АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасындағы неке шарт институтын зерттеу

Мазмұны

 

 

Кіріспе ………………………………………………………………………………………………………2

І Бөлім ……………………………………………………………………………………………………….6

Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке

шартының теориялық маңызы  …………………………………………………………………..6

    1.1. Неке шартының тарихи даму кезеңдері …………………………………………….6

    1.2. Мұсылмандық құқық жүйесіндегі неке шарты ………………………………..10

    1.3. Ағылшын – Американдық құқық жүйесіндегі неке шарты ………………13

    1.4. Неке шартының түсінігі мен отбасы құқығындағы орны …………………14

    1.5. Қазіргі кездегі неке мен отбасын нығайтудағы дәстүрлік неке және                 отбасы  заңдарының рөлі ………………………………………………………………………….17

    1.6. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша ерлі-зайыптылар мүлкінің құқықтық табиғаты …………………………………………………………………….19

    1.7. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен алған табыстары                …………………………………………………………………………………………………………………20

    1.8. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары ……………21

    1.9. Ерлі-зайыптылар алатын зейнетақылар, жәрдемақылар, арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер …………………………………….21

    1.10. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимінің ерекшеліктері ………….22

    1.11. Ерлі-зайыптылардың жеке меншіктері [45,16] ……………………………….30

    1.12. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ………………………………………..30

ІІ Бөлім …………………………………………………………………………………………………….31

Неке шартының құқықтық реттелуі ……………………………………………………..31

    2.1. Неке шартын жасау тәртібі мен мазмұны ………………………………………. 31

    2.2. Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылардың жауапкершіліктері ……….41

    2.3. Неке шартын өзгерту және бұзу ……………………………………………………..42

Қорытынды ……………………………………………………………………………………………..45

    Схема …………………………………………………………………………………………………..50

Бітіру жұмысын жазуға қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер:..51

    Арнайы әдебиеттер:……………………………………………………………………………….51

    Нормативтік актілер ……………………………………………………………………………..53

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздік алғалы бері – қоғам өмірінде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, саяси аймақтары түбірімен өзгеріске ұшырады. Қазақстанда неке және отбасы туралы мәселелер кең орын алуда. Отбасы – бұл қоғам өміріндегі аса маңызды, күрделі бөлшек. Отбасы көптеген қызықтарға толы, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, моральдық фактілермен ұштасып жатады. Олар мәңгі әлеуметтік мәселелерге айналады. Мысалы, балалардың жағдайы, ата-аналарынан айрылып қалған балалар, некені бұзу еркі, жастардың жыныстық қатынастары және т.б. Осы ауыр аспектілерді дұрыс шешу үшін адам өміріндегі отбасыға аса көңіл бөлген жөн. 

Негізгі заң- Қазақстан Ресупбликасының Конституциясында қөоғамның отбасына қатысты мемлекеттің қорғалуында болады деген анықтама бар. Осы Конституциялық қағыда көптеген теориялық жоспарлар мәселесін шешуге көмектеседі. Жаңа реформалар қоғам өміріндегі әлеуметтік институттардың ішкі жағдайын өзгертуге тырысады. Неке- сызықша институты болып табылмайды. Президенттің Қазақстан Республикасының халқына мынандай жолдауы бар: «Қазақстан-2030» Мұнда барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын көтеруге, халықты қорғауды, неке және отбасы институтын нығайтыу керек делінген. Жаңа неке және отбасы заңы қабылданғанға дейін  отбасы заңдарында неке шарты санаулы баптармен ғана қарастырылған болатын. Неке шарты азаматтық құқықтағы шарттың бір түрі болып табылады.

Қазақстанда неке шартын жасау мүмкіндігі 1993 жылдың қазан айынан басталды. 17 желтоқсан 1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңында, «жұбайлардың мүлкінің шарттық режимі» бөлімінде қарастырылған. Қазақстан Ресупбликасының отбасы заңы неке шартын жұбайлардың мүліктік қатынастарын реттейтін шарт ретінде қарастырады, яғни неке шартының пәні жұбайлар арасындағы мүліктік қатынастар болып табылады және басқа отбасылық қатынастар неке шартымен реттелмейді. Неке шартын қабылдар кезде жүргізілген анкета бойынша бастапқы кезде наразылықтар болды. 

Көптеген тұлғалар бұл некеге тұрған кезде жұбайлар арасывнда сенімсіздік тудырады, мүлік туралы дау болса шартсыз шешіледі деген секілді жауаптер берді. Бұрын неке шартын тек қана әр түрлі шетел арқылы білген болсақ қазіргі кезде бұл отбасы құқығының негізгі институттарының бірі ретінде толық құқықтық жағынан реттелген деп айтсақ қателеспейміз. Неке шартының мазмұнын жұбайлардың мүліктік құқықтарына меншікпен байланысты құқықтар мен міндеттер құрайды. Неке шарты арнайы субъективтік құраммен жасалады, яғни жұбайлар арасында. Жұбайлардың бірігіп тапқан мүлікіне шарттық қатынастарды бекіту ҚР азаматтық кодексінде қарастырылған. Отбасы нормалары бұл қатынастарды реттей отырып,

неке шартының құқықтық табиғатын; оның жасалу нысанын;

 неке шартының мазмұнын;

 неке шартының өзгертілуін;

 тоқталыуын; жарамсыздық негіздерін қарастырады.

         Неке шартына екі жақты мәмілелерге қатысты Қазақстан Ресупбликасының Азаматтық кодексінде қарастырылған ережелер қолданылады. Неке шартынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме туралы жалпы ережелер қолданылады. Неке шарты бізде жаңа институт болып табылады. Болашақта бұл шарттың кеңірек қолданылатына сенеміз. Қазақстан Республикасынынң Азаматтық кодексіне сәйкес шарт дегеніміз екі немесе одан да көп тұлғаның азаматтық құқықтары мен міндеттері өзгерту немесе бекіту тоқтатуға бағытталған келісімдер. Берілген анықтама неке шартының мазмұнын да ашады. Неке шартының жасалуы некемен байланысты. Жалпы неке мәселелері отбасы заңдарымен түсіндіріледі. Ал, неке шартының субъектілерінің некеге тұрған жұбайлармен анықталады.

Неке дегеніміз- ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүлікті емес қатынастарды туғызатын отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайына жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ. Неке міндетті түрде азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Неккегше тұру және неке шарты тығыз байланысты институт.

Неке шартының субъектілері жұбайлар болғандықтан  неке шартын жасайтын тұдлғалардың қабілеттілігі некеге тұру қабілеттілігмен сәйкес келеді.

Егерде тұлға неке жасына жетпесе, ол ата-аналарының немес қорғанышыларының келісімінсіз неке шартын жасай алмайды. Неке жасағаннан кейін кәмелеттік жасқа толмағанжұбай толық әрекет қабілеттілікке ие болады және өзіне неке шартын жасауға құқылы.

Отьасы құқығында неке шартының да алатын орны зор. Шарттық қатынастар дәлірек айтсақ, неке шарты көптеген елдерде бұрыннан қолданылып келеді.

Неке және отбасы заңының 38-бабына сәйкес некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі зайыптылырдың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік ұқұқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімі неке шарты деп танылады.

Неке шарты некеге тұрушылар немесе ерлі зайыпты арасында жасалады және ерлі зайыптылардың неке кезінде және неке бұзылған жағдайда мүліктік құқықтарымен міндеттерін анықтайды.

Неке шарты тек екі жақтың ерікті келісімі арқылы жасалады. Неке шарты жағдайында алғашқы пікір таластар болағн кезде, неке шартының қажеті жоқ, ол пайдакүнемдік, азыратуға ниет қоя отырып жасалады деген пікірлерде болды. Бірақ қазіргі кезде бұл институттың тиімділігі, біріншіден ерлі зайыптылар арсындағы мүліктік құқықтары мен міндеттері туралы дауылы мәселені ешқандай даусыз шешуге негіз болды.  Және екіншіден, неке бұзылған жағдайда ерлі зайыптылардың уақытын бекер алмай жұмысын жеңілдетуге негіз болады. Ал, үшіншіден ерлі зайыптылардың некені бұзған жағдайларында өздерінің мүліктік құқықтары мен міндеттері туралы алдын-ала хабардар болуы, төртіншеден, неке шартының ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалу мүмкіндігі және т.б.

Бұл жолға қарамастан неке шарты талап етілмейді деп айтуға болмайды, өйткені территориялық әділет органын және нотариалдық палаталардың берген мәліметеріне сүйенсек неке жасаушылардың саны біртіндеп өсуде.

Мысалы, 1998 жылы Қазақстанда Атырау облысында ең алғаш рет неке шартын бір адам жасаған. Ал, 1999 жылы Қарағанды да, Шығыс Қазақстанда, Батыс Қазақстанда, Орталық және Оңтүстік Қазақстанда 10 неке шартын жасаған. 2000 жылы 40 неке шартын жасаған, олар: Алматыдан-2, Ақмола облысынан-3, Қарағанды облысынан-8, Қостанайдан-2, Шығыс Қазақстаннан-15, Баттыс Қазақстаннан-1, Жамбыл облысынан-1, Павлодар облысынан-5, Маңғыстау облысынан-2, Сорлтүстік Қазақстаннан-2.

Практика жүзінде неке шарты табиғи ерекшеліктерін дұрыс білуіне оның мазмұнын, құқықтық және құқықтық емес аспектілерін субъективтік құрамдарын анықтап білуге мүмкіндік береді. Неке және отбасы заңы диспозитивтік нысанын енгізуі отбасы институтына басты талаптардың ьолуын қалайды. Бұл нормалар неке және отбасы құқығындағы ерлі зайыптылардың жеке мүліктерін модельдеумен, кейін бірге тұрғаннан кейінгі мүліктерді ортақтасып пайдалануына көмек көрсетеді. Неке шарты практикада қолданылуына және болашақта перспективтік дамуына ғылыми тұрғыдан анықтауына мүмкіншілік тудырады:

  • Комплекстік зерттеу мәселелірінң жоқтығы;
  • Заңдар жүйесінің деңгейі толық өңделмеуінде;
  • Отбасы құқығының жалпы теориялық мәселелірінң жеке дамыттыру қажеттілігі және оның әсерінен неке шартынаың ерекше институттарының жүзеге асыру;
  • Отбасы заңдарындағы практикада қолданылатын аса мәнді сұрақтарды анализдеу, көбінесе неке шартындағы дау мәселелерін сот органдары дұрыс жұзеге асыруы.

Қазақстанда неке және отбасы құқығындағы мәселелеріне мынандай ғалымдар өз үлестерін қосты: Ю.Г.Байсин, Б.Б.Базарбаев, А.Е.Беспалова, А.Г.Диднеко, А.Жакипова, У.К.Исханов, Р.А.Козленко, М.К.Сүлейменов, Г.И.Тулеугалиев және т.б. Бірақ соңғы жылдары отбасы құқығына ешкім аса көңіл бөлген емес.

Неке шартының зерттеу пәні-неке шарты азаматтардың мүліктік меншік құқығын жүзеге асыру әдісі ретінде және оны заңи тұрғыдан қорғау кепілі; ерлі зайыптылардың мүлікке қатысты құқықтық жариялау қағидасы мен қайнар көздері, неке шарты субъектісі мен пәні, неке шартын жасау тәртібі неке шартын тоқталуы мен өзгертуі, неке шартындағы жауапкершілікпен мазмұны.

Неке шартының негізгі мақсаты-қоғам өмірінде неке шартының алатын орны мен неке шартын әлеуметтік институт реінде қарау. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі мәселелер қойылған:

  • Неке шартының даму тарихын анализдеу, қазіргі кезеңмен тарихи неке интитуты мен неке шарт қатынастарын анализдеу;
  • неке шартының мәнін ашу;
  • неке шартын жасау өзгерту, тоқтату негіздерін сипаттау жарамсыз деп тану;
  • неке шартының субъектілерінің жағдайын анықтау;
  • неке шарты бойынша азаматтардың құқықтық жауапкершіліктерін ерекшелігін анықтау;
  • шетелдегі неке шартының құқықтық жүйенсін анализдеу.

Зерттеу әдістемесі: диалекті-логикалық, нақты тарихи, тезникалық-заңи салыстырмалы-құқықтық, жүйелі-құрылымдық, фунционалдық әдістемелер қолданылады.

Жұмыстың теориялық негізі: Ғалымдар мен заңгерлердің, теоректиктар мен цивилистердің басқа да ғылым саласындағы ғалымдардың еңбектері көп қызмет жасады. Солардың бірін атап кетсек:- С.С.Алексеева, М.В.Антакольская, Ю.Г.Бассин, С.Н.Белякованың, О.С.Иоффе, Ю.К.Толстой, А.П.Сергеева, В.В.Витрянский, С.В.Боботова, В.А.Мусина, Н.В.Ребянович, В.С.Нерсесянц, Д.М.Чечота, Я.Шаппа, А.Е.Шаврин, Е.Я.Мутовиловкера, М.И.Кулагин, Е.А.Суханов.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Қазақстан ең алғаш рет азаматтық құқық кәсіпкерлігінде неке шартының теориялық және комплекстік мәселелері туралы болып отыр. Осыған байланысты қорғауға келесі мәселелер шығарылуы мүмкін:

  • тарихи мәліметтерге сүйенсек неке мен неке шарт институттарын ұқсатқан, бірақ қазіргі кезеңге байланысты неке мен неке шартын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бір тәртіппен қарауға болмайды.. Неке шарты некеден пайда болды, яғни екі жақтың келісімі қажет және де некеге аксессорлық қатынас сипатында болды.
  • Неке шарты – жеке өзінді азаматтық құқықтық шарт болып табылады. Өйткені оның мақсаты немесе бағыты басқа азаматтық құқықтық шарттарына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, неке шарты өзіне әртүрлі шарттың элементтерін қосып ала алады.
  • Неке шарты келесі топтастырылған белгілермен сипатталады. Конценсуалды өзара қайтарымды каузальды мерзімсіз қатысушылардың пайдасына үлесті.
  • Неке шарты – азаматтық құқықтық шарт тараптарының құқықтық мүліктік режимін құруға, ерлі-зайыптыларының өзара құқықтары мен міндеттерінің мазмұны, отбасы шығындарын алып жүруі, ерлі-зайыптыларының бір-бірінің кірістеріне қатысу әдісі, неке бұзылған кездегі жеке мүліктік емес және мүліктік қатынастарда анықтау туралы мәселелеріне бағытталған.
  • Неке шартының жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуі, яғни бізде құқықтық әдіспенен дұрыс қамтамасыз етілмеуі.
  • Заңда міндетті түрде некеге тұрушылардың шеңберінің дәрежесін анықтауы және неке шартын жасаушылардың нақты тұлға мен мерзімін белгілеу.
  • Неке және отбасы туралы заңына келесі жағдайларды енгізу қажет.
    1. Неке шартын жасау барысында өкілділікке жол берілмеуі.
    2. Борышқор болып табылатын ерлі-зайыптылардың міндеттері туралы несие берушіге яғни оның неке шартын жасасқандығы, бұзғанын немесе өзгеркендігі туралы мәлімет алуы тиіс.

Неке шапртында ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік емес құқық қатынастарына қатысты келесі сұрақтарды реттеуі мүмкін деп танылады.

Ерлі-зайыпталардың жеке немесе бірге тұруына мүмкіндеіктері, туыстары мен бірге тұруына ерлі зайыптылардың бір текті таңдауға өзара келісімдер, профессионалдық жұмыс орны мен  тәртіп режимін таңдауға құқығы, болашақ балалардың санымен тәрбие беру және оқыту туралы, баланы асырап алу жөнінде және суррогаттық мәселелер неке шартының пәні ретінде саналуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Бөлім

Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке шартының теориялық маңызы.

 

  • Неке шартының тарихи даму кезеңдері

Қазақ халық болып құрылмай тұрған сонау ежелгі дәуірлерінен – ақ неке мен отбасына табиғи сұрыптау, тек пәктілігін сақтау, отбасы – ошақ қасы жетекші қызмет атқарған. Болса да, әр дәуірде отбасылық және неке қатынастары құрылымдық жағынан экономикалық, әлеуметтік, рухани өзгерістер әсерінен дамып өзгеріп отырғаны хақ. Қоршаған ортаны адамдардың өздері қалыптастырады. Адамзатқа мыңға жуық әртүрлі құқықтық жүйе белгілі. Ең алғашқы адамзаттың әлеуметтік өмірін қалыптастыру біртіндеп жүзеге асырылды. Адам әртүрлі шығармашылық әрекеттерді жүзеге асырады [3,192]. Неке және отбасы қатынастары біздің көзқарас бойынша миф, өйткені отбасы – табиғат пен мәдениеттің арасындағы компромисс. Адам организмі мен адам ішіндегі «мен» бұл экцентрикалық байланыс болып табылады.

К.Леви – стос былай деп жазады: «Біз ежелгі кездегі отбасының қатаң нысандарына негізделмеуіміз керек». Неке шарты – қоғам өмірінде жаңалық болып табылмайды. Неке шарты әлеуметтік институт болып бірден пайда болған. Кез келген институттың даму тарихына бар. Неке шартының институтын түсіну қиын, егер оның тарихи процессін білмесен. Отбасы институты ең алғаш салт-дәстүр ретінде дамыса, кейіннен нормативтік тәртіп ретінде қалыптасты. Неке – құқық квалификация қатынасының пайда болуына бағытталған шарт. Рим жеке құқығы мынандай тәртіп енгізеді: «Әлеуметтік өмірде рим азаматтары үшін – теңділік пен еріктілік ең маңызды шарттың бірі болып табылады». Әділділік – бұл тұрақтылық пен еріктіліктің ажырамайтын әркімнің құқығы. Құқықтың келесі қағидасы: адамдардың жақсы өмір сүруі, ешкімге зиян келтірмеу және әркім өзінің құқығына ие. Бұл қағидалар неке және отбасы қатынастарында аз және көп деңгейде қолданылады. Неке шарты, біріншіден рим жеке құқығының гносеологиясы деп қарады, осының нәтижесінде институт қалыптасты. Екіншіден, рим жеке шартын – рационалдық, сенімді сипатқа ие. Үшіншіден, неке шарты концепциялары рим жеке құқығынан пайда болды.

Неке шарты – тек мүліктік қатынастарды ғана емес, сонымен қатар ерлі-зайыптылардың мжалпы қатынастарын реттейді. Осының нәтижесінде неке шарты заттық және міндеттемелік шарттармен анықталады.римдегі отбасы – патриархалдық болып табылады:онда билік анықталған, яғни некелескеннен кейін әйелі күйеуінің үйіне барады (pater familias). Отбасы – ежелгі кезеңіндегі сокралдық культ негізінде құралған, (ата-аналар, отбасы мүшесі б.т) және ретроспективтік туысқандық негізде (agnatio тууы). Қандық туыстық идея-(cognatio со-рождение) ежелгі патриархалдық отбасынан бөлек. Осы екі туыстық қатынастарынан – заңдық және табиғи схема қалыптасты: «egenus- species»: кім агнат болып табылса, сол когнат, бірақ керісінше болмауы керек. Неке бұл құқықтық институт, ерлі-зайыптылардың некелесуі – ерікті сондықтан заңи шарт болып табылады.

Некенің филологиялық термині ежелгі орыс лексиконында «брачити»- жақсы нәрселерді өзіне алу.

Неке (nuptial, matrimonium) – еркекпен әйелдің әлеуметтік негізінде құрылған одақ, осы одақтан пайда болған балалардың құқықтық жағдайын және ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары мен мұрагерлік құқықтарын анықтайды. Флейниц Е.А. пікірінше: рим отбасы тарихында екі некенің түрін белгілейді – олар әр түрлі нысанда жүзеге асырылады және ерлі-зайыптылардың мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастары, анасының балаларына қатысты жағдайлары әр түрлі белгіленген [4,332].

