олардың тектік объектілерінің ҚК-тегі кезектілігіне қарай айқындалады.

Оқулықтар көбіне “бүтін мен бөлшек” категорияларына сүйеніп, оны нақты зардап шегетін қатынастар деп, әрі қарай тіс батырмауға тырысады. Дей тұрғанмен, барлық дерлік авторлардың тікелей объектіге шейінгі пікірлері бірауыздан жымдасып жатады да, бәстің бәрі объектінің осы соңғы түрінен бастау алады.

Б.С.Никифоровтың айтуынша егер жеке меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып жеке адамның меншік қатынастары тұрғысындағы қалыпты қызмет етуі, дәлірек айтсақ, заң арқылы оған берілген мүлікті өз еркімен пайдалану мүмкіндігі табылса, бұл мүмкіндікті жүзеге асыру шартына, айтар болсақ, мүліктің басқа тұлғаға өтуі ешқандай қорқыту-үркітусіз тек иесінің шынайы қалауы  бойынша ғана жүзеге асуы табылады[17].

Б.С.Никифоров осылай дей тұрып, объектілер топқа шартты түрде бөлінетіндігін, әйтпесе, кейде, әлеуметтік қондырғының қалыпты қызмет етуінің өзі неғұрлым “жоғары” тұрған мүддеге қызмет ететін өз алдына бөлек шарт болып қарастырылуы мүмкін екендігін ескертіп өтеді[18].

Б.Никифоровтың бұлайша топтастыруы кең қолдау тауып кете қойған жоқ.

Ал осы орайда өзгеше пікір айтқан А.А.Пионтковскийдің ойынша, барлық қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қатынастар бола бермейді, кейде оның жеке элементтері тікелей объект болуы мүмкін:  қоғамдық қатынастардың материалдық көрінісі не субъектісі.

Сол себепті, ол кей авторлардың тікелей объект ұғымынан бас тарту ұсыныстарының болғанын атап өтеді. Бас тарту себептері тікелей объект қоғамдық қатынастардың жекелеген түрі болуы керек, ал ол қоғамдық қатынас емес, кейде басқа нәрселерге ауысып кететіндіктен, ол тек пен түрдің (род и вид) өзара байланысы хақындағы логиканың негізгі тәртіптерін бұзу болып табылады.

А.А.Пионтковскийдің пайымдауынша, тікелей объектіден бас тартып, оны қол сұғушылық затымен (предмет посягательства) алмастыру методологиялық тұрғыдан мақұлданбақ емес. “Егер бұл тек тікелей объектіні қылмыс заты деп өзгеше атау ғана болса, онда айтарлықтай ештеңе өзгермейді, өйткені тікелей объект дегеніміз (ықпалға) ұшырайтын қылмыс затының өзі”[19].

Ал Н.И.Коржанскийдің тікелей объект туралы пікірі алдыңғыларына мүлде ұқсамайды. Ол қылмыс объектісі деп қоғамдық қатынастарды тануды жақтаушылардың бірі. Оның айтуына қарағанда, қоғамдық қатынастардың барлығы бірдей реттелмеген (достық, жыныстық қатынастар), алайда қоғам міндет тұрғысындағы өз талабын қоюды тоқтатпайды.

Бұл жердегі пікірге келісе қою қиын. Әлбетте, өмірдегі қоғамдық қатынастардың барлығы бірдей құқық арқылы реттеуге жатпайтындығы аян, бірақ қазір әңгіме олар туралы болып отырған жоқ. Әңгіме қылмыстық құқықтың ықпал ету аясына енген қоғамдық қатынастар хақында.

Н.И.Коржанский тікелей объект деп мүмкіндікті түсінсе, отандас ғалым Е.І.Қайыржановтың бұл тұрғыдағы  пікірі мүлдем бөлек. Ғалымның пайымы бойынша қылмыстың тікелей объектісі болып бір немесе бірнеше қылмыс тікелей яки жанама түрде бағытталған, заңмен қорғалатын нақты қоғамдық қатынастарды алатын болсақ, онда тікелей объект нақты қоғамдық қатынас емес, қоғамдық қатынастың жиынтығы болып шығады. Олай болса, тектік және тікелей объектілердің айырмасы қандай?- деген заңды сұрақ туындайды. Е.І.Қайыржанов мұндай шатасу диалектиканың жалпы, ерекше, бөлек (жеке) категорияларын дұрыс қолданбаудан деп есептейді. Көптеген авторлардың негізгі қатесі — олар “тікелей объектіден жекені көргісі келеді, бірақ бөлек  ұғымын қолданады. Алайда, бөлек (отдельный) ол жеке (единичный) емес. Жеке әрқашан нақты жағдайда нақты анықталатын бөлектің шынайы көрінісі[20], -дей келе, қылмыс объектісін топтастыруда” қоғамдық қатынастардың нақтырақ көрінісі” — мүдде ұғымын қолдансақ, аталған қателердің болмайтындығына назар аударады.

Автордың ойынша “мүдде — ол да қоғамдық қатынас, оның нақтырақ көрінісі”[21].

Е.І.Қайыржановтың сөз қылып отырған “қатесі” — ол тектік объект сол тектік объектінің көрінісі болып табылатын тікелей объектілердің жиынтық бейнесі болғандықтан, тектік объектіні атағанда, ешқандай жеке сипаттаушы белгілер көрсетілмей жиынтық бейненің белгілерін ескеріп қоя салатындықтан ол тектік объектінің аясына сіңіп кетеді. Сол себепті де екеуінің арасында айырма жоқтай көрінеді. Мысалға, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі — меншік қатынастары, яғни барлық азаматтардың затты иелену, пайдалану, билік ету құқығы танылса, тікелей объектіні түсіндіру кезінде де авторлардың зардап шегуші нақты меншік қатынастары деп жылы жауып қоя салуынан тектік және тікелей объектілер сәйкес келіп қалып жатады. Ал ол тікелей  объект болуы үшін  нақты субъектіге жататын нақты сипатты белгілері бар зат болуы қажет. Бұл кезде оны тікелей объект деуден гөрі нақты объект деп атау тиімді.

Интерестің мазмұны мүддеден кеңірек. Себебі “Интерес” психологиялық мағынаны да қамтып, басқа мағыналарымен біртұтас қаралады. Интерестің таза социологиялық-психологиялық жағы қазақшаланғанда екіге айырылады. Себебі, психологиялық тұрғыда субъектінің құлшынысы, оның объектіге назар аударуы “қызығу” ұғымы арқылы  да түсініледі[22].

“Мүдде” категориясы қылмыстық құқықтық ғылымының айналасына енгеннен бері де оның рөлі туралы әр түрлі көзқарастар қалыптасып үлгерді. Әсіресе, мүдде ұғымы арқылы қылмыс объектісінің мазмұнын ашуда. Қоғамдық қатынастан мүлдем бас тартып, қылмыс объектісі деп, тек құқықтық мүдделерді (игіліктерді) тануға біржола көшкен А.В.Наумовты есепке  алмаған күннің өзінде. Көптеген авторлар мүддені қылмыс объектісі — қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлшегі, не түпкі мазмұны десе (мысалға, Б.С.Никифиров, А.Е.Фролов, Ю.И.Ляпунов т.б.) енді бірі “мүдденің бұзылуы арқылы қылмыс объектісін анықтауды өрескел қателік”[23], — деп есептейді. Әрине, біз соңғы көзқарасқа мүлдем қосыла алмаймыз. Қылмыс түгілі кез келген ұсақ құқық бұзушылықтың өзі субъектінің мүддесіне нұқсан келтіретіндігі айтпаса да түсінікті.

Е.І.Қайыржанов мүдденің мағынасын қоғамдық қатынастардың “ішкі ядросы” есебінде ашады[24].

Қылмыс объектісі қоғамдық қатынастар болса, мүдде де қылмыс объектісі болуға әбден қабілетті. Бұл ойымызды ҚР ҚК-нің өзі де  айқындап тұрған жоқ па?!! Айталық, 8-тарау “Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар” деп аталса, 13-тарау  “Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар”  деген атауға ие.

Сол сияқты мүдде қылмыс затының да орнын, мәнін, маңызын анықтауға, қылмыс заты мен құралын (қаруын) ажыратуға зор үлесін тигізеді.

Мүддені қылмыстан бұзылатын қоғамдық қатынастардың мазмұнынан шығарып анықтаудың да рөлі зор екендігін көріп отырмыз. Дегенмен де, қылмыстың мәнін тереңірек түсіну үшін, заттардың функциясын анықтау үшін, қылмысты белгілі бір бапқа сәйкес дәрежелеу үшін, олардың жаза тағайындауға ықпалын белгілеу үшін мүдденің социологиялық мағынасынан гөрі құқықтық мағынасында қарастыру тиімді.

Ал құқықтық мағынасында мүдде қалай көрінеді? Мүдде құқықтық мағынасында мүмкіндіктер жинағы болып көрініс табады. Біз осы идеяны мақұлдаймыз, бірақ “мүдде дегеніміз социологиялық мағынасында  мүмкіндіктердің” жиынтығы деуден аулақпыз, тек мүдде қоғамдық қатынастардың құрамында құқықтық мағынасында заңмен берілген мүмкіндіктердің жинағы болып көрініс табады деп есептейміз. Әйтпесе, мүдде тікелей объект ретінде кәдімгі социологиялық қалпында бұзылады.  Е.І.Қайыржановтың сөзімен келтірсек, “мүддені тек құқықтан көру. — демек бұл ұғымды шектен тыс тарылту”[25].

Экономикалық контрабанданың негізгі тікелей объектісі — мемлекеттің қаржылық қызметі.

Экономикалық контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі, біріншіден — әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.

Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикІзат) әкетіледі.

Қосымша объектісі — Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесІп өту ережесі.

Егер қылмыс заты қылмыс объектісінің аясына енетін оның бір қыры болатын болса, объект пен предмет бірі бірінен ажырағысыз егіз ұғымдар болатын болса, онда қазіргі кездегі қылмыс затының ұғымы ол талапқа толық жауап бермейді. Сол себепті, бұл проблемаға өзгеше қырынан келу ләзім.

Қылмыс затының түсінігін бермес бұрын оның қылмыс объектісімен арақатынасына тоқталу қажет. Бұл тақырыпқа қалам тартқан авторлардың барлығы дерлік қылмыс затының қылмыс объектісімен тығыз байланыста екенін аңғарған еді. Егер олардың бір-екеуіне аялдар болсақ, мысалға, А.В.Лаптев қылмыс затын қылмыс объектісін сипаттайтын нышан және қылмыс оған бағыт түзейтін заттар деп табады. Осы секілді А.А.Герцензон да қылмыс затын қылмыс объектісі өзінің нақты және тікелей көрінісін табады деп есептейді[26]. Қылмыс объектісіне қылмыс затының ұғымын жинақтап қорыту жолымен келу үшін ол объектіден затты шығармайды, қайта заттан объектіні топшылайды. «Егер, — дейді ол, — қылмыс заты бір  қапшық ұн болса, объект болып, ол ұнның кімдікі екендігіне байланысты социалистік немесе жеке меншік болып табылады»[27]. Осындай ойды Я.М.Брайниннен де ұшыратамыз: егер қылмыс заты белгілі құндылық болса, құндылықтың кімдікі екендігіне орай иесінің мүддесі объект болады[28].

Н.А.Беляев та қылмыс заты (Беляевша-қол сұғушылық заты) қол сұғушылық объектісінің элементі деген қорытындыға келеді[29].

Ғалымдардың барлығы дерлік қылмыс объектісі мен затын ажырағысыз байланыста екендігін мойындағанымен, олардың байланыс сипатына келгенде бірауыздылық жоқ. Біреулер қылмыс заты деп объектінің үнемі бір ғана элементін таныса, келесісі оның (қоғамдық қатынастардың) барлық элементі ретіне қарай заты бола алады дегенді айтады. Тіпті, авторлар кей жағдайда қорғалатын объект — қоғамдық қатынастардың құрамына кірмейтін заттарды да, қылмыс құрамының объектісіне не объективтік жағына жатқызарын білмей, қылмыс заты деп қабылдауға мәжбүр. Оларды объектіге жатқызайын десе, қоғамдық қатынастардың мазмұнына енбейді, объективтік жақтың сапына тұрғызайын десе, соңғысының тиісті белгілерінің функцияларымен толық сәйкес келмейді. Сөйтсе де, олар аталмыш заттарды қылмыс затының қатарына жатқызуға мәжбүр болады. Сондықтан да авторлардың бірқатары батыл түрде «қылмыс заты — қылмыс объектісінің бір бөлшегі» деп шегелеп тұрып айтуға шорқақ.

Ал біз қалыптасқан тенденция бойынша объектіні — кең, предметті — тар мағынада қолдана отырып, қылмыс затын қылмыс объектісі — қоғамдық қатынастардың ішінен іздестіретіндігімізді және затсыз (предметсіз) объектінің де болмайтындығын (немесе басқаша — объект пен зат ажырамас егіз ұғымдар екендігін) мойындайтынымызды жасырмаймыз. Тіпті, жоғарыда айтқанымыздай, бұл екі ұғымның бір ғана мағына беретіндігін бетке ұстап, А.Н.Васильев пен М.П.Михайловтың оларды бөліп қарастыруға келіспейтіндігін айтпай кетуге әсте болмайды. Олардың ойынша, қылмыс объектісі мен затын екі айырып қарастыру схолостикаға алып келеді[30]. Бұлардан өзге авторлардың барлығы дерлік оларды бөліп қарастыруды жақтайды (әрине, қылмыстың тікелей объектісі мен затының арасына «тең» белгісін қоятын А.А.Пионтковскийді есептемегенде). Себебі, «қылмыс объектісі мен затын ажыратудың үлкен теориялық та, практикалық та маңызы бар»[31].

Бұл мәселедегі алғашқы анықтамалардың бірі — қылмыс не нәрсеге байланысты жасалса, сол қылмыс заты бола алады. Қылмыс затын дәл осылай анықтайтын Я.М.Брайнин қылмыс заты деп белгілі құндылықтарды есептесе, қылмыс объектісіне осы құндылық иесінің мүдделерін жатқызып, орынды пікір білдіреді[32]. Дегенмен, мұндай түсінік материалдық дүние заттарының өте кең ауқымын қамтиды. Мысалға айтар болсақ, А.Н.Брайнин алыпсатарлық объектісіне Кеңес саудасын жатқызса, қылмыс заты деп ауылшаруашылық өнімдерін, көпшілік тұтыну заттарын таниды. Сол сияқты, парақорлықтың объектісі — лауазымды адамдардың заңды әрекеті болса, заты болып, ақша, өзге де мүліктер табылады; жүйкеге әсер ететін заттарды дайындаудың объектісі — халық денсаулығы да, заты — сол әсер еткіш заттар[33].  Ал қылмыс затының ұғымына бұндай ұстанымымен келу методологияның талаптарына толық жауап бермейді. Себебі, кейбір заттар корғалатын қоғамдық қатынастардың құрамынан тыс қалады (методологияда: предмет — объектінің аясында). Мысалыға, А.Н.Трайниннің соңғы келтірген заты — жүйкеге әсер ететін заттар қорғалатын объектінің, яғни халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың құрамына енбейді. Ол қазіргі ҚР ҚК-не салсақ, 158-баптағы әрекеттен қорғалатын қоғамдық қатынастарға аталмыш заттар жат. ҚК-тің 259, 273-ші және т.б. баптары турасында да осындай гәпті айтуға болады.

