АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Палуандардың күш дайындығының ерекшеліктері

 

Палуандардың күш дайындығының ерекшеліктері

 

 

Особенности силовой подготовки борцов

 

 

A specially  strength  training  fighters

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КIРIСПЕ

 

  1. ПАЛУАНДАРДАРДЫҢ КҮШ ДАЙЫНДЫҒЫНДА САПАСЫН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1.1. Еркін күресінің қысқаша даму тарихы.

1.2. Грек-рим күресінің дамуы және әдістемелік ерекшеліктері.

1.3. Грек-рим күресінде болатын жарақаттар.

1.4. Спортшылардың  дене дамуының ерекшеліктері.

 

  1. ГРЕК-РИМ КҮРЕСПЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1. Грек-рим күресінің әдістемелік ерекшеліктері.

2.2. Грек-рим күресінің негізгі жаттығуы – кеудемен лақтыру.

2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру

 

  1. СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ.

3.1. Жалпы жұмыстарын ұйымдастыруы.

3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.

3.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының міндеттері мен мақсаттары.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

КIРIСПЕ

 

Қазақстан жастарының осы спорт түрімен шұғылдануға деген құлшынысы қазақ күресінің едәуір дами түсуіне, спортшылар шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануына, халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді.

Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі – бірнеше елде тұрақты түрде дамып келе жатқан халықаралық спорт түрі болғандықтан, жүйелі түрде халықаралық жарыстар, континенттік және әлемдік жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу  талап етіледі. 2005 жылы Ресейде және 2006 жылы Моңғолияда қазақ күрес бойынша  Азияның І және ІІ чемпионаттары өткізілді. 2007 жылы Азияның ІІІ чемпионатында  Қазақстанда өткізілген (Сәтбаев қаласы) Моңғолияның, Қытайдың. Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Түркіменстан, Ресей мен Қазақстан командалары қатысты. 2009 жылы қазақ күресі бойынша Қызылдорда қаласында (Қазақстан) өткен Азияның V чемпионатында  бірінішілік үшін әлемнің 10 шақты елінен келген қазақ күресінің дәстүрлі қатысушылары – атап өткен командаларымен қоса Иран және Сирия командалары күш сынасты. Қазақ күресі бойынша әлем чемпионаттарында қатысқан командалардың саны тіптен көп. 2006 жылы Алматы қаласында өткен қазақ күресі бойынша біріншілікте әлемнің 42 спортшысы шайқасты. 2008 жылдың қарашасында Орскіде (Ресей) қазақтың ұлттық күресі бойынша ІІ әлем біріншілігі болып өтті, оған әлемнің 20 елінен ең мықты палуандар қатысты. 2010 жылдың қазанында Астана қаласында қазақ күресінен ІІІ әлем біріншілігі өтті (30-дан астам елінен палуандар қатысты).

Грек-рим күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.

Грек-рим күресі, эллиндер мен латындар (гректер мен латындар) заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Егер таза жеңіс болмаған жағдайда, жеңіс ең көп ұпай алған балуанға беріледі. Балуанның киімі лыпа, бандаж, арнаулы трико және былғарыдан тігілген жұмсақ аяқкиімнен тұрады. Грек-рим күресінің жарыс ережесі 1896 ж. шығарылып, содан бергі уақытта талай рет жаңартылып келеді. Ол 1986 ж. 1 -ші Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп, содан бері (1900, 1904 жылдардан басқа) бағдарламадан басқа олимпиядалық жарыстан түспей келеді. Әлем чемпионаты 1897 ж. Еуропа чемпионаты 1898 жылдан бастап өтіп келеді. Күрес әуесқойларының халықаралық бірлестігі (ФИЛА) 1912 ж. құрылды. ҚР- ның Грек-рим күресінің бірлестігі 1993 жылдан ФИЛА-ға мүше.

Грек-рим күресі, эллиндер мен латындар (гректер мен латындар) заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Грек-рим күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.

Егер таза жеңіс болмаған жағдайда, жеңіс ең көп ұпай алған балуанға беріледі. Балуанның киімі лыпа, бандаж, арнаулы трико және былғарыдан тігілген жұмсақ аяқкиімнен тұрады. Грек-рим күресінің жарыс ережесі 1896 ж. шығарылып, содан бергі уақытта талай рет жаңартылып келеді. Ол 1986 ж. 1 -ші Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп, содан бері (1900, 1904 жылдардан басқа) бағдарламадан басқа олимпиядалық жарыстан түспей келеді. Әлем чемпионаты 1897 ж. Еуропа чемпионаты 1898 жылдан бастап өтіп келеді. Күрес әуесқойларының халықаралық бірлестігі (ФИЛА) 1912 ж. құрылды. ҚР- ның Грек-рим күресінің бірлестігі 1993 жылдан ФИЛА-ға мүше.

Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы кене замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.

Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И.Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогі үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.[1]

 

 

 

 

 

 

 

  1. ПАЛУАНДАРДАРДЫҢ КҮШ ДАЙЫНДЫҒЫНДА САПАСЫН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

1.1. Еркін күресінің қысқаша даму тарихы.

 

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Еуропа елдерінде грек–рим күресі пайда болды. Жекпе-жек Франция жерінен бастау алған. Сол кездегі жергілікті қала және ауыл тұрғындарының ынтасы күреске ауып, олар біртіндеп осы өнермен айналыса бастады. Грек-рим күресі бірден халықтың қызығушылығын арттыра бастады. Күшті саңлақтар көше циркында өнер көрсетті. Қалың жұрт жиналатын жерлерде белдесулер ұйымдастырылды. Кейін Франция қалаларының біріншілігі, біраздан соң әлем чемпионаттары өткізіле бастады. Белдесуден әлем чемпионатын жақсы деңгейде ұйымдастырып өткізу, кәсіпқой күрестің болашағына үлкен жол ашып, оның өсіп-өркендеуін жылдамдатты.

Екін күрес тарихы.Еркін күрес өз бастамасын ағылшындардан алады.Ағылшын еркін күресінде ( кэтчгольд ) шолақ шалбар киіп күрескен, қарсыласына әртүрлі захватжасай отырып, аяқпен әдіс жасайды,жауырынын жерге тигізгенше уақытқа бағынбай күресіп, жеңіске жетеді.Баскезінде кәсіпқой спорт ретінде таралды,XVIII ғасырда американдықтар әлемдік денгейге көтерді. Сол себепті америкалық еркін күрес атанды.

 Америкалық кәсіби еркін күрес (реслинг) – АҚШ, Франция, Италияның кәсіби палуандары арасында кең тараған. Күрестің бұл түрінде күрестің қарапайым киімін киіп күрескен, тұншықтыру әдістерін қолданған. Қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жеткен. Палуандар күресуге шығар алдында канша уақыт күресетіндеріне келісіп алған.

 1904 жылы АҚШ-ның Сент-Луис қаласында өткен ІІ-Олимпиадалық ойындар бағдарламасына бірінші рет еркін күрес кіріп, 47.6,52.1, 56.7, 61.2, 65.7, 71.6, 77.6 салмақ категорисындағы палуандар күресіп, барлық салмақ бойынша АҚШ палуандары жеңіске жеткен.

 1955 жылы елімізде еркін күресті дамыту мақсатында Қазақстан спорт комитеттінің басшылары П.Ф. Матущакты шақыртады. Жоғарғы деңгейлі палуандарды дайындауға А. Купцов пен Х. Гиоев те үлкен үлес қосты. Еркін күрестің елге тез таралуының басты себебін мынадан көруге болады, еркін күрес қазақтың ұлттық күресі қазақ күресіне өте ұқсас.Екеуінде де ұқсас, жақын техника элементтері қолданылады. К. Байдосов Кеңес Одағының Қазақстандағы бірінші спорт шебері болды, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар А. Айханов, А. Габсаттаров, А. Бугубаевтар Кеңес Одағының біріншілігінің жүлдегерлері мен чемпиондары атанды, ал М Мамыров Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болды.

Бұл оқу-әдістемелік кешен күрес пәнінің (еркін, грек-рим, қазақ күресі) мақсаты мен міндеттерін анықтайды, бөлімнің тақырыптық жоспарын, студенттердің өздік жұмысы тапсырмасының жүйесін, өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмаларын, емтихан сұрақтары тізімін мазмұндайды. Дене тәрбиесі және спорт факультеті студенттеріне арналған.

 Франция астанасы Парижде 1848 жылы алғаш рет кәсіпқой күресшілер белдесетін арена бой көтерді. Франция жеріне өзге де шет елдерден бәйгеге қатысу мақсатымен балуандар келе бастады. Немістер, түріктер, италияндықтар және орыстар әлем чемпионатына қатысып, жарыстың ережесін үйренді. Ақырында француз күресі әлемдік мәртебеге ие болып, өзге мемлекеттерге тарап кетеді. Францияның аты шығып, бүл күрес түрі халықтың сүйікті спорт түріне айналған. Әрине, күрес өнері дүниежүзінде әртүрлі бағытта дамыды. Бұл әр халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне байланысты болды. Еуропада француз күресі (грек–рим күресі) Азия елдері мен шығыста және Америкада еркін күрес жақсы дамыды.

Бірінші Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1896 жылы француз күресі енгізілді. Осы күреске Халықаралық Олимпиада комитеті «грек-рим» күресі деген ресми атау тағайындаған. Белдесудің бірінші кездесулерінде небәрі 5 саңлақ өнер көрсетті. Олар 4 мемлекеттің намысын қорғаған болатын. Екеуі Грециядан, Германия, Венгрия және Ұлыбританиядан бір бірден балуан қатысты. Осы бәйгеде балуандар салмақ дәрежелеріне бөлінбеді. Дәл сол уақыттан бастап (1900 және 1904) жылдардағы екі Олимпиаданы есепке алмағанда Олимпиада бағдарламасынан түскен жоқ.

Кейін 1912 жылы (FILA) Халықаралық күрес түрлері федерациялары құрылып, әлемдегі ең үлкен және беделді спорттық ұйымдардың біріне айналды.

 

 

Бұл оқу-әдістемелік кешен күрес пәнінің (еркін, грек-рим, қазақ күресі) мақсаты мен міндеттерін анықтайды, бөлімнің тақырыптық жоспарын, студенттердің өздік жұмысы тапсырмасының жүйесін, өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмаларын, емтихан сұрақтары тізімін мазмұндайды. Дене тәрбиесі және спорт факультеті студенттеріне арналған.

 Бұл пәнді оқығанға дейін дене мәдениеті тарихы, спорттық күрес, жеңіл атлетика, адам анатомия, адам физиология, спорт психологиясы, таңдап алған спорт түрінің негізі сияқты пәндерді қарастырып өткендері абзал.

Пәнді оқу соңында Күреспәнінен (еркін, грек-рим, қазақ күресі), мақсатқасай бөлім сұрақтарымен жанжақты таныстыру.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Екін күрес тарихы.Еркін күрес өз бастамасын ағылшындардан алады.Ағылшын еркін күресінде ( кэтчгольд ) шолақ шалбар киіп күрескен, қарсыласына әртүрлі захватжасай отырып, аяқпен әдіс жасайды,жауырынын жерге тигізгенше уақытқа бағынбай күресіп, жеңіске жетеді.Баскезінде кәсіпқой спорт ретінде таралды,XVIII ғасырда американдықтар әлемдік денгейге көтерді. Сол себепті америкалық еркін күрес атанды.

 Америкалық кәсіби еркін күрес (реслинг) – АҚШ, Франция, Италияның кәсіби палуандары арасында кең тараған. Күрестің бұл түрінде күрестің қарапайым киімін киіп күрескен, тұншықтыру әдістерін қолданған. Қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жеткен. Палуандар күресуге шығар алдында канша уақыт күресетіндеріне келісіп алған.

 1904 жылы АҚШ-ның Сент-Луис қаласында өткен ІІ-Олимпиадалық ойындар бағдарламасына бірінші рет еркін күрес кіріп, 47.6,52.1, 56.7, 61.2, 65.7, 71.6, 77.6 салмақ категорисындағы палуандар күресіп, барлық салмақ бойынша АҚШ палуандары жеңіске жеткен.

 1955 жылы елімізде еркін күресті дамыту мақсатында Қазақстан спорт комитеттінің басшылары П.Ф. Матущакты шақыртады. Жоғарғы деңгейлі палуандарды дайындауға А. Купцов пен Х. Гиоев те үлкен үлес қосты. Еркін күрестің елге тез таралуының басты себебін мынадан көруге болады, еркін күрес қазақтың ұлттық күресі қазақ күресіне өте ұқсас.Екеуінде де ұқсас, жақын техника элементтері қолданылады. К. Байдосов Кеңес Одағының Қазақстандағы бірінші спорт шебері болды, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар А. Айханов, А. Габсаттаров, А. Бугубаевтар Кеңес Одағының біріншілігінің жүлдегерлері мен чемпиондары атанды, ал М Мамыров Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болды.

Грек-рим күресінің даму тарихы. Палуандардың күрес өнері көпжылдық тарихы бола отырып біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жыл бұрын бастау алған, көне Грецияда пенталонның бір түрі ретінде дамып, адамның жылдамдық, төзімділік, ептілігін дамытып және әскерді дайындаудың негізгі құралы болды.

 Панкратион – гректердің күрестерінің көне түрлерінің бірі. Бұл күрес түрінде қысқа шалбар киіп, аяқпен жұмыс жасап, қолға және аяқтан ұстап әдіс жасап күрескен, қарсыластың жауырынын жерге тигізіп жеңіске жеткен, уақыт шегі жоқ. Күрес әрі қарай дамуын Франциядвн алып, сол себепті күрестің бұл түрі әлемде француз күресі ретінде танылды. Бірінші рет,1848 жылы Монтенье көшесінде күрес аренасы ашылды, француздар күреске қатты қызығушылық танытты. Көлемі жағынан үлкендеу екінші арена 1867 жылы ашылды. 1905 жылы әлем біріншілігі өтті, мұнда Иван Поддубный бірінші орын, Қажымұқан Мұңайтпасов екінші орын алды, осы арқылы әлемде мықты палуандардың бірі екендерін дәлелдеді.

 Қазақ халқының палуаны, біртуар батыры Қажымұқан Мұңайтпасов бұл күрес түрінен 4 рет әлем чемпионы атанды.

 Алғашқы рет 1896 жылы Афинада өткен олимпиада ойындары бағдарламасына классика түріндегі күрес еніп, палуандар салмақ мөлшеріне қарамай күресті, чемпион атағын Германиялық палуан К.Шуман, күміс медальды Грециялық Г.Цитат жеңіп алды.

 Қазақстанда грек-рим күресінің дамуы Ұлы Отан соғысынан кейін бастау алды. Күрес өнерінің дамуына Қазақстанда П. Ф. Матущак үлкен үлес қосты. Қазақ дене тәрбиесі институтында күрес бөлімін ашып, осы арқылы күрестің дамуына себепкер болды. Дене тәрбиесі институты күрестен мамандарды дайындау орталығына айналды. Осы жерден үлкен спортқа екі дүркін олимпиада ойындары чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Европа чемпионы В. Резанцев, олимпиада ойындары чемпионы Ж. Үшкемпіров, Ж. Серіков, әлем, Европа, Азия чемпионы, екі олимпиада жүлдегері, жеті дүркін Кеңес одағының чемпионы Д. Тұрлыханов, әлем чемпионы Б. Байсейтов жолдама алды.