Некенің түрлері:

1-ші: «Сum manu» зайыбының жұбайына билік ету (қатаң түрі).

2-ші: «Sine manu» зайбының жұбайына қатысты ешқандай биліктің болмауы, олардың арасында заңи байланыс жоқ.

Хутыз М.Х. «сum manu» некелесудің ең ежелгі нысаны деп табалды [5,592]. Қазіргі итальян романисі Ф.Серраро некенің ең маңызды элементі «ерлі-зайыптылардың некеге тұруға ерік білдіруі» [6,322]. «Sine manu» некесі қарапайым келісім негізінде жүзеге асырылады, заңи акті бойвнша – жігіттің үйіне қызды алып келуі. «Сum manu» некесінен ерекшілігі мұнда күйеуінің еркі өзінде болады. Ал «Sine manu» некесі бір жақты арыз берумен және айырылысудың себептері көрсетілмей ажырасуға құқық беріледі. Некеге тұру алдында құда түсу болады — «sposalial». Ежелгі кезде құда түсу ант беру негізінде жасалды [7,560].

Құда түсу классикалық кезеңде қыз бен жігітке моральдық ауыртпашылық түсіреді. Некеге тұру үшін барлық туысқандардың келісімі қажет[8,684].

Модестиннің некеге берген анықтамасы: «Huptial sunt coniunctio maris et consortium omnis vitae divini et humani iuris communicatio» (Неке — әйел мен еркектің барлық өмірлерінің бірігуі, адам құқығының қосылуы) [9,289]. М.Х. Хутыз римдегі некенің ерекшкліктерін айтқанда — әйелде ешқандай жеке мүліктік құқығы болмаған оның жағдайы өзінің балаларының жағдайына теңестірілген [10,336]. Ал «Sine manu» некесінде керісінше жұбайы зайыбының құқығымен теңестіріледі. Мемлекет римнің жеке құқығын сақтап қалуы мақсатымен, ерлі-зайыптылардың қатынастарына арласқан жоқ. Неке тараптардың мүліктік құқықтарын анықтаған. Ер адам әйелінің қамқоршысы болды. Ерекше режимге қатысты әйелдің барлық мүлкінің тағдыры – отбасының сақталуы мен сақталмауына қарамастан, өздерінде қалды, мұны «dos» – деп атады. М.Х. Хутыз римдердің шарттың түрлерін анықтаған [11,220]:

  1. міндеттемелік
  2. заттық
  3. некелік

Егер ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда әркімнің мүлкі өзінде қалады. әйелдің жасауы мен некелескенде берілетін арнайы мүлікті ажырата білуі керек болды, мысалы: сыйға тарту, мұрагерлік негізінде және т.б. 12 кесте формуласында былай делінген; егер ерлі-зайыптылыр ажырасса өзімен алып келеген мүлкінді өзіңмен бірге алып кет – делінген «Res tuas tibi habeto»[12,286].  

Мүлікке талап арыз – бұл ерекше жеке талап және бұл құқық әйелінің мұрагерлеріне берілді. Сонымен қатар рим құқығында некелесу кезінде неке шарты болған. Егер зайыбы жұбайына зиян келтірсе, онда оған төлемақы төлеп берген . Яғни, «мүлік бағасы – dos austimata». Егер некелесу жүзеге асырылмаса, онда әйелдің жасауын қайтарып беруі тиіс, яғни мұнда төлемақы төленбейді. Мысалы, ажырасқан жағдайда жұбайы сыйға берілген мүлікке зиян келтірсе, онда мүлік зайыбының жағына өтеді.

         Льюс Т.Морган  «Адам үш фазадан өтеді» деген теорияның белгілі авторы.

  1. Жабайы – оған ең алғаш коммунизмді жатқызды.
  2. Варварствалық – оған жануарларды үйрету, ауылшаруашылықты жатқызды.
  3. Цивилизация – оған моногамдық отбасы, мемлекет, жеке меншік, жазуларды өңдеу және т.б

Некенің үш нысаны адамның үш түрлі кезеңіне қарай дамиды. Мысалы, жабайылық кезеңі – топтасқан неке, варварлық екеуден құрылған неке, цивилизация – моногамия. Қосарласқан неке пайда болғанна бастап әйелді сатып алу мен ұрлау нысаны қалыптасты. Моногамдық нысаны жеке меншік негізінде пайда болды – құлдық, әкесінің билігінің әсер етуі, мұрагерлік институт негізінде қалыптасты. Ф.Энгельс гректердің, француздардың, немістердің некесін зерттеу барысында мынаны байқады – яғни, олардың некелері материалдық есеп негізінде жасалады деген[13,15]. Ресейде неке отбасы қатынастарының мәселелеріне совет өкіметі кездерінде ғалымдар ізденушілер аса көп көңіл бөлген емес, яғни олардың некелесу әрекеттері қарапайым нысанда қалыптаса берді. Ресей елінде христиан дінін қабылдағаннан кейін, православиялық шіркеудің өкілеттігін енгізеді, яғни онда византиялық тәртіпке көшіреді. Некені тек екі адам құру керек, өйткені ұрпақты жалғастыру үшін және күнәлік өмірден арылу үшін. Некеге бір рет өмір бойы тұру болды. Христиандық неке — өте қиын болды, өйткені барлық талаптарды орындау керек. «Кормч» – кітабына сәйкес, қыз бен жігіттің ата-анасы алдын ала мүлікке қатысты мәселелерді шешкен. Шырақшы некелесу кезінде неке кітабын берген, оны некелесу кезінде міндетті түрде көрсетуі тиіс. Некеге тұру кезінде міндетті түрде олардың жас мөлшері анықталынған, яғни жігіттер үшін 15 жас, ал қыз бала үшін 13 жаста болуы тиіс. Шырақшылар кәрі адамдарды неке қиуы дәстүрін жасамады. Патша 1-ші Петрдің бұйрығымен 80 жастан асқандарға некелесуге болмайды деген бұйрық шығарады. Некеге тұрушылар арасында жас мөлшеріне байланысты үлкен аралық болмауы керек делінген[14,112]. Жақын туыстары мен және некесі бар адамдармен некелесуге тйым салынған. Некеге 4-ші рет тұруға болмайды делінген. Григорий Великий 1551 жылы канондық құқығында былай делінген: 1-ші неке – заңды, 2-ші неке – кешірім, 3-ші неке – заңды қылмыс, 4-ші неке – таза емес, шошқа өмірі. Петрдің кезеңіне дейін ерлі-зайыптылардың айырылысуына екі жақ келісім берсе, неке бұзылды деп танылды[15,513]. Москвалық кезеңге дейін әйелдердің құқықтары ерікті болды, яғни «эпоха терема» деген кезең басталды. Онда жоғарғы таптағы әйелдер ешкіммен сөйлеспеген, тек өздерінің жақын туыстарымен ғана араласқан. К. Неволин былай деп есептеді: «Ресейде – күйеуі әйелін өлтіруіне құқығы болған жоқ». әйелін өлтіргені үшін күйеу тек жеңіл жарақатын алды, ал әйелі күйеуін өлтірсе, онда тірідей жерге көмді[16,456]. Ал рим елінде барлық құқық күйеуінде болды.

1714 жылы әйелдің жасауы оның жеке меншігі болып саналды. Некеге тұру – алып қашу нысанында жасалса, әйел объекті ретінде қарастырылды, ал некеге тұру – сатып алу нысанында жасалса,онда ол мүлкінің көлемі негізінде шектелінді.

Кез келген қоғамның негізі – отбасы. Біздің ата-бабаларымыздыңтұрмыс тіршілігінде отбасы ең маңызды тіршіліктің буыны деп саналып, оны мықты ұстауға өмірдің өзі мәжбүрлеген дей аламыз. Адамзаттың жаратылысының ең басты мақсаты- адамзат ұрпағының үздіксіз жалғасуын, болашақ ұрпақ болуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылды. Ол қарама-қарсы жыныстағы адамдардың жұптасып, некелесіп отау құруымен қамтамасыз етіледі. Ислам тарихында да бұл жайт айқын айтылады. Адам ата мен хауа анадан туылған Әбіл мен Қабыл, бауырлары мен қарындастары таласып өлтіргені сөз болды. Сөйтіп, «Алғашқы заманда қарындастары ағасының әйелі болған,мұнын өзі әдепсіздікке жатпайтын еді»-деп, К.Маркстің сөзінің жаны бар. Қазақ халқы ұлына да, қызына да бірдей қарап, оларды ешқашан аламаған.  «Қызын қияға, ұлын ұяға» деген мағыналы ұғымға үлкен мән берген. «Он бесте отау иесі» деген қағиданы бетке тұтып, өздері жақсы білетін, аралас-құралас жүрген текті де көргенді жерге құда түсіп, ұлдарын үйлендірген, қыздарын ұзатқан[17,263]. Қазақтар құдалықты қыз бен жігіттің қосылуы деп емес екі отбасының, қала берді екі рудың туыстасуы деп ұққан қазақтар ажырасу үшін үйленбеген.

Қазақтардың ежелгі отбасылық дәстүрлі мен соған қатысты қағида – ережелері халқында мағлұматтар ауыз әдебиетімізде молынан ұшырасады. Мысалы, ата-ана құқықтары, қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, қыз алып қашу, ажырасу, мирас пен мұра, бала асырап алу және т.б. Қазақтар үлкен патриархал отбасының сипаттарын мығым ұстаған. Өйткені, ежелден бері негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз бірнеше үйелмен ұрпақтардан құралып, бірге көшіп, бірге қонбаса, бірігіп еңбек етпесе күйзелген болар еді. Ата баласын жасы үлкен, ақылы мен пайымы мол, көпті көрген ақсақалы басқарған. Бір атадан тарап, өз алдында жеке отау құрған ұлдары мен немерелері барлық істі сол ақсақалмен ақылдасып, оның айтқанын екі қылмаған.

     Қара шаңырақты қадірлеу ата-баба аруағын ардақтаумен бірдей, бәрі үшін қасиетті саналады. Қазақ жеті атаға дейін қыз берісіп, қыз алыспаған. Туыстардың некелесуіне тыйым салған, мұндай (экзогамиялық) заң әлемдегі халықтар ішінде тек қазақққа ғана тән екендігін мақтанышпен айтамыз.

     Тәуке ханның «Жеті жарғысында» еркек 15, әйел 16 жасынан бастап некелесуге ерікті екені жазылған. әйелдің еркектен жасы сәл озып барып тұрмысқа кештеу шығуы үйдің ішкі, сыртқы тіршілігінің бар тауқыметі әйел затына түсетіні себепті болса керек. Қазақтардың құдаласу рәсімі өте күрделі әрі қызық. Кейде бесігінде жатқанда құда түссе, кейде әлі өмірге келмеген ұл-қыздарына да уәделесіп құда бола берген. Неке ісін ата-ана шешеді, ал қыз бен жігіт құлақ асады. Қыз бен жігіттің ата-анасы құдаласуға келісіп, оның белгісі ретінде үкі не сырға тағады. Осыдан кейін заңды некелесу басталады. Қыз әкесі келісімді бұзса, үкі мен сырғаны қайтарады әрі айып төлейді[18,35].

Ежелден бергі әдеп-ғұрып заңы бойынша күйеу жағынан құдалары алдымен құдалыққа барып, «құйрық бауыр жесіп», киіт киеді, мініс мінеді. Ең қыибаты жігіт әкесіне беріледі. Құдалардың келу құрметіне жасалған тойда «ақ қойдың қаны ағызылып, ақ бата жасалады». Құйрық бауыр жесісудің мәні ерекше. Бауыр – күллі нәрсенің жақындығының атауы, туыс-жегжаттың белгісі, бір бауырды бөлісіп жеп, бауырласу мың жылдық құда-жегжат болғанын айғақтайды. Күйеу мен қалыңдықтың біреуі өлген жағдайда да құдалық бұзылмайды. Күйеуі өлсе, қалықдық оның бойдақ бауырына тиеді бірге туған бауырлары жоқ болса, онда аталасына тиеді[19,36]. Күйеудің әкесі ұлына қалың мал мәселесінде көмектесуге тиіс болса, қалыңдық әкесі жасау беруге міндетті. Бұл негізінен киім-кешек төсек орны, кілем киіз, ыдыс-аяқ, үй жабдықтары, киіз үй т.б, ал малдан қыз мінетін ат пен жасау артатын түйе ғана болған. Қалың мал мөлшері мен жасау құралдардың әл-ауқатына қарай өзгеріп отырған. Қалың мал төлеп күйеу кәдесін жасағаннан соң ғана жігіт қалыңдығымен некелесе алған.

 

  • Мұсылмандық құқық жүйесіндегі неке шарты.

 

    Мұсылман құқығы (ал-фикс) кең мағынада ислам жүесінің әлеуметтік нормаларды реттеу және қазіргі құқық жүйесі болып табылады. Мұсылман құқығы Шығыс елдерінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Оның заңи, идеологиялық факторы осы күнге дейін кең орын алуда. Мұсылмандық құқық пен ислам – бұл религиоздық жүйе.

   Мұсылмандық құқық – көптеген ғасырлардың әлемдік құқық мәдени ағымының құқықтық жүйесі. Мұсылмандық құқық мемлекетке ислам діни бар жерлерде ресми қолданылады. Оған: Сирия, Ливан, Иран, Ирак, Афганистан, Пәкістан, Египет, Алжир, Судан, Кения, Камерун, Танзания, Иордания және т.б. жатады[20,160]. Мұсылман елдерінде құқық жүйесі әр түрлі – бірақ оның негізін ислам діні жүзеге асырады. Ислам заңгерлерінің оқуы бойынша шариат – адам өміріндегі барлық құқық жүйесін қамтиды.

Шариат – 11қағидаға негізделеді. Қағидасының бірі –Халал мен Харам бұл алланың әрекеті болып табылады. Келесі қағидасында – құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеті алланың еркі бойынша жүзеге асырылады. Шариат өзіне 3 түрлі алланың бұйрығын алады:

  1. Жалпы құқықтар, исламның әлемдік көзқарастарын көрсетеді. Яғни, индивидтердің әрекеттеріне тәртіп пен бағыт береді.
  2. Ереже – адамның ішкі жан дүниесіне тәртіп.
  3. Кодекс – жеке, отбасылық, экономикалық, және басқа шеңберде адамдардың практикалық тәртібін белгілеу.

Фикс ғылымы 2 негізгі шеңберге бөледі:

1 түбір немесе негіз (усул – құранның қағидасы мен әдістемелері).

2 бұтақ немесе жиынтық (фуру – позитивтік құқық) [21,130с]. Мұсылман құқығының қайнар көзі – Сунна, әрекет, тәртіп, Магометтің болжамдары[22,114с].

3 Иджа – қайнаркөзі, келісім, оқытушы мен заңгерлердің шығарған қағидалары[23,526с].

4 Кийяс – қайнар көзі, аналогиялық тұрғыдан ой бекіту.

Мұсылман құқығы басқа құқық жүйелерінен өзінше ерекшелінеді; термины, нормалары, құрылымы мен құрылысы жағынан. Мәселен, континенталдық европалық заңгерлер үшін мұны алланың әрекеті деп түсінеді.

Мұсылмандар үшін адамның ішкі жан дүниесі дін бойынша ол сүйеніш, ал әлеуметтік ұйымда- отбасы. Мұсылмандар үшін ең жақсы құқық – отбасы болып табылады. Неке және отбасы мұсылмандар үшін ортаңғы орынға ие. Неке – ерлі-зайыптылардың алла алдындағы міндетті деп саналынады. Некеге тұру бұл барлық талаптарды орындау, яғни белгілі бір кәмелет жасына толу, қалым мөлшерін анықтау және т.б [24,154с]. Исламда неке – бұл таза, шынайы әрекет. Некелесу кезінде барлық әрекеттер сақталынуы тиіс:

1 иджоба ве кабуль – жариялау, ерлі зайыптылардың өзара келісімін куә алдында жариялау.

2 неке міндетін орындау да, екі рукет намазын ерекше оқу.

3 неке шартын жасасқанның алдында – неке актісін құру керек және мехра санын анықтау қажет.

          Сиггэ – барлық міндеттер орындалғаннан бкейін және нақты келісім берілген соң, ауызша жарияланатын міндет болып табылады[25,135с].

          Мехр — әйелі неке шартына отырғаннан соң, күйеуінің мүлкінен берілетін мүлік, яғни жасау  [26,141с]. үйлену, неке – мұсылмандардың өміріндегі ең маңызды оқиға және күйеуі әйелінің барлық ауыртпалығын өз мойнына алуы. Біздің ойымызша, әсіресе, мұсылман құқық жүйесінде неке және неке шартының түсінігі ұқсас. Неке көбінесе жағдайда, екі жақты келісім табылады, өйткені әйел еркек үшін заңды болып табылады. Неке шартының мақсаты – ұрпағын жалғастыру. Неке шартын жасау кезінде – міндетті түрде екі куәнің есі, ақылы толық және кәмелет жасқа толған болуы тиіс. Кейбір жағдайда, мұсылмандар некелескен кездері олардың куәлары мұсылман болуы міндет болып табылады. Сирия мен Иордания елдерінде мұсылмандық нормаларына сәйкес – екі еркек немесе екі әйел куә болуы керек. Араб елінде талап арыз мемлекеттік органнан тыс берілсе, белгіленген мерзім ішінде ол міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге тиіс және жазбаша нысанда болуы керек. Бірақ Ирак елінде неке шартын соттан тыс жасау қатаң тиым салынады. 1978 жылғы № 21 егер ер адам соттан тыс неке шартына отырса, онда оны сот 6 айдан 1 жылға бас бостандығынан айырылады немесе 300-ден 1 мың динарға дейін айыппұл төлейді. Егер ер адам некесі болып, басқа неке шартына отырса, онда оған 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Некеге тұру үшін міндетті түрде неке жасы белгіленген. Мысалы, Сирияда, Иракта, Мароккода, Тунисте, Ливанда, Египетте 18 жасқа келсе некеге отыруына болады. Ал Араб елінде ерлер үшін 16 жас, ал әйелдер үшін 15 жас болуы міндет. Кейбір елдерде неке жасы нақты жағдайлармен анықталады. Мысалы, ерлер үшін 10жаста, ал әйелдер 9 жасында жыныстық қатынастары толығымен дамысса, онда міндетті түрде медициналық тексерулерден өтіп, некелесуіне құқық беріледі. Сирия елінде сот екінші рет неке қиыуына рұқсат береді: егер ер адам әйелін толығымен қамтамасыз етсе. Ер адам өзінің екінші неке шартына отыратындығын әйеліне хабарлауы тиіс. Араб елінен қарағанда тунистердің заңы полигамия болуына мүлдем қарсы. Араб елінде шариат бойынша мұсылман мен мұсылман еместердің жасасқан некесі жарамсыз деп танылады. Араб мемлекетінде исламнан бас тартса, онда сот некені бұзады және үйленуге тиым салады. Егер неке шарты барлық талаптарды орындаса, онда неке шарты жарамды деп танылады. Араб елінде неке шартын жасасқаннан кейін, күйеуі некені төлеп алуы (махра немесе вено), туралы ең басты мәселе болып саналады. Заңи көзқарастар бойынша неке шартын жасағанның нәтижесінде махра пайда болады. Заңмен рұқсат берілген заттар мен бағалы заттар, немесе ақша махра деп танылады. Араб елінде махраға қатысты шектеулер қоймады. Сириялық заң бойынша махраның min немесе max мөлшері болмайды. Махраны толығымен немесе жартылай төлеу шарт негізінде және неке тоқталғанға дейін рұқсат беріледі. Егер ерлі-зайыптылардың арасында жыныстық қатынас болса, махра толығымен төленуі тиіс. Егер заң бойынша неке шарты бұзылса және күйеуінің кінәсінен неке бұзылса, онда күйеуі махраның жартысын төлеуге міндетті болып табылады. Ал егер әйелінің кінәсінен неке бұзылса, онда махра төленбейді, ал егер махра шарт жасасқан кейін толығымен төленген болса, онда махра толығымен қайтарылуы тиіс. Қағида бойынша махра көп үлесті құқықққа ие ол — әйел болып табылады. Сирия елінде отбасы құқығы неке шартын жасағаннан кейін күйеуі  міндетті түрде әйелін тұрғын үймен қамтамасыз етуі тиіс. Тұрғын үй барлық талаптарға сай болуы керек. Егерде күйеуінің екі әйелі болған жағдайда, онда екеуі екі үйге орналастыруы керек, яғни екі әйелі бір үйде тұруына тиым салынады. Сонымен қатар, әйелі өздерінің балаларымен ғана тұруы керек. Күйеуінің жақын туыстарына рұқсат етілмейдіж және ерекше жағдай ретінде егер – кәмелет жасқа толмаған болса, әйелімен бір үйде тұруына рұқсат етіледі. Егер әйелі өз үйінде тұрып, күйеуі қай жерде тұрғысы келсе, сол жерде тұрады, әйелі оған ешқандай шектеу қоя алмайды. Неке шартын жасағаннан кейін, күйеуі әйелі үшін жауапты болады. Яғни, әйелінің тамғы, аяқ-киімі және барлық қажетті заттармен күйеуі қамтамасыз етуі тиісболып табылады. Египет заңы бойынша күйеуі әйеліне барлық жағдайды жасауы керек. Бірақ көп жағдайда күйеуі әйелінің мүлкіне қарамастан, әйелін қамтамасыз етуі тиіс. Егер күйеуі әйелін қамтамасыз етуден немесе оны толығымен қамтамасыз ете алмаса, онда сот күйеуінен қажетті соманы өндіріп алады. Көп елдерде егер әйелі күйеуін тындамаса, онда күйеуі оны қамтамасыз етпеуі тиіс, ал егер әйелі бағынса, онда қамтамасыз етуі міндет. Мысалы, күйеуі әйеліне тұрғылықты жерін ауыстыруына байланыстыайтса, бірақ әйелі көнбейтін болса, онда күйеуі қамтамасыз ету жауапкершілігінен босатылады.

