Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Өндірістік іс-тәжірибе ЕСЕБІ
Студент: Амангелди О., География 2 курс
Іс-тәжірибе жетекшісі: Зұлпыхаров Қ.Б.
Алматы, 2015 жыл
МАЗМҰНЫ
ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………….3
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Мақстаты: теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру……………………………………………………………………………..4-5
2. Шаруа қожалықтары бойынша алған ақпараттарым мен жасаған жұмыстарым……………………………………………………………………6-10
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………..11
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………12
Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе — жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – жер кадастры жұмысының барысы мен құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, жер телімдерінің бірнеше және ұзак мерзімді жалға беру , сондай-ақ шаруа қожалықтарының қалай және қандай жолмен жалға берілетіні туралы құжаттардың дұрыс орындалуын зерттеу болды. Жер кадстры бойынша жер телімдерінің аудандарын есептеп шығару және тағы басқа жұмыстарды істеуді игердім. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
— филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
— әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;
— филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;
— филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.
Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:
— Жерге орналастыру жобасын жасай білу;
—Жерге орналастыру жобасы бойынша Жер-кадастрлық іы жасай білу;
— Жер кодексімен танысу;
Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі болып Жер кадастры бөлімінің бастығы Амиров Мерхат Муслимханович тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен және жер кадастры істерімен таныстырып үйреткен Есенгельдинов Ғалымжан болды.
Өндірістік іс-тәжірибеден өту мақсаты.
Жер кадастры пәнінен алған білімімді өндірістік іс-тәжірибеде қолданып және оны игере алдым. Сонымен, Жер кадастр – мемлекеттің ұстаған жерлердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүесі, жер қатынастарды реттеуге ұсынылған, жерлердің құқықтық, шаруашылықтық және табиғаттық жағдайы /техникалық, экономикалық және құқықтық жағдайы туралы сүреттеме/ туралы ақпаратты құрайды. Жер кадастрыныңың құрұлуының мақсаты жоғары әкімшіліктерді, жылжымайтын мүліктің және жер учаскелердің нарығын жерлер туралы толық ақпаратпен қамтамасыздандыру, нарықтық қатынастарды жетілдіру және өркендету, бюджетке түсімді көбейту. Мемлекеттік жер кадастрының жүргізүі топография-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және де басқа ізденістер мен зерттеулердің мәліметтері мен негізделеді.
Жер кадастр – жерге орналастыру және кадастр мамандықттарың басты фундаментальдық ғылыми-техникалық пәні болады, онда мынадай сұрақтар қаралады:
-Жер кадастрдың және жылжымайтын мүліктін құруының және жүргізуын теориялық негіздері, бұл пәннің басқа ғылымның салаларымен байланысы, республиканың жер қорының сипаттамасы; жер және қалалық кадастрдың жоспарлау және ұйымдастыру принциптері; қала, аудан, елді мекендердің шекарасы ішінде жер учаскелердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі;
-Мемлекеттік, коммерциялық мекемелерге және азаматтарға жерлерді мемлекеттік тарапынан берудің тәртібі және керекті құжаттардың құрамы; — кадастрлық есептілік объектілерін шығару принциптері;
-Қалалардың және басқа елді мекендердің шекарасын орнату, тарихтық, табиғаттық қорғау режимдерін сақтау үшін бөлінген жерлердің шекарасын орнату тәртібі, принциптері және әдісі;
-Жерлер мен жылжымайтын мүліктерді бағалау әдісі және оған құжаттарды дайындау тәртібі.
Студентер пәнді оқыған процессінде мынадай теориялық білім және тәжірібе алу керек:
- Кадастрлық құжаттарды жасу және жүргізу тәртібін білу;
- Жерлерді және жылжымайтын мүлікті бағалау жұмыстарын нарық жағдайында жүргізу;
- Жер мониторирінгтің мақсаты мен әдістерін білу, жерлерді қорғау және тиімді пайдалануын жоспарлау;
- Экономикалық, жер-кадастрлық, геодезиялық, геоақпараттық мәліметтерді талдау, керекті есептерді жургізу;
- Картография-геодезиялық географиялық ақпараттық жүйесінің негізін куру;
- Қоршаған ортаға аудандарға, аймақтарға экология шараларын жасау мен жоболау;
- Аймақтар денгейінде жерелерді тиымды пайдалану есебін қуру және шешу.