 Қазақша күрестің даму тарихы. Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың көне авторларының жазуынша, Қазақстанның даласы мен таулы айқаптарында сақ, массагет, исседондардың көптеген тайпалары өмір сүрген. Тайпалар арасында және рулар арасында қақтығыстар туындап, тайпалық одақтар құрыла бастады. Бұл туралы тек археологиялық материалдардан ғана емес, жазбалардан да байқауға болады. Бұл қолжазбалар, археологиялық зерттеулер Қазақстанның басты аумағын біздің дәуірімізге дейінгі VII–IV ғасырларда жайлаған тұрғындар, алып тайпа сақтықтар екенін көрсетеді. Олар одақ құрып, көшпелі өмір кешті және мал шаруашылығымен айналысты. Көне грег жазушысы Клавдий Элион жазады сақтарда мынандай салт болған, жігіт тек күресте жеңіске жеткен нен соң ғана үйлене алатын болған. Италияндық Марко Поло Орта Азияға саяхаты кезінде былай деп жазады, сақтар үшін күрес әскери-қолданбалы жаттығу болған, бойжеткендер жас жігіттермен тең дәрежеде күрескен.

 Король Кастилии Генрих-ІІІ тапсырмасымен Орта Азияда болған уақытында Рей Ганзалесс Клавдио құнды деректер келтіреді. Атақты қолбасшы Тимурдың сарайында ол белдесу күресін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдары болған, байқағанымыздай белдесу күресі өте ертеден бастау алады.

Грек-рим күресі әр заманда жаңа атауға ие болған. Нағыз кәсіпқой күресшілер «француз күресі»  деп атаса, әуесқойлар «грек-рим» деп атады. Біздің елімізде 1948 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мен спорт комитеті спорттық күрес түрлеріне екі бірдей атауды бекітті. Француз немесе грек-рим күресі «классикалық» деп, ал «еркін-американдық» «еркін күрес» деген атауға ие болса, сол кезегі «еркін» күрес «самбо»- деген атауға ие болды. Нәтижесінде 1991 жылы «классикалық» күрестің атауы «грек-рим» болып өзгертілді.

 Француз күресінде бәсекелесті белден жоғары қапсыра құшақтап, оны жығу керек. Аяқтан ұстауға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдануға болмайды. Еркін күрес тәсілінде балуан қарсыласының кез келген жерінен ұстап, әдіс орындауда еш шектелмейді. Бұған қоса, аяқтан ұстап алып,  шалып құлатуға  рұқсат.

Ертеде қазақ күресі салмақ дәрежесіне қарамай өткізілген, бұл қатысушыларға тең жағдай тудырмады.

 1938 жылы Алматыда бірінші колхозшылырдың республикалық спартакиадасы өтті. Спортакиада бағдарламасына қазақша күрес күресі енгізілді. Тарихта бірінші рет бұл ұлттық спорттық ойын біріншілігі үш салмақ категориясы бойынша өткізілді.( жеңіл салмақ 65 кг дейін, орташа салмақ 76 кг дейін, ауып салмақ 76 кг жоғары).

 1952 жылы Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында Орта Азия және Қазақстан республикаларының кезекті спортакиадасы өтті. Спортакияда бағдарламасына ұлттық күрестен жарыс енгізілді. Бес туыстас республикалар арасынан ұлттық күрестен жарыс ережелері негізі ретінде қазақ күресінің ережелері алынды, өйткені бұл күрестің жарыс ережелері спорттық күрестің классикалық түрлеріне біршама жақынырақ.

 1955 жылы сегіз салмақ категориясы енгізілді және қазақ күресі күресіне ережелер шықты. Бірінші қазақ күресінен жазба ережелердің авторы М. Рахымқұлов.

 

 

 

Күрес пәнінің негізгі мақсаты (еркін, грег-рим, қазақ күресі) – дене тәрбиесі және спорттың түрлі құрылымында өздік жұмыстарына керекті кәсіби-педагогтық білімді, дағды мен шеберлікті қалыптастыру.

 Оқытудың міндеттері:

 — студенттердің кәсіби-педагогтық дағдыларын дамыту;

 — оқытудың әдіс-тәсілдік іс-әрекет әдістемесін оқыту, физикалық тәрбие беру; Педагог мамандығына тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.

 Күрес пәні курсы (еркін, грег-рим, қазақ күресі) студенттерге теория мен әдістемені оқытуды қарастырады.

 Күрес пәнінің практикалық сабақтарында (еркін, грек-рим, қазақ күресі) күрестің әдіс-тәсілдерін үйреніп, күрес әдістерін жасап, жаттығу түрлері жасалады. Бұл сабақтарда студенттер қорғану әдістерін меңгереді, қиын әдістерді жасап үйренеді. Студенттердің өздік жұмыстары әдебиеттермен танысу, рефераттар дайындау, курстық жұмыстар мен жаттығуды жоспарлау, күнделік жүргізу, ғылыми-зерреушілік жұмыс жүргізу, жарыстарды көру және талдау жасау, қоғамдық жұмыстарға қатысудан , т.б тұрады.

Әлем спортшылары техникамен байытқан грек-рим күресі туралы

 

 

 

Грек-рим немесе классикалық күрестің бұлай аталуына, оның байырғы заманда, Жерорта теңізі мемлекеттерінің гүлденген дәуірінде пайда болуы себеп болған. Бірақ, бертін келе, біздің заманда, бұл күрес француздардың арқасында 19 ғасырда ортамызға оралған. Және дүниенің төрт бұрышындағы спортшылардың және жаттықтырушыларының күш-жігерлерінің арқасында бұл күрес бүгінгі қалпына ие болған.

 Мысалы, француздар грек-рим күресіне арқалай лақтырудың түрлі әдіс-амалдарын қосса, финдер «жартылай суплес» техникасымен толықтырған. Оған қоса, дәл осы финдердің арқасында грек-рим күресінде партердегі амал-тәсілдер пайда болған. «Фин құлпы» деп аталатын техниканы білмейтін балуан жоқ шығар?!

 Ал түрік балуандары грек-рим күресіне парсылардың ұлттық күресі – коштидің элементтерін қосқан. Грек-рим күресін байытқандардың қатарында Кеңес Одағының да чемпиондары бар. КСРО балуандары — «диірмен» деп аталған техниканың авторлары.

 

1.2. Грек-рим күресінің дамуы және әдістемелік ерекшеліктері.

 

Грек-рим күресінде барлық айла-тәсілдер белден жоғары немесе партерде жасалады, және көріп отырғандай, жаңа нәрселер ойлап табуға мүмкіндік мол. Ең бастысы талпыныс және спорттық дарын болса болғаны!

 Еркін күрес бүгінгі рестлингтің «атасы»

 Грек-рим күресіне қарағанда, айла-тәсіл жасау мүмкіндігі шектелмеген еркін күрес Англияда пайда болған. Бірақ, кейіннен Құрама Штаттарға жетіп, сонда жақсы танылған, содан кейін барып дүниежүзіне таралған. Оған, еркін күрестің о баста спорттық жарыстан гөрі, үлкен шоуға ұқсағаны себеп болса керек.

 19 және 20 ғасырлардың шегінде Америкадағы жағдай мазасыздау болды. Бітпейтін жәрмеңкелерде балуандар көрермендердің қанын қыздыру үшін қатыгездікке толы қойылымдар көрсететін. Ол кездегі еркін күрестің техникасы жанға бататын айла-тәсілдерден тұрған, ол әдістердің кез-келгені бүгінде төрешілердің «шашын» ағартқан болар еді.

 Бірақ, көрермендердің көзайымына айналған кәсіпқой балуандар өзін де, қарсыластарын жарақаттауды мақсат еткен емес. Олар жекпе-жекті театрландырылған ойын-сауыққа, шоуға айналдыратын, қарсыластар бір-бірінің қолдарын бұрап, «жандарын көздеріне көрсететін», бірақ әрқашан қауіпсіздікті сақтайтын. Халық да риза, ал балуандар келесі күні де жекпе-жекке қайта шыға алатын.

 Біртіндеп еркін күрес өз ережесі бар спорт түрінде қалыптасты. Ал оның орнына бүгінгі танымал рестлинг келді. Бұл жекпе-жектің спорттан гөрі, театрландырылған қойылымға ұқсайтыны сіз бен бізге құпия емес!

«Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдері» атты бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік деректерге шолу жасалды, мұндағы ең маңызды кезеңдер: ұлттық спорт түрлерінің жастардың дене шынықтыру құралы ретінде танылуы, қазақ күресінен бірыңғай ережелердің қабылдануы, салмақ дәрежелеріне бөлу, Бүкілқазақстандық спартакиадалардың бағдарламасына енгізілу және қазақ күресінен Қазақстан чемпионаттарының өткізілуі, қазақ күрестен дайындау тәжірибесі мен техникасының Қазақстанда еркін күресті дамытуда қолданылуы, қазақ күресінен бастап басқа спорттық күрес түрлерінде жоғары нәтижелерге жеткен атақты Қазақстан балуандары, қазақ күресі жөніндегі ғылыми және әдістемелік жұмыстардың жариялануы, қазақ күресі мамандығының дене шынықтыру және спорт бойынша мамандар дайындау бағдарламасына енгізілуі, осы пән бойынша бағдарламалар мен оқу құралдарының әзірленуі,  төсбелгі және куәлік берілетін «қазақ күресінен спорт шебері» нормативінің енгізілуі.

1928 жылға дейін қазақ күресінің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетіндердің салмағыда ескерілмеді. Сондықтан палуандар жарысына көбінесе ірі, салмағы жоғары батырлар қатысады. Біріктіретін ереже болмағандықтан жарыс жергілікті жерде қабылдыңған немесе келсім шартқа сәйкестірілген ереже бойынша өткізіледі. Осы жылы қазақ күресіне тән бүкіл әдіс, тәсілдерін қамтыған бірыңғай ереже жарияланды [М. Болғамбаев, 1985].

 

М.Т. Тәнекеев [1973] бұл, 1928 жыл, өзін түрлі спорттық оқиғалармен танытқан деп жазған. Ұлттық спорт және классикалық спорт түрлерінен көптеген жарыстар өткізілген. Соған байланысты, Республикалық дене шынықтырудың жоғары кеңесі қазақ күресінің спорттық жарыстарына бірыңғай ереже бекітті.

XX ғасырдың 20-жылдарына дейiн қазақ күресте салмақ дәрежесi мен жас мөлшерiне қарай бөлу болмаған. Салмақ дәрежесiне және жас мөлшерiне қарай бөлiнiп күресу осы кезенде ене бастады деп жеткізеді Е. Әлімханов [2008].

Қүрес ережелері ел арасында ауызша тарап, оның негізгі шарттарын  балуандар талассыз мойындаған, бірақ арасында бар айырмашылықтарын  алдын ала өзара келісім бойынша белгілеп қабылдаған.

Қазақ халқының әр аймақта күресу тәртіптерінің айырмашылығын алысу киімінен де белгілеуге болады. Мысалы, зертеушілер [Қ.Р. Байдосов, 1987; Е. Әлімханов, 1996 және т.б.] қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш белбеусіз күресу түрін, шапан киіп белбеу буынып күресу түрін, белбеуді жалаңаш кеудеге буынып күресу түрін, күртеше киіп күресу түрін және жалаң аяқ отырып (төрттағанда) күресу түрлеріне бөледі.

Қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша кеңес дәуіріне тарихи жорыққа аттанатын болсақ, бұл күрес түрінен 1928 ж. [Е. Әлімханов, 2008] және 1936 ж. [Б.М. Доскараев, 2009] бірінші және үшінші Бүкілқазақстандық спартакиадаларында жарыстар өтті, ал 1938 жылы бірінші республикалық колхозшылар спартакиадасында жарыстар өтті [М. Болғамбаев, 1980 және т.б.].

Сайып келгенде, кеңестік Қазақстанда спорттық күрестің барлық халықаралық және олимпиадалық түрлері қазақ күресінен гөрі бірнеше он жылдыққа кешігіп, дами бастады (1 кесте).

Грек-рим (кәсіби француз) күресінің тек бір өкілі ғана 20, 30 және 40-шы  жылдарда Қазақстан және Орта Азияның аумағында күшін, өз өнерін белсенді түрде көрсетті, ол Қажымұқан Мұңайтпасов. Бірақ, ең алдымен, қазақ күресі өкілі болғандықтан төрттағандық күрессіз, қарсыласының жауырнын тігізіп бірінші лақтырғанға дейін үстасуларға шыққан, грек-рим күресінен секцияларын ашпаған.1кесте – Әлемде және Қазақстанда спорттық күрестің дамуы

грек-рим күресі (француз, классикалық күресі)     

19 ғасырдың 90-шы жылдарында Францияда қатты дамыды  және  Европада таралды Ресейді қоса       

Бірінші Олимпиададан  1896 ж. бастап

1940 ж. басы,

Федерацияның негізі  1946 ж. қаланған

еркін күресі    

1904 ж. бастап АҚШ, Европада 20-30 жж.    

1904 ж. бастап

1950 ж. басы,

 

Федерацияның негізі  1955 ж. қаланған

самбо    

КСРО-да 1938 ж. мемлекеттік тұрғыда танылды, А.А. Харлампиев 1949 ж қолайлы спорттық нысанға айналдырды,  1966 ж. бастап күрестің халықаралық түрі болып есептеледі 

енгізілмеген    

1950 ж. басы

Федерацияның негізі  1955 ж. қаланған

дзюдо    

1882-1884 жж. Жапон.,

1920-1933 жж. Кеңестік Ресей аумағында дамуы, бірақ тыйым салынды, дүниежүзілік бірінші біріншілік 1956 ж. өтті, КСРО-да 60 жылдары қайтадан дамыды      

1959 ж. бастап,

XVIII жазғы Олимпиадалық ойындар 1964 ж. (Токио қ., Жапон.)     

1960 ж. басы

Грек-рим күресінің халықаралық ережелері 1896 жылы қабылданып бірінші Олимпиядалық ойындарынан бастап бағдарламасына қірген. Ол грек-рим (франциялық) қүресі Европада қәсіптік қүрескерлердің өнерлерімен кең тарғандықтан болған. Бірақ, салмақ бойынша бөліп күресу 1906 жылдан басталған, сонда 1911 жылына дейін тек қана үш салмаққа бөліңген [Г.С. Туманян, 2006 және т.б.].

Балалық шағынан қазақтың ұлттық күресінен жекпе-жектерге жие қатысқан, ал 1904 ж. Петербургте И. Лебедев мектебіне қабылданған, онда 2 жыл оқыған Қажымұқан Мұңайтпасов кәсіби француз күресінің жарқын өкілі болып табылады. Ресей мен Европада өткізілген француз күресінен бірнеше кәсіби біріншілікті, сонымен қатар АҚШ-та еркін күрестен біріншілікте ұтты. 1927 жылы (Қазақ АКСР ОАК) оған спортқа сіңірген еңбегі  үшін «Қазақ халқының батыры» құрметті  атағын берді.

1970 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында алғашқы рет қазақ күресі мамандығы енгізілді, соған байланысты көптеген әдістемелік жұмыстар, қазақ күресі техникасы мен әдісінің жіктемесі, тәсілдерін үйрету әдістемесі, қазақ күресінен мамандар дайындау жөніндегі оқу құралдары, оқулықтар мен бағдарламалар шығарылды.