Шиитік мазхабалар – уақытша некеге тұруды көрсетеді; сиггэ, никах, мютютэ және мута. Сиггэ, Никах, Мютютэ – бұл уақытша неке, ал Мута – уақытша әйел деп саналады [27,78]. Сиггэ – кәмелетке толғандар мен кәмелетке толмағандардың арасында жасалатын неке шарты. Оның уақыт ету мерзімі – 1 сағаттан бастап 99 жылға дейін некеге отыруына болады. Уақытша әйелдің құқықтары мен міндеттері тұрақты әйелден ерекшеленеді, тяғни уақытша әйелдің мәртебесі төмен болып келеді. Сиггэ неке шарты бойынша некелескендер бір-бірінің мүлкіне мұра болады. Уақытша некеден туылған балалар заңды деп танылады және ата-анасының мүлкіне мұрагер болып саналады. Тұрақты мен уақытша некенің ерекшелігі оның мерзімінде болып тұр. Сиггэ неке шарты Араб елінде исламға дейін болған, бірақ мынандай: » Сиггэ шартына Халиф Омар қарсы «деген пікірлер қалыптасқан.

Бұл шарт мұсылмандар суниті араларында заңсыз деп танылады. Бірақ, Сиггэ шарты мұсылман шииттердің исламында заңды деп қарастырылған. Неке – бұл одақ, тараптардың теңдігі негізінде жасалынады. Неке шарты – классикалық шарт, тараптардың теңдігі негізінде жасалынатын шарт. Неке шартының мазмұны шариат бойынша ерлі-зайыптылардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен қатынастары болып табылады.

 

1.3. Ағылшын-американдық құқық жүйесіндегі неке шарты.

 

1066 жылы нормандар жаулап алғанға дейін, ағылшын саксондық құқық өзінің дәстүрлі құқық қағидаларын көрсете келді. Ағылшын саксондық құқығы өзінің ана тілінде жазылған және  де рим құқығынан тәуелсіз болды. Жалпы ағылшын құқығы Великобританияның құқығы болып табылмайды. Дегенмен Англия елінде қолданылады, бірақ Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия, Манша, Мэн түбектері осылар ағылшындық құқық жүйесіне бағынбайды.

Ағылшын-саксондыққұқығының негізі қайнар көзі ретінде:

  1. салт және дәстүр
  2. заңдылық, яғни кең тұрғыда құқықтық мәртебе деп саналады.

Канцлер жаңа нормалар шығармаған. Ағылшын американдық құқық жүйесі шарттарға аса көңіл бөлген.

«сontract»-«agreement»-келісім, шарт-деген ұғым береді. Англия елінде 1677 жылғы заңына сәйкес «Art for the Prevention of Frand and Perjuries», яғни шартқа міндетті түрде 1 жылына  АҚШ-ң 500 доллар мен жазбаша нысаны талап етілді. [28,704с]. ағылшын-американдық құқықтық шартын жарамды деп таниды, егер қарсы қойылған мүліктік жауаптарға сай келетін болса. Осы бірыңғай неке және отбасы туралы заңы Ұлттық конференцияда 11 штатт елі мақұлдайды. Көп штаттар азаматтық некенің тіркелуін талапетсе, ал басқа елдер муниципалдық қызметтерінен лицензиясының болуын талап етуде. Көптеген көзқарастар бойынша роман-германдық құқық жүйесінен ағылшын-американдық құқық жүйесінің ерекшелігі, оның саясатпен ғана сипатталуында, яғни ішкі істерге ерлі-зайыптылардың жеке мәселелерін кіргізбеуінде болып отыр. Ағылшын заңгері в.Блэкстонның ойынша:  «Құқық — әйел мен еркек некеге отырғаннан кейін бір тұлға болып саналады». Не ағылшын, не американдық әдебиеттерінде  «консорциум» деген ұғымға нақты анықтама бермеген. Консорциум – ерлі-зайыптылардың өзара құқықтары мен міндеттерінің бөлінуі және бір отбасы болып тұруы. Консорциум – отбасындағы ерлі-зайыптылардың бірге тұруындағы ортақ мәселе. Англияда ерлі-зайыптылар мүліктің бөлек режиміне бағынады. Бөлек режим ең алғаш 1882 жылы енгізілді және ол барлық ағылшын отбасыларына бірдей тқолданылды. Осы режим қабылданбай тура, әйелдің жеке мүлкі деген ұғым болған емес. Неке шарты Англияда ең алғаш 17 ғасырда пайда болды. Неке шартының негізгі мақсаты – ағылшын ақсүйек әйелдерінің мүлкін үйленген кезде сақтап қалуы үшін. Ерлі-зайыптылар некеге отырған соң және некеге дейін мүліктері жеке болып есептелінді.

Келісім екі нысанда жүзеге асырылды:

  1. Некеге дейін келісім (ante nuptial contracts. Prenuptial contracts)
  2. Неке шарты (marriage contracts. Marital contracts)

Некеге дейін келісім – болашақ ерлі-зайыптылардың арасында жасалынды. Некеге дейінгі және неке шарты жасалған кездегі шарттардың сот тәртібімен жарамсыз деп танудың болдырмауы үшін келесі талаптарға сай болуы керек:

  1. Тараптар бір-бірінің кірістері мен жеке меншік мүліктері туралы толық хабар алуы керек.
  2. Шартта тараптардың ерікті түрде қойылған өзара екі жақты қол қойылуы тиіс.
  3. Тараптар келісім-шартта жазылған терминдер мен шарттарды толық түсінуі тиіс.
  4. Шарт екі жаққа да әділді болуы тиіс.
  5. Шартта жазылған міндеттемелер анық көрсетілуі керек.
  6. екі жақта да адвокат пен шартты оқу үшін уақыт берілуі керек.

Берілген келісім-шартта мынандай сұрақтар қамтуы тиіс:

  • Егер біреуі қайтыс болған жағдайда, екінші тарап оның мүлкінен бас тартуына құқылы;
  • Егер қайтыс болған тараптың еркінен тыс, өз құқығы негізінде мүлікті алуына немесе алмауына болады.
  • Тараптар ажырасқан кезде, қай мүлік бөлінуге жататындығын және ортақ деп танылуы керек екендігін анық білуі керек.
  • Тараптардың біреуі ажырасқан кезде бөлінетін немесе ортақ мүлікті алуынан бас тартуына құқығы бар.

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Неке шартының түсінігі мен отбасы құқындағы орны.

 

Неке шарты қазіргі таңда бүкіл әлемде кең таралған шарттардың бірі болып табылды. Әсіресе Батыс Европа елдерінде, Канада мен Америкада кең таралған. Бірақ біздің елімізде неке шарты әлі де болса толығымен реттелмеген. Мемлекетіміздің түбегейлі реформа жолына түсуі бұрыннан қолданылып келе жатқан заңдарымызды жаңартып, жаңа институттардың  пайда болуына әкеліп соқтырады. Жеке мүліктік қатынастар адамдардың отбасы құрған кезден бастап қалыптасады [29,27]. Мұндай құқықтық құрылымдар Қазақстан аумағында ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және жеке мүліктік қатынастарды реттеу мұсылмандық құқықпен қарастырылмағандықтан, өз кезегінде әдеп-ғұрып нормаларымен реттелініп келеді.

Кеңес дәуірінде Қазақстанда жұбайлар арасында ешқандай келісім болмаған. Отбасы нормаларында кейін пайда болған неке шарты біз үшін жаңа үрдіс.

Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңның 38- бабына сәйкес, неке шарты дегеніміз – некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім деп танылады [30,38с].

Яғни көріп отырғанымыздай, неке шарты ерлі-зайыптылырдың арасындағы тек мүліктік қатынастарды ғана реттейді.

Неке шарты біздің елімізде кеңінен таралмаса да жұбайлар арасында келең алып келе жатқан өзгеріс. Бұған байланысты болып жатқан даулар да аз емес.

Бұл мемлекетіміз үшін қажет емес, неке шарты ажырасуды көздейтін құбылыс деушілер де бар.

Бұрынғы ҚазССР-нің 1969 жылғы «Неке және Отбасы» кодексінде жұбайлардың мүліктік құқықтық режимі барлығына бірдей анықталған.

Сондықтан кеңес дәуірі кезінде “неке шарты” деген ұғым болған болған емес.

Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі отбасы заңындағы жаңа пайда болған институт болып табылады. Бұл институт ерлі-зайыптылардың неке шартындағы мүліктік қатынастардың (құқықтары мен міндеттерінің) мазмұнын жеке өздері белгілеуіне құқық береді. Неке шартын жасау Қазақстан Републикасы азаматтық кодексінің күшіне енгеннен кейін мүмкін болады. Өйткені, осы АзаматтықКодексінің 223-бабының 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны, не олардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың меншігі болып табылады [31,72]. Осының нәтижесінде ерлі-зайыптылар некеде тұру кезінде жинаған мүлкіне еркін билік етуге құқық алады. Яғни, мүлікке қатысты ерлі-зайыптылардың (мүліктік) қатынастарын императивтік реттеу диспозитивтік реттеумен ауыстырылады және мүліктің құқықтық режимін өздері белгілейтін болады. Бірақ, неке және отбасы заңын қабылдағанға дейін неке шартын жасау қиынға түсетін, өйткені Азаматтық Кодексте көптеген негізгі жағдайлар айтылмаған. Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңының 7-тарауының 2-ші бөлігі түгелімен неке шартына арналған. Бұл заң неке шартын жасаудың барлық аспектілерін қамтиды. (Неке және отбасы заңы 38-баптан 44-бапқа дейін). Неке және отбасы заңының 38-бабына сәйкес некеге тұрушы адамдардың келісі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылмаған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімі неке шарты деп танылады. Неке шартының негізгі құқықтық мақсаты — ерлі-зайыптылар мүлкінің құқықтық режимін белгілеу және болашақ уақытқа ерлі-зайыптылардың басқа да мүліктік қарым-қатынастарын белгілеу болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 378-бабының 1-тармағына сәйкес екі немесе одан да көп адамдардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім шарт деп танылады. Сондықтан да неке шарты Азаматтық кодексте көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек. Талаптар: талаптардың әрекет қабілеттілігі олардың еркін ерік білдіруі, шарт мазмұның заңдылығы белгіленген нысанын сақтау және т.б.

Бірақ та неке шартының басқа азаматтық құқықтық шарттарға қарағанда өзгешіліктері бар. Неке шартының ерекшеліктері оның субъективтілік құрамына байланысты; жасау уақытына байланысты шарттың пәніне және мазмұнына байланысты болады. Неке шарты әрекет қабілеттілігі бар, яғни 18 жасқа толған азаматтармен жасалуы керек. Бірақ неке және отбасы заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Яғни некеге тұру кезінен бастап кәмелетке толмаған ерлі-зайыптылар толық көлемде азаматтық әрекет қабілеттілікке ие болады. Ал бұл шартын жасауға мүмкіндік береді деген сөз.

Сол кезде практикада және өзге нормативтік құқықтық актілерде “неке шарты”-«неке контрактісі» деген тнрминмен қабылданып келген. Бұрынғы ҚазССР-нің «Неке және Отбасы» туралы кодексінің күші жойылған кезде де «неке контрактісі» деген термин қолданыста болды. Қазіргі «Неке және Отбасы» заңы «неке шарты» деген ұғымды қолданады. ҚазССР-нің «Неке және Отбасы» туралы кодексінде 1993 жылы толықтырулар мен өзгертулер қосымша құжат ретінде «неке шарты» ұғымы ең алғаш рет пайда болды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Басқару ұйымдарының заңм қызметкерлердің берген мәліметтері бойынша биыл некеге отырғандар саны 102231; ерлі-зайыптылардың ажырасқандар саны 40521; ал 1997 жылы некеге отырғандар саны 101555 болса, ал осы жылы ажырасқандар саны 35886 болды, ал 1998 жылы некеге отырғандар саны 95617 болса, ал осы жылы ажырасқандар саны 35237 болса, 1999 жылы некеге отырғандар саны 86548 болса, ал осы жылы ажырасқандар саны 26544 болса, 2000 жылы некеге отырғандар саны 89887 болса, ал некені бұзғандар саны 27174-ті құрайды. Осы алған мәлеметтер бойынша мынандай қорытынды жысауға болады, яғни некеге отырушылар мен некені бұзушылар саны 3 есе кемігендігі туралы. Неке және отбасы заңы 1998 жылы 17-ші желтоқсанда ең алғаш рет некеге анықтама берген. Неке концепциясын шарт ретінде шетел мемлекеттерінде көрініс тапты, Е.А. Васильевтің некеге қатысты шетелдегі үш концептуалдық негізгі көз қарастарды айтады [32,517с]:

1 неке-шарт

2 неке-мәртебе

3 неке-бірігіп қызмет жасау (партнерство) ретінде

Мысалға,француз заңгері Жюллио де ла Мораньдер некеге мынадай анықтама береді: «неке шарты» делінген [32,517с]:

Г.Ф. Шершеневичтің пікірі Кантпен ортақтасады. Оның ойынша азаматтық міндеттемемен некенің пайда болу негізі – шарт балып табылады, бірақ неке қатынастары азаматтық міндеттеме болып табылмайды. О.С. Иоффеннің пікірінше неке – бұл шарт емес, ол заңи фактілердің негізінде пайда болады [35,347с]. Г.К. Манвеевтің ойынша неке – бұл одақ ол шарт немесе мәміле емес, неке — әйем иен еркектің негізінде құрылған одақ болып саналады [36,240с]. заң шығарушы «неке» терминінің екі түрлі мағынасын пайдаланады:

Бірінші мағынасы — ерлі – зайыптылар арасындағы қатынастарды туындататын заңи факт болып табылады.

Екінші мағынасы – некеге де тұрушылардың ерекше құқықтық мәртебесі болып табылады.

А.В. Антокольская сенімді түрде дәлелдейді: «неке жасау – бұз өзінің құқықтық табиғаты бойынша азаматтық шарттардан ерекшелендейді және ол шарт болып есептелінеді»-деген [37,366с].

А.А. Иванов былай дейді: «неке жасаудың құқықтық табиғатын анықтаудан бұрын шарт – азаматтық құқықтық болып табылмайды, неке кейіннен жалпы жария қатынастары мен еңбек қатынастарында қолданылады».

Неке екі түрлі мағынада түсіндіріледі:

1-ші заңи келісім болса,

2-сі ерлі – зайыптылардың ерекше мәртебесі.

Неке әрқашанда ерлі – зайыптылардың қатынастары деген ұғыммен сәйкес келе бермейді. Мысалы, нуер тайпасында (судан) әйел бала көтере алмаса, онда басқа әйелден баланы тудыртып, оған ақы төлеу.

Неке және отбасы заңының негізгі қағидалары:

  • Неке әйел мен еркектің ерікті одағы;
  • отбасында ерлі – зайыптылардың құқықтары өзара тең;
  • ерлі – зайыптылар арасындағы отбасылық мәселелеріне бөтен адамға кірісуіне жол бермеу;
  • отбасының ішкі мәселелерін өзара келісім арқылы шешу;
  • отбасы мүшелерінің жақсы өмір сүруіне ықпал жасау;
  • отбасы мүшесіндегі еңбекке қабілетсіз немесе кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • отбасы мүшелеріне өздерінің құқықтарын жүзеге асыруы мен осы құқықты сотта қорғауды қамтамасыз ету.

 

 

 

1.5. Қазіргі кездегі неке мен отбасын нығайтудағы дәстүрлік неке және отбасы заңдарының рөлі.

 

Қазіргі қазақ отбасы мен неке құқықтарына келсек, біртұтас сипаттауға келмейтін әрі сын көтере алмайтын халге жеткен. Сондықтан да, қазіргі отбасы және некеге айтарлықтай өзгерістер жасамаса, бұл өзгерістерді ата-бабаларымыз әбден сыннан өткізген тәжірибелерге сүйене отырып жүргізбесек болмайды. Кешегі кеңес дәуіріндегі отбасы некеге деген қаліпті түбірінен өзгертіп, ұлы өзгерістер мен қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайларға орай отбасы мен неке құқытарын шынайы түрде қайта қарау керек. Сонда ғана қазақ халқының мәдени өмірінде болып жатқан түбірлі өзгерістер мен жаңа қарым-қатынастар отбасылық, некелік қатынастарда өз сипатын алады.

Кеңес өкіметі аяғынан нық тұрмай жатып-ақ, отбасы мен неке қатынастарына ерекше мәне бергені тегін емес. Шығарылған деректер мен заңдар әйелдерге еркіндік желеу етіп, бұрынғы әдет-ғұрып заң нормаларында тәлім-тәрбиелік, имандылық сипаттарын аяққа басуға жол ашып берді. Нәтижеде ер мен әйел арасындығы қатынас шиеленіс кетті. Сөйтіп түт-сипатымен мазмұны мүлдем жаңа кеңестік отбасы қалыптасты. Бұл өкіметі патриархалдық ескілік сарқын – шақтары деп ежелден қалыптасқан әдет нормалары аясыз күрес жүргізіп мал-мүлік, бала тәрбиесі секілді маңызды мәселелердің таласында әйелдердің ар-ұятына, ар-ожданына қайшы деп тыйым салды. Он сегіз жасқа толмағандардың үйленуіне салынған тыйымды кеңестік заңгерлер таптық қатынасты дұрыс реттеу жолында терең пайдаланды. Көптеген ата-аналар бұл реттеуден зардаптар шегіп, бас бостандығынан айрылды. Кеңес өкіметі «Шолақ» белсенділері жеңдерін түріп, бұл күреске қызына кірісті. Отбасына іріткі салынды. Еш нәрсенің байыбына бармай «еркіндікке» уланған қазақ әйелдері шеңберден шығып кетті. Бұрынғы абысын- ажын татулықтырына кірбің түсті. Балдыз алу әдеті соғын тарты. Тіпті басқа діндегілерге үйлену, тұрмысқа шығу белең алды. Әмеңгерлік заңға тыйым салды. Қалың мал төлеп, қалыңдық айттыру ғұрыпына балта шабылды. Мұның салдарынан отбасының ажырасуы жиіледі. Ата-анасымен ақылдаспай, еркісіз өзіміз деп үйленген жастар, ата-аналарын «ескіліктің шырмауындасыңдар» деп қарағанмен, сүйіспеншіліктері мығым болғандарына куәміз. өйткені кеңес өкіметі ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, қалыптастырылып тәжірибе тезінен өткеріп ұрпақтарына қалдырған адамгершілікке, имандылыққа толы отбасы және неке құқықтарын, аяусыз күрес алып барылды. Егеменді Қазақстан Республикасы орнағалы, елімізде жағдай түбірі өзгерді.