Негізінде, тәжірибеден алатын мәліметтерді толығымен алып, жер кадастр пәні геодезия, топырақтану т.б пәндермен тығыз байланысты екенін түсіндім. Себебі, шаруа қожалықтарын жүргізу үшін, белгілі бір мерзімге жалға алғанда бонитет балын есептеп, оның жер көлемін т.б есептеу жұмыстары бар, бұл ретте геодезияның түсірім жұмыстары мен топырақтану пәнінен мәліметтер керек екені белгілі. Шаруа (фермер) қожалықтары — өзінің жеке меншігіндегі немесе жалға алынған мүлік пен жер учаскесі негізінде ауыл шаруашылығының өнімдерін өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын дербес жан ұялық бірлестік.
Мен осы тәжірибемде шаруа қожалықтары бойынша жұмыс жасадым және үйрендім, сонымен, алғашқы шаруа қожалықтарын КОКП райкомдарының тапсырмасы бойынша совхоз директорлары құрды.
Шаруа (фермер) қожалық секторының қалыптасуы едәуір тез жүрді. 1991 жылдан 2001 жылдар аралығындағы 10 жылда шаруа (фермер) қожалықтар саны 2480-нен 122425-ке дейін, яғни 50 есе, ал шаруа (фермер) қожалықтар жері 1,6 млн-нан 30,6 млн. га. дейін, яғни 19 есе өскен.
2001 жылы шаруа (фермер) қожалықтар үлесі ҚР-ның ауыл шаруашылыққа арналған жер көлемінің 33,7 %, ал 2002 жылы 36,6 %-н құрады.
Қазақстан — ірі мемлекет, оның табиғи және экономикалық жағдайлары әртүрлі. Сондықтан шаруа қожалықтарының дамуы да әркелкі қалыптасады. Кей жерлерде олар көптеп шоғырланса, енді бір жерлерде сирек орналасқан, көлем жағынан да әртүрлі, әртүрлі мамандандырылған, және т.б. Бүкіл Қазақстан 5 географиялық аймаққа бөлінеді: Солтүстік, Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс.
Жериеленудің жалпы саны ішінен шаруа (фермер) кожалықтарының үлесі Қазақстанның барлық аймақтарында басымырақ болып келеді және орта есеппен алғанда Солтүстік Қазақстанда — 88%, Батыс Қазақстанда — 88%, Орталықта — 92%, Оңтүстікте — 93%, Шығыс Қазақстанда — 95% құрайды. Ал ауылшаруашылығына арналған жер көлемі мен шаруа (фермер) қожалықтары көлемі үлестерінің бір-бірінен айырмашылығы көбірек. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстан бойынша — 24%, Батыс Қазақстанда — 27%, Орталықта — 60%, Оңтүстік Қазақстанда — 14%, Шығыста 54%. Сонымен қатар, шаруа (фермер) қожалығының орташа көлемі мен Қазақстан аймақтарындағы заңды тұлғалардың мемлекеттік емес ауыл шаруашылығының орташа көлемі арасында да айырмашылық көп. Бұл көрсеткіштердің шамасы: Солтүстік Қазақстанда — 422 және 9680 га, Батыста — 1130 және 20700 га, Орталық Қазақстанда — 1710 және 13000 га, Оңтүстікте — 78 және 6520, ал Шығыста — 451 және 7371 га.
Шаруа (фермер) қожалықтары бір-бірінен жер пайдалану мөлшерімен, жерлердің құнарлығымен, ауыл шаруашылыққа тигізетін пайдасымен, мамандандырылуымен, және т.б. мен ерекшеленеді.