1971 жылы ҚазССР Спорткомитетінің қаулысы бойынша «Қазақ ССР-нің спорт шебері» атағы енгізіліп, қазақ күресі бойынша төсбелгі мен куәлік қоса тапсырылатын болады.

Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің даму мәселелері ҚР-ның 1999 жылғы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңында (2 б. 10 т.) Қазақстандағы халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері ашылған.

90-шы жылдары жарыстардың ережелерін және киім нысанын жетілдіруге көп көңіл бөлінді, қазақ күресіне арналған киім нысанын спорттық күрестің басқа түрлерімен айырбастауға жол беруге болмайтыны атап өтілді.

 

1.3. Грек-рим күресінде болатын жарақаттар.

 

Б.Жаңалин жасаған қазақ күрес жарыстарының ережесін 1993 жылы ҚР Туризм, дене тәрбиесі және спорт министрлігі бекітті. Киім нысаны жеңі қысқа кеудешеге өзгертілді, ал 1997 жылы нысандық киім мен жарыстардың ережелерін жетілдіру қорытындылары бойынша Е. Әлімханов кандидаттық диссертациясын қорғады.

Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін қаржыландыру мәселелері дене шынықтыру және спорттың белсенді түрлерімен шұғылдануға, салауатты өмір салтына, қозғалыс белсенділігі мен бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру шараларына республика тұрғындарын кеңінен тарту мен жұмылдыру тәсілі ретінде «Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» бойынша қарастырылады.

Қазақстан жастарының осы спорт түрімен шұғылдануға деген құлшынысы қазақ күресінің едәуір дами түсуіне, спортшылар шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануына, халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді.

Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі – бірнеше елде тұрақты түрде дамып келе жатқан халықаралық спорт түрі болғандықтан, жүйелі түрде халықаралық жарыстар, континенттік және әлемдік жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу  талап етіледі. 2005 жылы Ресейде және 2006 жылы Моңғолияда қазақ күрес бойынша  Азияның І және ІІ чемпионаттары өткізілді. 2007 жылы Азияның ІІІ чемпионатында  Қазақстанда өткізілген (Сәтбаев қаласы) Моңғолияның, Қытайдың. Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Түркіменстан, Ресей мен Қазақстан командалары қатысты. 2009 жылы қазақ күресі бойынша Қызылдорда қаласында (Қазақстан) өткен Азияның V чемпионатында  бірінішілік үшін әлемнің 10 шақты елінен келген қазақ күресінің дәстүрлі қатысушылары – атап өткен командаларымен қоса Иран және Сирия командалары күш сынасты. Қазақ күресі бойынша әлем чемпионаттарында қатысқан командалардың саны тіптен көп. 2006 жылы Алматы қаласында өткен қазақ күресі бойынша біріншілікте әлемнің 42 спортшысы шайқасты. 2008 жылдың қарашасында Орскіде (Ресей) қазақтың ұлттық күресі бойынша ІІ әлем біріншілігі болып өтті, оған әлемнің 20 елінен ең мықты палуандар қатысты. 2010 жылдың қазанында Астана қаласында қазақ күресінен ІІІ әлем біріншілігі өтті (30-дан астам елінен палуандар қатысты).

Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

— денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;

— Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің  міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;

— дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;

— оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге  үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;

— дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар,  күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;

— бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту;

— жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек  сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі  қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;

— қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда,  тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда  тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек;

— оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;

— оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.

Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;

— оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.

Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе,  аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.

Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз  керек.

Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады. Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар 14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.

Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы салмағының 27%-ын  алады. Салыстырмалы  түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады.  Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе, арқа және іш бұлшық еттері ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігі төмен болады. Осы бұлшық ет жүйесі ерекшеліктеріне байланысты ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, біржақты жүктемелер, қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар беруге болады. Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып беріп, денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек.

Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз, созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систолиткалық көлемі туралы мәліметті 1-кестеден қараңыз  (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).

 

1-кесте — Бала жүрегінің соғу  жиілігі мен қанның систоликалық көлемі

 

Жасы

Жүрегінің соғу жиілігі,                                                                 рет/минут

Қанның систоликалық  

 көлемі, мл

        Жаңа туған

          120-168

          2,5

       1-2 ай

          132-171

           —

        6 ай

          120-150

           —

        1 жас

          103-150

          10,0

        2 жас

          96-135

          10,2

       5-6 жас    

          83-119

           20,6

         Ер балалар

        8 жас

           50-93

          25,0

      10-12 жас

           53-86

          33,4

       15-16

           50-77

          41,4

       Ересек

           55-75

     60 ж/е одан көп

                                                                     Қыз балалар

        8 жас

           67-99

           27,0

     10-12 жас

           60-89

           31,6

       15-16

           55-85

           38,5

       Ересек

           60-75

           55-65

 

Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен терең дем алуға кері әсер етеді. Дем  алу жиілігі тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 мл/минутқа дейін жетеді. Өкпенің  ауа сыймдылығы көлемі 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты  мұрынмен дем алуға үйретуіміз қажет. Жаттығуларды  орындау тыныс алумен бірдей орындалуы тиіс. 

 

Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзаққа созылатын ойындар оларды жалықтырып жібереді. Сондықтан да  ойындар, жаттығулар әр түрлі, қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы.

1-сынып оқушылары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды,  зейіні тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде ойланып, еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды.

Бастауыш сынып оқушыларына денені  дамыту жаттығуларын бергенде, ұл балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең, өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшық ет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді,ұзаққа, биікке секіреді, алысқа лақтырады, күшті, әрі шыдамды. Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, қашыққа, жүгіргенде, секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады. (Өйткені 1,2-ші сыныпта ұлдар мен қыздардың дене тәрбиесі жаттығулары амалдары бірге, бөлуге келмейді). Қыздарға 3-ші сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.

Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:

  1. Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар тобы табиғи қимыл-әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.
  2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
  3. Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
  4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-4 сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50% уақытын алса дұрыс болады.
  5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс.

Балалардың қимыл-әрекеттерді есте сақтау қабілеттері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да, 13  жастан ары қарай баяулай бастайды.

Қимыл-әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды  бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана, қосымша түрде қолданамыз.

Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсінуі үшін нақты не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұстау, жетіп алу, допты ойыншыға тигізу және т.с.с.  2,  3 сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа беру  қажет.

Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде  негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.

Елімізде қазіргі кездерде жалпы білім беретін  мектептердегі бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Ол мұғалімдер арнайы және жоғарғы оқу орындарында оқығанда  дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен дәрістер алды, сынақтар тапсырды. Сондықтан да ол мұғалімдер дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп, дайындалып, мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардан үйреніп, сабақтарды мектеп бағдарламасы материалдарына  сай жүргізуі керек.

Ал дене тәрбиесі мұғалімдері келешек өздеріне келетін оқушылардың  төрт жыл уақытын бос өткізуіне  жол бергізбей, бастауыш сыныптардың оқушыларының  оқу жоспарын қадағалап, көмектесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар өткізіп отырулары керек.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:

— бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік  тұрғыдан дұрыс сабақ өткізу;

— дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қорытындысын жұмыста пайдалану;

— сабақ өткізу кезінде  санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;

— оқушылардың  бәрі  қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;

— сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту;

— ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу;

— оқушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін  тұрақты жетілдіру;

— балаларды  дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты айналысуға қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту;

— жоғарғы сыныптағы  дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына,  әдістемелік кеңестеріне қатысу.

Орта  сынып оқушылары қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері  төмендегідей:

— денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін,  жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;

— негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру;

—  дене қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті әрі қарай дамыту;

— жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі жүйелеріне әсері, өнегелік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім  мағлұматтарын беру;

— негізгі спорт  түрлері, жарыстар, снарядтар мен құрал-жабдықтар, сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде  алғашқы көмек көрсету туралы  мағлұматтарды  тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын қалыптастыру;

— таңдап алған спорт  түрлерінің  жаттығуларымен өз бетімен күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін тәрбиелеу;

— сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысының ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру;

— өзінің дене  мүмкіншіліктерін бағалау біліктілігін қалыптастыру;

— тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ынталықты  тәрбиелеу;

— психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін-өзі  реттеу негіздеріне үйрету.

Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге  өседі.

Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің  омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің  қатаюын тездетеді де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік  сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.

Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды.  Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық  ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.

Жыныстық  жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста сақал-мұрты тебіндеп   шыға  бастайды,сперматогенез басталады.

Қыз баланың  жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста — қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа  жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге  тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың  етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен  мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселерлерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық  даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан  дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек.

Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері  13 жаста  707 см болады. Өкпенің  ауа сыйымдылығы артады.

Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы. Өкпенің тіршілік  көлемін спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді, біз өкпенің тіршілік көлемі туралы толық түсінік болу үшін төмендегі кестені беріп отырмыз (2-кесте). (Қ.Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).

 

2-кесте – Балалар мен жасөспірімдер өкпесінің ауа  сыйымдылығы.

 

 

        Балалар

                                                                  Жасы 

 

    6

    7

      10

    12

   15

   17

   Ер балалар

   1200

  1400

     1630

   1975

   2600

  3520

  Қыз балалар

  1100

  1200

     1460

   1905

   2530

  2760

 

 

Тыныс алу жиілігінің де дене  дамуына үлкен маңызы бар. Дене тәрбиесі,  спорттық жаттығулармен айналысқан балалардың тыныс алу жиілігі сирек болады. Дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі тыныс алу оқушылардың  өкпесін ғана емес, олардың кеуде бұлшық еттерін, бүкіл тыныс алу жүйесін жақсы дамытады.

Бір демалу  циклінде жасөспірім ағзасы 14 мл ауа пайдаланса, үлкен жастағы адам 20 мл ауа пайдаланады. Олар үлкендерге қарағанда тыныс алу уақытын көп тоқтатып отыра алмайды. Олардың ағзасына  келіп жатқан  ауа аз кездеріндегі жұмысқа  іскерлігі тез төмендейді. Адамның жасқа байланысты тыныс алу жиілігі өзгеру кестесін қараңыз (3-кесте). (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).

 

 

 

3-кесте — Тыныс алу жиілігінің адамның жасына байланысты өзгеруі.

 

                   Жасы

    1 минуттағы тыныс алу жиілігі,  рет

                      1

                       44

                     5

                       26

                    15-20

                        20

                    20-25

                       18

                    25-30

                       16

                    30-35

                       18

 

Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры және орталық жүйке  жүйесінің әлі толық функционалдық жетілмегені, ол жүйелерді реттейтін,  бағыттайтын әр түрлі қызметтік мүмкіншіліктері толық  іске қосылмағаны себепті, балалардың  ағзалары дене жүктемелеріне қалыптасу уақыты ұзағырақ болып келеді. Жасөспірімдердің  жүрек – қан  тамыры жүйесі жүктеме кездерінде  экономикалық тиімді жұмыс істеуі өздерінен үлкен жастардағы жастарға қарағанда төмен болып келеді. Жүректің функционалдық қызметінің  жетілуі 20 жасқа келгенде толық  аяқталады.

Жасөспірім кезеңде дене қасиеттері өздерінің жетілулерін ары қарай жалғастыра береді. Бұл кезең дененің қозғалыс қасиеттерінің жақсы даму кезеңі болып келеді. Негізгі дене қасиетерінің  орта сынып жастары кезеңінде даму мүмкіншіліктерін (Ж.К. Холодов, В. С. Кузнецов, 2003) 4 кестеде беріп отырмыз.

 

4-кесте – Орта мектеп жасындағы оқушылардың дене  қасиеттерінің өсу қарқыны ( %)

 

   Дене   қасиеттері

 

 

      Бір жылдағы орташа дамуы

              Жалпы дамуы

   ұлдар

қыздар

   ұлдар

 қыздар

Жылдамдық

   3,9

     2,9

   15,4

     11,5

 Күш

  15,8

    18,4

    79,0

     92,0

 Жалпы төзімділік

   3,3

     2,1

   13,0

      8,4

 Жылдамдық төзімділігі

   4,1

    1,0   

   16,4

      4,0  

 Күш төзімділігі

   9,4

    3,3

   37,5

     13,1

 

Орта сыныптар  жасындағы оқушылардың кеңістікте үйлесімді, епті қозғалу қабілеттіліктері жақсы дамиды. Ол қасиеттер: кіші доптарды дәлдікке лақтырулар, доптарды, гранаталарды алысқа лақтырулар спорттық, қозғалмалы ойындардағы әрекеттер, 10 метрге 3 рет қайта жүгірулер т.с.с. әрекеттер кездерінде дамиды. Сонымен қатар осы  жас кезінде күш, күш-жылдамдығы қасиеттері, бірқалыпты жылдамдық және төзімділік қасиеттері жақсы дамиды. Икемділік қасиетінің дамуы аз байқалады.

Жоғары сынып оқушылары  қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

— денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта  әсерлерін денсаулықты  нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;

— негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену,  жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;

— дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет,  қабілеттерді ары қарай дамыту;

— қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың  заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі  жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;

— дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген  спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;

— өнегелік,  көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық,  ұстамдылық,  сабырлылық қасиеттерін дамыту;

— тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу,  психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.

 

1.4. Спортшылардың  дене дамуының ерекшеліктері.

 

Жоғары  сынып жасындағы оқушылардың денесінің  өсуі мен даму үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының  мүшелері мен  жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды.  Жыныстық  жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің  кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе  бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі  қыздардікіне қарағанда 13 % көп, ал  тері астындағы  май ткані 10% аз болады.  Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді.

Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері  20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ  сүйегінің  өсуі жігіттерде 18-20 жаста аяқталады,  бойжеткендерде сәл ерте  қатаяды. Білезік сүйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып, аяқталады.

Жамбас  белдеуінің сүйектері: ортан жілік  18-20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының  сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа  дейін байқалады. Табан  күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ  киімді киюге болмайды.

Себебі ондай  аяқ киімдер табан күмбезінің  дұрыс қалыптаспауына байланысты  аяқты тез  шаршатады. Балалар  мен  жастардың аяқ  киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан  күмбезі жақсы болып,  табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.

Сүйек  аппаратының  бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен  төзімділігін дамытуға тиімді  уақыт.

Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық  белдеуі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің  ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және  тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.

Жігіттердің жүректерінің  көлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға  үлкен, жүрек  соғу жиілігі 6-8 соғу/ минут аз, жүректің жиырылу  күші  күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда  терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың  өкпелерінің  ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.

15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны  танулары толық қалыптасады. Ойлау  қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылымын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық қимыл- әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.

Жоғары сынып оқушыларының алға қойған  мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау қабілеттіліктері секілді ерік-жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп  жасындағы оқушыларға қарағанда  дене қасиеттерінің  даму пайыздары азырақ болады. (5-кесте).

 

5-кесте – Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың дене   қасиеттерінің өсу қарқыны (%)

 

        Дене қуаты

        Қасиеттері

               Жылдық орташа дамуы

 

                  Жалпы дамуы

     жігіттер

     қыздар

     жігіттер

      қыздар

  Жылдамдық

     1,5

      0,2

   3,1

       0,5

   Күш

     14,0

     9,0

   28,0

      18,0

  Жалпы төзімділік

      2,1

     0,7

   6,4

       2,1

 Жылдамдық төзімділігі

      2,1

     -0,6

   6,3

      -1,8

 Күш төзімділігі

     8,5

    -2,0

   26,7

      -6,0

 

Мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары  қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту  амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді.

Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен  қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының  функционалдық мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу  жиілігі аз, қан қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде  аз уақыт алады.

Жоғары мектеп  жасындағы оқушыларға  сабақ  бергенде ең  алдымен күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш  төзімділігіне,  аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі  қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе -теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына  назар аударса дұрыс болады.

Жоғары сынып жасындағы оқушылармен  өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда көбінесе жарыс әдістері қолданылады.

Осы жас кезеңінде  олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін  көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар  беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына  көмектесеміз.

Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және  меңгеру дұрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып жүргізілуі қажет.

Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып  кеткеніне байланысты аз  комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын  ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан ғана болуы және ауыл адамдарының нарық  экономикасына байланысты аудан орталықтарына, қалаға  көшулері деп түсіндіруге болады. Аз комплектілі мектептер дегеніміз -сыныптардағы бала саны  толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш сынып оқушыларын, екі  кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын қосып оқытады.

Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктер:

1.Спорт зал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп ауласында өткізіледі.

2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерде, көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан  қолданып келген әдістер,  көбінесе   айналмалы, топтық, жеке дербес тапсырма беру  әдістері қолданылады.

Мысалы: дене деңгейіне байланысты бөліп жаттықтырғанда, кіші шеңберде  әлсіз оқушылар, үлкен шеңберде күшті, мықты  оқушылар жасайды. Сапта оң жақ қатарда үлкен сынып, одан кейін төменгі сынып оқушылары тұрғызылады. Кіріспе бөлімінде жалпы бой қыздыру жаттығулары бірге  жүргізіледі. Негізгі бөлімде сыныптар  бойынша топтарға бөлініп, оларға мектеп бағдарламасындағы  материалдар бойынша  спорт түрлері, жаттығулары беріледі. Мұғалім барлық топтарға барып қателерін түзеп, әдістемелік  нұсқаулар беріп отырады.

Сабақтан тыс уақыттарда сынып, мектеп спорт  белсенділерін, мұғалім көмекшілерін дайындауға күш  салу керек. Дене тәрбиесі үйірмесінің сабақтары жетісіне 3 рет бір сағаттан өткізіледі.

Үйірме сабақтары оқушылар оқу  бағдарламасындағы спорт  түрлерінің  негізгі жаттығуларының техникасын жетілдіру, дене дайындығының деңгейін жоғарылату және сынақ жаттығуларын орындауға дайындайды.

Басқа барлық жұмыстар дене тәрбиесі мұғалімінің тапқырлығымен, білімділігімен, біліктілігімен, ұйымдастыру белсенділігі және шеберлігімен үлкен мектептердегі жұмыстарға ұқсас жүргізіле береді.

Мектеп-интернаттарда оқушылар интернат жатақханасында тұрып  оқиды, үйлеріне, ата-аналарына демалыс кездерінде ғана барады. Қалалық интернаттарда оқитын оқушылар апта бойы жатақханада тұрып, оқу оқып, сенбі күні түстен кейін дүйсенбіге дейін үйлеріне ата-аналарына қайтарылады. Осындай интернат жағдайларындағы оқушылар оқу сабақтары кезінде, сабаққа дайындық, дайындықтан бос уақыттарында күні бойы мұғалім мен тәрбиешілердің бақылауында болады.

Дене тәрбиесі сабағы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептердегідей өткізіледі. Сыныптан тыс жұмыстарға, спорт түрлерінен секцияларға, жалпы дене дайындығы топтарына  мүмкіншілік болғанынша барлық  оқушылар түгелдей қатысуы тиіс. Бұл шаралардан тек  қана дене тәрбиесі сабағынан босатылған және арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылар ғана босатылады.

Мектеп – интернаттарда күн тәртібі өте қатаң орындалады.  Күн тәртібінде міндетті түрде таңғы гигиеналық гимнастика, сергектік сәттері, денсаулық сағаттары, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығулары және спорт түрлерінен секциядағы  жаттықтырулар орындалу қажет. Спортты насихаттау үшін дәрістер, әңгімелер, сынып сағатары, диспуттар, спорт мерекелері, спорт кештері өткізіліп тұру керек.

Мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің  (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.

Сыныптарда оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі  мұғалімі, спорт  бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың  бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет.

Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы  ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе, дене дайындығы  жоғары және төмен  оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелілік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын  бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар  беру секілді  жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.

Мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің  тағы бір әдістемелік ерекшелігі – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру.  Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән  берілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506 бұйрығында: «5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек», — деп жазылған министрліктің  осы бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып,  құрал-жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіліп жатса өте дұрыс болар еді.

Жаттығуларды музыкамен орындаған екі есе әсер мен кремет көңіл-күй сыйлайды.

Секіру мақсаты:

а) шығармашылықты көлденеңінен лақтырып, екі қолмен қағып алуға және жүгіріп келіп бір аяқпен серпіліп ұзындыққа секіруге үйрету.

ә) батылдыққа, ептілікке, мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

б) секіру арқылы қимыл-қозғалысын жетілдіру.

Спорт құралдары: Құм толтырылған шұңқыр, өлшеуіш, балалар санына сай сай шығыршықтар.

Дайындық бөлім:  Балалар аяқтарының ұшымен, өкшемен жүріп, оң, сол жақтарымен секіру, жүгіру және теріс қарап жүгіру. 2-3 минут тоқтамай жүгіру. Қолдарына шығармашылық алып, үш топқа бөлініп, жаттығулар орындайды.

Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу (7-8 рет).

Аяқты қатар қойып, тұрған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).

Аяқты алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).

Негізгі тұрыста жерге тигізіп ұстап тұрған шығыршықтан аттап өтіп қайтадан бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет).

Шығыршықты жерге жатқызып қойып тұрған бастапқы қалыпта, оны табанның ортасымен басып айналып жүру (2-3 рет).

Қолды белге ұстап, тұрған бастапқы қалыпта шығыршықтың ішіне секіріп түсіп, қайта секіріп шығу (1-2 минут).

Жай жүріп дем алып, дем шығару

Негізгі бөлім: Спорт алаңындағы секіруге арналған жерге келіп, бірінің артынан бірі тұрып, 3-5 метр қашықтықтан жүгіріп келіп бір аяғымен серпіле неғұрлым алысқа секіруге жаттығу.Секіруге арналған шұңқырдың шетінде бір-бірден тұрып, қос аяқтап секіру арқылы сыныптағы ең жақсы секіретін оқушыны анықтау.

Секіртпемен орындалатын жаттығулар: Ара қашықтықтарын 2-3 метр етіп тұрып, бір бала шығыршықты екінші бір балаға көлбете лақтырып, екі қолмен ұстауға үйренеді. Мұнда батылдық, ептілік жасап, шығыршықтан жасқанбай ұстауға дағдыландыру керек. Содан соң шығыршықты белдеріне салып айналдыруға үйренеді.

Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып, шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут). Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп, үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Әр баланың көрсеткен нәтижесі журналға жазылды.

Қорытынды бөлім: Алаңның екі жағынан қарама-қарсы 9 шығыршықтан жерге қатар тастап қойып, балалар алаңды айналып жүріп келе жатып олардан біртіндеп қос аяқтап секіріп өту. Шығыршықты бір-бірлеріне дөңгелетіп, ұстап ойнау. 2-3 минут.

«Секіртпемен секіре түс» ойынын ойнау, сапқа тұрғызу, сыныпқа апару.

«Секіртпемен секіре түс», «Кім шапшаң» секіріп жетеді? Командаға бөлініп, межелі жерге дейін секіріп бару.

«Кім ұзақ секіреді?» Балалар екі-екіден бөлініп, әр түрлі жаттығулар жасап, ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе, сол ұтады.

Бұл ойындарды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек. Ондай жаттығулардың мынадай түрлері бар: қос аяқтап секіру, сыңар аяқтап, алма кезек секіру, аяқты қайшы қойып секіру, отырып секіру, екеулеп қол ұстасып секіру, көзді шарт жұмып секіру, теріс айналып тұрып секіру, қолды қайшы ұстап секіру.

Жүрелей секіру — ойын мектеп ауласында, спорт залында ойналады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Таңдалған алаңға бір жарым метрдей ұзындықта екі қатар көлденең сызық сызылады. Сол сызықтардың қарсы алдына тұспа-тұс он метрдей жерден екі шеңбер сызылады.

Әр топтан екі-екіден ойыншы шығады да, өз тобы жақтағы көлденең сызыққа келіп жүресінен отырады. Бастаушы белгі берген кезде, екі-екіден қатар отырған ойыншылардың оң жақтағысы жүресінен отырған күйі қарсы алдындағы шеңберлерге секіріп барып кері оралуы керек.

Әлгі ойыншы ілгері секіріп кеткенде, оның орнын қасындағы ойыншы басады да, тағы бір ойыншы сол қатарға келіп отырады. Жүрелей секіріп ойыншы сызыққа жеткен заматта, келесі ойыншы жарысты әрі жалғап әкетеді. Ойын барлық балалар секіріп болғанша жалғасады. Секіріс кезінде жиылып қалса немесе тізесін жазып түрегеп кетсе, ұпай саналмайды. Әр ойыншыға бір ұпай саналуға тиіс. Қай топ көп үпай жинаса, сол жеңіске жетеді. Ойын төзімділікті, дененің шымырлығын қажет етеді.

Серуендеу, дене Адамның ақыл-парасатын, ойын жетілдіреді.

Адам жүргенде, бір жұмыспен шұғылданғанда, автокөлік жүргізгенде, дене шынықтырумен айналысқанда, өзіне массаж жасағанда, билегенде денесі үнемі қозғалыс үстіне болады. Түнде ұйықтап дем алғанда да дөңбекшіп, бір қырынан екінші қырына аунағанда да аяқ, қолы, басы мен кеудесі қимылдайды. Яғни, адам денесінің қозғалмайтын кезі жоқ. Ол сыртқы, ішкі әсерлерге де тітіркенгіш. Мұның бәрі дененің дамуына, ағзаның үйлесімді жетілуіне әсер ететін жағдайлар. Негізінен, серуендеу, дене шынықтыру жасау адамның ақыл-парасаты мен ойын да жетілдіреді. Біз енді соған тоқталсақ.

Серуендеудің пайдасы. Шығыс медицинасы қашан-да «Демалыс – жалқаулық емес, жан еңбегі» деген қағиданы ұстанады. Иә, әрбір адам кешкілік жатар алдында ауа-райы қолайлы болса далаға шығып, жаяу жүріп қайтса, немесе белгілі бір уақыттарда саябақты, көшенің көрікті жерлерін аралап серуендеуді тұрақты түрде әдетіне айналдырса, ол оның денсаулығына өте пайдалы.

  1. Серуендеу уақыты. Мамандардың ақыл-кеңесі бойынша, таңертеңгілік 6 шақырым, кешке ұйықтар алдында 6 шақырым табиғат аясында серуендеу адам бойына мол күш-қуат береді, ағза таза ауамен тыныстап, көңіл-күй сергиді, өкпе, жүрек, қан жүйесі жақсы жұмыс істейді, шаршағандық басылады. Егерде мұндай серуендеуге уақыт жетіспесе, таңертең, кешке 30 минуттан серуендеп, 3 шақырым жаяу жүріп қайтқан дұрыс. Серуендегенде қатты жүрмей, ақырын адымдап, жан-жағыңдағы табиғат көріністерін, қала ғимараттарын, түрлі-түсті көше жарығын тамашалаған оңды әсер етеді.
  2. Серуендегенде тыныстау. Жылдың қай мезгілінде де далаға шығып серуендегенде ауызды жауып, танау арқылы терең тыныстаған дұрыс. Ауадағы магнит қуаты танаудың кілегей қабығында жиналып тұратындықтан, танаумен тыныстаған кезде ол ауамен өкпеге жылжып, денеге тарайды. Дәрігерлердің дәлелдеуінше, осынау магнит қуаты-адам жүйкесінің бірден-бір нәрі болып саналады. Және де таза ауада танаумен тыныстау-шаршаған, жұқарған жүйкенің шипалы емі.
  3. Серуендегі қимыл, тыныстау тәртібі. Далада серуендеп келе жатқанда бұғананы (ключица) барыншы ілгері ұмсындыра, көтере ұстаған жөн. Мойыныңыз түзеліп, басыңыз тіктелсе, омыртқаңыз да түзеледі. Бұл терең тыныстауға жақ-сы жол ашады. Мұндай жағдайда адам өкпесінің жоғарғы бөлігімен дем алады, ал өкпенің төменгі бөлігі өздігінен желдену мүмкіндігін иеленеді.

Тыныстаудың тиімді тағы бір әдісі мынандай: сол аяқтың адымын бір, екі, үш… деп алты адымға жеткізеді. Алдыңғы үш адымда тыныстайды да соңғы үш адымда тыныс шығарады. Тыныстау мен тыныс шығару арасында үзіліс жасалмайды. Бұл жаттығуды оң аяқтан бастап, тыныстану тәсілін жаңағыдай жасауға да болады. Адамдар өзінің жағдайына, қалауына қарай тыныстау мен тыныс шығару ырғағын төрт адымға түсіреді ме, әлде сегіз адымға көбейтеді ме, өзі біледі.

Егерде әрбір адам осынау серуенге шығу, тыныс алу тәртібін қатаң сақтап, далада, таза ауада қыдыруды әдетке айналдырса, екі-үш күннен соң ыңқыл-сыңқылдан арылады, таңертең ұйқыдан тұрғанында сергек сезінетін болады. Тек, есте болатын бір жағдай: серуендеуді бастаған алғашқы күндері көптен бері қалыптасып қалған тіршілік тынысының өзгеруіне байланысты адам-ның ұйқысы бұзылып, сәл тынышсыздануы мүмкін. Алайда екі-үш күннен кейін бәрі де қалпына келіп, жағ-дай жақсарады.

Біз енді дене шынықтыру туралы әңгіме қозғамас бұ-рын әрбір адам білуге тиісті денсаулық қағидасына тоқталсақ. Адамдардың серуенге шығуы да, дене шынықтырумен айналысуы да денсаулығын жақсарту үшін ғой. Сондықтан да денсаулық қағидасын білудің маңызы зор.

Денсаулық қағидалары:

«1. Үйіңе таза ауа көп кірсін, Күннің сәулесі көп түссін. Саламаттықты сақтау үшін таза ауа, Күннің шуағы өте қажет нәрсе.