Мұндай заттарды қылмыс объектісінің құрамына емес, қылмыстың объективтік жағының қатарына енгізу туралы В.К.Глистиннің пікірі әділ. В.К.Глистинның пікірінше олар «ықпал ету қаруы» (немесе «бұзу қаруы») болады да, қылмыстың объективтік жағының элементі болып табылады[34].

Бұл орайда, В.Я.Таций «қорғалатын қоғамдық қатынастардың құрамына кірмейтін, бірақ… қылмыстық заң белгілі бір құқықтық салдарларды олармен байланыстыратын, жауаптылыққа, дәрежелеуге т.б. ықпал ететін заттарды не істеу керектігі түсініксіз күйінде қалып отыр, — деп мәселе көтереді де, — жасанды ақша белгілері, порнографиялық заттар, самогон және т.б. қолдан жасалатын спиртттік ішімдіктер қорғалатын қоғамдық қатынастар құрамына енбейді, алайда аталмыш заттар мен олардың белгілерінің тиісті қылмыстарды істеу барысында жауаптылық үшін елеулі маңызы бар», — деп сабақтайды ойын. Ал оларды В.К.Глистин ұсынғандай объективтік жақтың құрамына енгізуге қарсылық көрсетеді.

В.Я.Тацийдің қарсылығы бойынша «біріншіден, неліктен аталмыш заттарды олармен тығыз байланыста тұрған объектіге жатқызбай, қылмыстың объективтік жағына қосуға тиіспіз? Екіншіден, өзінің жүйелі белгілері бар объективтік жақтың құрамына қосалқы белгіні енгізу оған жат болып тұрмақ»[35]. Бұл жердегі соңғы автордың уәжі жөнсіз. Өйткені, неліктен біз (Тацийдің өз сөзімен айтсақ) «өз жүйесі бар» қылмыстың объектісіне (қоғамдық қатынастарға) сырттан тағы да қосалқы белгілерді телуге тиіспіз?.. Әрине, В.Я.Таций атаған объектінің құрамына кірмейтін барлық заттарды «олардың бәрі объективтік жаққа тиесілі» деп бір шыбықпен айдаудан аулақпыз. Біз бұған өз ұстанымымыз бойынша, «мүдде» тұрғысынан келіп, әр заттың функциясын жеке-жеке анықтаймыз. Сол кездері нысанадағы зат объективтік жақтан гөрі объектіге етене жақын болуы мүмкін (мысалға, жасанды ақша белгілері).

Сонымен, жоғарыда берілген анықтама объектінің сыртындағы заттарды да қамтып кететін болғандықтан, енді одан басқа, қылмыс затын объектіден ажырағысыз (методология бойынша) ететін анықтама іздестіру (ұғымын қалыптастыру) шарт.

Келесі бір қылмыс затының түсінігі бойынша, қылмыс объектісіне қол сұғуды жүзеге асыру үстінде қылмыскер тікелей ықпал ететін сыртқы әлемнің материалдық заттары ғана қылмыс затын құрайды. Бұл орайда объект қашанда зардап шеккенмен немесе шегуі мүмкін болғанмен қылмыс заты зардапты әр уақытта шеге бермейді. Бұл анықтаманың да алғашқы берілген анықтамадан ауылы алыс кетпейді. Дегенмен, өз ерекшеліктері де бар.

Б.С.Никифоров қылмыс заты турасындағы әр түрлі пікірлерді сыни көзбен талдай келіп, қылмыс заты — одан басқа да элементтерді қамтитын қылмыс объектісінің құрамдас бөлігі, — деген қорытындыға келеді. Сондықтан да, ол қылмыс затының проблемасы жоқ деп есептейді, себебі, Б.С.Никифоровтың ойынша, ол объектінің құрамдас бөлігі болғандықтан “қылмыс затының қазіргі күйінде (курсив бізден- ) оны объектіден тыс өзінше бөлек өмір сүретін құбылыс ретінде зерттеудің қажеттілігі жоқ[36]. Және Б.С.Никифоровтың қылмыс заты хақындағы ойлары белгілі бір материалдық құндылықтарға ғана саяды. Ал мұндай материалдық заттармен байланысты емес қылмыстар «затсыз» қылмыстар қатарын құрамақ. Кейбір қылмыстар, Б.С.Никифоровтың анықтауынша, әрі затсыз, әрі затты болуы мүмкін. Мысалға, мүлікті талан-тараждаумен байланысты яки байланысты емес бандитизм, мүлікті жоюмен байланысты немесе байланысты емес бұзақылық т.б.

Олай болса, қорғалатын қоғамдық қатынастардың құрамында материалдық құндылықтардың (және тек қана материалдық) болу-болмауына байланысты барлық қылмыстарды үлкен екі топқа, яғни затсыз және затты қылмыстарға  бөлуге тура келеді.

Экономикалық контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті объектілеріне қоғамдық қауіпсіздІк, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдық бастауы, Қазақстан халқының тарихимәдени мұралары жатады.

Қылмыстьщ заттары — тауарлармен басқадай заттар.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығының 18-бабыңың 18-тармағына сәйкес, тауар дегеніміз»- материалдық дүниенің кез келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық қүндылық, қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері және осы баптың 21-тармағында көрсетілген көлік құралдарынан басқа көлік құралдары, ал осы баптың 21-тармағына сәйкес көлік қүралдарына «халықаралық тасымалдау және тауарлар  пайдаланылатын кез келген құрал, оған контейнер мен басқа да көліктік қүрал-жабдықтар жатады».

Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже белгіленген, кедендік шекара арқылы алып етуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен қүндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.

  1. Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардыңтізбесі Казақ-стан Республикасы Минйстрлер Кабинетінің 1993 жьшғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және оның тәртібі туралы» қаулысының №5 тіркемесінде берілген. Оған мемлекеттік және қоғамдық құрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және басқа едәуір көркемдік, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылығы бар заттар кірген.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу салынған заттар тізбесі сол қаулының № 6 тіркемесінде берілген. Оған ғылыми-көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі затына жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиілікті қүрылған құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тас-тардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардын үлгілері, авто-, мотокөлік құралдары және басқалар кірген.

Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы қылмысының обьектісі – кез келген қылмыс құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да бұл обьект болмаған жағдайда, қылмыс болып табылмайды. Кез келген қоғамға қауіпті әрекет,  қылмыстық заңда қылмыс сапасы ретінде  қаралған, анықталған обьектіге. Көпшілік қылмыстық құқығының  ойлары бойынша, қылмыс обьектісі қылмыстық заңның қоғамдық қатынастармен қорғалатынымен байланыстырады, қоғамдық қауіпті әрекетке бағытталған және зиян келтіру немесе зиян келтіреміндеп қорқыту арқылы пайда болады.

Бұл мәселедегі алғашқы анықтамалардың бірі — қылмыс не нәрсеге байланысты жасалса, сол қылмыс заты бола алады. Қылмыс затын дәл осылай анықтайтын Я.М.Брайнин қылмыс заты деп белгілі құндылықтарды есептесе, қылмыс объектісіне осы құндылық иесінің мүдделерін жатқызып, орынды пікір білдіреді[37]. Дегенмен, мұндай түсінік материалдық дүние заттарының өте кең ауқымын қамтиды. Мысалға айтар болсақ, А.Н.Брайнин алыпсатарлық объектісіне Кеңес саудасын жатқызса, қылмыс заты деп ауылшаруашылық өнімдерін, көпшілік тұтыну заттарын таниды. Сол сияқты, парақорлықтың объектісі — лауазымды адамдардың заңды әрекеті болса, заты болып, ақша, өзге де мүліктер табылады; жүйкеге әсер ететін заттарды дайындаудың объектісі — халық денсаулығы да, заты — сол әсер еткіш заттар[38].  Ал қылмыс затының ұғымына бұндай ұстаныммен келу методологияның талаптарына толық жауап бермейді. Себебі, кейбір заттар корғалатын қоғамдық қатынастардың құрамынан тыс қалады (методологияда: предмет — объектінің аясында). Мысалға, А.Н.Трайниннің соңғы келтірген заты — жүйкеге әсер ететін заттар қорғалатын объектінің, яғни халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың құрамына енбейді. Ол қазіргі ҚР ҚК-не салсақ, 158-баптағы әрекеттен қорғалатын қоғамдық қатынастарға аталмыш заттар жат. ҚК-тің 259, 273-ші және т.б. баптары турасында да осындай гәпті айтуға болады.

Мұндай заттарды қылмыс объектісінің құрамына емес, қылмыстың объективтік жағының қатарына енгізу туралы В.К.Глистиннің пікірі әділ. В.К.Глистинның пікірінше олар «ықпал ету қаруы» (немесе «бұзу қаруы») болады да, қылмыстың объективтік жағының элементі болып табылады[39].

Бұл орайда, В.Я.Таций «қорғалатын қоғамдық қатынастардың құрамына кірмейтін, бірақ… қылмыстық заң белгілі бір құқықтық салдарларды олармен байланыстыратын, жауаптылыққа, дәрежелеуге т.б. ықпал ететін заттарды не істеу керектігі түсініксіз күйінде қалып отыр, — деп мәселе көтереді де, — жасанды ақша белгілері, порнографиялық заттар, самогон және т.б. қолдан жасалатын спиртттік ішімдіктер қорғалатын қоғамдық қатынастар құрамына енбейді, алайда аталмыш заттар мен олардың белгілерінің тиісті қылмыстарды істеу барысында жауаптылық үшін елеулі маңызы бар», — деп сабақтайды ойын. Ал оларды В.К.Глистин ұсынғандай объективтік жақтың құрамына енгізуге қарсылық көрсетеді.

В.Я.Тацийдің қарсылығы бойынша «біріншіден, неліктен аталмыш заттарды олармен тығыз байланыста тұрған объектіге жатқызбай, қылмыстың объективтік жағына қосуға тиіспіз? Екіншіден, өзінің жүйелі белгілері бар объективтік жақтың құрамына қосалқы белгіні енгізу оған жат болып тұрмақ»[40]. Бұл жердегі соңғы автордың уәжі жөнсіз. Өйткені, неліктен біз (Тацийдің өз сөзімен айтсақ) «өз жүйесі бар» қылмыстың объектісіне (қоғамдық қатынастарға) сырттан тағы да қосалқы белгілерді телуге тиіспіз?.. Әрине, В.Я.Таций атаған объектінің құрамына кірмейтін барлық заттарды «олардың бәрі объективтік жаққа тиесілі» деп бір шыбықпен айдаудан аулақпыз. Біз бұған өз ұстанымымыз бойынша, «мүдде» тұрғысынан келіп, әр заттың функциясын жеке-жеке анықтаймыз. Сол кездері нысанадағы зат объективтік жақтан гөрі объектіге етене жақын болуы мүмкін (мысалға, жасанды ақша белгілері).

Сонымен, жоғарыда берілген анықтама объектінің сыртындағы заттарды да қамтып кететін болғандықтан, енді одан басқа, қылмыс затын объектіден ажырағысыз (методология бойынша) ететін анықтама іздестіру (ұғымын қалыптастыру) шарт.

Келесі бір қылмыс затының түсінігі бойынша, қылмыс объектісіне қол сұғуды жүзеге асыру үстінде қылмыскер тікелей ықпал ететін сыртқы әлемнің материалдық заттары ғана қылмыс затын құрайды. Бұл орайда объект қашанда зардап шеккенмен немесе шегуі мүмкін болғанмен қылмыс заты зардапты әр уақытта шеге бермейді. Бұл анықтаманың да алғашқы берілген анықтамадан ауылы алыс кетпейді. Дегенмен, өз ерекшеліктері де бар.

Б.С.Никифоров қылмыс заты турасындағы әр түрлі пікірлерді сыни көзбен талдай келіп, қылмыс заты — одан басқа да элементтерді қамтитын қылмыс объектісінің құрамдас бөлігі, — деген қорытындыға келеді. Сондықтан да, ол қылмыс затының проблемасы жоқ деп есептейді, себебі, Б.С.Никифоровтың ойынша, ол объектінің құрамдас бөлігі болғандықтан “қылмыс затының қазіргі күйінде (курсив бізден- ) оны объектіден тыс өзінше бөлек өмір сүретін құбылыс ретінде зерттеудің қажеттілігі жоқ[41]. Және Б.С.Никифоровтың қылмыс заты хақындағы ойлары белгілі бір материалдық құндылықтарға ғана сыйяды. Ал мұндай материалдық заттармен байланысты емес қылмыстар «затсыз» қылмыстар қатарын құрамақ. Кейбір қылмыстар, Б.С.Никифоровтың анықтауынша, әрі затсыз, әрі затты болуы мүмкін. Мысалға, мүлікті талан-тараждаумен байланысты яки байланысты емес бандитизм, мүлікті жоюмен байланысты немесе байланысты емес бұзақылық т.б.

Олай болса, қорғалатын қоғамдық қатынастардың құрамында материалдық құндылықтардың (және тек қана материалдық) болу-болмауына байланысты барлық қылмыстарды үлкен екі топқа, яғни затсыз және затты қылмыстарға  бөлуге тура келеді.

Айналыстан алынған не айналысы шектелген заттардың контрабандасы қылмысының құрамында (250-бап) қылмыстың мынандай заттары келтірілген:

  1. есірткі заттар
  2. жүйкеге әсер ететін заттар;
  3. күшті әсер ететін, улы, уландырғыш заттар;
  4. радиоактивті немесе жарылғыш заттар
  5. қару-жарақ, әскери техниканы, жарылғыш құрылғылар,
  6. атыс қаруы, оқ-дәрілер,
  7. жаппай қырып -жоятын қарулардың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлері
  8. жаппай қырып -жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтар

Есірткі заттары мен психитроптық заттары материалдық нысанға ие екенің аян. Сонда есірткімен байланысты қылмыстар, оның ішінде есіркі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу қылмысы да затты қылмыстар қатарын  құрайды[42].

Еліміздің заңнамасына жүгенсек, есірткі заттар дегеніміз — Қазақстан Республикасының заңдарына, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен қоса 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға тиісті Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген синтетикалық немесе табиғи тектес заттар.

 Халықаралық құжаттарда есірткі заттар қатарына 1961 жылғы есірткі заттар туралы Конвенцияның 1 және 2 Тізімдеріне енгізілген кез-келген табиғи немесе синтетикалық заттар жатқызылған.

П.Д. Шабановтың пікірінше, “есірткі зат” термині медицина-лық, әлеуметтік және заңдық деген үш категорияны қамтиды, бұл категориялар өзара тәуелді әрі құқықтық аспектіде затты есірткілік зат деп тек осы үш критерийге сәйкес келген жағдайда ғана тануды қажет етеді. Медициналық критерийдің мәні- өзін қабылдау нәти-жесінде дереу орталық жүйке жүйесіне арнаулы (ынталандырушы, седативті, галлюциногенді, т.б.) әсер ететін зат (дәрі-дәрмек) болуы қажет. Әлеуметтік критерий затты дереу қабылдаудың етек алу (таралу) масштабы бойынша әлеуметтік мәнге ие бола бастауын білдіреді. Заңдық критерий жоғарыда айтылған екі алғышарттардан бастау алады және тиісті уәкілетті инстанцияның дәл осы затты есірткілік зат деп танып, есірткі заттар тізіміне енгізуін талап етеді[43].