Сонымен, 01 маусымнан бастап өндірістік тәжірибе басталды, 05 шілдеге дейін созылған бес апталық тәжіребеде мынадай мағлұматтар алып, төмендегідей жұмыстармен айналаыстым:
01.06.2015
Менің өндірістік практикам басталды. Ондағы жұмыскерлермен танысып, практиканы бастадым.Жұмыс орнындағы қауіпсіз жұмыс жағдайын қамсыздандыру, оқу танымдық тәжірибе алдында еңбек нұсқаулығы таныстырылды.
02.06.2015
Мені мекемедегі жерге орналастыру, жер кадастры құжаттамаларымен таныстырды. Мұрағатпен таныстым, мұрағат құжаттарын ретке келтірдім.
03.06.2015
Жұмыс орнындағы арнайы : ҚР заңдары, кодекстер, қатынас хаттары; пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасынан келген хаттар; облыстық жер қатынастары басқармасы арасында жүргізілетін қатынас хаттар, облыстық мекемелерден келген хаттармен таныстырды, сол құжаттарды ретке келтірдім.
04.06.2015
Жер кадастрлық ісімен танысып, ретке келтірдім. Жер кадастр іс құжаттамаларымен жұмыс жасадым.
05.06.2015
Шаруа қожалығын жер кадастрлық құжатқа рәсімдеу, тіркеу жұмыстарымен айналыстым.
08.06.2015
Бүгін жерге орналастыру проектісімен таныстым. Бұл проектіде ‘Нұржан’ ауыл шаруашылық қожалығын жүргізу үшін Жарма ауданы Шар қалалық округіндегі 05-243-061-056 жер учаскесін жалға он жылға берілу туралы жазылған. Бүгінгі күнім осы проектідегі құжаттармен танысумен өтті.
09.06.2015
Кешегі 08.06.2015 орындаған жұмысымды жалғастырудамын. Осы қожалықтың иесі жер телімін алу ұшін мынадай құжаттар жинаған екн, Жарма ауданының Жер қатынастар бөлімнен Жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық алған, яғни 02.07.2014 жылғы нөмірі 138 бұйрық. Кейіннен Акт, Жер учаскесінің жоспары, Сызба, Ерекше режиммен пайдаланылатын жер учаскесінің тізбесі, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімдігінің қаулысы, Жерге орналастыру жобасы, Пояснительная записка, ЗаявленияЖер экспликайиясы және т.б. құжаттар тіркелген. Бұл орайда менің істейтін жұмысым, ол осы проектідегі құжаттарға қарап,Жер кадастры ісін құрастыруым қажет. Осі істі жасап, біткен жағдайда, Байдалин Бауржан Рахимбекович атындағы Нұржан шаруа қожалығы жер уаскесі 05-243-061-056 жер кадастры нөмірін алдып, сол адамның атына 10 мерзімдегі уақытқы жалға өтпек.
10.06.2015
Бүгін ‘Сарбас’ шаруа қожалығының бұрынғы Шалбай, Ауэзов кентінде орналасқан 05-243-040-094 жер уаскесінің Жер кадастры ісін жасаумен айналыстым. Бұл ретте де дайын жерге орналастыру проектісі бойынша құжаттарды қарап, толтырып шықтым. Жерге орналастыру проектісі мен жер кадастры ісін толық меңгерген жағдайда, дала және елді-мекедерге жер өлшеуге шығатын болам.
11.06.2015
Бүгін екі іс жаптым. Екеуі де шаруа қожалыққа бірнеше жылға жалға берілген жер телімдері туралы. Имандилов Ерболат Муратовичтің ‘Имандилов Е.М.’ шаруа қожалығы мен Тортугулов Жанатбек Нурахметович ‘Шәмәшәрәп’ шаруа қожалықтарының жер-кадастрлық ісін жаптым.
12.06.2015
Ауыл шаруашылық жүргізу мақстаындағы жалға алу туралы жергеорналастыру проектісін бастадым. Бұл проектіде Матанов Қайрат Секоновичтің Қамбар шаруа қожалығының 10 жылға жалға алынған құжаттарын тіркеу мақсатында жұмыс істелінді.