  1. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкіре-гіңді, арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр, көнбісті боласың. Денеңді таза ұстап, жұмасына бір рет жылы суға шомыл.
  2. Күннің шуағынан жылын-ған суға түс, шомылуға қолайлы уақыт — сәске мен намаздыгер (екінті) арасы. Тал түсте Күн қызып тұрғанда суға түспе, шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға түспе, қызып, терлеп тұрып суға түспе, әуелі қызуыңды басып, теріңді кептір. Жылы, тынық күні судан шыққан соң біраз жалаңаш отыр, үстіңе күн тиіп тұла бойыңды жел қақсын. Өте жылы су, әсіресе, күнде жуынғанда адамның қанын тасытып, денесін босатып нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Денеңді таза ұстау үшін іш киімді жиі ауыстырып тұр.
  3. Ішкен, жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шай. Аузыңды таза ұстасаң тіс ауруының көбінен құтыласың. Күн сайын тісіңді мисуақпен (тіс тазалағыш) жақсылап тазала. Мисуақтың қылы тым қатты, не өте жұмсақ болмасын.
  4. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (ойна, жүгір).
  5. Өте жылы киінбе, ба-сыңа жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста.
  6. Денеңді тар киім, белбеу, түрлі баумен байлап қыспа.
  7. Аяқ киімнің (етіктің ұлтаны табаныңа лайық болсын) өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше зиянды болады.
  8. Киімің, әсіресе, шұлға-уың, байпағың (шұлығың) суланса шапшаң шешіп тастап, құрғақ киім ки.
  9. Өте көп ішіп, жеме. Бұзылған астан, сіңбейтін тамақтан, әсіресе, тәттіден қашық бол. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты реттеп ішіп, же. Күніне үш мезгілден артық тамақтанба. Уытталған тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сықылды нәрселерді асқа көп салма. Арақ, боза сықылды есірткіш нәрселерге жолама, шикі, шала піскен етті, жемісті жеме.
  10. Ерте жат, ерте тұр. Оянсымен төсектен тұрып кет.
  11. Кешке ұйықтардың алдында ауыр жұмыс істеп шаршама. Болдырған кісі дұрыс ұйықтай алмайды.
  12. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалысы — ұйқы. Түнде ұзақ отырып істеген ми адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ қылады.

Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулікте емшектегі балаға он алты — жиырма сағат, он-он екідегі балаға тоғыз сағат, бозбалаға сегіз сағат, үлкен кісіге алты — жеті сағат ұйқы керек. Наша шекпе, көкнар (апиын) ішпе, әйтпесе диуана боласың».

Дене шынықтырудың пайдасы.

Кейбіреулер дене шынық-тыру мәдениетіне мән бермейді, оны басқа мәдениет түрлерінен төмен қояды. Бұл дұрыс емес. Адам өз денсаулығына бала кезінен көңіл бөлуге тәрбиеленіп, оны шынықтырумен айналысса, сымбатты, денсаулығы мықты азамат болып өседі. Орыстың терапиялық мектебінің негізін қалаушы ғалымдардың бірі М.Я.Мудров осы орайда былай деген: «Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы».

Амал не, көбіміз деніміз сау кезінде дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың пайдасын бағаламаймыз, еңбек пен демалысты алмастырып отырмаймыз. Мұнан жүз жыл бұрын жер бетіндегі барлық жұмыстың 96 пайызын адамдар өздерінің бұлшық еттерінің күшімен атқарса, енді бәрін де техника жүзеге асырады. Бұл да адамдардың аз қозғалуына әкеліп соқтыруда.

Ғылыми зерттеу деректері бойынша, дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдар онымен анда-санда бір шұғылданатын адамдарға қарағанда сирек ауырады, дәрігерге сирек қаралады. Негізінен, спортпен айналысатындар онымен ай-налыспайтындарға қарағанда шамамен дәрігерге төрт есе сирек қаралатын көрінеді. Және де дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі шұғылданатындар онымен жүйесіз шұғылданатындарға қарағанда дәрігерлік көмекті екі есе сирек, ал оны біржола керек қылмайтындарға қарағанда 3 есе сирек қажет етеді.

Дәрігер-ғалымдар дене шынықтыру туралы:

  1. Дене шынықтыру жаттығулары қан қысымының жоғарылауын төмендетеді, төмендеуін жоғарылатып отырады, қандағы холестерин құрамын қалыпқа келтіреді, тұз алмасуын бір мөлшерге түсіреді.
  2. Дене жаттығулары процессінде сыртқы қолайсыз факторларға, радиацияға, індетті ауруларға, ауа-райы температурасының құбылмалылығына тұрақтылық, тежеу берушілік пайда болады.
  3. Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу қан жасалу жүйесінде жағымды терең өзгерістер жасайды: гемоглобиннің саны артып, ақ қан формуласы тұрақтанады, ферментті жүйелердің әрекеттілігі артады.
  4. Денесі жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда оттегі жеткіліксіздігін жеңіл көтереді.
  5. Төрт сағат бойы қозғалмай тұруға мәжбүр болу дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдарға анағұрлым аз әсер етеді.
  6. Дене қозғалысы жас сәбидің сөйлеу органының өте тез және дұрыс қалыптасуына зор мүмкіндік ашады.
  7. Денесін жақсы шынық-тырған адамдардың 80 пайызы ұшақты ұшыру техникасын игеруде өте жақсы баға алады. Ал дене шынықтыруға әзірлігі қанағаттанарлық деген бағамен белгіленгендердің өте жақсы баға алатындары 47 пайыздай ғана.
  8. Мидың жұмыс қабілетін жоғары ұстау үшін арнайы «ми гимнастикасын» жасау өте пайдалы.
  9. Дене шынықтыру жаттығулары психикалық қызметке екі түрлі әсер етеді: 1. Оның өсуіне мүмкіндік береді. 2. Ой еңбегі қабілеттілігінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
  10. Бір қалыпты, мөлшерлі әрі дағдылы дене қозғалысы жұмысқа қабілеттілікті екі есе арттырады.

Ой еңбегі және дене шынықтыру.

Шаңғымен сейілдеп, жеңіл қол жұмысымен шұғыл-данғанда ой қызметі үйлесімді болады. Ой еңбегімен айналысатын орта жастағы дені сау адам аптасына ең кем дегенде 8-10 сағат уақытты дене шынықтыру жаттығуларына бөлуі қажет. Шамамен, денеге түсетін күшті мынандай етіп бөлген тиімді: демалыс күні – 2-3 сағат (шаңғымен немесе жаяу туристік жорық жасау), аптаның орта шенінде – 1-2 сағат (коньки, есу, велосипед тебу), күнделікті 10-15 минут таңертеңгі гимнастика және 30-40 минут жүру (жұмысқа барғанда және жұмыстан қайтқанда) керек. Денеге түсетін салмақты осылай етіп бөлуді еңбек, демалыс, тамақтану режимімен сәйкес жүргізгенде адамның көңіл күйі жақсарады, ой еңбегі барынша жемісті болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ГРЕК-РИМ КҮРЕСПЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

2.1. Грек-рим күресінің әдістемелік ерекшеліктері.

 

Дене шынықтыру жаттығуларының дәстүрлі түрлері:

  1. Аяң. Адамның аяңдап (бірқалыпты) жүруі (бір орында тұрып жүруге де болады).
  2. Керілу жаттығулары. Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желкеге қояды, сосын бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жанға қарай созады, содан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Ырғақ: 1-2 – керілу – тыныс алу; 3-4 – бастапқы қалыпқа оралу, дем шығару.
  3. Қол және иыққа арналған жаттығулар: а) жанға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ію және қайта жазу; ә) осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау; б) қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау; в) түзу қолды айналдыру; г) қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; д) бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де осы қимылдар бірнеше қайталанады; е) екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді.
  4. Дене тұлғасына арналған жаттығулар: гимнастиканы бастарда аяқтың арасын алшақтау ұстайды, қолды мықынға немесе иыққа қояды: а) денені екі жаққа кезек бұру; ә) оң мен солға кезек иілу; б) алға иілу; в) екі аяққа кезек иілу; г) денені мықын арқылы ырғай қозғалу.
  5. Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Бастапқы қалып – орындық-тың шетіне отырып, жиегінен ұстайды: а) тізені бүгіп, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады да, біртіндеп төмен түсіреді; ә) аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді; бір аяқты алма-кезек тізені бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.
  6. Аяққа арналған жат-тығулар. Аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып: а) аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі; ә) аяқтың ұшымен көтеріліп, содан соң төмен түсерде жартылай иіледі; б) бір нәрсеге қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды; в) бастапқы қалыптағыдай қолды белге таянып, одан кейін оны екі жанға қарай созып бір тұрып, бір отырады; г) қолмен таянып тұрып, аяқты алма-кезек жан-жаққа сілтей қозғайды.
  7. Бүкіл дененің бұл-шық еттеріне арналған жаттығулар. Бұл жат-тығуларды әртүрлі қалыпта орындайды: а) аяқты созып жіберіп, екі қолмен жер тірей жатады (бұл кезде дене жерге тимеуге тиіс), одан кейін бастапқы жағдайға қайта келеді; ә) аяқты алшақтау ұстап (екі қол белде), оң қолды жоғары көтеріп сол жаққа иіледі, одан кейін бастапқы қалыпқа оралып, осы қозғалысты екінші жаққа қайталайды; б) әуелі түрегеп тұрып, содан соң отырады, одан кейін аяқты артқа жіберіп, қолмен жер тірейді, қайтадан бастапқы қалыпқа келеді; в) денені оңға қарай бұрып және сол аяқты иіңкірей оң аяққа сол қолдың саусақтары жеткенше еңкейеді, сосын бастапқы қалыпқа қайта келеді.
  8. Секірулер. Секірудің мынандай түрлері бар: а) аяқ бірге, қол белде; ә) сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру; б) аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру; в) секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек аустырып қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау; г) әр аяқпен алма-кезек 2-4 реттен секіру; д) әуелі екі аяқпен, сосын бір аяқпен секіру, сонан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты.

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.

Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар

Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті

 1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада  атлетиканың дамуына  үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.

 1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.

 1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.

Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.

Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.

Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.

Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды.

Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты.

 

2.2. Грек-рим күресінің негізгі жаттығуы – кеудемен лақтыру.

 

Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау);20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады;соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м);белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;аяқтың өкшесімен ғана жүгіру;аяқтың ұшымен жүгіру;жүреден отырып жүгіру;сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м);қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.

Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.

Дала жарысы.

Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.

Дала жарысы — кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.Дала жарысының негізгі мақсаты — табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды.Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.

Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек. Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек.

Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.Дала жарысының қауіпсіздік ережесі

Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді.Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді.Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.ЖүзуЖанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.

Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған.

Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады.

Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады.

Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады. Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.

Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.

Содан кейін ғана брасс, болмаса баттерфляй әдісімен малтуға ден қоюға болады.Жалпы жүзуден жарыс бағдарламасына — етпеттен жатып құлаштап жүзу, шалқадан жатып құлаштап жүзу, брасс және баттерфляй жаттығулары кіреді.

Қозғалмалы ойындар. Спорттың ойындардың бір түрі — баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Осы ойын түрінен бүгінде құрлық және әлем біріншілігі өткізіліп тұрады. Халықаралық федерациясы жұмыс істейді.Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады — жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ.

Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.Осындай ойын барысында, нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болсын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, допты торға түсіру, болмаса допты әріптесіңе дәл бере білу, допты алып жүргенде қарсыласын алдап өту, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі.Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді.

Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Волейбол — спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады.Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады.

Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондыңтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындың деңгейін көрсетеді.

Осындай ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы, адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, болмаса допты қарсыласының алақанына алдап тастау, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі. Волейбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оңу орындарының бағдарламасына кіреді.

Арнаулы оңу орындарының студенттері бұл кезеңде волейбол ойынын ойнап, белгілі бір деңгейде дайындықпен келеді деп есептеледі. Сондықтан, бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдерімен таныс, ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Арқан тартыс. Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойыншылардың саны 10 баладан аспағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды.

Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады.

Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі.

 

2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру

 

Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.

Секірулер . Өз бетімен гимнастикамен айналысушылар үшін секірудің түрлерін мынадай екі негізгі топқа бөлуге болады: екі немесе бір аяқтан секіру (яки екі аяқпен кезектесе секіру). Аздаған өзгерістерді қолдың, аяқтың қозғалыстары арқылы реттеуге болады.

Секірудің мынадай варианттары бар: аяқ бірге, қол белде; сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру (2—4 рет бір жаққа қарай, осынша рет екінші жаққа қарай секіреді); аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру; секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек ауыстырыл қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау және қайтадан төмен түсіру, артқа және алға шапалақтау; әр аяқпен алма-кезек 2—4 реттен секіру; әуелі екі аяқпен, содан кейін бір аяқпен секіру, одан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты.

Секіргенде аяқтың ұшымен секіру керек. Бұл, әсіресе, егде адамдар үшін өте пайдалы. Олар денелері зіркілдемес үшін екі аяқпен алма-кезек секіргендері жөн. Секіру — денені неғұрлым көбірек қозғалысқа түсіретін жаттығу. Мұнда организмнің барлық бұлшық еттеріне күш түседі. Бұл — күш түсірудің ең шарықтау шегі, одан кейін оны біртіндеп, төмендету керек, сонда тыныс алу бір қалыпқа келіп, жүрек соғысының жиілеуі де бірте-бірте реттеледі.

1-2 минут аяңдау. Аянды тоқтатар кезде қолды бірнеше рет жоғары көтеріп, терең тыныс алу керек те, одан кейін ақырын ғана төмен түсірген жөн.

Жоғарыдағы келтірілген схема бойынша жаттығулар комплексін таңдап алуға болады. Әрбір жаттығуды бір минут мөлшерінде, орташа қимылмен жасайды. Тынысты емін-еркін алу керек: еңкейгенде, денені бұрғанда отырғанда, қолды созғанда дем шығарылып, қолды көтергенде, түрегелгенде, денені көтергенде, иілгенде терең тыныстаған жөн (тыныс алу және дем шығару кеуденің сығылу және ұлғаю қозғалысына сәйкес болғаны дұрыс). Егер жаттығуды орындау кеудеге еш әсер етпесе, онда ыңғайға қарай тыныс алу керек. Белгілі бір уақыттан кейін жаттығуларды ауыстырыл отыруға болады. Егер кейбір жаттығуларды орындау қиын тисе, оны одан әрі жалғастырудың қажеті жоқ. Жаттығу таңдағанда әр адам өз организмінің ерекшеліктерін ескергені жөн, өйткені дене тынықтыру организмге таза физиологиялық әсер етумен қатар, адамның көңіл күйіне де ықпал жасайды. Сондықтан кейбір жаттығуларды орындау ұнайтын болса, оларды тұрақты түрде істеуге болады. Сонда оның тиімділігі артады.

Бірінші жаттығу: екі қолды барынша артқа жіберіп бір-бірімен ұстастырады да, жауырынмен бірге қимылдатады. Бұл кезде басты шалқайтқан жөн; екі қолды желкеге тарақтал қосып, шынтақтарды және басты мүмкіндігінше шалқайтады.

Екінші жаттығу: жерге етпеттеп жатып, екі қолды желкеге қойып, шынтақ пен басты жоғары шалқайтып, кеудені қайқайып көтеруге әрекет жасайды: етпеттеп жатып, екі қолға гантель алып, қос құлашын созады, осы қалыпта басты шалқайту арқылы кеудені аздап көтеру керек.

Жаттығу кезінде гантельді мүмкін болғанынша жоғарырақ көтереді. 0,5—1 кг-дық гантельден бастап, бірте-бірте оның салмағын 2 кг-ға дейін ұлғайтады. Пенсия жағасындағы адамға денені қозғалысқа келтіретін жаттығулардың барлық түрлерін күн сайын жасаған жөн: саусақ, шынтақ буыны, иық буыны, бас және жауырынды қозғалысқа келтіретін жаттығулар пайдалы.