Сондай-ақ, А.В. Вальдман, Э.А. Бабаян,Э.Э. Звартау секілді бірқатар ғалымдардың пайымдауынша, есірткі зат терминін тек фармакологиялық тұрғыдан ғана кез-келген затқа қолдануға болмайды, себебі бұл термин медициналық ғана емес, сондай-ақ заңдық әрі әлеуметтік ұғымдарды да қамтиды[44].

Н.А. Мирошниченко мен А.А. Музыка келесідей түсінік береді: есірткі дегеніміз — шығу табиғатына қарай әртүрлі болатын (физикалық белгісі), айрықша масаю (есеңгіру) жағдайына, дағдылану  мен есірткіге деген тәуелділікке әкелетіндей орталық жүйке жүйесіне әсер ете алатын (медициналық белгісі), тізімі арнаулы нормативтік актілерде бекітілген (заңдық белгісі), ал оларды шектен тыс тұтыну халық денсаулығына қауіп төндіретіндей салдарға әкелетін (әлеуметтік белгісі) заттар тобы[45]

 Ал А.Қ. Қанатовтың пікірінше, тек осы белгілермен ғана шектеліп қалуға болмайды, мәселен, заңдық белгінің өзін өз ішінде келесідей белгілерге бөлуге болады: біріншіден, қылмыстық-құқықтық, яғни заң шығарушы есірткі заттармен және психотроп-тық заттармен байланысты бірқатар әрекеттерді қылмыс деп таниды; екіншіден, криминологиялық, яғни есірткі қоғамға ірі материалдық залал мен адамгершіліктің азғындауына әкеледі, қоғамдағы оқыс жағдай-лардың себебі және басқа құқыққа қайшы әрекеттерге детерминант болып табылады; үшіншіден, криминалистикалық, яғни есірткілердің заңсыз дайындалуы және айналымымен байланысты қыл-мыстарды ашу мен тергеу әдетте өзіндік ерекшелікке ие болады, өйткені олар құрылымдық жағынан ұйымдасқан қылмыс қатарына жатады; төртіншіден, пенитенциарлық, яғни есірткілерді шектен тыс тұтынатын тұлғаларды жазалау өзіндік ерекшелікке ие болады, себебі жаза мақсатына қол  жеткізу үшін алдымен нашақорды мәжбүрлі түрде емдеп шығарып барып, оны бас бостандығынан айыру керек, кейде осы екі шара бір кезде қолданылуы мүмкін[46].

Еліміздің заң нормаларына сәйкес, “психотроптық заттар” -бұл Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға тиісті Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген синтетикалық және табиғи тектес заттар.

 Халықаралық құжаттарда психотроптық заттар қатарына І, ІІ, ІІІ және ІV Тізімдерге енгізілген, табиғи не синтетикалық кез-келген заттар немесе кез-келген табиғи материалдар жатқызылған.

 Қазақстандық заңнамада “прекурсорлар” дегеніміз — есірткі заттарды және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, ұқсату кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, срның ішінде БҰҰ-ның Есірткі заттардың және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылануға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар Тізіміне енгізілген заттар делінген.

 Ұлттық заңнамамыз бойынша “есірткі заттар мен психотроптық зат тектестер” ретінде химиялық құрылымдары мен қасиеттері бар, құрылымы мен қасиеттері жағынан еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін, І, ІІ және  ІІІ кестелерге енгізілген заттарға ұқсас, оларды шектен тыс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін қауіпті, Үкімет қаулыларымен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есірткі заттар мен психотроптық заттар ретінде бекітілмеген, шығу тегі синтетикалық немесе табиғи болып табылатын заттар танылады.

 Ал есірткілер ретінде есірткі немесе психотроптық заттар деп жіктелген, оларды шектен тыс пайдаланғанда туындауы мүмкін зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшін ықтимал қаупі бар, Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс өсімдіктер, заттар немесе препараттар танылады.

Бұл жерде, қылмыс заты деп аталып отырған есіркі заттар қарастырылып отырған қылмыс құрамына қатысты қылмыс заты емес, қылмыс құралы болып табылады деген де көзқарастар жоқ емес. Айталық А.Қ.Жұмағали өз диссертациясында бұл заттарды қылмыс құралы деп дәлелдейді. Оның пайымдауынша затттар қылмыс заты  болуы үшін қылмыс объектісінің мазмұнында болуы керек, оның құрамдас бөлшегі болып табылады деп пайымдайды. Себебі кез келген әрекеттің, соның ішінде қылмыстық әрекеттің де объектісі кең мағынада болса, заты осы объектінің ішіне енетін тар мағынада болады. Ал есірткі заттарына қатысты есіркі заттарды  немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу қылмысында ол заттар қылмыс құралды болып табылады, өйткені бұл жердегі объект халықтың денсаулығы. Аталған заттар халықтың денсаулығының құрамдас бөлігі болмақ түгілі айтылған объектіні бұзуша құралы, демек аталған заттар қылмыс құралы болуы заңда деп есептейді[47].

Егер де,- дейді автор,- есірткі заттары талан-таражға түсетін немесе қорқытып алынатын болса (260-бап), онда бұл жерде екі объект бар. >Негзгісі – халықтың денсаулығы, қосымшасы – меншік қатнастары. Сонда есірткі заттары негізгі объектіге қатысты қылмыс құралы болып қала береді де, қосымша объектігн қатысты қылмыс заты болмақ, себебі, бұл жерде заң арқылы қорғалатын қоғамдық қатанастар зардап шегіп тұр (мысалға, дәріханалардың меншік мүддесі).

Біз бұл пікірді қолдаймыз. Шыннында да қылмыс затын егер де қылмыс объектісінің қосымша белгісі деп есептейтін болсақ (қылмыстық құқық доктринасына сай), онда есірткі заттары бол талаптарға үнемі жауап бермейді. Егер қылмыс заты қылмыс объектісінің қосымша белгісі емес, одан бөлек құбылыс деп танылса, онда ол қылмыс құрамы туралы ілімге қайшы келер еді. 

Контрабандалық есірткі заттарға жауапкершілік, жуйкеге әсер ететін заттар, күшті әсер ететін, улы заттар, контрабандамен жіберілетін жарылғыш немесе радиоактивті заттар, қару – жарақ және басқа да заттар.

Бұл жерде мұндай тәуелділіктің пайда болуы жаңа қылмыстық  зақымда адам денсаулығына  ауыр дәрежедегі зиян келтіру ретінде қаралады.ҚР-ң қылмыстық кодексінің 259-265 баптарында  қарастырылған есірткі заттарына байланысты ең бастапқы  қылмыс объектісі жергілікті тұрғындар денсаулығы болып табылады.Қандай да бір жеке тұлғаның денсаулығы туралы емес, өз жергілікті тұрғындардың денсаулығы туралы   сипаттық  жиынтығы ретінде осы  қылмыстардың  ең бастапқы обьектісін негізге ала отырып айтқан жөн.Бірақ әрбір есірткі және психотроптық заттарға қатысты қылмыс есірткі мөлшерін 1 рет   қолданумен жасалмайды және қандайда бір нақты қолданушыға бағытталмайды. Осы қылмыстардың әр қайсы жеке және жалпы алғанда  жергілікті  тұрғыншылықтың денсаулығына қауіп-қатер төндіреді.Бірақ  та ҚР-ң қылмыстық код-ң 9-шы тарауында көрсетілген. Қылмыстың ең бастапқы обьектісі қоғамдық  тәртіп болып табылады. Сондықтан осылар  ғана есірткі және психотроптық заттар контробандасының ең бастапқы  обьектісін құрайды.Бұл қылмыстың обьектісі  берілген баптың  орналасқан статусына  қарамастан қоғамдық қауіптілік болып табылады. Бұл қылмыс пәнінің спекцификасы мен түсіндіріледі, аса қорқыту қауіпсіз әлеуметтік социальдық болмыс өзінен көрсетіледі. Бәрімізге мәлім қылмыс пәні бұл сыртқы әлемен обьективті өмір сүретін материалды зат.Осыған байланысты қылмыстық әрекет жасалады.

ҚР-ң қадағалауына есірткі тізіміндегі заттары жүйке жүйесіне әсер ететін прекурсорлар жатады. Осыдан есірткі  заттар ,синтетикалық заттар болып табылады немесе табиғат арқылы шығады,осыларды пайдаланудан психикалық немесе физикалық тәуелділіке әкеп соқтырады. Есірткі  тізімін қосқанда,психотрондық заттармен прекурсор, ҚР-ң заңына сәйкес қадағалау болады, және  1961 жылғы БҰҰ-ң  бірлескен конвенциялық есірткі заттардың өзгертулурмен, 1972 жылғы протоколына сәйкес енгізулер.

Психотроптық –синтетикалық немесе табиғи жаратылыстар, осыларды пайдаланудан  психикалық тәуелділік пайда болады, есірткі заттар тізімі қоса отыра, психотроптых заттар мен прекурсорлар, ҚР –ның  заңына сәйкес қадағалауында болады, осыған қоса 1971 жылғы БҰҰ-ның конвенциясы.

Есірткі заттар мен психотроптық заттар, қылмыс пәніне кіретіндер, есірткіамен байланысты, есірткілік заттар тізімінде анықталған, есірткі  заттар мен прекурсорлар, ҚР-ның қадағалауына жататындар, ҚР-ның 9 наурыздағы 1998 жылғы №186 есірткі заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлар қадағалауына жататындар туралы Үкіметінің қаулысымен анықталады. Осы тізіммен прекурсорлық қадағалауға жататыны анықталған. Прекурсоры- заттар, жиі өндірістік дайындауды қолданылатын, есірткі  заттар қайтадайындау және есірткі тізімдегі психотроптық заттарды қоса отыра, психотроптық заттар мен прекурсорлар, ҚР-на қадағалауына жататындар, осыған қоса ҚР-ның халық-аралық шартарымен қаралған, 1988 жылғы есірткі заттарды заңсыз айналымдағы заттарға қарсы күрес туралы БҰҰ-ның конвенциясы. 9 наурыз 1988 жылғы № 186 Үкіметінің қаулысымен бекітілген, улы заттар тізімі, ҚР-ның қадағалауына жатады.

       Есірткі заттарға контрабандалық қылмыстық жауаптылық, психотроптық , өте күшті заттар мен  улы заттар,  1998  жылғы 14 майдағы  ҚР жоғарғы сотының  пленумның 10-шы  қаулысында көрсетіледі.Соттың заңдылық істерді қабылдағаны, заңсыз айналымдағы есірткі заттарды заттарға сәйкес, психотроптық, ірі мөлшердегі және улы заттар туралы,заңсыз мемлекет шегіне әкелуі  немесе мемлекет шегінен әкетуге жол ашады,басқаша айтқанда, кедендік мемлекет шегарадан өткізулі жағдайда.Контранбандалық обьективтік жағы қылмыстық кодексінің  250-бабының 1-бөлігінде есірткі заттардың  әкетуі немесе әкелуі жағдайы бекітілген, психотроптық, ірі мөлшердегі, улы заттар:

  • кедендік бақылаудың ашылуы:
  • алдау арқылы құжаттрды пайдалану немесе кендік идентификациялвқ заттар.

Бұл бөліктегі әрекет аяқталған қымыс құрамының белгілеріне құқылы, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс категориясына жатқызамыз

Байқағанымыздай, контрабандалық әкімшілік бабында анықталған диспозицияға өзгерістер енгізілген. КазССР КҚ 1998 ж. 1 қаңтарына дейін жарамды 64 бабының 1-ші бөлігін салыстырғада, ҚР ҚК 250 бабның 1-ші бөлігінің бұндай қылмыс заңды параметр түсінігінің өзгерістері көрсетілген. Біріншіден енді қылмыстық жауапкершілік пайда болған контрабанда пәнәнің мөлшерінен тәуелдіктен тыс басталады. Екіншіден контрабандалық әрекеттер өзгертілген заңдарында бекітілген.

20 шілде 1995 жылғы ҚР президентінің 3 бұйрығының 4 бабына сәйкес мемлекетік кеден шекарасында тек ҚР кедендік аумағында бос кедендік зоналар складтарқаралады. Бірақ ҚР жоғарғы сот пленумының шешіміне байланысты ҚР аумағында заңсыз заттар немесе бос кедендік және бос складттарда контрабанда болмауына жол береді. ҚР президентінің 9 бабына сәйкес 250 бабының қылмыстық кодексінің және ҚР кедендік шекарасынын өткізуі және бос кедендік зоналарда, складтары бар.

ҚР президентінің 9-бабының 18 бұйрықпен аудару арқылы кедендік шекарадан өткізугезаң күші бар және осыған байланысты 250 бабының қылмыстық кодекстің ҚР нақты болып жасалуына шақыруы бойынша кедендік шекараданҚР немесе осыаумақтан алып шығу тауар осы жағдайда транспорттық құралдар қолдануға халықаралық шекарадан өткізу. Тауарлардықоса немесе контейнерлерді және басқа да транспорттық құралдарды әртрлі амалдармен, соны қосқанда халықаралық шекараға жіберілу және т.б

Осы жағдайды айдан контрабандалық есірткі заттар және пситроптық заттар, ереже бойынша осы жолмен орындалатын шекаралармен өткізу, есірткі заттарды жасанды түрде өткізуге кедендік шекарасыны контрольданады.

Бұл бізбен өткізілген материалдармен архивтік қылмыстық іс:. Барлық жағдайда 100 пайыз объективті жақ сотта, кедендік бақылаудың ашылуына байланысты сипатталады. Осыдан 41,2 пайыз жағдайда  кінәлі тұлғалар бейімделген ретінде пайдаланылған. Осылай және әдеәі құпиялы жерлер дайындалған. Мысалы: Колейев азамат ұсталған кезде, термос түбінен 540 грамм марихуана табылған. Валиев азаматы да, булка нан ішінде 490 грамм опия табылған. Исомова азаматының сөмкесінің түбінен 800 грамм оия табылған. Архивтағы қылмыстқ істерді қарағанда кейбір материалдар куәләнады. 35,3 пайыз жағдайында контрабандалық есіркі заттар табылған. 23,5 пайыз кезінде  денесіне киіп жүрген киімдерінен табылған. Осы уақытта контрабандалық есірткі заттарды қоспағанда, мысалы: алдау арқылы қолданған құжаттар және кедендік идентификациялық заттар, осы атаған жағдайларды қарай отыра ҚР азаматарының қазіргі жағдайдағы жұмыстарының проблемасы.

Алдау арқылы пайдаланған құжаттар – кедендік бақылаудағы жасанды құжаттар немесе құжаттар қабылдап алған, құралған кедендік шекара арқылы өткізуду білдіреді. Алдауға пайдаланған заттар кедендік идентификацияда жасанды жасалған немесе сандық, басқа да маркіленген басқа да кедендік бақылау органдарына қатер төндіру мақсатына да әрекеттер ҚР президентінің заң күші бар 1995 жылдың ҚР 20 шілдедегі жарлығының 192-бабына сәйкес, тауар және траспорттық көліктер, ҚР кешендік шекарасынан өткізілетін, тауар және траспорттық құралдар өзгеретін кедендік режимдер және де басқа тауарлар және т. б. . .     