Нағыз мемлекет боламыз десек, баланы бесігінен, мемлекетті отбасынан бастауымыз қажет. Оны алыстан іздемей –ақ ата-бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған отбасы және неке құқықтарынан алуымыз керек. Ұлттар достығының лабораториясы етеміз деген желуімен Қазақстанға жан-жақтан келімсектерді көбейтті. Көп халықтарды зорлап әкеп қоныстанырды. Қазір сонын зардабын бастан кешіріп отырмыз. Еліміз құқықтық демократиялық мемлекет құру ниетінде болғандықтан амал қалыптастыруымыз қажет. Ол: «Халқымыздың дәстүрлі құқықтық мәдениеті Қазақстан Республикасының құқықтық өмірінің тарихи қайнар көзі, ескеріп және кеңесіп отырар ақылшысы, оның бүгінгі мен болашағын айқындап отыратын басқа көрсеткіш » деген З.Ж.Кенжалиевсөзінен тұрады.

Қазақстан Республикасының Ата заңында Қазақстанның елбасшысына алдымен қазақ тілін білуі, ұлттық әдет-ғұрып, дәстүрге қашық болуы міндеттелген. Қазіргі кезде қорықпастан ұлттық ой-сананы құқықтық жауапкершілікті патриотизмді дамыту шараларын нақтылай қарастыру әбестік емес. Халықтың рухани дүниесіндегі сан ғасырлар бойы қалыптасқан сүйегіне сіңіп, дінінен орын алған әдет-ғұрыптардың жақсыларын қайта тірілту, қазақ халқының отбасын нығайту деп ұққан жөн. Отбасы мықты болмай, қоғам шындалмайды. Бұрынғы дәуірлерде отбасының бұзылуы қоғамдағы келеңсіз құбылыс ретінде қаралып, бұзылмау жағына мән берілген әдет-ғұрып нормаларын заңдарымызда елгізбеу әбестік болмайды. Жақсы перзент – ата-ана қолындағы аманат деп халқымыз айтады. Әрбір ата-ана баласын жақсы адам болса екен дейді. Адамның ең жақсы сипаты – басқа адамдармен қарым-қатынасы Өзінің ішкі сарайына тән адамның мінез құлқы да, іс-әрекетіне әдемі болады. Ажырасу жағынан қазақтар әлем алдына шықты. Олардың біразы тұрақты неке құра алмай ажырасып кетіп отырды. ҚР-нің неке және отбасы туралы заңында ажырасу жағы көңіл толтырмайды. Адамдар ажырасу үшін нек еқұрмайды. Ата-бабамыз «Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман» деп ажырасуды қолдамаған. Қазіргі заңда ажырасу прцессін қиындатып, күрделендіру қажет. Бұл жолында сот ерінбей-талмай тер төгуі қажет. Ажырасамын деген жастардың ата-анасы мен туыстарын шақырып алып отбасын бұзбайтын шараларын қолдануы тиіс. Сонда ғана отбасындағы ұрпақтар жан күйзеліске душар болмайды. Сонда ғана қоғам мен мемлекет мықты болады. Некесіз қосылу, некесіз туылған бала некесіз ішіп жеген тамақ арам. Сондықтан да «ақ баталы»,»ақ некелі» деген терминдер қалыптасқан. Арамдық кірген үйден береке қашады. Адамгершілік, адалдық принциптерін ескере отырып, үйленетін екі жасты бір-біріне көмектесіп, қуанышына қуанып , қайғысын бөлісітін мүмкіндік болса ажыраспайтын жақтарын нықтай түскеніміз абзал. Неке және отбасы туралы заңды әлі де саралай түсу қажет.

 

1.6. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша ерлі-зайыптылар мүлкінің құқықтық табиғаты.

Ерлі-зайыптылар арасында пайда болатын қатынастар күрделі әрі көп қырлы болып келеді. Ерлі-зайыптылар некеге тұрған кезде көптеген әр түрлі қатынастарға түседі, олардың көбісі құқықпен реттелуге жатпайды. Сонда да кейбір қатынастар құқықтық реттелуге жатқызылады. Солардың ішінде ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары да үлкен орынға ие болып отыр. Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары жеке мүліктік емес қатынастардан гөрі жеңілірек реттеледі.

Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезінде де азаматтық құқық қабілеттігін және әрекет қабілеттігін сақтайды, сондықтан олар кез келген азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелене алады. Соның бірі Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-шы бабында белгіленген меншік құқығы: «Қазақстан Республикасы азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі». Осы кепілдікке қосымша кепілдікті бекітетін заңдардың бірі болып Қазақстан республикасының азаматтық кодексі, неке және отбасы туралы заңы, жеке кәсіпкерлік туралы заң танылады. Осы заңдардың бірі болып Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, неке және отбасы туралы заңы, жеке кәсіпкерлік туралы заң танылады. Осы заңдар ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастар реттейді. Жалпы азаматтық құқық нормаларында мүлікті екі топқа бөлінеді, яғни қозғалатын және қозғалмайтын мүлік болып. Мүліктік қатынастар болып мүлікке байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады. «Мүлік «термині әр түрлі мағынада түсініледі. Мүлік құрамына заттар, мүліктік құқықтар, мүліктің активін және пассивін құрайтын міндеттемелік талап ету. Активке ерлі-зайыптылардың некеде тұру кезінде бірлесіп жинаған мүлкін жатқызуға болады. Ал пассивке ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемелерін жатқызуға болады. Мысалы: банктен алынған несие. Осы несиені банкке қайтару ерлі-зайыптылардың ортақ міндеті болып табылады.

Қозғалмайтын мүлікке азаматтық кодекстің 117-ші бабына сәйкес жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпелер және жермен тығыз байланыстыөзге де мүлік, орнын ауыстыру олардың мақсатына сыйыспайтын шығын жұмсалмайынша мүмкін болмайтын мүлік жатады. Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, өзен-теңіз жүзу кемесі, ғарыштық объектілер де қозғалмайтын мүлікке теңестіріледі. Ал қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар және басқа мүліктер қозғалатын мүлік деп танылады. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік реестрде тіркелуі керек. Ал қозғалатын мүлікке құқықты тіркеу талап етілмейді (заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде).

Бағалы қағаздар қозғалатын мүлік қатарына жатады. Белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бағалы қағаздардың түрлері: акция, облигация, коносамент және т.б. Сондай-ақ, бағалы қағаздар ұсынбалы ордерлік, атаулы болып бөлінеді.

Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылатын құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ал ордерлік бағалы қағазбен  куәландырылатын құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылатын құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Бағалы қағаздарды шығару мемлекеттік тіркеуден өтпесе бұл бағалы қағаз жарамсыз деп танылады. Мысалы, белгілі бір азамат акция сатып алатын болса, бірақ бұл акциялар мемлекеттік тіркеуден өтпесе ол жай ғана қағаз болып қалады, яғни оның иесіне ешқандай құқық берілмейді[39,50].

 

1.7. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен алған табыстары.

 

Еңбек қызметінен алған табыс ретінде ақша немесе басқа да түсімдерді айтамыз. Мысалы: табиғи нысанда, яғни ерлі-зайыптылардың еңбек шарты бойынша немесе азаматтық құқықтық шарт бойынша өздерінің міндеттерін атқару барысында алған кірістерін айтамыз:

Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлік қызметтен алған табыстары.

Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 10-шы бабының 1-ші тармағына сәйкес кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға, жұмысқа, қызметке сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Субъектілік құрамы бойынша бұл тұлғалар екі топқа бөлінеді:

Заңды тұлға, азаматтар (жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтар).

Заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шаруа-фермер қожалығының басшысы шаруа қожалығын мемлекеттік тіркеген кезден бастап кәсіпкер деп танылады.

 

1.8. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары.

 

Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 961-ші бабына сәйкес интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері; азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады. Ал интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне: ғылым, әдебиет және өнер туындылары; орындау фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру; өнер табыс, пайдалы үлгілер, селекциялық жетістіктер; интегралдық микросызба тополпгиялары, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады.

Ал азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары және т.б. жатады. Шығармашылық қызметтің нәтижелері заттарға қарағанда материалдық емес игілік болып табылады. Мысалы: егер ерлі-зайыптылардың біреуі өлең жазса, сол өлеңді жазған адам өлеңнің иесі болып табылады. Бірақ автор өзінің туындысын екінші бір адамға авторлық шарт бойынша бере алады. Яғни ерлі-зайыптылардың интеллектуалдық қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары болып авторлық шарты бойынша алған сыйақы табылады.

 

 

1.9. Ерлі-зайыптылар алатын зейнетақылар, жәрдемақылар, арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер.

 

 

Бұл төлемдердің барлығы зейнетақы, әлеуметтік заңдарға сәйкес төленеді. Осы айтылған төлемдер де ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Бұл төлемдер кім де кім алатын қарамастан ерлі-зайыптылардың екеуіне де тиесілі болады[40,37].

 

 

1.10. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимінің ерекшеліктері.

 

 

Қазақстан Республикасының  «Неке және Отбасы» туралы заңының 40 бабының 8 пунктіне сәйкес, жұбайлар заңмен бекітілген ортақ біріккен үлестік немесе бөлек мүлік режимін таңдап алады. Ортақ біріккен меншік режимі неке кезінде пайда болған мүлікке қолданылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй-шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға тиесілі болады. Сондай-ақ, мүлік кімнің атына тіркелгеніне қарамастан ол ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады. Мысалы: автокөлік зайыбының атына тіркелген болса, бұл автокөлікке жұбайының да құқығы бар болады. Ерлі-зайыптылардың табысы олардың ортақ меншігі ретінде өкілетті ерлі-зайыптылардың біреуі оны алған кезден бастап танылады. Мысалы: ерлі-зайыптылардың біреуі еңбек ақысын алса, бұл қаражат ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылады.

Яғни, белгілі бір затты ерлі-зайыптылардың біреуі сатып алатын болса, екеуінің де бұл затқа құқықтары бірдей болады. Ерлі-зайыптылардың мүлкінің құрамындағы  тұрғын үйлердің де мүлік ретінде маңызы зор. Көп жағдайда тұрғын үйлер ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана атына алынады және тіркеледі. Бірақ ерлі-зайыптылардың біреуінің атына тұрғын үйді тіркеу және мәміле жасасу фактісін бұл тұрғын үйдің тек ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана тиесілі деп санауға болмайды. Мысалы, жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес жалдаушы сатып алған немесе тегін алған мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын жай, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе жалдаушының және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің бірлескен  меншігіне көшеді (Қазақстан Республикасының  азаматтық кодексінің 227-ші бабы) [41,73].

Қазіргі кезде отбасы адамның еңбек және кәсіпкерлік қызметінің стимулы ретінде де көрініс тауып отыр. Әр адам өзінің тапқан меншігін осы отбасында жинақтап, жиған-тергенінің ешқайда жоғалып кетпей, өз бала шағасына қалдыруын қалайды.

Әрбір қалыпты отбасындағы қатынастар рухани ғана емес, сонымен бірге материалдық қатынастар болып табылады. Олар болашақта құқықтық жағынан реттеліне отырып, екі топқа бөлінеді: азаматтық құқық субъектілері арасында пайда болатын қатынастар және тек ерлі-зайыптылар арасында қалыптасатын және отбасы құқығымен реттелінетін ерекше қатынастар.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары осы соңғы қатынастарға кіреді. Осы бойынша ерлі-зайыптылардың мүліктік режимі дегеніміз ерлі-зайыптылардың некеге дейін және неке кезінде тапқан мүліктеріне олардың иелену, пайдалану және билік ету бойынша заңмен немесе шартпен белгіленген тәртібі. Жоғарыда көріп отырғанымыздай ерлі-зайыптылардың мүліктік режимінің екі түрі бар: заңдық (ортақ) режим. Бұл режимде ерлі-зайыптылардың мүлкі толықтай ортақ меншікте болады және неке бұзылғанда бөлінуі тиіс; шарттық (бөлектелген) режим. Бұл режим бойынша ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары шарт негізінде реттеледі.

Неке және отбасы туралы заңның 31- ші бабының 1-ші тармағына сәйкес, егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады.

Ерлі-зайыптылар мүлкінің пайда болу кезеңі болып-юридикалық факт болып табылады, яғни АХАЖ органдарында некені тіркеу. Осы кезеңнен басталып заңмен  көзделген негіздерде ерлі-зайыптылардың некеде тұру кезінде тапқан мүліктері яғни, ортақ бірлескен мүліктері пайда болады. Бұл жерде мүлік ұғымына заттар ақша, бағалы қағаздар және тағы басқалар жатады. Меншік иеленушінің мүлікке қатысты құқығы классикалық триадамен белгіленеді яғни, өз мүлкіне иелену құқығы; өз мүлкін пайдалану құқығы; өз мүлкіне билік ету құқығы.

Қазақстан Республикасының  азаматтық кодексінің 188-ші бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иелену, пайдалану және оған билік етуге құқылы. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс-жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі бола тұрып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы заңдарда көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін  Қазақстан Республикасының  азаматтық кодексінің 209-шы бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мүлік меншік иелерінің әрқайсының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып (үлестік меншік) немесе ондай үлестері белгіленбей (бірлескен меншік) ортақ меншікте болуы мүмкін. Яғни осыған байланысты неке және отбасы заңының 32-ші бабына сәйкес ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардыңортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау, және т.б) анықталса ерлі-зайыптылардың әрқайсының мүлкі олардың бірлескен меншігі деп танылуы мүмкін. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеге тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келегн мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезіңде үй-шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға тиесілі. Сондай-ақ, мүлік кімнің атына тіркелгеніне қарамастан ол  ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың табысы олардың ортақ меншігі ретінде өкілетті ерлі-зайыптылардың біреуі оны алған кезден бастап танылады. Мысалы: ерлі-зайыптылардың біреуі еңбек ақысын алса бұл қаражат ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылады. Яғни белгілі бір затқа құқықтары бірдей болады. Ерлі-зайыптылардың мүлкінде тұрғын үйлерде үлкен орын алады. Көп жағдайда тұрғын үйлер ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана атына алынады және тіркеледі. Бірақ ерлі-зайыптылардың біреуінің атына тұрғын үйді тіркеу және мөміле жасасу фактісін бұл тұрғын үйдің тек ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана тиесілі деп санауға болмайды. өйткені жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес жалдаушы сатып алған немесе тегін алған мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрған жай, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе жалдаушының және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің, соның ішінде кәмелетке толмаған және уақытша тұрмайтын мүшелерінің бірлескен меншігіне көшеді.

Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен мүлікке құқығы мүлікті сатып алу кезінде берген ақшасының көлеміне қарамастан тең деп саналады. Яғни ерлі-зайыптылардың біреуі мүлікті сатып алу кезінде ақшаны көп беріп, ал екіншісі аз беретін болса, олардың мүлікке құқықтары бірдей болады. Мысалы: жұбайы немесе зайыбы дәлелді себептермен жұмыс жасамаса ауыратын болса, жоғары оқу орнында оқитын болса, үйде баланы күтіп бағатын болса және тағы басқа да себептермен табыс таппайтын болса, мүлікке құқықтары тең деп саналады. Қазақстан Республикасының  азаматтық кодексінің 223-ші бабына сәйкес ерлі-зайыптыларға некеге тұрғанға дейін тиесілі, сондай-ақ, олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады. Яғни бұл мүлікті бір адам ғана иеленеді. Қымбат бағалы және басқа да әсемдік заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар (киім-кешек, аяқ-киім және т.б.) некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншігі деп танылады. Ерлі-зайыптылардың бірінің міндеттемелері бойынша жауапкершілік өз меншігіндегі мүлікке ғана, сондай-ақ бұл мүліктің бөлісу кезінде ерлі-зайыптылардың біріне  тиесілі болатын ортақ мүлкіндегі өз үлесіне ғана қолданылады. Некенің іс-жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде  ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін тағы бір айтып кететін жай  ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі бұл үлестік емес меншік. Ерлі-зайыптылардың үлесі ортақ бірлескен меншіктегі мүлікті бөлу кезінде ғана белгіленеді. Ал бұл өз кезегінде ортақ меншіктің тоқтатылуына әкеліп соқтырады.

Азаматтық кодексте көзделген ортақ үлестік меншіктен отбасы және неке заңында ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің айырмашылығын айтып кететін болсақ, ортақ үлестік меншікте белгілі бір үлеске қатысушы тұлға тек ортақ меншіктің белгілі бір бөлігіне, үлесіне ғана құқылы, ал ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігінде  ерлі-зайыптылар бүкіл ортақ меншікке құқықтары тең деп саналады. Яғни, екеуі де бүкіл мүлікті пайдалана иелене, билік ете алады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті иелену, ьпайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 220-шы бабын және неке отбасы заңының 33-ші бабымен реттеледі. Ерлі-зайыптылар ортақ мүлікке қатысты өздерінің меншік құқықтарын жүзеге асыру кезінде тең құқықтарға ие болады. Неке және отбасы заңының 33-ші бабына сәйкес  ерлі-зайыптылардың мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету жөнінде ерлі-зайыптылардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екінші жұбайының келісімі керек болады.

Ал егер ерлі-зайыптылардың біреуі мәмілені екіншісінің келісімінсіз жасаса бұл мәмілені сот арқылы даулауға болады.  Ерлі-зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасауға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда ғана сот мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін [42,65].

Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасау үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алу қажет. Аталған мәмілені жасауға нотариат куәландырған келісімі алынбаған жұбайы осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. Мысал келтіретін болсақ: жұбайы зайыбының келісімінсіз ортақ қаражат есебінен автокөлік алатын болса, зайыбы сотқа құқығы бұзылғандығы туралы талап арызбен жүгіне алады. Жоғарыда айтып кеткендей мәмілелер нотариалдық куәландыруға және мемлекеттік тіркеуге жатады. Мысалы: мынандай мәмілелер міндетті нотариалдық куәландыруға жатады: Ипотека туралы шарт, қозғалатын мүлікті кепілге салу шарты, рента және т.б. Ал мемлекеттік тіркеуге: ипотека шарты қозғалмайтын мүлікті сату шарты, қозғалмайтын мүлікті сыйға тарту шарты, қозғалмайтын мүлікті жалға беру шарты, кәсіпорынды жалға беру шарты және т.б. жатады. Неке заңдарында ерлі-зайыптылардың бір-бірімен мәміле жасасу құқығы туралы арнайы норма жоқ. Бірақ, мұндай құқық азаматтық құқық қабілеттілігіне және әрекет қабілеттілігіне ие болатын субъектілер де бар. Олар бір-бірімен заңға қайшы келмейтін мәмілелер жасасуға құқылы. Ал неке және отбасы заңының 33-ші бабында айтылғандай ерлі-зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жасалғандығы жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасасуға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда жарамсыз деп тануы мүмкін. Сотпен мәмілені жарамсыз деп тану кезінде келесі салдар пайда болады: Азаматтық кодекстің 157-ші бабының 3-ші тармағына сәйкес мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті. Мұндай мәміле жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады.