Денені бұру, аяқты жан-жаққа «сілтеу», иілу, етпеттеп жатып «қайқаю» сияқты және тағы басқа қозғалыстарды қолданған жақсы. Егер таңертеңгілік гимнастиканың жаттығулар жүйесіне бұл қозғалыстардың ешқайсысы енгізілмеген болса, оларды қосымша кіргізген жөн. Алғашында қосымша жаттығулар негізгі жаттығуларды орындауға кететін уақыттың есебінен алынады, өйткені гимнастиканың жалпы мөлшері 10 минуттай аспауға тиіс.

Дене жаттыққан сайын әрбір жаттығуды қайталау саны көбейтіліп, жалпы уақыт 15—20 минутқа дейін жеткізіледі. Мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер үшін дене тәрбиесінің негізгі мақсаты олардың қозғалыстарының бағыттарын анықтау, қозғалысқа икемділіктерін арттыру болғандықтан, оларға арналған жаттығулардың жиі ауыстырылып тұрғаны жөн.

Мектепке бармаған бүлдіршіндер үшін мұндағы ұсынылып отырған жаттығулардың кейбіреулері тым күрделі, сондықтан ең қарапайым, көп қайталанбайтын жаттығулар таңдап алып, олардың орындалуын тұрақты қадағалан отыруға болады.

Балалардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіру үшін мынадай жаттығулар өте пайдалы допты лақтырып жіберіп, қайтадан ұстап алу; допты бір қолдан екінші қолға лақтырып ойнау; 180 және 360 градусқа айналып барып, екі жаққа кезек секіру, екі аяққа алма-кезек салмақ сала еңкею қимылдарын жасау, «жатқан күйде» қолды желкеге қарай жіберу, шалқадан жатып бір қырымен етпеттеп (қолдың көмегінсіз) аунап түсу. Осындай екі-үш жаттығу таңертеңгі гимнастикада міндетті түрде орындалуға тиіс. Гимнастикамен ауасы тазартылған бөлмеле, ал жаз айларында таза ау ада, далада шұғылданған жөн. Киім жеңіл болғаны дұрыс. Гимнастикадан кейін су процедурасын қабылдау керек. (Шынығу мақаласын да қараңыз).

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан — жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес.

Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.

Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады.

Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.

Гимнастика — дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары — спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады.

Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.

Гимнастикамен шұғылдану деген сөз — адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.

Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі — гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.

Гигиеналық гимнастика — денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.

Ырғақты гимнастика — негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады.

Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.

Атлетикалық гимнастика — жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен — жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.

Екіншісі — спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары — керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары — бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.

Спорттың акробатика — жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу.

Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем гимнастикасының орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.

Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті.

Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.

Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс.

Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро.

Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.

Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.

Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек.

Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.

Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар.

Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау); 20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады; соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м); белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту; аяқтың өкшесімен ғана жүгіру; аяқтың ұшымен жүгіру; жүреден отырып жүгіру; сыңар аяқтап секіріп, жүгіру; қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпен жүгіру (20, 30, 40 м); қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу; белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру; белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту; 30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру; 30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту; 30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.

Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.

Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды.

Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек.

Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.

Дала жарысы. Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді. Дала жарысы — кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.

Дала жарысының негізгі мақсаты — табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.

Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.

Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды.

Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.

Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.

Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек.

Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек. Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.

Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.

Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.

Дала жарысының қауіпсіздік ережесі: Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді. Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.

Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді. Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.

Жүзу. Жанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.

Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған. Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ.

 

3.1. Жалпы жұмыстарын ұйымдастыруы.

 

Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.

Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады. Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.

Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады. Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.

Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады.

Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.

Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.

Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды.

Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.

Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын  дамыту үшін,  үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:

— денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;

— негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;

— жігер-күш,  дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.

Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы — дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене  жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.

Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді.

Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы  жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды.

Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.          Осы  барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.

Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары  жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді.

Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық  жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары.
  2. Оқу жұмыстары.
  3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі — сауықтыру шаралары.
  4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық — көпшілік жұмыстары.
  5. Үгіт-насихат жұмыстары.
  6. Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.
  7. Шаруашылық жұмыстары.

 

  6-кесте

 

р/с

Негізгі бөлімдер, бөлімдердің        жұмыс мазмұны

Орындау         уақыты

Орындауға жауапты

                                                   1. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

  1

 Дене тәрбиесінің жоспарлау құжаттарын

 жасау және бекіту:

— жалпы жылдық жоспар;

— тоқсандық жоспар кестелері;

— жылдық спорттық шаралардың

күнтізбе  жоспары

 

 

         Тамыз

 

 

      ДТ мұғалімі

  2

 Мұғалімдер кеңесінде сабаққа

дейінгі гимнастика,  сергектік сәттер,

үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындарын

өткізуді ақылдасу

 

          Тамыз

 

           Әкімшілік,

         ДТ мұғалімі

  3

Бастауыш сынып мұғалімдері мен

күн тәртібіндегі сауықтыру

шаралары, сыныптан тыс жұмыстарды

ұйымдастыру туралы семинар өткізу

 

 

         Тамыз

 

 

        ДТ мұғалімі

  4

Әрбір сыныпқа сабаққа дейінгі

гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы

ойындар өткізу орындарын бөліп беру

 

     Қыркүйек

 

       ДТ  мұғалімі

  5

Сыныптарда сабаққа дейінгі гимнастика,

үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар

өткізу тәртібі туралы әңгіме өткізу

 

  10 қыркүйекке

     дейін

 

Сынып  жетекшілері

 6

 

Спорт түрлерінен жаттықтыру кестесін жасау            

   10 қыркүйекке

     дейін

     ДТ мұғалімі

                                           2.   ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ

  1

 Дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу

   Тұрақты

       ДТ мұғалімі

  2

Ашық сабақтар, семинарлар өткізу,

әдістемелік бөлме ұйымдастыру,

ата-аналарға арнап ашық сабақтар өткізу

   Жыл бойы,

    тұрақты

       ДТ мұғалімі

              3.   ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ — САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ

 

 1

Сабаққа дейінгі гимнастиканы  өткізу

 Күнделікті

 Ұйымдастырушы

   нұсқаушылар 

 2

Ұзақ үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар

мен дене тәрбиесі жаттығуларын өткізу

 

   Күнделікті

 

Ұйымдастырушы

  нұсқаушылар

  3

1-11 сыныптардың жалпы білім беру сабақтарында сергектік сәттерін өткізу

 

   Күнделікті

 

  Мұғалімдер,

   нұсқаушылар

  4

Ұзартылған күн топтарында жаттығулар

мен ойындар өткізу

    Күнделікті

  Тәрбиешілер

             4 САБАҚТАН ТЫС  СПОРТ-КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

 1

 Оқу жылының басталуына арналған

дене тәрбиесі мейрамын өткізу

 

  Қыркүйек

  Әкімшілік

   ДТ мұғалімі

 2

Спорт секцияларындағы,

үйірмелердегі жұмыстарды жүргізу

  Жыл бойы

     ДТ мұғалімі

 3

Мектеп Спартакиадасын өткізу

  Сәуір

Әкімшілік, ДТ мұғалімі

 4

Аудандық жарыстарға қатысу

  Жоспармен

 ДТ мұғалімі

 5

Спорттық жорықтар өткізу

  Маусым

 Әкімшілік,ДТ мұғ.

 6

Президенттік сынама жарыстарына

дайындық және өткізу

  Жыл бойы

Әкімшілік, ДТ мұғ.

                                           5. ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

 1

 Дене тәрбиесі бұрышы, сыйлықтар

мен марапат қағаздар, жоғары

көрсеткіштер, «Мектепетің

үздік спортшылары» көрмелері

 

      Қыркүйек

 

    ДТ мұғалімі

  2

Спорттық кештер, «спорттық

көңілді  тапқыштар»,

«спорттық  білгіштер»

сайыстарын өткізу

 

       Қараша

       Мамыр

 

Әкімшілік, ДТ мұғалімі

              6. ДӘРІГЕРЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР: 

  1

Оқушыларды дәрігерлік тексеруден

өткізу, дәрігерлік топтарға бөлу

 

      Қыркүйек

   Дәрігер, әкімшілік,

        ДТ мұғалімі

  2

Арнайы дәрігерлік топтың

денсаулығын бақылау

     Ай сайын

         Дәрігер

  3

Оқушыларды қорытынды дәрігерлік

қараудан өткізу

     Мамыр

   Дәрігер,әкімшілік,

  ДТ мұғалімі

                                           7.  ШАРУАШЫЛЫҚ   ЖҰМЫСТАРЫ

  1

Спорттық құрал-жабдықтарды жөндеу

     Жыл бойы

  ДТ мұғалімі

  2

Көрнекі құралдар дайындау

   Жыл бойы

   ДТ мұғалімі

 

Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.

Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге  бөлінеді:

  1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.
  2. Тоқсандық жоспар-кестесі.
  3. Әр сабақтың жоспары.
  4. Жоспар-конспект.

Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен  бағдарламаға, ауданның ауа райы және  климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі бетте үлгі ретінде жылдық жоспар-кесте қалай құрастырылатыны көрсетілген.

Келесі  беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1,5,11, сыныптарына арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген. Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр  тоқсандарды алдық. Бұл тоқсандық жоспар-кестелер   мектеп базаларына,  мектеп бағдарламасы мен құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған.

Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына,  мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады.

Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады.

Дене тәрбиесі сабақтарының …  оқу жылына  … тоқсанға арналған әр сабақ жоспары.

Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы кесте түрінде құрастырылады (кестеде):

 

 

р/с

 Сабақ

Міндеттері

Сабақ бөлімдері

 Ескертулер

     Кіріспе

 Негізгі

 Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екінші нұсқада үлкен дәптердің бетіне сабақ  нөмірлері қойылып рет-ретімен жазылады.

 

1-сабақ

  1. Міндеттері
  2. ____________________
  3. ____________________
  4. ____________________

 

2 Өткізілетін орын ____________________

3 Керек құрал-жабдықтар ______________

 

  1. Кіріспе бөлім- 12 минут
  2. Саптық жаттығулар.
  3. Жүру жаттығулары.
  4. Жүгіру жаттығулары.
  5. ЖДДЖ.

 

  1. Негізгі бөлім – 28 минут.
  2. Жаттығу

— Негізгі  жаттығулар.

— Дайындық жаттығулары.

— Жетекші  жаттығулар.

  1. Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары
  2. Дене қасиетін дамыту жаттығулары.

 

III. Қорытынды бөлім – 5 минут.

  1. Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары.
  2. Баға қою.
  3. Үйге тапсырма.

Бұрынғы кеңес заманында да, қазіргі егеменді ел, нарық экономикасы заманында да жалпы білім беру мектептерінде дене  тәрбиесі ұжымдары жұмыс істеді, әлі де істеп жатыр. Дене  тәрбиесі  ұжымының мүшелері – мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы – мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тәрбиесі мұғалімдері.

Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге  дене мәдениетіне, дене тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы,  денсаулыққа  байланыстылығынан. «Басты байлық – денсаулық»,  «Тәні саудың-жаны сау» дейді дана халқымыз.

Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене тәрбиесі мен спорттық  жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға, дене тәрбиесі-сауықтыру шараларына  мұғалімдер мен оқушыларды көбірек қатыстыру. Оларды  тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту.

Тұрақты жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы Ибн Сина: «Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді», -деген.

Дене тәрбиесі ұжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі жарыстарға қатысу мүмкіншіліктеріне байланысты. Өйткені мектеп  жұмыстарының ең маңызды бір көрсеткіші – спорттық жарыстарда мектеп құрама командасының спорт түрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала жарыстарында жүлделі орындар алуы.

Жүлделі орындар  алу үшін, мектеп ұжымы директордан бастап оқушыға дейін жұмыла тер төге жұмыс істеуі керек. Осы көрсетілген екі негізгі міндеттердің өзі дене тәрбиесі ұжымының маңыздылығын, жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді.

Дене тәрбиесі  ұжымы ең алдымен өзінің жылдық,  тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек.

Мектептің  дене  тәрбиесі ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі  мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. Дене тәрбиесі мұғалімі дене  тәрбиесі ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білуі, құжаттарын сауатты дұрыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мектептің дене тәрбиесі ұжымы жұмыс істейді, барлық мектеп мұғалімдері, оқушылар бұл жұмыстарға жұмыла атсалысады.

 

3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.

 

Дене тәрбиесі ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы – 7-10 адам. Кеңес  мүшелері арасынан төраға, төрағаның  орынбасары, хатшы сайланады.

Дене  тәрбиесі кеңесі жанынан  бұқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі  белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құралады. Комиссия жұмысын  басқару кеңес  мүшелеріне жүктеледі.

Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа дейінгі гимнастика,  сергектік сәттері, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары), ұзартылған күн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын, Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік көпсайыс жарыстарын өткізу, дайындау жұмыстарына жауапты.

Спорт шаралары комиссиясы. Спорт шаралары комиссиясы  мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, дене тәрбиесі мұғалімдеріне спорт секцияларындағы жаттығуларды жүргізуге көмектесу, аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын сынып және мектеп құрама  командаларын іріктеу, жоғары көрсеткіштер көрсеткен спортшылар кітабын, спорттық классификация нормаларын орындаған оқушыларды  есепке алу құжаттарын толтыру жұмыстарына жауап береді.

Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы. Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы мектепте және  тұрғылықты жерлерде оқушылармен сауықтыру-дене тәрбиесі, спорттық шаралар  жұмыстарын ұйымдастыруға, қоғамдық спорт  нұсқаушыларын, спорт  төрешілерін, спорт ұйымдастырушыларын дайындау және бағыттау жұмыстарын жүргізеді.

Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы. Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясының жұмыстары: спорт мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға стендтерін, мектеп радиосын, мектептегі әр түрлі көпшілік шаралар кезінде спортшылар көрсетілімдерін ұйымдастыру (спортшылар көрсетілімдері-әр түрлі спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс жаттығуларын көрсетеді. Ол өте  әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс  түрінде жүргізілуі керек). Комиссия әр түрлі көрнекі  материалдар жинау арқылы мектептің дене  тәрбиесі бұрышын жасайды, спорт, сауықтыру  дене  тәрбиесі және салауатты өмір салты туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді.

Шаруашылық жұмыстар комиссиясы. Шаруашылық жұмыстар комиссиясы спорт  алаңдарын, стадиондарын салу, безендіру, стандарттық емес әр түрлі снарядтар жасау, спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс сақтау, жөндеу жұмыстарымен айналысады.

Мектеп дене тәрбиесі ұжымының кеңесі қажеттіліктері бойынша өз  шешімдерімен басқа да комиссиялар құруына болады.

Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы:

— мектеп оқушыларының балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне  қабылдануына ұсыныс  қағаз береді;

— дене тәрбиесі және спорт  мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің спорт  белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар түсіреді;

— мектептің көпшілік жиындарында, спорт  мерекелерінде спортшыларды, спорт төрешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді;

— дене тәрбиесі ұжымының «Құрмет кітабына» дене тәрбиесі спорт жұмыстарының озаттарын жазады.

Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы:

— спорт түрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында жаттығу, жарыстарға қатысу;

— дене тәрбиесі ұжымы кеңесіне  сайлану, комиссия жұмыстарына қатысу;

— мектептің туристік, спорттық құрылыстарын,құрыл-жабдықтарын пайдалану.

Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің міндеттері:

— дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануды және мектептегі білім алуды қатар ұштастыру;

— өзін  тәрбие мен  спорттық этика талаптарына сай ұстау;

— дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарына белсенді қатысу, кеңестің шешімдерін орындау, ұжымның намысын қорғау,  мәртебесін көтеру;

— өз жасына сай Президенттік сынама нормаларын  тапсыруға  дайындық, орындау;

— өзі айналысқан спорт түрінің жоспары бойынша  жаттығу, разряд нормаларын орындау;

— мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу;

— мектептің спорт құрылыстарын, спорттық құрал-жабдықтарын,  құрама командасының спорт киімдерін ұқыпты пайдалану, спорт құрылыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысу;

— дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау;

— өз ағзасының дамуын бақылау және  жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, мектеп медбикесінің нұсқауларын орындау.

Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі тәртіп бұзған, үйде, достарының арасында,  қоғамдық жерлерде,  спорт жарыстарында өзін дұрыс ұстамаған, сабақ үлгерімі нашар дене тәрбиесі ұжымының мүшелеріне әр түрлі тәрбие шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы жаттығуларға уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру, мектептің, сыныптың құрама  командасы мүшелерінен шығару.

Әр мектеп   дене тәрбиесі ұжымының өз кеңесі бекіткен спорттық формасын тіктіруіне, эмблемасын жасатуына болады.

Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс, жақсы ұйымдастыру, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгерімін бақылауға көмектеседі.

Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу.

  1. Алдын ала есепке алу оқушылардың денсаулығын, дене дайындығын білу үшін қолданылады. Ол жұмыстар: оқушының жеке құжатымен танысу, ата-анамен әңгімелесу, дәрігерлік бақылау кездерінде дене тәрбиесі мұғалімінің қатысуы.Жыл басындағы алғашқы сабақтар кезінде оқушының оқуға дайындығын, дене қуаты деңгейін білу үшін әр түрлі сынақ жаттығулары алынады.

2.Негізгі есепке алу түрі – ағымдағы есеп. Бұл есеп кезінде жалпы дене тәрбиесі жұмысының жүргізілуі, оқушылардың сабаққа, спорт түрінен жаттықтыруларға қатысуы, оқу үлгерімі, жарыс нәтижелері бақыланып, есепке алынып отырылады. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын, ынтасын бақылайды, сабақ кездерінде баға қояды. Бапкер жаттығуға қатысуын белгілейді, жарыстарда орындаған нәтижелерін, разрядтарын бақылап, есепке алып отырады.

  1. Қорытынды бақылау және есепке алу әрбір тоқсанның және жылдың аяғында жүргізіледі. Оқушыларға тоқсандық, жылдық баға қойылады, оқу жоспарының қалай орындалғаны тіркеледі, бақылауға алынады.

Есепке алу жүйесінде жоғарыда айтылған негізгі түрлерден басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері қолданылады.

Негізгі есеп алу құжаты мектептің  сынып жорналы болып есептеледі. Жорналда оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі, өтілген сабақ міндеттері, үй тапсырмасы жазылады. Жорналдағы оқушылардың фамилиясы тұсына тек қана сабақта жоқ болса «ж» әрпі және сабақтағы алған бағасы қойылады. Қазір біздің мемлекеттің жалпы білім беру мектептерінде пайдаланып жүрген сынып жорналының мазмұнымен және оны жұмыс барысында қалай толтыру керек екенімен танысайық.

 

Сынып жорналының сол жақ беті

        Пәннің аты…

 

 Оқушының тегі, аты

                                 Айы, күні

1

 

 

2

 

 

3

 

 

 

 

Сынып жорналының оң жақ беті

           Мұғалімнің тегі, аты-жөні…

 

 Айы, күні

 Сабақта не өтілді?

  Үй тапсырмасы

  Мұғалімнің ескертпесі

 

 

 

 

 

 

 

«Сабақта не өтілді?» бағанасына өтілген сабақ материалы қысқа, нақты түрде жазылады. «Үй тапсырмасы» бағанасына мұғалімнің үйде орындауға берген тапсырмалары жазылады. Олар: сабақта үйренген жаттығу техникасын қайталау, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту жаттығуларын орындау, берілген теориялық мәліметтерді пысықтау түрлерінде болады. «Мұғалімнің ескертпесі» бағанасында жеке оқушыға ескертулер, олардың тәртібі, сабақ барысы туралы ескертулер жазылады.

Сынып жорналынан басқа мұғалімнің жұмыс дәптері болу керек. Онда оқушылардың дәрігерлік тобы, спорт түрлерінен тапсырған барлық сынақ және жаттығу техникасын орындау көрсеткіштері, оқушылардың жақсы көрсеткіштері т.б. мұғалімге керек мәліметтер жазылады.

Сынып жорналының ақырғы беттерінде дене тәрбиесі мұғалімі толтыруы керек беттер:

 

Президенттік сынама – тест тапсыру туралы мағлұматтар

 

Оқушының тегі,           аты

 

Д.Ш. дайындық деңгейі

Белгі  түрі және      грамоталары

Президенттік тесті      тапсырған күні     

Президенттік       деңгей

Ұлттық    деңгей

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

           

 

  Оқушылардың дене  дайындығының көрсеткіштері

 

Оқушылардың тегі, аты

Медициналық топ

30-60-100 жүгіру

                 Оқу жылының басында

Қолының күші

 

    Орнынан

      секіру

Нығыздалған     

допты  лақтыру

Тартылу

Дене   дайындығының бағасы

 

сол

 

 оң

 ұлдар

қыздар

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу,  олардың орындалуын бақылау үшін басқа жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы  белгілер қойылып отырылады.  Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны, разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындалған тізімі, жоспардың орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы,

Президенттік  сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген  жұмыстардың  құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке  келген тексеру комиссияларына толық көрсете білу  мақсатында біз барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке  алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік. Сол құжаттардың тізімін, үлгі түрлерін төменде көрсетіп отырмыз.

 

3.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының міндеттері мен мақсаттары.

 

Мектептегі жоспарлау,  бақылау,  есепке алу құжаттарының тізімі.

  1. ҚР үкіметі. Білім және ғылым министрлігі бекіткен дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының арнайы нормативтік құжаттары.
  2. Дене тәрбиесі және спорт туралы заң (Sport 04.01.2000 ж).
  3. Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2007-2011жж. Мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Дене тәрбиесінің стандарты. Авторлар: С.Т. Тайжанов, Ю.Г. Тілеуғалиев.
  5. Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11 сыныптарға арналған дене тәрбиесі бағдарламалары.

II Жоспарлау құжаттары.

  1. Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
  2. Дене тәрбиесі сабағының жылдық жоспар-кестесі.
  3. Тоқсандық жоспар-кестесі.
  4. Әр сабақтық жоспар.
  5. Жоспар-конспект.
  6. Мектептің көпшілік спорт және сауықтыру жұмыстарының жылдық күнтізбелік жоспары.

III Мектептің  дене  тәрбиесі ұжымының  құжаттары.

  1. Ережесі, құқықтары мен міндеттері.
  2. Кеңес құрамы.
  3. Отырыстарының жоспары.
  4. Кеңес отырыстарының хаттамалары.
  5. Оқу жылына арналған жоспары.

3.1. Жалпы жұмыстар мен мәліметтер:

  1. Сыныптардағы оқушылар туралы мәліметтер.
  2. Қоғамдық спорт нұсқаушылары, олардың жұмыс бағыттары.
  3. Спорт төрешілері.
  4. Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі.

3.2. Спорттық жұмыстар мен жарыстар:

  1. Мектепішілік жарыстардың хаттамалары.
  2. Аудандық, қалалық жарыстардың хаттамалары.
  3. Спорт түрілерінен жүргізілетін секциялар мен үйірмелердің құжаттары:

— мектептің спорт секциялары туралы мәліметтер.

— мектептің жалпы  дене дайындығы топтары туралы мәліметтер.

— жоспарлау құжаттары;

— жорналдары.

  1. Есепке алу құжаттары.
  2. Әрбір сыныптың бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының көрсеткіштері.
  3. Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс дәптері.
  4. Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру жұмыстарының өткізуін есепке алу кестесі.
  5. Спорттық жарыстардың құжаттары:

— өткізілген жарыстардың толық құжаттары: мәлімдеме, сұраныс, хаттамалар, бас төрешінің есебі.

  1. Мектеп құрама командасының аудан, қала жарыстарына қатысуы:

— қатысқаны туралы жалпы кесте.

— құжаттары.

6.Мектеп оқушыларының жарыстардағы үздік  көрсеткіштері кітабы.

  1. Спорттық дәреже (разрядтар), атақтар алған спортшылар тізімі.
  2. Спорт төрешілерінің жарыстарға төрелік еткендігі туралы есептері.

9.Президенттік сынама жұмыстарының құжаттары:

— мектеп директорының Президенттік сынама тапсыру комиссиясын бекіту туралы бұйрығы;

—  Президенттік сынама  көрсеткіштерін бағалау кестесі;

— 5,9,11 сынып оқушыларының сынақ түрлері мен нормалары;

— сынақтар және жарыс хаттамалары;

— Президенттік сынаманың қорытынды кестесі.

  1. Оқу құралдары мен жабдықтарының есеп тізімі.
  2. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізуге рұқсат берілгендігі туралы акт.
  3. Спорттық снарядтардың тексеру сынағынан өткені туралы акт.
  4. Мектеп оқушыларының қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы туралы құжат.
  5. Дәрігерлік-педагогикалық бақылау бойынша мектеп директорының бұйрығы.

VII.   Дене тәрбиесі мен спортты көрнекі түрде насихаттау.

  1. Президенттік сынама стенді.
  2. Жоғары көрсеткіштер көрсеткен мектеп спортшылары стенді.
  3. Дене тәрбиесі сабағының сынақ жаттығуларының нормалары стенді.
  4. Салауатты өмір салты стенді.
  5. Спорт түрлерінің қауіпсіздік шаралары стенді.

Қазақша күрестің даму тарихы. Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың көне авторларының жазуынша, Қазақстанның даласы мен таулы айқаптарында сақ, массагет, исседондардың көптеген тайпалары өмір сүрген. Тайпалар арасында және рулар арасында қақтығыстар туындап, тайпалық одақтар құрыла бастады. Бұл туралы тек археологиялық материалдардан ғана емес, жазбалардан да байқауға болады. Бұл қолжазбалар, археологиялық зерттеулер Қазақстанның басты аумағын біздің дәуірімізге дейінгі VII–IV ғасырларда жайлаған тұрғындар, алып тайпа сақтықтар екенін көрсетеді. Олар одақ құрып, көшпелі өмір кешті және мал шаруашылығымен айналысты. Көне грег жазушысы Клавдий Элион жазады сақтарда мынандай салт болған, жігіт тек күресте жеңіске жеткен нен соң ғана үйлене алатын болған. Италияндық Марко Поло Орта Азияға саяхаты кезінде былай деп жазады, сақтар үшін күрес әскери-қолданбалы жаттығу болған, бойжеткендер жас жігіттермен тең дәрежеде күрескен.

 Король Кастилии Генрих-ІІІ тапсырмасымен Орта Азияда болған уақытында Рей Ганзалесс Клавдио құнды деректер келтіреді. Атақты қолбасшы Тимурдың сарайында ол белдесу күресін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдары болған, байқағанымыздай белдесу күресі өте ертеден бастау алады.

Грек-рим күресі әр заманда жаңа атауға ие болған. Нағыз кәсіпқой күресшілер «француз күресі»  деп атаса, әуесқойлар «грек-рим» деп атады. Біздің елімізде 1948 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мен спорт комитеті спорттық күрес түрлеріне екі бірдей атауды бекітті. Француз немесе грек-рим күресі «классикалық» деп, ал «еркін-американдық» «еркін күрес» деген атауға ие болса, сол кезегі «еркін» күрес «самбо»- деген атауға ие болды. Нәтижесінде 1991 жылы «классикалық» күрестің атауы «грек-рим» болып өзгертілді.

 Француз күресінде бәсекелесті белден жоғары қапсыра құшақтап, оны жығу керек. Аяқтан ұстауға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдануға болмайды. Еркін күрес тәсілінде балуан қарсыласының кез келген жерінен ұстап, әдіс орындауда еш шектелмейді. Бұған қоса, аяқтан ұстап алып,  шалып құлатуға  рұқсат.

Ертеде қазақ күресі салмақ дәрежесіне қарамай өткізілген, бұл қатысушыларға тең жағдай тудырмады.

 1938 жылы Алматыда бірінші колхозшылырдың республикалық спартакиадасы өтті. Спортакиада бағдарламасына қазақша күрес күресі енгізілді. Тарихта бірінші рет бұл ұлттық спорттық ойын біріншілігі үш салмақ категориясы бойынша өткізілді.( жеңіл салмақ 65 кг дейін, орташа салмақ 76 кг дейін, ауып салмақ 76 кг жоғары).

 1952 жылы Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында Орта Азия және Қазақстан республикаларының кезекті спортакиадасы өтті. Спортакияда бағдарламасына ұлттық күрестен жарыс енгізілді. Бес туыстас республикалар арасынан ұлттық күрестен жарыс ережелері негізі ретінде қазақ күресінің ережелері алынды, өйткені бұл күрестің жарыс ережелері спорттық күрестің классикалық түрлеріне біршама жақынырақ.

 1955 жылы сегіз салмақ категориясы енгізілді және қазақ күресі күресіне ережелер шықты. Бірінші қазақ күресінен жазба ережелердің авторы М. Рахымқұлов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Америкалық кәсіби еркін күрес (реслинг) – АҚШ, Франция, Италияның кәсіби палуандары арасында кең тараған. Күрестің бұл түрінде күрестің қарапайым киімін киіп күрескен, тұншықтыру әдістерін қолданған. Қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жеткен. Палуандар күресуге шығар алдында канша уақыт күресетіндеріне келісіп алған.

 1904 жылы АҚШ-ның Сент-Луис қаласында өткен ІІ-Олимпиадалық ойындар бағдарламасына бірінші рет еркін күрес кіріп, 47.6,52.1, 56.7, 61.2, 65.7, 71.6, 77.6 салмақ категорисындағы палуандар күресіп, барлық салмақ бойынша АҚШ палуандары жеңіске жеткен.

 1955 жылы елімізде еркін күресті дамыту мақсатында Қазақстан спорт комитеттінің басшылары П.Ф. Матущакты шақыртады. Жоғарғы деңгейлі палуандарды дайындауға А. Купцов пен Х. Гиоев те үлкен үлес қосты. Еркін күрестің елге тез таралуының басты себебін мынадан көруге болады, еркін күрес қазақтың ұлттық күресі қазақ күресіне өте ұқсас.Екеуінде де ұқсас, жақын техника элементтері қолданылады. К. Байдосов Кеңес Одағының Қазақстандағы бірінші спорт шебері болды, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар А. Айханов, А. Габсаттаров, А. Бугубаевтар Кеңес Одағының біріншілігінің жүлдегерлері мен чемпиондары атанды, ал М Мамыров Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болды.

Грек-рим күресіне қарағанда, айла-тәсіл жасау мүмкіндігі шектелмеген еркін күрес Англияда пайда болған. Бірақ, кейіннен Құрама Штаттарға жетіп, сонда жақсы танылған, содан кейін барып дүниежүзіне таралған. Оған, еркін күрестің о баста спорттық жарыстан гөрі, үлкен шоуға ұқсағаны себеп болса керек.