Кедендік құралдар ҚР-ң кедендік іс бойынша анықталған заңдар,ҚР-ң кедендік органдарына жататын деклариваниясы.Деклоривания бекітілген түрде ( жазбаша, ауызша, электрондық немесе т.б) Қызығушылар жолындағы заңына сәйкес деклоривания еместің маңызы немесе  жеткілікті емес деклоривания есірткі заттар психтроптық ірі мөлшерде және улы заттар кедендік деклорацияда заттармен құралдар мәліметтері көрсетілген. Аяқталған қылмыс құрамының 250-бабының 1-бөлігі бойынша қандайда бір іс әрекеттерді қажет етпейді. ҚР-ң жоғарғы пленумының келісімімен берілген 1998 ж.18 шілдеде  14-қаулысы  бойынша контрабанда қылмыстық жауапкершілік  тәжірибе заңында қолдануы туралы, қылмыс аяқталған жауапкершілік әкетілген, алып келген жағдайда заңсыз  істердің болдырмауы,шек арадан өткен уақыттан, алып келген жағдай заңсыз түрінің, сол уақытта біткен кедендік рәсімдеу болдыруы,ал пәндер қатынасы осыларға берілген ережелер бекітіледі.Кедендік бақылаудың процедурасының біткен уақытынан бастап.Ал алыпкетілген жағдайда заңсыз түрінің өтеуінің болуы-кедендік рәсімдеудің уақытысынан бастап ҚР-ң жоғарғы сот пленумының берілген қаулысында көрсетілген (әкелінген, әкетілген жағдайда  қандайда бір әдіспен контрабанда пәнінің  түсінігі).Бұл жағдайда ҚР-ң  жоғарғы сот  пленумының  басқада түсіндірмесінде,берілген қаулы 1997. ж.18-шілдеде (кедендік шек арада, шөлейт жерлерде, суларда, ауада).Кедендік зонадан басқа еркін складтар  тәуелділігінен тыс жіберу пунктінде, кедендік пост мемлекеттік  шек арасымен сәйкес келеді.

Контрабандалық есірткі заттың субъективті анализі және психотроптық заттартолық сипатта бола алмайды.

          ҚР ҚК250 немесе КазССР ҚК 64 бабында контрабандалық есірткі заттар, қылмыс құрамының барлық белгілері бекіткен. Сондықтан жалпы қабылданған қылмыскер тұлғаның құрылысы, бұлар 3 бағамен белгіленеді: әлеуметтік- демографиялық , әлуметтік –психологиялық әлеуметтік – құқықтық істерді болдырды. Осыдан репрезативтік мәлімдер алып , соған сәйкес талаптарға негізделеді.

     Берілген жағдай контрабандалық  портрет салуға мумкіндік берді,  сотталған заңсыз әкеліп -әкету үшін немесе мемлекеттегі есірткіні.

Заңсыз айналым мемлекет ішіндегі болдыру қылмыстық әкеп соқтырады.  Соңғы портретті  Г.Х.Феткулов, М.К. Интыкбаев қалыптастырды[48].

     Қазіргі кезде есірткі контрабандасын тек ер адамдардың проблемасы днп айта алмаймыз. Қылмыстық іс архивіндегі қараулар бойынша 35,5 % әйел адамдар болған.

     Көбісі орта білімі бар 43% және спец білімі бар17.7% . Жоғары  немесе аяқталмаған оқу білімі ешқайсысында жоқ.

 Бірақта акцент азаматтардың белгіленгенін қажет етеді. Бұлар бұрын есірткі контрабандасымен  немесе психотроптық заттар үшін  сотталған болса. Қылмыс архиві бойынша, оның жартысы 52.9% орта Азияның азаматтары , тағы 23.5% Россия Федерациясының азаматтары, тек 17.6% Қазақстан Республикасының азаматтары.    

  Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бақылауға жататын есірткілік заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар және прекурсорлардың тізіміне кіргізілген синтетикалық немесе табиғи текті затгар есірткілік заттар және жүйкеге әсер ететін заттар деп танылады.

Қатты әсер ететін және улы заттардың да тізімі Қазақстан Республикаеын-да бақылануы тиіс уландырғыш заттар тізімінде ерекше тәртіппен көрсетілғең.

Уландырғыш заттардың қатарына адамның орталық нерв жүйесіне немесе тыныс мүшелеріне әсер етіп, олардың зақымдануын тудыратын өте улы, химиялық реагенттер мен олардың қосындылары жатады.

Уландырғыш заттар:

а) жүйкені жансыздандырушы;

б) жалпы улы;

в) теріні іріңдетуші;

г) түншықтырғыш;

д) тітіркендіруші болып бөлінеді.

ҚР «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, ра-диоактивті материалдар қатарына ядролық материалдар, яғни бөлінетін (ажы-ратылған) ядролық заттардан түратын немесе оларды жаңадан жасап шығара алатын материалдар, яғни ядролары өздігімен ыдырай алатын химиялық эле-менттерден түратын материалдар, радиоактивті шығындар жатады.

Жарылғыш заттар — оқ-дәрі, тротил, нитроглицерин, аммонол және жа-рылғыш реакцияларына қабілеті бар химиялық заттар мен олардың қоспасы.

Қару-жараққа әскери міндеті бар өнімдердің әр түрлі түрлері жатады; жат-тығу қүралдары, байланыс құралдары, навигациялық приборлар, радиолакатор-лар, қорғанысқүралдары.

Әскери техника — бұл қарулы- күштердің әскери дайындығы мен әскери әре-кеттер жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолданылатын техника (үшақтар, танкі-лер, бронетранспортерлер, жаяу әскердің әскери машиналары, т.б.).

Жарылыс жасау үшін арналып қүрастырылған заттар (механизмдер) жару құрылғылары болып табылады (запал (тугатқыш)), детонатор, жарғыш, т.б.)[49].

Оқ-дәрінің не басқа зарядтың энергиясының әсері нәтижесінде гранат, сна-ряд, оқ ствол бойымен атып шығатын қару — атыс қаруы деп аталады.

Оқ-дәрі — қүрылысы бойынша қарудың өзіне тиісті түрінен ату үшін ар-налған және көздегенін зақымдайтын зат немесе қүрылым-.

Ядролық қару қарсылас жақтың қол күші мен техникасын жаппай қыру мақ-саты үшін ғана арналған ядролық оқ-дәрілер, оларды межеге жеткізу құралдары мен басқару құралдары. Ядролық жарылыс кезінде қырып-жоюшы әсер оның соққы беретін толқындарынан, жарығымен сәулеленуден, жайьшып кететІн ра-диациясынан, радиоактивті зақымдануынантарайды.

Жаппай қырып-жоюшы химиялық қаруға қарсылас жақтың қол күшін жап-пай қырып-жою үшін ғана әдейі жасап шығарылып, оларды сақтау, жеткізу, пай-далану қүралына орналастырылған аса улы химиялық қүрылымдар жатады.

Бұлар халықаралық актілермен шығарып өндіруге, қолдануға тиым салынған жаппай қырып-жою қаруларының бірі биологиялық қару болса, биологиялық қаруға әскери мақсатта арнайы жасалған және ауру қоздырғыштары арқылы адамдар мен жануарларға сырқат жұқтырушы бактериялық (тырысқақ, оба, алапес т.б.) және потагендік (геморрагиялық безгек, энцифилит шешек т.б.) рецептуралар жатады[50]. Бұл жерде ауру қоздырғыштарының қылмыс құралы (не қаруы) бола алатындығы айқын көрініп тұр. А.Н.Ағыбаев биологиялық жаппай-қырып-жою қаруына  бактериялар, вирустар жатады, — деп ашық жазады[51].

Ал, адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің жаппай ауруын тарату үшін арналған бактериологиялық қүралдардың жиынтығы биологиялық қырып-жою қүралдарына жатады.

Жаппай қырып-жого құралдарын жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдар мен құралдар — бұлар жаппай қырып-жою қаруларын жасап-шығару кезінде пайдаланылуы мүмкін шикізат, лабораториялық және өндірістік жабдықтар, технологиялар.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Контрабандамен байланысты қылмыстардың объективтік жағы

 

Экономикалық контрабанда қылмысының объективтік жағы — осы кодекстің 250-бабында көрсетілген-дерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара ар-қылы алып өтуге бағытталған белсенді әрекетпен сипатталады.

Жоғарыда аталған Жарлықтың 18-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақетаң Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өту дегеніміз»- тауарларды жйне көлік құралдарын кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының кедендіқ аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып іііығумен байланысты әрекет жасау, оған халықаралық жіберулермен өткізу, құбыр мен тасымалдау көлігін және электр жүйкесін пайдалану да кіреді». Көрсетілген әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды және көліқ құралдарын алып кіру, оның ішінде, еркін кедендік қоймалардың аумағына Қазақ-стан Республикасының кедендік аумағының қалған бәлігіне алып кіру — Қазақ-стан Республикасының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту; басқа жағдайларда — Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жаққа, не еркін кедендік зоналар аумағына, немесе еркін қоймаларға тауарлар мен көлік құралдарын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда — «кедендік декларация беру».

Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы Іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып шыққанда -кедендік декларация беріледі. Сондықтан да, Казақстан Республикасының кедендік аумағына альш кіргенде, оның ішіңде еркін кедендік зоналар аумағы мен еркін қоймалардан кедендік аумақтың басқа бөлігіне алып кіргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткен кезінен бастап, ал тауарлар-ды кедендік аймақтан алып шыққанда, сондай-ақ оларды Казақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға алып кіргенде — кедендік декларация берген кезден бастап кон-трабанда аяқталған қылмыс болып саналады.

Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін:

а) кедендік бақылауды айналып өту;

б) кедендік бақылаудан жасыру;

в) кедендік үқсастыру қүжаттарын немесе қүралдарын алдап пайдалану;

г) декларация жасамау, не

д) кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу са-лынған заттар мен қүндылықтарды жалған декларациялау.

Казақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану практикасы туралы» каулы-сының 5-тармағына сәйкес, контрабанда жасаудың жоғарьщағы бірінші тәсілінде — контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік рәсімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасның заңдарымен және кеден органдарымен белгіленген басқа органдарды айналып өтіп немесе рәсімдеу жүргізілетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жар-лығының 25-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының кеден органдары белгіленген жерлерден және олардьщ Қазақстан Республикасының заңцарына сәйкес жүмыс істеу уақытында ғана тауарлар мен көлік қүралдарыиың Қазақ-стан Республикасьшың кедендік шекарасын кесіп өтуіне жол беріледі.

Басқа жерлерден және Кдзақстан Республикасы кеден органдарының жүмы-сынан тыс уақытта тауарлар мен көлік қүралдары Қазақстан Республикасының кедендік шёкарасын тек Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсаты-мен ғана кесіп өте алады.

Экономикалық контрабанда жасаудың екінші тәсілі — тауарларды немесе өзге қүндылықтар мен заттарды жасыру, оларды қүішя жерғе тығу немесе табуды қиындататын басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру.

Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі көіт. Заттарды, мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша тубіне, таяқ, шатырсаптарына, тағам ішіне тығады.

Контрабанданың үшінші тәсілінде кеден оргаңдарына, сондай-ақ шекара ба-қылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, жалған, сондай-ақ жалған ыәліметтер кірген қүжаттар үсынады, жасанды мөрлер, мөрта-бандар, пломбалар, кедендік үқсастырудың басқа да сондай қүраддарын пайдала-нады немесе басқа объектілерге жататын шын үқсастыру қүралдарын ұсынады.

Бұл тәсіл контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің бірі, се-бебі қүжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әр түрлі қүнды ши-кізат пен материалдарды, қуат көздерін (мүнай, бензин, мазут), т.б. көптеген алып өтуге мүмкіндік туады, Мүндай ірі масштабты операциялардан мемлекет ондаған, жүздеген мың доллар зиян шегеді.

Контрабанданы осы тәсІлмен жасағанда айыптының әрекетін құжаттарды бүрмалағандығы немесе қолдан жасағандығы үшін қосымша саралаудың қажеттілігі жоқ, себебі бүл эрекеттер контрабанда жасаудың осытәсілінің міндетті нышандары болыптабылады.

Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдерінде алып өтуге тыйым салынған немесе шек қойылған не айнальшнан алынған немесе басқа күндылықтар мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік декларация беру міндетін орындамайды немесе дүрыс орындамайды.

Контрабанда жасағанда затты кеден шекарасы арқылы алып өтеді.

Жарлықтың 3-бабының 4-бөлігіне сәйкес республиканың кедендік аумағы-ның іші, сондай-ақ еркін кедендік зоналар мен еркін қоймалардың периметрлерІ кедендік шекара болып табылады.

Айыптының әрекетін осы бап бойынша саралау үшін тауарлар немесе басқа заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер тауар-лардың күны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, контрабанда ірі мөлшер-де жасалған деп танылады.

Айналыстан алынған не айналысы шектелген заттардың контрабандасы қылмысының объективтік жағын сипаттасақ,  өткізу деп Қазақстан Республикасының кеден шекарасын іс жүзінде кесіп өтуді айтамыз. Ол төмендегідей жолдардың бірі аркылы жасалуы мүмкін:

  1. КедендІк бақылаудан тыс;
  2. Кедендік бақылаудан жасырын;
  3. Қүжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып;
  4. Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың декларация-ланбауы немесе жалған декларациялануы.

Контрабанда жасаудың алғашқы жолы, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдеде қабылданған «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысына сәйкес, контрабақдалық заттарды кеден бекеттерінен, өткізу нүктелерінен және кедендік дайындауды жүрғізу үшін ҚР кеден органдары мен заң арқылы белгіленғен өзге жерлерден тыс немесе кеден жұмысы үшін белгіленген уақыттан тыс мерзімде жөнелтуден немесе алып өтуден түрады.

Айналыстан алынған не айналдысы шектелген заттардың контрабандасының екінші жолы заттарды алып өту кезінде қүпия орындарды немеее іздеп-табуды қиындата түсетін басқа тәсілдерді пайдаланудан немесе бір затты екінші заттың түріне келтіруден түрады.

Кедендік бақылаудан заттарды жасырып қалу үшін түлғалар неше түрлі айлаларды ңолданып бағады. Заттар, мысалы: киімге, аяқ киімге, бас киім-ге, сөмкенің астарының астына, чемоданның қосарланған түбіне жасыры-луы мүмкін.

Үшінші әдіс бойынша кеден органдарына, сол сияқты шекаралық бақылау жүрғізуші тұлғаларға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, сонымен қатар, жал-ған мәліметтерден түратын қүжаттар үсынылуы, қолдан жасалған мөрлер, плом-былар, штамптар не кедендік теңдестірудің өзге қүралдары пайдаланылуы немесе шын теңестіру қүралы үсынылып, бірақ ол бөтен объектілерғе қатысты болуы мүмкін.

Бүл әдіс арқылы контрабанда жасау кезінде айыптының әрекеттерін қүжаттардың қолдан жасалғандығы немесе жалғандығы үшін қосымша бағалаудың қажеттілігі жоқ, себебі бүл әрекеттер контрабанда жасаудың аталған тәсілінің міндетті белгілері болып табылады.

Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдері айналыстан алынған немесе өткізуге тыйым салынған не шек қойылған заттарға қатысты заңның бел-гіленген ережелеріне сәйкес кедендік декларация ұсыну міндетін орындамаудан не тиісті дәрежеде орындамаудан тұрады.

Контрабанда жасау кезінде өткізу кеден шекарасы арқылы жұзеге асырьлады.       

 

 

 

 

2.3 Контрабандамен байланысты қылмыстардың субъектісі

 

Контрабандамен байланысты қылмыстардың субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дүрыс адам. Аталған баптардың 2-бөлігіне сәйкес (209-баптың 2-бөлігі «б» тармағы) контрабанданың сараланған нышандарына контрабанданы өз қызмет бабын пайдаланып жасауы жатады, яғни қылмыстың арнайы субъектісі де келтірілген. Сол сияқты, 250-баптың 2-бөлігі «б» тармағында «лауазымды адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасауы» және 209-баптың 3-бөлігі «а» тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызмет бабын пайдалана отырп қылмыс жасауы саралаушы белгі ретінде келтірілген. 

14 жастан қылмыстық жауапкершілікті заң шығарушы белгілегенде мына жағдайлар ескерілген:

  • әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі;
  • жасы толмағанның жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілігі, өз әрекетін бақылай алатын қабілеті.

Көрсетілген қылмыстар үшін 14 жасқа жеткен адамды қылмыстық жауапқа тарту ғылыми дәлелді деп ойлаймыз, себебі заң шығарушы бұл жерде жасы толмағанның қаншалықты өсіп-дамығандығын негізге алады. Адам бұл жаста едәуәр дамып білім алады, жасаған әрекетіне есеп алады, оның қоғамға қауіптілігін түсінеді.

Қазақстан Республикасы ҚК 15-бабына сәйкес жауаптылық қабілеті бар, қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толған адам тек мүлікті талан-таражға байланысты ұрлық, тонау, қорқытып алушылық, қарақшылық үшін, сол сияқты қорқытып алушылық саралаушы белгі ретінде кездесетін кісі өлтіру қылмысы (ҚК 96-баптың 2-бөл. “з” тармағы) үшін, қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен қопарғыш құрылғыларды талан-тараждағаны немесе қорқытып алғаны үшін (255-бап), есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттарды талан-тараждағаны не қорқытып алғаны (ҚК 260-бап) үшін жауаптылыққа тартылады, ал қалған жағдайларда (ҚК 231-б.4-бөл. “в” тармағы, 248-бап) 16 жасқа толған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Жасы толмағанның әлеуметтік дамуы оның санасында көрініс табады, өмірден тәжірибе жинақтаған сайын ол ақ-қаранытүсіне бастайды, нендей әрекеттерді жасауға болмайтындығын біледі. Сондықтан да, осы жастан қылмыстық қарастыру сана-сезімінің белгілі бір деңгейге көтерілгендігіне білдіреді. Сонымен қатар, жасы толмаған адам өзі істеген әрекеттің қоғамға қауіпті екендігін, сондай-ақ оған заңда тыйым салынғандығын білуге, және де заңнан хабардар болуға тиіс.

  Қазақстанның Заң шығарушысы жауапкершілікті 16 жастан, ал 21 қылмыс үшін 14 жастан белгілеу қажет деп дұрыс жасаған.

Мысалға А.И. Дворкин мен Р.М. Сафиннің зерттеуінше, топ болып қарақшылық әрекет жасағандардың 10%-і 18 жасқа, 40%-і — 25 жасқа, 35%-і -35 жасқа дейінгілер және , 14%-і — 35 жастан жоғары болған[52].

Заң шығарушының көзқарасынша есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу қылмысын тұлға он алты жасқа жеткен соң ғана ұғына алады деп есептейді, сол себептен қылмыстық жауаптылықты да ҚК 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес он жас деп белгілейді.

Ал енді бір қызық жағдай осы  кодекстің келесі бабында қарастырылған қылмыс құрамына қатысты (260-бап. Есірткі заттарды ұрлау немесе қорқытып алу). Есірткі заттарды талан-тараждау (мағынасы бойынша талан-тараждау, ұрлау емес) қылмыстық жауаптылық жасы 14 жас беп белгіленген. Егер де ҚК нормаларын жүйелік түсіндіру ждасайтын болсақ онда, талан-таражға оның бес нысаны – ұрлық, тонау, қарақшылық, сеніп тапсырылған затты иеленіп алу немесе ысырап ету және алаяқтық енеді.

Жауаптылық көтерудің қасиетті шарты адамның есінің дұрыстығы.

Есі дұрыстық дегеніміз — қылмыс жасаған кезде өзінің сол іс-әрекетінің қоғамға қауіптілік сипатын ұғынып, оны басқара алуға қабілетін көрсететін адамның психикалық жағдайы.

Есі дұрыс емес адамдар жауапталуға және жазаға тартылуға тиіс емес. Жаза айыпты адамды қайта тәрбиелеу үшін және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қолданылады. Мұндай мақсатқа психикалық күйі қалыптан ауытқымаған адамға қатысты ғана жүргізсе, қол жеткізуге болады. Ал психикалық ауруы бар, есі дұрыс емес адам жазаның әсерін қабылдай алмайды.

Есі дұрыс еместік — адамды айыптауды және жауапқа тартуды болдырмайтын, өзі жасаған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілік сипатын ұғына алуға және оны басқаруға қабілетсіздігі, ол созылмалы психикалық аурудан, ақыл кемдігінен немесе өзгедей психикалық сырқаттық күйден барып туындайды.

ҚК 16-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. «Есі дұрыс еместік күйі» сөз тіркесін пайдалану патопсихологиялық жағдайдың сипаттамасы болып табылады, ол мазмұн көлемі жағынан есі дұрыс еместікке дәл келмейді, онымен барабар емес. Құқықтық және медициналық деп аталатын критерийлер тек психикалық күйді сипаттайды[53].

Бұл айтылып отырған күйде болу адамды есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алады. Басқаша айтқанда, есі дұрыс еместіктің негізінде белгілі бір психикалық күй жатыр. Жоғарыда айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: есі дұрыс еместік дегеніміз — адамның созылмалы психикалық аурудың, психиканың уақытша бұзылуының, ақыл кемдігінің немесе өзгедей психикалық аурудың салдарынан жасаған өз іс-әрекетінің маңызын ұғына алмайтын және оны басқара алмайтын күйі. Осыған байланысты, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы ҚК 16-бабының 2-бөлігі есі дұрыс еместіктің құқықтық болмысына сай келуге тиіс, сондықтан оны Г.В.  Назаренко бойынша жаңа редакцияда былайша беру керек:

«Өзінің жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіптілік сипатын және оның зардаптарын түсіне алмайтын немесе өзінің ауру психикасының салдарынан өз әрекетін басқара алмайтын адамның кінәлі іс-әрекеті оған айып болып тағылуға тиіс емес»[54].

Қылмыскерлер арасында психопаттардың (есалаңдардың) біршама екенін ескермейтін болсақ, қылмыстылық мәселесін дұрыс шешу мүмкін бола қоймас.

Азайтылған есі дұрыстыққа теріс көзқараста болу кеңестік қылмыстық заңдағы дәстүрлі жағдай: ол революцияға дейінгі Ресейде де болған емес. Бірақ, көптеген шет мемлекеттерде, атап айтсақ Данияда, Италияда, Финляндияда, Германияда, Швейцарияда, Жапонияда мұндай институт заң жүзінде реттелген.

Мұның бәрі икемді қылмыстық саясат жүргізуге, қылмыстық жазаны айыпталушының жеке басына қарай сәйкестендіріп қолдануға жағдай жасайды.

Шектелген есі дұрыстық мәселесі есіркіге қатысты қылмыстарға орай норкамандар қылмыс субъектісі болғанда қатысты болады.

Азайтылған (шектелген) есі дұрыстықты жақтаушылар заң әдебиеттерінде дұрыс пікір айтуда, олар: психикасы толық сау емес адам қылмыстық жауаптылық туралы мәселені шешкенде психикасы сау адаммен теңестіріле алмайды, дейді. Көп жағдайларда, есі дұрыс еместікті жоққа шығармайтын психикалық ауытқулар қылмысты жасауға ықпалын тигізетін жағдайға айналып отыр.

Шектеулі есі дұрыстық проблемасы соңғы кездері осындай адамдар жасаған қылмыстардың көбеюіне байланысты өзекті мәселеге айналды.

Біздің пікірімізше, есі дұрыс еместердің «қылмыстылығы» мен іс-әрекетін теңдестіруге болмайды. Есі дұрыс еместікті жоққа шығармайтын психикалық ауытқу қылмыскерлер арасында едәуір таралған.

Бұл адамдар сылбыр дамитын шизофрениямен, маньякалдық-депрессиялық психозбен ауыратындар, сондай-ақ кейбіреулерінің аурулары шекаралық сатыда, невроз, депрессия, маскүнемдік жиі кездеседі.

Ю.М. Антонян мен С.В. Бородин азайтылған есі дұрыстыққа қарсы шықты, олар «шектеулі есі дұрыстық мәселені шатастырады», «соттың қолын байлайды» деп санайды[55].

Н.П. Дубинин, И.И. Карпец және В.Н. Кудрявцевтер де шектеулі есі дұрыстық институтын енгізудің қажеті жоқ деп санайды[56].

Мұндай институттың болмауы жаза тағайындаған кезде қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері жан-жақты ескерілуге тиіс деген заң талабын толық қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Ал, психикасы ауытқыған адамның психологиялық сипатында қалыпты күйге сыйыспайтын жайларды анық байқауға болады, тіптен қылмыс жасаған кездегі мінез-құлқы да өзгеше, оның іс-әрекетін алдын ала болжап болмайды, тергеу, сот кезінде де өзін басқаша ұстайды. Осының бәрі психикасы ауытқыған адам жасаған қылмысты ашуда, тергегенде және оны сотта қарағанда едәуір қиындықтар туғызады.

Аталған баптардың 2-бөлігіне сәйкес (209-баптың 2-бөлігі «б» тармағы) контрабанданың сараланған нышандарына контрабанданы өз қызмет бабын пайдаланып жасауы жатады, яғни қылмыстың арнайы субъектісі де келтірілген. Сол сияқты, 250-баптың 2-бөлігі «б» тармағында «лауазымды адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасауы» және 209-баптың 3-бөлігі «а» тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызмет бабын пайдалана отырып қылмыс жасауы саралаушы белгі ретінде келтірілген. 

ҚР ҚК 307-бабының ескертуінде лауазымды адамның, не оған теңіестірілге адамдырдың және  мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның түсінігі берілген. Оған сәйкес, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілөтті адамдарга лауазымды адамдар, Парламент пен  мәслихаттардың депутаттары, судьялар жәнө Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы ззңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.

Осы сияқты, 209-баптың 3-бөлігі «а» тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызмет бабын пайдалана отырып қылмыс жасауы саралаушы белгі ретінде келтірілген. Егер де, мемлекеттік қызмет әтқаруға уәкілетті адамдардың түсінігін берсек, онда, 307-баптың ескертуіне сәйкес мемлекеттік қызмет әтқаруға уәкілетті адамдарға:

1)  жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;

2)  заңда белгіленген тәртіппен Қәзақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттардың депутаттыгына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігінә кандидаттар ретіндө тіркелген азаматтар;

3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жумыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметшілер;

4) мемлекеттж үйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын үйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адамдар теңестіріледі.

Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкіл қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда. жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе өкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп таныпады

Мемлекет қызметтерін жөне мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Рәспубликасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымдарды атқарәтын адамдардар, сол сияқты Қазақстан Республикәсының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарын атқаратын адамдардар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдардар деп түсініледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Контрабандамен байланысты қылмыстардың субъективтік жағы

 

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 19 бабына сәйкес адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті іс — әрекетті және пайда болған қоғамға қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс делінген.

Қылмыстың субьективтік жағы – бұл кінәлі адамның өзі жасаған қылмысқа психикалық қатынасы, ол нақты кінә нысанымен, ниетпен және қылмыс мақсатымен сипатталады. Кінә кез – келген қылмыс құрамының субьективтік жағының негізгі белгісін құрайды.

Кылмыстың субъективтік жағы – тікелей ниет түріндегі кінә.

Кінә-қылмыс элементі. Ол кез келген қоғамға қауіпті әрекеттің маңызды құрама бөлігі болып табылады. Кінә болмаса қылмыстық жауапкершілік те болмайды, кінәнің интеллектуалдық және еріктілік белгілерінің қандай да бір арақатынасы оны қасақана (тікелей және жанама) және абайсыз (менмендік және немқұрайдылық) деп бөлуге жетелейді.

Кінәні іске асырып қолдану үшін қоғамға қауіпті әрекеттің субъективтік жағын анықтаудың маңызы бар. Төменгі тұрған соттар кінәнің анықталуы және оның дәл, даусыз дәлелденуіне бағдар алулары керек. Бұл мән-жайға көңіл аудармау объективтік айыптауға әкеп соғады, яғги қылмыс жасаған адамның кінәсі болмаса да, нәтижеге қарап оған жауапкершілік артылады, қылмыстық істі қарағанда объективтік шындықты анықтау қажет, оның маңызды бөлігі-субъектінің кінәлігі жайындағы, оның кінәсінің мазмұны, формасы және дәрежесі жайындағы соттың тұжырымы. Кінәлілік дегеніміз-қылмыс құрамының тек субъективтік жағы, яғни қасақаналық немесе абайламаушылық, себебі заң оны мотивпен, мақсатпен және эмоциямен байланыстырады.

Кінәнің шын мазмұнын, нақты формасын және дәрежесін анықтамай адамды ерекше қауіпті қылмысты қайталаушы деп тану туралы, шартты соттау, шартты-мерзімінен бұрын босатуды, рақымшылықты қолдану туралы мәселелерді дұрыс шешу мүмкін емес.

Арам ниетті-тікеге немесе жанамаға жатқызу адамның қоғам әкелген қауіпті салдарға қалай қарайтындығына байланысты, ол соны қалады ма, әлде әдейі соған жол береді ме? Бірақ мұндай ажыратуды тек материалдық құрамы бар қылмыстарға қатысты қолдануға болады, онда салдар объективтік жақтың міндетті белгісі болып табылады. Салдар объективтік жақтың міндетті элементі болып табылмайтын формальдық және қысқартылған құрамдарда, адамның оларға қатысты тіке ниеттің де сипатына ықпал жасай алмайды. Бұл жерде адамның өз әрекетінің нақты құрамын және оның қоғамға қауіптілігін түсінуі маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты Г.А. Злобин мен Б.С. Никифоров былай дейді: «Формальды қылмыс жасағанда, оның қоғамға қауіпті әрекетілігін түсіне отырып..бұл жағдайда тіке және жанама ниетті ажыратып алу мүмкін емес»[57].

Бұл айтылған бірдей мөлшерде қысқартылған құрамға да жататындығында сөз жоқ. Сонымен, субъективтік жағынан пайдақорлық-зорлық қылмыстар қасақана жасалады.