Ерлі-зайыптылар тек өздеріне тиесілі жеке мүліктермен ғана екінші жұбайдың келісімінсіз мәмілелер жасауға құқылы [43,105]. Сондай-ақ, сотпен хабар ошарсыз кетті деп жарияланса, ерлі-зайыптылардың біреуі келісімінсіз мәмілелер жасасуға құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу болып, некеде тұрған кезінде жинаған мүлікке бірлескен меншік құқығының тоқтатылуы болып табылады. Неке және отбасы заңының 36-шы бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез-келгеннің талап етуі бойынша неке кезеңінде де, ло бұзылғаннан кейін де, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредитордың талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін. Жоғарыда айтылған нормадан көріп отырғандай ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуді талап етуге ерлі-зайыптылардың өздерінің және біреуінің кредиторының құқықтары бар. Міндеттемелер немесе шарт бойынша борышқор болып өзінің атынан шарт жасасқан тұлға табылады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі бойынша ортақ мүлікті бөлу туралы келісім-шарт нотариат арқылы куәландырады. Жұбайлар арасында жасалған келісім арқылы ерікті түрде ерлі – зайыптылардың мүлкі бөлінеді. Ерлі-зайыптылар содай-ақ мүліктітең емес, ал басқа пропорцияда бөлінуі мүмкін. Бірақ үлестерінің теңдігінен алшақтау үшінші жақтардың мүдделеріне нұқсан келтірмеуі кере. Ал егер ерлі-зайыптылар мүлікті бөлуге байланысты ортақ келісімге келе алмаса яғни дау туған жағдайларда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы талап арыздан алынатын мемлекеттік баждың көлемі талаптың құнына шаққан пайызбен бөлінеді. Сондай-ақ, ерлі – зайыптылардың біреуі талапты қамтамасыз етуді соттан немесе судьядан сұрауы мүмкін. Судья өз кезегінде талапты қамтамасыз ету туралы шаралар қолдануға міндетті. Бұл қолданылатын шаралардың түрлері әртүрлі. Мысалы, жауапкердегі мүлікке немесе ақша сомаларына тыйым салу (арест) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу және т.б.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін. Ол мынандай жағдайларда белгілі болады: ерлі-зайыптылардың біреуінің еңбек қабілеттілігінің жоқтығына, сондай-ақ дәлелсіз себептемен табыс таппаған жағдайда немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін отбасы мүдделеріне зиян келетіндей жағдайда пайдаланса, иеленсе, билік етсе. Мысалы: спирт ішімдіктерін ішсе, есірткі заттарды пайдаланса, азарттық ойындарды ойнаса. Ал кәмелетке толмаған толмаған балалардың қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар (киім-кешек, аяқ-киім, мектеп және спотр жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы және т.б.) бөлінуге жатпайды және баламен бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар өздерінің кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесілі болып есептелінеді және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды.

Ерлі-зайыптылардың неке кезіндегі ортақ мүлкін бөлген жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүкінің бөлінген бөлімі, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың одан кейінгі неке кезіндегі тапқан мүлкі олардың бірлескен мүлкін құрайды. Некесі бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылар талабына талап арыз мерзімі өтеуінің 3 жылдық мерзімі қолданылады. (неке және отбасы туралы заңының 36-шы бабы). Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады. Ал егер ерлі-зайыптылар ортақ мүлікті бөлу кезінде үлестері анықтай алмаса, яғни келісімге келе алмаса бұл дау сотпен қаралады. Жалпы ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі тең бөлінуі тиіс. Бірақ кейбір жағдайда сот үлестердің теңдік қағидасынан алшақтауы мүмкін. Неке және отбасы заңының 37-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін және ерлі-зайыптылардың біреуінің мүддесін негізге ала отырып егер жұбайлардың біреуі дәлелсіз себептермен табыс таппаса немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін отбасы мүдделеріне залал келтіріп жұмсаса ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы. Бұл жерлегі кәмелетке толмаған балаларыдың мүдделері деп отырғанымыз, ол балаларға тәрбиелеудің қалыпты жағдайын қамтамасыз ету болып табылыды. Балалардың материалдық қажеттіліктері көбінесе тәжірибеде оларға төленетін алименттермен қамтамасыз етіледі.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ½ үлесіне және заң бойынша мұрагер ретінде мұрагерлік мүлкіндегі үлесіне құқылы болып табылады. Осы мұрагерлік мүлкіндегі үлесінің мөлшері қайтыс болған жұбайының мұрагерлерінің санына байланысты болады.

Азаматтық кодекстің 235-ші бабының 2-ші тармақшасына сәйкес азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді. Мұрагерлік кезінде заң бойынша 1-ші болып жұбайымен бірге мына мұрагерлер болды: балалары (оның ішінде асырап алынған балалары), ата-аналары (асырап алушылар) және қайтыс болғаннан кейін одантуылғпн бала. Заң бойынша мұрагерлер қатарына сондай-ақ өгей бала, ата-ене, ата-аналар жатады. Ортақ мүліктегі өз үлесіне құқығын рәсімдеу үшін (қайтыс болған тірі қалған жұбай) мұрагерліктің ашылу орны бойынша (мұра қалдырушының тұрғылықты жері бойынша) нотариусқа жалдана алады және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік алуға құқылы. Тірі қалған жұбайы басқа мұрагерлерге қарағанда бірлескен меншік құқығы бойынша мүліктің жартысын алады.

Ал өсиет бойынша мұрагерлікке ие болу тәртібі басқаша болып келеді. Бұл жерде мұраға қалдыру өсиет қалдырушының еркінде. Ерлі-зайыптылардың біреуі тірі кезінде екіншісіне өзінің мүлкін толығымен өсиетке қалдыруы мүмкін. Мысалы: үйді, автокөлікті жұбайына қалдырып, ал қалған мүлікті баласына, қызына қалдыруы мүмкін. Жоғарыда айтқандай өсиетке мүлдем қалдырмау мүмкін деп айтып кетті. Бірақ егер ерлі-зайыптылардың біреуі еңбек қабілеттілігі жоқ болса, (мүгедек, кәрі болса) ол толығымен мұрагерлік құқығынан айырылмайды және өсиеттің мазмұнына қарамастан мүліктегі белгілі бір үлесін иеленеді.

Некеде тұру кезіндегі  ерлі-зайыптыларға тиесілі мүлік (ортақ мүлік, жеке мүлік) өзіне тек заттармен мүліктік құқықтарды ғана емес, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың міндеттемелерін қосады. Үшінші жақтардың алдындағы ерлі-зайыптылардың міндеттемелерін азаматтық құқық, еңбек және т.б. шарттардан туындауы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелері (қарыздары) жеке және ортақ болып табылады. Ерлі-зайыптылардың жеке міндеттемелері деп ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке басына байланысты пайда болған міндеттемелерді ой туғызады. Оларға: некенің мемлекеттік тіркеуге дейін пайда болған міндеттемелерді, некені мемлекеттік тіркегеннен кейін, бірақ ерлі-зайыптылардың біреуінің тек жеке басының қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты пайда болған міндеттемелер, ерлі-зайыптылардың біреуіне некеде тұру кезінде мұрагерлік тәпріппен қалған қарыздар (мұра қалдырушының қарыздары), ерлі-зайыптылардың біреуінің басқа тұлғаларға зиян келтіру салдарынан пайда болған міндеттемелер, ерлі-зайыптылардың біреуінің өзінің балаларына немесе отбасы мүшелеріне қатысты алименттік міндеттемелер, борышқордың өзінің жеке басымен тығыз байланысты басқа да негіздер бойынша пайда болған міндеттемелер болып табылады. Мысалы: жұбайлардың ортақ қажеттіліктері үшін банктен үйді немесе жер учаскесін сатып алуға алған несиесі. Банктен алған несиені қайтарып беру ерлі-зайыптылардың екеуінің де міндеті болып табылады. Мұндай міндеттемелерде борышқор болып, ерлі-зайыптылардың екеуі де табылады. Яғни, екеуі де ортақ жауапты болады. Сондай-ақ олар кредиторлардың пайдасына белгілі бір әрекеттерді жасауға міндетті: қарызды қайтару, мүлікті қайтарып беру, жұмысты орындау, және т.б.

Неке және отбасы заңының 43-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша өндіріп алу тек сол жұбайының мүлкіне ғана жасалуы мүмкін. Жеке міндеттемелер бойынша жауапкершілікті міндеттемелік құқық қатынастарының субъектісі болып табылатын жұбайы мойына алады. Бұл жерде айтып кететін бір мәселе кредитордың қарыздары өндіріп алу талабын қамтамасыз ету шараларының бірі болып борышкер-жауапкердің мүлкін сот қамауға алуға немесе оны пайдалануға тыйым салуы мүмкін. Бірақ кейіннен бұл мүліктің басқа жұбайға тиесілі екендігін анықталса (мысалы: сыйға тарту фактісі анықталса) осы жұбайдың талабы бойынша бұл мүлік толық немесе бір бөлігін сотпен мүлік қамаудан босатылуы мүмкін.

Борышкер – жұбайдың оған тиесілі үлесін бөліп беру ерлі-зайыптылармен ерікті түрде жасалуы мүмкін. Бірақ егер мүлікті бөлу кезінде кредитор борышкер – жұбайдың үлесі төмендетілген деп тапса, онда ол (кредитор) мұндай бөлуді сот тәптібімен даулауы мүмкін. Тәжірибеде борышкер жұбайдың ортақ мүліктегі үлесін табиғи түрде бөліп беру мүмкін болмайтын немесе ерлі-зайыптылардың екіншісі бірлескен меншіктің қатысушысы ретінде қарсы болатындай жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жағдайда кредитор борышкер – жұбайдың өз үлесін екінші жұбайға нарықтық бағасына сәйкес сатуды және сатудан алған қаражатты қарызды жабуға жұмсауды талап етуге құқылы. Борышкер жұбайдың үлесін екіншісін сатып алған жағдайда кредитор ортақ меншік құқығындағы борышкердің үлесін сот арқылы алуды талап етіп бұл үлесін жариялы түрде сауда-саттыққа сатып жіберуді талап етруге құқылы. Неке және отбасы заңының 43-ші бабының 2-ші тармақшасына сәйкес өндіріп алу ерлі — зайыптылардың ортақ міндеттемелері бойынша, сондай-ақ сот ерлі зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша алынғандардың бәрі отбасының қажеттеріне пайдаланғандығын анықтаса, ерлі — зайыптылардың ортақ мүлкінен жасалады. Бұл жердегі отбасының қажеттеріне қаражат азық түлікке киім кешекке баспанаға оны сатып алуға, жалға алуға, медициналық жәрдем алуға, қажетті әлеуметтік қөамсыздандырылуға баспананы жөндеуге жабдықтағы балалардың оқуына төлеуге және т.б. жұмасалады.

Яғни, жалпы алғанда отбасының өмір сүру деңгейін көтеруге жұмасалады. Ортақ міндеттемлере ерлі-зайыптылардың екеуі де жауапкершілікте болады және кредиторлардың талаптары олардың ортақ мүлкіне бағытталады. Ортақ мүлік жеткіліксіз болған жағдайда ерлі-зайыптылардың міндеттемелері бойынша өздерінінң әрқайсысының міндеттемелері бойынша өздерінің әрқайсысының мүлкімен бірлесе отырып жауапты болады.

Борышкерлердің ортақ жауапкершілігі кезінде кредитор міндеттемені орындауды барлық борынкерлерден сондай-ақ әрқайсысынан жеке-жеке талап ете алады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің мүлкі кредитордың талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болғанжағдайда кредитор алынбай қалған мүлікті екіншісінен талап етуге құқылы. Сонымен қатар кредитор ерлі-зайыптылардың екеуі нің де жеке мүліктерінен өндіріп алуды соттан талап етуге құқылы. Егер соттың үкімімен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі зайыптылардың біреуі қылмыстық жолмен алған қаражат есебінен сатып алынғаны немесе көбейтілгені анықталса өндіріп алу тиісінше ерлі-зайыптыларды ортақ мүлкінен немесе оның бір бөлігінен жасалуы мүмкін.

Бұл норма ерлі-зайыптылардың біреуінің қылмыс жасау салдарынан материалдық және моральдық зиянның орнын толтыру кезінде сотпен қолданылады. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтірілген жиян үшін жауапкрешіліг азаматтық заңдарға сәйкес белгіленеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22 бабының 4 тармағына сәйкес 14 жастан 18 жасқа мәмілелер боойынша дербес жауапты болады және өздерінің әркеттері мен келтіңрілген зиян үшін осы кодекстің ережелері бойынша жауап береді делінген.

 

1.11 Ерлі-зайптылардың жеке меншіктері [45,16]

 

Ерлі зайыптылардың жеке меншігі ретінде:

  • ерлі-зайыптылардың некеге тұрмаған кезде болған мүліктері;
  • ерлі-зайыптыларға некелесу кезінде сыйға берілген мүліктері, мұрагерлік немесе қайтарымсыз шарт негізінде пайда болған мүлік;
  • ерлі-зайыптылардың жеке пайдаланылатын заттары, киім кешек, аяқ-киім және т.б. Неке кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ есебінен алғанына қарамастан ерекше жағдайда жеке зат болып табылады.

 

 

1.12 Ерлі-зайптылардың ортақ мүлкін бөлу.

 

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі- неке кезінде неке бұзхылған жағдайы және несие беру үшін талап-арызы негізінде берілген мүлікті өндіріп алуы.

Ортақ мүлік ерлі-зайыптылардың келісімі негізінде бөлінеді және нотариалды түрде куәландыруға жатады. Егерде ерлі-зайыптылар арасында мүлікке қатысты дау туындайтын болса, онда мүлікті бөлу әркетін сот тәртібі негізінде жүзеге асырылады. Мүлікті бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талабы бойынша қай мүлік қасысыны екенін анықтап алады. Егерде ерлі-зайыптылардың біреуіне мүлік оның үлесінен артық берілсе онда екіншісіне ақшалай немес басқа да  түрде компенсация жасалынуы мүмкін. Кәмелетке толмаған балараының мүлкі компенсациясыз берулу керек және бөлінбейді, яғни бала кіммен тұрса, мүлік сол жаққа өтеде. Ата-аналары кәмелетке толмағандардың атына салым салған болса, онда ол салым бөлінбейді. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі бірге бірлесіп тапқан таюыстары саналады. Неке бұзылғаннан кейін мүлікке талап-ету мерзімі үш жыл. Ортақ мүлікті бөлу ерлі-зайыптылар арасында тең болуы тиіс, егер шартта өзгеше көзделмес. Бірақ сот теңдік қағидасын ескермеуі д мүмкін, яғни кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысы мен тұратын болса немес ерлі-зайыптылардың біреуі себепсіз кіріс көзін таппаса т.с.

 

II Бөлім

Неке шартының құқықтық реттелуі.

 

  • Неке шартын жасау тәртібі мен мазмұны.

 

Неке және отбасы заңының 39 бабының 1-ші тармағына сәйкес неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезіндегі кез-келген уақытта да жасалуы мүмкін. Осыған байланысты неке щартының жасалу жолдарын, реттейтін қатынастардың маңызын, бұзылуы мен өзгертілуі толығымен қарастыруды жөн көрдік. Бұл келісім тараптардың теңдігіне негізделеді  және ерікті түрде жасалады. Егер еферент акцентантан акцепт алған жағдайда шарт жасалады деп танылады.

Шарт жасау әдісі екі кезеңнен тұрады:

  1. оферт
  2. акцепт

Азаматтық шартта заңда шарттың пәне ретінде-шарттар мен заңдар, нормативтік құқықтық актілер болып саналады. Жалпы отбасы заңы неке шартының қандай елеулі жағдайлар бар екенін көрсетпейді. Неке шартының жағдайы деп шарттың пәні болып табылады, өйткені неке шартын жасау үшін ерлі-зайыптылардың  келсімдері туралы шартта көрсетілуі тиіс. Ерлі зайыптылар мүліктік құқықтық режимін өзгертуі мүмкін. Сонымен қатар ерлі зайыптылардың бір-бірін қаматамасыз етуі көрсетіледі. Мысалы егерде, ерлі зайыптылардың біреуі неке шарты бойынша тұру мерзімі немес бір-бірін қамтамасыз етудің мөлшері өз еркілерін көрсетсе, онда бұл шарт елеулі деп танылады. Ескі заң бойынша шарт дәстүрлі түрде екіге бөлінеді.

  1. Шарт ауызша-қарапйым.
  2. Шарт – жазбаша күрделі.

Тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептелінеді. Шарттың мәні туралы ережелер, заңдарда елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер. Сондай-ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елулі деп танылады.

Шарттың жазбаша нысаны нотариалды түрде куәландыруға жатады. Жазбаша нотариалдық нысанның ауызша нысаннан ерекшілігі-құжатта көрсетілген барлық талаптарды орындауы тиіс.

Сонымен қатар міндетті түрде нотариустың немесе басқа өкілеттілігі бар тұлғаның қолымен куәландырылуы тиіс. Бұл нысанда бөлу иерархтың нысандарын көрсетеді. 1-ауызша қарапайым, 2-жазбаша нотариалды күрделі. Міндетті түрде ерлі зайыптылар бұрын неке шартын жасады ма немесе жасаған жоқ па деген мәселелерді анқтау қажет; себебі заңда қарама-қайшылық тудырмау үшін, бұл көбінесе алимент төлеуге қатысты болады. Шарттың әрекеті- ерлі зайыптылардың өзара келісімдері  туралы қол қоюы міндетті көрсетілуі тиіс. Егер де азамат белгілі бір себептермен шартқа қол қоя алмаса, онда сол азаматтың өтінішісімен басқа адамға қол қоюына рұқсат беріледі, бірақ міндетті түрде куәлар мен нотариуспен куаландыруға жатады. Егер неке шарты қозғалмайтын мүлікке қатысты болса, онда мемлекеттік тіркелуге жатады. Егер жылжымайты. Мүлік басқа біреуге берілетін болып жатса, онда жылжымайтын мүлік тіркелуге жатады. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Ал егер некеге тұру мемлекеттік тіркелмеген болса, онда мұндай шарттың заңды күші болмайды және ешқандай құқықтық салдары туындатпайды.

Неке шартының күшіне енуі деп шартта көрсетілген ерлі зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттерінің пайда болу сәтін айтамыз. Мысалы: некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты 2002 жылы 11 наурызда күшіне енеді делінген (мемлекеттік тіркелгеннен кейін). Яғни, осы сәттен бастап ерлі зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттемелері пайда болады. Тағы бір мысал келтірейік, Байболатовтар 5 наурызда 1999 жылы жасасып, шарт 2001 жылы 8 тамызда күшіне енеді деп көрсетілуі мүмкін.

Неке шарты жазбаша түрде жасалады және нотариат куаландырылуға тиіс (Неке және отбасы заңының 39 бабының 2-ші тармағы).

Неке шартының жазбаша нысанын сақтамау және нотариалдық куаландырмау шарттың жарамсыздығына әкеліп соғады және ерлі зайыптылар арасында ешқандай құқықтар мен міндеттерді туғызбайды. Неке шарты мемлекттік немесе жеке нотариалдық куаландыру жасалады деп танылады,яғни оның пәні бағалануы тиіс. Егерде ерлі зайыптылардың шарттың пәні ретінде болашақ мүлік болып табылатын болса, онда оның бағалау бағасы міндетті түрде мемлекттік бажы заңда көрсетілуі  керек. Нотариус неке шартының заңға сәйкес болуын ғана тексеріп қоймай және тараптарға мағынасы мен мәнін түсінікті, тиянақты, түзетусіз, қосымша жазусыз болуы керек екендігін ескеру қажет. Сондай-ақ неке шартында тараптардың болашақта дау болмас үшін аты-жөндері толық жазылуы керек.