 19 және 20 ғасырлардың шегінде Америкадағы жағдай мазасыздау болды. Бітпейтін жәрмеңкелерде балуандар көрермендердің қанын қыздыру үшін қатыгездікке толы қойылымдар көрсететін. Ол кездегі еркін күрестің техникасы жанға бататын айла-тәсілдерден тұрған, ол әдістердің кез-келгені бүгінде төрешілердің «шашын» ағартқан болар еді.

 Бірақ, көрермендердің көзайымына айналған кәсіпқой балуандар өзін де, қарсыластарын жарақаттауды мақсат еткен емес. Олар жекпе-жекті театрландырылған ойын-сауыққа, шоуға айналдыратын, қарсыластар бір-бірінің қолдарын бұрап, «жандарын көздеріне көрсететін», бірақ әрқашан қауіпсіздікті сақтайтын. Халық да риза, ал балуандар келесі күні де жекпе-жекке қайта шыға алатын.

 Біртіндеп еркін күрес өз ережесі бар спорт түрінде қалыптасты. Ал оның орнына бүгінгі танымал рестлинг келді. Бұл жекпе-жектің спорттан гөрі, театрландырылған қойылымға ұқсайтыны сіз бен бізге құпия емес!

«Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдері» атты бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік деректерге шолу жасалды, мұндағы ең маңызды кезеңдер: ұлттық спорт түрлерінің жастардың дене шынықтыру құралы ретінде танылуы, қазақ күресінен бірыңғай ережелердің қабылдануы, салмақ дәрежелеріне бөлу, Бүкілқазақстандық спартакиадалардың бағдарламасына енгізілу және қазақ күресінен Қазақстан чемпионаттарының өткізілуі, қазақ күрестен дайындау тәжірибесі мен техникасының Қазақстанда еркін күресті дамытуда қолданылуы, қазақ күресінен бастап басқа спорттық күрес түрлерінде жоғары нәтижелерге жеткен атақты Қазақстан балуандары, қазақ күресі жөніндегі ғылыми және әдістемелік жұмыстардың жариялануы, қазақ күресі мамандығының дене шынықтыру және спорт бойынша мамандар дайындау бағдарламасына енгізілуі, осы пән бойынша бағдарламалар мен оқу құралдарының әзірленуі,  төсбелгі және куәлік берілетін «қазақ күресінен спорт шебері» нормативінің енгізілуі.

1928 жылға дейін қазақ күресінің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетіндердің салмағыда ескерілмеді. Сондықтан палуандар жарысына көбінесе ірі, салмағы жоғары батырлар қатысады. Біріктіретін ереже болмағандықтан жарыс жергілікті жерде қабылдыңған немесе келсім шартқа сәйкестірілген ереже бойынша өткізіледі. Осы жылы қазақ күресіне тән бүкіл әдіс, тәсілдерін қамтыған бірыңғай ереже жарияланды [М. Болғамбаев, 1985].

М.Т. Тәнекеев [1973] бұл, 1928 жыл, өзін түрлі спорттық оқиғалармен танытқан деп жазған. Ұлттық спорт және классикалық спорт түрлерінен көптеген жарыстар өткізілген. Соған байланысты, Республикалық дене шынықтырудың жоғары кеңесі қазақ күресінің спорттық жарыстарына бірыңғай ереже бекітті.

XX ғасырдың 20-жылдарына дейiн қазақ күресте салмақ дәрежесi мен жас мөлшерiне қарай бөлу болмаған. Салмақ дәрежесiне және жас мөлшерiне қарай бөлiнiп күресу осы кезенде ене бастады деп жеткізеді Е. Әлімханов [2008].

Қүрес ережелері ел арасында ауызша тарап, оның негізгі шарттарын  балуандар талассыз мойындаған, бірақ арасында бар айырмашылықтарын  алдын ала өзара келісім бойынша белгілеп қабылдаған.

Қазақ халқының әр аймақта күресу тәртіптерінің айырмашылығын алысу киімінен де белгілеуге болады. Мысалы, зертеушілер [Қ.Р. Байдосов, 1987; Е. Әлімханов, 1996 және т.б.] қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш белбеусіз күресу түрін, шапан киіп белбеу буынып күресу түрін, белбеуді жалаңаш кеудеге буынып күресу түрін, күртеше киіп күресу түрін және жалаң аяқ отырып (төрттағанда) күресу түрлеріне бөледі.

Қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша кеңес дәуіріне тарихи жорыққа аттанатын болсақ, бұл күрес түрінен 1928 ж. [Е. Әлімханов, 2008] және 1936 ж. [Б.М. Доскараев, 2009] бірінші және үшінші Бүкілқазақстандық спартакиадаларында жарыстар өтті, ал 1938 жылы бірінші республикалық колхозшылар спартакиадасында жарыстар өтті [М. Болғамбаев, 1980 және т.б.].

Сайып келгенде, кеңестік Қазақстанда спорттық күрестің барлық халықаралық және олимпиадалық түрлері қазақ күресінен гөрі бірнеше он жылдыққа кешігіп, дами бастады (1 кесте).

Грек-рим (кәсіби француз) күресінің тек бір өкілі ғана 20, 30 және 40-шы  жылдарда Қазақстан және Орта Азияның аумағында күшін, өз өнерін белсенді түрде көрсетті, ол Қажымұқан Мұңайтпасов. Бірақ, ең алдымен, қазақ күресі өкілі болғандықтан төрттағандық күрессіз, қарсыласының жауырнын тігізіп бірінші лақтырғанға дейін үстасуларға шыққан, грек-рим күресінен секцияларын ашпаған.1кесте – Әлемде және Қазақстанда спорттық күрестің дамуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

  1. Купцов А.П. (под общ. ред.) Спортивная борьба. Москва. 1978.
  2. Шепетюк М.Н. Совершенствование в спортивной борьбе. Алматы.2005.
  3. Шепетюк М.Н. Обучение в спортивной борьбе. Алматы. 2003.
  4. Туманян Г.С. Спортивная борьба. М. 1985.
  5. Туманян Г.С. Школа мастерства борцов, дзюдоистов и самбистов. Москва. 2006.
  6. Байдосов К.Р. Казахская национальная борьба. Алматы: Мектеп, 1987.
  7. Матущак П. Ф., Мухиддинов Е. М. Казахша курес. Алматы: Рауан, 1995.
  8. Таникеев М.Т. Казахские национальные виды спорта. Современные проблемы. Алматы. 1991.
  9. Таникеев М.Т. Мир народного спорта. Алматы. 1998.
  10. Матущак П.Ф. Наследники Кажымукана. Алматы: Казахстан, 1969.
  11. Матущак П.Ф., Жолымбетов О. и др. Казахша курес: Методическое пособие. Алматы: Казахстан, 1973.
  12. Мухиддинов Е.М. Казахша курес. Алматы: Казахстан, 1984.
  13. Матущак П.Ф. Батыры на ковре. Алматы: Рауан, 1992.
  14. Рахимкулов М.Р. Казахша курес: Правила соревнований. Алматы: Каз. гос. изд-во, 1957.
  15. Галковский Н.М., Катулин А.З.(под общ. ред.) Спортивная борьба. Москва. 1968.
  16. Газета «Sport». № 4313 – 23.11. 2004., № 4418 – 22.11.2005.
  17. Қазақша курес. Жарыс ережесі. Алматы: Туран. 2002.
  18. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы. 1990.
  19. Табаков С.Е., Новик С.А. Инновационные технологии в спортивных единоборствах. М. 2005.
  20. Матущак П.Ф., Болгамбаев М.Х. Классификация, систематика приёмов борьбы казахша курес. Алматы. 1973.

 Қосымша әдебиеттер:

  1. Табаков С.Е., Новик С.А. Оценка соревновательной деятельности в единоборствах. М. 2003.
  2. Блах В., Елисеев С., Игуменов В., Кулик Н., Мигасевич Ю., Подливаев Б., Селуянов В., Табаков С. Биологические концепции в подготовке борцов (самбо, дзюдо). М. 2005.
  3. Лаптев А.Л., Полиевский С.А. Гигиена. Москва. 1990.
  4. Курсовые кейсы и электронные лекции по дисциплине Борьба (вольная, греко-римская, казахша-курес).
  5. Интернет зал КарГУ имени Е.А. Букетова. 8,9 и главный корпус.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

 

Үлгі  түрінде берілген құжаттар

 

1-үлгі

                        Көпшілік-спорт және сауықтыру шараларының

                                   жылдық күнтізбелік жоспары

 

р/с

Өткізілетін      шаралар

Өткізілетін

уақыты

Қатысатын    спортшылар

Өткізуге жауапты адам

 

 

 

 

 

 

 

 

2-үлгі

 

              Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құрамы 200…- 200…  оқу жылы

 

 №

 р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

 

 

Жұмыс орны,    оқитын     сыныбы

Кеңестегі    орындайтын        жұмысы

Тұратын           мекен-жайы

 

 1

 2

 

Аяғанов  Медет  Асылұлы

Баянов    Мұрат  Датұлы

Мектеп директоры,

Дене тәрбиесі

 Мұғалімі

       Төраға

       Төраға

 орынбасары

        Абай д., 15-24

          Арай,  23-45

 

                                                                                                                                        3-үлгі

                Дене  тәрбиесі ұжымы кеңесінің отырыстарының жоспары

 

Тоқсан

 Айы, күні

Күн тәртібіндегі                      негізгі  мәселелер

Орындалғаны              туралы белгі                              

   I

  қыркүйек

 

 

   қазан

 

 

 

  II

 қараша 

 

 

желтоқсан

 

 

  III

 қаңтар

 

 

 ақпан

 

 

 наурыз

 

 

  IV

 сәуір

 

 

 мамыр

 

 

     Қосымша

 

4-үлгі

 

                 Дене тәрбиесі ұжымының … оқу жылына арналған жоспары

 

 №

р/с

Өткізілетін            шаралар

Өткізілетін  уақыты

Өткізуге     жауапты адам

Орындалғаны    туралы белгі

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                             5-үлгі

                        Сыныптар туралы жалпы мәліметтер … оқу жылы

 

 Сын-

  ып

Оқушы-

лар саны

 Оның

 ішінде

 Спорт

 ұйым- дастырушы

                   Жаттығатын мекемелер

                          мен топтар

   Сабақтан

  боса-тылған

Қыз-

дар

Ұл-дар

 

 

ЖДҚД

мектеп

секц.

спорт

мект.

спорт мект.

арн

мед.т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

                                                                                                                                           6-үлгі

Қоғамдық спорт нұсқаушылары

 

р/с

  Аты-жөні

 Оқитын           сыныбы

Кеңестегі орындалатын                          жұмысы

Тұратын      мекен-жайы,       телефоны

1. еркін күрес бойынша

  1.

  Халелов Алмас

     11

       Жаттықтыру жүргізеді

    Шәкәрім, 20-5

      21-14-45

2. грек-рим күресі бойынша

  2.

Абышов Думан

      10

Мектеп құрама командасына

Жауапты

  Абылай, 9-15

      42-13-27

3. дзюдо күресі бойынша

 3.

 Акенов Азамат

      10

 Сабаққа дейінгі гимнастиканы

    жүргізеді.

   Шоқан,  2-44

      26-10-95

 

                                                                                                                                                 Қосымша

7-үлгі

Қоғамдық спорт төрешілері

 

 №

р/с

Аты-жөні

Оқитын  сыныбы

Қай спорт түрінен

Тұратын мекен-жайы, телефоны

 1.

      Жеңісханов Әлібек

            11

Волейбол, шаңғы

            Сәкен, 13-19

 

 

 

 

 

 

      8-үлгі

                            Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі

 

 №

 р/с

 Аты-жөні

 

Сынып

Спорт түрі

Спорт      мектебі

Мекен-жайы,  телефоны

 

 

 

 

 

 

 

     9-үлгі

                 Мектептің спорттық секциялары туралы мәліметтер … оқу

                                                           жылы

 

р/с

 Спорт   түрі

 

Жаттығушылар

       Саны

 Жаттықтыру өткізеді

жаттықтырушы

нұсқаушы

 

 

 

 

 

 

    10-үлгі

 

Мектептің жалпы дене дайындығы топтары туралы                                              мәліметтер …  оқу жылы

 

р/с

ЖДД топтары

(жастарына байлан-ы

    Жаттығушылар

          Саны

     Жаттықтыру өткізеді

жаттықтырушы

     нұсқаушы

         

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

   11-үлгі

               

                   Бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының

                                                   көрсеткіштері

 

р/с

Оқушының     аты-жөні

30 м

Жүгіру   3*10

 

Орнынан

ұзындыққа

  секіру

6 мин

жүгіру

Допты

желкеден

алдыға

лақтыру

Қолдың   қысу    күші

 

       Айы

IX

V

IX  

V

 IX

  V

IX

V

IX

   V

IX

  V

  1

        2

  3

 4

  5

  6

  7

  8

 9

10

12

 13

 14

 15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     12- үлгі

Дене тәрбиесі  мұғалімінің  әрбір  сыныпқа арналған жұмыс

дәптері 200… – 200… оқу жылы

 

 №

р/с

Аты-жөні

Ұзындыққа

секіру

100 метрге

жүгіру

  Ұ  2000

   Қ 1000

Еркін күрес

Грек-рим күресі

 

 Жалпы

 

 

 

К-ш

баға

К-ш

баға

 

  К

 

 Б

  БАҒА

БАҒА

 

 

1

2

А

Қ

 1

2

А

Қ

 А

Қ

А

    Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту:  А — ағымдағы; Қ — қорытынды; К-ш – көрсеткіш; 1-тоқсан басында, 2-тоқсан аяғындағы көрсеткіш;

 

 

        13-үлгі

            Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру

               шараларының өткізілуін есепке алу кестесі

 

р/с

       Шаралар

 Қатысқан

командалар

Қатысушылар

    саны

   Өткізілу

    бағасы

    Ескертулер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                       

                  

    Қосымша

   14-үлгі

 

               Мектеп құрама командасының … оқу жылында аудан,

                                      қала жарыстарына қатысуы

 

р/с

Спорттық       жарыстар

Өткізілу    уақыты

Қатысқан   командалар

Алған   орындар

 Ескертулер

 

 

 

 

 

 

 

        

       15-үлгі            

Мектептің жоғары спорттық көрсеткіштерге жеткен                                                 спортшылары

  1. Спорттық күрес

 №

р/с

 Жоғарғы

 спорттық

 көрсеткіш

 көрсеткен

 оқушы

Жоғарғы

спорттық

көрсеткіш

Қашан,  қай   жарыста  көрсетті?

Спорттық

  разряды

Оқитын

сыныбы

Мекен-жайы, телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      16-үлгі

 

  1. Еркін күрес

  №

  р/с

Жоғарғы    спорттық    көрсеткіш    көрсеткен      оқушы

Жоғарғы  спорттық  көрсеткіш

Қашан, қай    жарыста   көрсетті?

Спорттық   разряды

Оқитын сыныбы

Мекен-жайы, телефоны

 

      17-үлгі

 

 Спорттық дәреже (разрядтар) орындаған спортшылар тізімі

 

р/с

 Аты-жөні

 Сынып

 

 Спорт     түрі

Спорт        дәрежесі

 Қашан, қай

  жарыста

  көрсетті

  Мекен-жайы