15.06.2015
Бибосынов Берикказы Турсынгазывичтың 05-243-050-156 жер теліміне шаруа қожалығын жүргізу үшін 10 жылға жалға алу туралы проектісін жасап бітірдім.
16.06.2015
ШҚО,Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округінде Жанаспаев Макен Абдыкаримовичқа шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімге мерзімі 10 жылға (жалға алу)жер пайдалану құқығына берілген кадастрлық нөмірі: 05-243-014-130 жер теліміне ЖЕР- КАДАСТРЛЫҚ ІСІН аяқтадым. Істің ішінде мазмұны, проект, материал бар.
17.06.2015
Тұрғын үй жер телімдеріне төленетін қаржыларды бланкка толтырдым. Квитанцияға сәйкес Үй иесінің аты-жөні мен ЖСН және қолдарын койдырған бланкке толтырдым.
18.06.2015
Землеустроительный проект об измении иденфикационных характеристик земельного участка для ведения подсобного хозяйства, кадастровый номер 05-253-003-473.
Бұл проектте жер телімінің сәйкестендіру мінездемелерінің өзгерістері туралы жерег орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрығын тіркеп,Жер телімінің шекарасын анықтау сызбасын қосып,қалғаны шаруа қожалықтары бойынша проектісінің құжаттарындай бекітіп, Жарма ауданы жер қатынастары бөлім басшысы К.Шаяхметовқа қол қойдыруына апарып бердім.
19.06.2015
Күнде толтырып және жасап жүрген проектілерім мен істерды (дело)түзетіп шықтым. Осы проктілердің ішінде кездескен фрагменттер мен сызбаларды бірге қосып шықтым. Жұмыс соңында кадастрлық нөмірі 05-243-061-053, жер телімі бойынша жалға беру жұмысына құжаттарды толықтырдым, ал істі келесі күні жабамын.
22.06.2015
Жер кодексін талқыладық
23.06.2015
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы бұрынғы Кезенсу совхозы аумағында 05-243-058-116 есеп кварталының жерінен Бейсенбаев Марат Кайырбековичке Ризат шаруа қожалығын жүргізу үшін жерге орналастыру жобасын жасадым.
24.06.2015
05-243-058-116 есеп кварталының жер теліміне уақытша өтеулі мерзімге жер паййдалану бойынша жер-кадастр ісін жаптым.
25.06.2015
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Делбегетей ауылдық округы аумағында 05-243-046-189 есеп кварталының жерінен Бейсенбаев Марат Кайырбековичке Ризат шаруа қожалығын жүргізу үшін жерге орналастыру жобасын жасадым.
26.06.2015
Шаруа қожалықтарына берілетін Жарма ауданының әкімдігігі қаулысы, акт, конкурсқа қатысу өтініштерін қарап, таныстым.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі.
Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Менің тәжірибе өткен аумағымда, яғни Шығыс Қазақстан облыс, Жарма ауданы Қалбатау аулындағы жер кадастры, сол аудан бойынша тұрғын үй ауданы өлшеп, оған акт беру, шаруа қожалықтарының бірнеше жылға жалға берілуі және т.б. жұмыстармен айналысады.
Мен бір семестрде Жер кдастры пәнінен алған теориялық білімді қорытып, өндірістік іс-тәжірибеде қолдана білдім. Тіпті, болашақта кадастр немесе жерге орналастыру маманы болып жұмыс істеуге құлшынысым ашылды.
Мен география мамндығын алып шыққаным мен осындай іс-тәжірибелердің арқасында географияға байланысты барлық салада болашақта жұмыс істей алатанымды ұқтым.
Жер кадастры пәнінен сабақ берген Акашева А.С. және Зулпыхаров К. Б. мұғалімдеріме, өндірістік іс-тәжірибеден қабылдап алып және көмектескен Амиров.М.М. – қа рахмет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- «Қазақ Энциклопедиясы«, 3 том
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-76
3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
- Жер кодексі
- Жарма ауданы, Қалбатау аулының Жер кадастры архиві
- Жарма ауданы бойынша шаруа қожалықтарының Жерге орналастыру проектілері