Бұл тараптарды орындау ерлі зайыптылар үшін және үшінші тұлғалар үшін маңызды болып табылады. Неке шартына міндетті түрде ерлі-зайыптылардың екеуі де қолдарын қоюы керек. Неке шарты өкіл жіберу арқылы жасалмайды.

Неке шартын куәландыруға байланысты нотариалдық әрекет ерлі-зайыптылардың мемлекеттік баж төлегенін кейін ғана күшіне енеді. Неке шарты белгілі біруақытқа немесе мерзімі көрсетілмей жасалады.

Неке шарты белгілі мерзімге немесе мерзімнің уақыты көрсетілмеген болуы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардыңмүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарда шетел элементі бар болған жағдайда, олардың мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарын коллизиондық нормаларымен реттелінеді. Яғни қай мемлекетте тұратын болса, сол мемлекеттің заңымен реттелінеді. Ал егер бірге тұрған жерлері болмаған кезде, онда соңғы бірге тұрған жерлерінің мемлекетінің заңымен реттелінеді. Егер ерлі-зайыптылар бірге тұрмаған болса, онда Қазақстан Республикасының заңымен реттелінеді. Ресей елінде неке және отбасы заңында: Егер ерлі-зайыптылардың азаматтығы жоқ болған жағдайда немесе бірге тұрмаса, онда құқытарыменміндеттерін өздерінің еркі бойынша қай мемлекетке тіркелді сол мемлекеттің заңын қолдануға құқылы. Шетелдегі Минстік конвенцияны құқықтық көмек көрсетуіне азаматтар өздерінің құқықтарымен міндеттерін осы заңмен анықтайды.

Егер ерлі-зайыптылар келіскен жақтың территориясында бірге тұрғылықты жері болса, ал біреуі сол жерде тұратын болса, ал екіншісі басқа елдің келіскен территориясында тұрса, және  екеуінде де бір  азаматтықтары бар болса, олардың мүліктік және жеке мұліктік емес қатынастары келіскен елдің азаматтығы болып табылса, солардың заңымен реттелінеді.

Егер ерлі-зайыптылар бірге тұрмаса және соңғы бірге тұрған жері болмаса, азаматтықтары  жоқ болса, онда олардың мүліктік пен мүліктік емес жеке қатынастары АҚШ елінің заңымен реттелінеді. Егер ерлі-зайыптылар әр мемлекеттің азаматы болса, онда олардың мүліктік және жеке мұліктік емес қатынастарын қай мемлекет ісін қараса, сол мемлекеттің заңдарымен шешіледі.  Егерде ерлі-зайыптылардың қозғалмайтын мүлкіне  қатысты болса, онда қозғалмайтын мүлік қай жерде орналасқан болса, сол елдің заңымен реттелінеді. Неке шарты тек қана нысаннан тұрмайды, оның өзіндік мазмұны бар. Неке шартының мазмұны – ол оның шарттары, яғни ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары. Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік емес қатынастарына қарағанда олардың мүліктік қатынастары заңмен тез реттелінеді. Мүліктік қатынастар көп себептермен құқықтық реттелуді қажет етеді.

  1. егер мүліктік құқықтық қатынастар орындалмаса, онда мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады.
  2. мүліктік қатынастарды анықтау қажет, өйткені ерлі-зайыптылардың, мұрагерлердің, контрагенттердің, борышқорлардың мүдделері қарастырылуы керек. Әлеуметтік өмір бұл жалпы шаруашылық болып табылады.

Мүндай шаруашылықтың негізінде ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары екі топқа бөлінеді:

  1. жай қатынастар, азаматтық құқықтың кез-келген адамдардың арасында пайда болатын қатынас.
  2. Ерекше қатынастар, бұл тек қана отбасы құқығының аясындағы ерлі-зайыптылардың арасында пайда болатын қатынас.

Неке шартының ең алғаш жағдайы ССР кезінде 1991 жылы пайда болды. Содан кейін Неке және Отбасы кодексіне енеді, кейіннен Неке және Отбасы туралы заңы 1998 жылы пайда болды.

Неке шартының пәні болып-ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік қатынастар болып табылады. Ал басқа отбасылық қатынастар неке шартымен реттелмейді. Неке шартының көмегімен ерлі-зайыптылар өздерінің қарауы бойынша заңмен көздеоген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге; ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен үлестік немесе ерлі-зайыптылардың меншік режимін белгілеуге құқылы. (Неке және отбасы заңының 40-бабының 1-ші тармағы).

Неке Ресей ғалымы М.В.Антакольскаяның айтуы бойынша  неке шарты мазмұнының негізгі элементі болып ерлі-зайыптылар мүлкіне құқықтық режим белгілеу табылады.

Неке шартымен белгіленген режим ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі деп аталады. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың шаруа қожалығы мүшелерінің  бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті иелену, пайдалану және оған билікету құқығы Қазақстан Ресупбликасы Азаматтық кодексінің 224 және 225 баптарымен реттелінеді. Неке кезінде бірге тұрған ортақ мүлік деп-ерлі зайыптылардың еңбек қызметіндегі әр қайсысының кірістері, кәсіпкерлік қызметтері, интеллектуалдық қызметінің нәтижелері, ерлі-зайыптылардың жалпы және жеке мүліктік кірістері, әрқайсысының зейнетақылары мен жәрдемақы, арнайы мақсаты жоқ ақшалай қаражаттар болып табылады. Ерлі-зайыптылардың жалпы мүлкі болып саналады:

Ерлі-зайыптылардың ортақ кірісінен пайда болған қозғалатын және қозғалмайтын мүлік, бағалы қағаздар, пай, салымда, кредиттік ұйыммен коммерциялық ұйымдағы үлестер, капиталдағы үлестер жатады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі көлемі мен мөлшеріне  қарамастан тең болады. Мүлікке билік ету мен пайдалану үшін ерлі-зайыптылардың өзара келісімі жазбаша нысанда болып және нотариуспен куәландырылуға жатады. Ерлі-зайыптылар мүлкінің режимінде ерлі-зайыптыларға тең құқықтар берілген. Ерлі-зайыптылар негіз ретінде ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимін пайдалануы мүмкін, яғни ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік  режимін қолданады. Сондай-ақ тараптардың қалауы бойынша шарттық режим ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне де қолданылуы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне бірлескен меншік режимі заңмен белгіленген және жалпы негіздер бойынша қолдану кезінде-шартымен жариялануды талап етпейді. Сондықтан, неке шартымен ортақ бірлескен меншік режимін пайдаланудың кейбір ерекшеліктері  көзделуі мүмкін. Мысалы, неке шарты некеде тұру кезінде тапқан барлық мүлікке қолданылмай, ал тек жеке түрлеріне ғана қолданылуы мүмкін, немесе ортақ мүлікті бөлу кезінде ерлі-зайыптылардың үлестері тең болмауы көзделу мүмкін және т.б. Неке шартымен белгіленген ерлі-зайыптылардың үлестік меншік режимі азаматтық заңдарға негізделеді. Бұл режим мүлікті алу сатып алу кезінде ерлі-зайыптылардың әрқайсысының салған үлестерінің мөлшерін анықтауға мүмкінді береді. Неке шартының талаптары бойынша ерлі-зайыптылардың үлестік меншік режимі ортақ мүлкінің бір бөлігі болып табылатын белгіленген заттарға ғана таралады. Бұл жерде шарттағы қандай нақты мүлікке осы режим қолданылатынын анықтау және үлестік меншік құқықтарындағы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесін анықтау маңызды критерийлердің бірі болып табылады.

Сондай-ақ неке шартымен ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігіне қатысты мәселелерде қарастырылуы мүмкін. Әрқайсысының мүлкі дегеніміз ерлі-зайыптылардың некеде тұру кезінде алған мүлкі олардың әрқайсысына тиесілі болып табылады. Яғни, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы осы мүлікке өз қалаулары бойынша билік етуге, пайдалануға, қолдануға, сатуға және т.б. құқылы деген сөз. Бұл режим ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне және оның жеке түрлеріне де қолданылады. Мысалы ерлі-зайыптылардың бөлектелгенменшік режимі тек транспорт құралдарына бағалы қағаздарға және тағы басқа объектілерге қатысты көрсетілуі. Ал, қалған мүлікке ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданыла береді. Сонымен, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ерлі-зайыптыларға мүліктің шарттық режимінің үш түрін қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі ерлі-зайыптылардың некеде тұру кезіндегі барлық мүлкіне емес, ал тек жеке түрлеріне ғана қолданылады. Ал, неке шартымен көзделмеген мүлікке ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданылады. Бұл сауалдардың барлығы ерлі-зайыптылардың өкілеттілігінде және олармен тек екі жақты келісім арқылы ғана шешіледі. Шарттық режим ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкіне де, болашақтағы мүлкіне де бірдей қолданылады.

Неке шартыда ерлі-зайыптылар өзара күтіп бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін олардың әрқайсысының отбаслық шығындарға қатысу тәртібін айқындауға, неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартында ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез-келген ережелерді енгізугеқұқылы.

Сондай-ақ ерлі-зайыптылар неке шартында неке бұзылған кезде әрқайсысының меншігіне қандай мүлік өтетіндігі туралы көрсетілуі мүмкін.Неке шартында ерлі-зайыптылар некеге тұру кезінде де некені бұзу кезінде де бір-біріне материалдық көмек берудің негізін, мөлшерін, тәртібін, мерзімдерін қарастыру мүмкін. Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің табысына қатысу әдісі неке шартына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың табысы қатарына жалақының барлық түрлері және тиесілі ақшалай және табиғи нысандағы қосымша сыйақылар жатады. Сондай-ақ табыс қатарына заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік  қызметпен айналысудан тапқан табыстары да жатады. Табыс сонымен қатар заңмен көзделген басқа да негіздер бойынша алынады. Ерлі-зайыптылар өздерінің табыстарын бөлудің қандай да болмасын әдісін қолдануға құқықтары бар. Сондай-ақ неке шартына тек ерлі-зайыптылардың табыстары жайлы ғана көрсетіліп қана қоймай, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының отбасы шығындарын көтеру тәртібі де көрсетілуі мүмкін. Бұл шығындар тек отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып қана қоймай, оның мүліктерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.

Тәжірибеде қажетті шығындар қатарына: тұрғын-үй, коммуналдық қызмет көрсету ақы төлеу, электроэнергиясын, балаларды асырап және бағып күтуге, телефонға, азық-түлікке, дәрі-дәрмекке кеткен шығындар жатады. Отбасының материалдық жағдайына байланысты құрал-сайманға кеткен шығындар; компьютерге керек жабдықтарға кеткен шығын; туристік билет алуға кеткен шығындар және сол сияқтыларды жатқызуға болады. Неке шартында осы айтылған шығындарға ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қатысу дәрежесі белгіленеді. Отбасын қамсыздандыруға кеткен шығын ерлі-зайыптылар арасында өзара келісім арқылы әрқайсысына бөлініп берілуі мүмкін. Сондай-ақ бұл шығындарды ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің мойнына толық көлемде алуға құқылы. Неке шартында ерлі-зайыптылар неке бұзылған жағдайда мүлікті бөлуге байланысты қатынастарды реттеулері мүмкін, яғни неке бұзылған жағдайда қандай мүлік ерлі- зайыптылардың қайсысына берілетіні анықталды. Ал, егер ерлі- зайыптылардың біреуіне оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі керек.

Ерлі- зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүліктің тізімі жіне онық құны неке шартында көрсетілуі қажет. Ерлі- зайыптылар өздерінің қалауы бойынша неке шартына ерлі- зайыптылардың мүліктік қатынастармен байланысты өзге де дәрежелерді қосуға құқылы. Мысалы, ерлі- зайыптылар неке шартында тұрған үйдің меншік иесі болып ерлі- зайыптылардың біреуі табылғанына қарамастан некеге тұру кезінде де, неке бұзылған кезде де, ерлі- зайыптылардың екіншісі тұрғын үйдегі мүлікті пайдалана береді деп көрсетілуі мүмкін. Бұл жағдайжа неке бұзылуына байланысты меншік иесі болып табылмайтын ерлі- зайыптылардың біреуіне тұрғын-жайда неке шартында көзделген мерзімде босату міндеті жүктеледі деп ерлі- зайыптылардың  арасында келісілген болуы мүмкін. Неке шартының қолданылу мерзімі күндермен, айлармен, жылдармен есептелінеді.

Ал, егер ерлi-зайыптылардьң бiреуiне қөұны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, бақа жұбайға тиiсiнше ақшалай нсмссе езге де етемақы берiлуi керек. Ерлi-зайытылардың әрқайсысына бсрiлетiн мүлiктiң тiзiмi және оның құны неке шартында көрсетiлуi қажет. Ерлi-зайыптылар өздерiнiң қалауы бойынша құны неке шартына ерлi- зайыптылардың мүлiктiк қатынастармен байланысты өзге де ережелердi қосуға құқылы. Мысалы, ерлi-зайыптылар, неке шартында тұрғын үйдiң меншiк иесi болып ерлi-зайыптылардың бiреуi табылғанына қарамастан некеге тұру кезiнде де, неке бұзылған кезде де, ерлi-зайыптылардың екiншiсi тұрғын үйдегі мүлiктi пайдалана бередi деп көрсетiлуi мүмкін. Бұл жағдайда неке бұзылуына байланысты меншiк иесi болып табылмайтын ерлi-­зайыптылардың бiреуiне тұрғын-жайда неке шартында көзделген мерзiмде босату міндеті жүктеледi деп ерлi-зайыптылардың арасында келiсiлген болуы мүмкін. Неке шартының, қолданылу мерзiмi күндермен, айлармен жылдармен есептелінеді.

 Сондай-ақ уақыт болуға тиiс белгiлi бiр жағдаймен, оқиғамен белгiленеді (ерлi-­зайыптылардың белгiлi бiр жақа келуi-30жас, 50жас, және т.б.). Мерзiмдi уaқыттың келуiне байланысты ерлi-зайыптылардың өзара құқықтары мен міндеттері пайда болады немесе тоқтатылады. Мысалы, ерлi-зайыптылар неке шартында некені мемлекеттiк тіркеуден өткізгеннен кейiн 5(бес) жыл бойы олармен aлынатын мүлiкке бөлектелген меншік режимi қолданылады да, бұл мерзiм өткен соң алынатын мүлiкке ортақ, бiрлескен меншiк режимi қолданылатын болады деп көрсетулерi мүмкін. Мерзiмдер неке шартында ерлi-­зайыптылар ушiн мңцызды болып табылатын өмiрлiк жағдайларға байланысты белгiленуi мүмкін (контракт бойынша жұмыc iстеуге шетелге шығу, жоғарғы бiлiм алу және т.б ). Мысалы, неке шартында зайыбы жоғарғы оқу орынды аяқтағанша отбасылық шығындарды жұбайы өз мойнымен көтереді деп көрсетулері мүмкін. Неке және отбасы заны 40-бабының 2-шi тармағынa сәйкес неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгiлi бiр жағдайлардың туындамауына немесе туындамауына қарай қойылуй мүмкін. Неке шарты бойынша ерлi-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы (пайда болуы) нсмесе туындауымен байланысты жағдайларды заңды факт ретiнле түсіну қажет (iс-әрекет, оқиға)

Яғни,неке шартымен белгiленген жағдайлардың туындауы немесе туындамауы ерлi-зайыптылардың еріктеріне байланысты болуы немесе байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, ерлi-зайыптылар неке шартына былай жазуы мүмкін: егер бала туылса жұбайының, меншігі болып табылатын автокөлiк, ерлi-зайыптылардың, opтақ, бiрлескен меншігіне өтеді деп, көрсетулерi мүмкін. Неке шартында көрсетiлген жағлайлар зaңды және жүзеге асырылатын болуы керек. Неке шартында белгiлi бiр жағдайдың болуын әртүрлi болжанатын өмiрлiк жағдай (ситуацияда) ерлi-:зайыптылардың мүдделерін қорғаудың қосымша кепілі ретінде ерлі-зайыптылардың біреуінің екіншісіне байланысты міндеттері тоқтатылуы мүмкін. Мсыалы: ерлі-зайыптылардың  біреуі белгісіз себептермен табыс таппаса, ерлі-зайыптылардың екіншісі оған қатысты міндеттерін орындаудан бас тарта алады. Неке  шартымен ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік қарым-қатынастардың әр түрлі жақтары реттелуі мүмкін, бірақ заңмен көзделген шектеулермен ғана.

Олар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының өзінің жеке құқықтары мен мүдделерін қорғауға және жүзеге асырылуға қажет кепілдіктің сақталуына бағытталады. Неке және отбасы заңының 40-бабының 3-тармағына сәйкес неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілеттілігін және әрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды делінген.

Азаматтың құқық қабілеттілі дегеніміз- азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін атқару қабілеттілігі болып табылады. Құқық қабілеттілік азаматтардың барлығына тиесілі және ол азаматтың туылуымен пайда болып, қайтыс болғанда тоқтатылады. Құқық қабілеттілігінің мазмұны болып азаматтың меншік құқығы негізінде мүлікке ие болуға, мүлікті мұрагер ретінде алуға және оны өсиетке қалдыруға; кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметпен айналысуға; заңды тұлғаларды және өзі немесе басқа да азаматтар және заңды тұлғалармен бірлесіп құруға; заңға қайшы келмейтін мәмілелер жасасуға және міндеттемелерге қатысуға; тұрғылықты жерді таңдауға; интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторы болуға; және басқа да мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға құқығы бар (Азаматтық кодекстің 14 бабы)

Ал әрекеттік қабілеттік дегеніміз- азаматтың өзінің әрекеттерімен заңмен берілген азаматтық құқықтарды және заңмен жүктелген азаматтық міндеттерді жүзеге асыру қабілеті болып табылады. Толық әрекет қабілеттілік азамат он сегіз жасқа толғанда  пайда болады. Неке және отбасы заңына сәйкес дәлелді себептер болған жағдайда  мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерінің жазу органдары неке жасын екі жылданаспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Яғни, некеге тұру уақытынан бастап азамат толық әрекет қабілеттілікке ие болады. Заңмен тікелей көзделген жағдайлардан басқа ешкімнің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі шектелмейді. Мысалы, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті бөлуді талап теуге тыйым салатын некешартының ережесі жарамсыз болып табылады, өйткені азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеп отыр. Егер неке шартында ерлі-зайыптылардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік бермейтін жағдайлар көрсетілсе неке шарты жарамсыз деп танылады. Өйткен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 1-ші тармағына сәйкес, әркімнің  құқық субъектісі реінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын қөажетті қорғаныста қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Неке шарты ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын ғана реттейді. Өйткені, неке және отбасы заңы 40-бабының 3-ші тармағына сәйкес неке шарты ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды реттей алмайды делінген. Сондай-ақ неке шарты отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.Ал, егер ерлі-зайыптылардың біреуін қолайсыз жағдайға қалдыратын мән-жайлар болған кезде, кімнің құқықтары бұзылады, сол адамның талап арызы бойынша неке шарты сотпен жарамсьrз деп танылады.

СоныменI қатар, неке шарты отбасы заңының 40-бабының 3-шi тармағына сәйкес ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың, асырау қаражатын алуға құқығын шектейтiн жағдайды реттей алмайды.