А.А. Пионтковский кінә түсінігіне оның заңға қайшылығын кіргізеді[58]. Біздің ойымызша, заңға қайшылық қоғамға қауіптілікті көрсетеді. Сондықтан, кез келген заңға қайшы әрекет қоғамға қауіпті болып табылады; бірақ қоғамға қайшы бола бермейді. Заңға қайшылығын мойындау үшін заңның оны өз формуласына қоспағандығының маңызы жоқ.

Айыпты адам тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекара арқылы ірі мөлшерде өткізіп отырғанын түйсінеді, осы іс-әрекетгі жасағанды қалайды. Тауарлар мен басқа зат-тарды алып өтудің балама тәсілдерінін кемінде біреуін адам ойластыруы қажет.

Бұл бапты қалыптастырғакда жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін себеп пен мақсат қалып қойған. Контрабанда жасаудағы мақсат, әдетте, пайда табу, ол жазаны жекелеу принципін жүзеге асыру кезінде сот практикасында ескеріледі. Бірақ, себеп пен мақсат экономикалық контарбанданың және айналыстан алынған не айналысы шектелген заттар контрабандасының қылмыс құрамының міндетті белгілерін құрамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5 Контрабандамен байланысты қылмыстардың ауырлатылған құрамдары

 

Ауырлатылған мән жайлары бар экономикалық контрабанда. Экономикалық контрабанда болсын, айналыстан алынған не айналысы шектелген заттардың контрабандасы болсын, екуінің де қылмыс құрамды саралаушы бел ретінде «қылмыстық бірнеше мәрте жасалуы» орын алған (209-баптың 2-бөлігі «а» тармағы; 250-баптың 2-бөлігі «а» тармағы). Контрабанда бірнеше рет жасалынды деп саналады, егер ол екі неме-се одан көп рет жасалынса. Бұл жағдайда контрабанда үшің бұрынғы соттылығының алынбағаны немесе жойылмағаны, не бұрын жасаған кон-трабандасы үшін адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны анықталуға тиіс.

Қылмыстың қайтара жасалынуы-оны жасаған адамның қоғамға аса қауіпті екендігінің, оның түсінігі мен мінез-құлқында қоғамға жат пиғылдарыны қылмысты саралауға, жазаны тағайындау, оны өтеу, одан босату тәртібіне ықпал жасайды, яғни тиісті бір зардаптарға әкеп соғады.

Қылмыстық істі дұрыс қарап, дәлелді жаза тағайындау үшін бұл мән-жайларды ескеру қажетті шарт болып табылады.

Теорияда да, тәжірибе бойынша да қылмыстың қайталануы деген түсінікке бір адамның біртекті бернеше қылмыс жасау нышаны жатқызылады. А.Н.  Трайниннің есептеуінше қол сұғушылық заты — бұзатын мүдделер бір топқа жататын қылмыстар біртекті қылмыстар болып саналады[59]. Тек сол қылмыстарды жасау ғана қайталау болып саналады,-дейді С.Г. Закутский[60]. А.Ф. Зелинский қайталанғанға-дәл сол сияқты және біртектілерді жатқызады[61].

Қылмыстың тікелей объектілері мен себептерінің ұқсастығы немесе барабарлығы оның біртектілігін сипаттайтын маңызды белгі деп санайтын авторлардың пікіріне біз қосыламыз.

Біртекті және әртекті ұқсас қылмыстардан барып қайталанушылық болады деген ережені мойындау-бір адамның тек бірдей қылмысты, немесе әртекті қылмысты кемінде екі рет жасауын көрсетілген заңда қайталаушылық деп тануға негіз болады. Н.И. Загородников қылмысты қайталанған деп танудың негізі жайында былай дейді: «Қайталанған қылмыс деп, егер оның алдында біртекті және ауырлығы әрқалай немесе ауырырақ қылмыс жасалынса ғана қайталанғандық болып табылады»[62].

Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адамға қызметтік борышы бойынша кеден немесе шекара бақылауын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік немесе кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды немесе басқа құндылықтар мен заттарды қарауды жүзеге асыратын және шекараны кесіп өтуге рүқсат беретін адам жатады.

Өз қызмет бабын пайдаланып осындай адамдар жасаған контрабаңда лауазымдық қылмыстар заңының баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Лауазымды адам туралы және зерттеліп отырған қылмыстарды жасауы мүмкін өзге де арнайы қылмыс субъектілері туралы жоғарыда қылмыс субъектісін қарастыру барысында тоқталған болатынбыз.

Қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге лауазымды адам-дар жалпы негізде жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы саралаушы нысанға сілтемесіз ҚК-тің контрабанда туралы бабының тиісті бөлігімен жауапқа тартылады (ҚР Жоғарғы Сот Пленумындағы Қаулысының 9-тармағы).

Контрабанданы кеден бақылауын жүргізушІ адамға күш қолдану арқылы жасау дегеніміз — күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш қолдануға ұрып-соғу, денсаулығына әр дәрежеде (жеңіл, орташа немесе ауыр) залал келтіру т.б. жатады. Егер кеден бақылауын жүргізетін адамын өлтірсе, ҚК-тің 206 және 96-баптарының жиынтығы бойынша саралануға тиіс.

Психикалық қысым жасағаңда денсаулыққа зақым келтіремін кемесе өлтіремін деп қорқытады.

А.В. Иващенко мен А.И. Марченконың айтуынша ол “еркін ерік білдіруге тікелей қарсы бағытталған белсенді әлеуметтік қызмет”[63]. Осындай пікірдің жақтастарына АА.Пионтковский мен В.М. Артемовты қосуға болады.

Ал Л.Д. Гаухман болса, тіпті де тар мағынада түсінеді . Оның ойынша күш қолдану ол “қоғамға қауіпті, құқыққа қарсы адам организміне оның еркіне қарсы түрде ықпал ету”. Осылай дей отырып, автор оның екі түрін (адамның тәніне ықпал және оның ішкі органдарына) ажыратады [64].

Осындай олқылықтарды айта келіп, Л.В. Сердюк “күш қолданудың” белгілерін ажыратады да оған анықтама береді, яғни “күш қолдану – ол өзге тұлғалардың тарапынан болатын қасақана және заңға қайшы адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асырылатын және оған органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіру не әрекет ету бостандығын шектеуге қабілетті ықпал ету”[65]. Осы соңғы анықтама күш қолданудың қырларын аша алатындықтан, біз де осы ұсынысты қолдаймыз.

Контрабанданың ерекше сараланған нышаны, осы баптың 3-бөлігіне сәйкес, контрабанданы ұйымдасқан топтың, яғни контрабанда жасау үшін ал-дын ала бірлескен тұрақты бір топ адамның жасауы (ҚР Жоғарғы Соты Плену-мының Қаулысының 10-тармағы).

Топ құрудағы мақсат — жәбірленушілерге қарағанда сан жағынан да, күш жағынан да басым болу.

Бұл КСРО Жоғарғы Сотының 11 шілде 1972 жылғы пленумының қаулысынан туындайды, онда былай делінген: «Топ адамның алдын ала келісіп жасаған ұрлығы жатады». Бұл жағдай мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ұрлауға қатысты болғанымен, қорқытып алушылықтағы мақсат та мүлікті талан-таражға түсіру, сондықтан оны бұл қылмысқа қолдануға да толық негіз бар.

Алдын ала келісу — алдында жасалынатын қылмыс жайында екі немесе одан көп адамдар арасындағы келісім. Оның мазмұны да, формасы да әртүрлі болуы мүмкін, онда қылмыстың жасалатын орны, тәсілі, уақыты, т.б. келіседі. бұл жағдайда қылмысқа қатысушылар арасында рөл бөлінуі міндетті емес. Алдын ала келісу кез келген уақытта бірақ қылмыс жасалғанға дейін болады, ол осы қылмыстың объективтік жағын құрайды.

М.А. Шнейдердің пікірінше, бірлескен әрекеттің белгісі болуы үшін, біріншіден, қылмыс оған қатысушылардың ортақ, бірлескен, бірін-бірі толықтырған әрекеттерімен жасалуы тиіс; екіншіден, бұл бірлескен әрекет қылмысқа қатысушылардың барлығына ортақ, заң қорғайтын мүддеге залал келтіру түрінде нәтиже берілуі тиіс; үшіншіден, топ мүшесінің әрқайсысы жасаған әрекет сол нақты жағдайда басқа қатысушылардың (тым болмаса біреуінің) қылмыс жасауы үшін қажетті жағдай болуы тиіс, және төртіншіден, қатысушылар қол жеткізген ортақ нәтиже топ мүшесінің әрқайсысының әрекетімен себептік байланыста болуы тиіс[66].

Ұйымдасқан қылмыс, ол — қылмыскер жасаған қылмыстық істердің жиынтығы емес, өзара міндет бөлінген ішкі құрылым да емес. Бұл тіптен жаңа тәртіп, күрделі жүйе, оны нақты қылмысты көріністерден аулақ тұрған адамдар басқарады, бұрынғы заңда оларға қарсы қолданарлықтай күш жоқ. «Оларға қарсы жауаптылық қазіргі қылмыс болып саналатын әрекеттер (өлтіру, тонау, т.б. ) үшін ғана емесе, сол топқа мүше болғаны үшін, топтың тұрақты, жемісті әрекетін қамтамасыз еткені үшін арасатырылуға тиіс»-деп Ю.М. Антонян дұрыс айтады. қатысушылардың түрі топтың жалпы қылмыстық әрекетіне емес, нақты қылмысқа қатысты анықтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Контрабанда сөзі италян тілінен аударғанда contro- қарсы  bando- үкімет жарлығы деген сөзден шыққан. Сөзбе сөз алғанда контрабанда «үкімет жарлығына қарсы» дегенді білдіреді.

         Қазіргі түсінікте контрабанда кез келген заңсыз жолмен тауарларды және өзге де заттарды кеден шекарасынан алып өту .

Соңғы жылдарда бұл қылмыс ұйымдасқан және көлемді түрде болуына байланысты өсуде және қоғам мүддесіне зор шығын әкеліп, қылмыстың азаюына еш шара әсер етпеуде. 1988 ж. республика тергеу органдарында 1 ғана қылмыстық іс қозғалса, 1989 ж -12, 1991 ж- 21, 1993 ж- 40, ал 1995 жылы сотқа 117 іс түссе, 1996 ж- 142 болды. Бұған қарап контрабандалық қылмыстың 1997-2000 ж.ж қарқынды өсуін байқауға болады.

    Ресей мен Қазақстан шекаралық облыстарындағы ресейлік және қазақстандық т.б елдердің азаматтардан құрылған қылмыстық топтардың қылмыстық істерін тергеу ерекше қиындық туғызады. Географиялық тарихи жағдайға байланысты Қазақстан тек Ресей федерациясының оншақты облысымен шекараласады. Бір ғана батыс Қазақтан Ресейдің Астрахань, Волгаград, Орынбор, Самар және Саратов облыстары мен шекараласады. Темір жолдарынан басқа  оның шекарасынан 7 тас жол және 39 құм тасты жол таулы жолдарды айытпағанда өтеді. Шекараның ұзындығы 1232,2 км құрайды, бұл жағдай кедендік орындар мен кедергілерге қарамастан іс жүзінде қылмыстық элементтер үшін оңтайлы болып табылады. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының арнаулы аймақтармен бірлесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жасау эканомикалық және саяси байланыстардан еш кемсіз манызды.

Минстік конвенция жетекшілері БҚО ІІБ — сымен Ресей құқық қорғау орган басшыларымен кездесу өткізіп, шекаралық территорияларда қылмыстық тергеу шараларын өткізу кезінде туындайтын біршама сұрақтарды қарап, нәтижесінде 1998 жылы БҚО – ның ішкі істер басқармасы көлемінде Ресейдің 3 Волгаград, Саратов, Орынбор  ішкі істер басқармасымен  одақтасу келісім шарты жасалынды.

Мәлім болғандай контрабанда басқа қоғамдық құбылыс сияқты эканомикалық және әлеуметтік алғы шарттардан тұрады:

  1. Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекетер шекарасының кеңдігі;
  2. Мемлекеттің сыртқы сауда монополдиясынан бас тартуы
  3. Ішкі нарықтың тұрақсыздығы
  4. ТМД елдері арасындағы мемлекет аралық кеден ісінің заң базасының дәрменсіздігі.
  5. Билік және басқароушы органдардағы коорупцмя және құқықт қорғаушы, бақылаушы органдардың қылмыстық топтармен байланысының қарқынды дамуы, оның ішінде контрабандамен байланысы.
  6. Контрабандалық қылмысты тергеу ісінде құқықтық механизмнің болмауы.

Қазақстан Республикасының  қылмыстық кодексі контрабанданың 2 түрін анықтап көрсетті.

  1. Экономикалық контрабанда (209-б.) жалпы тәркіленетін заттар және шектеу қойылатын заттар (250-б.). Жалпы контрабанда мәселесі Қазақстан Республикасының кодексінде реттелінген. Экономикалық контрабанда қоғамның қауіпсіздігіне, мемлекеттік қауіпсіздікке кері ықпалын тигізеді. Экономикалық контрабанда экономикалық іс-әрекетке қол сұғады және соған негізделген. Елдің ішкі және сыртқы нарығына әсер етеді және бюджетке қаржы түсіретін баж салығымен тікелей байланысты. ҚР қылмыстық кодексінің 250–бабына сәйкес тәркіленген заттардың, құнды заттар, заңсыз әкелінген есірткілер және шектеулі улы заттардың мемлекеттің қауіпсіздігіне қатты әсер ететіні белгілі.

Шет елдерде контарбанданың  елеулі түрлері көрсетіледі.

2.Адамның ішкі органдары және т.б. трансплантациялық органдар.

3.Көп кездеспейтін жан-жануарлар, құстар т.б. Біздің елімізде бұған байланысты жеке құрам болмаса да, жауакершілік бар. ҚР қылмыстық кодексінің 250-бабына сәйкес, шектеу қойылған заттар шекарадан  өтерде арнайы декларация ережелеріне сәйкес тексеруден өткізіледі.

Контрабанданың келесі түрлерін де ажыратады:

—    жасырын жол табу, бақылаулары төмен мемлекеттік кеден постарының оңай өту; бағалы заттар мен тауарларды көлікке жасырын тығып салу.

Бағалы заттармен тауарларды кеденде тексерілмейтін тауар түрімен өткізіп жіберу;

—    Жасырын адамның ішкі мүшелері арқылы тығып өту;

Кеден органдарын алдау арқылы кеденнен контрабанда өте алады: жалған құжаттарды көрсету арқылы;

—    пломба, мөр, идентфикациялық белгілерді жасанды қою;

—    белгісіз деклоративті объектілерді көшіру;

шекараға кіргізілетін немесе шығарылатын тауардың көлемімен мөлшерін кедендік декларациядан асуы;

Қолданған тэсілдер кедендік бақылаудан өткен кезде жасырын орындарды(тайниктерді) байқауға мүмкіндік болмайды. Іс жүзінде көрсетілгендей контрабанда тауарды тік ұшақ, ұшак, көлік дөнгелектерінің ішіне, көлікте, арнайы жасалған бос орындарға, тондар арасында, металопрокат, т.б.

Қзіргі кезде контрабанданың өзғе түрлері белгілі. Кейбір топтар негізгі заттар мен материалдық тауармеы айналысады. Келесі біреулері есірткі, психотропты заттар мен удың күштісімен, 3-шісі Радиациялық, атылғыш заттар, 4- сі кару- жарақ, атылғыш заттар оқ- дәрі және т.б.