Жоғарыда айтып кеткендей неке шарты ерлi-зайыптылардың арасындағы жеке мүлiктiк емес қатынастарды реттей алмайды. Жеке мүлiктiк емес қатынастарды реттей алмайды. Жеке мүліктік емес қатынастардың пәні болып материалдық емес игіліктер табылады. Оның қатарына өмір және денсаулық, жеке тәуелсіздік, ар-намыс, іскерлік беделдігі, қадыр-қасиет, жеке өміріне қол сұғылмауы жеке және отбасылық құпия, еркін жүріп тұру құқығы, тұрғылықты жерді таңдау, авторлық құқық және т.б. жатады. Бұл игіліктерді тұлғадан бөлуге болмайды және олардың экономикалық мазмұны жоқ. Ерлi-зайыптылардың арасындағы жеке мүліктік емес қатынастар отбасы заңдарымен реттеледі. Неке және отбасы заңы 29-бабының 4-ші тармағына сәйкес ерлi-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасы игілігімен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп – жетілуіне және олардың әл – ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті. Егер ерлi-зайыптылар бір — біріне көмек беруден бас тартса және ерлi-зайыптылар арасында алимент төлеу туралы шарт жасалмаса, ерлi-зайыптылардың біреуі отбасы заңдарында көрсетілген тәртіппен алимент алуға құқылы. Яғни, еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбай отбасы заңына сәйкес алимент алуға құқылы адам болып табылады. Мұндай жағдайда алименттік міндеттемелер туындайды. Бұл міндеттемелер неке және отбасы заңымен немесе ерлі-зайыптылар арасындағы шартпен реттеледі. Неке шарты екі жақты мәміленің бір түрі болып табылады. Яғни, неке шарты мәміленің жалпы талаптарына сай болуы керек. Неке шарты мәжбірлеусіз ерікті түрде екі жақтың келісімі арқылы жасалу керек. Зорлық – зомбылықпен, алдаумен, қорқыту арқылы жасатылған неке шарты жәбірленуші жақтың талабы бойынша сотпен жарамсыз деп танылады.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтық қатынастары толығымен қазіргі ҚР «Неке және Отбасы туралы» 17-ші желтоқсан 1998 жылы қабылданған Заңымен бекітілді.

Неке шарты екі жағдайда жасалады: неке тұрғанға дейін және некеге тұрғаннан кейін. Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез-келген уақытта жасалуы мүмкін. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге децін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс. Неке шартының мәтіні анық жазылып, сандық көрсеткіштермен көрсетілген мерзім немесе сан кем дегенде бір рек жазбаша жазылуы тиіс. Ерлі-зайыптылардың аты-жөні, тұргылықты жері, мекен-жайы толық көрсетілуі және соңына қол қойылуы қажет. Егерде азамат белгілі бір себептермен мысалы денсаулығының нашарлығынан жаза алмаса, сауатсыз болса, басқа адамдардың қол қоюына рұқсат етіледі. Бұл жағдайда нотраилды куаландырылуы тиіс.

Неке шарты 2 жақты мәміле болып табылатындықтан 2 жақты мәмілеге қойылатын талаптар бойынша жасалады. Неке шарты жұбайларды ортақ еркін білдіреді, яғни тараптардың теңдігіне негізделеді, ал таратрадың қатарына жұбайлармен қатар некеге тұруға талап білдірушілер жатады, яғни некеге тұрғаннан кейін кез-келген уақытты және некеге тұрғанға дейін неке шартын жасасуға болады. Неке шартын куәландыру үшін

Нотариалдық кеңсеге екі тараптың міндетті түрде келуі,

Неке туралы куәлік,

Тараптардың куәліктері (төл құжат)

Егер мүлкі болмаған жағдайда, мүлікті растайтын құжат.

Жеке нотариусқа неке шартын куәландыру сомасы немесе мемлекеттік салық қазіргі кезеңге байланысты құрайды.

Егерде неке шартында жұбайларының мүлікке деген құқықтық мазмұнын көрсетілсе, (мысалы,автомобиль,мүлік) және тіркеуді талап етсе, мұндай шарт мемлекеттік тіркеуге жатқызылуы тиіс. Ерлі-зайыптылар неке шартымен заңды белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге,ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекеленген түрлеріне немесе әрқайсысының мүлкіне бірлескен үлестік немесе бөлектелген меншік режимін беруге құқылы. Неке шарты ерлі-зайыптылардйң қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде жасалуы мүмкін. Неке шартының табиғаты-тараптар неке кезінде және неке бұзылған жағдайда ортақ мүліктің тағдырын қалай шешетіндіктері жөніндегі алдын ала келіскен мәміле болып табылады.

ҚР «Неке және Отбасы» Заңы күшіне енбестен бұрын, некеге тұруға ниет білдірушілер мен некеде тұрушылар арасында неке шартын жасасушылар саны аз болады. Сонымен қатар қазіргі таңда неке шартына отырушылардың саны арта түскенімен, нақты саны белгісіз.

Жалпы мүліктік қатынастарды неке шартымен рәсімдеуге бірнеше себептер әсер етеді:

  • Тараптардың біреуі сенімсіздік білдірген жағдайда, яғни жұбайларының біреуінің екінші жұбайына қатысты сезімі болмай, тек оның қаржы мәселесіне көңіл болуі,
  • Кәсіпкер жан-ұясын қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен және басқа кәсіпкерлердің арасында өзара бәсекелестік қақтығыстарды болдырмауы. Мүлік мұндай жағдайда зайыбына жазылады, ал ер адам материалдық жауапкершілікті өз мойнына алады,
  • Жұбайлардың некені бұзу жағдайында орынсыз проблемаларды болдырмауы, мәселені психологиялық ауруға шалдығуы. Мұндай әрекетті көбінесе жастар мақұлдайды,
  • От басында элеуметтік мәртебесінің өзгеруі, яғни ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жағдайы көтерілсе, онда меншіктің үлесі қарастырылады.

Ал енді не себептен біздің елімізде неке шарты дұрыс таралмағандығын анықтап көрейік.

Біздің елімізде некелесу «тәңірде» жүзеге асырылады деп есептейді. Ал ажырасу мәселесіне келген кезде, ажырасу процесіндегі мүлікті бөлу мәселесі бір қатар қиыншылықтарды тудырады. Шын мәнісінде, неке шартында қай мүлік қай жұбайының меншігінде болатындығын және ажырасқаннан кейін мүлік кімге тиесілі болатындығын анықталады. Егер жұбайлар мүлікті бөлу барысында өзіне маңызды мүлікті жоғалтамын днп ойласа, онда олар оның алдын алуы мүмкін.

Қазақстанда қазіргі таңға дейін неке шарты көптеген себептермен кең таралмаған. Атап айтатын болсақ:

  1. заң некесіндегі жұбайлардың қатынастарын дәлме-дәл реттейді,
  2. заңда жұбайлардың біреуі шарт ережелерін бұзған жағдайда неке шарты олардың біреуінің жағдайын нашарлата алмайды деген ереже бар,
  3. шарт нормасынан заң нормасы басым құқыққа ие,
  4. неке шарты-жұбайлардың толық, тең құқығы болып табылады. Біздің қоғамда еркек пен әйел арасындағы теңдік жарияланғанына қарамастан, іш жүзінде әйел ер адаиға бағынышты болады,

жастардың ата-анасы неке шарты психологиялық жағынан жағымсыз әсер етеді, деп ойлайды. ҚР «Неке және Отбасы» Заңы қабылданғанға дейін, адамдар неке шартын жасаспай-ақ өмір сүріп келеді, сонымен қатар олардың ойынша, жас отбасыға бұл еш пайда келтірмейді, тек қана ұрыс-керістің көбеюіне алып келеді деп есептейді,

Қазақстан Кеңес дәуірінен бері ұмытылмаған тұрақты дәстүрді сақтап келеді. Ислам, христиан және өзге республикадағы басқа таралған діндер ерлі-зайыптылардың өзара құқықтық қатынастар мәселесін басқа заңдармен шешуді дұрыс деп санамайды.

адамдар некеге тұру кезінде өздерінің мүлкі (пәтер, автомобиль бағалы заттар) мен капиталдар (акция, бағалы қағаздар, банктегі шоттар және т.б.) болған жағдайда неке шартын жасасудың мәні бар.

көбінесе жастар арасында екеуінің біреуі шарт жасауға ниет білдірген болса, екінші тарап оған сенімсіздік білдіреді, яғни жағымсыз эмоциялар мен өмірлік жұбай таңдауына күмән келтіреді.

Дегенмен, осы себептерге қарамастан неке шарты практика жүзінде кең таралуда. Неке шарты жұбайлардың ажырасуын қаламайды, керісінше, көп жағдайда неке шартының сақталуына ықпал жасайды.

Кез-келген шарттың пәні – тараптардың құқықтары мен міндеттері Неке шартының пәні тек ғана ерлі-зайыптылардың мүлікті құқықтары мен міндеттері. Яғни, неке шартында мынандай ережелер болуы мүмкін: ерлі-зайыптылардың әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігінің шектелмеуі, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды, еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды көздей алмайды, ерлі-зайыптылардың біреуін қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жұбайлар арасында жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуі, балаға қатысты жұбайлардың құқықтары мен міндеттері, отбасын құқу сұрақтары мен басқа да жағдайларды қамти алмайды. Еңбекке қабілетсіз жұбайының біреуінің екінші жұбайынан алатын жәрдем ақысы, жұбайының, балаларының атына салынған қаржылары, алимент, жұбайларының моральдық нормаларымен жеке басының құқықтары мен міндеттері неке шартымен реттелмейді. Неке шарты мүліктік бөліністі реттейді. Екі жақтың келісімі бойынша кімді-кім асырайтыны неке шартында көрсетілуі мүмкін. Осыған қатысты егер тараптың біреуінің құқықтары бұзылған жағдайда, мұндай неке шартын заңсыз деп сотпен танылады. Сонымен қатар неке шартында жеке отбасылық қатынастары анықталмайды. Мәселен, үй шаруашылығын жүргізуі, жұбайлардың өздерінің арасындағы жеке қатынастары, ажырасқан кезде балаларымен кездесуі, баласын түнгі уақытта кім ұйықтатып және оятуы.

Шарт жасаған кезде тараптар ажырасқан жағдайда, мүлік қалай бөлінеді деген сұрақ оларды өте қатты толғандырады. Көбінесе неке шартына отырушылар заң талаптарын мүлтіксіз орындай бермейді. Егер мүлік шартта көзделмесе, онда жалпы белгіленген режимнің заңына бағынады. Анықталған шарттың басталуына немесе басталмауына байланысты неке шартында ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері белгілі бір мерзімге шектелуі мүмкін. Мысалы егер кім көп айлық тапса, сол үйдің шығынын төлейді.

Неке шартының пәні ретінде – жұбайлардың міндеттері мен және олардың қарыздары болуы мүмкін. Осыған қатысты мынандай ескерту айтуға болады: біреуінің қарызын екуі де төлеуге болады немесе әр қайсысы өздерінің қарыздарын өздері төлейді.

 

2.2. Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылардың жауапкершіліктері

 

отбасы құқығы – жария құқықтық емес, жеке құқықтың жиынтығы. Отбасы құқығында азаматтардың құқықтары қорғалады. Егер де субъективтік құқықтар бұзылған жағдайда, онда қорғалуға жатады. Отбасы құқығын қорғау деген ұғымға: құқық бұзушылықтың алдын алу, қалпына келтіру және отбасылық құқық санкцияларын қолдану болып табылады.

Отбасы неке құқығын қоғау азаматтардың сот өндірісі негізінде жүзеге асырады. Азаматтардың құқықтарын қорғау әдісі – сотқа талап, арыз беру нысанында жүзеге асырылады. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар – ожданын қорлайтын немесе қадір – қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тиым салынады. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтіртілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

Қорғау пәні – неке отбасы құқығының қатысушыларының нақты анықталған субъективтік құқықтары, ол басқа тұлғалармен бұзылмайды және даулауға берілмейді.

Отбасы құқығында құқықты қорғау әдістемелері көрсетілген:

  • құқықты тану;
  • бұзылған құқықты қалпына келтіру;
  • міндеттемені мәжбүрлі түде орындау;
  • жасалған шартты жарамсыз деп тану;
  • құқық қатынастарының немесе тоқтатылуы.

Мысалы ата-ана құқығынан айыру, яғни мұнда ата-ананың өзінің кінәсінен (спитр ішімдігіне салынуы, нашақорлыққа берілуі және т.б.) құқықтары шектелінеді.

Неке шартында келесі қорғану шараларын қлоданылады:

Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі мүлікпен жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын мүліктер кірмеді. (ҚР АҚ 20-ші бабы). Егер міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісті жәрежеде орындалмағаны үшін ерлі-зайыптыларға айып төлеу белгіленсе, залалдар айып төлеумен жабылмаған бөлігінде өтіледі. Заңдарда немесе шарттарда залалдарды емес, айып төлеуді өндіріп алуға жол берілетін: залал толық сомасында айып төлеуден тыс өндіріп алуы мүмкін, несие берушінің таңдауы бойынша айып төлеу, не шығын өндіріп алуы мүмкін болатын жағдайлар көзделуі мүмкін.

Егер неке шартында көзделген болса, яғни жұбайы зайыбының міндеттемесіне байланысты міндеттемелерді орындамаса, онда соңғысы тұрақсыздық төлеуі талап етуге құқығы бар. Мысалы, ерлі-зайыптылардың біреуі жарық энергиясын төлемеді, соның салдарынан зайыбы айыппұлды ортақ ақшадан алып төлеуі. Егер де зайыбы жұбайына бағалы зат немесе мүлік сатып беремін деп, оны жүзеге асырмаса, онда ол мүлік жауапкершілікке тартылмайды. Себебі: сыйға тарту шарты ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, неке шартында материалдық пен моральдық залалды өндіріп алуы мүмкін.

 

 

2.3. Неке шартын өзгерту және бұзу

 

Неке және отбасы заңы 41-бабының 1-ші тармағына сәйкес неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез-келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту кезінде ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері өзгертілген түрде сақталады, ал неке шартын бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері тоқтатылады. Неке шартын өзгерту немесе бұзу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және нотариалдық түрде куәландырылады. Неке шартын орындаудан бір жақбас тартуға жол берілмейді. Неке шартын өзгерту ерлі-зайыптылардың өздерінің еркі болып табылады.

Заңдармен неке шартын өзгерту немесе бұзу туралы белгілі бір талаптар қойылған. Олар: келісім жазбаша нысанда жасалуы керек; неке шартын өзгерту туралы келісім неке шартына өзгертулер мен толықтырулар мөтінін құрайтын құжат болып табылу керек; ерлі-зайыптылардың екеуі де қол қоюы керек; нотариалдық куәландырулары керек; неке шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізудің күшіне ену уақыты және неке шартының тоқтатылу мерзімі көрсетілуі керек. Неке және отбасы заңы 41-бабының 2-ші тармағына сәйкес ерлі-зайыптылардың біреуінің талап етуі бойынша неке шарты Қазақстан Республикасынынң азаматтық кодексінің 421 бабының 2 тармағына сәйкес тараптардың біреуінің талабы бойынша шарт: екінші тарап шартты едәуір бұзған кезде; заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де реттерде тек сот шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Заңмен немесе тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе  ерлі-зайыптылардың шарт бойынша өзгертілуіне немесе бұзылуына дейін орындалған міндеттемені орындатуды талап етуге құқықтары жоқ. Тараптардың біреуі шарт бұзып, ал екінші тарап шарт жасасу кезінле үміт артуға құқығы болғанымен едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға әкеп соқса, бұл шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы деп танылады. Шартты толық немессе ішінара орындаудан бір жақты бас тартқан ретте,  мұндай бас тартуға заң құжаттарында немесес тараптардың  келісімде жол берілген кезде шарт тиісінше бұзылған немесе өзгертілген болып есептелінеді.

         Қазақстан Республикасынынң азаматтық кодексінің 403 бабының 2 тармағына сәйкес, шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан 2 тараптан бас тартуы алынғаннан кейін не ұсыныста көрсетілген немесе заңдарда не шартта белгіленген мерзімге, ал ол ондай мерзім болмакған кезде 30 күн ішінде жауап алынбағаннан кейін ғана, неке шарты өзгерту немесе бұзу туралы талапты мәлімдей алады.  Жоғарыда айтылғандай азаматтық кодекстің 401 бабының 2 тармағына сәйкес тарап шартты едәуір бұзған кезде шарт бұзылады немесе өзгертіледі. Сот тәртібімен неке шартын өзгерту немесе бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың міндеттемелері шартты өзгернту немесе бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін өзгертілген немесе бұзылған деп есептелінеді. Неке және отбасы заңы 41 бабының 3 тармағына сәйкес неке шартында, неке тоқтатылғаннан кейін кезеңге арналып көзделген міндеттерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке тоқталылған кезден бастап тоқтылады. Неке және отбасы заңының 22- бабының 1-ші тармағына сәйкес азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабына некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелгеннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайларда соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылады. Яғни, осы сәттен бастап неке шарты да тоқтатылады.

         Неке шартын мына жағдайларда өзгертілуі және бұзылуы мүмкін:

  • неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез-келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Неке шартын орындаудан бір жақты бас тартуға жол берілмейді;
  • ерлі-зайыптылардың біреуінің талап етуі бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде неке шартын өзгерту және бұзу үшін белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін;
  • неке шартының қолданылуы неке тоқталған кезден бастап тоқтатылады.

Неке шарты жарамсыз деп танылады:

  1. егер ерлі-зайыптылардың құқықтары мен әрекет қабілеттілігін шектелсе;
  2. егер ерлі-зайыптыларды сотқа қорғану құқықтарын шектелсе;
  3. ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттері реттелген болса;
  4. балаға қатысты ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері анықталған болса;
  5. ауызша басқа да шарттар болса;
  6. зайыбы мен жұбайының әрекет қабілеттілігі жоқ болып, оны қамтамасыз етуінің шектесе.

С.Н. Бондов неке шартын жарамсыз деп таниды. Егер:

  1. шартың куәландыру нысанын сақтамаса;
  2. неке шартына немесе нормативтік құқықтық актілерге сәйкес болмаса;
  3. неке шартын әрекет қабілеттілігі жоқ тұлға жасаса;
  4. неке шартын жасау барысында өзінің әрекетіне толық жауап бере алмаса;
  5. неке шартын қорқыту немесе адастыру, алдау әсерімен жасаса.

Неке және отбасы туралы заңының 42-бабы 1-ші тармағы бойынша, Неке шартын жарамсыз деп тану – Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мәмілелердің жарамсыздығы үшін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара деп тануы мүмкін. 2-ші тармағы бойынша, егер шарттың талаптары ерлі-зайыптылардың бірін өте қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бірінің талап етуі бойынша да сот неке шартын толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

         Қазақстан Республикасындағы неке шарт институтын зерттеу барысында және оның гносеологиялық түбірі туралы мәліметтер алғаннан кейін мынындай қорытындыға келіп отырмын: Неке шарты көп жылдық тарихи дамуы деп есептейді. Тарихи қайнар көздерге қарағанда неке мен неке шартын ұқсас деген. Адам өмірінде неке институты ең алғаш рет салт-дәстүр ретінде, кейіннен нормативтік тәртіп ретінде дамуы қалыптасты. Неке – бұл шарт түрінің құқықтық квалификациясы және неке қатынастарының пайда болуына бағытталады. Біздің рим жеке құқығына негізделуімізге көптеген себептер бар. Неке ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты заңи факт болып табылады. Мұндай заңи шарт жасау ерлі-зайыптылардың еркіне байланысты. Неке классикалық неке болып саналады, өйткені тараптардың еркі өздерінде болды. Тарихи тұрғыда қазіргі заңдар бойынша цивилизациясы бар елдерде: 1-ден, нақты неке шарт деп танылды; 2-ден, некелескен кейін ерлі-зайыптылардың бір-біріне қатысты құқықтары мен міндеттері сақталынады. Некеге тұру- неке шарты ретінде қазақтардың қарапайым құқығында көрініс тапты. Әлеуметтік құқық болып табылатын неке шарты көптеген функцияларды жүзеге асырады. Революцияға дейін қазақ елінде неке келісімі – отбасы мен туысқандардың қатынастары леп қарады. Осының әсерінен шарт қалыптасты. Қазақстандағы неке шарты революцияға дейінгі тәртібін қорытындылай келе; болашақ ерлі-зайыптылардың, олардың ата-аналары жасаған шарт мүліктік шарт деп есептелінді, себебі олар өздерінің материалдық жағдайы мен рулық жағдайын көтеру болып саналды. Шарт жасасудың процедурасы алдымен қаралды, яғни некелесудің алдында қалың мал төлеуі тиіс, содан шартқа отырушылардың өзара келісі қажет, шарт ауызша нысанда боды, яғни барлық бейресми талаптарды орындау керек. Бірақ бұл талаптар қазіргі неке шартының талабына сәйкес емес және неке шарты деп танылмайды. Өйткені:

  • Бұрын неке жасау үшін ата-аналарының келісімі қажет, яғни ерлі-зайыптылардың келісімін ескерген емес.
  • Қыз бен жігіт үшін шарт мәжбүрлі сипатта боды, себебі олар шартта субъект емес объект ретінде қарастырылды.

Шарт жасасқан кезде ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік емес өзіндік қатынастары қарастырылмады. Туыстар арасында қалың мал беру үлкен рөл атқарды. Неке шарты ежелгі кезден өңделіа келген шарт және осның нәтижесінде ерлі-зайыптылардың өзіндік құқықтары мен міндеттері пайда болған және материалдық сипатқа ие, неке отбасы қатынастарынң реттеушісі болып табылды.

         Отбасы бұл қоғамның шағын ұясы. Тарихи түсінік бойынша некеге отырушылардың өзара келісімі- бұл неке шартына сәйкес ұғым деп қараған. Қазіргі түсінікте неке екі тұрғыда қарастырылады:

  • Бұл келісімнің (заңи факті) құқықлтық табиғаты азаматтық құқықтың шарты болып танылады.
  • Ерлі-зайыптылардың ерекше құқықтық мәртебесі болып саналады.

Азаматтық құқықтық тұрғыдан неке шарты- бұл некенің негізгі қосымша шарты болып есептелінеді. Негізгі мен қосымша шарттың ерекшеліктері- қосымша шарт негізгі шарттан пайда болады. Некенің негізінде неке шарты жүзеге асырылады, бірақ неке шарты некеге тіркелген кезден бастап күшіне енеді. Егер некені жарамсыз деп тапса, онда неке шарты жарамсыз болады, ал егер неке шарты жарамсыз деп танылса, онда неке жарамсыз деп танылмайды. Яғни, некені бұзу неке шартын бұзу деп қарастырылмайды. Неке шарты қосымша шарт ретінде некеге тұрушылардың шарты болып қарастырылады.

     Неке шарты келесі белгілермен сипатталынады:

  1. Неке шарты – ерікті акт.
  2. Неке шарты құқықтық сипатқа ие.
  3. Неке шарты арнайы мүліктік қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне тоқтатылуына негізделген.
  4. Неке шарты отбасылық және азаматтық қатынастардан туындайды.

Неке шарты – бұл азаматтық құқық шарт боып табылады.

Неке шартының ерекшелігі- бұл комплектік сипатында, яғни оның субъективтік құрамы, жасалу уақыты, пәні мен мазмұны болып табылады.

Неке шартының комплекстік сипатын былай түсундіруге болады: яғни, ондай жалпы жағдайлар, ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтық режимін өзгертуге бағытталғандығы, сонымен қатар ерлі-зайыптылардың бір-бірін қамтамасыз етуінде.

Неке шартын классификациялдай кезінде қазақстандық заңдар бойынша оны консенсулды, екі-жақты немесе өзара каузалды, қайтарымды, мерзімсіз, қатысушылардың пайдасына бағытталған шарты болып табылады. Неке шартын азаматтық құқытық шарттарының өзге түріне немесе аралас түріне жатқызуға болмайды, өйткені азаматтық қатынастар тауар-ақша сипатында болады. Неке шартының мақсатын кең тұрғыда қарау керек, яғни оған ерлі-зайыптылардың мүлкіне ғана анықтама беру емес. Сондықтан неке шартының өзіндік құқықтық табиғаты бойынша: азаматтық құқықтық шарт және барлық талаптарға сай келеді.

Шарттың пәні-ерлі-зайытылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері және азаматтық заңға енгізделген өзгеде мүліктік құқытар мен міндеттер жатады. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқытары мен міндеттері өзара келісім негізінде өзгертіледі. Неке шартының субъективтік құрамы қатаң анықталған. Көптеген авторлардың пікірі бойынша фактілі некеде неке шартын жасау мақсатына сай емес. Өйткені, фактілі түрде бірге тұру заң бойынша некеге отырған деп саналмайды. Сондықтан, фактілі неке қатынасы келісімді қатнас болып табылады. Яғни біздің ойымызша тек ғана ортақ мүлікке қатысты болады, яғни оны неке шартымен реттеуге болмайды. Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі неке шартына өкілділік арқылы жасау. Неке шарты жеке сипатқа ие және ол тек ғана екі тараптардың арасында жасалатын шарт, сондықтан өкілділік неке шартын жасауына жіберілмейді.Біздің ойымызша шарттың мазмұнын жарияланатын норма өзгеру керек. Көбінесе, неке шарты ерлі-зайыптылырдың мүліктік емес қатынастарын реттеуді шектеу артық болып отыр. Неке шартына болашақ балалар (асырап алу, суррогаттық шарт) туралы өзгерістер енгізуге болады. Ерлі-зайыптылырдың жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарын неке шартымен реттеуге болады. Бірақ ол мәжбірлеу негізінде болмауы тиіс. Неке шартын орындаудан бір жақты бас тартуға жол берілмейді.

Жұбайлардың мүліктік қатынастары жеке қатынастарға қарағанда құқықтық реттелу жеңілірек. Жұбайлардың мүлікті құқықтық реттелуді қажет етеді, себебі біріншіден, мүліктік құқықтар әр кезде де  жүзеге асырылуы мүмкін және мүліктік міндеттемелерді орындамағаны үшін санкциялар қолданылады. Сонымен қатар, үшінші тұлғалар, мұрагерлер, несие беруші мүдделі. Бірақ барлық мүліктік қатынастар құқықпен реттеле бермейді. Қазіргі кезде жұбайларды меншігі туралы жалпы ережелер азаматтық заңдарға да енгізіледі. Сондықтан жұбайлардың біріккен меншігі бір мезгілде азаматтық заңдармен де, отбасы  заңдарымен де реттеледі. Неке шарты мүліктік құқықтық режимін бекітуге, өзгертуге бағытталған шарттардың бір түрі.

Отбасы негізінде көптеген қоғамдық құрылымдар қалыптасады. Жалпы отбасы екі бастауға негізделеді. Олар;

Биологиялық және материалдық бастаудан, экономикалық тұрғыдан көрініс табады. Азаматтар некеге тұрғаннанй кейін экономикалық мақсатты ғана көздеп қоймай, сондай-ақ отбасын өзара сыйластық және көмек негізігде құру, отбасынынң игілігі мен нығаюына жәрдемдесуі, өз балаларының денсаулығына өсіп жетілуіне және олардық әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауды мақсат етеді. Бұл экономикалық бастау нәтижесінде жеке мүліктік емес мүліктік қатынастар қалыптасады. Бұл қатынастар отбасы мүшелерінің арасында пайда болады. Ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік қатнастар неке шартымен реттеледі. Егер ерлі-зайыпталардың біреуі талап жасаса, онлда неке шарты сот шешімі негізінде бұзылады. Сонымен қатар неке шартының реттеу мәне құқыққа сай емес болуы мүмкін. Неке шартын жасау мыналарға негізделуі мүмкін: Біріншіден өзін-өзі сақтаудың инстинкті екіншіден тұрақты некені жасаудың мақсаты, яғни шарттың бастамасында мүлікті және өзге құқықтарды шешуі, үшіншіден шартты жасау бұл субъектінің өзіне сенімді болуына жоғарғы дәреже беруі.

Бітіру жұмысын жазу кезінде негізінен алынған қорытынды:

1-ден неке шарты ерлі-зайыптылар арасында еркін және жан-жақты талдау арқылы жасалу керек.

2-ден нотариалдық куәландырылуы тиіс.

3-ден неке шарты мүліктік қатынастарды реттейді.

         Ерлі-зайыптылар неке шартын жасасқсн кезде, одан туындайтын       негізгі мәселелерді жете түсінуі қажет. Неке шартын жасасқан ерлі-зайыптылар кейін өкінбес үшін, неке шартын реттейтін отбасы және неке заңын білуі қажет.

         Жалпы неке шарты менің ойымша өмір талабына сай пайда болған шарт және ерлі-зайыптылар үшін тиімді шарт болып табылады. Неке шартын міндетті шарт ретінде, некеге тұру кезінде  жасасу туралы ережелер кіргізілуі тиіс деп ойлаймын.

Сонымен неке шартын жасасу қажеттілігі менің ойымша, бұл мәселелерге қатысты жастар, ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы бойынша шешеді. Кейбіреулері бұған ойланбастан келіседі, ал кей біреулері қарсыластарын білдіреді. Неке алғашында мүліктік қатынастарды кейіннен әлеуметтік пен жеке қатынастарды реттейді. Неке шарты әйел мен еркектің мүліктік мүдделерін тең дәрежеде қорғайды. Дегенмен неке шартын жасайтын болсаңыздар, неке шартының ережелерімен танысып, заңгерлермен кеңескен жөн.

         Неке шарты біздің еліміздегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың теориялық та, практикалық та маңызы өте зор. Оның теориялық маңызы жеткілікті дәрежеде неке шартын реттейтін арнайы нормативтік актілердің болмауында. Ал оның прктикалық маңызы некеге тұратын көптеген азаматтар ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып неке шартын жасаспайды.

         Неке шартының ең тиімді жағы — ерлі-зайыптылардың арасында бітпес дау, орынсыз кикілжіңдер бодырмау, бар мәселені заңмен шешетіндігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аты-жөні, мекен-жайы, ойдан шығарылғын. №1

 

Алматы қаласы, еекі мың бесінші жылдың он екінші мамыры.

Мен, Сағындықов Саят Шакарман ұлы мына мекен-жай бойынша тұрамын: Алматы қаласы, Төле би көшесі 185 үй, 22 пәтер және Сұлтанова Анар Сұлтанқызы мына мекен-жай бойынша тұрамын: Алматы қаласы, Наурызбай көшесі 23 үй, 56 пәтер.

Кейіннен тараптар деп аталады, олар төмендегі негіздер бойынша неке шартын жасайды:

  1. Шарттың пәні
    • Берілген шартың пәні – тараптардың мүліктік құқықтары мен міндеттері, шарттың мүліктік режимін анықтау үшін.
  2. Негізгі жағдайлар
    • Азамат Сағындықов С.Ш. неке шартын жасау барысында өзінің жеке меншігіндегі келесі мүліктерге ие:
  • Алматы қаласындағы ЖШС «Импульс» пен ЖШС «Легенда» 3\1 қатысушысы, Алматы қаласындағы «Мұрат» деген магазині, 1996 жылғы шығарылғын «Тойота-Карина» автокөлігі және өзге де қозғалатын, қозғалмайтын мүліктер.
    • Азаматша Сұлтанова А.С. неке шартын жасау барысында өзінің жеке меншігіндегі келесі мүліктерге ие:
  • Үш бөлмелік пәтері бар, мекен-жайы: Алматы қаласы, Наурызбай көшесі, 23 үй, 56 пәтер.
    • Жылжымайтын мүліктің кірісі, өндірістік объекті мен интеллекиуалдық меншік объектілер неке шартын жасағанға дейін болған мүлік әркімнің жеке меншігі болып саналды.
  1. Тараптардың міндеттері.
    • Тараптар осы шарт негізінде, яғни Сағындықов С.Ш. мен Сұлтанова А.С. неке шартын жасау кезінде, егер екеуінің біреуі еңбекке қабілетсіз болмаса немесе әрекет қабілеттілігі шектелсе, онда зайыбы немесе жұбайы бір-бірін материалдық жағдаймен қамтамасыз етуіне міндеттеме алады.
    • Шарт негізінде ортақ балалары болған жағдайда, онда ерлі-зайыптылардың баланы тәрбиелеуге құқықтары мен міндеттері тең болады.
    • некені бұзған жағдайда ерлі-зайыптылардың балаға қатысты құқықтары мен міндеттері сол күйінде қалады. Сондықтан тараптардың ешқайсысына артық құқық берілмейді.
    • Тараптардың әрқайсысы өзінің мүлкіне және кірістеріне билік етіп және пайдалануға құқылы. Егер мүлікті жалпы пайдалануға берілсе, онда ерлі-зайыптылардың өзара келісімі негінде жүзеге асырылады. Ерлі-зайыптылардың жалпы мүлікке қатысты үлестің мөлшері құжатта көрсетілуі тиіс.
    • Некені бұзған жағдайда, тараптар бір-бірінің мүлкіне немесе кірісіне үлес алуына құқығы жоқ.

Схема

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бітіру жұмысын жазуға қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер:

 

Арнайы әдебиеттер:

  1. Антоколская М.В. Семейное право: Москва, 1999г. -5с.
  2. Муратова М. Семейное право: Москва, 1998г.-16с.
  3. Гусев С.С. Тульчинский Г.Л. Проблема понимании философии: Философия-гносеология, анализ – Москва, Политиздат, 1985.-192с.
  4. Боботов С.В. Жигаев И.Ю. Введение в правовуюсистему США.- Москва Издательство Норма, 1997.-332с.
  5. Гражданское право. Учебник часть3\ под редакции А.П.Сергеева, Ю.К. Толстого Москва. Проспект, 1998.-592с.
  6. Алексеев С.С. общая теория право. Том 1- 1982.-322с.
  7. Гражданское и торговое право. Учебник под редакции Васильева Е.А. москва, международное отношение. 1993.-560с.
  8. Дождев Д.В. Римское частное право\учебник для вузов Москва. Инфра-Норма, 1997.-684с.
  9. Дождев Д.В. Римское частное право\учебник для вузов Москва. Инфра-Норма, 1997.-289с.
  10. Ничаева А.М. Семейное право\курс лекции Москва, Юристь, 1998.-336 с.
  11. Коркунов Н.М. Лекции по общей тоерии права\Сосква, 1950.-220 с.
  12. Дождев Д.В. Римское частное право\ учебник для вузов Москва. Инфра-Норма, 1997.-286с.
  13. Ф. Энгельс. Происходжнение семьи, частной собствености и государства. 1884.
  14. Цатурова М.К. Русское право 16-18в. Москва, Юридическая литература 1991-112с.
  15. Латкин В.Н. Учебник истории русского гражданского права. Период империи. 1909-513с.
  16. Невалин К. История гражданских законов. 1851-456с.
  17. Загоровский А.И. Курс семейного права-Одесса, 263с.
  18. Н. Өсерұлы Жеті жарғы-Алматы, 1995-35 б.
  19. Н. Өсерұлы Жеті жарғы-Алматы, 1995-36 б.
  20. Функ Я.И. Брачный договор, Имущественые отношения супругов и их участие в хозяйтвенных обществах и товариществах: Москва: Амалфея,-2000-160с.
  21. Мусульманская право. Учебник-Алматы, Данекер 1999-252с.
  22. Мусульманская право. Учебник-Алматы, Данекер 1999-114с.
  23. Давид Рене, Жоффре-Спионизи К. Основные правовые системы современности. Москва, Международные 1997-526с.
  24. Хаммуда Абдалати. Взгляд на ислам\ Жемкова С.И.Новосибирск, 1995-241с.
  25. Торнау Н. Изложение начал мусульманского законоведения.Сант-Петербург 1849. Репринтное издание по заказу Советского общества мусульман. Москва, 1991-475с.
  26. Торнау Н. Изложение начал мусульманского законоведения.Сант-Петербург 1849. Репринтное издание по заказу Советского общества мусульман. Москва, 1991-141с.
  27. Бачшев Ж. Общие принципы, исламского право, теория доказательств и системы наказания. Алматы, Жеті жарғы 1996-78с.
  28. Сулейменов М.К. Басин Ю.Т. Гражданское право. Алматы, 2000-704с.
  29. Брачный контракт, Максимович Л. Москва, 1997-27с
  30. Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы Заңы Алматы, Дәнекер 2001-38б
  31. ҚР Азаматтық кодекс, 2003-72б, Алматы, Юрист.
  32. Гражданское и торговое право капиталистических государтств: Учебник под редакции Васильева Е.А. Москва, 1993.-517с.
  33. Гражданское и торговое право капиталистических государтств: Учебник под редакции Васильева Е.А. Москва, 1993.-323с.
  34. Кант И. Метафизика нравов-Москва, 1976-416с.
  35. Иоффе О.С. Советское гражданское право\Курс лекции; Ленинград, 1965-347с.
  36. Матвеев Г.К. Советское семейное право\Москва Юридическая литература, 1978-240с.
  37. Антоколская М.В. Семейное право: Москва, 1996г. -366с.
  38. ҚР Конституциясы. 1995ж. өзгертулер мен толықтырулар. 26 бап, 11б.
  39. ҚР Азаматтық құқық. Тілеуғалиев Г.А. Алматы, 2001-50
  40. Ничаева А.М. Семейное право\курс лекции Москва, Юристь, 1999.-37 с.
  41. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 2003.15.07.
  42. Пчелинцева Л.М. Семейное право России\ учебник для вузов Москва, Издетелская группа Инфра-Норма, 1999.-65с.
  43. Игнатенко А., Скрыпников Н. Брачный логовор. Законный режим имущество супругов. Коментарий к Семейному кодексу. М., 1997-105с.
  44. Нечаева А.М. Споры о детях.- М., 1989г.-84с.
  45. Семейное право. Юрист: Сборник нормативных актов Алматы-2004-16с.
  46. Гражданское право. под редакции А.П.Сергеева, 1998.-592с
  47. Антоколская М.В. Семейное право: Москва, 1996г. -93с
  48. Оридорога М.Т. Брачное отношение. Киев. 1971-35с.
  49. Ермұхамедова С.Р. Неке шартының мәні неде? Тураби 3\1998-15с.
  50. Айтжан Б.Е. Семейное право. Учебно-справочное пособие Алматы: Юрист,2003-10с.
  51. Игнатенко А., Брачный логовор. Законный режим имущество супругов.. М., 1997-27с.

 

 

 

 

Нормативтік актілер

 

  1. ҚР неке және отбасы туралы заңы. 17.12.1998ж.
  2. ҚР Азаматтық кодексі жалпы бөлім. 27.12.1994ж.
  3. Закон РК от 13 декабря 2000г. О детскихдеревнях семейного типа и домах юношества.
  4. ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы. 16.04.1997.ж
  5. ҚР кәсіпкерлік туралы Заңы. 19.06.1997.ж
  6. ҚР шаруа(фермер) қожалығы туралы Заңы. 31.03.1998.ж
  7. ҚР Мемлекеттік баж туралы Заңы. 31.12.1996.ж
  8. ҚР Нотариат туралы Заңы. 16.06.1997.ж
  9. Минская Конвенция о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 22 января 1993 года.
  10. Всеобщая декларация прав человека, принята и провозглашена революцией Ассамблеи ООН от 10 декабря 1948 года.
  11. Международный пакт о гражданских и политических правах 1966 года
  12. Правила о порядке регистрации актов гражданского состояния в РК, утвержденные постановлением Правительства РК от 22 мая 1999 года №620
  13. Постоновление Пленума Верховного суда РК от 28 апреля 2000г. №5 О применении судам законадательства при рассмотрении дел о расторжении брака
  14. Закон РК от 24 января 2001г.№152-2 О земле. Общая собственность супругов на земельный участок.
  15. Инструкция о порядке совершения нотариальных действи в РК, утвержденная приказом Министра Юстиции РК от 28 июля 1998 года №539 (внесены изменения пиказами Министерства юстиции РК от 29.01.00г. №7; от 20.11.2000г.№527-к).