     Контрабандалық қылмыстар негізінен алғанда ұйымдастырылған жағдайда іске асырылады. Істелген контрабанданың 49% осындай түрде іске асырылады. ҚР қылмыстың кодексінде контрабандалық қылмыстың саралануы қосымша түсініктемені талап етеді. Біз мойындауымыз керек, контрабандалық қылмыстар ҚР мемлекеттік шекарасынан  кедендік бақылаудан жалған идинфикациялар арқылы  ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.

  Егерде кінәлі адам ұсталса, ҚР қылмыстық кодексінің 205-бабына сәйкес мемлекетке ерекше үлкен мөлшерде залал келсе, қосымша саралануы туралы белгілерді, біздің пікірімізше 209, 250-баптарға толықтырулар керек. Нәтижесінде экономикалық контрабандалық қылмыстар үшін жауапкершіліктер күшейтіледі.

Контрабандамен күресу жедел іздестіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Контрабандаға қарсы құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту керек. Бұлар мемлекеттік қазынаға қосыша ақша түсуіне мүмкіндік береді. Әзірше көлеңкелі экономика ғана байып отыр.

Кейбір авторлар қоғамдық қатынастардың қылмыс объектісі екендігін айта отырып, объектіні нақтылауға көшкенде “мүмкіндікке” қарай ауысып кетеді (Б.С.Никифиров, А.Е.Фролов, Н.И.Коржанский т.б.), оның да себебіне өз кезегінде ораламыз.

“Қоғамдық қатынастарға” соңғы жылдарда сүбелі қарсылықты А.В.Наумов білдірді. Оның пайымдауынша, қоғамдық қатынастар теориясы жеке адамға қарсы қылмыстардан басқаларына келеді, ал адамды “тек қоғамдық қатынастардың жиынтығы” деп түсіну өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі, адамның биологиялық тіршілік иесі ретіндегі  абсолюттік құнын төмендетеді. Сондықтан да А.В.Наумов қоғамдық қатынастар иедеясынан бас тартып, XІX ғасырдың аяқ шенінде қылмыстық құқықтың классикалық және социологиялық мектептерінде іргесі қаланған “құқықтық игіліктер” теориясына оралуға шақырады.

Мүдде құқықтық мағынасында мүмкіндіктер жинағы болып көрініс табады. Біз осы идеяны мақұлдаймыз, бірақ “мүдде дегеніміз социологиялық мағынасында  мүмкіндіктердің” жиынтығы деуден аулақпыз, тек мүдде қоғамдық қатынастардың құрамында құқықтық мағынасында заңмен берілген мүмкіндіктердің жинағы болып көрініс табады деп есептейміз. Әйтпесе, мүдде тікелей объект ретінде кәдімгі социологиялық қалпында бұзылады.  Куейбір авторлардың көзқарасынша сөзімен келтірсек, “мүддені тек құқықтан көру. — демек бұл ұғымды шектен тыс тарылту”.

Экономикалық контрабанданың негізгі тікелей объектісі — мемлекеттің қаржылық қызметі.

Экономикалық контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі, біріншіден — әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгі-ленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.

Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикІзат) әкетіледі.

Қосымша объектісі — Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесІп өту ережесі.

Егер қылмыс заты қылмыс объектісінің аясына енетін оның бір қыры болатын болса, объект пен предмет бірі бірінен ажырағысыз егіз ұғымдар болатын болса, онда қазіргі кездегі қылмыс затының ұғымы ол талапқа толық жауап бермейді. Сол себепті, бұл проблемаға өзгеше қырынан келу ләзім.

Экономикалық контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті объектілеріне қоғамдық қауіпсіздІк, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдық бастауы, Қазақстан халқының тарихимәдени мұралары жатады.

Қылмыстың заттары — тауарлармен басқадай заттар.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығының 18-бабыңың 18-тармағына сәйкес, тауар дегеніміз»- материалдық дүниенің кез келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық қүндылық, қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері.

Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардыңтізбесі Казақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жьшғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және оның тәртібі туралы» қаулысының №5 тіркемесінде берілген.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу салынған заттар тізбесі сол қаулының № 6 тіркемесінде берілген. Оған ғылыми-көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі затына жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиілікті қүрылған құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тас-тардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардын үлгілері, авто-, мотокөлік құралдары және басқалар кірген.

Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардын контрабандасы қылмысының қылмыстық заңның қоғамдық қатынастармен қорғалатынымен байланыстырады, қоғамдық қауіпті әрекетке бағытталған және зиян келтіру немесе зиян келтіреміндеп қорқыту арқылы пайда болады.

Келесі бір қылмыс затының түсінігі бойынша, қылмыс объектісіне қол сұғуды жүзеге асыру үстінде қылмыскер тікелей ықпал ететін сыртқы әлемнің материалдық заттары ғана қылмыс затын құрайды. Бұл орайда объект қашанда зардап шеккенмен немесе шегуі мүмкін болғанмен қылмыс заты зардапты әр уақытта шеге бермейді. Бұл анықтаманың да алғашқы берілген анықтамадан ауылы алыс кетпейді. Дегенмен, өз ерекшеліктері де бар.

Айналыстан алынған не айналысы шектелген заттардың контрабандасы қылмысының құрамында (250-бап) қылмыстың мынандай заттары келтірілген:

  1. есірткі заттар
  2. жүйкеге әсер ететін заттар;
  3. күшті әсер ететін, улы, уландырғыш заттар;
  4. радиоактивті немесе жарылғыш заттар
  5. қару-жарақ, әскери техниканы, жарылғыш құрылғылар;
  6. атыс қаруы, оқ-дәрілер;
  7. жаппай қырып -жоятын қарулардың ядролық;
  8. химиялық, биологиялық және басқа да түрлері
  9. жаппай қырып -жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтар.

Еліміздің заңнамасына жүгенсек, “есірткі заттар” дегеніміз — Қазақстан Республикасының заңдарына, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен қоса 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға тиісті Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген синтетикалық немесе табиғи тектес заттар.

 Халықаралық құжаттарда есірткі заттар қатарына 1961 жылғы есірткі заттар туралы Конвенцияның 1 және 2 Тізімдеріне енгізілген кез-келген табиғи немесе синтетикалық заттар жатқызылған.

Еліміздің заң нормаларына сәйкес, “психотроптық заттар” -бұл Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға тиісті Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген синтетикалық және табиғи тектес заттар.

 Халықаралық құжаттарда психотроптық заттар қатарына І, ІІ, ІІІ және ІV Тізімдерге енгізілген, табиғи не синтетикалық кез-келген заттар немесе кез-келген табиғи материалдар жатқызылған.

 Қазақстандық заңнамада “прекурсорлар” дегеніміз — есірткі заттарды және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, ұқсату кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, срның ішінде БҰҰ-ның Есірткі заттардың және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылануға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар Тізіміне енгізілген заттар делінген.

 Уландырғыш заттардың қатарына адамның орталық нерв жүйесіне немесе тыныс мүшелеріне әсер етіп, олардың зақымдануын тудыратын өте улы, химиялық реагенттер мен олардың қосындылары жатады.

Уландырғыш заттар:

а) жүйкені жансыздандырушы;

б) жалпы улы;

в) теріні іріңдетушІ;

г) түншықтырғыш;

д) тітіркендіруші болып бөлінеді.

ҚР «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, ра-диоактивті материалдар қатарына ядролық материалдар, яғни бөлінетін (ажы-ратылған) ядролық заттардан түратын немесе оларды жаңадан жасап шығара алатын материалдар, яғни ядролары өздігімен ыдырай алатын химиялық эле-менттерден түратын материалдар, радиоактивті шығындар жатады.

Жарылғыш заттар — оқ-дәрі, тротил, нитроглицерин, аммонол және жа-рылғыш реакцияларына қабілеті бар химиялық заттар мен олардың қоспасы.

Қару-жараққа әскери міндеті бар өнімдердің әр түрлі түрлері жатады; жат-тығу қүралдары, байланыс құралдары, навигациялық приборлар, радиолакатор-лар, қорғанысқүралдары.

Әскери техника — бүл қарулы күштердің әскери дайындығы мен әскери әре-кеттер жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолданылатын техника (үшақтар, танкі-лер, бронетранспортерлер, жаяу әскердің әскери машиналары, т.б.).

Жарылыс жасау үшін арналып қүрастырылған заттар (механизмдер) жару құрылғылары болып табылады (запал (туғытқыш)), детонатор, жарғыш, т.б.).

Оқ-дәрінің не басқа зарядтың энергиясының әсері нәтижесінде гранат, сна-ряд, оқ ствол бойымен атып шығатын қару — атыс қаруы деп аталады.

Оқ-дәрі — қүрылысы бойынша қарудың өзіне тиісті түрінен ату үшін ар-налған және көздегенін зақымдайтын зат немесе қүрылым-.

Ядролық қару қарсылас жақтың қол күші мен техникасын жаппай қыру мақ-саты үшін ғана арналған ядролық оқ-дәрілер, оларды межеге жеткізу құралдары мен басқару құралдары. Ядролық жарылыс кезінде қырып-жоюшы әсер оның соққы беретін толқындарынан, жарығымен сәулеленуден, жайьшып кететІн ра-диациясынан, радиоактивті зақымдануынантарайды.

Жаппай қырып-жоюшы химиялық қаруға қарсылас жақтың қол күшін жап-пай қырып-жою үшін ғана әдейі жасап шығарылып, оларды сақтау, жеткізу, пай-далану қүралына орналастырылған аса улы химиялық қүрылымдар жатады.

Бұлар халықаралық актілермен шығарып өндіруге, қолдануға тиым салынған жаппай қырып-жою қаруларының бірі биологиялық қару болса, биологиялық қаруға әскери мақсатта арнайы жасалған және ауру қоздырғыштары арқылы адамдар мен жануарларға сырқат жұқтырушы бактериялық (тырысқақ, оба, алапес т.б.) және потагендік (геморрагиялық безгек, энцифилит шешек т.б.) рецептуралар жатады. Бұл жерде ауру қоздырғыштарының қылмыс құралы (не қаруы) бола алатындығы айқын көрініп тұр. А.Н.Ағыбаев биологиялық жаппай-қырып-жою қаруына  бактериялар, вирустар жатады, — деп ашық жазады.

Контранбандалық обьективтік жағы қылмыстық кодексінің  250-бабының 1-бөлігінде есірткі заттардың  әкетуі немесе әкелуі жағдайы бекітілген, психотроптық, ірі мөлшердегі, улы заттар:

Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін:

а) кедендік бақылауды айналып өту;

б) кедендік бақылаудан жасыру;

в) кедендік үқсастыру қүжаттарын немесе қүралдарын алдап пайдалану;

г) декларация жасамау,

д) кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу са-лынған заттар мен қүндылықтарды жалған декларациялау.

Бұл бөліктегі әрекет аяқталған қымыс құрамының белгілеріне құқылы, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс категориясына жатқызамыз

Алдау арқылы пайдаланған құжаттар – кедендік бақылаудағы жасанды құжаттар немесе құжаттар қабылдап алған, құралған кедендік шекара арқылы өткізуду білдіреді. Алдауға пайдаланған заттар кедендік идентификациядажасанды жасалған немесе сандық, басқа да маркіленген басқа да кедендік бақылау органдарына қатер төндіру мақсатына да әрекеттер

ҚР президент бұйрығының 192 бабына сәйкес, заңының күші бар ҚР 20 шілде 1995 жылы тауар және траспорттықкөліктер, ҚР кешендік шекарасынан өткізілетін, тауар және траспорттық құралдар өзгеретін кедендік режимдер және де басқа тауарлар және т. б. . .     

Кедендік құралдар ҚР-ң кедендік іс бойынша анықталған заңдар,ҚР-ң кедендік органдарына жататын деклариваниясы.Деклоривания бекітілген түрде ( жазбаша, ауызша, электрондық немесе т.б) Қызығушылар жолындағы заңына сәйкес деклоривания еместің маңызы немесе  жеткілікті емес деклоривания есірткі заттар психтроптық ірі мөлшерде және улы заттар кедендік деклорацияда заттармен құралдар мәліметтері көрсетілген. Аяқталған қылмыс құрамының 250-бабының 1-бөлігі бойынша қандайда бір іс әрекеттерді қажет етпейді. ҚР-ң жоғарғы пленумының келісімімен берілген 1998 ж.18 шілдеде  14-қаулысы  бойынша контрабанда қылмыстық жауапкершілік  тәжірибе заңында қолдануы туралы, қылмыс аяқталған жауапкершілік әкетілген, алып келген жағдайда заңсыз  істердің болдырмауы,шек арадан өткен уақыттан, алып келген жағдай заңсыз түрінің, сол уақытта біткен кедендік рәсімдеу болдыруы,ал пәндер қатынасы осыларға берілген ережелер бекітіледі.Кедендік бақылаудың процедурасының біткен уақытынан бастап.Ал алыпкетілген жағдайда заңсыз түрінің өтеуінің болуы-кедендік рәсімдеудің уақытысынан бастап ҚР-ң жоғарғы сот пленумының берілген қаулысында көрсетілген (әкелінген, әкетілген жағдайда  қандайда бір әдіспен контрабанда пәнінің  түсінігі).Бұл жағдайда ҚР-ң  жоғарғы сот  пленумының  басқада түсіндірмесінде,берілген қаулы 1997. ж.18-шілдеде (кедендік шек арада, шөлейт жерлерде, суларда, ауада).Кедендік зонадан басқа еркін складтар  тәуелділігінен тыс жіберу пунктінде, кедендік пост мемлекеттік  шек арасымен сәйкес келеді.

Казақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану практикасы туралы» каулы-сының 5-тармағына сәйкес, контрабанда жасаудың жоғарьщағы бірінші тәсілінде — контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік рәсімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен және кеден орган-дарымен белгіленген басқа органдарды айналып өтіп немесе рәсімдеу жүргізілетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығының 25-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының кеден органдары белгіленген жерлерден және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүмыс істеу уақытында ғана тауарлар мен көлік қүралдарының Қазақстан Республикасның кедендік шекарасын кесіп өтуіне жол беріледі.

Кылмыстың субъективтік жағы – тікелей ниет түріндегі кінә.

Контрабанданың субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс адам.

Аталған баптардың 2-бөлігіне сәйкес (209-баптың 2-бөлігі «б» тармағы) контрабанданың сараланған нышандарына контрабанданы өз қызмет бабын пайдаланып жасауы жатады, яғни қылмыстың арнайы субъектісі де келтірілген. Сол сияқты, 250-баптың 2-бөлігі «б» тармағында «лауазымды адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасауы» және 209-баптың 3-бөлігі «а» тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызмет бабын пайдалана отырып қылмыс жасауы саралаушы белгі ретінде келтірілген. 

ҚР ҚК 307-бабының ескертуінде лауазымды адамның, не оған теңіестірілге адамдырдың және  мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның түсінігі берілген. Оған сәйкес, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілөтті адамдарга лауазымды адамдар, Парламент пен  мәслихаттардың депутаттары, судьялар жәнө Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы ззңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.

Мемлекеттік қызмет әтқаруға уәкілетті адамдарға:

1)  жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;

2)  заңда белгіленген тәртіппен Қәзақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттардың депутаттыгына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігінә кандидаттар ретіндө тіркелген азаматтар;

3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жумыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметшілер;

4) мемлекет үйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын үйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адамдар теңестіріледі.

Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкіл қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда. жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе өкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР  ТІЗІМІ

 

  1. Абдиров Н.М. Борьба с наркобизнесом в современных условиях (уголовно-правовой аспект) // Проблемы совершенствования правоохранительной деятельности в Республике Казахстан в условия; перехода к рыночным отношениям: Мат-лы науч.теорет. -практ. конф, 9-10 декабря 1996 г. — Караганда: КВШ ГСК РК, 1996.
  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, 2000.
  3. Алиев Р.М. Совершенствование правоохранительной системы, осуществляющей борьбу с экономической п
  4. реступностью // Научные труды Академии финансовой полиции. Вып. 2. А., 2001.
  5. Антонян Ю.М. , Бородин С.В. Преступность и психические аномалии,  Москва, 
  6. Дворкин А.И. , Сафин Р.М. Расследование убийств, совершенных организованными группами при разбойных нападениях. Научно-методическое пособие. Москва, Экзамен, — 2003
  7. Байсаков К.Г. Общие подходы к организации расследования дел о конрабанде наркотических средств и психотропных веществ // Научные труды Академии финансовой полиции. Вып. 2. А., 2001.
  8. Бабаян Э.Л. Некоторые проблемы контроля наркотических и лекарственных средств// Актуальные вопросы социальной психиатрии. М., 1979
  9. Бабланов Т.К. Методололгические проблемы экономической безопасности стрны // Борьба с преспуностью в Казахстане: вопросы терии и практики. А., 1998.
  10. Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. Москва, 1963.
  11. Васильев А.Н. Преступления против социалистической собственности. Москва, 1959.
  12. Гаухман Л.Д. Борьба с насильственными посягательствами. -Москва, — 1969.
  13. Глистин В.К. Проблемы уголовно-правовой охраны общественных отношений: (объект и квалификация преступлений). Ленинград, 1979.
  14. Ералин А.Н., Пименов А.В. О некоторых проблемах борьбы с контрабандой в Республике Казахстан // Научные труды Академии финансовой полиции. Вып. 2. А., 2001.
  15. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1993.
  16. Жұмағали А.Қ. Қылмыс заты мен құралы (қылмыстыққұқықтық аспектілері). З.ғ.к. ғыл. дәр. алу үшін дайындалған диссертация. А., 2001.
  17. Дубинин Н.П. , Карпец И.И. , И.Н. Кудрявцев. Генетика, поведение, ответственность. М.- 1982
  18. Закутский С.Г. Практика назначения наказания при совершении нескольких преступлений// Научные труды Ташкентского Государственного Университета. Вып. 26, Ташкент, — 1964.
  19. Загородников Н.И. Понятие объекта преступления в советском уголовном праве. Труды ВЮА. Вып. 13. 1951.
  20. Загородников Н.И. Преступления против жизни по советскому уголовному праву. М.: Госюриздат, — 1961.
  21. Зеленский Ю.И. «Контрабанда – язва империализма» Москва, 1985
  22. Зелинский А.Ф. Квалификация повторных преступлений. Волгоград, — 1976.
  23. Злобин Г.А., Никифоров Б.С. Умысел и его формы. Москва, 
  24. Иващенко А.Е. , Марченко А.И. Методология правового исследования насилия// Социально-правовые проблемы борьбы с насилие Москва, Омск, -1996.
  25. Казахстанская правда – 1999- № 17
  26. Каиржанов Е. Основные теоретические проблемы объекта уголовно-правовой охраны в СССР. Автореф. дисс. док. юр. наук. — Киев. — 1974
  27. Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.
  28. Канатов А.К. Предупреждение незаконного изготовления и обращения наркотиков. А., 2004.
  29. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации (под ред. Ю.И.Скуратова и В.М.Лебедева). Москва, 1999
  30. Коржанский Н.И.Объект и предмет уголовно-правовой охраны. Москва, 1980.
  31. Курс Советского уголовного права. Т.2. В 6-ти т-х. Москва, 1970.
  32. Курс советского уголовного права. В 5-ти т-х. Часть общая. Т. 1. Ленинград, 1968.
  33. Мирошниченко Н.А. Уголовная ответсвенность за незаконное изготовление, приобретение, хранение, перевозку, пересылку или сбыт наркотических средств и психотропных веществ. Автореф.дисс. на соис. уч. степени. кан. ю.н. Харьков, 1984
  34. Михайлов М.П. Уголовная ответственность за кражу личного имущества и разбой. Москва, 1958
  35. Назаренко Г.В. Эволюция понятия невменяемости// Государство и право, -1989.- № 4.
  36. Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекции. Москва, 1996.
  37. Никифоров Б.С. Объект преступления. М., 1960.
  38. Пионтковский А.А. Учение о преступлении по советскому уголовному праву. М.- 1961.
  39. Сарсеков Б.С. Контрабанда наркотиков в Казахстане: проблемы и пути их преодоления. А., 1998.
  40. Таций В.Я. Объект и предмет преступления в советском уголовном праве. Харьков, 1988.
  41. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. Москва, 1957.
  42. Федоров М.И. Понятие объекта преступления по Советскому уголовному праву. В кн: Ученые записки Пермского университета. Т. Кн. 2. Перм. 1957. Вып. 4.
  43. Феткулов Г.Х., Интыкбаеа М.К. Криминологическая характеристика осужденных за незаконное изготовление, приобретение, хранение, перевозку, пересылку и сбыт наркотических средств // Актуальные проблемы права // Сборник научных трудов молодых ученых, адъюнктов и соискателей. — Караганда:КВШ.ГСК.РК. Вып. IV.
  44. Философский словарь (Под ред. И.Т.Фролова). Москва, 1980.
  45. Фролов Е.А. Спорные вопросы общего учения об объекте преступления. Сбор. уч. труд. Свердловского юр-го института. Вып.10. Свердловск, 1969.
  46. Уголовное право (Отв. ред. И.И.Рогов, М.А.Сарсембаев). Часть общая. Алматы, 1998.
  47. Уголовное право. Часть Общая. Москва, 1948.
  48. Хазиахметова Д.Р. Проблемы государственного конроля за отделным видо оружия, боеприпасов, врывчатых веществ и взрывных устроиств // ХХІ век: проблемы формирования правового, демократического, светского и социального государстыа в РК. Материалы международной научно-теоритической конференции. А., 2002.
  49. Шнейдер М.А. Соучастие в преступлении по советскому уголовному праву. М. — 1958.
  50. Юридический энциклопедический словарь. М., 1984.
  51. Юридическая газета. – 1997. – № 12
  52. Юридическая газета – 1999 -№26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] Юридический энциклопедический словарь. М., 1984. С. 50.

[2] Юридическая газета. – 1997. – № 12

[3] Ю.И. Зеленский «Контрабанда – язва империализма» Москва, 1985, стр. 8

[4] Юридическая газета – 1999 -№26

[5] Казахстанская правда – 1999- № 17

[6] Алиев Р.М. Совершенствование правоохранительной системы, осуществляющей борьбу с экономической преступностью // Научные труды Академии финансовой полиции. Вып. 2. А., 2001. С. 15.

[7] Бабланов Т.К. Методололгические проблемы экономической безопасности стрны // Борьба с преспуностью в Казахстане: вопросы терии и практики. А., 1998. С. 29.

[8] Ералин А.Н., Пименов А.В. О некоторых проблемах борьбы с контрабандой в Республике Казахстан // Научные труды Академии финансовой полиции. Вып. 2. А., 2001. С. 234.

[9] Байсаков К.Г. Общие подходы к организации расследования дел о конрабанде наркотических средств и психотропных веществ // Научные труды Академии финансовой полиции. Вып. 2. А., 2001. С.245.

[10] Сарсеков Б.С. Контрабанда наркотиков в Казахстане: проблемы и пути их преодоления. А., 1998. С. 37.

[11] Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекции. Москва, 1996. С.с.147,149.

[12] Коржанский Н.И.Объект и предмет уголовно-правовой охраны. Москва, 1980. С. 24.

[13] Таций В.Я. Объект и предмет преступления в советском уголовном праве. Харьков, 1988. С.78.

[14] Фролов Е.А. Спорные вопросы общего учения об объекте преступления. Сбор. уч. труд. Свердловского юр-го института. Вып.10. Свердловск, 1969.  С.с.203-204.

[15] Уголовное право (Отв. ред. И.И.Рогов, М.А.Сарсембаев). Часть общая. Алматы, 1998. С.56.

[16] Федоров М.И. Понятие  объекта преступления по Советскому уголовному праву. В кн: Ученые записки Пермского университета. Т.    Кн. 2. Перм. 1957. Вып. 4. С.с.190-191.

[17] Никифоров Б.С. Объект преступления … С.116.

[18] Сонда, 116, 121-б.б.

[19] Курс Советского  уголовного права. Т.2. В 6-ти т-х. Москва, 1970. С.119.

[20] Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.  С.54-55

[21] Қайыржанов Е. Көрсетілген еңбек, 55-бет.

[22] Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1993. 49-52-б.б.; Каиржанов Е.И. Основные теоретические… С.81.

[23] Глистин В.К. Проблемы уголовно-правовой охраны общественных отношений: (объект и квалификация преступлений). Ленинград, 1979.  С.73.

[24] Каиржанов Е.И. Интересы… С.с.41-50

[25] Каиржанов Е.И. Интересы… С.53.

[26] Уголовное право. Часть Общая. Москва, 1948. С.291.

[27] Философский словарь (Под ред. И.Т.Фролова). Москва, 1980. С.7

[28] Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. Москва, 1963. С.164.

[29] Курс советского уголовного права. В 5-ти т-х. Часть общая. Т. 1.  Ленинград, 1968.  С.303.

[30] Васильев А.Н. Преступления против социалистической собственности. Москва, 1959. С.19; Михайлов М.П. Уголовная ответственность за кражу личного имущества и разбой. Москва, 1958. С.с.42,46.

[31] Загородников Н.И. Понятие объекта преступления в советском уголовном праве. Труды ВЮА. Вып. 13. 1951. С,44.

[32] Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. Москва, 1963. С.164.

[33] Трайнин А.Н. Общее  учение о составе преступления. Москва, 1957. С.178-179.

[34] Глистин В.К. Проблемы уголовно-правовой охраны общественных отношений: (объект и квалификация преступлений). Ленинград, 1979.  С.46.

[35] Таций В.Я. Объект и предмет преступления в советском уголовном праве. Харьков, 1988. С.с. 35, 40.

[36] Никифоров Б.С. Объект преступления… С.с.130-133.

[37] Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. Москва, 1963. С.164.

[38] Трайнин А.Н. Общее  учение о составе преступления. Москва, 1957. С.178-179.

[39] Глистин В.К. Проблемы уголовно-правовой охраны общественных отношений: (объект и квалификация преступлений). Ленинград, 1979.  С.46.

[40] Таций В.Я. Объект и предмет преступления в советском уголовном праве. Харьков, 1988. С.с. 35, 40.

[41] Никифоров Б.С. Объект преступления… С.с.130-133.

[42] Абдиров Н.М. Борьба с наркобизнесом в современных условиях (уголовно-правовой аспект) // Проблемы совершенствования правоохранительной деятельности в Республике Казахстан в условия; перехода к рыночным отношениям: Мат-лы науч.теорет. -практ. конф, 9-10 декабря 1996 г. — Караганда: КВШ ГСК РК, 1996. С. 52

[43] Қ.: Канатов А.К. Предупреждение незаконного изготовления и обращения наркотиков. А., 2004. С. 75.

[44] Бабаян Э.Л. Некоторые проблемы контроля наркотических и лекарственных средств// Актуальные вопросы социальной психиатрии. М., 1979. С. 61.

[45] Мирошниченко Н.А. Уголовная ответсвенность за незаконное изготовление, приобретение, хранение, перевозку, пересылку или сбыт наркотических средств и психотропных веществ. Автореф.дисс. на соис. уч. степени. кан. ю.н. Харьков, 1984. С. 12.

[46] Қ.: Канатов А.К. Предупреждение незаконного изготовления и обращения наркотиков. А., 2004. С.10.

[47] Жұмағали А.Қ. Қылмыс заты мен құралы (қылмыстыққұқықтық аспектілері). З.ғ.к. ғыл. дәр. алу үшін дайындалған диссертация. А., 2001. 85-95-беттер.

  1. [48] Феткулов Г.Х., Интыкбаеа М.К. Криминологическая характеристика осужденных за незаконное изготовление, приобретение, хранение, перевозку, пересылку и сбыт наркотических средств // Актуальные проблемы права // Сборник научных трудов молодых ученых, адъюнктов и соискателей. — Караганда:КВШ.ГСК.РК. Вып. IV.

 

[49] Хазиахметова Д.Р. Проблемы государственного конроля за отделным видо оружия, боеприпасов, врывчатых веществ и взрывных устроиств // ХХІ век: проблемы формирования правового, демократического, светского и социального государстыа в РК. Материалы международной научно-теоритической конференции. А., 2002. С. 532

[50] Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации (под ред. Ю.И.Скуратова и В.М.Лебедева). Москва, 1999. С.786.

[51] Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, 2000. С.114.

[52] Дворкин А.И. , Сафин Р.М. Расследование убийств, совершенных организованными группами при разбойных нападениях. Научно-методическое пособие. Москва, Экзамен, — 2003 с. 32.

[53] Назаренко Г.В.  Эволюция понятия невменяемости// Государство и право, -1989.- № 4. – с.66.

[54] Назаренко Г.В.  Эволюция понятия невменяемости// Государство и право, -1989.- № 4. – С.24.

[55] Антонян Ю.М. ,  Бородин С.В. Преступность и психические аномалии,  Москва,  1987. с. 137.

[56] Дубинин Н.П. , Карпец И.И. , И.Н. Кудрявцев. Генетика, поведение, ответственность. М.- 1982 с.152.

[57] Злобин Г.А.,  Никифоров Б.С. Умысел и его формы.  Москва,  1972. с. 111.

[58] Пионтковский А.А. Учение о преступлении по советскому уголовному праву. М.- 1961. с. 350.

[59] Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. – Москва,  -1957. с. 285.

[60] Закутский С.Г. Практика назначения наказания при совершении нескольких преступлений// Научные труды Ташкентского Государственного Университета. Вып. 26, Ташкент, — 1964. с. 75.

[61] Зелинский А.Ф.  Квалификация повторных преступлений. Волгоград, — 1976. с. 12.

[62] Загородников Н.И.  Преступления против жизни по советскому уголовному праву. М.: Госюриздат, — 1961. с. 139.

[63] Иващенко А.Е. , Марченко А.И. Методология правового исследования насилия// Социально-правовые проблемы борьбы с насилие Москва, Омск, — -1996.– 122 с. С.4.

[64] Гаухман Л.Д. Борьба с насильственными посягательствами. -Москва, — 1969. С. 3-8

[65] Каиржанов Е. Основные теоретические проблемы объекта уголовно-правовой охраны в СССР. Автореф. дисс. док. юр. наук. — Киев. — 1974. С. 22.

[66] Шнейдер М.А.  Соучастие в преступлении по советскому уголовному праву. М. — 1958. с. 7.